Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет22/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

2.
 
Акциялар бойынша дивиденттерді есептеу тәртібі. 
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы барлық акциялардың атаулы құны сомаларынан құралады. 
Шығарылған  және  жарияланған  жарғылық  капиталды  ажыратып  қарастыруға  болады.  Акционерлік  қоғам  жарғылық 
капиталды  тіркейді  және  үлкен  акция  көлемін  шығаруға  рұқсат  алады  (бұл  оның  құралу  кезінде  қажст).  Бұл  акционерлік  коғамға 
акцияларды шығара отырып болашақта қосымша қаражат жинақтауға мүмкіндік береді. 
Акциялар шығарылған және айналатын болып бөлінеді. 
Шығарылған - бұл басқа әдіспен сатылған немесе өткізілген акциялар. 
Айналатын  -  бұл  шығарылған  және  айналыста  жүрген  акциялар.  Егер  акцияны  қоғам  сатып  алған  болса  немесе  оған 
акционерлер  қайтарып  берген  болса,  онда  айналатын  болып  саналмайды.  Қоғам  сатып  алған  немесе  оның  иелігіндегі  шығарылған 
акциялар -сатылып алынған деп аталады. 
Атаулы  құны  шетел  валютасында  анықталатын  жарғылық  капитал  есебі  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік  қоғам 
туралы» 
Заңына  сәйкес  жүргізіледі.  Оның  үстіне  қоғамның  жарияланған  жарғылық  капитал  мөлшері  барлық  шығарылған  акциялар  атаулы 
құнының сомаларының қосындысына тең және бір валютада өрнектеледі, ал атаулы құны ұлттық және шетел валютасында анықталады 
және  сол  қоғамның  барлық  акциялары  үшін  бірдей.  Атаулы  құны  шетел  валютасымен  анықталған  акциялар  төлемі  Қазақстан 
Республикасыныц валюталық заңына сәйкес жүзеге асады. 
21 «Валюта бағамының өзгеру әсері» бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына, 9 «Шетел валютасындағы операциялар 
есебі» бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартына сәйкес жарғылық капитал, шетел валютасында анықталған акциялардың атаулы 
құны,  операцияның  жүзеге  асқан  күніндегі  валютаның  айырбас  (тарихи)  бағамы  бойынша  есептеледі.  Соңғысы  құрылтайшы 
құжаттарды мемлекеттік тіркеу және жарғылық капиталдың қалыптасу көздерімен сәйкес келеді. Осылайша бухгалтерлік есептегі 9-
стандартының әдістемелік ұсынысына сәйкес жарғылық капиталды теңгенің шетел валютасына қатысты «тарихи» бағамымен көрсетуді 
ұсынады.  Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкісімен  қоғамның  құрылтайшы  құжаттарын  мемлекеттік  тіркеу 
күніне  бекіткен  ресми  бағамы  да  қолданылады.  Теңгенің  шетел  валютасына  қатысты  бағамының  өзгеруімен  байланысты  кейіннен 
жарғылық  капиталды  қайта  бағалау  жүргізілмейді.  Осыған  бай-ланысты,  активтерді  шетел  валютасында  қайта  бағалау  жарияланған 
жарғылық  капиталдың  мөлшерімен  бірдей  сомада  жүргізуді  ұсынады.  Қайта  бағалау,  кем  дегенде,  айына  бір  рет  жүргізіледі. 
Нәтижелерді бейнелеу үшін кірістердің немесе шыгыстардың баланстық шоттарына сәйксс дербес шоттары ашылуы қажет. 
Табыстар  шотьшда  (баланстық  шот  4850  «банк  табыстары»)  және  шығыстар  шотында  (баланстық  шот  5710  «Жүзеге 
асырылмаған  шығысы»)  есепке  алынатын,  жоғарыда  көрсетілген  активтерді  қайта  бағалау  нәтижесінде  оң  немесе  теріс  айырма 
бойынша  қалыптасқан  сальдо  шегінде  сома  жыл  аяғында  арнайы  ашылған  3500  «Резервтік  капитал  және  қайта  бағалау»  баланстық 
шотқа есепке алынады. 
Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия мен Әділет минис-трлігінен рұқсат алғаннан кейін банк акциялар төлеміне түскен 
қаражаттарды пайдаланып және оларды жарғылық капиталға кірістей алады. 
Тіркелген капиталдың мөлшері баланстық шоттарда есептелінеді, 3001 «Жарияланған жарғылық капитал - жай акциялар» бөлігі 
және 3025 «Жарияланған жарғылық капитал - артықшылықты акциялар». Төленбеген жарғылық капитал сомасы жай ак- 
циялар - 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар» шотта және «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар» 
- 3026. 
Жарғылық капитал көлемінің өсуі: 
Дт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал -жай акциялар» 
     
3026 «Төленбсген жарғылық капитал - артықшылығы бар акциялар»  
Кт  3001 «Жарияланган жарғылық капиталды - жай акциялар» 
      
3025 «Жарияланган жарғылық капитал - артықшылықты акциялар» 
• Жарғылық капиталға салымдар төленуі: 
Дт  2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
 
Кт 3002 «Төленбегсн жарғылық капитал - жай акциялар» 
      
3026 «Толенбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар» 
және (немесе) 
Дт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
       
1051«Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты» - сату бағасы бойынша 
Кт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылығы бар акциялар» - атаулы құны бойынша 
     
3026 «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар» - атаулы құны бойынша 
     
3101 «Акциялар бойынша сыйақылар» - сату бағасы мен атаулы құны арасындағы айырма 
• Жарғылық капиталға салымды шетел валютасында төлеген кезде келесі өткізбелер жүргізіледі: 
Дт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
      
1050 «Банктердің корреспонденггік есепшоттары»  
      
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»  
Кт 1858   «Банктің шетсл валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы» 
       
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы» 
Сонымен бір уақытта теңгеде: 
Дт 2859  «Шетел  валютасының теңгемен  көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позицияның)» 
       
1859 «Шстел валютасының теңгемен корсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»  
Кт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар» 
     
3025 «Жарияланған жарғылық капитал - артықшылықты акциялар». 
 
3.
 
Банктің резервтік қоры жөне есебін жүргізу тәртібі. 
Резервтік  капитал  -  бөлінбеген  табыстан  аударым  есебінен  қалыптасатын  банктің  меншікті  қаражаттарының  бір 
бөлігі.  Резервтік  капиталды  пайдалану  және  қалыптастыру  тәртібі  қолданылып  жүрген  заңмен  және  қүрылтай  құжаттарымен 
анықталады. Ашық акционерлік қоғамның резервтік капиталының заң талаптарына жарияланған жарғылық капиталдың 15 пайызынан 
кем  болмауы  тиіс.  Резервтік  қор  банктің  әр  түрлі  шығындарын  жабу  үшін,  сонымен  қатар  артықшылығы  бар  акция  иелеріне 
дивидендтер  төлеуге  қаражаттар  жетіспеген  жағдайға  құрылады.  Қазақстан  Республикасының  ¥лттық  банкісінің  талаптарына  сәйкес 
резервтік қор мөлшері сыныптауға жатпайтын активтер сомасының 5 пайызы мөлшерінде анықталады. 
Резервтік капитал құру кезінде келесі өткізбелер жүргізіледі: 
Дт 3599 «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)» 
Кт 3510 «Банктің резервтік капиталы» 
Дивиденттерді төлеу үшін қаражаттар жетіспеген кезде олар резервтік капитал қаражаттары есебінен төленеді, және келесі 
өткізбе жүргізіледі: 
Дт 3510 «Банктің рсзервтік капиталы» 
Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)»  
     
2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)» 
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) сомасы оның алдыңғы жылдар сомасын көрсетеді. 
Бұл  шот  алдыңғы  жыл  сомасына  жаңа  жылда  қорытынды  айна-лымдар  жүргізілгеннен  кейінгі  бірінші  жұмыс  күнінде 
кредиттеледі. Болашақтағы табысты бөлу акционерлер жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі. 
Дивидендтер - бұл акционерлер арасыида бөлінуі тиіс таза табыс бөлігі. Әдетте таза табыс санына сәйкес үлестіріледі. 
Жай  дивидендтер  бұл  банктің  өз  табысынан  акционерлері  үшін  жүргізетін  қолма-қол  төлемдері.  Оның  көлемі  банктің 
директорлар кеңесімен тағайындалады. 
Дивидендтер төлеумен үш маңызды күндер байланысты: 
— 
жарнамалар; 
— 
акция иелерін тіркеу; 
— 
төлемдер. 
Біріншісі - бұл директорлар кеңесінің дивидендтер төлеу туралы ресми хабарлауы; 
Екіншісі - табыс алуға кұқылы акция иелері анықталатын күн. Дивидендтер белгілі бір күнге тіркелген барлык акционерлерге 
төленеді. Осы күн өткеннен кейін акциялар табыс алуды жоғалтады, яғни егер акционер өз акциясын тіркеу күнінен кейін сатса, онда 
дивиденд алу құқығы жаңа иесіне көшеді. 
Үшінші күн - бұл акционерге нақты төлем жүргізілген күн. 
Артықшылығы бар акциялар жай акцияларға қарағанда ұнамдырақ болып келеді: белгілі бір дивиденд сомасы артықшылыгы 
бар  акциялар  иелеріне  жай  акциялар  иелері  әз  үлесін  алғанға  дейін төленеді.  Төлемдер  сомасы  акцияның  атаулы  құнына  пайыздық 
қатынаста анықталады. Банк қаржылық жылды қалай аяқтағанына байланыссыз артықшылығы бар акция иелері қанағаттануы тиіс. 
Сондықтан егер банкте бөлінбеген табыс жетіспесе, онда артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін 
резервтік қаражаттар пайдалануы мүмкін. 
        
Кейде,  банктің  айналым  капиталын  сақтап  қалу  үшін  немесе  нарықтық  бағасын  төмендету  үшін,  немесе  басқа  да  себептермен 
директорлар  кеңесі  акцияларға  дивидендтер  төлеу  туралы  шешім  қабылдай  алады.  Бұл  жай  ғана  қосымша  бағалы  қағаздарды 
акционерлерге беру болып табылады. Банкті қайта капиталдандыру жүзеге асады; салынған әр түрлі акциялар құны қатынастарының 
сәйкестіктері өзгерусіз қалады. 
 
Дивидендтер есептеу кезінде келесідей өткізбе жүргізіледі:  
Дт 3599 «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)» 
 
Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»  
      
2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»;  
Резервтік капитал есебінен дивидендтерді есептеу: 
 
Дт 3510 «Банктің резервтік капиталы» 
Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)»  
    
2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)».  
Төлем көзінен салықты ұстап калғаннан кейін дивидендтерді беру не касса арқылы, не құрылтайшының есеп айырысу 
шотына есепке алу жолымен немесе, егер акционерге басқа банкте қызмет керсетілетін болса, банктің корреспонденттік шотында 
жүргізіледі:  
Дт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»  
    
2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивиденд бойынша)»  
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
     
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»  
      
2203 «Банктің ағымдагы есепшоттары». 
 
4.
 
Бағалы қағазды шығару есебі 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
     
Акционерлік қоғам жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша заң актілерінде қарастырылған аз мөлшерді ескере отырып, 
жарғылық  капиталды  акциялардың  бір  бөлігін  олардың  жалпы  санын  қысқарту  мақсатында  сатып  алу  жолымен  азайтуға  құқылы. 
Акционерлік  қоғамдар  бұл  шешімі  жайында  қоғам  міндеттемелерін  орындауын  немесе  уақытынан  бұрын  орындалуын  талап  етуге 
құқығы бар барлық кредиторларын мәлімдеуі қажет. 
Сатылып алынған меншікті акциялар сатылған, одан кейін оны шығарған эмитент-банк қайта сатып алған, бірақ қайта 
шығарылмаған  немесе  айналымнан  алынып  тасталмаған  жай  және  артықшылығы  бар  акциялар.  Әдетте,  банк  акцияларды 
қаражаттандыра отырып, оларды нарықта немесе акционерлерден қайта сатып алады. 
Ол мына мақсатта жүргізіледі: 

қайта сату; 

күшін жою; 

банк акцияларына қолайлы конъюнктураны ұстап тұру; 

банктің бақылаушы акциялар пакетін басқа субъектілердің иемденіп алуын тоқтату және т.б.. 
Меншікті  акцияларды  қайта  сатып  алудың  нәтижесі  банк  актив-терінің  және  акционерлік  капиталының  қысқаруы  болып 
табылады.  Сатып  алынған  акциялар  белгіленген  мерзім  аралығында  сақталуы,  қайта  шығарылуы  немесе  айналымнан  мүлдем  алып 
тасталынуы мүмкін. Олар шығарылмаған акцияларға өте ұқсас болып келеді. Сондықтан айналымға қайта шығарылғанға дейін олар 
ешқандай  құқықтарға  ие  болмайды.  Сатып  алынған  акциялар  дауыс  құқығын,  артықшылықтарды,  дивиденд  алуға  құқық  және  банк 
таратылған жағдайда оның активтеріне үлестік құқық бермейді. Егер акция номиналы бойынша немесе одан жоғары бағада шығарылып 
және толығымен төленсе, соңынан қайта сатып алынса, онда ол номиналынан төмен сомада қайта шығарылуы мүмкін. Ал акциялар 
бастапқы шығарылған кезде бұны жүзеге асыруға болмайды. Қайта сатып алынған меншікті акциялар есебі номиналы бойынша немесе 
қайта сатып алу кұны бойынша жүргізіледі. Меншікті акциялардың атаулы құны мен нақты сату немесе сатып алу құны арасындағы 
айырма 3101 шотта көрініс табады және атаулы құнынан жоғары бағада сатып алынған кезде шығындарға, төмен бағамен алынса — 
банк табысына жатқызылады. 
Акциялар мына жағдайда күштерін жояды: 

банк жабылған кезде; 

акцияның бір түрін екінші бір акциямен алмастыру кезінде; 

банктің жарғылық қоры азайған жағдайда.  
Меншікті акцияларды сатып алу: 
Дт 3003 «Банк сатып алған жай акциялар» 
    
3027 «Банк сатып алған артықшылықты акциялар» 
Кт3101   «Қосымша  төленген  капитал»   -   олардың атаулы құнынан төмен бағамен сатып алу кезінде  
    
1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
 
1051  «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»  
2203 «Клиенттердін ағымдағы есепшоттары» немесе 
Дт 3003 «Банк сатып алған жай акциялар» 
3027 «Банкпен сатып алынған артықшылықты акциялар»  
3101 « Қосымша төленген капитал » - акцияларды олардың атаулы құнынан жоғары бағада сатып алу кезінде 
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
1050 «Банктердіц коррсспонденттік есепшоттары»  
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
Акциялар қайта сатылып немесе қайта сатып алынғаннан кейін құны жойылуы мүмкін. 
Акция құны жойылған кезіндегі жарғылық капиталдың азаюы келесі өткізбеде көрініс табады: 
Дт 3001 «Жарияланған жарғылық капитал - жай акциялар»  
3025  «Жарияланған  жарғылық капитал  - артықшылықты акциялар» 
Кт 3003 «Банк сатып алған жай акциялар» 
3027 «Банкпен сатып алған артықшылықты акциялар».  
Егер, акциялар талаи етілмеген жағдайда және жарғылық капитал солардың сомасына азаяды: 
Дт 3001 «Жарияланған жарғылық капитал - жай акциялар» 
3025 «Жариялапғап жаршлық капитал - артықшылықты акциялар»  
Кт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар» 
3026 «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар». 
Қорытынды айналымдар жүргізілгеннен кейін салықты төлеуге дейінгі табыс шоттарын жабу бойынша келесі өткізбелер 
жүргізіледі: 
Дт 4999 «Салыққа дейінгі кіріс»  
Кт 5999 «Табыс салығы» 
3599 «Болінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)»  
Акционерлердің шешімі негізінде резервтік' капитал кұрылған кезде келесі өткізбе жүргізіледі: 
Дт 3599 «Болінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)» 
Кт 3510 «Банктіц резервтік капиталы» 
Банктің шығындарын жабуға рсзервтік капиталды қолдану: 
Дт 3510 «Банктің рсзервтік капиталы» 
Кт 3599 «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)». 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
 
Екінші деңгейлі банктерде меншікті капиталды құру  тәртібі 
2.
 
Екінші деңгейлі банктерде меншікті капиталды негізгі бухгалтерлік өткізбелер бейнелеу керек 
 
 
Ұсынылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп . Алматы: Экономика, 2007 
 
 
Дебиторлық және кредиторлық берешек есебі және қызметкерлеріне енбеқақы төлеу есебі  
Дәріс мақсаты:  банктегі дебиторлық және кредиторлық берешек есебі және қызметкерлеріне енбеқақы төлеу есебін қарастыру 
1. Банктің дебиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі 
2.. Коммерциялық банктердің кредиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі 
3.
 
Банк қызметкерлеріне еңбек- ақыесептелу жэне төлену есебі 
4.
 
Банк қызметкерлері еңбек-ақылары бойынша әртүрлі ұсталымдар мен шегерімдер есебі 
 
 
1
. Банктің дебиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Дебиторлық берешек деп көрсетілген қызмет, жабдықтаушыларға тауарлар және қызмет көрсетулері және т.б. үшін алдын ала 
төлем жүргізу нәтижесінде туындаған банк әріптестерінің қарызын айтады. 
Шаруашылық  қызметі  бойынша  дебиторлармен  және  кредиторлармен  операциялардың  есебі  мен  бақылауы  бас  банктің 
әкімшілік- шаруашылық қызметін бағдарлау және бақылау Департаментінің жауапты бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. 
Күрделі  қаржы  жұмсалымы  бойынша  дебиторлық  берешек  есебі  жөндеу-құрылыс  материалдары,  жабдықтар  мен  құрал-
саймандар үшін жабдықтаушылармен есеп айырысу, сатып алу және күрделі жұмсалым мен күрделі жөндеу бойынша шығындар үшін 
есеп беретін адамдарға аванс нәтижесін көрсететін 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» баланстық шотында жүргізіледі. 
Банк  қызметкерлерімен  есеп  айырысу  іс-сапар  шығыны  мен  басқа  да  шығындар  бойынша  банк  қызметкерлеріне  берілген 
аванстық төлемдер сомасын көрсетіп 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» баланстық шотында жүргізіледі. 
Басқа да дебиторлар мен кредиторлар есебі уақытша және кездейсоқ сипатқа ие банктің дебиторлық берешек сомасын, басқа 
баланстық  шоттар  бойынша  түсу  мезетінде  анықталмаған  тағайындау  сомасын,  сондай-ақ  шаруашылық  қызметі  бойынша  есеп 
айырысу сомаларын көрсететін 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі. 
Кепіл  бойынша  дебиторлық  берешек  есебі  берілген  кепілдік  бойынша  қарыз  алушының  берешегін  көрсететін  1861 
«Кепілдіктер бойынша дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі. 
Банкке көрсетілген қызметтер үшін алдын ала төлемдер (үй-жайды жалға алу, телекоммуникациялық қызметтер, телефон және 
ұялы байланыс қызметтері, пошта қызметі, телеграф қызметі, радио нүкте үшін абоненттік төлемдер, негізгі құралдарды жөндеу үшін 
алдын ала төлеу, күзет және дабылдама (сигнализация) бойынша қызметтер үшін алдын ала төлеу, коммуналдық қызметтер және т.с.с. 
үшін  алдын  ала  төлеу)  жабдықтаушылар  ұсынатын  шот-фактуралар  негізінде  келісімшартта  келісілген  тәртіпте  және  мерзімде 
жүргізіледі. 
Шарт  келесілерден  тұрады:  шарттың  мағынасы,  мерзімі  нысаны,  тауарды  жеткізу  мерзімі  мен  тәртібі,  тараптардың 
міндеттемелері, міндеттемені орындамаған үшін тараптардың жауапкершілік шаралары, шарттың қызмет мерзімі, тараптардың заңды 
мекен-жайлары, СТН, экономика секторының коды, резидент екенің дәлелдейтін белгі, тараптардың өкілетті өкілдерінің қолдары, мөр 
таңбасы. Шарттың бір данасы банктің дебиторлар мен кредиторлар есебі бөлімшесіне тіркеу, сақтау және бақылау үшін беріледі, ал 
екінші данасы жабдықтаушылар ұйымына беріледі. 
Банк бюджет бабындағы келісімшарт негізінде келесі деректемелер бойынша жабдықтаушыға «Іс» папкасын ашады: 

шарт түрі; 

негіздеме; 

төлем ынтагері; 

шарт нөмірі; 

жабдықтаушының атауы; 

шарт сомасы; 

есеп айырысу шоты (төлем жүргізілетін дербестік шот); 

шот атауы; 

мақсаты; 

төлем кестесі. 
Түскен құжаттарды тексеріп болғаннан кейін жауапты орындаушы жинақталған және төлем құжаттарын растайды, содан кейін 
бөлімшеде шоттар бойынша сәйкес бухгалтерлік жазбалар жасалады. 
2..Коммерциялық банктердің кредиторлармен жүргізілетін операцияларының есебі 
Дебиторлар және кредиторлармен операциялардың шоттарда 
көрініс табу тәртібі 
1. Алдағы кезең шығындарын алдын ала төлеу (жалдау, жазылу, жарнама, пошта және т.б.): 
Дт  1799 - «Өзге де алдын ала төлемдер» 
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
1050 - 
«Банктердің корреспонденттік есепшоттары»  
1001 - 
«Кассадағы қолма-қол ақша» 
2211 - 
«Клиенттердің талап етуі бойынша салымдар». 
2. Негізгі құралдарды, ғимараттарды ағымдағы жөндеу және т.б. қызметтер үшін алдын ала төлеу: 
Дт  1860 - «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»  
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
1051 - 
«Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоттары» 
1001 - 
«Кассадағы қолма-қол ақша» 
2211 - 
«Клиенттердің талап ету бойынша салымдары». 
Негізгі құралдар, ғимараттарды күрделі жөндеу үшін алдын ала төлем: 
Дт  1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»  
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
1051 -
«Банктің Қазақстан Республикасьшьщ Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоттары». 
4. Алынған, бірақ төленбеген ТМҚ және НҚ кірістеу: 
Дт  1851  - «Салықтар  және  бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»  
1856 -
«Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» 
 1602 - 
«Өзге тауар-материалдық қорлар» 
Кт 2856 - «Күрделі қаржы бойынша кредиторлар»  
2860 - 
«Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар» 
5. Үйлер мен ғимараттарды салу кезінде келісімшарт негізінде аванс сомасына: 
Дт  1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»  
Кт  2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»  
1001 - 
«Кассадағы қолма-қол ақша» 
1051 - 
«Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоттары»  
2010 - 
«Корреспонденттік есепшоттар». 

орындалған жұмыс үшін анықтама ұсынған кезде: 
Дт  1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт  1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар». 

монтаждауды талап ететін негізгі құралдарды алу кезінде: 
 
Дт  1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі кұрал- 
жабдықтар» 
Кт  1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»; 

үйлер мен ғимараттарды және қондырғыларды пайдалануға беру кезінде: 
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
1653 «Компьютер жабдықтары» 
1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
1656 «Жалға беруге арналған негізгі кұрал-жабдықтар»  
Кт  1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар» 
6. ТМҚ үшін төлем жүргізгенде: 
Дт    1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» 
 
Кт    1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
2010 «Корреспонденттік есепшоттар» 
2020 «Басқа банктердің сыйақы есептелген талап ету бойынша салымдар» 
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»; 
7. ТМҚ қоймаға кірістелген кезде: 
Дт    1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да мін- 
детті төлемдер бойынша есеп айырысу» 
1602 «Өзге тауар-материалдық қорлар»  
Кт    1860 «Банк қызмет бойынша өзге дебиторлар»; 
8. Шаруашылық қажеттіліктер үшін аванс беру кезінде:  
Дт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» 
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» 
9. Аванстық есеп беруді ұсыну кезінде: 
Дт 5 класс шоттары - бекітілген аванс сомасына  
Кт  1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» 
 
2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»; 
10. Банк әр айдың соңында есептеу әдісіне сәйкес алынған қызметтер үшін шығындар сомасын есептейді: 
Дт 5 класс шоттары 
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар». 
11. Бұрынғы айдағы есептелген шығынды төлеу кезінде есептелген сомаға түзетпе жасау: 
Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»  
Кт 5 класс шоттары. 
12. Мәжбүрлі шығынды есептеу кезінде: 
Дт  5400  «Банктік  қызметпен  байланысты  дебиторлық  борыштар  бойынша  жалпы  резервтерге  (мәжбүрлі  шығындарға)  ақша 
бөлу» 
5453 «Банк қызметімен байланысты дебиторлар бойынша арнайы резервтерге ақша бөлу» 
5459  «Банктік  емес  қызметке  байланысты  дебиторлық  берешек  бойынша  арнайы  резервтерге  (мәжбүрлі  шығындарға)  ақша 
бөлу» 
5461 «Банктік емес қызметпен байланысты дебиторлыққ борыштар бойынша жалпы резервтерге ақша бөлу» 
1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі 
шығындар)» 
1463  «Банктік  емес  қызметке  байланысты  дебиторлық  берешек  бойынша  шығындарды  жабуға  арналған  жалпы  резервтер 
(мәжбүрлі шығындар)» 
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі 
шығындар)» 
1878  «Банктік  емес  қызметке  байланысты  дебиторлык  берешек  бойынша  шығындарды  жабуға  арналған  арнайы  резервтер 
(мәжбүрлі шығындар)» 
1879 «Есептелген тұрақсыздық» 
Кт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»  
5459      «Банктік      емес      қызметке      байланысты  дебиторлык  берешек       бойынша          арнайы          резервтерге  (мәжбүрл: 
шығындарға) ақша бөлу» 
13. Мәжбүрлі шығындар құрылған дебиторлық берешек сомасын өтеу кезінде: 
Дт  1462  «Банк  қызметіне  байланысты  дебиторлық  берешек  бойынша  шығындарды  жабуға  арналған  жалпы  резервтер 
(мәжбүрлі шығындар)» 
1463  «Банктік  емес  қызметке  байланысты  дебиторлык  берешек  бойынша  шығындарды  жабуға  арналған  жалпы  резервтер 
(мәжбүрлі шығындар)» 
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі 
шығындар)» 
1878  «Банктік  емес  қызметке  байланысты  дебиторлық  берешек  бойынша  шығындарды  жабуға  арналған  арнайы  резервтер 
(мәжбүрлі шығындар)» 
Кт 5460 «Банктік қызметпен байланысты дебиторлық борыштар бойынша жалпы резервтерге ақша бөлу»  
5453  «Банктік  емес  қызметке  байланысты  дебиторлық  берешек  бойынша  арнайы  резервтерге  (мәжбүрлі  шығындарға  ақша 
бөлу». 
5459 «Банктік қызметпен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерге ақша бөлу. 
5461  «Банктік  емес  қызметпен  байланысты  дебиторлық  борыштар  бойынша  жалпы  резервтерге  ақша  бөлу»  банк  айсайын, 
айдағы соңғы жұмыс күніне 5 күн қалғаннан аспайтын жағдай бойынша 
 
Дебиторлық  берешек  бойынша  мәжбүрлі  шығындар  дебиторлық  берешектің  қайтарылмай  қалу  залалдарын  жабу  немесе 
олардың кұнын азайту (банктің әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша, күрделі салым бойынша, кепілдіктер бойынша, қаржылық 
фьючерс бойынша) үшін қажетті қаражаттар сомасы. 

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал