Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет8/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ток өткізгіш бөліктерде және оларға жақын маңда кернеу түсірілмей жүргізілетін 
жұмыстар 
  
370.  Жұмысты  тіректен,  телескопиялық  мұнарадан  оқшаулағыш  элементсіз  су 
кӛтергіштен  немесе  адамдарды  кӛтеретін  басқа  да  механизмнен  жүргізген  кезде, 
құралдарды,  құрал-сайманды,  арқансымды  және  тартқышты  қолданып  жұмыс  істеп 
жатқан  қызметкерде  1000  В  дейін  кернеу  беріліп  тұрған  сымға  (электр  тоғын  бергіш, 
радио хабарды таратқыш, телемеханикалық) дейінгі аралық 0,6 м кем болмауы тиіс. 
371. Кернеуі  1000 В дейінгі  ӘЖ 0,6 м кем аралықта сымдарға  (электр тоғын бергіш, 
радио  хабар  таратқыш,  телемеханикалық)  жақындау  мүмкіндігі  бар  жұмыстарды 
жүргізгенде,  бұл  сымдар  токтан  ажыратылады  және  жұмыс  жүргізілетін  орында  жерге 
қосылады. 
372. Кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ-де және кернеуі 1000 В жоғары желілердің тіректеріне 
ілінген  кӛшелерді  жарықтандыру  желілерінде  сымдарды  қайта  тарту  және  ауыстыру 
жұмыстары  кернеуі  1000  В  дейінгі  және  одан  жоғары  желілердің  барлығын  ажыратқан 
және жұмыс учаскесінің екі жағынан да жерге қосылған жағдайда жүргізіледі. 
Жұмыстарды  наряд  бойынша  құрамында  екіден  кем  емес  жұмыскері  бар  бригада 
орындайды; жұмыс жүргізушінің электр қауіпсіздігі бойынша IV топ болуы тиіс. 
373.  ӘЖ-де  кернеуді  түсірмей  жұмыстар  орындаған  кезде,  персоналдың  қауіпсіздігі 
тӛмендегі екі схеманың бірі бойынша жүргізіледі: 
бірінші схема: кернеу келіп тұрған сым - оқшаулау - адам - жер. 
Бұл схема екі әдіспен іске асырылады: 
1)  негізгі  қорғаныс  құралдары  диэлектрлік  қолғаптар  мен  оқшауланған  құрал 
болғанда,  байланыстағы  жұмыс.  Бұл  әдіспен  кернеуі  1000  В  дейінгі  жұмыстар 
орындалады. 
2)  жұмыстар  негізгі  (оқшаулағыш  сом  темірлер,  тістеуіктер)  және  қосымша 
(диэлектрлік  қолғап,  етік,  жапсырмалар)  электрден  қорғау  құралдарын  пайдаланып, 
қашықта орындалатын жұмыс. Бұл әдіс кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ-де қолданылады
екінші схема: кернеу келіп тұрған сым  - адам - оқшаулау  - жер. Бұл схема бойынша 
жұмыстарға мынадай шарттарда жол беріледі: 
1)  жұмыс  жүргізушінің  тиісті  кернеудің  арнайы  құрылғылары  арқылы  жерден 
оқшаулау; 
2) экрандағыш жинақты қолдану
3) экрандағыш жинақтың, жұмыс алаңының және персонал әлеуеті үшін арнайы сом 
темір  сымын  тегістеу.  Жұмыс  кезінде  қызметкерден  жерге  қосылған  бӛліктерге  және 
жабдыққа  дейінгі  қашықтық  осы  Қағидаларға 
10-қосымшаның 
1-кестесінде
 
кӛрсетілгеннен кем емес. 
374.  Сым  әлеуеттері  астындағы  жұмыстың  нақты  түрлері  ЖҰҚ  (ЖЖҚ)  бойынша 
орындалады. 
375. Кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ-де сымдарының әлеуеттері астындағы (ток ӛткізгіш 
бӛліктерге  тікелей  жанасу  арқылы)  жұмыстары  электр  қауіпсіздігі  бойын  IV  топ 
қызметкері, ал III топ бригаданың қалған мүшелері орындайды. 

376. Сымның әлеуетінен ӛзге әлеует астында тұрған оқшаулағыштар мен арматураға 
жанасуға,  сондай-ақ  сым  әлеуеті  астында  тұрған  оқшаулағыш  құрылғының  алаңында 
жұмыс  жүргізілгенде,  осы  алаңда  тұрмаған  жұмыскерлерді  құралды  немесе  құрал-
саймандарды беру немесе алуға тыйым салынады. 
377.  Оқшаулағыш  аспаларда  жұмыс  бастар  алдында  ӛлшегіш  сом  темірмен  фарфор 
оқшаулағыштардың  электр  тӛзімділігі  тексеріледі.  Шығарым  қысқыштар  болса,  оларды 
жұмыс  орындалатын  тірекке  және  кӛршілес  (егер  жол  бедері  бойынша  талап  етілсе) 
тіректерге сыналап қағу талап етіледі. 
378.  Оқшаулағыш  аспада  оны  қайта  тізбектеу,  жекелеген  оқшаулағыштарды, 
арматураны ауыстыру бойынша оқшаулағыш құрылғыларда немесе траверстерде болатын 
жұмыстарға аспадағы жарамды оқшаулағыштар 70%-дан кем емес, ал кернеуі 750 кВ ӘЖ-
де бір аспада ақаулы оқшаулағыш бестен кӛп болмаған кезде рұқсат беріледі. 
379. Траверсте орындалатын оқшаулағыш аспаларды қайта тізбектеу, кезінде қажетті 
құрал-саймандарды  траверске  орналастыруда  және  алып  тастауды  диэлектрлік 
қолғаптарды  киіп,  ал  кернеуі  330  кВ  және  одан  жоғары  ӘЖ-де  экрандағыш  жинауын 
орындау талап етіледі. 
380. Кернеуі 35 кВ ӘЖ-де оқшаулағыш аспада ақаусыз екі оқшаулағыш болса, оның 
бірінші  оқшаулағышының  шапкасына,  ал  кернеуі  110  кВ  және  одан  жоғары  ӘЖ-де  - 
бірінші  және  екінші  оқшаулағыштардың  шапкасына  жанасуға  рұқсат  етіледі. 
Оқшаулағыштардың шоты траверстен жүргізіледі. 
381.  ӘЖ-дегі  кернеу  35-110  кВ  кезінде  түтікті  разрядтағышты  кернеу  астында 
орнатуға  разрядтағыштың  сыртқы  электродының  сымға  жақындауға  болатын  берілгіш 
қашықтықтан  кем  қашықтықта  жақындауын  болдырмайтын  оқшаулағыш  аспалы 
габаритник қолдануға жол беріледі. 
382.  Разрядтағыштың  сыртқы  электродын  сымға  жақындатқанда  немесе 
разрядтағышты  түсірген  немесе  электродты  сымнан  алыстатқан  уақытта  пайдаланылған 
газдардың  сыртқа  шығуы  мүмкін  аймақта  болуға  рұқсат  берілмейді.  Разрядтағыштың 
сыртқы  электродын  оқшаулағыш  сом  темірдің  кӛмегімен  жақындату  немесе  алыстату 
талап етіледі. 
Тіректен  оқшаулатылған  найзағайдан  қорғайтын  арқансымға  1  метрден  кем 
қашықтықта жақындауға рұқсат берілмейді. 
383. Мұз еріту схемасында арқансым пайдалану кезінде арқансымға жақындауға жол 
берілген аралық мұз ерітуге жұмсалатын кернеуге байланысты анықталады. 
384. Кернеу келіп тұрған ӘЖ-де, ӘБЖ-де тұман түскенде, жаңбыр және қар жауғанда, 
тәуліктің қараңғы мезгілінде, сонымен қатар тіректердегі жұмыстарды қиындататын жел 
кӛтерілгенде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 
  
  
Жұмыс істеп тұрған ӘЖ-мен қиылысу аралықтарындағы жұмыстар 
  
385.  Сымдар  мен  арқансымдарды  монтаждағанда  немесе  ауыстырғанда,  тартпа 
контактілерді  кернеу  келіп  тұрған  сымдарға  қарай  түйістіруге  және  жақындатуға  жол 
бермейтіндей  бағыттап  байыппен,  жұлқыламай  тартып  жазу  талап  етіледі.  Бір  жаққа 
қарай,  одан  кейін  кері  тартып  созу  үшін  кенептен  және  синтетикалық  талшықтан 
жасалған  арқандар,  олардың  ең  аз  ұзындығын  таңдалып  және  босаңсытпай  тартылып 
қолданылады. 
Жұмыс  кезінде  пайдаланылатын  шығыршықтар  мен  болат  арқансымдар  жерге 
тұйықталады. 
386.  Әрбір  барабанның  сымын  (арқансымын)  илеу  алдында,  оның  ұштарын 
барабанның тӛлкесіне жалғап жерге тұйықталады, ал барабан білігі жерге тұйықтағышқа 
немесе барабанға жақын тірекке жалғанады. 

387.  Монтаждау  жұмыстарын  (нысаналау,  созу,  роликтен  қысқыштарға  ауыстырып 
салу)  бастау  алдында  иленген  сым  (арқансым)  екі  жерден:  созу  қысқышына  жақын 
бастапқы  анкер  тірегінде  және  ол  арқылы  созу  жүргізілетін  түпкілікті  тіректе  жерге 
тұйықталады. Бұдан басқа, жерге тұйықтау жұмыс жүргізілетін әрбір аралық тіректердегі 
сымға (арқансымға) салынады. 
388. Металдан иленген роликтерде немесе қысқыштарда жатқан сым немесе арқансым 
үшін  осы  роликтердің  (қысқыштардың)  құрсамаларын  жерге  тұйықтау  жеткілікті  болып 
табылады.  Роликтің  (қысқыштың)  металл  құрсамасы  шеңбері  мен  бетон  тіректің  металл 
денесі  немесе  арматурасы  арасындағы  табиғи  металл  түйісуі  кезінде  металл  роликті 
(қысқышты) жерге тұйықтау бойынша қосымша іс-шаралар талап етілмейді. 
389.  Оқшаулағыш  буыны  жоқ  телескопия  мұнарасынан  (кӛтергіштен)  сымдардағы 
жұмыс  кезінде  мұнараның  жұмыс  алаңы  сом  темірдің кӛмегімен  желідегі  сымға  қимасы 
кемінде  10  мм
2
  иілгіш  мыс  ӛткізгішпен  жалғастырылады,  ал  мұнараның  ӛзі  жерге 
қосылады. 
Бұл кезде сым жақын маңдағы тіректе немесе аралықта жерге қосылады. 
390. Телескопия мұнарасының жұмыс алаңын сыммен жалғағаннан кейін, мұнараның 
кабинасына  кіруге  және  одан  шығуға,  сондай-ақ  жерде  тұрып  мұнараның  корпусына 
жанасуға рұқсат берілмейді. 
Ұшы жоқ арқан ретінде металл арқанды пайдалануға рұқсат берілмейді. 
391.  Анкерлі  тіректегі  ілгектерді  (шлейфтерді)  сол  тірекпен  шектес  анкерлік 
аралықтағы монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жалғанады. 
Кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ анкерлі тірегінде ілмектер оларды жалғағанға 
дейін  сымдарға  немесе  созғыш  оқшаулағыш  аспаларға  бекітіледі,  бірақ  траверстен 
санағанда  тӛртінші  оқшаулағыштан  жақын  емес,  ал  кернеуі  35  кВ  және  одан  тӛмен  ӘЖ 
тек сымға бекітіледі. 
392. ӘЖ-нің кернеу келіп тұрған басқа ӘЖ мен қиылысатын аралығындағы сымдарда 
жұмыс  орындағанда,  жерге  тұйықтау  құралын  жұмыс  жүргізіліп  жатқан  тірекке  орнату 
керек. 
Егер  бұл  аралықта  сымдар  ілінетін  немесе  ауыстырылатын  болса,  онда  қиылыс 
орнының екі жағынан ілінетін де, ауыстырылатын да сым жерге тұйықталады. 
393.  ӘЖ  (ашық  ТҚ)  қиылысу  аралығында  сымдарды  (арқансымдарды)  және  осы 
сымдардан тӛмен орналасқан, кернеу келіп тұрған, соларға жататын оқшаулағыштар мен 
арматураны  ауыстыру  кезінде  жоғарыда  орналасқан  сымдарды  қырқып  тастамау  үшін 
ауыстырылатын  сымдар  (арқансымдар)  арқылы  кенеп  немесе  синтетикалық 
талшықтардан жасалған арқандар әрі асырыла лақтырылуға тиіс. Арқандарды екі жерден 
қиылысу  орнының  екі  жағынан  олардың  ұштарын  зәкірге  немесе  конструкцияға  бекіте 
отырып лақтыру қажет. Сымды (арқансымды) жайлап және бір қалыпты кӛтеру керек. 
394.  Сымдарда  (арқансымдарда)  және  сол  сымдардан  жоғары  орналасқан,  кернеу 
келіп  тұрған,  сол  сымдарға  жататын  оқшаулағыштарда,  арматурада  жұмыстар  жұмыс 
жүргізу  жобасы  бойынша  жүргізіледі.  Жұмыс  жүргізу  жобасында  сымдардың 
(арқансымдардың)  тӛмендеп  кетуін  болдырмау  және  әсерден  пайда  болған  кернеуден 
қорғау  шаралары  қарастырылуға  тиіс.  Мұндай  жұмыстар  кезінде  сымдарды 
(арқансымдарды)  ауыстыру қиылысатын сымдардан кернеуді  міндетті  түрде түсіргеннен 
кейін барып орындалуға тиіс. 
  
  
ӘЖ ажыратылған бір тізбегіндегі әсерден пайда болған кернеу келіп тұрған көп 
тізбекті ӘЖ жұмыстар 
  
395.  ӘЖ  қызмет  кӛрсететін  персоналдың  қолында  токтан  ажыратылғаннан  кейін 
әсерден пайда болатын кернеу келіп тұратын желілердің тізбесі болуға тиіс, қызметкердің 
бұл  тізбені  оқып,  әсер  мӛлшерін  білуі  керек.  ӘЖ  әсерден  пайда  болған  кернеудің  бар 

екендігі  осы  Қағидалардың 
2  -  қосымшасында
  кӛрсетілген  нарядтың  «Ерекше 
тапсырмалар» деген жолында жазылады. 
396. Ажыратылған ӘЖ және әуе байланыс желісінде әсерден пайда болған кернеу бар 
жағдайда,  электрлік  байланыстағы  учаскелерді  (сымдарды,  арқансымдарды)  жалғаудың 
немесе үзудің алдында бұл учаскелердің әлеуетін теңестіріп алу керек. Әлеуетті теңестіру 
бұл учаскелердің ӛткізгіші арқылы жалғау жолымен немесе болжалды үзіктің екі жағымен 
бір жерге тұйықтағышқа (жерге тұйықтағыш құрылғыға) жалғау арқылы жерге тұйықтау 
жұмысын жүргізу жолымен жүзеге асырылады. 
397.  Әсерден  пайда  болған  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ  тіректен  жерге  жеткенге  дейін 
тӛмен  түсірілген  сымға  жанасуға  қатысты  жұмыстарды  жерде  тұрып  орындағанда, 
электрден  қорғау  құралдарын  пайдалану  қажет  немесе  ондай  жұмыстар  ӛткізгіштердің 
әлеуетін  теңестіру  үшін  осы  сымға  жалғастырылған  металл  алаңда  орындалуға  тиіс. 
Жерде  немесе  металл  аланда  тұрып  электрден  қорғау  құралдарынсыз  жұмыс  істеуге 
сымды  тікелей  әрбір  жанасу  орнына  жақын  маңнан  жерге  тұйықтағанда  ғана  рұқсат 
беріледі. 
398.  Әсерден  пайда  болған  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ  сымдарды  құрастыру  кезінде 
пайдаланылатын  тартқыш  болат  арқандар  алдымен  тартқыш  механизмге  бекітіледі  және 
әлеуетін  теңестіру  үшін  сымды  жерге  тұйықтайтын  жерге  тұйықтағышқа  тұйықталады. 
Осыдан кейін ғана арқанды сымға бекітуге рұқсат етіледі. 
399.  Сым  мен  тартқыш  арқанды  ажырату  олардың  әрқайсысын  ортақ  жерге 
тұйықтағышқа жалғағаннан кейін ажыратуға болады. 
400.  Әсерден  пайда  болған  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ  құрастыру  жұмыстарын 
(сымдарды  кӛтеру,  нысаналау,  созу,  тегістеп  жазғыш  роликтерден  қысқыштарға 
ауыстырып  салу)  жүргізген  кезде  сым  -  созу  жүргізілетін  қарнақты  тіректе  және  сым 
кӛтерілетін әрбір аралық тіректе жерге қосады. 
401.  ӘЖ  немесе  әуе  байланыс  желісінде  электрлік  байланыстағы  учаскелерді 
(сымдарды,  арқансымдарды)  жалғау  немесе  үзу  алдында  осы  учаскелердің  әлеуетін 
теңестіру  қажет.  Әлеуеттерді  теңестіру  осы  учаскелердің  ӛткізгіштерін  жалғау  немесе 
үзіктің  екі  жағынан  жерге  қосу  құралдарын  бір  жерге  тұйықтағышқа  (тұйықтау 
құрылғысына) жалғау арқылы жүзеге асырылады. 
402.  Аралық  тіректе  жұмысты  аяқтағаннан  кейін  осы  тіректегі  сымның  жерге 
тұйықтағышты алуға рұқсат етіледі. Аралық тіректе сымға жанасуға байланысты жұмыс 
жалғастырылған жағдайда, сым сол тіректе қайтадан жерге тұйықталады. 
403.  Әсерден  пайда  болған  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ  сымдарды  тегістеп  жазғыш 
роликтерден сүйемелдеуші  қысқыштарға ауыстырып салу  жұмысын тегістеп жазуға кері 
бағытта  жүргізу  қажет.  Ауыстырып  салудан  бұрын,  сымдарды  соған  қарай  ауыстырып 
салу  жүргізілетін  қарнақты  тіректе  жерге  тұйықталған  күйінде  қалдыра  тұрып, 
ауыстырып салу  басталатын қарнақты тіректегі  сымдардан жерге тұйықтау  құралын алу 
керек. 
404.  Әсерден  пайда  болған  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ  сымдарды  құрастыру  кезінде 
олардан  жерге  тұйықтау  құралын  -  сымдарды  сүйемелдеуші  қысқыштарға  ауыстырып 
салғаннан кейін және аталған тіректе жұмыс аяқталған соң ғана алуға рұқсат етіледі. 
405.  Сымдарды  қысқыштарға  ауыстырып  салу  кезінде,  ауыстырып  салу  аяқталған 
шектес  қарнақты  аралықты  әсерден  пайда  болған  кернеу  деп  қарастыру  қажет.  Онда 
сымдармен жанасуға байланысты жұмыстарды орындауға оларды жұмыс орнында жерге 
тұйықтағаннан кейін ғана рұқсат беріледі. 
406.  Жұмыс  жүргізетін  ұйымдар  әсерден  пайда  болған  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ-нің 
ішінен жұмыс істеп тұрған ӘЖ-нің ең кӛп жұмыстық тогында желілерді ажыратқан және 
жерге қосқан кезде жерге тұйықталған сымдардың ұштарында (ТҚ) әсерден пайда болған 
кернеудің 25 В асатын әлеуеті қалатын желілерді ӛлшеу жолымен анықтап алулары керек. 
Осы  ӘЖ  негізгі  электрден  қорғау  құралдарын  қолданбай  сымдарға  жанасуға 
байланысты орындалатын жұмыстардың барлық түрлері  технологиялық карталар немесе 

жұмыс  жүргізу  жобасы  бойынша  орындалуға  тиіс,  ал  оларда  әсерден  пайда  болған 
кернеудің 25 В аспайтын әлеуеттерін қамтамасыз ету талаптарына қарай, жұмыс орнында 
жерге тұйықтау құралдарының орналасуы кӛрсетіледі. 
407. Егер әсерден пайда болған кернеу беріліп тұрған ажыратылған ӘЖ (тізбекте) бұл 
кернеуді  25  В  дейін  тӛмендету  мүмкін  болмаса,  онда  бір  немесе  шектес  екі  тіректе  ғана 
сымдарды  жерге  тұйықтап  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  ретте  ӘЖ  (тізбекті)  ТҚ  жерге 
тұйықтауға тыйым салынады. Бригаданың жерге тұйықталған тіректерде немесе олардың 
аралығындағы сымдарда жұмыс істеуіне жол берілмейді. 
408.  Қажет  болған  жағдайда  екі  немесе  одан  кӛп  аралықтарда  (учаскелерде)  ӘЖ 
(тізбек) анкерлі тіректерде ілмектерді айыру жолымен электрге байланыссыз учаскелерге 
бӛлінеді.  Мұндай  учаскелердің  жерге  тұйықтау  құралын  орнатқан  желілерінің 
әрқайсысында бір бригада жұмыс істейді. 
409. Кӛп тізбекті ӘЖ бірінен бірі жоғары орналасқан тізбектері токтан ажыратылған 
тізбегінде  жұмыс  істеуге  бұл  тізбек  кернеу  келіп  тұрған  тізбектерден  тӛмен  ілінген 
жағдайда  ғана  жол  беріледі.  Ажыратылған  тізбектің  сымдарын  ауыстыруға  немесе 
реттеуге рұқсат берілмейді. 
410.  Тізбектері  кӛлденең  орналасқан  кӛп  тізбекті  ӘЖ  токтан  ажыратылған  бір 
тізбегінде  жұмыс  істегенде,  тіректерге  кернеуде  қалған  тізбектер  жағынан  қызыл 
жалаушалар  ілінеді.  Жалаушаларды  жерден  2-3  м  биіктікте  жұмыс  жүргізуші  және 
бригаданың III топтағы мүшесі іледі. 
411.  Кернеу  келіп  тұрған  тізбек  жағынан  тірекке  кӛтерілуге  және  осы  тізбекті 
сүйемелдеп  тұрған  траверс  учаскелеріне  ӛтуге  рұқсат  берілмейді.  Егер  тіректің  степ-
болты болса, қай тізбектің астында тұрғанына қарамастан, оның бойымен кӛтерілуге жол 
берілмейді.  Степ-болттар  кернеуде  қалған  тізбектер  жағынан  орналасқан  кезде,  тірекке 
жерде  тұрған  жұмыс  жүргізушінің  немесе  IV  топтағы  бригада  мүшесінің  бақылауымен 
талап етіледі. 
412.  Кӛп  тізбекті  ӘЖ  токтан  ажыратқан  кезде  қалған  тізбе  сымдарына  кернеу  келіп 
тұрғанда жерге тұйықтау құралы жұмыс жүргізілетін әрбір тірекке орнатылады. 
  
  
ӘЖ-ні әрбір фаза бойынша жөндеу 
  
413. ӘЖ әрбір фаза бойынша жӛндеген кезде ТҚ ажыратылған фазаның сымын жерге 
тұйықтауға рұқсат берілмейді. Сым жұмыс орнында ғана жерге тұйықталады. Кернеуі 35 
кВ  және  одан  жоғары  ӘЖ  бір  фазаның  сымдарында  немесе  әрбір  фазаның  сымдарында 
кезекпен жұмыс жүргізген кезде жұмыс орнында жұмыс жүргізіліп жатқан фазаның ғана 
сымы жерге тұйықталады. Сымдарына осы Қағидаларға 
2-қосымшасының
 18-тармағында 
кӛрсетілген қашықтықтан кем қашықтықта жерге қосылмаған фазаларда қалған сымдарға 
жақындауға рұқсат берілмейді. 
414.  Әрбір  фаза  бойынша  жӛндеу  кезінде  жерге  тұйықтау  құралының  сенімділігін 
арттыру  үшін  ол  екі  жеке  қатарлас  жерге  тұйықтағышпен  қосарлы  орындалады. 
Орнатылған жерге қосу құралынан 20 м алыс емес сымда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 
415.  Бірнеше  бригада  бір  мезгілде  жұмыс  істеген  кезде,  ажыратылған  сым  электрлік 
байланыссыз  учаскелерге  бӛлінеді.  Әр  бригадаға  бір  қосарлы  жерге  тұйықтағыш 
орнатылған жеке учаске бӛлініп беріледі. 
416.  Кернеуі  110  В  және  одан  жоғары  ӘЖ-де  әрбір  фаза  бойынша  жӛндеу  кезінде 
жерге  тұйықтау  құралын  орнату  немесе  түсіру  алдында  басқа  разрядты  оқшаулау  үшін 
сым алдын ала доғалы сӛндіргіш сом темірдің кӛмегімен жерге тұйықталады. Штанганың 
жерге  тұйықтағыш  сымы  алдын  ала  жерге  тұйықтағышқа  жалғанады.  Бұл  штанга 
тасымалды  жерге  тұйықтау  құралын  орнатқаннан  (немесе  түсіргеннен)  кейін  ғана 
алынады. 

417. Фазалар кӛлденең орналасқан ӘЖ-де әрбір фаза бойынша жӛндеу кезінде кернеу 
келіп  тұрған  фазалардың  сымдарын  сүйемелдеуші  траверс  учаскесіне  ӛтуге  жол 
берілмейді. 
Кернеуі  35  кВ  және  одан  жоғары  ӘЖ-де  әр  фаза  бойынша  жӛндеу  кезінде 
жұмыстардың талаптары осы Қағидаларға 
2-қосымшасында
 кӛрсетілген нарядтың  «Жеке 
нұсқаулар» деген жолында кӛрсетіледі. 
  
  
Трассаларды ағаштардан тазарту 
  
418. ӘЖ трассаларын ағаштардан тазарту жұмыстары наряд бойынша орындалады. 
419.  Ағаштарды  кесіп  құлату  басталғанға  дейін,  жұмыс  орны  тазартылады.  Қыс 
мезгілінде  құлайтын  ағаштан  жылдам  шегініп  кету  үшін  оның  құлайтын  сызығының 
бұрышы астынан  құлайтын жаққа  қарама-қарсы жаққа қарай қарды ұзындығы 5-6  м екі 
жол  салынады.  Балтамен  шабылған  және  арамен  кесілген  ағаштарға  шығуға  рұқсат 
берілмейді. 
420.  Жұмыс  жүргізуші  жұмыс  басталар  алдында  бригаданың  барлық  мүшелеріне 
құлатылып  жатқан  ағаштарға,  сымдарына  арқандарда  жақындаудың  қауіптілігі  туралы 
ескертіледі. 
421.  Ағаштардың  сымдарға  құлауын  болдырмау  үшін  кесуді  бастағанға  дейін, 
кергіштер қолданылады. 
Ағаштарды арамен кеспей немесе балтамен шаппай құлатуға, сондай-ақ ағашты кесіп 
ӛтетіндей  аралауға  рұқсат  берілмейді.  Еңкейтілген  ағаштарды  еңкейген  жағына  қарай 
құлатылады,  бірақ  ағаштардың  ӘЖ  құлау  қаупі  туса,  оларды  токтан  ажыратқанға  дейін 
құлатуға жол берілмейді. 
422. Ағаш сымға құлаған жағдайда, ӘЖ-нен кернеу алынғанға дейін, оған кемінде 8 м 
қашықтықта жақындауға рұқсат берілмейді. 
423. Құлатылатын ағаштың құлатылуы туралы ағаш кесушілер басқа жұмыскерлерге 
ескертеді. Ағаштар құлайтын немесе оған қарама-қарсы жақта тұруға рұқсат берілмейді. 
424. Жұмыстағы үзіліс кезінде немесе басқа ағаштарға ауысқан кезде, шабылған және 
кесілген ағашты құлатпай қалдырып кетуге рұқсат берілмейді. 
425. Шіріген және қураған ағаштарды құлатпас бұрын олардың беріктігін сынап алып, 
одан кейін араланады. Ондай ағаштарды шабуға рұқсат берілмейді. 
Ағаштарды алдын ала аралап, топтастырып құлатуға және бір ағашты екінші ағашқа 
жығу  арқылы  құлатуға  рұқсат  берілмейді.  Бірінші  кезекте  түбі  шіріген  және  күйген 
ағаштар құлатылады. 
  
  
ӘЖ аралау және тексеру 
  
426.  ӘЖ  аралау  және  тексеру  кезінде  жұмыс  жүргізушіні  тағайындау  міндетті  емес. 
ӘЖ-ні  аралау  кезінде  қандай  да  бір  жӛндеу  немесе  қалпына  келтіру  жұмыстарын 
орындауға,  сондай-ақ  тірекке  және  оның  конструкциялық  элементтеріне  кӛтерілуге 
рұқсат  берілмейді.  ӘЖ  жоғарыдан  тексеру  кезінде  тірекке  кӛтерілуге  жол  берілмейді. 
Мақсатты нұсқаулық ӛткізу міндетті. 
427.  Ӛту  қиын  жерлерде  (батпақ,  сулы  кедергілер,  тау,  ағаш  үйінділері)  және 
қолайсыз  ауа  райы  жағдайында  (жаңбыр,  қар,  қатты  аяз),  сондай-ақ  тәуліктің  қараңғы 
мезгілінде,  бірі  аға  жұмыскер  болып  тагайындалатын  электр  қауіпсіздігі  бойынша  II 
топтағы жұмыскер ӘЖ-ні тексереді. Басқа жағдайларда ӘЖ-ні қарауға электр қауіпсіздігі 
бойынша II топтың бір жұмыскеріне рұқсат беріледі. 
ӘЖ түнгі уақытта тексеру кезінде сымдардың астымен жүруге рұқсат берілмейді. 
Ақауларды іздеген кезде ӘЖ тексерушілер ескерту белгілері мен плакаттарды іледі. 

Аралау кезінде диспетчермен байланыс қамтамасыз етіледі. 
428.  Тұйықталу  тогының  жерге  ену  белгілері  (оқшаулағыштардың  ақауы,  сымның 
тірек  денесіне  жанасуы,  топырақтағы  ылғалдың  булануы,  тіректерде  және  тіректі 
топыраққа  бекіткен  және  басқа  жерлерде  электр  доғасының  пайда  болуы)  байқалғанда 
кернеуі  1000  В  жоғары  ӘЖ  жерде  жатқан  сымына  және  кернеуі  6-35  кВ  ӘЖ  кернеу 
беріліп  тұрған  темір-бетон  тіректеріне  8  м  кем  қашықтықта  жақындауға  рұқсат 
берілмейді.  Мұндай  жағдайларда  сымға  немесе  тірекке  жақын  маңда  күзет 
ұйымдастырылуы,  тұйықталу  орнына  адамдар  мен  жануарлардың  жақындауын 
болдырмау  үшін,  мүмкіндігіне  қарай,  ескерту  белгілері  мен  плакаттар  орнатылуға  және 
ӘЖ иесіне оқиға туралы хабарлау қажет. 
  
  
ӘЖ жолмен қиылысқан және жолға жуықтаған жерде жүргізілетін жұмыстар 
  
429.  ӘЖ-нің  кӛлік  магистралімен  қиылысу  учаскелеріндегі  (теміржолдар,  кеме 
жүретін ӛзендер мен арналар) жұмыстар кезінде кӛлік қозғалысын уақытша тоқтата тұру 
немесе кӛлік қозғалысы кезінде ӘЖ жұмыстарды уақытша тоқтата тұру талап етілгенде, 
наряд  беруші  жұмыскер  жұмыс  орнына  кӛлік  магистралі  қозғалысы  қызметінің  ӛкілін 
шақырады.  Ӛкіл  кӛлік  қозғалысын  қажет  уақытқа  тоқтата  тұруды  қамтамасыз  етеді 
немесе желідегі бригадаға жақындап келе жатқан кӛлік туралы ескертеді. Кӛлікті ӛткізіп 
жіберу үшін қозғалысқа кедергі жасайтын сымдар қауіпсіз биіктікке кӛтеріледі. 
430. ӘЖ-нің тас жолмен және ауыл аралық жолмен қиылысқан учаскелерінде немесе 
жақындасқан  учаскелерінде  жұмыс  кезінде  кӛлік  жүргізушілеріне  ескерту  үшін  немесе 
жол  полициясының  келісімі  бойынша  оның  қозғалысын  тоқтату  үшін  жұмыс  жүргізуші 
тас жолға немесе жолға дабыл берушілерді тұрғызады. 
Дабыл берушілер ӘЖ-нің жолдармен қиылысатын немесе жақындағанда екі жағынан 
100  м  қашықтықта  тұрады  және  күндіз  -  қызыл  жалаушалармен,  ал  түнде  -  қызыл 
шамдармен қамтамасыз етіледі. 
  
  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал