Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет19/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

4.
 
Форфейтингтік операциялардың экономикалық мазмұны жэне оның есебі 
15.11.99  жылғы  Ұлттық  банк  басқармасыныц  №396  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  екінші  деңгейдегі 
банктерімен  вексельдерді  есепке  алу  Ережесіне  сәйкес,  форфейтинг  -  клиентке  (индоссантқа)  регресс  құқысыз  вексель  сомасын 
төлеумен  банктің  индоссамент  бойынша  қабылдағаи  (сатып  алған)  векселі.  Банктер  форфейтингтік  операцияларды  Қазақстан 
Республикасының Ұлттық банкісінен форфейтингтік операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін ғана жүзеге асыруға құқылы. 
Форфейтингті жүзеге асыру барысында банк вексель сомасынан дисконт құнын ұстап калуға құқылы. 
Форфейтингілеу  -  төлемеу  кезінде  экспортшыға  (форфейтиске)  регресс  құқын  есептемей  форфейтермен  (коммерциялық 
банк  немесе  қаржыландыру  бойынша  маманданған  компания)  экспорттық  талаптарды  сатып  алуды  сипаттайтын  халықаралық 
сауданы қаржыландырудың балама жолдарыньщ бірі. 
Оның  дамуының  маңызды  алғы  шарттары  халықаралық  инте-грацияны  күшейту,  банктердің  бәсекелестік  қабілетін  өсіру, 
экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулерді алып тастау, экспортшыға қатысты тәуекелдерді өсіру жатады. 
Сонымен,  форфейтинг  -  несие  берушіден  жай  және  аудармалы  вексель  секілді  айналым  құжатында  орын  алатын  борышты 
сатып алу. Борышкер 
қанағаттандырмаған жағдайда борышты сатып алушының (форфейтер) 
кредиторға регресс талабына жүгіну құқы- 
нан бас тарту жәйлі міндеттемені өз мойнына алады. Айналым міндеттемесін сатып алу жеңілдікпен жүргізіледі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Форфейтинг  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  пайда  болды.  Ол  экспортты  несиелендіруі  нашар  дамыған  мемлекеттерде 
жақсы дамыды. Алғашқы кезде форфейтингілеуді коммерциялық банктер жүргізді, бірақ форфейтингтік операциялардың көлемі өскен 
сайын коммерциялық банктердің еншілес бөлімшелері болып табылатын арнайы маманданған институттар құрыла бастады. 
Қазіргі  таңда  жаңа  банктік  технологияны  игерген  «Сити  банк»  көптеген  еуропалық  елдердің  экспортын 
қаржыландыратындықтан,  Лопдон  форфейтингтің  негізгі  орталықтарының  бірі  болып  табылады.  Форфейтингтік  бизнестің  біршама 
бөлігі Швейцария мен Германияда шоғырланған. 
Форфейтердіц комиссиясы экспортшы мен форфейтер арасында бөлінеді және келесілерді жабуы тиіс: 
а) қаражаттарды қамтамасыз ету құны; 
э) пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне катысты сақтандыру; 
б) жоғары аудармалы тәуекелі бар валютаны сақтандырудың құны; 
в) форфейтер пайдасы. 
Форфейтингілеу  мәмілелері  неміс  маркаларында,  швейцар  фран-кідерінде  немесе  доллар  валюталарында  жасалады,  себебі 
басқадай 
Форфейтингтің  факторингтен  айырмашылыгы,  ол  тауарлары  мен  қызметіне  ақшалай  каражатты  өндіріп  алуда  алып-сату 
құқығына  байланысты  бір-ақ  рет  орындалатын  операция  болып  табылады.  Форфейтингтік  операциялар  факторингтік  операциялар 
сияқты бухгал- герлік есепте есепке алынуы мүмкін. 
Банк клиентпен соңғысынан 100 ақшалай бірлік вексель бойынша талап құкын сатып алу жөнінде мәмілеге отырады. Дисконт 
сомасы  20  мын  теңгені  құрайды  және  банк  клиенттен  операцияны  жүргізгені  үшін  3  мың  теңге  мөлшерінде  комиссиялық  ақыны 
есептеп алады. Банк клиентінің өнімдерді сатушының форфейтинг туралы келісімінен жасалған күннен. 
Банк клиентіне төленетін ақша сомасына (80 мың теңге) форфейтинг туралы шарт жасалғаннан кейін барып келесі бухгалтерлік 
жазба жүргізіледі: 
Дт 1422 «Клиенттерге форфейтинг (100 мың теңге)» 
Кт 2751 «Ұсынылған карыздар бойынша сыйақыны алдын ала толеу (20 мың тенге)» 
Кт 1050 «Банктердің корреспоңденттік есепшоттары (80 мың теңге)». 
Қабылданған вексельдердің бланктерін есепке алу үшін 7339 «Әр түрлі кұндылықтар мен құжаттар» шоты бойынша «Кіріс» 
жазбасы жүзеге асырылады. 
Комиссия түрінде (3 мың теңге) табыс сомасының есептелуі келесі бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі: 
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» 
Кт 4608 «Басқадай комиссиялық табыстар». 
Банк комиссия түріндегі табысты (3 мың теңге)алғанда: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» . 
Әрбір ай сайын банк 2 мың теңге сомасына дисконт түріндегі табысты есептеуді жүзеге асырады (барлығы 20 мың теңге): 
Дт 2751 «Ұсынылган қарыздар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу» 
Кт4422 «Клиенттерге форфейтинг бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер». 
Банкке қарыздық міндеттемені (вексельді) өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады (100 мың теңге): 
Дт 1050 «Банктердің корреспоңденттік есепшоттары» 
Кт 1422 «Клиенттерге форфейтинг» 
Өтелетін вексельдердің бланктерін есептен шығару жүргізілгенде  
7339 «Әр түрлі кұндылықтар мен құжаттар» меморандум шоты бойынша «Шығыс» жазбасы жүзеге асады. 
валюталарды қолдану барысында форфейтер қайта қаржыландырумен байланысты қиындыққа кезігуі мүмкін. 
Лизингке  қарағанда  форфейтинг  жай  құжаттық  рәсімдеуімен  ажыратылады.  Сонымен  қатар  лизинг  мәмілесінде  экспортшы 
атынан  қаржылық  компания  шықса,  онда  ол  экспортшыға  регресс  құқын  сақтауды  міндетті  түрде  талап  етеді,  ал  форфейтингілеуді 
қолданғандағы пайда болатын барлық тәуекелдерді форфейтер өз мойнына толық алады. 
Бул, экспортерге деген регресс құқын қаржылық үйлер өздеріне қалдыратын, факторингке де қатысты. 
Құжат айналымының қарапайымдылығы және экспортты тәуекелден босату форфейтингті несиелендірудің айналымы бойынша 
басқалардан тиімді ажыратады. 
Сонымен  бірге,  форфейтер  тұрғысынан  тәуекел  жоғары  болып  табылады,  сондықтан  да  қаржыландыру  әдісін  қолданғанда 
тәуекелдерді  минималдау  және  хеджирлендіруге  аса  зор  көңіл  бөлінеді.  Форфейтингтегі  төлем  міндеттемелер  мен  вексельдердің 
қозғалысы 2-суретте көрсетілген: 
 
 

 
            2 
                  5                                                                        3 
                     6                       
 
 
 
 
 




 
 

 
2-
сурет. 
Форфейтинг кезінде ақылы міндеттемелер мен вексельдердің қозғалыс есебінің сызбасы: 
1 - 
келісімшартқа отыру; 
2 - 
форфейтингтік келісім; 
3 — 
тауарды қою; 
4 - 
жөнелту құжаттарына қарсы банктің кепілдерін, вексель- 
дерін және төлем міндеттемелерін аудару; 
5 - 
осы құжатарды қайта табыстау; 
6 - 
форфейтингтік түсімді төлеу; 
7 - 
сату мақсатында төлем міндеттемелерін және вексельдерді 
аудару; 
8- 
олардың төленуі. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Лизингтік операциялардың мәні жэне бухгалтерлік  есебі қандай 
1.
 
Коммерциялық банктердің сенімгерлік операцяилар есебіне сипаттама  
2.
 
Факторингтік операциялар есебін аңықтаныз 
Экспортшы 
Форфейтер 
Грант- банк 
Импортшы  

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
3.
 
Форфейтингтік операциялардың экономикалық мазмұны және оның есебін сипаттаныз 
 
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 
1. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп . Алматы: Экономика, 2007 
 
 
 
Банктегі негізгі құралдар, тауарлы материалды қорлармен және материалды емес активтермен операциялар есебі  
Дәрістің мақсатыбанктегі негізгі құралдар, тауарлы материалды қорлармен және материалды емес активтермен операциялар 
есебін қарастыру 
1.
 
Банктің негізгі қүралдарына жалпы сипаттама және оның жіктелуі  
2.
 
Негізгі қүралдарды бағалау және олардың тозуы.. 
3.
 
Материалдық емес активтер есебі 
4.
 
Екінші 
деңгейлі 
банктерде 
 
товарлы-материалды 
 
қорлар 
 
есебін 
жүргізу 
тәртібі. 
5.
 
Қаржылық лизинг және жай аренда, оларды бухгалтерлік есепте бейнелеу. 
 
1.
 
Банктің негізгі қүралдарына жалпы сипаттама және оның жіктелуі. 
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік 
заттар,  есептегіш  техникалар,  компьютерлер,  көлік  құралдары  жатады.  Сонымен  қатар  олардың  қатарына  Орт-сақтандыру 
сигнализациясыда жатады. 
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. 
Өндірістік емес бағытқа - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады. 
Өндірістік  бағыты  бойынша  -  жарғылық  қызметті  жүзеге  асырумен  және  нәтижесінде  пайда  алумен  байланысты 
құралдарды  жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар  өндірістік  бағыттағы  негізгі  кұралдарға  банктің  дәрежесін  жоғарылатуға  арналған 
заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда 
алуына  ықпалын  тигізеді.  Алғашқы  нақты  түрін  сақтай  отырып,  олар  өздерінің  құнын  жұмыстарды  орындауға  немесе  есептелген 
амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады. 
Келесі топтарға бөлінеді: 
а) ғимарат және құрылыс; 
 
ә) компьютерлер; 
б) көлік құралдары; 
в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар
г) басқа да негізгі құралдар. 
Негізгі құралдардың бухгаптерлік есеп үрдісінде банк келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: 
1. Активтерді қай уақытта тану қажет? 
2. Олар баланста қандай кұнмен көрсетіледі? 
3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай? 
4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады? 
16 «Негізгі құралдар» Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес (ХҚЕС) негізгі құралдар объектісін актив ретінде тану 
болады егер төмендегі шарттар орындалған жағдайда жүргізіледі 
-  
берілген   активтен   банк   келешекте   экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса; 
активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде өлшенуі мүмкін. 
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы құн, не 
қайта  бағалану  сомасы  принциптері  негізінде  жүзеге  асырылады.  Енді  осыдан,  негізгі  кұралдарды  бағалаудың  төрт  түрін  көрсетуге 
болады: 
• бастапқы; 
• ағымдағы; 
• баланстық; 
• өтімділік. 
Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың 
ағымдық бағалық құнына қосылады. 
Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады. 
Жөндеу  мен  техникалық  қызмет  көрсету  шығындары  оларды  жүзеге  асыру  шаралары  бойынша  жүргізіледі.  Бухгалтерлік 
есептің  жалпы  қабылданған  қағидаларына  сәйкес  негізгі  құралдардың  бастапқы  құны  —  бұл  негізгі  құралдарды  сатып  алуға, 
тұрғызуға, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, 
арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар. 
Сонымен    катар    Халықаралық    каржылық    есеи  стандарттары  (16  ХСҚЕ)  бойынша  бастапқы  құнға  өтелмейтін  салықтар, 
импорттық төлемдер де кіреді. 
Ағымдық - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес баға бойынша негізгі құралдардың құны. 
Баланстық  -  активтердің  есеп  және  есеп  беруінде  бейнелейтін  жинақталған  амортизация  сомасын  есептен  шығарғаннан 
кейінті негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны. 
Жою қүны - бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды алып тастағаннан кейінгі 
пайдалану  мерзімі  аяқталған  уақытта  туындайтын  қосалқы  бөлшектердің,  металл  сынықтарының,  қоқыстардың  болжанатын 
құны. 
Фронт-офистен негізгі құралдарды кіріске алу немесе істен шығару  туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, 
баланстан  шығатын  негізгі  құралдардың  шығуы  немесе  қабылдануы  бойынша  өткізбелерді  жүзеге  асырады.  Ақпарат  амортизация 
аударылып  және  қайта  бағалау  жүргізілгеннен  кейін  олардың  баланстан  тыс  шотта  көрсетілуі  үшін  банк  филиалдарына  жібереді. 
Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай 
бойынша банктің негізгі құралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде 
басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронологиялық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Содан 
кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін келесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының кешірмесімен 
жеке  шот  бойынша  көшірмені  банк  бөлімшелерінің  бэк-офисіне  жібереді.  Бөлімшелердің  бэк-офисі  төлем  ордерінің  көшірмесінде 
көрсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады. 
 
Бэк-офис негізгі құралдар есебініц әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас 
банктің  бас  бухгалтериясы  анықтайды).  Негізгі  құралдардың  келіп  түсуінде  әрбір  түрі  және  әрбір  құрамы  бойынша  бөлек  түгендеу 
карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге болатын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жазу 
жазылады.  Жазулар  теңгемен  тиынсыз  жазылады.  Түгендеу  карточкасында  олардың  алынуына  сәйкес  заттың  атауы,  құжаттың 
деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
бірге  банктің  балансына  кірістеу  үшін  түгендеу  карточкасындағы  көрсетілген  барлық  қажет  деректемелер  банктің  бэк-офисіне 
жіберіледі. 
Негізгі құралдарды алу 
Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала 
ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады. 
Негізгі  құралдарды  алуда  жасалған  келісімшарт  орталықтандырылып  төлеуінде  фронт-офис  бөлімшелері  оны  төлеу  үшін 
банктің  бэк-офистерінде  көрсетіледі.  Жекелей  есеп  тәртібінде  келісімшарттың  тәртібімен  келісе  отырып,  банк  бөлімшесінің  фронт-
офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып 
береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді. 
Бэк-офис  келісімшарттың  дұрыс  рәсімделуін  және  төлемді  жүзеге  асыру  бұйрығын  тексеріп,  содан  кейін  ғана 
келісімшарттарымен  келісе  отырып  сомаларды  өтейді.  Сондықтан  қосымша  құнға  төленген  салықтар  негізгі  құралдарды  алумен 
қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың құнына кіретін негізгі құралдардың 
қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды. 
Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар ашады. 
Ешқандай алдын ала төлеусіз негізгі құралдарды алу: 
• құрастыруды қажет етпейтін (алдын ала төлеусіз) негізгі құралдарды алу: 
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
1653 «Компьютер жабдықтары» 
1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»; 
• құрастыру жұмыстарын талап ететін негізгі құралдарды алу:  
Дт  1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал- 
жабдықтар» 
Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»; 
• құрастыруды талап ететін алынған негізгі құралдар үшін төлемдер: 
Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»  
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: 
Дт  2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар» 
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге 
асырылады: 
Дт   1652 «Жер, үйлер және ғимаратгар»  
1653 «Компьютер жабдықтары» 
1655 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; 
Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу: 
• сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын) алдын ала төлеу кезінде: 
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»  
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• соңғы есеп айырысу сомасына: 
Дт    1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшотгары»; 
• негізгі құралдарды кірістеу: 
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
1653 «Компьютер жабдықтары» 
16
56 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар»  
Кт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; 
• құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша: 
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; 
• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер:  
Дт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»  
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге 
асырылады: 
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
1653 «Компьютер жабдықтары» 
1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт  1856 «Күрделі  қаржы салымы бойынша дебиторлар»;  
Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу 
• ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу сомасына: 
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» 
 
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
• негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомаларына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде: 
Дт  1851    «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа да 
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»  
Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; 
•  Салық  заңдылықтарына  сәйкес  салық  салу  айналымының  үлес  салмағы  бойынша  есептелген  ҚҚС  бойынша  жүргізілетін 
есептеу сомасына: 
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»   Кт  1851    «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   
басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». 
 
Құрылыс жүргізу кезінде есеп айырысу тәртібі 
Негізгі  құралдардың  құрылысы  шаруашылық  немесе  мердігерлік  әдіспен  жүргізіледі.  Капитал  құрылысы  бойынша 
келісімшартта көрсетілген мөлшерде аванстың бірінші белігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде банк бэк-офисінде 
жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 2-3 нысаны бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған 
ақша  сомасы  шегінде  бөлімше  басшысының  қолы  қойылған,  бұрын  төленген  аванстарды  ұстап  қалудың  үйлесімді  есебімен  нақты 
сомасы  көрсетілген  шоттарды  төлеуге  ұсынылған  жұмыстардың  құны  туралы  жабдықтаушылардан  алынған  анықтама  (3-нысан) 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
негізінде  жүзеге  асырылады.  Мердігерлік  ұйымдар  әр  айдың  27  жұлдызынан  кешіктірілмей  2-3  нысандағы  орындалған  жұмыстар 
актісін ұсынады. 
Сонымен қатар банктің бэк-офисінің (белімшесінің) жауапты қызметкері төлем жургізгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей 
жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды. 
Құрылыс  жұмыстары  аяқталысымен  мердігермен,  ал  өндірістің  шаруашылық  әдісі  кезінде  жұмысшылар  және  міндетті 
тұлғалармен  барлық  есеп  айырысулар  аяқталуы  керек.  Материалдардың  қалдықтары  басқа  объектіге  жіберіледі  немесе  қоймаға 
қайтадан  кірістеледі.  Түпкілікті  есеп  айырысу  банк  бөлімшесінің  бастығымен  тексерілген  және  арнайы  комиссиямен  бекітілген 
объектіні  пайдалануға  қабылдау  туралы  актісі  негізінде  жүргізіледі,  сонымен  қатар  келісімшарт  журналында  түпкілікті  есеп 
айырысуды жүргізу туралы белгі қойылады. 
ҚҚС ескере отырып авансты төлеу: 
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспоңденттік есепшоттары». 
Егер құрылыс банктің материалы есебінен жүзеге асырылса, онда берілетін материалдар құнына келесі өткізбе жүргізіледі: 
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» 
Кт 1602 «Өзге тауар-материалдық қорлар». 
Мердігерлік ұйымдардың 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыстарының актісін ай сайын ұсыну кезінде: 
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» - ҚҚС есебімен орындалған жұмыс сомасына 
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». 
Келісімшартқа байланысты қосымша аванс берілуі мүмкін: 
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
Құрылыс аяқталған бойдан 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыстарының актісі негізінде түпкі есеп айырысу жүргізіледі: 
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар» 
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;  
Және бір уақытта мемлекеттік комиссия актісі негізіне:  
Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 
Кт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар». 
Негізгі құралдарды күрделі және ағымдық жөндеу 
Күрделі  жөндеу  жүргізу  үшін  бас  офис  таңдап  алынған  саясатқа  байланысты  келісімшартта  берілген  сомаларды  олармен 
жасалған келісім-шартпен өздерінің  филиалдарының өкілдігін  анықтайды. Келісімшарт  төлемі  орталықтандырылған  немесе  жекелей 
болып жүргізіледі. 
 
Ағымдық  жөндеу  жұмыстарының  шығындары  банктің  фронт-офисі  арқылы  алынатын  шот  фактура  немесе  келісімшарт 
негізінде көрсетілетін банктің бэк-офисімен төленуі мүмкін. Негізгі құралдардың ағымдық жөндеуге жасалған келісімшарттың немесе 
шот  фактураны  орталықтанған  төлемінде  фронт-офис  бөлімшелері  төлеу,  үшін  банктің  бэк-офисіне  ұсынады.  Жекелей  есептің 
тәртібінде франт-офис келісімшартына сәйкес фронт-офисі басшысының қолымен банк төлеуге өкім жазып береді және өз кезегінде 
келісімді орындау жауапкершілігінде өкімді бэк-офис бөлімшелеріне береді. 
Банктің  (бөлімшенің)  бэк-офисі  төлем  өкімі  мен  келісімнің  дұрыс  рәсімделуін  тексереді  және  содан  кейін  ғана 
келісімшарттарына сәйкес төлемді жүзеге асырады. 
Күрделі жөндеуді жүзеге асыру барысында мердігермен жасалған келісімшартты немесе шот-фактураны жекелей төлеу кезінде 
бөлімшелердің  бэк-офисінде өз бетінше тіркеледі. 
Ағымдық  жөндеу  бойынша  келісімшартта  қарастырылған  мөлшерде  аванстың  бірінші  бөлігін  төлеу  банк  бөлімшесінің 
басшысымен  бекітілген  төленуге  тиісті  шоттар  мен  банктің  жауапты  қызметкері  тексеріп,  қолы  қойылған  3  және  2-нысандағы 
орындалған жұмыс туралы ұсынылған акті негізінде жасалған келісімшартта анықталған мерзімде банктің (бөлімшенің) бэк-офисімен 
жүргізіледі. Банк (бөлімше) бэк-офисі дебиторлардың қарызын жабады. 
Банк бэк-офисінің жауапты қызметкері төлемді жүргізгеннен кейін бір күннен кешіктірмей келесілерді жүргізеді: 
-
төленген төлем туралы журналда белгілейді; 
-
орталықтандырылған  төлем  кезінде  бөлімшенің  бэк-офисіне  жүргізілген  төлем  жөніндегі  мемориалды  ордердің  көшірмесін 
қоса отырып, дербес шот бойынша көшірмесін жібереді. 
ҚҚС есебімен аванс төлеу кезінде: 
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
3 және 2-нысанда жасалған жұмыстар актісі негізінде шығын- 
дар көрінісі кезінде келесі өткізбелер жасалады: 
Дт 5744 «Жөндеу шығындары»-орындалған жұмыс сомасына 
 
1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»- төленген ҚҚС сомасына. 
 
Кт 1860 «Өзге дебиторлар»-аванс сомасына. 
3 және 2-нысанда жасалған жұмыстар актісі негізінде түпкілікті есеп айырысу кезінде келесі өткізбелер жасалады: 
Дт 5744 «Жөндеу шығындары»-орындалған жұмыс сомасына  
1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»- төленген ҚҚС сомасына. 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары». 
Егер  күрделі  жөндеу  қызметінің  мерзімін  көбейтсе,  жүргізілген  жұмыстар  немесе  негізгі  құралдардың  көрсеткіштері 
айтарлықтай жақсарса, одан оған кеткен шығындарға мыналар жатады: 
• ғимарат және құрылыс бойынша: 
Дт   1652 «Жер үйлер және ғимараттар» 
1860 «Басқа да дебиторлар» 
 
Кт  1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында. 
• автомобиль көлігі бойынша: 
Дт  1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар»  
Кт  1860 «Басқа да дебиторлар» 
1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында. 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал