Туризм мамандығы студенттерінің КӘсіпкерлік біліктілігін жетілдірудегі кредиттік оқу жҥйесінің РӚЛІ



жүктеу 95.05 Kb.

Дата29.04.2017
өлшемі95.05 Kb.

ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК 

БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КРЕДИТТІК ОҚУ ЖҤЙЕСІНІҢ РӚЛІ 

 

Ешенқұлова Г. І. э.ғ.к., туризм кафедрасының   

доценті 

 

Егеменді 

Қазақстанның 

әлеуметтік-экономикалық 

жетістіктері, 

халықаралық  қарым-қатынасының  кеңеюі  экономиканың  қай  саласында 

болсын  жұмыс  пен  қызметті  ұйымдастыруды  әлемдік  талаптармен 

үйлестіруді  қажет  етеді.  Елімізде  жұмыс  істейтін  көптеген  шетелдік  және 

отандық  компаниялар  экономикалық,  сауда  және  мәдени  қатынастарының 

ұлғаюы  салдарынан  шетел  тілін  еркін  меңгеріп,  әлемдік  стандарттарға  сай 

қызмет  көрсете  алатын  мамандарды  қарастырады.  Бұл  кең  етек  алып  келе 

жатқан  еңбек  нарығындағы  құбылыстың  бір  көрінісі.  Бұл  үздіксіз  процесс, 

оны  тоқтату  мүмкін  емес.  Сондықтан  білім  саласын  қоғамның  осы 

ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.  

Мемлекетімізде  бұл  мәселе  «Қазақстанның  2030  жылдарға  дейінгі 

дамуының президенттік стратегиясында» және «Қазақстан Республикасының 

2005-2010 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  білім  беруді  дамыту 

бағдарламасында»  ерекше  айтылып  көрсетілген.  Бұл  бағдарламаның  негізгі 

мақсаты  –  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде  қоғамның  жаңа 

талаптарына  сәйкес  келетін  білімді,  кәсіби  біліктілігі  жоғары  жастарды 

тәрбиелеуге  қол  жеткізетін  сапалы,  бәсекеге  қабілетті  білім  ордаларын 

қалыптастыру.  Осы  мақсатқа  қол  жеткізудің  бір  жолы  әлемнің  алдыңғы 

елдерінде  қалыптасқан  білім  берудің  мол  тәжірибесін  зерттеу  арқылы 

ұтымды  жақтарын  алу  болды.  Сол  ұтымды  жақтардың  бірі  -  оқытудың 

кредиттік жүйеге көшуі.  

Лиссабон  конференциясының  «Еуропа  аймағында  жоғары  білім 

мамандықтарын  мойындау  туралы»  шешімін  Қазақстан  Республикасының 

қабылдауы  республика  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  басқа 

елдердің  оқу  орындарында  оқуларын  жалғастыруға  немесе  бітіріп 

шығуларына  мүмкіндік  жасап  отыр.  Сонымен  қатар  республика  оқу 

орындарының  кредиттік  оқыту  жүйесіне  көшуі  жастардың  өзіндік  білім 

деңгейлерін  көтерулеріне  және  өз  беттерімен  білім  алуларына,  оқу 

орындарын  таңдауларына  және  білім  көлемдерін  кредит  түрінде  есепке 

алуларына әсерін тигізуде. Осыған байланысты XXI ғасырдың өзекті талабы 

экономика саласында туризм бағыты бойынша бакалавр мамандығын  еркін 

меңгеру.  Туризм  саласы  бойынша    оқу,  үйрену  бүкіл  дүниежүзілік  нарыққа 

шығу,  бүкіл  дүниежүзілік  мәдениетке  араласу  мақсатында  әрбір  тұлға  үшін 

маңызды және болашақта адамдар туризмдегі кәсіпкерлікті өздерінің кәсіби 

іс-әрекеттерінде батыл қолданатын болады.   

Көп  жылдар  бойы  кәсіпкерлік  біліктілікті  кәсіптік  білімнің  негізгі 

көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы арасындағы 

табиғи  байланысқа  мән  берілмеуіне,  мамандарды  кәсіпке  дайындауда  білім 

қорының  жеткілікті  болмауына  әкеліп,  кейбір  студенттердің  оқуға,  одан 



кейін  болашақ  кәсібіне  деген  біліктілігінің  төмендеуіне  әсерін  тигізді. 

Жоғары мектептің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі 

-  студенттердің  кәсіби  біліктілігін  қалыптастыруды  қайта  бағдарлау  арқылы 

оларды  таңдаған  кәсібі  саласында  өз  білімдерін,  іс-тәжірибелерін, 

мақсаттарын    толықтай  жүзеге  асыруға  тұлғалық  құлшыныстарын 

ынталандыру.  Кәсіби  біліктілік  -  ол  маманның  таңдаған  кәсібі  алдындағы 

талаптарды,  міндеттерді  және  оған  сәйкес  көзқарастарды,  пікірлерді, 

нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. 

Дәстүрлі  оқыту  жүйесінде  кәсіпке  бағыттау  жұмысы  халық 

шаруашылығының мамандарға деген қажеттіліктеріне байланысты шешілсе, 

ал  қазіргі  әлеуметтік–экономикалық  саланың  дамуы  нарықтық  қағидаларға 

негізделіп,  жаңа  өндірістік  қатынастардың  қалыптасуына  әкелді.  Жеке 

тұлғаларға  кеңінен  еркіндік  беріліп,  олардың  әр  түрлі  кәсіп  саласында 

кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалынды. Қоғамда және елдің сана  – 

сезімінде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер  жастарды  жаңа  кезеңнің 

талаптарына сай бағыттауды қажет етеді. Сонымен қазіргі республика білім 

жүйесінің  әлемдік  білім  кеңістігімен  бірігуі,  атап  айтқанда  кредиттік  оқыту 

жүйесіне  көшуі  де  кәсіптік  бағыттылық  мәселесін  қайтадан  қарауға  себеп 

болды.  Дәстүрлі  және  инновациалық  оқу  әдістерін  іріктеп,  талдау  жүйелі 

түрде 1 суретте көрсетілген. 



Материалды жеткізу 

 

Практика 

Оқытушы 

Мақсаты: айтып 

жеткізу 

 

 



 

Студент 


Мақсаты: есте сақтау 

 

 



Мысалы: 

Дәріс 


Оқу 

Шеберлік 

сыныптары 

 

Студент                                      



Мастер 

Мақсаты: 

 үйрену       

 

 



                     Практикалық 

                       қызмет 

 

 

 



Мысалы: 

Тәжірибе 

жинау 

Дәстүрлі оқыту әдістері 



 

Инновациалық оқыту әдістері 



Ситуацияны іріктеу және талдау 

 

Жобалық негіз 

Модератор 

Мақсаты: талдауды 

ұйымдастыру 

 

 



 

 

Студент 



Мақсаты: 

талдау, 


          Практикалық        

түсіну  


         қызмет 

 

 



Мысалы: 

Диспут 


Кейс студия 

 

Куратор 



Мақсаты: жобалық 

жұмысқа жетекшілік жасау 

 

 

 



Студент 

Мақсаты: нақты және  

имитациалық жобаны 

топпен өңдеу 

 

 

Мысалы: 



Консалтингтік 

жоба 


Зерттеулік 

жоба 


Шеберхана 

 

 



Материал 

Ситуация 

  


 

Имитация 

 

Ойын 

Тренер 

Мақсаты:модельге кіруді 



ұйымдастыру 

 

                                                                   



                                            

Модель 


 

 

           Практикалық          



Студент 

            қызмет                    

Мақсаты: жұмыс 

                                            

нормасын  

                                            

қалыптастыру 

 

 



 

Мысалы: 


Стөлдік ойын 

Имитациалық 

ойын 

Іскерлік 



ойын 

Тренажер 

 

Ойын технигі 



Мақсаты: коммуникацианы 

ұйымдастыру 

«Практикалық   

қызмет» 


 

 

Студент 



     Мақсаты: 

Тәртіп                              

нормасын 

қалыптасты

ру 

 

 



Мысалы: 

Рөлдік ойын 

Ұйымдастыру 

ойыны 


Макет 

 

1-сурет. Оқыту әдістері 



Қазіргі  таңдағы  жоғары  оқу  орнында  кредиттік  оқыту  жұмысын 

ұйымдастырудағы    басты  міндеттердің  біріне  студенттердің  өзіндік 

жұмыстарының    ролі  мен  тиімділігін  арттыру  және  оның  кәсіби 

бағыттылықты дамытуға   көзделуі жатады.  

Кредиттік  оқыту  жүйесіндегі  жоғары    білім  беру  орны  Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  білім  беру  стандарты  талаптарына  сәйкес 

студенттердің оқу  дәрежесін алуына  барынша қолайлы  жағдайлар жасайды.  

Ең алдымен жоғары оқу орны оқу  жұмысын әдістеме жағынан қамтамасыз 

етуге  жауапты.  Осы  мақсатта:  әрбір  студентті  қамтамасыз  ету  үшін   

анықтамалар, әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік 

кешендер,  әрбір  пәннен  дәрісхана  жұмыстарына  материалдар:    лекция 

көшірмелері,  тәжірибе  және  зертхана  сабақ  жоспарлары,  оқу  құрал 

жабдықтары,  студенттердің  өзіндік  жұмыстарына  арналған  материалдар:  үй 

тапсырмалары  мәтіндері,  әр  пәннен  бақылау,  тексеру  сұрақтары,  

тақырыптық  баяндамалар  және  курстық  жұмыстар,  электрондық  оқу 

құралдары,  білімді    бақылауға  материалдар:  жазбаша  бақылау  жұмыстары, 

тестілер,  емтихандық  билеттер  және  т.б.,  тәжірибе  жұмысы  материалдары: 

тәжірибе  жұмысын    жүргізу  әдістеме  нұсқаулары  және  жоспарлары,  есеп 

беру құжат  түрлері әзірленеді.  

Университет  қабырғасында  студенттерді  кәсіпке    бағыттау  маман 

тұлғаны  қалыптастыру  ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның 

экономикалық  даму  жағдайларына    тез  бейімделіп,  еңбек  нарығында  өз 

орындарын  тауып,    өз  іс-әрекеттерінен  тұрмыстық  және  рухани  қанағат 

алатын, өз  қабілеттерін орынды пайдаланып және  шығармашылық күштерін 

дамытуға  белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау 

қажетті  деп есептелінеді.  

Туризм  мамандығы  студенттерінің  кәсіби  бағыттылығын  дамыту 

процесінің  табыстылығына  әсер  ететін  шарттарға:  туризмдегі  кәсіпкерлік 

кәсіптің  маңыздылығын,  оның  әлеуметтік  беделдігін,  оның  жеке  тұлғаларға 

қоятын талаптарын жете түсіну; кәсіби нарық инфрақұрылымының өзгеруіне, 

дайындаудың  мазмұны  мен  нысанына  бейімделу;  студенттің  жоғары  оқу 

орнында  өзіндік    оқу  траекториясын  жүзеге  асыру;  студенттің  кәсіби  өз 

тағдырын  өзі  шешу  процесіндегі  белсенділігі  жатады.  Нарық  экономикасы 

жағдайында  бәсекелестік  қабілеті  бар,  жоғары  шығармашылық  потенциялы 

кәсіби жаңа түрдегі маманды дамытудың негізгі жолы  – оқытудың белсенді 

әдістері  негізінде  жоғары  оқу  орны  білімін  қайта  құру,  ол  әдістердің  бірі 

ситуациялық  талдау.  Айта  кететін  бір  жай,  бұл  шарттардың  орындалуына 

кредиттік оқыту жүйесі көптеген мүмкіндіктер  жасайды. Оқытудың белсенді 

әдістерінің бірі болып ситуациялық талдау тәсілі есептеледі.  

Ситуациялық  талдау  тәсілі  оқытудың  белсенді  әдісіне  жатады  және 

әлемнің  барлық  оқу  орындарында  пәндерді  жүргізуде  кең  қолданылады, 

соңғы  жылдарда  Қазақстанда  да  кең  тарала  бастады.  Ол  тікелей  нақты 

ситуациялармен байланысты және студентке шешім қабылдауына мүмкіндік 

береді.  Осы  жағдай  маркетинг  пен  бизнесті,  кәсіпкерлік  негіздерін    оқыту 

барысында да маңызды. Ситуациялық талдау әдісі 20 жылдарда Гарворд заң 


мектебінде  өңделген.  Бүгінгі  таңда  ситуациялық  талдау  әдісімен  оқытатын 

екі  классикалық  мектеп  бар,  олар:  Гарвордтық  және  Манчестерлік, 

американдық  және  батысеуропалық.  Олардың  бір-бірінен  ерекшелігі  - 

жеткізілетін ақпараттың көлемі мен  шешімдердің көпнұсқалы болуы.   

Ситуациялық  талдау  тәсілін  қолдана  отырып,  туризм  мамандығы 

студенттеріне барлық керекті кәсіпкерлік біліктіікті алуға болады:  

-  талдауды  үйрену,  ақпарат  ағымында  барлық  қажетті  мәліметтерді 

таңдап  алу,  ақпараттың  кіші  көлемін  қолдану,  шешім  қабылдау,  нақты 

жағдайда  алған  теориялық  білімін  қолдану;  ойларды  өңдеуде  ситуациялық 

проблемаларды шешуде шығармашылықпен қарау;  

- жазбаша және ауызша қарам-қатынаста тәжірибесін дамыту, ойын нақты 

және қысқаша жеткізе білуді үйрену, сандық мәліметтермен жұмыс істеу

оларды өңдеп және әртүрлі есеп айырысу тәсілдерінде қолдану. 

Ситуациялық талдауды әртүрлі түрде қолдануға болады: бақылау-тест 

түрінде,  практикалық  сабақта  ситуацияларды  қарастырғанда,  бақылау  және 

курстық  жұмыстарды  орындағанда,  т.с.с.  Әрбір  нақты  жағдайда  студенттер 

мынадай  сұрақтарға  жауап  берулері  тиіс:  «Қандай  іс  ойлағаныңдай 

істелінбей  жатыр  және  осы  ситуацияны  түзету  үшін  не  істеу  керек?».  Бұл, 

берілген ситуацияда жалғыз шешім бар деп айтуға болмайды. Көп жағдайда 

нәтиже белгісіз және ұтымсыз. 

Ситуациялық талдаудың жалпы сызбасы 2 суретте көрсетілген. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2-сурет.  Ситуациялық талдаудың жалпы сызбасы 



 

С

С

 

 

И

И

 

 

Т

Т

 

 

У

У

 

 

А

А

 

 

Ц

Ц

 

 

И

И

 

 

Я

Я

 

 

Л

Л

 

 

Ы

Ы

 

 

Қ

Қ

 

 

 

 

Т

Т

 

 

А

А

 

 

Л

Л

 

 

Д 

А



А

 

 

У

У 

Ситуацияға шолу 

Студенттiң баяндама жасауы мен 

оны қорғауы 

Ұсынылатын шешiмдердi қолдану 

мен енгiзу 

Ұсынылатын шешiмдер 

Ситуацияны талдау 

Мәселелердi анықтау  

Альтернативтiк шешiмдi бағалау және болжау 



Ситуацияны  дайындау  процессі.  Оқытушы  ситуацияны  оқытылатын 

пәннің  тақырыптарына  сәйкес  нақты  бір  кәсіпорын  бойынша  дайындайды 

(шын немесе әдебиеттерде ұсынылған ойдан алынған). Ситуация келесі түрде 

дайындалуы  мүмкін:  1)  кәсіпорынның  қызметін  сипаттау;  студенттердің 

міндеті  –  берілген  кәсіпорынның  мәселесін  анықтау  және  белгілі  бір 

тапсырмаларды  орындау;  2)  берілген  кәсіпорынмен  іске  асырылған  нақты 

ситуация  және  дайын  шешім;  студенттердің  міндеті  -  альтернативті 

шешімдерді  ұсыну;  3)  кәсіпорындағы  белгілі  бір  уақыт  аралығынан  кейін 

алынған  ситуация  және  нәтиже;  студенттердің  міндеті  –  қандай  шешімнің 

көмегімен  берілген  нәтижеге  жеткенін  анықтау;  4)  маркетингтік 

бағдарламаны  өңдеуді  қажет  ететін  ситуация;  студенттердің  міндеті  – 

маркетингтік  бағдарлама  ұсыну;  5)  практикалық  зерттеу  ретіндегі 

ситуациялық талдау; студенттердің міндеті – кәсіпорынға бару, топ бойынша 

студенттермен курстық жұмысты өңдеу.  

Қиындық деңгейі бойынша ситуацияны үш топқа бөлуге болады: қысқа 

(2  бетке  дейін),  сұраққа  жауап  беру  үшін    барлық  керекті  ақпараттардан 

тұрады; керекті ақпараттың мәтін ішінде шашыраңқы орналасуы (10-15 бет), 

газеттік  ақпаратты  қолдануы  мүмкін;  толық  шешілмейтін  мәселелерден 

тұратын ситуация (30-40 бет), (біліктілігін жоғарлататын мамандарды оқыту 

барысында немесе жоғарғы топ студенттері қолданады). 

Ситуация  -  кәсіпорын  туралы  шынайы  ақпарат  негізінде  өңделуі 

мүмкін.  Шынайы  мәліметтерден  құрылған  ситуациялар  ішкі  мәселелерді 

анық  көрсетеді,  олар  техникалық  құралдарды  қолдана  отырып  өңделуі 

мүмкін,  ол  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Ойдан  алынған  ситуациялар  оңай 

құрастырылады, олар пәннің зерттелетін тақырыбына бағытталуға мүмкіндік 

береді, дайындауда арзан.  

Кәсіпорын  нақты  мәліметтерін  баспаға  шығаруға  қарсылық  білдірсе, 

ситуацияны  мәлімдеу  кезінде  «маскировка»  тәсілін  қолданады:  атауын 

өзгерту,    орналасқан  жері  мен  аттарын,  бір  ұйымды  басқа  қосымша 

мәліметтермен  талдауға  қажетті  әртүрлі  ақпаратпен  араластыру,  өзгерту 

коэффициентінің көмегімен қаржылық мәліметтерді өзгерту, т.с.с. 

Практикалық сабақта техникалық құралдармен, интерактивтік тақтаны 

қолданып қосымша материалдарды қолдануға болады. Сабақ беру процесінде 

техникалық  құралдарды,  интерактивтік  тақтаны  қолдану  көріктілікті 

қамтамасыз  етеді,  аудиторияның  қызығушылығын  тудырады,  қиын 

жағдайларды сипаттауды жеңілдетеді.  

Ситуация  мәтіні  студенттерге  практикалық  сабақтан  бір  күн  бұрын 

беріледі.  Берілген  ситуация  алдын-ала  өтілген  теориялық  материалдарға 

негізделіп өңделуі тиіс. Ситуациялық талдауды жүргізуде келесі стадияларды 

бөліп  көрсетуге  болады:  жеке  дайындалу;  топшаларда  талқылау;  топта 

дискуссия жүргізу. 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



3-сурет.  Ситуациялық  талдау  тәсілін  практикалықсабақта  қолдану  

артықшылықтары 

 

 

Студент  жеке  дайындалу  процесінде  алғашқыда  ситуация  туралы 



жалпы  көрініс  алу  үшін  ситуациямен  және  ұсынылған  мәселемен  тез 

танысып  шығуы  керек.  Содан  соң  тапсырманы  бірнеше  рет  оқып  шығып, 

негізгі  мәселелерді  анықтауға;  мән-жайды  және  оқиғаның  барысын 

бағалауға;  талқылау  кезінде  пайда  болатын  сұрақтар  тізімін  дайындауға, 

дәріспен  немесе  оқулықтармен  тіркелген  нақты,  ситуацияның  теория  және 

түсініктердің  арасындағы  байланысты  анықтауға;  ситуацияда  жазылған 

мәсені шешетін альтернативті нұсқаларды біріктіруге, маңыздылық дәрежесі 

бойынша  оларды  бөлуге,  шешімдерді  жүзеге  асыру  жолдарында  ғы 

бөгеттерді анықтауға, негізгі мәселені шешудегі қолдануға болатын нұсқаны 

ұсынуға тырысу керек. 

Ситуациялық талдау тәсілін практикалықсабақта қолдану  артықшылықтары 

тәуеклге бармай нақты ситуацияда шешім қабылдауға 

мүмкіндік береді 

ұтымды шешім қабылдауға қажет негізгі мәселені 

көрсету қаблетін дамытады 

жағдайларға жалпы көзқарасты қамтамасыз етеді 

(шынайы өмірде адамдар ұйымдастырушылық және 

уақытша шектеулер үшін осылардан жиі босатылған) 

жеке қызығушылықты ойламайды 

біртіндеп қиынды тануға мүмкіндік береді: болашақ 

мамандар қиын мәселелер жиынын түсінуі үшін 

оқулары тиіс 

студенденттердің көзқарастарын кеңейтеді, олардың 

әртүрлі көзқарастардағы ситуациялрды бағалай білуін 

дамытады 

стратегиялық жоспарды өңдеу және бақылаудың 

түрлерін шығармашылық әдіспен ынталандарады, 

эксперименттеу және өзгерістерге бейімдейді 

әртүрлі ойларды талқылау барысында топ мүшелерінің қарым-

қатынасы, маркетинг және менеджмент облысында табысты 

жұмысқа қажетті тұлғааралық сөйлесуде біліктілігін дамытуды, 

басқалардың тәжірибесі негізінде оқуға мүмкіндік береді 



Сабақ  кезінде  топты  4-5  адамнан  топшаларға  бөледі.  Топшаларда 

талқылау  барысында  әрбір  студент  өзінің  ойын  толық  айтуы,  басқа 

қатысушылардың  айтқандарына  сын  баға  бере  алуы  керек.  Топшалардағы 

дискуссиядан  кейін  тапсырманы  шешудің  нұсқаларын  ұсынған  соң,  топта 

талқылау  жүргізіледі.  Талқылауды  ынталандыру  үшін  келесі  сұрақтар 

қолданылады:  «Берілген  ситуациядағы  өзекті  мәселе  қандай?»  Сіз  берілген 

ситуация  жөнінде  не  ойлайсыз?  «Альтернативті  шешімдер  бар  ма?» 

«Талқыланған  ситуацияны  түзету  үшін  не  істеу  керек?»  «Оны  қалай  жүзеге 

асыруға  болады?».  Топша  атынан  сөйлеген  студент  өз  ойын  дәлелдеп  және 

басқа топшалардың ұсыныстарын талқылайды. Оқытушы талқылау барысын 

дәріс мақсаттарына сәйкестігін үйлестіріп отырады. Талқылау соңында әрбір 

топшаның  және  қатысушының  жұмысы  бағаланады.  Оқытушы  талқылау 

барысында  жіберілген  негізгі  жәйттерді  көрсетеді  және  теориялық 

материалдармен байланысын ашады. 

Ситуациялық  талдауды  тәсілін  қолдану,  практикалық  сабақ  жүргізудегі 

басқа  тәсілдердің  алдында  анықталған  артықшылықтары  бар.  Ситуациялық 

талдау  тәсілін  практикалықсабақта  қолдану    артықшылықтары  3  суретте 

жүйеленіп көрсетілген. 

Ситуациялық  талдау  тәсілін  меңгеру  оқытушылар  мен  студенттерге 

тиімді.  Оқытушы  өзінің  әдістемелік  шеберлік  аясын  кеңейтеді,  күрделі 

тақырыптарды  жеңіл,  әрі  түсінікті  тәсілдермен  түсіндіре  алады.  Бұл  тәсілді 

қолдану практикалық сабақты тренинг түрінде өткізуге мүмкіндік береді, ал 

студенттердің    оқып  үйреніп  жатқан  материалына  ынтасы  мен 

қызығушылығын арттырады. 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Крылова  Г.Д.,  Соколова  М.И.  Практикум  по  маркетингу.  –  М.:  Банки  и 

биржи, 1995г. 

2.

 

Моррис  Р.  Маркетинг:  ситуации  и  примеры:  Пер.  с  англ.  –  М.:  Банки  и 



биржи, 1996г. 

3.

 



Андреева  О.Д.  Технология  бизнеса:  маркетинг:  учебное  пособие.  –  М.: 

Инфра-М-Норма, 1997 г. 

4.

 

 Маслова  Т.Д.,  Божук  С.Г.,  Ковалик  Л.Н.   Маркетинг:  задачи, логические 



схемы, тесты. – СПб: Питер, 2002 г. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал