Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Кастодиальдық қызметтің экономикалық мәні неде? 
2. 
Зейнет —ақы активтері есебін сипаттама беріңіз 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
 
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп . Алматы: Экономика, 2007 
2.
 
Инструкция по ведению бухгалтерского учета доверительных  операций и кастодиальной деятельности банками второго 
уровня Утверждена  постановлением Правления  Национального Банка Республики Казахстан  от 30 ноября 2007 года № 134 
 
Салым операцияларының есебі 
Дәрістің мақсаты:  банктегі салым операцияларының есебін қарастыру 
1.
 
Банкгің салымдық операцияларына сипаттама және олардың маңызы. 
2.
 
Коммерциялық банктің салым саясаты. 
3.
 
Салымдарды 
сақтандыру 
қоры 
(ДСҚ) 
және 
ДСҚ 
байланысты 
операциялар 
есебі. 
4.
 
Коммерциялық 
банктің 
салым 
операциялар 
есебі 
мен 
тәртібі. 
5.Тартылған 
салымдар 
бойынша 
проценттерді 
аудару 
және 
оларды 
төлеу 
тәртібі. 
 
1.
 
Банкгің салымдық операцияларына сипаттама және олардың маңызы. 
Банктер  өзінің  активті  операцияларын  жүргізу  үшін  пассивті  операцияларды  өткізу  нәтижесінде  пайда  болатын  тартылған 
қаржыларды қолданады. 
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін: 

банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар; 

басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер (зайымдар; 

салымдық (депозитгік) операциялар. 
Салымдық операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап 
ету салымы бойынша банктердің операциялары. 
Салымдық  операцияларды  жүргізу  кезінде  кез  келген  банк  өздері  дайындаган  депозиттік  саясатты  ұстанады  және  олар  өз 
кезегінде келесі ережелерге негізделеді: 

салымдық операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады

депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде салымдық операциялар субъектісініц әр түрлілігіне және салымдардың әр 
түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады; 

салымдық операцияларды жүзеге асыру барысында осы және салымдық мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары 
бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет; 

салымдық  операцияларды  ұйымдастыру  үдерісінде  банк  балансының  өтімділігін  жоғары  деңгейде  қамтамасыз  ететін 
мерзімдік салымдарға ерекше назар аударған жөн

салымдық  операцияларды ұйымдастыра  отырып,  банк  салымдық  шоттардағы  бос  қаржы резервтерінің  (активті  операцияға 
тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек

салымдарды  тартуға  әсер  ететін  банктік  қызметтерді  дамыту  және  қызмет  көрсету  сапасы  мен  мәдениетін  жоғарылату 
шараларын қарастырған жөн. 
Көптеген  ұсақ  және  шағын  банктер  үшін  салымдар  ақша  қар-жыларының  басты  көзі  болып  табылады.  Банктер  қаржы 
нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың 
тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың 
сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік 
компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз 
қаржыларын коммерциялық банктерге салады 
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді: 

талап етілгенге дейінгі салымдар; 

жинақ салымдары; 

мерзімді салымдар; 

бағалы қағаздар. 
Бірінші топ - 
талап етілгенге дейінгі салымдар, олар сондай-ақ чектік салымдар деп те аталады. Талап ету салымдары түрінде 
қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады (1-қосымша). Талап етілгенге дейінгі салымдардың бір түрі 
чектік  депозит. 
Чектік  депозит  - бұл  міндетті  түрде өтелуге  тиісті, салымшыға  чек  жазуға  құқы  беретін шот.  Чектік  депозиттердің 
ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар 
бірінші  талап  бойынша  нақты  ақша  алуға  мүмкіндік  береді.  Чектік  депозиттерді  жүзеге  асыру  үшін  есеп  операциялары  мен 
өткізбелерінің  айтарлықтай  көлемі  керек,  көптеген  банктер  осы  шарттарды  қолданғаны  үшін  төлем  белгілейді.  Бұл  кезде  төлем 
мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде 
шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде 
бұл төлемдерді алудан бас тартады. 
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады: 

ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы

ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы мүмкін; 

шот иесі банкке тұрақты айлық мелшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммисия төлеуі; 

Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы. 
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент — бірыңғай шот болып 
табылады.   Контокоррентте   банк  қарыздары,   сондай-ақ шоттан 
клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. 
Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот 
иесі  шығындардың  түсімдерден  артуы  кезінде  әрбір  жеке  жағдайда,  арнайы  рәсімдеусіз-ақ  банкпен  жасалған  келісімге  сәйкес 
анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар. 
Талап  ету  депозитіне  сондай-ақ  ағымды  овердрафт  шотын  жатқызуға  болады,  овердрафт  -  банк  пен  клиент  арасындағы 
келісімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бүл да несие 
алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты 
қосымша  депозиттік  шоттар  ашу  мүмкіндігін  шектемейді.  Овердрафт  ағымды  шоты  жеке  және  заңды  тұлғалардың  уақытша 
шығындарын жабу үшін ашылады. 
Талап ету депозитінің басқа бір түрі - нау-шоттар — пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы 
болуы мүмкін. Супернау-шоттар бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады. 
Депозиттік  шоттардьщ  келесі  түрі  -  автоматтық  аудару  шоттары  (АТ8-шоттар).  Жинақ  шоттарынан  ақша  қаржыларын 
автоматты  түрде  аударуға  мүмкіндік  беретін,  чектерді  жабу  үшін  чектік  депозиттерге  пайыз  әкелетін  депозиттің  түрі.  Банктер 
салымшының  келісімін  жетекшілікке  ала  отырып,  пайыз  әкелетін  шоттарды  талап  етуге  несиенің  артуын  жабу  немесе  чектік 
шоттардағы  ең  аз  балансты  көтеру  талабы  туындаған  кезде  автоматты  түрде  қосады.  Мұндай  тәжірибе  салымшыға  өте  аз  соманы 
салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Депозитің келесі тобы - жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім (2, 3-қосымша) негізінде ашылады. Қазіргі кезде 
жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ 
ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады. 
Жинақ кітапшаларындағы шоттар - бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер. 
Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады: 

кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы

банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша 
қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды

шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі; 

салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну 
міндеттемесі; 

шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы. 
Жинақ  салымының  жағдайы  туралы  жазбасы  бар  шоттар  жинақ  кітапшаларындағы  шоттарға  ұқсас,  алайда  олар  үшін  шот 
жағдайы  туралы  кезеңдік  жазбалар  жазбаның  жүргізілу  тұрғысынан  жинақ  кітапшаны  ауыстырады.  Олар  бойынша  осындай  пайыз 
төленеді және олар осындай функцияны орындайды. 
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде 
оларда жинақ кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен 
ретелетіндігін  және  бұл  шоттарды  қолдану  кезінде  операцияларды  тіркеу  үшін  жинақ  кітапшасының  қосылмайтындығын 
есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар. 
Жинақ салымдарыныц ерекшелігі мынадай: 

бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ; 

салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады; 

бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы; 

осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы; 

бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады

банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады; 

егер салымшылар  корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті. 
Кең тараған топтардың бірі - мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар 
салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге 
қарағанда  неғұрлым  үлкен  пайыз  алады  және  салым  салымшыға  алдын  ала  келісімде  көрсетілген  мерзімде  қайтарылады.  Банктер 
салымды өз  қарауы  бойынша  келісген  мерзім  ағымында  толық  пайдалана алады. Депозиттің  бұл  типін  ашу  үшін  мерзімдік  депозит 
туралы келісім жасалынады ( 4.5- қосымша).Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді: 

30 күннен 89 күнге дейін; 

90 күннен 179 күнге дейін; 

180 күннен 359 күнге дейін; 

360 күннен жоғары. 
Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын ізбарланған салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның 
мерзімі келісімде керсетіледі. Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшер белгіленеді. Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, 
банк болатын өзгерістерді ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебінен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу 
кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы. 
Депозиттердің төртінші тобы - бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді: 

аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кооперативтің, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары 
және облигациялары; 

сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар; 

шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел валютасындағы аккредитивтер); 

депозиттік сертификаттар. 
Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі. 
Депозиттік  сертификат  -  эмитент  банктің  ақша  қаржыларының  салымы  туралы,  салымшы  немесе  оның  құқық 
қабылдаушының  мерзімі  аяқталғанда  салым  бойынша  салым  сомасын  және  ол  бойынша  пайыз  алу  құқын  куәландыратын  жазбаша 
куәлік. 
Депозиттік сертификат - кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп 
айырысу  немесе  төлем  құжаты  болып  саналмайды.  Сондай-ақ  оларды  бір  заңды  тұлғадан  екіншісіне  жолдауда  шектеулер  болады. 
Талап ету кұқын ұсыну — сессия, ол депозиттік сертификаттың сыртқы   бетінде   екі  жақта  мәмілемен     рәсімделеді  өз құқын 
ұсынушы тұлға - 
цедент пен құқық алушы цессионарий. Сер-тификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және 
каржы  түсетін  шот  көрсетілген  салымшы  өтінішіне  қарсы  төлем  жасайды.  Банк  талап  ету  құқын  ұсыну  туралы  келісімнің  үздіксіз 
орындалуын, сондай-ақ өкілетті тұлғалар аты-жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді. 
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады: 

жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенде банкке ұсынылады; 

жолданатын - екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі мүмкін. 
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзімге тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған 
жағдайда сертификаттарды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады. 
Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді: 
• Шығарылуы бойынша: 

бір рет; 

сериямен шығарылатын. 
• Рәсімдеу тәсілі бойынша: 

арнайы; 

ұсынушыға. 
• Төлеу шарттары бойынша: 

Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар; 

сертификатты етеу күні пайызы төленетін сертификаттар. Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа 
түрлеріне  немесе  талап  етілмелі  депозиттеріне  қолма-қолемес  аударымдармен  және  нақты  ақшалармен  (жеке  тұлғалар  үшін)  өтеле 
алады. 
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға 
жауап беруі тиіс. 
Сертификаттарда міндетгі түрде келесі деректемелер болуы тиіс: 

атауы; 

сертификатты ұсыну себебі; 

ұсыну күні; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

салым сомасы; 

депозитке   енгізілген   соманы   қайтаруға   банктің сөзсіз міндеттемесі

сертификат сомасын талап ету күні; 

пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы; 

эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін); 

банк   мөрімен   бекітілген,   осындай   міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі тұлғаның қолы. 
Банк сертификаттар шығарады  және  меншікті  сертификаттарды шығару  мен  орналастыру  шарттарын  еркін  дайындайды.  Өз 
серти-фикаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады: 

инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі; 

салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін; 

пайыздык мөлшер қайта қараудың икемді механизмін; 

шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.); 

номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі; 

кең жарнаманы. 
Жай  депозиттік  келісімшарттармен  рәсімделген  мерзімдік  салым-дармен  салыстырғанда,  сертификаттар  бірнеше 
артықшылықтарға ие: 

сертификаттарды  тарату  айналымындағы  мүмкіндік  қаржылық  делдалдардың  үлкен  санына  сәйкес  әлеуетті  инвесторлар 
ауқымы кеңейді; 

екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін 
өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін. 
Сертификаттар  бойынша  табыстарға,  азаматтардың  талап  етілмелі  шоттары  мен  мерзімдік  салымдардағы  кірістерге  сияқты 
табыс салығы салынбайды. 
Мерзімдік  салымдармен  салыстырғанда  сертификаттардың  жетіспеушілігі  оның  эмиссиясымен  байланысты  банктің  жоғары 
шығындарының болуы. 
 
2.
 
Коммерциялық банктің салым саясаты. 
Коммерциялық  банктер  жүргізетін  депозиттік  саясатқа  әсер  етуші  факторлардың  бірі  Ұлттық  банк  бекітетін  қайта 
қаржыландыру мөлшерлемесі болып табылады. 
Депозиттік  операциялардың  дамуына  әсер  етуші  факторлардың  екінші  тобына  депозиттік  саясатты,  ұзақ  мерзімді  жинақтау 
қорларын енгізуді және солармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесін, банк беделін және басқаларды жатқызуға 
болады. Маңызды тежегіш факторлардың бірі - салымдарды индексациялаудың тиімді және шынайы механизмінің болмауында. Осы 
мәселе  банктердің  ірі  жинақ  жобаларын  жүзеге  асыруда  өте  орынды.  Ұзақ  мерзімді  жинақтау  тәжірибелерін  енгізу  бағдарламасы, 
инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейінде болғанда ғана тиімді болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны 
талап  ету  және  қыска  мерзімді  депозиттер  құрағанына  қарамастан,  болашақта  коммерциялық  банктер  салымшылар  каржы-  ларын 
неғұрлым ұзақтау мерзімге қосуға болатын жинақ, сақтау және басқа да жобаларды ұсына алады. 
Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі - банктің басқа қаржылық ұстамдармен 
салыстырғанда  беделді  және  басқа  салым  түрлерімен  салыстырғанда  пайыздық  мөлшерлердің  бәсекеқабілетгілігі,  сондай-ақ 
депозиттердін бір түрі - арнайы депозиттер аумағында банктің қызмет спектрын ұлғайту, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін 
қанағаттандыруда жоғары икемділікке ие. 
 
3.
Салымдарды 
сақтандыру 
қоры 
(ДСҚ) 
және 
ДСҚ 
байланысты 
операциялар 
есебі. 
Салымдарды қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз 
етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 
жыл.  Салымдарды  кепілдеу  қоры  әлемнің  70  елінде,  соның  ішінде  АҚШ,  Жапония,  Германия,  Франция,  Ұлыбритания  елдерінде 
табысты жұмыс істейді. 
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жал-пылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. 
Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен 
банк күйзеліске ұшырған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын 
басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай  жолмен депозиттерді  жалпылама  қайтарудан құтылуға 
болады,  бір  немесе  бірнеше  банктерде  проблемалық  жағдай  болғанның  өзінде,  банктік  жүйеге  түгелдей  қауіпті  шудан  құтылуға 
болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау 
кіреді.  Шыгындарды  жабу  үшін  сақтандыру  жарналары  жетіспеген  жагдайда  мемлекеттік  бюджет  қаржылары  қолданылады. 
Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудін басты 
әдістерінің  бірі  болып  табылады.  Банк  жүйесіне  деген  сенімді  арттыру  мақсатында  Қазақстанда  депозиттерді  міндетті  сақтандыру 
жүйесін  енгізу  жұмысы  жүргізілді.  1999  жылы  қарашада  екінші  деңгейлі  банктердегі  жеке  тұлғалардың  салымдарына  міндетті 
ұжымдық  кепілдік  беру  немесе  сақтандыру  ережесі,  ал 1999  жылы желтоқсан  айында  "Қазақстан  Республикасының  екінші  деңгейлі 
банктеріндегі  жеке  тұлғалардың  салымдарына  міндетті  ұжымдық  кепілдік  берудің  (сақтандыру)  қазақстандық  қоры''  құрылды. 
Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы -Қазақстан 
Республикасының  Ұлттық  банкі,  ал  оның  мақсаты  -депозиттерді  сақтандыру  жүйесіне  қатысатын  екінші  деңгейлі  банктерге 
салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып 
Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, 
активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер. 
Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орна-ластыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердін 
қызметі  соңғы  есеппен  табыс  іздеуге  әкелсе,  онда  қор  қызметі  өзінің  жақсы  гуманитарлық  қағидаларын  ұстанғаны.  Осы  қағидалар 
басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру 
ережесіне негіз болған. 
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы 
мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. 2001 жылдың 1 шілдесінен: 
Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық сақтандыру объектісі ретінде қайтару бойынша қатысушы 
банктін  міндеттемесі  болып  табылады,  қатысушы  банкті  жойған  кезде,  жеке  тұлғалардың  теңгедегі  мерзімді  салымдары 
сыйақыларымен бірге АҚШ долларымен немесе еуромен болса сыйақысыз, сол сияқты банктік 
салалардан келісімшарттармен немесе салымшы құжаттарымен расталған талап етілгенге дейінгі салымдар, сыйақысыз теңге түрінде. 
Қатысушы  банктердің  келесі  салымдар  бойынша  міндеттемелері  жеке  түлғалардың  салымдарын  міндетті  үжымдық  кепілдендірудің 
обьектісі болып табылмайды: 

жеке тұлғалфдың кепілдемесі-салымдары жэне олардың міндет-темелері бойынша; 

мәжбүрлі таратылған банктің басқарушы қызметкерлерінің және олардың жақын туыстарының, сол сияқты дауыс беру құқы 
бар. Бес және оданда көп акциялар пайызына ие болатын акционерлердің салымдары бойынша; 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 

банктік  салымдар  келісімшартын  жасасқан  күнгі  қордың  директорлар  кеңесі  бекіткен  салымдар  бойынша  сыйақы 
ставкаларының ең шекті мөлшерінен асатын сыйақы ставкалары болатын салымдар (депозиттер) бойынша. 
Қайтару міндеттемесіне қор кепілдік беретін салымдар бойынша Қор келесідей сыйақы ставкаларының мөлшерін белгіленген: 
2004 жылдың 01 тамызынан: 

Теңгеге - 6 айга дейін жылдық 6 пайыз; 

долларда және еурода - жылдық 4 пайыз. 

Теңгеде - 12 айға дейін, жылдық 9 пайыз; 

долларда және еурода - жылдық 5 пайыз. 

Теңгеде - 30 айға дейін, жылдық пайыз

долларда және еурода - жылдық 6,5 пайыз. 

Теңгеде - 36 айдан жоғары, жылдық пайыз 11 пайыз; 

Долларда және еурода — жылдық пайыз 7,5 пайыз. 
Салымдар  (депозиттер)  және  олар  бойынша  есептелген  сыйақы  сомалары  міндетті  түрде  салым  қай  валютада  болса,  сол 
валютада толық қайтарылады. 
Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесідей көлемде: 
Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша: 
Теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың теңгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Үлттық банктің 
ресми  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесінің 50%  шегінде  банктік операцияны  жүргізуге  лицензияны  қайтарып  алғанға  дейін  есеп-
телген  сыйақы мөлшері. 
АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама 
сомасынан артық болса.Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады. 
Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер) бір салым түрі ретіңце қарастырылып, анықталған 
ере-желерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде 
жүзеге асырылады. 
Теңге түріндегі талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша енгізілген салымдар (депозиттер) сомасы. Бірақ сыйақысыз 50 мың 
тенгеден аспайтын болса. 
Қайтару  міндеттемесіне  кепілдік  берілген  мерзімді  салымдар,  оның  ішінде  әртүрлі  валютада  бір  салымшы  салғандары  бір 
мерзімді салым ретінде қарастырылады, олар бойынша ережелерде анықталған мөлшерде сыйақылар төленеді. Бұл кезде қайтарылыу 
есебі 400 мың теңгеден аспайтын енгізілген мерзімді салымдар сомасынан төленеді. Салымшы (депозиттер) әртүрлі валютада салынған 
мерзімді салымдар бойынша төлемнің қайтарылу кезеңін анықтауға құқылы. Қайтару міндеттемесіне кепілдік берілетін талап етілгенге 
дейінгі салымдар, оның ішінде бір салымшы салған талап етілгенге дейінгі салымдар бір салым ретінде қарастырылады, қайтарылатын 
сомалар 50 мың тенгеден аспайтын мөлшерде, енгізілген салым көлемінде төленеді. 
Жинақталған  резервтер  салымдар  бойынша  жетіспеген  соманы  қалпына  келтіруге  жеткіліксіз  болса,  қатысушы  банктердің 
қосымша  жарнасы  есебінен  төленеді,  ал  қалғаны  қор  есебінен  қарызға  алынады.  Қор  өз  несиесін  таратылушы  банкке  қойылатын 
регрестік  талаптар  арқылы,  қатысушылардың  шектен  тыс  жарнасы  есебінен  қайтарып  алады.  Қор  мен  қатысушы  банк  міндетті 
күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы 
тиіс.  Сондай-ақ  аталған  келісімшарттарының  орындалуы  үшін  жауаптылық,  соның  ішінде  қордың  күнтізбелік  мерзімде  төленбеген 
ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған. 
Міндетті  күнтізбелік  жарна  мөлшері  әр  қатысушы  банк  үшін  олардың  қаржылық  жағдайына  Ұлттық  банк  бекіткен  әдіспен 
жеке бекітіледі және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу 
алдындағы  есептік  тоқсанның  соңғы  күніне  0.125  пен  0.375  пайызға  дейінгі  мелшерді  құрайды,  оларды  қайтару  13  сәуірдегі  2002 
жылғы  №136  ҚР  екінші  деңгейлі  банктеріндегі  жеке  тұлғалардың  салымдарына  (депозиттеріне)  міндетті  ұжымдық  кепілдік  беру 
(сақтандыру) ережесімен кепілденеді. 
Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек қою себептері неде? Біріншіден, депознттерді сақтандыру бағдарламасы 
мемлекеттік болып табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлі мүмкін болатын қосымша шығындарын 
төмендету  мақсатында,  банктердің  кепілденген  міндеттемелеріне  шектеу  қойылады.  Мысалы,  АҚШ-та  депозиттерді  сақтандыру 
жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚШ долларына дейін сақтандырылады, алайда бір салымшы көрсетілген сақтау сомасы 
көлеміндегі  бірнеше  шоттың  иесі  болуы  мүмкін.  Екіншіден,  депозиттерді  сақтандыру  бағдарламасы  мемлекеттік  емес  елдерде 
сақтандыру төлемдерінің үлкен болуынан банктер өздері күйзеліске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабілетті болмауы 
мүмкін. 
Банктің  жүйеде  ақша  қаржыларын  жинақтауға  ынталандырудың  келесі  механизмі  -  банктік  құпияны қатаң  сақтау.  Дамыған 
елдерде  банктік  құпия  -  құқықтың  жеке  объектісі,  жасырын  ақпараттың  жеке  түрі.  Біздің республикамызда  банктік  құпияны  сақтау 
үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған. 
Соңғы  кездері  ел  экономикасына  тұрғандардың  бос  ақша  каржыларын  тартудың  депозиттерді  сақтандырудан  басқа 
тәсілдерінің бірі ретінде капиталдар амнистиясы ұсынылады. 
Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. 
Бұл факторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазакстан Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған 
ақша-несиелік  саясатынан  шығатын  факторлар  кұрайды.  Оған  резервтеу  мөлшерін  (депозиттер  бойынша),  қайта  қаржыландыру 
мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға боладьі. 
Резервтеу  мөлшері  факторының  ерекшелігі  депозиттерді  тарту  кұнын  банк  операциялары  сияқты  ұлғайтады.  Бүгінгі  күні 
салым және депозиттермен жұмыс істеуде Ұлттық банк айтарлыктай нормативтік талаптар қоюда. Резервтік қорға депозиттер бойынша 
аударым  мөлшерінен  өсуі  несиелер  бойынша  да  мөлшерлеменің  өсуіне,  сондай-ақ  депозиттер  бойынша  пайыздық  мөлшерлеменің 
азаюына әкеледі. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының колеміне банктің тиісті шығындары мен 
қажетті табыстылығы кірмейді. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсенділігін сақтайды, оның қызметін депозиттер 
нарығында әлеуетті инвесторлар үшін тартымды етеді. Қазақстанда резервтеу мөлшері депозит түріне байланысты емес, сол себепті 
мерзімдік  депозиттерді  тарту  тиімділігін  төмеңдетеді.  Республикада  резервтеу  механизмі  жетідірілетін  болады,  сол  себепті  аталған 
кезеңде қалыптасқан банктік жүйе тәжірибесін қолдану өте орынды. 
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал