Ту ф 703-05-12. Пәннің оқу -әдістемелік кешені. Смж ту. Екінші басылым



жүктеу 5.01 Kb.

бет10/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

6. Қолма-қол ақшаны кіріс кассасына қабылдау жөне оны есепте бейнелеу.  
Кассир жұмыс күнінің соңында касса меңгерушісіне анықтама және кіріс құжаттарымен бірге қабылданған ақшаларды буып-
түйіп өткізеді  (4-қосымша). Кассир  нақты құндылықтар  мен  есептілік құжаттар  арасындағы  сәйкессіздікті анықтағаннан кейін  касса 
меңгерушісіне хабарлайды, ал нақты сәйкессіздік бойынша акт жасалады (5-қосымша). 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Касса меңгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс 
күні  ішінде  қабылданған  барлық  дқша  сомалары  операциялық  кассаға  кірістеліп,  сол  жұмыс  күні  ішінде  клиенттердің  сәйкес 
шоттарына есептелуі қажет. 
Қолма-қол ақшаларды кірістеген кезде келесі шоттар корреспон-денциясы жасалады: 

Клиент  заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу:  
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 

Депозиторлардан   ақша   қаражаттарын   салымның сәйкес шотына кірістеу: 
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
 
Кт 2211-2223 «Клиенттердің салымдары» 

Чектік   кітапшалардьщ   құнын   қолма-қол   ақшамен төлеу кезінде: 
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»  
Кт 4920 «Өзге кірістер» 

Қолма-қол  ақша түрінде касса арқылы  банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде: 
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»  
Кт 4600 «Комиссиялық кірістер» 
Клиенттердің  банктік  шотынан  қолма-қол  ақша  беру  ақшалай  чектер  (6-қосымша)  және  шығыс  кассалық  ордерлермен  (7-
қосымша) жүзеге асырылады. 
Ақшалай  чектік  кітаптар  қатаң  есептеме  бланкісіне  жатады,  олардың  есебі  7339  «Әр  түрлі  құндылықтар  және  құжаттар» 
баланстан тыс шотында жүргізіледі. Сондықтанда оларды беру қатаң бекітілген түрде клиент өтініші бойынша жүзеге асырылады. 
Сол уақытта 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттар бойынша баланстан тыс шығыс ордері толтырылады. 
Басқа да құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлермен рөсімделеді. 
 
7. Қолма-қол ақшаны шығыс кассасынан беру есебінің тәртібі.  
Жоғарыда  айтылғандай,  касса  меңгерушісі  шығыс  операцияларын  жүзеге  асыру  үшін  кассирлерге  қажетті  соманы  есептеп 
береді. Одан кейін касса меңгерушісі операциялық кассада ақша қалдығын тексеруі және күн басындағы есеп бойынша операциялық 
кассадағы қолма-қол ақшалар мен басқа да құндылықтардың есебі кітапшасындағы мәліметтермен сәйкестігіне көз жеткізуі қажет (8-
қосымша). 
Клиент  қолма-қол  ақша  алу  үшін  толтырылған  кассалық  құжаттарды  өзіне  қызмет  көрсетуші  бухгалтерия  қызметкеріне 
ұсынады,  ол  сәйкес  тексеру  және  рәсімдеу  жүргізгеннен  кейін  шығыс  бойынша  кассалық  журналда  чек  сомасын  немесе  шығыс 
кассалық ордерді (9-қосымша) жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Және клиентке ақшалай чектен бақылау 
маркасын  береді,  ал  чектің  өзін  бухгалтерия  қызметкерлері  кассирге  еткізеді.  Шығыс  құжаттарын  алғаннан  кейін,  бухгалтер-
бақылаушы келесілерді жүргізуге міндетті: 

банктің ақшалай құжаттарына қол қоюға өкілеттілігі бар жауапты тұлғалардың қолын растап, тексеру; 

санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген сомамен салыстыру; 

клиенттің лауазымды тұлғаларының қолын және олардың растығын тексереді. 
Кейін шығыс кассалық құжаттар кассирге өткізіледі, ол келесілерді тексереді: 

қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің жеке куәлігін тексереді; 

берілетін қолма-қол ақша сомасын салыстырады; 

кассаға  ұсынылатын  бақылау  маркасының  нөмірін  ақшалай  чектегі  нөмірмен  салыстырып,  оған  бақылау  маркасын 
жабыстырады. 

клиент көзінше берілетін, дайын ақша сомасын қайта есептеп береді және шығыс құжатына қолын қояды. 
Клиент қолма-қол ақша қаражатын касса бақылаушысының қатысуымен қайта есептеуге құқылы. Қайта есептеу нәтижесінде 
қолма-қол  ақша  жетіспеушілігі  немесе  артықшылығы  байқалған  кезде,  қажет  болған  жағдайда  акт  жасалады.  Жетіспеген  соманы 
жетіспеушілікке жол берген касса қызметкері клиентке қайтарады. 
Жұмыс күнінің соңында кассир есепке қабылданған қолма-қол ақша сомасын шығыс құжаттар  сомасы және  қолма-қол ақша 
қалдықтарымен салыстырады, содан кейін бір күн ішіндегі кассалық айналым (10-қосымша) және құндылықтардың қалдығы туралы 
есешілік  анықтамасын  құрайды,  қолын  қояды  және  кассалық  айналымды  бухгалтер-бақылаушының  кассалық  журналындағы 
жазбалармен салыстырады. Салыстырьш тексеру касса журналында кассирдің және кассир анықтамасында бухгалтер-бақылаушылар 
қолдарымен рәсімделеді. Сәйкессіздік анықталған жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне хабарлап, түсінікхат жазып, нақты 
сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол күні кем шыққан ақша сомасын кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда 
кассир жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп міңдеттеме  толтыруы қажет. Егер шығыс операцияларын касса меңгерушісі 
орындаса,  онда  бір  күн  ішіндегі  кассалық  айналым  және  құндылықтардың  қалдығы  туралы  есешілік  анықтамасы  жасалмайды,  ал 
шығыс бойынша барлық айналымдар бір күн ішіндегі кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі. 
Кассир  қолма-қол  ақша  мен  бір  күн  ішіндегі  шығыс  кассалық  құжаттар  қалдығын  есептілік  анықтамасымен  бірге  касса 
меңгерушісіне  қабылданған  және  өткізілген  ақша  есебінің  кітабына  қол  қою  арқылы  өткізеді.  Меңгеруші  тексеріп,  есептілік 
анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді. 
Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жұмсау үшін келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады: 

Клиент  заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру:  
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша». 

Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде: 
 
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»  
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша». 

Несиені қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде: 
Дт 1411, 1417 «Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген қарыздар» 
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша». 
Кассир кассалық айналымды операциялық қызметкерлердің кассалық журналымен салыстырғаннан кейін касса меңгерушісіне 
қолда бар ақша қалдықтарын анықтама және кассалық құжаттармен бірге белгіленген тәртіпте өткізеді. Касса меңгерушісі кассирден 
ақшаны,  есептілік  анықтамасы  мен  кұжаттарды  қабылдағаннан  кейін  операциялық  қызметкерлердің  кассир  анықтамаларында 
көрсетілген  кассалық  айналым  сомаларының  расталғандығын  және  ақша  қалдықтары  анықтамасының  дұрыс  шығарылғандығын 
тексереді.  Содан  кейін  операциялық  касса  кассирлерінің  есептілік  анықтамасының  мәліметтері  мен  қайта  есептеу  кассасының 
қабылдаған ақша сомасы туралы журналдағы жазбалары бойынша, 
сондай-ақ  олардың  өзі  қабылдап  өткізетін  ақша  құжаттары  бойынша  жиынтық  анықтаманы  жасайды  және  олардың  нәтижелерін 
бухгалтерлік  есеп  мәліметтерімен  салыстырады.  Салыстырып  тексеру  бір  күндік  кассалық  құжаттарда  сақталатын  анықтамада 
бухгалтерия қызметкерінің қолымен рәсімделеді. Қойма меңгерушісі бір күн ішіндегі кассалық айналымды салыстырғаннан кейін ақша 
кірісі  мен  шығысының  жалпы  сомасын  кітапқа  енгізіп,  келесі  күні  касса  қалдығын  шығарады.  Кассадағы  ақша  қалдығы  мен 
бухгалтерия  мәліметтері  арасында  алшақтық  кезінде  алшақтық  себебін  анықтауға  шара  қолдану  үшін  құндылықтардың  сақталуына 
жауапты міндетті тұлғаларға хабарлау қажет. Егер олар расталса, онда акт толтырылады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Касса меңгерушісі касса ақпарынан кейін шығыс және кіріс бойынша бөлек кассалық құжаттарды қалыптастырады. Баланстан 
тыс құжаттар алдымен кіріс, кейін шығыс болып баланстан тыс шоттар нөмірі бойынша теріледі. Әр күн бойынша кассалық құжаттар 
келесі күннен кешіктірілмей бөлек папкаларда жинақталып, бас бухгалтерге қол қоюға ұсынылуы қажет. Жинақталған құжаттардың 
сомалық  мәліметтері  есептеуіш  машиналарда  есептелінеді.  Валютадағы  сома  Қазақстан  Республикасындағы  Ұлттық  банк  бағамы 
бойынша  теңгедегі  шетел  валюта  сомасына  сәйкес  келуі  қажет.  Есепті  жүргізген  қызметкердің  қолы  қойылған  кіріс  және  шығыс 
кассалық және баланстан тыс ордерлер бойынша есепшілік лентасы бөлек папкада басқа құжаттардың алдында орналастырылады. 
Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар ақша қоймасында келесілерді тексеруге міндетті: 

сақталатын құндылықтардың, кітаптар мен құжаттардың қоймаға енгізілуін; 

айналым  кассасы  мен  басқа  да  құндылықтардың  нақтылығы  бухгалтерлік  есеп  мәліметтері  мен  «құндылықтар  есебі» 
кітабында көрсетілген қалдықтармен сәйкес келуін. 
 
8. Инкассацияланған ақша түсім есебі мен үйымдастырылуы. 
Банкте  жұмыс  күні  аяқталғаннан  кейін  клиенттерден ақша алу  үшін кешкі касса ашылуы мүмкін. Кешкі кассаға түскен 
қолма-қол  ақша  клиенттердің шотына келесі  операциялық  күннен  кешіктірілмей  есепке  алынады. Кешкі кассалар кәсіпорындар  мен 
ұйымдарға  жақсы  қызмет  көрсетуді  қамтамасыз  етеді,  бір күн ішінде түскен ақшалай түсімді өткізуге мүмкіндік береді, банкке 
ақшаның түсуін жеделдетеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.Сондықтан   банк  клиенттердің  шотына   ақша қаражатын 
уақытында есепке алу үшін және клиенттерге жағдай жасау үшін айналымьш  жеделдету  мақсатында  сауда  және   басқа да орындар   
мен   ұйымдардың   ақшалай   түсімін инкассалау бойынша жұмыстарды орындайды. 
Инкассалау  —  бұл  кәсіпорын,  ұйымдар  мен  мекемелердің  кассасына  қолма-қол  ақша  мен  құндылықтарды  жинау  және 
несиелік мекемелер кассасына жеткізу. Барлық банктерде инкассаторлық аппарат, сонымен қатар құндылықтарды тасымалдау үшін 
арнайы көлік құралдары болады. 
Ақшалай түсім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің келісім-шарты бойынша инкассаланады. Инкассалау шарты жасалған 
әрбір ұйымға түсім көлеміне байланысты реттік нөмірі бар сөмкелер беріледі. Келісілген уақытта банктің инкассаторлары ұйымдарды 
аралап  шығады.  Түсімі  бар  сөмкелерді  алған  кезде,  ннкассатор  суреттері  бар  жеке  куәлігін,  сенімхатты  және  осы  ұйымнан  түсім 
жинауға арналған келу карточкасын көрсетіп, бос сөмкелерді қайтарады. 
Кешкі кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау аяқталған бойда қабылданған қолма-қол ақшаны кассалық журнал мәліметтерімен 
немесе кассалық аппараттың бақылау лентасы кіріс құжаттарының сомасымен салыстырады. 
Келесі күннің ертеңінде қабылданған ақша мен құжаттар касса меңгерушісіне өткізіледі. Салыстырып тексеруден кейін барлық 
мәліметтер  сәйкес  келген  жағдайда,  құжаттарды  оларды  шотта  көрсету  үшін  бухгалтер-бақылаушыға  откізеді.  Касса  меңгерушісі 
құжатындағы мәліметтер мен нақты қабылданған сомалар сәйкес келмеген жағдайда акт толтырылып, себебін анықтайды. 
 
Осыдан келіп кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер жолдау тізім-демесі бойынша пломба салынған қалтада кешкі кассаға ақша 
өткізу  туралы  банктермен  келісім-шартқа  отыруларына  болады,  содан  кейін  банк  кәсіпорындарға,  ұйымдарға  инкассаторлық 
қалталардың  белгілі  бір  көлемін  береді  және  бекітілген  тәртіпте  белгіленген  пломб  таңбаларының  үлгісін  алады.  Әрбір  өткізілетін 
ақшалай инкассаторлық қалтаға клиент үш данада жолдау тізімдемесін   жазып   береді   (11-қосымша),  олардың біріншісі 
қалтаға  салынады,  ал  екіншісі  мен  үшіншісі  кешкі  касса  журналына  тіркеу  үшін  өткізіледі.  Операциялық  күн  аралығында 
инкассоланған түсімді қайта ессптеу кез келгеи сағатта, ал кейбір кездерде операциялық күн соңында аяқталады. Операция басында 
қайта есептеу кассасы инкассаторлық қалтаға салынған валюталық және баска да құндылықтарды көрсете отырып, жүк құжаттарын 
операциялық бөлімге береді. 
Түсімді  қайта  есептегенге  дейінгі  тізімдеме  сомасы  (12-қо-сымша)  транзиттік  шоттардып  дебет  шотына  және  бөлек 
клиенттердің кредит шотына жатқызылады: 
Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есспшоттары». Одан кейін жүк құжаттары 
қайта  есептеу  кассасына  қайтарылады,  оны  жүзеге  асырғаннан  кейін  нәтижелерді  кассалық  кіріс  журналына  жазу  үшін  кассадан 
операциялық бөлімге қалта жүкқұжаттары беріледі, сонымен қатар шоттар корреспонденциясы құрылады: 
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 
Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары». 
Инкассалаумен байланысты банк шығындарын төлеу кезінде: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы ееепшоттары» 
Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер». 
Клиентердің инкассаланған қолма-қол сомалары жетіспеген кезде: 
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 
Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары». 
Артық сома анықталған кезде: 
Дт 1870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» 
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары». 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Валюталық операциялар түрлеріне сипаттама беріңіз.  
2. 
СВОП және Опцион операциялар есебі неде?          
3. СПОТ және Форвард операцияларының есебіне сипаттама беріңіз 
4. Қолма-қол ақшаны шығыс кассасынан беру есебінің тәртібі анықтаңыз 
5. Қолма-қол ақшаны кіріс кассасына қабылдау және оны есепте бейнелеу 
6. Кіріс және шығыс операциялары бойынша құжат айналымы 
 
Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп . Алматы: Экономика, 2007 
2.
 
 
Закон  Республики  Казахстан  от  24  декабря  1996  г.  №  54-1  "О  валютном            регулировании"    с  учетом  изменений  и 
дополнений 
3.
 
 
Правила ведения кассовых операций в банках второго уровня РК  от 03.03.2001 
 
 
Банктің бағалы кағаздарымен жүргізілетін операциялар есебі  
Дәрістің мақсаты:  банктегі бағалы кағаздарымен жүргізілетін операциялар есебін қарастыру 
1.
 
Бағалы 
 
қағаздармен 
 
жүзеге 
 
асырылатын 
 
банк 
 
операцияларының 
 
негізгі 
түрлері. 
2.
 
Банк портфеліндегі бағалы қағаздар есебінің тәртібі. 
5.
 
Қайта 
қаржыландыру 
операциясы, 
мемлекеттік 
қазыналық 
міндеттемелер 
(МҚМ), МЕККАМ, МЕОКАМ операциялар есебі. 
6.
 
"Репо" операциясының есебі. 
7.
 
Бағалы қағаздармен айналысқа банкпен шығару есебін ұйымдастыру. 
8.
 
Бағалы қағаздар бойынша проценттерді есептеу тәртібі. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
 
1. 
Бағалы 
 
қағаздармен 
 
жүзеге 
 
асырылатын 
 
банк 
 
операцияларының 
 
негізгі 
түрлері. 
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның конституциясына негізделген және Қ.Р. 
Азаматтық  кодекісінен, 2-шілде  2003  жылғы  «құнды қағаздар  нарығы  туралы»  Қ.Р.  заңынан  және  басқа Қ.Р.  нормативтік құқықтық 
актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда занда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген 
болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады. 
Бағалы  қағаздар  бекітілгсн  нысанда  және  міндетті  деректемелерді  сақтай  отырып  оны  ұсынған  кезде  ғана  жүзеге  асуы 
мүмкін болатын мүліктік құқықты куәландыратын құжат. 
Бағалы  қағаздардың  экономикалық  мәнін  ашуда  құжаттың  бағалы  қағаздар  мәртебесіне  ие  болуы  үшін  қосымша  сапаларын 
анықтау қажет. 
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, 
коносаменттер  және  т.б.)  немесе  құжат  иесі  мен  оны  шығарушы  тұлға  арасындағы  корпорациялармен  мемлекет  облигациялары, 
сетификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын ақшалық кұжаттарды білдіреді. 
Екіншіден,  бағалы  қағаз  қорларды  инвестициялау  туралы  куә-ландыратын  құжат  ретінде  қызмет  етеді.  Бұл  әсіресе  бағалы 
қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты 
роль атқарады. 
Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және 
т.б.) талаптар көрсетілетін құжаттар. 
Төртіншіден,  бағалы  қағаздардың  экономикалық  мәнін  түсінудің  маңызды  сәті  —  олардың  табыс  әкелуі  болып  табылады. 
Иелері үшін олар капитал болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте 
қызмет етпейді немесе қатыспайды. 
Сонымен  қатар  бағалы  қағаздардың  өтімділік,  айналымдылық,  нарықтық  сипат,  стандарттылық,  сериялық  сияқты  сапалық 
қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды. 
Өтімділіктің  астарында  бағалы  қағаздардың  сатылуы  нәтижесінде  ақша  қаражаттарына  айналу  мүмкіндігі  жатыр.  Ол  үшін 
багалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация 
және  т.б.)  немесе  басқа  тауарлар  нарығымен  (чектер,  вексельдер,  коносаменттер,  жекешелендіру  құжаттары)  айналымды 
байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады. 
Бағалы  қағаздар  өзіне  тиесілі  ұйымдары  және  онда  жұмыс  істеу  ережелері  бар  нарығы  болатын  ерекше  тауар  ретінде  өмір 
сүреді. Алайда бағалы кағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар — бұл тек 
меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы 
олардың осы сапасымен анықталады, нарық кеп жағдайда еркін және тез қол жеткізілетін құнды қағаздарды бір тұлғадан екінші тұлғаға 
берумен сипатталады. 
Бағалы  қағаздар  нарығы  басқа  нарықтар  сияқты  техникалық  циклдардың  жоғары  деңгейдегі  толықтылығы  мен 
аяқталғандылығы болатын күрделі ұйымдық және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану 
арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді. 
Бағалы қағаздардың айналымға түсу  уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. 
Алғашқы  нарықта  жаңадан  шығарылған  бағалы  қағаздарды  олардың  алғашқы  иемденушілеріне  сатады;  екінші  нарықта  бағалы 
қағаздардың  айналысы,  яғни  олардың  иемденушілерінің  ауысуы.  Бағалы  қағаздардыц  атаулы  (атаулы  құн  -  оларды  шығару  кезінде 
анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады. 
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда 
қолданылады.  Эмиссиялық  баға  -  бағалы  қағаздарды  алғашқы  орналастыру  кезіндегі  сатылу  бағасы.  Ол  табыстылық  және  несиелік 
пайыз  деңгейімен  анықталады.  Нарықтық  баға  -  бағалы  қағаздардың  екінші  нарықта  айналу  бағасы.  Оның  көлеміне  сұраныс  пен 
ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді. 
Сонымен,  бағалы  қағаздар  шаруашылық  қызметте  қолданатын  әр  түрлі  құжаттардың  жиыны.  Сонымен  бірге  олар  өздеріне 
тиісті  жалпы  бір  белгі  онда  көрсетілген  мүліктік  құқықты  өткізу  үшін  ұсыну  қажеттілігімен  біріктіріледі.  Бағалы  қағаздарды 
иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. 
Бағалы кағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар 
жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек. 
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады. 
Бағалы қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі. 
Бағалы  кағаздар  түрлерінің  жіктелуі  —  бұл  бір  түрдегі  бағалы  қағаздарды  топтастыру;  бағалы  қағаздарды  басқа  да 
түрлерге  болу.  Өз  кезегінде  түрлерді  одан  әрі  болуге  болады.  Әрбір  төменгі  жіктеу  жоғары  тұрған  жіктеудің  кұрамына  кіреді. 
Мысалы, акция - бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз 
болуы мүмкін. 
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа болінеді. 
1- 
сынып - негізгі; 
2- 
сынып - туынды. 
Негізгі  бағалы  қағаздар  -  қандай да  болса  бір  активке  (тауар,  ақша,  капитал,  мүлік,  әр  түрлі  ресурстар  және  т.б.)  мүлік 
құқығы жататын бағалы қағаздарНегізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. 
«
Қазақстан Республикасыңдағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы кағаздар - басқа бағалы қағаздар 
арқылы  өзінің  қүнын  айырады  деп  айтылған.  Туынды  бағалы  қағаздар  —  бұл  әр  түрлі  базистік  активтермен  бейнеленген,  мүліктік 
жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар, оны сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын 
жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер 
және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға 
қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. 
Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады. 
«Қазақстан  Республикасындағы  акционерлік  қоғам  туралы»  Заң  негізінде  акционерлік  қоғам  акционерлердің  жалпы 
жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы 
туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы 
қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға 
құқығы жоқ. 
Варрант  акционерлік  қоғам  шығаратын  және  варрантта  бекітілген  баға  бойынша  бағалы  қағаздардың  белгілі  бір  көлемін 
одан  сатып  алу  үшін  ұстаушы  құқығын  куәландыратын  туынды  бағалы  қағаздар  болып  табылады.  Қоғам  акция  және  облигация 
эмиссиясымен  қатар  варрант  шығаруға  кұқы  бар.  Варранттар  бағалы  қағаздардан  оларды  шығарғаннан  кейін  бөлінеді  және  оларда 
көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы 
қағаздардың  сатылу  құны  олардың  бағасына  азайтылады.  Қоғам  варрантты  қоғамның  болашақтағы  бағалы  қағаздар  эмиссиясымен 
шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез 
келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға 
және  сатуға  артықша  құқық  беретін  опцион  жасауға  құқығы  бар.  Опционды  жасау  жағдайы  және  тәртібі  және  олардың  айналысы 
бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі. 
Туынды  бағалы  қағаздар  санатына  ең  алдымен  депозитарийлік  қолхаттар  жатады.  Депозитарийлік  колхат  —  бұл  шетел 
эмитентінің бағалы қағаздар бойынша шығарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаз. Бұл инвесторлардың 
шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын 
шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден 
босатумен  және  барлық  инвесторлар  үшін  қол  жеткізілуімен  байланысты.  Депозитарийлік  қолхаттардың  келесі  түрлерін  бөліп 
қарастыруға болады: 
•    американдық (АDR);  
•     
ғаламдық (GDR);  
•    халықаралық (IDR). 
 
АDR АҚІІІ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR  американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта 
сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте американдық 
банктер  эмитенттерге  акциялары  қор  нарығында  бағаланатын  елдерде  кастодиандық  қызмет  көрсетуді  ұсынады.  Осы  Атаулы  ие 
депозиттеу  акция  негізінде  депозитарийлік  қолхат  шығарылады.  Америка  Құрама  Штатында  осындай  депозитарийлік  қолхаттың 
біршама  ірі  депозитарийлік  эмитент-банктері  «City  Bank  New  York»,  «The  Bank  of  New  York»,  «Morgan  Bank»  болып  табылады. 
Ғаламдық депозитарийлік қолхаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен 
қатар  олар  АҚШ-тың  негізгі  қор  биржаларында,  сондай-ақ  сол  елдің  шегінде  бағаланады.  GDR-ді  шығарғанға  дейін  банктер  мен 
компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы қадамы ретінде 
IDR шығаруы керек. 
Ғаламдық  депозитарлық  қолхаттарды  шығару,  бүкіләлемдік  эмис-сияны  жақсы  бағдарлап  отырудың,  потенциалды 
акционерлердің көбеюімен, өтімділіктің жоғарлауымен ұтады. 
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:  
• акциялар 
• депозиттік сертификаттар; 
• облигациялар; 
• бағалы қағаздардың басқа түрлері. 
Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне 
осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз. 
Акциямен келесідей кұқықтар байланысты: 

белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидентке құқық); 

акционердің жалпы жиналысына қатысу; 

акционердің жалпы жиналысында дауыс беру қүқығы; 

капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқыгы. 
Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда 
аталған  құқықтарды  банктің  заңы  мен  жарғысына  сәйкес  ұсынады.  Артықшылығы  бар  акцияны  ұстаушылардың  жай  акцияны 
ұстаушыға қарағанда біршама артықшылыгы бар. 
Акцияның  түрін  ажыратудың  тағы  бір  критерийі  өткізу  тәсілі  болып  табылады.  Ұсынушы  және  атаулы  акциялары  бөліп 
карастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар 
екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі. 
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған. 
Банктік  сертификаттар  -  ақша  қаражаттарын  салу  туралы  салымшыға  онда  белгіленген  салым  мерзімі  аяқталғаннан 
кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және 
жинақтық.  Депозиттік  сертификат  заңды  тұлғаларға,  ал  жинақтық  -жеке  тұлғаларға  беріледі.  Депозиттік  сертификаттар,  депозиттік 
сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі 
пайыз  көлемі  белгіленген  мерзімді  болып  беруге  болады.  Депозиттік  сертификаттардың  экономикалық  мәні  нарықтық  құрал  және 
несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында. 
Депозиттік  сертификат  бойынша  пайыз  түріндегі  алынған  табыстар  белгіленген  тәртіпте  осы  табыс  көзіне  салық  салынады. 
Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе 
көрсетілген  қызмет  үшін  есеп  айырысу  немесе  төлем  құралы  бола  алмайды.  Ол  кепіл  заты,  сатып  алу-сату  объектісі  бола  алады. 
Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және қолма-қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге 
асырады.  Депозитті  талап  ету  мерзімі  келгенде  банк  серти-фикатты  иемденушінің  алғашқы  талабы  бойынша  сертификатты  ұсыну 
кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады: 
• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы; 
• салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар; 
• қолма-қол ақша. 
1996  жылы  19  қыркүйектегі  «ҚР  депозиттік  (банктік)  сертифи-каттардың  шығарылуы  мен  айналымының»  жалпы  Ережесіне 
сәйкес сертификаттар тек мерзімді болуы мүмкін. Төленуге ұсынылған сертификаттар уақытында өтелмеген болса, банк депозиторға 
айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі эмитент-банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы, айналуы 
мен  өтелуі  Шартында  көрсетілуі  қажет.  Сертификат  эмитент-банктің  орналасқан  жерінен  басқа  да  жерлердегі  банк  атынан 
операцияларды жүзеге асыра алатын кез келген бөлімшесінде өтелуі мүмкін. Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра 
алады: 
• сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін жиі
• сертификатты өтеу күнінде. 
Банктік сертификаттык міндетті деректемелері келесілер болып табылады: 

«депозиттік сертификат» атауы; 

депозитті енгізу күні; 

сертификатты өтеу күні; 

депозит сомасы; 

эмитент-банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды қайтару туралы міндеттемесі; 

депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме; 

тиесілі пайыз сомасы, эмитент-банктің атауы және орналасқан жері

депозитордың аты-жөні, орналасқан жері; 

эмитент-банктің    сертификаты    уақытында    өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы; 

банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің екі уәкілетті тұлға-ларының қолдары. 
Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп 
танытады.  Сертификаттар  бланкісі  қатаң  есептілік  бланкі  болып  табылады  және  банктегі  бухгалтерлік  есептің  шоттар  Жоспарына 
сәйкес  баланстан  тыс  шотта  есептеледі.  Депозиттік  сертификаттар  бланкісі  ақша  қоймаларында  немесе  өртенбейтін  шкафтарда 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
сақталады.  Шығару  жағдайында  сертификаттарды  тиімді  орналастыруды  қамтамасыз  ету  үшін,  сертификаттардың  айналымы  мен 
өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін: 

жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі; 

шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал); 

номиналды төлеу және пайыздарды есеитеу кепілі. 
 
Қазақстан Республикасыньщ Азаматтық кодексіне сәйкес облигация 

бұл  облигацияның  немесе  басқа  да  мүліктік  баламаның  онда  көрсетілген  атаулы  құнын  оны  шығарушы  тұлғадан  оны 
ұстаушының иемденуге қүқын растайтын бағалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды 
немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге ие: 

бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі
-
акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз); 

пайыздарды  төлеу  кезінде  акция  (дивиденд  төлеумен  салыс-тырғанда)  және  басқа  да  міндеттемелерді  қанағаттандыру 
(қоғамды жою кезінде) алдында жоғары; 

эмитентті басқаруды қатысуға құқық бермейді.  
Облигацияларды шығару тәртібі: 

Эмитент  қосымша  қорларды  тарту  үшін  жарғылық  капитал  көлемінен  аспайтын  облигация  шығаруға  құқығы  бар.  Бірақ, 
жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге 
асады; 

Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек; 

Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, 
эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер қамтамасыз 
ету қызметін атқармайды); 

Олигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін; 

Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді; 

Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс. 
Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон - бұл онда купондық мөлшерлеменің 
цифрлары  көрсетілген  қиынды  талон.  Облигацияның  нарықтық  және  атаулы  құны  болады.  Облигацияньщ  атаулы  құны  облигация 
бетінде  белгіленіп  және  карызға  беріліп,  облигациялық  қарыз  мезгілі  аяқталғаи  бойдан  кайтарылуға  тиіс  сома  көрсетіледі.  Атаулы 
құнға карағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен сатылған деп аталады. Егер оны жоғары бағамен сататын болса, 
сатушы  сыйақы  алады.  Эмиссиялау  және  өтеуге  дейінгі  аралықта  облигациялар  нарықта  белгіленген  баға  бойынша  сатылады  және 
сатып алынады.  Оныц  номиналына  байланысты  пайызбен  көрсетілген  нарықтық  бағасы  облигацияның  курсы  деп аталады.  Бағалы 
қағаздардың тұрақты пайыздык табысы келесі формула аркылы табылады: 
 
100
*
курс
эмиссиялык
айыз
Номиналдып
Табыс =
                                                   (12) 
Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу жолымен беріледі. 
Облигацияны  айналысқа  шығару  бағалы  қағаздар  нарығы  туралы  заңдылықта  белгіленген  тәртіп  бойынша  мемлекеттік 
тіркеуден  өтуі  тиіс.  Облигацияны  мемлекет,  акционерлік  қоғамдар  және  жеке  компаниялар  бір  жылдан  кем  емес  уақытқа  шығара 
алады. Қоғам, мезгіл сайын облигацияның атаулы кұнынан пайыз түрінде табыс төленетін, купонды облигациялар және өтеу кезінде 
сатып  алу  құнымен  номиналды  кұнының  арасындағы  айырмасы  ретінде  өтеуден  түскен  табыс  төленетін  дисконтты  облигация 
шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар: 

белгілі бір мүлік кепілімен қамтылған; 

үшінші жақтың кепілдігімен камтылған; 

зацды тәртіпте камтамасыз етілмеген.  
Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар: 

мемлекеттік; 

муниципалды; 

корпорациялық: 

шетелдік. 
Номиналды өтеу әдісі бойынша: 

бір жолғы төлем; 

уақыт бойынша бөлу; 

жалпы облигация колемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу. 
Төлеу түріне байланысты: 

тек пайыздар; 

нөлдік купон; 

атаулы құн және жиынтық табыс. 

атаулы құн; 

кезендік тіркелген табыс және атаулы құн;  
Купонды телеу әдісі бойынша: 

тұрақты купондық молшерлеме; 

қалқымалы купондық мөлшерлеме; 

біркелкі өсетін купондық мелшерлеме (индекстелетін); 

ең төмен немесе нөлдік купон; 

таңдап төлеу; 

аралас түрде. 
Банктер облигацияларды және бағалы қағаздардың басқа да түрлерін эмиссиялау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық 
банкісінде  бағалы  қағаздардың  эмиссия  анықтамалығының  сараптамасынан  өтулері  қажет.  Сараптаудан  өту  процедурасы  19.1. 
тарауында «Банктің меншікті капиталы және оның қызметі» жан-жақты айтылған. 
Бағалы қағаздарды шығару екі жақ үшін де тиімді, біріншіден, банк бағалы қағаздарды онда көрсетілген мерзімде өтейді, ол 
банк  үшін  ақша  қаражаттарын  өзінің  жобаларына  салуға  мүмкіндік  береді.  Сатып  алушы-клиент  үшін  тиімділік  бағалы  қағаздарды 
қажет уақытында есептелген пайызды жоғалтпай сатуында. 
Коммерциялық  банктердің  бағалы  қағаздармен  жасалатын  опе-рациялар  көлемінін  ішінде  негізгі  үлесті  мемлекеттік  бағалы 
қағаздардың түрлері алып отыр. Мемлекеттік бағалы кағаздар - бұл эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз 
нысаны, қарыздық бағалы қағаздар. 
Коммерциялық  банктердің  мемлекеттік  бағалы  кағаздармен  жүргізілетін  операцияның  ішінде  ең  көп  қолданылатын  түрі 
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу-сату операциялары болыи табылады. 

ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым. 
 
Банктер «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде өздері тартқан ақша қаражаттарын бағалы 
қағаздарға инвестицияланған заңды тұлға — инвестициялық инвестор болып табылады. Банктер делдалдық операцияларды Қазақстан 
Республикасының бағалы қағаздары бойынша Ұлттық комиссиядан рұқсат қағаз алған кезде «Банктер және банктік қызмет туралы» заң 
күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және Ұлттық банк келісімі бойынша жүзеге асырады. 
Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында заңды рұқсат етілген келесідей қызмет түрлерін атқарады: 

брокерлік және делдалдық қызмет; 

инвестициялар мен қорларды басқару; 

бағалы қағаздар  нарығына қатысушыларға есеп айырысу  
  
қызметін көрсету; 

кастодиондық қызмет; 

тізілімді жүргізу және депозитарийлік қызмет көрсету; 

кеңес берушілік қызмет және т.б. 
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес брокерлік қызмет сыйақы келісімшарты негізінде клиент қызығушылығының 
тапсырысы бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді жүргізеді. 
Делдалдық қызмет өз атынан бағалы қағаздармен және өз есебіне пайда табу мақсатында мәміле жүргізу тұжырымын жасайды. 
Кастодиондық  қызмет  -  клиенттердің  сенімді  бағалы  қағаздары  мен  ақша  қаражаттарын  сақтау  және  есепке  алу  бойынша 
қызметтерді жүргізу. 
Қаржылық активтерге капиталды қаржыландырумен байланысты сұрақтар бойынша көрсетілетін консультациялық қызметтер 
коммер-циялық  банктердің  бағалы  қағаздар  нарығындағы  жаңа  қызмет  түрі  болып  орын  алды.  Көрсетілетін  консультациялық 
қызметтер  табыстар  мен  әр  түрлі  активтер  тәуекелділігінің  арасындағы  сәйкестікті  терең  талдауға,  сатып  алу  және  бағалы  қағаздар 
портфелін  олардың  табыс  серпіні  есебімен  қалыптастырудың  алгоритмін  клиенттер  үшін  кұруға  мүмкіндік  беретін  банктердің  ішкі 
ақпараттық жүйесіне сүйенеді. 
Одан басқа банк делдалдық операцияларды жүргізе, алады. Банк комиссиялық кезеңде оның клиенті, мысалы, қандай да болса 
бір акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаздарды алғашқы орналастыруға қатысады. Банктің қатысуы екі жақтың құқықтары мен 
міндеттемелері берілетін эмиссиялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. 
Банк  тек  бағалы  қағаздар  эмитентімен  ғана  емес,  сонымен  бірге  оларды  сатып  алушы  немесе  сатушымен  әріптестік  қарым-
қатынаста 
болады. Бұл кезде екі жақ келісімшарт жасасады. Онда банк тапсырыс берушінің келесі қызмет түрлерін орындауға міндеттенеді: 

сатуға ұсынылатын бағалы қағаздарға өтініш бойынша  
  
бағалау жүргізу; 

оның атына және оның есебіне бағалы қағаздарды сатып алу; 

бағалы қағаздарды орналастыру; 

бағалы қағаздар нарығындағы мәміле, бағам туралы хабарлау

бағалы қағаздар нарығында бірлестік әрекеттерін жүргізу; 

бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен байланысты кез келген сұрақтар бойынша кеңес беру. 
Сонымен  қатар  коммерциялық  банктер  қарыз  алушыдан  бағалы  қағаздарды  берілген  қысқа  мерзімді  несие  бойынша  кепіл 
ретінде  қабылдауы  мүмкін.  Кепілзат  құны  атаулы  құн  бойынша  емес  нарықтық  бағам  бойынша  бағаланады.  Бұл  кепілзаттың 
қарастырылатын түрінің айрықшалығымен түсіндіріледі: осы бағалы қағаздардың нарықтық бағамы түскен кезде бірден кұнсыздануы 
мүмкін.  Кепілзаттың  өзіндік  ерекшелігі  қарыз  алушының  жауапкершілігі  кепілзат  құнымен  жойылмай,  оның  барлық  мүлкіне 
таратылатындығымен тұжырымдалады. Тек осындай тәсілдеме кепілзат қабылдай отырып, несие беру кезінде банктің коммерциялық 
қызығушылығын қорғайды.  
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал