Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет9/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Көшені жарықтандыру желілерінде қызмет көрсету 
  
431.  Ӛкім  бойынша  кӛшені  жарықтандыру  желілерін  ажыратпай  мынадай 
жағдайларда жұмыс істеуге: 
1) оқшаулағыш буыны бар телескопия мұнарасын пайдаланғанда; 
2)  шамдарды  сымнан  кемінде  0,6  м  қашықтықта  жерге  қосатын  тӛмен  түсіргіш 
басқыштары жоқ ағаш тіректерде орналастырған кезде тіректе немесе сүйеп қоятын ағаш 
сатыда тұрып жұмыс істегенде жол беріледі. 
Басқа  жағдайларда  тірекке  ілінген  барлық  сымдарды  ажырату  және  жерге  қосу, 
жұмыстарды наряд бойынша орындау талап етіледі. 
432.  Газдан  разрядталатын  шамдарды  қосу-реттеу  аппаратурасында  жұмыс  кезінде 
оны шырақтың жалпы схемасынан ажыратқанға дейін сымдарды қоректендіру желісінен 
ажыратып, статикалық конденсаторларды (разрядтағыш резисторларының бар екендігіне 
қарамастан) разрядтау талап етіледі. 
  
  
Қорғағыш  жабыны  бар  (6-20  кВ)  кернеуі  6-20  кВ  сымдармен  жүргізілетін 
жұмыстар 
  
433. 6-20 кВ сымдарындағы жұмыстар ӘЖ ажыратқан кезде жүргізілуге тиіс. 
434.  Жұмыскерлерден  ӘЖ  сымдарына  және  сымға  жалғанған  басқа  элементтерге 
дейінгі, ӘЖ сымдарынан механизмдерге және жүк кӛтергіш машиналарға дейінгі аралық 

осы  Қағидалардың 
10-қосымшасы  1-кестесінде
  кӛрсетілген  қашықтықтан  кем  болмауға 
тиіс. 
435.  Құлаған  ағаштарды  сымдардан  алып  тастау  үшін  ӘЖ  ажыратуға  және  жерге 
қосуға тиіс. 
436.  Токтан  ажыратылмаған  ӘЖ-ден  қоқыстардан  және  ағаштың  бұтақтарынан 
арылту  жұмыстарын  оқшаулағыш  штангаларды  пайдаланып  орындауға  рұқсат  етіледі. 
Аталған  жұмыстарды  қорғаныс  құралдарын  қолданбай  орындау  үшін  ӘЖ-ден  токтан 
ажыратуға және жерге қосуға тиіс. 
  
  
Оқшаулағыш жабыны (0,38 кВ) бар, кернеуі 0,38 кВ ӘЖ жүргізілетін жұмыстар 
  
437. 0,38 кВ жұмыстарды ӘЖ ажыратып немесе ажыратпай орындауға болады. 
438.  0,38  кВ  ажыратып  орындайтын  жұмыстар  сымдардың  ширатылған  сымын 
тұтастай ауыстыру, жарылу және ӛрт қаупі бар аймақтардағы (бензин құю және газ тарату 
орындары) желілердің сымдарын (біреуін немесе бірнешесін) ажырату немесе қосу қажет 
болғанда  жүргізіледі.  Желіні  түгелдей  емес,  тек  жұмыс  істелгелі  жатқан  сымды  ғана 
ажыратуға рұқсат етіледі. Таңбасы және ондағы кернеу тексерілгеннен кейін сым кернеу 
берілуі  мүмкін  жақтардың  бәрінен  де  ажыратылып  және  жұмыс  жүргізілетін  орында 
жерге қосуға тиіс. 
439. 0,38 кВ кернеу түсірілмей: 
1) тіректі және оның элементтерін, желі арматурасын ауыстыру
2) сымдарды қайта тарту
3) жалғағыш, тармақтандырғыш және сорғыш қысқыштарды ауыстыру
4) тармақтарды электр қабылдағыштарға қосу немесе ажырату; 
5)  учаскені  ауыстыру  немесе  жеке  фаза  сымының  оқшауламасын  қалпына  келтіру 
бойынша жұмыстарды орындауға болады. 
440.  Кернеуді  түсірмей  оқшауланбаған  нӛлдік  сымы  бар  ӛздігінен  тасымалданатын 
оқшауланған  сымдарда  жұмыстар  орындау  кезінде,  нӛлдік  сымды  және  металл 
арматураны оқшаулағыш жапсырмалар мен қақпақтардың кӛмегімен оқшаулау қажет. 
441. 0,38 кВ кернеу түсірілмей: 
1) бригаданың қателігінен ӘЖ ажыратқан; 
2) жұмыс технологиясын бұзбай ӘЖ табылған ақауларды жою мүмкін емес; 
3) техникалық және қорғаныс құралдары болмаған немесе олардың ақаулары болған; 
4)  нӛсерлі  жаңбыр,  қар  жауған,  қалың  тұман  түскен,  тіректерді  мұз  басқан  (тірекке 
кӛтерілу қажет болғанда); 
5)  жұмыс  қауіпсіздігіне  қатер  тӛндіретін  басқа  да  жағдайларда  жұмыс  орындауға 
рұқсат берілмейді. 
442.  Кернеуді  түсірмей  0,38  кВ  жұмыстар  нарядпен  орындалуға  тиіс.  Бір  немесе 
бірнеше ӘЖ-нің әртүрлі  учаскелеріндегі  жұмыс үшін әр  жұмыс орнына кезекпен рұқсат 
бере отырып, бір наряд жазуға рұқсат етіледі. 
443.  Кернеуді  түсірмей  жұмыс  орындайтын  бригаданың  құрамында  екіден  кем  емес 
жұмыскерлер болуға тиіс: IV топтағы жұмыс жүргізуші және III топтағы бригада мүшесі. 
Жұмыс  жүргізуші  және  бригада  мүшесі  дайындықтан  ӛтуге  және  кернеуді  түсірмей 
0,38  кВ  жұмыс  істеу  құқын,  сондай-ақ  жоғарыға  шығып  істейтін  жұмысқа  рұқсат  алуға 
тиіс,  ол  жӛнінде  электр  қондырғыларында  жұмыс  істеу  нормалары  мен  біліктілігін 
тексеру  туралы  куәліктің  «Арнайы  жұмыстарды  жүргізу  құқығын  беру  куәлігі»  деген 
жолында 4-қосымшаға сәйкес тиісті жазу болуға тиіс. 
  
  
Кернеулі оқшаулағыштарды жуу және тазалау 
  

444. 
Электр 
қондырғыларында 
оқшаулағыштардың 
тіркестерін, 
тіректі 
оқшаулағыштарды және жоғары вольтты жабдықтың фарфор оқшауламасын ток ӛткізгіш 
бӛліктерден  кернеуді  түсірмей,  үздіксіз  аққан  су  екпінімен  (ӘЖ  үшін  -  меншікті  ӛткізуі 
1430  мкСм/см,  ал  ашық  ТҚ  үшін  -  667  мкСм/см)  жууға  рұқсат  етіледі.  Су  екпінінің 
ұзындығы  осы  Қағидалардың 
10-қосымшасының  3-кестесінде
  кӛрсетілген  ұзындықтан 
кем болмауы керек. 
Бұл жұмыстар ЖӚЖ-ге сәйкес орындалады. 
445.  Жуу  кезінде  жуылатын  қондырғының  діңгегі,  телескопиялық  мұнара  және  су 
құйылған цистерна жерге тұйықтауға тиіс. 
Телескопиялық  мұнарада  тұрып  жуу  кезінде  түтікше  кигізілген  діңгек  мұнараның 
себетіне  және  цистернаның  рамасына  қиыспасы  25  мм
2
  кем  емес  майысқақ  сым 
ӛткізгішпен жалғануға тиіс. 
Жерде,  телескопия  мұнарасының  үстінде  немесе  арнайы  металл  алаңда  тұрып  жуу 
кезінде диэлектрлік қолғаптарды пайдалану қажет. 
446.  Жерде  тұрып  жуу  барысында  жуу  кезінде  қолданылатын  машина-цистернаға 
немесе  механизмге  (құрылғыға)  жанасуға,  кабинадан,  шанақтан  шығуға  және  оларға 
кіруге  рұқсат  берілмейді.  Жуу  кезінде  қолданылатын  машиналар  мен  механизмдерге 
бӛгде адамдардың жақындауын болдырмау шаралары қабылдануға тиіс. 
Су  шашқышты  (шланг)  жуу  жұмысы  аяқталғаннан  кейін  ғана  тасымалдауға  рұқсат 
етіледі. 
447.  Ток  ӛткізгіш  бӛліктерде  және  оларға  жақын  маңда  кернеуді  түсірмей 
оқшауламаны  тазалау  -  жабық  ТҚ  арнайы  щеткалардың  немесе  электр  қондырғысының 
кернеуіне есептелінген, арнайы аспаптар бекітілген, іші қуыс оқшаулағыш штангалармен 
жабдықталған  шаңсорғыштың  кӛмегімен  жүзеге  асырылады.  Бұл  штангалардың 
тығындалып  қалмауы  және  ішінен  шаң-тозанды  шығару  үшін  жұмыс  басталар  алдында 
және жұмыс барысында оларды мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет. 
448. Іші қуыс оқшаулағыш штангаларға орнатылған бастиектер оқшауламаны тазалау 
кезінде кӛршілес фазалар арасында тұйықталу мүмкіндігін мүлдем болдырмайтындай етіп 
құрастырылған болуы тиіс. 
449.  Ток  ӛткізгіш  бӛліктерде  және  оларға  жақын  маңда  кернеуді  түсірмей 
оқшауламаны  тазалау  диэлектрлік  қолғаптарды  пайдаланып,  еденде  немесе  орнықты 
тӛсеме тақтайда тұрып жүргізіледі. 
450. Ток ӛткізгіш бӛліктерде және оларға жақын маңда кернеуді түсірмей кез келген 
тәсілмен оқшауламаны тазалауды наряд бойынша кем дегенде екі адам орындауы керек, 
олардың біреуінің электр қауіпсіздігі бойынша IV топтан тӛмен емес біліктілігі болса, ал 
қалғандарынікі - III топтан тӛмен болмауға тиіс. 
Оқшауламаны тазалау жұмысы бригада мүшелерінің бірі жұмыс жүргізушінің немесе 
электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтан  тӛмен  емес  бригаданың  басқа  мүшесінің  үздіксіз 
бақылауымен орыңдалуы мүмкін. 
451.  Ток  ӛткізгіш  бӛліктерде  және  оларға  жақын  жабық  ТҚ  кернеуді  түсірмей 
оқшауламаны  тазалау  оларда  шаң  шығарғыш  құралдарды  еркін  қолдануға  мүмкіндік 
беретін, ӛтетін жері барынша кең болғанда жүргізіледі. 
452.  Ток  ӛткізгіш  бӛліктерде  және  оларға  жақын  маңда  кернеуді  түсірмей 
оқшауламаны жуу және (немесе) тазалау жұмысымен айналысатын жұмыскерлер арнайы 
аталған  жұмыстарды  жүргізуге  оқытылады  және  рұқсат  етіледі,  бұл  жӛнінде  осы 
Қағидаларға 
4-қосымшаға
  сәйкес  электр  қондырғыларындағы  жұмыс  нормалары  мен 
қағидаларын білуін тексеру туралы куәлікте белгі жасалады. 
  
  
29. Релелі қорғаныс және электроавтоматиканың құрылғылары, электр энергиясын 
өлшеу және есепке алуы аспаптары, екінші реттік тізбектер 
  

453. 
Ӛлшеу 
аспаптарының, 
релелік 
қорғаныс 
және 
электравтоматика 
құрылғыларының тізбектерінде жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі үшін, ток ӛлшейтін 
және  кернеу  трансформаторларының  екінші  реттік  тізбектерінің  тұрақты  жерге 
тұйықтағыш  қамтамасыз  етіледі.  Релелік  қорғанысының  күрделі  схемаларында  ӛлшегіш 
трансформаторлардың электрмен қосылған екінші реттік орамаларының тобы үшін жерге 
тұйықтау жұмысын тек бір нүктеде орындауға рұқсат беріледі. 
454. 
Ӛлшегіш 
аспаптардың, 
релелік 
қорғаныс 
пен 
электр 
автоматика 
құрылғыларының ток тізбегін үзу қажет болғанда, ток трансформаторының екінші реттік 
орамаларының  тізбегі  алдын  ала  сол  үшін  арнайы  арналған  қысқыштарда  немесе  сынақ 
блоктарының кӛмегімен қысқартылады. 
Ток  трансформаторлары  мен  орнатылған  қысқа  тұйықтағыштың  арасындағы  екінші 
реттік  тізбекте  тізбектің  ажыратуына  әкелуі  мүмкін  жұмыстарды  жүргізуге  рұқсат 
берілмейді. 
455.  Екінші  реттік  құрылғыларда  және  кернеу  трансформаторының  бӛгде  кӛзден 
кернеу  берілетін  тізбектерінде  жұмыс  істегенде,  кері  трасформация  мүмкіндігін 
болдырмайтын шаралар қолданылады. 
456.  Релелік  қорғаныстың,  электр  автоматика  құрылғыларының  жұмысын,  оның 
ішінде коммутация аппараттарын  ажырату немесе  қосу арқылы тексеру және сынау осы 
Қағидалардың 
78-тармағына
 сәйкес жүргізіледі. 
457.  Релелік  қорғаныс,  электроавтоматика  құрылғыларында  қызмет  кӛрсететін 
персонал  ішінен  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтағы  жұмыс  жүргізушіге  рұқсат 
берушінің  міндеттерін  қоса  орындауға  рұқсат  беріледі.  Бұл  ретте  ол  жұмыс  орнын 
дайындауға  қажетті  қауіпсіздік  шараларын  белгілейді.  Жұмыс  орнын  дайындау  үшін 
ажырату,  жерге  қосу,  кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларының  бір  бӛлігіне 
қатысты  уақытша  қоршаулар  орнату  жұмыстарын  орындау  талап  етілмесе,  міндеттерді 
осылай қоса атқаруға рұқсат етіледі. 
458.  Электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтағы  жұмыс  жүргізушіге,  сондай-ақ  III 
топтағы  бригада  мүшелеріне  осы  Қағидалардың 
81-тармағында
  қарастырылған 
жағдайларда, бригаданың басқа мүшелерінен бӛлек екінші реттік тізбектерде және релелік 
қорғаныс,  электроавтоматика  құрылғыларында  жұмыс  істеуге  рұқсат  етіледі.  Бұл 
жағдайда  осы  тізбектер  және  тарату  құрылғылар  және  кернеуі  1000  В  жоғары  және  ток 
ӛткізгіш бӛліктер жоқ, толықтай қоршалған немесе қоршауды қажет етпейтін биіктіктегі 
үй-жайларда орналасқан болуы керек. 
459.  Энергиямен  жабдықтау  ұйымдарының  персоналы  есептегіш  құралдармен 
жүргізілетін жұмысты іссапармен келген персонал құқығында жүргізеді. Бұл жұмыстарды 
құрамында кемінде екі жұмыскері бар бригада орындайды. 
ТҚ-ның  үй-жайында  электр  есептеуіштерінің  кӛрсеткіштерін  тұтынушы  ӛкілінің 
қатысуымен  энергиямен  жабдықтау  ұйымының  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы 
жұмыскері жазып алады. 
460.  Тұтынушылардың  қоса  атқаратын  немесе  шарт  бойынша  (бала  бақшалар, 
дүкендер,  емханалар,  кітапханалар)  қызмет  кӛрсетуші  персоналы  бар,  кернеуі  1000  В 
дейінгі  электр  жабдықтарында  жұмыс  орнын  әзірлеу  және  жұмысқа  рұқсаттама  беру 
жұмыстарын  тиісті  энергиямен  жабдықтау  ұйымының  жедел  персоналы  электр 
қауіпсіздігі  боыйынша  III  және  IV  топтағы  екі  жұмыскерден  тұратын  бригада  күшімен, 
тұтынушы ӛкілінің қатысуымен күнделікті пайдалану ретінде орындалатын жұмыстардың 
бекітілген тізбесі бойынша орындай алады. 
461.  Электр  энергиясын  есептегіш  құралдармен  жұмысты  кернеуді  түсіріп  орындау 
қажет.  Ӛлшегіш  трансформаторларға  қосылған  электр  есептегіштердің  тізбектерінде 
сынақ  жасалатын  қорапшалары  болған  жағдайда,  кӛрсетілген  қорапшаларда  электр 
есептегіштің схемасынан кернеу түсірілуге тиіс. 
462.  Бір  фазалы  электр  есептегішпен  жұмысты  энергиямен  жабдықтайтын 
ұйымдардың электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жедел персоналы жеке ӛзі күнделікті 

пайдалану  ретінде  орындалатын  жұмыстардың  бекітілген  тізбесі  бойынша  түсірілген 
кернеуде  орындауға  болады.  Коммутация  аппараты  болмаса,  ағаш  үйлерде,  аса  жоғары 
қауіп  жоқ  үй-жайларда  мұндай  жұмысты  жүктемені  түсіріп,  ал  кернеуді  түсірмей 
орындауға рұқсат етіледі. 
463.  Осы  Қағидалардың 
460
  және 
462-тармақтарында
  кӛрсетілген  жұмыстарды 
орындаған  кезде,  энергиямен  жабдықтайтын  ұйым  басшылығының  бұйрығымен  немесе 
нұсқасымен  жұмыскерлерге  аумақтық  учаске  (аудан,  квартал,  округ)  бекітіліп  берілуге 
тиіс.  Тапсырмалардың  бланкілерінде  жедел  жұмыс  атқаратын  жұмыскер  электр 
жабдықтарыңдағы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралардың 
орындалуын тіркеуге тиіс. 
464.  Энергиямен  жабдықтайтын  ұйымдарда  есептегіш  құралдармен  жұмыс  жүргізу 
үшін әрбір жұмыс түрі бойынша нұсқаулықтар немесе техникалық карталар жасалады. 
  
  
30. Электр жабдығын сынақтан өткізу және параметрлерін өлшеу Электр жабдығын 
бөгде көзден жоғары кернеу беріп сынақтан өткізу 
  
465.  Электр  жабдығына  сынақ  жасау  ӛткізу  жұмысын  ӛткізуге  дайындықтан,  білімі 
мен талаптары тексеруден ӛткен жабдықтарды сынақ жасау бойынша мамандар құрамына 
кіргізілген кернеуі 1000 В жоғары электр жабдықтығында V топқа, кернеуі 1000 В дейінгі 
электр  қондырғыларында  IV  топқа  жататын  электр  қауіпсіздігі  бойынша  персоналға 
рұқсат беріледі. 
Осы  Қағиданың 
7-ші  қосымшасына
  сәйкес  сынақ  жасау  берілген  құқық  электр 
жабдықтарында  жұмыс  істеудің  білім  нормалары  мен  қағидаларын  тексеру  туралы 
куәліктің  «Арнайы  жұмыстарды  жүргізуге  құқық  беру  куәлігі»  деген  жолда  жазу 
жазылуы керек 
(№ 7-шы қосымша
). 
Электр  жабдықтарын  сынақтан  ӛткізумен  айналысатын  жұмыс  жүргізуші,  сондай-ақ 
орнықты  сынақ  құрылғыларын  пайдаланып,  жеке  ӛздері  сынақ  ӛткізетін  жұмысшылар 
тәжірибелі жұмысшының бақылауымен бір айлық тәжірибеден ӛтеді. 
466.  Электр  жабдығының  сынақтары,  оның  ішінде  электр  қондырғысынан  тыс, 
жылжымалы  сынақ  қондырғысын  пайдаланып  ӛткізілетін  сынақтар  наряд  бойынша 
орындалады. 
Электр қондырғысынан тыс сынақтарға нарядты сынақтар туралы шешім қабылдаған 
және наряд беруге құқығы бар жұмысшы береді. 
Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында сынақтарды ӛнім бойынша ӛткізуге 
жол беріледі. 
Жұмыс  істеп  тұрған  электр  қондырғыларындағы  электр  жабдығын  сынауға 
рұқсаттаманы  осы  Қағидалардың  8-тарауына  сәйкес  жедел  персонал,  ал  электр 
қондырғыларынан  тыс  жұмыстарға  жауапты  басшы  немесе  ол  тағайындалмаған  болса, 
жұмыс жүргізуші береді. 
Жабдықты  монтаждау  немесе  жӛндеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  сынақ  ӛткізу 
осы Қағидаларға 
3-қосымшада
 кӛрсетілген нарядтың «Тапсырма беріледі» деген жолында 
айтылады. 
467. Электр жабдығын сынауды құрамында IV топтағы жұмыс жүргізуші, III топтағы 
бригада  мүшесі,  күзет  тапсырылған  электр  қауіпсіздігі  бойынша  II  топтағы  бригада 
мүшесі бар бригада ӛткізеді. 
468.  Жабдықты  сынақтан  ӛткізетін  бригада  құрамына  жӛндеу  персоналы  арасынан 
сынақтар  бойынша  арнайы  жұмыстарға  рұқсаттамасы  жоқ  жұмыскерлерді  дайындық 
жұмыстарын орындауға және жабдықты қадағалауға енгізуге рұқсат беріледі. 
469.  Материалдар  мен  бұйымдарды  (қорғау  құралдарды,  әртүрлі  оқшаулағыш 
бӛлшектерді,  майды)  ток  ӛткізгіш  бӛліктері  тұтастай  немесе  торланған  қоршаулармен 

жабылған,  ал  есіктері  бұғаттаумен  жабдықталған  тұрақты  қондырғыларды  пайдаланып, 
электр қауіпсіздігі бойына III топтың жұмыскердің жеке ӛзінің орындауына жол беріледі. 
470.  Сынақ  жасау  қондырғысы  операторының  жұмыс  орны  қондырғының  кернеуі 
1000 В асатын бӛлігінен бӛлектенеді. 1000 В астам кернеуі бар қондырғыға апаратын есік 
ашылатын жағдайда, сынақ схемасынан кернеудің түсуін және есік ашық тұрғанда кернеу 
берілмеуін  қамтамасыз  ететін  бұғаттаумен  жабдықталуы  тиіс.  Оператордың  жұмыс 
орнында 1000 В дейінгі және одан жоғары кернеу қосылғаны туралы хабар беретін бӛлек 
жарық  дабылы  және  сынақ  кернеуін  беру  туралы  хабардар  ететін  дыбыстық  дабыл 
кӛзделеді.  Сынақ  кернеуі  берілген  кезде  оператор  оқшаулағыш  кілемшенің  үстінде 
тұрады. 
Жылжымалы сынақ қондырғылары, сынақ қондырғының шықпасында кернеу болған 
кезде,  автоматты  түрде  қосылатын  сыртқы  жарық  және  дыбыстық  дабылдармен 
жабдықталады. 
471.  Сынақтарды  және  оларға  қатысты  дайындық  жұмыстарын  ӛткізуге  берілген 
нарядтар  бойынша  рұқсаттама,  жұмыс  орындарынан  сынақ  ӛткізілуге  тиісті  жабдықта 
жұмыс істеп жатқан басқа бригадалар шеттетіліп және олар рұқсат берушіге нарядтарды 
тапсырғаннан  кейін  ғана  орындалады.  Жергілікті  кезекші  персоналы  жоқ  электр 
қондырғыларда  бригаданы  шеттетілгеннен  кейін  жұмыстағы  үзілісті  рәсімдей  отырып, 
жұмыс жүргізушінің нарядты ӛзінде қалдыруына рұқсат беріледі. 
472. Сынақтан ӛтетін жабдық, сынақ қондырғысы және жалғағыш сымдар араларында 
сырт  жаққа  қаратылған  «Сынақ  жүргізіліп  жатыр.  Адам  ӛміріне  қауіпті»  деген  ескертпе 
плакаттары  бар  ілінген  қалқандармен,  арқандармен  қоршалады.  Қоршауды  сынақ 
жүргізетін персонал орнатады. 
473.  Қажет  болған  жағдайда  сынақ  қондырғысына,  жалғағыш  сымдарға  және 
сыналатын жабдыққа бӛгде адамдардың жақындауын болдырмау үшін электр қауіпсіздігі 
бойынша  II  топтағы  бригадасы  мүшелерінен  тұратын  күзет  қойылады.  Бригаданың 
күзетке  қойылған  мүшелері  қоршаудан  тыс  тұрады  және  сыналатын  жабдыққа  кернеу 
берілді деп есептеледі. Постыдан бұл жұмыскерлер жұмыс жүргізушінің рұқсатымен ғана 
кете алады. 
474. КЖ сынақтан ӛткізу кезінде егер оның қарама-қарсы ұшы жабық камерада, ЖТК 
бӛлігінде  немесе  үй-жайда  орналасқан  болса,  онда  есіктерге  немесе  қоршауға:  «Сынақ 
жүргізіліп  жатыр.  Адам  ӛміріне  қауіпті»  деген  ескертпе  плакат  ілінеді.  Егер  есіктер  мен 
қоршаулар  ашық  болса  немесе  сынаққа  трассада  талсымдары  бӛлінген  кәбілі  жӛнделіп 
жатқан  желі  түссе,  онда  есіктерге,  қоршауларға  және  кәбілдің  бӛлінген  талсымдарының 
қасына  ілінген  плакаттардан  басқа,  электр  қауіпсіздігі  бойынша  II  топ  бригадасы 
мүшелерінен немесе кезекші персоналдан тұратын күзет қойылады. 
475. Сынақ қондырғысы мен сыналатын жабдықты әр басқа үй-жайларда немесе ТҚ-
ның әр басқа  учаскелерінде орналастырған кезде, оқшаулағыштың жай-күйіне қадағалау 
жүргізетін  энергия  қауіпсіздігі  бойынша  III  тобының  бригада  мүшелеріне  жұмыс 
жүргізушіден  бӛлек  тұруға  рұқсат  етіледі.  Бригаданың  бұл  мүшелері  қоршаудан  тыс 
тұруға және сынақтар басталмас бұрын жұмыс жүргізушіден қажетті нұсқама алады. 
476.  Жұмыс  орнын  дайындаған  кезде  орнатылған  және  сынақ  ӛткізуге  кедергі 
жасайтын  жерге  тұйықтау  құралдарын  ажыратуға,  ал  одан  кейін  оларды  қайта  орнатуға 
сынақтарды басқарып жүрген жұмыс жүргізушінің сынақ қондырғысының жоғары кернеу 
шықпаларын жерге қосқаннан кейін берген нұсқауы бойынша ғана рұқсат етіледі. 
Жерге  тұйықтауды  уақытша  алып  тастауға  рұқсат  осы  Қағидалардың 
2-қосымша
 
нарядының «Жеке нұсқаулар» деген жолында кӛрсетіледі. 
477.  Сынақ  схемасын  құрастырғанда,  ең  алдымен,  сынақ  қондырғысының 
қорғаныстық  және  жұмыстық  жерге  тұйықталып  орындалады.  Жылжымалы  сынақ 
қондырғысының  корпусы  қимасы  10  мм
2
  кем  емес  икемді  мыс  сымнан  жасалған  жеке 
жерге  тұйықтау  ӛткізгіші  арқылы  жерге  тұйықталады.  Сынақ  алдында  корпустың  жерге 
қосылу сенімділігі тексеріледі. 

Сынақ  қондырғысын  кернеуі  380/200  В  желіге  қосу  алдында  оның  жоғары  кернеу 
шықпасы жерге тұйықталады. 
Сынақ схемасында жерге тұйықтау үшін қолданылатын мыс сымның қимасы 4 мм  - 
ден кем болмайды. 
478.  Сынақ  қондырғысын  кернеуі  380/220  В  желіге  қосу  тізбегінің  кӛзге  кӛрінетін 
үзігі  бар  коммутация  аппараты  арқылы  немесе  қондырғыны  басқару  орнында 
орналастырылған штепсель айырғышы арқылы орындалады. 
Коммутация  аппараты  ӛздігінен  қосылып  кетуге  тосқауыл  болатын  құрылғымен 
жабдықталады  немесе  аппараттың  жылжитын  немесе  жылжымайтын  түйіспелерінің 
арасына оқшаулағыш жапсырма орнатылуға тиіс. 
Сынақ  электр  қондырғысын  кернеуі  380/220  В  желіден  қоректендіру  үшін 
пайдаланылатын  сым  немесе  кәбілдің  осы  желіге  орнатылған  сақтандырғыштармен 
немесе  автоматты  ажыратқыштармен  қорғалады.  Жылжымалы  сынақ  қондырғысын 
желіге қосуды осы желіні пайдаланатын ұйымның ӛкілдері жүргізеді. 
479.  Сыналатын  жабдық  пен  сынақ  қондырғысының  арасындағы  жалғағыш  сым, 
алдымен, оның жерге қосылған жоғары кернеу шықпасына жалғанады. 
Жалғанатын 
сымды 
осы 
Қағидалардың 
10-қосымшасының 
1-кестесінде
 
кӛрсетілгеннен  кем  емес  қашықтықта  кернеу  беріліп  тұрған  ток  ӛткізгіш  бӛліктерге 
жақындауын (түйісуін) болдырмайтындай етіп бекітіледі. 
Жалғағыш  сымды  фазаға,  сыналатын  жабдықтың  полюсіне  немесе  кәбілдің 
талсымына  жалғауға  немесе  оның  ажыратуға  жұмыстың  сынақ  басшысының  нұсқауы 
бойынша  және  оларды  жерге  тұйықтағыш  пышақтарды  немесе  тасымалды  жерге 
тұйықтап орнату арқылы жерге тұйықтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі. 
480. Әрбір сынақ кернеуін берудің алдында жұмыс жүргізуші мынадай іс-шараларды 
орындайды: 
1)  схема  құрастырмасының  дұрыстығын  және  жұмыстық  және  қорғағыштық  жерге 
тұйықтағыштың сенімділігін тексереді; 
2)  бригаданың  күзетке  тағайындалған  мүшелері  мен  жұмыскерлердің  кӛрсетілген 
орындарды  бар-жоқтығын,  бӛтен  адамдардың  шеттетілгенін  және  жабдыққа  сынақ 
кернеуін беруге болатын-болмайтындығын тексереді; 
3)  кернеудің  берілуін  бригадаға  «Кернеу  беремін»  деген  сӛзбен  ескертеді  және 
ескертуді  бригаданың  барлық  мүшелері  естігеніне  кӛз  жеткізгеннен  кейін  сынақ 
қондырғысының шықпасынан жерге қосу құралын алып, оған 380/220 В кернеу береді. 
481. Жерге тұйықтау алынған және қондырғының шыққан сәтінен бастап, сыналатын 
жабдықты және жалғағыш сымдарды қоса отырып, сынақ қондырғысына түгелдей кернеу 
келіп  тұр  деп  есептелінеді  және  сынақ  схемасы  мен  сынақтан  ӛтіп  жатқан  жабдықта 
қандай да бір жалғау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. 
482. Сынақ қондырғысының шықпасына кернеу берілген сәтте бастап сынақтан ӛтіп 
жатқан  жабдықта  болуға,  сондай-ақ  сынақ  қондырғысының  корпусына  жерде  тұрып 
жанасуға,  жылжымалы  зертханаға  кіруге  және  одан  шығуға,  жылжымалы  зертхананың 
кузовына жанасуға жол берілмейді. 
483.  Кәбілді  сынауды  және  күйдіруді  жерге  тұйықтау  құрылғылары  бар  пункттер 
жағынан бастау талап етіледі. 
484. Сынақтар аяқталған соң жұмыс жүргізуші сынақ қондырғысының кернеуін нӛлге 
дейін  тӛмендетеді,  оны  кернеуі  380/220  В  желіден  ажыратады,  қондырғыны  жерге 
тұйықтайды және ол туралы бригадаға:  «Кернеу түсірілді» деген создермен хабарлайды. 
Одан кейін ғана сымдарды жалғауға немесе сынақтар толық аяқталған жағдайда, оларды 
сынақ қондырғысынан ажыратуға және қоршауларды алып тастауға жол беріледі. 
Анағұрлым  сыйымды  жабдықты  (кәбілдер,  генераторлар)  сынағаннан  кейін  ондағы 
қалдық заряды арнайы разрадтағыш штанганың кӛмегімен түсіріледі. 
  
  


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал