Құттықтаймыз! Құрметті көлік саласының



жүктеу 382.02 Kb.

бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі382.02 Kb.
  1   2   3   4

Құттықтаймыз!

Құрметті көлік

саласының

қызметкерлері 

Қарқаралы ауданының

әкімдігі және аудандық

мәслихат сіздерді кәсіби

мерекелеріңіз автокөлік және

көлік  қозғалысы саласының

қызметкерлері күнімен

құттықтайды! 

Еліміздің дамуына, қоғам

өмірінің алға басуына атсалы-

сып келе жатқан көптеген сала

мамандарымен қатар, Сіздер

де өздеріңіздің өлшеусіз

үлестеріңізді қосып келесіз-

дер. 

Ел мен елдің бір-бірімен



саяси-экономикалық қарым-

қатынасы артқан сайын, көлік-

жол қозғалысы саласына да

айтарлықтай кәсіби жауапкер-

шілік жүктелуде. Заман

дамыған сайын, ара-

қатынасты жеделдетіп,

оңтайландыру, мобильдендіру

жұмыстары жолға қойылған.

Мемлекеттің сыртқы байланы-

сын айтпағанда, ел ішіндегі

тарам-тарам жолдарда

мыңдаған көлік жүргізушілері

өз міндеттерін бір тоқтаусыз

атқарып келеді.  

Қиылысы мен бұралаңы көп

тоғыз жолдың торабында

жүріп, сан қилы қиындық пен

бөгеттерге төзімділік пен күш –

қайрат танытып, еңбек етіп

келе жатқандарыңыз қашанда

еленер еңбектің үлгісі деп бі-

леміз. 

Қала мен қаланы, ауыл мен



ауылды жалғап жатқан жол-

дарда тынымсыз жүйткитін

Сіздердің еңбектеріңіздің

нәтижесінде еліміздің дамып-

өркендеу, әлеуметтік әлеуетті

арттыру мақсаты қарыштап

келеді. Қоғам өміріне елеулі

үлес қосып отырған ерен

еңбектеріңіз құрметпен

қарауға әбден лайықты деп бі-

леміз. Сондықтан ел үшін

жасаған еңбектеріңіз әрдайым

табысты, абыройлы болсын

дейміз. Отбастарыңызға

амандық, дендеріңізге саулық,

жанұяларыңызға бақыт тілей-

міз. Алыс-жақын жолдарда

әрдайым жолдарыңыз болып,

діттеген жерлеріңізге әр

уақытта аман-есен

жетулеріңізге тілектеспіз. 

Х. Мақсұтов,

аудан әкімі.

С.Нүркенов,

аудандық 

мәслихат хатшысы.

Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

Аудандық қоғамдық-саяси газет

№61-62

(11392)

Сенбі

1 тамыз

2015  жыл

Қоянды  ауылында  бірнеше  жылдан  бері  тамаша

дәстүр қалыптасқан. Онда ауылдың қамқоршы азамат-

тары бастап, халық қолдап, игілікті істер атқарылуда.

Және  де  сол  жұмыстар  жаз  маусымымен  тұспа-тұс

келіп, игілікті істердің тартуы ауыл күні болып аталып,

мерекеленіп жүр. 

Мәселен,  былтыр  ауыл  азаматы,  кәсіпкер  Нұрлан

Айтмұхамедұлының демеушілігімен спорттық алаң мен

балалар ойын алаңы салынып, ел игілігіне берілген бо-

латын.  Биыл  да  сол  шараның  жалғасы  ретінде

кәсіпкерлердің демеушілігімен ауыл тұрғындары бірле-

сіп, алма бағын жасаған. Бұл айшықты шараны еліміз-

дегі  атаулы  мереке  –  Қазақ  хандығының  550

жылдығына арнаған екен.

130 түп жаңа өскіндер  қоршалған алаңқайға жағалай

отырғызылып, ортасында каскад су бұрқағы орнаты-

лыпты. 


Алма бағы мен су бұрқақтың  ашылуына әрі ауыл күні

мерекесіне аудан әкімінің орынбасары Самат Әкімов

арнайы 

барып, 


ауылдықтарды 

осы 


күнгі

қуаныштарымен 

құттықтады. 

Құттықтаушылар

қатарында сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы

Сләмиден  Нүркенов  ізгі  тілегін  білдіріп,  аудан  әкімі

Халел Мақсұтовтың  құттықтау хатын табыстады. Ке-

лесі кезекте осы ауылдың тумасы, Осакаров

ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Ламбеков

пен Нұрлан Айтмұхамедұлы  жүрек-жарды ті-

легін жеткізді. 

Қоянды  ауылдық  округінің  әкімі  Ерлан

Кәріпбаев  болса,  ауылда  атқарылып  жатқан

жұмыстарды баяндап өтті. Әр саладағы жеткен

жетістіктерге  тоқталып  өткен  Е.Кәріпбаев

ауылда шағын кәсіпкерлікті дамытуда біршама

жұмыстар  атқарылғанын  айтты.  Сонымен

қатар, ауылдың жанашыр азаматы бас демеуші

Нұрлан  Айтмұхамедұлы  мен  шаруа  қожалық

басшыларына, басқа да кәсіпкер азаматтарға,

құрылыс  кезінде  көмек  көрсеткен  ауыл

тұрғындарына, сондай-ақ ауыл игілігіне киіз үй алуға

қаржылай  көмек  көрсеткен  «Жайма»  шаруа

қожалығының  басшысы  Батыр  Қабиболлаұлына

алғысын білдірді. 

Осыдан кейін алма бағы мен су бұрқақтың ашылу

рәсімі өтіп, ауыл қариялары шашу шашып, жас ұрпақ

шаттанып, мерекелік рәсімдер жалғаса берді. Ауыл

өнерпаздары ән мен күй төгілтіп, балуандар белдесуі

өтіп, футболдан жарыс өтті. Күні бойына созылған

мерекелік  шаралардың  түйіні  ат  жарыспен

тәмәмдалып,  мерекелік  сайыстарда  үздік  шыққан

жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлықтармен мара-

патталды. 

Ауылды осындай ортақ игі шараға жұмылдырған ай-

тулы  мерекелер  қашанда  көңіл  қуантады.  Қоянды

ауылында мұндай шаралар енді дәстүрге айналып,

«ауыл  күні»  ретінде  аталмақшы.  Осындай  шараға

ұйытқы болар бастамашы азаматтар мен қолдайтын

халық болса, әрине, мұндай игі істер жалғаса бермек. 

Ауыл орталығында осындай демалыс орындарының

бой көтеруі де келешектің қамы. Себебі мұндай игі-

лікті көріп өскен ұрпақ ауылға деген қамқорлықты ерте

жастан сезініп өсері хақ. Демек, мұның тәрбиелік мәні

де зор. 

Аталған  шараның  демеушісін  атадық.  Сондай-ақ,

алаңда еңбек еткен бірқатар азаматтарды да атай кет-

кен  жөн.  Олар  -  Төлеубек  Әбдікәрімов,  Мейрам

Әлжанов, Қонысбек Қалиев, Серік Еділбаев және тағы

да басқа азаматтар.  



Өз тілшімізден.

Жағымды жаңалық

Алма бағы ашылды

Бесінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының кезектен тыс

отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы сессия төрайымының 

Ш Е Ш І М І 

Қарқаралы қаласы  30 шілде 2015 жыл

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс отыз тоғызыншы

сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасындағы “Жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы” Заңының 10-

бабының 2-тармағы негізінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2015 жылдың 6 та-

мызында сағат: 11.00-де аудандық мәслихаттың  Мәжіліс залында (Т.Әубәкіров, 23) шақырылсын.



Б.Абдуллина,___сессия_төрайымы.__***__Хабарлама'>Б.Абдуллина,

сессия төрайымы.

***

Хабарлама

2015 жылдың 6 тамызында өтетін аудандық мәслихаттың кезектен  тыс отыз тоғызыншы сессиясының қарауына

келесі мәселелер ұсынылады:

1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсанындағы “2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет ту-

ралы” №34/289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Басқа да мәселелер.



Б.Абдуллина,

аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

2

1 тамыз 2015 жыл

Матақ батыр зираты

ЖаңғыртылДы

Өткенге құрметпен қарап, ата-бабалар рухын ардақтау –

бойымызға сіңген игі қасиет. Өткен аптада Матақ батырдың

ұрпақтары ұлағаттылық танытып, батыр бабаларының зи-

ратына барып, дұға-дәм берді. Батырдың өмірінен сыр шер-

тіп,  пәтуалы  әңгіме  өрбітті.  Ел  үшін  туған  ердің  есімін

ұмытпай, ерлік істерін әрі қарай дәріптеу, кейінгі ұрпаққа на-

сихаттау туралы ой қозғады. 

Матақ  батыр  Тоғалақұлының  есімі  баршамызға  етене

таныс.  Жаугершілік  заманда  ақ  білектің  күшімен,  ақ

найзаның ұшымен ел мен жерге қорған болған батыр баба-

мыз.  Айбынды  бабамыз  жайлы  ел  тәуелсіздік  алғаннан

кейін барып, аз-маз мағлұмат ести бастадық. Сол аз-кем

ақпаратты аудандық

газет бетінде жарық

к ө р г е н

мақалалардан  көре

аламыз.  Ұлы  Отан

соғысының ардагері,

қадірлі ақсақалымыз

болған 

Ахметбек


Әрінов 

пен


өлкетанушы Сембір

Дәулетбаев көзі тірі

кездерінде  батыр

жайлы  жинаған  ма-

териалдарын 

га-


зетте 

жариялап,

хатқа  түсіріп  кеткен

болатын. 

Сол  деректерге

қарағанда, 

Матақ

батыр  жас  кезінен



қ а з а қ - қ а л м а қ

жорықтарына қатысып,

жауды тойтаруда жан-

кештілік 

танытқан.

Алғаш  ұрысқа  17  жа-

сында 

Бөгенбай


батырдың қол астында

кіреді. 19 жасында мың

басы атанған екен. Өз

қонысы  қазіргі  Томар

ауылының  жері,  жаз

жайлауы қазірдегі Угар

ауылдық округіндегі Матақ өзенінің бойында екен. Шамамен 1839 жылы 89 жасында дүниеден өткен

батыр жаз жайлауында жерленген. Зираты да сонда. 

Міне, батырдың зираты биыл «Мәдени мұра» бағдарламасымен жөнделіп, қайта жаңғыртылды.

Жылдар мүжіп, уақыт тоздырған зираттың қабырғалары тегістеліп, сыланыпты. Маңайына қоршау

қойылып, «мемлекет қарауына алынған» деген жазу ілінді. 

Осыған орай батырдың ұрпақтары жиылып, ұрпақтық парыз, сауапты амалдарын орындады. Алыс-

жақыннан жиылған үлкен мен кіші батыр зиратына тәу етті. Айта кетсек, Матақ батырдың жетінші

ұрпағы, бокстан әлем кубогінің иегері, жерлесіміз Аркадий (Тайлан) Топаев та болды.

Алдымен жиылған жұртшылық алдында осы шараға мұрындық болған батырдың алтыншы ұрпағы

Болат Мұздыбаев сөз алып, батырдың қолда бар өмір деректеріне тоқталып өтті. Одан кейін Ме-

йірхайыр ақсақал ой қозғап, батырдың есімін дәріптей түсу бойынша өз ұсынысын жеткізді. Атап

айтқанда, Қарқаралы қаласының бір көшесіне Матақ батырдың есімі берілсе, ескерткіш тақта орна-

тылса, бұл да игілікті іс екенін, батыр рухына көрсеткен құрметіміз, ұрпаққа үлгі болар өнегелі шара

екенін айтты. 

Келесі  кезекте  облыстық  мәдениет  басқармасына  қарасты  тарихи  ескерткіштерді  қорғау

орталығының  маманы  Жанболат  Мәжитов  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  облыста

атқарылып жатқан жұмыстарды атап, оның ішінде  жөнделген зират алдағы уақытта да мемлекет

қорғауында болатынын жеткізді. Және де жиылған қауымға Матақ батыр жайлы ақпараты бар тарихи

кітаптарды сыйға тартты. Батырдың ұрпақтары да осындай игілікті іс жасаған орталыққа естелік

сыйлықтарын ұсынды. 

Келесі кезекте Мейірхан Қасымжанұлы, Угар ауылдық округінің әкімі Саян Омарбеков, Бақты

ауылының бұрынғы әкімі Аманжол Әбділдин тағлымды сөз айтып, ізгі лебіздерін білдіріп жатты.

Соңында Зарықбай ақсақал құран оқып, дұға арнады. Сондай-ақ, бұл шараға Қарқаралы қаласының

тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Сәтбек Сланбеков қатысты.  



а.Сәулебайұлы.

Шаруалар назарына!

қОй

шаруашылығының

бОлашағы бар

Қазақ ежелден мал баққан халық. Оның ішінде қой өсіру – ежел-

ден бар кәсіп. Және қалай бағу, өсіру керектігін жақсы меңгерген

халық. Әрине, бір жарым ғасыр бұрынғы қазақ пен қазіргі қазақты

теңдестіру қиын. Аумалы-төкпелі талай заман өтті. Қоғамдық өмір

қатты өзгерген. Мал шаруашылығына да өзгерістер көп енді. Екінің

бірі мал баға бермейді қазір.

Бүгінде шаруа қожалықтарына кәсібін өркендету үшін көптеген

мүмкіндік  бар.  Таңдау  мен  талғам  көп.  Әйтсе  де  кейінгі  кезде,

әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар көбіне ірі

қара  малдарын  асырауға  ден  қойған.  Соның  әсерінен  бе,

статистикалық мәліметтерге қарағанда, қой басы ауданда азайып

барады. Яғни, ірі қара өсіруге кіріскен шаруалар, қолдағы қойларын

азайта бастаған. Бұл дабыл қағатындай қауіп болмаса да, осылай

жалғаса  берсе,  қой  шаруашылығы  ақсап  қалуы  мүмкін.  Қой

басының азаюының негізгі себебі – қоғамда ірі қара малдың етте-

ріне сұраныстың өсіп, қой етіне қажеттіліктің азаюы болуы мүмкін.  

Осыған  байланысты  қойға  немқұрайлы  қарай  бастаған

шаруаларға болашақта қой малына сұраныстың өсетінін айтқымыз

келеді.  Бұған  келтірер  дәйегіміз  –  келешекте  Шығыс  Қазақстан

облысы, Аягөз қаласында қой етін өндіретін ет комбинатының ашы-

латыны. Бұл жұмыспен «Евразия агрохолдинг» ЖШС-і айналыспақ.

Серіктестік ашатын ет комбинаты тәулігіне 1400 бас қойды сойысқа

жіберетін болады. Онда итальяндық технология қолданылмақ. Бұл

комбинат өте қуатты әрі қойға сұраныс арттыратын орталық бо-

лады деген сөз. Сонымен қатар, австралиялық компаниямен бір-

лесе отырып, 50 мыңға арналған бордақылау алаңы салынбақ.

Жалпы бұл жоба ҚР Үкіметінің елдегі 10 серпінді жобаның қатарына

еніп отыр. 

Міне, осыған қарағанда, қой шаруашылығына қол сілтеу әлі ерте.

Себебі, болашақта аталмыш серіктестік ісін бастап кетсе, қойға

деген сұраныс күрт өсетін болады. Біздің ауданда еті жоғары са-

палы қой шаруашылығын жасауға мүмкіндік зор. Жайылым да, жер

де  жетеді.  Тек  құлшыныс  қойып,  шұғылданатын  адам  болса

болғаны. Әрине, ауызбен айту оңай, бұған ыждаһатты еңбек керек.

Десе де, сол еңбектің өтеуі де бар емес пе. Бір ғана Нұра ауданы

Изенді ауылындағы қазақтың құйрықты жүнді қойын өсірумен ай-

налысатын  шаруа қожалығының өркендеп дамып, бір өзін ғана

емес, бүтіндей бір ауылды дамытып, ілгері бастырып отырғанын

мысалға алуға болады. 

Осыларды ескере келе, аталмыш серіктестіктің пәрменді ісі жүріп

кетсе, Орталық Қазақстан аймағындағы шаруалардың қойларына

сұраныс арта түспек. Сондықтан кәсібімді қайтсем өркендетем дей-

тіндер болса, қой малын өсіруді қазірден бастап қолға алуға кеңес

береміз.

аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.    

Кәсіпкерлік

Іргелі істі қолға алды

Бүгінде ел экономикасын өркендетуде орта

және шағын бизнес өкілдерінің қосар үлестері

айтарлықтай  болуда.  Өз  кәсібін  шебер

дөңгелете  білгендер  отандық  өнім  шығарып,

олары халықтың сұранысына ие болып заман

тудырған талаптан көрінуде. Яғни, Елбасы тап-

сырмасына  сәйкес  жұмыс  істеуде.  Сол  ша-

руаны 

шарықтатып 



маңайындағыларды

еңбекке тартуда үлгі көрсетіп жүргендері де аз

емес.  Қолға  алған  ісін  енді  бастап  алдарына

мақсат  қойғандары  да  баршылық.  Солардың

бірі  Егіндібұлақтық  Нұрғазы  Оспановтың  от-

басы. Осыдан біраз уақыт бұрын заңдастырып

жер алып мал өсірумен және көкөніс егумен ай-

налысуды  бастаған  олар  биылғы  қыста  село

орталығындағы  үйлерінің  маңына  жылыжай

салып жеміс өсіруге ниет еткен еді. Жолдасы

Арай Бабажанованың атына бөлек кәсіпкерлік

ашып осы іске кіріскенде күдік білдіргендер де

болды.  Дегенмен  еңбекқор  отбасы  бірлесе

жүріп  ауылшаруашылығын  қолдау  қорынан  1

миллион 700 мың теңге несие алып 200

2

метрге



жететін арнайы материал алды. Алғашқы қадасын қадап, ағашпен көмкеріп, темірмен көктеген соң

жеміс-жидек  егілді.  Таяуда  ауыл  жұртшылығынан  өскен  өнімді  көріп  іле  шаруа  иелерімен

сұхбаттасуға бардық. Көлемді жылыжай іші қызанақ пен қиярға толы.  Қиярлары пісіп килосы 200

теңгеден халыққа ұсынылуда. Әрине диқандықпен айналысу оңай емес екені көрініп тұр. Дегенмен

шаруақор отбасы бала-шағасы жабыла жүріп өнім жинауда, суаруда, күтіп баптауда. Тек бір өкініштісі

судың тапшылығы.  Ауылды айнала жүретін құбырда үнемі су болмайды. Суды бірыңғай қажет ете-

тін жеміс-көкөніс үшін ол қиын да.

- Үйдің жанынан құдық қазуға талпындық. Алайда ауыл таулы-тасты жерде тұрғандықтан 25 метр

тереңдіктен де су шықпады. Одан әрі қазуға күшіміз де мүмкіндігіміз де жетпеді. Алыс тереңдіктен

су шығару қондырғысы қолымызда жоқ. Сондықтан бар сенеріміз әзірше село халқы пайдаланатын

ортақ құбыр. Шіркін, осы мәселе шешілсе жылыжай жерін кеңейтіп картоп, қырыққабат егіп шаруа-

мызды алға бастырар едік,-дейді Нұрғазы.

Жылыжай маңынан жайқалған гүлді, тамаққа қосылатын, оны дәмдендіре түсетін аскөк (укроп)

көрдік. Оларға да сұраныс бары белгілі. Алыстағы  Қарағандыдан тасығанша іргедегі елден алып

дастарханымыздың сәнін кіргізгенге не жетсін. Оның үстіне жылдың төрт мезгілінде жеміс-көкөніс

ауылдан  табылып  жатса,  нұр  үстіне  нұр  емес  пе.  Күні  ертең  шаруашылық  шалқып  жатса,  бос

жүргендер жұмыспен қамтылса да зор көмек болары сөзсіз. Әзірше халық алғашқы өнімнен дәм

татты. Көңілге осы да медеу. Жалпы диқан қауымының абыройын арттырар уақыт күз мезгілі ғой.

Бұйыртса оны да көрерміз. “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген, берері таусылмайтын жер

жарықтықпен айналысқандардың әрдайым мақсаттарына жетері анық.



Д.Жүнісбекұлы.

Егіндібұлақ.

Парыз

Отан қОрғау-

бОрышың

Қай заманда болмасын, кез келген мемлекеттің алдында

тұрған мәселелердің бірі және маңыздысы ол елін, жерін қорғау

болып  табылатыны  белгілі.  Бұған  бірінші  кезекте  Елбасымыз,

Қазақстан  Республикасының  Президенті,  қарулы  күштеріміздің

Жоғары  қолбасшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  қамқорлығының

арқасында біздің мемлекетімізде де күннен күнге, жылдан жылға

қарулы  күштеріміздің  дамуына  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Демек,

қарулы күштеріміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында екені

белгілі,  сондықтан  бүгінгі  күні  әскер  қатарына  алынатын

жастарымызға да қойылатын талап ерекше. Осы орайда жер- жер-

лерде әскерге шақыру комиссияларының да атқарар жұмысы бір-

талай және жауапты.

Қазақстан  Республикасының  2012  жылдың  16

ақпанындағы  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің

мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің

2014  жылғы  14  наурызындағы  №  768  Жарлығына,  Қорғаныс

Министрінің  2013  жылғы  17  маусымдағы  №96  бұйрығына,

Қарқаралы ауданы әкімідігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №104

Қаулысына сәйкес, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде

Қаңтар-маусым айларында азаматтарды кезекті көктемгі мерзімді

әскери қызметке шақыру науқаны өтті.

Арнайы  құрылған  аудандық  шақыру  комиссиясының

медициналық сараптамасынан 330 азамат өтті. Осы азаматтардың

ішінен 237-сі, немесе 72 пайызы әскерге жарамды болып танылды,

84 адам уақытша жарамсыз, ал 9- адам жарамсыз деп танылды.

Жалпы Облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің берген

қосымша тапсырмасы 72 болса, біздің ауданнан 73 адам әскерге

алынды. Атап айтсақ олардың 17-сі Қорғаныс министрлігіне, 35-сі

Мемлекеттік  Ұлттық  Ұлан  қатарына,  20-сы  Ұлттық  қауіпсіздік

комитетінің шекара қызметіне, 1-і Мемлекеттік қорғау қызметіне

алынды. 


Қолына қару ұстап, Отан алдындағы борышын өтеуге ат-

танып  бара  жатқан  жастарымызды  жылдағы  дәстүрге  сай,

аудандық 

жастармен 

жұмыс 

жасау 


орталығының

ұйымдастыруымен  салтанатты түрде шығарып салу рәсімі де жа-

салып, оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскер қатарынан

борышын абыроймен атқарып келіп отырған жастар, ата-аналар,

мекеме басшылары қатысып жақсы тілектер айтылды.

Аудан  тарапынан  комиссияның  дұрыс  жұмыс  істеуіне

барлық  жағдай  жасалып,  қосымша  техникалық  жұмыскерлер,

дәрігер мамандармен қамтамасыз етілді. Әскерге шақырылған аза-

маттарды ауылдардан жеткізу жұмысын ұйымдастыруда, олардың

қауіпсіздігін, тәртіп мәселесін қадағалауда ауыл әкімдері, әскери-

есеп  столдары  инспекторлары,  ауыл  учаскелік  полиция

қызметкерлері жақсы жұмыс атқарғанын атап өтеміз.

Бұл  маңызды  жұмысқа  жауапкершілікпен  қарап,  әскерге

шақырылған азаматтарды дер кезінде аудандық қорғаныс істері

жөніндегі  бөлімге  комиссияға  алып  келіп,  алып  қайту  жұмысын

Қаршығалы,  Қаракөл,  Нүркен,  Томар,  Бүркітті  селолық  округ

әкімдері жақсы ұйымдастырды.

Әскерге  шақыру  жұмысын  ойдағыдай  өткізуге  В.  Дарханов

басқарып  отырған  аудандық  қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімнің

қызметкерлері тынбай еңбек етті.

Алдымызда күзгі әскерге шақыру науқаны тұр. Бұл жұмысты да

бір кісідей ат салысып абыроймен атқаруға шақырамын.



С.Әлиұлы.                     

қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары,

азаматтарды мерзімді әскери

қызметке шақыру

жөніндегі аудандық комиссиясының төрағасы.

«Ауылым-алтын бесігім» дегендей әр адамға

өзінің туған ауылы ыстық болады емес пе? Бі-

рінші Отаны, одан кейін туып өскен, кіндік қаны

тамған  туған  жері  кімге  болса  да  қадірлі  де

құрметті ғой. Туған ауылының тірегі, халқының

жүрегі  бола  білетін,  болашақтың  діңгегін

қолдарына ұстайтын патриот ұл-қыздары, жа-

нашыр  азаматтары  барда  ел  еңсесі  қашанда

биік болмақ, гүлденген үстіне гүлдене бермек.

Міне, осындай шын жанашыр перзенттері бар

Бесоба  халқы  өткен  сенбі  25  шілде  күні

ауылдың  жеке  совхоз  болып  құрылғанына  50

жылдық  мерейтойын    жасап,  қонақжайлылық

болмысымен алыс-жақыннан келген мейманда-

рын қонақ етіп, қуанышты көңіл күймен атап өтті. 

Ауыл  мерейтойы  ауыл  имамы

Ө.Тілепбековтің дұға бағыштауымен басталып,

осы  ауылда  туып,  өмірден  өткенше  елінің,

жерінің  өркендеуіне  еңбек  сіңірген  ауыл

тумаларының,  халқы  ардақ  тұтқан  асыл

азаматтардың  рухтарына  арналып  құран

оқылды.  Бесобаның  қасиетті  өлкесі  қазақтың

сан тараулы шежіресімен тамырласып жатқан

болса,  жазиралы  табиғатымен  танымал  өңір

ежелден  ел  басқарған  көсемдер  мен  сөз

бастаған би-шешендердің, данышпан ойшыл-

дар мен ғұлама ғалымдардың, ұлы дарын ие-

лері  мен  өнер,  мәдениет  дүлдүлдерінің,

ақын-жазушылардың көп шыққан жері екендігі

белгілі. 

Дұға-тілектен кейін  сахнаға көтерілген

аудан әкімінің орынбасары Б.Тоқмурзин ауыл

халқына құттықтау тілегін жеткізіп, аудан әкімі

Х.М.Мақсұтовтың бесобалық жұршылықты ар-

найы құттықтаған құттықтау хатын табыстады. 

Тілегін ауылдың тарихынан бастаған ауыл әкімі

А.Ақатаев та ауылдастарына жүрек-жарды ле-

бізін білдіріп, өткен күннің куәгерлеріне құрметін

білдіріп,  ауыл  іргетасының  мықты  болып

қалануына атсалысқан бірталай аға-апалары-

мызды  марапаттап  өтті.  Марапатталғандар

қатарында 

еңбек 

еткен 


ғұмырын

ауылшаруашылық  саласына  арнаған,  Қазақ

ССР Жоғары кеңесінің Құрмет грамотасын ие-

ленген және бірнеше медальдардың иегері осы

совхоздың алғашқы директоры Мұқашев Сүндет

ата, өмір жолы қайнаған еңбекке толы азамат

1977-1984 жылдар аралығында осы совхозда

директорлық қызмет атқарған марқұм Салықбай

Нарынбековтің  баласы  Жандос  Нарынбеков

1994  жылдан  совхоз  тарағанша  директор

болған  Саят  Әбдірайымов  болды.  Қызмет

жасаған  жылдарынан  сыр  шерткен  аға  буын

өткен  күндердің  қызығы  мен  қиындығына

тоқталып  өтті.  Сөз  сөйлеп  тілегін  білдірген

меймандарға ауыл әкімдігі тарапынан сый-сыя-

пат  жасалып,  иықтарына  шапан  жапты.

Мерейтойдың салтанатты ашылу ресми жағы

аяқталған соң барша жұрт той дастарханынан

дәм ауыз тиіп, сағат 15.00 ден

бастап өнерпаздардың ұсынған

концерттік  бағдарламасын  та-

машалады.

Кәсіби  өнерпаздардай  осы

мерекені  жүргізген  Бесоба

ауылының тумасы Е.Тезекбаев

халқына  әдемі  өлең-жыр

сөздерімен  шырайлы  күннің

шымылдығын  ашты.  Ауыл

халқының  қуанышын  бөлісу

мақсатында  арнайы  барған

аудандық 

мәдени-сауық

орталығының 

өнерпаздары

К.Базанова, 

Б.Ахметова,

М.Қарағанды, Қасым ауылының

өнерпазы Д.Қайырбеков, Көктас

аулының  клуб  меңгерушісі

А.Cағидолда,  жас  өнерпаздар

Е.Омар, Ф.Сқақтар «Ауылым»,

«Қос бәйтерек», халық әні «Се-

кіртпе»,  «Шіркін-ай»,  «Еркеле,

еркем»,  «Қазақ  елі»,  «Айару»,

«Бол жанымда» «Өз елім», «Ол

көктем  оралмайды»  әндерін

қалықтата  шырқап,  ел  көңілін

шаттыққа бөледі. 

Иә,  бұл  күн,  ауылдағы

ағайынның бір-бірін мерекемен

құттықтап, 

ақ 


тілектерін

жаудырған  күн  болды.  Жүрегі

ауылым  деп  соққан  осы

ауылдың бірталай азаматтары,

атап  айтқанда,  дәстүрлі  ән

орындаушылар 

А.Қайыров

Естайдың әні «Қорлан», Біржан

салдың әні «Айтбай», Дауылпаз

ақын  Қ.Аманжоловтың  100

жылдық мерейтойына арналған

облыстық байқаудың Гранпри ие-

гері  Е.Сепкірай  М.Ержановтың

әні «Сайра, бұлбұлым», Қапездің

әні  «Меркі»,  А.Оқанов  «Елім

менің», Г.Оқанова «Балапан қаз»,

Жаңа 

есімдер 


байқауына

қатысушы 

Ш.Тұяқ

«Қазағым», 



«Жас

қанат» 


байқауының

к ө р е р м е н д е р

к ө з а й ы м ы

номинациясының 

иегері

К.Әбілқасымова «Ақ жайнақ», «Тойға



тілек», Ш.Молдақаш «Жаса қазағым»,

«Жас қалам», Қарағанды қаласының

80 жылдығына арналған халық аспап-

тарында 


орындаушы-жас

музыканттардың 

облыстық

байқауының  лауреаты  Р.Төлеубек

«Сағындым Кенен атамды», Мәдидің

әні  «Үш  қара»,  М.Шәймерден

«Отырардағы  той»,  «Туған  жер»,  Г.Төлеубек

«Құтты  болсын  тойларыңыз»,  А.Адамбеков

«Ауылымды сағындым ғой», «Шайтанкөл», мек-

теп  оқушылары  Әнел  мен  Гүлсім  «Мереке»

Гүлім  мен  Шерхан  «Көзіңнің  мөлдірін-ай»

әндерін  шырқап  тыңдармандарын  ықыласқа

бөлесе, «Балауса» би тобының биші арулары

«Қазақ»,  «Үнді»  билерін  биледі.  Бұл  тойда

жүректерін жарып шыққан балауса жырларын

қос  ішекті  домбыраның  күмбірлеген  әуеніне

салып  халқына  сыйға  тартқан  ақындар  да

болды. Солардың бірі «Ауылым менің осындай»

атты  арнауын  айтқан  ауыл  тумасы

Қ.Сәдірбеков. 

Қашанда қазақ халқының той-домалағы ойын-

сауықсыз  өткен  бе.  Ауыл  азаматтарының

ұйымдастыруымен  стол  теннисі,  кір  тасын

көтеру,  арқан  тарту,  қол  күресі  сияқты  спорт

түрлері де өткізілді. Аталған спорттың қай түріне

болмасын қатысушылардың ынта-ықыласы өте

күшті болды. «Күш атасын танымас» дегендей

бір-бірінен асып түсіп мықтылықтарын таныту-

мен болды. Кір тасын көтеру сайысына келер

болсақ әрқайсысы 24 келі тартатын екі гирді  60

рет көтерген Д.Тілепбеков I-орынды жеңіп алса,

41 рет көтерген Е.Ысқақов II-орынды еншілеп,

35  рет  көтерген  Е.Қайыров  III-орынды

қанжығасына  байлады.  Ал  қол  күресі

сайысының  70  тен  80  келі  салмақ  дәрежесі

аралығында Қ.Жұманов I-орын, Н.Құсайынов II-

орын, Қ.Сәдуақасов III-орын, 80 кг-дан жоғары

салмақта  ағайынды  Аманжол  мен  Ержан

Ысқақовтар І-ІІ орынды иеленсе, С.Есіргепов III-

орынды қанағат тұтты. Арқан тарту сайысына да

бірнеше  команда  қатысып,  қызықты  ойын

көрсетті.  Күштілердің  бұл  сынында  Бесоба

ауылының  1985  жылы  туылған  жігіттерінен

ешбір команда асып түсе алмай, I-орынның ие-

лері атанса, 1982 жылғы жігіттер II-орынды ие-

ленді.  Стол  теннисі  бәсекесінде  Р.Қайыров

I-орын,  Д.Қайыров  II-орын,  Ш.Тұяқ  III-орын,

Т.Мукархан IV-орын алды. 

Тойдың  нағыз  дүбірлі  шағы  тұяқтарымен  жер

тарпыған тұлпарлардың бәйгесімен жалғасты.

Күні  бойы  ән  мен  күй  тыңдап  көңіл  көтерген

ауыл  жұрты  әп-сәтте  бәйге  өтетін  төбеге

жиылды. Әуелі күні ертең құстай ұшар тұлпарың

боламын  дегендей  сыңай  танытқан  «жас

жүйрік» тайлар 5 шақырым қашықтықта бақ сы-

нады.  Бірінен-бірі  оза  шауып  жарысқа  түскен

тайлар  арасында  I-орынды  бүркіттілік  Мәди

деген азаматтың «Көк дауылы» (шабандоз Ба-

уыржан),  иеленіп,  сыйлыққа  кілем  алса,  II-

орынды Бұқар Жырау ауданына қарасты Аюлы

ауылынан келген Ж.Алдангуровтың «Адиаты»

(шабандоз Сауат Сайлаутаев) еншілеп, 10000

теңге сыймен марапатталды. Ел-жұрттың асыға

күткен «Аламан» бәйгесінде 25 шақырымға бір-

талай сәйгүліктер бет түзеді. Желдей жүйткіген

жүйріктер арасында оқтай озып келген Бесоба

ауылының  тұрғыны  М.Аубакировтың  «Шол-

паны» I-орын алып, бәйгеге тігілген мотоциклдің

иесі  атанса,  Бұқар  Жыраудан  келген

С.Баяновтың  «Дауылы»  (Шабандоз  Әділ),  II-

орынды еншілеп, тоңазытқыш Ынталы ауылы-

нан  келген  Д.Құсайыновтың  «Қарагері»

III-орынды қанжығасына байлап, түрлі-түсті те-

ледидар сыйланды.

Ауылдың  50  жылдық  мерейтойының  салта-

натты өтуіне ауыл әкімдігі бастап, барша ауыл

азаматтары,  өздері  сыртта  жүрсе  де  бүйрегі

ауылына  бұрар  жанашыр  ауыл  тумалары,

Отбасылық  дәрігерлік  амбулатория,  мектеп

ұжымдары бір адамдай ат салысып, үлкен де-

меушілік танытқандығы ел мерейін асырды. Ия,

тойға  келген  еңбектеген  баладан,  еңкейген

қарияға  дейін  ауылдарының  өркендеп  өсіп,

ұрпақтарының өрлей беруіне тілектерін білдіру-

мен болды. Жиналған қауымға ақ дастарханы

жайылған  ақ  шаңқан  киіз  үйлер  де  осы

азаматтардың арқасында тігілгенін айта кетсек

артық болмас. 

Иә, «тойдың болғанынан, болары қызық» де-

мекші осы мерейтойды ұйымдастырып, басы-

қасында    жүрген  ауыл  әкімі  Айтбек

Құдайбергенұлының еңбегі де ерекше.



д.ЫдЫрЫсов.


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал