Туған жер тұлғалары Кеңес Одағының Батыры Сейітхан Темірбаев



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата08.02.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6

C

M

Y



K

Индек

с 75579

Алма ағашы гүлдегенде



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары



Кеңес Одағының Батыры

Сейітхан Темірбаев

Сейітхан Темірбаев 1922 жылы Қостанай облысының Таран ауданындағы Қызылжар ауы-

лында туған.  Ата-анасы кеңшарда жұмыс істеді. 30-шы 

жылдарғы аштықта әке-шешеден бірден айырыла-

ды.  Әлі бұғанасы қатпаған 9 жасар Сейітхан мен 

6  жасар  қарындасы  балалар  үйінде  өседі.    Ол 

балалар  үйінде  жеті  жылдық  мектепті  бітіреді. 

Мектепті  бітіргенннен  кейін  балалар  үйінен 

кетеді  де,    Қостанай  қаласындағы  педагогикалық 

техникумға түседі.  Еті тірі, қағілез бала қоғамдық 

жұмысқа  белсене  қатысады.  Техникумда    жүріп, 

1939  жылы  комсомол  қатарына  қабылданады. 

Ол  кезде  комсомолдың  бастауыш  ұйымында 

қабылданғандарды  Қостанай  қалалық  комсомол 

комитетінің  бюросында  бекітетін  болған.  Сейтхан 

Темірбаев та бюрода бекітіледі. 

«Бала  кезімнен    Отаныма  пайда  келтіретін 

адам  болып  қалыптассам  деп  ар-

мандадым.  Бізді  халқыма  адал, 

еңбекқор етіп өсіргені үшін Отан ал-

дында қарыздармын және өмірімнің 

соңына дейін Социалистік Отаныма 

берілген  адал  азамат  боламын» 

деп жазады майдандас досына ха-

тында    Сейітхан  Нұрмағамбетұлы.  

1941  жылы  желтоқсан  айында  ол 

Орджоникидзе аудандық комсомол 

комитетінің  жолдамасымен  Ақмола 

қаласында    жасақталып  жатқан  1 

кавалериялық дивизиясына барады. 

Оларды бірден Харьков облысына, 

Оңтүстік  Батыс майданға алып кетеді. Ол 5 екпінді армияның  230-шы дивизиясы құрамында  

Донбасты,  Зопорожья, Николаев, Одесса облыстарын жаудан азат етуге қатысады. Одан кейін 

Белоруссияны, Польшаны азат етуге, Одер өзенінен өтіп, Берлинді алуға қатысады. 

Ол 1942 жылдың мамырынан соғыстың аяғына дейін 5 рет жараланады. Майданға қатардағы 

солдат болып аттанған Сейітхан елге капитан  және Кеңес Одағының  Батыры болып оралады. 

«Қызыл жұлдыз», І дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен  мара-

патталады. Соғыстан кейінгі жылдары  партия қызметінде болады. 1983 жылы қайтыс болады.    



Кеңес Одағының  Батыры Сейітхан Темірбаев туралы материалды журналдың 12-13 беттерінен оқисыздар.  

C

M



Y

K

Көктем  мен  жаз  мезгілдері  кене-



ден  келетін  аса  қауіпті  аурулардың 

күшейетін  кезеңі  болып  саналады. 

Жаз  айларында  табиғат  аясында  де-

малатындар  көбейетіндігі  белгілі.  Көп 

жағдайда қауіпсіздіктің алдын алмастан 

опық жеп жататындардың баршылығы 

жасырын емес. Өйткені, жұқпалы дерт 

қатарына  енетін    кененің  шығуы  ірілі-

ұсақты малдармен қатар адамзат ба-

ласына да төндірер қауіпі орасан. Күн 

жылынып,  жер  көгере  бастағаннан-ақ 

қалалықтар  орманға  сейілге,  көгалға 

демалуға,  өзенде  шомылуға    ағыла 

бастайды.

С о н д ы қ т а н , 

« с а қ т ы қ т а   қ о р л ы қ 

жоқ»  дегендей,  бұл  

қағиданы  жадымыздан 

шығармағанымыз жөн. 

Соңғы  уақытта  кене 

жәндігінен  сақтану 

шаралары  жайлы  аз 

айтылып  жатқан  жоқ. 

Оңтүстік  өңірде  көптеп 

кездесетін  бұл  жәндік 

соңғы  кездері  біздің 

аймақта да жиі кездесіп 

жүр.    Кішкентай  жәндік 

болғаныменен  адам 

өміріне  үлкен  қауіп 

төндіретін    кене  буын 

аяқты  қансорғыштар 

тобына  жатады.  Ол 

Қырым  қанды  безгегі, 

кене  энцефалиті,  ту-

ляремия,  Сырдария  безгегі  сияқты 

жұқпалы  ауруларды  таратады.  Бұл 

қансорғыш  буынаяқтылар  көктем 

келісімен    адам  мен  малдарға  ша-

буылын  бастайды.  Кенелер  теріге 

байқатпай,  яғни,  ауыртпай  жабыса-

ды.  Кененiң  шағуы  –  адамды  қауіпті 

ауруларға  және  көп  жағдайда  өлiмге 

апаруы мүмкiн. 

Жұқпалы  ауру  адамға  кене  шаққан 

кезде  ғана  емес,  оны  денеден  алып 

тастағаннан  кейін  де  ауруын  та-

рата  береді.  Кене  денеге  қадалып 

үлгерген  жағдайда,  одан  құтылудың 

ең қарапайым тәсілі – спирт, иіс су не-

месе  лосьон  тамызу.  Сонымен  қатар, 

вазилинді де қолдануға болады. Кейін, 

алып тастаған кенені ыстық суға салып 

немесе  өртеп  жіберген  дұрыс.    Кене 

шаққан  жерді  міндетті  түрде  йодпен, 

спиртпен  жақсылап  сүртіп,  қолды  са-

бындап жуу керек. 

Ауру сәуiр айынан қазан айына дейiн 

кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – ма-

мыр,  маусым  айлары.  Ауру  белгiлерi, 

шаққаннан кейiн 2 аптадан соң бiлiне 

бастайды, кейде 1-2 күннен немесе 45 

күннен кейiн бiлiнедi. Себебi, ол кененің 

қауіптілігіне  байланысты.  Көпшiлiк 

жағдайда  аурудың  жеңiл  және  орта-

ша  түрлерi  кездеседi.  Бұл  жағдайда 

науқас  адамның  дене  қызуы  38  С-қа 

дейiн  көтерiледi,  басы  қатты  ауырып, 

бұлшық еттерi сыздайды. Бiрақ, оның 

ауыр  түрлерi  де  кездеседi.  Бұл  кезде 

дене қызуы 39-40 С-қа дейiн көтерiледi, 

құсқысы  келедi,  мойнының,  қолы  мен 

аяғының бұлшық еттерi сыздап, ауыр 

тартады.


Кенелерден  сақтану  үшін  маман-

дар  төмендегі  кеңестерді  ұсынады. 

Егер  кенелер  көп  кездесетін  аумақта 

болсаңыз, ашық түстi киiм кигеніңіз жөн. 

Шалбарыңыздың  балағын  шұлықтың 

iшiне, жейдеңiздi шалбардың iшiне са-

лып,  ашық  дене  қалдырмауға  тырысу 

керек.    Егер  денеңiзден  кененi  байқап 

қалсаңыз,    кенеге  өсiмдiк  майын  та-

мызу  қажет.  Кененiң  тұмсығын  жiппен 

орап  алып,  ырғақты  қозғалыспен 

жайлап  денеден  шығарып  алу  керек. 

Кененi денеден күрт тартып алу – вирус 

жұқтыру қаупiн арттырады. Тез арада 

жақын маңдағы медициналық мекеме-

ге барып көрiнген абзал. Олар кененiң 

қаншалықты қауiптi екенiн анықтайды.

Кененiң бәрi бiрдей ауру таратпайды. 

Дегенмен,  вирус  жұқтырғыш  кене  мен 

жұқтырмайтын  кененi  ажырату  қиын. 

Сондықтан ең дұрысы, кененiң денеге 

жабысып, терiге тереңдеп енiп кетуiнен 

сақтанған жөн. 

Айдана ҚУАНЫШБАЙ,

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамандығының 2 курс студенті 

Кенеден келер қауіп көп

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕНЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 220 бөлме. 

Медиа – студия.  

“Жас өркен - Қостанай” 

журналының редакциясы.

Байланыс телефондары: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Факс 51-11-95

Ұялы 8(701) 1509443

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, 

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға  28.05.15 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс № 2417

Таралымы 1200 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 

Сақтансаң–сақтайды 


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Өзің баста, 



Нұрлы жолмен Нұр-аға! 

Талай ғасыр торға түскен жаралы ел

Енді еркін тыныстауда дала кең

Тарланымды таңдағанда тамсанып,

Тәнті болды бірлігіңе бар әлем.

Желбірейді бейбіт күннің жалауы,

Ынтымақтың лаулап жанды алауы.

Тоқсан ұлттың тағдыры бір тоғысқан,

Бір жүректен шықты бүгін қалауы.

Қазақ елін ұялаған ырыс-құт,

Ақ тілек боп ақтарылды ырыздық.

Егіз болсын арайлаған таңменен,

Момын елге маужыраған тыныштық.

Нардың жүгін көтерер деп иықты ер,

Сабырымен сенім артты сүйікті ел.

Қазағымды қасқа жолдан тайдырмай,

Тоссын алда әлі талай биіктер.

Ер деп танып елді бастап еңселі,

Төмендетпес деп сенеміз еңсені.

Майлы қазан, ашық аспан, шат ұрпақ--

Барша үшін абыройдың өлшемі 

Садаға деп жанын ұят-арының,

Талай ақын тілін жаққа жаныр мың.

Еркін елім ертеңіне сенімді,

Бас бақыты осы берген Тәңірдің.

Шамырқанбай шатты көңіл тұра ма,

Ұрпақ ие байтақ дала, мұраға

Өрге баста қазақ елін қайыспай,

Өзің салған Нұрлы жолмен, Нұр-аға!

 

Әсия БЕРКЕНОВА,



 

Қазақстанның халық ақыны

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті   

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Кенжеғали САҒАДИЕВ (төраға)

Төлен ӘБДІКОВ

Хұсайын УӘЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Асқар НӘМЕТОВ (төраға)

Амангелді ШӨРЕНТАЕВ

Медиа-студия меңгерушісі

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

шығарушы редактор

Роза КӨБЖАНОВА

менеджер-дизайнер

Гүлнұр КӘКІМБЕК 

бас маман

Журнал ҚР Мәдениет

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ, ƏДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ 

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

3(76) мамыр-маусым, 2015 жыл  

C

M



Y

K

Келе жатқан көктем–жаз айлары қыз –келіншектер 



үшін қандай киім мен сән үлгілерін тарту етеді?  

Әлемдік сән индустриясының алыптары 2015 

жылдың ең сәнді түстері мен киім үлгілерін жұрт 

назарына  ұсынуда.  Дизайнерлер  биыл  батыл 

қадам жасап,  түрлі сападағы алтын-күміс түстес, 

сондай-ақ  ашық реңктеді өз коллекцияларында 

пайдаланған, классикалық ақ және қара түстер 

де бұл жолы өз құндылығын жоғалтпаған. Қызыл, 

сары, көк түстермен қатар қоңыр, сұр түстер де 

биыл  сән  әлемі  сөресінен  табылуы  тиіс.  2015 

жылға  Chanel сән үйінің ұсынған  топтамасында 

басымдық ақ, сұр және жылтыр жіп араласқан 

пиджактар  мен  көйлектерге  берілген.  Бұл  кол-

лекцияда қашан да нәзіктік пен қаталдық шебер 

үйлесім табады.  Сәнді, ыңғайлы әрі өте жылы. 

Аты  шулы  Dolce&Gabbana сән үйі осы жылғы 

топтамасында    ақ  және  қызыл,  күлгін  және 

қара  түстерді,  жылтыр  тастар  мен  әшекейлері 

пайдаланған.    Кез-келген  талғамға  сай,  сіздің 

дене бітіміңізге  жарасатын киімдерді тандасаңыз 

болғаны.

Маусым  ауысқан  сайын  сән  үлгісі  де 

өзгереді,  тіпті    сән  тенденцияларының  үлгілерін  са-

нап  та  бітпейсің.  Соңғы  кездері  гүлді    трендтермен 

әшекейленген  киімдер үлкен сұранысқа ие. Киім, аяқ-

киім, аксессуарлар мен сөмкелер бәрі жасанды теріден 

тігілетін болды, бұл  тренд әр бейнеге  ерекшелік қосып, 

оны түрлендіре түседі. Бастысы – оны орынды қолдана 

білу.    Осы  маусымның  жаңа  үлгілерінің  бірі  –  ұзын 

белдемше,  оны  басқаша  «француз  ұзындығы»  деп 

те атайды. Мұндай   ұзын белдемше тек қана арық  

қыздарға ғана емес, плюс размерлі қыз-келіншектерге 

де өте жарасады. Ерекше болуды жақсы көретіндерге 

тура  келеді.    Сән  мамандарының  айтуынша,  жаз-

көктем айларының топтамаларында олардың басты 

мақсаты – қыз-келіншекті барынша нәзік және әсем 

етіп көрсететін киім үлгілерін жасау болған. Сәнгерлер 

жаз  және  көктем  айларында  ашық  әрі  жылы  түсті 

мөлдір матадан тігілген киімдерді киюге кеңес береді. 

Бүрмеленіп  тігілген  көйлектер  мен  белдемшелер 

қашан да  әйел мүсініне ерекше сымбат пен кербездік 

беретінін ұмытпаңыз.

Осы  маусымның  аяқ  киім  трендттері  де  біршама 

өзгерді.  Осы  маусымда  биік  өкшелі  жуан  табанды  

лофер аяқ-киімі ерекше сәнді. Аяқ-киімнің  ең сәнді 

түстері- ешқашан сәннен шықпайтын – қоңыр, қара 

түстер. Сәнқойлар үшін табаны қалың, биік өкшелі бо-

тильоны таптырмайтын тренд. Олар өте ыңғайлы және 

кыз-келіншектерімізді биазы әрі сәнді етіп көрсетеді.

Егер әлемнің озық сән түрлерін сарапқа салатын 

болсақ, қазақ сән өнері өзіндік ұлттық ерекшелігімен 

көзге түсері даусыз. Мұны «Kazakhstan Fashion Week» 

сән апталығына қатысқан отандық сәнгерлердің киім 

үлгілерінен де байқауға болады. Шығыс халықтарына 

тән  стильдегі  көйлектердің  бет-бедеріне  ширатыла 

түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла 

сыр  шерткендей.  Жібек  көйлектер,  шілтерлі  кеу-

дешелер – бәрі әйел болмысына ерекше нәзіктік пен 

еркіндік сыйлайтындай әсер қалдырды. Халқымыздың 

ұмытылып  бара  жатқан  мәдени  мұрасы  –  тоқыма 

өнері. Бүгіндері бұл бағытта жұмыс істейтін сәнгерлер 

кемде-кем.

Биылғы  жылдың  сән  апталығы  киімдеріндегі  ою-

өрнектер, қолданылған материалдар композициясы, 

олардың  арасындағы  керемет  үйлесім,  түр-түстің 

ерекше нәзік сәйкестігі – бәрі де отандық сәнгерлердің 

шеберлігін,  шалқар  шабытын,  ұлттық  табиғатты 

терең меңгергенін байқатты. «Шебердің қолы ортақ» 

деген  мақал  ел  ішінде  бекер  айтылмаса  керек. 

Нағыз    шеберлікке  жету  үшін  табандылық,  іскерлік, 

талғампаздық,  білім  қажет  екендігі  сөзсіз.  Әсіресе, 

еліміздің  сән  әлеміне  жастардың  қатары  қосылып 

жатқаны қуантады.

Жұпар ҚОЖАХМЕТОВА,

ҚМУ ГӘФ журналистика мамандығының

 2-курс студенті

Жаздық көйлектің сәнін

 қандай түс келтіреді?  

34

Сұлулық әлемі



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Сәуір  айында 



өткен    Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы 

Президентінің сай-

лауы  еліміздегі  

саяси тарихи оқиға 

деп  бағаланды. 

Шет  мемлекет-

т е р д ен   к е л г ен 

байқаушылардың 

б а р л ы ғ ы   д а 

халықтың    да-

у ы с  

б е р у 

белсенділігіне,  бірлікке  таңқалып,  риза  бо-

лып  кетті.  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 

мемлекеттік университетінің профессоры, филосо-

фия ғылымдарының докторы Сапар Қолдыбаевты  

әңгімеге тартқан едік.

– Сапар Әбдіғалиұлы, Қазақстан Президентінің 

сайлауы елімізде бірнеше рет өтті. Сіз осы жолғы 

сайлауды қалай бағалайсыз?

– Сәуірдің 26 - да өткен  Қазақстан Республикасы 

Президентінің сайлауы ең алдымен халықтың  Елба-

сына  деген  сенімін  көрсетті.  Сайлаушылардың  97,5 

пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа  дауыс берді. Бұл бүгін 

бола салған, жылтырақ көрсеткіш емес. Бұл Елбасының  

көп  жылдар  бойы  халқының  алдында,  Қазақстан 

үшін    еткен  еңбегінің  жемісі,  еңбек  арқылы  келген 

халқының алдындағы беделі.  Алдымен экономикаға 

маңыз  берген  ірі  саясаткер  еліміздің  экономикалық 

өркендеуін жүзеге асырды, сол арқылы Қазақстан қазір 

Орта  Азия  мемлекеттері  арасында  көшбасшы  елге 

айналды. Өзі дүниежүзі мемлекеттері басшыларының, 

саясаткерлерінің арасында беделді лидер болып отыр. 

Қазір Астанамен дүниежүзіндегі Біріккен ұлттар ұйымы, 

ЮНЕСКО,  Халықаралық  валюта  қоры,  Еуропалық 

одақ секілді басқа да  беделді халықаралық ұйымдар 

санасады.  Сондықтан  Қазақстандағы  Президент 

сайлауының  нәтижесі күтпеген оқиға емес, бұл осылай 

болуға тиісті күткен заңды іс болатын. 

Біздің    сайлаушылардың  да  саяси  көзқарасы 

қалыптасқан,  толысқан,  айналадағы  ақпараттардан 

толық  хабардар  дер  едім.  Қазір  халықаралық 

жағдайдың, дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстың  

өкпеден қысып отырғанын олар жақсы біледі. Қазақта 

«Өткелде  ат  ауыстырмайды»  деген  жақсы  өмірлік 

тәжірибеден  айтылған  тәмсіл  бар.  Бүгінге  дейін 

еліміздің экономикасын көтерудегі ғаламат істер Елба-

сына деген халық сенімінің кепілі болатын. 

– Бүгін дүние жүзіндегі  экономикалық, қаржылық 

және айналамыздағы қалыптасып отырған  саяси 

дағдарыс неге байланысты?

Қазір жалпы алғанда, дүние жүзүндегі қалыптасып 

отырған  жағдайды  күрделі  деуге  болады.  Көптеген 

елдерде ереуіл басылмайды, көптеген жерлерде қан 

төгіліп жатыр.  Ал Қазақстан  тұрақтылықтың үлгісін 

көрсетіп  отыр.  Бұл  туралы    Елбасы  Нұрсұлтан  На-

зарбаев анық та, нақты айтқан болатын. Қазақстанда 

ең  бастысы  саяси  дағдарыс  жоқ!  Сонымен  қатар 

экономикалық  дағдарыс  та  жоқ.  Әрине,  Елбасы 

айтқандай, сыртқы экономикалық дағдарыстың салда-

рынан қалыптасып отырған қиындықтар жоқ емес.  Ре-

сей рублінің құнсыздануы қатар жатқан, алыс-берісіміз 

жиі  ел  болғандықтан  бізде  де  біршама  қиындықтар 

туғызды.  Ресей  рублі  қазір  жан-жақтан  салынған 

санкциялардың  салдарынан  нығайып кете алмай тұр. 

Бірақ  Елбасы  теңгенің  құнсызданып,    құлдырауына 

жол  бермейтінімізді  айтты.  Мұның  өзі  еліміздегі  ішкі 

тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 

Алайда,  қазір  дүниежүзінде  экономикалық,  саяси 

күрделі  жағдайдың  қалыптасып  отырғанын  тағы  да 

айтқым келеді. Ол әсіресе, Батыс елдері мен Ресейдің 

арасындағы тай-таластан көрініп отыр, Еуропалық одақ 

та дағдарыста. Ресей өзінің геосаяси мүддесін көрсетті, 

ал бұл батыс елдеріне ұнамайды. Екі ірі орталықтың 

арасындағы тай-талас Украинадағы қантөгісті жағдайға 

алып келді. Екіншіден Еуропалық одақтағы дағдарыстан 

Еуропадағы  дамып кеткен  Германия, Франция, Ан-

глия секілді елдер мен дамуы тежеліп, халықаралық  

қарызға белшесінен батып отырған Греция, Испания 

секілді елдер арасында айырма, алшақтық өсіп кетті. 

Олардың бір жағы Еуропалық одақты сақтағысы келеді, 

екінші  жағы  одан  шыққанды  дұрыс  деп  есептейді. 

Мысалы, Англия бұл ұйымнан шыққысы келеді, Гре-

ция  да  шыққысы  келетінін  мәлімдеп  отыр.  Осының 

барлығы  да  Батыс  елдеріндегі  дағдарысты  көрсетіп 

отыр. Еуропадағы осындай күрделі жағдайлар қалған 

өңірлерге сабақ болғандай. Сондықтан Қазақстан ішкі 

саяси және экономикалық тұрақтылықты дамыту үшін 

барлық мүмкіндікті жасап жатыр. 

– Біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық 

экономикалық  одақтың  құрылуына  бастамашы 

болды ғой? Осы одақтың нәтижесі қалай болады?

– Еуразиялық экономикалық одаққа алдымен Ресей, 

Қазақстан, Белорусь кірді. Қазір оған Қырғызстан мен 

Армения кіруге аса белсенділік танытып отыр. Алдағы 

таяу  уақыттарда  одақ  бес  елден  тұратын  болады. 

Экономикалық одақ қажет, қажеттігін көрсетіп те отыр. 

Өйткені оған мүше әр елдің өзінің  экономикалық жетпей 

тұрған қажеті болады. Мысалы, Қазақстанды алайық. 

Біздің  еліміз  ондаған  жылдар  бойы  шикізат  өндіруші  

өңір  саналды.  Бұл  орайда  жағдайы  бізден  тәуір 

болғанымен Ресей де шикізат өндіруші елге жатады. Үш 

елдің арасында Белорусьте ғана  өңдеуші өндіріс жақсы 

дамыған.  Белорусь  өндірісінің,  өңдеу  өнеркәсібінің  

жақсы  дамығаны  Батыс  елдеріне  ұнай  қоймайды. 

Сондықтан бұрынғы Кеңестер одағында болған  елдер 

арасында бір біріне алыс берісте, тауар айналымында, 

дамуда  қолдауы  болмаса,  ешқандай  кедергісі  жоқ 

біріңғай нарық құру керек болды. Экономикалық одаққа 



«Сайлау Елбасына халықтың сенімін көрсетті»

дейді профессор Сапар Қолдыбаев

Дуалы ауыз

4

C



M

Y

K



өрнектеп,  қыз  балалардың  өздерінің  бір  ерекше 

қаріптерімен  «Мұрат»  деп  жазылған.  «Мұратың 

кім,  құдай-ау,  одан  да  сабағыңды  оқысаңшы. 

Әй,  қыздар-ай»  деп,  іштей  ойладым  да  қойдым. 

Керегімді алған соң, дәптерін өзіне қайтып бердім. 

–  Ақжан,  рахмет.  Мұраттың  есімі  жазылған 

парақты мен бірінші көрдім, мұғалім көргенде ұят 

болып қалар еді, маған қарыздарсың. Әзілім ғой, 

жақсы, рахмет,– деп,тез айттым да, орныма кеттім. 

Ақжан сәл ұялып қалды. Мүмкін дәптердің ішіне 

салғанын ұмытып кеткен болар. Махаббат, шіркін, 

кімді болсын мас қылмай ма? 

Бұл  оқиғадан  кейін  біраз  күндер  өтті.  Кезекті 

сабақ  күні.  Мұғалім  жаңа  тақырып  түсіндіріп 

жатқан  болатын.  Кенеттен  сыныпқа  тәрбие  ісінің 

меңгерушісі Тілеген ағай кіріп келді. Бәріміз орны-

мыздан тұрып, амандасқан болдық. Ол кісі де ба-

сын изеп, оң қолымен отыра беріңдер деген ишара 

көрсетті. Біздің мұғалімге қарап, Тілеген ағай:

–  Рұхсат  болса,  осы  сыныптың  бес  оқушысын 

алайын деп едім бірер минутқа, маған тығыз ша-

руамен керек болып тұр еді,–деді. 

Пән  мұғалімі  келісті.  Тілеген  ағай,  оқушыларға 

қарап: 


–  Ғани,  Ақжан,  Жасұлан,  Айнұр  және  Ержан,  – 

деді. Бесеуміз орнымыздан тұрып, ағайдың соңынан 

ердік. Ұзын дәлізбен үнсіз жүріп келеміз. 

– Неге сұрап алды екен?-деп, менен Ғани баяу 

үнмен сұрады.

– Білмеймін, досым. Ешнәрсе бүлдірмеген сияқты 

едік. 

Ар  жағымызда  үшінші  болып  келе  жатқан 



Жасұлан іле әңгімеге қосылып:

– Ең бастысы сабақтан құтылып кеттік емес пе? 

Әйтпесе, енді кішкене отырғанымда жарылып кетер 

едім,– деді.

– Иә, досым, кішкене демалып қалатын болдық– 

дедім мен.

Бесеуміз  Тілеген  ағайдың  ізінен  бір  елі  қалмай 

келеміз.  Қайда  апара  жатыр  екен?  Сәл  жүргесін 

белгілі  болды.  Өзінің  кабинетіне  беттеп  барады. 

Бәлкім, сыныптың тәртібі жайлы сөйлесуге немесе 

қайырымдылық қоры деп ата-анамызға хат беріп 

жіберейін  деп  жатқан  шығар.  Сан  түрлі  ойдың 

құшағында  ағайдың  кабинетіне  кірдік.  Мұғалім 

рұқсатымен  орындықтарға  да  жайғасып  алдық. 

Ұстаздың түрі де суықтау кісі еді. Қабағы қатулы 

жүретін.  Кейбір  бұзықтарға  ұрысқанын  талай 

көргем.  «Тіл  тас  жармаса,  бас  жарады»  деген 

сөздің құдыретін осы ағайдан байқарсың, сөздері 

сай  сүйегіңді  сырқырататын  шешендігі  бар.  Сол 

шешендік өнерімен «жылы-жылы сөйлесең жылан 

інінен  шығар»  деген  нақыл  сөздің  де  шындығын 

көрсетеді. Көркемдеп сөйлеу Тілеген ағайдың өзіндік 

қаруы десек те болады. Біз жайғасып болған соң, 

сөзді бірінші болып ұстаздың өзі бастады:

– Оқушылар, әңгіме былай. Сендерді шақырған 

себебім,бүгін  маған  таңертең  ұсыныс  келіп  түсті. 

23-ші  қараша  бес  баладан  тұратын  командалық 

сайыс  өтеді.  Жарыс  түрлі  тақырыптарда,  түрлі 

бөлімдерден тұрады. Ішінде білім де, өнері де – бәрі 

бар. Республикалық деңгейде Алматы қаласында 

өтеді. Сендерді үздік деп таңдап алдым. Ендігі менің 

ұсынарым, осы сайысқа қаласаңдар, оқушыларым, 

сендерді апарайын...

Біз не дерімізді білмей қалдық. Біріміз бірімізге 

қараймыз.  Үлкен  жауапкершілік  екенін  бірден 

түсіндік. Сәл үнсіздіктен кейін, ағайды көп күттірмей, 

Ғани:

– Мен барамын, ағай! – деді.Ғанидан кейін отыр 



едім,  ағай  назарын  маған  аударып,  иегін  көтеріп 

менің  ойымды  сұрағанын  білдірді.  Мен  де  өз 

кезегімде кідірместен:

– Жаман емес, барып Алматыны көріп қайтайық, 

қандай қызықтар күтіп тұр екен, – деп, тез жауап 

бердім.  Сендер  ше  деп,  ұстаз  қалғандарынан 

сұрады. Олар да бірауыздан келісім берді. Тілеген 

ағай: 


–  Жақсы  онда.  Мен  де  сендерден  осы  жауап-

ты  естігім  келіп  еді.  Жетекшілерің  мен  боламын. 

Алматыны  да  көрмегелі  біраз  болды,  әйтпесе,  – 

деп,  қуанып қалды. – Ендігі мәселе – деп, сөзін 

жалғастырды  ағай.  –  Ендігі  мәселе,  сендердің 

ата-аналарыңның  рұқсаты  керек,  содан  жарысқа 

дайындықты  бастап  кетеміз,  өздерің  білесіңдер 

уақыт  аз  қалды,  небәрі  14  күн,  міне,  екі-ақ  апта 

қалды, – деп, күнтізбені санай бастады. 

К ү т п е г ен   ж е р д ен   қ у а н ы ш т ы   ж а ң а л ы қ 

естіп,  көңіліміз  көтеріліп  қалды.  Тәрбие  ісінің 

меңгерушісінен бұрын ұрыс қана естіп жүретін едік, 

енді міне, көңілге жағар сөз де естідік. Алматы жай-

лы естігеніміз болмаса, көзбен көрмегенбіз. Теледи-

дардан Алатаудың басы мен етегін көріп жүргеніміз 

ғана бар, анда-санда ата-әжеміздің ескі суреттерін 

көріп,  Алматы  осы  екен  ғой  дейміз.  Медеу  мен 

Көктөбесі ғажап деп жатады. Ауыл балаларына Ал-

маты құпия. Сонау Торғай мен Алматы арасы жақын 

да емес. Ұшқан құстың қанаты талар қазағымның 

жері байтақ қой. Өнер қаласы, ғашықтар қаласы. 

Көптеген өнер туындылары мен әдебиет әлемі осы 

Алма – атаның төрінде туды емес пе? 

Сабақтан  соң  тезірек,  қуанышым  ішіме  сый-

май, анам келіссе екен деп іштей тілеп, жол бойы 

қиялмен Алматыға сапар шегіп қоям. Үйге келісімен:

–  Мама,  қайдасыз?  Мама!  Мен  кетем, 

рұқсатыңызды беріңіз? 

Анашым газет оқып отыр екен:

–  Балам,  мен  мындамын,–  деп,  қонақ  бөлмеге 

шақырды. Мен шапшаң қимылдап, қонақ бөлмеге 

де жеттім.

– Мама, мектеп бізді Алматыға жіберіп жатыр. 

Барайықшы келісесіз бе? – дедім. Анам болса:

–  Ұлым-ау,  сонау  жаққа  не  үшін  барасыңдар? 

Кіммен барасыңдар? Жалғызым, қалай барасыңдар 

онда? – сұрап жатыр.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал