Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет23/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

3.
 
Банк қызметкерлеріне еңбек- ақыесептелу жэне төлену есебі 
Банк  қызметінің  үдерісінде  қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау  және  жұмыстан  босату  жүргізіледі,  қызметкерлердің  жеке 
құрамының өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасьшда жүргізіледі. Ол 
барлық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы және оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз 
етеді. 
Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, 
жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады. 
Жұмысшы  мен  жұмыс  беруші  арасындағы  еңбек  қатынастары  нормативтік  құқықтық  актілермен,  «Қазақстан 
Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» 
заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. 
Жұмысқа  қабылдау,  жұмысқа  алу  туралы  бұйрықпен  немесе  еңбек  келісімшарты  негізінде  жүргізіледі.  Жұмысқа  қабылдау 
кезінде жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын кұжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрыктың көшірмесі жатады. Жұмысқа 
алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады. 
Қызметкерлермен  жұмыс  бойынша  басқарма  жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрық  негізінде  жеке  карточка  толтырады. 
Жұмысшыларды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім)» нысаны қолданылады. Жұмысшыны 
бір  бөлімнен  екінші  бөлімге  ауыстыру  кезінде  «Басқа  жұмысқа  ауыстыру  туралы  бұйрық  (өкім)»  толтырылады.  Кезекті  демалыс 
жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім)» негізіңде беріледі. 
Еңбекақыны  төлеу  негізгі  және  қосымша  деп  бөлінеді.  Негізгі,  банк  қызметкеріне  белгіленген  қызметақы  бойынша  жұмыс 
істелген уақыт үшін есептеледі. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, 
демалыс  және  мереке  күндеріндегі  жұмыс  уақытына  төлем  т.б.  Еңбекақы  құрамына  жұмысшыларға  дивидент  және  пайыз  түрінде 
төленетін төлемдер кірмейді. 
Негізгі  еңбекақы  штат  кестесінде  немесе  еңбек  келісімшартында  белгіленген  көлемінде  еңбек  уақытын  есептеу  тізімінің 
негізінде есептеледі. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу нысанын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу 
күндік  мөлшерлеме  бойынша  жүзеге  асырылады,  еңбекақы  көлемі  істелген  жұмыс  уақытын  белгіленген  тарифтік  мөлшерлемеге 
көбейту арқылы табылады. 
Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі (1-қосымша). Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі 
өңдеуге  жіберіледі.  Еңбекақыны  есептеу  үшін  банк  бухгалтериясында  еңбекақыға  арналған  кітап  қолданылады  (2-қосымша).  Онда 
әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі. 
Еңбекақы  бойынша  есеп  айырысулар  еңбекақыны  төлеу  үшін  немесе  еңбекақы  және  төлем  тізімдемесі  бойынша  кітапта 
қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі (3-қосымша). 
Еңбекақы  айына  бір  рет  жеке  және  ұжымдық  шартта  белгіленген  күнде  төленеді.  Егер  төлеу  күні  демалыс  немесе  мереке 
күніне  сәйкес  келетін  болса,  онда алдын  ала бір  күн бұрын  төленеді.  Жұмыс  берушінің кінәсі  бойынша  ақшаны  беру  кешіктірілген 
кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша 
әрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл төлейді. 
Еңбекақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгіленген минимумнан төмен болмауы тиіс. 
Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді: 

демалыс уақытына төлем, пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы

жұмыс  сипатының  өзгеруіне  немесе  көлемінің  қысқаруына  (ұйым  жабылып  қалған  кезде,  құрамның,  штаттың  және  т.с.с. 
қысқаруы  кезінде,  сондай-ақ  өндірісте  жазатайым  уақиғаға  байланысты  жұмыстан  босату)  байланысты  босатылған  жұмысшыларга 
демалыс жәрдемақысы; 

қызметкерлердің  саны  немесе  штаттың  қысқаруымен,  ұйымның  қайта  ұйымдастырылуы  немесе  жойылуына  байланысты 
жұмыстан босатылған қызметкерлерге жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома; 

жұмысшының орындаған жұмысына байланыссыз белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, 
мысалы,  баланың өмірге келуінде, ақылы операция жасау 
 
кезінде  және  құжатпен  расталған  басқа  да  жиынтық  емес  сипаттағы  төлемдер;  өндірістік  жарақат  нәтижесінен  еңбек  қабілеттілігін 
жоғалтумен байланысты жәрдемақы, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде зиян шеккен адамдарға зиянның орнын толтыру
— 
ұйымның  қаражаты  есебінен  төленетін  жоғары  және  арнайы  орта  оқу  орындарында  оқу  үшін  мекеменің  жіберген 
студенттері мен окушыларына төленетін шәкіртақы
— 
кұрылыс, тұрғын үй сатып алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға, қарызды өтеу шығындары (оның ішінде ипотекалық) және 
осы мақсаттарға жету үшін қызметкерлерге берілетін материалдық көмек, субсидиялар; 
— 
әлеуметтік сақтандыру қорларынан және басқа да бюджеттік емес қорлардан жәрдемақы
— 
уақытша  еңбекке  жарамсыз,  екіқабат  және  баланы  дүниеге  әкелуге  байланысты  және  т.с.с,  жұмысшының  денсаулығына 
зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру
— 
қызмет бабымен жасалған іссапарларға заңды нормада бекітілген шекте іссапар шығындары; 
— 
басқа  тұрғылықты  жерлерге  жұмысқа  жіберу,  бағыттау  және  қабылдаумен  байланысты  шығындардың  орнын  толтыру; 
Қазақстан Республикасының бекітілген заңды нормасының шегінде іссапарға шығу үшін жеке көлікті пайдаланғаны үшін жәрдемақы. 
Демалыс уақытына төленетін төлем 
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы 
төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер сол банкте 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. 
Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарттар 
мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы керек. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы 
бөлініп берілуі мүмкін. 
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға 
сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда 
еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына 
байланысты анықталады. 
Егер  барлық  есептік  кезең  толығымен  орындалған  болса,  онда  еңбек  демалысы,  мен  пайдаланылмаған  демалыс  күндеріне 
өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы есептік кезеңце есептелген жалақы сомасын 12-ге және жұмыс күні мен белгіленген еңбек 
демалысын төлеу кезінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының жыл сайынғы балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа 
айлық санына бөлу арқылы есептеледі. 
Егер есептік кезеңдегі 12 ай толығымен орындалмаған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне 
өтемақы  төлеу  үшін  орташа  күндік  жалақы  істелген  жұмыс  уақытына  есептелген  жалақы  сомасын  жұмыс  істелген  уақытқа  (еңбек 
демалысын жұмыс күніне сәйкес беретін болса) немесе жұмыс істелген  уақытқа (еңбек демалысын күнтізбелік күнге сәйкес беретін 
болса) сәйкес алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесіндегі жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады. 
Еңбек  демалысын  есептеу  үшін  қабылданған  енбекке  төленетін  сома  12-ге  (бір  жылдағы  айлардың  саны)  және  жұмыс 
уақытының  балансына  сәйкес  анықталатын  бір  айдағы  жұмыс  күнінің  орташа  санына  бөлінеді.  Ол  1998  жылы  алты  күндік  жұмыс 
аптасы  үшін  25,67,  ал  бес  күндік  жұмыс  аптасы  үшін  -  21,42  құрады.  Орташа  жалақы  есебіне  уақытша  жұмысқа  қабілетсіздік 
жәрдемақысы  да  қосылады.  Жәрдемақы  төленетін  уақыт  өтелген  жұмыс  деп  саналады.  Алынған  орташа  күндік  жалақыны  еңбек 
демалысының күніне көбейтеді. 
 
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы 
Жеке еңбек келісімшартының қандай негізде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе 
толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді. 
 
Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы 
Жәрдемақы  қызметкердің  сырқатттануына  байланысты  уақытша  еңбекке  жарамсыз  кезінде,  протездеу,  жанұя  мүшелерінің 
біреуі  ауырған кезде  қарауға  кеткенде,  карантин  және  туберкулез  ауруына  шалдығуына  немесе  кәсіптік  сырқатқа  байланысты  басқа 
жұмысқа  уақытша аудару  кезінде,  басқа  жағдайларда үкімет  белгілеген  тәртіпте  төленеді.  Уақытша  еңбекке  жарамсыздық  бойынша 
жәрдемақы 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
төлеудің және есептеудің негізі еңбекке жарамсыздық парақшасы немесе анықтамалар болып табылады. 
Еңбекке  жарлмсыздық  парақшасы  -  еңбекке  жарамсыздығын  растайтын  құжат,  жұмыстан  босату  және  уақытша 
еңбекке жарам-сыздық бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Енбекке жарамсыздық 
парақшасы  мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыруға  жататын  кез-келген  жұмыста  істейтін  тұлғаларға  беріледі.  Жұмыстан  шығарылған 
тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді. 
Еңбекке жарамсыздық парақшасы мен уақытша еңбекке жарам-сыздық туралы анықтама бланкілері қатаң есептілік құжаттары 
болып табылады. Олардың нысандары белгіленген тәртіпте бекітіледі. 
Жалпы ауырған кездегі жәрдемақы көлемі жұмысшының үздіксіз өтелуіне (стаж) байланысты: жалақы есебінен 5 жылға дейін 
60 пайыз, 5 жылдан 8 жылға дейін - 80 пайыз, 9 жылдан бастап -100 пайыз төленеді. Заңдылықтарда үздіксіз стажына байланыссыз 100 
пайыз  жалақы  мөлшерінде  жәрдемақы  беру  қарастырылған:  еңбек  жарақаты  немесе  кәсіптік  сырқат  нәтижесінде,  ҰОС  қатысқан 
мүгедек  жұмысшыларына  және  басқа  да  мүгедектерге,  16  жасқа  толмаған  үш  және  одан  да  көп  бала  асырап  отырған  тұлғаларға, 
екіқабаттарға, сондай-ақ заңдылықтармен қарастырылған басқа да жағдайларда. 
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз 
болған  күннен  бастап  жұмысқа  шыққан  уақытқа  дейін  орташа  жалақының  100%  көлемінде  немесе  жұмыс  берушінің  әлеуметтік 
сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді. 
Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол объектіде бекітілген енбекакы төлеу жүйесімен қарастырылған жалақының, 
ақшалай сыйақылардың барлық түрлері, үстемеақы және қосымша төлем, еңбек сіңірген жылдар үшін және жыл нәтижесі бойынша 
сыйақылар кіреді. 
Азаматтарға  мынадай  жағдайларда  жәрдемақы  берілмейді:  қылмыс  жасау  нәтижесінде  жарақат  алған  кезде,  ішімдік, 
нашақорлык және т.с.с. пайдалану кезінде өз денсаулығына қасақана қастандык жасаған кезде. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша 
мәжбүрлі  емделуге  тартылған  (психикалық  аурумен  ауратындардан  басқа),  олардың  кінәлары  анықталған  кезде  сот-медициналық 
сараптамасынан өтетін, сондай-ақ қамалудағы тұлғаларға берілмейді. 
 
Жүкті әйелдерге және дүниеге сәби әкелуіне байланысты берілетін жәрдемақы 
Әйелдерге жүкті болуына және бала босануына байланысты 70 күнтізбелік күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты 
күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс кезінде жалақының 100 
пайыз  көлемінде  белгіленеді  және  төленеді.  Ол  мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыруға  жататын  жұмыс  істейтін  әйелдерге  беріледі. 
Сонымен қатар сол банкте қанша уақыт жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі. 
 
Демалыс және мереке күндерінде істелген жұмысқа төленетін төлем 
Егер жұмысшы оған белгіленген демалыс және мереке күндерінде жұмыс істейтін болса, онда екі апта ішінде демалыс берілуі 
қажет. Егер банк әкімшілігі демалыс бере алмайтын болса, онда сол күнге еңбекақы екі есе көлемінде төленуі қажет. 
 
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы 
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз 
болған  күннен  бастап  жұмысқа  шыққан  уақытқа  дейін  орташа  жалақының  100%  көлемінде  немесе  жұмыс  берушінің  әлеуметтік 
сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді. 
 
Бала туылған (асыран алу) кезде берілетін біржолғы жәрдемақы 
Бала  туылған  кезде  сол  жылдағы  республикалық  бюджет  туралы  ҚР  Заңында  белгіленген  көлемінде  біржолғы  жәрдемақы 
төленеді. Өлі бала туылған кезде жәрдемақы төленбейді. 
Бала туылған (үш айға дейінгі баланы асырап алған кезде) кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны алуға ата-аналардың біреуі 
немесе орнын ауыстыратын адамның құқығы бар. Егер екі және одан да көп бала туылған кезде, жәрдемақы әр балаға бөлек төленеді. 
Оның  көлемі  ағымдагы  жылға  бекітілген  зейнетақыны,  жәрдемақыны  және  басқа  да  төлемдерді  есептеу  үшін  қарастырылған  4 
еселенген есептік көрсеткішке тең. Жәрдемақы тек бала туылғаннан кейін 6 ай ішінде шешесінің жұмыс орнынан, ал шешесі жұмыс 
істемесе - әкесінің жұмыс орнынан әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. 
 
Жерлеуге төленетін жәрдемақы 
Сол жылғы республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның 
отбасына  немесе  жерлеуді  өз  мойнына  алған  басқа  да  жеке  және  заңды  тұлғаларға  беріледі.  Өлі  бала  туылған  кезде  жерлеу  үшін 
жәрдемақы жалпы негізде беріледі. 
 
Қызметкерлер санының немесе штаттардың қысқартылуына байланысты берілетін жәрдемақы 
Қызметкерлер  санының  (штаттың)  қысқаруы  бойынша  шараларды  жүзеге  асырумен  байланысты  еңбек  келісімшартын  бұзу 
немесе кәсіпорынды қайта құру және жою кезінде кәсіпорынннан, мекемеден, ұйымнан қысқартылатын қызметкерлерге орташа жалақы 
көлемінде жәрдемақы төленеді. 
Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы алуға зейнетке шығуға құқығы басталғанға дейінгі еңбекке жарамды азаматтар, 
бекітілген тәртіпте танылған және тіркелген жұмыссыз азаматтар құқылы. Мұндай құқықты жұмыс іздеп жүрген немесе ұзақ мерзімнен 
кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдар да иемденеді. 
Жұмыссыздық  бойынша  берілетін  жәрдемақы  азаматты  жұмыссыз  деп  тіркеген  күннің  8-күнінен  бастап  жұмысқа  орналасу 
мәселесі  шешілгенге  дейін,  бірақ  26  күнтізбелік  аптадан  аспайтын  мерзім  ішінде,  ал  жұмысын  және  табысын  (еңбек  табысын) 
жоғалтқан тұлғаларға, ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдарға 112 ай ішінде төленеді. 
Жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан азаматтар үшін жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы, егер олар 
жұмыссыздық басталғанға дейінгі 12 ай ішінде толық жұмыс күні немесе толық емес жұмыс күні ішінде 12 күнтізбелік аптадан кем 
емес уақыт аралығында жұмыс істеген болса (еңбек табысы болса) төленеді. 
Жұмысын  және  табысын  (еңбек  табысын)  жоғалтқан  тұлғалар  үшін  жұмыссыздық  бойынша  берілетін  жәрдемақы  көлемі 
алдындағы жұмыс орны бойынша негізгі жалақыға пайыздық қатынаста анықталады. 
Барлық  басқа  жағдайларда  (оның  ішінде  жұмысқа  енді  тұрайын  деп  жүрген  азаматтарға)  жұмыссыздық  бойынша  берілетін 
жәрдемақы  Қазақстан  Республикасының  заңдылықтарымен  анықталған  күнкөрістің  ең  төмен  деңгейіне  пайыздық  қатынас  ретінде 
бекітіледі. 
Жәрдемақы көлемі бекітілген тәртіпте индекстеледі. 
 
Негізгі жалақы бойынша есептелген сомадан келесі ұстап қалулар мен аударымдар жүзеге асырылады: 
1. Банк есептелген сомадан 10% көлемінде зейнетақы қорына міндетті төлемді төлейді, бірақ банк оны қызметкердің жалақысынан ұстап 
қалады. 
2. Әлеуметтік салық әлеуметтік салықты ұстау тәртібі 21-тарауда жазылған. Банк шығындарына жатады. 
3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Табыс салығын есептеу тәртібі 21-тарауда «Банктің салық салу есебі» көрсетілген. Табыс 
салығының көлемі есеп айырысу тізімдемесінде есептеледі. 
Жалақыны есептеу кезінде келесі бухгалтерлік жазу жазылады: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Дт 5720-5721 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар» 
Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» 
2851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». 
Және сол уақытта әлеуметтік салықты есептеу жүргізіледі: 
Дт 5729 «Өзге төлемдер» 
Кт 2851«Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». 
Жалақыны беру кезінде: 
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» 
 
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша». 
Табыс, әлеуметтік салықтар мен міндетті зейнетақы салымдарын аудару кезінде: 
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
Есептелген  жалақы  сомасы  банктің  шығындарына  жатады.  22  «Банктің  табыстары  мен  шығыстары»  бухгалтерлік  есеп 
стандартына сәйкес қызметкерлердің шығындарына келесілер жатады: 
• қосымша төлемдермен бірге банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындары; 
• 
Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес пайда-ланылмаған еңбек демалыс күндері үшін төленетін өтемақы; 
•  банкті  қайта  ұйымдастырумен,  қызметкерлердің  санын  қысқартумен  байланысты  қызметкерлерді  қысқарту  кезінде  банк 
қызметкерлеріне төленетін төлем; 
• кезекті (жыл сайынғы) және қосымша демалысқа төленетін шығыстар
• жоғары және орта арнайы оқу орындарында кешкі, сырттай, сырттай аспирантурада, кешкі жалпы білім беретін мектептерде 
жақсы оқитын, сондай-ақ аспирантураға тапсыратын қызметкерлерге берілетін оқу демалыстарына заңға сәйкес төленетін төлемдер
• кадрларды дайындау шығындары; 
•  банк  штатына  тіркелмеген  қызметкерлерге  жалақы  төлеу  азаматтық-құқықтық  сипаттағы  бекітілген  келісімшарт  бойынша 
орындалған жұмысқа байланысты төленеді
• Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес демалые және мейрам күндерінде артық жұмсалған уақыт үшін төлем; 
• Қазақстан Республикасының заңдылықтарында қарастырылған шарасыз қыдырымпаздық уақытына немесе төмен төленетін 
жұмысты орындағаны үшін төлем; 
• өнертабыс және оңтайландырғыштық ұсыныстар үшін сыйақы. 
Көрсетілген  және  басқа  да  шығындарды  есептеу  олардың  нақты  төлеу  уақытына  байланыссыз  ағымдағы  айдың  соңында 
тенгемен  төленеді.  Жұмыспен  қамтамасыз  етіп  отырған  жерде  қызметкерлер  жұмыс  істеген  уақыт  аралығында  әлеуметтік  салықты, 
әлеуметтк қамсыздандыру алымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін жарналарды, жұмыспен қамту қорына аударымдарды 
шығын ретінде таниды. 
Қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына іссапарлық шы-ғындар жатады. 
Шетелге  қысқа  мерзімді  іссапарға  шыққан  қызметкерлерге  шығындарды  қайтару  29.09.98  жылдан  бастап  №967  «Шетел 
валютасында  іссапар  шығындарынын  орнын  толтыру  мөлшері  туралы  Қазақстан  Республикасының  Үкімет  Қаулысымен  бекітілген 
мөлшер шегінде растайтын құжаттарды ұсынған кезде нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады. 
       
Заңмен бекітілген мөлшерден асатын іссапар шығындарын өтеу, материалдық және әлеуметтік сипаттағы төлемдер қызметкерлерге 
төленетін шығындар қатарына жатады. Сонымен қатар салық заң-дылықтарына сәйкес банк төлем көзі сомасынан 15% мөлшерлеме 
бойынша материалдық және әлеуметтік төлемнен табыс салығын ұстап қалады. Егер қызметкерлерден жеке тұлғалар табыс салығының 
мөлшерлемесі бойынша жалақымен бірге салық салынса көрсетілген төлемдер банктің жылдық жиынтық табысынан алынады 
4.
 
Банк қызметкерлері еңбек-ақылары бойынша эртүрлі ұсталымдар мен шегерімдер есебі 
152-
бап. Салық шегерiмдерi  
1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар 
жатқызылады:  
2006.07.07. 
№ 177-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. редқара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 
1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiндегi сома;  
2) 2006.07.07. 
№ 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 
3)  жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген  мөлшерде  төленетiн  мiндеттi 
зейнетақы жарналары.  
2006.07.07. 
№ 177-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 
4) өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;  
5) 13.12.04 ж. 
№ 11-III ҚР Заңымен алынып тасталды  
6) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары.  
2006.07.07. 
№  177-III  ҚР  Заңымен  7)  тармақша  жаңа  редакцияда  (бұр.  ред.  қара)  (2007.01.01.  бастап  қолданысқа  енгізілді)  ; 
2007.02.07  
№ 272-III  ҚР  
Заңымен  7) тармақша  өзгертілді  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр. редқара) 
7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 
заңнамасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрғын  үй  жағдайларын  жақсарту  жөніндегі  іс-шараларды  жүргізуге 
тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған заемдары  бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.  
2006.07.07. 
№ 177-III ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. редқара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 
1-
1.  Жарты  айдан  аз  жұмыс  істеген  қызметкердің  төлем  көзінен  салық  салынатын  табысын  айқындау  кезінде,  осы  баптың  1-
тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерім жүргізілмейді.  
2006.07.07. 
№ 177-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. редқара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 
2. Салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларына сәйкес шегерiм жасау құқығы өзi берген өтiнiштің 
және салық төлеушi табыс еткен растаушы құжаттардың негiзiнде жұмыс берушiлердің бiрiнен алатын табыстары бойынша берiледi. 

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал