Тура 51 күннен кейін салтанатты түрде ашылатын



жүктеу 0.93 Mb.

бет1/10
Дата09.09.2017
өлшемі0.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тура 51 күннен кейін 

салтанатты түрде ашылатын 

«ЭКСПО-2017» халықаралық 

көрмесіне 118 елден екі 

миллион адам қатысады 

деп жоспарлануда. 

Қатысушылардың 85 

пайызы – қазақстандықтар 

болса, шетелдіктердің үлес 

салмағы 15 пайыз болады 

деп күтілуде. Осы орайда, 

біз еліміздің азаматтарына 

тәуелсіз мемлекет тарихына 

алтын әріптермен жазылатын 

ауқымды шараға қалай 

қатысуға болатынын түсіндіріп 

өтуді жөн көрдік.

«Сақтандырсаң, 

сақтайды...»

Бүгінде бәс тігу бизнесі өршіп 

барады. Ислам ілімдеріне үш 

қайнаса сорпасы қосылмайтын 

осы жат дүниенің жастардың 

санасын  жапа-тармағай 

жайлап жатқаны жасырын 

емес. Букмекерлік кеңселер 

оңтайлы жолын тауып, оңай 

олжаға кенелемін деушілердің 

қалтасын қағудай-ақ қағып 

келеді.


Құмар ойын 

құрдымға 

кетіреді

7-БеТ


Бүгінгі нөмірде:

4-БеТ


6-БеТ




Жастар газеті



www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

АИ

20 сәуір, бейсенбі, 2017 жыл



№15 (599)

Көрмеге кел, 

көрермен!



3-бет

Қалада жастар 

қалашығы бой 

көтермек

елімізде қолданысқа жаңадан 

енгізілгелі отырған міндетті 

әлеуметтік медициналық 

сақтандыру жүйесі, негізінен, 

денсаулық сақтау саласының 

қызметін жақсартуға 

негізделген. Мамандар 

бүгінде тұрғындарға бағалы 

бастаманың ережелері мен 

жүзеге асыру жолдарын 

түсіндіруге кірісіп кетті. 

Дегенмен, көптің көкейінде әлі 

де болса «бұл жүйе бізге не 

береді?» деген сұрақ жүр. Біз 

осы сауалға жауап іздегенді 

жөн көрдік.

Қоршаған ортаны қорғау – қоғамның 

қолынан келетін іс. Арыға бармай-ақ

арық-атыздарды аршып, күл-қоқыстарды 

тазаласақ, рахатын өзіміз көретіндігіміз 

сөзсіз. «Атадан мал қалғанша, тал 

қалсын» деген. Жағалай тал-терек ексек, 

Жер-Ананың тынысы кеңеймей ме? 

Осындай игілікті істердің нәтижесінде 

көшелердің көркі, ауылдардың ажары 

ашыла түсетіндігі даусыз. Апта басында 

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың 

төрағалығымен өткен аппараттық 

кеңесте, міне, осы мәселе жан-жақты 

талқыланды. 

Жиында баяндама жасаған облыс 

әкімдігі энергетика және тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық басқармасы 

басшысының міндетін атқарушы  Нұрбай 

Тілегенов өңір елді мекендеріндегі 

көктемгі абаттандыру, көгалдандыру 

және санитарлық тазалау жұмыстарының 

барысына тоқталды. Ол өз сөзінде 

барлық аудандар мен Тараз қаласы 

әкімдіктері тарапынан жергілікті 

жерлерде абаттандыру және санитарлық 

тазалық жұмыстарының көктемгі 

екіайлығы жарияланғанын, соның 

аясында бірқатар жұмыстар жүргізіліп 

жатқанын тілге тиек етті. 

Мысалы,  наурыз-сәуір айларында 

өткізілген сенбіліктерде облыс бойынша 

188 817 тал-терек отырғызылып, 10 

990 шаршы метр гүлзар, 7010 шаршы 

метр көгал орналастырылған. Сондай-

ақ,  994,5 шақырым арықтар мен 

каналдар, 5 533,7 шақырым көше, 

895 351,3 шаршы метр саябақтар мен 

скверлер тазартылып, көріктендіріліпті. 

Сенбіліктер барысында 5 663 тонна 

күл-қоқыс, тұрмыстық қатты қалдықтар 

полигондарына шығарылған.

Баяндамашы жүйелі жұмыстармен 

қатар кемшіліктердің де көп екендігін 

жасырған жоқ. Жүргізілген тексерулер 

көрсеткендей, елді мекен аумақтары мен 

белгіленбеген жерлерде әлі де болса 

қоқыс пен қалдықтардың шашылып 

жату фактілері анықталған. Мысалы, 

Тараз қаласы бойынша Артем көшесінің 

бойы, Құмшағал ауылы мен темір 

жолдың ортасы, Пушкин және Байтасов 

көшелерінің қиылысы,Тұңғышбаев 

көшесіндегі №7/8 үйдің маңы 

кездейсоқ күл-қоқыс орнына айналған. 

Ал, Әшімбаев көшесінің бойындағы 

каналдың іші түрлі қалдықтарға толуы 

салдарынан, судың емін-еркін ағысына 

кедергі келтіруде. Мұндай мысалдар 

аудандарда да жетіп артылады.



БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ 

БАЙЛАНЫС

Алыс-беріс

Бас редактор бағаны



3-бет



3-бет

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ

Тазалық ТабалдырықТан 

басТалады

Іссапар


Жамбыл облысы аумағының жартысына жуық бөлігін алып жатқан Мойынқұм 

ауданының асты да, үсті де қазынаға толы. Кешегі Кеңес одағы кезінде төскейде төрт 

түлік өргізіп, толайым табыстарға қол жеткізген Жаз-ата ауылында жан сүйсінтер 

жұмыстар бүгін де жарасымды жалғасын табуда. Негізінен мал шаруашылығын 

дамытуға бейімделген өңір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының 

нәтижесінде соңғы жылдары индустриалды аймаққа айналып келеді. Мұнда қазір 

келешегі кемел кәсіпорындар қатар түзеп, шағын және орта кәсіпкерліктің көкжиегі 

кеңейе түсуде. Бұл үдеріс облыс экономикасына да жаңаша қарқын мен леп беретіні 

анық.  

Өткен аптада облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, міне осы ауданда жұмыс сапарымен 



болып, өндірісі өркендеген өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты.

Өндірісі өркендеген өңір

Облыстық әкімдікте

Оқырманмен ой бөлісу

Құрметті газет оқырмандары, баспасөздің жанашыр 

достары!


Міне, өздеріңізге тағы да аманат артуға тура келіп 

тұр: біз үшін аса жауапты кезең – 2017 жылдың екінші 

жартыжылдығына газетке жазылу науқаны басталды.

Оның саяси маңызын айтып жатудың өзі де артық 

болар. Өйткені, баспасөздің әрбір отбасына жаңалық пен 

жақсылық, таным мен талғам, білім мен білік әкелетін 

рухани азық қана емес, күнделікті ой бөлісетін, сыр 

ақтаратын, кейде келісіп, кейде келіспейтін сыралғы 

досына айналып кеткеніне кім таласар... Ол әрбір 

оқырманның табалдырығын аттап, жүрек түкпірінен орын 

алады. Біздіңше, мұның бәрі көзіқарақты, ойлы оқырманға 

түсінікті де.

Сонда да болса, осы бір науқан басталған шақта 

оқырманға сөз арнау, басылымның бағыт-бағдарын, 

мақсат-мұраттарын жариялау, оқырманмен ойласу 

қалыптасқан дәстүр тәрізді. Себебі, басылым үшін оқырман 

бағасы, оның ой-пікірі – ең үлкен төреші.

Шығармашылық ізденістеріміз бен талпыныстарымыз 

баспасөз жанашырларының көз алдында болғандықтан, 

азды-көпті айтарымыз – газеттің өзіндік бет-бейнесі мен 

кескін-келбетін айқындау, оны оқырмандарымыздың 

сүйікті де сүйкімді басылымына айналдыру жұмыстары 

алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

Алғашқы жартыжылдықта «Тарих. Таным. Тағылым», 

«Хаттар...Хаттар...», «Алтын бесік», «Шамшырақ», 

«Гүлдәурен», «Көңілашар», «Заң және біз» сияқты бірқатар 

арнаулы беттер ашылып, оқырманнан оң бағасын алды. 

Сонымен қатар, «Тұғыры биік тұлғалар», «Алаштан қалған 

асыл сөз», «Сұраңыз, жауап береміз», «Датым бар», «Керек 

дерек», «Қысқа қайырғанда», «Апта айшықтары», «Ойтолғақ» 

атты айшықты айдарлар газетіміздің мәні мен мазмұнын 

байыта түсті.

Әрине, шығармашылық жұмысқа тоқмейілсу жат. Біздің 

де алар асуымыз бен көтерілер биігіміз әлі алда.

Ендеше, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының: 

«Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сүбелі сөзін 

басшылыққа ала отырып, облыс тұрғындары газетімізге 

жазылуда ерекше белсенділік танытады деген ойдамыз.

Бүкіләлемдік дағдарыстан туындаған қиындықтарды 

көріп-біле тұрып, өздеріңіздің саналылықтарыңыз 

бен парасаттылықтарыңызға, сан саладағы соны 

жаңалықтарды білуге деген құштарлықтарыңыз бен 

ұлтжандылықтарыңызға кәміл сенеміз.

Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!

«АРАЙ»-ды арайландыруға атсалысыңыздар, ардақты 

ағайын!


ОБлыС ӘКіМі КӘРіМ КӨКіРЕКБАЕв МОЙыНҚұМ 

АуДАНыНДА ЖұМыС САПАРыМЕН БОлДы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлерге инвестиция тарту, 

өнеркәсіпті әртараптандыру және басқа елдермен әріптестік 

байланысты нығайту туралы тапсырмасын іске асыру аясында Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Иран Ислам 

Республикасының Гилян провинциясында жұмыс сапарымен болды. 

іссапар барысында аймақ басшысы Гилян провинциясының губернаторы 

М.Наджафимен кездесіп, өңірлер арасындағы өнеркәсіп, ауыл 

шаруашылығы, сауда-экономикалық, рухани-мәдени байланыстарды 

нығайту бойынша әңгімелесті.

– Бүгін біз Сіздің шақыруыңызбен өңірлер арасындағы әріптестік 

байланысты нығайту мақсатында тарихы терең Рашт қаласында 

бас қосып отырмыз. Бұл қарым-қатынас екі өңір арасындағы өзара 

байланысты жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз, – деген аймақ 

басшысы киелі Әулиеата өңірінің жағдайымен көпшілікті таныстырып 

өтті.  

Басқосуда қос тараптың өкілдері Жамбыл облысы мен 



Гилян провинциясы арасындағы кәсіпкерлік, сауда-саттық, ауыл 

шаруашылығы салаларын қамтитын екіжақты әріптестік жөніндегі 

меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою салтанатынан соң 

сөйлеген сөзінде К.Көкірекбаев  нақты салаларда қарым-қатынас 

одан ары артатынынан үміттенетінін жеткізді. Сонымен қатар, ирандық 

әріптестерін экономикалық, рухани-мәдени қарым-қатынасымызды 

одан ары арттыра түсу мақсатында Жамбыл облысына арнайы сапармен 

келуге шақырды.

Үш күндік жұмыс сапары кезінде жамбылдық делегация Рашт 

қаласындағы Шәһид Әнсари атындағы кәсіптік-техникалық оқу 

орталығы, Әнзәли еркін сауда-өнеркәсіп аймағы мен айлағының 

жұмысымен танысты. Сондай-ақ, уылдырықты балық институты мен 

«Иран-Радитор» зауытының жұмысын көзбен көрді.

Өздеріңізге белгілі, аталған мемлекетпен Қазақ елінің байланысы 

әу бастан-ақ мығым. Осының нәтижесінде Жамбыл жерінде мақсарыны 

қайта өңдеу және оның майын өндіру бойынша «ҚазИрАгро» 

серіктестігімен бірлескен құны 5,7 миллион АҚШ долларын құрайтын 

жоба іске асырылған болатын. Табысты жұмыс істеп келе жатқан 

аталмыш кәсіпорын өткен жылы құны 190 миллион теңгені құрайтын 

600 тонна өнім өндіріп үлгерді.

Сараптау нәтижелері көрсеткендей, Жамбыл облысы арқылы 

Иранға пияз, кептірілген жасымық пен бидай экспортталады екен. Ал, 

біздің аймаққа ол жақтан құрылыста пайдаланатын заттар, резеңке 

бұйымдары, тоқыма материалдары, шыны ыдыстар, қара металдан 

әзірленген бұйымдар, радиаторлар, электр шамдары және басқа халық 

тұтынатын тауарлар әкелінетін көрінеді. Сондай-ақ, бізде ирандық 

құрма, авокадо, манго, гарциния секілді жемістер үлкен сұранысқа 

ие. Осы алыс-берістің нәтижесінде, Жамбыл облысының Иран Ислам 

Республикасымен тауар айналымы 2016 жылы 919 мың АҚШ долларын 

құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 7 еседен астам мөлшерге ұлғайған. 

Жалпы, Әулиеата өңірінің Иран Ислам Республикасына түрлі өнімдер 

экспорттауына мүмкіндік мол. Мәселен, «Меркі ет» компаниясы Иранға 

жылына 3 мың тоннаға дейін ірі қара және уақ малдың етін жеткізу 

бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінгі күнге Иранға 15 тонна ет 

жіберілді.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жазылым-2017

(«Қазпошта» акционерлік қоғамының қызметімен есептегенде)

Жазылу мерзімі

Қала тұрғындары 

үшін

Қала мекемелері мен 

ұйымдары үшін

Ауыл тұрғындары 

үшін

Ауыл мекемелері мен 

ұйымдары үшін

6 айға

2007,90 теңге

2134,32 теңге

2119,56 теңге

2245,98 теңге

Жазылу «Қазпошта» АҚ арқылы жүргізіледі. 

Жазылу индексі: 66250.  Тел: 54-19-41, 54-19-44.


2

www.ar-ay.kz

АИ

E-mail:aray2008 @mail.ru



20 

сәуір




№15 (599)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Жамбыл жұртшылығы 

жылы қабылдады. Рухани жаңғырудың бірегей бағдарламасы 

ретінде оң бағаланған туынды бүгінде жер-жерде кеңінен 

талқылануда. Облысымыздағы негізгі басқосу М.Х.Дулати 

атындағы  Тараз мемлекеттік университетінде форум түрінде 

өтті. «Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» 

атты жиынға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы қатысты. 

К е л е л і   к е з д е с у д і   « Қ а з а қ с т а н »   р е с п у б л и к а л ы қ 

телерадиокорпорациясы» облыстық филиалының директоры, 

облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген 

ашып, жүргізіп отырды. 

– Елбасының еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» 

газетінде жарияланған мақаласында Қазақстан халқының 

тек экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан да 

жаңғырып, дамуы керектігі туралы терең ой қозғалған. 

Осы себепті де, мақала мемлекеттің болашағына нақты 

бағдар берген рухани-саяси құжат болып табылады. Мұндағы 

басты идея – өткен мен болашақты үйлесімді сабақтастыра 

білу. Идеологиялық жұмысты еселеп, қоғамдық сананы 

өзгерту. Мемлекет басшысы өз мақаласында мәдениетті ұлт 

ретіндегі сипатымызды сақтау қажеттігін баса айтты. Ол үшін 

жады, діл және діни болмысқа назар аударудың маңызды 

екенін атап көрсетті. Бүгінгі күннің өзінде Президенттің бұл 

бастамасы жаңа дәуірге бетбұрыстың басы деген баға алып 

отыр. Сондықтан, ата-баба дәстүрін, мәдениеті мен ұлт 

ұстынын жаңғырту күн тәртібіне көтерілді. Бүгінгі форумның 

мақсаты да осы тұрғыда ой бөлісу, пікір алмасу, алға қойылған 

міндеттерді қоғамдық талқылау болмақ, – деп жиынды ашқан 

Мейрамбек Мылтықбайұлы алғашқы сөзді облыс әкімі Кәрім 

Көкірекбаевқа берді.

Аймақ басшысы өз баяндамасында Мемлекет басшысының 

мақаласындағы басым бағыттар мен нақты міндеттерге жете 

тоқталды. 



– Биыл Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  елімізді 

сапалы технологиялық даму деңгейіне шығаратын экономикалық 

жаңғыртуды ұсынды. Конституциялық  реформалар арқылы 

саяси жаңғыру процесіне де кірісіп кеттік. Енді міне, 12 сәуір 

күні егемен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде тағы бір айтулы 

оқиға орын алды. Ұлт Көшбасшысы ұлтымыздың рухани 

жаңғыруын бастау жөнінде бастама көтерді. 

Еліміздің бас газетінде жарияланған Елбасының мақаласы 

– мемлекеттік және ұлттық идеологиямыздың сапалы дамуына 

тың серпін беріп отыр. Бұл – мәні мен мазмұны терең тарихи 

мақала. Ұлт руханиятын өркениет биігіне шығаратын  үлкен 

бағдарламалық құжат. 

Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқасында 

Тәуелсіздіктің 25 жылында елімізде ғасырларға пара-пар 

ауқымды тірліктер атқарылды. Өндіріс өркендеп, ауыл 

шаруашылығы қарқынды дамыды, бүгінде ел экономикасының 

локомотивіне айналған шағын және орта бизнес кең қанат 

жаюда. Жаңа Астанамыз бой көтерді. Білім, денсаулық, 

мәдениет және спорт салаларының қызмет сапасы артып, 

материалдық-техникалық базасы нығайды. Халқымыздың 

тұрмыс-жағдайы жақсарды. Зейнеткерлер мен көп балалы 

аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік 

қолдаулар жаңа белеске көтерілді. Осының барлығы қысқа 

мерзімде іске асырылған жұмыстар.

Нұрсұлтан Әбішұлы Рухани жаңғырудың ең басты шарты – 

ұлттық кодты сақтай білу керектігін баса айтты. Арыға бармай-

ақ, күні кеше ғана өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы 

тарихымыздың ұлттық кодына айналды. Ұлттық санамыздың 

серпін алуына оның тікелей ықпалы аз болған жоқ. 

Үш тарау алты бөлімнен тұратын мақалада Елбасы ұлттық 

сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық 

бірегейлікті сақтау қағидаттарын тізіп берді. Ойын ортаға 

салған Елбасы ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен тілімізді, өнеріміз 

бен әдебиетіміз сынды ұлттық рухтарымыздың бойымызда 

мәңгі сақталуына ерекше басымдықтар берген. Осы тұста 

автор барша қоғамды ұлт ұстазы Абайдың даналығы мен 

Әуезовтің ғұламалығына, Жамбылдың жайсаң жырлары мен 

Құрманғазының күйлеріне әрқашанда Ұлы Дала елінің аса 

жоғары құндылықтары ретінде қарауға шақырған, – деген 

аймақ басшысы бұл шаралардың жаңа дәуірдегі қазақ 

қоғамының ең басты  рухани жаңғыруының басты кепілі болары 

еш күмән тудырмайтынын тілге тиек етті. 

Баяндама барысында Кәрім Нәсбекұлы жастарды ұлттық 

әдебиетіміздің төл туындыларын оқу керектігіне, ұлттық 

мәдениетімізді танып-білу үшін театрларда қойылып жатқан 

спектакльдерден қол үзбеуге шақырды. 

Сонымен қатар, К.Көкірекбаев Елбасы мақаласында 

көтерілген көшелі ойларға жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті. 

Әсіресе, бойымыздағы болымсыз дағдылар мен әсіреқызыл 

әдеттерден арылудың, ағылшын тілін үйренудің маңыздылығына 

тоқталды. 

– Ағылшын тілі бүгінде әлемдегі 60-тан астам елдің ресми 

тілі. Ақпараттың 90 пайызы осы тілде таралады. Ағылшын 

тілі – халықаралық конференциялар, жарыстар, медицина, 

дипломатияның негізгі тілі. Әлемдік ғалымдардың үштен екісі 

өз еңбектерін ағылшынша жазады. Білімнің түпнұсқасына 

қол жеткізу үшін балаларымыз бен жастарымызда тиісті 

тілдік біліктілікті қалыптастыруымыз қажет. Осыған орай, 

үштілді оқытудың  2015-2020 жылдарға арналған Жол 

картасы бекітілді. Соған сәйкес мектеп мұғалімдері мақсатты 

дайындықтардан өтетін болады. Сананың ашықтығын өркендете 

отырып, біртұтас ұлт пен бірегей мемлекет қалыптастыру 

арқылы саналы қоғам құруға осы ұсынымдардың негіз болары 

сөзсіз, – дей келе бұл бастамалардың баянды боларына шүбә 

келтірмейтінін жеткізді. 

Сонымен қатар, өз сөзінде облыс басшысы латын 

әліпбиіне көшу, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды 

жетілдіру, туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімді 

қалыптастыру бағытындағы бастамалар турасында өз 

ойларымен бөлісті. Қоғамдық сананы жаңғырту – заман талабы 

екенін айтып, бұл өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де 

маңызды екеніне тоқталды. Ел болашағын айқындаған мақала 

облыс экономикасы мен мәдениетін, білімін дамытуда нақты 

бағдар болуы тиістігін жеткізді. 

Форумда келесі кезекте сөз алған М.Х.Дулати атындағы 

Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков 

«Мәңгілік Ел» гуманитарлық платформасы – рухани жаңғырудың 

негізі» тақырыбында ой қозғады.



– Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдар ішінде республикамызда 

нақты  ғылыми бағдарламалар орындалып келді. Мәселен, 

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында еліміздегі тарихи, 

мәдени ескерткіштер жан-жақты зерттелді. Ал, «Халық – тарих 

толқынында» бағдарламасы аясында әлемнің түкпір-түкпіріндегі 

архивтерден Қазақ елінің тарихына қатысты түрлі деректер 

жинақталды. Ақпараттар бір жүйеге келтіріліп, тарихи деректер 

қоры толықты. Бұл ретте, аталған жұмыстардың барлығынан да 

ауқымды Елбасының көтеріп отырған рухани жаңғыру туралы 

бастамасы «Мәңгілік Ел» гуманитарлық платформасының жүйелі 

жалғасы  болғалы тұр, – деген Махметғали Нұрғалиұлы «Мәңгілік 

Ел» идеясының негізгі мақсаттарына терең тоқталды. Оны 

жүзеге асыру жолында ректор «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актінің 

негіздерін еліміздің әрбір азаматына түсіндірудің маңызы 

зор екенін жеткізді. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер мен 

Экономикалық әріптестік және даму ұйымына мүше елдердің 

тәжірибесіне сүйене отырып, жол картасы, энциклопедиялар, 

ғылыми басылымдар, нақты шешімдер кейсі, оқулықтар, дыбыс 

және бейнематериалдар және іс-қимылдар бағдарламасы 

түріндегі нақты жобалар пакетін дайындау – аса маңызды 

екеніне тоқталды. Болашағы біртұтас ұлт қалыптастырудың, 

қазақстандық бірлік пен біртектілікті нығайтудың негізгі жолы 

– ұлт жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, 

қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың, сарапшы және 

ғылыми қауымдастықтардың байланысы мен жұмыс тиімділігін 

арттыруда да жұмыстар атқарылу тиістігін тілге тиек етті. 

Форумда, сондай-ақ, Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институтының ректоры Дария Қожамжарова да Елбасы 

мақаласында көтерілген бастамалар турасындағы пікірімен  

бөлісті. Өз сөзінде институт ректоры рухани жаңғыру – тәуелсіз 

Қазақстанның тарихи ұстанымы екенін айта келе, ұлттық 

сананы жаңғырту мәселесіне кеңінен талдау жасады. 



– ХХ ғасыр  – әлемдегі ұлы өзгерістер ғасыры болғаны 

белгілі. Адамзатқа аса апатты болған нәсілдік және таптық 

идеологиялардың зардаптарын айтпағанның өзінде, 

либералдық-еуроцентристік ұстанымдардың да сойқаны аз 

болған жоқ. Нәтижесінде, қаншама халықтар жер бетінен 

мүлдем жойылды, отарланып, жеке ұлт, жеке этнос болудан 

қалды. ХХ ғасырдағы мұндай саясаттың зардабын қазақ халқы 

басқалардан артық тартпаса, кем тартқан жоқ. Елді жайпаған 

ашаршылық, қуғын-сүргін зардаптарынан жерден, тілден, 

діннен, ділден, ұлттық мәдениеттен ажырап, демографиялық 

жағынан мүлдем құрып кете жаздадық. Империялық билік 

ең алдымен қазақтың болмысын өзгертіп, ұлттық санасын 

жоюға тырысты. Жер-су атаулары, елді мекендердің аты 

отаршылардың қалауымен өзгертіліп, қазақ халқының 

ғасырлар бойы қастерлеп келген қасиетті мекені ойрандалды. 

Қазақты өз жерінде «бұратана» халыққа айналдыруға  тырысты, 

– деген Дария Пернешқызы  Елбасының  ұлт мұраты, ұрпақ 

болашағы жолындағы ұстанымдарын жан-жақты қолдайтынын 

жеткізді. Осы орайда қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру – 

жаңғырудың негізі болатынын атап өтті. 

Сонан соң жиын мінберіне жазушы, драматург Елен Әлімжан 

көтеріліп, қазақтың қанында атадан балаға беріліп келе жатқан 

кісілік қасиетінің арқасында әлем елдерін мойындатқан, 

татулығы жарасқан мемлекетке айналғанымызды айрықша 

атап өтті.  Сонымен қатар, қазақ халқының бойындағы өзге 

халықтардан дара қасиеттері мен жаңа заманға сай келмейтін 

кертартпа мінезі турасында да ой қозғады. Абай айтып кеткен, 

арызқойлық, «бармақ басты, көз қысты» сыбайластық, 

бойкүйездік секілді жағымсыз қасиеттерден арылмай, келесі 

биіктерді бағындыра алмайтынымызды да қадап айтты. Ол үшін 

білімге құштарлық, еңбексүйгіштік сияқты ұмыт қалып бара 

жатқан қырларымызды қайта жаңғырту – алдымыздағы басты 

мақсаттардың бірі екенін тілге тиек етті. 

Жиында, бұдан бөлек, Жамбыл облыстық қазақ драма 

театрының актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Мәкен 

Рахымжанова форум қатысушыларына мәдениет – ұлттың 

мәйегі болатын жалғыз құрал екенін жеткізді. Өз сөзінде 

актриса Елбасының Қазақстанды тек пайдалы қазбалары 

мол, әлемдік ұйымдардың мүшесі болған мемлекет ретінде 

ғана емес, мәдениеті де бай ел ретінде де таныту туралы ойын 

құптайтынын аңғартты. 

Жиын соңында жастар атынан сөйлеген М.Х.Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті, бес тілді 

еркін меңгерген жас полиглот Сағи Алтынкөп ұлттың мәдениеті, 

әдебиеті мен өнерімен тілін меңгеру арқылы толық танысуға 

болатынын жеткізді. Қазіргі таңда «Жас полиглоттар клубының» 

президенті болып жүрген дарынды жас Елбасының үштұғырлы 

тіл саясатының оң қадам болғанын айтты. Форум барысында өзі 

де бірнеше тілде сөз сөйлеп, замандастарын тәнті етті. 

«Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» 

атты облыстық форумда осылайша салмақты пікір айтылып, 

салиқалы сұхбат өрбіді. 

Форум


Саясат

Маңызы терең МаҚала

БОлашаққа Бағдар: рухани жаңғыру



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал