Тугерова г. Б., Байтемирова г. Ж., Байкенова н. Б., Касантаев а. Р. Бақылау және автоматика құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету 1302000–«Автоматтандыру және басқару



жүктеу 1.37 Mb.
бет71/76
Дата09.02.2022
өлшемі1.37 Mb.
#17096
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
tutorial 401
км 06, КМ05, Документ Microsoft Word (3), ӨНДІРІС
Нұсқа 7

Сұрақтарға жауап беру

  1. Кәсіпорындар мен зертханаларда аспаптарды калибрлеудің мерзімі мен тәртібі туралы негізгі ережелер қандай?

  2. Екі бірфазалы ваттметр көмегімен кез-келген фазалық жүктемемен үшфазалы тізбектегі активті қуатты өлшеуге болатынын дәлелдеңіз. Сұлба және векторлық диаграмма сызыңыз.

  3. Болат шығынын өлшеудің ваттметр әдісі дегеніміз не? Өлшеу сұлбасын келтіріңіз. болаттың қуат шығынынжиілік шамасына әсерін түсіндіріңіз.



Келесі есептерді шешу.

  1. Баллистикалық гальванометр әдісімен өлшенген нәтижелер: 25 бөлінісі бар зарядталған кернеуі 200 В, белгілі сыйымдылығы 2500 пФ; кернеуі 160 В, 40 бөлінісі бар зарядталған өлшенетін сыйымдылықты іске қосқан кездегі конденсатордың сыйымдылығын анықтаңыз. Өлшеу сұлбасын келтіріңіз.

  2. Бірнеше шекті магнитоэлектрлік вольтметрдің 3; 15; 150, 300 В өлшеу шегі бар. Өлшеу аспабының кедергісі 33 Ом және аспаптың қозғалатын бөлігінің толық ауытқуы 7,5 мА, аспапта 100 бөлініс бар. Қосымша кедергілердің барлық мәндерін және бөлініс құнын анықтаңыз.

  3. Тұрақты ток көзіне 100 В э.қ.к. , 1 Ом ішкі кедергісі және 20 Ом кедергісі бар вольтметр жалғанған. Содан кейін кедергісі 2000 Ом болатын вольтметр жалғанған. Екі жағдайда да вольтметрдің көрсеткіштерін және э.қ.к. өлшеу қателігін анықтаңыз.

  4. Үшфазалы ток тізбегіне біркелкі жүктемемен ток трансформаторы 400/5 және кернеу трансформаторы 6000/100 арқылы көрсеткіші 4,5 А болатын үш амперметр, көрсеткіші 95 В болатын үш вольтметр және екі бір фазалы ваттметрдің көрсеткіші 5 А, 150 шкаласында бөлініс бар 150 В. Өлшеу сұлбасын құрыңыз, жүктеме қуатын және шкала бөлінісіндегі ваттметр көрсеткіштерін анықтаңыз, жүйктеме қуатының коэффициенті

0,866 тең.

  1. Екілік сандар жүйесіндегі 10, 26 сандарды жазыңыз.




жүктеу 1.37 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет