Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

3. 
Чекпен 
есеп 
айырысу 

клиентерге 
чек 
кітапшасын 
беру 
есебі, 
тәртібі 
мен 
шарты. 
Есеп  айырысудың  келешегі  зор  нысаны  ретінде  чектермен  есеп  айырысуды  айтуға  болады.  Чек  банк  клиентінің  (чек 
берушінің) банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы бланкте жазылған жазбаша 
тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады. 
Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебіне жазылғандыгына байланысты бірнеше түрге бөледі: 

арнайы - тек осы кісіге төлеңіз; 

ордерлік - осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз; 

ұсынушы - ұсынушыға төлеңіз. 
Ордерлік  чек  —  ұстаушыға  индоссамент  —  жолдау  жазу  көмегімен  басқа  тұлғаға  ақшаны  алу  құқығын  ұсынуға  мүмкіндік 
береді. Индоссаменттің 4 турі қарастырылады. 

банктік  индоссамент.  Чек  ұстаушы  чектің  сыртына  өз  қолын  қояды,  оның  нәтижесінде  чек  ұсынушы  құжаты  болып 
табылады және әрбір заңды иесі ол бойынша банктен ақша алады

атаулы индоссамент. Ұстаушы чек сыртына өз қолын қояды және чек бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады; 

мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртында чекті басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша 
алу мүмкіндігін шектейді; 

айналымсыз  индоссамент.  Егер  чекті  ұстаушы  чек  төленбеген  жағдайда  арыз  жасау  мүмкіндігін  болдырмауды  немесе 
шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде «айналымсыз» деген сөзді қолданады. 
Әр елде чек мазмұны бірыңғай. 
Занды құрамында мыналар белгіленеді: 

«чек» сөзі; 

анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі; 

банк
1
 
трассат; 

төлем орны; 

шығарылған орны және күні; 

трассант
2
 
қолы.  
Коммерциялық құрамы: 

чек нөмірі; 

трассат шотының нөмірі; 

трассат банктің коды; 

чек сомасының санмен қайталануы; 

бенефициар; 

кодтау желісі. 
Біздің  республикамызда  чекті  қолдану  2002  жылғы  13  мамырда  ҚРҰБ  Басқармасы  бекіткен  Қазақстан  аумағында  чектерді 
қолдану Ережесімен реттеледі. 
Чек  беруші  мен  чек  беруші  банктің  арақатынасы  чекті  қолдануға  байланысты  чекті  колдану  туралы  келісіммен  реттеледі. 
Чектерді қолдану туралы келісім жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері туралы 
ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс. 
Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей: 
• чек кітапшасындағы чек бланктерінің саны және олардың қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер (чек 
беруші банкі чек бланкісінің және чек кітапшасының үлгісін өз еркімен бекітуге құқылы); 
• чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда: 

чек бланктерінің реттік нөмірін сақтау; 

чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан басталуға тиіс, теңге сөзі жазып көрсетілген 
сомадан кейін бос орын қалдырылмауы тиіс, тиын сөзі чекте көрсетілмейді); 

«бұйрық бойынша төлеңіз» деген сөздерден кейінгі бағанада чек жазып берілетін адамның аты-жөні немесе заңды тұлға 
атауы көрсетіледі; 

чек жазып берілген күннің койылуы (күні және жылы -санмен, айы жазумен); 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

чек беруші қолының қойылуы және заңды тұлға үшін мөрдің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек 
беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлғаның қолының және мөр-таңбасының (заңды тұлғалар үшін) үлгісі құжаттағы 
үлгіге сәйкес болуы тиіс

чектің түбіртегінде операция жасалғанға дейінгі сома қалдығының, чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа 
қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі, сондай-ақ чек жазып берілген күн және чек берушінің немесе чек 
кітапшасына ие болуға өкілетті тұлға қолы және чек берушінің мөрі (заңды тұлғалар үшін) койылады; 
• Чекпен операция жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек беруші арасындағы өзара төлемдер тәртібі
• Чек кітапшасын қолдану мерзімдері; 
• Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі; 
• Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі; 
• Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кітапшалары, чекке қол қоюға өкілеттілігі бар тұлғалар кұрамының 
(занды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек берушінің банкті хабардар ету тәртібі; 
• Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы бар және жалған чектер туралы чек берушіні хабардар ету 
тәртібі; 
Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары; 
• Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі; 
• Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап кою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі. 
Егер олар заңмен қарастырылған болса және чекпен жасалатын операцияларды өңдеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі 
чекте қосымша деректемелерді талап етуге құқылы. 
Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін. 
Қазіргі  кезде  Ұлттық  банк  нұсқауы  бойынша  есеп  айырысуда  тек  депонирленген  чектерді  қолдану  қарастырылуда. 
Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек 
бойынша  төлемдерді  қамтамасыз  етеді.  Чек  кітапшаларын  рәсімдеу  кезінде  чек  жіберуші  банктің  өкілетті  тұлғасы  төмендегілерді 
орындауға міндетті: 
• Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге; 
• Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға: 

чек берушінің аты-жөні немесе атауы; 

чек  берушінің  (жеке  тұлғалар  үшін)  немесе  оның  мүддесін  көздейтін  тұлғаның  (заңды  тұлғалар  үшін)  жеке  куәлігінің 
сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені

чек беруші банктің жеке банктік коды; 

чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін); 

чек кітапшасын қолдану мерзімі; 

чек  кітапшасындағы  санмен  жэне  жазумен  (соманы  жазу  жолдың  шетінен  міндетті  түрде  үлкен  әріппен  басталып, санмен 
жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады); 

чек кітапшасының берілу күні; 

өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі
• Чек кітапшасының әрбір бланкіне: 

мөртаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және онын атауын қоюға; 

чек  берушінің  (жеке  тұлғалар  үшін)  немесе  оның  мүддесін  көздейтін  тұлғаның  (заңды  тұлғалар  үшін)  аты-жөнін  толық 
жазуға; 

салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін қою; 
Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары; 
• Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі; 
• Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап кою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі. 
Клиринг ұйымы Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес кұрылтай құжаттары негізінде құрылады және клирингтік 
қызмет лицензиялауға жатады. Клирингтік операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтату және жою Ұлттық банктің нормативтік-
құқықтық актілерімен бекітіледі. Лицензия алу үшін клиринг ұйымы Ұлттық банктің нормативтік-кұқықтық актілерінде қаралған банк 
операцияларын лицензиялау мәселесін реттеуші құжаттарды Ұлттық банкке ұсынуы тиіс, сондай-ақ келесі кұжаттар мен мәліметтерді 
ұсынады: 
• клирингті жүзеге асырудың экономикалық негізі; 
• клиринг ұйымының жоғары басқару органында бекітілген клирингті жүзеге асыру ережесі; 
• клиринг қатысушыларымен типтік келісім; 
• клирингті жүзеге асыру үрдісінде қолданылатын бағдарлама, техникалық құралдар туралы мәліметтер. 
Клиринг  ұйымы  мен 
клиринг  қатысушылары
1
 
арасындағы  қатынас  келесі  міндетті  шарттардан  құрылатын  келісіммен 
бекітіледі: 
• төлем құжаттарымен және басқа да төлем туралы ақпараттар алмасу тәсілі және тәртібі; 
•  клирингті  жүзеге  асыру  және  оның  нәтижесі  бойынша  ақша  аударымы  кезіндегі  қатысушылардың  құқы  мен 
жауапкершіліктері; 
• ақпарат құпиялығының шарттары және оны сақтамағаны үшін жауаптылық; 
• клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымын жүзеге асыру тәртібі және мерзімдері; 
▪ клирингті жүзеге асыру және онын нәтижесі бойынша ақша аударымы кезінде қолданылатын тәуекелділікті басқару әдістері; 
• өз міндеттемелерін орындамаған клиринг қатысушыларына қолданылатын әсер ету шаралары; 
• клирингті жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерін орындамаған клиринг үйымының жауаптылығы. 
Клиринг ұйымы мен клиринг қатысушысы арасындагы келісімде Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшы келмейтін 
басқада шарттар көзделуі мүмкін. Клирингтік ұйымдарда чектерді негізі және алдан-ала клирингтеу жүзеге асырылады. Ол күн сайын, 
чектер  клирингінің  негізін  жүргізгенге  дейін,  банктер  чектерді  чек  берушілер  банктері  бойынша  сырттан,  чектердің  сомалары  мен 
реквизиттерін көрсете отырып, берілген чектердің тізімін толтырады. 
Чектердің негізгі клирингін жүзеге асыру тәртібі бойынша басында чек клирингіне қатысушы банктер тіркеледі, одан соң оның 
әкілдері өздеріне бөлінген орындарға жайғасады, өкілдер пакет алмасады және өздерінің қолын қойып тізбелерді және жалған (акауы 
бар) чектерді анықтау туралы актілерді куәландырады, клиринг ұйымының қызметкерлеріне жолдайды. Одан соң қатысушы банктер 
және  клиринг  ұйымы  арасында  құжат  алмасу  аяқталады,  чек  алмасу  бойынша  қорытынды  анықталып,  чектердің  негізгі  клирингіне 
қатысушы  банктердің  таза  позициясы  анықталады.  Клирингке  қатысушылардың  таза  позициясын  анықтау  барлық  қатысушылардың 
төлем құжаттары бойынша ақшалай міндеттемелерін клирингтің бір қатысушысына қатысты және клирингтің аталған қатысушысының 
ақшалай  міндеттемелер  бойынша сомаларын  клирингтің  калған қатысушыларына  қатысты  анықталады.  Клиринг  қатысушыларының 
таза позицияларын анықтау кезінде барлық қатысушылардың дебеттік және кредиттік таза позициялардың сомалар айырмасы нөлге 
теңесуі  керек.  Егер  барлық  кредиттік  және  дебеттік  таза  позициялар  бір-біріне  теңеспесе,  клирингтік  ұйым  аталған  сомалардың 
сәйкеспеу себебін анықтап, клиринг қагысушыларының таза позицияларының қайта есебін жүргізеді. 
Барлық осы рәсімдерден соң «Чектер клирингінің нәтижесі» деген клиринг есебі толтырылады, ол есепке клиринг үйымының 
өкілетті тұлғалары қол қояды, мөр басылады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Мүдделі  банктер  арасында  клиринг  палатасының  қатысынсыз  алғашқы  клиринг  еткізіледі,  ол  негізгіге  қарағанда  көмекші 
болып  саналады.  Негізгі  клирингтің  жұмысы  басталғанға  дейін  чектердің  бір  бөлігін  алдын-ала  өзара  алу  және  тапсыру  негізінде 
банктер арасында өткізілетін клиринг алғашкы клиринг деп аталады. 
Чектердің  алғашқы  клирингіне  қатысатын  банктер  клиринг  палатасында  алдын  ала  негізгі  клиринг  басталғанға  дейін  өзара 
чектер алмасады, ал клиринг палатасына тізбелер әкелінеді, солардың негізінде чектердің алғашқы клирингіне қатысатын банктердің 
таза  позициясы  есептеліп  шығарылады.  Чектердің  алғашқы  клирингіне  қатысқан  банктердің  таза  позициялары  чектердің  негізгі 
клирингінің нәтижесіне қосылады. 
Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың келесі кор-респонденциясы жүргізіледі. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға 
бір банктен қызмет көрсетілсе: 
Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
Егер чек беруші мен чек ұстаушыға әр түрлі банктер қызмет көрсетсе, чек беруші банкте: 
Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» 
Кт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу» 
Чек ұстаушы банкте: 
Дт 2551 «Басқа банктермен есеп айырысу» 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары». 
4. Вексельмен есеп айырысу - түрлері, қолданылуы. 
Вексельдермен  операциялар  -  бұл  банк  қызметіндегі  маңызды  бағыттардың  бірі.  Біздің  елімізде  соңғы  кезге  дейін  аталған 
операциялар  басқа  банктік  операциялармен  салыстырғанда,  оларды  шектеп  қолданумен  және  оларды  жүзеге  асырудың  бірыңғай 
механизмінің  болмауымен  байланысты  төмен  дамыды.  Бірақ  1997  жылғы  28  сәуірден  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 
Республикасындағы  вексель  айналымы  туралы»  заңының  қабылдануымен  жай  және  аудармалы  коммерциялық  вексельдермен 
операциялар өткізу тәртібі анықталды. 
Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта бөлу, бұл кезде 
коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектісі болып табылады. Оның резиденттері бірінші деңгейде несиелік мекемелер 
және оның клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар 
жатады. 
Екінші  деңгей  субъектілеріне  тек  несиелік  мекемелер  жатады:  бір  жақтан  Ұлттық  банк,  екінші  жақтан  -  банктік  жүйенің 
екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен бөлігін бірінші 
кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу құрайды. 
Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды - бұл банктік карыз беру кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас 
(соло вексельдер); қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қазыналық вексельдер), сондай-ақ жеке тұлға мен заңды тұлға арасындағы 
банк қатысынсыз қатынас. 
Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-ақ қамтылуына байланысты: 
коммерциялық; 
қаржылық; 
тұрақты вексельдерге бөлінеді. 
Коммерциялық  вексель  тауарларды  несиеге  сату-сатып  алу  қызметі  негізіндегі  айналымда  пайда  болады,  сатып  алу  кезінде 
ақшасы жеткіліксіз болса, сатушыға оның орнына басқа төлем құралы — вексель ұсынылады. 
Осындай ретпен тауарлық вексель вексель ұсынушыға осы вексель көмегімен сатылған тауарлардың сомасын қамтиды. Сатып 
алушы  векселі  вексель  айналымының  негізі  болып  табылады.  Өйткені  олар  нақты  мерзіммен  және  несиеге  сатылған  тауарлардың 
сомасымен шектеледі. 
Қарыз  қызметі  ақшалай  нысанда  каржылық  вексельдермен  рәсімделеді.  Ақшалай  міндеттемені  қаржылық  вексельмен 
қальыптастыру, кредиторлар құқын қорғау мақсатында оны уақтылы және дәл қамтудың қосымша әдісі болып табылады. Вексельдің 
қарыз міндеттемесі ретіндегі ерекше белгісі шартсыз, даусыз міндеттеме болып табылуында, яғни оны ұсынуға байланысты себептерге 
қатыссыз. Өз айналымдылығына байланысты ол төлем құралы қызметін де орындай алады. 
Жалпы  банктегі  вексельдермен  операция  келесі  нысандарда  жүзеге  асырылады:  банктің  вексель  ұсынушыға  вексельде 
көрсетілген  соманы,  қолданбалы  есеп  мөлшерлемесі  бойынша  пайыздарды  алып  тастап  төлеуі  кезіндегі  коммерциялық  банктің 
вексельдер есебі (немесе ¥лттық банктің қайта есептеуі); вексельдер кепілі есебінен қарыз, вексель акцепті, авалі және вексельдермен 
комиссиялық операциялар. 
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операцияларды өткізуге құқық беретін лицензиясын 
иемдене отырып, операциялардың вексельдермен байланысты келесі түрлерін өткізе алады: 

 
вексельдерді инкассоға қабылдау; 

 
делдалдық тәртіпте вексельдерді акцептеу; 

 
төлеушінің  инкассоға  қабылданған  вексельдерді  төлеу  бойынша  қызметтер  ұсынуы,  сондай-ақ  домицильдік  вексельдерді 
төлеу. Бұл операцияларды банктер вексельдермен операцияны жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда жүргізе алады; 

 
вексель бойынша міндетті тұлғалардың бірі үшін аваль қою. Бұл операция кепіл операцияларын жүзеге асыруға 
лицензиясы бар банктерде жүргізіледі;  

 
вексельдер есебі. 
Бұл операцияларды вексель есебін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер жүргізеді. Вексельдерді инкассоға қабылдау үшін 
инкассат
1
 
пен  сенуші  немесе 
ремитент-банк
2
 
арасында  келісім  жасалынады,  бұл  кезде  инкассолау  инкассоға  жасалган  тапсырма 
негізінде жүзеге асырылады. 
Инкассо тапсырмасындағы негізгі мәліметтер: 
■ инкассоға тапсырма
3
 
жазу күні; 
■ сенуші
4
 
аты; 
■ ремитент банктің аты, қажет болған жағдайда инкассолаушы банктің; 
■ вексель бойынша төлеушінің, вексель телем немесе акцепт бойынша ұсынылатын тұлғаның аты; 
■ төлеуші банктің аты (егер бар болса); 
■ вексель бойынша төлеушінің немесе домицильдің пошталық мекен-жайы (жеке тұлғалар мекен-жайы немесе заңды тұлғаның 
орны); 
■ вексель бойынша төлем мерзімі; 
■ төлем орны; 
■ акцептің болуы немесе акцепті алу кажеттілігі; 
■ вексель бойынша міндетті басқа да тұлғалардың аты-жөні, мекен-жайы және орны; 
■ сенушінің төлем алу немесе акцепт туралы тәртібі мен тәсілі туралы нұсқау; 
■  вексель  бойынша  акцептсіздік  немесе  төлемсіздік  жағдайында  қарсылық  немесе  басқа  да  әрекет  қатынасындағы  арнайы 
нұсқаулар; 
■ инкассолауды жүзеге асыруға қажетті басқа да мәліметтер. Вексельді     инкассоға     қабылдау     банк     атына жазылған 
индоссаментте келесі сөздерді жазумен рәсімделеді: «валюта алуға», «инкассоға» немесе басқа да сөздермен, яғни төлем алу түріндегі 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
тапсырманы  немесе  төлем  алынбаған  жағдайда  вексель  қарсылығын  жүргізуге.  Егер  инкассоға  тапсырманы  орындау  үшін 
инкассолаушы банктің қатысы талап етілсе, ремитент-банк вексельде инкассолаушы 
банк  есебіне  қайта  тапсырма  индоссаментін  белгілеп,  сенуші  жазған  инкассолық  тапсырманы  вексельмен  бірге  жолдайды.  Вексель 
инкассоға алынған соң, инкассат вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, жазбаша түрде құжаттың 
инкассоға  түскені  туралы  төлеушіні  хабардар  етуге  міндетті.  Егер  вексельді  инкассоға  жолдауда  ұсыну  бойынша  мерзімі  немесе 
анықталған  мерзімде  инкассоға  тапсырманы  ұсыну  бойынша  ұсыну  мерзімдері  туралы  нұсқау  болмаса,  онда  инкассат  вексельдің 
түскені  туралы  хабарламаны  төлеушіге  немесе  жай  вексель  бойынша  инкассога  вексельді  қабылдаған  күннің  келесі  операциялық 
күнінен кешіктірмей вексель берушіге жолдауы тиіс. 
Инкассат  вексель  бойынша  толық  төлемді  алған  соң  вексельді  төлеушіге  жолдауға  міндетті,  ал  бөлшектеп  төлеу  кезінде 
вексель  төлеушіге  жіберілмейді.  Инкассолаушы  банк  қандайда  бір  себептермен  инкассоға  тапсырысты  толық  немесе  жартылай 
орындай алмаса, ремитент банкті жедел хабардар етуі тиіс. 
Банк есепке тек жарамды вексельдерді ғана қабылдайды. «Вексель айналымы туралы» заң баптарының талаптарына барлық 
деректемелері толық сәйкес вексельдер жарамды болып есептелелі. 
Есепке ұсынылған жай вексель мәтінінде келесі деректемелер көрсетіледі, аудармалы вексельде төлем мерзімі мен оны жазу 
 
орны көрсетілмейді: 

вексель аты құжаттың   мәтініне енгізіледі және бұл кұжат рәсімделген түрде жазылады; 

анықталған соманы төлеу туралы бұйрық; 

төлем мерзімін көрсету; 

төлем орнын көрсету; 

төленетін тұлға аты немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатыны

вексельді жазу күні және орны; 

вексель беруші қолы; 

аудармалы вексель үшін жай вексель бойынша деректемелер керек, қосымша төлеуші аты. 
Вексельдерді қайта есептеу
1
 
Ұлттық банктің өкілетті бөлімшелерінде жүргізіледі және Ұлттық банк филиалдары вексельдерді 
қайта есептеуге байланысты операцияларды, бұл банктің өкілетті бөлімшесін қадағалайтын Ұлттық банктің төрағасы орынбасарының 
немесе  төрағаның  өзінің  жазбаша  тапсырысы  бойынша  жүзеге  асырады.  Егер  алдыңғы  индоссамент  бланктік
2
 
болса,  сондай-ақ 
индоссамент кезектілігі үзілсе, Ұлттық банк вексельді қайта есепке кабылдаудан бас тартады. 
Банк вексельдерді қайта есептеуді жүзеге асыру үшін Ұлттық банкпен вексельдер қайта есебі жөнінде бас мәміле жасайды. Бұл 
мәмілеге қол қою кезінде банк Ұлттық банкке өзінде қайта есепке алынған вексельдер туралы өтініш бере алады. 
Бұл кезде Ұлттық банкте мынадай вексельдер қайта есептеуге кабылданады: 

вексель парағында сақтық деңгейімен шығарылған; 

100 мың теңгеден кем емес номиналы бар

өтелім мерзімі 6 айдан артық емес; 

бірінші  сыныпты  эмитенттердің  вексельдері,  онымен  тұрақты  каржылық  қатынасы  бар  Қазақстан  Республикасының 
резиденттері,  сондай-ақ  екіден  кем  емес  жолдау  құқы  (индоссамент),  тұрақты  каржылық  жағдайы  бар  төлеушілердің  вексельдері. 
Ұлттық банк аталған тұлғалардың қаржылық жағдайын өзі анықтайды; соңғы есеп кезеңінде мерзімі ұзартылған кредиторлық берешегі 
жоқ вексель ұсынушы, акцептеуші (төлеуші) және авальшы; төлеуші немесе ол белгілеген тұлға акцепті барлар (аудармалы); 

жарамды  вексельдер.  Егер  оның  деректемелері  Қазақстан  Республикасының  «Вексель  айналымы  туралы»  заңының 
талаптарына сәйкес болса, вексель жарамды болып табылады; 

төлем орны Қазақстан Республикасының аумағы болып белгіленген вексельдер. 
Ұлттық  банк  қайта  есеп  үшін  ұсынылған  вексель  авальданған  болуын  және  авальді  тұрақты  қаржылық  жағдайы  бар  екінші 
леңтейлі банк беруін талап етуге  кұқығы бар. Авалыпының қаржылық жағдайын Ұлттық банк анықтайды. Атап өтетін жайт, ұсыну 
мерзімі  бойынша  белгіленген  вексельдер  немесе  ұсынылғаннан  кейін  анықталған  мерзімге  дейін  берілген  вексельдер,  сондай-ақ 
төлеушісі  кабілетсіз  тұлға  болып  саналатын  достық  (қарсылама),  қола,  каржылық  вексельдер  Ұлттық  банкте  қайта  есепке 
қабылданбайды. 
Сондай-ақ Ұлттық банк келесі жағдайларда вексельдерді қабылдауға қарсылық білдіре алады: 

егер вексельде көрсетілген төлем мерзімі вексельді жолдауға (инкассолауға) жеткіліксіз болса; 

егер оның мазмұнынан төлем орны, вексель бойьшша міндетті тұлғаның төлем қабілеті туралы бірыңғай шешім қабылдау 
мүмкін болмаса немесе вексель бойынша құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін   басқа да ақаулар бар болса. 
Банк вексельді қайта есептеу үшін Ұлттық банкке ұсыну кезінде келесі құжаттарды әкеледі; 

вексельді қайта есепке қабылдау туралы өтініш (15-қосымша); 

вексельдің тупнұсқасы (аллонжбен бірге, егер мұндай бар болса); 

вексельдің нотариалды бекітілген көшірмесі; 

вексель коммерциялық екендігін дәлелдейтін келісімнің нотариалды бекітілген көшірмесі; 

жай вексель бойынша вексель ұстаушының және аудармалы вексель бойынша төлеушінің, сондай-ақ вексельді қайта есепке 
ұсынатын банктің қанағаттанарлық қаржылық жағдайы бар екендігін дәлелдейтін құжаттар; 

вексельді қайта есепке ұсынатын тұлға сенімхаты; 

занға сәйкес гербтік алымның төлешендігін дәлелдейтін кұжат. Ұлттық  банк  вексельдерді  қайта  есепке  қабылдамай тұрып, 
банктен  өтініш  пен  қажетті  құжаттарды  алған  соң  банк  пен  төлеушінің  төлемқабілеттілігіне  талдау  жасайды,  аталған  тұлгалардың 
вексель бойынша өз міндеттемелерін өтемеуге әкелуі мүмкін факторларды қарастырады. 
Егер  Ұлттық  банкке  қайта  есеп  үшін вексель  көшірмесі  ұсынылған  болса,  көшірмені  ұсынған  банк  қайта  есеп  үшін  ¥лттық 
банкке  вексельдің  түпнұсқасын  да  ұсынуға  міндетті.  Қайта  есеп  үшін  Ұлттық  банкке  акцептелген  аудармалы  вексельдің  бірнеше 
данасын ұсынған банк, акцептелген данасын да әкелуге міндетті. 
Құжаттарды қабылдау кезінде Ұлттық банктің өкілетті бөлімшесінің вексельдердің қайта есебіне жауапты қызметкері вексель 
біркелкілігін,  аллонж  және  көшірмесін  салыстырады,  одан  соң  вексельді  қайта  есепке  ұсынған  тұлғаға  вексельдің  түпнұсқасын 
қайтарады.  Бұл  кезде  жауапты  қызметкер  қабылданған  кұжаттарды тіркеу  журналын  толтырады  (16-қосымша).  Жауапты  қызметкер 
вексельдің қайта есебі жөнінде шешім қабылдауы үшін кұжаттар қабылданғанға дейін қайта есепке қабылданатын әр вексельдің дұрыс 
толтырылуын, сондай-ақ вексельде индоссаменттің рәсімделуіне тексеру жүргізеді. Қайта есеп немесе қарсылық білдіру 
туралы шешім барлық тиісті құжаттар қабылданғаннан кейінгі 15 жұмыс күні ішінде Ұлттық банкте қабылданады. Ұлттық банк қайта 
есепке  алу  немесе  қарсылық  білдіру  жөнінде  шешім  қабылдаған  соң,  жауапты  қызметкер  банкке  Ұлттық  банктің  тиісті  органының 
шешімін жолдайды. 
Ұлттық банк өз есебіне вексельдің түпнұсқасы мен индоссаментті қабылдаған күннің келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, банк 
есебіне дисконт сомасын, пошталық және басқа да шығындарды ұстай отырып, вексель сомасын ұсынады. 
Қайта  есепке  қабылданған  вексельдерді  тіркеу  үшін  Ұлттык  банк  ерекше  бакылау  кітабын  жүргізеді,  мұнда  Ұлттық  банкте 
қайта есептелген әрбір вексельге қайта тіркеу нөмірі беріледі. Бақылау кітабында әр жеке клиент бойынша қайта есепке қабылданған 
вексель саны, сомасы және валютасы және ол бойынша төлеушісі, төлеуші төлеген вексель саны көрсетіледі. 
Атап ететін жайт, қайта есепке қабылданған вексельдер Ұлттық банкте қатаң есеп құжаттары ретінде сақталады. 
Ұлттық банк қоржынындағы барлық вексельдер келесі критерийлер бойынша жіктеледі: 

индоссант (аты және қажет деректемелері); 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

вексель бойынша төлеуші; 

төлем  орны  бойынша  (Ұлттық  банктің  орталық  аппаратының  орналасуы  бойынша;  Ұлттық  банк  филиалының  мекенжайы 
бойынша); 

төлем мерзімдері бойынша (айы және күні бойынша); 

басқа да қажетті параметрлері бойынша. 
Бұл кезде Ұлттық банк қоржынында бар вексельдермен келесі операцияларды жүзеге асырады; 

индоссамент бойынша вексельді жолдауға, соның ішінде берешекті өтегенге дейін пайдалануға; 

төлем мерзімі жеткенде вексель бойынша төлем алуға. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал