Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

5. Аналитикалық жэне синтетикалық есеп. 
Банктегі бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъектілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлінеді. 
Аналитикальщ  есеп  -  есептің  алғашқы  түрі,  синтетикалық  есептің  базасы  болып  табылады.  Банкте  орындалатын  барлық 
қызметтер  бухгалтерлік  есепте  көрініс  табады.  Ол  экономикаға  салынған  несие  көлемін,  жүргізілген  қолма-қол  ақша  айналымын, 
банкте сақталған ақша айналысындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын анықтауға мүмкіндік береді. 
Банктің көпжақты қызметін сипаттайтын қорытынды көрсеткіштер банктік операциялардың аналитикалық есебінде болады. 
Несиелік  есеп  айырысу,  кассалық  және  басқа  операциялардың  күнделікті  бөлшек  есебі  дербес  шоттарда  жүргізіледі.  Әрбір 
кәсіпорынға немесе ұйымға дербес ашылған шоттардың саны олардың банкпен байланысы сипатына байлансты. Синтетикалық есептің 
әрбір  баланстық  және  баланстан  тыс  шотында  аналитикалық  есепте  ескерілетін  кұралдардың  түріне,  олардың  белгілері  мен  иесіне 
байланысты бөлінетін дербес шоттар ашылады (9-тарауды қараңыз). Берілген несиелер, несиелердің мақсатты пайдалануы және несие 
алушы бойынша ашылған дербес шоттарда көрсетіледі. 
Дербес  шоттар  ашылған  дербес  шоттар  классификаторы  болып  табылатын  арнайы  кітаптарда  тіркеледі.  Онда  кәсіпорындар 
мен мекемелер ашатын есеп айырысу және басқа шоттар тіркеледі. 
Аналитикалық  есептің  дербес  шоттары  есеп  айырысу  ақша  құжаттарының  сәйкестендірілген  жуйесіне  кіретін  белгіленген 
стандартты нысанда басылады. 
Банктегі  дербес  шоттар  бірыңғай  ереже  бойынша  нөмірленеді.  Дербес  шоттың  нөмір  саны  есепке  алынатын  құралдар  мен 
құндылықтар  сипатына  байланысты  3  пен  9  аралығында  болуы  мүмкін.  Баланстық  шотқа  сәйкес  келетін  екінші  ретте  нақты 
аналитикалық есептің қажеттігі жоқ болғанда үш санды нөмірлер қолданылады. 
Дербес шоттар темендегідей сипапа болады 
8. Дербес шот үлгісі 
Өткізбе мерзімі Дербес шот: 
Банк атауы 
Банк орналасқан жер 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Клиент 
стн 
Кіріс қалдық 
Сома 
Түрі 
Құжат № 
МФО 
Шот 
Дебет 
Кредит 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Айналыс жиынтығы: 
Шығыс қалдық 
 
Аналитикалық есепте жазбалар есеп айырысу-ақша құжаттарының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. 
Дербес шоттарда келесідей деректемелер басылып шығарылады: 

сонғы операциялардың  жүзеге асқан күні; 

операцияның нақты жүзеге асырылған күні; 

құжат нөмірі; 

корреспонденттік шот нөмірі; 

операциялар түрінің шартты цифрлы белгілері; 

дебет және кредит бойынша айналыс сомасы; 
-   
кіріс және шығыс калдық. 
Баланстан  тыс  шоттардағы  аналитикалық  есептің  дербес  шотында  корреспонденттік  шоттың  нөмірі  және  шартты  цифрлы 
белгілер деректемелері, сондай-ақ операциялардың түрлері толтырылмайды. Операция жүзеге асырылған күннен келесі күні клиентке 
сенімхат бойынша дербес шоттың көшірмесі, онымен бірге операциялардың   сипаты  жайлы  қажетті   мәліметтері   бар құжаттар 
ұсынылады. Бұл құжаттар болмаған жағдайда шот менеджері сома түскен банкке хабарлама жібереді. 
Жиынтық  карточкалар  баланстық  шот  бойынша  жүргізіледі.  Онда  күнделікті  кредит  және  дебет  бойынша  айналыстар  және 
баланстық шотқа сәйкес ашылған, аналитикалық есептің дербес шоты   бойынша   саналған   келесі   күнге   калдықтары жазылады. 
Жиынтық  карточкалардың  дебеті  және  кредиті  бухгалтерлік  журналдың  мәліметтерімен  салыстырылады,  ал  қалдық  сомасы 
ағымдық күннің айналысы мен күн басындағы қалдықты сальдолау жолымен тексеріледі. 
Жиынтық  карточка  мәліметтерімен  күнделікті  баланс  жасалады.  Балансты  дұрыс  құрған  кезде  активтің  жэне  пассивтің 
қорытындылары сәйкес келеді. Жиынтық карточкаларда ай бойғы айналыстардың қорытындысы саналып, содан кейін айлык айналыс 
тізімдемесі  жасалады.  Жиынтық  карточкалар  аркылы  жыл  басынан  бергі  айналыс  қорытындысы  жүргізіледі.  Жыл  бойындағы 
айналыстар жылдық айналыс тізімдемесін жасауға негіз болады. 
Тексеріс тізімдемесіне жеке шот бойынша бір күн ішінде әрекет еткен әрбір айналыс карточкаларының және әрекет ететін және 
әрекет  етпейтін  дербес  шоттар  бойынша  айналыстардың  қорытындысы,  сондай-ақ  баланстық  шот  және  тізімдеме  бойынша  жалпы 
қорытынды  қалдыктар  мен  айналыс  қорытындылары  енгізіледі.  Тексеріс  тізімдемесінін  мәліметтері  бойынша  жиынтық  карточкалар 
толтырылады. 
Сөйтіп бухгалтерлік, кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеріс тізімдемесі аналитикалық есептің дербес шотында 
операциялардың дұрыс көрсетілгенін тексеруші материал ретінде қызмет етеді және бухгалтерлік баланс құруға пайдаланылады. 
Баланстан тыс шот бойынша бухгалтерлік журнал және жиынтық карточкалар баланстык шот сияқты жасалады, онда да дербес 
шоттар,  баланстан  тыс  кіріс  және  шығыс  ордерлерінің  мәліметтері  немесе  баланстан  тыс  шоттардың  карточкада  ескерілетін  төлем 
кұжаттар мәліметтерімен жасалатын жазулар да сондай әдіспен жасалады. 
Баланс,  жиынтық  карточкалар,  бухгалгерлік  журналдар  мұқият  салыстырылғаннан  кейін  синтетикалық  есеп  материалдарын 
тексеретін және балансқа кол қоятын банктің бас бухгалтеріне беріледі. 
 
3- 
тақырып  Есеп айырысу операциялары және банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі 
Дәрістің мақсаты:  
банктегі есеп айырысу операциялар және банкаралық корреспонденттік қатынастар есебін 
қарастыру 
1.
 
Банктік шотты ашу, жүргізу және жабу тәртібі. 
2.
 
Төлем тапсырмасы және төлем талап тапсырмасымен есеп айырысу. 
3.
 
Чекпен 
есеп 
айырысу 

клиентерге 
чек 
кітапшасын 
беру 
есебі, 
тәртібі 
мен 
шарты. 
4.
 
Вексельмен есеп айырысу - түрлері, қолданылуы. 
5.
 
Аккредитивпен есеп айырысу - мәні, түрлері және қолданылу шарты. 
6.
 
ҚР пластикалық карточкалармен операция есебі. 
7.
 
БЕҚО, ІТЖ жөне БТЖ арқылы төлеуді жүргізу тәртібі. 
8.
 
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың маңызы. 
9.
 
ЛОРО, НОСТРО шоттары арқылы есеп айырысу есебі тәртібі. 
 
1. Банктік шотты ашу, жүргізу және жабу тәртібі. 
Банктік шоттар қолма-қолсыз немесе есеп айырысу операцияларын және қолма-қол ақшамен жүргізілетін операцияларды жүзеге 
асыру үшін ашылады. Банктік шоттар келесі түрлерге бөлінеді: 
1.
 
Ағымдағы шоттар 
2.
 
Жинақ шоттар 
3.
 
Корреспонденттік шоттар 
4.
 
Карточкалық шоттар 
Ағымдағы  және  жинақ  шоттар  заңды  және  жеке  тұлғаларға  ашылады.  Корреспонденттік  шоттар  банктерге  және  банктік 
операциялардың  кейбір  түрімен  айналысатын  кәсіпорындарға  ашылады.Карточкалық  шоттар  банкоматтардан  қолма-қол  ақшаларды 
алу үшін және дүкендерден алынған тауарлармен қызмет көрсететін кәсіпорындарға көрсетілген қызметтерді төлеу үшін қолданылады. 
Заңды тұлғалар банктерге шот ашу үшін келесі құжаттарды беруі тиіс: 
1.
 
Шот ашу туралы өтініш 
2.
 
Нотариалды куәләндірілген құрылтайшылық құжаттар 
3.
 
Салық төлеуші куәлігі 
4.
 
Нотариалды куәләндірілген 1,2-қол қоюға құқығы бар тұлғалардың және кәсіпорын мөр үлгісі қойылған карточка 
5.
 
1,2-
қол қоюға құқығы бар тұлғалардың жеке бастарын куәләндіретін құжаттың көшірмесі 
6.
 
Мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлік 
7.
 
Банктік шоттар туралы немесе есеп айырысулық кассалық қызмет көрсету туралы келісім шарт 
Шот ашу үшін жеке тұлғалар банкке келесі құжаттарды беруі тиіс: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
1.
 
Жеке басын куәләндіретін құжаттың көшірмесі 
2.
 
Салық төлеушінің куәлігі 
3.
 
Келісім шарт 
Банктер  заңды  тұлғаларға  және  заңды  тұлға  ретіндегі  емес  жеке  кәсіпкерлерге  шоттар  ашылғаннан  кейін  салық  органдарын 
шоттардың ашылғандығы туралы 3 күн ішінде хабардар етуі тиіс. 
Банктік  шоттар  тек  қана  клиенттің  өтініші  және  талабы  бойынша  және  келісімімен  жүргізіледі.Бірақ  кейбір  жағдайларда 
клиенттердің шоттары олардың келісімінсіз де жүргізіледі.Мысалы, салық, кеден, сот органдарының қойған инкассалық жарлықтары 
клиенттердің келісімінсіз де төлемге алынады. 
Клиенттердің  шоттары  бойынша  шығын  операциялары  тоқтатылуы  және  клиент  шоттарына  қамау  салынуы  мүмкін.Бұндай 
жағдайлар және  клиент шоттары бойынша операциялардың қалпына келтірілуі тиісті уәкілдігі бар органдардың жазбаша бекітілген 
түрдегі жарлықтары бойынша жүзеге асырылады.Банктік шоттар келесі жағдайларда жабылады: 
1.
 
Клиенттердің өтініші бойынша 
2.
 
Банктік шоттар немесе есеп айырысу кассалық қызметтер көрсету туралы келісім шарт мерзімі біткен уақытта 
3.
 
Егер де заңды тұлғалардың шоттары бойынша 1 жылдың ішінде қозғалыс болмаса 
4.
 
Егер де жеке тұлғалардың шоттары бойынша 3 жылдың ішінде қозғалыс болмаса 
5.
 
Заңды тұлғалар банкротқа ұшырағанда және қайта құрылғанда 
6.
 
ҚР-сы заңды және нормативті актілерінің талаптарына қайшы келмейтін барлық жағдайларда 
Айта  кету  керек,  егер  де  клиенттерге  деген  орындалмаған  талаптар  болған  жағдайда  клиенттердің  шоттары 
жабылмайды.Орындалмаған талаптарының болғанына қарамастан жоғарыда көрсетілген 3,4,5 жағдайларда шоттар жабылады. 
Заңды  тұлғаларға  және  заңды  тұлға  ретіндегі  емес  жеке  кәсіпкерлерге  шоттар  жабылғаннан  кейін  банктер  салық  органдарына 
шоттардың жабылғаны туралы 10 күн ішінде хабардар етуі тиіс.  
2. Төлем тапсырмасы және төлем талап тапсырмасымен есеп айырысу. 
Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар 
есебіне  аудару  туралы  берген  тапсырмасы.  Аударымды  жүзеге асыру  үшін  жөнелтуші  өзіне  қызмет  көрсетуші  банкке  бекітілген 
үлгідегі  төлем  тапсырмасьш  ұсынады  (6-қосымша).  Төлем  құжатында  міндетті  түрде  келесі  деректемелер  (реквизиттер) 
көрсетілуі тиіс: 

құжаттың аты; 

оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн - санмен, ай — сөзбен, жыл — санмен көрсетіледі; 

ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды

ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды; 

төлем  мәні,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкінің  нормативтік-құқықтық  актілерімен  бекітілген  кодтық 
белгіленуі; 

бенефициар-банктің ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы, оның банктік сәйкестендіру коды. 

төлем мақсаты сол сияқты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген кодтық 
белгіленуі; 

санмен және сөзбен корсетілетін толем сомасы; 

салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі. 
«Төлем мақсаты» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код — 
төлем мақсаты » бөлігінде — төлемнің кодтык белгіленуін көрсетуге міндетті. 
Төлем  құжаттарын  электронды  түрдеде,  сол  сияқты  қағаз  тасы-малдауыштарымен  де  ұсынуға  болады.  қағаз 
тасымалдауыштарында  оларды  қайтару  немесе  орындалуын  тоқтату  жөніндегі  кез-келген  түзетулерді  жүргізуге  болмайды.  Алушы-
банк немесе бенефициар-банк талаптарға сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған төлем құжаттарын акцептеуден бас 
тартуға болады құқылы. 
Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша  жөнелтуші   банк   болған  жағдайдан  тыс),   өзіне қызмет 
көрсетуші  банкке  бекітілген  үлгіде  шетел  валютасында  акша  аударымына  өтінішті  (7-косымша)  ұсынады.  Мұндай  өтініш  ақша 
жөнелтушінің алушы банкке акша аударымы туралы берген төлем кұжаты болып табылады. 
Алушы-банк  ақша  аударымына  жазылған  төлем  тапсырмасын  немесе  өтінішті  оның  жазылған  күнін  көрсете  отырып,  он 
күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. 
Ол Қазакстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін 
басқа  да құжаттарды  талап  етуге  құқылы.  Ақша  жөнелтуші  қызмет  көрсететін  алушы  банк келісімі  бойынша  төлем  тапсырмасында 
немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін
1
 
көрсетеді. 
Жөнелтушінің  төлем  құжатын  орындаудағы  банк  міндеттемесі  төлем  құжатының  акцепті  деп  аталады.  Акцепт  кезінде 
алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен байланыстарды 
шығындар үшін ақша алу құқы беріледі. 
Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің 
банктік  шотында  болуы  тиіс.  Қажетті  ақша  сомасымен  камтамасыз  ету  ақша  жөнелтуші  қаржысының  есебінен  немесе  келісімде 
көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі. 
Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді: 
— 
алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса; 
— 
алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді); 
— 
төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы 
хабарлама алмаса; 
— 
Қазақстан  Республикасының  завдылығымен  немесе  алушы-банк  пен  жөнелтуші  арасындағы  келісімде  көрсетілген 
жағдайларда. 
Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем кұжаттары акцептелген болып саналады: 
— 
бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жәнелтушіге хабарласа; 

бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып, жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны алса (банктік 
шотты дебеттесе); 

бенефициар банк бенефициардың банктік шотын несиелендіру арқылы бенефициарға ақша аударымын жасаса

бенефициар банктің үш жұмыс күні ішінде жөнелтуші акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлауын алмаса; 

Қазақстан  Республикасы  заңдылығымен  немесе  бенефициар  және  бенефициар  банк  арасындағы  келісімде  қарастырылған 
басқа да жағдайларда. 
Төлем құжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы банк арасындағы келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде 
жүргізілуі мүмкін. 
Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тартуы мүмкін: 

егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ете алмаса; 

егер  төлем  тапсырмасында  жалған  белгілер  болса,  ол  жөнелтуші  және  алушы-банк  арасындағы  келісімде  белгіленбеген 
төлемдерден қорғау әрекетін бұзып жолданса; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  қолма-қол  емес  төлем  және  ақша  аударымдарын  жүзеге  асырудың  төлем  құжаттарын 
қолдану ережелері және біздің Республиканың бекітілген төлем тапсырмасын құру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк 
арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда; 

Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда. 
Егер  алушы-банк  төлем  құжатын  акцептеуден  бас  тартса,  онда  төлем  тапсырмасын  алғаннан  кейін  үш  жұмыс  күні  ішінде 
жөнелтушіге  тиісті  жазбаша  немесе  электронды  хабарлама  жолдауы  тиіс.  Ол  үшін  алушы-банк  пен  женелтуші  арасында  қарсылық 
туралы хабарламаны жөнелту тәртібі қарастырылады, бұл кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады. 
Төлем құжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды: 

жөнелтушінің  банктік  шоты  тұтқындалған  болса  немесе  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңцылығына  сәйкес 
оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылса; 

егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасындағы көрсетілген деректемелер сәйкес болмаса. 
Егер бенефициар емес алушы-банк жөнелтушінің банктік шотында аударым жасауға ақшалай қаржысы жеткілікті бола тұрып, 
төлем  тапсырмасын  орындамаса  және  алушы-банк  өзінің  акцептен  бас  тартатындығын  уақытында  хабарласа,  егер  бұл  Қазақстан 
Республикасының  заң  актілерімен  қаралмаса,  онда  араларында  болған  келісімге  сәйкес  жөнелтуші  аударым  сомасының  мөлшерінен 
айып төлейді. 
Мемлекеттің  заң  актілеріне,  алушы-банк  және  жөнелтуші  арасындағы  келісімге  сәйкес,  алушы  банк  төлем  тапсырмасын 
акцептеуден негізсіз бас тартқандығы үшін жауапқа тартылады. 
Төлем  құжатын  бюджет  және  басқа  да  Ұлттық  банктің  нормативтік  құжаттары  мен  заңдылығында  қарастырылған  мақсатқа 
ұсынғанда,  қаржы  жетіспесе  төлем  ордері  колданылады  (Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банк  басқармасының  2000  жылғы  25 
қарашадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру 
Ережесіне сәйкес). 
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады: 
1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші Кт 2203 «Клиенттердің ағымдагы есепшоттары» бенефициар 
2.  Егер  ақша  жөнелтуші  мен  бенефициарга  әр  турлі  банк  қызмет  көрсетсе,  олардың  арасындағы  есеп  айырысу 
корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»  
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты» немесе 
Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоты» 
3. Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшопары»  
Кт 4601  «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен кызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер». 
Төлем  талап-тапсырмасы  -  қызмет  көрсетуші  банкке  жолданған  есеп  айырысу  және  тиеу  құжаттары  негізінде 
жеткізілген  өнім,  орындалған  жұмыс,  көрсетілген  қызмет  келісімі  бойынша  құнын  төлеу  туралы  бенефициардың  жөнелтушіге 
берген талабы (8-қосымша). 
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкке жазып бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке 
тізіліммен (реестр) бірге 
төрт данада ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада (9-қосымша). 
Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассалаушы банк міндеттемесін алады. 
Инкассалаушы банк міндеттемесі төлем талап-тапсырмасын инкассаға
1
 
алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім 
немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассалаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды: 

төлем талап-тапсырмасын төлемге немесе акцептке кезекті ұсыну; 

бенефициарға  акцептен  бас  тарту  немесе  төлем туралы төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау; 

төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бенефициарға хабарлау. 
Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассалаушы банк төлем талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық 
күннен  кешіктірмей  қызметтің  орындалуын  анықтайды.  Инкассаға  инициатордан  инкассалаушы  банктің  төлем  талап-тапсырмасын 
қабылдау  инкассалаушы  банктің  операциялық  күні  ағымында  жүргізіледі  және  оны  инкассаға  қабылдау  кезінде  тізілімнің  барлық 
данасына күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші-банк аталған құжатта толем талап-тапсырмасын алған күні мен алу уақытын 
белгілейді. 
Бенефициар  банк  барлық  деректемелердің  толтырылу  дұрыстығын  тексеріп,  төлем  талап-тапсырмасымен  жөнелтуші  банкке 
жолдайды,  ал  бір  данасы  банк  белгісімен  бенефициарға  қайтарылады.  Жөнелтуші-банк  төлем  талап-тапсырмасын  алып,  оларды 
тіркейді, барлық данасына алу күнін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды. 
1
 
Инкассо - банк өз клиентінің тапсырысы бойынша және есеп айырысу құжаттары негізінде ақша аударушыдан оған тиесілі 
ақша сомасын алып, бұл соманы клиенттер есебіне аудару ісі жүргізілетін операция. 
Бұл кезде ол жөнелтуші банкке түскен күннен бастап үш күн ішінде банкке төлем талап-тапсырмасын ұсынуға міндетті. Төлем 
талап-тапсырмасы тек жөнелтуші шотында ақша болган жағдайда ғана қабылданады. 
Төлем  талап-тапсырмасын  толыктай  немесе  жартылай  төлеуден  бас  тарту  кезінде,  төлеуші  өз  банкін  осы  үш  күн  ішінде 
хабардар етеді және төлем талап-тапсырмасын тиеу құжаттарымен және төлемнен бас тарту туралы хабарламамен бірге бенефициарға 
қайтарады. 
Төлемге  келісім  білдірілген  жағдайда  аталған  төлем  талап-тапсырмасы  акцептеледі.  Жөнелтушінің  төлем  талап-
тапсырмасының  акцептеуді  талап  етпейтін  төлем  талап-тапсырмасынан  басқалары  соңғының  аталған  талаптарға  сәйкес  төлем 
жүргізуге келісімін білдіреді. 
Егер ақша жөнелтушінің банктегі шоты Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес тұтқындалған болса, оның банктік 
шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылған болса, төлем талап-тапсырмасына акцептеу болмайды. 
Әдетте  ақша  жөнелтуші  банк  ақша  жөнелтушінің  төлем  талап-тапсырмасын  акцепті  талап  етпейтін  төлем  талап-
тапсырмасынан  басқаларын,  жөнелтушінің  акцепті  негізінде  акцептейді.  Акцепт  талап  етілмейтін  төлем  талап-тапсырмасын  төлеу 
кезінде банк акша жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақша аударуға кұкылы. Акша жөнелтушінің акцептсіз төленетін 
төлем тапсырмасымен акцентелген құжаттар бойынша баланстан тыс есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті төлем 
және аударым үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті. Бұл кезде Қазақстан Республикасының заң актілерінде карастырылмаған 
болса, жөнелтуші-банк өзара келісімге сәйкес ақша жөнелтушісіне айын немесе өсімакы төлеуге міндетті. Жөнелтушіде ақша сомасы 
жеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем тапсырмасын (бюджетке төлемдер, сот шешімі, кеден басқармасы бойынша қойылған 
төлемдер және төлем талап-тапсырмасын (акцептсіз орындалатын) ақша жөнелтушінің банктік шотына оларды орындауға жеткілікті 
ақша сомасы тускенге дейін сақтайды. 
Мұндай құжаттарды кабылдау кезінде жөнелтуші-банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған төлем талап-тапсырмасын 
картотекаға еңгізу туралы банк бенефициарына хабарлама береді. 
Ақша жөнелтуші мен алушы-банк арасындагы келісімде алушы банктің әр түрлі кұжаттарды қабылдау және сақтау міндеттері 
карастырылады.  Алушы  банктің  мұндай  төлем  құжаттарын  қабылдау  және  сақтау  келісімі  жағдайында  аталған  банкке  тиісті 
міндеттемелер қойылады. 
Төлем  талап-тапсырмасын  толық  немесе  жартылай  төлеуге  келісім  білдірілген  жағдайда,  жөнелтуші  оның  барлық  данасын 
банктік шотты жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы жэне мертаңбасымен рәсімдейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

бірінші  данасы  жөнелтуші  шотынан  ақша  алуға  негіз  болады  және  операция  аяқталған  соң  банктің  кұжаттарына 
орналастырылады; 

екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады; 

үшінші  данасы  тауар,  көрсетілген  қызмет,  орындалған  жүмыс  үшін  төлем  жүргізілгендігі  туралы  қолхат  ретінде  тиеу 
құжаттарымен қоса жөнелтушіге кайтарылады. 
«Төленуге тиісті сома» бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен және сөзбен жазылуы тиіс. 
Заң актілеріне сәйкес ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алу жүргізіледі, бұл кезде инкассолық өкім деп 
аталатын құжат қолданылады (10-қосымша), сондай-ақ салық қызметі жэне кеден ұйымдарының инкассолық өкімі (11-қо-сымша) 
қолданылады. 
Ақша  жөнелтушінің  банкіне  ақша  өндіріп  алу  туралы  сот  анықтамасы  қаулыларының,  шешімдерінің,  өкімдерінің,  аталған 
өндіріп  алуды  сендіретін  сот  бұйрығы  немесе  көшірмесі,  атқарушы  парақтар  және  бұйрықтарға  қоса  инкассолық  өкім  ұсынылады. 
Салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі ұсынылмайды. Бұл талаптарды Ұлттық банк бекітеді. 
Инкассолық өкімде жөнелтуші келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алуға құқық беретін заң актісінің сәйкес нөмірі мен 
күні көрсетіліп, төлем мәні жазылуы тиіс. Салық және кеден қызметі органдарының инкассолық өкімінде қосымша бюджеттік жіктелу 
коды, операция түрі көрсетіледі. 
Бұл  кезде  өндіріп  алудың  дұрыстығына,  сондай-ақ  ақша  жөнелтушінің  келісімінсіз  ақша  алуға  негіз  болған  сілтемелерге 
өндіріп алушы жауапты. Банктер ақша жөнелтушінің олардың келісімінсіз банктік шотынан қаржы алуға қарсылық білдірген арызын 
қарамайды. 
Егер келісім акцептелмеген болса, онда ол акцепт мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылып алынады. Бұйрықты орындау немесе 
акцептелген бұйрықты қайтарып алу оны алушы-банк орындағанға дейін жүргізілуі мүмкін. 
Жөнелтуші алушы банкке бекітілген бланк нысанында жазылған қайтарып алу өкімін (12-қосымша) жолдау арқылы бұйрықты 
тоқтатуына  болады.  Қайтарып  алу  туралы  өкімде  төлем  құжатынын  күні,  оның  нөмірі,  сомасы  және  алушы-банк  бекіткен  басқа  да 
деректемелері  көрсетілуі  тиіс.  Электронды  тәсілмен  жолданған  өкім.  жөнелтуші  мен  алушы-банк  арасындағы  бекітілген  келісімге 
сәйкес санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртібі сақталған жағдайда, жолданған болып табылады. Қағаз жеткізушіде рәсімделген 
төлем кұжатын қайтару туралы немесе оны тоқтату туралы өкімді төлем құжаттарын жөнелтуге өкілетті, төлем кұжаттарына қол қоюға 
кұқылы тұлғалардың қолы және мөр болуы тиіс. 
Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптарына және жөнелтуші мен алушы банк арасындағы келісімге 
қайшы  келетін  бұйрықты  қайтару  туралы  өкімдерді  қабылдамауы  тиіс.  Алушы-банк  немесе  бенефициар  банк  төлем  тапсырысын 
қайтару туралы өкімді уақтылы алмаса ақша аударымын жүзеге асыруға құқылары жоқ. Бұл кезде алушы-банк немесе бенефициар банк 
түскен соманы жөнелтушіге қайтаруға міңдетті. Бұйрық алушы банкке бұйрықты орындауды тоқтата тұру туралы өкім жөнелтушінің 
жолдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін (13-қосымша). 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал