ТУҒан жерге деген махаббат әлдилеген қаламгер



жүктеу 47.64 Kb.

Дата10.06.2017
өлшемі47.64 Kb.

ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН 

МАХАББАТ 

әлдилеген қаламгер 

Биыл дәлірек айтқанда 

маусымнын 6-сы күні біз-

дің жерлесіміз, жазушы 

Әмен Махатұлы Әзиев 70 

жасқа толады. 

Алдымен айтарым — ол 

Қазақстан Жазушылар ода-

ғы Қарағанды облыстық 

бөлімшесін құрудың басы-

қасында болған, әрі әлі 

күнге дейін бұл ұйыммен 

байланысын үзген емес. 

Оның Қарағандыда тұрған 

жылдары жазған шығарма-

лары оқырман қауымның 

ыстық ықыласына бөлен-

ген. Онын себебі, бұл дүни-

елер күнделікті болмыстың 

жан тебірентерлік мәселе-

леріне арналған, қазақстан-

дықтардың тіршілігін терең 

бейнелеген. 

ІӘмен Әзиев жазушы 

санатында бірден қалыпта-

са койған жоқ. Ол журна-

листикадан, деректі прозадан келді. Бұл тура-

сында оның өмірбаян жолдары да айтып түрған-

дай. 1950 жылы жиырма үш жасар Қарқаралы 

ауданынын тумасы, жанып тұрған жас жігіт 

Қазақ университетінің журналистика факуль-

тетін тәмәмдап, алдымен республикалык «Ле-

ниншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), сонсоң об-

лыстық «Советтік Қарағанды» газеттерінде, кей-

інірек Қарағанды телестудиясында жемісті ең-

бек ете бастайды. Осы уақыт ішінде ол Қараған-

ды шахтерлері жайлы, шабытты еңбекке толы 

бесжылдықтар тынысын дөп басқан, Орталық 

Қазақстандағы көмір және түсті металл өндіріс-

терінің даму тарихын шынайы суреттеген онда-

ған мақалалар, очерктер мен корреспонденци-

ялар жариялады. Сөйтіп болашақ деректі, одан 

кейінгі көркем шығармаларға негіз боларлық 

«капитал» жинақтала бастады. 

— Мәселен, «Мыс ошағы» атты ауқымды ро-

манына отырардан бұрын Әмен Әзиев Қазақс-

тандағы Қоңырат-Балқаш тау-кен өнеркәсіпті 

ауданының тарихы мен бүгінгі ахуалы жайлы 

бірқатар очерктер жазды. Ол Балқашқа жиі ба-

рып, оның халқымен, еңбеккерлерімен жиі әң-

гімелесті. Мыс қорытатын заводтың цехтарын 

аралады. Қоңырат карьерінің түбіне дейін түсіп, 

хал-жағдайға қанықты. Бірақ, жазушы мұнымен 

шектелген жоқ — өткенді шынайы суреттеу үшін 

мұрағаттар мен мұражайлардың материалдарын 

қопарды, тарихтың өз шығармасына қажетті қат-

парларын көтерді. Бұл тұста ол өзін әрі қалам-

гср, әрі ғалым тұрғысында көрсете білді. Осы-

ның нәтижесінде «Қазыналы Сарыарқа» деген 

деректі кітап дүниеге келді. 

Бірақ, Әзиев мұнымен тоқтаған жоқ. Ол де-

ректі шығарманың өзіне тән ерекшеліктері мен 

шектеулі жағдайын үғына біліп, енді «Мыс оша-

ғы" аталған романды қолға алды. 

Шынын айту керек, мұндай батыл қадамға 

кез-келген журналист бара бермейді Ал Әмен 

лаларға қоса жиырмаға 

жуық кітап жазар ма еді? 

Бұлардың ішінде көптеген 

шығармалары республика-

ның әдеби шежіресінен бе-

рік орын алған. Олар — 

«Өтелген өкініш» (1965 

жыл), «Шапақ» (1968), 

«Оянған ар» (1972), «Шұ-

ғыл тапсырма» (1980) по-

вестері. «Қазыналы Сарыа-

рқа» (1986), «Қазақ повесі» 

(1989) монографиялары, 

сондай-ақ «Жез таулар» 

(1977). «Мыс ошағы» 

(1991), «Қыспақта» (1994) 

романдары. Айтпақшы, 

Әмен Махатұлы осы кітап-

тарды жаза жүріп «Орталық 

Қазақстандағы түсті метал-

лургияның туындауы және 

дамуы» деген тақырыпта 

докторлық диссертацияға 

кіріседі. Бұл еңбекке ол 

ширек ғасыр өмірін сарп 

етті. 


Бір тоқтала кетерлік жай — қазіргі нарық-

тық экономика жағдайында біздің Президенті-

міз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқор-

лығы болмаса осы мыс алыбының халі не бо-

лар еді? Елбасы осы өңірдің экономикасын жан-

дандыруға шетелдік инвестициялар таратып, ел-

дің еңсесін бір көтеріп тастады. 

Және бір назар аударатын жағдаят бар: Әмен 

Әзиев Н.Ә.Назарбаев жайлы көптен әрі дәмді 

жазып келеді. Ол республика басшысы туралы 

баяғыда «Партком секретары» деген очерк жаз-

ған болатын. Ал осы жақында ғана «Казахстан-

ская правда» газетінде оның Нұрсұлтан Назар-

баевтың Теміртауда еңбек етіп жүрген жылда-

ры жайлы очеркі жарияланды. 

—Осының бәрі — Нұрсұлтан Әбішұлы жай-

лы кітапқа апаратын баспалдақтар іспетті. — 

дейді Әбекең. — Біз, қаламгерлер кауымы осы-

нау биік тұлғалы қайраткер алдында үлкен 

қарыздармыз. Елбасының тәуелсіз республика 

экономикасы мен мәдениетін көтеруге жұмсап 

жатқан кажыр-қайраты ұшан-теңіз емес пе? 

Иә, Әмен Махатұлы қашанда шығармашы-

лық ізденіс үстінде жүреді, әрі алға қойған мақ-

сат биігіне шықпай қоймайды. Мәселен, был-

тыр ол заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов тура-

лы естеліктер кітабына кіріскенін айтып еді, енді 

биыл келгенде сол шығармасының баспадан 

шығуға әзір гранкаларын көрсетті. Әзиевтің 

мұндай жылдам қимылына сүйсінбей болмай-

ды. Бір жағынан қазір жазушыға кітап жазу өз 

алдына проблема болса, оны баспадан шығару 

тіпті қиын. 

Ал Әзиев бұл қиындықтардан қорықпайды. 

Бұған оның қаламгерлік беделі де көмектеседі. 

Оны Президенттен бастап шығармашылық жо-

лын жаңадан бастап жүрген журналиске дейін 

біледі. Ол жайлы С.Ләмбеков. Т.Иманбеков, 

И Ляховская, В Глазков, Г Асанов. М.Проко-


Махатұлы өз иығына артқан ауыр жүкті діттеген 

жеріне апара алды. Жақында менімен жолыққ-

анда ол былай деді: «Әрине, роман жазу өте қиын 

да қызықты болды. Мені ол өңірдің тарихын 

жете тексергенім, оның үстіне шығарма қаһар-

мандарын жақсы танитындығым тығырықтан 

алып шықты». 

Аталмыш романда Әмен Әзиев қазақ халқ-

ының еңсегей тұлғалы ұлдарының бірегейі, 

аяулы ҚаНЫШ Имантайұлы Сәтбаевтың образын 

әдемі мүсіндеген. Сөйтсек, автор ұлы ғалыммен 

Қарағандыда да, Алматыда да әлденеше рет жо-

лығып, армансыз сұхбаттасқан көрінеді. 

Бұл жерде Әзиевтің алпысыншы жылдары 

Қарағанды телестудиясының директоры болып 

қызмет еткенін айта кету керек. Сол кезде ол 

Қазақстанда бірінші болып Сәтбав туралы де-

ректі телефильмнің сценариін жазған болатын. 

1961 жылы республиканың Ғылым академия-

сында осы фильм жұртшылыққа көрсетілді. Ака-

демия президенті бұл шығармаға жоғары баға 

бере келе мынадай пікір айтыпты: «Фильмде 

мен турасында тәуір-ақ айтылған екен. Деген-

мен, сіз менің ұстаздарым мен әріптестерім жай-

лы әңгімені дамыта түскеніңізді қалар едім...» 

Енді Әмен Махатұлы осы тілекті орындауға 

бел шеше кірісіп, Қанекеңнің тұстастары жай-

ды материалдар жинай бастайды. Оның назары 

ең алдымен Сәтбаевтың жасы үлкен болса да 

жанындай досы Михаил Петрович Русаковқа 

ауды. Сол кезде тірі жүргендер қатарында Руса-

ковты білетіндер, иә бірге қызмет істегендер бар 

шығар? Iзденіс үстінде жүрген прозаик белгілі 

геолог, ғылым докторы, профессор Николай 

Иванович Паковниктің ізіне түседі. Әлгі кісі ке-

зінде Балқаш кен орындарын барлаушылардың 

жетекшісі М.П.Русаковтың орынбасары болып 

істеген екен. Ал керек болса! Бұл ғалым нағыз 

казына емес пе? Әзиев Н.И.Наковниктің Ле-

нинградтағы мекен-тұрағын тауып алып, оны-

мен хат жазыса бастайды. Шынында білікті ға-

лым Русаков жайлы сан әңгіменің тиегін ағы-

тып, жазушыға күндіз шаммен іздесең таптыр-

майтын материалдар береді. 

Осыдан барып, жазушыға әлгі романда та-

маша геолог, жай тіршілікте ғажап адам болған 

Русаков сынды қаһарманының шынайы обра-

зын жасауға мүмкіндік туады. Әзиев маған Ру-

саковтың кейбір жеке заттарын — күнделігі мен 

планшетін, дүрбісін көрсетті. Бұларды ғалым 

жайлы кітап жазып жатқанын білген Михаил 

Петровичтін туыстары сыйлапты. 

Жаңа кездесулер, тың материалдар «Мыс 

ошағы» романын одан әрі жалғастыруға мүмкін-

дік берді. Бұл шығармаға «Қыспақта» деп ат қой-

ылуы тегінен-тегін емес. Әмен Әзиев Балқаш-

тағы мыс алыбының әдеби шежіресін жалғасты-

ра отырып. бір жағынан ауыр индустрияның 

қазақтың кең даласына тигізген зардабы жайлы 

да тебірене сыр шертеді. 

Мен Әмен Махатұлымен жиі кездесе жүріп, 

оның бейнетқорлығына таң қалудан жалықпай-

мын. Бір жағынан мұның ешбір құпиясы да жоқ, 

оның күнделікті ұраны — «Күн сайын тым бол-

маса бір-екі жол жазу». Әйтпесе ол газеттер мен 

журналдардағы сан жеткісіз очерктер мен мақа-

пенко, М.Омарбеков, Р.Сүлейменов, Қ.Сұлта-

нов, Т.Малдыбаев, И.Портной және басқа жа-

зушылар мен журналистер жылы лебізбен жаз-

ды. Ә.М.Әзиевтің жетпіс жасқа толуына орай 

Қазақстан Жазушылар одағы мен республика-

лық Ұлттық кітапхана шығарған жазушы еңбек-

терінің көрсеткішінде оның шығармашылығы 

туралы елуден астам мақалалар мен рецензия-

лар келтірілген. 

Сөз жоқ, Әмен Әзиев — ірі жазушы. Ал адам 

ретінде көпке сыйлы азамат. Әбекең 

көптен 


жазушылар мен журналистердің шынайы 

досы, өзі аға қаламгер ретінде әдебиетке ден 

қойған жастарға қамқорлык жасай жүруді де 

ұмытпайды. 

— Біздің елімізде өзге жердегілердей қан тө-

гіліп жатқан жоқ, — дейді Әмен Махатұлы қыз-

балана. — Бұл — үлкен жетістік. Ал бейбіт өмір 

сүріп жатқан халық арасында әдеби жұлдыздар 

жарқырай түспек. Шын талант өзін өзі осындай-

да ғана көрсете алады. Сондықтан мен әлемдегі 

тыныштық, достық пен махаббатты шын жүре-

гімнен қолдаймын. 

Әбекең жас әдебиетшілерді тәрбиелеумен 

қатар қазақ әдебиетінің асқар таулары Абай 

Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, 

Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафинді, жалпы 

қазақ әдебиетін насихаттаудан жалыққан емес. 

Мұның өзі оның Ғылым академиясындағы Тіл 

және әдебиет институтында, Қарағанды мемле-

кеттік университеті мен политехникалық инсти-

тутында дәріс бергенде және ғылыми жұмыспен 

айналысқанда қиялына қанат бітірді. Ол жазу-

шылығымен қатар ғылымның да биігіне шығып, 

ондағы жетістіктері доцент, профессор деген 

атақтармен марапатталды. 

Әмен Мақатұлы қайта құру кезеңі жылда-

рында әдебиетке, әсіресе қазақ авторларының 

творчествосы еленбей келгеніне өкініш білдіре 

отырып, соңғы кезде өнер мен шығармашы-

лыққа кең жол ашылатындығына сенім білдіре-

ді. «Тек қана өзін әдеби қызметке арнаған адамға 

ерінбеу керек!» — деп ақыл қосады. 

Ал, Әмен Әзиевтің өз өмір жолы — еңбекқ-

орлықтың, туған өлкесі Сарыарқаға деген ыс-

тық махаббаттың айқын көрінісі. Бір кезде ол 

менің «Сәтбаев туған өңірде» деген кітабыма 

ыстық лебіз білдіріп, «Орталық Қазақстан» га-

зетіне рецензия жариялаған-ды. Ол әрдайым 

телефон шалып амандық-саулық білдіріп тұра-

ды. 


Бүгін, Әмен Махатұлының мерейтойы күні 

мен де оған: «Есен- саусыз ба, қадірлі ақсақал? 

Денсаулығыңыз мықты ма? Олай болса жаза 

беріңіз. Сіздің шығармаларыңыз қолдан-қолға 

тимейді!» — дегім келеді. 

Менің осы пікіріме Әбекеңнің шығармала-

рын сүйіп оқитын сан мыңдаған окырмандары 

да қосылады деп бек сенемін. Өйткені туған 

өлке, барша Қазақстанның болмыс-тіршілігін 

шеберлікпен суреттеп келе жатқан қарымды 

қаламгер мұндай ықыласқа лайықты-ақ. 

Валерий МОГИЛЬНИЦКИЙ, 

Қарағанды облыстық жазушылар ұйымы 

төрағасының орынбасары, облыс әкімінің 

баспасөз хатшысы. 

Орталық Қазақстан. - 1997. - 7 маусым. -4б. №40 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал