Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет17/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға 
беретін лизинг. 
Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады: 

жылжымалы мүлік лизингі; 

жылжымайтын мүлік лизингі; 

бұрын пайдаланылған мүлік лизингі. 
Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады: 

бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг; 

толық өтелмейтін лизинг. 
Амортизация шарты бойынша былай бөледі: 

толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг; 

толық емес амортизациялы лизинг. Қызмет 
объектісіне қарай былай бөледі: 

егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг

толық қызмет жиынтығы бар лизинг - объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі; 

жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг. 
Операция өткізілетін нарық секторында 
ішкі және сыртқы (халықаралық) лизингті қарастырады. 
Сыртқы лизинг 
экспорттық жэне импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық 
лизинг кезінде - лизинг беруші  болып табылады. 
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге катысты лизинг мынадай болып бөлінеді: 

жалған лизинг — қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі; 

іс жүзіндегі лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы 
бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады. 
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай беледі: 

ақша 
төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі; 

компенсациялық  төлеммен  жүргізілетін лизинг –  төлем  аталған  жабдықта өндірілген  тауарларды жеткізу  немесе  қарсы 
қызмет керсету нысанында жүзеге асырылады; 

аралас төлемді лизинг. 
Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады 

жедел және қаржылық лизинг. 
Жедел лизинг — көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Онық 
ерекшелігі құрал-жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен 
ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді. 
Қаржылық лизинг қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді 
сипаттағы  келісімдермен  сипатталатын  лизингтің  неғұрлым  кең  қолданылатын  типтік  нысаны.  Қаржылық  лизингтің  маңызды 
белгісі 

лизингтік  жалдау  шығындарын  қалпына  келтіруге  қажетті  жалдаудың  негізгі  мерзімі  деп  аталатын  ағымда  келісімді 
бұзудын мүмкін болмайтындығында. 
Қаржылық  лизинг  -  бұл  ұзақ  мерзімді  жал  болын  табылады,  оның  шартының  құрамында  келесі  критерийлердің  ең  болмаса 
біреуі көрсетілуі қажет: 

меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі

келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады; 

жал мерзімі күтіліп отырған пайдалану мерзімінің 75 пайызынан кем болмауы керек; 

жал  бойынша  жалға  берушіге  ең  аз  төленетін  келтірілген  кұн  жабдықтың  нарықтық  кұнының  90  %-ына  тең  немесе  одан 
жоғары болу керек. 
Келтірілген  құнды  есептеу  кезінде  қабылданатын  дисконттау  мөлшерлемесі  ұсынылатын  несие  бойынша  (жалға  берушіде) 
пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда: 

жалға алушының ең аз төлемі — жал бойынша жылсайынғы төлем

ең жоғары төлем - жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем; 

келтірілген кұн - ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымынын құны. 
Егер  жал  келісімшарты  жоғарыда  аталған  қағидалардың  ең  болмаса  біреуіне  сәйкес  келмесе,  онда  бұндай  жал  қарапайым 
болып саналады. 
Мысалы: мүліктің жал мерзімі - 5 жыл, мүліктің кұны — 10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі - 10 жыл. Жал мерзімі 
аяқталған бойдан мүлік 
жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%. 
Жылдық төлемдер — 2300 бірлік 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Дисконттау мөлшерлемесі — 8% 
Дисконттау коэффициенті = 1/(1+0.08)хn 
мұндағы, n - жалды төлеу жылы 
1- 
жылдьщ коэффициенті = 1/(1+0.08)
1
=0.93 
2-
жьщцъщ коэффициенті = 1/(1+0.08)
2
 =0.85 
3- 
жылдың коэффициенті = 0.79 
4- 
жылдыц коэффициенті = 0.73 
5- 
жылдьщ коэффициенті = 0.68 
Келтірілген құн = 2300 х (0.93+0.85+0.79+0.73+0.68) = 9154 немесе 91.5%, жал қаржылық болып саналады. 
«Қаржылық  лизинг»  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңында  қаржылық  лизинг  түсінігі  инвестициялық  қызмет  түрі 
ретінде анықталады, бұл кезде: 
— 
лизинг  беруші
1
  — 
лизинг  шартымен  лизинг  затын  сатушыдан  алуға  және  оны  лизинг  алушыға  белгілі  төлеммен, 
белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг 
заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем 
емес) амортизациясымен өлшенеді. 
— 
Лизинг  алушы
2
 
лизинг  келісіміне  сәйкес,  келісім  жасау  кезіндегі  баға  бойынша  лизинг  заты  құнының  түгелдей  немесе 
белгілі  бөлігінің  (80  пайыздан  кем  емес)  көлемде  қалпына  келтірілуімен  (амортизация)  есептелетін  қалыпты  кезеңдік  төлемдерді 
төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол 
аяқталғанға  дейін  лизинг  келісімінде  қарастырылған  төлем  толықтай  төленеді,  әрине,  егер  мұндай  алмасу  келісімде  көрсетілген 
жағдайда ғана. 
Лизинг 
затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да 
тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету 
мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг 
алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі. 
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі 
негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау 
ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» 
(фр. «сгеdіt-раіl») деп атайды. 
Тауарға  деген  меншік  құқығының  сатушыдан  сатып  алушыға  ауысатын  сатып  алу-сату,  шартынан  айырмашылығы,  лизинг 
кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана  құқық ала алады. 
Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету 
тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс. 
Лизинг  келісімі  жасалып,  мүлік  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  соң,  сатушыдан  лизинг  беруші  меншігіне  алынып,  кәсіпкерлік 
мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі. 
Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау: 

Негізгі құралды алу: 
Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі кұрал-жабдықтар» 
 
Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар». 

Алынған негізгі құралдар үшін төлем: 
Дт 2856 «Күрделі қаржы  салымы бойынша кредиторлар»  
Кт  1050  «Банктердің  корреспонденттік  есепшоттары».  Лизинг  затын  лизинг  келісімшарттарына  сәйкес,  лизинг  алушыға 
уақытша ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру: 
Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»  
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі» 
Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі кұрал-жабдықтар». 
Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг, бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі 
бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер» 
1740 «Клиенггерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер» 
Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер» 
4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер». 
Егер  лизинг  алушы  өз  қаржысы  есебінен  және  лизинг  берушінің  жазбаша  келісімімен  лизинг  затына  зиян  келтірмейтін 
жақсарту  жүргізсе,  лизинг  беруші  лизинг  алушы  алдындағы  бұл  жақсартудың  құнын  өтеу  бойынша  лизинг  келісімінің  әрекет  ету 
мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды. 
Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар» 
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар». 
Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады: 
а) лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша: 
Дт 1050 «Банктердің корреспондентгік есепшоттары» 
Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер» 
1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша ессптелген кірістер». 
ә)  лизинг  затын  алу,  жеткізу  және  оны  лизинг  келісімін  жасау  кезіндегі  баға  бойынша  лизинг  келісіміке  сәйкес  мақсатында 
қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген  шығындарды қалпына келтіру бойынша: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі» 
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі». 
Лизинг  алушы  сыйақы  бойынша  төлемдерді,  сондай-ақ  қаржылық  лизинг  бойынша  негізгі  борыш  сомасы  кешіктірілгенде, 
келссі бухгалтерлік өткізбе кұрылады: 
а) Есептелген сыйақы сомасына: 
Дт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар» 
1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы» 
Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер» 
1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер». 
ә) Негізгі борыш сомасына: 
Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі» 
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-решегі» 
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі» 1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі». 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
б)  Негізгі  борыш  сомасы  бойынша  Ұлттық  банктің  нормативтік-құқықтық  актілеріне  сәйкес  құрылатын  мәжбүрлі  шығын 
сомасына:  
Дт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі  бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығыңдарға) ақша 
бөлу» 
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шьнындарга) ақша бөлу» 
Кт 1339 «Басқа банктеріе берілген қарыздар және каржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шыгындар)» 
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)». 
Бір мезгілде, есептелген сыйақы мен негізгі борыш өз уақтылы төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг 
беруші айып, өсімақы және  тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» 
Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».  
Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»; 
ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт  1731  «Баска  банктердің  ұсынған  қарыздары  мен  қаржылық  лизингтері  бойынша  мерзімі  өткен  сыйақылар»  1741 
«Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»; 
б) Негізгі борыш сомасына: 
Дт 1050 «Банктің корреспондентгік есепшоттары» 
 
Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі» 
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-решегі»; 
в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына: 
Дт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығыңдар)» 
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 
Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша 
бөлу» 
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу». 
Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг 
берушіге қайтарылады: 
а)  Егер  лизинг  заты  толық  амортизацияланса,  онда  лизинг  беруші  аталған  лизинг  затын  қабылдау-өткізу  акті  бойынша 
қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді
ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт   1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар» 
1653 «Компьютерлік қондырғылар» 
1654 «Басқа да негізгі кұралдар» 
1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»  
1658 «Көліктік құралдар» 
Кт  1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі» 
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі». 
Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда 
лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі. 
Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде, лизинг берушімен келесі 
бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 2860 «Банктік кызмет бойынша өзге кредиторлар» 
1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»; 
б) Негізгі борыш сомасьша: 
Дт 1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары» 
 
Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі» 
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-решегі»; 
в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына: 
Дт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 
1439 «Клиентгерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 
Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша 
бөлу» 
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу». 
Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг 
берушіге қайтарылады: 
а)  Егер  лизинг  заты  толық  амортизацияланса,  онда  лизинг  беруші  аталған  лизинг  затын  қабылдау-өткізу  акті  бойынша 
қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді; 
ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт  1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар» 
16
53 «Компьютерлік қондырғылар» 
1654 «Басқа да негізгі кұралдар» 
1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»  
1658 «Көліктік кұралдар» 
Кт  1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі» 
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі». 
Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда 
лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі. 
Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде, лизинг берушімен келесі 
бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 2860 «Банктік кызмет бойынша өзге кредиторлар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
Жаңадан  құрылған  мәжбүрлі  шығындар  есебінен  қаржылық  лизинг  бойынша  негізгі  борыш  сомасын  лизинг  алушы  өтеу 
кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: 
а) Негізгі борыш сомасына: 
Дт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 
Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі» 
1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен бе-решегі»; 
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»  
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»;  
Бірмезгілде кіріс 7130 «Шығынға жатқызылған борыштар».  
ә) Мерзімі өтіп кеткен сыйақы сомасына: 
Дт 4305 «Баска банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер» 
4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер» 
Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар» 
1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар», бірмезгілде кіріс 
7130 «Шығынға жатқызылған шығыстар» шотына кіріс 
б) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:  
Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)» 
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».  
Бірмезгілде 7130 «Шығынға жатқызылған шығыстар» шотына кіріс. Қаржылық лизинг бойынша дебиторлық берешекті өтеу 
келесі 
жылы жүргізілетін болса, ағымды жылда мынадай бухгалтерлік жазба 
 
жасалады: 
а) Айып, өсімақы немесе тұрақсыздық және сыйақы сомасына: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 4921 «Банк қызметінен өзге кірістср» бірмезгілде, шығын 
7130 «Шығынға жатқызылған борыштар»; 
ә) Шығындар шотында (мәжбүрлі шығындар бойынша) қаржы 
болған кезде, қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасына:  
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шьпындарға) ақша 
бөлу» 
5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» 
бірмезгілде, шығын 7130 «Шығынға жатқызылған борыштар»; 
б)  Шығындар  шотында  (мәжбүрлі  шығындар  бойынша)  қаржы  жеткіліксіз  болған  кезде,  қаржылық  лизинг  бойынша  негізгі 
борыш сомасына: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт  4921   «Банктік   қызметтен  түсетін   басқа  да табыстар» 
бірмезгілде, шығын 7130 «Шығынға жатқызылған борыштар». 
Лизинг  алушы банкіде  операциялар  келесі  ретпен  жүргізіледі:  Жасалған  лизинг  келісіміне  сәйкес,  лизинг  алушыға  лизинг 
заты барлық нәрселерімен және тиісті құжаттармен бірге беріледі. 
Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»  
Кт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі» 
 
2227 «Алынған қаржы лизингі». 
Ай  сайын  айдың  соңғы  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  лизинг  алушы  лизинг  бойынша  сыйақы  есептеледі  және  келесі 
бухгалтерлік жазбаны жүргізеді: 
Дт 5057 «Басқа банктерден алынған қаржылық лизинг бойынша сыйақыны төлеумен байланысты шығындар» 
5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар» 
Кт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар». 
Егер  лизинг  алушы  өзінің  меншікті  қаржылары  есебінен  және  лизинг  берушінің  жазбаша  келісімімен  лизинг  затына  зиян 
келтірмейтін  жақсарту  жүргізсе,  лизинг  беруші  лизинг  алушы  алдындағы  бұл  жақсартудың құнын  өтеу  бойынша  лизинг келісімінің 
әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды, бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» 
Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер». 
Лизинг келісімімен құралған төлемдерді мерзімінде төлегенде, лизинг алушы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды: 
а) лизинг бойынша есептелген сыйақыны өтеу бойынша: 
Дт 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
ә) лизинг затын алу, жеткізу және лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану 
үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша. 
Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі» 
2227 «Алынған қаржы лизингі» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
Тозу құны банктің есеп саясатына сәйкес есептеледі. Егер жалдау мерзімінің соңында меншік құқы лизинг алушыға өтетініне 
толық  сенімділік  болмаса,  өте  қысқа  екі  кезеңнің  бірінде  активке  тозу  құны  есептеледі:  жалдау  мерзімі  немесе  оны  тиімді  қолдану 
мерзімінде  бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: 
Дт 5784 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар» 
Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация». 
Лизинг  алушы  сыйақы  бойынша  төлемдерді,  сондай-ақ  қаржылық  лизинг  бойынша  негізгі  борыш  сомасы  кешіктірілгенде, 
келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
а) есептелген сыйақы сомасына: 
Дт 2705 «Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар» 
Кт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»; 
ә) негізгі борыш сомасына: 
Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»  
2227 «Алынған қаржы лизингі» 
Кт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек» 
2225 «Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі». 
Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бірмезгілде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) бірмезгілде 
лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде: 
а) айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:  
Дт 5900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)»  

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»; Лизинг алушы мерзімі өтіп кеткен төлемдерді қайтарған кезде келесідей 
бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі: 
а) - айып, есім және тұрақсыздық саласына. 
 
Дт 2860 «басқа да кредиторлар» 
Кт 1050 «банктің корреспонденттік шоттарың»;  
ә) мерзімі өтіп кеткен сыйақы сомасына: 
Дт 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар» 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; 
б) негізгі борыш сомасына: 
Дт 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек» 
2225 «Банктің клиенттермен жасалған өзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі». 
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг 
берушіге  қайтарылады,  егер  лизинг  заты  толық  амортизацияланса,  онда  лизинг  алушы  аталған  лизинг  затын  қабылдап-өткізу  актісі 
бойынша өткізеді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 

есептелген амортизация сомасына: 
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация» 
Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар» 

қалдық құнына: 
Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»  
2227 «Алынған қаржы лизингі» 
Кт 1655 «Қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар». 
Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда 
лизинг  алушының  лизинг  берушіге  қалдық  құнды  қайтаруы  лизинг  келісім-шартымен  реттеледі.  Бұл  кезде  лизинг  алушыға  лизинг 
затының кұнын негізгі құралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады: 

қалдық құн сомасына: 
Дт  1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар» 
1653 «Компыотерлік қондырғылар» 
1654 «Басқа да негізгі құралдар»  
1658 «Көліктік құралдар» 
Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»; 

есептелген сыйақы сомасына: 
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация» 
Кт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген амортизация» 
1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша есептелген амортизация» 
1694 «Өзге негізгі кұрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация». Егер   лизинг   алушы   меншікті   қаржысы   есебінен 
жақсарту жүргізсе, онда лизинг алушы шотында лизинг беруші қалпына келтірген жақсарту сомасына келесі өткізбе жазылады: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». 
Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затық 
қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына 
болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде  жазба жасалады: 
а) лизинг затының баланстық құнына: 
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі кұрал-жабдықтар» - 
Қосалқы лизингке жолдаған лизинг заты құнының есебі үшін жеке дербес шот 
Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдыктар». 
1655 шотта лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады. 
ә) есептелген амортизация сомасына: 
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі кұрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация» 
Кт  1695  «Қаржы  лизингі  бойынша  алынған  негізгі  құрал-жабдықтар  бойынша  есептелген  амортизация»-  қайта  лизингке 
берілген лизинг заты бойынша амортизация есептеу үшін бөлек дербес шот. 
1695 шотта қосалқы лизингке жолданған әрбір лизинг заты бойынша жеке дербес шоттар ашылады. 
Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы қосалқы лизинг бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асырадь: 
Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 1860/1 «Өзге дебиторлар» 
Кт 4801 «Жал бойынша кірістер». 
Сонымен қатар 1860/1 шотында лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады. 
 
Лизинг алушы қосалқы лизингке жолданған лизинг заты бойынша есептелген кірістерді өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба 
жасалады: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»  
Кт 1860/1 «Өзге дебиторлар» 
Клиент  мерзімі  өтіп  кеткен  сыйақы  сомасына  қосалқы  лизинг  бойынша  төлемдерді  кешіктірген  кезде  келесі  бухгалтерлік 
өткізбе жасалады: 
Дт 1860/2 «Өзге дебиторлар» 
Кт 1860/1 «Өзге дебиторлар». 
Сонымен  қатар,  1860/2  шотта  қосалқы  лизинг  бойынша  мерзімі  өткен  төлемдері  бар  әрбір  клиент  бойынша  бөлек  дербес 
шоттар ашылады. 
Бір  мезгілде  лизинг  алушы  айыппұл,  өсімақы  және  тұрақсыздық  сомасын  (егер  бұл  косалқы  лизинг  келісімінде  көрсетілсе) 
есептейді. Бұл кезде келесі жазба жазылады: 
Дт 1860/3 «Өзге дебиторлар» 
Кт 4900 «Тұрақсыздықтар  (айыппұл, өсімақы)». 
1860/3  шотында  әрбір  клиент  бойынша  айыппұл,  өсімақы  немесе  тұрақсыздық  есептелетін  жеке  дербес  шоттар  ашылып, 
мынадай жазба жүргізіледі: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 1860/2 «Өзге дебиторлар»; 

мерзімі өтіп кеткен сыйақы сомасына: 
 
Кт 1860/3 «Өзге дебиторлар»; 

айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Лизинг затын қосалқы лизингке алған клиентпен қосалқы лизинг келісімшарттарын орындауда келесі бухгалтерлік жазбалар 
жасалады: 
а) баланстық құн сомасына: 
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі кұрал-жабдықтар» 
 
Кт   1655   «Қаржылық  лизингке   алынған   негізгі құрал-жабдықтар»-Қосалқы лизингке берілген лизинг затының құнын 
есептеуге арналған жеке дербес шот; 
ә) есептелген амортизация сомасына: 
Дт  1695  «Қаржы  лизингі  бойынша  алынған  негізгі  құрал-жабдықтар  бойынша  есептелген  амортизация»-Қосалқы  лизингке 
берілген лизинг затының амортизациясын есептеуге арналған жеке дербес шот; 
 
Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген амортизация». 
Клиент мерзімі өтіп кеткен сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы бойынша есептелген төлемдерді өтелмесе, 
келесі бухгалтерлік жазба жасайды: 
а) айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасына: 
Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)» 
Кт 1860 «Өзге дебиторлар».  
Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар». 
ә) мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына: 
Дт 4801 «Жал бойынша кірістер» 
Кт 1860/2 «Өзге дебиторлар». 
 
Бір мезгілде, кіріс 7130 «Шығынға жатқызылған борыштар». 
Клиент  мерзімі  өтіп  кеткен  сыйақы  және  айып,  өсімақы  немесе  тұрақсыздық  сомасы  бойынша  қарыздарын  өтесе,  келесі 
бухгалтерлік жазба жасалады: 
а) Егер төлем ағымдағы жылы жүргізілсе 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 4900 «Тұрақсыздықтар (айыппұл, өсімақы)». 
Бір мезгілде, шығын 7130 «Шығынға жатқызылған борыштар». 
ә) Сыйақы сомасына: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»  
Кт 4801 «Жал бойынша кірістер», бір мезгілде шығын 7130 «Зиянға жатқызылған борыштар». 
Егер өтеу келесі есепті жылы жүргізілетін болса, онда сыйақы, айып, өсім және тұрақсыздық сомасына. 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге де кірістер», бір мезгілде шығын 7130 «Зиянға жатқызылған борыштар». 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал