Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

5. Аккредитивпен есеп айырысу - мәні, түрлері және қолданылу шарты
Аккредитив  —  банктің  бір  немесе  бірнеше  банктерге  аккредитивте  көрсетілген  шарт  негізінде  қамтамасыз  етілген  сома 
шегінде жеке немесе заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы. 
Аккредитивтік операция - банктің күрделі делдалдық операциясы. 
Банктер  аккредитивтік  операцияларды  жүргізумен  қатар  аккредитивті  ашқаны  және/немесе  жүргізгені  үшін  клиенттерден 
комиссиялық ақы алады. 
Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредитивтер жатады. 
Ақшалай аккредитив - бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін растайтын құжат және осы банктің бір немесе бірнеше 
банкке аккредитив ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі. 
Құжаттық  аккредитив  —  клиент  өтініші  және  нұсқауы  бойынша  немесе  жеке  өз  қарауы  бойынша,  онда  көрсетілген 
бенефициарға  немесе  оның  бұйрығы  бойынша  төлем  жүргізуге  банктің  міндеттемесін  қарастыратын  құжаттық  есеп  айырысу 
нысаны, сондай-ақ бенифициар қойған аудармалы вексель акцепті 
мен  төлемін  немесе  аккредитивтің  барлық  шарттары  сақталған  жағдайда,  белгіленген  мерзімде  аккредитивте  көрсетілген 
құжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді, яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төленеді. 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкінен  кепіл  операцияларын  өткізуге  лицензиясы  болған  жағдайда  ғана  банк 
аккредитив ашуға  құқылы.   Аккредитив   ашу  үшін   бұйрық   беруші қызмет көрсетуші 
эмитент банкке
1
 
келесі деректемелерден 
тұратын өтінішті ұсынады: 

бұйрық берушінің аты және мекен-жайы; 

бенефициардьщ   аты   және   мекен-жайы,    оның банктік деректемелері

эмитент банктің аты; 

аккредитив түрі; 

аккредитив сомасы; 

аккредитивтің орындалу шарттары; 

аккредитивке қарсы орындалатын құжаттар тізімі; 

аккредитивтің    әрекет    ету    мерзімі,    тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері

аккредитив бойынша банктік шығындарды жабатын тараптар аты. 
Бұл  кезде  аккредитив  ашуға  өтінішті  екі  данада  ұсынады.  Бірінші  данасы  банкте  аккредитив  ашу  үшін  қалады,  ал  екінші 
данасы  қабылданғаны  туралы  белгімен  банк  бекітілген  мерзімде  клиентке  қайтарылады.  Одан  соң  банк  алынған  өтініш  негізінде 
бенефициар  банкке  жолдау  үшін  аккредитивті  рәсімдейді.  Аккредитив  нөмірі,  ашу  орны  мен  күніне  қоса,  ашуға  жазылған  өтініш 
деректемелері  болуы  тиіс.  Сондай-ақ  аккредитивте 
қайтарылатын  немесе  қайтарылмайтын  аккредитив  екендігі  анық  көрсетілуі 
тиіс. Егер мұндай нұсқау болмаса аккредитив қайтарылмайтын болып табылады. 
Қайтарылатын аккредитив эмитент-банк бенефициарды алдын ала хабардар етпестен өзгерілетін немесе жойылатын 
аккредитив, яғни оның қызметі онда көрсетілген мерзім басталганға дейін тоқтатылуы мүмкін. 
Қайтарылмайтын аккредитив  банк пен бенефициарды  сендіретін  эмитент  банктің  келісімінсіз өзгертуге  және  жоюға 
жатпайтын аккредитив, яғни уақыты өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады. 
Сонымен қатар оны орындау әдісі көрсетілуі тиіс, ұсыну бойынша төлеу, мерзімін ұзартып төлеу, аудармалы вексель акцепті 
немесе  негоциация
1
.  Бұйрық  беруші  бенефициар  өзгеріс  жасағысы  келсе  бастапқы  ұсынылған  аккредитивке  өзгеріс  жасай  алады. 
Бенефициар  алынған  өзгерісті  қабылдау  немесе  қабылдамау  жөнінде  хабар  беруі  тиіс.  Егер  ол  өзгеріс  жасағандығы  туралы 
хабарламаса,  бастапқы  ұсынылған  аккредитив  шарттары  өз  күшін  сақтайды.  Өзгерту  туралы  бір  хабарлаудағы  жартылай  жасалған 
өзгерістер қабылданбайды. Егер аккредитив шартында оны эмитент-банк орындайтындығы көрсетілмесе, онда аккредитивте төлемді 
жүргізуге, ұзартып төлеуге, аудармалы вексель акцепті немесе негоциациясына өкілетті орындаушы банк көрсетілуі тиіс. 
Егер  аккредитив  көрсетілген  құжаттар  эмитент  банкке  немесе  оны  орындаушы  банкке  ұсынылса  және  барлық  шарттары 
сақталса, онда қайтарылмайтын аккредитив эмитент банктің келесі әрекеттерді орындауға нақты міндеттемесін көрсетеді: 

егер аккредитив ұсынушыға төлеуді білдірсе, ұсыну бойынша төлем жасауға

егер аккредитив мерзімін ұзартып төлеуді білдірсе, аккредитив шартымен көрсетілген мерзімдегі төлемді қамтамасыз етуге; 

егер  аккредитив  эмитент  банкке  акцепті  қарастырса,  бенефициар  мен  эмитент  банкке  ұсынылған  аудармалы  вексельдерді 
акцептеу және төлем мерзімі жеткенге дейін оларды төлеу; 

бенефициар  ұсынған  аудармалы  вексельдерді  трассат  банк  акцептемесе  немесе  акцептеп,  бірақ  белгіленген  мерзімде 
төлемесе, мерзімінде акцептеу немесе төлеу. 
Қайтарылатын аккредитивті эмитент-банк өзгертуі немесе жойылуы мүмкін. Егер өкілетті банк аккредитив бойынша өзгертуге 
немесе жоюға хабар алынбай тұрып аккредитив бойынша төлем жүргізген болса, эмитент-банк оның жұмсаған ақшасын өтеуі тиіс. 
Аккредитивтер сондай-ақ жабылған және жабылмаған болып бөлінуі мүмкін. 
Жабылған аккредитив - клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив. 
Жабылмаған аккредитив — банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатьш аккредитив. 
Егер эмитент-банк қайтарылмайтын аккредитивті сендіру үшін өкілеттігін басқа банкке жолдаса немесе өтінсе, онда сендіруші 
банкте 
эмитент банктегі сияқты міндеттемелер қалыптасады. Егер өкілетті банк аталған аккредитивті бекітуден бас тартса, онда ол эмитент 
банкті келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуі тиіс. 
Эмитент-банк  акшаны  қалпына  келтіру  міндеттемесін  орындаушы  банктен  басқа  банкке  белгілей  алады 
(рамбурстаушы 
банк
1
). 
Мұндай жағдайда рамбурстаушы банк ұсынылған 
рамбурстық талаптар
2
 
негізінде ақшаны қалпына келтіру құқын алады, бұл 
кезде эмитент-банк рамбурстаушы банкке уақтылы 
рамбурстық нұскау
3
 
жасауы тиіс. 
Эмитент-банк егер қалпына келтіру рамбурстаушы банктің бірінші талабы бойынша немесе аккредитивте көрсетілген басқада 
шартпен немесе банктердің өзара келісімімен жүргізілмесе, орындаушы банктің әрбір жоғалтуына жауапты болады. 
Рамбурстаушы  банк  шығындары  эмитент-банк  есебінен  жабылады,  кейде  үшінші  жақ  есебінен  төленеді,  бұл  жағдайда  банк 
аккредитивтің  түпнұсқасына  белгі  қоюы  керек.  Аккредитив  орындалмаған  жағдайда  рамбурстаушы  банктің  шығындарын  қалпына 
келтіруге эмитент-банк жауапты. 
Аккредитив бенефициарға кез келген басқа банк арқылы жолдануы мүмкін 
(авизолаушы банк
4
). 
Бұл кезде авизолаушы банк 
аталған  аккредитивті  орындау  бойынша  өзіне  міндеттеме  кабылдамайды.  Егер  банк  авизолаушы  банк  қызметін  аккредитивтерді 
авизолауға пайдаланса, онда аккредитив шартына өзгеріс жасау осы банк арқылы жүргізіледі. 
Аккредитивті алған соң авизолаушы банк оның сыртқы белгілері бойынша түпнұсқасы екендігін тексереді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Авизолаушы банк аккредитивті авизоламауға шешім қабылдай алады, бұл жағдайда ол шешім қабылдағаннан кейінгі келесі 
жұмыс  күнінен  кешіктірмей  эмитент  банкті  хабардар  етіп,  оған  аккредитивті  қайтаруы  тиіс.  Егер  авизолаушы  банк  аккредитивтің 
түпнұсқа  екендігін  анықтай  алмаса,  онда  ол  келесі  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  эмитент  банкті  хабардар  етуі  тиіс.  Аккредитивтің 
түпнұсқа екендігіне эмитент-банктен сендіру болмаса, авизолаушы банк оған аккредитивті қайтарады. 
Эмитент-банк  бекітуші  банк  немесе  атқарушы  банк  тауар  жөнелту  құжаттарын  алғаннан  кейінгі  жеті  жұмыс  күні  ішінде 
олардың  кешенділігін,  сондай-ақ  аккредитивтің  сыртқы  белгілерінің  сәйкестігін,  яғни  аккредитивтің  тиісті  шарттарына  құжат 
деректемелерінің  сәйкестігін  (келісімшарт  нөмірі,  тиеу  күні,  тауарды  жеткізу  орны,  тауарды  тиеу  орны,  тауарды  жеткізу  шарттары 
және  басқасы)  тексереді.  Егер  құжаттар  сыртқы  белгілері  бойынша  сәйкеспесе,  банктер  мұндай  құжаттардан  бас  тартуға  құқылы. 
Аккредитивте  көрсетілмеген  құжаттарды  банк  тексермеуі  тиіс.  Егер  эмитент-банк  құжаттар  сыртқы  белгілері  бойынша  аккредитив 
шарттарына  сәйкеспейтіндігін  анықтаса,  онда  банк  оз  қалауы  бойынша  бұйрық  берушімен  сәйкессіздікті  жою  мәселесі  бойынша 
байланыса алады. 
Барлық аккредитивте мерзімнің аяқталу күні және құжаттарды төлемге, акцептке, негоциациялауға ұсыну орындары көрсетілуі 
тиіс.  Құжаттар  мерзімнің  аяқталу  күнінде  немесе  мерзім  аяқталғанға  дейін  ұсынылуы  тиіс.  Аккредитив  бенефициардан  басқа  бір 
немесе бірнеше тұлғалармен толықтай немесе бөлшектеп колданылуы мүмкін. Мұндай аккредитив аудармалы немесе трансферабальді 
деп аталады. Эмитент-банк оны «аудармалы» деп көрсеткен, жағдайда аккредитив аударылуы мүмкін. 
Аккредитив  аударымын  жасау  үшін  бастапқы  бенефициар  аударуды  өткізуші  банкке,  екінші  бенефициар  үшін  түзетуді 
авизолау  кұқын  қалдыру  жөнінде  қайтарылмайтын  нұсқау  бере  алады.  Өткізуші  банктің  мұндай  шартпен  аккредитив  аударымына 
келісім жағдайында,банк аударым кезінде екінші бенефициарға бастапқы бенефициардың түзетуге қатысты нұсқауын хабарлауы тиіс. 
Аккредитив  екінші  бенефициар  нұсқауы  бойынша  келесі  үшінші  бенефициарға  аударылмауы  мүмкін.  Аккредитив  аударымына 
байланысты өткізуші банк шығындары бастапқы бенефициармен төленеді. Бұл кезде өткізуші банктің мұндай шығындар төленгенге 
дейін аккредитив аударымы бойынша ешқандай міндеттемесі болмайды. 
Алынған  көліктік  немесе  сақтандыру  құжаттарының  аккредитив  талаптарына  және  ол  бойынша  өзгерістерге  сәйкес  келсе, 
эмитент-банк  немесе  орындаушы  банк  бенефициар  есебіне  төлем  жасайды,  аккредитив  шартына  сәйкес  оның  векселін  акцептейді 
немесе  негоциациялайды.  Аккредитивтің  орындалуына  негізделген  төлемдер  қолма-қолсыз  тәртіппен  жүргізіледі.  Егер  төлем 
бенефициар  есебіне  жүргізілсе  эмитент-банк  аккредитив  сомасына  төлем  тапсырысын  рәсімдейді,  оның  орындалуы  Қазақстан 
Республикасының заң актілері мен Ұлттық банктің нормативтік-құқытық актілерімен бекітілген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. 
Шетел валютасында белгіленген аккредитивтердің орындалуы біздің мемлекеттің валюталық заңдылығына сәйкес жүргізіледі. 
Бенефициардың аудармалы векселінің акцепті немесе негоциациясы аккредитивтер шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан  Республикасындағы  вексель  айналымы  туралы»  заңы  және  Ұлттық  банктің  екінші  деңгейлі  банктермен  аударым 
операцияларын жүргізу тәртібі мен бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 
Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде келесі шоттар корреспонденциясы қүрылады. 
• Банкте жабылмаған аккредитивті ашу: 
 
Дт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар» 
Кт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер» 
• Басқа банк ашатын аккредитивті банктің бекітуі: 
Дт 6010 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар» 
Кт 6510 «Расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер» 
• Клиент қаржысы есебінен ашылатын жабылған аккредитивті банктің ашуы: 
Дт  2203  «Клиенттердің  ағымдағы  есепшоттары»  Кт  2855  «Құжаттамалық  есеп  айырысу  бойынша  кредиторлар»  Жабылған 
аккредитив банктің басқа банктегі қаржысы есебінен ашылғанда: 
Дт  1855  «Құжаттандырылған  есеп  айырысу  бойынша  дебиторлар»  Кт  1052  «Банктің  басқа  банктердегі  корреспондентгік 
есепшоттары» Банк басқа банкте жабуды жүргізбесе: 
Дт 6020 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар» 
Кт 6520 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер» 
• Аккредитив орындалса немесе жойылса, келесі шоттар кор-респонденциясы құрылады. Жабылмаған аккредитивті орындау 
немесе жою кезінде: 
Дт 6505 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер» 
Кт 6005 «Шығарылған өтелмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар» 
Жабылған аккредитивті орындау немесе жою кезінде, егер банк басқа банкте өтеу жасамаса: 
Дт 6520 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер» 
Кт 6020 «Шығарылған өтелген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін талаптар» 
Жабылған акредитивті орындау кезінде баланстық шот бойынша келесі өткізбе құрылады: 
Дт 2855 «Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар» 
Кт  1052  «Банктің  басқа  банктердегі  корреспонденттік  есепшотгары»  1855  «Құжаттандырылған  есеп  айырысу  бойынша 
дебиторлар». 
6. 
ҚР пластикалық карточкалармен операция есебі. 
Банктік карточкалар банкоматтардан қолма-қол ақша алу немес төлемдер жасауға мүмкіндік береді.  
     
Банктік карточкалар екі түрге бөлінеді: 
1.
 
Дебиторлық карточкалар – карточканы ұстаушыға тек қана карточкалық шоттағы қаражаттар көлемінде қолма-қол ақшалар алуға 
немесе төлемдер жасауға мүмкіндік береді.  
2.
 
Кредиторлық  карточкалар  –  карточкалар  ұстаушыларына  қолма-қол  ақшаларды  алуға  немесе  төлемдер  жасауға  карточкалық 
шоттардағы қаражаттар көлеміне байланыссыз жүзеге асыруға мүскіндік береді.  
     
Банктік  карточкаларды қолдану  бойынша  қатынасының  негізгі  субъектілері:  эмитент,  карточка ұстаушы,  сауда  ұйымы,  эквайрер, 
төлем ұйымы, есеп айырысу банкі. 
     
Авторландыру өткізілген соң кассир карточка және импринтер көмегімен 
слип деп аталатын арнайы түбіртекті құрады. Импринтер 
орнына  электрондық  терминал  қолдануы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  тиісті  құжат  электрондық  терминал  түбіртегі  деп  аталады. 
Халықаралық тәжірибеге сәйкес слип (электронды терминал түбіртегі) кем дегенде келесі деректерден тұруы тиіс: 

 
сауда ұйымының сәйкестендіргіштері (нөмірі); 

 
операция өткізу күні; 

 
операция сомасы; 

 
операция валютасы; 

 
операция элементтері авторландыруды бекітетін код; 

 
банктік карточка деректемелері; 

 
карточка ұстаушының қолы. 
     
Слип үш данада құрылады. Бір данасы ұстаушыға, қалған екі данасы – сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдістік орталығына) 
беріледі. 
     
Банкомат арқылы ақша беру кезінде барлық операция автоматты режимде жүргізіледі. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзінің 
ДСН-ін (дербес сәйкестендіру нөмірін) – эмитент белгілеген құпия сәйкестендіру кодын тереді. ДСН электронды терминалды қолданып 
өткізілетін операцияларда да қолданылады. Егер ДСН дұрыс терілсе, ұстаушы белгілі бір сома көлемін алуа мүмкіндігі бар. Банкомат 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
авторландыру  рәсімін  жүзеге  асыру  үшін  эквайрердің  үрдісін  орталығымен  байланыстырады.  Авторландырулық  сұрауға  жағымды 
жауап алынған жағдайда банкнот ұстаушыға қолма-қол ақша несие деректерден тұратын түбіртекті ұсынады: 

 
банкомат сәйкестендіргіштері; 

 
операция өткізу күні; 

 
операция валютасы; 

 
операция элементтері авторландыруды бекітетін код; 

 
банктік карточка деректемелері. 
     
Банкоматтар  пластикалық  карточкалармен  операция  жүргізу  кезінде  қолма-қол  ақшаларды  инкассалайтын  және  беретін  банктік 
автоматтар.  
7
БЕҚО, ІТЖ жөне БТЖ арқылы төлеуді жүргізу тәртібі. 
Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы мақсатқа құрылған ҚРҰБ органы - Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу 
Орталығы  (ҚБЕО)  жүргізеді. ҚБЕО  -  заңды  тұлға,  құрылтайшысы және  өкілетті  органы  —  Ұлттық  банк  табылады. ¥Б  ҚБЕО  №252 
30.12.95 жылғы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес ¥Б Басқармасының шешімімен құрылған. ҚБЕО әділет органында 
қайта тіркеуден өткен және шаруашылық жүргізу негізінде республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанын иемденген. Оның банктік 
шоты, гербті мөрі, мөртабаны және қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған фирмалық бланкілері бар. 
ҚБЕО — еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО негізгі қызметі банкаралық төлемдерді және 
Банкаралық аударымдар жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) арқылы аударымдарды жүзеге асыру. 
Көрсетілген кызметтер үшін клиенттер төлейтін төлемдер ҮБ ҚБЕО кірістерінің негізгі бабынан саналады. 
ҚБЕО мақсаты тиімді, тұрақты, кауіпсіз банкаралық төлем жүйесі негізінде банктік қызметтің негізгі қажеттілігін қамтамасыз 
ету. 
ҚБЕО-мен  жүйеге  қатысуға  келісім  жасалған  соң  банк пайдаланушы  статусын  иемденеді.  Пайдаланушы келісім  жасау  үшін 
орталыққа келесі құжаттарды ұсынады: 

жүйеге қосуға өтініш; 

банк   жарғысының   және   банктік   операциялар жүргізуге лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелерін. 
Аталған келісімнің негізгі деректемелері мыналар больш табылады: 

тараптардың деректемелері; 

тараптардың күқықтары және міндеттері; 

пайдаланушының банктік құпиясының мәні болып табылатын ақпарат құпиялығын сақтау талаптары; 

клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару мерзімдері және тәсілдері; 

келісім талаптарының орындалмауына тараптардың жауапкершілігі

келісімді бұзу және келісім талаптарын өзгерту тәртібі; 

тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар. 
Келісімде банкті пайдаланушы статусынан келісімді бұзбай уақытша айыру жағдайы көзделуі мүмкін. 
Пайдаланушылар  мен  орталык  арасындағы  электронды  хабарламалар  алмасу  ҚР  Ұлттық  банктің  бекітумен  нормативтік-
құқықтық актілеріне сәйкес электронды тәсілде жүргізіледі. 
Операциялық күн ішінде ҚБЕО пайдаланушылардан төлем құжаттарын қабылдайды, бұл кездегі операциялық күннің ұзақтығы 
және оның жабылу уақыты Ұлттық банк және оның пайдаланушыларымен жазбаша түрде келісімі бойынша белгіленеді. Операциялық 
күн аяқталған соң алынған төлем кұжаттары келесі операциялық күн басында алынған болып саналады. 
ҚБЕО төлем кұжаттарының кабылдануын операциялық күн аяқталғаннан соң тоқтатады, өзара талаптар мен міндеттемелердің 
есебін  жүргізеді,  сондай-ақ  әр қолданушының  таза  позициясын  анықтайды.  Одан ҚБЕО  клирингте  қолданушының ақшасы  болмауы 
себепті өңделмеген құжаттарды ағымды жұмыс күнін белгілеп жояды, сондай-ақ таза дебеттік позициясы бар қолданушылардың ақша 
сомасын ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде оған тең дебеттік таза позицияға резервтейді. Банкаралық ақша аударымдары 
жүйесін қолданушы болып саналмайтын банктер үшін, аталған банктің таза позициясын анықтау, операциялық күн 
ішінде оның Ұлттык Банктегі корреспонденттік шотынан, Ұлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа аударым 
жасалған сома көлемінде жүргізіледі. 
Егер  операциялық  күн  ішінде  пайдаланушы  Ұлттық  банктегі  банкаралық  ақша  аударымдары  жүйесіндегі  шотқа  ақша 
аудармаса, онда аталған пайдаланушының таза позициясын аныктау. оның есебіне жуйенің басқа пайдаланушыларынан түскен төлем 
құжаттары сомасының көлемінде жүргізіледі. 
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ақша айналысын бақылау мақсатында төлем жүйесіне делдал ретінде қатысады. 
Ол  үшін  Ұлттық  банк  пен  екінші  деңгейлі  банктер  арасында  келісім  негізінде  корреспонденттік  қатынас  қалыптасады.  Осы 
қатынастарға сәйкес Ұлттық банк есебіне түсетін қаржыларды қабылдап, банктің банкке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын 
аудару туралы өкімін орындайды және келісімде белгіленген басқа да қызметтерді көрсетеді. 
Корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық банк филиалына коммерциялық банк шот ашуға өтінішті, жарғы көшірмесін және қол 
үлгісі мен мөр басылым карточкасын нотариалды түрде куәландырып ұсынады. Осы құжаттармен қатар іске корреспонденттік қатынас 
туралы келісім қосылады. Одан әрі Банкаралық есеп айырысудын Қазақстандық Орталығымен жасалған келісім және аталған банкті 
Банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосуға Ұлттық банктің рұқсаты тіркеледі. 
8. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың маңызы. 
Корреспонденттік  қатынас  -  бұл  екі  немесе  бірнеше  несиелік  мекемелер  арасында  олардың  бірінің  тапсырысы  және 
екіншісінің  қаржысы  есебінен  төлемдерді  және  есеп  айырысуды,  сондай-ақ  несие  ұсыңу,  инвестициялық  қызмет  көрсету  туралы 
келісім  жүзіндегі  қатынас.  Сонымен  қатар  ірі  корреспондент-банктер  негұрлым  ұсақ  банктерге  инвестициялық  коржынды  басқару 
бойынша кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қагаздарды сатады, сатып алады, сақтайды және басқарады. 
Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ 
бұл кезде банк өзінің кұқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін сақтайды. 
Мемлекет  банктерінің  қазіргі  кездегі  есеп  айырысулары  міндетті  түрде  ҚР  Ұлттык  банкінің  филиалдарында  ашылған 
корреспонденттік  шоттар  арқылы  жүргізіледі,  сондай-ақ  банктің  калауы  бойынша  елдің  басқа  да,  жақын  және  алыс  шетелдің 
банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар кұру арқылы жүргізілуі мүмкін. 
26.10.2000  ж.  №348  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерімен  айналысатын  банктер  мен  ұйымдар  арасында 
корреспонденттік қатынасты қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген:  «корреспонденттік қатынас — банктер 
арасындағы келісім, соған сәйкес оның біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және төлемдер мен басқа 
да операциялар бойынша қызмет көрсетеді». 
Банкаралық қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік 
шот ашады. 
«Корреспоиденттік  шот  -  жасалған  корреспонденттік  келісімшарт  шот  негізінде  бір  банкте  екінші  банктің  тапсырысы 
және қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот». 
Корреспонденттік шот аркылы банкаралық есеи айырысуды ұйымдастырудың 
екі нұсқасы бар: 

орталықтандырылған  -  бұл  кезде  банктер  арасындағы  есеп  айырысу  міндетті  түрде  Қазақстан  Республикасы  ¥лттық 
Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары аркылы жүргізіледі; 

орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады. 
Біздің елімізде банкаралық қатынастар бірінші нұсқаға негізделген. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Банкаралық  корреспонденттік  қатынастар  үдерісінде  есеп  айырысуларға  қойылатын  негізгі  талаптар  жеткілікті  жылдамдық 
және болжанған төлемдер, жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және қолданушылардың тұтынуына сәйкес олардың 
әр түрлілігі. 
Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға - оларды өткізу нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын 
қысқартуға қатысты жоғары талаптар қойылады. 
Банктер  экономиканың  әр  түрлі  субъектілер  арасындағы  есеп  айырысулар  тізбегінде  бастапқы  және  ақырғы  буын  болып 
табылатындықтан, оларды банктер арасындағы есеп айырысу жүйесі болмаса өткізу мүмкін болмас еді. 
Аталған байланыста банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруға нақты маңызды қағидалар келесілер: 
Басты  қағида  -  басқа  банктермен,  соның  ішінде  клиент  төлемдері  бойынша  есеп  айырысуды  толық  мөлшерде,  үздіксіз 
жүргізуді  қамтамасыз  ететін  банктің  өзіндік  өтімділігін  (корреспонденттік  қатынаста  қаржының  болуын)  сақтау.  Банкаралық  есеп 
айырысудың  дұрыс  жүргізілуіне  бақылау  жасау  қағидасы да  жоғары  маңыз  алады.  Оның  спецификасы  мен  ерекше  рөлі -өткізілетін 
сомалардың  сақталуы  мен  бірыңғайлығын  үнемі  өзара  бақылауда,  біріншіден,  клиенттердің  банктегі  шоттары  бойынша  және 
банктердің  ҚРҰБ-дағы  корреспонденттік  шоттары  бойынша,  екіншіден,  есеп  айырысуға  қатысушылардың  өздерінің  -коммерциялық 
корреспондент-банктердің  өз  араларындағы  есеп  айырысу  кезіндегі  шоттар  бойынша  және  баланстар  бойынша,  сондай-ақ  ҚРҰБ 
арқылы есеп айырысуларда. 
ҚРҮБ  филиалдарының негізгі  функциясы  -  корреспонденттік  шоттарды  қолдана  отырып  әр  түрлі  банк мекемелері  арасында 
есеп  айырысуларды  жүргізу  болып  табылады.  Коммерциялық  банктер  арасындағы  есеп  айырысулар  олардың  ҚРҮБ  ашқан 
корршоттары  арқылы  көрсетіледі.  Басқа  коммерциялық  банктер  мен  олардың  филиалдарында  ашылған  корршоттар  арқылы  есеп 
айырысулар  Қазақстанда  1992  жылдан  бастап  ендіріле  бастады.  Қазкоммерц-банк,  ТұранӘлемБанк,  НSВК,  ЦентрКредитБанк  және 
басқа да ірі банктердің корреспонденттік қатынастары неғұрлым жан-жақты. 
Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысудың ерекшеліктері: 
— 
бұл  басқа  банк  клиенттерімен  тұрақты  келісімдік  қатынасы  бар  клиенттердің  мүддесіне  сай  келеді.  Ең  басынан  бастап 
корреспонденттік қатынастар клиенттерге қызмет көрсету үшін құрылады; 
— 
олар тура жүзеге асырылатындықтан есеп айырысулар айтарлықтай жеделдетіледі; 
— 
жан-жақты  корреспонденттік  қатынастар  кезінде  қандайда  бір  ірі  банкте  шот  ашу  арқылы  клирингті  жүзеге  асыру  -
банктердің өзара талаптарын ескеру шарттары пайда болады; 
— 
корреспондент  банктер  арасында  клиринг  жүргізу  корреспонденттік  шоттағы  қаржылар  қалдығын  азайтуға  мүмкіндік 
береді, яғни есеп айырысудағы олдың бір бөлігін босатып, табыс алу үшін қолдануға болады; 
— 
нарықта  белсенді  қызмет  етуге  және  қаржылық  құралдарының  толық  жиынтығын  қолдануға  мүмкіндікті  көбейтеді.  Бір 
жағынан,  ірі  банктер  корреспонденттік  шоттар  қалдығы  ретінде  айтарлықтай  қаржы  тартып  оны,  әр  түрлі  операцияларға  қолдана 
алады.  Ірі  корреспонденттік  желі  ірі  банкке  вексель  айналымын  дамытуға  мумкіндік  береді.  Екінші  жағынан,  клиент  банктер 
корреспонденттік шот қалдығын қолдана отырып, бас банк жүзеге асыратын операциялар есебінен несие ала алады. 
Корреспонденттік  қатынастардың  әр  тарабы  өздерінде  бар  деректер  негізінде  корреспонденттік  шот  бойынша  операциялар 
есебін еркін жүргізеді. Ай сайын корреспондент банк корреспонденттік шот қалдығын бекітеді. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал