Турысбек Сəукетаев Мен – жындымын



жүктеу 1.45 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата08.11.2022
өлшемі1.45 Mb.
#23558
  1   2   3   4
Мен – жындымын
1961 kaz 2011



Турысбек
Сəукетаев
Мен
– жындымын
(
Əжуа
аралас
мұңлы
роман
)
Ақын
болу
оңай
деймісің

қарағым
,
Аузында
болу
сыздаған
барлық
жараның
...
Төлеген
Дүние
сыры
біз
білгеннен
өзгерек
,
Бірақ
оны
көру
үшін
көз
керек
.
Автор
Пролог
немесе көшірушінің алғы сөзі
"КТК" арнасынан кешкілік жаңалықтарды қарап отырғанмын.
Əдеттегідей
, жер-көктегі жамандықты жиып-теріп көрсетіп жатыр:
Павлодарда
сегіз жасар сəбиді зорлап өлтірген педофил ұсталыпты...
Жамбыл
облысында бір əйел жаңа туған нəрестесін жол бойындағы
дəретханаға
тастап кетіпті... Бірінен бірі өтеді. "Бұ дүние не боп
барады
?!." Көңілім құлазып тұрып кетейін дегем, өз дауысын өзі
тамашалағандай
көмейінен күмбірлеп екпіндете сөйлеген қарға бойлы,
қауға
сақал диктор бір жұтынып алып: "Бүгін Алматыдағы "Жомарт"
базарында
жан түршігерлік оқиға болды. Тапа- тал түсте "Т" деген
азамат
..." диктордың дауысымен ілесіп экран бетіне қалқып шыға
келген
суретті көргенде, жүрегім тас төбеме шықты. "Сол!.."
– Мə-ə, мынау əлгі сенің досың ғой... ой, бейшара! – деді тырнағын
егелеп
, диванның ортасында үйелеген əйелім жайбарақат.


Түнімен
көзім ілінбеді. Таңертең шайымды шала-шарпы іше салып,
базарға
тарттым. Күзетші жігіт көз алдындағы болған оқиғадан əлі есін
жимағандай
, темекісін үсті-үстіне сорып, басын шайқай береді.
– Сіз кім боласыз? – деді.
– Жолдасы едім.
– Киім-кешегін жинап қойдым. Алып кетесіз бе?
– Иə.
Дүңгіршекке
кірдік.
– Жазып жүретін қағаздары болушы еді ғой?
– А, міне, – Жігіт тамақ ішетін үстелдің суырмасынан "Канцелярская
книга
" деген қатырма мұқабалы, жуан сары журналды алып берді.
Дүңгіршектің
іші қапырық. Пердесіз терезеден күн көзі шақырайып
тұр
. Не жазды екен деген əуестік билеп, көлеңкесі отау үйдің орнындай
дөңгеленген
үйеңкінің түбіндегі орындыққа барып жайғастым да,
журналға
үңілдім...
Министр
боламын
Е
–е, əттең қайран күндерім-ай, қолдан шыққан бұлдырықтай пыр етіп
ұштың
да кеттің-ау! Сағымға сіңіп жоғалсаңдар да сағынышты елесің
көңіл
түкпірінен өшер ме əсте. Иə, бір кезде тəп-тəуір экономист едім,
жəй
ғана тəуір емес, «мына бала аман болса, бір жерден бұзып-жарып
шығады
əлі» деп талайлар маңдайыма мөр басып, тағдырымды
айқындап
қойған жə деген мықтының өзі едім. Əйгілі «Нархозды» қол
күйдіретіндей
қып-қызыл дипломмен бітіріп, одан да айбынды
«Плехановканың» аспирантурасына жолдама беріп тұрғанда, «білім
онсыз
да миымды шертіп лықылдап тұр, тағы қосылса, басымды жарып
кетер
» дегендей кегежем кері тартып бармай қойғанмын. Лəкин оныма
өкінбеймін
. «Бізге кел, бізге кел!» деп тəтті тоқаштың шетін шығарып
қызықтырған
көп мекеменің шекесінен шертіп жүріп, Алматыдағы
əйдік
өндіріс тресіне экономист болып орналастым. Ол кезде өмірдің
таразысы
əділдеу, аз да болса қабілет-қарымыңды бағалаушы еді ғой.


Екі
айдан соң бас маман ғып өсірді. Келіншегім екеуміз үйлене сап
жылға
жеткізбей патриоттық ұлы сезіммен: «Уа, Отан, қабыл ал біздің
сыйымызды
!» деп, егіз ұл-қызды жарқ еткізіп жарық дүниеге əкелген
соң
, кəсіподақ пен трест басшылары: «Оһо, біздің жас маманның
жұмыста
ғана емес, махаббат майданынындағы екпіні де қатты екен»
деп
, шампан атып, қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі пəтердің кілтін
ұстатқан
. «Əзірге осында тұра тұрыңдар, жақсы бастамаларың
жалғасын
тауып жатса, тағы да көрерміз» деген тілеулестік танытып.
Өкінішке
орай, біз басшылардың үлкен үмітін ақтай алмадық. Һаял
қыңқылдап
: «құрсын, мына қарқынымызбен отыз беске жетпей «Алтын
алқа
» тағып жүрсем, өлə, елден ұят-тағы-ы!» деп бетін шымшып
шиедей
қылған соң, «мировойға» келіп, тағы бір баладан кейін тормоз
басып
тоқтап қалдық. Қысқасы, «Алтын алқаға» ұмтылмай, түнде
тыныш
жатып, ұйқыны қандырып, тың күшпен білек сыбана Отанға
қызмет
етейік деп құлшынып жүргенде, Совет үкіметі бар болғыр,
бұршақ
ұрған көтерем тоқтыдай, бір-ақ күнде тыраң етіп тырапай
асқаны
Құдай атып! Танктің үстіне шығып Кремльлге басып кірген өр
мінез
Барыс деген тентек патша бұрынғы отарлардың бəріне еркіндік
берді
, «ойбай, бізге азаттық керек емес, мəңгілік бірге боламыз деп ит
терісіне
мөр басып қатын патшаға берген антымыз бар!» деп аяғын
құшақтап
жатып алғандарды «кет, к ебене мəтери!» деп көтеннен бір-
ақ
тепті. Біздің көреген көсемдер де Қызыл өкіметті иттің етінен жек
көреді
екен, осы күнге қашан жетеміз деп іштеріне қан қатып,
«фигаларын» «мə!» деп қалталарының ішіннен шығарып əзер шыдап
жүрсе
керек, сол күні-ақ қып-қызыл партбилеттерін қып-қызыл отқа
лақтырған
. Ескімен аяусыз күрес басталып бір кетті дерсің:
социализмнің
құбыжық көрінісі деп завод-фабрикаларды жапты,
колхоз
-совхоз түгелдей таратылды. Шіркін, қандай данышпандық
көрегендік
десеңші. Расында да айналаға қара түтін, у бүркіп
экологияны
құртатын завод-фабриканың не қажеті бар? Табын-табын
сиыр
, отар-отар қой-ешкі ұстап, мал басын елу миллионға жеткізем
деп
тыраштану да ақымақтық. Етті көп жесең, холестеринің көбейіп
тез
өлесің. Əркім өз қажетіне лайық өз малын өзі бақсын. Əзірге
Қытайдың
арзан тауарын талғажу ете тұрамыз. Жапон, Израиль,
Еуропаның
білгірлерінен үйреніп, күн, желдің иен-тегін энергиясын
пайдалану
арқылы өндірісімізді жедел дамытамыз да, Шығыс Азия


барыстары
сияқты, əлемнің ең озық отыз елі өрмелеп бара жатқан
өркениеттің
арайлы асқар шыңына бір-ақ қарғимыз!.. Қандай керемет
шешім
!
Біздің
трест те жабылды. Біраз жұрт «енді қайттік?» деп
абыржығанмен
, өзімнің басымдағы жаман тымағым алшысынан –
қалай
дегенмен патриот емеспін бе, «азат болдық» деген бір ауыз сөз
мың
-сан байлықтың өтеуіндей көкірегімді қыз-қыз қайнатып, уайым-
қайғы
ойлатқан жоқ. Газет оқимын да есінеймін, телевизор қараймын
да
ұйықтаймын. Басқа не істейсің? Шіркін, тегін тамақ табылып тұрса,
рахат
деген осы емес пе.
Бұл
үйде жібі түзу бір зат жоқ, бəрі қисық-қыңыр: аузы қисайған
сыртқы
есіктің қиюына саусақ сиып кетеді– қысты күні газет тығып
қоямыз
; қолжуғыштың шүмегінен су тоқтамайды; шкафтардың
қақпағы
қитардың көзіндей бірі айға, бірі сайға қарайды... осыларды
көрген
сайын əйел байқұс:
«Бұл қараң қалғырдың үйінде еркек жоқ, қолдары теріс біткен!» деп бір
күңкілдеп
қояды.
Кешкілік
балалар шала мүжіген «тəщəктің» сүйектерін алдыма үйіп
қойып
, қатынның «не көрінді, байқұс, итке де бірдеңе қалсын» деген
қыжыртпасына
қарамай, шетінен қытырлата қылтанақ қалдырмай
малжаңдап
отыр едім, тоңазытқыштың үстінде тұрған жүз жылғы
лақса
«Горизонт» тағы қояншығы ұстап, жыпылықтай бастаған соң,
үлкен
ұлым əдеттегідей төбесінен бір періп, көзін бағжаң еткізіді.
Экран
сəл дірілдеп тұрды да тұңғиығынан бір шытынаған жылтыр шеке
сүзіліп
шыға келді. Қолымдағы тоқпан жіліктің жуан басы аузыма
жетпей
қаңтарылып қалды. «Өй, мынау Мақаш қой, Мақаш!» Қамалап,
микрофондарын
аузына тықпалаған журналистерге интервью беріп
тұр
. Мəс-са-аған безгелдек, министр болыпты! Жағым салбырап,
аңқиып
қалған аузыма торғай кіріп кетсе де сезер емеспін. «Қарай гөр
жаман
немені! Менің қоластымда істеген. Қара сөмкесі салпақтап,
бізге
арақ тасып жүруші еді. Сусылдаған сөзі болмаса, іске татырлық
білік
-білімі жоқ, шала сауат көп сұрқылтайдың бірі. Оның жанында
мына
мен... мен деген!..» Əйелімді кейде жақсы көріп, өзімсініп


əсерленіп
кеткенде: «əй, қатын» деп еркелетіп, басқа уақытта
Пайғамбар
əулеті – қожаның тұқымы болғандықтан ресми түрде
«һаял» деп əспеттейтінмін. Сол əдетіммен:
– Əй, қатын! – дедім дауысым қалай қатты шығып кеткенін аңдамай.
Қарсы
алдымда отырған əйелім жалт қарап, қабағын қайшылады:
– Не болды айдалада отырғандай айғайлап, бір жеріңе біреу біз сұғып
алды
ма?
– Мен министр болам! – дедім ентігіп. Шашына қына жағып, басына
целлофан
қалта киіп алған əйелім онсыз да бадырайған томпақ көзі
алая
-алая стаканның аузындай боп бетіме үнсіз қадалды, көзімнен
ештеңе
ұқпасаң, онда мынаны көріп ал дегендей, екі саусағының
арасынан
бояу жұққан қып- қызыл басбармағын қайқайтты. Волга
бойында
туып, орыс арасында өскендіктен ойындағысын іркілмей тура
айта
сап, кейде осындай бейпіл қылық көрсететіні де бар.
– Неге? – деппін абыржып қап. – Мақаш болғанда, мен неге болмайды
екем
?
– Оның қатыны кімнің қызы екенін білесің бе?
– Білем.
– Білсең–сол!
Ары
қарай дауды өршіткем жоқ. Бұл əйел деген қызық халық қой. Бəрін
өздерінің
шолақ ақылымен өлшеп-пішеді. «Пəленшенің түгеншесі деп,
барлық
жерге Мақаш сияқтыларды ала береді дей ме екен? Онда
мемлекет
қирамай ма! Вот, надан қатынның сображаловкасы, а!..»
Айтуға
бата алмай, қарсылығымды күжірейген желкеммен білдіріп
теріс
айналдым.
"Ғажапстанға саяхат"
Мақаштың
шарықтап өсіп кеткеніне ішім қыжылдап əлдекімге
өкпелейтін
сияқтымын, соған қоса əлдебір бұлыңғыр дəме бұлаңытып
емексітетіндей
де. «Мен сияқты алтын басты маман далада жатқан
жоқ
. Бір қолын екі ете алмай отырған Үкімет ертең өзі-ақ «қайдасың,
көке
!» деп іздеу салар. Тұра- тұр бəлем, сонда «министрден төмен


жұмысқа
бармаймын» деп шіренермін- ау!» деп қиялыма тоғайып,
шалқамнан
түсіп жаттым да алдым. Бір бүйрегіме өкпені, бір бүйрегіме
дəмені
бұлтитып тығып алам да күні бойы белі түскен көк диванның
кəрі
сүйегін сықырлатып, оң жамбасыма –бір, сол жамбасыма бір
дөңбекшимін
кеп. Бір күні телефон шыр етіп: «Пəленшеке, сізді Үкімет
Аппаратынан
іздеп жатыр, қосайын» дейтіндей, не біреу есік қағып,
Əкімшіліктен
іздеп келетіндей күні бойы елеңдеп елегізумен боламын.
Жатқан
адамға уақыт өте ме? Іш пысқан соң ермек етіп радио
тыңдаймын
, екі данасын бірдей күнде есікке тегін қыстырып кететін
етектей
«Егеменді» оқимын. Бір тепсінген өлермен дауыс аузын
толтыра
балп-балп етіп, Яссауидің басына тəу ете келген дүниежүзі
қазақтары
Құрылтайы делегаттарының алдында: «Уа, ағайын, ақ
түйенің
қарыны жарылды деген осы емес пе. Осындайда қалпағымызды
аспанға
атпағанда қашан қуанамыз. Бүінгі таңда елімізді бүкіл əлем
мойындап
отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Осының бəрі
дана
басшылықтың арқасы. Құдайшылығын айтыңдаршы, Абылай
заманында
да қазақ осындай мəртебеге жетіп пе еді?!!» деп өзеурейді.
«Өй, қырт! – деймін қарқылдаған дауысыма ие бола алмай. –
Абылайдың
заманында Біріккен Ұлттар Ұйымы болып па екен!»
Ішімді
басып бір сағат күлген шығармын. Ішегім түйіленше
солқылдадым
, ескі диван серіппесі қырқ–қырқ етіп, «солай-солай»
дегендей
қоса селкілдеді. Расында да қызық. Аристофан комедияларын
тамашалағанда
да мұндай күлкіге батпассың. Өзіме жақсы болды,
тыңдаймын
да тырқылдаймын, оқимын да қарқылдаймын, ертелі-кеш
сылқ
-сылқ күліп жата беремін.
Бірте
-бірте күлкім азайып, аузымның аңқайып ашылуы көбейе
бастады
. Радионы тыңдап отырсам, «Егеменді» оқып отырсам, мə-ə,
керемет
: Қазақстан дегенің «Байқоңырдан» гептилін жұпардай
бұрқыратып
ұшқан орыстың «Протонындай» шарықтап, прогрестің
жарқын
жолымен зымырап барады екен, көктемгі гүлбақшадай гүл-гүл
жайнап
құлпырып кетіпті, жүдə. Украина, Эмират, Чехия... дегендерің
«мə-піш!» Мына екпінімен əлем тамсанатын Əмірикаңның өзін қуып
жетіп
, көтке бір теуіп етпетінен омақастырмаса не дерсің! Тек мен ғана
өзімнің
кертартпа, кежір ойларыммен бықсып-борсып ескі өмірдің


жұртында
, ескі диванның үстінде аяқ-қолым тырбаңдап қалып
қойыппын
–ау! Апалақтап, мен де нұрлы көшке ілесейін деп сұп-суық
сұрқай
үйден атып шығып, Өмірге қарадым. Қарадым да көріп
тұрғаныма
сенбей, көзəйнек киіп қайта қарадым. Жоқ, бəз-баяғы сол
қалпы
: қоқыс қопарыстырған бомждардың қарасы көбеймесе
азаймаған
. Қалпағын жерге төңкеріп домбырамен əн айтып, сырнай
шалып
, арлы-берлі өтккендерге телмеңдеген кешегі кеудесі аяққаптай
халық
артистері. Стадионның алдына барып ем, бір қора тəртіп
сақшылары
машинадан топ етіп түсе-түсе қалды да, əр жерде шоқайып
шемішке
сатып отырған тісі жоқ кемпірлерді, алба-жұлба қыз-
келіншектерді
ойбайлатып қуа жөнелді.
«Егемендідегі» əдемі елесті іздеп Битбазарға барсам да, Саинға барсам
да
– сол баяғы сурет... шаршап-шалдығып үйге келдім де ескі диванның
бел
ортасындағы бөксеммен үйкей-үйкей дөңгелентіп ұя сап алған,
жез
легенннің аузындай шұңқырға құйрығымды көміп, қайтадан қисая
кеттім
. Енді радио тыңдағанды, «Еемендіні» оқығанды қойдым.
Алданғаным
үшін екеуіне де өкпелеп қалдым. «Қазақ ертегілері» деген
қалың
кітаптің ішін алып тастадым да, «Егемендінің» күнде келгенін
күнде
қаттап, мұқабаның ішіне сала бердім–кейінгі балаларға да ертегі
керек
қой. Ертең немерелерім: «Ата, қазақта «Тазша бала», «Қаңбақ
шалдан
» басқа ертегі жоқ па осы? Қазіргі заманғы ертегілер қайда?»
деп
сұраса, «О не дегенің, жаным. Ертегінің көкесі, міне, мынау–
«Ғажапстанға саяхат» деп аталады. Мə, оқи ғой!» деп мақтанышпен
ұсынбаймын
ба.
Белі
шоңқиған диванның кəрі сүйегін сықырлатып бір ай жаттым, екі
ай
аунадым... Ұйқы деген бір үйренсең, хордың қызының құшағындай
шымырлатып
өзіне тарта беретін бір сиқыр екен. Қисая кетсем, қор ете
түсемін
. Бір күні, əдеттегідей емес, серпіле ашылып, сарт етіп қатты
жабылған
есіктен селк етіп оянып кеттім. Һаялым жұлқына басып,
сөйлей
кірді:
– Ей, «министр», осы сенікі не жатыс? Екі айдан бері жанбасың
тесілген
жоқ па? Бордақылаған мегежіндей тоңқайып қашанғы
жатасың
?!!


«Əн-нəні қара! Қазақшасы мірдің оғындай деймін өзінің. Кеше ғана
балаларды
əлдилегенде «шілдің, шілдің, шілдің–ай» дегеннен басқа
ештеңені
білмеуші еді. Баяғыда осы кенже ұлым туғанда,
патриоттығым
ұстап, таза қазақша болсын деп, атын Қошқарбай
қойғанмын
. Ол не мағна білдіреді деп сұрағанда, "обшым, қойлардың
күйеуі
деген сөз" деп түсіндіргем. Сол жерде шалқасынан түсіп, жарты
сағат
талып жатқан. Енді, міне, сөзін көрмейсің бе!"
– Е, не боп қалды? – дедім дөңкиген бөксемді ыңғайсыздана бір сипап,
орнымнан
үрпие түрегелдім.
– Жұмыстан шығарып жіберді!
– Жұмыстан?.. Ылғи тура жүрем дейсің. Мінезің бірбеткей...
– Причем тут мінез? Кітапхананы жауып тастады! Хана, все! – деді ашу
қысқандағы
əдетімен орысшаға көшіп. – Какому-то пузану нужен
офис
!
«Е, қазір кім кітапті керек қылады нан таба алмай жүргенде. Ол да
дұрыс
қой» деп Қожанəсір атамша кері тарта ішімнен күңк еттім де,
көңілін
ауламақ боп:
– Үкімет өлтірмес, – дедім.
– Не айтып тұрсың–ей, лəу-лəу? Өлтірмейтін үкіметің өзі өліп қалған
жоқ
па?
«Е, солай екен-ау» дегендей сəл аңтарылып тұрып қалдым да:
– Жə, бір жөні болар. Құдай өлтірмес! – дедім.
Əйелім
жалт қарап, «Əй, қайдам, соныңа да сенбедім-ауды» көзінің
қиығымен
сүйреп, үндеместен бөлмесіне кіріп кетті.
Содан
һаял үйде отырып алып күнде құлағымның құрыш етін жейтін
болды
:
– Əй, «министр», өстіп отыра бересің бе? Тірлік қылсаңшы, еркек
емессің
бе!


«Еркектігіммен не істеймін? Сайқалдар тұрған «Саинға» барам ба?
Ұрлық
қылайын ба? Біреуді өлтірейін бе? Не қыламын басқа?»
– ... Екеуміз бірдей талтайып отырғанда, мына көгенкөздерді кім
асырайды
? Мектебі бар, киім-кешегі бар дегендей...
Дұп
-дұрыс айтады. Не дерімді білмеймін. Қара шайды қылқ-қылқ
жұтып
, кəсенің ернеуінен көзімді көтермей қара терге түсемін.
– Жаныңды баға алмай отырып, намыс сенің не теңің? Қазір ешкіні –
апа
, текені жезде деп ылдалдап күн көрудің заманы. Оданда ана
министр
досыңа звонда.
– Кімге? Мақашқа ма–а?!!– дедім ішегімді тартып.
– Иə, Мəкəшкə! Мақаш – ми-нистр-р! Тақияңа тар келіп тұр ма? Қанша
дегенмен
көзкөрген. Жұмыс тауып бер де.
– Құрысын! Кешегі арақ тасып, аға-көке деп жүрген шантрапай емес
пе
! Оған жалынғанша өлгенім артық!
– Ендеше өл!
Қатыны
түскір көрсе ғой
Əсілі
, еңбектен, шаршап-шалдығудан адамның тəні тез тозады деген
қыртылбай
сөз бе деп қалдым. Керісінше, түк істемей, қорылдап
ұйықтап
, аунақшып жата берген кісі тез қартаятын сияқты. Кейде
диванның
аяқ жағындағы бір бұрышы кетілген шарайнаға көзім
түскенде
, өзімді- өзім танымай таң-тамаша боп отырамын. Құдай-ау,
мен
осындай ма едім? Бет- аузым алжа-алжа. Шала сығып, сілікпей
кептіре
салған шүберектей. Күлтілдеген ісіктен көзімнің жартысы ғана
сығыраяды
. Тозып, ескірген жат біреу «сен кімсің-ей?» дегендей қарсы
алдымда
үңіліп тұр. Кешегі əжімсіз жарқыраған ажарым, жай оты
ойнап
жайнаң қаққан көздерім қайда? Осындай мыжырайған күйде
анамның
етегінен топ ете түсіп пе едім? Жоқ, достар! Кезінде сері де,
пері
де болғанбыз. Бұл көкең едірейтіп мұрт та қойған. Жəй мұрт емес-
ау
– Буденныйдың мұрты! Маймен сылап, шалғысын шиырғанда, екі
ұшы
құлақ түбін түртіп қайтып- түртіп қайтып тұратын. Кейбіреулер
«текенің мүйізіндей едірейтпей құртшы андағыңды!» дейтін
жақтырмай
. Неге құртады екем? Ең бастысы – əйеліме ұнайды. «Сені


алғаш
көргенде, осы мұртыңа көзім түскен, очень оригинальный, өзіңе
бек
жарасады!» дейді. Кейде: «Құрсын, бабы қиын, лактің соры, артық
шығын
қылмай алып тастаймын» десем, баж ете түсетін: «осыдан
мұртыңды
алсаң, айтпады деме, тура өлемін не ажырасамын!» дейтін.
Анау
бір жылдары трестегі кассир қызбен əуейі боп, көңіліме шайтан
кірген
кезде, «осы қатын шынымен қата қалар ме екен, əлде ажырасам
деп
байбалам салса, сыныққа – сылтау, қисая салуға жақсы" деп,
мұртымды
қырып тастап ем, қайда-ағы өлген, қайда-ағы ажырасқан:
«Өй, жасарып шыға келдің ғой, прямо. Мұртың құрсын!» дегені. Е, сол
күндердің
елесі мына қыржиған беттің қай қыртысында қалғаны
белгісіз
...
Бір
күні көзəйнек киіп, тегін келетін жарнамалық қызыл-ала, көкала
көп
газеттердің біріне қаламының ұшын шұқшитып отырған һаял:
– Əй, «министр», бері кел, мен саған жұмыс таптым! – деді мен жаққа
бұрылып
қарамастан. «Қандай жұмыс?» деуге батылым жеткен жоқ.
«Болды, бітті, барсаң да барасың, бармасаң да барасың» деген үзілді-
кесілді
əмірлі дауыс еді. Шалбар тоздырып жүренмен бұрынғыдай
айбын
-ажар жоқ. Балалардың көжесіне таласып, үйде омалып отырған
еркекте
қайбір аптариха болсын. Жүнжіп-жасып қалады екенсің.
«Лəббай, тақсыр» дегендей, үнсіз елп етіп тұрып, емпеңдеп қасына
жетіп
бардым.
– Міне, «Сико» деген фирмаға бухгалтер-экономист керек екен. Тура
қазір
бар! Не, əлде министрдің портфелі емес деп қомсынып тұрсың
ба
?
– Жо-жоқ, барам!..
Апыл
-ғұпыл мұрынымның ұшы əзер көрінетіндей қау боп өсіп кеткен
сақал
-мұртымды алып, иісмайымды бұрқырата жағып, емпеңдеп
жүгіріп
кеттім. Жақын жер, үш–ақ аялдама, жаяу барып-кеп тұруға
қолай
. Автобуста билет алғанды шығынсынып, кондукторды қалай
алдаймын
, контолер қай жақтан сап ете қалар екен деп тақымыңды
үйкелеп
қылпылдап тұрмайсың. Əрі қан таратып жаяу жүрген де
пайдалы
ғой... Осы плюстің бəрін шотқа қағып, жұмысқа ілігіп кетсем
жақсы
болар еді деп, шала білетін дұғамды оқып, қысылғанда болмаса,


көп
еске ала бермейтін Аллаекеме ішімнен мың қайтара жалбарынып
келемін
.
«Сико» Қытайдан тауар əкеліп, көтерме саудамен айналысатын фирма
екен
. Бұрынғы бала-бақша үйінің бір қанатына орналасыпты. Офисі де,
қоймасы
да осында. Кең дəлізде ашық тұрған есіктердің біріне кіріп,
бірінен
шығып, сөмке, қорап, тең көтеріп дабырласа арлы-берлі
сапырылысқан
жұрт. Бүйірдегі бөлмеге кіріп, бүйімтайымды айтып ем,
айналмалы
орындықта жуан сандарын көрмеге қойғандай айқастырып,
кірпігін
бояп отырған жалпақ қара келіншек тіл қатпастан саусағының
ұшында
шымшып ұстаған щеткамен қарсы есікті нұсқады.
«Ас-салауымды» соза айтып кіріп бардым да жартысын жұтып,
босағада
қалшиып қалдым. Сұршақпақ пенжағын иығына желбегей
жамылған
бір күж желке мама-ағаштағы үркектеген аттай,
телефонның
бауын кере құлағына жапсырып алып, үстелдің ана шетіне
бір
, мына шетіне бір барып одыраң- одыраң ойқастап жүр. Əлдекімге
ашулы
, дауысы зілді шығады:
– ... Өткенде ғана есеп айырысқанбыз. Енді неғыл дейді?.. Ə, қарай гөр...
Аз
ба екен? Өйтіп аузын аша берсе, көмейіне қазық қағам. Жігіттерді
жіберсем
, көтін бір-ақ айырады, ұқтың ба? Онсыз да жан-жақтан
қанымызды
сорып жатқандар аз емес...– Тағы да біраз зіркілдеп,
бұрқылдап
алып, телефонды тастай салғаннан кейін маған басын изеді
де
түтеген күйі түнеріп орнына отырды. Өз ойымен арпалысқандай
басын
бір шайқап қойды да, ағы көп ала көзін сүлесоқ маған тіктеді.
Жөн
сұрасқаннан кейін үстелдің шетінде тұрған жуантық папканы
маған
қарай ысырды:
– Салық бөліміне тоқсандық есепті өткізе алмай жүрміз. Бұрынғы
бугалтеріміз
еврей кемпірі еді, бəрін тастай қылатын. Израилдегі
қызына
кетіп қалып, сорымыз қайнап отыр. Одан кейін төртеуі келді,
бірінен
бірі өткен қарағым, бірі де баланс жасауды білмейді. Академия,
университет
бітірген түйенің табанындай дипломдары бар. Көк ми ма,
əлде
түк оқытпай ма – ұқпайсың!.. Мында кеден арқылы өткен
тауарлардың
толық құжаты бар. Сол арқылы салық бөліміне қажетті


баланстық
есеп жасап əкеліңіз. Екі күн жете ме? Содан соң
сөйлесерміз
.
Түнімен
отырып айтқанын жасадым да, таңертең алып келдім. Бастық
қара
- шұбар беті сопайып сенбеген сыңаймен сүзіле қарады. Бірдеңені
түсінетін
бек салмақты жүзбен қасының екі арасын қосып, қағаздарды
арлы
-берлі ақтарып, бір сүзіп шықты. Содан соң кешегі есік көзін
күзеткен
қара келіншек пен шоферін шақырып алды да, папканы қайта
маған
құшақтатып, үшеуімізді салық бөліміне жіберді.
Бір
суық қабақ, саркідір əйел қара келіншекті таниды екен, құлағына
əлденені
күбірлеп, «Мақсат Сартаич жіберді» деген соң, папкадағы көп
қағаздың
əр бетіне қадалып, графаларды саусақ ұшымен қуалай
шұқылап
, түгел парақтап шықты да:
– Міне, енді əңгіме басқаша, – деп жылы дауыспен жадырай қарады. –
Баяғыдан
бері өстімейсіңдер ме. А то, қайта-қайта келіп өздеріңді де,
бізді
де шаршаттыңдар. Қол қойғызып, мөр бассаңдар болды.
Бар
еңбек өзінікіндей, бастықтың кабинетіне жете бергенде қаға –маға
өңмеңдеп
менен бұрын зып еткен қара келіншек қолын төбесіне
көтеріп
, басбармағын қайқайтты:
– Мақсат Сартаич, сүйінші, сүйінші!!!
Жақсы
хабарға қуанған басекең орнынан тұрып келіп, қолымды қайта-
қайта
қысты. Сол жерде жұмысқа алды. «Ағай бүгін демалсын» деп,
тіпті
машинасымен үйге жеткізіп салды. Сылаң қаққан ақсұр «Аудиді»
көшеден
көргеніміз болмаса, кім мініп көрген. Шынында да тамсанса
тамсанғандай
екен. Желігі бар-ау шайтанның. Тақымыма бір тигеннің
өзіне
бүйтіп шалқалап қалдым, қосарлап мініп жүргендердің не жаны
шыдайды
десеңші.
«Шіркін-ай» деп қолымыз жетпей кеткен «Волга», «Ладаларың» мұның
жанында
қоқанның көтек арбасындай пішту екен. Қанша жерден
жаман
, жаман дегенмен бұл капиталист иттерің қалай өмір сүруді
біледі
-ай. Машинасы мынау, компьютері анау... Біз сілекейіміз аққанша
айтатын
коммунизімің соларда шығар. Баяғыда, оқушы кезімізде, Қазақ


ССР
Жоғарғы советінің «Құрмет грамотасын» жеті рет алған, балық
заводының
озат жұмысшысы Фатиха апамыз делегациямен бірге
Норвегияға
барса керек. Жарты айдан соң артынып-тартынып оралады
ғой
баяғы. Теңкиген- теңкиген сөмкелер, дəретқағаз рулондарын жіпке
тізіп
, қабат-қабат мойнына іліп алған. Сəлемдесуге жиналған көрші-
қолаңға
тəбəрік деп бір-бірден ұстатады.
– «Бұл не?»–дейді мұндайды көрмеген қатын-қалаш тамсана қарап. Не
екенін
айтады
– «Қой, ондайға қор қылып қайтеміз. Үлбіреп тұр ғой, балық жеген соң
қол
сүрткенге жақсы екен! Қымбат шығар, а?» Фатиха апамыз қолын
сілтейді
:
– «Бəрі тегін!.. Ой, қатындар, айтсам сенбейсіңдер ғой. Кəстинсада
жаңғыз
- жаңғыздан жаттық. Аяқ сүртетін бір орамал, бет сүртетін бір
орамал
, моншаға түссең көлдей сүлгі. Мына домалақ қағаз, тіс шөткі,
пасты
, сабын дейсің бе, бітсін-бітпесін күнде жаңалап тұрады екен.
Орыстың
қатындарынан көріп, мен де күндегісін күнде сөмкеме
нығарлай
бердім. Несін айтасың, рахат деген сонда екен!»
Қатындардың
аузында сөз тұра ма, бір күні парторг шақырып алып, бір
ай
бойы аудандағы «үндеместің» үйіне сүйрейді. Əбден идеологиялық
өңдеуден
өткен соң, ауылдағы еңбек коллективтерімен, оқушылармен,
жалпы
жұртшылықпен кездесулер өткізіп, шетелдік сапарының
əсерімен
бөліседі. Капиталистік əлемнің құбыжық көріністерін, жалпы
біздің
советтік елімізге ештеңенің жетпейтінін екі парақ қағазға қарап
тебіреніспен
оқып беретін. Бірақ өзінің абысын-ажындармен оңаша
сырласқанда
: «Əй, қатындар, күндіз қалай жаман-жаман десем де,
құрғыр
түнде түсімнен шықпайды» дейді екен... Сол апамыз айтқандай,
қанша
күн түсімізге кіретінін кім білсін. Дəл подьездің алдында
керіліп
- созылып жерге түстім. Біреу көре ме деген дəмемен есікті
ұзағырақ
ашып тұрып, əдейі қаттырақ серпіп жаптым. «Əттең, қатыны
түскір
осындайда басын терезеден қылтитып қарамайды-ау!» деп
қоямын
ішімнен.
Сол
күні һаял ажарланып, əн сияқты əлденені ыңылдап жүрді. Көзі
жыпылықтаған
телевизор да ылғи бір құлаққа жағымды əндер айтып
жатты
...


Той
Бəрі
сырымды біліп, сыртымнан танып алса керек. Қай баспаға барсам
да
, бірі мысқылдап, бірі мүсіркеп қарайды. Қырық сылтаумен
жақауратып
шығарып
салады: «Өзіңіз ақша табыңыз» дейді; «Биылғы тендер өтіп
кетті
...» дейді. Кейбіреулер турасына көшеді: «Мұндайды басып,
басымызға
пəле тілеп алар жайымыз жоқ, өзіміз қалт-құлт етіп əзер
жүргенде
аузымыз ақтан қағылса, бала-шағамызды немен асыраймыз?
Əурешілікті
қойыңыз, ағасы!»
Баспаларды
жағалай адақтап, ауыздарының қалай қисайғанын
көргеннен
кейін салым суға кетіп, беттей алмай қалып едім, жоқ
жерден
əйелім қызынып, білек сыбанып шыға келмесі барма. Дем
беріп
, басы қайқаңдап алдыма түсіп алды.
– Ерегескенде, өзіміз шығарамыз!
– Кəйтіп? – деймін міңгірлеп.
– Ақша болса, «Майн камфті» де шығаруға əзір дедің емес пе?
– Ойбай-ау, ақшаны қайдан табамыз? – Қатынның не ойлап мəтіби боп
тұрғанына
шала миым жетпей шыр-шыр етемін.
– Алқа-сырғаларымды ломбардқа саламын. Мына заманда жылтырақ
тағып
, сылаңдаған не теңім!
«Осының шашы ғана емес, ақылы да ұзын-ей!» деп сүйсініп қалдым.
Бірақ
іш бергемін жоқ, мақтасаң қатын деген құтырып кетеді емес пе.
– Тоқта! – Сарт етіп сол жерде басыма бір ақыл келе қалғаны. – Ол
ақшаны
əуелі біраз «бұзаулатып» алайық. Содан соң кітапқа саламыз.
Əлі
де қазақтың кейбір бұрма сөзін тура түсінетін əйел байқұс «əуелі
сиыр
сатып алып соның бұзаулағанын күтейік» деп тұр деп ойлап
қалды
ма, көзі жыпылықтап бетіме қарады.
– Жақында қырыққа толамын емес пе, соны сылтауратып той жасасақ,
біраз
ақша жиналмай ма?


– Табылған ақыл! – Əйелім дудыраған шашыма қолын тарақтай салып
уақалап
-уқалап жіберді. – Тесік те болса мына котелок ничего, варит!
– «Капиталды» тегін оқыған жоқпыз ғой! – дедім «Капиталды»
Маркстің
өзінен артық білетіндей кеудемді қайқайта жымиып.
Шотты
ары қағып-бері қағып, қырық жасты тойлаудан гөрі шаңырақ
көтергенімізге
онбес жыл толғанын атап өткенді жөн көрдік. Безбенге
салсақ
, тиімдісі сол екен. Менен гөрі əйелдің беделі жақсы, соны
сыйлайтындар
көбірек келуі һəм тарту-таралғысын ұялмайтындай ғып
əкелуі
мүмкін ғой.
Ең
қиыны тізім жасау болды. Шақырсақ жалаңдап жетіп келетіндер
толып
жатыр. Есебіміз – конвертті қалыңдау ғып əкелетін ішегі
майлылар
мен жолдан жығылмаймын деп тыраштанатын жомарттарды
көбірек
қамту. Оған қоса, арақты көп іше ме, тамақсау емес пе...– ол
жағын
да ескеріп, қатаң екшеуден өткізіп жатырмыз. Кедейде қайбір
жетіскен
дос болсын, шетінен сіңірі шыққан өзім сияқты. Бала кезден
бірге
өскен, кластасым Кемелбекті шақырайық деп едім, əйелім шар
ете
түсті:
– Бір өзі екі бөтелке ішеді. Құрсын алқашың!
Сағынтай
– кедей, базарда көтені айналып арба сүйреп, күнін əзер
көріп
жүр, ол сорлы не əкеп жетістірер дейсің. Əріннің қатыны ұятсыз
екен
, үстелдің үстін сыпырып-сиырып пакетке салып əкететін
көрінеді
. Нұржан – мешкей. Сəрсеннің дүкені болғанмен сараң... Ілікке
татырлық
кісі таба алмай біраз қиналсақ та шекесінен шертіп «осы жүз
доллардан
кем əкелмес –ау» дегендердің ұзын-санын жиырмаға
жеткізгенбіз
. Есебіміз түгел, бұйырса, əй- бір, осы жолы ақ түйенің
қарыны
жарылатын-ақ шығар деп алақанымызды ысқыладық. Əйелдің
құлақ
-саусақтарындағы жылтырақтардың барлығын сыпырып-сиыра
ломбардқа
өткізіп, бір апта тойға дайындалғанбыз.
«Самопалға» жуымай, ақаң жарықтықтың да қымбатын таңдап түр-
түрін
алдық. Бірақ қапылғанымызды қайтейін, үміт артқан жуан
желкелердің
көбі əртүрлі сылтаумен келмей қалды. Есесіне, ұялғаннан
шақырып
, ішімізден келмесе екен деп тілеген ішкіш-мешкейлердің
тайлы
-тұяғы қалған жоқ. Əйелімнің өңі той басталғаннан бұзылып


кетіп
еді, біткенше əзер шыдады көгерір-сазарып. Ел тарқасымен
жатын
бөлмеге кіріп кеткен, бата алмай айналсоқтап біраз жүрдім де
шыдамай
есікті жартылай ашып, мойнымды қылқиттым:
– Қанша?
Жас
тұнған ызалы жанары жалт етіп, бір уыс қызыл-ала қағазды бетіме
шашып
кеп жіберді. Абылай хан, Əбілқайыр хан, арасында Абай мен
Шоқан
да бар, қазақтың кіл жақсылары көбелекше қалықтап барып
еден
үстіне қонып жатыр. «Келін шырақ-ау, біздің не жазығымыз бар?»
деп
ол жарықтықтар жаутаң-жаутаң қарайтындай.
– Бүйтіп «Капиталды» оқығаның бар болсын!
Өмірдің
есебі Маркстің «Капиталынан» да күрделі екен. Əсіресе
əйелімді
аядым. Күйеуім Маркес, Айтматов, Нұрпейісов сияқты бір-ақ
күнде
даңқы дүр-р ете түсер деп қатты дəметіп еді, далбаса көңілі
бұлай
жер соқтырғанға жасып, жабырқап қалды. Тұрмыс қажытқан
бейшара
кімнің еркелігін көтерер дейсің, «таз өшін тырнадан
аладының
» керімен, жуып кетсең, бидайдай қуырып жеп қоя жаздайды.
Көзіне
түсе бермейінші деп, күндіз көбінесе үйде
отырмаймын
. Шеті жемтірлене бастаған алты папканы арқалап қаңғып
жүре
беремін.
Аз
уақыттың ішінде Алматыдағы баспалар мен əдеби газет-журнал
редакциялары
түгелдей танып алды. Ешқайсысы ештеңемді оқымаса
да
:
«Осы біреу Музаның бізге лайықты қасиетті храмында сүйретіліп
неғып
жүр!» дегендей, сығырайған көздері ұстараның жүзіндей
сызаттанып
, соншалық бір жеккөрінішпен менсінбей қарайды.
Ұзын
дəліздің қалтарысында бұлтиған қозы қарындарын құшақтаған
төрт
тапал орталарындағы қаңылтыр табаққа шырт-шырт түкіріп
қойып
, темекі бұрқыратып тұр екен, «Саламатсыздар ма» деп жанай
өтіп
бара жатыр едім:
«Əлгі төбесіне тас түсіп жазушы боп кеткен əпенді осы емес пе?» деген
тырқ
- тырқ күлкі аралас күңкіл желкемнен тартып қалғандай еріксіз


іркілдім
.
– Иə, экономист- романист! – деді кекесінді екінші дауыс. – Жындыға
дейін
жазушымын деп дорба-дорба шимай-шатпақ арқалап жүрген соң
не
дауа. Осыдан кейін əдебиетте не қадыр қалсын!
– Оқымай-білмей тұрып ғайбат айтып қайтеміз! – Күрк-күрк жөтелген
қарлығыңқы
дауыс ара түсіп жатыр.
– Жындының не жазатыны оқымаса да белгілі емес пе!
– Олай деме. Мəкең оқыған екен, «əттең, ерік өзімде болса,
халтурщиктердің
бəрін ысырып тастап, жалғыз осынікін басар едім»
деп
тамсанып отыр.
– Қойшы-ей, сол салпы ауыз, май қараны. Ең болмаса, «Алаш»
сыйлығының
лауреты емес, ол қырт не білуші еді!..
Тыңдап
тұра беруге дəтім шыдамай, денем бір ысып, бір суып
жылыстай
беремін. Мың ғайбаттың ішіндегі жылтыраған жалғыз жылы
сөз
жанымды семіртіп, сүйсініп келемін. «Ой, мына Мəкең деген
қандай
тамаша кісі өзі!» деп тамсанып қоямын ішімнен.
Жындының
көз жасы
Миллионер
жазушының əйелі боламын деген үміттен біржолата күдер
үзген
соң, қатын бейбақ амалсыз көше қилысында қашып-пысып
жасайтын
ұсақ-түйек саудаға көшкен. Мойнында есейген сайын бабы
өсіп
келе жатқан үш бала мен жарты ми, мүгедек бай бар, қайтып қарап
отырсын
. Көтерме базардан шекілдеуік, жиде, құрт, темекі сияқты
бəкін
-шүкін алып, көшенің бұрыш-бұрышында бұғып жүріп
саудалайды
. «Əр машайыққа – бір ібіліс» дегендей, олардың милиция
деген
қызыл көз тажалы бар. Басқа қылмыстың тұқымын тұздай құртып
бітіргендей
, қатын-қалаштың дорбасына жабысып, бақыртып қуып
жүргендері
. Бірде: «Бəрін милиция тартып алды, затымды да, ақшамды
да
!» деп, көзі домбығып, сүлдерін əзер сүйреп келеді. Енді бірде екі
көзі
күлмің-күлмің. Сол көздердің қиығынан пейіштің шуағы
төгілгендей
, үй ішіне береке кіріп, жадырап-жайнап кетеді. Ондай күні
алабұға
болса да балыққа аузымыз тиіп, не «Буштың бұты» – ақ
тауықтың
сорпасына тыңқия тойып, арқа-жарқа бір жырғап қаламыз.


Ырқ
-ырқ кекіріп, тырқ-тырқ «дара ауызбен» торғай үркітіп отырып,
шала
миыммен қайдағы бірдеңелерді ойлап кетемін.
–Үкімет пен партияға рахмат! – дедім шынымен көңілім толқып.
Əлденеге
риза болғанда əке-шешем байқұс ылғи осылай деп
шүкіршілік
айтып отыратын, қанға сіңді əдетпен сол сөз менің де
аузыма
түсіп кетті.
– Қайдағы партияны айтып отырсың, лəу-лəу! – Əйелім аузындағы
шайын
бүркіп жіберердей мырс етті. – Оныңның сүйегі қурап қалғалы
қашан
!
Мен
қолымды сіліктім:
– Бəрібір сол партия емес пе!.. Бəрін айт та бірін айт, бізге жетер ешкім
жоқ
, бəйбіше! – деймін ескі орындықты сықырлата шалқайып.
– Өйдөйт деген!
– Шын айтам...Кедей болған қандай жақсы! Əйтпесе өстіп қуанар ма
едік
? Бір тойсақ та қуанамыз, жерден беш тиын тауып алсақ та
қуанамыз
, троллейбуста билетсіз жүріп ұсталып қалмасақ та
қуанамыз
... Қаптаған қуаныш! Байлар мұндай қуаныштың бірін де
білмейді
ғой. Сондықтан ол пақырлар бай болған сайын бақытсыз!
Əйелім
маңдайындағы қатпарланған əжімнің жігіндегі мөлт-мөлт
тізілген
терді алжапқышының етегімен сүртіп жатып бетіме жалт
қарайды
да үндемейді. Лəм демегенмен күрсінген мұңлы жүзінен:
«Құдай жынды ғып қойған соң не дауа. Есі дұрыс адам осыны айтар ма
еді
!» деген күйзелісті хұсни хаттай оқып тұрмын. Озбыр əміршілердің
қараша
халқын неге кедейшілікте ұстауға тырысатынын енді
түсінгендеймін
. Қандай данышпандық десеңші! Жоқшылық еңсесін
езген
адамда күйкі тірліктің тырбыңынан басқа көңілінде не алаң
болмақ
? Қу қарынның қанағаты бар қуаныштың орынын толтырады.
Бір
тойсам екен дейді, суықта тоңбасам екен дейді. Бар ұзаған ойы осы.
Кеудесінде
селт етер сезім, поэзия жоқ ондай міскін тобырға əмір
жүргізу
отар қойды жусатып-өргізумен бірдей, əрине.
Əйел
байқұс жылап жүріп жарты тиын тапса да тыртаңдап үйге тасып
əлек
. Ал менің кейде соның өзіне суық қолымды сұғып жібертінім бар.


Бес
килі картоп əкел десе, төрт жарым килі алып, жарты килінің
ақшасын
ышқырыма қыстырып қаламын. Темекіге берген тиын-
тебенді
үнемдеп, елдің окуркісін тартамын. Автобусқа деп ақша алам
да
не жаяу жүремін, не билетсіз «қоян» боп, «Ну, погодидағы»
қасқырдан
қорыққан сұр көжектей, елдің тасасында қалтырап
тұрамын
... Сөйтіп қағып-соғып жиған ақшаға қолжазбаларымның
ксерокс
арқылы жиырмашақты көшірмесін жасатып, əп-əдемі ғып
түптеп
алдым. Жазушылар Одағының алдына барып үш күн тұрдым.
Телевизордан
, кітаптағы суреттерден жүздері таныс атақты
жазушылар
кездесе қалса, қолжазбамды бермекшімін. Алғашқы
шырамытып
қарсы ұмтылғаным – ақшулан шашын шалқайта қайырған
қарасұр
кісі. Өзін классикпін деп жүрген мықтының бірі. Жалбақтай
сəлемдесіп
, жөнімді айтып едім:
– Бұл не? – деді жуан қолжазбаға үрейлене қарап.
– Роман.
– Осы күнде кісі роман жаза ма екен?
– Сіздер жазып жүрсіздер ғой?
«Е, ол енді біз ғой!» дегендей бетіме сыздана қарап:
– Қинама, қарағым. Қазір мен кітап оқығанды қойғанмын. Тіпті өз
жазғандарымды
да оқымаймын! – деп бұрылып жүре берді. «Өз
жазғанын
өзі оқымаса, онда онысын кім оқиды екен?» деп таңырқап
мен
қала бердім. Əйтсе де классиктердің бəрі бірдей емес екен, одан
кейі
жолыққан екі ағайдың екеуі де: «жарайды, оқып көрейік» деп
меселімді
қайтарған жоқ. Бірі тіпті: «Талаптанып жазған нəрсең екен.
Байғазысы
болсын!» деп мың теңге ұстатты.
Кешке
қарай бір қолына талдан жонған таяқ, екінші қолына бұрынғы
Совет
заманындағы торқалта ұстаған көзəйнекті қария қасымнан
жанай
беріп:
– Қарағым, мана өтіп баратқанда көріп едім, əлі тұрсың ғой. Біреуді
күтіп
тұрсың ба? – деді қарлығыңқы, баяу дауыспен.
– Классиктерді күтіп тұрмын.


– Пəлі, мықты болдың ғой онда! – деді қария күліп. – оларға не
бүйімтай
айтайын деп едің?
– Мына қолжазбаларымды оқытсам деймін.
– Е, жөн, талабың оң екен, айналайын. Мен Əбілмəжін деген ағаң
боламын
.
«Үш ноянды» оқып па едің? Соны аударғанмын. Əдеби сынмен де біраз
айналысқанмын
. Классик емес деп қомсынбасаң, маған бер, оқып
көрейін
. Сатып тұрсың ба, жоқ, əлде?..
– Жо-жоқ, мінеки алыңыз! – Қолжазбаны беріп жатып бетіне тіктеле
қарадым
. Оң құлағында – аппарат. Қалың, томпақ шынылы
көзілдірігінің
сабағын желкеден орай жіппен байлап қойыпты. «Əй,
тоғыз
-он бар-ау, қалай кітап оқиды екен?» деп күдіктеніп қоям
ішімнен
. Ұқыппен басқан сақал- мұрты, селдіреген шашы, қасы – бəрі
аппақ
, бақбақтың ұлпасы сияқты үп десең, ұша жөнелердей үлпілдеп
тұр
.
– Шала көрем, сонда да кітап оқымасам, отыра алмаймын. Анда-санда
Одақтың
киоскісінен кітап қарап тұрамын. Кітап көп, оқылатыны
бірен
- саран. Жазушылар қожырап кетті ғой. Бір-бір батыр, бір-бір
бидің
атына мінгесіп, абырой жинаумен жүр.
Қолжазбаны
беруін берсем де көзіне дүрбі тағып алған «соқыр» шал
қайбір
оқып жарытар дейсің деп нəумез күйде ұмытып та кеткем.
Оншақты
күн өтті ме-өтпеді ме, бір күні құлқынсəріден Əбілмəжін аға
телефон
шалып тұр:
– Амансың ба, айналайын. Əбілмəжін ағаңмын ғой. Романыңды оқып
шықтым
. Керемет дүние екен, айтары жоқ! Əлі кейіпкерлеріңнің
арасында
жүргендей күй кешіп тұрмын. Көптен бері мұндай шығарма
оқымап
едім тұщынып. Рахмет, қарағым. Əрине, түсінем, жолы ауыр,
кең
аудиторияға жетпейтіні өкінішті-ақ! Əйткенмен бір кісі болса да
оқи
бергені дұрыс қой. Бельгерге оқытып алсақ, қалай қарайсың?
Рұхсат
етсең, соған апарып берейін. Күнде «Шоқанның» алдында
кездесіп
тұрамыз. Сол жер «Күлтөбенің» басы сияқты, біраз шал
қауқылдасып
мəслихат құрамыз. Гер- ағаң сирек туатын ғазиз жан ғой.


Барынша
əділ, барынша таза. Қазақ руханиятына одан артық еңбек етіп
жүрген
ешкім жоқ. Тек оны біз бағалай алмай жүрміз ғой!..
«Иə...а-а-а...» деп кекештенгеннен басқа асыл ағаға дұрыстап жауап
қатып
, алғыс та айта алмадым. Көмейіме өксік тіреліп, тынысым бітті
де
қалды. Тұтқаны қойғаннан кейін өзімді өзім тоқтата алсамшы.
Жынды
болғаннан бері жылап көрмеп едім, жындының жылағаны
қызық
болады екен. Ваннаға тығылып алып, дыбысым естілмесін деп
суды
сарылдатып ағызып қойдым да ағыл-тегіл ал кеп боздайын!
Жындылар
қуанғанда да біреу өлгеннен бетер жылайды екен ғой...
"Күлегеш" қарындар
Гер
-аға да хабарын ұзаққа созған жоқ. Сəскеге қарай керіліп-созылып
орнымнан
тұрып жатқанмын. Кейде екі-үш күн бойы тілін жұтып
мыңқ
етпей мелшиіп тұратын жуан қара телефон зың-зың ете қалды.
Əдетте
шырылдаған дауысы жылауық баланың шыңғырығындай миды
шағып
алатын. Бұл жолы
сыңғыр
-сыңғыр етіп бөлме ішін қуанышқа толтырып жібергендей.
Апыл
- ғұпыл тұтқаны көтерсем, Гер – ағаның өзі екен.
– Амансың ба. Əбекең берген романның авторы сенбісің?
– Иə.
Гер
-аға қазақтар сияқты əңгімені дұңғанның лагманындай созбайды
екен
.
– Бүгін менің «Датта» мақалам шықты. Ой-пікірімді сонда айттым, –
деп
қысқа қайырды.
Оразамды
ашқам жоқ. Құстай ұшып газет киоскілерін шарладым.
Біріне
барсам: «Біз ондай газетті сатпаймыз» дейді, екіншісінде өтіп
кеткен
. Апалақтап арлы-берлі жүгіріп таптым-ау ақыры. Айқара бетке
көсілтіп
сілтеген-ақ екен сабазың, кенеріне сыймай асып-төгіліп
жатыр
. Əр жерден адақтап жүріп жиырмасын сатып алдым. Бөлмеге
əкеп
, төрге бəрін қатарлап жайып салдым да жата қалып ары – бір, бері
– бір аунаймын, құшақтап бетіме басамын. Сенерімді білмей қайта-


қайта
оқып мəз боламын. Айғайлаймын, күлемін... Есіктен үдірейе
сығалаған
егіз ұл мен қыз:
– Наш папа дурак же! –деп бір-біріне қарады. Қызым одан ары
үстемелегендей
«У-шіт» деп ысқырып, самайын саусағының ұшымен
бұрғылады
. Кенже ұлым əлі ес тоқтатпаған кішкене ғой, ойын көріп
арсалаңдап
келіп ол да газеттің үстіне құлай кетті. Екеуміз қосыла
аунап
, шыңғырып, айғайлап үйді басымызға көтердік. Не боп қалды
дегендей
жүгіріп жетіп келген əйелім күрсініп, басын шайқады. Не
дегенін
айтпаса да сезіп тұрмын. «Ей, Алла, дардай адамның жасап
жатқан
қылығын қарашы. Дені сау кісі осыны істер ме еді?!!»
Мə
-ə, Гер – ағаның мақаласынан кейін бойыма желік біткенін көрсең! 
Өкшем
басқан жер ойылып кетердей салмақ пайда болды. «Ойнапсың, 
бала
, қызыларақпен!» демекші, бұл қазақ менің енді кім екенімді 
көрсін
! Ертеңінде сүтке тиген күшіктей бетімді қайтарған баспалар 
мен
газет редакцияларына кезек барып, ұзын-шұбақ дəлізде 
қолдарымды
арқама айқастыра қойтаңдап ары жүрдім-бері жүрдім. «О, 
пəленше
-еке, Гер – ағаң кеше сізді жер-көкке сыйғызбай мақтапты ғой, 
мұқыл
. Құтты болсын!» деп əлдекім шалғайыма оратыла кетердей 
емекси
қараймын айналама. «Гер – аға айтса, біліп айтады. Əдебиеттің 
абызы
ғой. Біз де оқиық, əкелсеңші. Кітап қып басайық!» дейтіндер де 
табылып
қалар деген есек дəмеден ада емеспін. Қанша емініп қарасам 
да
назар тіктеп жатқан ешкім жоқ. Жалбақтап амандасқан соң салқын 
ғана
иек изеп өте шығады. «Япыр-ау, бұлар газет оқымай ма? Басқасы – 
басқа
, Бельгердің мақаласын оқымай ма?» деп ішімнен бұлқан- талқан 
боламын
. Ширыға басып келе жатсам, өзімді келеке қылатындардың 
бір
тобы дəліздің қалтарысында айғырдың тезегіндей үйіліп, көк 
түтінді
аузы-мұрындарынан жарыса будақтатып тұр екен. Қастарына 
жете
бере іркіліп едім, мойынын ішіне тыққан шұбар беттің жуан 
қарыны
өзінен-өзі бүлкілдей жөнелді, беті емес, қарыны күледі екен:
– Иə, экономист-романист, хал қалай?
– Хал қалпақтай! – дедім «күлегеш» қарынға тақала бере бетіне
бежірейіп
.
– Ой, мынау мықты ғой!


– Тегін адам «роман» жаза ма!..
Мырс
-мырс, тырқ-тырқ күлкі құлағымды тескілеп жатыр. Пакеттен
асықпай
газетті алып, айқара бетті алдарына жайдым.
– Ой, мынау Гер – ағаңның мақаласы ғой! – деді жапырлай үңіліп.
– Иə, сіздер айтқан «экономист- романист» туралы жазыпты! – дедім
дауысыма
мен де кекесін қосып. Боқ қарын енді күлгенді қойып, ішінде
бес
ит жатқандай ыр-р етіп бір аунап түсті:
– Бұл өзі қай газет? – деді газеттің беттерін аударыстырып. – Е,
оппазицияның
саржағал опусы екен ғой, бəсе! – Көңілі орынына түсіп
жадырап
қалды. – Ақты – қара, қараны ақ деп қойыртпақтатып жаза
береді
бұлар!
Көзəйнекті
, бурыл шаш, аққұба кісі жүгірте оқып, əржерден бір шолып
шықты
да:
– Дұр-е-ес, Гер – ағаңның айтуынша, бүгінгі əдебиетте сенен асқан
классик
жоқ екен, бауырым! – деді келіскені, кекеткені белгісіз
бояусыз
дауыспен. Мұрты едірейген, күж желке, тұлып қара
темекісінің
тұқылын ашулана жерге лақтырып, жыланның басын
мыжығандай
өкшесімен шырайналдыра езіп- езіп жіберді:
– «Апам да бірдеңемді жей береді екен» деген сияқты, Бельгер – білгір
деген
сайын Гер – ағаң да кейде дей береді ғой!..
Үшеуі
əлденеге ренжігендей желкелері күжірейіп тоң-торс бұрылып
жүре
берді. Қарадай шала бүлінгендеріне біртүрлі ыңғайсызданып
қалдым
. Сөзге араласпай шылымдарын үнсіз сораптаған екі жігітке
енді
тіл бітті:
– Кəрі қырттар оттай береді! – деді жалбыр шаш, ұзынтұрасы
жаңағылардың
соңынан топырақ шашқандай қолын сілтеп.
– Іштері күйген соң не айтпайды? Бельгердің мақтағаны Мемлекеттік
сыйлық
алғанмен бірдей. Əдебиет тарихына ендім дей бер!
Көзі
кəлегейленіп, аузынан аздап арақ иісі мүңкіген қара сіңір, тапал:


– Мұны жуу керек қой! – деді бетіме мəнді көз тастап. Ұзынтұра басын
изеді
:
– Иə, əбет боп қапты!
Кім
жуады, оған мəн берген жоқпын, жақсы сөздеріне жүрегім жылып,
соңдарынан
ердім. Екі-үш орамды айналып, подвалдағы ала-көбең
кафеге
кірдік. Кісі сирек. Шеткі үстелдің біріне тізе бүккеніміз сол,
шекелетіп
берет киген ақсары қыз майыса сəлемдесіп, алдымызға
меню
əкеп тастады. Мен қалтамның шама-шарқын білетіндіктен,
асқазанымды
сылтауратып, салат, котлет сияқты жеңіл-желпімен
шектелдім
. Екеуі ештеңеге қарар емес, аштан келгендей анаған да,
мынаған
да тапсырыс беріп жатыр үйіп-төгіп. Е, ас болсын деп мен
отырмын
жайбарақат. Жүз-жүз грамнан коньякті басып алғаннан кейін
тершіген
бет-ауыздарын сальфеткімен қайта-қайта сүрткіштеп қойып,
Диана
ханшайымның тіз киімі қанша миллионға бағаланғанынан
бастап
, Тайландтағы сунамиге дейінгі біраз əңгіменің басын шалып
дүрілдеп
алды да:
– Маңдайымыз енді жіпси бастады, тағы бір жүз грамнан боталатып
жіберсек
қайтеді, ə? Қалтаң көтере ме? – деді тапал қара маған қабақ
астынан
сүзіліп. «Құдай төбеден ұрды, маған төлетпек пе?» Төрт
қалтамды
түгел ақтарып, əйелден қаққыштап жинаған жез, күміс
теңгелерімді
сылдыр- сылдыр үстелдің үстіне үйіп, санай бастадым.
Бір
мың екі жүз қырық сегіз теңге! Екеуі бір-біріне ұрлана қарап,
өңдері
бұзылып кетті. Жаңағы емен- жарқын əңгіме де, күлкі де сап.
Қипалақтап
біраз отырды да орындарынан тұрды:
– Біз темекі шегіп келейік. Сен отыра тұр.
Ары
күттім-бері күттім. Даяшы қыз да тыпыршып екі-үш рет келіп
кетті
. Бірдеңені сезгендей маған күдікпен қарай бастады. Бір жігітті
қасыма
қақшитып тұрғызып қойды да өзі жүгіре басып сыртқа шығып
кеткен
. Шығуынан кіруі тез болды, түрі өрт сөндіргендей, алқын-
жұлқын
ентігіп тұр.
– Жоқ əлгілер! – деді маған тебітіп.


– Қалай?!! –Шошығаннан орынымнан ұшып тұрыппын.
– Қалай екенін сіз білесіз де. Мошенники! Бəсе, сезіп едім! – Қыздың
қатты
шыққан ашулы дауысына залдағы отырғандар елең етіп біз жаққа
жапырыла
қарасты. Жынды болсам да маңдайымнан мұздай тер бұрқ
ете
түсті.
– Кəне, есеп айрысыңыз! Он жеті мың төрт жүз.
– Қанша? – Шыңғырып жібердім бе, əлде ішімнен күбірледім бе –
білмеймін
, екі аяғым киіздей майысып, орныма жалп ете түскенім
есімде
.
– Міне, ақшам, – деп қалтамдағы бақырларды уыстап үстелдің үстіне
төктім
. Қыздың жиектерінде ызаның көкпеңбек уы кілкіген қиық
көздері
одан ары қиғаштанып бетіме бір, үсті-басыма бір қарады.
– Сіз не, садақа жинап жүрсіз бе? Онда кафеге кіріп неңіз бар! Жүріңіз
шефке
! – деп жеңімнен тартып, түкпірдегі бөлмеге қарай сүйреледі.
Бастық
көзі алайған, түсі суық қара жігіт екен. Шаншаңдаған
сарышымшық
қыздың шағымын қабағы кіржіиіп үнсіз тыңдады да,
бара
бер дегендей иегін изеп шығарып жіберді. Екеуміз оңаша қалдық.
– Отырыңыз, – деді алдындағы креслоны нұсқап. – Мұныңыз қалай,
ағасы
, үп-үлкен басыңызға лайық па?
Жердің
тесігі болса, кіріп-ақ кетер едім, амал жоқ, жылтыраған
паркеттің
бетін көзіммен тесіп тұқыпайып отырмын. Міңгірлеп, мəн-
жайды
айтып, қап- қара болған бетімнің сəл де болса күйесі кетер ме
деген
далбасамен Гер – ағаның мақаласы шыққан газетті ұсындым.
«Сары билетімді» қоса берейін деп оқталдым да іркіліп қалдым.
«Зеңбірегімді» кейінге сақтадым. Тақа болмай бара жатпаса алдын-ала
үркітіп
қайтемін. Жігіт ықылассыздау алып, шалқалаған күйі көз
жүгірте
бастады да бірте-бірте кекжиген басы еңкейіп, газет бетіне
қадалды
да қалды. Бас алған жоқ. Менің бар-жоғымды ұмытып
кеткендей
, кере құлаш қос беттің соңына таяған сайын астындағы
былғары
креслоның сықыры жиілей түсті. Оқып болған бойда ұшып
тұрып
, арсалаңдай ұмтылды:
– Кешіріңіз, аға! – Ұсынбасам да тіземнің үстінде жатқан қолымды
жұп
- жұмсақ қос алақанының қуысына сүңгітіп жіберіп, сілкілей


қысты
. – Бізден бір білместік кетіпті... Гер– аға мақтаған мына
романыңызды
мен де оқығым келеді. Байғазыңыз дайын! Ал Гер – аға
екеуіңіз
қашан келсеңіздер де кафеміздің есігі ашық! Сіздердей
адамның
мейман болғаны біз үшін зор мəртебе!..
Əлгінде
өзімді желкелеп əкелген қыздан бастап қызметкерлерін түгел
шақыртып
, бəрі мені ортаға алып суретке түсті. Кейбіреулері «естелік
болсын
» деп құшақтап, иық түйістіріп... жеке-жеке түсіп жатыр. Жаңа
ғана
жерге еңкейген басым көкке шалқайып, əжептəуір адам боп
қалдым
.
Бастық
баланың қолпашы тіптен желпінтіп жіберді. Гер – ағаның
өзінің
де, сөзінің де жұрт арасындағы құдірет-беделіне көзім жете
түскендей
. «Менің кім екенімді біліп қой, əдаш!» дегендей, жазарман
көрсем
, желкем күжірейіп жанынан қойтаңдап өтетін өнер шығардым.
Əуезов
қай фирмада істейді?
Көктем
шығып, құс келе бастаған уақытта біртүрлі қанат бітіп,
көтеріліп
кеттім. Көңілім лепіріп, қалықтап жүргендеймін. Интернатта
жатып
əке- шешесін сағынған баладай аңсарым ауғаны сонша, бір күні
ұлы
жазушылардың жүзін көріп, сəлемдескім келіп кетті. Жазушылар
одағына
келдім салып-ұрып.
– Қайда барасыз? – деді есік аузындағы күзетші кес-кестеп.
– Əуезов пен Мұқановқа сəлем берем!
– Қай фирмада істеуші еді? Екінші қабатта төрт фирма бар...
Мақау
мен сақаудың сөйлескеніндей бір-бірімізді түсінбей тұрғанда:
– Не, не? – деп, мойнындағы салақтаған бейжінде «Тілеужан» деп
жазылған
қисық мұрын, қараторы жігіт жетіп келді. – Қай Əуезов?
– Қанша Əуезовің бар еді? – дедім жыным ұстап. – Мұхтар Əуезов пен
Сəбит
Мұқанов керек маған.
– Есің дұрыс па, не сандырақтап тұрсың өзің? Ол кісілер баяғыда өліп
қалған
жоқ па!
– Классиктер өлмейді!


– Мынауың таза жынды екен ғой! Сүйегіне баяғыда қына шыққан
кісілерді
сұрағаны несі?
– Е, мені жынды емес деп кім айтты? «Сары билетім» де бар. Əуезов
жоқ
болса, Нұрпейісовпен жолығайыншы?
– Нұрпейісов мұнда келмейді.
– Неге?
– Халтурщиктердің қарасын көргім келмейді деп, ПЭН клуб құрып
алған
.
«Е, бəсе, – дедім ішімнен өзімше бір ой топшылап. – мұнда өңкей
қоңыртөбел
, қиқым-сиқымдар қалған екен ғой. Менің жазғанымды
түсінбейтіндері
сондықтан екен ғой. Халтурщиктердің қайдан өресі
жетсін
! ПЭН клуб құрып бөлініп кеткен элита, көзі тірі классиктерге
оқыту
керек. Əне, солар түсінеді, бағалайды!»
– Олар қайда отырады?
– Шортым біліп пе? – Тілеужан қисық мұрынын бір тартып, қолын
сілтеді
. – Бұрынғы офистерін жалға берген екен, быт-шыт боп бір-
бірімен
соттасып жүр дейді ғой!
«Ойбай, көтек! – дедім ішімнен уайым жеп. – Классиктердің осынысы
жаман
-ақ. Баяғыда Мұхтар мен Сəбит бірі отырған жерге бірі кірмейді
деуші
еді. Сəкен мен Мағжан да бір-бірімен жағаласып өтпеді ме!»
Не
істерімді білмей жарты миым ашып, жарық басым зеңіп тұрғанда,
бірінші
қабаттағы дəліздің босағасындағы шаршы əйнекке
«Темірқазық» журналының редакциясы» деп алтынмен апталған жазу
көзіме
ілікті. Ойбай- ау, осы уақытқа дейін неғып есіме түспеген. Əлгі
Құланбай
осы журналдың дырдай бастығы емес пе? Жарты жылдай
бұрын
тағайындалды деп естігенмін. Бір жерде берген интервьюін де
оқығанмын
. Əне бір жылы əйдік сыйлық алғанда, қайырлы болсын
айтып
банкетіне де барғанмын. Беделі зор, атағы дүрілдеп тұрған ақын.
Қазақшылық
жөнімен келгенде аталаспыз, бір өзеннің суын ішкен
жерлеспіз
. Кім-көрінгенге телмеңдегенше соған неге бармаймын
десеңші
. Əй, осы қырсыздық-ай, ел жұғыспайтын жерден жанасып,
алысты
жақын ғылып ала қояды, ал мен жақынның өзінен қашамын
жатырқап
. Қой, қасында тұрып сəлемдеспей кеткенім ұят болар.


Осыған
дейін талай мекеменің есігін аштым ғой. Баспа, редакция деген
маңдайшасындағы
айқайлаған аты болмаса, заты көзге күйкі –
құжырадай
бір бөлмеде бастығы мен басқасы үйіліп-төгіліп бірге
отыратын
. Құланбайдың журналы олардың жанында ханға сəлем
бермейтін
кəдімгідей салихалы мекеме екен. Есігін күзеткен хатшысы,
жеке
-жеке бөлмеде бір-бір компьютерге шұқшиған қызметкері бар бір
қауым
ел. Осынша жұртты шыбықтың ұшымен жусатып-өргізіп
отырған
біздің бауыр оңай болсын ба. Қабылдау бөлмесінің өзі
тайшаптырым
!
– Құланбай орнында ма? – деп өзімсініп одыраңдай кіргенмін.
– Бос емес! – Бөксесі креслоға əрең батып отырған қараторы келіншек
бас
- аяғыма барлай қарады. Аты-жөнімді сұрап, журналына тіркеп
қойды
. Тəртіптеріне қарап аптығым басылып қалды. «Ойбай, мынау жə
деген
мекеме ғой. Ойна, бала, қызыларақпен!» Қара келіншектің
жұмысы
қаурыт. Бірі кісінеп, бірі есінеп... жамырай безілдеген төрт-бес
телефонға
кезек-кезек жауап қатып қара тер. Орнынан қопаңдап
əлденеге
ұмтылған сайын, бөксесін қапқан кресло қосыла көтеріледі.
Есіктен
қаздаңдай басып, көмір жаққандай шашын қап-қара ғып
бояған
жылтыр бет жігіт кірді. Қапталдағы отырған мені көретін емес.
Кіргеннен
күлімдеген екі көзі қара келіншекте.
– Мынау өзінде ме? – деді емен есікке қарай иегін əуелете асып.
– Іште кісі бар, Жорабай аға! – Қара келіншектің үні «аға» дегенмен
«аға емессің» деп тұрғандай біртүлі сыңғырлап назды шықты.
– Кім?
– Ешболған деген əртіс.
– Ой, Құдай-ай, кісі деп соны əлдеқандай қылады ғой, кісінің
жартысындай
-ақ немені!
– Қойыңызшы, күшті кісі екен ғой!
– Оны қайдан білдің, күресіп көрдің бе?
– Жəй, əйдік əртіс дегенім ғой... Отыз екі фильмге түсіпті!
Жораекең
сыңартанаулай осқырынды:


– Жарты секунд жылт еткенін кино деп жүр ме? Гений массовки!
Сүйек
кемірген мешкей, қарбыз сатқан шартық қарын саудагердің
эпизодтық
рөлінен басқа неге түсіпті?
– Болды, ұрыспаңызшы, біреулердің қолы оған да жетпей жүрген жоқ
па
?
– Өйтіп қолым жетпей-ақ қойсын... Аяқ-табақ аңдыған арсыз
телмеңдеп
мұнда да жеткен екен ғой. Енді ана ток шəйнегіңнің соңғы
тамшысын
сарқып ішпей орнынан тұрса, мұрнымды кесіп берейін!
– Өзге болмаса да су жетеді ғой, ішсін, – деді кербез келіншек жомарт
көңілмен
.
– Əй, Үбіш-ай, ешкімнен ештеңеңді аямайтын көңілшексің-ау!
Бөлменің
бір бұрышында шай қайнап, үстел үстіндегі телефондар
жамырай
шырылдап абыр-сабыр. Қараторы келіншек шəлкем-шалт
бəріне
үлгіріп жүр.
Бөксесін
көтерместен ана бұрышқа да, мына бұрышқа да креслоны
зырқыратып
жетіп барады.
– Таксиің тамаша екен! – деді Жорабай үкі көзденіп. Содан соң таяп
барып
үстіне төне сыбырлады:
– Үбіш, өткендегі лəгманыңның дəмі əлі аузымнан кетпей жүр. Сондай
тəтті
!
– Сол ғана тəтті ме?
– Ойбай, сенікінің бəрі тəтті ғой, құрғыр! – Жігіт бүйірінен нұқып
қалып
еді:
– Ойбай! – деп келіншек ұшып тұра бергенде, бөксесіне кептелген
кресло
қоса көтеріліп, етпетінен түсе жаздады. – Қойыңызшы, Жорабай
аға
, мына кісіден ұят емес пе, тегі!
Жораекең
сонда ғана мені көрді.
– Əзілің жарасса, ойнап-күлгенге не жетсін, солай емес пе? – деді айыл
жимастан
ыржиып.
Есіней
ашылған емен есіктің аузынан бауырсақтай домаланып біреу
шығып
келе жатты. Басы да, қалпағы да, қарыны да, иығы да ... бəрі доп-


домалақ
. Тыпың-тыпың басқан қысқа аяқтары шеңбірек атқан
қарынының
астынан көрінбей, доп-домалақ денесі домалап келе
жатқандай
. «Колобок, колобок...я от бабушки ушел. Я от дедушки
ушел
...» деп жібергім келіп кетті. Орнымнан асығыс тұрып, есіктің
тұтқасынан
ұстай беріп едім, қолтығымның астына сұр Кавказ
фуражкасының
төбесі аэродромдай дөңгеленіп өте шықты да жалт
бұрылып
:
– Исансызми, малай! – деген арс еткендей қыршаңқы үні құлағымды
қыршып
түсті. Дөңгелек беті теңбілдене талаурап, жылтиған көзі пəле
іздегендей
ұшқындап тұр екен.
– Гудбай! – дедім мен де қыңырайып.
– Өзің көтбəйсің! – деген міңгірді ішке кіре беріп желкеммен естіп
қалдым
.
Жүрген
жері ылаң, тозақы тілінің уын мұнда да шашып, бүлдіріп
шықса
керек, Құланбайым бетінен дауыл ұйтқып өткендей, төбесіндегі
бес
тал шашы бес жаққа тікірейіп, ұйқы-тұйқы боп отыр екен.
Көлеңкедей
қалбалақтап төрге жетіп барған маған көз қиығын да
салатын
емес, қырын қараған күйі компьютерде карта ойнап отыра
берді
. Менің созып айта берген «Ас-салауымды» ортасынан үзіп:
– Не бұйымтай? – деді сағыз шайнаған аузы күйіс қайырғандай
қисаңдап
. Менің де жыным оныкінен асып түспесе кем емес, қылт етіп
қыңырайып
қалдым:
– Күйлеген ешкінің құйрық жүніндей едірейтпей андағы сақалыңды
алдыртып
тастасаңшы, əйтпесе «вахаббит» деп ұстап əкетіп жүрер!
– Соны айтуға келдің бе? – Көзілдірігінің томпақ шынысы жалт етіп,
ызаның
ұстарасы бетімді осып түсті.
– Ендеше келген ізіңмен қайқайып тұр, əйда! Бір кебісті бір кебіске
сұғып
, шымшып, түртіп сүйкенбесе, ішкені бойына тарамайтын осы
қазақтікі
не ауыру? Біреудің сақалында нең бар, қыра ма, қоя ма, бір
жеріңе
кіріп жыбырлатып бара ма сенің? Қыртылдатпай шаруаңды айт.
Мылжыңдасып
отыруға уақыт жоқ!
– Жұмысың карта ойнаған болса, шынымен де қиын қатты екен!


– Нервімді тыныштандыру үшін ойнап отырмын. Жаңағы жыбырлаған
жердің
құрты мəзгəмді меңдуана жегендей ғып кетті!
Үстелдің
үсті самсаған телефон. Қызмет телефонының өзі үшеу. Үш
қалта
телефоны. Қылышмыз шарт-шұрт айқасып, енді от шаша
бастағанда
, телефонның бірі кісінеп, бірі есінеп... жарыса жамырай
жөнелді
.
– А, Бауыржан, сенбісің, кейін звандашы... – деп қара телефонды тастай
салды
да мөлт қызыл тұтқаны асығыс шап берді. –
Ас
...ассалаумалейкум, Жəке! – Құйрығын креслодан шала көтеріп,
қопаң
-қопаң ұмсына, тұтқаны құлағына тақаудың орнына, құлағын
тұтқаға
қарай созып орнынан қопарылып барады. – Қалайсыздар,
жеңгеміз
есен-сау ма?.. Иə, Түркиядан келдім... емделіп дегендей. Сол
құймышақ
қой құрғыр, болмай жүр...Иə, Секенмен бірге... былай
нишеуе
... оған жарап тұрмыз ғой, хы-хы...Бүгін бе?.. түсте Мақұлбектің
бажасының
қырқын беріп жатыр, соған барамын... одан шыққын соң
Жанғазы
сауна ұйымдастырып қойыпты...ертең түсте
«Круглый столдың» шайы...кешке қарай қолым бос, пажалыста... Сүндет
той
ма? О, тамаша... оны қатырамыз ғой...баланың аты қалай?.. жақсы ат
екен
, ұйқасқа өзі сұранып тұр...таксамды өзіңіз білесіз ғой...иə,
иə
...келістік, жақсы!
Құланбайдың
көзі күлмің-күлмің. Қолорамалының қаттауын жазып,
сүртініп
еді, термен бірге бетіндегі əлгі бірəзірдегі кейістікті қоса
сүртіп
алғандай жүзі жайнап, мүлдем басқа адам боп шыға келді. Қара
телефон
қайта безілдеді. Кернау қол созып, қабағын кіржитті:
– Сəлəматсі... Иə, менмін... «Союз пчеловодов» дейді, ондай да одақ бар
ма
еді?.. сьезд бе?.. басқа қандай мероприятиялары бар?..бір кило ғана
ма
?.. алтайский деймісіз?..жарайды... бүрсігүні үште ғой?.. келістік...
Езу
жиып болғанша қызыл телефон көзтаныс қыздың үйін жанай өтіп
бара
жатқан жігіттей қайтадан əндете ысқырды. Əр телефонның парқы
мен
нарқы əрқилы секілді. Бұл жолы құлшынып, асығыс ұмтылды.
Тұтқаны
шап берген бойда:


– Ой, Зəкеш, бармысың-ей! – деп айғайлап жіберді. Алқын-жұлқын
түрегеп
, телефонның құлақбауы жеткенше ұзап барып, теріс қарап
тұрды
. Аузын алақанымен қалқалап, дауысын бəсеңдеткен болғанмен
бəрібір
естіліп тұр. – Жер жұтқандай қайда жоғалып кеттің?.. Əне бір
шаруаны
айттың да үн- түнсіз қалдың ғой, түге!..жə, сəті түскенде
көрерсің
... не шаруа, айта бер...бұл айда пəшти қолым бос емес, бəрі
занитə
... Қызылорда?..оһо-о!.. жолын, гастиницасын түгел көтерсе
болды
... – «Қап, мына аптиамайт келмейтін уақытта келіп, құлағы
қалқайып
отырып алғанын қарашы!» дегендей, маған жалтақ-жалтақ
жаман
көзімен ата қарап қояды. – Өткендегі ана Павлодардағыдай
жалғыз
шапанмен қатырмасын... Өнербаев келе ме екен?.. тіптен
жақсы
, одан біздің неміз кем?.. лауреат тақиясына тар келмейтін
шығар
... е, онда дұрыс... өлең бе?.. о жағына алаңдама... Жақсы, Зəке...
«Түу, жақсы боп қалдым ғой» дегендей, балбыраған шала мас күйі
теңселе
басып кеп, күрпілдек креслоға күмп ете түсті. Ініне зып берген
тышқанның
құйрығындай көз қиығынан жылт-жылт қашқан
қуаныштың
ұшқынын жасыра алмай маған қуыстана қарағыштай
береді
. Бір орамалын көйлегінің жағасын астарлай мойнына салды,
екіншісімен
көлдей бетіндегі көлкілдеген терді жапыра сүртті. Қара
терге
түскен түрін көріп мен аяп отырмын. Мен куə болған жарты
сағаттың
ішінде қанша адаммен сөйлесіп, қанша телефонмен
жауаптасты
? Қаша рет күлді, қанша рет күйінді! Расында да кісі
аяғандай
жұмысы қиын екен ғой басекеңдердің! Тағы телефондар
шырылдамай
тұрғанда тезірек шаруамды бітіріп алып, қарамды
батырайын
деген оймен, талай көзді ежірейтіп, талай кабинеттен
қайтып
, сырты жылтырап кірлеген кереқарыс көк папканы үстелдің
үстіне
қоя беріп едім:
– Бұл не? – деді енді шылқыған орамалмен бетін желпуге кіріскен
Құланбай
.
– Роман.
– Астапыралла! – Құланбай жағасын ұстаймын деп сақалын уыстады. –
Бұхалтерге
дейін роман жазатын болған ба! Сен төбеңе тас түсіп,
жынды
боп қалды деп естіп едім ғой?


– Роман жазғың келсе, сен де төбеңе тас түссін деп тіле! – Шаптан
түртіп
, теріс шаптырған соң, өзім жындымын, неден тартынайын, мен
де
ерегесіп аттың басын жіберіп- жіберіп алдым. – Қашанғы сақалың
ағарғанша
өлең жаза бересің. Біз сияқты роман жаз!
– Қаптаған халтурщиктерден құтыла алмай отырғанда, ендігі
жетпегені
жындының шатпырақтары еді!
– Білмей жатып олай деме. Жындының да сау сөзі болады. Бельгерден
əулие
емес шығарсың! Сол кісінің осы романды мақтап жазған пікірі
міне
! – Газеттің айқара бетін ашып, алдына тоса беріп ем, қарар-
қарамастан
көзəйнегінің шынысы шатынап, тағы да мөңкіп түсті:
– Саржағал газет қой!
– Саржағал газетке шықса да Гер – ағаның сөзі сары алтын!
Недегенмен
саңлауы бар сахи жігіт емес пе, Гер –ағаңды көлденең
тартқан
соң, аттап кете алмады. Əр жерінен шоқып бір қарап, кей
тұсына
шұқшия қадалып, шолып шықты да жүзін жылтып, күлмің
қақты
:
– Паһ, Əуезовтен асырмаса да бер жағына апарып тастапты ғой! Гер –
ағаң
айтса, біліп айтады. Ол кісі «Миниатюры» деген кітабында мені де
мақтап
жазған!..
– Міне, көрдің ғой, екеуміз де Гер – ағаның «шекпенінен» шығыппыз.
Оған
ұнаған дүние саған да ұнайтын шығар!
Құланбай
желкесін қасып, көзімен үстелдің бетін шұқыды:
– Романыңды жер-көке сыйғызбағанмен, қазіргі билікті аяусыз
əжуалаған
депті ғой...Біз – Үкімет қаржыландыратын журналмыз.
– Алдымен өзің оқып көрсеңші?
– Мен проза оқымаймын.
– Не оқисың?
– Поэзияны. Онда да өзімдікін ғана. Жалпы, мен ештеңе оқымаймын.
Осы
уақытқа дейін оқығаным жетеді. Енді тек творить етем, жазам.
– Сонда мына шығарып отырған журналыңды да оқымайсың ба?
– Көзім биттеп əріп сығалап отыратын болсам, қарайған
қызметкерлерді
неменеге ұстаймын? Қызық–ей, сондай да сұрақ бола


ма
екен! – деп тоңкылдап өзіме ұрсып тастады.
– О, мынауың бір табылмайтын жақсы жұмыс екен ғой. Бір-екі жыл
орыныңды
маған бере тұршы, үйде жатып айлық алайын.
– Тағы да оттадың ба, дауа жоқ екен саған! – деп қабағын кіржің еткізді
де
, іле «е, бұ байқұс жынды болса да осы жерде мен отыр деп келіп
отыр
ғой» деп ойлады ма, қайтадан байсал тартты. – Прозаның ақ-
қарасын
айрып,
«аллаһуакпарын» айтатын Қал – ағаң деген классигіміз бар. Сол кісінің
айтқан
сөзі – біз үшін басылған мөр. Сынынан өтіп, жауапкершілігін өз
мойнына
алса, мен – пажалыста! – Қоңырауды басты да, іле шалқалай
ашылған
есіктің аузында рамаға салған портреттей боп қалшия қалған
сылқым
келіншекке алқымына дейін қақалып өскен қаба сақалын
көтерді
. – Үбіш, əлгі Ахмедия бүгін сау ма екен өзі, тағы ішіп жүрген
жоқ
па?
– Сау ма, жоқ па қайдан білейін, аузын иіскейін бе? – Босағаға
шынтағымен
сүйене, бір мықынын таянып тым еркінсіген келіншектің
үні
өктем, бастығым-ау, дұшпан көз бөтен біреу отыр-ау деп айыл
жиятын
емес. Бір мықтының бірдеңесі ме, əлде өзінің бетінің шіркеуі
бар
ма, маған дікеңдеп əжептəуір боп отырған Құланбайым лезде жұп-
жуас
қоңыр қозы болды да қалды.
– Үбіш, өзің нетіп... оны шақыр да мына кісімен жолықтыршы.
Қолжазбасын
Қал – ағаңа апарып берсін, – деп келіншекке бұйдасыз
жетектетіп
жіберді.
Ауызғы
бөлме шайхана боп кетіпті. Жаңағы «колобок» – қызыл
бауырсақ
тұғжиып ап шайды сілтеп отыр ақтер-көктері шығып.
– Шіркін, Үбіштің қара шайының өзіне қара қойдың сорпасын
ішкендей
боласың-ау! – деп шолтиған танауының ұшына бұршақтай
боп
мөлтілдей қалған терді білегімен жапыра бір сүйкеп өтті.
Ұйғырдың
тонар нанын аузына бұрап тығып, шайды үсті-үстіне
сораптап
, арасында балпылдап сөйлеп қояды қақала-шашала. Мақтау
буынына
түсіп елтіген қара келіншек қабағын керіп, «отыз екі киноға
түскен
жұлдызға» өз қолымен шай бергенді мəртебе көрсе керек,
аққұманның
түбін тоңқайта, «ішіңіз, ішіңіз!» деп, қызыл шайды
кесесіне
үстемелей құяды. Есіктен сыбдырсыз кірген əлгіндегі


Жорабай
деген күлім көз, жорға жігіт: «ə, айтқаным айдай келді ме?»
дегендей
бір жымың етіп, бастықтың кабинетіне қарай өтіп кетті.
Қарайғанға
абалап жағы сембейтін бұралқылар болушы еді, «қызыл
бауырсақ
» та айналасына сүйкеніп, аузы жыбырламаса, көңілі
көншімейтін
ұрыншақ, беймаза біреу екен. Шайдан аузы босай
бергенде
:
– Үбіш, қарашы, – деп, «ендігі кезек сенікі» дегендей, маған
сығырайған
көзін қадады. – Татардың тақиясын кигізсе, Тоқайдың өзі
емес
пе?
Түртіп
, тістеп пəле іздеп-ақ отыр. Сəл бірдеңе десем, жаны кіріп, қауға
тиген
өрттей дүр ете түспекші. Ондай рахат сыйлағым келмей ерегесіп,
жынды
болсам да тілімді тас тістеп міз баққамын жоқ. Бұқа көздене
қабақ
астынан сүзе қарап, мүйізін шайқап біраз отырды да мойынын
сылқ
еткізіп арқа тұсындағы есікке бұрылды. – Мына Тəукебай мықты
көрінбейді
ғой? Қашан келсең, есігі жабық тұрады. Əй, орнында
отырмайтын
құйын көт-ау!
– Бес жерде істесе, қайдан көрінсін?
– Шіріген бай десеңші!
– Байлығын көрген жоқпыз, қысы-жазы үстінен көк кəстөмі түспейді
ғой
.
– Оның да түбі шикі, мына иптəштің туысқаны, қалпағын ауыстырып
киіп
ап, талайы жүр ғой арамызда аңқау қазақтың аузын ұрып. Бес
жерде
істейді дейсің бе? Қалай өмір сүруді біледі бұлар. Жұмыртқадан
жүн
қырыққан Шығайбайдың өзі. Анада, Ораза кезінде, «автобусқа жүз
теңге
берші» десем,
«автобусты қайтесің, саған жаяу жүрген пайдалы, ана шартық
қарыныңдағы
артық майдан арыласың» дейді, иттің баласы қазаныма
ас
салып жүргендей. Онымен қоймай: «əйтеуір, елге қол жаяды
екенсің
, мойныңа дорба байлап, Ораза кезінде жарапазан айтып, қоң
жинап
алсаңшы!» дейді, өй, əкең!..
Қызып
келе жатқан əңгіменің дəмін есікті жұлқи ашқан тыри арық,
ақсұр
жігіт бөліп жіберді:


– Ү-ү-ү... Үбіш! – деп, көзі алайып қылғынып біраз тұрды да, жерді бір
теуіп
қалып еді, қыр-қыр етіп барып дүр ете түскен машинадай,
арықарай
мүдіріссіз сөйлей жөнелді. – Тез жет деген соң, міне, ұшып
жеттім
. Не боп қалды сонша?
– Қызықсыз, Ахмедия аға, əбизатілні бірдеңе болуы керек пе екен?
Жұмыс
уақытында жұмыста болу керек емес пе!
– Ой, Құдай-ай... Мəкеңнің тұсында аптасына бір келуші едік...Ол бір
рахат
заман екен ғой... Енді сүмеңдеп күнде келетін болдық қой!
– Иə, қиын қатты шаршап жүрсіздер!.. Бастық мына кісінің
қолжазбасын
Қал-ағаңа апарып берсін деді.
– Қазір, вахтадан кілтті алып келейін.
Ахмедия
шығып кетісімен, сөйлемесе басы ауыратын «колобок»
аузындағы
нанын шала шайнап, қылғына жұтып, оны да бір тістеп
қалды
:
– Осы кекеш – тəп-тəуір ақын ей. Тілі мүкіс болған соң, радио –
телевидениеден
көріне алмай қор болып жүр. Баяғыда, студент кезінде
ана
Өпен қу осының өлеңін өз өлеңім деп оқып, талай сылқымның
төбесіне
су құйған көрінеді!
Ахмедия
өз бөлмесіне барған соң:
– М-м-мыналарды қа-арашы-ей, – деп түтігіп еденді бір теуіп қалып
еді
,
«моторы» дүр етіп қоя берді, – біржолата мені поштабай ғып алды,
түге
! – бұрқылдап, темекісін үсті-үстіне сорды. – Осыдан пенсияға
қолым
жетсін, бір күн отырмаймын!
Кірпіштей
көк папканы дорбамнан шығара беріп едім, баж етіп қолын
сілтеді
:
– Оқымайды!
– Неге?
– Ол кісі тек өзінің жазғанын оқиды. Бір бетін ашып, «паһ-паһ, осыны
нежөлі
өзім жаздым-ей!» деп екі сағат тамсанып кəйіп боп жатады екен
білетіндердің
айтуынша. Классиктердің бəрі сөйтеді емес пе. Өздеріне
ғана
сұқтанып, тамсанады. Басқалардан Бунинді ғана оқитын көрінеді,


оның
өзінде де аудару үшін. Аптасына үш-төрт шығарма апарам, бəрін
жарамайды
деп қайтарып жібереді.
– Бельгер мақтаса да жаратпай ма?
– Бельгер түгілі Бельгердің əкесі жазсын... Айттым ғой, ол кісі
өзінікінен
басқа ешкімнің жазғанын жаратпайды...Так что, бауырым,
мені
де, өзіңді де əуре ғып қайтесің?
Көңілім
бірден түсіп кетті. Жүгім ауып, қисалаңдап сыртқа шықтым.
Не
істерімді білмей ары тұрдым-бері тұрдым теңселген үйеңкінің
шұбар
-ала көлеңкесіне төбемді үйкеп. Шыжыған ыстық. Тілім
таңдайыма
жабысып, шөлден қаталап барамын. Киоскіден су алсам,
жарты
қаланы салпақтап, үйге жаяу баруға тура келеді. Одаққа қайта
кіріп
, туалеттен шорылдатып су ішіп жатсам, бір əйел ойбай сап атып
шықты
:
– Ойбай-ай, сұмдық қой мынау! Үстімізге басып кіріп...Ұятсыз! Кім-
көрінген
тайраңдап кіре беретін итқора ма бұл, неге қарамайсыңдар!
Іле
желкемнен бүре шап берген бір жуан қол дырылдата сүйреп,
сыртқа
қарай бір-ақ лақтырды. Жып-жылтыр мəрмəр баспалдақтан
сырғанаған
күйі сүріне-қабына аяқ-қолым ербеңдеп анандай жерге
жалп
ете түстім. Жəбірден ішім күйіп, əуелгіде денемнің ауырғанын
сезген
жоқпын. Жылағым келді. Бірақ көзімнен жас шықпады. Бүкіл
дүниеге
ерегескендей «ал, тағы не істейсің, істе!» деген қиқарлықпен
тапжылмай
біраз жаттым. Жаны ашып бір адам қол созбаған соң,
амалсыз
орнымнан тұрдым созалаңдап. Үсті-басымды қағып, асфальт
сырған
бетім мен шынтағымның қанын сүрте бастағам.
– Əй, шошқаның дөнежініндей жерде аунап жатқан сүмелек, сен де
біреуді
сынап-мінеген соң не сорым!
Зіркілдеген
зəрлі дауысқа жалт бұрылсам, желкемнен бір шұбар бет,
көсе
шал тебініп тұр екен. Жүзі ызбарлы, кішкентай шегір көзі
ежірейіп
, езуіндегі екі тал мұртының бірі жерге, бірі өрге тікірейіп
кетіпті
. Сасқалақтап:
– Ассалаумалей...– дей беріп едім:


– Сəлеміңді сарт алсын! – деді одан əрмен талағы тарс айрылып. –
Сенің
таратып жүрген шатпырағыңды оқыдым!
– Мен сізге ештеңе бергем жоқ.
– Бермесең, бергендер бар. Біраз шал күнделік «Шоқанның» жанына
жиналамыз
. Əлгі Əбілмəжін жер-көке сыйғызбаған соң оқысам... Ол да
қартаяйын
деген ғой... «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді», біздің
«Ақида» не əкеңнің көз құны бар-ей?
– Ол не?
– Ол – біздің ру!
– Онда ру туралы ештеңе жоқ!
Шал
темекі ыстаған ұшы сап-сары сұқ саусағын төбесінен асыра
көтеріп
:
– Əй, ананы айтқаның – біздің «Ақиға» тиіскенің емей немене? Өй
əкеңнің
көрі... Отыз жетінші жыл болса, елдің алды боп атылып кететін
сүмелектің
өзісің ғой! Бір жеріңді қысып жүр жыныңды шашпай,
əйтпесе
түрмеде шірисің!..
– Оттамашы! – Тыртысып əзер тұр ем, тарс жарылдым. –
Қорқытатының
түрме болса, қамата бер. Өстіп жүргеннен сол жақсы!
– Жақсы болса – барарсың... Қарашы-ей иттің баласының сөзін!
Көрсетемін
мен саған «оттаманы» !..
Тезірек
қара батыруға тырысып, аяғымды асығыс бассам да
бажылдаған
шалдың дауысы шəуілдеп үріп соңымнан қалар емес.
Мəміле
Аулаға
шықсам, желегі төгілген саябаққа кіргендей болам. Қаз-қатар
тізілген
қайың мен акация. Тарам-тарам жолдарды жиектей көмкерген
қалың
бүрген əр подьездің аузына барып тіреледі. Күн ысыда тіптен
рахат
. Жапырақтар жыбыр-жыбыр сыбдырлап, қоңыр самал желпіп
тұрады
. Домино ойнайтын көршілердің ешқайсысы шыға қоймаған
соң
, төрт аяғы бетонға шегенделген темір үстелдің үстіне қалам-
қағазымды
жайып тастап, кітап оқып отырғанмын. Солаң етіп қай


жақтан
шыға келгені белгісіз, сидам бойлы бір жігіт көлеңкедей
қалқайып
қасыма тұра қалды. Шашы, қасы қап-қара, шүңіт көз, аққұба,
əдемі
жігіт. Қолына жуан, қоңыр портфель ұстаған, үсті-басы жинақы.
Сəлем
беріп, сіз пəленше боласыз ба деп жөн сұрады.
– Иə, – дедім бас изеп. Жігіт қатарыма жайғасты.
– Сізге бір шаруамен келдім... Органнан!.. Сөйлесуіміз керек. – Көк
куəлігін
жылт еткізіп көрсеткенде, көкірегіме біреу көк мұз тастап
жібергендей
өнебойым түршігіп кетті. – Қорықпаңыз, аға, жəй
сөйлесеміз
. Мына жер ыңғайсыз болар, жүріңіз.
Қорықпа
дегенге қорықпауға дəт қайда. «Үш əріптің» осыған дейін 
миға
шегеленіп қалған классикалық зұлым, сұмпайы бейнесі неше 
түрлі
суретпен алма-кезек елестеп, суық үрейден аяғымды əлтек-
шəлтек
басып келемін. Қалтарыста тұрған сұр «Тойотаға» отырдық. 
Əлдебір
шет көшелерді аралап, өңкей жаңадан бой түзеген əдемі 
үйлердің
бірінің жанына тоқтағанбыз. Есікті бүкшиген қара кемпір 
ашты
. Бетімізге қараған жоқ. Үнсіз. Тұқырайған күйі теріс айналып, 
басқа
бөлмеге өтіп кетті. Біз жұпыны жасанған залға жайғастық. Жігіт 
портпелінен
алып, мұқабасы жұлым-жұлым болған жуан қолжазбаны 
алдымыздағы
аласа журнал үстелінің үстіне қойды.
– Мынау сіздікі ме?
– Иə. – Бағанадан бері «неден жаздым екен?» деп көңілімде балалаған
көп
күдіктің жауабын енді тапқандай болдым.
– Біздің қызметтің жай-жапсарын өзіңіз білесіз ғой. Қазір плюреализм,
демократия
заманы, пікір еркіндігін құрметтеуіміз керек. Əйтсе де
қоғам
қауіпсіздігі бəрінен қымбат екенін ескергеніміз жөн. Саясат,
идеология
... кез-келген саладағы жат пиғыл, жаңсақ көзқарастарға баға
беру
– біздің міндетіміз. Қолыма түскен соң, мына кітабыңызды
бастан
-аяқ оқып шықтым. Көркемдік қуаты, эмоциялық əсері жөнінде
пікір
айтудан аулақпын.
Жасып
, жалтақтағанмен жан қалмасын біліп, бойымды билеп алдым...
Жағаласып
өлер жер осы. Биік құздың ернеуінде тұрып тұяқ серпуге
жарамасаң
, сенің жан иесі боп тірлік кешкеніңнен не қайыр. Көңіліме
бекемдік
кіріп:


– Сонда сізге несі жақпады? – дедім салмақты дауыспен.
– Сіз қазіргі өмірімізді шыли бір баттасқан қара бояумен жазасыз!
– Өмірдің беті қап-қара болса, қалай аппақ деп айтамын?
– Зұлымдық, азғындық, жəбір-жапа... сияқты ылғи бір жан ауыртатын
жамандықты
, еңсе басқан мұң-зарды қылға тізесіз. Айналаң
тұмшаланған
көк тұман, тұншықтырған қапас, қара түнек. Жылт еткен
бір
сəуле жоқ.
– Жалпақ жұрттың көрген күні сол екені өтірік пе?
– Мұныңыз біржақты, жаңсақ пікір. Мына хан сарайларына
қараңызшы
! – деді жота бөктеріндегі самсаған особняктарға қарай
терезеден
иегін көтеріп.
– Осындағы жандардың бақытты жүзін, жүрек қуанышын неге
көрмейсіз
?
– Ұры-қары, алаяқ азғындардың бақыты – халықтың бақыты емес!
– Неге ұры-қары дейсіз?
– Осы күнде ұры-қары, бандит, жағымпаз, парақор, біреудің бірдеңесі
емес
біреудің өз бетімен байығанын не қызметі өрлеп-өскенін көргенің
бар
ма?
Кəне
, мынау деп біреуді аташы, осы жерде мұрнымды кесіп берейін.
– Мəселен, менің ағам да, жағам да жоқ, ел қатарлы жұмыс істеп
жүрмін
ғой!
– Жасың нешеде?
– Отыз сегіздемін.
– Шенің қандай?
– Капитан!
– Міне, көрдің бе, – дедім жақыннан мысал табылғанға қарқылдай
күліп
. – Сенің жасыңдағылар баяғыда генерал болды. Ана дөкей
Шулагиннің
баласы жиырма үшінде ауданның əкімі боп отыр.
Шешесінің
бір жерінен басы алтын, арты күміс боп түсе қалды
деймісің
, ол шикіөкпе? Тіпті алысқа бармай-ақ өз айналаңа қарасаң да
біраз
нəрсені аңғарарсың. Ал сен ұзағанда майор боп отставкаға
шығасың
! Өйткені сенің артыңнан бір теуіп аспанға шығаратын
құдіретті
көкең жоқ; өйткені сен адалсың! Міне, біздің тақсіретіміз,
бауырым
. Біз осындай қоғам құрдық. Мен осыған күйінемін. Сендер


ештеңені
көрме, естіме, үндеме дейсіңдер. Қараны – ақ, жаманды –
жақсы
деп айт дейсіңдер. Қараны ақ дегеннен ақ бола ма, жаманды
жақсы
дегеннен жақсы боп кете ме?
Үрейлі
мекемеде істейтіндердің беттері сазарып тұратын шығар деп
ойлайтынмын
, мынаның беті лып-лып қан теуіп қызарып кетті.
Өзімдікі
жөн деп өңмеңдемей, сөзге тосылып тұнжырап отыр. «Ой,
Алла
, бұлардың арасында да адам сияқты адамдар бар екен ғой!» деп
ішім
жылып қалды. Кинолардағы, романдардағы миымызға шапталып
қалған
классикалық чекист емес, осал тұсың осы-ау деп, орға қарай
қақпайлап
, алды-артыңды орап құйтырқыланбайды. Іштей өзі де
мойындай
ма екен, менімен шындап айтысқысы келмейтіндей, тек
солай
айту керек болған соң айтып отырған сыңайлы:
– Сөзіңізді жоққа шығармаймын, – деді мəміленің майда дауысымен. –
Кем
- кетігіміз жетіп-артылады. Əйтсе де қара аспанды жаудыратындай
қиямет
төніп тұрған жоқ басымызға! Сіз өмірге, ең болмаса, бір сəт
неге
менің көзіммен қарамайсыз? Өмірде қаншама жақсылық бар!
– Сенің көзіңмен қарасам, менің көзімнің керегі не? Онда, тіпті, менің
өмір
сүруімнің қажеті бар ма? Сен – сенше көр, мен – менше көрейін.
Өмір
сонысымен қызықты да мəнді. Сендер биік-биік кабинеттің
мөлдіреген
терезесінен ақшаңқан зəулім сарайларды,
супермаркеттерді
, қызыл-жасыл жарнамаларды көріп: «па, шіркін,
өмір
қандай ғажап!» деп тамсанасыңдар. Ал мен – өмірдің қара
батпағын
тізеден кешіп жүрген адаммын. Мен қорлықты, азап пен
мазақты
көремін. Жарлы мен зарлының көз жасын көремін. Шерлі
жүректің
өксігін, аһ ұрған ызасын айтсам жазықтымын ба?
Жігіттің
аққұба өңі лып қызарып, іле қуқылданып, ішкі толқынысын
жасыра
алмай құбылып кетті. Кең ашылған тұнық жанары жұмсақ,
ойлы
. Əлдебір нүктеге тұнжырай қадалып сəл отырды да:
– Аға, мен сізді жазғырайын деп келген жоқпын, – деді іштей толқыған
қиналысты
үнмен. – Бұл қалай деген күмəнмен келіп едім, ол сұрағыма
жауап
алдым. Сіздікі – əлдекімге деген қыжыл, кек, саяси текетірес
емес
, азаматтық көзқарас, позиция! Əділдік шегіндегі сынға қиянат


болмауға
тиіс. Сіз дұрыс түсініңіз, аға. Біздің мекемені жазалаушы,
таптап
, турап тастайтын қатігез машина деп ұқпаңыз. Мұнда да небір
ғазиз
азаматтар істеген. Кешегі қиын заманда Əуезов, Сəтбаев тағы
басқа
асылдарымызды жанан шүберекке түйіп, аман алып қалған солар
емес
пе. Сізге ағымнан жарылайын, мен де қуғын-сүргін шайқалтқан
шаңырақтың
ұрпағымын. Атам – оқулық жазған үлкен тарихшы, 37-
жылы
атылып кеткен. Əке-шешемнің қарсылығына қарамастан осы
мекемеде
жұмыс істеуге бейіл болдым. Қолымнан келсе, біреуге саям
түсе
ме деген дəме еді. Кітабыңызды мұқият оқып шықтым. Шынайы
тебіреніспен
жазылған, басқа заман болса, жұлдызы жарқырап туатын-
ақ
шығарма. Бірақ қазір кейбір нəрсеге қатысты шындықты айтуға
болмайтын
боп тұр ғой. Қазақ қоғамының қашаннан бергі соры осы.
– Ешкім күреспесе, ол сордан ешқашан арыла алмайсың.
– Сіздің күресіңіз – жалаңдаған қылыштың астына мойныңызды төсеу,
аға
!
– Сонда бұта түбінен бойымыз аспай бұғып отыра беруіміз керек пе?
– Уақыттан озған жекебатырлардың тағдырын білесіз ғой, бұл жайлы
сөз
таластырмай-ақ қоялық. Мен сізді қауіптен сақтандырғым келеді.
Азаматтық
позицияңызды танытып, қаламгерлік миссияңызды
орындадыңыз
. Осының өзі үлкен ерлік. Уақыты келгенде жарияланар.
Бұдан
ары қолжазбаңызды жұртқа таратуды доғарыңыз. Қанша дана
бастырып
едіңіз?
– Елу, – дедім көңілі дұрыс адамға көлеңкелемей.
– Өзіңізде қаншасы қалды?
– Оншақты болар.
– Солардың бəрін маған бересіз. Тəркіленді деп протокол жазамын.
Тəртіп
солай. Кейбір пікірлеріңіз ұшқары, жаңсақ екенін мойындап,
түсініктеме
жазыңыз.
Мен
шоршып түстім:
– Жоқ, мен өз сөзімді қата деп есептемеймін!
Аға
, - деді ол жалынышты үнмен. – Біздің мекеме бірден жазаламайды.
Əуелі
түсіндіру-үгіт жұмысын жүргізеді, кешірім жасайды. Бұл –
бірінші
қадам. Сіз осы кеңшілікті пайдаланып қалыңыз. Кезінде


Мағжан
да, Əуезов те жаздық-жаңылдық деп кешірім сұраған. Ол –
тайсақтағандық
емес, тактика. Егер Əуезов жалаға ұшырап опат
болғанда
, «Абай жолы» жазылар ма еді? Ең əуелі амандықты ойлайық,
аға
!
Жындыға
да жан керек, жалтаруы жоқ жанашыр көңілге иілмесең,
табар
опаң қайсы? Басым екі бұтымның арасында жіпке ілген
асқабақтай
салбырап отырып-отырып, алдымдағы ақ парақ пен
қаламға
қол создым амалсыз.
– Дұр-е-ес, үрген бір ауызға құм құйдық де! – дедім екі жағы лықа 
толтырылған
парақты жігітке қарай үстелдің бетімен сырғытып жатып. 
– Бір ауызды қорқытып жабасыңдар, бір ауызды майлап жабасыңдар!
Əйтеуір
, ебін табуға шеберсіңдер ғой!
– Сіз қашпасаңыз, «ауыз майлаудан» біз қашпаймыз, – деді жігіт
қолындағы
көк шимақ қағазды жүгірте шолып шығып.
– Қалай?
– Оның жарасы жеңіл. Жауды көбейткенді кім жақсы көреді. Онсыз да
оппозицияның
айғай – шуы аз емес. Басшылық сіздің райдан
қайтуыңызға
өте-мөте мүдделі. Ішке тартқысы келеді. Егер қоғамның
сара
бағытын мадақтап шығарма жазсаңыз, алдыңыздан барлық жол
ашылады
. Біздің мекеменің ғұзырын білесіз ғой, өз тарапымыздан
ықпал
етеміз.
– Сонда не туралы жазуым керек?
– Тақырып көп қой. Мəселен, қазіргі заманға қатысы жоқ, ескі тарих не
алпауыт
байлар мен мансапты көкелер туралы жазыңыз. Əрі қауіпсіз,
əрі
еңбегіңіз еселеп қайтады. Əріптестеріңіздің көбі сөйтіп мұртын
майлап
жүрген жоқ па?
Жігіт
əкеп тастағаннан кейін таңертеңгі құтты орыныма қайтадан кеп
отырдым
. Жапырақтары сыбдыр қаққан балапан теректің саясын
қолшатардай
төбеме төңкеріп алып ойға баттым. Жаңағы капитан
ойымнан
кетер емес. Өзі маған ұнап қалды. Қалтарыс, қақпаны жоқ
көңілінің
. Қаһарлы мекеменің ызғарын алға салып ықтырып алуға аяқ
баспай
, мəмілеге жетелеумен болды. Көп сөзіне мещандық деп мұрын
тыржитқаныммен
, кейбірі көкейіме қонатындай. «Жасыратыны жоқ,
біздегі
барлық биіктік бір адамның оймен өлшенеді. Егер жазатайым


ол
жақсыны жаман деп қалса – жаман, жаманды жақсы деп қалса
жақсы
болады. Бітті, өзгермейтін аксиома. Біздің сорымыз – сол!»
деген
жоқ па?. Ып-рас. Билікке табынудың ең Құдай атқан жабайы,
феодалдық
тəсіліне көштік. Оны жарылқаушы дəрежесіне көтеріп,
жалбарынатын
болдық. Қарынымыз бір тойса да соны дəріптейміз, егін
жақсы
шықса да соның арқасы дейміз... Жарамсақтық
технологиясының
көркейіп жетілгені сонша, ғажайып өнер дəрежесіне
жетті
. Алаяқ- пысықайлар қиыннан қисын тауып, сəруардың сөзін
жазатын
, аузына сөз салатын суплерлер арқылы өз атын дуалы ауызға
бір
іліктірсе – бітті, жұлдызы жарқырады дей бер. Ертең-ақ оның
шимай
-шатпағы мəртебелі сыйлық алады, жаппай насихатталады,
халық
қазынасына айналады. Міне, қазіргі құндылықтарымыздың
сиқы
... Капитан бəрін біліп отыр. Айтқаны – ақылға қонатын
жанашырлық
. Қазіргі сəттегі тұйықтан шығар жалғыз жол сол ғана.
Осы
уақытқа дейін алты роман жаздым. Тұтас цикл. Бір дəуірдің
соқталы
кезеңдерін қамтыған ауқымды палитра. Былай қарасаң, жə
деген
жазушы кеудесін қағып қалай мақтанам десе де тақиясына тар
келмейтін
еңбек. Бірақ мен не барқадар таптым? Кітап болған соң ана
«Абай жолы», «Қан мен тер», «Аласапыран», «АЗиЯ» ... сияқты даңққа
бөлену
керек қой. Ал мен бес-алты адамның сыбырлап айтқан
мадағынан
басқа не естідім? Газет- журнал, баспа біткен маңына
жуытпайды
, пəлесінен аулақ деп ат-тонын ала қашады қарамды көрген
жерден
. «Осы жынды не жазады екен» деп кейбір Құдайға қарағандар
оқып
шығып, оңашада қолымды қысқанмен, ашық жерде ажарланып
ештеңе
айта алмай тайсақтайды. Оқымағандарға – мазақпын, «басына 
кірпіш
түсіп, жазушы боп кетіпті» деген атағым бар, жүріс- тұрысыма, 
үсті
-басыма, қалың-қалың папкаларды тордорбаға салып ап арқалап 
жүрген
дəруіш қалпыма қарап күледі, асып кеткенде мүсіркейді. Осы 
менікі
, шынында, не азап? Ешбір жер баспаса, ешкім оқымаса, əншейін 
іштегі
шерді тарқаттым деп өз көңілімді бірлеу үшін жазамын ба? 
Ермек
санап, хоббимен айналысатындай тіршілікке алаңсыз, көк 
қағазды
сытырлатып темір сандыққа сықаған қазіргінің байы не 
еріккен
пенсионер емеспін. Бала-шағаны асырау керек. Үш баламен 
бірге
төртінші бала боп қашанғы əйелдің мойнында екі аяғым салаңдап 
масыл
боп отырмақпын. Егіз ұл мен қызым есейіп қалды, сегізіншіде 
оқып
жүр. Құрбы-құрдастары сияқты жылтырап киінгісі келеді. Осы 


байдың
балалары деген сор болды, көздеріне нешетүрліні көрсетіп 
қызқтырады
. Біздердің жауырды жаба тоқып, шықпа, жаным,
шықпамен
жүргенімізді қайдан білсін, солардың ішкенін ішіп,
істегенін
істесем дейді; ноутбук, айфон, смартфон... дей ме, түсімізге
кірмейтін
бірдеңелерді айтып күнде қыңқылдайды. Əйелім байқұс
сіңірі
созылып тірліктің қиралаңдаған қисық арбасын жалғыз өзі
тартып
келеді. Менің сиқым мынау. Септесудің орнына, «Маркес
болам
!» деп қайдағы бір қиялдың жетегінде əкаку-сəкакумен жүрмін
далбасалап
. Қойныңда жатқан соң қадыры болмайды екен ғой қатын
бейшараның
. Əйтпесе Жəния қандай қыз еді кезінде. Айқабақ, сопақша
жүз
, шарасы кең қос жанары құралайдың көзіндей мөлтілдеген
аққұбаның
ажарлысы болатын. Əдетте беті жылтыраған қыздардың
көбі
қылтың-сылтыңға бейім ұшқалақ не өз бағасын білген сайын
сызданған
паң, кербез болып келеді ғой. Бұл ондай мінезден ада.
Тəрбие
көрген тектілігі шығар, орнымен күліп, жөнімен сөйлейтін
такаббар
, биязы. Жəнияны көргенге дейін «қатын алсам, тек орыстан
алам
!» деп өзіме-өзім серт беріп, шешімімді іштей шегелеп қойғанмын.
Ол
бір албырт сезімге жаңа бой алдырып, қызылды-жасылды əлемнің
құшағында
лапылдап жанған бозбала кезде көкіректе көктеген арман
еді
ғой.
Наташа
Зерен
көлінің бір қолтығында өз тірлігімен оңаша бұйығып жатқан
балықшы
ауылда туып-өстім. Жырақтағы шулы қала, үлкен өмірдің
қызық
-шыжығы –
əлі
сыртқа аттап шыға қоймаған біз сияқты балалар үшін қиял жетпес
ертегі
. Ауылда шыли қазақ тұрамыз. Қазақ болғанда да қап-қара
қазақтың
өзіміз һəм бəріміздің көзіміз қысық, айнала ақшағыл құм,
жалтыраған
көл, шақырайған күн, боран мен желде үнемі сығырайып
жүрген
соң көзіміз қысық болмай қайтеді, маңдайымызға құдай-тағала
ботаның
көзін жапсырып берсе де жыпылықтай-жыпылықтай жарты
жыл
өтпестен жыртиып шыға келмесіне кім кепіл. Қаралығымызға
негрдің
өзі ұялғандай, қараңғы түнде бір- бірімізбен соқтығысып
қалмас
үшін үстімізге ақ көйлек, ақ шалбар сияқты ақшыл бірдеңе киіп


аламыз
; езуімізге темекі қыстырып, "светофорымызды" жылтыңдатып
жүреміз
, əйтпесе мастар айдаған машинадай "жабария" болмасымызға
кім
кепіл.
Жұрт
кейде пыш-пыштап Əлиакпаровтар, Жылқыбаевтар мен
Сұңғатовтардың
түбі орыс, кержактан шыққан деседі. Сонау есте жоқ
ескі
заманда промысель ашып, Ертіспен кеме жүргізіп, сауданың
базарын
қыздырып осында тұрақтап қалған-мыс. Олардың қай жері
орыс
екенін Құдай білсін. Орыс екенін өзге түгілі өздері де білмейтін
шығар
. Баяғыда қотыр сиырдай біреуге сүйкенбесе жүре алмайтын
жұғымсыз
Сейіт əлденеге ерегесіп Сұңғатов Бекішті «əй, əкеңнің аузы...
орыс
!» деп боқтағанда, Бекіштің тулағанын көрсең, екі көзі қанталап:
«не оттап тұрсың-ей, шешеңнің!.. Өзің – орыссың!» деп, аузынан бір
пергенде
, Сейіттің сегіз тісі бір-ақ саудырап түскен. Иə, мұндағылар
кім
болса да бес жылдан кейін бір- біріне ұқсап кетеді. Өйткені бəріміз
– күн мен желдің, теңіздің балаларымыз. Айдын бетінде шүпір-шүпір
қалықтаған
өңкей қара домалақ бастарға не шулап кеп ақ құмның
үстіне
аунай-аунай кеткен кіл қақпыш қараларға назар тіктеген сырт
көз
: «мыналардың бəрінің əкесі бір ме, əлде бір шешеден туған ба?» деп
таңданары
сөзсіз.
Тұрмысымыз
да біркелкі, қарабайыр. Белуарынан құмға көмілген тоқал
тамдарға
дейін бірдей. Мектеп, медпункт, балық заводы директорының
үйі
сияқты қадау-қадау төрт-бес ақ, көк шатырлар бөгенайы бөлектеніп
анандайдан
қоқырайғаны болмаса, қалғаны түгелдей жайдақ төбе.
Күзге
қарай төбесіндегі үрпиген алабота, изенді жұлып, сары
балшықпен
жылмитып сылап тастаймыз. Əр үйден шикі балықтың
қоңырсыған
иісі қолқа атып мүңкіп тұрады. Əлбетте, ет үйреніп кеткен
соң
оны əншейінде сезе бермейміз. Тек жазда бір-екі апта қырға барып
пішен
шауып, ермен мен көкмияның бұрқыраған иісінен көкірегің
сыңғырлап
оралғанда, қоқыстың ішіне кіріп кеткендей, өз үйіңнен өзің
безіп
кеткің келеді. Сонда да туып- өскен ауылыңа не жетсін,
қимайсың
, жүрегіңе ыстық, жаннат бағың! Балықтың иісі де кейде
жұпар
сияқты. Баяғыда басқа жаққа байға шыққан бір апамыз:
«Балықтың бал татыған сорпасын ішпейтін қайран басым, қойдың
құйқа
сасыған сорпасын ішіп қор болдым-ау!» деп жылапты ғой...


Тазалық
, мəдениетіміздің «жетілгені» сонша, елдің бəрі бір-бірімен
бəсекелескендей
жарысып күл, көң-қоқырын күрежолдың ортасына
төгеді
. Жел соғып не қалаға балық таситын репрежаторлар көшеден
ышқынтып
өткенде, ала шаң, айналып ұшқан қағаз-қоқыс, жүн-
жұрқадан
аспан көрінбей кетеді. Бүкіл ауылдың ауласынан көгеріп
тұрған
сүйем қарыс шыбық таппайсың, картоп, капуста дегенді атай
көрмеңіз
, тұп-тұлдыр, қу тақыр. Бұған қарап біздің ауылдың
адамдарының
ішіне жеміс-жидек жақпайды екен деп ойлап қалмаңыз.
Малды
ауылға көмекке барғанда ақырдағы сəбізді күйекке ұстаған
қошқармен
таласып күтірлеткенімізді көрсең!
Аулымызда
бір орыс болмаса да шетімізден орысшаға "ағып" тұрмыз,
əсіресе
боқтық сөзге келгенде. Һəм біздің орысшамыздың сорты бөлек,
елдікінен
бөгəнайы өзгеше. Осы ауылдағы "Рыбнадзордың" жалғыз
"ГАЗ – 53"-ін гүжілдетіп айдайтын Тоқтарғали орысшаға судайдың бірі
болатын
. Бір жолы аудан басына барып, көшемен ағызып келе жатса,
милиция
алатаяғын шошайтып алдына тұра қалады. "Чаво, братан?"
дейді
Тоқаң терезеден басын қылтитып. "Стоп сигналың жанбайды
ғой
?" "Неге жанбайды екен? – Түртіншектеп біраз отырғаннан кейін, –
Ол
не нəрсе, əкіри?" дейді. "Тормозды бассаңшы-ей, тормоз неме!" "Ой,
құдай
-ай, – депті сонда Тоқаң ыржиып. – Жопышный свет демейсің бе,
стоп
-мыстоп деп мазганы майыстырмай!"
Біз
еңкейіп жерге түйір дəн екпегенмен, Хақ-тағала жаратқан
пəндасын
несібесіз қалдырмайды екен ғой. Сонау зираттың
желкесіндегі
жалпақ жонға жыл сайын бір қора корей келіп бау-бақша
салады
. Құдай-ау, неткен өнерлі жұрт десеңші, көлден насоспен су
тартып
, сусыған тақыр құмның бетін кілемдей құлпыртып жібереді.
Тақта
-тақта боп көктеп тұрған картоп, пияз, қауын-қарбызды көрген
көз
қуанады. Көктемнен қара күзге дейін қыбыр- қыбыр тыным жоқ.
Күй
талғамайды, жарқабақтан үңгір қазып, сонда жатады.
Біздің
ауылдың кəрісі – коммунист, жасы комсомол болса да, көпшілігі
ұрлық
қылудан қымсынбайды. Оны өздерінше бір кəсіп көреді,
күнкөрістің
тəсілі санайды. Пияз түйіндеп, əңгелек пен қарбыз жеуге
жарады
-ау дегенше, біздің ауылдан ұйқы қашты дей бер. Бақшашы


бейшараларды
жеті түнде ұлардай шулатып, жау тигендей жайпап
кетеді
.
Жалпы
, біздің ауылдағы жігіттіктің, мəрттіктің өлшемі бөлек. Арақ
ішпесең
, төбелеспесең – жігіт емессің, есепке алынбас əлжуаз
сорлысың
. Сипама қырлы стаканды қағып салсаң – еркек болғаның, ал
бір
бөтелкені бір өзің аузынан бір-ақ төңкерсең – аңызсың, əлем
чемпионы
болғанмен бірдей мəртебе, ертеңінде бүкіл ауылдың
боқмұрындары
«шіркін-ай, біз қашан осындай болар екенбіз» деп
сыртыңнан
тамсана қарайды. Сондықтан нағыз жігіт болғысы
келетіндердің
ішпейтіні, төбелеспейтіні жоқ. Шетінен алқаш, бұзақы.
«Ойбай «Қызыл Тудың» қояншықтары ма, Құдай сақтасын!» деп
айдаладағы
жұрттың қарадай аза бойы қаза тұратын. Екінің бірі –
төбелесіп
, ұрлық қылып, қыз зорлап... сотталғандар. Сонысын өздері
Оксфорттан
оқып келгендей мақтан, дəреже көреді. Екі жігіт сөйлесе
қалса
: «Сенікі УК-жүз сексен екі де төрт пе?» «Жоқ-ей, жетпіс бір де
сегіз
!» «Оһо, кереметсің ғой-ей!.. Əкелші бесті. Менікі жүз он жеті!..»
деп
, университет бітірдім деген кісіше мақтанышпен жайбырақат жөн
сұрасып
тұрғаны.
Ақаңмен
ауызданып алғаш рет мас боп үйге тəлтіректеп келгенім əлі
есімде
. Бірінші Майдың парады болатын, жер лайсаң, қар аралас
жаңбыр
ұрып тұрды. Əкейдің сəждеге əлі бас қоймаған кезі, сүрініп-
жығылып
соңымнан ол да жеткен. Жұбымыз жарасып төрдегі текемет
үстінде
қосыла
«музыкалатып» сұлап-сұлап жатырмыз. Мұндайды көре-көре көзі
шыққан
апам байқұс ұрысқан жоқ. Таңертең жез легенге басымды
тығып
күшеніп, запыран лоқсып жатқанда:
– Ий, сорлы, əкеңнің сиқы анау, содан асып қайда барам дейсің! – деді
кейісті
болса да менің ендігі тағдырыма көндіккен дауыспен.
Сондықтан
болар бажылдап, арақтың жеті атасын қарғап-сілеп, ақыл
айтып
əуре болған жоқ.
«Е, алқаш біреу еді, енді екеу болдыңдар ғой!» дегендей жүдеп, үнсіз
күрсінді
де қойды. Тек күнде кешке қарай көшеге шығарымда, «бəрібір
ішесің
ғой, ішкізбей қоймайды ғой» дегендей, сепаратордан жаңа


шыққан
жылымшы қаймақтан кəсеге толтырып құйып қолыма
ұстатады
:
– Мə, ішіп ал. Ішегің майланады. Арақты сіңірмейді, мас болмайсың.
Мен
:
– Іше алмаймын, жүрегім айниды! – десем,
– Өй, əдірем қал. Арақтан айнымаған жүрегінің қаймақтан айнуын, іш,
кəне
!
– деп кəсені тауысқанша дігірлеп алдымда тұрып алады.
Мəдениеттің
аяғы жетпей қырқылып, бір қиырда өз буына өзі пісіп
бұйығып
жатқан жабайы ауыл. Спорт зал, би алаңы дегендер біздің
түсінігімізде
жоқ. Анда-санда автоклуб бір соғып аудандық халық
өнерпаздары
концерт қойып кетеді. Беттерін бояп алған əртіс қыздарға
біздің
жігіттер бірден «ғашық» боп қалып, төбелес шығарып, аяғы дыр-
думен
бітетін. Концерттің өзі емес, сол күнгі болған төбелестің қызығы
көпке
дейін жыр болып ауызда жүретін. Апта сайын ескі клубта
Мұсағали
алқаш кино көрсетеді. Оның өзін де қырық үзіп, басын
аяғына
, аяғын ортасына шатастырып жібереді. Өлген кісі тіріліп кетіп,
жаңа
ғана əскерде жүрген жігіт қайтадан пионер болып қалады. «Апам
да
аң-таң, өзім де аң-таң» дегеннің нағыз кері, онсыз да орысшаны
шала
ежіктеп шайқалып отырған миымыз одан əрмен атала боп кетеді.
Жанымыз
сусындайтын мəдениеттің жалғыз кəусар бұлағы осы ғана.
«Қалада телевизор деген бар екен, үйде отырып нешетүрлі кереметті
көреді
екенсің» деп атын естігеніміз болмаса, бетін көрген емеспіз.
Ермек
жоқ, іш пысады. Еріккеннен ішің ұлып, айға қарап есінейсің.
Жоқ
қызықты қолдан жасап, жабайының дарақы қылығымен өзімізді
алдарқатқанға
мəзбіз. Біз сияқты лақ текеден бастап, əскерден келген
қу
мүйіз сасық текелерге дейін түнді таңға ұрып көшеде саусылдап
жүргендері
. Езулерінде темекі жылтылдап, желкелері күжірейген үйір-
үйір
қара шоғыр, түйілген бұлттай найзағай ойнатып қалай шарт та
шұрт
соқтығысары белгісіз. Бас жарылып, тұмсық бұзылатын қан
майданға
əзір араласа қоймасақ та желкілдеген жас өркен біздің де өз
қызығымыз
жетіп-артылады. Түн болса бұқпантайлап, жаңа үйленген
жас
жұбайлардың, бойжеткен қызы бар үйлердің терезесін
сығалаймыз
. Біздің телевизорымыз да, киномыз да түнгі терезелер.


Перденің
оймақтай саңлауынан ұры көздеріміз сумаңдап, бейғам
жандардың
түнгі құпиясын тінткілейді.
Екі
құлағы төбесінде тікірейіп, өсек қайдан шығады деп елеңдеп
отырған
аядай ауыл, аяқастынан Құдайы беріп, дүрлікті де қалды.
Балықшы
Мұхсинның Қасымбегі итарқасы- қияннан орыстан қатын
алып
келе жатқан көрінеді. Қасымбек ұрыншақ, бұзақы жігіт еді.
Əскерде
чешендермен төбелесіп, екі жылға сотталып кетті деп
еститінбіз
. Əкесі Иркутскі жаққа екі- үш рет артынып-тартынып барып
келген
. Сол Қасекең енді міне, айды аспанға бір-ақ шығарып,
«Встречайте. Еду невестой Наташой!» деп телеграмма соғыпты. Екі
жыл
солдатта, екі жыл "ана" жақта жүріп, шын орысшаға судай боп
алған
-ау, сірə, бір қатасыз орысша жазыпты дейді. Жаман балықшының
баласының
орыстан қатын алғаны біздің ауыл үшін Гагариннің
космосқа
ұшқанынан əстə бір де кес емес еді, «Оһ-һо!» деп аузы тесік
шелектің
түбіндей аңқимаған адам болмаған шығар. Пошташы
келіншек
бетін шымшып бұл хабарды дүкеншіге сыбырлапты.
Дүкенші
, дүкенге келіп: «Əй, қатын, не жаңалық бар-ей, өсек-аяң
естімей
ішіміз жарылып өлетін болдық қой!» деп қос мықынын таянған
қайқы
ерін Дəмешке айтады. Дəмештің құлағына тиді дегенше, қалың
қаудың
жел жағына қызыл шоқты лақтыра салғаның артық – сол күні-
ақ
дауыл ұйтқып, ауыл дүр ете түседі. Ел ентігін баса алмай «апыр-
айлап
» аһылап-үһілеп жатқанда, Қасымбектің өзі де жетті қаладан
таксимен
сылаңдатып. Бұл енді көз көріп, құлақ естімеген керемет.
Қаз
-үйрек, қасқалдақ қана базарлаған жұпыны көлдің айдынына
күндердің
күнінде ғайыптың құдіретімен жалғыз аққу қанатымен су
сыза
сыңысп кеп қона қалса қандай болар еді? Бұл да дəп сондай
салтанат
. Қара-қожыр ауыл бір-ақ сəтте сəні кіріп, жайнады да кетті.
Кеу
-кеу əңгіме өрттей қаулап, желпінді де қалды. «Көтек, орыс келін
бəрімен
сүйісіп амандасады екен. Қайынатасын шап беріп, мойынын
бұрап
тұрып аузынан сүйген екен, байқұстың басы қисайып қалыпты!..»
деп
гуілдесті.
Екі
күннен кейін Мұхсин шашылып-шабылып той жасады дүрілдетіп.
Қайтсын
байқұс, қуанғаны ғой, той үстінде: «О, Құдайым, баламыз
орыстан
қатын алып, біз де адам қатарына қосылдық-ау!» деп еңкілдеп


жылапты
дейді тойға барғандар. Ал Мұхсинның пұшық қара
қатынының
мұрыны мүлдем саңырайып аспанға қарап қалды. «Біздің
əлгі
келін ше... Нəтəшə... бізбен бірге дастарханға отырмайды. Күйеуі
екеуі
шайды бөлек ішеді, сəлі дей ме, бірдеңелерін жейді! Біз сияқты
ауылдың
жаман шал-кемпірін қайтсін, үсті-басымыздан иіс-қоңыс
шығады
дейтін шығар!» деп мақтанатын көрінеді.
Шешеміз
марқұм: «Адырам қал, жетіскен екенсің, пішту!» деп сылп
еткізіп
ерінін шығарып отыратын... Бұл ауылда не көп, əпенді көп.
Соның
бірі – осы Мұхсин шал. Қара шаруаның шаңын аспанға
шығаратын
қажымас қаражон болғанмен, нəті жұмсақ, баладай
аңқаулығы
бар адам. Оның кейбір қылығын жұрт осы күнге дейін күлкі
ғып
айтып жүреді. Ол кезде біздің ауыл бір-бірін "соғым басына"
шақырып
, қыс бойы күнде думан боп жататын. Шырмауық қосып қол
ашытқан
сыраны кіндігінен шаптырып əр үйдің босағасында бір- бір
күржиген
ағаш бөшке тұрады. Əйдə, сен іш – мен іш. Қызып алған
құрдастары
Мұхсинды қылжақ қылуға көшеді.
– Əй, Мұқасы, осы сен қатыныңды сабап көрдің бе? – дейді біреуі.
– Е, неге сабамайды екем... əкесін танытам!
– Қой, ей!
– Пыт, сабамай қалсын! – дейді пұшық қара қатын ерінін шығарып. –
Шоршып
жатқан сазанды "өзің сойшы, қаннан қорқам" дейтін шіріктің
қатын
сабаған не теңі!
– Ойбай-ау, мына қатын өлтірді ғой, қалай шыдап тұрсың-ей? Біз
мұндайда
бір-ақ ұрамыз аузынан қара қанын ағызып!
Мұхсин
да бойында қаны бар еркек емес пе, орнынан ұшып тұрады. "Е,
бəсе
!" деп айналадағылар кеу-кеулей түседі.
– Əй, нəлет-ай, сен-ақ өлтірдің-ау күйдіріп! – Мұхсин дастархан
шетінен
кəмпит алып, кəмпит болғанда да ең кішкенесі – "Иристі"
алып
, əйеліне жіберіп қалады. Бетіне, басқалай ауыратын жеріне емес,
əрине
, етегіне қарай лақтырады. – Мə саған! Алдың ба, бəлем,
сыбағаңды
. Сол керек өзіңе! – деп айызы қанып мəз болыпты...
Иə
, Наташа мақтаса мақтағандай еді-ау! Бұрын бізге сұлу боп көрінетін
қыз
-келіншектердің бəрі енді көз тоқтатуға тұрмай қалды, өң-бояуы


өшіп
, бірден сұрықсыз боп шыға келді. «Алла-ау, біздің ауылдың
қыздары
қандай кейіпсіз! – деймін ішімнен. – бұрын салыстыратын
ешкім
болмаған соң байқамайды екенбіз ғой!» Əне, періште деп
Наташаны
айт! Аппақ-ау, аппақ. Біздің ауылдың қары да ондай аппақ
емес
, аққудың ақтығы да оның жанында түк емес. Жұмыр мойын,
талпынған
төсі блузканың кең ойығынан жартылай төңкеріліп, бар
тəттісімен
көтеріліп-басылғанда, сен де өз-өзіңнен ентіге түсесің.
Əсіресе
түп-түзу, жуан балтырын айтсаңшы. Біздің қыздардың
көйлегінің
етегіндей қылтадан төмен салбырап, қисық аяқтарының
жартысын
жасырып тұрмай, қарасанға кере қарыс өрлеп барып
тоқтаған
шолақ юбка онсыз да сұлу сирақты сирақ емес, қанша қарасаң
көзің
тоймай сүйсіне беретін суретке айналдырып жібереді. Сылаңдап
сыртқа
шыға қалса, көз біткеннің бəрі соған телміреді, ауыз біткеннің
бəрі
соны əңгіме қылады. Жас жұбайлардың көшеде жүргенінің өзі бір
сəн
. Көшпелі көрме кетіп бара жатқандай, жанай өткендер жалт қарап,
жамырай
үңіледі. Əй, Қасымбек ит те залым ғой, «кеше ғана кісі ғұрлы
көрмеуші
едіңдер, ə, бəлем, қандай екен!» деп, жаман ауылды жынды
қылғысы
келгендей, күніне бір рет келіншегін ертіп, жалғыз көшенің
бас
-аяғын айналып шығады. Жəй жүрмейді, үлбіреген аққудай
келіншектің
үзілген аш белінен бір қолымен орай құшақтап алады,
екеуі
бір-біріне бастарын түйістіріп, əлденеге мəз болып бара жатады,
ол
аздай, анда-санда тоқтай қалып ауыздарымен шөп-шөп
сүйісетіндерін
қайтерсің. Ондайда «Алла-ай, мына Қасымбекте де
арман
бар ма екен!» деп, дəрменсіз күйіктен жылап жібергің келеді.
Наташаның
жайшылықтағы жүргендегі ақша жүзі, иығына төгілген
жирен
шашы, аппақ балтырына меңдуана жегендей болатын бейбақ
басымыз
оның көл жағасына келіп, елмен бірге шомылғанын көргенде,
əй
, ішті өртеген күйіктен өлмесек те өліп барып қайтқан шығармыз.
Əдетте
ауылдың қыз-келіншектері анандай жерде өздері оңашаланып
тіз
киімдерімен күм беріп, кейбір тым ұяттылары көйлекшең
шомылатын
. Соның өзінде біреу қарап тұр ма дегендей жан-
жақтарына
жалтақтап ұялып бітеді. Наташа олардың тобына қосылған
жоқ
. Біздің аппақ жеңешеміз сусыған құмды күміс қасықтай əдемі
аяқтарымен
сүйкей көсіп, жанарындағы жалт-жұлт еткен жаһұт
күлкісін
оңды-солды шашып, жайраң қағып келді де, үстіндегі киімін
жүре
шешіп, құм үстіне лақтыра салды. «Кəне, қарап алыңдаршы,


көгенкөз
қайындарым» дегендей, төсі мен ұятты жерін жасырған екі
елі
лыпасымен керіліп-созылып сəл тұрды да, сүп-сүйрік аппақ денесі
сазанның
бауырындай жарқ етіп, жарқабақтан тереңге секірді де кетті.
Бізде
ес жоқ, екі көзімізбен тесіп, телміріп өліп барамыз. Етпеттеген
күйі
ыстық құмды құшағымызға қыса түсіп, орнымыздан тұра алмай
қалдық
. Əрқайсымыз қиялымызбен бір-бір Наташаны құшып
жатқандай
едік.
Бір
күнінен бір күні аумайтын, бірінің аузын бірі баққаннан басқа
ермегі
жоқ, төбесінен торғай ұшып өтсе де жарты күн жыр қылып
малтасын
езетін мешел ауыл Наташа келгелі бері екі езуі ырсиып
тіптен
жырғап қалды. Наташаның жүріс-тұрысы, күлкісі, қылығы...
бітпейтін
бір жыр. Кейбір қырттар Наташаның қалтасына құлағын
салып
қойғандай, үйіндегі күбірін, төсектегі сыбырына дейін бəрін
естіп
-біліп отырады.
– Наташа «шорту, сазанның сорпасынан мезі боп біттім, шіркін, шпик-
ай
, салыны сағындым» деп, қаладан шошқаның сүрленген сүбесін
алдыртып
жейді екен! Буаз қатындар жерік болғанда со секілді тамаққа
əуес
дейді ғой.
– Тіфу, язви, шошқаның майын жеген аузынан Қасымбек қалай сүйеді
екен
! – дейді екінші қырт жерге түкіріп. Жерге түкірсе де «шіркін-ай,
шошқаның
майы түгіл боғын жесе де сол ауыздан бір сүйер ме едім!»
деген
арман тұрады көзінде мөлтілдеп.
Əдеттегідей
түнгі жортуылдың бірінде «телевизор» көрмек боп
Мұстафа
екеуміз Қасымбектің үйін торуылдадық. Тапал тамның
сығырайған
жалғыз көзінен шаршыланып əлсіз жарық өлеусірейді.
Бұқпантайлап
барып терезеге бетімізді жапсырдық. Жарма перденің
жабығындағы
пышақ жүзіндей сызаттанған саңлау жарқ еткізіп
сиқырлы
суретті көзімізге тоса қойды. Наташа үлкен корытоның ішінде
жүрелеп
жуынып отыр екен. Қасында Қасымбек жез құманмен су
құйып
тұр. Ол да жалаңаш. Наташа мойнын, шашын жуып қолдарын
жоғары
созған сайын қос анары көкке талпынып, төңкерілген бөксесі
қайқая
түседі. Ес-ақылдан айрылып, қимылсыз қаттық та қалдық. Өрге
қарай
жүгірген адамдай арсы-күрсі ентіккен Мұстафаның ыстық демі
желкемді
тесіп барады. Бірақ «сериалды» ары қарай тамашалауға


мұрсат
болмады. Кенет сыртқы есік ойбайлай ашылып, əлдекім
қақырынып
- түкірініп, аяғын сырп-сырп сүйретіп басып шығып келе
жатты
. Үстіндегі көйлек-дамбалы ағараңдап, аруақтай ербиген
Мұхсин
екен. Жалма-жан бүкеңдеп зыта жөнелдік. Корыто ішінде
аққудай
сылаңдаған һүр жалаңаш Наташаны жанарыма шаптап бірге
ала
қаштым. Мұстафа екеуміз былай шыққаннан кейін де көпке дейін
үндемедік
. Əркім өз ойымен арпалысып алабұртып келеді. Мұстафа
мұрынымен
маңқылдап сөйлейтін, салпы ауыз, ұзын сары еді.
Бірдемнен
соң танауы пысылдап:
– Əкең... біздің ауылдың қыздарының бəрі қандай жаман еді-ей! – деді.
Екеуміз
– парталаспыз, менен жасырар сыры жоқ. Биыл жетінші класта
оқитын
оқу озаты Ажар деген қызға ғашық боп, өлең жазған. Дауысы
дірілдеп
, қоңқақ танауының ұшы тершіп онысын маған оңашада оқып
берген
.
– Ажар да жаман ба? – дедім бетіне мысқылдай қарап.
– Əй, қойшы! – деді қолын сілтеп. – Мынадан кейін ешкімге қарағым
келмейді
!..
Екеуміз
де ай нұры ұйыған құмдақ жағалауда тəтті елеске тұншығып
қиялдап
келеміз. Ішіміз алау-жалау. Үндемесек те бұқпантайлаған
ойымыздың
бөгенайы бір. «Шіркін, тезірек ержетіп, Наташадай
перизатты
құшатын күн қашан туар екен!» Сол түні жүрегімізде
көктеген
бала арман өзімізбен бірге ержетіп есейе берді.
Содан
бері жастық базарындағы арманды түстерімде ылғи да
Наташаны
көремін. Қол ұстасып жүремін, өбісеміз, аймаласамыз...
Кейін
танысқан, қыдырған қыздарымның бойынан Наташамен əлдебір
ұқсастық
іздеймін. Көзі, еріні, бөксесі... Əйтеуір қалайда бір жері ұқсап
тұруы
керек, əйтпесе ондай қыз мені тартпайтын.
Мұстафа
мектеп бітірген жылы оқуға түсе алмай əскерге кеткен. Кейін
орыс
қызына үйленіп, Кривой-Рогта қалып қойды деп естігенмін. Мен
де
арманыма адал болып, студент кезімде ылғи орыс, неміс
қыздарымен
серілік құрдым. Тіпті, біріне болмаса біріне үйленем ғой
деген
нық сенім де болып еді. Ойламаған жерден Жəнияға ұшырастым
да
, бала күннен жетелеген жалт- жұлт қиялдың аяғы аспаннан келді.


Əуейі
боп жүрген қыздарым да, баяғы Наташаның көзден кетпес елесі
де
оның жанында өң-бояуынан айрылып əдірем қалды. Қыздың
періштесі
осы шығар. Жалғыз-ақ міні – мінез-құлқы орысшалау. Жо-
жоқ
, оның несі мін? Өмір бойы орыс алсам деп өліп-өштім емес пе.
Құдай
тілеуімді берді деген осы. Қаны – қазақ, жаны – орыс. «Два в
одном
» деген сияқты. Кейде екі қатын алып өзімді ұтысқа шыққандай
сезінем
: «Ит болса да қазақ ал» деп қақсайтын əке-шешемнің де тілегін
орындадым
, «шіркін, орыс-ай» деп өзеурейтін өз арманыма да
жеткендеймін
.
Жəнияның
мінезі тік. Төбеден ұрғандай дүңк еткізіп ойындағысын
төтесінен
қойып қалады. Əуелгіде сөзімізді əбден пісіріп, əне-міне той
жасаймыз
деп жүргенде, осы мінезі қалай болар екен деген қауіппен,
үй
-ішінің жағдайын шет-жағалап ескертіп:
– Əке-шешем ескілікті, кəрі кісілер. Əйтеуір соларға жақсаң болды,
маған
бəрібір! – дегем. Жəния жалт қарап, шарт ете түсті:
– Қатынды əке-шешең ала ма, əлде сен аласың ба?
– Жо-жоқ, сен түсінбей қалдың, – дедім сасқалақтап. – Əкей діндар,
молла
, намаз оқиды. Жүріс-тұрысыңнан оғаш бірдеңе көрсе,
жақтырмай
қала ма дегенім ғой.
– Кешегі алкаштардың бəрі енді бауыры ауырған соң намаз оқып, елге
ақыл
айтады. Нечего притворяться! – деді қолын сілтеп. Міне,
Жəнияның
тұрған бойы осы. Наташалардан несі кем? Айтпақшы,
осыдан
төрт жыл бұрын əкемнің басына құран оқығалы ауылға
барғанда
Наташаны көргем. Мұхсинның белуарынан құм басқан ескі
қорасының
жанында қарыны іркілдеген бір қайыс-қара қатын бір қора
қаз
-үйректі алдына салып, «гули- гули», «ути-ути» деп жалаңаяқ
ыстық
құмда көстеңдеп жүр екен.
– О, қалалық қаратаяқ қайным, ат-көлік аман ба? – деп құшақтай
алғанда
, əзер шырамыттым. Баяғы сəн мен шырайдан жұқана жоқ.
Ауылдағы
сампылдап сөйлеген көп қара қатынның бірі болыпты да
қалыпты
. Шағыл құм, шақырайған күнге сығалап қарай-қарай көзі
сығырайған
, күн күйдіріп, жел жалаған беті қап-қара, еріні жалақ. Бір
кезде
арман болған əдемі Наташаны жоғалтып алғаныма өкініп


тұрмын
. Желбезегінен тізіп қатар-қатар балық іліп қойған қамыс
лапастың
астынан біреу таяғының ұшымен жерді түрткілеп шығып
келе
жатты.
– Сенбісің-ей? Өй, танауыңды ұрайын... – Қасымбек екен. Ұзын бойы
еңкіш
тартқан. Суқараңғы екі көзі тесірейіп аспанға қарайды.
Бауырына
қатты қысып, арқамнан қақты.
– Ағаңның халі осы. Бəлкім Құдай-екем қартайғанда кемпірдің түрін
көрмей
-ақ қойсын деген шығар! – Əйеліне қарай жымиып иек қақты.
– Ə, түрімізге не бопты? – деді бұртиғандай назданып. – Қазаққа қатын
болған
соң қазақтың қатыны болмай қайтеміз. Немерелерің мен қаз-
үйрек
баққызып тоздырып қойған өзіңсің. Қалаға бір барып сыланып-
сипанып
келейінші, қайындарымның көздері қалай жайнар екен!..
– Па, шіркін, мықтымын де. Болды, бəдіктенбей, қонақты үйге баста!
Орынымен
əзілдеп, бір-бірімен жарасқан ауылдың байсалды
қарияларына
айнала бастапты. «Аруақ аттағандай босағадан қайтпа.
Шай
ауыз ти!» деп екеуі екі жақтан жік-жаппар. Едел-жедел туған
Антон
, Сергей дейтін екі ұлы бар еді. Антон – Əнуар, Сергей – Серік
болыпты
. Екеуі де қазақтан келін түсірген. Əнуар жекешелендіру
кезінде
тоз-тозы шыға бастаған балық заводын сатып алып, шырғасын
шығармай
қазір бір ауылды асырап отырған көрінеді.
– Мына жаман жеңгеңнің жатыры асыл екен, балалар осыған тартып
пысық
болды! – деп Қасымбек шай құйып отырған əйелін бүйірінен
түртіп
қойды...
Мен
қалай семірдім
Иə
, қырық қыздың ішінде көзі жаудырап таңда туған шолпандай
жарқырайтын
қайран Жəнияны қазір көрсең ғой. Менің қай жеріме
қызығып
, қай сиқырыма арбалды екен бейшара? Басқа біреуге
жолыққанда
, бағы жанып, маңдайы айдай жарқырап жүрер ме еді,
бəлки
? Міне, енді қырыққа жетпей ақ жүзін əжім айғыздаған. Кезінде
студенттер
спартакиадасында көркем гимнастикадан қала чемпионы
болған
күміс қасықтай мүсіні сонау қырқыншы жылдардағы кинодан
көрсететін
колхоздың мойынтұрықтан тұралаған өгізіндей арса-арса,


тарамысына
ілініп, қу сүйегі саудырап тұр. Күн қақтап, жел қаққан
беті
-қолы қарайып жарылып кеткен. Тек баяғының жұқанасындай боп
тостағандай
қара көзі қалған, оның өзі де мөлтілдеген мұң сияқты,
айықпас
бұлттай торлап тұңғиығына қажытқан ит тірліктің көлеңкесі
шөгіпті
. Ол жүдемегенде кім жүдейді? Бір үйлі жанды асыраймын деп
қу
жанында тыным жоқ. Ала дорба арқалап, милициядан қашып жүріп
əр
бұрышта тығылып сауда жасайды. Саудасы – шекілдеуік, темекі,
сағыз
сияқты бəкін-шүкін сату. Милиция мен рэкеттің тырнағына
ілікпей
қара кешке дейін тұрып, қара нандық қара бақыр қолына түссе,
əкесі
алдына қоралы мал салғандай байып, мəз боп келеді. Қанша
қиналса
да, обалы нешік, осы күнге дейін маған «сен де бір мойынға
мінген
масыл болдың-ау» деп қабақ шытып көрген емес. Науқас деп
аяп
, отқа да, суға да өзі жүгіреді қалбалақтап.
Ол
үндемейді. Үндемегенмен көңіліндегі көп наланы көзінен оқимын.
Біреудің
ішіндегісін хұсни хаттай оқи қоятын менің сиқырлы
сайтаным
бар. Мұң кіреукелеп тұңғиық тартқан аялы жанары боталап
бар
сырын айтып тұр:
«Не боп кеттік, Құдай-ау! – дейді кешкілік бала-шағаның алдындағы
жүдеу
дастарханға жабырқай қараған Көз. – Осы да өмір ме? Төрт
аяқты
хайуаннан неміз артық? Не жейміз, не ішемізден басқа
ойлайтынымыз
жоқ. Екі қолдың керегі не, ақыл-ойдың керегі не? Ең
болмаса
иесі бар ит сияқты да емеспіз алдындағы итаяғы толып
тұратын
. Қос бүйірі қабысып, таңнан кешке дейін жуынды-
шайындыны
аңдып сүркілдейтін аш өзек бұралқының өзіміз. Осы күнге
жеткізген
не зауал? Бұл сордан қашан құтыламыз, қайтсек көзіміз
ашылады
? Жасаған – ау, мен сенен көп нəрсе сұрап па едім? Артық
дəулет
, астам бақ бер дедім бе? Зəбірі жоқ момынның бойына шақ
қарапайым
өмірді де қимағаның ба, соны да көпсінгенің бе?
Қайыршының
күнін кешетіндей қайырсыз тірлікті қай ниетімнен
таптым
? Қалай тырбынсам да неге менің еңбегім еш, тұзым сор? Əлде
бəріміз
де ұры, бəріміз де азғын болуымыз керек пе?..! «Е, бейшара-ай,
саған
не сын! – дейді тағы да Көз маған жалт қараған бір сəтінде. –
Онсыз
да тірлігің жоқ ынжық едің, оған ауыру кеп киліккен соң не
сорым
. Шаңырағымның егесі, ер-азаматымсың, қара тырнағыңды


қимылдатпай
қалқайып қасымда жүрсең де қамсаусың ғой. Аман
болшы
, байқұсым!»
Ау
, осы менікі не талтаң? Бала-шағаның қамын мен неге ойламаймын?
Бəрін
жұдырықтай əйелдің арқасына артып қойып, ауырумын деген
сылтаумен
əлаулайлап жүре бермекпін бе?.. Қой, тірлік жасайын.
Əлбетте
, қатты қайрылым қара жұмысқа жарамаймын. Мамандығым
бойынша
бір жерге орналасу да қиын. Миының шалығы бар екінші
топтағы
мүгедекке келе ғой деп құшағын жаятын қай құдам бар ғой
дейсің
. Қолымнан келетіні тек жазу ғана. Ендеше қаламның қарымын
неге
пайдаланбасқа? Əлгіндегі жігіт жанашырлық танытып əрі шарт
қойып
, сара жол сілтеп кетті емес пе. Енді сол жолмен жүремін:
бандитті
батыр деймін, ұрыны бағлан деймін. Бəрін сыпыра
мақтаймын
, жəне мен мақтасам түбін түсіріп аспаннан бір-ақ
шығарамын
ғой. Қожанəсір атам айтпақшы: «бұқа болсын, шорт
болсын
, балаларға сүт болса болды» емес пе. Мақтаудың аламан
бəйгесінің
алдын бермес талай-талай жүйріктерді есіме алып, өз
қиялыма
өзім байыдым. Ең берісі – машина мінерім хақ. Анау
«Шыңдағы шынар» поэмасын жазған ұзын бойлы, қыпша бел ақын бес
бөлмелі
пəтер алды, орденмен марапатталды. Оған да қабағы
ашылмаған
соң, бұл ағаның көңілін қалай тапсақ-дүр деп қипақтаған
жоғарыдағы
жомарт азаматтар ары ойлап- бері ойлап: «Ойбүу, көке,
еңбегіңізді
дұрыстап бағаламаппыз ғой, кешіріңізші!» деп Мемсыйлық
берді
. Ал «Сен – пайғамбарсың» мен «Ақсарайды» жазғандар ше? Олар
тіпті
абырой мен дəулетке бөгіп қалған жоқ па! Міне, мақтаудың
құдіреті
. Соларды ойлағанда арқам қозып, аруақтанып кеттім.
Мақтағанның
көкесін көрсетейін бұларға! Хош, кім туралы жазсам
екен
? Сорпа беті ығай мен сығайларды көзінен тізіп, сүзгіден өткізіп
шықтым
. Мəкең, Тəкең, Бөкең, Секең... Бірі сараң, бірі жалтақ, бірі
қайырсыз
, суайт...О, таптым. Шөкең! Ең дұрысы сол. Өзі бай, өзі мəрт.
Өмірі
– тұнып тұрған тарих, дайын кітап. Министр де, депутат та
болған
. Шығыстағы бүкіл базар соныкі. Ең бастысы – жомарт, сері.
Көңілі
түссе –көл, шаша салады, үйіп-төгіп бере салады. Қылық-
хикаясы
– ел аузында аңыз. Он жеті рет қатын алған. Бір түнеген сұлуға
«Джип» сыйлаған. Он екінші тоқалынан туған ұлының сүндет тойында
тікұшақпен
жиылған елге аспаннан ақша шашқан... Осындай


айналасына
қамқор болған меценат бай , анау үлкен-үлкен кісілермен
қатар
тұрып жас мемлекетіміздің іргесін қаласқан қайраткер, иəки
заманымыздың
нағыз қаһарманы дерлік азаматтың көркем бейнесін
сомдап
, қызықты тағдырын қыздырмалатып жазсам, оның үстіне əлгі
капитан
айтқандай, құдіретті мекемедегілер теріс пиғылдан арылып,
бетімді
оңға бұрған еңбегімді ескеріп, «батасын» беріп жіберсе,
ақбозым
бəйгеден келіп тұр емес пе аймаңдайы жарқырап... Қызылды-
жасылды
елестер тізбектеліп көз алдымнан көшкенде, алабұртқан
көңілім
жер-көкке сыймай, астымдағы ескі диванның сай-сүйегі
сырқырап
кетеді. Түнімен түс көріп шығамын. Құдды бір пейіш
бағында
жүргендей боламын. Бірінен бірі өткен ғажайып түс. Көзімді
жұмсам
болды, алдында үш балапан шырша өскен, айналасы көкке
көмілген
екі қабатты особняктің ішінде жүремін. Сонда тұрады екенбіз
деймін
. Жолдың қос жиегін кілемдей гүл көмкерген, ақ кəрлен
дельфиннің
аузынан ақ көбік боп бұрқыраған фонтан. Оянғаннан кейін
де
көрген түсімнің əсерінен айыға алмай көпке дейін мең-зең
есеңгіреп
отырғаным. Сондай таныс үй. Қайдан көріп едім? Е, есіме
түсті
. Өткенде конспиративті пəтерге барғанда, терезесінен көрініп
тұрған
тау бөктеріндегі əсем коттедждердің бірі. Анау бір ең шетіндегі
кішкентайы
болатын. Мөлие қарап:
«Шіркін-ай, осында тұрған адамның да арманы бар ма екен?» деп 
күрсініп
едім-ау. Олигархтар мен шенеуник- депутаттардың өмірі
туралы
естіп-оқып
«əттең, дүние-ай» деп қиялдағандарым енді өз басымнан өтіп
жатқандай
: бірде сылаңдаған аппақ машинамен сыпыртып Медеуге не
суға
шомылуға Қапшағайға кетіп бара жатамыз. Қатарымда үлкен
ұлым
отыр. Музыканы қатты шығарып қояды.
– Папа, мен айдайыншы! – дейді.
– Қой, балам, праваң жоқ, ГАИ көрсе, ұстап алады.
– Папа, сен крутойсың ғой. Елдің бəрі таниды. Ұстамайды.
– Қасқа, сенің де праваң жоқ қой, қайтіп айдап келесің? – дейді əйелім
наздана
желкемнен түйіп.
– Е, бəйбіше, мен самолетті де айдай беремін! – деймін езуім ыржиып.
– Иə, сен айдағышсың ғой! – дейді көзінде қуақы ұшқын ойнап.


Енді
бірде Канар аралына сапарлап барады екенбіз деймін. Оның
қандай
екенін елестете алмаймын, өйткені көрген жоқпын ғой. Əйтеуір
аэропортта
тұрмыз. Айнала ықшам киінген алашұбар жұрт. Өңдері
күтім
көрген, ретті, маңғаз. Кемпір-шалына дейін орысша сөйлейді.
Ажарымыз
ашық, киіміміз де солардікіндей болса да, өзімізді біртүрлі
бөтен
сезінгендей оңашаланып шеттеу тұрмыз. Тезірек ұшсақ екен
дегендей
тықыршып таблоға қарап қоямыз.


Түсіңде
болса да күніне төрт-бес сағат пейіш бағында жүрген курортта
демалғанмен
бірдей ме деп қалдым. Адам көңілге семіреді деген рас-ау
тегі
. Ішпей-жемей-ақ, бұрынғы қара нан, қара шаймен бетімнің əжімі
тарап
, жылтырап алдым аз күнде. «Мынау не жеп семіріп жүр-ей?»
дегендей
əйелім кейде бетіме сенімсіздікпен қарап қояды:
– Мен жоқта балаларға қойған тамақтың бетін сыпырып жүргеннен
саумысың
-ей?
– Оттай бермеші, – деймін қалай ақталарымды білмей қызараңдап. –
Балалардың
аузына сұқтанып не көрініпті!
– Қайдан білейін, бордақылаған өгіздей жұнтиып апсың!..
Түсімдегі
пейішті енді өңімде көрсем деп ынтықтым. Тек ұжмақтың
төріне
жетелейтін жебеуші періштемнің пейілін тарылта көрмесін
Жаратқан
ием. Шөкең туралы баспасөзде көп жазылған екен. Аз күнде
қыруар
мəлімет жинап алдым. Бұйыртса, уыс толар қомақты кітап
шығатын
түрі бар.
Əдетте
бүйтіп бір нəрсені жазуға ден қойып ықыластанған кезімде
аппақ
шидемінің бір шалғайы жерге сүйретілген Қара шал түннің
тұңғиығынан
аппақ нұрдай суырылып, қасыма жайлап басып келеді 
де
шырт ұйқымнан
«тұр-тұрлап» тұрғызып алатын. Білегімнен жетелеп əкеп үстел басына
отырғызады
. Табаны жерге тимей қалықтаған Қара шалдың елесі желке
тұсымнан
төне түсіп сыбырлай жөнеледі. Дем салғандай бірте-бірте
шымырлап
бойға жайылған қоңыр-барқын сиқырлы үн құлақ түбінде
күбірлеп
, қиялымды əлдебір қияндарға шарықтатып əкететін. Жүрек
түкпірінде
шөккен кекті қыжыл, үміт пен өкініш... Сан-сапалақ
шарпысқан
сезімдер кенет сөзге айналып, мың құбыла құлпырып,
түрленіп
ағыл-тегіл қалам ұшынан төгіле жөнелетін. Бəрі өз ойым, өз
сөзім
. Тек жайшылықта неге өстіп қисыны келісіп аузыма түспейтініне
таңғаламын
. Бағзыдағы əпенді Сократ ақсақал өзінің философиялық
ой
-тұжырым, трактаттарын «менікі емес» деп елге мойындамайды
екен
. «Менің Дюмоным бар, сол құлағыма сыбырлап тұрады, мен
соларды
сендерге айтамын» дейді екен. Сол, сірə, рас. Қалам ұстап
жүргендердің
бəрінің сондай шалығы болса керек. «Шабытым кеп,


арқам
ұстағанда...» деп дүрілдегенде, жер шайқалғандай болатыны
содан
шығар, мүбəда. Міне, менің де Қара шалым бар.
Əдеттегідей
, Қара шал бір күні өзі оятып алады деп жайбарақат жата
бердім
. Бірақ жуырмаңда ешкім мені оята қоймады. Анда-санда
əйелім
:
«Ойбай, құлағымның түбінен «КамАЗ» өткендей сонша қорылдап не
болды
- ей?» деп тізесімен құйрығымнан түйіп қалғанда, ыңырсып ары
аунап
түсемін. Сол ұйықтағаннан мол ұйықтап, түске тармаса бір-ақ
оянамын
басым көнектей боп. Күндер өте келе алаңдай бастадым. Қара
шал
бұл жолы өзі түртіп оятпақ түгілі, шақырсаң келетін түрі жоқ па
деп
қорқып қалдым. Енді менен ұйқы қашты, түн баласында кірпігім
айқаспайды
, əне-міне Қара шал көлбеңдеп кеп қалар деп елеңдеп
шығамын
. Қара шал мүлдем мені ұмытқандай, əлде менен көңілі
қалып
, басына кірпіш түскен басқа біреуді тауып алды ма? Үміт оты
əлсірей
бастаған соң Жаратқанға жалбарынуға көштім. Күнде үй-іші
ұйқыға
жатар-жатпастан мұнтаздай боп дəрет алып, басыма тақия
киіп
, жан-тəнімен мінажатқа ұйыған мүриттей үстел басына кеп
отырамын
. «Əлхамнан» бастап, «Құлхуаллаһты» үш қайырып, білген
дұғамды
оқимын. Содан соң қаламымды оңтайлап, Қара шалдың
сыбырын
күтемін. Бүгін де табжылмай таң атқанша отырдым.
Алдымдағы
ақ қағазға қалам ұшынан қарайып бір нүкте түскен жоқ.
Күнде
солай. Бес...жиырма күн өтті... Екі ай табандап отырдым. Қара
шалдың
сыбыры естілер емес. Тек бір жолы ғана елес берді.
Қуанғаннан
жүрегім өрекпіп ұшып тұрдым.
– Ойбай, Қара ша-а... кешіріңіз, ата-ау, қайда жүрсіз? Мен Сізді əбден
күттім
ғой!
Қара
шал сыртын салып анандайда түксиіп тұрды. Ішім қылп ете
қалды
. Сонда да сыр бермегенсіп:
– Ата - ау, неге үндемейсіз? – дедім.
– Жүрегі былғанған адаммен біздің əңгімеміз жараспайды.
– Өтірік айтпасам, ұрлық қылмасам, жүрегім қалай былғаныш болады?
– Жарамсақтықтың ұрлық пен өтіріктен несі артық? Сен өз жүрегіңе
опасыздық
жасадың!


Бір
қызығы, ол лəм-мим деп тіл қатпаса да ішіндегі ойын ап-айқын
естіп
тұрғандаймын.
– Қар шал-ау! – деймін жаным шырылдап. – Жаным темір емес, мен де
адам
баласымын ғой. Ел сияқты тойып ас ішіп, жылтырап киініп,
жайлы
үйде тұрып жақсы тұрмыс кешкім келсе, айып болып па?
– Батыр – бір оқтық, бай – бір жұттық. Жаратушы саған өлмес өмір,
өшпес
ырыс беріп, айрықша тағдыр сыйлады. Сол өлшеусіз ниғметті
арамнан
байыған азғындардың аяғының астына тастамақ болғаның –
қай
сасқаның?
– Қайтейін, тірлік шіркін иілместі иілтеді екен ғой, ата. Мен 
Қажыдым
...
– Жолымыз қиылыссын десең, тазар, сілкін, ізгі ой, шынайы сезімге
беріл
...
Қайыр
!
Қара
шал жүзін сырт салған күйі бұрылып қарамастан жүре берді.
Иығына
желбегей жамылған ақшидемінің бір шалғайы жерде
сүйретіліп
барады. Толған айдың саулап төгілген ақ жолақ нұрын
адымдай
кешіп, аспанға өрлей жөнелді. Биіктеген сайын ақ қылау
нұрға
оранып, жұлдыздай ағып көктің қиыр шегіне сіңіп көзден ғайып
болғанша
аңтарыла қарап қалдым...
Хош
, сонымен түнімен ұйқы бермей ентелеткен қызылды-жасылды
арман
- қиялдың бəрі адыра. Тау бөктеріндегі особняк, сылыңдаған
«Джип», телевизордан суретін көретін Канар аралдары... көзден бұл-
бұл
ұшты ақыры. Үстелдің шетіндегі текшеленген қалыңдығы жырта
қарыс
қағаздардың үстіңгі бетіндегі күлімдей қараған сығыр көз
жігітке
: «Шөке, – дедім талпиған танауын шертіп қалып, – ақшаның да
əлі
келмейтін нəрселер болады екен, кешір!» Сыпырып-сиырып
қолтығыма
қыстым да сырттағы қоқыс салғышқа лақтырып тастадым.
«О, сорлы, басыңа қонған бо.., кешір, бақты басына тептің бе?»
дегендей
Шөкең мысқылы талпақ танауының ұшына үйіріліп, қара
шыбын
быжынай көтерілген қараңғыға қарай сырғып бара жатты. Бір
жағынан
Қара шалға өкпем қарақазан. «Тазар, ойыңды түзе» дейді ғой,
тазалықпен
шыққан ұшпағым қайсы?


"Хохма"
Қарап
жүрмей, жарым милы, жарық басыма қайдағы бір ойлардың
келетінін
қайтерсің. Алты роман жазған алтын басымды қорлап,
жынды
- сүрей, əпенді санап жымсиған жүздер көз алдыма келгенде,
қоңқақ
танауым қусырылып, қаным бұзылып кетеді. Əйтеуір жынды
дейді
екен, неге өздерін жынды қылмасқа?
Марқұм
Шықаң шоңның юбилейі боп, бүкіл баспасөз қызыл танау
қапылып
жатқан кез. Бірінен бірі асырып, мақтауға сөз таппай
қиналады
. Басыма бір қулық сарт ете түсті. «Мен бұларды өстіп бір
"хохма" жасап мұзға отырғызайын» дедім де, үшінші романымдағы екі
үлкен
тарауды бөлектеп алып, жеке повесть қылдым. Кейіпкерлер мен
жер
-су аттарын өзгертіп, қырғызшаға икемдедім. Өткенде бетімді
қайтарған
журналдардың біріне апардым. Сап-сары ғып бояп алған
кекіл
шашы көзіне түскен, бұзау мұрын, шартық қарын, шикісары шал
«и-и, осы біреуді-ай» дегендей сыздана қарады:
– Бұл не?
– Шықаңның соңғы шығармасы. «Новый мирде» жариялауға əзірлеп
жатыр
екен, интернеттен алып аудардым.
–А, солай ма, онда көрейік. Қалай, дұрыстап аудардың ба?
– Барымды салған болдым.
Екі
аптадан кейін айналып соқсам, сары шалым сары майдай еріп, екі
езуі
екі құлағына ілініп отыр.
– Кел, жоғарлат! – деп төрге шақырды.
– Шіркін, Шықаңның аты Шықаң ғой! Бұрынды- соңды қай жазушы
өстіп
жаза алар еді? Мүлдем жазу машығы өзгеше. Жаңадан бір
тынысы
ашылып, кең өріске шыққандай екен марқұм-ай. Ой сəулесі
түспеген
не бір қатпарларды қопарып, заман бейнесін қалай
бедерлеген
десеңші! Сен де битіңді салып аударыпсың, бауырым...
Шықаңды
мақтаған сайын менің де айызым қана түсті. «Пəлі, мақтау
үшін
, елді тамсандыру үшін əуелі Шықаң болу керек екен ғой!..» Кейде


тіпті
«баршаны табындырған Шықаңның бар мықтылығы мендей-ақ
болғаны
ма?» деген күпірлік те кеудемде қылаң беріп өтеді. «О,
Құдайым
-ау, бақыт пен бейшаралықтың арасы бір-ақ қадам екен ғой!»
деймін
өз-өзімнен таңырқап.
Журнал
басылып шығысымен елу данасын екі бумаға орап екі қолыма
ұстатты
бұзау мұрын басекең:
– Бізде қаламақы деген болмайды. Қалтаңа салған байғазымыз – осы.
Хош
- риза бол!
Қисалаңдап
сыртқа шыққан соң, үйге апарып сүрлеп қоятын емес,
«мұны не істесем екен!» деген оймен аузым аңқайып жарты сағаттай
тұрған
шығармын. Ойлап-ойлап тапқан ақылымның жетегімен
көшенің
қарсы бетіндегі газет киоскісіне бардым. Өзінен –өзі шаршап,
қабағын
шытқан қарасұр əйел бүйімтайымды айта бастағаннан-ақ:
– Қазақшаны ешкім оқымайды! – деп дүңк етіп теріс қараған.
Өлерменденіп
сонда да қоймадым. Журналдың алғашқы бетін жарқ
еткізіп
ашып, Шықаңның суретін көз алдына тосқаннан кейін ғана беті
бері
қарағандай болды:
– Жүз теңгеден ғана өтеді.
Мəмілеге
тез келдік.
– Менің де еңбегім бар ғой! – деп үш мың теңге ұстатты.
Аяқастынан
олжалы болғаныма қуанғаннан жүрегім дүрсілдеп кетті.
Көптен
сорпа ішпеп едік, балаларды кешке бір қаужаңдатайын деп
жүгіріп
дүкенге бардым. Ең үлкенін таңдап тауық алдым. Бірінші рет
қолыма
бірдеңе ұстап келгенге əйелім де қуанып шырпы басын
сындырғандай
болған. Бірақ қуанышы ұзаққа барған жоқ. Ораған
целлофанды
жазды да:
– Көтек, мынауың əтеш қой! – деді дауысы бұзылып. – Жүз жасаған
шығар
!..


Жүз
жасамас да қаншама жүз мекиеннің соңынан жүгіріп сауабын
алған
кəрі қақпыштың өзі болса керек, ол піседі дегенше сорпаның
иісіне
елтіп əбден қызылсыраған бір үйлі жанның сілекейі шұбырып,
ішегі
шұрылдап бітті. Төрт сағат сақылдап қайнаған соң «əй, көнтулақ
болсаң
да піскен шығарсың!» деп, əрқайсымыз бір-бір мүшесін
бұтарлап
алып, қаужаңдауға көшкенбіз. Енді қырық сағат қайнаса да
жұмсаратын
емес қой мына пəле, тура «К–700» - дің покрышкасы
сияқты
. Көк шандырға азуды салып, қомағайлана жұлқа тартып
қалғанда
, таяуда ғана салдырған протезім сатыр етіп сынып түссін,
тамағыма
тіреліп қақалдым да қалдым.
– Ойбай, қасқа-ау, жұттан келіп пе едің сонша қомағайланып! Қақалып
өлді
деген атқа қалып жүрерміз... ұрыңдар арқасынан, неғып
тұрсыңдар
! – деп əйелім ойбайымен қоса желкемнен жұдырығымен
түйіп
-түйіп жіберді. Оған балаларым қосылды. Төртеуі төрт жағымнан
төмпештеп
жүріп, екі көзім алайып, ес танды- жан шықты дегенде
кеңірдегімнен
кері лоқсытты-ау, əйтеуір.
Екі
күннің бірінде редакцияларды адақтап қайтам қаңғалақтап. Ел не
дейді
екен деген əуестік баяғы көмейді жыбырлатқан. Расында, дүмпуі
ересен
екен. Бəрінің аузында – Шықаң. «Пай-пай, жарықтығым-ай,
классик
қой. Қаламды қалай ойнатады, ə? Бұрынғыдан түрлентіп
басқаша
сілтеген!..» Аудармасы туралы лəм-мим. Ең болмаса:
«Шықаңды бұрын меншікті аудармашылары Шер-ағаң мен Əб-ағаң
ешкімге
бермеуші еді, мына біреу қайдан шыққан? Əлгі осында
сүйретіліп
жүретін жындысүрей емес пе еді. Пəлесін қарай гөр- əй
өзінің
!» десе екен-ау. Мəйлі, ешкім ештеңе демесе де мерейім тасыды
ішімнен
.
Шықаң
шыққан журналды жұрт сабылып іздеп жүр деп естідім. Жедел
түрде
жеке кітап қып шығарып жатқан көрінеді. «Көл-көсір табысқа
бөгіп
жатыр. Бəрі сенің еңбегің емес пе!» деп əйелім бүйірімнен
түртпектеп
көк жауыр қылған соң, имене-имене əлгі сарыжағал
редакторға
бардым амалсыз.
Базардағы
мата кездеген сарттай құлашын керіп, май мұрыны
жайылып
айра- жайра қарсы алды:


– Өй, аузың үңірейіп, Қарағандының шахтасындай боп қалыпты ғой? –
қарқ
-қарқ күліп алды да, – Саспа, бала, аузыңды алтындаймын əлі, сəл
шыдай
тұр! – деп шала байытып тастады табан астында.
Бəрінен
қыр астындағы қоңқайлардікі қызық болды. Шықаң десе,
өлетіндігі
сондай, о кісіге қатысты нəрсенің бірін де жерге қалдырмай
ұқыптап
жинап, кəдеге жаратады екен. Журнал қолдарына тиісімен
дереу
қырғызшылап, өздерінің шоң журналына жариялап жіберіпті.
Одан
орысшаға тəржімалап, Шықаң шығармаларының сегізінші
томына
кіргізгелі жатқан көрінеді. Мен бұл ошарлардың бəрін
газеттерден
оқып білдім. Көзсіз махаббат деген осы-у! Əйтпесе
Шықаңның
орысша не қырғызша жазған нұсқасы қайда? Анау белгісіз
қазақ
мұны қайдан алып аударып жүр деп іздеу салмай ма?
Іле
-шала Гер – аға телефон шалды, күнделікті болып жатқан жайларды
қалт
жібермей қадағалап отыратын мұқият кісі ғой.
– Əй, бала, сен не бүлдіріп жүрсің? – деді салған жерден аман-сəлем
жоқ
қатқыл үнмен. Неден жазықты болғанымды ұқпай абдырап қалып
едім
, өз сұрағына өзі жауап берді. – Бар қазнаңды Шықаңның
қанжығасына
бөктеріп беріпсің ғой. Өйтуге бола ма екен? Енді оның
өзіңдікі
екенін қалай дəлелдейсің? Шықаңның көзі жоқ. Сол кісінікі
боп
бір шығып кеткеннен кейін біржолата солай боп кетеді. Қызық
жігіт
екенсің!
– Енді не істеймін, аға? Еш жер баспайды. Шаң басып босқа жатқанша,
сол
кісінің атымен болса да елге тарай берсін деген ой ғой менікі.
– Па, не деген жомарттық! Біреуге жүйрік атын сыйлауға болар, қыран
құсын
байлауға болар... бірақ көкірегін сауып, жүрегінің қанымен
жазған
туындысын беру деген... мəрттік пе, əлде қырттық па – мен
білмеймін
! – деп Гер – аға трубканы тастай салды.
Мал
бермек оңай ма, Гер – ағаның сөзі бұрын өзім аңғармаған
қорқыныштың
бетпердесін жұлып алғандай жаным дызақтап, салған
жерден
журнал редакциясына жүгірдім.
– Иə, не шаруа? – деді бір қолына қалам ұстап, бір қолымен жағын
сүйеп
, алдындағы қағазға шұқшиған редактор кеудеден итерген салқын


дауыспен
. Ит қуғандай апалақтап кіріп келгенімді жақтырмай қалды
ма
əлде сүмеңдеп жиі келіп кеткенім сүйкімімді қашырған болар,
əйтеуір
қабағы сыз. Екі иығым көтеріліп-басылып, кекештеніп əзер
тілге
келдім:
– Аға, ке-кешіріңіз, мен сізді алдадым.
– Қалай? – Қолындағы қаламын үстелдің үстіне қойып, еңсесін тіктеп
алды
.
– Шықаңдікі деп жүрген шығарма менің өзімдікі!
– Не? – Сарыжағал ағам ештеңе түсінбегендей бір сəт аңтарылып
бетіме
қарады да тапырақтап ұшып түрегелді. Қайнап тұрған суға
малып
алған теңіз шаянындай бет-аузы лап қызарып, тұлабойы
қалшылдап
кетті. – Не сандырақтап тұсың-ей?
– Сандырақ емес, шыны сол.
– Сүмелек делқұлы, сен кімсің-ей? Ойыңнан құрап жарты ауыз сөз
жазып
көрмеген сорлы, мына роман менікі деп қай бетіңмен айтып
тұрсың
? Шықаңдай əулиенің өзі жоқ деп артындағы дүниесіне ауыз
салуға
қалай дəтің барады? Аударсаң, сенікі боп кете ме екен? Аудару –
бір
басқа, шығарма – бір басқа. Өзің есі ауысқан бірдеңесің-ау деймін?
– Иə, есім ауысқан жындымын. Төбеме тас түсіп, жазатын боп кеттім.
– Жынды болсаң, «Каблуковка» барып жат, елдің басын қатырмай.
Бүйтіп
оттай беретін болсаң, өзім-ақ апарып жындыханаға тығамын!
– Жынды болсам да адам баласымын ғой, аға. Түсініңізші, шын айтып
тұрмын
. Сенбесеңіз, менің осы романым туралы Гер – ағаның жазған
мақаласы
бар, міне...
Өз
дегеніне қисайған қыңыр кісі ешқандай уəжді бойына дарытқысы
жоқ
.
– Əй, қойшы соны! – деді оң қолын шолтаң еткізіп сілкіп. – Бельгер
болса
, білгір ғой деп пе едің? Мына алаяқ түріңмен кімді алдамайсың.
Оған
да мына аударманы өзімдікі деп аузын аңқитқан шығарсың!
– Айтып тұрмын ғой сізге, бұл – аударма емес, өз шығармам!
– Əй, оттаубай сілімтік, сандырақтағанды қоясың ба, жоқ па?
Арсыздың
қара қойы онға жетсе, арам ойы жиырмаға кетеді деп,
аударғанды
місе тұтпай, енді шығарманың өзіне ауыз салайын дерің бе?


Өзің
төбеңе тас түскен жарымес болсаң, осы уақытқа дейін жарты бет
дүниең
газетке басылып көрмесе, мынандай романды мен жаздым деп
қай
бетіңмен айтасың? Ол далбасаңа кім сенеді? Ит те аңдап артынан
шығатын
сүйекті жұтушы еді, сенікі қай сасқандық! Шықаңның
аруағын
қорлағаның үшін сотқа беріп, дүние-мүлкіңді сыпырып алам,
ұқтың
ба? Көтіңнен теуіп қуып шықпай тұрғанда, жоғал көзіме
көрінбей
!..
Айғай
-шуды естіп жалдары күдірейіп жетіп-жетіп келген екі-үш жігіт
бастығының
айтағымен тап берді, бірі сүйреп, бірі итеріп, бірі
қолымнан
бұрап, қоқыс толған қаптай сыртқа дырылдатып лақтырып
тастады
сол бойда. Асфальтті танауыммен сүзе құлар ма едім,
төртаяқтап
барып анандай жерге тіземмен сырғи шөгіп аман қалдым.
Бозғылт
шыт жейдемнің қолтығы сөгілген, жағасы жыртылып
салбырап
қалған екен, жұлып ап лақтырып жібердім. Көкірегім қайнап
бұрқылдап
тұр. Екі иығым көтеріліп-басылып алқынған сайын ыстық
дем
орсиған аузымнан от боп будақтайды. Есік алдында есеңгіреп ары
тұрдым
-бері тұрдым. Кенет найзағайдың от жыланы ирең етті де, іле
шатыр
-шұтыр шайқалып Алматы аспаны тасқа тиген əинектей шарқ
ете
түсті. Таңертеңнен тымырайып, ішін босата алмай қыстыққан қара
аспан
көз жасын төгіп-төгіп жіберді. Сарт-сұрт сабалаған сансыз
тамшыдан
асфальт беті қайнап кетті сақылдап. Қара-құраң жұрт тұра
безіп
, қалқа-қалтарыстарға сіңіп жоғалды. Қаңыраған тротуарда
сенделе
басып жалғыз өзім келемін. Алдымнан орай соғып, сарт-сұрт
ұрған
мұздай жаңбырға бетімді төсей қасарысып қарсы жүремін.
«Сендер де аямаңдар, төпелеңдер, төмпештеңдер!» деймін ішімнен
тістеніп
. Көйлегім етіммен ет боп жабысып қалды. Сыртынан санап
алғандай
ырсиған қабырғаларым қимылдаған сайын тыржың-тыржың.
Ылжыраған
ескі бəтіңкенің ішінде аяғым ілгерінді-кейінді
тайғанақтап
, жыртылған жұлығы лай суды шырт-шырт түкіріп келеді.
Жалаңаш
баржиған бақайым ұлтанның жырығынан жылт-жылт
шығып
, əлдекімге «мə, саған» деп «фига» көрсетіп қояды.
Жүз
доллар


Көп
өтпей Гер – аға үйіне шақырды. Өткендегі əңгімені қайта
жалаулатып
, төбемнен құй қазатын шығар деп қипақтап барғанмын.
Бірақ
Гер – ағаның ондай қазымырлығы жоқ екен, «айтарымды айтып
болғанмын
, ендігісін өзің біл, қарақ» дегендей ол шүйгінге ат ізін
салған
жоқ. Даңқты жазушы мұндай қарапайым, жұпыны тұрады деп
кім
ойлаған. Төсек-орыннан басқа жердің бəріне кітап патшалық
құрыпты
. Төрт бөлменің қайсына кірсең де төбеге дейін тірелген кітап.
Кабинеттегі
сөренің жоғарғы сатысына Гете мен Абайдың майлы
бояумен
қолдан салып, ернеуі жылтыр жезбен шегенделген шағын
суреттері
қатар қойылыпты. Жақтауға ілінген зерлі домбыра шын
шебердің
қолынан шыққан-ау, сірə, əр дыбысқа шанағы зыңылдап,
өзінен
-өзі сөйлеп тұрғандай. Жазушыны сырқат əбден қажытыпты.
Аяғын
əзер сүйреп, үстел-орындықты қолымен демей жағалап қана
жүреді
екен. Меңдеген дерт тəнін тоздырғанмен, бір ғажабы – көздері
жап
-жас. Кең ашылған жанары іштегі əлдебір бұлқынған ыстық
қуатпен
ұшқын атып, лыпыл қағады. Үстелдің қарсы бетіндегі биік
арқалы
орындыққа жайғастым. Жанындағы қара телефон құмыға
сыңғырлай
жөнелген, Гер – аға үркектей қарап,
«құтқаршы мынадан» дегендей:
– Əй, Рая, бүгінгі лимитім біткен, əкетші мынаны! – деді. Рая апай
көрші
бөлмеге алып кетті де, əлдекіммен күле амандасып жатты.
– Менің ұйықтап, тамақтануға дейін əр күнім қатаң режимге құрылған,
– деді, неге телефон алмағанын түсіндіргендей бетіме жымия қарап. –
Күніне
он екі-ақ қоңырауға жауап беремін. Мынау – он үшінші.
Ауырып
- сырқамасам, күніне бес сағат жазамын, үш сағат оқимын.
Бүгін
исключение ретінде, саған жарты сағатымды бөлдім.
«Астағфиралла! – дедім ішімнен. – Біздікі недеген иен-тегін есепсіз
жатқан
уақыт! Мына тірі аруақ күйімен қалай жұмыс істейді? Біз
болсақ
қой, саусағымызға тікен тиіп кетсе, аһылап-үһілеп жатар едік!»
Еңбек
пен ауыру діңкелеткен арса-арса түріне аянышпен қарап
отырсам
, ол мені мүсіркейтін тəрізді.
– Мен бүгін байып отырмын, жүдə, – деді бозарған өңіне жылы шырай
жүгіріп
. – Өзің сияқты жақсы көретін ініме тəбəрік берейін деп
шақырдым
. Жомарт əкім бауырым əдеттегідей екі қап соғым əкеп


тастады
əне, – деп асхана жаққа иегін көтерді. – Қазы мен қартаны
кертіп
асайтын бұрынғы қазақтығым қалғаны қашан. Гастрит, қасқыр
ит
... қаптаған ит ішіме кіріп алған. Маңайдағы қызылсырап жүрген
сыйлас
, бастас шалдарыма сыбағасын таратып беремін. Мені «мынау
бір
сексен кітап жазған бейнетқор ақсақал еді» деп үкімет асырап
жатқан
жоқ. Оның не тамаққа, не дəріге жетпейтін мардымсыз
садақасына
күнім қараса, ақсақ аяғым көктен кеп баяғыда-ақ өмірем
қабар
едім. Мені асырап жүрген – айналайын қазағымның өзі. Абайдың
Еуропада
тұратын рухани ұрпағы бар. Құлжанов деген аяулы азамат!
Қазақ
мəдениетін насихаттап əлемге танытуға көп еңбек етіп жүр.
Ағылшын
композиторына Шəкəрім хажының əндері негізінде
симфония
жаздырып, жақында Парижде презентациясын өткізді.
Менің
де біраз кітабымның шығуына жəрдемдесті. Абайдың Берлинде
басылған
тəржімасы үшін маған ырғын гонорар жіберіпті! Бүгін соны
алып
, жаман ағаң жарты Рокфеллер боп отыр. Туғаннан бері қазақ
атамнан
жақсылық көріп келемін, қашанғы ала берем, мен де берейін!
– деп суырмадан алып, жуан сары конвертті үстелдің үстіне қойды. –
Немісті
сараң дейсіңдер ғой, сараң болсам да ши басын сындырайын.
Оның
үстіне, өзің бір жағы балдыз екенсің, біздің Раяның төркіндері де
Қазанның
тумасы ғой, қанша жасырғанмен ел құлағы – елу, білем. Мə,
мынау
мың доллар...
– Мы-ың!?? – Дауысым қатты шығып, қалай ұшып тұрғанымды білген
жоқпын
. Шошынып шегіне бердім. – Мұны қайтем?
– Өй, жынды екенсің ғой өзің! – деді Гер – аға таңырқап. Менің жынды
екенімді
əлі күнге білмейтін сияқты. – Ақшаны қайтем деген адамды
бірінші
рет көріп тұрмын. Қайтушы едің, керегіңе жұмсайсың.
– Көп қой!..
– Көп емес. Мың доллар деген қазір бұйым ба, тəйірі. – Жыртық-
тесігіңе
жұқ та болмас дегендей, менің тозыңқырап кеткен үсті-
басымды
көзінің қиығымен елеусіздеу сүзіп өтті...
Рахмет
айттым ба, қоштастым ба – бірін де білмеймін, бір қарасам,
көшеде
келе жатыр екенмін қаңғалақтап. Аяғымды əлтек-шəлтек əр
жерден
бір басамын. «Мың доллар... Мың доллар!..» Аузым да, жүрегім
де
– бүкіл іші- сыртым осы сөзді қайталап келе жатқандай. Көңілім


лепіріп
жер-көкке сиятын емеспін. Күллі жаһан жарқырап-жайнап
шыға
келгендей əп-сəтте. Неткен құдірет! Миллионы, миллиардтары
барлардың
қалай жүрегі жарылып кетпей жер басып жүреді екен.
Неткен
мықтылық, неткен ерлік десеңші солардікі!
Бүйірімді
бүлк-бүлк түрткілеп ішіме сыймай бара жатқан
қуанышымды
бөліскім келіп əйеліме телефон соқтым.
– Əлəу, қаты-ыш!
– Не болды-ей? – Қай жағымнан милиция кеп қалар екен деп жан-
жағына
алақтап, күн қақтаған жолдың жиегінде шекілдеуік сатып
тұрған
байқұста қайбір көңіл-күй болсын, дауысы шаңқ етіп қатқыл
шықты
. Онысына қарағам жоқ, даңғырлап айғай салдым:
– Сен енді Машкеевичтің қатыны болдың!
– Өй, жексұрын, аузыңнан жақсы сөз шықсайшы. Сен өліп, соған
тигенім
қалып па енді? Оның кім еді?
– Ойбай-ау, Қазақстанның Рокфеллері ғой ол!
– Не былжырап тұрсың өзі?
– Миллионер болдым деймін!
– Е, қайырлы болсын! Сөзің рас болса, үйге бір бөлке қара нан ала
келерсің
!.. – деп телефонды жаба салды. Əлбетте, сенген жоқ, құс келіп,
құс
қайтқанда, науқасым қозып көтеріліп кететінім бар, соның шалығы
деп
ойлағаны гəміл.
Сабырым
кетіп, не істеп-не қоярымды білмеймін. Қалтамдағы
конвертті
бір алып, бір саламын. Байып келемін, шалқып-тасып
келемін
. Машкеевич деймін-ау, Машкеевич түгілі оның көкесі де
бүйтіп
шалықтамайтын шығар. Қиял басыма сыймайды, басым
қалпағыма
сыймайды. «Əйеліме, балаларыма,
өзіме
киім-кешек аламын. Əлде қатынға əлгіндегі мазақтағаны үшін
ештеңе
алмай қойсам ба екен ерегесіп? Жоқ, алайын, байқұс бəрімізді
асырап
жүр ғой... Тоңазытқышты сықитып толтырып тастаймын!..»
Арманым
одан арыға бармай бітіп қалады, басқа ештеңе керегі жоқ
сияқты
. Төбесі теп-тегіс қырқылып жол жиегінде жалдана өскен
бұталардың
қолтығында тығылған қадау-қадау скамейкалардың біріне
отыра
кеттім. Қою көлеңкесін төбеме төңкере салған балапан


қайыңның
жапырағы тып-тынық ауада өз-өзінен жел шақырып
шұрқырап
қайнап тұр. Конверттен долларларды алып, орындықтың
үстіне
қаз-қатар жайып тастадым. Көз алдым бұлдырап, көк
толқынның
ортасында қалғандаймын. Көгілдір арманымның көк теңізі
шалқып
-шайқала жөнелгендей. Ұзақ қарадым көзім талғанша телміріп.
Таңырқап
отырмын. Атын естіп, тамсанып, табынғаным болмаса,
қолыма
«тірідей» ұстағаным осы. «Атаңа нəлет көк құлақ, доллар деген
сенбісің
-ей?!.» Аударып-төңкеріп ары қараймын, бері қараймын
көкейімде
сан-алуан сұрақ балалап. Желке шашы жалбыраған шалдың
суреті
салынған бір жапырақ қағаз ғана. «Не сиқырың бар сенің?
Адамның
қолымен жасалып, адамның өзін құлыңа айналдырдың. Сенің
жолыңда
бəрі жанын береді, қанын төгеді, атысады, алысады. Саған
қолы
жеткеннің бəріне қолы жетеді: ұры мен қары бай- бағлан
атанады
, сұмырай сұлтан болады, бүкір мен соқыр үрдің қызын
құшады
... Неткен құдірет, неткен сиқыр сенікі? Адамзаттың Құдай
жасау
қолынан келсе, сол Құдай сен боларсың, сірə! Кім саған
табынбайды
, кім саған бағынбайды?»
Кенет
төбеме төнген балапан қайыңның сусылы күшейіп,
жапырақтары
сатыр-сұтыр тыпырлап дүр сілкінді. Орындық бетінде
жайылған
көк қағаздар үйірлі көк кептердей дүр етіп көтеріле
бергенде
, есім шығып жалма-жан үстіне жалп етіп құлай кеткем.
Құшағыммен
қаусыра жиып, қалтама салам дегенше бір көк құлақ
бəрібір
бауырымнан сытылып шығып, бейбітшілік көгаршынындай
қанаты
сытырлап ұша жөнелді. Тұра сала ұмтылдым. Етек- жеңім
жайылып
біраз жерге далақтап барып ентігімді бастым. Ұйтқыған жел
оңды
-солды үйіріп жеткізер емес. Қалықтаған көк қағазды əуелі бір
жігіт
көрді, қалт тоқтап, таңырқай қарап сəл тұрды да:
– Доллар! – деп жүгіре жөнелді қаңғалақ қағып. Жанай өтіп бара
жатқан
кексе əйел жалт бұрылып:
– Кəне? – деді көзі алақтап.
– Əне!
Əйел
де қоса жүгірді. Апалақтай ұмтылып сүрініп кеткенде, басындағы
сары
ұлпа паригі жел төңкерген қаңбақтай анандай жерге домалап


түсіп
еді, оған да қараған жоқ. Дүрмекке ілескендердің қарасы лезде
көбейіп
кетті. Жан- жақтан алақ-жұлақ етіп қосылып жатыр топырлап,
тасқындап
. Ер-əйел, жас- кəрі. У-шу, бірін-бірі кимелеп, қолдарын
ербең
-ербең жоғары созып көк қағазды қуып барады. Бірақ аспандағы
«бақыт құсы» ұстатар емес. Жел дөңгелек үйірген көк қағаз біресе
төмендеп
, біресе қалықтап, қол созымға құлдилай беріп, ел əне
ұстадым
-міне ұстадым деп шуылдап, жаны ышқына бастағанда, мазақ
қылғандай
лып қайта шарықтай жөнеледі. Бірін-бірі баса- көктеп,
жығылғанның
үстінен таптап өтіп, у-шу жанталасқан жұртта ес жоқ.
Көк
қағаз сəл төмендей қалса шу ете қалады:
– Міне, міне!
– О, аруақ, қолдай гөр!
– Əне кетті!
– Мен алам!
– Былай кет!
– Өзің кет, менікі ол!
– Өлтірем сені! Секіргенде неге қолымнан қағасың?..
Ес
-ақылынан айрылған жандардың түріне түршіге қарадым. «Өз
қолымен
жасаған құдіретіне өзі табынған адамзат қандай ақымақ
десеңші

Елірген
қалың тобыр ештеңені елең қылар емес, кең көшеге кептеліп,
оңды
- солды ағылған машинаның жолын бөгеп тастады. Үздік-создық
боздаған
клаксон, жалт-жұлт шатынаған көздер, кіжінген боқтық... ию-
қию
айғайдан құлақ тұнады.
Қарадан
-қарап жүз доллардан айрылып қалғаныма ішім удай ашып-ақ
тұр
. Бірақ қуғам жоқ, көппен таласқам жоқ. «Сабыр, сабыр, – деймін
ішімнен
. – Өле жегенше, бөле жеген жақсы. Көктен түскен олжа емес
пе
, садақа!» Дүйім жұртты лезде ес-ақылдан адастырған алақандай көк
сайтанның
ізінен көз ұшынан үзілгенше таңырқай қарап тұрдым.
Кенет
«оу, мен неге мəз боп тұрмын осы» дегендей, өз-өзімнен шошып
кеттім
. «Бір қағаздың соңынан осынша адам жүгіріп барады. Қалтамда
бір
емес, осындайдың тоғызы жатқанын біреу-міреу біліп қалса ше?»


Жан
- жағыма ұрлана қарап жылыстай бердім. Қорыққанда жынды
адамның
ойына неше түрлі үрей елестейді екен ғой. Біресе
долларларым
қойынға тыққан кептердей пыр етіп ұша жөнелетіндей
боп
көрінеді. Жалма-жан қалтамды сыртынан басып-басып қоямын,
«бармыз, дін-аманбыз!» деп сықыр-сықыр етеді бар болғырлар.
Алтынның
буы болады деуші еді, доллардікі одан артық болмаса, кем
емес
шығар-ау, əлде жын ба екен! Аяқ астынан желік бітіп, айналама
астамсып
, ажарлана, ожырая қараймын. Тасып-төгіліп кең дүниеге
сыймай
келемін. Кеудем шалқақ, жүрісім талтақ. Екеуі екі жаққа
қисайған
ескі бəтіңкемнің тесік ұлтаны, «корольді» «тұзбен» басқан
карташыдай
, асфальтті сарт-сұрт ұрады. Біреуге сүйкенгің кеп пəле
іздеп
тұрады екенсің. Əсіресе, қатынның əлгіндегі: «... үйге бір бөлке
кəрə
нан ала келерші-ің» деген қыжыртпасы есіме түсіп, күлкісін
күмірем
қаптырғым келіп кетті. «Қалай күлгенін көрейін
зəнталақтың
!» Дереу таксилетіп «Барахолкаға» тарттым. Келген бойда,
қожайын
келіншек ибəлі келіндей иіліп-бүгіліп, тəтті сыңғырлай
жолымды
кес-кестеген соң, бірінші кездескен контейнерге кіре
салғамын
. Есік пен төрі тай шаптырым. Құстың сүтінен басқаның бəрі
бар
шығар-ау. Қай жағыңа қарасаң да көзің тұнады. «Мені ал, мені ал!»
деп
жайнап тұр. «Қойшы, бұл Қытайдікі ғой, жүр, анда Бішкектікі бар,
соған
барайық» деп, босағаны басына киіп өңмеңдеп кіріп келе жатқан
қара
бұжыр еркекті, бір қайқы ерін қатпа əйел қолынан тартып
шығарып
əкетті. Қожайын келіншек жалт етіп ала көзімен ата қарады.
Өзі
үріп ауызға салғандай сүйкімді екен. Ренжітіп алам ба деп
қорғандым
. Жалпы, маған бəрібір. Осы жұрттың «Қытайдікі жаман-
жаман
» деп алып, ақыры сонікін киіп, сонікін ішетініне таңғаламын.
Екі
ұлым мен қызыма, əйеліме, өзіме əр маусымға лайықтап қос-қостан
киім
алдым. Труси-майка, нəскиге дейін ұмытқамын жоқ. Алып
жатырмын
, алып жатырмын, аладорбаға қат-қатымен тоғытып
жатырмын
. Американың мына кəрі шалының басы мұндай берекелі
болар
ма, тіпті мұрты қисаятын емес. Əй, біреуінде бір қараның бəсі
бар
-ау, сірə! Шындасам, бір контейнерді түгел төңкеріп əкеткендеймін.
Күлімкөз
келіншек бетіме күлмің-күлмің қарап қойып, күлкісін қоса
есептегендей
калькулятордың бір нөлін артық басып та жібереді. Төрт
амалды
əрең ежіктейтін шала сауат қатынның жоғары математиканы
шекілдеуікше
шағатын алтын басымды қорлап, басынып тұрғанына


намыстансам
да, ашуымды тəк-тəк шаужайлап, өтірік байқамағансып
қоя
салдым. «Е, бұ да қайбір жетіскеннен өстіп тұр дейсің. Осымен
нанын
айырып жүр ғой. Жемейтін адам жердің астында, тамағы тесік
пенде
емес пе» деп, нөлге нөл қосып, «сдачу ненадо!» дедім төсімді
қайқайтып
.
Жолай
«оптовкаға» соғып, жарты қойдың сүмесі мен күріш, шекер,
мейіз
- миуаны көтергенімше тағы алдым. Саудаласпай сұрағанын
ұстата
салып, кесек-кесегі, мөшек-мөшегімен сыпыра сиырып жатқан
мырза
жігітке «пай- пай, сауда қылсаң, осылай қыл!» дегендей сүйсіне
қарайды
айналадағылар. Машинаның белін қайыстырып, артынып-
тартынып
ымырт жабыла үйге жеттім. Біздей байып тұрған кісінің
қалтасында
«нешаснəй» қазақтың құнсыз теңгесі қайдан жүрсін,
құлағынан
суырып шоферға жүз долларды ұстатқам.
«Еңбелі бар ғой, жарты күн жанымда жүрді, жүктерімді тасысты
жалбалақтап
.» ана қалтасын бір, мына қалтасын бір ақтарып, тыпырлап
қаплған
соң қолымды бір-ақ сілтедім:
– Сдачу не надо.
Ұрты
суалып, сорған кəмпиттей сопайған жүдеу өңді жігіт шегір көзі
шегедей
қадалып, сілейді де қалды. Тұрып-тұрып:
– Надо же...бывают дураки! – деді. Аңқиған аузынан қалай шығып
кеткенін
өзі де аңғармай қалды, білем.
– Я и есть дурак! – дедім жымия күліп. – Разве жизнь интересна без
дураков
?
Есі
шығып кеткен бейшара жігіт қалбалақтап, жүктерімді подьездге
дейін
көтерісіп апарды.
Хош
, қалтамда əлі екі жүз доллар сықыр-сықыр етіп, төсімді шоқтай
қыздырып
жатыр. Қажеттің бəрін алдым. Киім-кешек, ішіп-жем... бəрі
бар
. Енді мұның керегі не? Көршілерім есіме түсті. Бірінші қабаттағы
үш
бөлмелі үйде əркімнен төрт бала тапқан, махаббатта
интернационалшыл
, жесір орыс əйелі тұрады. Есігі алқам-салқам,
тұтқасы
жұлынған. Бойлай дыр-ду. Біресе айғайласып, бірде дарылдап
əн
айтып, шуылдасып жатқандары. Міне, мұрындарын кезек-кезек


қорқылдата
тартып, көздері жылтыраған төрт бала топырлап сыртқа
шығып
барады. Маша шашы дудырап, жартылай ашылған есіктің
аузында
темекі тұтатып тұр екен.
– Привет, сосед!..Ба, бизнессменом стал что ли? – деді қатар тізілген
ала
дорбаларға иегін қадап.
– Нет, я – Дед Мороз. Я вам подарок принес! – деп, қайда
сыйғызарымды
білмей тұрған екі көк құлақтың бірін ұстатып ем,
пəлеге
қалғанымшы, мойныма асыла кетіп, сасық демімен
тұншықтыра
, аузымнан сүйсін-ай келіп. Өзіме де обал жоқ, лоқсып
жіберем
бе деп едім, бұлқынып жүріп əзер құтылдым құшағынан.
Біздің
подьезде шекесі шеруен атып тұрғандар шамалы. Көбі жалғыз-
жарым
, кəрі-құртаңдар. Əсіресе үшінші қабаттағы қазақ кемпірінің
халі
кісі аяғандай. Бір ұлы орыстан қатын алып, Пензаға көшіп кеткен.
Екіншісі
екі дипломы болса да жұмыс таба алмай ақыры ұрлық қылып,
түрмеде
отыр. Өзі бұрын мұғалім болып істеген екен, пенсиясы
мардымсыз
. Ай сайын аузынан жырып, Заречныйдағы түрмеге сəлем-
сауқат
тасып жүргені. Бірнеше дүркін таңертеңгі алаң-елеңде аула
шетіндегі
қоқыс контейнерін қопарыстырып жүргенін көріп
қалғанмын
. Ақжаулығын иегінің астынан шарт байлап, екі иығы
қушиып
, таяққа сүйенген күйі тық-тық басып кетіп бара жатқан
аянышты
кейпі көз алдыма келгенде, жүрегім шаншып-шаншып кетті.
Жүз
долларды сол кісіге апарып бердім.
– Бұл не?
– Доллар.
– Ой, Алла, Əміриканың ақшасы осы екен ғой! – Көзін сығырайтып көк
қағаздың
мөріне аударып-төңкеріп ұзақ қарады. – Балам-ау, өзіңнің де
бала
- шағаң бар, мынау көп ақша ғой?
– Жоқ, апа, алыңыз. Маған бір жақсы адам кө-өп ақша берді.
– Ендеше ол жақсы адамды Құдай жарылқасын! Дүние азған-тозған
деп
қарғанамыз, небір ізгілікті ғазиз жандар да бар-ау. Рахмат,
қарағым
!..
Ала
дорбаларды құлағынан сүйрелеп үйге де жеттім-ау. Есікті айқара
ашып
қойып, бірін сүйреп, бірін көтеріп үсті-үстіне топылтып кіргізіп


жатырмын
. Біреуінің өзі бір кісіге жүк болардай теңкиген теңдей-
теңдей
ала сөмкелерді көрген сайын əйелімнің көзі күлмің-күлмің,
жүзі
жылмың-жылмың.
– Бағана қылжақтаған екен десем, шынымен Машкеевич бопсың ғой!
– Болсақ несі бар екен? – дедім, осындайда бəлсініп қалайын деген
оймен
мардымсып. – Ол да екі аяқты пəндə шығар!
Бəле
қатын бұлаңдап ығыма қарай құлай кетті:
– Одан бір де кем емессің, бəтірекесі!.. Əлгі журналда басқа кісінің
атымен
шыққан романыңа гонорар берді ме?
– Кім берсе де берді ғой. Құдайдың бұйыртқаны деп ала берсеңші!
– Иə, дұрыс айтасың. Берем десе де, алам десе де бəрі Алланың өз
қолында
. Жаңа ғана кейіп отыр едім. Бүгін түк саудам жүрген жоқ.
Жарымағыр
қайыршы, екі милиционер қайдан сап ете түскенін
білмеймін
, сүйрелеп жүріп дорбамды тартып əкеткені. Қолымды бұрап
сындырып
жібере жаздады, ой, иттен жаралған немелер! Міне, əлі
ауырып
тұрғанын қарашы... Не жаздым бұл Құдайға деп қарғанып-
сіленіп
отыр едім, міне, үйіп-төгіп бере салған жоқ па! Ей, Алла,
кешіре
гөр күпірлігімді...
Қоңырайған
үйдің іші əр бұрышынан шырақ жанғандай нұр жүгіріп,
жайнап
сала берді. Жүрек қуантып жып-жылы боп кеткендей. Қуаныш
кернеп
, шат-шадыман күлкі аузы-мұрынынан шығып тұр. Əйелім де,
ұл
- қыздарым да киім-кешектерді кезек-кезек өлшеп мəз-мəйрəм.
Бағам
өсіп, мəртебем артып-ақ тұр еді, шайтан азғырғандай аузымнан
қағынғаным
. Қарап тұрмай:
– Ақшаның бəріне алсам, тіпті үйге сыймай кетеді екен ғой! – демесім
бар
ма. Жəнияның жүзі балбырап мүлдем мейірленіп кетті:
– Тағы да ақшаң қалды ма?!.
– Жоқ. Екі жүз доллар артылып еді, көршілерге бере салдым. Жəния
тұрған
жерінде аяғын тыпырлатып, шыңғырып жіберді:
– Не дейді мына жарымес? Елге бергені несі?!!
– Артық ақшаны қайтем? Бəрін алдым емес пе? Жетеді сол!
–Атаңны басы, жетеді!.. Миллионер болғандай шіренуін! Ой, сорлы...
Благодеятель
! Жаныңды баға алмай жүріп, елді жарылқаған не теңің?


Бұл
біткен соң боғыңды жейсің бе?
– Біткен соң, мұны берген Құдай тағы да береді. Жаратқан құлын Алла-
Тағалам
жарылқаусыз қалдырмас... Түсінсеңші, Жəния, қара қазақ
емес
, Қожаның қызы емессің бе, Пайғамбарымыздың хадисінде: «өзің
тоқ
боп, көршің аш отырса, онда сен мұсылман емессің» демей ме?
Қарайласпасақ
кісілігіміз қайсы? Мына Сапура апай мен Машаның
жағдайын
білесің ғой, пəшти қайыршы емес пе?
– Ей, милау, біздің қайыршыдан қай жеріміз артық? Маша дейді... Ол
деген
ұшығы шыққан жалап, алқаш емес пе. Соңғы баласына алимент
алайын
десе, кімнен туғанын өзі де білмейді. Аяған кісісінің түрін!..
– Мейлі... балаларына обал! – дедім міңгірлеп. Жəнияның күнге күйген
ап
- арық қос жұдырығы тас түйіліп, селк-селк етеді:
– Аллам-ау, не дейін енді. Оқтаумен бір періп ана жарты басыңды бір-
ақ
жарайын ба осы! Күйдірді-ау мынау, күйдірді-а-ау!.. – Аузы үнсіз
ашылып
, көзі алайып сəл тұрды да, шарқ етіп шалқасынан түсті. Жүрегі
əлсіз
еді байқұстың, шынымен жүріп кеткені ме?!! Балаларым зəресі
ұшып
шу ете қалды. Есім шығып, қанатын жайып қыт-қыттаған
əтештей
, шыр айналып құр жүгіре беріппін. Менен гөрі қызым естияр
екен
, жүгіріп барып бір стакан су алып келді де, аузын толтырып бетіне
бүркіп
кеп жіберді. Жəния сонда ғана есін жиды. Көзін ашып, бетімізге
аңтарыла
жағалай қарап сəл отырды да, не болғаны есіне түскендей
маған
тұра ұмтылды. Түтеп, түнерген жүзінен сескенбеу мүмкін емес
еді
– тұра қаштым. Бөлмеден бөлмеге тығып ал кеп қусын:
– Жарымес!.. қояншық!.. есуас!.. жынды!.. нақұрыс!..ауыш!..
Менің
диагнозымды бейнелейтін синонимдер аузынан автоматтың
оғындай
сақ-сақ атылған сайын қолы жарыса қимылдап, тəпішке,
бəтіңке
, оқтау, кітап... уысына іліккеннің бəрі соңымнан қуып жетіп,
бірі
жаурынымнан, бірі бөксемнен... оңды-солды сарт-сұрт төпелеп
жатыр
. Бұлтарып, бұғып, басқасы не болса ол болсын дегендей,
басымды
қорғап əлекпін. Балаларым ойын көріп мəз. Айғайлап, күліп,
бізбен
жағаласа шапқылап жүр. «О, мама біздің снайпер, дəл тигізді!»
деп
қояды. Артиллериялық ұзақ атқылаудан кейін барып əйелдің əпігі
əзер
басылғандай болды. Гаубицаның толассыз төмпештеуінен
есеңгіреп
қалдым. Жəбір көрген жетім баладай үрпиіп, бір бұрышта
жалғыз
тұрмын. Көгерген, іскен жерлерімді ауырсына сипап, əйеліме
іштей
ренжимін: «Е, Жəния-ай, сен де осындай ма едің?!. – деймін


іштей
мүжіліп. – Сол ақшасы түскір болмағанда да күнімізді көріп едік
қой
. Неге сонша тарылдың? Жоқ-жітікпен бөліскен сауап емес пе
қайта
. Мейірімді, мəрт-ақ едің, жоқшылық сенің де жүрегіңді
қарайтып
, жүнжітіп жіберген бе?!.»
Жалпы
, бізге басы артық байлық жақпай ма деп қалдым. Күндегі беті
балық
көзденген майсыз қара сорпамыз берекелі еді. Тəубамызды
қырық
қайталап, томпиған қарынымызды тыр-тыр қасығанда,
Жаратқанның
осы бергенінен артық ештеңенің керегі жоқ сияқтанып
көрінетін
. Бүгін, міне, ала дорбалармен ілесіп ала көңіл араздық үйге
бірге
кіргендей. Жаңағы екі жүз доллардың күйігінен кейін əйелімнің
қабағы
түзелмеді. Сөмкелерді аударып- төңкеріп ақтарған сайын
күңкілі
көбейіп кетті:
– Езіліп кеткен қырық жылғы құрма!.. Мынаның бəрі жылтыраған
Қытайдың
алмасы!.. Сары мейізді кісі ала ма екен, күкірттің түтініне
ысталған
, уланып өлсін деп жүрмісің!.. Қып-қызыл ақшаны ит-рəсуа
ғып
!...
Кезек
етке келді. Құйрығы қазандай Еділбай қойының омыртқаны
бойлай
қақ бөліп шабылған тұтас жарты ұшасы. Сүбесінің сөгілген
майы
шынашақ елі. «Енді не айтар екенсің?» деп, өзімше еңсемді
тіктеп
ажарланып тұр едім, одан да мін тапты:
– Иістене бастаған ба, немене? – деп еңкейе беріп танауын тыржитты.
Деуін
десе де одан ары кекжиген жоқ. Үстелдің үстіне ұзынынан салды
да
, қолындағы қайқы пышақ лыпылдап, сүйектердің жігін оп-оңай
ажыратып
, лезде мүше-мүшесімен бұтарлап тастады. «Бирюса – 6»-
ның
мардымсыз мұздатқышын қанша нығарлағанмен жартысы да
сыймады
.
– Құдай-ай, холодильникке де жарымадық-ау! – Тоңазытқышқа бір,
үстел
үстінде жайрап жатқан етке бір қарап пұшайман болған əһаял
байқұсты
аяп кеттім. Шын жаным ашып, қалай ақыл айтарымды білмей
тұр
едім, бір керемет ой кептердей қалықтап кеп көкейіме қона
қалғаны
. Дереу мойыномыртқа мен қары жілікті іліп алып, есікке
қарай
беттегем.


– Əй, қайда барасың?
Əмірлі
дауыстан еріксіз мойынымды бұрдым:
– Көрші апаға апарып берейін... Бəрібір сасып кетеді ғой...
Əйелі
түскірдің екі көзінен екі ракета атылғандай, қып-қызыл өрт лап
етті
. Қызыл жалын қазір-ақ жалмап шыжғыра жөнелетінін сезгенде,
тыпырлаған
жүрегім кеудеме сыймай, торғайдай шырылдап қоя берді:
– Əй, жарымес, біз бітеуміз бе? Қанды ішіп болды ғой мына нақұрыс.
Ажалымыздан
бұрын өлтіретін шығар! Кет, жоғал!..
Түрі
адам шошырлықтай түтеп, бақырып-шақырып жүгіріп барып
қолына
ілінген плита үстіндегі шойын сковородканы жіберіп ұрды.
Жалма
-жан бұғып, бұлтарсам да соңымнан зырқырап қуған сковородка
сұрмергеннің
оғындай құтқарған жоқ, қақ жаурынымнан тиген
соққыдан
жалп етіп етпетімнен ұштым. Бір уыс əйнектің ұнтағын
шашып
жібергендей көзімнің оты жарқ ете түсті.
– Тұр, кəне, кет!
Тұрғам
жоқ. Жəбірленіп жатырмын. Жəниядан тап мұндай қатігездікті
күткен
жоқ едім. «Сковородка отта тұрған болса ше? Бата тимесе де
қата
тиіп, өзі жарты ми, жарық басыма тисе қайтер еді?!!» Менің не
ойлағаныммен
ісі болған жоқ. Есікті теуіп ашты да:
– Кəне, аяқ-қолынан ұстаңдар, – деді зілденіп. – Қашанғы қанымызды
іше
береді, қарасын батырсын бұл жерден!
Жүрегім
дір етіп, тынысым тоқтап қалғандай болды. Балаларым қайтер
екен
деп жатырмын үміт пен күдік итжығыс. Əйтсе де шешелерінің
сөзінен
шыға алмады. Төртеуі төрт жағымнан сүйрелеп, дəлізге
шығарып
тастады. Есік сарт жабылды. Жатқан жерімнен тырп еткемін
жоқ
. Балаларымның жұлқылап қосыла сүйрелегені жаныма қатты
батты
. Бетімді басып өксіп- өксіп жібердім. Сыртта ымырт ішін тартып
үңірейіп
тұр. Жұлдызы жоқ бітеу аспан суқараңғы. Күзгі кебір
жапырақтарды
қытыр-қытыр кеміріп, асфальтті сырт-сырт ұрып суық


жаңбыр
сіркірейді. Подьездің күнқағарынан кенерлеп аққан суға шикі
еттің
күлімсі иісі шығып шырыштанған қолымды жудым. Есігі жоқ
ішке
қарай суық тартып азынаған подьездің аузында тұра-тұра бойым
тоңазып
, қалтырай бастадым. Сүт пісірімдей мезетте қатынның ашуы
тарқаған
шығар деген дəмемен үйге келдім. Қоңырауды жасқана
бастым
. Ешкім үндей қоймаған соң үсті-үстіне өршелене басқам.
Əлдене
тарс етті де, қоңыраудың үні өшті. Енді есікті жұдырығыммен
ұрғылауға
көштім. Сода да міз бақпаған соң, теріс қарап өкшеммен
теуіп
-теуіп жібердім босағаны солқылдатып.
– Аш, əйтпесе сындырамын! – дедім ызаға булығып.
– Сындыр! – деді əйел арғы жағынан шаңқылдап. – Қазір милиция
шақырам
, анада жатқан жындыханаңа қайта барасың. Қояншығы
қозып
, күнде істейтіні осы деймін. Оданда аман тұрғаныңда кет!
Антұрған
қатын милиция шақырса, пəле боп жүрер деп шынымен
қауіптене
бастағам. Шешесімен қосанжарланып кенжем Қошқарбек
кіжіне
айғай салды:
– Сендей əкенің бізге керегі жоқ, кет! Сен – жындысың!
«Кішкене ғой, шешесінің айтағымен айтып тұр» деп өзімді қанша
алдарқатқым
келсе де, жүрегім мұздап кетті. Өнебойым қалшылдап,
үн
- түнсіз шегіне бердім. Кеудемнен итерген қара дермантин есіктен
қанша
ұзасам да, қайда барсам да жаңағы дауыс құлағымда тұрып алды
ызыңдап
:
«Сендей əкенің керегі жоқ!.. керегі жоқ!..»
Почта
жəшіктерінің аузында кептелген тегін газеттерді подьездің
баспалдағына
төсеп қанша отырғаным белгісіз. Аңғал-саңғал есік-
терезеден
жел ызғып, сырттағы суықты пештің мұржасындай суырып,
қай
бұрышына тығылсаң да қамсау болар емес. Сүйегіме дейін
сықырлап
мұз боп қатып қалғандай. Бүкіл денем қоқиып, қаттырақ
қимылдасам
, опырылып түсердей. Тісім тісіме тимей сақылдап,
орнымнан
əзер көтерілдім. Көрші кемпірдің есігін қақтым амалсыз.


– Апа, менмін ғой! – деп атымды айттым, «мас боп келіп тұр» деп
ойлады
ма, ашпады. – Апа, тоңып кеттім, кішкене жылынып
алайыншы
! – «Тоңса өз үйі бар емес пе, неге бармайды» дей ме, есік
тағы
да міз бақпады. – Апа, жаңа жүз доллар беріп едім ғой,
ашыңызшы
!.. – дедім сол жақсылығымды бұлдағандай есіне сап. Берген
ақшасын
алғалы кеп тұр деді ме екен, тіптен тым-тырс. Ары қақтым,
бері
қақтым, аузы қисайған ағаш есіктің қиюы жымдасқан еріндей
жігін
жазар емес. Сірескен аяқ-қолымды роботша қозғап қайтадан
төменге
түстім. Машаның есігі шала жабулы екен. Қиюынан
қылпылдаған
ұстарадай жарық дəліздегі қараңғылықтың қарынын қақ
тіліпті
. Іштен күлкі аралас дабырлаған дауыстар естіледі. Жасқана
есікті
тықылдаттым.
– Заходи! – деді іле-шала, «кім болсаң да кіре бер» дегендей жайдары
əйел
дауысы. Ішке кіре беріп ем, жалаңаяқ, шашы дудырап, саусағының
ұшында
темекісі түтіндеп есікке қарай келе жатқан Маша құшағын
жайып
, қарсы ұмтылды:
– О, сосед! Мой благодеятель! Добрыня Никитич! Менің
жарылқаушым
!
Кел
, кел!..
Төрт
құрлықтың төліндей оң-түрі бөлек төрт бала бөлменің бір
бұрышында
үрпиіп отыр екен, маған үрке қарап, жылтыраған
мұрындарын
бір-бір тартып қойды. Ас үйдегі үстелді ортаға алып екі
еркек
, екі əйел отыр. Шалабурыл. Қауқылдасып қарсы алды. Көк түтін
көз
ашытады. Жыбырлап түйдек-түйдек будақтаған көк мұнардан
қарсыдағы
адамның бет-жүзі бұлаңытып əзер көрінеді. Жүз доллардың
төбесіне
су құйылса керек, үстел үсті сіресіп тұр: колбаса, сардельки,
скумбрияның
аузын бақадай ашқан екі қалбыры, майшабақ, тұздалған
қияр
... Əрине, арақ-шарап екібастан. «Жигулевское» мен «Роял» қақ
ортада
бой таластырып тұр.
Үйге
кірген соң да көпке дейін денемнің дірілі басылмады.
– Түу, көрші, қай жердегі мұздатқыштан шыққансың, қатқан
балықтайсың
ғой өзің! – деп Маша тар жерде тақаса берген жалаңаш
иығын
тітіркене тартып алды.


«Таныстық үшін»-мен сыңғыр-сыңғыр бүйір қағыстырған
рюмкалардың
əлденешеуінің аяғы аспаннан келді. Бітік көз, жуантық
сары
еркек ықылық атып тез мас болды. Ұзын, сабалақ шашы жайылып,
үстел
шетіне сүйеніп жатып қалды. Ұрты суалған ашаң жігіт əлі тың.
Ішкен
сайын қанын ішіне тартып, бетінің қожыр сепкілі айқындалып,
өңі
бозара түседі екен. Өрге салсаң, төске озған нағыз дүлдүлдің өзі-ау
тегі
. «Киров» заводында істепті, бесінші разрядті токарь. Қазір завод
жабылған
, жұмыссыз. Іші қан жылап ұрынарға қара таппай шабынып
отыр
.
– ... этим дундукам- калбитам дали свободу и что получилось? Все
разбомбили
... хрен будет самостоятельной страной! – деп жұдырығын
екінші
қолының уысына сарт сүңгітіп білегін саптады. – Какая им
техника
, пусть баранов своих пасут! На заводе только парторг был
казахом
и то был фронтовиком-инвалидом. Остальние мамбеты
мыкались
подсобниками, тачку таскали. В декабре 86-го, блин, как мы
их
шугали арматурой!..
– Весь сыр-бор с них начался! Несчастные «декабристы»!.. – деді балық
көзденіп
қалғып-шұлғып отырған шеткі қатын селк етіп оянғандай
бойын
тіктеп. – Меченная сука раскачал лодку. И тот бес поганный еще
хлеще
, развалил всю страну. Ех, какая была империя!.. Теперь сиди и
кусай
свой локоть!
Маспен
мас болмайын деп қанша сабыр сақтасам да запыраным
көтеріліп
, қызынып кеттім:
– Ей, друзья, если вам здесь так уж плохо, почему бы вам шмотки не
собрать
и не переехать в Россию? Матушка – Русь всегда своих
обездоленных
детей приветит и обласкает...
Біз
сөйлеген сайын, пəленің алдын алайын дегендей, Маша байқұс:
– Кончай политклуб! – деп үстелді жұдырығымен сарт еткізіп,
орнынан
ұшып-ұшып тұрады. Бірақ онысын құлаққа іліп жатқан ешкім
жоқ
. Сепкіл сары менің сөзіме бұқа көзденіп қабақ астынан сүзе
қарады
:


– Почему мы должны шмотки собирать? Мы на своей земле. Где
русский
мужик, там – Россия!
– Да, это наш город Верный! – Жаңағы кеспелтек семіз қатын тағы
суланған
домбыл езуін қайшылап құйысқанға қыстырылды, – Наши
предки
построили форпост Верный...
– Кстатьи, – деді жігіт тырнағының түбінен кесілген молақ
сұқсаусағын
шошайтып. Шегенің басындай тесірейген кішкентай көк
көздері
сондай бір шабытпен ұшқындап кетті. – При Колпаковском во
всех
парках и скверах были таблички с надписью: «Собакам и киргизам
вход
запрещен!»
– Сука! – Қалай ақырып орнымнан атып тұрғанымды білгемін жоқ. –
Теперь
я запрещаю ходить на своей земле поганным собакам как вы! –
«Роялдың» қылмойынынан қылғындырып ұстадым да, түбін үстелдің
қырына
бір періп сындырып, тұра ұмтылдым. Езуінен селедьканың
майы
ағып малжаңдап отырған кеспелтек қатын:
– Мама! – деп баж етіп үстелдің астына зып берді. Бүкіл орыстың
жыртысын
жыртып гүжілдеп отырған патриотқа да жан керек екен,
қарғып
тұрып:
– Ты че, ты че!?. – деп, екі қолын көтеріп, есікке қарай арқасымен
шегіне
берді. Бақырып кеп Маша мойыныма асылып алды:
– Не надо, Тольян! Успокойся, прощу тебя...
Қайтып
үстелге барғамын жоқ. Қолымдағы шөлмектің сынығын
қоқысқа
тастай салдым да, бөлменің түкпіріндегі диванға кеп жантая
кеттім
. Талай сойқанды көріп жүрегі шайлығып қалған сəбилер маған
үдірейе
қарап, бір- біріне тығыла түсті. Ас үй жақтағы үш қатынның
сыбыр
-күбірі құлағыма кіріп-шығып жатқан жоқ, ойым ойран-ботқа.
Бұрын
естіп-көріп куə боп жүрсем де байыбына бармаған нəрсенің
бойын
енді танығандай таңырқап отырмын. «Өле жатқан алқашына
дейін
пиғылы мынау, басқаларына не жорық. Бұлар жақынға жатбауыр,
балам
, ұрпағым деп емешегі үзілмейді, ата-анаға қайрылмайды,
қатігез
, мейірімсіз, томырық, лас... бірақ Отан, Россия десе, қылша
мойынын
қылшылдаған балтаға төсеуге əзір. Көзі үңірейіп аш отырса
да
, аузы сасып батпаққа аунап жатса да Əлеммен алысады, Россияның
намысы
деп кіжінеді. Орыс мұжығына теңдік, əділет, демократия керек
емес
, жапырып-жайпап бəріне үстемдік етсем дейді. Өзі Құл болса да,


басқаны
өзіне құл еткісі кеп тұрады. Ал, біз ше? Неге елім, қазағым деп
өзеуремейміз
өліп-өшіп? Ойлайтынымыз – өз бала-шағамыздың қамы,
отбасы
, қора-қотанның күйбеңі. Одан арғыға көңілімізде алаң жоқ.
«Тəңір асыраған тоқтысын бөрі жемейді», «Көппен көрген ұлы той»,
«Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді», «Иттің иесі болса, түлкінің
тəңірісі
бар...» деп сақалы беліне түспек түгілі аяғына оратылып,
баяғыда
-ақ алжып кеткен қайдағы бір қыртымбай мəтелмен өзімізді
алдарқатып
, бəрін бір Құдайға тапсырып қойғанбыз. Өзіміз ештеңе
істегіміз
келмейді. Неге біз осынша бейғам, бойкүйезбіз? Қашан
мəңгілік
ұйқымыздан оянамыз, қашан?!!»
Суықтан
дірдектеп кеп жөпелдете тастап-тастап жіберген екі-үш
рюмка
буыныма түсті ме, бойым жылып маужырай бастағанмын.
Қазақты
оятам деп кіжініп отырып, өзім қалғып кетіппін. Бір уақытта
жүрегім
лоқсып оянсам, таң атыпты, мұрынымды асап алардай аузын
аңқайта
ашып Маша жатыр қасымда қор-қор етіп. Демінен божыған
тамақ
пен арақ, темекінің қойыртпақ иісі мүңкіп қолқа атады. Үсті
ашық
-шашық. «Не істеп қойдым?» дегендей зəрем ұшып, орнымнан
атып
тұрдым. Жайлап басып, беті-қолымды шайдым да сыртқа шығып
кеттім
.
"Бас құда" медалі
Түнгі
жаңбырдан кейінгі ауа шыңылтыр, салқын. Сарайым ашылып, тез
сергігенмен
денем құсеттеніп тоңази бастадым. «Енді не істеймін,
қайда
барамын?» Басым əңкі-тəңкі. Түзу бір ақыл қонақтар емес. Үйге
аяқ
басқым келмейді. Кенже ұлымның кешегі сөзі құлағымда ызыңдап
тұрып
алды:
«Сендей əкенің керегі жоқ...кет...» Кіжінген шіңкілдек дауысы
кеудемнен
қос қолдап итергендей. Атадан қу жалғызбын, елде де,
Алматыда
да етжақыным жоқ. Жора-жолдастарды сағалағанмен, «арық
атқа
қамшы ауыр», қайсысы қазір қонақ күтер халде? Ары ойлап, бері
толғап
, Тəукебайға көңілім тоқтады. Қаладан таяқ тастам жердегі
бұрынғы
«Мичурин» колхозында екі қабатты үйі бар. Қазіргінің
ылпың
-жылпың тірлігіне бейім. Ішегі майлы майлы. Бір еркелігімді
көтерсе
, сол көтереді. Баяғыда «Нархозда» бірге оқығанбыз. Екі жылдай


бір
бөлмеде жатқанбыз. Өлең жазатын ұшынбасы бар, қиялилау жігіт
екен
. «Капитал», «Сопроматтарға» əкесі қалыңмалын төлеп алып
берген
сүймейтін қатындай сүлесоқ қарайтын. Серілігі көп, əуейілеу.
Сол
кездегі атағы дүрілдеп тұрған Оралхан, Сағат дейтін жас
перілермен
əмпəй, ауылынан терісімен бітеу үйтілген қой, соғым
əкеліп
, аш өзек «классиктердің» аузын майлаған. Өлермен, пысық.
Өлең
, əңгімелері «Лениншіл жаста» жарысып шығып жататын. Ақыры
екінші
курсты бітірместен «КазГУ»-ге ұзатылып тынды. Недегенмен
əдебиеттің
табалдырығын оң аяғымен аттаған жігіт. Ана заманда да,
мына
заманда да тасы өрге домалаған санаулы саңлақтардың бірі.
Қалай
жазатынына сын айтушылар табылар, бірақ нені жазуды біледі.
Жазғанда
да қаламының ұшын белуардан алтын шығатын жерге
қадайды
. «Бүгінгінің Мұсасы» деген дастан жазып, Астанадан төрт
бөлмелі
пəтер алды. «Киелім» повесі үшін өткен жылы елді айғайлатып
жүріп
, Мемлекеттік сыйлықты қанжығасына байлаған. «Ойнапсың,
бала
, қызыл арақпен» дегендей, енді біздің Тəукеңмен иық тірестіріп
көр
. Анада қалғымайтын мекеменің қырандары үйге тінту жасардың
алдында
, осы менің жаман жүргім кейде бірдеңені сезеді,
қолжазбаларымның
бір-бір данасын соның үйіне апарып тастағанмын.
Жаман
айтпай жақсы жоқ, өзіңе аманат дегенмін. Содан бері ықыласы
ерек
. Хал-жайымды жиі сұрап тұрады. Бір жолы: «Ана романың
бойынша
пьеса жазсам қайтеді?» деген. «Жаза бер, кəдеңе асса болды»
дедім
. Пьеса жазған жоқ, есесіне роман жазыпты, «Ай жылаған түн»
дейтін
. Жарты жыл болды басылып шыққанына. «Жуғаным» деп
ресторанға
шақырып, шапан кигізіп, қатты жылпылдап кетіп еді,
қарасам
– əр бетінен өз шығармамның ізін таныдым. Тарау-тарауымен
бітеу
жүр. Уытты, өткір тұстарын ғана сылып тастаған. Əлеуметтік
қышқылы
болмаса да, оқиғасы, алуантүрлі мінездерді қалыптаған
бедерлі
, көркем кестесімен еліктіріп отыратын тəп-тəуір кітап болып
шығыпты
. Жарты жылдан бері газет-журналдарда дүңкілдетіп
мақтаған
талай мақала жарық көрді. Кейде ішім удай ашып ызадан
күйіп
- пысам, бір ауық: «бəрібір мен жазған дүниенің бір пұшпағын
мақтап
жатыр ғой!..» деп ризашылықпен көңіл бірлеп те қоятынмын.
Қалай
дегенмен, мойнында қылшылбырым бар шірімейтін. Бір
базынамды
көтеретінін білемін. Сол сенімнің жетегімен «Тəукебайым,


қайдасың
» деп тартып отырдым. Обалы нешік, қауқылдап жаны
қалмады
. Тек бөшкедей күмпиген сары қатынның қабағы аздап
кіржиіңкі
. Құдайекең де қызық-ау, кейде аңқылдаған жігіттің төресіне
қабағы
ескі етіктің қонышындай қыржиған осындай қырыс қатынды
қайдан
тауып қоса қояды екен? Үстімдегі өңі тозған ескі, əрі түні бойы
тар
диванда аунақшып ұйпа-тұйпасы шыққан киіміме алакөздене
қарап
қояды. Əйелінің мінезіне сыралғы Тəукебай, бір пəле шығып
кетпесін
дей ме, қалбақ қағып бəйек. Құдды бір тауарын мақтаған
саудагер
секілді:
– Сақыш-ау, бұл деген классик қой, классик. Ендігінің Айтматовы
осы
!..
Сақыш
, бірақ селт еткен жоқ. Болса қайтейін деді ме, əлде төрінде
талай
«классикті» көріп көзқашты болған ба, сары бөшке қырын қараған күйі
шайын
пыс-пыс сораптап отыра берді. «Қайран Шыңғыс көкем-ай,
көрінген
қырттың қанжығасына бөктеріліп қор болдың-ау!» дей ме
екен
ішінен?
Алай
де, бұлай де, Тəукебайым жөннен жығылмай, сый қылса сыпыра
қылатын
жігіттің сырбазы екен. Қараша басымды ханға балап,
сиапатқа
бөктіріп тастады мүлдем.
– Төкесі, «байға тай мінсе де жарасады», əрине. Бірақ үйге кеп қалған
соң
, сізге бір кəде жасайын! – деп, қолымнан сүйрегендей ғып, супер
маркетке
алып барды. – Сіз – елдің көз алдындағы адамсыз, əдебиеттің
жас
перісі деп қарайды. Соған лайықты киінуіңіз керек!
Тыпырлап
, қарсыласқаныма қарамай, басымнан бақайыма дейін шыт-
жаңа
ғып киіндірді. Дүкеннен тойға баратын лордтың киімін
жарнамалаған
манекендей шытырлап шықтым. «Адам көркі –
шүберек
» деген осы-ау. Кісі бойы айнаға бір қарағанда, өзімді танымай
қап
, алдымдағы сықиған сырбаз серіге жасқана «Ас-салаумағалей-
кум
!» дей жаздауға дəс қалғаным. Қабат сайын қарсым да, қапталым да
қаптаған
айна, қараған сайын өзімді танымай шатаса бердім: біресе,
қарсы
алдымда Дэниэл Рэдклифф екпіндей басып келе жатады; біресе
Брэк
Питт қатарласа адымдайды... Киінсек, біз де ешкімнен кем емес


екенбіз
ғой. Баяғыдағы қыртып отыратын шалдардың сөзі есіме түсіп:
«əлі де бір қызды қартайтатындай екенбіз ғой!» деп ішімнен қутыңдап
қойдым
. Тəукебай қой сойып, қолы ұсынықты, ыспор бір дұнған
жігітіне
шашлық жасатып, қуырдақ əзірлетті. Ас қамдалғанша арша
мен
қайыңның тозын жағып бұлауын баптаған саунаға түстік. Еменнің
жапырағымен
шабынып, қырық жылғы күсімнен арылып, қабығын
сыдырған
жыландай, бойым жеңілдеп балбырап шықтым. Көбігі
қырғыздың
ақ қалпағындай қоқырайған тобылғы торы сыраны толғай
жұтып
қойып, Алатаудың бөктерінен лекіген торғын самалға кеудеңді
тосып
отырғанда, ұжмаққа кім барып көрген, əй, пəлі, сол ұжмақтың
төрі
де осындай болмас-ау! Кешке қарай маңайдағы көрші-қолаңды
шақырып
, кіші-гірім толқал түсірген тойдай көл-көсір дастархан
жасады
. Құрмет-хошаметтің бəрі маған. Бас та менікі, бата да менікі.
Тəукең
майын тамызып мақтаған сайын аңқау қазакем маған қарайды
ауыздарына
апорт сыйып кететіндей аңырайып. «Апырай, бұрын неғып
білмей
келгенбіз мұндай данышпанды!» дегендей бəрі таң-тамаша.
Тəукебайдың
дем беруімен менің «кереметтігіме» сеніп қалған жұрт
қыза
- қыза менімен дəмдес боп отырғанына өздерін «сонша бақытты
санайтынын
» қызыл сөзбен көмкеріп, жамбасыма көпшікті қос
қабаттап
қоя бастады. Алғашында қытықты жерімнен түрткендей
ыңғайсызданып
қызарақтағанмен, бірте-бірте етім үйреніп, буыныма
түскен
сиқырлы сөзге жаным сүйсініп, тағы да мақтай түссе екен деп
одырайып
отырдым.
Төрде
отырғандардың көбінің төсінде медаль жарқырайды, шетінен
дəл
бір ауылшаруашылық көрмесінен алтын алқа алған асыл тұқымды
қошқарлар
секілді мұрынын көтерген маңғаз. Қозғалған сайын шам
жарығына
жалт- жұлт құбылып көз арбайды. Оң қапталымда тізе
түйістіре
жайғасқан егделеу, бұжыр бет, төртпақ қара кісі ұзақ сөйлеп,
сонда
да ілтифатымды сөзбен ойдағыдай жеткізе алмадым деп көңілі
қоңылтақсыды
білем:
– Қарағым, мынау жақында Шымгентке барғанда алғаным еді.
Көзімдей
көріп жүріңіз! – деп медалын ағытып өңіріме тақты. «Бас
құда
» деген медаль екен. Төсімде əзірге бос орын тұрғанда үлгіріп
қалайын
дегендей, босаға жақта отырған орақ тұмсық, жұқалтым қара


жігіт
жаныма жылдам келіп, үлкен қара портфелінен шынжыр баулы
алақандай
алқаны суырып алды да, басынан асыра жоғары көтерді:
– Бұл – «Төлеу ата» медалі! Сізді бабамыздың аруағы жебеп жүрсін,
аға
!
– Əй, сендер осыны қаншадан сатып жүрсіңдер? – деді бір
ожыраңдаған
дауыс топ ішінен. Жігіт дік ете түсті:
– Сатса несі бар екен? Шығынды өтеу керек қой. Қазір тегін нəрсе
болушы
ма еді. Осындай сыйлы, үлкен атағы бар кісілерге құрметтеп
береміз
. Басқалар алам десе, пажалыста, он мың теңгеден!..
Тойға
ауыл əкімі де келген. Ыстық күнде галстук тағып қылғынып
отырған
дембелше сары қызып кетті білем:
– Əй, Сафура! – деп, есік жаққа қарай қолын созып, шығырынан
шымшып
ұстаған кілтті шылдырлатты. – Сейфтегі сары пəпкемді əкеле
қойшы
!
Сары
келіншек лып етіп шыға жөнелген. Баруынан келуі тез болды.
Əкім
сол жерде куəлікке қол қойып, ауылдың «Құрметті азаматы»
белгісін
төсіме тақты:
– Сіздей адамның аулымыздың құрметті азаматы болуы біз үшін зор
мəртəба
!..
Баяғыда
біздің ауылда соғыстан кəнтөжін боп келген Аймағамбет
дейтін
шал болушы еді. Мейрам күндері өзінің орден-медалімен қоса
кемпірінің
"Мать геориня" алқасы, баласының ГТО значогіне дейін
тағып
ап, кителін көтере алмай қисалаңдап келе жататын. Міне, мен де
Аймағамбет
боп шыға келдім екі өңірім жарқырап.
Он
күндей жаттым. Күнде дыр-ду, хошамет. Адам сыйлағанның құлы
деген
осы-ау. Əуелгіде орайы келгенде айтып қалуға оқталып, қолды
болған
романымның ренішін бір бүйірімде бұлтитып жүр едім,
мынандай
сый- сиапаттан кейін ол туралы ойлаудың өзінен жүзің
жанып
ұялады екенсің. Бір күні түске қарай сыртта біраз тоқ басып
қайтқам
. Есікке тақай бергенде іштен «сары бөшкенің» күңгір-күңгір


қатты
шыққан дауысын естіп, тұтқаға созған қолымды тартып ала
қойдым
.
– ... мынауың қаңғып жүрген қайыршы ма, қашанғы жата береді?
Басынан
аяғына дейін киіндіргенің аздай, енді күтіп-бағуын да
мойынымызға
аламыз ба, əлде бала ғып асырап алайын деп пе ең?
– Сақыш-ау, бір жылға қоянның терісі де шыдайды ғой...
– Немене, бір жыл тұра ма?!.
– Жоға, өзі кетем дегенше, біраз күн тұра тұрсын. Түсінесің бе, ол –
классик
қой!..
– Білем сенің классигіңді. Көзінше бəрін классик дейсің, былай шыға
бере
өзіңнен басқа классик жоқ. Алқаштарыңнан шаршап біттім.
Кешке
дейін отпен кіріп, күлмен шығып, баптарыңды жасайтын
малайларың
емеспін. Кетсін!
– Ойбай, айғайлама, естіп қойса, ұят болады!
– Ести берсін. Қазір келсінші, өзім-ақ айтамын. Бетмоншағың үзіліп
сен
-ақ жақсы аттан!..
Аяғымды
ұшымен басып, шегіншектей бердім...
Алаш
қызы
Еш
шаруам жоқ болса да, екі - үш күнде жазушылар одағына бір соғып
кету
– əдетім. Бірде Əбілмəжін ағамен жолығып қалдым. Тобығына дейін
төгілген
ақ Үміт көйлектің сыртында қынама бел көк камзол, басында
кимешек
– мұсылманша малынып киінген бір əйел адаммен сөйлесіп
тұр
екен. Мені көре салысымен қолын бұлғады:
– Əй, балам, бері кел!
Рафиха
апайды тани кеттім. Белгілі əнші əрі ғалым. Ілгеріректе
телевизордан
«Сыр пернесі» дейтін халық өнерін насихаттайтын елге
танымал
хабар жүргізетін.


– Өткендегі кітаптің авторы – осы жігіт, – деді Əбілмəжін аға екеумізді
бір
- бірімізбен таныстырып.
– Ой, айналайын! – Апай қолын беріп, арқамнан қақты. – Осы уақытқа
дейін
көрінбей-білінбей қайда жүрген адамсың? Не де болса, айды
аспанға
бір-ақ шығарыпсың, қарағым!
Біраз
сөйлескеннен кейін:
– Асығыс болмасаң, жүр, үйге барып кең отырып əңгімелесейік. Такси
ұста
, – деді.
ЦУМ
-ның іргесінде тұрады екен. Есікті талдырмаш, аққұба бойжеткен
ашты
. Үркектеген еліктей қос жанары мөлдіреген, керме қас, бет
біткеннің
бəдендісі. Ол да қарады, мен де қарадым. Бұл неғылған адам
деп
таңырқады ма, білмедім, мен алдымнан бір ғажайып сурет жарқ ете
түскендей
көз айыра алмай қалдым.
– Балам-ау, кісі көрмегендей неғып тұсың? Ағаңа тəпішке берсеңші.
Шешесінің
дауысынан селт еткен қыз жалма-жан аяқкиім сөресіне
еңкейе
бергенде мен де қиялап бара жатқан қиялымның тізгінін тартып
ала
қойдым.
Қара
пианиноның үстінде сүйеулі тұрған алтын жақтаулы, кереқұлаш
үлкен
сурет көзіме оттай басылды. Ахмет пен Əлихан бастаған Алаш
серкелерінің
суреті. 1913-жылы Орынборда түскен. Іркіліп тұрып
қалып
едім, апай жаныма келіп:
– Мынау біздің əкей болады! – деп, орта тұстағы екінші қатарда тұрған
тақиялы
, қоңқақ танау жігітті көрсетті.
– Оһо, нағыз алашорданың ұрпағы екенсіз ғой!
– Болғанымды қайтейін, күні- кешеге дейін əкемнің атын атай алмай,
басқа
фамилияда жүрдім ғой ішіме шер толып, шемен қатып. Е,
қарағым
, мына жұмыр бас не көрмеді, мен айтпай-ақ қояйын, сен
естімей
-ақ қой... Əй, Үмітжан, бері келші, – деп, қызын шақырып алды.
– Мына жігіт – өткенде өзің үш күн бойы бас алмай оқыған кітапті
жазған
ағаң.


Бойжеткеннің
жəудіреген қара көздері жарқ етіп ұшқын атып қоя берді.
Іле
тереңге жасырған əлдебір құпиясын ашып алғандай екі беті ду
қызарып
, жасын ойнаған жанарын қалың кірпігімен қамалап жасыра
қойды
.
– Үмітім менің ақ ботам ғой, көзімнің қарашығы! Үш ұлдан кейін
сағынтып
туған жалғыз қызым. Консерваторияның төртінші курсында
оқиды
, форепиано класында. Жақында Будапештегі Халықаралық
конкурста
екінші орын алды... – деп тізбелей беріп еді, Үміт мысқылдай
күліп
киіп кетті:
– Иə, тағы не қалды? Комсомолка, спортсменка... мамам қызық осы,
бəрін
айтып сап қарап отырады, кейінге де сөз қалдырсаңшы...
– Иə, иə, спортпен де айналысады, гимнастикадан да разряды бар... ой,
комсомолыңды
айтпа, аты өшкірдің!..
– Ой, айттым ғой, міне... Қойшы енді!
– Жарайды, саған мақтасақ та жақпаймыз! – деді апай қолын сілтеп. –
Бар
, шайыңды қамдай бер... Кəрі атан жасқаншақ болады, кəрі адам
мақтаншық
болады, сөкпе, қалқам. Біз – Сөзді кие тұтқан əулетпіз.
Алаш
Сөзін бесігімізде бойымызға сіңіріп, ана сүтімен бірге
ауыздандық
. Қызыл өкімет малымызды – барымызды сыпырып алса да,
көкірегіміздегі
Сөзді тартып ала алған жоқ. Сапарғали ақсақал Ілиястің
«Құлагерін» жастыққа жасырып сақтап қалса, мен Алаштың Сөзін
көкірегімде
сақтадым. Міржақып пен Мағжанның бүкіл өлеңін жатқа
білдім
. Мағжанның бір томдығына қаншама толықтырулар мен
түзетулер
енгіздім. Көп өлеңдерін мен айтып бердім. Алаштың Сөзі
түгілі
атын атауға болмайтын кезде мен əнін айттым, байырғы
музыкасын
зерттеп, докторлық қорғадым. Алысып жүріп
телевидениеден
халық əнін насихаттайтын «Гəкку» хабарын аштым.
Бар
қолымнан келгені сол болды...
Сөзді
есіктен сығалаған Үміт бұзып жіберді:
– Мама, шай дайын.
Дастархан
басында да «Алаш», «Қазақ» дегеннен жаңылған жоқ апай.


– Кəне, Алматыда туып, Алматының қақ ортасында тұрып қай
қазақтың
баласы қазақша сөйлейді, айтшы? Бəрі бəлду-бəлду, қара
орыс
. Менің балама қарашы, орысша оқыса да қазақшаға судай. «Батыр
Баян
» мен «Қойлыбайдың қиясындағыны» жатқа айтады!
– Қойшы, мама! – деді шай құйып отырған Үміт қызарақтап. –
Қазақтың
қазақша сөйлегені өнер болып па!
– Пəлі, баламысың деген. Бүгінгі зарымыздың үлкені сол болып
отырған
жоқ па! Ұлттың тірегінен айрылып қалдық. Сондықтан да
болашағымыз
бұлыңғыр. Бұрын бəрін орысқа, Совет өкіметіне жабушы
едік
, енді кімнен көреміз? Өз қағынан жерінетіндей не көрінді бұл
қазаққа
, түсінбеймін... Кешір, айналайын, сапылдап саған шай
ішкізбедім
ғой...
– Маманың отырған жері осы, – деді Үміт маған қарай ұяла жымиып. –
Дастарханның
басын да аудиторияға айналдырып жібереді. «Қазақ,
қазақ
» деп аузынан тастамайды, онысын қазақ керек қып жатқандай!
– Оның рас, – деді апай шарасыздана басын изеп. – Қазіргілерге
ақшадан
басқа дəнеңе керек болмай қалды ғой!..
Дастархан
жиналды. Үшеуміз қайтадан кең залға көштік.
– Үмітжан, сүйемелдеп жіберші, қонақ кəде болсын, бір-екі əн айтып
берейін
.
Апай
ақ жүзі кілт жадырап, ажарланып шыға келді. Пианиноның
жақтауына
сол қолымен сүйеніп, бойын тіктеп тұра қалды. Иегін алға
созып
, жанары тұнжырай алысқа қадалып, мүлдем бір басқа əлемге
еніп
кеткендей. Көл шайқалғандай шалқып-төгіліп шалықтаған аккорд
бəсең
-бəсең мамырлап мұңлы күбірге ауысқанда, «Жел соқ-са...» деп
«Япурайды» сызылта жөнелді. Əлі сыңғырынан айрылмаған бапты,
сұлу
дауыс. Зор болмаса да қоңыр- барқын, ішке түсіп елітіп, елжіретіп
барады
. Тəтті мұңмен тербеліп, өксіген көкірегім ала-құйын. «Майда
қоңырды
» Үміт екеуі қосылып айтты. Үміттің дауысы сəл қоюлау,
тереңнен
шымырлай көтеріліп, назды, ерке леппен есіле шалқиды екен.
Қос
дауыс қанаттаса қалықтап, сыңғырлы, сырлы дүниенің тұңғиығына
тарта
жөнелді. Көңілім толқып, көзіме жас үйірілді. «Шіркін-ай,


осындай
асылды қандай ақшаңа сатып ала аласың? Шынымен осының
бəрінен
айрылғанымыз ба?!!»
– Бəрі өлсе де, қазақтың əні өлмес! – дедім күрсініп.
– Қазақтың өзі өлсе, əні кімге дəрі! – Апай тұнжырап, жанарын əлдебір
алыс
нүктеге қадады.
– Түңілмейік, апай, – дедім өз сөзіме өзім сенімсіз болсам да дəткеқуат
үшін
. – «Бұдан да жаман күнде тойға барғамыз» демей ме атам қазақ.
– Атаңызды құртқан сол мақал мен бойкүйездік қой. Мен заманның
сұрынан
шындап қорқа бастадым. Күнкөрістен басқаға алаңы жоқ,
өлмес
тірлігін күйттеген өңкей құлдар мен қайыршыларға тіл мен
діннің
, музаның, отан, ұлт, бостандықтың керегі не? Жоқшылықтан
ыңыршағы
айналып, əділетсіздік пен қорлықтан əбден титықтаған
халық
қазірден-ақ «бүйткен егемендігі бар болсын!» дейтін болды. Осы
күнге
жеткізген кім? Бардың бəрін ойрандадық. Колхоз-совхоз, завод-
фабрикамызды
қираттық. Ең аяғы сіріңке шығармаймыз. Ғылым керек
жоқ
деп, Академияны тараттық, кітапханаларды жаптық. Артист-
əншінің
асқаны – тамада, одан қалғаны базар жағалап сенделіп
жүр
...Жеткен жетістігіміз қайсы? «Саиндағы» сайқалдар мен
«Сейфуллиндегі» құлдар «көрмесі» ме? Оларға биік идеалдың, тілдің,
намыстың
... көк тиынға керегі жоқ. Жейтін нан, киетін көйлек болса
болды
, бес-ақ тиынға бəрін сата салады... Ішімізде Гер – ағаң, Əбекең
бар
, еріккен оншақты шал-кемпір күнде кешкілік «Шоқанның»
жанына
жиналып, əңгіме-дүкен құрамыз. Өреміз жеткенше əрнəрсенің
басын
шаламыз. Сенің қолжазбаңды мың жасағыр Əбекеңнен алып,
бəріміз
оқып шықтық. Біздің көкейіміздегі қыжылды дөп басыпсың.
Шіркін
-ай, осының бəрін жазатын бір қазақ шығар ма екен деп жүруші
едім
. Өркенің өссін, қарағым!..
Апай
сөйлеген сайын байып, бір төбеге көтерілгендей биіктей түстім.
Күндегі
иттірліктің азабы ұмыт болып, «Құдай-ау, осындай бір ауыз
жылы
сөзді есту үшін-ақ өмір сүруге болады екен ғой!» деймін ішімнен
елжіреп
.
Ымырт
үйірілді. Кетуге ыңғайланып, апаймен қоштастым. Үміт есік
алдына
ере шықты. Қоштасарда қолын берді. Сүйріктей жұп-жұмсақ
саусақтарын
уысыма ұзағырақ ұстап қалып едім, тартып алуға асыққан


жоқ
. Басын бір жағына қисайтып, бетіме жəудірей қарайды. Қылымсуы
жоқ
, сəбидей аңғал, тұп-тұнық таза жанар. Ыстық саусақтар оқыс дір
еткендей
бүлк-бүлк шерткілеп уысымнан сусып түсті. Қолының
ыстығы
бəрібір алақанымда қалып қойды. Өз-өзімнен өрекпіп, жүрегім
лүпіл
қағып қоя берсін. Күйіп-жанған алақанымды бетіме бастым,
ерніме
тосып өптім, жұпардай нəзік иіс мұрыныма келгендей. Бойым
бір
ысып, бір суып, қуаныш пен қорқыныш итжығыс түскендей
арпалысқан
бір хал. Баяғыда ұмыт болған əлдебір тентек сезім оянып,
кеуде
түрткендей ме-ау, соның өзін ойлаудан үрейленіп: «қой-ей, «көк
дөнен
», ендігіңе не жорық» дегендей шаужай тартып əлекпін.
Дөйшенқұл
Алақұйын
сезімнің қақпақылында қаңғалақтап келе жатып, сіркіреген
жауын
астында үсті-басымның су болғанын да аңғармаппын.
«Мичуриннен» оралғалы вокзал маңындағы гүлзарда түнеп жүргенмін.
Шеттегі
қалың бұтаның арасынан өзіме «прописка» жасап, орын
сайлап
алғанмын. Тоңазытқыштың картон қорабына еңбектеп кіріп,
еркін
созылып жатамын. Түнгі салқында əжептəуір қамсау болатын.
«Өлмегенге өлі балық» бұйыртқан Тəңірдің бұл кеңшілігіне де көңілім
раушан
еді. Күні бойы сіркіреген ақжауыннан езіліп, ақсарайдай «боз
үйімнің
» шаңырағы ортасына түсіпті. Амалсыз вокзалға кіріп бой
жылытпақ
ем, милициясы түскір маза берсеші жылтыңдап. Бетімде
сезікті
бірдеңе жазулы тұр ма, қайта-қайта айналсоқтап: «қайда
барасыз
?.. поезіңіз қашан?.. билетіңіз кəне?..» деп қадалып сұрайды.
Жарты
ми болсам да, кеуек бас бір қызыл жағаны алдауға жетер
қулығым
бар, таблоға қарап ап, əртүрлі сылтау айтып мəзгасын
майыстырып
жіберемін. Қырсыққанда, түнгі он бір мен таңғы алтыға
дейін
ешқандай поезд жүрмейді екен. Екі аралықта күту залын жауып
тастайтын
көрінеді. Əртұста үрпиген оншақты-ақ адам едік, он бірге
қарай
қойдай топырлатып бəрімізді залдан айдап шықты.
Сыртта
мойындарына табличка іліп алып, есікке ентелеген төрт-бес
əйел
:
«Сағаттап, тəуліктеп пəтер тапсырамыз» деп қақсап тұр. Біреуінен
жамбасақысын
сұрап едім, аспандағы бағаны айтты. «Қыз да бар!» деп


құлағыма
сыбырлады.
Бір
үдеп, бір саябырлап толассыз сорғалаған жаңбыр басылар емес. Су
киім
сыртқа шыққан соң одан сайын суық тартып, денемді
қаңылтырдай
қарып барады. Барар жер, басар тауым жоқ, бет ауған
жаққа
қаңғалақтап келемін. Жаңбыр сабалап кеткен соң, жол
бойындағы
етікші дүңгіршегінің қалқасына бүрсеңдеп кеп ықтадым.
Маңдайшасында
шам жанып тұр. Тісім-тісіме тимей сақ-сақ етеді.
Терезені
қағып, іштен біреу қолын бұлғады. Бүйірдегі ашылған есіктің
сықырымен
жарыса жуан дауыс гүж етті:
– Гелің, байке. Мұсылман балашы екенсің, кірің!
Босағадан
жуан қарын, төртпақ, қара жігіт қарсы алды. Дүңгіршектің
іші
ұядай екен. Жып-жылы құшақтай бауырына баса қойды. Су иесі
Сүлеймендей
, балақ-жеңімнен су тамшылап, қалш-қалш еткен түрімді
көрген
қайрымды жігіт артық сөзге келмей апыл-ғұпыл электр
шəугімін
токқа қосты.
– Байке, көйлек-шалбарыңды шешің, машны киіп ал, – деп шегеде
ілулі
тұрған ұзын, көк халатын берді. Киімдерімді сығып, жаям
дегенше
, жылтыр шəугім де қақала-шашала ысқырып-ысқырып
жіберді
. Дүниеде тоңып отырып, ыстық шайды ерніңді күйдіре
сораптағаннан
артық рахат бар ма екен! Ысты қалайы күрешкені
уысыма
қыса түсіп, ернеуіне тісім сақ-сақ тиіп құныға құныға қылқ-
қылқ
ұрттаймын қою қара шайды. Бойым жылып, жан шақырған бір
сəтте
ғана жігіт жөн сұрауға көшті:
– Иə, Байке, түн ортасында адасып, бұл жақта неғып жүрсің?
Мен
жəй-жапсарымды айттым. Жайсаң жігіттің есімі Дөйшенқұл екен.
Оштан
келіпті, етікші. Өз өтірігіме өзімді сендіріп, Шықаңның белгісіз
романын
аударғанымды айтып едім, құл болып тіптен құлап түсті:
– Əттəңə, бізнің Шықаңдақ кіші бұ дүниəда ендек тумаш, ə! – деп көзі
жасаурап
, басын үсіті-үстіне шайқады.


Дүңгіршекпен
жапсарлас қуықтай ғана аласа бөлме бар екен. Темір
кереует
пен диван қойылған. Əр жерден мақтасы шығып, тер сасыған
ескі
көрпені жамылып, сықырлауық диванның жан дауысын шығарып
қисая
кеттім. Бəрі жақсы-ау, тек байкенің жатса да езуінен жылт-жылт
етіп
темекі үзілмейтіні жаман екен. Жарма терезенің жартысы ашық
тұрса
да, тынысы тар, аласа бөлмеде үйездеген көк түтін көз ашытады.
Құдай
-ау, өздері қалай шыдайды екен, талай пəлені білсем де, осы
менің
бойыма қонбай қалған өнер. Қоан – қозыдан қоңыр, қыңқ деуге
дəт
қайда, көзімді жұмып, мұрынымды сасық көрпемен көлегейлеп,
тұншықсам
да шыдап жатырмын. «Тезірек ұйықтаса екен, сонда
темекісін
қояр еді» деп ойлаймын. Атасының басы ұйықтаған,
сөйлесетін
кісі таппай əбден іші пысып қалған пəле ме, анда-санда
шылымның
шоғы қызара жылт етіп, аузы сөзден босамайды.
Дөйшенқұл
күрескер жігіт болып шықты. Қырғыздың екі реткі
«Қызғалдақ революциясының» екеуіне де қатысыпты. Қақтығыс
кезінде
бұғанасына оқ тиген екен, қатты қайырым жұмысқа
жарамайтын
болған соң, етікші боп ылдалдап жүрген көрінеді.
... – Бакиевнің Жалалабадтағы жайын екі күн штурм қып, азар башып
алдық
. Сондағы байлықты көргенде, адам баласының тоймсыздығына
қайран
қаласың. Унитазны алтыннан құйып жашатыптұу. О, Аллам,
қатынының
гөті асыл бопты да! Сізнің байкенің шоң дошты екен дə,
самолетпен
шығарып алып кетту, əйтпəганда ол атаңның гөрін иттен
жаман
қылар едік!
– «Гетің, гетің!» деп Ақаевті жақтырмай қуып шығып, орнына əкелген
Бəкиевтерің
емес пе?
– Шайтан шатастырып алданыппыз. Бакиевтің жанында Ақаев адам
екен
, жəй адам емес, батыр адам! Қадырын кейін білдік қой.
– Қалай? Батыр болса, тұяқ серпуге жарамай қашып кете ме?
– Қорқақ пен жауыз ғана өз халқына оқ атады. Ол өйткен жоқ.
Қоластында
қаруы сайлаулы қалың ғаскер тұрса да күш көрсетпеді. Ал
таққа
тіс- тырнағымен жабысқан Бакиев қайтті? Қанға бөктірген жоқ
па
! Кəримов те үш жарым мың адамды танкімен таптатқызып салды
Əндижанда
. Сіздердің Жаңаөзендеріңізде де солай болды. Ақаев, ұл
мен
қызы «атқыз мына қарақшыларды!» деп екі пұтұн құшақтап жатып


алғанда
да міз бақпады. Министрлерін шақырып алып, «бір оқ
шығарушы
болмаңдар!» деп бұйрық берді де, алтын тақты тастап кете
барды
! Осындай адамды қалай батыр демеске!
Ойлап
қарасаң, Дөйшенқұлдың сөзінің жаны бар сияқты. Самсаған
əскері
тұрып, «айналайын халқым, сенің бір тамшы көзжасыңнан, бір
тамшы
қаныңнан садаға!» деп, қолындағы билігін ың-шыңсыз бере
салу
шынында да ерлік-ау! Зор парасат иесі ғана халқын осылай
құрметтесе
керек.
– Орталық Азияда президентін төрт рет ауыстырған Қырғыздан басқа
қай
ел бар?
– Оның несі мақтан? Біз өз басшымызды сүйеміз!
– Басшы өмір бойы сүйіп өтетін сұлу қатын емес қой! – деді байкең
қызынып
. – Осы құрлықтағы жалғыз «демократия аралы» – біздің
Қырғызстан
! Ол да Ақаевтің еңбегі. Кедей болсақ та құл емеспіз!
Ойымыз
ашық, сөзіміз еркін.
– Ол жағынан ұяттымыз. – Ұтылатын тұста үнім бəсең шықты.
– Сондықтан да сендердің «махаббаттарың» мəңгілік. Əйтпесе сіздерде
қиянат
, қорлық қаншама. Бізде ондайдың біріне де төзбейді, бірден
төңкеріп
тастаймыз. Өткенде төплиін жөндетуге келген бір
келіншекпен
сөйлестім. Мектепте еден тазалаушы екен. Апта сайын
директордың
үйін жуып, кілем- көрпесін қағатын көрінеді... Төрт
баланың
жəрдем ақысын алу үшін, сондағы бастықтарға ай сайын
«подарок» жасап, бір баланың ақшасын қалдырып кетем дейді.
Жемейтін
, пара алмайтын шенеуник жоқ. Ең қызығы, адамдардың
соған
қыңқ етіп қарсыласпайтынына қайран қаламын...
Революционер
байкенің көзі қырағы, құлағы сақ, көрмейтін пəлесі,
естімейтін
зары жоқ. Сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Үні естілмей
қалған
сəтте терезенің суқараңғы көзін лап еткізіп, езуіндегі
шылымның
шоғы қып-қызыл боп шақырайып тұрып алады. Əуелгіде
əңгімесін
қолпаштап біраз жерге барып едім, бірте-бірте қалжырап
бұйыққан
тəнді ұйқы меңдеп, байкенің гүрілдек дауысы күңгір-күңгір
алыстап
бара жатты.


Байкенің
жаны құтты қоныс болды маған. Өзі кедей болса да жаны бай,
жарты
құртын жарып беретін жомарттың өзі екен. «Көңіл сыйса, бəрі
сияды
, тұра бер, бауырым» деді. Нан мен шай бар, жатар орын дайын,
одан
артық не керек, қаңғып қораптың ішінде түнеп жүрген мен үшін
пейіштің
төрімен бірдей. Дүңгіршектің іші-сыртын тазалап, байкеңнің
оны
-мұны жұмысына қолғабыс етіп, мен де лыпыл қағамын. Ол ұлтан
тілсе
, мен желім жағамын, шеге қақса, елп етіп, балғасын алып бере
қоямын
...
Танго
.
Осы
тірлігіме бек риза едім, тек бір ой көңілімді алаңдата берді.
Əнеукүнгі
Əлима апайдың үйіне барғаннан бері көкірегімнің тып-
тыныш
тұнығына тас түскендей сапырылысқан күй кешетін болдым.
Бұл
не жұмбақ, бұл не елегізу
– өзім де білмеймін. Сол күні жарқ етіп көрінген Үміт ғазиз көркімен
мөлдіреп
көз алдымда тұрып алды. Көзін төңкеріп қарағаны,
маржандай
тістері тізіліп сəл жымиған сəті алма-кезек суреттей көшіп,
қиялымды
қытықтайды. «Қой, жындыкөбелек, – деймін өзімді сап-сап
сабырға
шақырып. – Отқа ұмтылма, қанатың күйіп өлесің!» Əйтсе де
іштегі
өңмеңдеген бір дүлей сайтан ырқыма көнер емес.
Күнде
консерваторияның айналасын торуылдаймын. Қашан келіп-
кететінін
, қай есіктен кіріп-шығатынын білмеймін. Кездейсоқ
жолығып
қалам ба деген дəме. Бір күні концерт афишалары ілінген
тақтаның
жанында жазуларға құр көз сатып тұр едім:
– Ой, аға, сіз мұнда қайдан жүрсіз? – деген дауысқа жалт қарасам,
қарсы
алдымда Үміт тұр. Қасында скрипка құндағын иығына асқан,
ұзын
сирақ, ақсары жігіті бар. – Ал, жақсы, Руслан. Ертең онбірде.
Келістік
қой? – деді қош бол дегендей саусағының ұшын елбіретіп.
– О кей!
Ішім
өз-өзінен қалтырап кеткені. Жалбыраған желке шашы желп-желп
етіп
ұзай берген ұзын сирақтың ізіне көзімнің итін сала қарадым:


– Жігітің бе?
– Не, қызғанасыз ба? – Үміт көзін төңкеріп, наздана жымиды. Ұрлығым
əшкере
болғандай екі бетім ду қызарып кетті білем:
– Жоға, жəй сұрағаным ғой!..
– Қауіптенбей-ақ қойыңыз. Партнерім. Тамаша скрипкашы. Концертке
дайындалып
жатырмыз.
Көкірегімді
алай-дүлей қуаныш билеп, орынымнан секіріп кете
жаздадым
. Ыңғай таныта еркелегеніне емексідім бе, бойыма
аяқастынан
батылдық кіріп, қызды қолтығынан ұстап едім,
қарсыласқан
жоқ. Екеуміз проспектімен құлдилап, орталық гүлзардағы
«Аққу» кафесіне бардық.
Шілденің
шəйідей ашық күні шуағын молынан төгіп, тамылжып тұр.
Əртұстан
фонтан атқылап, көкке көмілген бақ іші айрықша рахат.
Ағаштан
- ағашқа ұшып-қонып шықылықтаған əлдебір сайрауық
құстардың
сүйкімді үні құлақ қытықтап, жол жиегіндегі кілемдей
өрнек
төккен қызылды- жасылды гүлдердің бұрқыраған жұпары сарай
ашып
мас қылғандай. Жарты- ақ сағат бұрын тап осы жолмен өткенде
мына
сайрауық қараторғайдың сиқырлы үнін неге естімедім; мына
гүлдердің
хош иісін неге сезбедім екен? Жаһан-дүние жалғыз-ақ сəтте
бар
ажарымен жаһұттай жарқырап, жайнап шыға келгендей! Қылаусыз
мөлдір
əлем шаттан, шалықта деп қабақ қаққандай.
Жазғы
алаң менің осынау ала-құйын қуанышыма қиқу қосып,
думандатып
жатыр. Саксафон мен гитара жарыса құйқылжып, басына
самбреро
киіп, мойнына жарқ-жұрқ темір сылдырмақ таққан дудар бас,
тыри
қара жігіт Армстрогтің мəнерімен джаз əуендерін желпіндіріп,
желдірте
шырқайды. Қанды ойнатқан арынды, асау əуеннің ырғағымен
тулаған
денелердің толқыны шаршы алаңды кернеп-кернеп кетеді.
Туған
күнін атап дуылдаған көңілді топ... сыйлас достар... оқшау
күбірлескен
сүйікті жұптар... Əр үстелдің өз базары өзінде. Қатігез
өмірдің
ызғарынан қалтыраған жүректер жылу іздеп, қасиетті
Музаның
осынау кішкентай мүйісінен өздеріне сая тапқандай. Тірлік
мұңын
сəл де болса ұмытып, шаттыққа, қуануға ынтыққан көңілдер...
Бизнестің
сумақай, ұзын қолы мұнда да жетіпті. Гитараның əр күмбірі,


əншінің
əу деуі... бəрі сатулы екен. Əнді тапсырыспен ғана орындайды.
Жақсы
əн, жан құштары үшін аянып жатқан ешкім жоқ. Бəрі де
желпініп
, желігіп алған. Чарлистоннан Ча-ча-чаға, ламбададан твистке
ауысып
, желдей есіп, құйындай ұйтқыған ақ балтыр, бұраң бөкселер.
Орыстың
, үндінің, попуастың, түріктің... əуендері. Орындайтын да,
тапсырыс
беретіндер де қазақтар. Əйтсе де жабықтан сығалаған жетім
бала
сияқты, қазақ бейшараның ең болмаса, бір əні айтылмаған соң не
дерсің
. Жақсы əуенде жаттық жоқ, əлбəттə. Бірақ көңілге біртүрлі екен,
өз
қағынан жерігендерге күйініп, кектеніп қалдым:
– Мынаның қазақша бір əн айтса, аузы қисайып қала ма екен?!.
Үміт
бетіме қарады: «Екі жерде екі төрт екенін білмейтіндей қандай
адамсың
» дегендей кекесін бар жанарында.
– Əншінің кінəсі не? Жұрттың қалағанын айтып жатыр ғой!
– Сонда қазақтың əнін ешкім қаламағаны ма?
«Өзің көріп отырсың ғой» дегендей, Үміт иығын көтерді:
– Талғамда достық жоқ демей ме. Өзімізге өкпелемесек, кімге
өкпелейміз
? Бізде дəстүрлі əн бай болғанмен, тұрмыстық музыка
кемшін
, əлі дамымай жатыр. Осындай жиын-той, көңілді ортада би
ырғағына
үйіріп əкететіндей қандай əуендеріміз бар? Негрдің,
цыганның
музыкасына бүкіл əлем билеп жатқан жоқ па? Біз де сондай
өнер
жасауымыз керек.
Үміттің
сөзінің жаны бар. Уəж айта алмай тосылып қалдым. «Япыр-ау,
«Цыганочка», «Чинури», «Наманган полькасы» ...сияқты желпінтіп
əкететін
, басқалар жатырқамайтындай қандай əуендеріміз бар,
шынында
?» Ойыма ештеңе оралар емес.
Біраздан
соң мен де барып тапсырыс бердім музыканттарға. Жалт
бұрылғаным
сол, ізімнен ілесе дударбас əншінің зор, салтанатты
дауысы
микрафоннан саңқылдай жөнелді:
Арамызда
атына заты сай, Үміт десе, Үміттей, жанарынан күн
күлімдеп
, кірпігінен жұлдыз жамыраған, сұлу да сүйкімді


қарындасымыз
отыр. Бұл əн Сізге арналады, Үміт ханым!
Саксафон
сызыла сыңсып, сыр мен сағынышқа толы ноталарды төгілте
құйқылжытты
. Жан-жүрегімді жаулаған сиқырлы тангом! Айықпас
мұң
мен сағынышым!
– Патриоттығыңыз осы ма? – Жүзі алаулап қарсы ұмтылған Үміт би
ырғағымен
теңселіп, ақ білегін иығыма аса берді.
– Осыдан артық қандай патриоттық керек? – дедім əлгіндегі өз сөзіме
өзім
қайшы келгенімді қалжыңмен жуып-шайған болып. – Бұл да
қазақтың
əні шет асып кеткен!
Үміттің
көзі бақырайып кетті:
– Қалай? Бұл əйгілі «Аргентин тангосы» ғой?!!
– Білем. Музыкасын нидерланд компазиторы шығарған. Сөзі түрік
ақыныныкі
. Бірақ «Аргентин тангосы» деп атаған, яғни «Арғындар
тангосы
»!
Үміт
жалт қарады да менің еш қалжыңсыз самарқау, салмақты жүзімді
көріп
, езуіндегі өрлей жөнелген күлкіні жиып ала қойды.
– Рас айтам, – дедім дауысымды шегелеп. – Ғұн шапқыншылығы
заманында
ауып барған қазақтар сонда арғын мемлекетін құрған.
Албания
– өзіміздің албандар. Русьті шоқындырған Киев князі нұр
сипатты
Владимирдің кім екенін білесің бе? Ол да қазақ. Болат-темір
деген
біздің арғы атамыз!..
– Қойыңызшы!..
Үміт
маңдайын иығыма сүйеп, тұншыға ұзақ күлді. Осы күнгі
ертегішілердің
қисынсыз қырттығын есіме алып, өзім де қосыла
күлдім
:
– Əзіл ғой, – дедім құшағымда тербелген қызды аш белінен аялай
қысып
. – Жақсы əнде ұлт жоқ. Өнердің кез-келген ұлы туындысы
жалпыадамзаттық
. Міне, мына əнді қалай жатырқарсың, қалай
қазақтікі
емес дерсің?!!


Көңілдің
қай-қайдағысын қозғайтын құдіретті əуен. Елікпейтін,
елжіремейтін
жүрек бар ма екен, сірə? Қоңыр ымыртты мұң кернеп,
Алматы
аспанын адасқан аққудың сұңкылындай əлдебір сағыныш кезіп
жүр
. Бəрі, бəрі... ұмытылып, дүниеде тек Танго ғана қалды. Сол ғана
сыбырлайды
, сыңғырлайды, тербетеді, тебірентеді... Біз жоқпыз,
ырғаққа
, əуенге айналып кеткенбіз. Күрсініп, күбірлейміз, шайқалып
шалықтаймыз
...
Танго
қашан біткенін білмеймін, бірақ біз үшін біткен жоқ, тіпті мəңгі
аяқталмайтын
шығар. Бір қарасам, гүлзарды жиектей қоршаған қалың
шыршаның
арасында тербеліп, теңселіп жүр екенбіз; жүрегімізде
жаңғырған
тангоның ырғағымен билеп жүрміз. Алқынған ыстық
деміміз
бір-біріміздің бетімізді шарпиды. Қыз көзінде жас, шілде
аспанында
шүпірлеген жұлдыз біткен сол кəусарға шомылып, шоршып
жүр
.
Үмітті
үйіне ұзатып салған соң, түнгі Алматыны аялай құшып, самал
желпіген
сая бақтарды, жарқыраған жасыл көшелерді оңды-солды
кезіп
жүрдім де қойдым. Бұлақтың сылдыры да басқа, жапырақтың
сыбыры
да өзге, жұлдыздар да бүгін айрықша жарқырап жымың
қағады
. Айнала сыңғырлы сиқырға толды да кетті.
Күндегі
түнеп жүрген дүңгіршегіме барғым келмеді. Мынандай ұлан-
асыр
қуанышыммен оған қалай сиямын. Етікшінің тар үйшігі түгілі
мынау
кең дүниенің өзіне тасып-төгіліп сия алар емеспін. Көкірегімде
домбыраның
мың-сан ішегі тұр күмбірлеп, бірінен бірі үн асырып
сыңғыр
-сыңғыр. Тамылжыған түнді жаңғыртып əн салғым келеді,
балаша
сақылдап күлгім келеді. Қуаныштан жер-көкке сияр емеспін.
Төлебаевпен
өрлап келіп, тас тұғырда ойға батқан Шоқанды шыр
айналып
, қанша жүргенімді кім білсін. Алақұйын ұшынған бір сезім
кеудемді
буып алған. Толғақтай бебеу қаққызып жүр. Толқындай
лықсып
, жайшылықта ауызға оралмайтын небір шуақты, тосын
тіркестер
күбір-күбір, күмбір-күмбір көмейімді түрткілей ме- ау?!!
Кенет
ақ желбегейінің етегі жерге сүйретіліп, қасыма Қара Шал келді.
Анадағы
түсін сырт салып, теріс айналғаннан бері жақындамай кеткен.
Елжіреп
, ажарланып тұр. «Лүпіл қаққан лепіріп қайран жүрек...


Күрсінеді
лезде жадап-жүдеп... Түсінемін, түсінемін. Боранды түнде
адасып
, тау қолтығында отырған бай ауылға түскенбіз... бір кезде ақ
орданың
есігінен шолпысы сыңғырлап Тоғжан кіріп келе жатқанда,
«Сол! Сол!» демеп пе едім өз сыбырымды өзім естімей! Жаз! Жаз!»
Қара
мəрмəр тақтаның үстіне отыра кеттім. Желдің уілі, жапырақтың
сыбыры
, төбеме төнген толық айдың аппақ нұры – əлемнің күллі
сұлулығы
қаламымның ұшынан құйылып жатыр. Кеудемдегі
сапырылысқан
сан-алуан сезім бар жұпар, бояуымен Сөз боп құйылып
қағаз
бетіне түсе қалғандай. Бір демде он алты шумақ өлең жазып
тастаппын
. Аяғым жерге тиер емес, аспанда қалықтап жүрмін.
Таңбозынан
кеп Дөйшенқұлды жұлқылап ояттым шырт ұйқысынан. Ол
байқұстың
бір көзін ашып, бір көзін жұмып, қолтығын тыр-тыр қасып,
не
болғанын түсінбей төсек үстінде мең-зең отырғанында шаруам жоқ.
Қолымды
сілтеп, өлеңімді үсті-үстіне оқып жатырмын лепіріп.
Дөйшенқұл
күліп жіберді:
– Ай, сен манасчы боп кеткенбисің, жүдə? А, ұқтым, ачық болуп
қапсың
ғо, байке. Болбойт анда. Ондай қызды гүлмен ұрыш керек. Қыз
гүлмен
ұрғанда ғана құлайды. Ма, атаңның гөрі, ұр аны!.. – деп,
ұйқылы
-ояу көзімен жастығының астын сипалап, бес мың теңге алып
берді
де, сылқ етіп төсегіне жантая кетті.
Дөйшенқұлдың
ақылын орындауға асығып келемін, аяғым-аяғыма
жұқпайды
. Гүлбазарынан бір құшақ алқызыл Голланд раушанын алдым.
Құшағым
алаулап Үміттің терезесінің алдына келдім.
Қолтелефоныммен
номерін тердім де қоңырау барысымен дереу
сөндіре
салдым. Неге өйткенімді өзім де білмеймін. Əлде ұйқысынан
оятуға
жүрегім дауаламады ма? Бірақ өзі де сезе қойса керек, сəлден
кейін
халатын жүре киіп, ұйқылы- ояу балконға шықты. Мені
көрісімен
жарқ етіп күліп, үйге кір дегендей қолын бұлғады. Қып-
қызыл
гүлмен алаулап ішке кірдім. Мен ұсынып, ол қолын созып, екі
құшақ
бірдей гүлге өртенді. Гүлді бір иіскеп, орындықтың үстіне қоя
салды
да, жалт-жұлт еткен жанары шоқша жайнап, ып-ыстық білегі
мойыныма
ортыла кетті. Мен жанасқан ыстық тəннің алауы мен
алқынған
демге күйіп-жанып, өртеніп бара жаттым...


Іңірде
тамаққа тыңқия тойып алған соң, Дөйшенқұл темір кереуетте,
мен
диванда керіліп-созылып жатырмыз. Дөйшекең мені тергеуге
кірісті
:
– Қатын-баласы бар, қырықтан асқан еркектің ес-ақылынан айрылып
бұлай
ачық болғанын бірінші көріп тұрмын. Соған қарағанда, жүдə
чирайлық
болғаны да ол гəпірнің?
– Мен үшін жер-жаһанда жоқ перизат! – деймін Үмітті көз алдыма
елестетіп
. – Супер!
– Пах, пах! Сенің азандағы ырыңа перінің қызы болса да құлап түшер
еді
!
– Жырды ол əлі естіген жоқ.
– Сонда ол сені не үшін сүйеді?
– Махаббатта «не үшін», «неге» деген сұрақ болмайды. Сүйеді – бітті!
Өйткені
махаббаттың көзі, құлағы жоқ, тек жүрегі бар.
– Ой, бауырым, – деді Дөйшенқұл көк түтіннің лек-лек ұшқан
сақиналарын
ерін ұшынан еріне үрлеп. – Бір-ақ күнде бала бопсың ғой.
Байқа
!
Мен
іргеге қарай аударылып түстім. Үміт екеуміздің кіршіксіз
сезімімізге
сезікпен қарағанына ренжіп қалдым. «Ешкімге ғашық боп
көрмеген
сорлы. Шіріген ұлтанның шуашынан басқа нені сезуші ең
сен
!» деймін сыртынан ішін кептіріп.
Дөйшенқұлдың
аздап «бұзықтығы» да бар боп шықты. Оның білетін
«махаббаты» сол екен. Ондай өнерін жата-жастана келе білдім.
Көбінесе
ол демалыс, мейрам күндері бұзылады. Жүз грамдатып алады
да
Сейфуллиннің бойындағы əр теректің түбінде қылтиып тұратын
«қара шөлкилердің» бірін қолтықтап, дүңгіршегіне алып келетін.
«Пұлын төледім, жүр, бажа боламыз»
деп
маған көзін қысады арсызданып. Ондайда аза бойым қаза тұрып,
үйдің
маңынан безіп кетем. «Шіркін, адамдардың жүрегінде махаббат
болса
, өмірде мұндай азғындықтың бірі де болмас еді-ау!» деймін
қиялданып
. Махаббат аз, сондықтан өмір лас, қиянат, қылмыс көп. Мен
оларды
өз əлеміме кіргізбеймін. Екі күнəһардың үндерін естімейін,


жүздерін
көз алдыма елестетпейін деп өз Жібегіммен ойша сырласып,
ойша
аймаласамын оңашада.
– «Сен мені не үшін сүйесің?» дейді қыз назданып.
– «Сені Сен болғандықтан сүйемін!»
– «Осы сөзді қанша қызға айттың екен?»
– «Иə, айтылды, жасыратын не бар!»
– «Сонда мен көптің бірі екенмін ғой?!!»
– «Ол кезде сенімен ұшыраспадым ғой. Егер бəрің қатар тұрсаңдар,
саған
ғана айтар едім бұл сөзді!.. Ал сен мені не үшін сүйесің?»
– «Сенің кітабыңды оқып ғашық болдым!»
– «А-а, демек, кітабымды сүйген екенсің ғой!»
– «Кітапті сен жаздың емес пе! Сен – қазіргінің Айтматовысың!»
– «Айтматовта мендей кезінде бəрі болған: даңқ та, байлық та!..»
– «Сенде де болады!»
– «Сенбеймін...»
– «Анандай романдар жазған кісінің жерде қалуы мүмкін емес!»
– «Ай, Үміт–ай, қазіргі қазекме Айтматовтың да керегі жоқ-ау!..»
Түннің
бір уағында басқа барар жер болмаған соң, дүңгіршекке оралам
амалсыз
. Ондай кезде тоят алып, көңілі аспанда қалықтаған Дөйшенғұл
сонау
Манас бабасының ақ отауына кіріп шымылдығынан
сығалағандай
бəдіктеніп, бір тəртіпсіз шумақтарды ырлап еліріп
жатады
:
Түн
болғанда икі ачық Төшегуне жатаду.
Рахатқа
батаду. Бир елисі патқанда, Лақтайын пақырду. Икі елисі
патқанда
, Өлгендуқ ақырды. Үч елисі патқанда, Жеңгелериін чақырду...
Қызық
адам
Үй
егесі Исабек те бір түрлі қызық адам. Ымырт түссе, қараң-құраң
етіп
, ішке телміріп тұрғаны. Майлы ішектің ұшындай таңырая
жабысқан
танаудың қос тесігі мен ежірейген көздерді көріп,
шошымасаң
да селк ете түсесің. Ылғи осы. Əйелі үйде жоқ болса,


жүгіріп
кеп, біздің тереземізден сығалайды. Ондай кезде Дөйшенғұл
қожайын
деп жақауратпай қабақ түйіп қатал сөйлейді:
– Əй, не жоғалттың?
– Клара жоқ па?
– Мұнда не поқ жəйду?
– Жəй, осында ма дегенім ғой, – дейді Исабек күмілжіп.
– Иə, тығып қойдық!
«Шын айтасың ба?» дегендей, Исабек ішке лып етіп кіріп, шкафтың
қалқасын
қарайды, тоңқаңдап кереуеттің астына үңіледі, содан соң
«енді қайдан іздесем екен» дегендей бөлменің ортасында тіреудей
аңырайып
тұрғаны.
– Əй, тоушқан, – дейді Дөйшенғұл қиық көзі шақырайып. – Мен
құшағымның
қызуын қырыққа жеткен, қырқындысы кеткен
қатындарға
қор қылмаймын. Керек болса, құлағына гүл қыштырған
қыздарны
пұлын беріп алып келемін!
Исабек
сілейіп тұрып-тұрып ештеңе деместен шығып кетеді.
Клара
– қырықтың жуанішіндегі, қошқар құйрық, етжеңді əйел. Бар
мүшесі
орнында, көзінің оты сөнбеген, əлі де бір қағары бар
қараторының
сүйкімдісі. Қашанда сəлемі түзу, ақсия күліп, ары өткен-
бері
өткенде сүйкеніп Дөйшенғұлды қағытып жүреді:
– Əй, қырғыз, айғырлығыңды қоймасаң, қатының келгенде айтып,
төбеңді
ойғызам!
– Айта бер. Бізнің аял сенің байың оқшаш қойнындағы қатынын
біреудің
кереуетінің астынан іздемейді.
Клара
қолын сілтеді:
– Оны қойшы!..
Бір
күні учаскелік полицей келді. Бізді де қожайынның үйіне шақырды.
– Қап, – деді Дөйшенғұл түсі бұзылып құлағыма сыбырлай. – Визамды
ұзартпап
ем, пəле болды ғой! Өткенде бірісіне беріп құтылып ем, енді
башқашы
келіпті!


Полицей
əлі отқа-суға түсе қоймаған жас лейтенант екен. Аузы
аңқиған
жұқалтым сары. Үстелдің басына жайғасып, папкасынан бір
бет
қағаз алды. Қол сүртпесе де соның бер жағындағы ұмар-жұмардың
біразын
көрген дəптердің парағы. Айбақ-сайбақ шимайланған
қағаздың
бас-аяғына кезек көз жүгіртем дегенше, қалқайған
құлағының
ұшына дейін ду қызарып кетті.
– Клара Əлихожина сіз боласыз ба?
– Ие.
– Үстіңізден шағым түсті. Сол жайлы сөйлесуге келдім.
– Милицияға жазатындай не бүлдіріп қойыппыз? – Клара ұрсысуға
əзірленгендей
шаптығып екі мықынын таянды. – Əлі сол мына
дүңгіршектің
ескі əні ме? "ИП" – сын ашқанмын. Мына жігіт жалдап
отыр
, қағаздары тастай. Милицияның бізді кеп шұқылағаннан басқа
жұмысы
құрып қалған ба, немене?
– Басқа мəселе, апай, – деді лейтенант қыбыжықтап. Қолы қалт-құлт
етіп
, шетінен мытып ұстаған қағазы сытырлап кетті. – Мындағы сөзді
айтуға
аузым бармай тұр. Сізді басқа еркектермен жүріс жүреді деп
жазыпты
.
– Е, Құдай-ай, сол ма? – деді Клара жайбарақат мырс етіп.
– Апай, ұл-қыз өсіріп отыр екенсіздер, ұят қой бұл деген!
– Кім жазыпты?
– Күйеуіңіз!
– Əй, сенбісің дүрліктіріп жүрген? – деді Клара босаға жақта мойынын
ішіне
тығып бүрісіп тұрған күйеуіне көзін алайтып. – Шулатпасаң да
бəріңе
жетер еді ғой!
Басқаны
қайдам, мынаны естігенде, жынды болсам да
"Астағфиралламды!" үш рет қайталадым ішімнен. Клара а-ха-халап
көзінен
жас аққанша күліп алды да:
– Сен сыртқа шыға тұршы, – деді күйеуіне. – Менің мына жігіттерде
бір
бұйымтайым бар еді.
Исабек
не істейін дегендей лейтенантқа жалтақтай берген. Полицей
есікке
қарай иек қақты:


– Шыға тұрыңыз.
Есік
жабылған соң Клара іштен кілттеп алды, терезенің пердесін
түсіріп
қойды.
– Кешіріңдер анайы сөйлегеніме. Күйік көтеріп кетті! – деді біртүрлі
жасып
. Басқа ештеңе деген жоқ. Бəріміз үнсізбіз. "Не бүйімтай
айтпақшы
екен?" деп ойлап қоям ішімнен. Жарты минут өтер-өтпестен
Исабек
есікті жұдырығымен дүрс-дүрс соққылап жұлқылай жөнелді:
– Əй, ашыңдар, ашыңдар деймін есікті! Не істеп жатқандарыңды білем.
Үшеуің
өшіретке қойып жатырсыңдар ғой! Жалап қатынның бойлай
істейтіні
осы! Ашыңдар, ашыңдар, əйтпесе қазір милиса шақырамын!..
Клара
көзі жасаурай басын шайқап мырс етті де, бізге жағалата қарады:
– Міне, менің көрген күнім осы. Бұл бір бейшара адам. Екі баланың
жаманды
-жақсылы əкесі болған соң аяймын, əйтпесе кісі шыдайтын
қылығы
жоқ. Мойынқұмдағы уран руднигінде істеген. Сонда жүріп
сорлап
қалды ғой бұл бейшара. Енді өзінде қауқар болмаған соң, өстіп
көрінген
еркектен қызғанады. Ойнас қылады деп пе? Өй, жүзің күйгір,
тілің
кесілгірдің сөзін қарашы! Қыз күнімде қылмыңдамағанымда
қырықтан
асқанда етегімді жел көтеріп не басыма қара көрініпті! Жан
баға
алмай жанталасып жүргенде еркек менің не теңім, қатын
екенімізді
ұмытқанымыз қашан!.. – Клара иегі кемсеңдеп, жəбірмен
булыққан
жүзін көрсетпей теріс қарады. Сындырардай солқылдатып
бара
жатқан соң Дөйшенғұл есікті ашқан. Исабек кіріп келді
екпіндетіп
. Екі жұдырығын тас түйіп қалш-қалш етеді:
– Мен сендердің не істегендеріңді білем!..
Қырдағы
үндіс
"Махаббат – ессіздік" деп білетін кісілер тегін айтпаған ғой. Өзі
шайқалған
шала миыма ғашықтықтың ессіздігі қосылған соң қайдан


оңайын
, мүлдем мəңгіріп қалғандай болдым. Не істеп-не қойып
жүргенімді
білсем, кəне. Қырықтан асқан қырқылжың емес, отқа-суға
ентелеп
, ұшып-қонған ұшқалақ бозбалаға айналып кеткендеймін.
Үмітке
мен не қылық жасасам да ерсі көрінбейді, бəрі жөн. Өмірдің
талай
ыстық-суығын бастан кешкен һəм анандай романдар жазған
болашақ
классик жазушының шалыс басуы мүмкін бе, енесіне ерген
қошақандай
екі көзін тас жұмып соңымнан томпаңдай береді. Мен не
десем
, соның бəріне құп.
Жазғы
каникулға шығысымен Үміт Санкт–Петербургтағы жас
пианистердің
халықаралық конкурсына кеткен. Жиырмашақты күннен
кейін
оралды. Екінші орын алыпты. Қуанышында шек жоқ. Менің де
төбем
көкке жетті. Жүлде алғанынан гөрі тезірек оралғанына
қуанғаным
басым. Конкурсқа қатысушыларды бір апта Балтық
жағалауына
кемемен саяхаттатпақ болған екен, оған қарамапты. "Сені
сағынып
, Алматыға жеткенше асықтым!" дейді. Ертеңінде екеуміз
Қапшағайға
кетпек болдық. Жаз бойы сонда демалмақпыз. Ойымды
Дөйшенғұлға
айтып едім, бетіме үнсіз ұзақ қарап, басын шайқады:
– О, тоба, дүниеде жынды мен ғашықтық дертіне ұшырағанға ем
қонбайды
деген рас екен-ау!..
Бірі
емес, екеуі де менің басымда болса, қайдан ем қонсын, сонау
қараңғы
түнде сорғалаған жаңбыр астында сүмеңдеп келгенде
жатырқамай
жан жылуын сыйлаған аяулы досқа алғысымды сөзбен
айтып
жеткізе алармын ба, тұнжыраған Дөйшенғұлды қапсыра бір
құшақтап
, арқасынан қақтым да бұрылып жүре бердім.
Қапшағайдың
қос жағалауын қолы ұзындар метрлеп бөліп, меншіктеп
алған
. Қаптаған коттедж, қалықтаған қайықтар. Аяқ басқан жерің
"келің- келің" деп ақша сұрап жалақтап тұр. Біз көрпемізге қарай
көсіліп
, ондай жерге жолаған жоқпыз. Шынтуайтында, бізге жағадағы
жайлы
үй, дəмді тағам, рахат-қызықтың бірі де керек емес. Екеумізге
тек
бір-біріміз ғана керекпіз. Бар лəззəт, жан рахатын бір-бірімізден
ғана
табамыз. Айналайын ұлы халық қалай біліп айтқан: "Ғашықтарға
лашықтың
өзі пейіш бағы" демей ме. Сол сөздің бір өтірігі жоқ.


Жағалаудың
бөліске түсе қоймаған оңашалау тұсына өрлеп барып
жайғастық
. Түп-түп шілік өскен, шалғынды қолат екен.
Қаладан
аттап шықпаған Үміт үшін айналаның бəрі таңсық, гүл теріп,
көбелек
қуып мəз болып жүр. Менің əу бастан қара шаруаға қолым
ұсынықты
. Арасы құлаш созым дөңгеленіп өскен жас шіліктердің
бастарын
бір-бірімен айқұш-ұйқыш айқастырып өріп тастадым.
Ойпаңның
табаны қау боп қақалған түйежапырақ пен қозы көрінбес
бидайық
екен. Ерінбей жарты шөмеледей пышақпен орып əкеліп, үстін
жауып
едім, ұядай кəдімгі қос болып шыға келді. Еденге қалың ғып
тегістеп
көк құрақ төседім. Ішін тартып мəз болған Үміт:
– Уау, мынау үндістердің вигвамы ғой! – деп, күпсіген көк шөптің
үстіне
құлай кетті.
Дала
түні ғажап. Күндізгі аптап қайтқан, сарай ашып үлбіреген самал
қанатын
желпіп қана қояды. Алыстан сұлбасы қарауытқан Алатау
қоңыр
түннің омырауына басын сүйеп қалғып кеткендей. Сап-сап
тыншып
, айналаның бəрі сабыр тапқан. Ыңырсыған теңіз ғана
жағалауды
сылп-сылп соғып дөңбекшіп жатыр. Мазасыз толқындар
тұнығында
жыпырлаған жұлдыздарды теңгедей шашып сыңғыр қағады.
Анда
-санда барқ-барқ етіп адасқан үйрек ұшып өтеді.
Кеш
түсе балық жақсы қабады. Бағана жарты сағаттай қармақ салып,
жарты
шелектей алабұға мен аққайран, жуандығы жеңді білектей екі
сазан
ұстағамын. Міне, тасошақта қайнаған жас сорпаның жұпар иісі
тынық
ауада ширатыла шалқып, танау қытықтайды. Үмітке аспаздық
өнерімді
көрсетіп бағуға тырысудамын. Тұздап, сорғытып алған екі-үш
балықты
қоламтаға көміп, үстіне шоқты үйіп тастадым. Өз сөліне өзі
бөгіп
, жиырма-отыз минутта уылжып пісті.
– Мұның бəрін қайдан үйреніп жүрсің? – дейді Үміт таңданып.
– Апамнан үйрендім.
– Апаң аспаздың оқуын оқыған ба?
– Иə. Ленинградтың технологиялық институтын
бітірген
...дистанционно!
– Кетші, жынды, ол кезде ондай оқу жоқ қой. Бірдеңе сұрасам, ылғи
қылжаққа
айналдырасың!


– Өмір деген беті əжім-əжім мың жасаған апам үйретті.
Қараңғылық
қоюланып, ауа салқын тарта бастады. От жарығы отау
орнындай
жерде дөңгеленіп, анталаған түнді кеудесінен итеріп
жақындатпай
тұр. Арқасына одеял жамылып, қасымда отырған Үміт от
қызуына
маужырағандай аракідік есінеп, қолтығыма тығыла түседі.
Айнала
жым-жырт. Ұлы тіршілік балбырап ұйқыға кеткен. Қыбыр
етсек
ұйқысынан оятып алардай екеуміз де үнсізбіз. Басымыз түйісіп,
қара
-көк аспанға қараймыз: күндегіден де тұңғиық тартып, жұлдыздар
күндегіден
ерекше жарқырап, көбейіп кеткендей. Дала түнінің
жұлдызы
да ерекше-ау, шүпірлей лыпыл қағып, мөлт-мөлт тамып
кеткелі
тұр. Адам армандағанда, жүрегі тазарып ойға батқанда,
Аспанға
қарайтыны несі екен? Мың-сан шырағы жарқыраған тылсым
түннің
не сиқыры бар? Əне, аспанның көк шынысын бордай сызып бір
жұлдыз
ағып түсті.
– Аспан қандай əдемі! – дейді Үміт.
– Өйткені біз əдемі көзбен қарап тұрмыз! – деймін мен.
– Жоқ, бəрі бір бүгін аспан ерекше!
– Жоқ, біз бүгін ерекшеміз! Осыған дейін зеңгір көкке мың-миллион
мəрте
қараған шығармыз. Бірақ дəл қазіргідей боп көрінді ме ол бізге?
Махаббат
деген – Əлемдегі Əдемілікті көру!
Екеуміз
де бір сəт үнсіз қалдық. Сол үнсіздік сөзбен айтып жеткізе
алмас
талай сырды ұқтырып тұрғандай. Ыстық демі түртіп-қашып
алқымымды
аймалаған Үміт кенет өксіп-өксіп жіберді. Кең ашылған
қара
көзі мөлт-мөлт боталап тұр. Кірпігіне қонақтаған мың-сан
жұлдыз
жарыса моншақтайды.
Мұнда
күннің ыстығы тіптен жан рахаты. Сусыған қиыршық қызыл
құм
, мөлдір су. Шет жағы жылы болғанмен тереңдеген сайын
салқындай
береді шым-шымдап. Бассейнге түсіп жүзуге машықтанған
Үміт
менен қалыспайды. Баяу лықсыған толқын бетінде жеп-жеңіл
қалықтай
жөнеледі. Екеуміз бір-бірімізден өнер асырғандай
көзкөрімге
дейін жарысып барып қайтамыз. Тісіміз тісімізге тимей
сақылдап
келіп, ыстық құмға аунай кеткенде, жаның сүйсініп,
пейіштің
төріне күмп ете түскендей боласың.


Жағаның
бір иініндегі қамыс арасынан төңкеріліп жатқан шағын
қайық
тауып алдық. Қасында қос ескегі бар. Ернеуі топыраққа сынық
сүйем
батып кеткен, айналасындағы қау боп өскен құраққа із түспеген.
Биылдыққа
адам қолы тимегені көрініп тұр. Бір шетінен көтеріп
аударып
тастадым. Асты күн тимеген ақ шөп пен құжынаған құрт екен.
Лағмандай
созылып, ирелеңдеп жатыр. Үміт көзі алақандай боп
шегіншектей
берді:
– Бұл не?
– Живая лапша!
– Фу!
Дюраллюминмен
шегенделген жеп-жеңіл қайық суға салып едік,
астаудай
ойнақтап тұр, ескекті жалата есіп, желсізде сиыр
таңдайланып
лып-лып толқып жатқан айдын бетімен сырғи жөнелдік.
Қайық
бізге тіптен бап болды. Баяғыда ауылдағы кəнігі балықшылар
толған
ай төбеге көтерілген кезде көлге шығып, сүзгі тартатын. Əрі-
беріде
-ақ мотор үні барылдап, жүгі ауырлаған қайықтар "бүгін
олжалымыз
!" дегендей əр тұстан гудогін азандатып, жағаға беттеп келе
жатар
еді. Қазір ай толған кез. Ай шеңбірек атып иыққа ілінісімен
қармағымызды
сайлап, қайыққа мінеміз. Ай сəулесі алтын жолақтанып
су
бетінде діріл қағады. Жарыққа үймелеген балықтар бауырлары
жарқылдап
шолп-шолп секіріп ойнайды. "Алтын бағанды" бойлай баяу
жылжимыз
. Қармағыңды лақтырған бойда ала жөнеледі, тек тартып
үлгірсең
болды, сопаң етіп шоршыған балық қайықтың түбіне топ ете
түседі
. "Қайсымыз көп ұстар екенбіз" деп іштей бəсекелескендей,
екеуміз
қайықтың екі жағына қармақты жарыса лақтырамыз. Əне-міне
дегенше
біраз балық аулап тастадық. Құйрықтарын сабалап, секіріп,
бəрі
қосыла тыпырлағанда қайық теңселіп кетеді. Кейбір үлкендеу
аққайрандар
серпіле шоршығанда кенерден асып, суға қайтадан шолп
ете
түседі. Мына екпінімізбен көлдің балығын қоятын емеспіз. Қызық
үшін
демесек, мұның бəрін қайтеміз. Босқа обал болмасын деп
ұсақтарын
іріктеп суға қайта жібердік. Қалғанының өзі бір төбе.
Жағаға
шыққан соң, балықтар өліп қалмасын деп, қайыққа ортан
белінен
су толтырып қойдым.


Қайық
есіп, қармақ тартып тыным таппай денем əбден салығып қалған
екен
. Кеш жатқан соң кеш тұрдым. Күн иыққа ілініпті. Таңдайын
талмап
ары қарай аунап түскен Үмітті оятуға қимай, үстін қымтап,
орынымнан
еппен тұрып кеттім. Балықтар əлі тірі. Түндегідей
шоршымаса
да желбезегін қағып жыбыр-жыбыр етеді. Көбі шала-
жансар
. Енді біраз тұрса, өліп қалатын түрі бар. Босқа обал болғанша
елге
таратып берейін деп ойладым. Қайыққа секіріп міндім де, көлді
құлдилай
тартып отырдым. Бір шақырымдай жерде пляж бар. Жағалай
тізілген
коттедждер. Жалаңаш денелер жағалауды жайлап алыпты.
Құмның
беті өңкей теңкиген бөксе мен томпиған қарындар. Суда да бір
қауым
адам жүр, көбі үрлемелі белдік киіп, суды шалпылдатып улап-
шулаған
балалар.
Қайықтың
тұмсығын қайранға тірей тоқтадым да, аузымды қос
алақаныммен
қалқалап айғай салдым:
– Балық алыңыздар. Жаңа ауланған свежий балық. Тегін берем!..
Шет
жақта "грибоктің" дөңгеленген көлеңкесінде кірлік жайып, карта
ойнап
бір қырын шынтақтаған егделеу төрт-бес əйел үдірейе қарап
біраз
отырды да жайлап басып жаныма келді.


– Алыңыздар, тегін берем.
– Свежий ме? – деді қарыны төңкерілген төртпақ шұбар əйел.
– Қарасаңызшы, апай, тірі балық. Көп аулап қойыппыз, обал болмасын
деп
əкеліп тұрмын.
"Мына заманда осындай да əпенді болады екен-ау" дегендей шұбар
тəтей
бетіме бажырая бір қарап алды.
– Ірі балық екен. Біздікілердің кеше күні бойы əуре болып ұстағаны
төрт
шабақ еді.
– Бұл балалар балықшы ғой, – деді шалқақ төс, қараторы, ажарлы əйел.
– Қай жерге ау құруды біледі.
– Қаншадан? – Шұбар əйел əлі де менің жомарттығыма сеніңкіремей.
– Ала беріңіз, апай!
– Ала бер деген болмайды. Осы күнде тегін дүние жоқ, азаптанған
еңбегің
бар емес пе? Қалада мұндай балықтың килісі бес жүзден кем
емес
, жарайды, біз үшжүзден алайық. Весің бар ма?
– Жоқ... Ала беріңіздерші!.. – дедім қара терге түсіп. Анталап біраз адам
жиналып
қалды.
– Жарайды, біреуін бір киліге есептеп алайық! – деп шұбар əйел
басқаларға
жол көрсетті. Мен үндегем жоқ, бергендерін жұмарлап
қалтаға
сала бергенді білдім. Ə дегенше пышақ үстінен талап алды да
кетті
. Жетпей қалған біраз адам "енді қашан əкелесіз?" деп сұрап
жатыр
. Аяқастынан байыдым да қалдым. Мына түріммен бизнессмен
боп
кететін шығармын. Дүңгіршектерден азық-түлік алдым да, шөп
күркеме
қайттым.
Үміт
ошақ басында күйбеңдеп жүр екен. От жағып, шай қайнатып
жатыр
. Менен көргенін істеп, бықсыған отты үрлесе керек, пісте
мұрынының
ұшына күйе жұғыпты, қас-кірпігін күл қапқан, құдды бір
қара
тұмсық ақ күшік сияқты сондай сүйкімді! Қара-қожалақ жүзі
жүрегімді
біртүрлі елжіретіп, құшырлана сүйіп-сүйіп алдым.
– Не болды?
– Сондай сұлусың!
– Онда неге күлесің?
– Бетіңе күйе жаққан жарасады екен.


– Е, бəсе! – деп күркеге жүгіріп барып, айнаға қарады да сықылықтап
күліп
жіберді.
Қалтамнан
уыс-уыс ақша шығарғанда қыз таңданып бетіме қарады:
– Дүкен тонағаннан саумысың өзі?
– Балықтың ақшасы ғой. Сатуға ұялып ем, ел өзі жинап берді.
– Ұялатын несі бар? – деді Үміт байсалды дауыспен. – Құнсыз еңбек
адамды
құл қылады. Кез-келген еңбектің өтеуі болу керек!
Таңертең
ертіп бармағаныма өкіндім. Мына түрімен ана балық деп
ауыздарының
суы құрығандардың қалтасын қидай сыпырар еді.
– Қанға сіңбеген кəсіп қой, – дедім ақталған болып.
– Əй, қазағым-ай, ішің жеккөрмей тұрса да, сыртыңмен сыздайсың-ау!
Ішімдегі
өтірік ұялған қазақты итеріп тастауға Үміттің осы сөзі қамшы
болды
ма, балық аулауға енді шындап кірістім. Əрі ермек, əрі табыс.
Жас
шіліктен аузын бүрмелеп, сыраның бөшкесіндей дөңгелетіп үлкен
себет
тоқыдым. Ертелі-кеш аулаған балығымызды соған төгіп, суға
салып
қоямыз. Жағажайдағы жұрт мені əбден танып, ат қойып алды.
Көрген
жерде: «О, балықшы!» деп қауқылдасып жатады.
Көңілде
қылаудай кірбің жоқ мұңсыз күндер, көз сүйіндірген көркем
табиғат
, құшағымда сұлу жар... дүниеде дəл мендей бақытты жынды
жоқ
шығар! Жан рахатын дəл қазіргідей сезінген емеспін. Осы кездері
Қара
шал қасыма жиі келетін болды. Көкірегімдегі алақұйын қуаныш,
кемер
бұзған толқынысты сиқырлы сөздің сыңғырына бөлеп, құлақ
түбінен
сыбырлап тұрады. Ошақтағы оттың ымырттағы алауы
жанарында
лапылдаған Үміт менің үсті-үстіне жыр төгілткен шабытты
жүзіме
сүйсіне қарайды:
– Осындай тамаша өлеңді қалай шығарасың?
– Бұл менің өлеңім емес, Қара шалдікі.
– Ол неғылған Шал, маған таныстыршы тиіп алайын!
– Ол – Абай деген шал.
– Оның бар өлеңін білемін. Мұндай өлеңі жоқ.


– Бұл – хатқа түспеген өлеңдері, өзіңдей сұлуларға арнап жүрегінің
түбіне
сақтаған. Маған сыбырлап айтып берді.
– Қайдағыны айтпашы, жынды екенсің ғой өзі!
– Жынды екенімді енді білдің бе? Абай тек жындылармен ғана
сөйлеседі
!
– Қойшы!.. – деп қыз құс еттеніп тоңазыған топ-толық білегін мойныма
асты
.
Ымырт
үйіріле, көз көрімдегі Жағажайда жыпырлап шам жанып,
қызыл
- жасыл оттар қылмың-қылмың көз қысып өзіне шақырады.
Құтырынған
музыка, джаз əншісінің желікпе дауысы, əртүрлі нотадағы
күлкі
-айғай тынық ауада жаңғырып естіліп тұрады. Дайын музыкаға
делебеміз
қозып, айдың астында дөңгеленіп біз де билеп мəзбіз.
Сондай
думанды кештердің бірінде Жағажайдағы дискотекаға бармақ
болдық
. Таңертең балық сата барғанда, би алаңында «Бүгін маскалар
мейрамы
болады» деген хабарландыруды көргенмін. Менің шайқалған
шала
миыма кейде небір есерсоқ ойлар келетіні бар. Маска жасаймын
деп
бас қатырғамын жоқ. Бет-аузымды, белуарыма дейін жалаңаш
денемді
күл араласқан балшықпен жылтыратып сыладым. Басыма
шиден
тоқыған шеңбер киіп, төбесіне сауысқанның қауырсынын қадап
едім
, ымыртта аспаннан түсе қалғандай, үндістің көсемі бодым да
шыға
келдім. Үміт ерсі көрген жоқ, қайта ішек-сілесі қатып мəз. Бидің
нағыз
қызған кезі екен, «Ас-сами, чунга- чук, хухара-горо!..» деп қиқу
сала
, жапырақпен жапқан мықынымды дірілдете топ ортаға қойдым да
кеттім
. Бəрі əртүрлі қияпат-кейіпте маска киіп алған. «Ит»,
«шошқалар» жатырқап «үріп», «қорсылдаған» жоқ, қайта қуанғаннан
шыңғырып
, уралап қарсы алды. Есірген ессіз алаңның қызуы жүз
градусқа
бір-ақ жеткен шығар! Мұндағының бəрі мас болмаса да мас,
көңілге
мас. Қанды ойнатып құбыла ұйтқыған мына музыкаға
есірмеуің
мүмкін емес. Бөкселері шоршыған өңкей бір мықынды
бикештердің
қоршауында қалдым. Ламбададан Ча-ча-чаға көшіп, одан
"Ақ аюдың" əуенімен твиске төңкерілдік. Тоқтаусыз шалқыған əуеннің
ырғағымен
желдей есіп, құйындай ұйтқып жүрміз. Құрғыр қыздар
кейде
үзіле назданып, тым тақасып кете ме, ондайда бəрін бағып
қасымда
айналып жүрген Үміт: "Əй, шал, есірме. Осыдан күркеге


барарсың
, бəлем!" дегендей мықынымнан мытып-мытып алады. Бірақ
оған
айыл жиып жатқан мен жоқ...
Толған
айдың тозған табағы көлдің қиыр шетіне қаңғалақтап барып
қонғанда
, аптығымызды əзер басып тоқтағанбыз. Көп желпілдеп
кетпей
, қашан да өзін бір қалыпты сабырлы ұстайтын Үміт кештен
көңілсіз
қайтты. Былай шыға бере:
– Мені мүлдем ұмыттың ғой! - деді бұртиып.
– Мен өзімді де ұмытып кеттім. Өйткені мен кеш бойы үндіс болдым
ғой
. Мен Өзім болғанда, сені ешқашан есімнен шығармаймын! - деп
сылдырлатып
, қолымды иығына сала беріп едім, сілкіп тастады.
– Осындай дəмсіз сөздің керегі не!
Көлді
қуалай жел соғып тұр. Ысылдап, шапшыған толқынға қарсы
салған
қайықтың жүрісі өнбейді. Үстіміз су болып, түнгі салқында
дірдек
қақтық. Сілеміз қатып келсек, күркеміз астан-кестен:
киімдеріміз
жан-жақта шашылып жатыр, төсеніш шөпті асты-үстіне
шығарып
, қопарып тастаған. Целофан қалтаға салып, шөп арасына
тығып
қойған əжептəуір ақшамызды қақшып кетіпті. Басқа ештеңеге
тимеген
. Кім де болса, біздің балық сататынымызды біліп, ізімізден
торуылдаған
біреу болды. Зұлымдықтың аяғы тазалық Меккесіндей
болған
бұлардың шөп күркесіне де жетіпті. Үміт дір-дір етіп құшағыма
тығылды
. Үңірейген қосқа кірмей, айналаға үрейлене қарайды. Қамыс
басы
суылдап, қарауытқан шоқ-шоқ бұтаның түбінде əлдекімдер
қараң
-құраң бұқпантайлап жүргендей қорқыныш шақырып тұр. Дереу
от
жақтым. Қу шырпының шытыр-шытыр маздап, көкке тілін созған
жалыны
анталаған түнмен бірге көңілдегі қорқынышты да серпіп
тастағандай
. Отқа ентелеп, шымыр-шымыр бойымыз жылынып, əзер
дегенде
жан шақырдық. Тобарси бастаған киімдерімізден жіңішкелеп
бу
ширатылады.
– Қорқам! – деді Үміт əлі де үрейден айыға алмай.
– Енді қорықпай-ақ қоюыңа болады, – дедім құйрығы түтіндеген
шаланы
қағыстырып.
– Қалай?


– Керектерін алды, бізде шатағы қанша? Қайта сол пəледен
құтылғанымыз
жақсы болды. Алаңдамай тыныш ұйықтаймыз! – дедім
ештеңе
болмағандай жадырап.
– И-й, осы сенің теріс-қағыс сөйлейтінің-ай! – Қыздың жалын шарпып
албыраған
жүзінде кейістіктің көлеңкесі жүгіріп өтті. – Талай күнгі
еңбегіміз
емес пе!
– Құрсын, ақша жүрген жерде шайтан жүреді. Сау басың саудаға
қалады
.
Міне
, ақша жоқ – проблема да жоқ.
– Сен ақшаның қадырын білмейсің. Сондықтан осындай боп жүрсің!
– Қандай боп жүрмін?
– Қандай екеніңді өзің білесің. Сенің орныңда басқа біреу болса, ендігі
Айтматовтай
болар еді!
– Даңқ пен байлық шығарма жазып бермейді. Айтматовтың
шығармаларын
таланты жазды.
– Сенің жазғандарың оныкінен кем бе? Бірақ неге ондай емессің?
– Ол сұрақты қоғамға қой. Мен қолымнан келгенін жаздым. Ешкім
керек
қылмаса, ешкім шығармаса, мен не істеймін?
– Сен шығаратындай ғып жаз. Сонда байлық та, даңқ та сенікі! Екеуміз
Эйфель
мұнарасынан түнгі Париждің оттарын тамашалаймыз, Канар
жағалауында
каноэмен жүземіз... – Үміт отқа телмірген күйі жүзі
алаулап
бір сəт өз қиялын тамашалап кетті.
– Мен өйтіп жаза алмаймын!
– Өйтпесең өстіп жүр!..
Бұл
күні екеуміз құшағымыз айқаспай, денеміз ғана жанасып, əр
қайсымыз
өз ойымызбен тоң-торс жаттық.
Қызжылаған
Судың
қызығын біраз көрдік қой деп Үміт екеуміз бүгін айналаны
серуендеп
қайтуға шыққанбыз. Көлдің теріскей беті шоқ-шоқ жиде
мен
жыңғыл өскен құмдауыт жалаң дала. Көз ұшында кемерленген биік
белдер
сағымға оранып бұлаңытады. Күн жеп кезерген үстіртте қыбыр
еткен
тіршілік жоқ. Қураған тырбық шөп табан астында сытыр-сытыр


сынады
. Осы маңда əн салатын шағылдар бар дегенді естіп, соны іздеп
келеміз
. Айналада жөн сұрайтындай ешкім көрінбейді. Күн шыжи
бастады
. Қай жағымызға қарасақ та бүлк-бүлк желіп сусыған сағым
біресе
шалқыған айдын, біресе құйрық-жалы жалбырап шауып бара
жатқан
үйір-үйір жылқы боп елестейді. Аяқ астына тығылған
ергежейлі
көлеңкемізді "басқа-көзге" теуіп, таптап бір қауым жүрдік.
Сұрғылт
құмның ыстық лебі бет шарпиды. Үміттің басында кең етек,
ақ
шляпа, жарты бетін жапқан қара көзілдірік. Аяғын ілбіп басады. Мен
жортақтап
ұзап кетіп, ол жеткенше күтіп тұрам. Мұрнының ұшы
тершіген
, екі беті қып-қызыл.
– Шаршасаң қайтайық! – деймін.
– Жоқ, əйтеу келген соң, көріп кетейік.
Алдымыздан
шилеуіт өзек кес-кестеді. Шашағы ағарып піскемен
түбіндегі
теке сақал көкшулан қияқ аптапқа өңін бермепті.
– Осы маңда қойшылар бар, – дедім білгішсініп.
– Оны қайдан білдің?
– Білем! – дедім танауымды көкке көтере иіс тартып. – Ауадан қойдың
иісін
сезіп тұрмын. Жаңаректе осы маңда жайылған!
Шидің
түбінде шашылып жатқан жас құмалақ арқылы білгенімді
айтқан
жоқпын. Космоспен сөйлесетін қасиеті бар ма мынаның
дегендей
, Үміт таңырқай бетіме қарады. Айтқанымдай, көп өтпей
үлкен
жарқабақтың жиегіне ентелей кеп тоқтадық. Алдымызда – қар
мен
жаңбыр суы орып ырситып тастаған терең аңғар. Табандағы
ойдым
-ойдым көлшіктердің жағасы күрегейленген көк құрақ-қамыс.
Жарлауытты
қиялап төменге түстік. Ақ-қарасы аралас, кілең бір
құйрығы
керсеңдей теңкиген бір қора қой, арасында ешкілер де бар,
жарқабақтың
көлеңкесіне бастарын тығып үйездеп тұр. Бізді көріп
керауыз
, қызыл төбет абалап бері жүгіріп еді, үлкен жиденің түбінен
əлдекімнің
басы қылтиды:
– Таймас, жат!
Қызылкөз
тайыншадай төбет иесінің əмірлі дауысына қалт тоқтай
қалды
да, "е, өзіміздің кісілер екенсіңдер ғой" дегендей құйрығын


бұлғаңдатып
соңымыздан ерді. Көлеңкеде жалаңаяқ, жалаңбас, ашық-
шашық
жатқан шал апыл-ғұпыл киініп, үсті-басын түзеп қарсы жүрді.
Екі
бетінен қаны тамған, орыс ұялғандай сап-сары, нығыз денелі,
тəпелтек
, егделеу кісі. Езуінің үстінде ғана едірейген бес-алты тал ақ
қырау
қылы бар. Бітиген шегір көзі ұшқындап, бетімізге қуақылана бір-
бір
қарап алды.
– Жол болсын, келіңдер, балалар, – деді аман-сəлемнен соң.
Кəрі
жиденің көлеңкесі отау үйдің орнындай дөңгелене қарауытады.
Төңірегі
көгі басылмаған тепсең. Кондинционері қосылған үйге кіріп
келгендей
саяның асты сап-салқын.
– Көлден бері жаяу келсеңдер, əбден қаңырақтарың кепкен шығар, –
деп
ақсақал сырты киізбен қапталған үлкен торсықты шайқап-шайқап
жіберіп
, тостағанға айран құйды. – Қойдың сүті.
Тостағанды
Үмітке ұсындым.
– Ішіп ал, қарағым, – деді қария қыздың тартыншақтағанына қарамай.
– Мына ыстықта су-му сусын болмайды. Бұл жарықтық əрі шөл басады,
əрі
тоқ.
Үміт
жасқаншақтап дəмін татып көрді де, содан соң тоқтамастан бір-
ақ
сіміріп салды. Қайталап құйылған тостағанды мен іштім. Тіл
үйіреді
, мұп- мұздай.
– Қалай екен? – дедім Үмітке қарап.
– Йогурттен де дəмді!
– Пəлі! – деді ақсақал тізесін сарт соғып. – Жөгірт-мөгіртті біздің
əжелеріміз
мың жыл бұрын жасап қойған ғой.
– Мына ыстықта қалай мұп - мұздай боп тұр?
– Ой, қызым-ай, бұл қазақ іски қалденик! – Ақсақал бүйірі бұлтиып
күннің
көзінде жатқан торсыққа иегін созды. – Анда-санда
сыртындағы
киізге су сеуіп қойсам болды, күні бойы мұздай боп
тұрады
... Ал, ана жұлдызға ұшып, айға қонып жатқан данышпан
ғалымдарың
ағаш ыдысқа ас пісіре ала ма?
– Ол мүмкін емес қой!


– Неге мүмкін емес? Қойшылар өрісте жүрген кезде ағаш саптаяққа
қойды
сауып алып, шоққа əбден қыздырылған жұдырықтай тасты
тастап
кеп жібергенде, сүт қорқ-қорқ етіп бірден уыздай үйіріліп
түседі
. Дірілдеп піскен қою сүтті «қорықтық» деп атаған.
– Расында да керемет екен! – деді Үміт таңырқап.
– Жарықтық бұрынғының қазағы оқымай-ақ бəрін білген ғой! – «Қой
баққанмен
біз де тегін емеспіз» дегендей қария төсі қайқайып, Үмітке
күлімсірей
көз тастап қойды.
Біз
бұйымтайымызды айттық. Шал қитығып жауап берді.
– «Əнші шағыл» дегенді қайдан шығарып алғансыңдар? Əн салмайды,
жылайды
, сыңсиды. «Əнші» деп орыстардың шатып жүргені ғой. Атам
заманнан
бері оны ел «Қызжылаған» деп атайды.
Шалдың
аузынан мəнді сөз шығатындай ентелей түстім:
– Олай атауға себеп болған шығар?
– Əлбəттə, – Шал ұстарадан жаңа шыққан айтақыр төбесін баржиған
алақанымен
сытырлата бір сипап қойды. – Баяғы шапқыншылық
заманда
осы аумақтың бəрін қалмақ жайлаған ғой. Қапшағай,
Шамалған
, Кеген, Нарынқол деген аттар содан қалған. Қонтайшы,
нояндарының
есімі болса керек. Бір байдың сұлу қызы бар екен.
Шапқын
кезінде қалмақтар ауылды түгел жамсатып сап, ай мен күндей
сұлу
болған соң қызды аман қалдырады. Қонтайшыларына сыйға
тартпақ
болады. Күн жүреді, түн жүреді. Бір күні қоналқыда жатқанда
күзетшінің
көзін ала беріп, қыз сытылып шығады. Түнімен қашып ұзап
кетеді
. Бірақ ертеңінде жау бəрібір ізіне түседі. Құтыла алмасын білген
қыз
анандайдан жалтырап көрінген Ілеге қарай қашады. Суға батып
өлгісі
келеді. Бірақ жете алар емес. Өкшелеген қуғыншыны көріп
шарасы
таусылған қыз зар илеп, жерге етпеттей кетеді: «Ей, Алла, ата-
анамды
өлтірген қас дұшпанға қорлатпай жанымды алшы! Ақ тəнімді
былғатпашы
дінсіз кəпірге!..» деп жалбарына жылағанда, аспан асты
жаңғырып
қоса күңіренеді. Кенет топырақты суыра қатты дауыл ұйтқи
жөнеледі
. Жер-дүние алай-түлей боп, қарға адым жер көрінбей,
айналаны
қара түнек тұмшалайды. Жерге жабысып еңіреген қыздың
үстін
құм суси сипап баса береді. Қуғыншылар қайдан келіп-қайдан


қойғанын
білмей адасып, өз бастарымен қайғы боп кетеді. Боран түн
соғады
, күн соғады. Құдайдың құдіретімен қыздың үстіне үйілген құм
төбе
боп қалады. Айнала жым-жылас. Сəл жел соқса, құм төбе сыңсып
қоя
беретін болыпты. Содан бері оны ел «Қызжылаған» деп атап кеткен.
Құмның
астында қыздың жылаған дауысы тұншығып қалып қойған
дейді
.
«Əңгімем қалай?» дегендей, қызыл бет шал езуіндегі бес тал қылы
едірейіп
, екеумізге кезек қарады. «Жақсы сюжет, тəп-тəуір əңгіме
жазуға
болады екен» деп ойладым ішімнен. Үміт күрсінді:
– Қандай аянышты!..
Екі
тізесін құшақтап, əлдебір нүктеге қадалып қалыпты.
– Алыс емес, анау тұмсықтың астында ғана. – Шал қарсы алдына қарай
иегін
созды. – Кішкене ыстық қайтсын. Қойды солай қарай өргізіп, өзім
көрсетейін
. Оған дейін шай ішіп алайық.
Орнынан
лып тұрып, шай қамына кірісті. Тас ошаққа шырпы тамызып,
үстіне
күйелеш қалайы шəугімді қойды. Көлшіктің бергі жағындағы
тепсеңде
арқасындағы тоқым орнындай жауырдың орнына ойдым-
ойдым
ақ түк тебіндеген, месқарын жирен ат жайылып жүр.
Құйрығымен
жұқа шабын шып-шып осқылап бүгелектесе де жерден
басын
айырмай, анда-санда пысқырып қойып, қылтиған көкті бырт-
бырт
жұлады.
– Əкей, атқа мінуге бола ма? – Үміттің көзі əлдебір əуестікпен тұтанып
тұр
.
– Апырай, ə!.. – Шал қулана мұртын сипады. – Əйел адамды атыма
мінгізбеуші
едім.
– Неге?
– Əйелдің етегінің желі бар, жүйріктің белі кетеді демей ме!
– Менің етегім жоқ. Джинсы кигенмін ғой!
– Ə, солай екен-ау! – деді қария күліп. – Жəй қалжыңым ғой. Атқа мініп
көріп
пе ең?
– Мамаммен бірге ауылға барғанда мінгем.


– Ендеше қазір
Күнге
шалқасынан жаюлы жатқан ердің ақ сор терлігін уқалап, шөптің
үстіне
бұрқ еткізіп бір қақты да атты ерттеді, ауыздығын салды.
Үміттің
қимылы əбжіл. Мен қолтығынан демеймін дегенше, аттың
шоқтығынан
ұстап, лып етіп ерге қонды. Үзеңгіге аяғы еркін жетпеген
соң
, таралғыға салып алды. Шылбырдан жетелеп жүрмекші болып ем,
шал
қолын сілтеді:
– Шабынан түртсең, мыңқ етпейтін жуас. Қорқпа. Шылбырды мойнына
күрмей
сал.
Үміт
тізгінді қағып, тебініп қалды. Аяғын еріне басып, қорқ-қорқ
желген
ат үстінде қопаңдап барады. Шал менің бетіме күлміңдей көз
тастады
:
– Келін бе, əлде?..
– Əлде емес!
– А-а,.. Бітімі келіскен, жақсы əйел болады...
Ақсақал
сөйлеп тұрған кісі. Айдалада жападан-жалғыз іш құса боп
құлазиды
ғой. Əр нəрсені сылтауратып оңайшылықпен бізді жібергісі
жоқ
. Құйрығы түтіндеген шаланы шоққа қарай қағыстырып қойып,
біраз
əңгіме айтып тастады. Есімі – Үсен, көзін ашқалы қой бағып
келеді
екен.
– Бұрын орыстың жалшысы едік, енді қартайғанда қазақтың құлы
болдық
. Анау төбесі қылтиып тұрған тоғайды көрдің бе, сол жерде
баяғы
«Партсиез» сапқозының зəйімкесі бар. Кешегі апалас-төпелесте
Жəмшит
дейтін суаяқ парторх қойлы-қорасымен бəрін бір-ақ басып
қалған
. Қазір май шайнап отыр. Баласының шəрде рыстыраны бар,
күніне
он-онбес қойдан сойып əкетеді. Құдайға шүкір, күнкөрісіміз
жаман
емес.
– Онда несіне ренжисіз, кімнің қойын бақсаңыз да бəрі бір емес пе, –
дедім
қағытып. – Осы күнде өнер алды – жан бағу болып тұр ғой.
– Сөйтсе де адамда көңіл деген болады ғой, қарының тойса да ойсырап
қоңырайып
тұратын. Кеше сапқоздың қойын бағып жүргенде адам


сияқты
едік. Ауданға депутат болдым, жиында райкөммен қатар
отыратынмын
. Озат қойшы деген атымыз бар, үйіміз базар еді,
сапқоздың
бетке шығар басшылары сырбазды асқызып қойып, қона-
жатып
кəрта ойнап, дыр-ду боп жатушы едік. Енді не, қой соңында
салпақтаған
анау қызыл төбет те бір, мен де бірмін...
– Жалғыз бағасыз ба?
– Бала мен келіннің қолындамын. Солар көмектеседі.
– Апамыз қайда?
– Апаңды Құдай алып кеткен. Төрт жыл болды, «біздің шал малды
дұрыстап
баға ма, жоқ па» деп ана қырдың үстінде қарауыл қарап
жатыр
. Құлағыңды ұрайын осы шуылдақтың қайтсек бабын табамыз
деп
қысы-жазы жанымызда тыныштық жоқ қой. Боранда екеуміз қой
мен
бірге ығып, таң ата балалар əзер тауып алған. Жөтел жабысып, қыс
бойы
күркілдеп, содан оңалмады ғой бейшара. Кемпір дейтіндей
қартайып
та тұрған жоқ еді. Менен он тоғыз жас кіші болатын. Бала
мен
келінге қараған күнің белгілі ғой, сыйлауында мін жоқ, бірақ
бүйіріңді
жылытып, шүңкілдесіп қасыңда жататын шүйкебастай
қайдан
болсын!
– Кемпір тауып алмайсыз ба?
– Кемпірді қайтем кəрі сүйегін сықырлатып! – Үсекеңнің дəмесі əу дем
жерде
екен, бағанадан бергі қабағындағы кірбіңді кірпігімен бір-ақ
серпіп
, кішкентай шегір көздері күлмің-күлмің қутыңдап қоя берді. –
Өзің
былай жөн білетін жігіт сияқтысың, аяқ-лауға жарайтын біреу
тауып
берсеңші. Мына алдымдағы малдың ішінде отызға тарта қойым
бар
, қалағаныңды аласың!
– Ой, ақсақал, елдің ортасы, сырыңызды білетін біреуді таңдамайсыз
ба
?
– Аяқ-лауға жарамайтын кəрі-құртаңды қайтем. Елде ілікке татитын
қатын
дейтін қатын қалды ма бұл күнде. Бірі – ауыру, бірі – арақкеш.
Тұғырдан
түсе қойғам жоқ, баяғыда ата-бабаларымыз біздің 
жасымызда
бір қызды қартайтқан емес пе. Оның үстіне сəбеттікіндей 
емес
, аутиаумаит, осы күнгінің телебізірі де бұзылған ғой. Өңшең 
жалаңаш
қатын мен еркек. Балалар түні бойы жылтылдатып көреді де 
жатады
. Қарамайын десең де көзің түсіп кетеді кейде. Содан қай-
қайдағың
қозып, жер-көкке сыймайды екенсің!.. – деп жап-жақсы 


отырған
шалым бəдіктене бастады. Əңгімесі жасарып барады. – 
Былтыр
осы көлде өзің сияқты демалып жатқан жігіттер машинамен 
келіп
, шəшлыққа бір қой алған. Ақысына деп бір мас қатынды тастап 
кеткен
. Кинодағы қатындай шашын қырыққан, кеудесі, үсті-басы 
ашық
-шашық, есім шығып кетті... Тегі, қатын деген ит опасыз ғой, 
зəнталақ
. Түнімен біреу бауыздап жатқандай бақырып: "ойбай, 
көспəди
, өлдім, недеген сойқан шал едің, дəрі ішіп алған бəлесің 
өзің
!!?" деп, қасқыр тамақтаған қойдай алқымымды шайнап еңіреп еді. 
Мас
адам оттай береді екен ғой, дəрі ішетіндей бір жерім ауырып па 
екен
? Басың, ішің ауырғанда ішпейсің бе о бəлені... Əй, зəнталақ-ай, 
түндегісін
таңертең тарс ұмытып қапты. Ербиіп ұшып тұрды да: "Ой, 
бөжім
-ай, бөжім-ай, қай жерде жатырмын!" деп əй да айғайға бассын. 
Аутиаумаит
, мұндай бетпақ көрсем көзім шықсын! "Сен шал, түнімен 
не
істедің? Мастығымды пайдаланып зорлық қылдың! Палисаға айтып 
ұстатам
!" деп тепсінгенде қара тас ойылатындай болған соң, иманым 
ұшып
, "аш пəледен – қаш пəле", жалынып-жалпайып, бір дөнен қой 
беріп
əзер құтылғамын!
– Қария, қаншадасыз? – дедім айтып тұрған əңгімесіне дүдəмал
көңілмен
.
– Өзің қаншада деп ойлайсың?
Шегір
көзінің қиығында жылт-жылт жанған шайтанның отын көріп
шатасып
қалдым. Бетінде бір əжім жоқ, үрлеген шардай бұлтиып тұр.
Жаңа
ғана шал сияқты еді, қутыңдаған сайын жасарып барады.
– Алпыстан асқан шығарсыз?
– Құдай көңіліңді көтерсін, қарағым! – Үсекең кеңк-кеңк күліп,
едірейген
мұртын бипаздай сипап қойды. – Былтыр – жылқы, биыл –
қой
... Алла- Тағалам көпсінбесе, жетпіс алтының желкесіне қонайын
деп
тұрмын.
– Онда мықты екенсіз.
– Е, оның несі таң? Жетпісбай, Сексенбайларды таптырған шалдардың
ұрпағы
емеспіз бе! Ішетініміз – қатық пен қымыз, жегеніміз – қазы-
қарта
, құрт-ірімшік. Шəрдің сəсискі жеп, кəзбада ішкен бозөкпесі деп
пе
едің? Əлі де бір қызды қартайтарлық қауқарымыз бар. Сен оданда


əлгі
айтқанымды ойлан, шалдың сауабын ал!.. – Көзі ежірейіп,
қалжыңы
шынға айналып бара жатқандай.
Шал
тағы не деп бүлдірерін кім білсін, аброй болғанда, сол арада Үміт
атын
желдіріп келіп қалғаны.
Қызыл
шоққа құйрығын басып баж-бұж еткен қожалақ шəугімнің
шүмегі
шырт-шырт түкіріп тұр. Үсекең баяғы көзтаныс сырахананың
құлағы
сынған күрежкесін ұстап, емпеңдей басып барып, бір қара
қойдың
бауырына жабыса кеткен. Лезде күрешкені сүтке толтырып
алып
келді. Шəугімге бір уыс шай салып, үстіне сүт құйды да бір бұрқ
еткізіп
алды. Ақ шаршы, бөртпе сүлгінің бүктеуін жазып, бар мəзірін
алдымызға
жайды. Шалды ыдыс-аяқпен жағаластырмай одан арғы
дастархан
билігін Үміт өз қолына алған. Жиегіне алтын шайған кетік
кəрлен
кəсе маған қарай қалықтап келе жатыр. Қызылы кəсеге жұғып
үйірілген
күрең шай. Мұндай шай таңдайға тимегелі қай заман. Үсекең
шайға
сырбаз екен. Сыры көшкен ағаш тостағанның түбінен ғана
құйғызып
, шайқап қойып, бабымен сораптайды. Үміт те шайшыл боп
кеткен
. Күйелеш шəугім, кетік кəсе, үймелеген қалың шыбыннан
қаланың
кірпияз қызы тосырқар емес. Екі бетінің ұшы лып-лып
қызарып
, қалжасы жағып отыр. Таза ауа, нəрлі ас, тамылжыған
тыныштық
... "Осы рахаттан қашып, қалада тентіреп жүрген біз қандай
ақымақпыз
!" деймін ішімнен. Адамзат қолдан қандай пейіш жасаса да
табиғат
– анадан артық қандай мейірімді құшақ бар?
Күн
бағанағыдай емес, алауы қайтып, қызыл-жалқынданып еңкеюге
бет
алған. Шеті шашырап жайыла бастаған қойды Үсекең беткейге
қарай
қаптатты. Ысқырып, "айда, Таймас, айда!" деп еді, қызыл төбет
абалап
, отардың етек-жеңін үйіріп дөңгелете жөнелді. Отардың ең
соңында
құйрығын қос дөңгелек арбаға артқан жуан қара ісек ауыр
қозғалып
барады. Арбаның дөңгелегі ойпаңға түскенде, алдыңғы екі
аяғын
көтеріп тұрып қалады.
– Мə, анаң қара, қойдың артына арба байлап қойыпты! – деді Үміт
таңырқап
. – Неге олай істеген?
– Ол – осы қойлардың патшасы. Сондықтан алтын тағын өзімен бірге
алып
жүреді, – дедім күліп. Үсекең жақындап кеп сыбырлады:


– Əлгі бұйымтайымды орындасаң, осыны берем!
– Инвалид қойды қайтем!
– Пəлі, қайдағы меңдуалит! Дөнен қой. Қарашы, қандай семірген. Арба
байламасаң
, құйрығын көтере алмай шоңқиып отырып қалады.
Кейбіреулері
қатты семіргенде, құйрығы айрылып кетеді.
Қой
кең жазықта қаптай жайылып, буыны қатқан боз жусан мен сары
ұлпа
ажырақты сырт-сырт жұлып, сіркіреп жаңбыр жауғандай, аспан
астын
сытырға толтырып, жайымен жылжиды. От қуып, шоғыр-шоғыр
бытырай
бастаған отардың етек-жеңін Таймас мойнындағы тас салған
темір
қалбыры салдыр-күлдір етіп абалап, анда-санда бір жинап қояды.
Малдың
мазасын алатын берекесіздеуі қанжар мүйіз көк серке екен.
Басы
қақшаңдап, оңды- солды ойқастап, бұра тартып бір бүйір
шығандап
кетіп жүрген сол.
– Əй, кемелек, сирағыңды сындырайын ба осы! – деп Үсекең өз-өзінен
кіжініп
алады да айғай салады. – Əй, қасқыр жегір кемелек, қайт кейін!
Көк
серке ақылды, мүйізі жайқаңдап дереу жалт беріп, кері ойысады.
Аздан
соң шо-шоқ түзген мен шағырдан басқа бұдыр жоқ сыпыра
жазық
далада қоянжон, сүйір құм жота көрінді. Үсекеңнің иегіндегі
бес
тал жирен қыл тікірейіп, солай қарай шаншылды:
– Іздегендерің осы.
Үміт
екеуміз көңілсіз қоңылтақсып бір-бірімізге қарастық. "бар-жоғы
осы
ма, əні қайда айтатын?" Үсекең ойымызды оқығандай:
– Жел соққанда ғана дыбыс шығарады, – деді. Жел түгілі шөп басын
қозғар
үп еткен леп жоқ, тымырсық. Босқа əуреге түскенімізді ойлап,
мелшиген
жотаға қабақ шыта қарадым.
Құм
шағылдың етегіне тұмсық тірей тоқтадық. Шал жерге тізерлей
кетті
де ішінен күбірлей дұға оқып, бетін сипап орнынан тұрды. Біз де
түрегеп
тұрып бет сипадық. Қылтанақ өспеген жылмиған құм. Кенет
жотаның
əр жер-əр жерінен қиыршық тас домалап, ізін қуа сусыған
құм
сыр-сыр сырғанай жөнелді.


– Жарықтық дұға бағыштағанымызды сезіп жатыр-ау! – деді Үсекең
елең
етіп. – Жə, мен жел шақырып көрейін. Итөлген жерден жаяу-
жалпы
келген азаптарың бар ғой. Мына қызыл құм шағылдың қалай
жылайтынын
естіртейін бұйыртса.
Шылбырын
сүйретіп анандайда бырт-бырт оттаған шартық күреңнің
жанына
барып, Үсекең қанжығадағы қоржыннан қамшы сабындай
əлденені
алды. Былғары құндаққа салынған сыбызғы екен. Сырты жып-
жылтыр
қарайып, ернеуі жеміріліп əбден ескірген.
– Бұл – менің алтыншы атам Хошмəметтің сыбызғысы. Қолдан қолға
ауысып
маған жетті. Бабадан өнер жұқпаған, біздікі жəй көненің көзі
жоғалмасын
деп ие болып жүрген ғой. Ол кісі асқан сыбызғышы һəм
бақсы
болыпты. Үні зарлы, күндік жерге жетерлік сарнауық болады
деп
, қалмақпен қақтығыста азаматы опат болған қаралы үйдің
сағанағынан
жасапты. Міне, көрдің бе, өзегін жел кеулеп өзінен өзі
уілдеп
тұр. Талай күй шығарыпты, көбі ұмытылған, мен кейбіреуінің
атын
ғана білемін. Хошмəмет бабам төрт түліктің етін жемеген деседі.
Жазда
құс аулап, қыста аңның етімен қоректеніпті. "Құс қайырған"
деген
күйін шалғанда, аспанда ұшып бара жатқан құс арбалып, үйіріліп
келіп
алдына топ ете түседі екен. Жағалтай деген қыран баптапты.
Өжет
, тырнақтының тажалы, айбынбай арлан қасқырға түсетін
қандыбалақтың
өзі болса керек. Жауынгер, жендет құстың қуаты тез
қайтады
ғой. Жағалтай əбден кəртейеді. Қанатын қомдағанмен денесін
көтеріп
ұшуға хəлі келмейді. Ескі дəмемен құр қанатын далпылдатып
аспанға
қарап шаңқылдап, зар төккендей болады екен. Қыранның қор
болған
түрін көріп жаны қиналған Хошмəмет бабам бір күні
Жағалтайды
биік тұғырға қондырып, сыбызғы шалыпты. Кенет жел
ұйтқып
, айнала алай- түлей болып кетеді. Қарсыдан соққан желге
қанатын
жайып Жағалтай ұша жөнеледі. Күшейген дауылдың
екпінімен
биіктеп шарықтай береді, шарықтай береді. Қуана
шаңқылдап
, көптен құса боп сағынған көк аспанда шарқ үйіріліп,
оңды
-солды аунап, армансыз самғайды. Сыбызғы үні бірте- бірте
бəсеңдеп
, дауыл тынши бастаған сəтте Жағалтай қанатын жиып,
шырқау
биіктен жалпақ тастың үстіне бір-ақ ағып түседі... Бабам сол


дауыл
шақырған күйін «Сарнақ» деп атапты. Аңыз сөзді əркім əрқалай
құбылтады
ғой. Біреулер мына төбенің астында жатқан қызды
қалмақтан
құтқарған хошмəмет сыбызғышы дейді. Қыздың
шырқыраған
дауысын күндік жерден ести сала бір шоқының басына
шығып
, осы күйін шалыпты. Дауыл ұйтқып, қызды жөңкіген құм басып
қалады
. Өкшелеген жау қара түтекте адасып, басы ауған жаққа кетеді...
Иə
, одан бері не заман, талай құлақтан өтіп, маған жұлым-жұлым
жаңғырығы
жетті. Білігіміз жетпей, ойынан шықпай жатсақ, аруағы
кешірсін
!..
Үсекең
өңі қуқылданып, демін ішіне тартып сəл үнсіз тұрды да
сыбызғыны
оң жақ езуіне тақады. Бағанағы бəдік шал емес, түр-
əлпетіне
сұс жинап, көзі тұңғиықтанып аруақтанып алған. Алшита
басқан
аяқтары сіреу құмға қызыласығынан сіңіп барады.
Сыбызғы
ішін тарта ышқынып-ышқынып алды да биік тыныспен
шығандап
сызылта жөнелді. Шалқып, шарықтап барды да сəл бəсеңдеп,
өзек
суыра уілдеп тұрып алды. Бей-жай тыныштық селк етіп оянып,
айналаны
əлдебір сусыл кеулеп бара жатқандай. Жаңағы шал жоқ. Екі
көзін
тас жұмып, теңселіп, тербеліп, қара бақайына дейін балбырап
сиқырлы
сазға айналып кеткен. Саз сыбызғыдан ғана емес, оның бүкіл
тұлабойынан
қуалай шығып жатқандай.
Сыбызғының
көмейінде қоздаған уіл мен гуіл, ысқырық пен ысыл
бірте
- бірте айналаға көше бастады. Аспан лезде қарақұрықтанып, ішін
тартып
тына қалғандай. Шөп басы оянып, тарғыл құмның беті жыбыр-
жыбыр
желпініп қояды. Ит үріп, қой маңырап, ию-қию дыбысты үйіре,
жел
қанатын қағып-қағып қалды да аспан асты сусылдап, алақұйын
болды
да кетті. Шалды ұйтқыған жел жұтып қойды. Орнында тарғыл
құмды
суырып, төбесімен көк тіреп, белі бұраңдаған жынды құйын
дедек
қағып билеп тұр. Желмен бірге дөңкиген жота да оянды. Жан
біткендей
қозғалақтап, үстінен құм ұшқындап,
өз
-өзінен сыңсып қоя берді. Расында да əлдекім жылап жатқандай. Жел
екпіндесе
, боздай еңіреп, бəсеңдегенде өксіп, тынымсыз зар
төгетіндей
. Бағана шалдың айтқанына онша ишана қоймап едік, өз
құлағыңмен
естігеннің əсері бөлек екен. Шал айтқандай, шынында да


дəу
жотаның астынан шыға алмай бейбақ қыз зар илеп жатқандай,
аяныш
пен қорқыныш тұлабойыңды түршіктіреді. Үміт белімнен тас
құшақтап
, бауырыма тығыла түсті. Денесі қалш-қалш етеді.
Ұйтқыған
дауыл құм жотаны біраз зар илетіп өксітіп-өксітіп алды да
саф
тиылды. Төбесімен көкті бұрғылап аласұрған биші құйын жалп
етіп
, жерге құлап түсті. Төбеден саулаған құмның арасынан басын
сілкіп
Үсекең шығып келе жатты.
Шал
қалжыраған. Тұрған жерінде екі бүктеліп отыра кетті. Бет-ауызы
сай
- сай боп жосыған қарасүмек. Басындағы мыжырайған шляпасын
шешіп
, жерге шиыра салып еді, айтақыр төбесі түтіндей жөнелді.
Уһілеп
, арсы- күрсісі шығып отыр.
– Уһ, Алла-ай... қалай дегенмен шала-шарпы жұққан бабамның
шалығы
бар ғой. Бойымды буып жүр еді, сыбызғы шалып жеңілдеп
қалдым
!..
Шал
отырған жерінде шалқалай кетті. Аяқ-қолы төрт жаққа шашылып,
қыбырсыз
қалды. Сілейіп біршама жатты да басын көтерді. Бізге
кімсіңдер
дегендей бажырая қарап, орнынан созалаңдай тұрды да үн-
түнсіз
ұзай берді. Күн еңкейіп барады. Қайыр-хошымызды анандайдан
айқайлап
, біз де ерте- жарықта жөнімізді табайық деп келген ізімізбен
кері
қайттық. Жол бойы сыбызғышы ойымыздан шықпады.
– Ну и виртуоз!.. Қандай керемет! – деп басын үсті-үстіне шайқап Үміт
əлгіндегі
əсерден əлі айыға алмай келеді.
– Қазақта небір шайхылар өткен. Шоқ шайнаған бақсы, бұлт үйіріп,
күн
жайлатқан қобызшылар болған. Бұл кісі солардың жұқанасы ғана.
– Соның өзі қандай! Феномен!
– Нағыз даланың адамы. Бойындағы барын бұлдай білмейді. Ең
бастысы
, таланттымын, өнерпазбын деген ой кəперіне кіріп те
шықпайды
.
– Страдивари мен Паганиниге Европа үш ғасыр бойы тамсанып келеді.
Сиқыр
, əулие дейді. Қанша сиқырлы болса да солар мына қазақтың
жаман
шалындай дауыл шақыра ала ма? Қор болған талант! Шіркін,
оқып
, тəрбие көрсе, əлемді тəнті етер еді – ау!


– Бəлкім оқыса, ештеңе болмай қалар?
– Неге?
– Табиғилығынан, стихиясынан айрылып қалар!
– Кім білсін? – деді Үміт дүдəмал кескінмен иығын көтеріп. – Қалай
болғанда
ғажап. Алматыға барған соң, фольклор кафедрасындағыларға
айтам
.
– Байқа, сен ол шалға көп жуықтай берме!
– Жуықтаса не болыпты?
– Басыңды айналдырып алуы мүмкін. Сыбызғымен сиқырлап тастаса
қайтесің
?
– Уайымың қатты екен!
– Шын айтам. Бұзық шал ол. Кемпірі жоқ екен. Жас иіс керек деп əукесі
салбырап
жүр. Байқа!
– Кетші ары! – Үміт аузын алақан сыртымен қалқалап, басын шалқайта
ұзақ
есінеді.
– Сыртыңнан сұқтанып қарағанын көрсең! – дедім ойынның отын одан
ары
үрлеп.
– Онда жақсы ғой. Алса тие салам. Бір қора қойы бар екен. Күнде жас
сорпа
ішіп, сыбызғысын тыңдап, таза ауада жүрген рахат емес пе!
– Шал болса да бəрібір дейсің ғой!
– Шал мен шалдың парқы қанша?
– Мен бе шал?!!
– Жиырма жас үлкенсің, шал емей кімсің?
Мен
өкпелеген сыңаймен томсырайып, теріс қарадым.
– Жарайды, шал болмасаң, кəне, күркеге дейін апаршы! – деп шолжаң
қыз
арқама қарғып қона кеткені. Етпетімнен түсе жаздап, бойымды
əзер
тіктедім. Ырғай толғап, салмағын жауырыныма қарай түсірдім де
қос
қылтасын білегіммен орай қыстым. Көрер көзге денесі киіктің
асығындай
ғана сияқты еді. Зілдей. «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деп
осындайда
айтқан-ау. Мен, əрине, шал болғым келген жоқ. Тірсегім
дірілдесе
де намысқа тырысып мықшаңдап келемін. «Жə, болды, жігіт
екенсің
!» деп айтар деген дəмемен қыздан аяушылық күтемін.
Жібегімде
үн жоқ. Мойынымнан тас құшақтап, жалпайып жатып алған.
Ыстық
демі желкемнің шұңқырын түртіп-қашып шоқтай қарып келеді.


Ақ
тер-көк терім шығып əудем жер ұзадым. Үмітке менің жорғам
жақса
керек, денесінен жан кеткендей барған сайын ауырлап, сəлден
кейін
тынысын тереңнен тартып, қор ете түсті. Өзім де осыны
күткендей
, ақырын жерге түсірдім. Аяқ-қолын көсіліп шалқасынан
жатыр
. Ештеңені сезер емес. Күн бойы шыжыған ыстықта салпақтаған
оңай
ма, əбден шаршаған ғой. Үміт осы жатысында керемет еді.
Жүзінен
нұры төгіліп, бұрынғысынан да сұлуланып кеткендей. Əй,
Төлегеннің
де Қызжібегі осындай-ақ болған шығар-ау! Ақырын
еңкейіп
, үлбіреген ақторғын тамағынан иіскей бергенмін, қыз шап
беріп
мойынымнан құшақтай алғаны:
– Ə, қызғандың ба, бəлем? Соңғы күндері бар-жоғымды ұмытқандай
боп
кетіп ең, ол аздай шалға бермекші болдың. Қалай екен, а?
– Мен сені ешкімге де бермеймін!
Ыстық
еріндер алқына табысып, ыстық құшақтар айқаса кетті.
Арпалысып
, ырғасқан денеміз сусыған құмға сіңіп барады. Алаулап
көкжиеккке
еңкейген күн ұялғандай қорғалақтап, қып-қызыл бетін
биік
шоқының қалқасына жасыра берді.
Жанарыңнан
жұлдыздарды ұрттадым
Бір
күні күркенің аузында қос тізесін құшақтап, аспанға қадалған
Үміттің
көзіндегі мұңды көріп көңілім құлазып кетті. Бұлыңғыр
аспанда
жебедей созылып бір топ тырна тыраулап барады екен. Жаз
өткенін
білдіріп, біздің де сайранды, қызықты күндерімізді қанатына
байлап
əкетіп бара жатқандай. Аспан астында сыңсыған мұң қалды.
Мен
сонда ғана жасыл шөптер солып, сарғайып, дүниеге жүдеулік
енгенін
аңғардым. Су салқын. Көл жағасындағы курорттардың думаны
тарқаған
. Таңды таңға ұрып толастамайтын желікпе əн-би, шат күлкі
сап
. Ұстаған балығымызды апарып нəпаха айырып жүр едік, міне, одан
да
қағылдық. Қатігез, қу тірлік қыспаққа сала бастады. Осы орыстың
аузынан
шыққан сөздің бəрін алтын көретін əдетіміз бар ғой. Сонымыз
əсте
бекер. Əйтпесе "Для влюбленных рай и в шалаше" ("Ғашықтарға
лашықтың
өзі ұжмақпен бірдей") деген не қыртқандық? Міне, шөп


күркеде
тұрдық – несі ұжмақ? Бір күн қарынымыз ашып, тоңып едік,
тозақта
жүргендей болдық. Бізді қарын жеңді. Əлгі Донкихот көкемнің
айдаладағы
диірменмен неге соғысып жүргенін енді түсіндім.
Қарынмен
күрескен екен ғой. Бірақ ол да жеңе алмады. Ақыры бүкіл
адамзатқа
күлкі болған жоқ па?
Терістіктен
соққан ызғырық жаздың соңғы жылуын аспан астынан
сыпырып
-сиырып əлдеқайда алып кетіп жатыр. Буалдыр перде
кіреукелеп
шағырмақтанған күн көзінде қайрат жоқ. Селдіреген бұта-
қурайлар
кəрі сүйектері сықырлап, ызғырық өтінде дірдек қағады. Тек
анандайдағы
балапан қайың алтын сырғалары сыңғырлап сылқ-сылқ.
Ұятты
жерде сықылықтаған күлегеш қыз сияқты жабырқаған жүдеу
далаға
жараспай тұр.
Кешке
қарай ызғар сынып, арсы-күрсі алқынған толқындар тыншу
тапқандай
болды. Төңірек мамыржай тартып, қоңыр іңірдің түндігін
тескілеп
мың-сан жұлдыз жамырады. Күні бойы "тымпи" ойнағандай,
əрқайсымыз
өз ойымызбен боп, томсырайып жүріп едік, енді түнгі
аспанмен
бірге қайта жадырадық. Ошақта жанған оттың жалыны тік
созылып
, əуелей маздайды. Түн жым-жырт. Əдетте жарты аспанды
жарқыратып
тұратын пляж жақтан бірен-саран жетім сəуле
қалтырайды
. Түксиген бітеу түн лаулаған оттың жарығын қоршап, дəл
арқамыздан
үңірейе төніп тұр.
Екі
-үш күннен бері, маған сездіргісі келмесе де, Үміттің қабағында
кірбің
бар еді. Біртүрлі суынып, менен жырақтап бара жатқандай еді.
Енді
, міне, оттың қызуынана ба, екі беті алаулап, алабұртып отыр.
Жанарында
бір жылт бар. Өжеттене жайнаған қарашығында оттың
жалыны
үшкілденіп, лыпыл қағады. Бетінің ұшындағы шынашақ
батқандай
қос шұңқырға балдан тəтті күлкі үйіріліп, созалаңдай
орнынан
тұрды. Қалтасынан жалт еткізіп суырып, "Айфонның"
түймесін
басып қалып еді, сылқым əуен қараңғы түнді сиқырға бөлеп,
сыңғыр
-сыңғыр қанат қаға жөнелді. «Аргентин тангосы», мен сүйетін
танго
! Өзі сүйетін танго! Дауысы қандай əуезді, қосыла əндетіп,
мықынын
толқыта от басын бір айналып шықты да еркелей басып
маған
ұмтылды. Жайылған аппақ білектер пейіштен ұшқан ақ құстай
қалықтап
кеп иығыма қона кетті. Сиқырлы құйын үйіріп ала жөнелген.


Ұзақ
биледік, əуенді қайта- қайта қосып билей бердік. Шалқыған
жалынның
өтінде бір ұзарып, бір қысқарып, серең-серең ырғалып
көлеңкелеріміз
қоса билеп жүр. Екеуміз де үнсізбіз. Біз айтатын сөз бен
сырды
музыка айтып жатыр. Үнсіздіктің тілі неткен нəзік, неткен тəтті
еді
. Жан-жүрегіміз езіліп, үзіліп барады. Тырс еткен сəл бөгде
дыбыстан
осынау мөлдіреген хрусталь əлем сыңғыр етіп сынып
түсердей
. Үміт кеудеме басын сүйеп алған. Құшағымыз айқасып
тербеліп
жүрміз. Кенет иығымды ып-ыстық жас жуып кетті...
Жұбатқам
жоқ. Жұлдызды аспанды тұңғиығына көшіріп мөлт-мөлт
еткен
қос жанарды кезек-кезек сүйіп, жұлдыздарды ұрттадым.
Түн
ортасы ауа ызғырық оянды. Бұлт балалап, аспан қарақұрықтана
бастады
. Жамылғымыз жалаң одеял, қарасуықта күрке қамсау болар
емес
. Күпсіген құрғақ шөптің астына кіріп, бір-бірімізге жабыса
түстік
.
Суықтан
бұйығып тас боп ұйықтаппын. Көзімді ашсам, қасымда Үміт
жоқ
, орыны суып қалған. Айнала жап-жарық. Қостың есігінен
түйетайлы
дөңес аппақ жонын тосады. Қар жауыпты. Үміт сыртта
жүрген
шығар деп біраз бейғам жаттым. Дыбыс жоқ. Елегізіп басымды
көтердім
. Іргедегі рюзактің үстінде бір жапырақ қағаз жатыр екен.
Қызыл
помадамен сүйкектеткен жазуы бар: «Кешір. Өмір мен
ойлағандай
емес екен. Қош бол!» Есеңгіреп отырып қалдым. Сенер-
сенбесімді
білмеймін. Ойсыз, сезімсіз меңірейген күйі əлдебір нүктеге
телміріп
отырып-отырып, бір уақытта созалаңдай орнымнан тұрдым.
Шығып
бара жатып босағадағы қыстырылған дөңгелек қол айнадан сол
жақ
бетімдегі қып-қызыл еріннің мөрін көрдім. Дала аппақ.
Қызыласықтан
жауған қардың бетінде Үміттің ізі жатыр шұбатылып.
Кроссовкасының
табанындағы «z» əріпіне дейін жіпсіген ұлпа қарға
айқын
бедерленіпті. Мен ештеңе ойламастан ізді қуалап жүгіре
жөнелдім
. Неге жүгірдім, қуып жетем дедім бе – өзім де білмеймін. Із
кең
жазықты көлбей қиып созылып жатқан тасжолға кеп тірелді. Ары
қарай
– «жұмбақ, жұмбақ жұтылдым, жолға түсіп құтылдым». Жол
табаны
қарайып, шылқып жатыр. Оңды-солды заулаған машиналар
жентектелген
қарды арқандай есіп өте шығады. Меңірейіп ұзақ
тұрдым
. Кеудеме сыймай өрекпіген жүрегім «Үміт, Үміт!» деп


айғайлап
жатыр, бірақ дауысым шығар емес. Бəлкім қуып жетермін
деген
жаңағы-əзірдегі əлсіз үмітім де үзілді. Өкпе ме, қимастық па
– тай-таласқан сезім жүрегімді жұлмалап жатыр. Дүниедегінің бəрі
опасыз
, бəрі өткінші екен. Анау болмаса, мынау болып қалар деп
əлденені
алданыш қылған бұлыңғыр үміт қана мəңгілік. Алдан қашқан
сол
сағымды қуалай- қуалай бір күні шыңыраудың шетіне қалай
емпеңдеп
келіп қалғаныңды білмейсің. Жол шетіндегі төмпешікте
əлдебір
советтік еңбек озатына қойылған ескерткіштей қалшиып
қанша
тұрғаным белгісіз, табанымнан сыз өтіп, өнебойым қалшылдай
бастаған
соң басым салбырап, келген ізіммен кері қайттым. Шөп
күркеме
жете бере іркіліп қалдым. Күркенің аузы жосыған із. Ит,
түлкі
... емес, адамдікі. Жəне үлкенді-кішілі, бірі үшкір, бірі жалпақ...
əртүрлі
табан іздері. Кірген із бар да, шыққан із жоқ. Жалғыз рюзактағы
ескі
көйлек-көншектен басқа ештеңе таба алмаған соң, балық сатып
байып
жүрген бұл қудың сықырлаған ақшасы қалтасында болар деп,
менің
келуімді күтіп отырған өткендегі ұрылар ма? Жүрегім зырқ ете
түсті
. "Құрсын, аман тұрғанда зытайын" деудің орнына, Құдай жынды
ғып
қойған соң қайтесің, баспалап жақындай түстім. Құлағым созыла-
созыла
қалқайып локаторға айналып кеткендей, күндік жерден дыбыс
аулайды
. Əлдекім қорылдағандай, əлдекім ыңырсығандай. Босағадан
сығаласам
, бүктісіп, бүрісіп төрт адам жатыр. Үш еркек, бір əйел.
Шаштары
дудыраған, беттері қара-қожалақ. Сасып-мүңкіген мас,
бомж
. Қалай қуып шығам? Төртеудің аты – төртеу, жалғыз маған əл
бере
ме? Құдай-ау, жер бетіндегі айдаладан тапқан жалғыз баспанам
еді
, одан да айрылғаным ба? Бəрінен бұрын қасиетті махаббатымыздың
куəсі
болған жар төсегінде жайрап жатыстарын айтсаңшы! Үміттің иісі
сіңген
, асыл тəнінің жылуы қалған орынды қалай қорлатамын? Мейлі,
маған
бұйырмаса, бұларға да жоқ болсын!.. Көңіліме жауыздық кірді.
Сырт
еткізіп сіріңке жақтым да шөп күркенің етегіне тастай салдым.
Бармақтай
жалын тілі жалақтап, бір шырпыдан бір шырпыға секіріп,
сытыр
-сытыр өрмелей берді. Істерін істесем де батырға да жан керек, 
зыта
жөнелдім. Бір шамадан кейін бақырып, шыңғырып ізімнен
қуып
жеткен дауысқа бұрылып қарасам, төрт алау лапылдап төрт 
жаққа
қашып барады екен. Түйдек-түйдек будақтаған қара түтін 
қалпағы
дөңгеленіп, тымық ауада тік шаншылып тұр.


Тас
жолды жиектеп Алматы қайдасың деп тартып келемін. Ери
бастаған
іркілдек қар табанымды басқан сайын шырт-шырт түкіреді.
Ескі
кроссовкам мен балағым шылқыған су. Бірақ тоңғанымды сезер
емеспін
. Ішім қайнаған қазандай бұрқ-сарқ. Үмітті қаншалықты жақсы
көретінімді
енді ғана түсінгендеймін. Біржолата айрылғанымды, бірге
болған
бақытты күндер енді қайтып оралмас елеске айналғанын
ойлағанда
жанымды қоярға жер таппай аласұрамын. Біресе өзімді
кінəлаймын
, біресе оған өкпелеймін «мəңгілік сендікпін деген
сөзіңнен
айныдың, сəл қиындыққа шыдамай тастап кеттің» деп. «Ол
енді
жоқ, бəрі бітті!» деймін шындықты мойындауға көңілімді
бекіндіріп
. Бəрі өткінші, дүниеде өзгермейтін, ескірмейтін ештеңе
жоқ
. Бүгін болмағанмен, күндердің күнінде жүрегімізді жалғастырған
алтын
зерлі нəзік жіп бəрібір үзілер еді. Жалпы, махаббат мəңгілік
деген
бос сөз. Солай екенін жартыкеш миыммен мен түсінгенде, ақыл-
есі
орнында, миы бастарына əзер сиып тұрған данышпандардың
түсінбейтініне
қайранмын. «Бір өзің деп өтемін мəңгі-бақи...» «Сен
тұрғанда
, сəулем-ай, басқаны сүю мүмкін бе!..» деп жырлап
жатқандары
, жылап жатқандары. «Адам өмірде бір-ақ рет ғашық
болады
» деген кітап сөзі, ақын-жазушылардың ойдан шығарғаны. Өмір
мүлде
басқаша. Əйтпесе «күйдім-жандым, осы болмаса өлем!..» деп
жүріп
үйленіп алған соң, басқа жаққа мойыны қисайып мөңіремейтін
еркек
көргенің бар ма? Басқаны қойып, шынайы сезім туралы уағыз
айтып
, өнеге таратқан, сау басымды осы сергелдеңге салған Қара
шалдың
өзіне қарашы.
«... дүниеде, сірə, сендей маған жар жоқ, саған жар менен артық
табылса
да!..» «... бір өзіңнен басқа жанға / ынтықтығым айтылмас!..»
деп
аһ ұрып шер төккенмен қанша қызға ғашық болды! Тоғжан,
Салтанат
, Шүкіман... Ал Пушкин ше? Наталья, Анна Керн, Александра,
Екатерина
Воронцова, Идалия Политика... ой-ой, о марқұмның жаны
егіліп
, жүрегі езіліп жыр арнаған қыз- келіншектері қобан айғырдың
үйіріндей
шығар. Кезінде талай сұлудың уызын сарққан қақсал Гете
сексен
жасында селкілдеп отырып, он сегіздегі үлбіреген уыздай
бойжеткенге
есі кеткен жоқ па!.. Өйбу, алжасқан басым-ай, ұлыларды
түгендеп
не теңім, олар түгілі түкке жарамайтын мына өзімді
айтсайшы
. Осы ғұмырымда қанша рет жанып, қанша рет өртендім?
Бала
көңілге шоқ тастап шырқыратқан Наташаны былай қойғанда,


сорлы
жүрек қай сұлудың ажарына арбалып, бұрымына буынып
«өзіңсің ақ сəулем!» деп елжіреп еміренбеді? Сонау Қазандағы Ф.,
мединституттағы
Г., өзіміздің «Нархоздың» Бухучетындағы Ш., Б. мен
Ж
. болса болмаса. Тағы кім еді? Баяғыда бір санағанымда он жеті
болған
. Үйдегі қара блокнотта тізімдері бар, аттарын, Райхан болса –
Райымбек
, Шəмшияны – Қалдаяқов... деп із жасырып, құпиялап жазып
қоятынмын
. Түу, елки-палки, кейбіреуін тіпті ұмытып қалыппын ғой...
Иə
, Үмітті қалай сүйсем, солардың бəрін де солай сүймеп пе едім. Енді
соларды
қалай ұмытсам, Үмітті де солай ұмытарым хақ. Жұлқынба,
өксігіңді
бас, есер жүрегім! Бұл фəниде тозбайтын, озбайтын ештеңе 
жоқ
, бəрі ұмытылады. Сүлеймен пайғамбардың сиқырлы жүзігінде:
«Бұл да өтеді» деп жазылған емес пе. Сабыр қыл, сап, сап!..
Ақ
мəші
Ішімдегі
əлем-жəлем сезімнің алауы басылған соң тоңа бастағанымды
сездім
. Аяғым мен балағым шылқыған су. Жалтаң даладағы ызғырық
сүйектен
өткендей. Суық қармап сірескен денем шытынаған мұздай,
қаттырақ
қимылдасам сықырлап сынып түсердей. Анда-санда бір
көрінген
машиналар жақындай бергенде, қол көтеріп жол жиегінде
селтиіп
тұра қаламын. Шетелдік сылаң жорғалар шалшық шашыраған
үсті
-басымнан жиіркене ме, екпінін бəсеңдетпестен тегін «душқа»
шомылдырып
зулап өте шығады. Суықтан да, лайсаңдағы сылп-сылп
өнімсіз
жүрістен де қалжырадым. Шарасыз күймен торығып айналаға
қарап
едім, қарауытқан қолатта бір кер есек жайылып жүр екен.
Көзкөрім
маңайда қарайған адам не қора-қопсы көрінбейді. Құмдақ,
тақыр
қырда от қуалап шығандап кетсе керек. Мойнында оралған
басжібі
бар. Сауыры астаудай төңкерілген семіз мəшін. Талай мініс пен
арбаны
көрген аққаптал. Қашқан жоқ, бірақ құлағын жымқырып,
тебуге
ыңғайланып шыр айнала береді. Таңдайымды шықылдатып,
алдаусыратып
жүріп оңтайлы бір сəтте басжібінен шап бергем, тырп
етпей
тұра қалды. Шылбырмен ноқталадым да сауырына шоқайып
мініп
алдым. "Қық!" деп қос бүйірден тебініп қалып едім, тайпалып
митыңдай
жөнелді. Жүрісі жорға, үсті жайлы. Шылбырдың ұшымен


қақпайлап
қойып тартып келемін. Жұнтиып семірген жұп-жұмыр
денесі
дөңгеленген тандыр пештей ып-ыстық. Қос бүйірінен қапсыра
қысқан
тақымым шымыр-шымыр жылына бастады. Домбығып,
қызарған
саусақтарымды іші-сыртын алма-кезек төңкеріп, үлпілдеген
жалына
көміп- көміп аламын. Кроссовкамды шешіп, бауларын
түйістіріп
байладым да мəшінің беліне асып қойдым. Баржиған,
мұздай
аяғымды біресе мəшінің қолтығына тығамын, біресе ып-ыстық
шабына
сүңгітіп жіберемін. Жұқа шабына тиген кезде денесі дір етіп,
мөңкіп
- мөңкіп кетеді. Мен мөңкімек түгілі бұтың көктен келсе де
мəйлі
деп, тақымымды қысып, мойнынан тас құшақтап жатып аламын.
Бойым
жылынып, мəшінің жорғасына шайқалып, маужырай бастадым.
Көздерім
еріксіз жұмылып-жұмылып кетеді...
Арсылдаған
дауыстан шошып оянсам, жүз жыл көрмеген бауырымдай,
ақ
есекті мойынынан құшақтап, етпеттеп жатыр екенмін. Айдаладағы
жалғыз
үй. Ақ мойнақ, қара төбет абалап, оң жағыма бір, сол жағыма
бір
шығады. Қораның жанындағы ескі ақырға тұмсық тірей тоқтаған ақ
есек
тебінсем де қозғалар емес. Жылтыраған бетон қадаға маңдайын
үйкеп
-үйкеп алды да: "Міне, мен келдім, барсыңдар ма-ау!" дегендей,
екі
бүйірін тартып, ақырып- ақырып жіберді. Үйдің шалқалай ашылған
есігінен
кимелей шыққан бір топ бала жарыса жүгіріп келеді.
– Апа, апа, мəші келді!
Жақындап
кеп, "ей, сен кімсің?" дегендей үдірейе қарап қоршап тұра
қалды
. Алды он бір-он екілердегі, арты төрт-бес шамасындағы төрт ұл.
Бəрі
бір "фабрикадан" шыққан: кертік танау, бадырақ көз, қайыс қара.
Ең
үлкені жарылған жалаңаш білегімен "фонары" жылт-жылт еткен
мұрынын
жапыра бір сүртіп, маған дауысын көтере шəңкілдеді:
– Бұл – біздің мəші. Түс!
Баланың
сөзін қызық көріп, əдейі қырсыға сөйледім:
– Қайдағы сенікі? Айдаладан мен тауып алдым.
– Еһе, біздікі!
– Сенікі болса, неге басқа жақта жүр?
– Жоғалып кеткен, түс!


– Түс-ей, түс, түс!.. –деп бəрі қосыла шулады.
– Апа, бөтен кісі біздің мəшіге мініп апты, түспейді! – деді, бір қолын
арқасына
салып, бір қолымен таяққа сүйеніп, аяғын санап басып
анандайда
келе жатқан кемпірге қарай айғайлап. Кейуана қарға адым
жерге
əзер жетті қыбырлап.
– Есенсіз ба, апа! – дедім алдынан шығып. Сəлемімді алған жоқ.
Көзілдірігінің
бір жақ шынысын скочпен орап қойған екен, сыңар
көзбен
бір қырындай бетіме оқшырая қарады:
– Шырағым, неғып жүрген баласың?
– Құдайы қонақпын.
– Қонақ күтер күйіміз жоқ, ерте күнді кеш қылмай жөніңді тап,
қарағым
!
Басыма
батпанмен бір салғандай кемпірдің сөзінен абдырап қалдым.
Есінің
шалығы бар ма, қалай?
– Ой, апа, қонақты қуған қазақты сізден көрдім! – дедім сонда да
көңіліме
дық алмағандай жаймашуақтандырған болып.
– Қазағы да, басқасы да құрысын. Менің орнымда басқа біреу болса,
бұдан
да зорғысын айтар еді. Бөтен оймен келсең, Құдайдан
қорықпасаң
да мына балалардың обалын ойла!
Шоқ
басқандай шар ете түстім:
– Алла сақтасын, не айтып тұрсыз, апа?!!
– Біз – қонақтан аузы күйген адамбыз. Бар, шырағым!
Кеткенде
қайда барамын? Күн кешкіріп келеді. Ауа шыңылтырланып,
қардың
беті күтірлеп тұр. Қайтсем кемпірдің тілін табам деген
жанталаспен
жақауратып жөнімді айтқан болдым:
– Қалаға бара жатқан жолаушымын, – дедім сөзімді жоқтан-бардан
қиыстырып
. – Машина ұстайын деп тұрсам, сайлауытта мына есек
басжібі
аяғына оратылып үйелеп жатыр екен. Аузынан ақ көбігі ағып
əзер
демалады! – дедім төндіріп.
– Астапыралла!
– Сүйрелеп тұрғызам дегенше үсті-басым əбден су болды. Көз ұшында
бұлдырап
үйлеріңіз көрінген соң, сіздердікі шығар деп алып келдім!


– Өйбүй, байқұс-ай, өліп қала жаздаған екен ғой! – Кемпөштің дауысы
бірден
жұмсарды. – Адыра қалғыр, күйледі ме, аңырап болмаған соң
қоя
беріп едік. Оншақты күннен бері қайдан іздерімізді білмей
жоғалтып
отырғанбыз. Саған жолығып жақсы болған екен, қарағым!..
Əй
, Берік, шидің шетіне арқандап қойыңдар!
Кемпірдің
жүзі сəл жылығандай болған соң емексіп:
– Апа, рұхсат болса, жылынып, киімдерімді құрғатып алайын? – дедім.
Кемпір
"жүр" не "кет" деген жоқ.
– Е, шырағым, кісі көрсек, қасқыр көргендей қорқатын күнге жеттік
қой
! – деп таяғына етпеттеп сəл тұрды да үйге қарай бұрылды.
Кəдуескі
совхоздың баяғы стандартпен салған қойшы қыстауы. Ұзын
бел
мал қораның төбесі опырылып ортасына түскен. Бір шеті ғана
бүтін
. Төбесінде бір шөмеледей шөп шошаяды. Əлдеқайдан адымдап
жеткен
электр бағандарының бетон сирақтары ғана сораяды. Шатырлы
үйдің
шифері қырық-жамау. Желкесімен жеккөріп келе жатқан
кемпірмен
ілесіп ішке кірдім. Мал қораға енгендей қидың иісі мүңк
етіп
мұрынға ұрды. Ерсілі- қарсылы қоржын там. Жер еден. Босағадағы
қазандықтың
астында от қоздап жатыр екен, тезектің қып-қызыл шоғы
лапылдап
, үйездеген қою көлеңкенің етегін желпіп-желпіп қалады.
Оты
көргенде тоңғаным есіме түскендей, тісім-тісіме тимей сақылдап
қоя
берсін. Жүрелей кетіп, ошақтың көмейіне екі қолымды бірдей
тықтым
.
– Əбден қатып өліпсің ғой! – деп кемпір астыма ешкінің туңлағын
тастады
. Аяқ-қолымды қызыл шоққа кезек қақтап, жылу шымырлап
бойыма
тараған сайын жаным сүйсініп барады. Шіркін, дүниедегі дəл
осындай
рахат сəттер барын өстіп жаурап-жадамасақ, білер ме едік?
Көлеңке
қымтаған күңгірт бөлмеде ыдыс-аяқ, ескі шкаф, аласа, дөгелек
үстелден
өзге көз тартар мүкəмал байқалмайды. Бүйірдегі бір бөлменің
есігі
жабық. Сыртынан ілгек салып қойған. Сол жақтан ит пе, басқа бір
хайуан
ба, қыңсылап, ыңырсып əлдебір дыбыс шығатындай,


алакөбеңде
біртүрлі тіксініп қалдым. Емен-жарқын шешілмесе де қара
кемпірдің
қабағы бағанағыдай қату емес. Көзілдірігінің жалғыз
шынысы
жылт-жылт етіп, ыдыс-аяқты сылдырлатып тыпырлап жүр.
Қазандағы
қайнаған судан шəугімге құйып, шай демдеді. Дастархан
жасады
. Сол арада сырттан балалар да кірген танаурап. Жүдеу болса да
дастарханға
барын салған кейуананың пейіліне ризамын. Қара шай мен
қатқан
қарманы төрт баламен жарысып ұрып алдым. Сырбаз жегендей
қалжам
жағып, самайымнан сорғалаған терді алақан сыртымен
сүрткіштеп
, құрғата алмай əлекпін.
Ұлдардың
кішісі:
– Апа, əне ай туды! – деді терезеге бетін жапсырып. Бір туған айдың
алтын
қияғы терезенің шекесіне сұлудың сүрме қасындай іліне
қалыпты
. Кемпір алақанын жайып:
– Ай көрдім, аман көрдім. Жақсы бір заман көрдім. Жаңа ай жарылқай
гөр
! Ескі ай есіркей көр! Əмин! – деп бетін сипады. Балалар да қосыла
бетін
сипады. Содан соң кейуана маған бұрылып:
– Қазір осы қай ай? – деді.
– Сентябрь.
– Е, күз жаңа басталған екен ғой. Қар жауғанға қарап, қыс келіп қалды
ма
десем!..
Бұл
үйдегілер қандай ай, қай күн екенінен хабарсыз сияқты. Олар үшін
күннің
шығып, күннің батуы ғана уақыт өлшемі болу керек. Ай-күнді
білмегеніне
күмəнданып:
– Балалар оқуға бармаушы ма еді? – дедім.
Кемпір
қолын сілтеді:
– Оқымай қалсын! Жандарын баға алмай жүріп оқыған бұлардың не
теңі
. Мектеп Жалқамыста ғана бар. Ит өлген жерге кім сүйрейді
бұларды
. Оқығандардың да ұшпаққа шыққанын көріп отырмыз ғой.
Əкелері
əне көтен ішегі айналып базарда арба сүйреп жүрген жоқ па.
Бір
адам оқыса, сондай-ақ оқысын. Білəт бермесең, түкке жарамайды
екенсің
!


Мен
еріксіз мырс ете түстім:
– «Блат» деңіз, апа!
– Е, соны айтам. Ондай білəт бізде қайдан болсын. Келін де
əгірəномның
оқуын тауысқан еді. Əне малай боп жүр. Бір байдың кірін
жуып
, тамағын істейді. Оншақты күнде бір келіп, ішіп-жемімізді əкеп
беріп
кетеді байқұстар.
«Шаңырақ» деген жерден жер алған екен, онысының қағазы дұрыс
болмай
əуреге түсіп жүрген көрінеді. Басқа қалқа болар дүңгіршек
соғып
алсақ, көшіріп əкетеміз дейді. Мынау біздің атам заманнан
сапқоздың
қойын қыстатып келе жатқан қыстауымыз еді. Електірі
жарқырап
, құдығынан суы атқылап жататын. Соның бəрі қараң қалды
ғой
!.. Там соғып, ел ортасына барайық деп мал басын құрап жүргенде,
төрт
сиыр мен құлынды биені ұрылар үптеп кетті. Құдайы қонақпыз
деп
екі жігіт қызыліңірде салаң етіп жетіп келген. Е, қонақ болсаңдар
төрлетіңдер
, барымен базар боласыңдар деп шай-пайымды бердім. Əй,
кəпірлердің
шəпкілерін баса киіп, тұқыжыңдап төмен қараулары
жаман
еді. Түннің қай уақытында шығып кеткендерін білмеймін,
таңертең
тұрсақ, мал жоқ. Жотаның астынан мəшинаның ізін көрдік.
Адам
баласы қасқырдан жаман болып барады ғой. Бейсауыт біреу
келсе
, қарақшы көріп, əбден сужүрек болдық, тегі...
Əлдебір
дыбыс естіді ме, бүйірдегі жабық есікке құлағын жапсырған
Берік
:
– Апа, сием деп жатыр! – деді.
– Апар далаға. Жылдам!
Берік
есікті итеріп қалғанда, онсыз да қи сасыған үйдің іші одан əрмен
мүңкіп
, қолқа атқан өткір иіс аузы-мұрыныңды бассаң, көзіңді тіліп
түседі
. Үңірейген есіктен сүйретіліп əлдебір елес шығып келеді.
Төңкерілген
кəсенің түбінде бармақ басындай өлеусіреп, оңды-солды
шалқыған
майшамның жарығында ер-əйел екені айырғысыз. Тақырбас,
үстінде
тобығына дейін түсетін қара көйлек. Екі қолын кісендеп,
шылбыр
тағып қойыпты.


– Осыдан айтпай дəретке отырып қойған болсаң, жаныңды шығарам,
албасты
! – деді кемпір ызбарланып. – Барыңдар, қашып кетпесін!..
Төрт
бала шұбатылған шылбырдың ізімен шұбырып сыртқа беттеді.
«Бұл неғылған жан?» Қара-көлеңке үйдің бұрыш-бұрышынан құбыжық
өріп
шыға келгендей көңілімді үрей биледі.
– Осының бірін де көрмей өліп қалған шал байқұс бақытты екен ғой! –
Кейуана
екі қолымен жер тіреп, буындары сықырлап əзер тіктелді.
Алакөлеңкені
қараң-құраң сұлбасымен сапырып, дастархан басын
жиыстырып
жүр. – Өңім бе, түсім бе деп таңғалып отырған шығарсың,
шырағым
. Ит тірлігіміз осы! – деді өзегін күйік шалғандай күрсініп. –
Бұл
– менің кенже қызым. Құдай алмаған соң азабана төзіп, күніне он
өліп
, он тіріліп отырмыз, міне. Алматының пəбірігінде істейтін. Ақ-
бық
дейтін жерде істейтін (АХБК- дегені болу керек). Басында
жатақханасы
бар. Үш қыз бірге тұратын. Үкімет құлап, апалас-төпелес
заман
болды емес пе. Жұмыстары жабылып, далада қалыпты. Үйге
келсе
, жарты жарманы жарып жесек те өлмес едік қой. Сор түрткен соң
не
шара. Біраз жыл хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Біреумен былығып,
бала
тапқан ба, онысы өліп қалып, соның күйігіне шыдай алмай дертке
ұшыраған
ба... Шілденің ыстығында тон киіп, биттеп- құрттап, қайыр
сұрап
жүрген жерінен тауып алдық... Енді, міне, арқандап ұстап
отырмыз
...
Майшамның
жарығы өлеусіреп, жіпшеленген қара түтін оңды-солды
шалқып
-шалқып кетті. Шала жабылған есіктен сумаңдаған суық өзек
қапқандай
қалтыратып жіберді. Сырттан əйелдің жылп-өксігенімен
қабаттасып
, балалардың: «Шидің түбіне отыр... Қозғалма... Етегіңді
көтер
... Əкең... өлтірем!..» деп ұрсып-зекіп, балағаттағаны естіледі.
Даладағы
қарды жалаңаяқ кешіп, бүрсең қағып, қанталаған екі көзі
алақ
- жұлақ еткен əйелді «құтты» орнына қайта қондырғаннан кейін,
сыртқы
есіктен сынық мүйіз қызыл сиырдың танауы сығалады
таңырайып
. Босағаны мойнына киіп аттай берді де кептеліп қалды.
Балалар
арғы жағынан шулап
«шүу-шүулеп» жатыр. Қызыл сиыр көзі алайып ұмсынғанмен қарыны
жіберер
емес. Босағаның сылағы шытынап саулай бастады, тағы бір рет


ұмтылса
, жұлып алардай. Қара кемпір шар ете түсті:
– Ойбай, есікті қирататын болды! Кетіңдер ары! – деп қолындағы
орамалмен
жасқап тұмсықтан салып-салып жіберді. – Шық, қарасан!
Бірің
артымнан ұрып «кір» дейсіңдер, бірің басымнан сабап «шық»
дейсің
, қайсыңның тіліңді алам дегендей қызыл сиыр көзі
жыпылықтап
шегіне берді. Сиырдің басымен бірге сыртқа ілесе
шыққан
кемпір тепсініп Берікке жекірді:
– Арамқатқырға кешке қарай су берме дегенім қайда? Қарыны
шермиіп
басынан асып тұр. Есікке қайдан сыйсын!
– Біз су берген жоқпыз. Қардың суына өзі тойып алыпты.
– Өй, иттің малы...Енді қайттік. Даладан тағы біреу ұрлап кетсе
қайтеміз
?
– Өткендегідей қораны айналдырып қусақ, іші босайтын шығар? – деді
Серік
мұрынын білегімен жапыра бір сүртіп.
– Онда жоңышқа жеп, іші кеуіп кеткен болатын. Қуғанға су шығады
деп
пе едің! – деді Берік білгішсініп. – Оданда жылы киініп қасында
күзетіп
отырайық.
Ұры
түсіп, жүректері шайлығып қалған бейбақтар, кеш болса жалғыз
сиырларын
үйге қамап, күзетіп жатады екен. Көп бас қатырмай оның
да
амалын таптық. Сиырді қораға қамап, есіктің сыртына итті байлап
қойдық
. Берік екеуміз күзетіп шығатын болдық. Кемпір кетерінде
Берікті
оңаша шығарып алып, құлағына əлденені сыбырлап жатты.
«Сақ бол, мына мүскін бірдеңе ойлап жүрмесін» деді ме, кім білсін.
Балалар
маған үйірсектеп, көпке дейін үйге кірмеді. Жалғыз үй, жадау
тірліктен
құлазып, кісі қарасын сағынғандай. Ересек екеуі ананы-
мынаны
сұрап менің аузыма қарайды. Кішкентай екеуі ойынға мəз. Бір-
бір
таяқты
«ат» қып мініп алып, қатқақ қарды күтірлетіп бір-бірімен жарысады.
Біресе
ит боп ырылдасады... Күнделікті тірліктерінен ойын жасап,
көңілдерін
алдарқатады.


Үңірейген
түн ызғар үрлеп, бойымыз тоңази бастады. Балаларды үйге
жібердік
те, Берік екеуміз төбедегі шөмеленің іргесін үңгіп кіріп
кеттік
. Жазғы күннің шуағын бойына сіңірген құрғақ шөптің іші жып-
жылы
екен. Ермен мен қызыл мияның кермек иісі танау қытықтап,
көкірек
ашады. Мойынымызға дейін көміліп, ұядағы балапандай
екеуміздің
басымыз ғана қылтияды.
– Күн ертең ашық болады екен, – деді Берік ортасы шұңқырайған
жылтыр
иегін көкке шаншып.
– Оны қайдан білдің?
– Аспан биіктеп кетіпті. Жұлдыздар жыпырлап жарқырап тұр...
Осындай
түндерді жақсы көремін. Аспан қандай тұңғиық, əдемі. Қарай
бересің
, қарай бересің! Кейде таң атпаса екен, күндіз болмаса екен деп
армандаймын
.
– Неге?
– Өмірді көргім келмейді!
– Сонда қалай? Өмір деген – мына туған үйің, əке-шешең, бауырларың
мен
əжең емес пе. Соларды көргің келмей ме?
– Мен оларды көрген сайын аяймын...
Екеуміз
де үнсіз қалдық. Бала астындағы шөпті сықырлатып, біраз
аунақшып
жатты да қайта тіл қатты:
– Аға, осы күндіз жұлдыздар неге жоғалып кетеді?
– Жұлдыздар жоғалмайды. Күннің жарығынан көрінбей қалады.
– Əжем күн мен жұлдыз бір нəрсе дейді. Хақ – Тағала таң атқанда
жұлдыздарды
жинап алып күн жасайды екен де, іңір түскенде күнді
бөліп
- бөліп жүлдыз ғып аспанға шашып жібереді екен!..
Мен
еріксіз езу тарттым:
– Ол əжеңнің ертегісі ғой. Күн не, жұлдыз не, планета деген не – бəрін
сегізінші
класқа барғанда астрономиядан оқисың.
Берік
күрсінді:
– Мектепке барып көрмесем, қалай оқимын?!!


– Қой, – дедім таңырқап. – бір класс та оқыған жоқсың ба?
– Жоқ.
– Оһо, мұның қызық екен, жігітім... Əріп танисың ба?
– Танимын. Бапам үйреткен. "А" деген тұсау салған аттың екі аяғы
сияқты
. "О" деген ашылған ауыз сияқты дөңгелек...
"Танығаның бар болсын" дедім ішімнен мырс етіп.
– Санай білесің бе? – Тағы да қызыққа бататынма бек сенімдімін.
– Білем!
– Жетіге сегізді қосса, неше болады?
Еріні
жыбырлап, саусақтарын арлы-берлі бүккіштеп тыпыршыды да
қалды
. Жетекке алып, қақпайлай түстім:
– Мəселенки, сендердің жеті сиырларың бар делік, соған
көршілеріңнің
сегіз сиыры қосылып кетсе, барлығы нешеу болады?
– Көріп тұрсам, санай алам... – Өзінше ақталғанмен жасып қалды.
Əңгімені
ары қарай өрбіткем жоқ, онсыз да өкініші жүрегін тырнаған
жарым
көңіл сəбиді тұқырта бермеді.
– Бапам там соққан соң, Шаңырақтан оқисың дейді. Ол тамы қашан
соғылып
бітерін ит біліп пе? – деді Берік түңілген үнмен. – Мұрт
шыққанда
құртақандай балалармен бірге отырмақпын ба!
– Оқуға ешқашан да кеш болмайды, – дедім көңілін ылдалдаған болып.
– Орыстың Ломоносов деген ұлы ғалымы он тоғыз жасында бірінші
класқа
барған. Кейін əлемге танылған ұлы ғалым болды, əйгілі ақын
атанды
.
– Ол орыс қой!
– Онда не тұр?
– Олар ақылды, пəле халық емес пе. Ондай болу қайда!
Не
дейін? Үнсіз күрсіндім.
Ауа
шыңылтыр. Көкшағырмақ аспанда көлбей созылып құсжолы
шаңытады
. Тып-тыныш түнді тітірентіп қасқыр ұлыды қырқа астынан.
Суқараңғы
көздері ғана жылтыраған жадау үй қосыла жылады.
Əлгіндегі
таныс дауыс жар астынан шыққандай тұншыға өксиді.
Кемпір
есікті салдыр еткізіп сыртқа шықты:


– Апыра-ай, мына қаншық зарлап ұйықтатпады-ау! Құдай не мұны, не
мені
неге алмайды екен!..
Берік
үн-түнсіз көк аспанға қадалып қалыпты. Сулана жылтыраған
ұзын
кірпігінің əр талында бір-бір жұлдыз қалтырайды. Ештеңені
көргім
, ештеңені естігім келмей, шөмеленің қуысына басыммен
көміліп
, сұғына түстім.
Ертеңінде
Берік мені кер есекке мінгестіріп күре жолға жеткізіп салды.
Машина
көп күттірген жоқ. Қотыр қызыл "Москвич" көк түтінін
бауырынан
тарқ-тарқ бұрқылдатып кеп көлденең тоқтады. Машинаның
терезесінен
тағы да қимай қол бұлғадым. Артымда кер есекке мінген
қазақтың
болашағы бір төбенің басында селтиіп қалып барады.
Пейіштен
қашу
Аз
уақыттың ішінде Алматыны сағынып қалыппын. Ұзын жолдың ой-
қырында
Алатаудың қар басқан шыңдары ақ қалпағын көтеріп-көтеріп
қалған
сайын "айналайын Алматым!" деп ынтыға түсемін. Шофер жігіт
мың
болғыр азамат екен, ақы-пұл дəметпестен "Саяхаттың" алдына
жеткізіп
тастады. Келуін келіп алып, енді қайда барарымды білмей
аңтарылдым
. Бай мен байқұс, бағлан мен мүскін, бомж бен баскесерге
талғамай
құшағын ашқан кең қолтық Алматы мені жатырқап
кеудемнен
итергендей. Барар жерім, бас сұғар үңгірім жоқ. Түйенің
танығаны
– жапырақ, амалсыздан Дөйшенқұл байкеге тарттым. Анада
"махаббат сенің не теңің" дегендей өлердегі сөзін айтып, ақылға
шақырғанда
, құлағыма қыстырмағаным есіме түсіп, бетіммен жер
басып
келемін. Əттең лажсыздық, əйтпесе аттап басар ма едім.
Келгенімді
қайтейін, жер сипап қалдым. Алдымнан Клара шықты
қабағының
астынан көзін сүзіп. Революционер байке кезекті көсемдері
тағы
да жақпай қалған ба, көтеріліс жасауға жедел түрде Бішкекке
аттанып
кетіпті. Қайтып оралуы неғайбыл көрінеді. Клара "кет" демесе
де
біраз қуырып алды:


– Күйекке түскен текедей көзің тұнып, алды-артыңа қарамай зытып ең,
кетуіңнен
келуің тез болды ғой, не, жының басылды ма, құлағыңнан
күн
көрінгендей көтерем боп қапсың ғой, түге!..
Қарсы
уəж айтуға бет қайда, "сенікі дұрыс, жеңеше!" дегендей төмен
қарап
кеңкілдеп күле беремін.
Дөйшенқұл
екеуміз жатқан қуықтай бөлмені құлпыртып қойыпты.
Қабырғаларына
гүлді обои жапсырып, еденіне торкөз, қоңыр линолиум
төселген
. Алтын жақтау рамадағы етпеттеген арыстанның алдында
Клеопатра
"жеңешем" келсең-кел деп жартылай жалаңаш жантайып
жатыр
. Екі кісілік кереуетке шашақты қызыл Үміт жауыпты. Қып-
қызыл
төсек жата кетсең, лап етіп өртеп түсердей.
Қу
құлқын үшін қазір жұрт не істемей жатыр. Жанын сатса да мал
тапса
- болды. Сауданың қыр-сырына əбжіл əйел аядай бөлмесін
бизнестің
жаңа бір ұтымды көзіне айналдырып ала қойыпты. Бөлмені
тəуліктеп
не сағаттап өткізеді екен. Вокзал іргелес. Клиент - пішен.
Поезд
күткен жолаушы да, көзі қарайған ғашықтар да жетіп-артылады.
Вокзалдың
алдына барып: "пəтер, пəтер!" деп, кілттің шығырын
шынашағыңда
шырайналдырып тұра қалсаң, өздері-ақ жетіп келеді.
Мен
баяғы етікшінің ескі дүңгіршегінде жататын болдым. Жұмысым –
жеңешемнің
бизнесіне селбесу. Таң бозынан Клара сататын ұсақ-түйек
заттарын
қоларбаға тиеп ап вокзалға тартады. Клиент жолықса, дереу
маған
телефон шалады. Мен жүгіріп барып, пəтерге ертіп келемін.
Үлкен
адамдар не отбасылы біреулер болса, жаным тыныш. Бірақ
ондайлар
күнде кезіге бермейді ғой. Көбінесе қыз-жігіт əуес.
Төбесіндегі
төрт тал шашы мен бет-ауызындағы қыл-қыбырын түгел
бояп
ап қутыңдаған шалдар да жап-жас қызды жетегіне ертіп қылтиып
тұрады
. Кейде саркідір қатындардың тұңғышындай түбіт мұрт
жігіттерге
қылымсып, наздана сүйкенгенін көргенде, жүрегім
қалтырап
кетеді. Ондай күні менің сорым. Клараның əтек байының
терезе
сығалайтын ауыруы бар. Мұңлық- Зарлықтардың қарасы
шалынса
, кино көретіндей қутыңдап, көзі жайнап кететін азбан құлды
маңайдан
қуалап итəуреге түсемін. Бұған дейін "махаббат сеансы"
кезінде
терезеден сығалап, сықылықтап күліп, талай клиенттің кəифін


бұзып
, үркітіп жіберіпті. "Қызық" көрмей қалған күні əтек ерегесіп
полицияға
хабарлайды. Делқұлы болса да қиыстырып шағым жазуға
мəттақам
. "Əйелім жасырын бизнес жасайды, заңға қайшы əрекетпен
айналысады
" деп арызданады. Қайдан қызыл ілінер деп қанатын
қомданған
қанды көз қырандарға да керегі осы. "Түскен шағымды
тексеріп
, жоғарыға есеп беруім керек" деп жауар бұлттай түйіліп
келген
əділ заң өкілі, жылқы кісінескенше дегендей, жеңешеммен
оңаша
күбірлескен соң, бірте-бірте иі жұмсарып, күлімдеп қайтатын.
Ондай
күні қос бөлмелі аласа тамның ішінде найзағай жарқылдап,
əтектің
төбесінде оқтау ойнайтын. Қылығына қаным қайнап, шоқ-шоқ,
сол
керек өзіңе десем де, бақырып-бажылдаған бейбақты аяп, кейде
мен
араша түсемін.
Əтектің
терезе сығалайтын "қызығы" ұзаққа созылған жоқ. Шу жаққа
тойға
барып, содан мас боп келді де апта бойы бас көтермей сілтесін.
Ақыры
параличь соғып, тоңқалаң асты. Жарты денесінде жан жоқ. Екі
айдай
емделгенмен оңалып кете алмады. Түрінен кісі шошырлық. Екі
көзі
алайып, бет-аузы бір жағына қисайып кеткен. Езуінен сілекейі
шұбырып
, басы қалт- құлт етеді. Алғашқы күні ауыруханадан арбаға
отырғызып
алып келгенде əйелі:
– Құдай-ау, ендігі көрмеген азабым осы ма еді! – деп өкіріп жылаған. –
Бүйтіп
масыл болғанша, бірден неге қата қалмадың!
Көп
өтпей пысық əйел осының өзін бизнестің көзіне айналдырып ала
қойды
. Азаннан Клара сауда-саттық жасауға заттарын алып вокзалға
беттегенде
, мен де əтек ағатайымның арбасын итеріп, соңынан
ілесемін
. Вокзал алдындағы алаңқайға келеміз. Клара жайма базардағы
өз
орнына жайғасады. Мен əтекемнің арбасын кісі қайшыласқан жол
бойына
жақындатып апарып, ескі шляпаны жерге төңкеріп қоямын да
анандайдағы
ағаштың көлеңкесінде қарауылдап отырамын. Клараның
мойыны
қылқылдап, екі көзі сол жақта, шляпаға түскен нəпаханы сол
бойда
емпеңдеп кеп қақшып əкетеді. Ұсақ-түйек қара бақырға қабағы
кіржиіп
:
– Қол-аяғыңды қаттырақ қалшылдатып, кісі аяйтындай боп
отырсаңшы
! – деп күйеуіне ызбарлана сыбырлайды. Ал қолы ашық


біреулер
қағаз ақша тастаса, "ой, малтабарым-ай, бір жаманның бір
жақсысы
бар деген осы-ау, сені өстіп қойған Құдайдан айналдым"
дегендей
күлмің қағып, жадырап қалады.
Үйден
иек артпа жерде "Фламинго" дейтін казино бар. Түн болса дыр-
ду
. Қаланың құмарпаздары мен байларының біразы сонда атбасын
тірейді
. Ханбазардың өзі. Мас та сонда, төбелес те сонда. Кейде атыс та
болып
тұрады. Түнде ұйқым келмейді. Жалғыздықтан елегізіп мен де
сол
тарапты төңіректеймін. Құмардан ұтылған да – мас, ұтқан да – мас:
бірі
күйіктен ішеді, екіншісі табысын жуып мəз. Түн ортасы ауа
тербелмелі
қара əйнек есіктен теңселіп шығып жатады. У-шу, даңғаза
күлкі
, боқтық, дарылдаған əн ілесе шығады. Тəлтіректеп құлап
жатқандар
, бір-біріне жұдырық ала жүгіргендер... Қарап тұрсаң, анау-
мынау
театрға бергісіз тамаша.
Бұл
жер маған театр ғана емес, напаха айыратын құтты мекен де болды.
Шіркін
, өзің бай болмасаң да өзгенің бай болғаны қандай жақсы, оған
қоса
дарақы, даңғой болса, тіптен керемет екен. «Жауда бардың тезегі
тиеді
» деген осы-ау, шамасы. Ат аунаған жерде түк қалса, байлар
аунаған
жерде құт қалады екен. Жұрт аяғы басылған соң, жым-жырт
алаңқайды
араласаң, шашылып жатқан ризықтың үстінен түсесің.
Төбелесіп
не мас боп жүргенде аңдаусыз түсіріп алатын болу керек, əр
жерде
қарауытып ақша жатады. Теңге, доллар... кейде мен мөрін
танымайтын
шетелдік банкноттар да кездеседі. Бірақ тегін
"батпанқұйрық" ұзаққа бармады, мент дегендер де ондайдың иісін
күндік
жерден сезе қояды емес пе, көп өтпей мен сияқтыларды ол
жерге
жуытпайтын болды. Байқастап торуылдап жүреді де қисалаңдап,
дарылдап
шыққан дарақы байлардың жерге шашқан "шашуын" қидай
сыпырып
кетеді.
Аспан
айналып жерге түскендей еді. Балқыған асфальттан пештің
көмейіндей
лапылдап жалын ұрып тұрды. Күн өтті ме, əтек көкем
приступ
ұстап, аяқ-қолы селкілдеп біраз жатты да қимылсыз қалды.
"Жедел жəрдем" жеткенше "аллаһу-акпар" боп кетті. Ақ жеңешем
абыржыған
жоқ, шляпаның ішіндегі тиын-тебенді жинап алды да, бір
көзімен
жылап, бір көзімен не болды деп анталаған елге қарап қояды.


Бұл
қатын деген халықты түсіну қиын екен-ауі сірə. Жиналған ағайын-
туманың
алдында Клара байын жоқтап солқылдағанда, өкпесі үзілетін
шығар
деп шошып едім. Артында боздап осындай жары қалған əтек
ағамда
да арман жоқ-ау, шіркін не деген махаббат, қимайды ғой,
қайтсын
деп өзім де қосыла жылағым келген. Əлде бір көзі жылап, бір
көзі
күліп пе еді? Əй, мəйлі, əтекке сол жоқтаған да жетеді ғой. Əйтеуір
неғылса
да елдің көзінше жылаған Клара жеңешем күйеуінің қырқы
өте
салып, өзгеріп шыға келді. Бір күні есік алдында көріп танымай
қалдым
. Шашын бұйралап, шымқай қызылға бояп алыпты. Қасы, беті...
бəрі
бұрынғыдай емес, қиықша, қоңырқай көзі де дөңгеленіп үлкейіп
кеткендей
. Үстіндегі қынама бел көкшіл шифон көйлегі де өзіне
жараса
қалыпты. Күтініп, сəнденіп жүрсе əжептəуір ажары бар екен
ғой
. Қырықтан жаңа асқан əйелдің үсті-басын түзеп, баптанғаны айып
па
екен. Бұрын ауыру бағып, өзіне қарауға мұрсаты болды дейсің бе.
Маған
деген құрметі де ерекше. «Жаман ағасының арбасын көп сүйреп
еді
, осы қайнымды да жақсылап сыйлап қояйыншы» дей ме, кешке
қарай
жиі-жиі шайға шақыратын боп жүр. Жылы-жұмсақтың бəрі
менің
алдымда. Ыстық қуырдақ, тұшпара, коньяк, салаттың неше түрі...
Аузым
жарып ас ішіп жүрмеген мен байқұс неден тартынайын, жаудай
жапырып
, ыңқия тойып, ықылық ата кекіріп-кекіріп алам да, рахмет
айтып
шығып кетемін... Бір күні түнде шырт ұйқыда жатыр едім, есік
сырт
етіп ашылғандай болды. Шошынып басымды көтеріп алдым.
– Қорықпа, мен ғой!
– Кім?
Ағараңдаған
есіктің шаршысынан лапылдап қып-қызыл жалын кіріп
келеді
.
– Ойбай, өрт!.. – деп ұшып тұрдым.
– Айғайлама, қояншық... мен ғой!
Қып
-қызыл шашын сілкіп, қып-қызыл халатын айқара ашып, аппақ
тəні
жарқыраған жалаңаш əйел алқынып жақындай берді.
– Шайтан!.. – Қалай шыңғырып жібергенімді білгемін жоқ, əрқайсысы
үрлеген
футбол добындай шеңбірек атқан қос емшекке бір-бір


соқтығып
сыртқа ата жөнелдім...
Қызыл
шаршы
Жылда
құс келіп, құс қайтқанда ауырумның үдеп кететін əдеті. Өз-
өзімнен
делебем қозып, көтеріліп кетемін. Биыл, міне, құс қайтқалы
қояншығым
тағы да ұстады. Тіпті бұрынғыдан да өршіп, асқынып
кеткендей
. Аузымда тыным жоқ. Аты-жөні жоқ əлдекіммен егесіп,
ерегескендей
жұлқынып, сөйлей беремін. Күлемін, жылаймын,
айғайлаймын
. Екі көзім ежірейіп, екі қолым ербеңдеп, өз-өзімнен
түкірігімді
шашып бақылдап келе жатқанымды көргенде, қарсы
жолыққандар
анандайдан сескеніп жалт береді. Біреудің ойындағысын
оқып
қоятын, көңіліндегісін көріп қоятын бір жыным бар. Түйенің
танығаны
– жапырақ, айналып-үйіріліп сол баяғы Одаққа соғамын.
Ұстаспайтын
адамым жоқ. Көк қырттың не бір сойы мүйіз төсегенмен
айбынып
, беттей алмайды. Адам Ата мен Һауа Ананың кіндігін өзі
кескендей
, арғы-бергіні түгендеп, тарих туралы айтса да, Ақорданың
асты
- үстін жездей қақтап саясат соқса да, Гегель мен Гогольді
шатастырып
философияны көйітсе де кез-келгенін қырқай шалып,
шалқасынан
түсіремін. "Үсті-басын" қаққыштап, көзі шапыраштанған
байқұс
: "құрсын, жындымен айтысқан мен жындымын" деп,
айналасындағы
ақсиған ауыздар мен сықсиған көздерге жалтақ-жалтақ
қарап
жылыстай жөнеледі. Бара-бара сүйкімім кетіп, сөйлесетін кісі де
қалмады
. Бірақ маған бəрі бір. Ешкім тыңдамаса да екіге жарылып ап,
өзіммен
өзім айтыса беремін. Ішім толған күйік пен қыжыл, сол
түгесілгенше
жанымда тыным жоқ. Суын ақтарып тастаған бөшкедей
көкірегім
қаңырап бос қалғанда буыным құрып, аяғым жеткен жерге
қылжия
кетемін.
Шіркін
, біздің елдегі адамға деген қамқорлық əлемнің ешбір елінде,
тіпті
супер деп мақтайтын Америкаңда да жоқ шығар. Қандай дін
ұстанам
десең де өз еркің. Партиялар, қозғалыстар, орталықтар...
қаншама
. Гейлерге дейін өз клубы бар. Жезөкшелердің де алаңсыз,
емен
-еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Құмарлық отына өртенгің
келсе
, "Саинға" бар да күйек майын төлеп, ағы- қарасы, семізі-арығы...


қайсысы
керек, кез-келген сылқымды шекесінен шертіп əкете бер.
Құлдарға
да "Сейфуллин" деген ең ұзын көшені беріп қойған. Енді
жындыларға
да қоғамның мүшесі ғой деп қамқорлық танытып,
Лондондағы
сияқты Гайд парк ашыпты деген хабарды естігенде,
қуанғанымнан
жыртық қалпағымды аспанға атып едім, зəулім теректің
басына
киіліп қап түспей қойды. Гайд паркті "Бетпақдала"
кинотеатрының
артындағы саябақта ашыпты. Бұрын қаланың ең
көрнекті
жерінде айдыны асқақтап тұратын лениндер, маркстер,
революционерлер
мен қызыл командирлер... аядай гүлзардың бұрыш-
бұрышынан
жетім баладай сығалайды. Лондондағы Гайд парк он
алтыншы
ғасырда Ричард – 14 король тұсында қалыптасқан. Ақыл-ойы
қоғамның
рамкасына сыймайтын қияс мінез жындылар наразлықтарын
осында
келіп білдіретін болған. Кесілген ағаштың түбіріне шығып ал
да
сайрай бер. Не айтсаң да ешкім аузыңнан қақпайды, корольді
балағаттасаң
да мейлің. Тек сөзіңді түбірдің үстінде тұрып айтуың
керек
. Түбірден түсіп айтсаң – жазаланасың. Сол дəстүр Англияда əлі
жалғасып
келеді. Біздің ел əлемнің ең үздік отыздығына ұмтылып отыр
ғой
, əлбəттə, неге солардан үлгі алмасқа. Мұнда да солай. Тек түбірдің
орнына
(ағылшындар сияқты варвар емеспіз ғой, ағаш кесуді табиғатқа
жасалған
зұлымдық деп) қос табаның сиярдай қызыл шаршы сызылған.
Шаршының
ішіне тұрып ал да, ішегіңнің қырындысына дейін қопарып,
бар
запыраныңды ақтар. Жемір-жегіштерден бастап нəн-нəн көкелерге
дейін
не ойлайсың, жалтақтамай ұра бер. Шаршының сыртында
тұрғандар
бірдеме деп қоярмыз деп өздеріне сенбей ме, ауыздарын
скочпен
шаптап алады. Жындының сөзіне жыны қозатындар көп емес
пе
, айналайын үкімет біздің қауіпсіздігімізді ойлайды ғой, біздің
сөзімізге
біреулер шыдай алмай кетіп тисе ме, əлде өзді- өзі төбелесіп
жүрер
дей ме екен, полицияны қаптатып қояды, штат киіміндегі сыз
қабақ
жігіттер одан да көп. Бір жындыға жүз адамнан келетін шығар.
Осыншама
"қорғаушың" тұрғанда неден жасқанасың. Жындылардың
ішінде
де не бір бұлбұлдар бар-ау, айызыңды қандырып сайрағанда,
риза
болғаннан шапалақты ұра-ұра қызл-ала жауыр боп қалады
алақаның
. Мен де олардан қалыспаймын. Тіпті талайлардан бəсім
басым
түсіп жататын сияқты. Алаңның əр тұсындағы қызыл шаршыда
сөйлеп
жатқан шешендер бір- бірімен іштей бақталас. Жындылар да
сөз
таниды. Қай шешеннің сөзі дəмді, өзек тілер уытты, өткір болса,


солай
қарай тобымен төңкеріле салады. Сөзімнің дəм-татуын
алдымдағы
жұрттың қарасы мен шапалақтың шартылынан аңғарамын.
Ел
қолпаштаған сайын еліріп, арқам қозып кетеді. Кинодағы Ленин
бабамыз
сияқты қолымды үсті-үстіне сермеп қойып, сағаттар бойы
қызылсөзді
сілтеуге бармын. Жазылғанмен ешқайда жарияланбаған
романдарымдағы
ой-тұжырымдарымды, күнделікті тұрмыстың көз
шұқыған
көріністерін, ең ақырында əнеукүнгі есек мініп қыр басында
қалған
баланың көкірек шеріне дейін айтамын. Жынды деген əсершіл
халық
қой: "Рас, рас. Бір қатесі жоқ, өмір дəп осындай!" деп айғайға
басады
жан-жақтан.
Біздің
сөзіміздің салмағын өлшеп, сарапқа салып отыратын арнайы
ұйымдар
бар екен. Жиналған адамның саны мен олардың көрсеткен
хошамет
-ілтифатына қарап бағалайтын болса керек. Мен рейтинг
бойынша
алғашқы ондыққа кіріппін. "Жындылардың танымал
қайраткері
" деген халықаралық сертификат берді. Оһ, өңкей жындылар
жиналып
сол күні "Жұлдыз" ресторанында айды аспанға бір шығардық
қой
!
Қара
күздің ақырына қарай Лос – Анджелеста өтетін жындылардың
дүниежүзілік
конкурсына аттандық. Сапар алдында жындылардың түп
атасы
Қожанəсір Əпендім мен Алдаркөсе бабаларымыздың аруағына
бағыштап
аймүйізді ақсарбас қошқар сойып, Түркістандағы соқыр
абыздан
бата алдық. Шетімізден алтындаған сертификаты бар үкілеген
жындылармыз
. Білегімізді сыбанып, "кəне, қандай мықты болса да
əуселесін
көрелік!" деп арқамызды жын буып күркірегенде, қаңтарда
жараған
үлектей аузымыздан ақ көбік атқылайды. Күміс қанат
"Боингпен" жарты күн ұштық. Иллюминатордан қарасаң, төмендегі көк
дүлей
телегеймен көк аспан тұтасып, шексіздікке сіңіп бара
жатқандайсың
.
Лос
– Анджелес бір беткейін тау қоршаған, түні мақпалдай қоңыр-
барқын
, күндіз күн жарқырап тұрса да аптабы жоқ, жанға жайлы,
шуақты
шаһар екен. Адамдары ізетті, ашық-жарқын, күлімдеген
жанарларындағы
жайдары жұмсақ ұшқыннан бұлтты күннің өзі
жаймашуақтанып
жадырап кететіндей. Мұнда тұнжыраған,


тымырайған
біреуді көрмейсің. Танымаса да бəрі саған жымиып, жылы
жүзбен
қарайды. Адам бойындағы осынау ізгілік қыспағы жоқ еркіндік
пен
өмірге деген ризашылықтан тамыр тартса керек. Жадыраған
жүздерден
азат рухтың лебі есіп тұрғандай.
Біздегідей
емес, мұнда жындылар қадырлы екен. Олардың өзіндік
пікірімен
санасып, қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде
құрметтейді
екен. Жындылар конкурсы мұнда ұлан-асыр шоу, ұлттық
мейрам
сияқты. Қала əсем безендірілген. Көшенің көрнекті жерлеріне,
қазақшалағанда
: "Жындылардың халықаралық конкурсына
қатысушыларға
жалынды сəлем!" деген сияқты плакат-билбордтар
ілінген
. Кəрі Батыс пен Американың сорпа беті жайсаңдары мен
қасқалары
түгелге жуық осында: лордтар, сенаторлар, принцтер,
Голливуд
пен рок жұлдыздары, Рокфеллер мен Морган əулеттері...
газеттен
оқитын, экраннан көретін "тірі тарихтың" ортасында
жүргендейсің
.
Алғашқы
күні шаһар мэрі меймандардың құрметіне ресми қабылдау
жасады
. Əр елден келген делегацияны таныстырғанда, залдағы жұрт
сол
ел туралы білетін мəліметтерін айғайлап айтып, хошамет білдіріп
отырды
. Қырғыздардың аты аталғанда: "О, Айтматов... Тюльпан –
революция
!.. Отунбаева!.." деп ду қолшапалақтады. Өзбек делегациясы
орнынан
тұрғанда: "Обсерватория!.. Тюбетейка!.. Андижан!.." деген
сөздер
əр жерден шашырай шығып, солғындау алақан соғылды. Бізді
қалай
қарсы алар екен деп жүрегім дүрсілдеп қобалжып тұр едім,
айналайын
елімнің абыройы асқақ екен, мың жасағыр азаматтарымыз
əлемге
танытудай-ақ танытқан екен ғой! Біздің атымыз аталғанда,
түгел
болмаса да залдың жартысы қопарыла ұшып тұрған шығар-ау. "О,
гут
, гут, Казахстан!.. Бешбармак!.. Саммит!.. Форум!.. Той!.. Сый-кəде!..
"Казахгейт"!.. Подарка!!!" деп овация жасап тұрып алды. Көңілім
толқып
, көзіме жас үйірілді. Əйелім егіз тауып, алғаш рет əке
атанғанда
да дəл бұлай толқымаған шығармын. Əсіресе "Подарка!
Подарка
!!!" деп жамырай қышқырып-қышқырып жібергенде, сай-
сүйегім
езіліп тебіреніп кеттім. Халқымның сый-сияпаты, даласындай
шет
-шегі жоқ дархан пейілі жарты əлемді жаулап алған екен ғой! Бəсе,
табанының
астына миллион шашсаң да ешкімді көзіне ілмейтін мен-
мен
принц, сенатор, саркозилар, тониларға дейін иіліп-бүгіліп, отыз


тісінің
ағын көрсетіп астанашыл болып алған жоқ па. Шаттанғаным
сондай
: "Вива Қазақстан!" деп орнымнан секіріп-секіріп кеткенімде,
төбем
, көкке жетпесе де көне король залының үш метрлік күмбезіне
тақ
ете түсті.
Ең
кереметі – көппен бірге мұнда Борат көкем де жүр екен. Нұрлы
бейнесі
мың адамның арасынан менмұндалап, көзіме оттай басылды.
Серейген
кісі ғой, қара мұрты қопсып, дөңгеленген қауға шашы
түркіменнің
сең-сең бөрігіндей жұрттың төбесінде қалықтап жүр.
Шидиген
жүн-жүн қисық сирағын қара санына дейін көрсетіп,
Американың
ала туынан дамбал киіп алыпты. Бізді көре сала:
– О-о, қазақтарым, қардаштарым!.. – деп қазақша судай сылдырап,
құшағын
жая ұмтылды. Қатты сағынған екен, əрқайсымызды кеудесіне
басқанда
, басқаларды қайдам, жүрегінің лап-лап алауынан бір минут
қорғасындай
балқып тұрдым өзім. Борат ағамның Абыралыда тұратын
шешесі
сол ауылдағы ең кəрі əйел еді. Былтыр отыз жеті жасында офат
болған
иманы саламат болғыр марқұм. Көрген жерде көңіл айт деген
емес
пе, қайғысына ортақтастығымды білдіріп, "арты қайырлы болсын"
айтып
едім:
– Өзім де топырақ сала алмадым! – деп еңкілдеп жылап жіберді.
Қазақстан
туралы төрт жүз сексен сериялы фильм түсіріп, қолы
босамапты
. – Уақыт қымбат қой. Өлген кемпірді бəрібір тірілте
алмаймын
. Оданда жан-тəніммен еңбек етіп, отанымның даңқын
əлемге
паш етейін дедім.
Асай
-мүсейі əзір екен, əрқайсымызды бейнетаспаға түсіріп, интервью
алды
. Басқалардан не сұрағанын білмеймін, маған бірнеше сұрақ
қойды
:
– Қазіргі қазақ қоғамының дамуы мен моральдік бет-бейнесін
айқындайтын
басты кредоны бір сөзбен қалай тұжырымдар едіңіз?
– Ақша – бəрі!
– Сонда сіздерде бəрін сатып алуға бола ма?
– Əлбəттə. Біз нарықтық экономика заңдылықтарымен өмір сүреміз
ғой
. Сондықтан бəрі нарықтық рельске қойылған. Нан, колбаса, арақ,
ректор
, министр, депутаттықтың ... өз нарқы бар. Базардағы тауар


сияқты
ақысына келіс те кез-келген лауазымды ала бер. Бізде
жиырмадағы
балалар əкім, сексендегі шалдар депутат бола береді.
– Ал, қылмыс жасаса ше?
– Бізде байлар қылмыс жасамайды. Өйткені осы жасыма дейін
сотталған
байларды көргемін жоқ. Біз демократияның ұлы
принциптерін
бұлжытпай сақтайтын елміз ғой. Тек сол шекті арам
аяғымен
аттағандар ғана аяусыз жазаланады. Мың-миллион көк
қағаздың
бетіне қарамай, ондайларды Лондон, Париж түгіл, жердің
тесігіне
кіріп кетсе де іздеп тауып, сазайын береміз!
– Хош, жауаптарыңыз көп нəрсеге көзімізді ашып тастады. Аз жыл
ішінде
базар экономикасын ұңғыл-шұңғылына дейін меңгеріп,
елдеріңіздің
осыншалық табысқа жеткеніне тəнті боп отырмын.
Рокфеллер
, Морган, Мюллер тағы басқа миллиордерлер Америкада үш
жүзжылда
əзер қалыптасса, сіздерде үш-төрт жылдың ішінде-ақ
қаншама
миллиордерлер шықты. Бұл деген ғажап жетістік, əлемдік
практикадағы
сирек құбылыс!
– Рахмет! Осындай сөзді естігенде, мақтаныштан көзімнен жас шығып
кетеді
!.. Кешіріңіз!.. хым-хым... (бырқ еткізіп, кір-кір ормалыма бір
сіңбіріп
алдым). Бəрі біздегі дана басшылықтың арқасы ғой!
– Тағы бір сұрақ. Совет одағы құлаған кезде сіздердің елдің ең соңында
азаттық
алғандарыңызды əлем біледі. Оның себебі не деп ойлайсыз?
– Дұрысы – біз алған жоқпыз, бізге берді. Орыстың еркөңіл 
патшасы
:"алсаң да аласың, алмасаң да аласың, мə!" деп еріксіз 
қолымызға
ұстатқан. Шынтуайтында бізге еркіндік керек емес. Осыдан 
үш
жүз жыл бұрын біздің дана хандарымыз бен сұлтандарымыз " 
мүбəдə
, бұ қазақ деген жамағатты басқару жүдə, қой баққаннан да 
қиын
екен-дүр, оданда сырбаздың етін сылқытып жеп, сары қымызды 
сапырып
ішіп, ақордада ақ тоқалдарды алаңсыз құшып, саба 
қарыныңды
сипап жатқанға не жетсін, шорту, біз шаршадық, бодан 
болып
ғұзырыңызға жығылайық-дүр!" деп Руссияның қатын 
патшасына
ант беріп, екі тізгін, бір шылбырды қолына ұстатқан 
болатын
. Көреген бабалар бірдеңе біледі ғой, шіркін, одан һеш 
жамандақ
көрген жоқпыз: бұрын қатқан құрт пен көгерген ірімшікті 
қытыр
-қытыр қаужаңдаушы едік, аппақ бөлкеге аузымыз жетті; қыста 
дірдек
қағып киіз үйде отырмай, там соғатын болдық. Тегін оқыдық, 
тегін
емделдік. Ескінің кертартпа сарқыншақтарынан арылдық. 


Пайдалануға
жарамсыз, икемсіз болғандықтан қазақ тілі де сол 
күресінге
лақтырылған қоқыстың ішінде кетті. Оған дұрыс тіл жасай 
алмаған
ата-бабамызды кінəламасақ, кімге өкпе артамыз? Міне, 
тəуелсіздікті
қолақпандай ғып ширек ғасыр бойы салақтатып ұстап 
жүргенде
не пайда көрдік? Сол баяғыша руссша гəпірамыз. Тыңдайтын 
əніміз
, көретін қызық-шыжығымыз – бəрі орыстікі. Ақыры не 
істерімізді
білмей жүргенде ұлық ақынымыз, Кремль мен Ақорданың 
ақылман
абызы Алжекең ( Шумер дəуірінен арғыдағы тауарих 
қойнауынан
мың жыл бойы "Мың бір сөзді" іздеп жүріп, 
диназаврлардың
бірінің мишығынан тауып алған даналығы болса 
керек
) : "Абсолюттік азаттық – қауіпті!" деп данышпандық тұжырым 
айтқан
соң, өз миларымен ештеңе ойлай білмейтін шенеуниктер 
шошып
кетіп, Астанаға келген Жолдекеңе: "осы бір бостандығы 
құрғырды
жиырма бес жыл түйенің көтеніндей босқа салаңдатып 
ұстап
жүрміз, бізге жүдə керегі жоқ нəсте екен-дүр, сіз ала салыңызшы, 
алдияр
!" деп пəдəрить ете салғанбыз.
– Тым қымбат пəдəркі сыйлапсыздар!
– Қымбат мейманның қолайын табу – ата дəстүріміз. Ондайда
ештеңенің
бетіне қарамаймыз ғой.
– Ғажап жомарттық екен... Жалпы, қазақтың ешкімге ұқсамайтын
ұлттық
ерекшелігі не?
– Көнбістік!
– Бұл деген "зұлымдыққа қарсыласпау" философиясымен үндес жатқан
ұғым
ғой. Толстой да осы идеяға бой ұрған.
– Толстой дүниенің оқу-тоқуын тауысып барып əрең жетсе, біздің
бабаларымыз
қойын құрттап жүріп-ақ ол даналықты меңгеріп алған!
Тіпті
Толстой сондай даналыққа жетем деп жынданып кеткен жоқ па.
Біздің
шалдар жынданған жоқ. Өмірлік ұстанымдарына лайықтап небір
тамаша
мəтелдер шығарған: " Бұдан да жаман күнімізде тойға
барғанбыз
", "Бөксеңнен тепсе, бетіңді төсе", "Көппен көрген ұлы той", "
Таспен
ұрғанды аспен ұр", "Артық қайрат – жанға қас", "Тек жүрсең,
тоқ
жүресің, домаланып көп жұресің"... деп, өмірдің талай тар
қыспағынан
аман өтіп келеді. Жерін өрт шалып, елін жау шапса да "əй,
менің
үйім өртеніп жатқан жоқ, маған тисіп жатқан ешкім жоқ, бір
бұйыртқаны
болар, пешенеге жазғанды көрерміз" деп сабырын сақтап,
маңғаз
қалпынан мызғымайды. Қандай естілік! Көптен, күштіден


қорыққан
, көндіккен ғана аман қалады емес пе. Ана Қап тауында чешен
деген
қызу қанды, жұлымыр халық бар. Өмір бойы орыспен алысып
келеді
. Аюға шапқан абадан сияқты. Көпке не істейді, қырылады да
қалады
. Əр елу жыл сайын болатын қасаптың кесірінен саны
миллионға
жетіп көрген емес. Ал біз ше? Байсалдымыз, сабырлымыз,
соның
арқасында, сонау ашаршылықта жартымыздан көбіміз қырылып
қалса
да, шүкір міне, он миллионнан асып, шаршымызға толып
отырмыз
. Көршіміз қырғыз бен өзбек те тынышсыз, дыз етпе, шақар.
Қоңқай
қырғыздар иттің арты тырқ етсе, Алаңға атып шығып, қатынын
қуған
бақырауық жаман еркекше, президенттерін артынан бір теуіп
елден
айдап шығады. Масқара-ай, төрт президентін ауыстырды. Жаман
əдет
– жұқпалы дерт, оларға еліктеген өзбектер де Ислам окаларына
доқ
танытып еді, Андижанда "мə, синга анаңди!.." деп окаларды қырды
да
салды. Қаңғып міне, қазақтың тамын соғып, палауын басып жүр. Ал
дана
қазақ ақырын жүріп, анық басады. "Оу, алашым, əдəшім, көп
отырып
қалдым-ау осы, менен шаршаған жоқсыңдар ма? Телевизорға
қарасам
, қартайып қалған сияқтымын!" деп ширек ғасырдан бері қайта-
қайта
сұрап пысықтаған басшымызға "О не дегенің, садағаң кетейін,
сенсіз
күніміз не болмақ, отыра бер. Қартайдым дегенді айтпа,
телевизор
түскірі қисайтып теріс көрсете береді!" деп, жыл өткен
сайын
үдетіп, дауысын тоқсан жеті проценттен де асырып беріп келеді.
Тек
жүзге жеткізе алмай келе жатқанымыз аздап көңілге қаяу түсіреді.
Біздей
бақытты жұрт қай жерде бар екен. Ешқандай уайымымыз жоқ.
Бешбармақ
асаймыз да – би билейміз; бауырсақ жейміз де – əн
саламыз
... Күнде думан, күнде той. Шат-шадыман қызыққа күле-күле
екі
езуіміз ырсиып құлағымызға жетті. Сенбесеңіз
телевизорларымызды
тамашалап көріңіз. Екі көргеннен кейін есіңіз
шығып
ентелеп ішіне түсіп кетпесеңіз маған келіңіз. Кейде бақыттан
жалығатынымыз
соншалық, жоқшылық, кедейлікті өтірік ойлап тауып,
қайыршы
, бомж болып қоқыс ақтарамыз, жарықсыз, сусыз қаусаған
үйлерде
тұрамыз. Осындай стресс те керек қой. Шыли баршылық,
тоқшылық
та помайды жүдə, аздырып жібереді. Абайдың өзі солай
деген
жоқ па: "Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық аздырар адам
баласын
!" О кісі айтса, тегін айтпайды ғой.


– Дұрыс, шынында да адамзат үлгі тұтарлық асыл қасиет екен. Сіздің
əңгімеңізден
көп жайға қанық болдым. Бұйыртса, Қазақстан туралы
тағы
бір тамаша фильмнің сюжетін көріп отырғандаймын!..
Борат
көкем əлемдік танымал тұлға ғой. Оның назарына іліккен
нəрсенің
ешқайсысы елеусіз қалған емес, дүниенің төрт бұрышын
дүрілдетіп
, сенсация туғызып жатады. Бүгін бізге айрықша ықылас
танытқанына
анталаған сырт көз қызыға да, қызғана да қарады.
Интервью
алып болған соң мэрияның үлкен холлында өзінің соңғы
түсірген
фильмін көрсетті. «Би-Би-Сидің» арнайы тапсырысы
бойынша
түсірілген сюжет, «Бетпақдаланың көз жасы» деп аталады
екен
. Үш Д өлшемді кең экран сəл діріл қағып жарқ етті де, біз бір
ұшы
-қиырсыз кеңістікке ендік те кеттік. Сытырлап, пысқырынған
алапат
дүбірге ілесе, сары даланың бір пұшпағынан лақ еткен
тасқындай
қалың киік лап қойып, түйдек-түйдек жосыла жөнелді. Кең
жазираны
қаптай жайлаған қалың нөпір. Көш бастаған қанжар мүйіз
текелер
бір-бірімен жарыса ағызып келе жатып қарғып-қарғып
кеткенде
, шірей тартқан жебедей аспанда қалықтайды. Сағым ба, сары
тасқын
ба, сусып лезде көз ұшына сіңіп барады.
Борат
көкемнің білмейтіні бит ішінде шығар-ау, жүдə. Бүкіл ғұмырын
киікті
зерттеумен өткізген зоологтай қоңыр дауысы күмбірлеп сайрап
тұр
. Мүдіріссіз екпіндете сөйлейді төгіп-төгіп. Ұлан даланың бір
пұшпағында
туып-өссем де Борат ағам келтіріп жатқан мəліметтердің
біразы
маған таңсық. Киікке жаратылыстың қосақтап қойған жауы –
қасқыр
. Ұрпақ үшін аптап қуырған отсыз-сусыз Бетпақтың шөліне
қасқыр
аяғы жетпес отыз- қырық шақырым ендеп барып төлдейді екен.
Бұрындар
миллиондап Арқаның төсінде тасып-төгіліп жүретін. Кейін
əлемде
əтектер көбейген сайын қасқыр да кеміте алмаған сол
киіктердің
саны азая жыл санап. Тікұшақпен қуып жүріп қырғын
салып
, мүйізін кесіп, кең сахара қан сасыды. «Сұмдық-ай, неткен
жауыздық
» деп жағаңды ұстап жүргенде, əтектіктің лаңына жылап
көрісетіндей
апат шықты... Экран лап етіп, қып-қызыл от аспанға
зымырай
жөнелді. Кенет зымыраған от күл-талқан шашырап, бір сəт
бүкіл
аспанды жасын жайлағандай болды да, қып-қызыл тамшылар
сорғалап
жауа бастады. Сол-ақ екен, əлгіндегі толқып, сары далаға


сыймай
жосыған сансыз киік бірінен кейін бірі омақаса құлап,
тартылған
тау өзенінің аңғарындағы қойтастардай теңкиіп-теңкиіп
жусады
да қалды. Безерген даланың беті жайраған өлік. Ызғыған желге
қосылып
қураған бозкөде ызыңдай сыңсып жоқтау айтып тұр. Жүні
түсіп
шілтиген əлдебір құбыжықтар баспалап жемтік іздеп келсе де
өліктерден
қорқып кеткендей, беті ауған жаққа безіп барады, қасқыр
екенін
аракідік шоңқия қап ұлыған дауысынан білгендейсің.
Ұйтқыған
жел қауға шашын ұйпалап Борат көкем шіренген
əлдебіреуден
интервью алып тұр. Тарыбай Арпабаев деген министр.
Əрине
, министр болған соң ол шіренбей кім шіренсін. Екі қолын
арқасына
айқастырып, маңғол бетіне маңғаздықтың неше атасын
қондырып
алған.
– Арқадағы екі жүз елу мың киіктің бір жүз жиырма мыңы биыл
аяқастынан
қырғын тапты. Бұл апаттың себебі не деп ойлайсыз?
– Сексен сегізінші жылы бес жүз мың киік қырылған! – деді Арпабаич,
«тəйір-ай, сол да сөз болып па» дегендей нəумез үнмен. – Сол кезде де
себебін
ешкім білмеген, қазір де анықтай қояды деп айта алмаймын.
– Ол кезде Советтің əскери ведомствосы өз құпиысын өзі əшкере
қылмайтыны
белгілі. Қазір сіздер тəуелсіз ел емесссіздер ме. Өз
ғалымдарыңыз
не дейді?
– Ғалымдардың болжамы бойынша, биыл жауын-шашын мол жаууына
байланысты
, шөп айрықша қалың шыққан. Қыстан тұралап шыққан
жануарлар
шөпті көп жеп қойып, асқазаны қорта алмай аш өзегіне
түсіп
өлген.
– Бұл – ғылыми зерттеу емес, бақсының бал ашқаны ғой! Кейбір
сарапшылар
қираған орыс зымыранының зардабымен байланыстырып
жүр
. Бұған қалай қарайсыз?
– Бұған гептильдің еш қатысы жоқ. Менің туған ауылымның үстіне
талай
рет гептиль шашылған. Бақшамызда түйекөтен, тойст, памидор
қос
жұдырықтай боп өсетін. Содан өлетін болсақ, баяғыда-ақ қырылып
қалатын
едік қой! Бұл – біздің достығымызға сызат түсіргісі келетін
жымысқылардың
саяси байбаламы! Біз достыққа ештеңені
айырбастамаймыз
!


– Қандай достық? Аю мен қоянның достығы ма? Жасасын мызғымас
ұлы
«достық»! – Борат көкем қол соғып жіберіп еді, анау қиық көзі одан
əрмен
қисайып, қолын сілтей теріс айналды:
– Мен Батыстың арандатушыларына жауап бермеймін!..
Қайтадан
өлік жайлаған өлі даланың ортасында қалдық. Айналамыз
жүні
ағараңдай желбіреп, жайрап жатқан киіктер. Жоқтау айтып
боздап
, қолқа суырған қобыздың зарлы үні кілт үзілді де, əлде қайдан
шыр
-шыр еткен сəбидей лақ маңырай жөнелді. Жетім үн, жалғыз үн.
Шіңгір
-шіңгір. Жез қоңыраудың тіліндей сыңғыр-сыңғыр. Жылаған
əлсіз
дауыстан күңгірт аспан жаңғырып күңірене толқиды. Көзі
мөлтілдеген
жетім құралай төрт аяғы көктен келген енесінің емшегін
жұлқылап
сорғылайды да, таңдайына нəр тамбаған соң бұл қалай
дегендей
шар-шар етіп маңырайды. Құдай-ау, хайуан да жылайды екен
ғой
, айналаны зарға толтырып өксіп-өксіп маңырағанда, құралайдың
көзінен
жас бұршақ-бұршақ домалады. Кенет əлденеден үрікті ме, жіп-
жіңішке
аяқтарымен көкке шапшып ыта жөнелді. Өліктердің үстінен
қарғып
безіп барады. Іле ентігіп алқын-жұлқын жүгірген əлдебір адам
көрінді
. Өксігін жұта кемсеңдеп айғайлап келеді:
– Тоқташы, құралайым! Ең болмаса сен аман қалшы! Қорғансыз
періштем
...
Ақбурыл
шаша құлын жалдана желбіреп, алқына ұмтылған ер адамды
обьектив
жер түбінен тартып алып, бет-жүзін экраннан жарқ
еткізгенде
тани кеттім. "Ой, мынау Қорғаш қой, Ақ Қорғаш!" деп
отырған
жерімде айғайлап жібере жаздадым. Атақты ақын Қорғанбек
Аманжолов
! Пай-пай, Борат көкем де кісі таниды-ау! Жалпақ қазақ
селт
етпегенде:
"Киік өлді – даламнан кие кетті.
Кім
көрген мұндай сұмдық қияметті!.." деп жүрегі зар төгіп жырлаған
жалғыз
ақын осы емес пе? Дүниедегі жанды-жансыздың бəрін
жүрегінің
бір бөлшегіндей аялап, бəріне алаңдамаса ақын бола ма.
Қуғаны
жеткізбесе, бар асылынан, ең аяулысынан айрылатындай


ақынның
жүзі абыржулы. Танауы қусырылып, өңі қуқылданып кеткен.
Қызыл
көйлектің омырауы ыстық жасқа шыланып жоса-жоса. Өлі дала.
Жалғыз
ақын. Жалғыз құралай. Шыр-шыр безектейді жетім лақ...
"Тоқта, тоқта, бəрібір сені құтқарамын!" деп ентелейді Ақын. Кең
дүниеден
сая таппай шырыл қағып маңыраған лақтың жетім үні мен
ақынның
өксігі аспан астын күңірентіп тұр.
Айналам
қорс-қорс тартқылаған танаулардың пысылына толып кетті.
Экран
сөніп, залдағы шамдар жамырай жанғанда, талайлардың көз
жасын
сығымдап отырғанын көрдім. Бұл американдықтар мұндай
боркемік
халық болар ма, түге. Үстіңе құлай қалса, жаншып
өлтіретіндей
арбиған алқам-салқам дəу болса да əсершіл бала секілді
көңілдері
бос екен. Біз селт еткен жоқпыз. Мұндайдың көкесіндейін
күнде
көріп жүрміз емес пе!
"Гринпистің" бір топ белсендісі плакат көтеріп айғай салды: "Табиғат
қорғаудың
жалпыға ортақ ережесін сақтамағаны үшін Қазақстанды
халықаралық
сотқа тарту керек!"
"Қиын қатты қиратып аларсыңдар, пішту ! – деп біз ернімізді шығарып,
ышқырымыздың
ішіндегі осындайда жауға саптайтын "мықтымызды"
көрсеттік
. – Бізде мұнай көп, ақша – пішен, қандай пəдəркі жасасақ та
жетеді
!"
"Алтын доңыз"
Командалар
арасындағы əртүрлі тақырыптағы сайыс жарты айдан
астам
уақытқа созылды. Шараның ашылу салтанатына Обаманың өзі
қатысып
, құттықтау сөз сөйлеген. Жеті мың адамдық Конгресс –
Холлда
ине шаншар орын болмады. Əр күнгі билет құны мың
доллардан
асып жығылса да қызық қуып дүниенің төрт тарабынан
ағылған
байлар мен атақтылар ақшаның мөріне қарар емес. "Би-Би-
Сиден
" бастап əлемнің барлық беделді телеарналарының өкілі осында.
Жарыс
өте тартысты өтті. "А" тобы мен "Б" тобының көшбасшылары он
сегізінші
күн дегенде əзер айқындалды. Қожанəсір бабам мен Алдар


атамның
аруағы қолдаған шығар, небір сайыпқырандарға қара
шалдырмай
, жүзден жүйрік атанып, "Б" тобындағылар арасынан мəре
сызығына
бірінші жеттік. "А" тобынан шашасына шаң жұқтырмай
бəйге
сүзіп келген – "Батути-тахумба" командасы. Батути-тахумба –
Африканың
оңтүстік қиян түкпіріндегі джунглиді мекендейтін
папуастардың
шағын мемлекеті. Əлі күнге дейін кісі етін жейді.
Бамбук
жапырағымен абыройын жауып жүретін жабайылар.
Президенттері
– бұрынғы тайпа көсемі. Маймыл мен ақ нəсілділердің
миын
деликатес ретінде жейді дейтін дақпырты бар. Команда мүшелері
жартылай
жалаңаш. Дүниежүзілік үлкен дүрмекті жиын болған соң,
өздерінше
мəдениет сақтап əрі сəн ретінде бұттарына крокодилдің
шикі
терісінен шолақ шалбар киіпті, балағынан май тамып, иісі күндік
жерден
мүңкиді. Бет, кеуделерін қынамен айғыз-айғыз бояп алған.
Кеңсіріктерінің
бір жақ етегін тесіп, сырға таққан. Қамыстан тоқылған
тəжді
жиектей қауырсын қадалған. Дəрежелеріне қарай, қарға,
сауысқан
, қырғауылдың қауырсыны. Капитанның басында бүркіттің
қауырсыны
желбірейді. Мойындарындағы шығыр қанша əйелдері
барлығын
білдіреді екен. Ең азынікі – жетеу, кейбіреулерінікі
алқымына
дейін тіреліп, мойындарын бұра алмайды. Капитандары –
екі
ұрты суалып, көздері үңірейген сылыңғыр қара. Ойыншығын
қызықтаған
баладай, беліндегі тапаншасын қайта-қайта қорабынан
алып
, аударып-төңкеріп қарағыштай береді. Жарыс барысында мінезі
қызба
, сəл нəрсеге шыж-быжы шығатын күйгелектігін сан мəрте
байқағанмын
. Мына түрімен есесі кетіп бара жатса, бұл сығыр
шүріппені
басып қалудан да тайынбас-ау деп сескенеді екенсің.
Холдың
қақ ортасында биіктігі бес құлаш дыбыс өлшегіш – эхометр
орналасқан
. Сырты мөлдір пластик, сəл дыбысқа діріл қағып толқыған
қызыл
баған шкала бойымен жоғары-төмен қозғалып тұрады.
Команданың
өнері көрермендердің қолдап-қолпаштаған дауысына
қарап
бағаланады. Шкаланың ең жоғарғы сызығы – жүзбен шектеледі,
яғни
жұрттың қоштаған айғай-шу, овациясының жаңғырығы соған
жетсе
, жүз ұпай алдың деген сөз.
Бəсеке
басталар алдында қарсыластарымыз өздерінің құдай-
аруақтарына
ұзақ жалбарынды. Қарғаның өлігін ортаға алып,
дөңгелене
билеп, əндетіп, əбден трансқа түскенше зікір салды. Төреші


мен
жюри мүшелері «болды, бастаңдар» деп əзер тоқтатқан. Біз де
іштей
толқығанмен олардай арсы- күрсіміз шығып əуреге түскен
жоқпыз
. «Уа, Қожакем мен Алдакемнің аруағы, қолдай гөр!» деп нық
басып
, ортаға шықтық.
Бұл
жолы «Ерекше ел» номинациясы бойынша сайысқа түспекшіміз,
иəки
өз еліңнің ешкімге ұқсамайтын дара сипатын көлденең тартып,
қарсыласыңнан
басым түсуің керек. Ой, құдай-ай, ондай ерекшелік
бізде
толып жатқан жоқ па, ойланбай-ақ шетінен сатырлатар едік, жол
«А» тобынікі болған соң, тықыршып, əзер тұрмыз.
– Біз джунглидің меңіреу түкпіріндегі жаңа азаттық алған жас
мемлекет
болсақ та əлемнің ең озық елдеріндегі демократиялық
принциптер
бойынша өмір сүреміз! – деді капитан кеудесін кере
талтайып
. – Жақында Кониституцияны бұзып, үшінші рет сайлауға
түспек
болған президентке бүкіл халық қарсы көтеріліп, тақтан қуды.
Өздері
қатты семірген екен, қатын- баласымен қоса отқа қақтап жеп
қойдық
!
Мырс
етіп осқырынғанда, кеңсірігім айрылып кете жаздады. «Сөзіңе
болайын
, – дедім ішімнен табалап. – Сол да ерекшелік болып па!»
залдағылар
да менің көңіл-күйімді кешкендей, қолпаштаған дауыстар
шашыраңқы
шықты.
Біз
тез ақыл қосып, сөзімізді жұптап алдық та капитанымыздың өткен
сайыстарда
айғайлай-айғайлай тамағы қарлығып қалған соң, сөз менің
еншіме
тиді.
– Бізге құбылмалы, оңғақ мінез жат. Біз нені сүйсек те, кімді сүйсек те,
тастай
қатып мəңгі сүйеміз. Кеше ғана ат-түйедей қалап, тоқсан сегіз
процент
сүйіспеншілікпен құтты орнына қондырған сəруардан бүгін
неге
теріс айналуымыз керек? Сіздер демократияға қайшы дейтін
шығарсыздар
? Біз үшін демократия – көптің қалауы, сүйіспеншілік
сезімнен
қасиетті емес. Сондықтан да біздегі көсемдер де, депутаттар
да
, министрлер мен əкімдер де мəңгілік. Бір сендік пе – бітті, өліп
қалмаса
, отыра береді. Осындай мəңгілік сенім, мəңгілік сүйіспеншілік
арқылы
ғана «Мəңгілік ел» дейтін аңсарға жете аламыз!..
– Вот это да!


– Бəракалла!
– Нағыз феномен!.. – деп жан-жақтан шапалақ ұрып гу ете қалғанда,
құлағымды
жарып кете ме деп, қос тесігіне қос саусағымды тыға
қойдым
. Қарсы жақтағылардың түстері бұзылып кетті. Капитандары
нұқыл
нервний неме ғой. Қолы сумаң етіп, жамбасында салаңдаған
кобураға
бір қыдырыстап қайтты. Қауырсын үрпиген бастарын шұлғып,
өзара
шүңкілдесіп алған соң, капитан тамағын кенеді:
– Біз үшін ана тілімізден ардақты ештеңе жоқ. Үкімет мəжілісінде,
парламентте
де тек өз тілімізде сөйлейміз! – «Ал енді не дер екенсің?»
дегендей
мардымсып иегі аспанға «лініп қалды.
– Һа, бетім-ай! – деп айғайлап жібердім. – Басқа тіл білмеген соң,
əрине
, өзіңнің шала –шарпы шатпырақ тіліңмен сөйлемегенде
қайтесің
, абориген! Біз деген, міне, қазақ болсақ та желдей есіп, тек
орысша
сөйлейміз. Жаппай сауатты, мəдениетті елміз. Парламентіміз
де
, үкіметіміз де түгелдей русша гəпірады. Көсемдеріміз Қытайға барса
да
, ООН–ың мінберінен əлемге ақыл- насихат айтса да түбін түсіріп
орысша
ұрады. Енді жаппай ағылшынша үйреніп жатырмыз. Көп өтпей
ағылшын
тіліне көшеміз. Жиырма бірінші ғасырда өз тіліңде, баяғы
көшпенділердің
от басы-ошақ қасы тілінде сөйлеген ұят емес пе, жүдə!
Тағы
да ду овация. Төбедегі хрусталь люстралар қосыла хоштағандай
сыңғыр
-сыңғыр.
Дөйқара
капитан қос шықшыты ойнап, овация басылғанша қойтаң-
қойтаң
теңселіп жүрді де:
– Біз де жаңа президентімізді тоқсан жеті болмаса да елу жеті
процентпен
сайладық! – деді ұрысқандай өжектеп. – Есесіне, күн
демей
, түн демей тік тұрып халыққа қызмет етеді!
– Мə-піш-оу! – Бүкіл командамыз хормен айғай салдық бір деммен. –
Біздің
бүкіл халық сəруарға қызмет етеді. Ол аз десең, Тони Блэер,
Гузенбауэр
, Фишерден бастап Еуропаның бұрынғы-бүгінгі премьер-
министр
, канцлер, сенатор, принцтеріне дейін қызмет етеді оған
құрдай
жорғалап.
– Біздің көсеміміз ең бай адам. Бір үйір пілі, төрт жүз кəнизагі бар
гаремінде
! – «Ал енді не дер екенсің» дегендей дөйқара екі мықынын
таянып
, аспандай қарады. Күлерімізді, не жыларымызды білмей


булығып
біз тұрмыз. Мұндай болмашыға сəруардың атын былғап
қайтеміз
. Қарсыластың көздерін шекесінен шығаруға бер
жағындағылар
да жетіп-артылады ғой.
– Біздің олигархтардың байлығы миллиардтаған доллармен есептеледі.
Американың
Рокфеллер, Морган, Джонсондары екі жүз-үш жүз жыл
бойы
ата-бабаларының тірнектегенінің басын құрап əзер миллиардер
болса
, біздің Мешкей, Пəтөк, Тимөк көкелеріміз екі-үш-ақ жылда
оларды
шаңқаптырды. Оларға қыз-қырқын пішту. Қажет болса, күніне
бір
сұлуды тояттайды. Жорғасы ұнаса, бір түндік қызметі үшін бір
«Хаммер» мінгізе салады. Олар анау-мынау емес, əлемдік даңқы бар,
бір
түнде миллион долларлық лəззат сыйлайтын əшкенойлармен
əмпəй
. Одан бергілерді менсіне бермейді!
Көздері
жыпылықтап, батути-тахумбалар шынымен сасқалақтай
бастады
. Абыржымай қайтсін, ұпайлары əлі бір рет жүздікке жеткен
жоқ
. Ал бізді қолдаған дауыстың жаңғырығы бір мəрте ғана тоқсанды
көрсетіп
, қалғанының бəрінде қызыл баған зымырап, төбесімен сарт-
сарт
жүздікті сүзгіледі. Капитан қолын көтеріп, команда мүшелерімен
кеңесу
үшін жюриден мұрсат сұрап тайм-аут алды. Батути-тахумбалар
тағы
да аруақ шақырып, құдайларына құлшылық қылуға кірісті.
Қарғаның
өлігін айналып, қосыла əндетіп, алқын-жұлқын биге басты.
Төреші
гонгтің жез табағын даңғыр еткізіп қаққанда, қайта сайысқа
кірісіп
кеттік. Дөйқара шұбар бетінің шұқанағында шыпырлаған тер
моншақтарын
білегімен жапыра сүртіп ентігіп тұр:
– Біз... біз... – деп қыстығып барып сөзін əзер жалғады. – өз
тарихымызда
тұңғыш рет аштықты жеңдік! Ендігі мақсатымыз –
халықты
аз жыл ішінде тоқшылыққа жеткізу!
– Пəлі! – Ырсиған екі езуім екі құлағыма ілініп қалған шығар. – Тойып
тамақ
ішкенді біз де бұрын мақтан көретінбіз. «Бешбармачить» етуден
Гиннесстің
рекорд кітабына жазылғанбыз. Ал қазір керісінше,
тоқшылыққа
қарсы күресеміз. «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар
адам
баласын» деп, Ұлы ақын айтқандай, тоқшылық кісіні аздырады,
тойып
тамақ ішкеннен семіріп, фигураң бұзылады, түрлі ауруға
шалдығасың
. Сондықтан үкіметіміз қамқорлық жасап, халықтың дені
сау
болсын, тамақты артық ішіп қойып денсаулығын бұзып алмасын


деп
, үнемі азық-түліктің бағасын көтеріп отырады. Күрмекбаев дейтін
данышпан
министріміз тіпті егін мол шыққан жылы: «Большой урожай
– большая беда» деген мəңгілік мəтел шығарып, бидайды жинатқызбай
қардың
астына көмдіріп тастады!..
Қай
қиырға жалтарса да желкесінен басып, адымын аштырмаған соң
күйіп
кетсе керек, Батути-тахумбалардың қызылкөз капитаны қасыма
жетіп
келіп,
«КамАЗ»-дің покрышкасындай дүрдік еріндері дір-дір етіп,
түкірігіне
қақалып-шашалды. Шарасыздың құр далбасасы:
– Біздің əрбір мыңыншы адамымыз хат таниды. Балаларымыз оқымаса
да
жүзге дейін санай алады! Папуастан шыққан бір ғалымымыз Нобель
сыйлығын
алды!
– Охо-хо!.. – Шиқылдап ішегіміз түйілгенгше күлдік-ау.
Командамыздың
тең жартысы күлкіден жерге құлап түсіп домалап
қалды
. – Əрине, Нобель жағынан ұяттымыз. Бірақ «жалғыз ағаш орман
емес
», жалғыз ғалым кімді ұшпаққа шығармақ. Есесіне, біздегі он мың
адамның
бірі – кандидат, жиырма мыңның бірі – доктор. Əкім -
министрлеріміздің
əрқайсысы бес ғылымның докторы, он
академияның
академигі. Тоқал-секретаршаларына дейін ғылым
кандидаты
. Оқу-білімнің дамығаны сонша, қос дипломы барлар
күзетші
боп істейді, космонавтымыз жылқы бағып жүр!..
Зал
дүр көтеріліп, дуылдата қол соғып, дүрсілдете тепкілеп, тамақ
жырта
айғайлап сүрең салғанда, эхометрдің шыны қорабы шарт сынып,
күл
-талқан шашырап кетті. Бір əйел тіпті:
– Өлə, шешең!.. – деп шымкентше шыңғырып та жіберген. Біз төбеміз
көкке
жеткендей секіріп, құшақтарымыз айқаса кетті. Күліп жүрміз,
жылап
жүрміз. Жұрт жапырлай қоршап, бірі құшақтап, бірі қолымызды
қысып
жатыр. Көл-көсір қуаныштан басым айналып, көзім қарауытып
кеткен
. Көзімді бір ашсам, залдағы бүкіл жұртпен бірге еліріп рок-н-
ролл
билеп жүр екенмін. Он екі қабатты Конгресс-Холдың шыны
сүйегі
сықырлап, оңды- солды теңселіп, қосыла билеп тұр. Əлгі
бахути
-тахумбалардың қызылкөз капитаны қызылала қан болып,
анандайда
серейіп жатыр. Қызуқанды жігіт еді, намыстан күйіп кеткен


ғой
, тапаншаны самайына тіреп тұрып басып салған екен, жарты басы
шашылып
жайрап қалыпты. Жолдастары айналасында жүрелей
қоршап
, бастарын оңды-солды шайқап жылап отыр ма, өздерінің ғұрпы
бойынша
зікір сап отыр ма, билеген жұрттың мəз-мəйрам дыр-дуы
ештеңе
естіртер емес.
Табанымыз
ойылғанша жер тепкілеп, іштегі жынымызды біраз
шығарып
алғаннан кейін сабамызға түскендей болдық. Мəртебелі
жюри
төрағасы бізді жеңісімізбен құттықтап, "Ерекше ел"
номинациясы
бойынша Бас жүлде – "Алтын Доңыз" мүсінін тапсырды.
Əлемде
теңдесі жоқ еліміздің өзіне тəн осынау тамаша ерекшеліктерін
сақтай
отырып, ары қарай дами беретініне зор сенім мен тілеулестік
білдірді
. Капитанымыздың неше күнгі айғайдан тамағы қарлығып,
дыбысы
нұқыл шықпай қалған соң, мен команда атынан жауап сөз
айттым
. Қазақшаға судай Борат көкем əр сөзімді аузымнан шықпай
жатып
қағып алып ағылшыншаға аударып тұрды. Қысылғанда ауызға
сөз
түсе ме, жарытып, қисындырып ештеңе айтпасам да жанынан
қосып
құлпыртып жібере ме тегі, жұрт дүркіретіп қол соққанда,
япырай
, шынымен керемет бірдеңе айтып жібердім бе деп өзіме өзім
тамсанып
қаламын. Жеңіс құрметіне еліміздің гимні ойналды.
Подиумға
көтерілген жалдамалы спортшыдай, шатасып ескі сəбетски
гимн
ойналса да өтірік аузымды жыбырлатып ыржалақтап тұра бермей,
өзіміздің
шынайы патриот депутаттарымыз сияқты оң қолымды
жүрегімнің
үстіне қойып, тебіреніп тұрдым. Тулаған жүрегімдей желп-
желп
етіп бетімді ұрғылаған көк байрақтың етегін сүйіп-сүйіп қоямын.
Əр
команда өз елдерінен тəбəрік деп əкелген сый-сиапаттарын жюри
алқасына
сыйлап жатыр. Мен де құр қол емеспін. Осылай қарай
аттанарда
əсем астанамыздан нендей тəбəрік апарсам екен деп өзім
сияқты
жынды достарыммен ақыл қосып, ұзақ ойланғанмын.
"Байтерек", "Шақпақ", "Терістік шұғыласы"?.. Олардың бейнесі
ешқандай
таңсық емес. Бəрі бұрыннан мəлім, əлемдегі əр қаладан
алынған
көзқашты көшірме. Таңғалдыратындай ерекше бірнəрсе
апарсам
деп басым əңкі-тəңкі боп отырғанда, "АН – 2"- дей гүжілдеп
кеп
жуан қара маса білегіме қона кетпесі барма. "О, таптым, дəл өзі!"
дедім
ішімнен. Біз тұмсық, жүн балақ, күнде уласа да өлмей жүрген


жаны
сірі көкжұлынның өзісің-ау! Жүнді аяқтарымен қармап,
шприцтей
тұмсығын сұғып жіберіп қадала қалғанда, жарты қанымды
сорып
алған шығар, қарыны қампиып баржиып барады. Үстелдің
үстінде
дəріден босаған шыны құты жатыр еді, "заправка" жасап болып,
енді
ұшам дегенше, соны лып еткізіп төңкере қойдым. Əйнектің ішінде
одан
сайын үлкейіп көрінді. Тəтті қанға мас болғандай, шыны бетінде
аяқтары
тайғанақтап жыбыр-жыбыр баяу қозғалады. Ішіне өрмекші не
қоңыз
сап қатырған гауһардан несі кем осы тұрысында? Міне, енді сол
айрықша
сый- кəдемді тапсырудың сəті келді. «СолDAT» -тың
сарғайып
кеткен бетіне қырық бүктеп, баптап тұрып орағам. «Бұл не
екен
?» деп ентелеген көздердің құрты түсіп, əбден сабыры
сарқылғанда
қабат-қабат оралған газеттің қаттауын жазып, саусақ
ұшындай
шыны құтыны тəбəрік қабылдап тұрған фрау Мартаға
ұсынғам
. «Сотби» коллекциясының асыл мүкамалын ұстап тұрғандай
таңырқағаннан
ішін тартып, ышқынып жіберген фрау қолы қалтырап,
сыйлықты
түсіріп алғаны. Тас еденге тарс тиген шыны күл-талқан
шашырады
. Осынша қымбат затты бүлдіргеніне шошып кеткен фрау
есінен
танып, шыныдан бұрын жерге шарқ етіп шалқасынан түскен.
Айналасындағылар
жапырлап, бетіне су бүркіп у да шу. Құзғын тұмсық
кəрі
қатын кімнің шікəрəсі. Миы аузына түсіп өмірем қапса да мəйлі.
Есіл
сыйым ит-рəсуə болғанына ішім іріп тұр. Екі көзім быт-шыт
шашылған
шыныда. О, тоба, баяғыда қурап қаңқасы үгітіліп түсер
десем
, қара маса қозғалып жыбыр-жыбыр етеді. Неткен жаны сірі. Осы
уақытқа
дейін күн құрғатпай уласа да өлмей, қайта одан сайын
баржиып
, семіре түскен қарасояу, міне, қанатын жалғыз-ақ қағып, ұша
жөнелді
. Американың бізтұмсық
«Канкорындай» қалықтап барады. Біздің əр қимылымызды қалт
жібермей
тарихтың алтын парағына бедерлеп отырған
папарацилардың
қолындағы қадалған аппараттардың жалғыз көзі
жарыса
жарқ-жұрқ етіп жыпылық қақты. Жұрт у-шу, екі көздері
күмбез
астында шеңбер сызып шыр-көбелек гүжілдеп ұшқан нəн
масада
.
– Бұл не жəндік?
– Биологиялық планер!
– Қазақ ғалымдарының ойлап тапқан ғажайыбы!..


Айналайын
Ақмоланың жер-дүниеде жоқ қара масасы аэропландай
гүжілдеп
құлдилай берген, əлдекім жандауысы шыға шыңғырып
жіберді
.
– Ойбай, мұрыным!..
Жаңа
сонау орта тұсты ала, шолақ балақ, жұлым джинсы киген бір
бұйра
бас жігіт елден алабөтен əуейіленіп, қолын шапалақтап мəз
болып
тұр еді, жайылған танауын аэродром деп қалды ма, сор
түрткенде
соның тұмсығына қонған екен, мұрыны үрлеген шардай
ісініп
шыға келсін. «Бұл жақтың адамы нəзік болады, масаның уынан
өліп
қалса қайтемін?» деп зəрем ұшып кеткен. Құдай оңдағанда, ол
сабазың
менен де өткен жындының бірі екен:
– Оһо, қандай керемет! Өмір бойы клоун болсам деп армандаушы ем,
жасанды
мұрын жапсырып əуре болмаймын енді. Міне, тамаша өз
мұрыным
бар! – деп тұрған жерінде тік секіріп, ауада сальто жасап
түсті
. Жұрт мəз. Борат көкем гитараның сүйемелдеуімен шидиген ұзын
сирақтарын
селкілдетіп «Қызыл өрікті» шырқай жөнелген. Бəріміз биге
бастық
тағыда алқын-жұлқын.
Ертеңінде
əлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, біраз күн дəмдес
болғанға
бауыр басып қалған екенбіз, өзіміз секілді жынды
достарымызбен
қайта- қайта құшақтасып, жылап қоштасып елге
аттандық
. Алып «Боинг» бүкіл денесі қалшылдап, арылдап-дарылдап
жолақ
жолды қуалай құлы-перен, қу- талқан зымырай жөнелді де
күміс
жебедей ауаны тіліп, бірте-бірте биіктей берді. Иллюминаторға
қадалған
маған төмендегі Лос– Анджелестің түнгі оттары «көп нəрсені
көрмей
кетіп барасың-ау» дегендей, жыпылық-жыпылық көз қысты
жарыса
.
Талай
күнгі сүргіннен əбден бұрлыққан екенбіз, жайлы креслоға
жамбасымыз
тиісімен-ақ бойымыз босап, бірден қылжия кеткенбіз.
Қанша
сағат қорылға басқанымызды кім білсін, бір уақытта тынысым
жетпей
тұншығып бақырып ояндым. Қасымда отырған командамыздың
қырылдақ
капитаны күлкісін тия алмай қиқ-шиқ. Сөйтсем, жарымес
бəтшағар
ары жұлқылап-бері жұлқылап оята алмаған соң, қорыл мен


шұрылдың
неше атасын ойнатып, музыкалатып жатқан мұрынымды
қысып
, аузымды баса қойған екен ғой.
– «Боинг» емес, сен ұшып келе жатқандай ышқырттың ғой, түгі! – деп
тарқ
- тарқ күледі.
– Өй, əкең... тынысым жетпей, өліп кетсем қайтесің!
– Өлсең, теңізге лақтырып, крокодильдердің сауабын алатын едік!
– Өй, мақұлық!
Көзімді
жұмып едім, қайта жағамнан жұлқылады:
– Ей, чемпион, көзін ашпаған күшіктей қашанғы бырылдай бересің?
– Ашқанда не істеймін?
– «Алтын доңызды» күнде алып жатқанымыз жоқ, жуып,
думандатпаймыз
ба?
Сіліңгір
қараның сілеусін көзінде шайтан секіріп жүргендей күлмің-
күлмің
. Екі қатарға тізе тиістіре жайғасқан жүлдегер жындылар шу ете
түсті
:
– Дұрыс айтасың, кап!
– Давай, тойлаймыз!..
Той
дегенде екі құлағым едірейіп, ұйқым шайдай ашылды. Бұл
шетелдің
ұшағы деген жанның рахаты ғой, бас-аяғы атшаптырым.
«Боингтің» іші ресторанның залы секілді. Иек қағып едік, арба итерген
əдемі
қыз ыстық- суық ас-ауқаттың түр-түрімен дастарханды
жайнатып
тастады. Арақ-виски болмайды, шампан пажалыста деді.
Пажалыстаға
біз де пажалыста дедік. Күмп-күмп атылған шампанның
тығыны
ұшақтың төбесін тесіп кете жаздады. Айналадағы ел үдірейе
қарайды
. Нəзік жанды бір-екі бикеш тіпті құлақтарын басып
шыңғырып
жібергенде, ішінде бірдеңесі болса, түсіп қалған жоқ па деп
көйлектерінің
етегіне үрейлене қарадым. Тасып-төгіліп ақ «қалпағы»
дөңгеленген
тостақтар аузымызға екі-үш дүркін рейс жасап қайтқан
соң
елірдік те кеттік. Құтырынған көп кезекті шампанды зеңбіректей
кезеп
атып қалғанда, арбашы қыздың қақ маңдайына тиіп, шарқ еткізіп
шалқасынан
түсіргені. Əзер дегенде есін жиған бойжеткен шекесі


сүйем
қарыс шодырайып, орнынан мүйізтұмсық боп түрегеп келе
жатты
. Оған қарап жатқан біз жоқ. «Қаражорғадан» бастап
«Ламбадаға» дейін бидің жетпіс жеті атасын таныттық. Алып лайнер
екі
бүйіріне кезек аунап, қосыла шайқалғанда, одан сайын еліріп еденді
тепкілейміз
. Есі барларды үрей буып у-шу. Экипаж командирі
кабинадан
атып шығып, «тоқтатыңдар!» деп айғай салды. Құлаққа да
қыстырғамыз
жоқ, билей бердік. Капитан не істерін білмей,
тастүйілген
қос жұдырығы дірілдеп, тұрған орнында сілейіп қалған.
Салонның
соңғы бөлігінде оншақты боксер отыр екен, өңкеңдей басып
жетіп
келді де əрқайсымызды бір-бір періп сұлатып салды. Еліміздің
абройын
асқақтатып келе жатқан чемпион екенімізге қараған жоқ,
дүлей
немелер болса керек, сүйреп апарып, аяқ-қолымызды скочпен
креслоға
таңып тастады. Өлең айтып, айғайлап болмаған соң,
аузымызға
туалет қағазын рулонымен тығып қойды. Жағым қарысып,
тыныс
алуым қиындап, енді болмаса өлуге шақ қалғанда, суішкілігім
бар
екен, бір бұраңбел бикеш патша жаяу баратын жайға асығыс кіріп
кетіп
еді, атып шығып:
– Бізді бітеу дей ме! – деп, кеңірдегіме кептелген рулонды жұлып
алғаны
тəңір жарылқағыр.
Ес
жиям дегенше ел шетіне де ілігіппіз. Диктордың əдемі қоңырау
дауысы
сыңғыр етті:
– Ханымдар мен мырзалар! Қазақстанның бұрынғы астанасы – əсем
Алматының
үстінен өтіп барамыз. Ауа температурасы он төрт градус
жылы
.
– Салют, моя Алма – Ата! – дедім ерінімді шөп еткізіп.
Қалғып
кеткен екенмін, тағы да диктордың дауысынан селк етіп
ояндым
.
Бұл
жолы сыңғырынан салтанаты басым:
– Ұшағымыз ел астанасы – Астана қаласына жақындап қалды. Əуежай
аумағындағы
ауаның температурасы алпыс екі градус нөлден төмен.
Желдің
жылдамдығы секундына жиырма метр...


Диктордың
сөзі бітер-бітпестен салон ішін əн керней жөнелді: Əн-
жүрегім
– Астанам, Жан-жүрегім – астанам, Əлемде жоқ Бас қалам!..
Күн
келбетті, Ай сəулетті, жер бетінде теңдесі жоқ Астананың атын
естігенде
, қаның бұрқыраған қазақ бола тұрып қалай тебіренбессің.
Асқақ
əнді тік тұрып, оң қолымды жүрегіме қойып тыңдар едім-ау,
əттең
, аяқ- қолым байлаулы – мұндай қорланбаспын. Лажсыздан
көзімнен
ыстық жасым екі метр жерге ыршып-ыршып кетті.
Трапқа
табанымыз тиген бойда Ақмоланың аққаншық бораны арс етіп,
алқымымыздан
ала түскен. Жолаушылардың бізден басқалары –
спортсмендер
, бизнессмендер, бəрі мығым денелі, етжеңді. Етек-
жеңдерінен
жұлқылап, қанша ырғаса да құтырынған дауылға мизер
емес
. Біз, он екі чемпион, шетімізден сіріңкенің шырпысындай
шілмиген
шитік едік. Жынды боран жағамыздан алып, алай да, бұлай
да
үйіріп дедек қақтырды. Тіпті арық тоқтыдай ғана салмағы бар
əлжуаздау
біреуімізді траптың үстінен ұшырып əкетті. Жел диірменнің
қалағындай
сереңдеген аяқ-қолын ғана көріп қалдық, лезде ақ түтек ақ
аюдың
аузына түскен шабақтай жұта салды. Бір жынды садақа деп,
қалғанымыз
өз амандығымызды ойладық. Бір-біріміздің етек-
жеңімізден
тастай жабысып, қарға адым жердегі автобусқа қырық
құлап
, əзер тырнақ іліктірдік.
Ат
тұмсығын тіреген жеріміз – шағын мейманхана. Ішінде бір топ
ергежейлі
қазақтар жүр. "Ассалаумалейкум, ағайын!" десек, жіптей
сызылған
көздің ырымын жыртып ашып, бастарын шайқайды:
– Ми ваш габари не знайды!
Сөйтсек
, "өспей қалған қазақтар ма" дегеніміз чукча тəбарыштар екен.
Халықтар
ассамблеясы, Қазақстандағы жүз қырық ұлттың бірі
болғандықтан
, "Астана шыршасына" қатысуға бүкіл елдегі жүз қырық
чукчаның
ішінен əн салып, би билейтін ешкім таба алмай,
Чукотстаннан
əдейі алдыртқан өнерпаздар көрінеді. Мейманхана
қақап
тұр. Мəңгілік мұз елінен келген туысқандарымыз: "тынысымыз
тарылып
кетті" деген соң, батареялардың жылуын азайтып тастапты.
Бір
көргенде өзімізге ұқсатқанымыз тегін болмады, шынында да қазақ
сияқты
ақ көңіл, аңқылдақ екен, жүдə. Суықтан көгеріп-сазарып,


жанымызды
қоярға жер таппай дірдек қағып төбеге секірген түрімізді
көріп
аяғаннан үстеріндегі киімін шешіп берді. Бұлғын малақай, ақ
аюдың
терісінен тіккен тон мен унталарын жарты денемізге тыртитып
киіп
алдық. Біздің киімдерімізді салбырайтып, сүйретіп олар киіп
алды
. Жетісіп кеттік деп бір-бірімізге қарап ал кеп күлеміз. Сонда да
аязға
шыдамай тоңып кеткенде, дəліздегі кісі бойындай дөңкиген
"Атлант" тоңазытқышына кезек- кезек кіріп, бой жылытып аламыз. Ал
олардың
суық болған сайын жаны кіретін сиқты. Ақ қарды бұрқ-бұрық
шашып
терезе сабалаған түтек боранға сүйсіне қарап: "Түу,
тынысымыз
кеңіп сала берді ғой... қандай ғажап, тура біздің Чукотка
сияқты
!.. – дейді. – Ит жегіп шанамен зымыраса ғой, шіркін,
осындайда
!"
Ақмоланың
аязы мен бораны бəрі бір жүрегіміздегі жалынды суыта
алған
жоқ. Апта бойы айқасып əлемдік додадан жеңіп алған "Алтын
доңызды
" қажыр-қайратпен елімізді осындай мерейлі биіктерге
жеткізіп
келе отырған сүйікті үкіметімізге табыс етпейінше өрекпіген
көңіліміз
басылар емес. Оңай еңбек пе? Олимпиада чемпиондарын
қабылдағандай
қарсы алары сөзсіз. Көгілдір сарайдағы сол бір
салтанатты
сəтті көзімізге елестетіп, қиялға берілгенде, құшырлана
қысқан
аялы алақандардың алауына көмілгендей, тырнағына дейін
көгеріп
, қоқиып қалған қолдарымыз өзінен өзі дуылдап ыси жөнеледі.
Хошаметтің
шуағына күмп етіп шомылармыз-ау, лəкин сол көк сарайға
жете
алмай қор болдық. Созсаң саусағың көрінбес ақ түтек. Орай
соғып
, жер мен көк тұтасып кеткен. Бүкіл мектеп жабулы. Сүйегі жұқа,
салмағы
жеңіл кəрі-құртаң, ауыру-сырқау сыртқа шықпасын деп
телевизор
қайта-қайта ескертіп жатыр. Біз тəуекел деп белімізге арқан
байлап
, бір-бірімізбен жалғасып-ұшқасып көк сарайға бет алғанбыз.
Үйлердің
ығын қуалап, таяп қалып едік жөпелдемде, сарайдың
алдындағы
бұдырсыз ашық алаңда өкіріп ойнақ салған дауыл атан
түйені
алып соққандай. Қалқадан қылқиып шыға берген бізді іліп алып
шыр
-дөңгелек үйірген күйі қаңқайқан биік əйнек үйдің ауласына бір-
ақ
тықты. Беліміздегі арқан болмағанда, бұршақтай шашырап,
əрқайсымыз
қай бұрышта қаңғалақтап жүрерімізді кім білсін. Желге
қарсы
жер тырналап жүріп, ес кетті-жан шыққанда қоналқы үйімізді


əзер
тапқанбыз. Сəл ес жиып алғаннан кейін, салмағымыз ауыр болса,
жел
ұшырмас деген далбасамен қалтамызға кірпіш, тас, темір сынығын
толтырып
алып, тағы да талпыныс жасағанбыз, онымыздан да ештеңе
шықпады
.
Адамнан
айла асқан ба, азанда тыңқиып тамаққа тойып алған соң,
қасымыздағы
жүріп жатқан құрлыстан құрықтай арматура тауып
алдық
та ұшын иіп, багор жасадық. Қонышымыз бен қалтамыз
сықырлаған
кірпіштің сынығы, тас... Белімізден бір арқанға байланып,
кешегі
ізімізбен жөнеп келеміз. Соңғы үйдің қалқасынан шықпай
біршама
тұрдық. Өз есебіміз ішімізде. Кенет боранмен таласа арылдап
қар
күрегіш машина жанай бергенде, тізбектің алдындағы жігіт
багормен
машинаның кенеріне жабыса кетті. Ұбап-шұбап сырғанай
жөнелдік
. Екі күннен бері жете алмай қор болған екі аттам жерге көзді
ашып
-жұмғанша зыр ете түстік. Бірақ жеткенімізді қайтейік,
алдымыздан
күзетшілер шыға келді андағайлап:
– Стоять! Не двигаться!
Бір
тұстан рация саңқылдап жатыр:
– Бір топ чукча террористері тұтқиылдан шабуыл жасап, үкімет үйіне
басып
кірмек болды! Кірпіш, тас, темір сынықтарымен қаруланған.
Шұғыл
қосымша күш жіберіңдер!
Зіңгіттей
жігіттер бір-бір періп шетімізден сұлатып салды. Есімізді
жиғанда
полиция бөлімінің тас еденінде етпетімізден сұлап жатыр
екенбіз
.
Қойны
-қоншымыздағы кірпіш пен тас, үстіміздегі киім басымызға
пəле
боп жабысты. Жақ еті бұлт-бұлт ойнақшыған қарасұр капитан
қиық
көздері тікенектеніп:
– Тас, кірпішпен қаруланып, үкімет үйін қиратпақ болдыңдар ма? –
дейді
.
– Жоқ, ойбай! – деп баж ете түсеміз біз əр жақтан жамырап.
– "Астана шыршасына" алыстан арнайы шақырылған мəртебелі чукча
мырзалардың
киімін тонағансыңдар!


– Жоқ, ойбай! – деп тағыда шар-шар ете түсеміз.


Мəн
-жайды түсіндіріп, жынды екенімізді айтып, өлдік-талдық дегенде
басымызды
əзер арашалап алдық.
– Ендеше мұнда неғып жүрсіңдер, жындыханаға барыңдар! – деді
капитан
мəселенің оңай шешілгеніне дауысы жайдарыланып.
Жындылар
"фабрикасы"
Астанада
жындыхана жоқ екен. Мұнда тек дені дұрыс, ақылды адамдар
тұратын
болса керек. Ағат қылық, оғаш ойдан аулақ, момақан. Осындай
əлемде
жоқ əсем қалада тұрып, жаман бірдеңелерді ойлау ұят емес пе.
Жоғал
, жындылар жоламасын бұл қалаға! Аттандап, ағаш басына
өрмелеп
жүрсін өздерінің бұзық Аматысында. Хаттап-шоттап бір
күндей
камерада ұстады да ертеңінде əспеттеп ұшақпен Алматыға
жөнелтті
.
Екі
айдауыл бізді іркіп, өзге жолаушылар түсіп болған соң ғана сыртқа
шығарды
. Ұшарбасын мұнар шалған ақ шыңдар апайтөсін айқара ашып
келдің
бе деп қарсы алдымнан шыға-шыға келді. Тұлдыр кеңістіктен
тиянақ
таппай запы болған көзіме айналайын Алатау оттай басылды.
"Ассалаумағалейкум, Алатауым!" дедім таңғы ауаны дауысым
жаңғырықтыра
басымды иіп.
Траптың
түбінде кресі ырсиған, терезесі торлаулы көк машина
құйрығын
айқара ашып тұр екен. Үстіндегі ақ халатқа əзер сыйып
тырсиып
тұрған сом иықты дəрігер жігіт:
– Іштерінде "буйныйлар" бар ма? – деді қолындағы темір қобдишасын
ырғап
. Айдауылдардың шені үлкені басын шайқады:
– Бұл – "Z" тобындағы пациенттер.
– А-а!..
Көк
машина зымырап отырып, Каблуковтағы əйгілі жындыханаға алып
келді
. Биік темір қақпа, бетон дуал үстіне үш қатар тікенек сым
тартылған
. Ақ, көк халат кигендердің бəрі зіңгіттей еркектер.
Бұйырып
, ақырып сөйлейді. Айтқанын лып етіп сол бойда орындауың


керек
, əйтпесе сөз шығындамай желкеңнен бір-ақ түйеді. Шашымызды
сыпырып
, моншаға бір тоғытып алда да бір келкі шұбар дамбал, шұбар
халат
кигізді. Шұбардың үйіріндей кең дəлізде шұбырып жүрміз. Дəліз
бойындағы
қаз-қатар есіктерге бір-бір сүңгіп шығып, тұйықтағы ем-
дом
кабинетінің алдына топырладық. Төрт-төрттен кіргізіп, укол
соғуда
. Именіп кіргендер жамбастарын сипалап ыңырсып шығып
жатыр
. Кезегім келгенде қорқасоқтап мен де кіргенмін. Шприцтерін
сайлап
, қарсы алдымызда жалаңдап тұрған мейірбикелердің шеткісіне
көзім
түскен бойда селк ете түстім. Роза! Бадырақ көз, кертік танау,
иегінің
ұшында бұршақтай меңіне дейін соныкі. Сонда да сеніңкіремей
мойнындағы
бейджіне қарадым: "Роза Тəкенова". Нақ өзі. Үміттің
сыныптас
құрбысы. Екі-үш рет паркте бірге болғанбыз. Қыз да танып
абдырап
қалды. Амандасайын деп ұмсына беріп едім, түсін суытып ала
қойды
. Қабағын түйіп, басын шайқағандай болды. Түсіне қойдым да
сыр
білдірмеуге тырыстым. Бір жағынан мендей жындыны танимын
деуге
намыстанып тұр ма деп те ойлап қоям.
– Жүріңіз!
Басқа
медбике алдын орап кетпесін дегендей лып етіп жеңімнен
ұстады
да қоңыр шкафтың қалқасына қарай жетеледі. Оңашаланған соң
бетіме
елжірей мейірлене қарап, бар ықыласын үнсіз білдірді де
сұқсаусағын
ерніне басты – сыр білдірмейік дегені. Қағазға "аға, кейін
сөйлесеміз
" деп жазды да жыртып, қалтасына салып алды. Алдынала
дайындап
қойған шприцтің ішіндегісін қолжуғышқа төгіп, басқа бір
ампула
сорғызды. Бірге кірген үшеу үш жақта ойбайлап жатыр. Маған
салған
укол ешқандай əсер еткен жоқ. Роза сіз де аналар сияқты
айғайлап
қойыңыз дегендей ым жасады.
– Ой-ой, ауырып кетті!.. – деп аналардан асырып айғай салдым.
– Шыдаңыз!..
Үш
жолдасымның түрлеріне қарап, солар не істесе, соны істеп, есіктен
шығып
кеткенше ролімді жалғастыра бердім.
Розаның
ишарасынан сұм жүрегім əлденені түйсінгендей,
қасымдағылардың
бет-жүзін көз қиығыммен бағып келемін. Бəрінің


қабағы
кіржюлі, укол соққан аяқтарын ауырсынып, сүйреп басады. Мен
де
қосыла ақсаңдап, бетімді тыржиттым.
Сырттан
айналдырып əкеліп, бір қанаттағы үлкен казармаға кіргізді.
Босағаның
қайрылысындағы қос ярусты бос тұрған темір кереуеттерге
жайғастық
. Кісілер сыртта серуенде жүрсе керек, казарма іші бос.
Жолдастарым
біртүрлі дел-сал болып қалғандай, қимылы сылбыр, үн-
түнсіз
төсектеріне қисая кетті. Мен де жантайдым. Бір көзімді
жартылай
жұмып, бір көзімді жартылай ашып, айналамды байқастап
жатырмын
. Сəлден кейін жұрттың алды келе бастады. Бұл жердің
адамдары
біртүрлі қызық, бізден де өткен жынды ма деп қалдым. Бір-
бірімен
жақындасып, тіл қатысу дегенді білмейтін сияқты. Əрқайсысы
өзімен
-өзі. Айдалада жападан-жалғыз жүргендей, бадырайып бетіңе
қарағанмен
тұманданған ойсыз жанары ештеңені көрмейтіндей, бар-
жоқты
сезбейтіндей. Бəрі ала киімді, тақыр бас. Бірінен бірін айыру
қиын
. Бір адамның қаз-қатар қойылған көп айнадағы суреті сияқты бір
қарағанда
. Мөлиген мүлəйім көз, қимылдары сылбыр, бəрін бір
қалыптан
шыққандай зəбірсіз, жуас қып қойған қандай құдірет екен?
Біраз
көз үйренгеннен кейін кейбірін шырамытқанда шошып кеттім.
Мəссаған
, мыналар əлгі кешегі саяси алаңдағы серкелер ғой,
оппозиция
жетекшілері. Газет, теледидар арқылы жүздері таныс, жазса
қаламынан
у тамып, сөйлесе сөздің түбін түсіріп, мүлгіген марғау
көкіректі
дүр сілкіп жай оғын ойнатқан жампоздар еді. Ара-кідік
кезінде
депутат, министр болып, түсіп қалғаннан кейін теріс-қағыс
сөйлеп
, үкіметті сынап-мінегендер де жүр. Ешқайсында бұрынғы от-
жалынның
ұшқыны да жоқ. Ойсыз көзде шаптап қойған суреттей
меңірейген
ессіз жымиыс. Жүрсе де, тұрса да селт етпес бейғам
қалпынан
айнымайды. Ешқайсының бір-бірімен шаруасы жоқ,
қарадан
-қарап өз бетімен сөйлеп, күбірлеп, арлы-берлі ойқастаған
біреулер
. Шала жұмылған көзімнің сызатынан қалт жібермей бəрін
бақылап
жатырмын. Сықылықтаған дауысқа жалт қарасам, жаңа ғана
жанымнан
емпеңдей өткен ұзын сары – бір кездері "Мінбердің"
бетінен
түспейтін сайыпқыран публицист төсегінің үстінде тыр
жалаңаш
шешініп тастап, бұтының арасын жаңа көргендей өз-өзінен
мəз
-майрам болып отыр:


– Мама, үлкен болғым келмейді. Мен – лялечкамын. Міне, қарашы,
куп
- куп!.. – деп, денесін бүрістіріп бүкшиген сайын сəбидей боп
шөгіп
, кішірейіп бара жатқандай, көк көрпенің бетін су сияқты қос
уысымен
көсіп алып төбесіне төңкереді. Жынды болсам да жағамды
ұстадым
. Жаңа машинкамен сыпырып тастамағанда төбе шашым тебен
инедей
тік тұрар еді. Күлер-күлмесімді білмей тосылып тұрсам, бұл
мен
көрер тамашаның беташары ғана екен. Кереуеттердің арасында үн-
түнсіз
теңселіп жүрген қушық иық, бадырақ көз жігіт кенет кеудесін
жұдырығымен
түйіп-түйіп жіберіп:
– Я – Путин! – деп тумбочкаға секіріп шықты. –Пора, товарищи,
собирать
камни. Мы к семнадцатому году восстановим постсоветское
пространстство
, кроме Прибалтики. Конец войны близок. Врагам не
будет
никакой пощады, мы их будем мочить, хоть где, даже в сортире!
Хороший
чеченец – мертвый чеченец. Пух-пух!.. – деп сұқсаусағын
кезеп
айналасын "атқылай" бастағанда, қан құмартқан жендеттей
жіңішке
еріні жымқырылып, көзі шүңірейіп шынында да ВВ-дан
айнымай
қалды.
Мұндағылардың
əрқайсысы бір-бір концерт екен, қайсысын
тамашаларыңды
білмейсің. Əне, қорбаңдаған шоңмұрын, жылтыр қара
орнынан
ұшып тұрып, бұрышқа барып тұра қалды. Көзін төңкеріп,
белін
бұраңдатып, қыздан бетер қылымсып біраз тұрды да:
– Сіздердің алдарыңызда СССР халық артисі Күлəш Байсейітова əн
шырқайды
! – деп екі қолын кеудесіне айқастырып, бір тізесін бүге
тағзым
етті. Дауысы мұндай сүйкімсіз болар ма, Күлəш болам деп
шырылдағанда
, құлағыңа ине сұққылағандай тұла бойың түршігеді.
Құлақ
біткенді қинап "Гəккуді" аяғына дейін айтып шықты. Ақырында
"Гəкку, гəкку, га-га-га-гəк- гəк..." дегенде тынысы жетпей, аузы
ашылған
күйі, көгеріп-сазарып жерге сылқ етіп отыра кетті.
Сəт
сайын қызықтың неше түрін көре-көре таңырқаудан жалыққандай
болдым
. Мына бейбақтардың дені өздерінің кім екенін білмейтін
сияқты
. Аты кім, қайдан келді, бұрын не істеді... – бірі де есінде жоқ.
Өздерін
ұмытқан, миларының қатпарында қалған əлдебір жаңғырық,
елеспен
өмір сүретіндей.


Ымырт
түсе бір əредікте қасымызға Роза келді. Маған бұрылмастан
басқа
жаққа қарап:
– Жүз он жеті қайсың? – деді. Бəріміз бір-бірімізге қарадық. Сөйтсем,
менің
кеудешемнің сол жақ төсі мен арқасындағы жазу "117" екен. Бұл
жерде
менің аты-жөнім жоқ. Ендігі атым да, затым да – 117.
– Менмін, – дедім.
– Жүріңіз процедураға!
Роза
алдыма түсіп қаздаңдай жөнелді. Кабинет оңаша екен. Ішке кірген
соң
бетіндегі қатқыл масканы сыпырып тастағандай жүзі жылып,
маған
жымия бір қарап қойды.
– Кешіріңіз, аға! Осылай істеуге тура келеді, – деді ешкім жоқ болса да
жартылай
сыбырлап. – Бағана алғаш көргенде сыр білдіріп қоя ма деп
шошығаным
-ай, түсіне қойғаныңыз жақсы болды.
Теріс
қарап дəрі-дəрмекті дайындаған боп күйбеңдеп жүргенмен аузы
сөзде
.
– Ағатай-ау, мұндай күйге қалай тап боп жүрсіз?
– Сен сұраман, мен айтпан, қарындасым. Өмір деген үлкен жолдың өр-
ылдиы
көп қой.
– Қай жерге келгеніңізді білесіз бе?
– Білемін. Жындыхана. Бидайдың барар жері диірмен емес пе.
– Жындыхана деген аты ғана.
– Маған бəрібір. Далада қаңғып жүргенннен қайта осы жақсы. Қайда
түнеймін
, не ішіп-жеймін деп уайымдамаймын.
– Қойыңызшы, аға. Баланың сөзін айтпаңыз. Бұл жер емдемейді,
жындылар
жасайтын "фабрика"!
– Мен онсыз да жындымын ғой?
– Жындысыз ба, жоқ па – өзіңіз білесіз. Бір айдан кейін ана
айналаңыздағы
адамдардай боласыз! Өздерінің аты-затын да, не істеп-
не
қойғанын да білмейді. Ес-ақылынан айрылған меңіреулер.
Əлгіде
ғана өзім "концертін" тамашалағандарды есіме алғанда зəре-
құтым
ұшып кетті. Тұйыққа тірелгендей шарасыз халмен үнім шықпай,


көзім
жыпылықтап отырып қалдым. Мен қиналсам, жаны қосыла
үзіліп
тұрған Роза:
– Жарайды, аға, бір амалы табылар, – деді көңілімді беркіндірген
болып
. – Тек менің айтқанымды бұлжытпай орындаңыз. Мына укол да,
таблеткалар
да өте күшті психотроптық дəрілер. Жаңадан шығарылған,
шеттен
əкелінеді. Бір-бір жарым ай ішінде миыңыздағы жадыны
көйлектің
кіріндей шайып, "Қамажай" деп əндетіп жүретін тəтейге
айналып
шыға келесіз. Құдай ондайдан сақтасын! Мен бағана сізге
глюкоза
салдым, дəрінің орнына зиянсыз таблетка бердім. Күнде
шамам
келгенше сөйтіп отырамын. Тек ем қабылдағандай боп,
қасыңыздағы
жолдастарыңыз не істесе, сіз де соны істеңіз.
– Артист бол дейсің ғой?
– Жəй артист емес, ұлы артистің дарыны керек. Науқастарды мұнда
бұрынғыдай
айлап-жылдап ұстамайды. Орын жетіспейді. Қосымша
аурухана
салу үкіметке тиімсіз. Сондықтан осындай күшті дəрілермен
бір
-екі ай емдеп, науқастың мінез-құлқын "залалсыздандырған" соң
шығарып
жібереді.
Бірге
келген он бір жігіт бір бұрышта қатар жатамыз. Əзірге жігіміз
жазылған
жоқ. Менің ендігі жерде бағатыным солардың іс-қимылы.
Қалт
жібермеймін. Ыңырсыса – ыңырсимын, қиналып дөңбешісе – мен
де
қосылып беремін. Тепсінгенде темір үзбесе де анау-мынау
тайыншаны
тепсе омақастыратын атанжілік азаматтар еді. Күн өткен
сайын
шөжіп, семіп, көз жанары майы таусылған шырақтай өлеусіреп
өшіп
барады. Ешкім ешкіммен сөйлеспейді, əркім өзімен-өзі.
Айналасында
біреу бар ма, жоқ па, не боп-не қойып жатыр –
ештеңемен
шатақтары жоқ. Бастары салбырап, қолдары тізесіне түсіп,
мең
-зең теңселіп сүлкиді де қалды шеттерінен. Солардың жүріс-
тұрысын
, жылағанын, күлгенін, ойсыз меңіреу сүлдерін қайталаймын
деп
бірте-бірте əбден рольге кіріп кеттім. Кейде расы қайсы, ойыным
қайсы
– өзім де ара-жігін айыра алмай қаламын. Бақылап жүрген Роза
риза
болса керек, көрген жерде ақырын сыбырлап:
– Жарайсыз, аға, сізден тамаша актер шығады екен! - деп қояды
жымиып
.


Біздің
елде не көп – мейрам-той көп қой. Солардың ішіндегі əкім-қара
он
өліп- жүз тіріліп бар өнерін салатын ең ұлық сереке – сайыпқыран
сəруардың
туған күні. Сол күннің бізге де шарапаты тиді, күндегідей
емес
, кеңшілік. Білектерін сыбанып дəлізде ойқастап жүретін
бақылаушылар
да, сабылысқан дəрігерлер де жоқ. Ем-дом жасайтын
бірді
-екілі мейірбике ғана қалған. Роза мені оңаша бөлмеге ертіп əкеп
ыстық
кофе берді, мейрамның дəмі деп алдыма үйден əдейі əкелген
жылы
-жұмсағын қойды. Ас жегендей аузымның дəмі кіріп қаужаңдап
қалдым
. Роза күрең кофені ұрттап қойып:
– Сіз қандай төзімді адамсыз, аға! – деді бетіме тесіле қарап.
– Басқа түскен соң төзбеске не һайла!
– Жоқ, оны айтпаймын. Осында келгелі бір рет те Үмітті аузыңызға
алған
жоқсыз ғой. Əлде ұмыттыңыз ба?
Үміттің
атын естігенде көкірегім солқ етіп, астаң-кестең қопарылып
кеткендей
.
– Енді одан пайда не дедім? – дедім қинала күрсініп.
– Екеуіміз "Skype"-пен хабарласып тұрамыз. Ылғи сіз туралы сұрайды.
– Рахмет. Құдай бағын ашсын!
– Сіз оған реніштісіз бе?
– Жоға. Мен – жынды, ол – сау адам. Қандай реніш болуы мүмкін?
– Қазір Тегеранда тұрады.
– Естігем. Ол бақытты болуға əбден лайықты. Күйеуі де тамаша жігіт
көрінеді
. Бағына жақсы адам жолыққан ғой.
– Иə, Ирандағы ең ықпалды əулеттің мұрагері, астық магнаты екен.
Тағдырдың
жазуын айтсаңызшы, Алматыдағы халықаралық сауда-
саттық
көрмесіне келгенде танысыпты. Бірақ əлі күнге өкінем дейді.
– Несіне өкінеді? Мен оған ондай байлықтың миллионнан бірін
сыйлай
алмас едім!
– Бақыт байлықпен өлшенбейді ғой!
– Ол – риторика. Тойып секіргенде айтылатын құр сөз. Пенде түгілі
періштенің
өзі алтын көрсе, жолдан таймай ма. Ол үлде мен бүлдеге
малынған
жақсы өмір, жайлы тұрмысқа ұмтылатын. Ақыры мұратына
жетті
. Енді не нəрсеге риза емес?


– Ол: "Менде бəрі-бəрі бар, бірақ ештеңе жоқ. Өйткені жүрегім бос,
оны
ештеңе толтыра алмайды" дейді.
– Жүректі қанағат қана толтырады. Бірақ пенде баласы барға
шүкіршілік
етпей, жоққа ұмтылады. Жоқты іздеп – барын жоғалтады.
Адасу
деген сол. Əр адам өз жоғын іздеп, үміт дүниесін кезген
жолаушы
секілді.
– "Сол бір шөп күркедегі күндерім қайта айналып келер болса,
дүниенің
бар байлығын тəрк етер едім!" дейді.
– Өткеннің бəрі - өкініш. Алданышты алдан ғана іздейміз. Бəлкім
өмірдің
мəні де, қызығы да сонда шығар. Үміт қуып адасасың, адасып
жүріп
жол табасың.
– Айтпақшы, мен сізге бір қызық айтайын. Оның тұңғыш ұлы сізге
тартып
туыпты!
– Қой! – дедім тосын сөзден шошынғандай селк етіп. – Ондай
қиянатым
жоқ сияқты еді ғой?
– Ол жағын өздеріңіз білесіздер. – Роза көзін төңкеріп, күлімдей
қарады
. – "Ол менің мұңым мен махаббатымнан жаралған бала.
Бойыма
біткенде сізді көп ойлап, көп мұңайып едім, содан сізге
ұқсаған
шығар, – дейді. – Ендігі жұбанышым сол. Сізді аңсағанда,
оралмас
күндерімді сағынғанда, соны иіскеп мауқымды басам" дейді.
– Көңілінде жүргеніме көп рахмет!
– Сіз оны сағынбайсыз ба?
– Ойлағым келмейді.
– Неге?
– Қорқамын!..
Ары
қарай сөйлей алмадым. Тереңнен лап етіп лықсыған ыстық толқын
кеңірдегіме
кептеліп қалғандай. Үн-түнсіз орынымнан созалаңдай
тұрдым
да есікке беттедім. "Əй, Роза-ай, ескіні еске сап, сыздаған
жараның
аузын тағы тырнадың-ау!" Мен кімді ұшпаққа жеткізгендей
адаммын
, шетке кетіп, теңін тауыпты дегенде, аяулымның бал-бұл
жанған
жүзін елестетіп, "ең болмаса, сен бақытты болшы!" деп, соны
көңіліме
медет қылушы ем. Сөйтсем ол да өксігіне тұншыққан мұңлық
екен
ғой!


Жатсам
да, тұрсам да Үміттің кейісті, қасіретті бейнесі көз алдымнан
кетпей
, апта бойы есеңгіреп жүрдім. Көптен көрінбей кеткен Қара шал
елес
беріп, құлағыма сыбырлады.

жүктеу 1.45 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет