Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

9. ЛОРО, НОСТРО шоттары арқылы есеп айырысу есебі тәртібі. 
Клиенттерге  кассалық  есеп  қызмет  көрсету  үдерісінде  және  төлемдерді  жүргізуде  банктер  бір-бірімен  корреспонденттік 
қатынастарға түседі. Бұл кезде екі түрге бөлінетін корреспонденттік шоттар ашылады: 
«НОСТРО» шоты (латынша «ностро» - «біздің» деген мағынаны береді, яғни «сіздегі біздің шот»); 
«ЛОРО» шоты (латынша «лоро» - «сіздің» деген мағынаны береді, яғни «біздегі сіздің шот»). 
«НОСТРО» типтес шоттарды қандай да бір банктер корреспондент банкттерде ашады, ал «ЛОРО» типтес шоттар - респондент 
банктердің  атына  ашылады,  сонымен  қатар  аталған  шоттар  өзара  негізде,  сондай-ақ  бір  жақты  да  ашылуы  мүмкін.  Бір  банктегі 
«НОСТРО» шоты корреспондент банктегі «ЛОРО» шоты болып табылады. 
Корреспонденттік  шоттар  бойынша  операцияларды  көрсету  үшін  қажетті  шоттар  ашылады.  Корреспонденттік  шотқа 
корреспон-денттік шоттарға қаржы қалдығы көлемінде өткізуге қабылданған әр төлемнің сомасы қосылуы тиіс. 
Бір  банктің  басқа  банкте  корреспонденттік  шот  ашу  және  жүр-гізу  тәртібі  банктер  арасындағы  өзара  мәміле  бойынша 
анықталады. 
Банктер  мен  банктік  емес  ұйымдардың  бейрезидент  банктермен  корреспонденттік  қатынастары  банк  тәжірибесінде 
қолданылатын іскерлік айналыс тәртібімен және келісімдермен реттеледі. 
Банктер  Ұлттық  банктің  корреспонденттік  шот  ашуға  және  жүргізуге  берген  лицензиясы  болған  жағдайда  ғана 
корреспонденттік  шот  аша  алады  және  жүргізе  алады.  Бұл  кезде  банктерге  лицензия  ҚР  заң  актілеріне,  соның  ішінде  банктерді 
лицензиялау мәселелерін реттейтін Ұлттық банктің нормативтік құқылық актілеріне сәйкес беріледі. 
Респондент корреспонденттік шот ашу үшін корреспондентке келесі құжаттарды ұсынады: 

корреспонденттік шот ашуға өтініш (1-қосымша); 

банктер үшін банктік операциялар жүргізуге берілген лицензияның нотариалды бекітілген көшірмесі; 

банктік емес мекемелер үшін аударым операцияларын жүргізуге берілген лицензияның нотариалды бекітілген көшірмесі. 
Корреспонденттік  шот  ашу  кезінде  респондент  корреспонденттің  қаржылық  жағдайын  талдайды  және  өзінің  өкілетті 
органының негізінде корреспонденттік шот ашады. 
Корреспонденттік  шот  жасалған  корреспонденттік  шот  келісімі  негізінде  ашылады.  (2-қосымша).  Корреспонденттік  шот 
келісімі келесі деректемелерден тұруы тиіс: 

келісім мәні; 

салық төлеуші респонденттің салық қызметі органынан берілген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі

корреспонденттің қызмет көрсету шарттары және оны төлеу тәртібі; 

респондент ақшасын қолдану тәртібі; 

төлем құжаттарын жолдау тәртібі және төлем немесе ақша аударымы туралы ақпарат алмасу әдістері; 

корреспонденттің    респондентке  тоқсандық  қаржылық  есеп  беруді  ұсыну  тәртібі  соның  ішінде  бухгалтерлік  балансты, 
қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп беруді, ақша қозғалысы туралы есеп беруді және қажет болса қаржылық есеп 
берудің  басқа  да  нысандарын  ұсыну  тәртібі,  олардың  негізінде  несиелік  және  өтімділік  тәуекелдігін  бақылау  және  төмендету 
мақсатында респондент корреспонденттің қаржылық жағдайын талдайды; 

корреспонденттің  респондентті  Ұлттық  банктің  корреспонденттік  шот  ашуға  және  жүргізуге  берген  лицензияны  қайтарып 
алғандығы жөнінде уақтылы хабардар ету жауаптылығы; 
келісімнің әрекет ету мерзімі және бұзылу тәртібі; 

дауды шешу тәртібі: 
 

Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да шарттар. 
Корреспонденттік шотты жүргізу үшін келесі жалпы талаптар қойылады. Өзінін корреспонденттік шоты бойынша респондент 
ҚР заңдарына және корреспонденттік шот келісіміне қайшы келмейтін операцияларды жүзеге асыруға кұқылы. 
Атап кететін жайт, респонденттің корреспонденттік шоты бойынша корреспондент банктік операцияларды корреспонденттің 
өкілетті  органында  бекітілген  корреспонденттік шоттар  ашу  жүргізудің  ішкі  ережелеріне  сәйкес  жүзеге  асырады.  Бұл  кезде  аталған 
ереже келесі деректерден тұруы тиіс: 

респонденттің корреспонденттік шоты бойынша төлем жүргізу және ақша аударымын жасау тәртібі; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

электронды тәсілмен төлем құжаттарын жолдау кезіндегі электронды хабарлар пішімі; 

респондентке  оның  корреспонденттік  шоты  бойынша  жазба  ұсыну  тәртібі  және  респонденттің  корреспонденттік  шоты 
бойынша банктік қызметтер көрсету және төлемдерді немесе ақша аударымын жүргізу бойынша корреспонденттің өз міндеттемелерін 
уақтылы орындауын бақылаудың басқа да нысандары

респонденттің корреспонденттік шоттағы ақша қалдығына сыйақы қосу тәртібі (егер мұндай жүргізілсе); 

респонденттің корреспонденттік шотына қызмет көрсеткені үшін комиссия алу реті; 

корреспонденттің  қарауы  бойынша  басқа  да  шаралар.  Операциялық  күн  соңында  корреспондент  респонденттің 
корреспонденттік шоты бойынша ақша қозғалысы туралы жазба әзірлейді және оны оған жолдайды. Осы жазба бойынша респондент 
өткізілген төлемдер сомасының, бенефицар деректемелерінің дұрыс көрсетілуін және төлемдерді өткізу немесе ақша аударымдарының 
дұрыстығын тексереді. Тексеру нәтижесінде анықталған корреспонденттік шоттар бойынша корреспонденттің, сондай-ақ респондент 
тарапынан болған барлық сәйкессіздіктер ҚР заңдарына және корреспонденттік қатынастар туралы келісімге сәйкес реттеледі. 
Ағымдағы  айдағы  төлемдерді  респонденттер  Ұлттық  банкте  реттелген  лимит  көлемінде  банктер  мен  басқа  банктік  емес 
ұйымдарда  ашылған  корреспонденттік  шоттар  арқылы  жүзеге  асырады.  Аталған  лимит  алдыңғы  айда  ҚБЕО  төлем  жүйесі  арқылы 
өтетін  респонденттің  қолма-қол  емес  төлемдерінің  жалпы көлемінен  пайыздық қатынас көлемінде  есептеледі.  Бұл  кезде  респондент 
есептік айдың 10 күнінен кешіктірмей Ұлттық банкке басқа банктер мен банктік емес ұйымдарда ашылған корреспонденттік 
шоттар арқылы жүргізілген төлемдер саны және келемі туралы мәліметтер ұсынады (3-қосымша). 
Банктер  арасындағы  корреспонденттік  қатынастар  жасалған  келісімнің  оны  бұзу  тәртібі  жөніндегі  шарттарына  сәйкес 
тоқтатылады. Бұл кезде корреспонденттік шот жабылады. Оны жабу үшін респондент ксрреспондентке корреспонденттік шотты жабу 
туралы қалдықты бекіте отырып, шоттағы қаржы қалдығы аударылатын деректемелерді белгілеп өтініш ұсынады. 
Корреспонденттік шотты жабу келесі жағдайларда жүзеге асырылады: 

респондент өтініш бойынша кез келген уақытта, егер бұл заңда немесе келісімде белгіленбесе; 

корреспонденттік шот келісімінің әрекет ету мерзімі тоқталған кезде; 

корреспонденттен Ұлттық банктің корреспонденттік шоттар ашу және жүргізуге берілген лицензиясы қайтарылғанда; 

респонденттен  Ұлттық  банктің  банк  операцияларын  өткізуге  берілген  лицензиясы  қайтарылып  алынғанда,  егер  ол  банктік 
ұйым болып табылса; 

респонденттен, аударым операцияларын жүргізуге берілген Ұлттық банк лицензиясын қайтарып алғанда, егер ол банктік емес 
ұйым болып табылса; 

заңдылықтарда немесе корреспонденттік шот келісімімен қарастырылған басқа да жағдайларда. 
Корреспондент  пен  респондент  арасындағы  келісім  шарттарына  сәйкес  оның  біреуінен  корреспонденттік  шот  ашу  немесе 
жүргізу  лицензиясы  кері  шақырылғанда  немесе  респондент  корреспонденттік  шотты  жабу  кезінде,  корреспондент  респондент 
көрсеткен шотқа ақша аударымын аударуға міндетті. 
Корреспонденттік  шотты  пайдалану  негізінен  шоттағы  қаражаттың  ең  теменгі  қалдығымен,  ал  ішінара  комиссиялық 
сыйақыларды төлеу жолымен теленеді. Бұл кезде корршоттағы несиелік ресурстар талап ету депозиттерін ұсынады. Сол себепті әдетте 
керсетілген шоттар бойынша қалдықтар есеп айырысу операцияларын өткізуге қажетті ең темен деңгейде ұсталынады. 
Банктегі корреспонденттік шоттары арқылы төлеуде темендегідей шоттар корреспонденциясы құрылады: 

Ақша жөнелтуші банкте: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»; 
Кт 1052 «Банктің баска банктердегі корреспоенттік есеп шоттары». 

Алушы банкте: 
Дт 2013  «Банктің басқа банктері корреспонденттік есеп-шоттары»; 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»; Бір бас банк қызмет көрсететін екі филиалдар арасындағы есеп айырысуда келесі 
корреспонденттік шоттар құрылады. 
Ақша алушы банкте: 
Дт 1350 «Банктің филиалдарымен есеп айырысуы»;  
Кт 2203 «Клиенттердің ағьмдағы шоттары». 
Егер алушы клиентке басқа банк қызмет көрсетсе, онда бас банкте бухгалтерлік өткізбе жасалады: 
Дт 2150 «Банктің филиалдарымен есеп айырысуы»; 
Кт 1051, 1052 «Банктің Ұлттық банктегі және басқа да банктердегі корреспонденттік шоты». 

Алушы банкте: 
Дт 1051, 2013 «Банктің Ұлттық банктегі және басқа да банктердегі корреспонденттік шоты»; 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары». 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Банктік шотты ашу, жүргізу және жабу тәртібіне сипаттама беріңіз.  
2. 
Төлем тапсырмасы және төлем талап тапсырмасымен есеп айырысу тәртібі неде?          
3. 
ЛОРО, НОСТРО шоттары арқылы есеп айырысу есебі тәртібіне сипаттама беріңіз 
 
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп . Алматы: Экономика, 2007 
2.
 
Закон о платежах и переводах денег от 28 июля 1998 г. 
3.
 
 
Инструкция «О порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов     клиентов в банках РК»  2002 г 
4. Правила использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории 
РК № 1155 от 14 июня 2000 г. 
 
 
Кассалық операциялары және шетел валюталармен жүргізілетін операциялар есебі  
Дәрістің мақсаты:  
банктегі кассалық операциялары және шетел валюталармен жүргізілетін операциялар есебін 
қарастыру 
1.
 
Валюталық операциялар түрлері. 
2.
 
СПОТ және Форвард операцияларының есебі. 
3.
 
СВОП және Опцион операциялар есебі. 
4.
 
Айырбас пунктін ашу тәртібі және есебін ұйымдастыру. 
6.
 
Коммерциялық банкте кассалық жүмысты ұйымдастыру тәртібі. 
7.
 
Қолма-қол ақшаны кіріс кассасына қабылдау жөне оны есепте бейнелеу.  
8.
 
Қолма-қол ақшаны шығыс кассасынан беру есебінің тәртібі.  
9.
 
Инкассацияланған ақша түсім есебі мен үйымдастырылуы. 
 
1. Валюталық операциялар түрлері. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Валюталық  құндылықтармен  жүргізілетін  операциялар  екі  түрге  бөлінеді:  ағымдағы  валюталық  операциялар,  олардың 
құрамына елден валюта аудару және керісінше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, 
қаржылық несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады. 
Шетел  валютасыңда  банктік  операциялар  жүргізуге  лицензияларды Ұлттық  банк  шексіз  мерзімге  береді  және  атаулы  болып 
табылады,  яғни  үшінші  тұлғаларға  берілмейді.  Банк  валюталық  операциялардың  лицензияда  көрсетілген  жағдайда  және  келесілерге 
сәйкес жүргізуге құқы бар: 
• шетел валютасындағы қаражаттарды заңды және жеке тұлғалардың шотына және салымына орналастыруға және қабылдауға
• банктер  мен ұйымдарға шетел  валютасында  несие және қарыздарды тарту және ұсыну; 
• заңды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру; 
• валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды белгілеу; 
• өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету; 
• шетел валютасында саудалық және саудалық емес операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; 
• халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операцияларды жүзеге асыру. 
Валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген банктер уәкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін 
анықтайтын  негізгі  фактор  банктің  көлемі,  оның  репутациясы,  бөлімшелермен  филиалдардың  шетелдік  желісінің  даму  деңгейі, 
жасалатын  халықаралық  банктік  есеп  айырысудың  көлемі  болып  табылады.  Сондай-ақ  банк  және  оның  валюта  саясаты  орналасқан 
орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады. 
Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік 
шоты болмаса, онда оны ашу үшін келесі құжаттар үсынылады: 
• нотариалдық куәландырылған кұрылтай құжаттарының көшірмесі; 
• занды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы; 
• уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері; 
• салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама; 
• Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі туралы куәлік. 
Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер көшірмесі бар заңдық іс жасалынады. 
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі кұжаттарды ұсынуы қажет: 

шот ашу үшін арыз (1-қосымша); 

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

клиенттің  салық  есебіне  тіркелгендігін  растайтын салық қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат мемлекеттік 
тіркеуден  өткендігін  растайтын  уәкілетті  орган  берген  құжаттың  көшірмесі  немесе  соған  теңесетін  құжат  (патент  немесе  лицензия) 
көшірмесі. 
Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар заңды болуы қажет: уәкілетті банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып 
алынған  экспортты  валюталық  түсім,  жарғылық  капиталга  салым,  қаржылық  көмек,  дайырымдылықтар,  сыйлықтар,  несиелер, 
қарыздар,  валюта.  Заңды  тұлғалар  шетел  валютасындағы  несиені  тек  бейрезидент  тұлғалармен  есеп  айырысу  үшін  және  шетел 
валютасында алынған банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы 
валюталық қаражаттарды сатып алуға берілетін арыз арқылы (2-қосымша) және кросс-операция (айырбастау) (3-қосымша) бойынша 
жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша). 
Тауарды  импорттау  (жұмыстар  мен  қызметтер)  бойынша  келі-сімшарттардың  төлемі  алдын  ала  валюталық  шоттан  төленген 
кезде клиент банкке тиісті өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. Ұсынылатын құжаттар негізінде валюталық шот 
ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын нөмір беріледі. 
000    000       000  
  
 
 
  1       2           3 
 
 
Мұндағы: 1 -   валютаның коды; 
2
 
-   
шоттың баланстық номірі; 
3
 
-   
клиенттің нөмірі (жеке). 
 
Онда  шоттың  ашылған  күні,  клиенттің  атауы,  нөмірі  және  қосымша  ақпараттар  жазылатын,  валюталық  шоттарды  тіркеу 
кітапшасы  жүргізіледі.  Сол  уақытта  клиенттерге  папка  ашылады:  онда  шот  бойынша  ақша  қаражаттарымен  байланысты  барлық 
материалдар жиналатын заңды іс және дербес шот керсетіледі. 
Жоғарыда  айтылғандай,  банктер  шетел  валютасында  операция  жүргізу  үшін  лицензия  алулары  қажет.  ҚР  ¥лттық  банкі 
лицензиялауды  заңдылықтарға  сәйкес  жүзеге  асырады.  Бүгінгі  күні  шетел  валютасында  қолма-қол  есеп  айырысу  негізінде  бөлшек 
сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлекет заңдылықтары бойынша кұқықтарына сәйкес шетел 
банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия беріледі. 
Кейбір  шетел  валютасындағы  операциялар  Ұлттық  банкке  тіркелуі  қажет,  мысалы, 100 мың  АҚШ  долларынан  асатын  ақша 
қаражатының  бейрезиденттен  резиденттердің  пайдасына  өтетінін  қарастыратынын  капитал  қозғалысымен  байланысты  операциялар. 
Ұлттық   банк   қаржылардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына өтуін қарастыратын капитал қозғалысымен байланысты 
валюталық операциялардың келесі тіркеу тәртібін анықтаған: 
- 180 
күннен асатын мерзімге дейінгі алынатын несие; 
180  күннен  асатын  мерзімге  резиденттердің  экспорттык  мәмілелерін  бейрезиденттердің  несиелеуіне  байланысты  есеп 
айырысуларды жүзеге асыру; 

180  күннен  асатын  мерзімге  резиденттердің  импорттык  мәмілелерін  бейрезиденттердің  несиелеуіне  байланысты  есеп 
айырысуларды жүзеге асыру; 

Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы; 

жылжымайтын мүліктерге мүліктік және басқа да құқықтар төлемдеріне аударымдар; 

бейрезиденттердің  180  күннен  асатын  мерзімге  резиденттердің  экспорттық  мәмілелерін  несиелеумен  байланысты  есеп 
айырысуларды жүзеге асыру. 
Жекелеген  валюталардың  ұзақ  немесе  қысқа  позицияларында  бірінші  кезекте  мүмкіндігі  болатын  қолма-қол  өтелмеген 
мәмілелермен байланысты олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық операцияларды жүргізу кезінде 
банктер әр түрлі тәуекелге бел буады. 
Валюталық  позиция  банктің  шетел  валютасындағы  талаптар  мен  міндеттерінің  арақатынастарын  білдіреді.  Олардың  нақты 
валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді, ал тең келмеуі кезінде - ашық. 
Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған 
табыспен басқа сату мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді. 
Валюталық  бағам  Банк  үшін  жағымсыз  бағытта'  өзгеруі  мүмкін  болғандықтан,  ашық  валюталық  позиция  банктің  зиян  шегу 
тэуекелімен байланысты. Сондықтан да ¥лттық банк , оның мөлшерін шектеп, арнайы бөлек есептілікті тағайындайды. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талап-тардан жоғары болса ашық валюталық позиция қысқа болуы 
мүмкін және егер сатып алынған валюталар бойынша талаптар оларға деген міңдеттемелерден жоғары болса, онда ұзақ болуы мүмкін. 
Ашық валюталық позициясының шегі қатаң валютадағы банктің жарғылық капиталының 30% құрауы керек, ал ұзақ валюталық 
позиция жұмсақ валюта бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық капиталдьщ 50% құрауы керек. 
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап 
өнеркәсібі  дамыған  елдерде  валютаны  жедел  ұсыну  («спот»)  және  мерзімді  (форвордтық)  мәмілелер  кең  қолданылды,  соңғылары 
валюталық  реттеу  объектілері  болып  табылады.  Жетпісінші  жылдардан  бастап  биржада  фъючерстік  және  опционды  валюталық 
мәмілелер  дамыды.  Бұл  алып-сатарлық  мәмілені  және  валюталық  тәуекелден  сақтандырудың  жаңа  нысаны.  Қолма-қол  валюталық 
операцияларды  көп  банктер  жүзеге  асырады,  мерзімді  операциялар  мен  «своп»  мәмілелерін  негізінен  ірі  банктер,  ал  опционды 
операцияларды  ірілендірілген  банктер  жүзеге  асырады.  Жедел  ұсыну  («своп»)  валюталық  операциялары  өте  кең  таралған  және 
төленген мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі бағам бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші 
күні валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде. 
«Свифт»  электрондық  байланыс  құралының,  банкаралық  электронды  аударымдар  жүйесінің,  мысалы,  АҚШ-та  ЧИПС, 
Лонданда ЧАПС және т.с.с, компьютерлік өңдеудің кең таралуы «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеңнен келесі күнге дейінгі» бір 
күндік  депозиттерді  орналастыру  операцияларын  тез  жүзеге  асыру  үшін  айтарлықтай  мүмкіндік  береді.  Алайда  дәстүрлі  валюталық 
операция негізінде «спот» мәмілесі және базалық бағам ретінде «телеграфты аударым бағамы» деп аталатын «спот» бағамы танылып 
қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: мерзімдікте сол сияқты валютаны жеткізудің 
қысқа мерзіміндегі бір  реттік мәмілеге арналған бағам. 
Жедел  ұсынумен  байланысты  валюталық  операциялар  валюталық  позицияның  ең  мерзімді  элементі  болып  табылады  және 
белгілі  бір  тәуекелді  өз  мойнына  алады.  Банктер  «спот»  операциясының  көмегі  арқылы  өз  клиенттерінің  шетел  валютасындағы 
кажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде «капыл»
1
 
ақшалардың бір валютадан басқаға ауыстыра отырып төрелік 
және алып-сатарлык операцияларды жүзеге асырады. 
Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фьючерстік) — шарт жасаган кезде тіркелген бағам бойынша 
шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық 
мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі ерекшелігі байқалады: 
1. шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнінен бастап 
кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім шегіңдегі кез келген кезең. 
2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде тіркеледі. 
«Спот» және «форвард» мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, «спот» 
бағамы  бойынша  жеңілдік  (дисконт  -  dis  немесе  депорт  -  D)  ретінде  немесе  егер  жоғары  болған  кезде  сыйақы  ретінде  анықталады. 
Сыйақы  мерзімі  бойынша  жасалған  мәміледе  валюта  қолма-қол  операцияға  қарағанда  кымбат  айырбасталады  дегенді  білдіреді. 
Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік 
немесе сыйақы көлемі «спот» бағамына қарағанда тұрақты. Сондыктан банк аралық нарықта мерзімді мәмілелердің бағамын белгілеу 
кезінде көбінесе сыйакымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйакы «спот» бағамынан 
шегеріледі.  Сыйақы  және  дисконт  әдісі  бойынша  емес,  сандық  белгіде  белгіленетін  мерзімді  мәміле  бойынша  валюта  бағамы 
«аутрайт» бағамы деп аталады. 
Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға жүргізіледі: 
•  коммерциялык  мақсаттағы  валюта  айырбасталымы,  валюталық  түсімдерді  валюталық  тәуекелді  сақтандыру  үшін  қажет 
төлемдерді сатып алуы немесе сатуы; 
• валютальіқ бағамының төмендеуіне байланысты болатын шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық 
капитал салымдарын сақтандыру; 
• бағам айырмасы есебінен алып-сатарлық пайда алу. 
 
Вялюталық  опцион  сатып  алу-сату  (лат.    оріtо,  орtіоns  -таңдау)  -  келісілген  мерзім  аяқталғанға  дейін  мәмілені  жасау 
кезінде белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу (саll 
мәмілесі  -  сатып  алушы  опционы)  немесе  сату  (put  мәмілесі  -сатушы  опционы)  құқығын  таңдауға  мүмкіндік  беретін  белгіленген 
комиссияны  (сыйақы)  төлеу  шарты  кезіндегі  келісім.  Опцион  жағдайындағы  мәмілелер  банк  үшін  тәуекелі  жоғары,  сондықтан  ол 
клиентке  аз  табысты  бағамын  белгілейді.  Опцион  бойынша  сыйақы  мөлшері  опциондық  шарттың  аяқталу  күніндегі  жедел  мәміле 
бойынша  валюта  бағамының  есебі  арқылы  анықталады.  Опционды  мәмілелер  сыйақы  көлемінен  асып  түсетін,  бағамдық  ауытқулар 
кезінде  тиімді  болады.  Негізінен  валюталы  опцион  валюталық  тәуекелді  сақтандыру  үшін  қолданылады.  Опциондармен  тек  қана 
банкаралық нарықта ғана емес, сонымен қатар биржаларда қор және тауар биржасында саудаласады. 
Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқымалы валюталық бағамға өту барысында валюталық фъючерстер дамыды. 
Валюталық фъючерс мәмілеге отыру кезіңде алдын ала белгі-ленген бағам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның 
стандарттық  көлемін  сатып  алу  немесе  сату  міңдеттемесін  білдіре-тін  келісім.  Стандарттық  шарттарда  барлық  жағдайлар 
реттелген: сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу тәсілі. Фъючерстермен сауда жасау клирингтік үй арқылы жүзеге асырылады: 
ол әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып алушы болып табылады. 
Қолма-қол  және  мерзімді  операцияларға  сәйкес  валюталық  мәміленің  әр  түрлі  «своп»  мәмілесі  болып  табылады.  «Своп» 
(ағылшын.  swар  -  айырбастау)  -  бұл  белгілі  бір  мерзімге  сол  валюталармен  бір  уақыты  шартты  мәміле  бойынша  жедел  жеткізу 
жағдайындағы екі валюталық сатылу-сатып алуын қарастыратын валюталық операция болып табылады. «Своп» операциясы бойынша 
қолма-қол мәміле «спот» бағамы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге 
клиент  қолма-қол  мәміле  бойынша  сатушы  және  сатып  алушы  бағамының  арасындағы  айырма  маржадан  үнемдейді.  «Своп» 
операциялары банктер үшін өте қолайлы болып табылады: олар ашық позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), оның тәуекелсіз 
қажетті  валютамен  уақытша  қамтамасыз  етеді.  «Своп»  операциялары  тек  валютамен  ғана  емес,  сонымен  қатар  пайызбен  де 
жасалынады.  «Своп»  мәміле  нысанында  банктер  валюталарды,  несиелерді,  депозиттерді,  пайыздық  мөлшерлемелерді,  бағалы 
қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды айырбастауды жүзеге асырады. 
Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтін белгілі бір түрі — бұл төрелік - пайда табу мақсатында валютаны 
бір нарықтан сатып алу және сол уақытта оны сату. Төреліктін айтарлықтай маңызды нысаны - олардың қамтамасыз етілу икемділігін 
жоғарылату  үшін  пайыздық  мөлшерлеме  мен  форвардтык  сыйақы  немесе  дисконт  айырмасы  арасындағы  қатынастарды  банктер 
пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшырамаған пайданы алу жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал