Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

4.
Коммерциялық банктің салым операциялар есебі мен тәртібі
Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктеске жүктелетін құқықтар мен 
міндеттерін белгілейді. Банк нен салымшы арасындағы келісім салымшы жарна енгізіп, бакк өз кезегінде оған шот ашып. енгізілген 
сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған сон беріледі. Сонымен 
қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатьш шотқа аударады немесе өз атына түсекен сома немесе болашақта түсетін сома ашылатын 
салымның  есебіне  жазылуы  жөнінде  банкпен  келіседі.  Клиент  пен  банк  арасында  шартты  қатынас  туындайды  ол  бойынша,  клиент 
банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз қосуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе 
хабарлау алған сок қайтаруға міндеттенеді. Заңды түрде мұндай шартты қатынас карызды білдіреді, ол бойынша клиент - кредитор, ал 
банк дебитор болып табылады. Келісім, жинақ шотына салым салынған соң күшіне енеді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: дебет бойынша айналым 
бұрын  қабылданған  салымдар  және  есептелген  пайыздар  сомасында  берешекті  өтеу;  кредит  бойынша  айналым  бұрып  қабылданған 
салымдар бойынша есептелген пайыздар және жаңадан қабылданған салымдар. 
Кіріс кассалық құжаттар негізінде, қолма-қол ақшалай салымдар тарту кезінде келесі шоттар корреснонденциясы құрылады: 
 
Дт 1001 «Кассадағы нақты ақша»  
Кт 2211—2229 «Тартылған салымдар» 
Клиент - заңды тұлғалардан салымдар қабылдау кезінде: Дт 2203 «Клиенттердің есеп айыру шоты» Кт 2211-2222 «Тартылған 
салымдар» 
Басқа  банктер  қызмет  көрсететін  клиенттерден  салымдар  тарту  кезінде,  тиісті  ақша  қаржылары  корреспонденттік  шоттар 
арқылы тиісті салымдық шоттарға түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады: 
Дт 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар» 
Кт 2211-2222 «Тартылган салымдар» 
Салымдар бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады: 
Дт 2211-2222 «Тартылған салымдар» 
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша» 
2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»  
1051—
1052 «Корреспонденттік шоттар» 
Банк, тартылған салымдарды қайтармаған жағдайда, олар мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызылады және келесі өткізбе 
жасалады: 
Дт 2211—2222 «Тартылған салымдар» 
Кт 2224—2232 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз» 
Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады: 
Дт 2224—2232 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз» 
Кт   1001 «Кассадағы нақты акша» 
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»  
1051-
1052 «Корреспонденттік шоттар» 
Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыз алушыға  уақытша пайдалануға бергені үшін алатын ақша иелерінің сондай-ақ, 
ақша  қаржыларын  ақша,  несие  және  қаржы  нарықтарында  орналастырушы  делдал  -кредиторларға  (банкке)  қарыздық  құн  үшін 
төлемдерін білдіреді. 
Банктік  пайыз  өлшемі  уақытша  бос  ақша  қаржыларын  орналастыру  және  кіріс  алу  тәуекелдігімен  байланысты,  ақша  және 
несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық 
шектеуге ие. Бос ақша қаржыларының иесі пайыздын жоғары деңгейін және аз тәуекелділікті таңдай отырып, орналастырудың оңтайлы 
нұсқаларын іздейді. 
Ақша  қаржыларын  тарту  кезінде  банктер  салыстырмалы  қаржы  тарту  сипатына  байланысты  жеке  кредиторларға 
қолданылмайтын сараланған пайыздық мөлшерлер мен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта белгіленеді. 
 
5.
Тартылған салымдар бойынша проценттерді аудару және оларды төлеу тәртібі. 
Банк,  тартылған  ақша  қаражаттарына  пайыздарды  борыштар  қалдығына  есептеп,  есептеу  әдісіне  сәйкес  тиісті  банк 
шығындарына  жатқызады.  Есептеу  әдісінде,  ағымдағы  айдың  соңғы  жұмыс  күнінен  кешіктірілмей,  осы  айда  есептелген  барлық 
пайыздар,  тартылған  ақша  қаржылары  бойынша  оның  шығындарына  жатқызылады.  Пайыздарды  есептеу  келесі  тәсілдердің  бірімен 
жүзеге асырылады: 

жай пайыздар формуласымен, 

күрделі пайыздар формуласымен. 
Есептелген  қосылған  пайыздар  сомасына  ұлғайтылған  банктердің  тартылған  қаржылар  бойынша  қарыздың  негізгі  сомасы 
борыштың  өскен  сомасын  білдіреді.  Өскен  сома,  банктік  пайыздардың  капиталданғандығын  яғни  салымның  жалпы  сомасын 
ұлғайтатындығын білдіреді. Банктердің тартылған қаржылары бойынша карыздардың өскен сомасын есептеу үшін мына формулалар 
қолданылады. 
• Жай пайыз формуласы: 
                 S 
= Р х (1 + I х t / К)                                                (3) 
Мұнда: 
I - 
жылдық пайыздык мөлшерлеме; 

тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны; 
К — күнтізбелік жылдағы күн саны; 
Р - тартылған акша каржыларының бастапкы сомасы; 
S- 
қайтарылуға    жататын    ақша    қаржыларының сомасын
тартылған    ақша    қаражаттарының    бастапқы сомасына 
есептелген пайыздарды қосқанға тең.  
•  Күрделі пайыз формуласы: 
                       S 
= Р х (1 + I х j/  К) х n                                          (4) 
Мұнда: 
I - 
жылдық пайыздық мөлшерлеме; 
j - 
банк қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны; 
 
К - күнтізбелік жылдағы күн саны; 
    n - 
ақша қаржыларын тартудың жалпы мерзімі ішіндегі есептелген                 пайыздарды капиталдандыру бойынша операциялар саны
Р - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы; 
S - 
қайтарылуға жататын ақша қаржыларының сомасы, тартылған ақша каржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған 
пайыздарға тең. 
Банктік салымдар бойынша пайыздық мөлшерлеме  екі шамадан қалыптасады: инфляция деңгейін жабатын пайыз және оған 
қосымша салымшы қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз. Екіншісінің көлемі салым мерзімі мен көлеміне байланысты 
және  жеңіл  анықталатын  болады. Біріншісімен  жағдай  өзгеше:  инфляция  деңгейін  дәл  жабатын пайызды  анықтау  күрделі,  көптеген 
факторлардың  байланысын  талап  етеді.  Осы  аталған  міндетті  шешу  банктерге  объективті  пайыз  мөлшерлемесін  нарыққа  сәйкес 
қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Алайда  коммерциялық  банктер  қайта  каржыдандыру  мөлшерлемесінің  деңгейіне  бағдар  жасай 
отырып,  пайыздық  мөлшерлемені  еркін  белгілей  алады.  Банкаралық  нарықпен  салыстырғанда,  салымшылардың  ақша  қаржыларын 
неғұрлым  төмен  пайыздық  мөлшерлемемен  тарта  отырып,  банктер  ресурстардың  сыйымды  және  қымбат  емес  нарығын 
қалыптастырады, оның рөлі болашақта үнемі өсіп, банктер міндеттемелерінің қоржынында заңды және жеке тұлғалардың жинақтары, 
есеп айырысу жэне ағымды шоттар басым салмаққа ие болмақ. 
Салымдар бойынша пайыздар есептеу келесі шоттарда жүргізіледі: 
2719 Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығындар; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
2720 Клиенттердің талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар; 
2721 Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар; 
2722 Еншілес ұйымдардың ариайы мақсаттағы салымдары бойынша есептелген шығыстары; 
2723 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдар бойынша есептелген шығыстар; 
2726 Карт-шоттар бойынша есептелген шығыстар; 
2731 Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар. Банктің сыйақы төлеуге байланысты шығындары бесінші сынып 
шоттарында есептеледі: 
5211 Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5212 Клиенттердің талабы бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар; 
5215 Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5
217 Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5219 Клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5221 Клиенттердің карт-шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5223 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5224  Клиентгердің  талап  етте  дейігі  салымдары  бойынша  банк  мерзімі  өткен  берешегіне  сыйақы  төлеуге  байланысты 
шығыстар; 
5226 Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша банктің мерзімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар; 
5228 Мерзімінде өтелмеген жарлықтар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар. 
Депозиттер бойынша сыйақыны есептеу кезінде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады: 
Дт 5221-5228 «Клиенттердің тартылған салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындары» 
Кт 2720-2721 Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары» 
Депозиттік келісімшартта көрсетілген мерзімде пайыздарды төлеу жүзеге асырылады және келесі бухгалтерлік жазу жасалады: 
Дт 2719-2726 «Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары» 
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар». 
Мысалы: 
Банк клиенті заңды тұлғаға келісім мерзімі аяқталғаннан кейін пайыз есептеу шартымен 50000 теңге сомасында бір ай мерзімге 
жылдық есеппен 20% көлемінде — депозит ашты. 
1. 
Депозит ашу: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»              50000  
Кт 2211 «Клиенттердің талап ету бойынша салымдары» 50000 
2. 
Келісім мерзімі бойынша пайыздар есептелді: 
(50000 
х 30 х 20%) / (360 х 100) = 750000 / 36000 = 833 теңге 
Дт   5211   «Клиенттердің   талап   ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»        
Кт   2720   «Клиенттердің   талап   ету салымдары бойынша есептелген шығыстар» 833 
3. Есептелген сыйқы талап етілгенге дейінгі салымдарға жатқызамыз: 
Дт   2720   Клиенттердің   талап   етілгенге дейінгі салымдар бойынша есептелген шығындар 833 
 
Кт 2211    Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары 833 
4. Келісім мерзімі аяқталған соң депозит қайтарылады: 
Дт 2211 «Клиенттердің талап етілмелі бойынша салымдары» 50833  
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
Немесе 2203 «Клиенттердің ағымды есеп шоттары» 50833 Банк осы кезеңде 35 пайыз мөлшермен несие берді. Оның кірісі 1458 
теңге құрады, ал пайдасы 625 теңге (1458-833). 
Келтірілген мысалда көрсетілгендей, депозиттердің кеңеюі мен өсуі клиент пен банктің қаржылық нәтижесіне жағымды әсер 
етеді.  Кәсіпорын  клиент  депозиті  арқылы  үнемі  табыс  алып  отыруы  керек,  өйткені  оның  қаржыларының  айтарлықтай  бөлігі  есеп 
айырысу  немесе  ағымдағы  шотта  көбіне  қозғалыссыз  жатады  және  кіріс  әкелмейді  немесе  аз  кіріс  береді.  Банктер  өз  кезегінде 
клиенттердің бос ақша қаржыларын қолдану арқылы депозиттік базаны нығайтуға мүдделі. Бұл сомалар болашақ есептік жылдағы есеп 
айырысу  шоты  бойынша  ұсынылатын  түсімдер  мен  төлемдер  есебінен  (жағымсыз  әсер,  инфляция,  төлемсіздік  және  т.б.)  есептеліп, 
жоспарланады. 
                                                                          
6.
Шетел валютасындағы салымдар есебі. 
Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ак салымдық операциялардың бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру 
маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудағы міндет әр салым бойынша акша қаржыларының дәл есебін 
қамтамасыз  ету  және  банк  мекемесінің  қызметін  басқару  үшін  қажетті  ақпаратты  алу.  Бұл  міндетті  орындауға  депозиттік 
операциялардың  тиісті  синтетикалық  және  аналитикалық  есебін  ұйымдастыру  арқылы  қол  жеткізіледі.  Аналитикалық  есептің  мәні 
нақты салымшының салымдары, ал синтетикалық есептің мәні - олардың 
белгілі бір түріне жататын салымдар болып табылады. Банк клиенттерінің салымдық операцияларының есебі үшін келесідей шоттар 
қолданылады: 
- 2211 — 
Клиенттердің талап етуге дейінгі салымдары; 
-  2213  - 
салымдарды  міндетті  ұжымдық  кепілдендір  объектісіне  қа-тыеты  клиенттердің  міндеттемелерін  қамтамасыз  етуші 
салымдар; 
- 2215 - 
Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары
- 2217 - 
Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары; 
- 2219 - 
Клиенттердің шартты салымдары; 
- 2221 - 
Клиенттердің карт-шоттары; 
- 2222 - 
Еншілес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары; 
- 2223 
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз етуші салымдары; 
- 2224 - 
Клиенттердің талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзімі өткен қарыздар; 
- 2225 - 
Клиентгермен басқа да операциялар бойынша мерзімі әткен қарыздар; 
- 2226 - 
Клиенттің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен борыштар; 
- 2232 - 
Клиенттердің шарггы салымдары бойынша мерзімі әткен борыштар
- 2233 - 
Клиенттердің мерзімді салымдарының кұнын оң түзету шоты; 
- 2234 - 
Кленттердің мерзімді салымдарының құнын теріс түзету шоты; 
- 2235 - 
Клиенттердің шартты салымдарының құнын оң түзету шоты; 
- 2236 
Клиенттердің шартты салымдарының құнын теріс түзету шоты; 
- 2238 - 
Клиенттердің таргылган салымдар бойынша премия; 
- 2239 - 
Клиенттердін тартылған салымдар бойынша дисконт; 
- 2240 - 
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін кабылданған ақшаларды сақтау шоты. 
 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Коммерциялық банктермен депозиттерді тарту тәртібі қандай 
2. Депозит түрлеріне аңықтама беріңіз 
3. Депозит бойынша прценттерді есептеу тәртібі неде 
4. Банкаралық   зепозит,   депозиттерге   беру   және   тарту   бойынша   барлық қажетті өткізбені қүрыңыздар. 
 
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп . Алматы: Экономика, 2007 
2.
 
Закон  Республики  Казахстан  «Об  обязательном  гарантировании  депозитов,  размещенных  в  банках  второго  уровня 
Республики Казахстан» (См. о внесении изменений в настоящий Закон: Закон РК от 12 января 2007 года № 222-III) 
 
 
Банктің несие операцияларының есебі 
Дәрістің мақсаты:  банктегі несие операцияларының есебін қарастыру 
1.
 
Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру
2.
 
Несие түрлері, банктік ссудалар классификациясы. 
3.
 
Коммерциялық банкгердің несиелік операцияларының жүргізілу есебі. 
4.
 
Берілген несиелер бойынша сый ақылардың есептелу тәртібі. 
5.
 
Несиелер 
бойынша 
шығындарды 
жабуға 
резервтерді 
құру 
тәртібі 
жэне 
оның 
есебі. 
 
1.
 
Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру
Кәсіпорындар  мен  тұрғындарды  несиелеу  банк  қызметінің  дәстүрлі  түріне  жатады.  Сол  себептен  банкті  несиелендіру 
кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстаннын 
екінші  деңгейдегі  банктерінің  орналастырылған  қаражаттары  2003  жылы  әрбір  банктеріне  әр  түрлі  несиеге  шамамен  72%  келді. 
Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздары үшін төлем түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де 
қарыз алады, коммерциялық банктердің шығындар құрылымының 80%-ға жуығын салымдар мен депозиттер, сол сияқты банкаралық 
несиелері бойынша несиелік пайыз төлеу шығындары құрайды. 
Қалыптасқан  несиелік  механизм  коммерциялық  сипатта.  Осыған  байланысты  сауда,  экономика  мәтіндеріне  ерекше  көңіл 
бөлінуде.  Тек  несиелеу,  кәсіпорындардың  уақытша  ақша  ресурстарында  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру,  сондай-ақ  несие 
мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және 
де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны 
басқа  банктерге  сатады.  Коммерциялық  банктің  жұмысына  талдау  жүргізу  оның  ақша  қаражатын  мобилизациялау  мүмкіндігі  тек 
жартылай  ғана  қолданылатының  көрсетеді.  Сонымен  бірге  ресурстарды  сату  фактісін  және  несиелеу  жүйесіндегі  жалпы  «сауда» 
акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады. 
Қазіргі  несиелеу  жүйесіндегі  ерекшеліктер  олардың  ресурстарға  тәуелділігіне  ғана  емес,  сондай-ақ  ҚРҰБ  белгілеген 
пруденциялық  нормативтерге  байланысты.  Қазіргі  пруденциялық  нормативтер  тартуға  мүмкін  қаражаттардың  шекті  көлемін,  ең  аз 
резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие 
механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша 
туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді 
мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары 
бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде банк пен кәсіпорын 
арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын 
күш болып табылады. 
Қалыптасқан  несие  жүйесінің  маңызды  белгілері  -  оның  несиелеу  объектісінен  несиелеу  субъектісіне өтуі  болып  табылады. 
Бұрын  қолданылған  несиелеу  жүйесі  несиелеу  объектісіне  тиімді  болған.  Тауарлы-материалдық  құндылық  қорларының,  өндірістік 
шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты 
деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын 
жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді. 
Несиелеу  субъектілерінің  қарыздары  қайтару  қабілеттілігін,  қарыз  алушының  балансының  өтімділік  деңгейін  тыңғылықты  талдау, 
несиелеу  нысандарын  таңдау,  қарыз  алушымен  оның  несиеге  қабілеттілігін  ескере  отырып  қарым-қатынасқа  түсу  туралы  шешім, 
қалыптасқан несиелік механизмнің айтарлықтай артықшылықтарын білдіреді. 
Егер  қарыз  алушы  несиені  құрылыс  саласында  қолданатын  болса,  онда  құжаттамаға  жоспарланған  жұмыс  бойынша 
жобаланған сметалық құжат және тексеру есептері немесе жұмыстың орындалуын бекітетін қарыз алушының қабылдау-өткізу актісі 
қосылады. 
Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мынадай 
қосымша құжаттар тігіледі: 

кепіл және кепілгерлік шарты; 

кепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы; 

кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға құзыреті бар тұлғалар өкілеттігін 
дәлелдейтін құжаттар (5-қосымша); 

кепілдік немесе кепілдеме кепілдік өтініш бойынша беріледі (6-қосымша); 

несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің қаржылық есебі. 
Несиелеу  үрдісіндегі  маңызды  кезең  —  ұсынылған  несиеге  кеткен  қаражат  шығыңдарына  бақылау  жасау.  Банктің 
кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі. 
Несиені  пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  қарыз  сомасы  қарыз  алушының  есеп  айырысу  шотынан  сызылады.  Несие 
мемориалды  ордер  ретінде  қолданылатын  мерзімді  міндеттемелер  негізінде  өтеледі.  Төлеушінің  қаражаты  болмаған  кезде  қарыз 
сомасы мерзімі өткен несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда несиені өтеу фактісі келгенге дейін  мерзімі ұзартылады. 
Заңды  және  жеке  тұлғаларға  несие  өндіріс  тиімділігін  жоғарылату,  жаңа,  тиімділігі  жоғары  өнім  түрлерін  шығаруды 
ынталандыру, халыққа әр түрлі қызмет көрсету және т.б. тұрғындар үшін және экспортқа тауар өндіру, шағын кәсіпкерлікті дамыту 
мақсатына беріледі, сол сияқты Қазакстан Республикасына тауарлық ресурстарды тартуға берілуі мүмкін. 
Әрбір банк банктің ішкі несиелік саясаты туралы ережесін жасайды. Оның негізгі мақсаты жұмысшылардың банк белгілеген 
талаптарын  және  несиелеу  тәртібін  орындау  арқылы  несиелік  операцияларды  жүзеге  асыру  кезіндегі  тәуекелді  төмендету  болып 
табылады. 
Несиелер мыналар есебінен беріледі: 

жеке  және  заңды  тұлғалардың  депозиттік  және  басқа  шоттарына  тартылған  қаражаттары  және  меншікті  қаражаттары 
қосылатын банктің меншікті несиелік потенциалы; 

шетелдік несиелік желілерден, банкаралық несиелік нарықта алынатын несиелік қарыз ресурстары. 
Несие мынадай несие қабілеттіліктің негізгі критерийлеріне сай келетін карыз алушыларға ұсынылады: 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

рентабельділіктің  жоғарғы  нормасымен  сипаталатын  каржылық  тұрақтылық,  барлық  қаражаттың  30%  көлемінде  меншікті 
капиталмен қамтамасыз етілген, айналымдағы дебиторлық қарызы қысқа мерзімді; 

карыз алушының беделі; 

шығарылатын өнімінің бағасы, оны сатып өткізуге тапсырыстың болуы, ұсынылатын қызмет сипаты; 

экономикалық конъюнктурасы (бизнестің даму перспективасы, капитал салу көздерінің, бизнес жоспарының болуы). 
Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру Ұлттық Банктің ұсынысын ескере отырып жасалған әрбір 
банк несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша қарыз есебі 
жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың 
дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режімі шартта анықталады: 
берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін. 
 
2.
 
Несие түрлері, банктік ссудалар классификациясы. 
Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа белінеді: активті - банк қарыз бере отырып кредитор ретінде қатысса; 
 
пассивті    -   төлемділік,    мерзімділік    және қайтарымдылық 
жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде қатысады. Несиелік 
операцияларды  жүзеге  асырудың  екі  негізгі  нысаны  ажыратылады:  қарыз  және  депозит.  Тиісінше  банктің  активті  және  пассивті 
несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі. 
Активті  несиелік  операциялар  -  біріншіден,  клиенттер  мен  несиелік  операцияларды  және  банкаралық  несиені  ұсыну 
оператциясынан;  екіншіден  -  басқа  банктерде  орналасқан  депозиттерден  тұрады.  Пассивті  несиелік  операциялары  үшінші  тұлғаның 
және  жеке  түлғалардың  депозиттерінен  және  банктің  банкаралық  несие  алу  несиелік  операцияларынан  тұрады.  Аталған 
сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие - банктің 
қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі 
нысандарын қарастыратын кең  мағынадағы  түсінік.  Қарыз  болса  -нәтижесінде  қарыз  шотын  ашуға  болатын,  несиелік қатынастарды 
ұйымдастырудың  бір  ғана  нысаны.  Сонымен  бірге,  несиелік  қатынастар  тек  банктік  несие  шеңберінде  ғана  ұйымдастырылып 
қоймайды,  сондай-ақ  кәсіпорын  кредитор  және  қарыз  алушы  болатын  коммерциялық  несиелеу  ретінде  де  ұйымдастырылады.  Ал 
олардың  арасындағы  несиелік  қатынас  векселмен  рәсімделеді.  Бұдан  әрі  коммерциялық  несие,  банкке  векселді  кепілге  қоя  отырып, 
банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан 
басталады,  сонымен  бірге  жанама  банктік  несиелеу,  яғни  алдымен  кәсіпорындар  арасында  несиелік  қатынас  пайда  болады, 
нәтижесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді. 
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. 
1. Кредиторлар бойынша: 

орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы; 
2. Қарыз алушылар бойынша: 

қаржылық  институттарға,  үкіметке  (Қаржы  министрлігі),  бюджеттен  тыс  қорларға,  банктерге,  банктік  емес  қаржылык 
ұйымдарға несиелер; 

экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б. 

жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру); 
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады: 

қысқа мерзімді; 

ұзақ мерзімді. 
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша: 

қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен; 

сақтандырылған; 

қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді). 
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен. 
7.  Ұсынылған  шарт  бойынша:  авальді,  акцепті,  акцепті-рамбурсты,  аукционды,  валюталық,  ипотекалық  несиелер, 
консорциалды,  дебетті  сальдоны  жабу  несиесі  (овердрафт),  лизингті,  ломбардты,  жеңілдікті,  онкольді,  тұтыну  несиесі,  револьверлі, 
резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг. 
Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың  жиынтығын  
экспортты    және    импортты  тауарларды  әкелу  және    ішкі    экономикалық  іс-әрекетінің  шығындары,  жеке  еңбекпен  айналысатын 
азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, театрлардың 
табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер,күрделі салымдарды қаржыландыруға, еңбекақы төлеуге, тиімділігі 
жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.  

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал