Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

2.  Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебінің тәртібі. 
Банк қоржынындағы бағалы қағаздар операцияларының есебі 
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей отырып, салымдарды әртараптандыру қағидасын ұстану қажет: инвестордың 
қаржы активінің сан алуандығына қол жеткізу. Бұл салымдардың жоғалу тәуекелін кеміту үшін қажет. Мысалы инвестор өзінің барлық 
ақшасын бір компанияның акциясына салды. Бұл жағдайда ол акция бағамының нарықтық өзгеруіне толығымен тәуелді болады. Егер 
қаражаттарын бірнеше компаниялардың акцияларына салатын болса, онда инвестордың табысы кейбір орташаланған акция бағамының 
өзгеруіне тәуелді болады. Егер де әртараптандыру қағидасын ұстанатын болса, онда ол міндетті түрде инвестициялық (қор) коржын 
деп аталатын оған тиісті әр түрлі бағалы қағаздар жиынтығымен байланысты болады. 
Инвестициялау  қоржынының  объектісіне  әр  түрлі  бағалы  қағаздар  жатады:  акция,  облигация,  бағалы  қағаздардың  туынды 
түрлері. Қоржын бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржын құрамына байланысты ол 
табыс  немесе  зиян  алып  келуі  мүмкін  және  әр  түрлі  тәуекел  деңгейіне  ие.  Бағалы  қағаздар  қоржынына  жататын  тізбелер  мен 
көлемдер қоржын құрылымы деп аталады. Өз кезегінде олар инвесторлар басқара алтын сипаттамалар жиынтығын ұсынады: бағалы 
қағаздар құрамында және көлеміне кіретін құрамды өзгерту. 
«Қаржы құралдары: тану және бағалау» 39-ҚЕХС сәйкес ¥лттық банк бағалы қағаздарды есептеу бойынша ұсыныстар жасаған. 
Осыған сәйкес бағалы қағаздар қаржы активтері болып табылады және үш санатқа бөлінеді: 
1)
 
сатуға арналған бағалы қағаздар - бұл делдалдың маржасы немесе қысқа мерзімді баға ауытқуы нәтижесінде табысты алу 
мақсатында алынған бағалы қағаздар. Егер де оларды сатып алу себептеріне байланыссыз, құрылымы нақты болашақта табыс алуға 
ұмтылуын білдіретін қоржынның бір бөлігі болып табылса, құнды қағаздарды саудаға арналған деп жіктеу керек. 
2)  Банк  оларды  өтеу  мерзімі  келгенге  дейін  ұстайды.  Сатуға  арналған  қолда  бар  кұнды  қағаздар,  бұлар  төмендегілерге 
жатпайтын кұнды қағаздар саудаға арналған кұнды қағаздар. 
3) өтеуге  дейін  ұсталатын бағалы қағаздар —  тұрақты  немесе  анықталган  төлеммен  байланысты  қаржы  активтері  және  өтеу 
мерзімі тұрақты болып табылатын бағалы қағаздар. 
4) Капиталға салынғаң құнды қағаздар. 
Сатуға  арналған  бағалы  қағаздар  және  өтеуге  дейін  ұсталатын  бағалы  қағаздарды  ең  алғаш  тану  кезінде  нақты  шығындар 
бойынша бағаланады. Мәміле жасау кезіндегі шығындар осы бағалы қағаздарды алғашқы тану кезіндегі кұнға жатқызылады. 
Бағалы  қағаздардың  әділ  құны  бір  немесе  бірнеше  жалпы  жұрт  қабылдаған  әдіс көмегімен  анықталуы  мүмкін.  Бағалау  әдісі 
негізінде  әділ  құнын  есептеу  кезінде  нарық  қатысушылары  пайдаланатын  бастапқы  деректер  жатады.  Сонымен  қатар  әділ  кұнын 
есептеу кезінде әдістер мен бастапкы деректерді ашып қарастыру қажет. 
Бағалы қағаздардың әділ құны мәміле құнына немесе басқа нарық бағасына байланысты. Егер нарықтық бағаны сенімділіктің 
жеткілікті  деңгейімен  анықтау  мүмкін  болмаса,  онда әділдік  құны  барлық  болашақ  төлемдер  немесе  ақша  түсімдері сомасы ретінде 
есептеледі. Сондай-ақ бағалы қағаздардың әділ құнын бағалаудың басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, оның ішінде ағымдағы әділ 
құнын анықтаудың негізі оны жүргізу уакытынан бастап есептілік күніне дейін айтарлықтай экономикалық шартта өзгерістер болмаған 
кездегі ең соңғы мәміле бағасы болады. 
3. 
Қайта 
қаржыландыру 
операциясы, 
мемлекеттік 
қазыналық 
міндеттемелер 
(МҚМ), МЕККАМ, МЕОКАМ операциялар есебі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Инвесторлар  үшін  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  операцияларының  тағы  бір  тиімді  түрі,  мемлекеттік  қысқа  мерзімді 
қазынашылық міндеттемелерді сатып алу-сату келісімшартымен ресімделетін, мем-лекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді сатып алу-
сату операциялары (МЕККАМ) больш табылады (2-қосымша). 
МЕККАМ - мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелар. Ұкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлігі  шығарады,  олар  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  болып  табылады  және  орнатылған  заңдылықтарға  сәйкес  Қазақстанның 
екінші  бағалы  қағаздар  нарығында  еркін  айналысқа  түседі.  Материалдық  емес  нысанда  мерзімі  үш,  алты,  он  екі  айға  шығарылады, 
қаржылық  агентің  депозитариндегі  немесе  алғашқы  диллерлердің  суб  депозитариндегі  оларды  ұстаушылардың  депошотына  сәйкес 
жазуларды жүргізу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі. 
МЕККАМ  мемлекеттік  қысқа  мерзімді  казынашылық  міндетте-мелерінің  номиналдық  құны  -  100  теңге.  МЕККАМ 
ұстаушылары  Қазақстан  Республикасының  резидент  және  бейрезиденттік  занды  және  жеке  тұлғалары  болып  табылды.  МЕККАМ 
иелері оны кепілге беруге, РЕПО
1
 
операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатып алуға және сатуға құқығы бар. Мемлекеттік қысқа 
мерзімді  қазыналық  міндеттерді  есептеу,  жүргізу  және  сақтау  Ұлттық  банктің  депозитариінде  және  алғашқы  диллердің  суб 
депозитариінде,  олардың  инвесторларына  тікелей  тиеслі  мемлекеттік  қысқа  мерзімді қазынашылық  вексельдер  бойынша  депо  шоты 
бойынша жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді (МҚМ) тарту көптеген факторлармен камтамасыз етіледі. Оның негізгілеріне 
төмендегілер жатады: 
•Сенімділіктің жоғары деңгейі. Эмитентті Қаржы министрлігі болып табылатын облигацияларды өтеу, мемлекет Үкіметімен 
кепілденеді. Сонымен қатар, осы қағаздардың қызмет еткен 1994ж сәуір айынан бастап Қаржы министрлігінің МҚМ өтемеуі болған 
емес. Алдындағы облигация сериясын өтеу бөлшектеніп немесе жаңа қарызды орналастыру есебінен толық жүзеге асырылады. Бірақ 
мемлекет  үшін  оң  мезеті  карызға  қызмет  көрсету  Қаржы  министрлігі  үшін,  инфлияцияыың  жоғары  темпінің  арқасында  арзанға 
түсетіндігінде  болып  табылады.  Әрине,  ішкі  мемлекеттік  қарыз  -  уақытша  ысырылган  эмиссия  екенін  ұмытпау  керек.  Бірақ, 
инвесторлардың көз қарасы бойынша бұл қағаздар тиімді болып табылады. 
          
•Абсолюттік өтімділік. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттер шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар арасында, 
Қазақстанның  мемлекеттік  қысқа  мерзімді  қазынашылық  міндеттемелері  жетекші  орында  келеді.  Қазіргі  уақыттағы  олардың  төмен 
инвестициялық тартылуына қарамастан, МҚМ нарығы шетелдік қаржыландыру аймағында зерттелініп отыр. Қазақстанда мемлекеттік 
бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың сәуірінен бастап қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкімет 
атынан 3 айлық айналым мерзімі бар дисконтталған кысқа мерзімді қазынашылық вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы 
мен  тамыз  айларының  аралығында  үш  айлық  МҚМ-ге  сұраныс  үсыныстан  4,8-5,4  есе  көп  болды.  Осы  жағдайға  сүйене  отырып, 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айналысқа алты айлық МҚМ шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар 1996 жылы әр 
кезеңінде оларға деген сұраныс ұсынысған 4,5-3,5 есе кеп болды. Бұл жағдай айналым мерзімі ұзақырақ- 12 айлық мемлекеттік құнды 
қағаздардың  көлемін  арттыруға  қажетті  жағдай  туғызуға  мүмкіндік  берді.  Одан  басқа  республикалық  бюджет  тапшылығын  жабу 
мақсатында  1996  жылдың  қыркүйегінде  Қазакстан  Республикасының  Үкіметі  мемлекеттік  бағалы  кағаздардың  жаңа  түрін  - 
мемлекеттік ішкі қарыздың ұлттық жинақ облигацияларын (ҮЖО) шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы 
Қазақстанның  қор  нарығында  басымдық  жағдайға  ие  болды.  1997  жылдың  маусымында  айналым  мерзімі  2  жылға  тең  алғашқы 
мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер - МЕОКАМ айналысқа шығарылады. 
Осылайша,  мемлекеттік  құнды  қағаздар  нарығының  қалыптасуының  интенсивті  үрдісі  көрсетіп  отырғандай,  оған  әлемдік 
нарықтың кәсіби мамандарының толықтай қатысуына мол мүмкіндіктер бар. 
Мәмілені  ресімдеудің  қарапайымдылығы.  Қорларды  мемлекеттік  қазынашылық  облигацияларға  ориаластыру  кезінде  қарыз 
алушының  несие  қабілеттілігін  талдаудың  қажеттілігі  жоқ,  ал  сол  тәртіптің  арқасында  2-3  жұмыс  күні  үнемделеді.  Сондықтан  бос 
активтерді қысқа мерзімге және қайтарылуынын жүз пайыз кепіл болуына МҚМ пайдаланған өте тиімді. Сонымен бірге міндеттемелер 
кейбір қысқа мерзімді қаржылық операцияларды хеджерлеу кұралы ретінде колданылуы мүмкін. 
•  Салық  жеңілдіктері.  Қазақстанның  мемлекеттік  бағалы  қағаздарының  танымал  факторлардың  бірі  салық  кодексіне  сәйкес 
келетін, мемлекеттік бағалы қағаздармен тұрақты иайыздық мәмілелер, сонымен қатар олар бойынша табысқа салық салынбайды, тек 
Ұлттық жинақ және МҚМ коспағанда - орталық басқару органдары шығарған бағалы қағаздар козғалысы операциясын жүзеге асыру 
негізінде - олардың сатылу бағасынын әрбір мың тсңгінсн бір теңге мөлшерінде. 
Қазіргі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие нарығын шетке шығарып келе жатқанын 
айта  кету  керек.  Ол  нақты  кредиторларга  салық  салынбаған  пайыз  алуга  және  мемлекеттік  бағалы  қағаздарды  кепілге  ала  отырып, 
несиелеу кезінде өздерінің тәуекелдігін сактандыруга мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік  казынашылық  вексельдерді,  Ұлттык  банктегі  міндетті  резерв  ретінде  коммерциялык  банктер  орналастыратын 
қаржылар  ретінде  пайдалану  мүмкіндігі,  сол  сияқты  мемлекеттік  казынашылық  облигацияларды  кепілдік  ретінде  немесе  банктің 
корпоративті клиенттерінң операцияларына маржа түрінде енгізу мүмкіңдігі осы қүнды қағаздарға деген қызығушылықты айтарлықтай 
арттырар еді 
Сонымен,  МҚМ  орта  мерзімді  инвестиция  құралы  ретінде  каражаттарды  тиімді  орналастыру  мүмкіндігін  береді.  Сонымен 
бірге, олардың табыстылығы каншалықты төмендесе де жоғары өтімді және жоғары сенімді бағалы қағаз ретіндегі сапасы болып қала 
береді.  Көптеген  банктер,  қаржы  компаниялары  және  коммерциялық  кәсіпорындар  мемлекеттік  қазыналық  облигацияларға  үлкен 
кызығушылық танытады, сондықтан олардың көлемі өсуде. Қазақстандағы каржы кұралдарын объективті бағалай отырып, мемлекеттік 
қазыналық облигацияларға қолда бар өтімділікті ескере отырып табыс /тәуекел арақатынасына қарағанда нақты баламалар әзірше жоқ. 
МҚМ-ді алғашқы орналастыруды эмитент тапсырысы бойынша, оның атынан олардың арасындағы бекітілген келісіміне сәйкес 
Ұлттық банк жүзеге асырылады. Егер коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алғысы келсе, онда ол ең алдымен өз 
клиенттерінің арызын жинап, содан кейін өз арыздарын тапсырады (3-қосымша). 
Арызды алғаннан кейін Ұлттық банк коммерциялық банкке хабарлама жібереді (4-қосымша). 
Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орна-ластыруы келесі әдістер арқылы жүзеге асырылады: 
• Бағаның әр түрлілігін қанағаттандырудың аукциондық әдісі дисконттық мемлекеттік бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру 
кезінде  қолданылатын  әдіс.  Онда  сұраныстарды  қанағаттандыру  жоғары  дисконтты  бағадан  басталып,  жарияланған  эмиссия  көлемі 
біткенде аяқталады. Сұранысты қанағаттандыру алғашқы дилердің өтінішінде көрсетілген дисконт есебінде жүзеге асады. 
• Бірыңғай баға жағдайы бойынша аукциондық әдіс - екі және одан да көп айналым мерзімі бар пайыздық мемлекеттік бағалы 
қағаздарды  орналастыру  кезінде  қолданылады.  Мемлекеттік  бағалы  қағаздарды  осы  әдіспен  орналастырудың  мақсаты 
қатысушылардың  өтінішін  аукцион  шартына  байланысты  қабылдау,  ал  өтінішті  қанағаттандыру  жарияланған  аукцион  көлемі 
қарастырылып  болған  өтініште  көрсетілген  пайыздық  шарт  деңгейінде  жүргізіледі,  яғни  өтініштер  онда  көрсетілген  табыстылыққа 
байланыссыз бірыңғай бағалық шарт бойынша қанағаттандырылады. 
Жазылу - орналасатын бағалы қағаз түрі бойынша эмитент белгілейтін сыйақы мөлшері қолданылатын және алғашқы дилерден 
жарияланған  эмиссия  көлеміне  жеткенге  дейінгі  ұстауға  берген  өтініштері  алынатын  мемлекеттік  бағалы  қағаздарын  алғашқы 
орналастыру  әдісі.  Бұл  әдістің  мақсаты  инвесторлар  -  жеке  және  заңды  тұлғалардың  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын  тарту  болып 
табылады. 
•  Орналастырғанға  дейінгі  әдіс  -  орташа  салмақтанған  дисконт  немесе  бағалы  қағаздардың  осы  түрі  бойынша  алғашқы 
орналастырудың сонғы жүргізілген жылдық пайыздық мелшерлемесіне байланысты қолданылады. 
Мемлекеттік бағалы қағаздарға сонымен қатар - МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ, МБҚ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
МЕОКАМ  -  айналым  мерзімі  екі  және  үш  жыл  болатын  мем-лекеттік  орта  мерзімді  қазыналық  міндеттемелер.  Үкімет 
атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарады және Қазақ-станның бағалы қағаздар нарығында заңдылықтарға сәйкес 
еркін айналыста жүреді. Олар материалдық емес нысанда шығарылып
қаржы агентінің депозитарийінде және алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде олардың ұстаушылардың депо шоты бойынша 
сәйкес  жазуларды  енгізу  арқылы  орналастырылады  және  өтеледі.  Олардың  атаулы  құны  —  1000  теңге.  Мемлекеттік  орта  мерзімді 
қазыналық міндеттемелерінің ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды және жеке тұлғалары бола 
алады. Қазыналық міндеттеме айналысы республикалық бюджетке ақша қаражаты түскеннен кейін депо шоты бойынша жазба жүргізу 
сәтінен басталады. МЕОКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатуға және сатып 
алуға құқылы. МЕОКАМ есебі мен қозғалысы Ұлттық банк депозитарийіндегі депо шоты және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына 
қатысушы әрбір тұлға бойынша алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде жүзеге асырылады. 
МЕАКАМ - айналым мерзімі 10 жыл болатын мемлекеттік арнайы қазынашылық міндеттеме. Қазақстан Республикасының 
Үкіметі  атынан  Қаржы  министрлігі  шығаратын  және  бағалы  қағаздар  нарығының  заңдылықтарына  сәйкес  еркін  айналыста  болады. 
Арнайы қазынашылық міндеттемелер ЖАҚ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде» «депо» шотында жазба түрінде құжатсыз 
нысанда шығарылады. МЕАКАМ атаулы құны — 1000 теңге. МЕАКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО операцияларын 
жүргізуге, екінші нарықта сатуға және сатып алуға құқылы. Сонымен қатар инвестор сатып алу-сату, кепіл және РЕПО операциялары 
бойынша  барлық  операцияларды  алғашқы  делдал  арқылы  Орталық  депозитарийге  аудару  жолымен  рәсімдейді.  МЕАКАМ-ді  есепке 
алу, сақтау және ауыстыру Орталық депозитарий тәртібіне сәйкес «депо» шотында жүзеге асырылады. 
МЕИКАМ - айналым мерзімі үш және одан көп ай болатын мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер. Үкімет 
атынан  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі  ағымдағы  республикалық  бюджет  тапшылығын  каржыландыру  мақсатында 
шығарады  және  заңдылықтарға  сәйкес  Қазақстанның  бағалы  қағаздар  нарығында  еркін  айналысқа  түсе  алады.  Индекстелген 
қазынашылық  міндеттемелер  құжатсыз  нысанда  шығарылады,  оларды  ұстаушылардың  Орталық  депозитарийінде  және  олардың 
инвесторлары бойынша алғашқы делдалдарда ашылатын «депо» шотындағы сәйкес жазбаларды енгізу арқылы орналастырылады және 
айналысқа түседі. Олардың атаулы құны - 1000 теңге. МЕИКАМ -ұстаушыларына Қазақстан Республикасының резидент және бейре-
зидент  заңды  және  жеке  тұлғалары  жатады.  Индекстелген  қазынашылық  міндеттемелерге  меншік  құқығын  есепке  алу  және 
орналастыру индекстелген қазынашылық міндеттемелерді ұстаушы-лардың  жазбаша  және   электронды  тапсырысы  негізінде сатып 
алушы мен сатушының депо шотына сәйкес жазбаларды енгізу жолымен депозитарий арқылы жүзеге асырылады. 
МБҚ  —  мемлекеттік  бағалы  қағаздар.  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігі  ағымдағы  айналым  мерзімі  364  күн 
болатын  материалдық  емес  тіркелген  нысанда  республикалық  бюджеттің  ағымдағы  тапшылығын  каржыландыру  мақсатында 
мерзімінен  бұрын  қайтару  құқықсыз  шығарады.  Қаржы  агентінің  басты  депозитарийінде  «депо»  шотындағы  жазба  арқылы 
орналастырылады. Ұлттық жинақ облигациялары Қазақстан Республикасы аумағында еркін айналыста болады және оны ұстаушылар 
Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды және жеке тұлғалары болып табылды. 
АВМЕКАМ  -  айналым  мерзімі  5  жыл,  атаулы  құны  100  АҚШ  доллары  болатын  арнайы  валюталық  мемлекеттік 
облигациялар.  АВМЕКАМ-ді  шығару  зейнетақы  активтерінің  есебінен  жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  теңгедегі  мемлекеттік 
казынашылық міндеттемелері мен ұлттық жинақ облигацияларын айырбастау жолы арқылы жүзеге асырылады. Иемденушілерге өтеу 
кезінде  номиналдық  құнын  алуға  және  6,14  жылдық  пайыз  мөлшерінде  сыйақы  алуға  құқык  береді.  АВМЕКАМ  кұжатсыз  нысанда 
шығарылады, олардың инвесторлары бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында алғашқы делдалдарда ашылған, «депо» шотына 
сәйкес  жазбаларды  енгізу  арқылы  орналастырылады  және  айналысқа  түседі.  АВМЕКАМ  айналысы  1999  жылдың  12  сәуірінен 
басталды. Арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларына меншік қүкығын есепке алу және орналастыру ұстаушылардың жазбаша 
және  электронды  тапсырысы  негізінде  сатып  алушы  мен  сатушының  депо  шотына  сәйкес  жазбаларды  енгізу  жолымен  депозитарий 
арқылы жүзеге асырылады. АВМЕКАМ өтеу мерзімі 2004 жылдың 8 сәуірі. 
Коммерциялық  банктер  бапкаралық  несиені  мемлекеттік  кағаздарды  кепілге  ала  отырып  беруге  тәжірибе  жүргізуде. 
Мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге беру арқылы несиені алғашқы делдалдар, сондай-ақ алғашқы делдалдар банкінің инвесторы 
болатын банк және фирмаларды ала алды. 
Бірінші жағдайда, несие алушы және бағалы кағаздар ұстаушы банк - кепілзат беруші, ал несие беретін банк — кепілзат иесі; 
екінші жағдайда, кепілзат беруші - алғашқы делдал клиенті болып табылатын, несие алғысы келетін банк, кепілзат ұстаушы — несие 
беретін  банк,  ал  алғашқы  делдал  бұл  кезде  қарыз  алушының  қосалқы  депозитарийі  болыи  табылады.  Банкаралық  несиені  құжатты 
түрде беру кез келген несиелер сияқты рәсімделеді, екі данада банкаралық несиелік шарт (5-қосьгмша) және үш данада кепіл шарты (6-
қосымша) жасалады. Кепіл шарты міндетті түрде Ұлттық 
банк  Депозитарийіндегі  кепілзат  туралы  келісімшартты  тіркеу  журналында  тіркелінеді.  Кепілзат  туралы  келісімшарт  негізінде 
«кепілдік  операциялары  кезіндегі  қазынашылық  міндеттемелерді  есепке  алу  және  есептен  шығаруға  «ДЕПО»  тапсырмасы»  (7-
қосымша)  және  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  «Б»  типіндегі  «депо»  шотынан  «Гб»  типіндегі  «кепілге  алынған  қазынашылық 
міндеттемелер» «депо» шотына ауысады. Осы шоттағы бағалы қағаздар оқшауланып, несиені өтегенге дейін пайдаланылмайды. Өтеліп 
болғаннан кейін жаңа «ДЕПО» тапсырмасы жасалады, онда қазынашылық міндеттемелер «Гб» типіндегі «депо» шотынан «Б» типіңдегі 
«депо»  шотына  ауыстырылады.  Несиені  қайтара  алмау  жағдайы  туындаған  кезде  қарыз  алушы  банк  Ұлттық  банкке  хат  арқылы 
ескертеді. 
 
4. "Репо" операциясының есебі. 
Екінші нарықта мемлекеттік бағалы қағаздардың өтімділігін қолдау үшін сатып алу-сату мәмілесінен басқа қайтадан сатып алу 
келісімі немесе РЕПО және кері РЕПО операциясының мәмілесі жүзеге асырылады. РЕПО және кері РЕПО операциялары мемлекет-тік 
бағалы қағаздардың екінші нарығындағы екінші деңгейдегі банктер - алғашқы делдалдардың етімділігіне демеу жасау бойынша басты 
қүрал болып отыр, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар нарьіғында озінің жалпы етімділігіне оңгайлы әсер етеді. РЕПО және 
кері  РЕПО  операцияларын  Ұлттық  банк  ноталары,  МЕККАМ,  МЕОКАМ  және  МБҚ  мен  жүргізуге  болады,  РЕПО  операцияларын 
жүргізу  үшін  келісімшарт  жасалады  (8-қосымша).  1996  жылдың  28  наурызынан  «Қазақстан  Республикасының  мемле-кеттік  бағалы 
қағаздарымен  РЕПО  және  кері  РЕПО  операцияларын  жүргізу  Ережелеріне»  сәйкес  РЕПО  операциялары  —  екі  бөлімнен  тұратын, 
қаржылық  операция:  бірінші  бәлімде  (РЕПО-ны  ашу)  Ұлттық  банк  бағалы  қағаздарды  қатысушылардың  бір  мерзімді 
міндеттемелерімен бірге алғашқы делдалға сатады, екінші бөлімде (РЕПО-ны жабу) Ұлттық банк аталған бағалы қағаздарды сатып 
алуға міндеттенеді, ал алғашқы делдал - РЕПО келісімшартыңда белгіленген мерзім ішінде Ұлттық банкке оларды акша қаражатта-
рына ауыстыру арқылы қайтарады. Кері РЕПО операциясы екі бөлімпен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде (РЕПО-ны 
ашу)  Ұлттық  банк  бағалы  қағаздарды  қатысушыларының  бір  мерзімді  міндеттемелерімен  бірге  екінші  бәлімде  (РЕПО-ны  жабу) 
алғашқы делдалдан сатып алады, онда Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатуға міндеттенсе, ал алғашқы делдал — РЕПО келісім-
шартында  белгіленген  мерзім  ішінде  оларды  ақша  қаражаттарына  ауыстыру  арқылы  сатып  алуға  міндеттенеді.  Яғни,  РЕПО 
(repurchase agreement) - 
тіркелген баға бойынша кері мәмілені жақтардың жүргізуі туралы форвардтық міндеттемелермен ілесіп 
жүретін кұнды қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасау. 
 
Өзінің мәні бойынша бұл операция, осы операцияларды құжаттық растаушы кұнды қағаздарды сатып алу - сату келісімшарты 
және форвардтык келісім болып табылатын мерзімді депозиттерді тарту болып саналады. 
РЕПО  шартымен  құнды  кағаздарды  сатып  алудың  қарапайым  салыммен  салыстырған  да  артықшылықтары  мен 
жетіспеушіліктсрі болады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
РЕПО сатып алушысы алатын жай жылдық пайыздық мөлшерлеме жабылу бағасы мен ашылу бағасының арасындағы айырма 
катынасы ретінде 360 күнге есептелген РЕПО немесе кері РЕПО операцияларының нақты қызмет ету мерзімі есебімен ашылу бағасына 
анықталады және келесі формула бойынша есептеледі: 
Q=Ps-Po/Po x 360 /t  x 100%             (13) 
Мұндағы:   Q- жай жылдық пайыздық мелшерлеме;  
                    
Ро — операцияларды ашу багасы; 
                    
Рs — операцияны жабу бағасы;  
                     t — 
РЕПО қызмет ету кезеңі. 
РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу үшін багалы қағаздар нарыгының әрбір сәйкес бас келісім жасауы қажет. Ол 
күнтізбелік  жылга  жасалынады.  РЕПО  және  кері  РЕПО  операцияларының  мерзімі  бір  күн  және  одан  жоғары  уақытка  белгіленеді, 
сонымен  бірге  жабу  уақыты  бағалы  қағаздарды  өтеу  күніне  дейінгі  5  күннен  аспауы  керек.  Сатушы  және  сатып  алушы  РЕПО 
келісімшартын оның қызмет ету мерзімі ішінде қайта қарастыруға кұкықтары жоқ, сонымен бірге екі жақтың келісімшарт объектісі 
болып  табылатын  бағалы  қағаздарға  өкім  жасауға  құқығы  жоқ.  Егер  сатушы  немесе  сатып  алушы  жабылу  күнінде  келісімшартты 
орындамаса,  РЕПО  немесе  кері  РЕПО  операциялары  жасалынан  жоқ  деп  есептеледі.  Инвесторлар  бұл  операцияларды  өздерінің 
алғашқы  делдалдары  арқылы  инвесторларда  депозиттерді  қабылдауға  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банк  берген  лицензиясы 
болған жағдайында ғана жүзеге асырады. «ҚР Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру» 
ережесіне сәйкес ҚР Ұлттық банкі аукцион жүргізеді. 
Қазақстандық  коммерциялық  банктер  үшін  РЕПО  операциялары  бағалы  қагаздармен  байланысты  операциялардың  жана  түрі 
болып табылғанымсн, коммерциялық банктер және қаржылық компаниялар мен басқа да қор нарығының катысушылары кен колемде 
қолдану-да.  Қаржы  нарыгындагы  пайда  болган  киындыктарга  карамастан  РЕПО  нарығы  дамудьщ  объективті  келешегі  бар  және 
біртіндеп  оның  секторьшын  бірі  бола  алады.  Жоғарыда  айтылгандай  РЕПО  -екі  бөлімнен  тұратын  қаржылық  операция.  Мәмілеге 
қатысушы бір жақ екінші жаққа бағалы қағаздарды сатады және сол уақытта 
белгілі бір мерзім ішінде немесе екінші жақтың талабы бойынша оларды өзіне қайтадан сатып алуға міндеттенеді. 
Қайтадан  сату  міндеттемесіне  екінші  жақ  өз  мойнына  алатын  қайтадан  сатып-алу  міндеттемесі  сәйкес  келеді.  Бағалы 
қағаздарды кайта сатып-алу, алгашқы сату бағасынан жақсы баға бойынша жүзеге асырылады. Айырма - РЕПО-ны бірінші бөлімінде 
бағалы  қағаздарды  сатып-алушы  (ақша  қаражаттарын  сатушы)  ретінде  қатысатын  жақтың  иеленетін  табысы.  Тәжірибеде  ақша 
қаражаттарын  сатушы  табысы  осы  операцияларды  басқа  операциялармен  жүргізу  тиімділігін  салыстыруға  мүмкіндік  беретін 
шамасының мөлшерлемесімен анықталады. 
Кері РЕПО - ол да тура сол мәміле, бірақ тек бірінші бөлімде бағалы қағаздарды сатып алушы ұстанымы негізінде. Жақтардың 
арасында жасалған келісімшарт негізінде жүргізіледі. 
РЕПО  операцияларының  тағы  бір  анықтамасы  бар  -  бұл  бағалы  қағаздармен  қамтамасыз  етілген  несие  немесе  бағалы 
қағаздарды кепілге ала отырып несиелеу. 
Қызмет ету мерзіміне байланысты РЕПО үш түрге бөлінеді: түнгі (бір күнге), ашық (операция мерзімі нақты белгіленбеген), 
мерзімді (бір күннен жоғары белгіленген мерзіммен, мысалы, жеті күн). РЕПО мерзімділігімен пайыздық м
өлшерлеме де байланысты. 
РЕПО келісімшарты жасалған бағалы қағаздар қозғалысы тәртібінің ерекшелігі бар. 
АҚШ-та  РЕПО  нарығының  қалыптасу  тәжірибесі,  мысалы,  келісімшартта  жақтар  бағалы  қағаздарды  орналастыру  және 
сақтауда үш нұсқаудың біреуін пайдаланады. 
Бірінші нұсқау бірінші бөлімінде сатып алынған РЕПО бағалы қағаздары сатып алушыға ауысуын қарастырады. Бұл кезде ол 
несиелік тәуекелді азайтады. 
РЕПО операциясын жүргізу кезінде сату бағасы бойынша кор-респонденция жасалады: 
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 
Кт 2255 «Құнды қағаздармен жүргізілетін «РЕПО» операциялары». 
Ай сайын сыйақы есептелінеді: 
Дт 5250 «Құнды қағаздармен жүргізілетін «РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар» 
Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар». 
Бағалы қағаздарды қайтадан сатып алу кезінде: 
Дт 2255 «Құнды қағаздармен жүргізілетін «РЕПО» операциялары» 
Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар» 
5250 «Құнды қағаздармен жүргізілетін «РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»  
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары». 
Егер банктер өздерінің бағалы қағаздарын қайта сатып алмайтын болса, онда олар баланстан шығарылу қажет: 
Дт 2255 «Құнды қағаздармен жүргізілетін «РЕПО» операциялары» 
     
2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар» (РЕІІО шығыстар сомасына) 
 
Кт  5510  «Бағалы  қағаздарды  сатып  алу-сату  бойынша шы-ғыстар». 
Осылайша  РЕПО  операциялары  оларды  банк  жүйесінің  өтімділігін  басқаруда  қолданумен  қортындыланатын 
макроэкономикалық мәнге ие. 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал