Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет7/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

27. Кәбілдік жұмыстар 
  
299. 
Ұйымдардың, 
елді 
мекендердің 
аумағында, 
сондай-ақ 
жер 
асты 
коммуникацияларының  (электр  кәбілдері,  байланыс  кәбілдері,  газ  құбырлары  және 
басқалары)  қорғалатын  аймақтарындағы  жер  жұмыстары  ұйым  басшылығының  (тиісті) 
жергілікті  билік  органының  және  осы  коммуникациялардың  иесі  жазбаша  рұқсат 
бергеннен  кейін  ғана  басталады.  Рұқсатқа  коммуникациялардың  орналасуы  мен  салыну 
тереңдігі  кӛрсетілген  жоспар  (схема)  қоса  тіркеледі.  Жер  асты  коммуникацияларының 
орналасқан  жері  жоспарда  да  (схемада),  жұмыстар  жүргізілетін  орында  да  тиісті 
белгілермен немесе жазулармен белгіленеді. 
300. Жоспарларда кӛрсетілмеген кәбілдер, құбырлар, жер асты құрылыстары, сондай-
ақ  оқ-дәрі  табылған  жағдайда,  жер  жұмыстарын  табылған  құрылыстардың  кімге 
меншіктілігі  анықталғанға  дейін  және,  жұмысты  жалғастыру  үшін  тиісті  ұйымдардан 
рұқсат алғанға дейін тоқтату қажет. 
301.  Жүргізілетін  жұмыстар  кәбілді  қазып  шығаруға  байланысты  болмаса  жер  қазу 
жұмыстарын  машинамен  1  м  кем  қашықтықта,  ал  сынабалға  және  оған  ұқсас 
механизмдермен кәбіл жолынан 5 м кем аралықта орындауға рұқсат берілмейді. 
Кәбіл  үстіндегі  топырақты  жұмсарту  үшін  жер  қазу  машиналарын,  шой  балғаларды, 
сүймен және балға шоттарды пайдалануға кәбілге дейін қалған топырақ қабатының 0,4 см 
тереңдігінде  рұқсат  етіледі.  Кәбілге  дейін  қалған  топырақты  күрек  пайдаланып,  қолмен 
шығару керек. 
КЖ  қазып  шығару  алдында  ұйымның,  яғни  КЖ  иесінің  бір  қызметкерінің 
қадағалауымен, тексеру мақсатында желіні ашу жұмысы орындалады. 
302. Қысқы уақытта жерді күрекпен қазуға оны жылытып алғаннан кейін кірісу керек. 
Ол кезде жылу кӛзін кәбілдерге 0,15 см кем емес аралықта жақындатуға рұқсат етіледі. 
303.  Қазаншұңқырлар,  орлар  (траншея)  немесе  шұңқырларды  қазу  жұмыстарын 
жүргізген  кезде,  жұмыс  орны  қолданылып  жүрген  құрылыс  нормалары  мен  ережелері 
талаптарын  есепке  ала  отырып,  қоршалады.  Қоршауларда  ескерту  беретін  белгілер  мен 
жазулар, ал түнгі уақытта дабыл қағу жарығы болуға тиіс. 
304. Опырылып құлау қаупі бар жұмсақ немесе ылғалды топырақ жерде (топырақта) 
ор қазу кезінде олардың қабырғалары сенімді нығайтылуға тиіс. 
Сусымалы  топырақты  жерде  қабырғаларды  нығайтпай-ақ,  топырақтың  табиғи 
құламасына сәйкес келетін құламалар орнатып, жұмысты жүргізуге болады. 
Қазаншұңқырдан  немесе  ордан  шығарылған  топырақты  шұңқырдың  ернеуінен  0,5  м 
қашықтықта  үю  керек.  Тереңдігі  2  м  асатын  шұңқырдағы  топырақты  әзірлеу  және 
нығайту жұмыс жүргізу жобасына сәйкес орындалуға тиіс. 
305.  Табиғи  ылғалды  топырақта  жер  асты  сулары  мен  жақын  маңда  орналасқан  жер 
асты  құрылыстары  жоқ  болғанда,  табиғи  ылғалды  топырақта  тік  қабырғалы 
қазаншұңқырлар  мен  орларды  қабырғаларын  нығайтусыз  қазу  жұмыстарын,  үйілген 
құмды  және  ірі  кесекті  топырақта  -  1,25  м  аспайтын,  балшықты  топырақта  және  саз 
топырақта - 1,5 м аспайтын тереңдікте жүргізуге рұқсат етіледі. 
Тығыз  байланысқан  топырақта  тік  қабырғалы  орларды  қабырғаларын  нығайтусыз 
роторлы және ор қазғыш экскаваторлармен 3 м аспайтын терендікте қазуға рұқсат етіледі. 
Мұндай жағдайларда  жұмыскерлерді  ордың  ішіне түсіруге рұқсат  берілмейді. Орлардың 
адамдар  болуы  қажет  жерлерінде  бекіткіштер  орнатылуға  немесе  құламалар  жасалуға 
тиіс. 
Қатқан топырақты (сусымалы топырақтан басқа) қату тереңдігіне бекіту орнатпай-ақ 
дайындауға болады. 
306.  Осы  Қағидалардың 
305-тармағында
  келтірілген  шарттардан  ӛзгеше  шарттар 
жағдайында,  қазаншұңқырлар  мен  орларды  бекіткіштерсіз-ақ  құламалар  немесе  барлық 
биіктігі бойынша тік қабырғалар арқылы дайындауға рұқсат етіледі. 

307.  Тереңдігі  3  м  дейінгі  қазаншұңқырлар  мен  орлардың  бекіткіші,  әдеттегідей, 
инвентарлы болуға және үлгі жобалар бойынша орындалуға тиіс. 
308.  Құламалары  нығыздалмаған  шұңқырларға  (қазаншұңқырларға,  орлар  мен 
арықтарға) жақын жерге құрылыс машиналарын, автокӛліктерді орналастыруға, олардың 
орнын  ауыстыруға,  жұмыс  істеуге,  жүк  кӛтергіш  шығырларды,  құрал-жабдықты, 
материалдарды және т.б. орналастыруға, топырақтың опырылып құлау призмасынан тыс 
жұмыс  жүргізу  жобасы  бекіткен  қашықтықта  немесе  кӛлденеңі  бойынша  шұңқырдың 
құламасының  табанынан  жоғарыда  кӛрсетілген  машиналардың,  құрал-жабдықтардың, 
шығырлардың,  материалдардың  және  т.б.  жақын  тірек  бӛлшектеріне  дейін  осы 
Қағидалардың 
10-қосымшасының 2-кестесінде
 келтірілген қашықтықтан кем қашықтықта 
ғана рұқсат етіледі. 
  
  
Кәбілдер мен муфталарды ілу және бекіту 
  
309.  Ашық  муфталар  ор  арқылы  кӛлденең  тасталған  жұмыр  ағаштарға  сымдардың 
немесе арқансымның кӛмегімен ілінген тақтайға бекітілуге және қораппен жабылуға тиіс. 
Қораптың бір қабырғасы алынбалы болуға және шегесіз бекітілуге тиіс. 
310.  Кәбілдерді  ілу  үшін  кӛршілес  кәбілдер  мен  құбырларды  пайдалануға  рұқсат 
берілмейді. 
311. Кәбілдерді жылжып кетпейтіндей етіп ілу керек. 
312. Қазылып алынған кәбілдерді жауып тұратын қораптарға: «Тоқта! Кернеу» деген 
қауіпсіздік плакаты ілінеді. 
  
  
Кәбілді кесу, муфталарды ашу 
  
313.  Кәбілді  кесу  немесе  муфталарды  ашу  алдында  жұмыстың  жӛнделуге  тиісті 
кәбілде  жүргізілетініне,  ол  кәбілдің  токтан  ажыратылғанына,  оның  екі  жағынан  жерге 
қосылғанына және қажетті техникалық шаралардың орындалғанына кӛз жеткізу керек. 
314. Жӛнделуге тиісті кәбілді анықтау жолдары: 
1)  кәбіл  туннельде,  коллекторда,  арнада  салынған  болса  -  кәбіл  жолы  бойымен 
бақылай  қарап  шығу,  сызбалар  мен  схемаларды  жайып  қойып  салыстыра  тексеру, 
биркалар бойынша тексеру
2)  кәбілді  жерге  салынған  болса  -  оның  орналасуын  схемалар  арқылы  салынғаны 
бойынша салыстыра тексеру. 
Бұл  мақсатта  алдын  ала  барлық  кәбілдерді  кӛруге  мүмкіндік  беретін  бақылаушы  ор 
(шурф) кәбілдерге кӛлденең қазылуға тиіс. 
315. Кәбілдің кӛзге кӛрінетін ақауы жоқ болса, барлық жағдайда кәбілді кәбіл іздегіш 
аппаратпен анықтайды. 
316.  Кәбілді  кесу  немесе  жалғағыш  муфтаны  ашу  алдында  кернеу  жоқтығын 
оқшаулағыш  штангадан  және  темір  инеден  немесе  кескіш  ұштамадан  тұратын  арнайы 
аспаппен тексеріп алу керек. 
Бірнеше  кәбіл  салынған  үңгіржолдарда,  коллекторларда,  құдықтарда,  орларда  және 
басқа да кәбіл құрылыстарында арнайы аспап қашықтан іске қосылатын болуы керек. Бұл 
аспап кәбілдің сыртқы орауын талсымдарға дейін тесіп ӛтіп, олардың ӛзара тұйықталуын 
және жерге қосылуын қамтамасыз етуге тиіс. 
Кәбіл тесілген жерінде алдын-ала экранмен жабылуға тиіс. 
317.  Кәбілді  тесу  кезінде  арнайы  киім  киіп,  диэлектрлік  қолғаптарды  және  бет  пен 
кӛзді  қорғайтын  құралдарды  пайдалану  қажет,  бұл  кезде  ордың  үстінде  тесіліп  жатқан 
кәбілді мүмкіндігінше қашық және оқшаулағыш табан үстінде тұру қажет. 

Кәбілді  тесу  жұмысын  екі  жұмыскер:  рұқсат  беруші  мен  жұмыс  жүргізуші  немесе 
жұмыс жүргізуші мен жұмыстарға жауапты басшы орындауға тиіс; олардың біреуі тікелей 
кәбілді теседі, ал екіншісі бақылау жасап тұрады. 
318.  Егер  кәбілден  бұлінуі  нәтижесінде  барлық  ток  ӛткізгіш  талсымдар  ашылатын 
болса,  кернеу  жоқтығын  кәбілді  теспей-ақ,  тікелей  кернеу  кӛрсеткіші  арқылы  тексеруге 
болады. 
319. Тескіш аспапты жерге қосу үшін жерге 0,5 м кем емес тереңдікте енгізілген жерге 
қосқышты  немесе  кәбіл  сауытын  пайдалануға  болады.  Жерге  қосу  ӛткізгішті  сауытқа 
жалғау үшін қамыттарды пайдалану қажет; қамыт астындағы сауыт тазаланып сүртілген 
болуы керек. 
Сауыт тотығуға ұшыраған жағдайда, жерге қосу ӛткізгішті кәбілдің металл қабығына 
жалғауға рұқсат етіледі. 
320.  Электр  станциялары  мен  қосалқы  станцияларда  сызбаларды,  биркаларды,  кәбіл 
іздегіш  аппаратты  қолданып,  кәбілдердің  ұзындығы  мен  салу  тәсілі  арқылы  жӛнделуге 
тиісті  кәбілді  дәл  анықтауға  мүмкіндік  болса,  наряд  берушінің  шешімімен  кәбілді 
кеспестен және муфталарды ашпастан бұрын кәбілді теспеуге болады. 
321.  Алдын  ала  тесу  жасалмаған  жағдайда,  жалғағыш  муфталарды  ашу  және  кәбілді 
кесу жұмыстарын  жеге тұйықтау  құралы арқылы диэлектрлік қолғаптарды киіп, бет пен 
кӛзді  қорғайтын  құралдарды  пайдалана  отырып,  оқшаулағыш  табанда  тұрып  орындау 
қажет. 
Алдын-ала  тесу  жұмысы  жасалса,  кәбілдегі  сол  жұмыстарды  жоғарыда  аталған 
қауіпсіздік шараларынсыз-ақ орындауға рұқсат етіледі. 
  
  
Кәбіл массасын қыздыру және муфталарға құю 
  
322.  Муфталарға  құйылатын  кәбіл  массасы  қақпағы  мен  шүмегі  бар  арнайы  металл 
ыдыста қыздырылуға тиіс. 
Ішінде  кәбілді  массасы  бар,  қақпағы  ашылмаған  банканы  қыздыруға  рұқсат 
берілмейді. 
323. Муфталарға кәбіл массасын құю бойынша жұмыс арнайы киім, брезент қолғаптар 
және қорғаныс кӛзілдірігін кию арқылы орындалады. 
324. Дәнекерді қыздыру, түсіру және тасымалдау жұмыстарын брезент қолғаптар мен 
сақтандырғыш кӛзілдіріктер киіп орындау қажет. Дәнекер немесе масса құйылған ыдысты 
бір  қолдан  екінші  қолға  беруге  рұқсат  берілмейді,  тасымалдау  үшін  алдымен  ыдысты 
жерге қою қажет. 
Муфталарға  құюға  арналған  балқытылған  дәнекер  мен  қыздырылған  қоспаны 
карабиннің  кӛмегімен  металл  сымға  ілінген  арнайы  жабық  ыдысқа  құйып,  содан  кейін 
құдыққа түсіру қажет. 
325.  Балқытылған  массаны  металдан  істелінген  араластырғышпен  араластыру  керек, 
ал  балқытылған  дәнекердің  бетіндегі  күйені  құрғақ  металл  ожаумен  алып  тастау  керек. 
Араластырғыш  пен  ожауды  қолданар  алдында  қыздырып  алу  керек.  Ыстық  масса  мен 
дәнекерге ылғал түспеуге тиіс. 
326.  Жылдың  суық  мезгілдерінде  жалғаушы  және  шеткі  муфталарға  ыстық  қоспа 
құймастан бұрын, оларды қыздырып алу қажет. 
327.  Кәбіл  массасын  кәбіл  құдықтарында,  үңгіржолдарда,  кәбіл  құрылыстарында 
қыздыруға рұқсат берілмейді. 
  
  
Кәбілді салу және қайта салу, кәбіл муфталарын тасымалдау 
  

328. Кәбілді  барабанды домалатқанда, оны  шығыңқы жерлері  киімді  кей жерлерінен 
іліп кетпеуі үшін шаралар қолданылуы керек. 
Барабанды  домалату  бойынша  жүргізілетін  жұмыстың  алдында  кәбілдің  ұштарын 
бекіту және барабаннан шығып тұрған шегелерді суырып тастау қажет. 
Кәбілді барабанды қатты топырақтың үстіне кӛлденең салынған тегіс беттің бойымен 
немесе тежегіш құрылғысы бар тӛсемнің бетімен домалатуға болады. 
329.  Кәбілді  қолмен  салғанда  жұмыскерлердің  саны  былай  анықталады:  әрбір  ер 
адамға массасы 35 кг аспайтын, ал әйелдер үшін 15 кг массасы бар кәбіл учаскесі бӛлінуге 
тиіс. Жұмыс брезент қолғап киіп орындалады. 
330.  Кәбіл  салу  кезінде  бұрылыстың  ішкі  бұрыштарында  тұруға,  сондай-ақ  жол 
бұрылыстарында  кабільді  қолмен  кӛтеріп  ұстап  тұруға  рұқсат  берілмейді.  Мұндай 
мақсатта бұрыштық роликтер орнатылуға тиіс. 
331.  Кәбілді  электр  тогымен  қыздырғанда  кернеуі  380  В  жоғары  трансформаторды 
қолдануға рұқсат берілмейді. 
332.  Кәбілдерді  қайта  салу  және  муфталарды  тасымалдау  жұмысы  кәбілді 
ажыратқаннан кейін орындалады. Кернеу беріліп тұрған кәбілдерді ауыстыруға тӛмендегі 
жағдайларда рұқсат етіледі: 
1) қайта салынатын кәбілдің температурасы 5
о
С кем болмауы тиіс; 
2)  кәбілдің  қайта  салынатын  учаскесіндегі  муфталар,  қамыттар  арқылы  тақтайларға 
бекітілуге тиіс; 
3)  жұмыс  істеу  үшін  диэлектрлік  қолғапты  пайдалану  керек,  механикалық 
бүлінулерден қорғау үшін оның сыртынан брезент қолғап кию қажет; 
4)  жұмысты  кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  V  топтағы  жұмысқа 
жауапты басшының, кернеуі 1000 В дейінгі электр қоңдырғыларында IV топтағы жұмыс 
жүргізушінің  бақылауымен  кәбіл  салу  жұмысында  тәжірибесі  бар  жұмыскерлер 
орындауға тиіс. 
  
  
Жер асты құрылыстарындағы КЖ жұмыс істеу 
  
333.  Жер  асты  КЖ  жұмыстарды,  сондай-ақ  соларға  түсіп  тексеруді  наряд  бойынша 
кемінде үш жұмыскер, оның екеуі сақтандырушылар, орындауға тиіс. Жұмыс орындаушы 
мен  сақтандырушы  жұмыскерлер  арасында  байланыс  орнатылуға  тиіс.  Жұмыс 
жүргізушінің біліктілік тобы IV болуы керек. 
334.  Әрбір  цехта  (ауданда,  учаскеде)  ұйым  басшысы  бекіткен  газға  қауіпті  жер  асты 
құрылыстарының тізбесі болуы керек, ол тізбемен жедел жұмыс атқаратын жұмыскерлер 
таныстырылуға тиіс. 
Барлық газға қауіпті жер асты құрылыстары жоспарда белгіленуге тиіс. Газға қауіпті 
тұрақ-жайлардың  люктері  мен  есіктері  мұқият  жабылуға  және  мемлекеттік  стандартқа 
сәйкес белгілері болуға тиіс. 
335. Жер асты құрылысында жұмыстың алдында және жұмыс кезінде табиғи жолмен 
немесе  мәжбүрлі  желдету  қамтамасыз  етіледі  және  ауада  20%  кем  болмауға  тиіс  оттегі 
құрамына талдау жасалынуы керек. 
Табиғи  желдету  кемінде  екі  люкті  ашу  және  олардың  жанына  ауа  ағынын  бағыттап 
тұратын  арнайы  қалқа  орнату  арқылы  жүзеге  асырылады.  Жұмыс  басталар  алдындағы 
табиғи желдету 20 минуттан кем болмауы керек. 
Мәжбүрлі желдету жер асты құрылысындағы ауа толық алмасқанға дейін 10-15 минут 
тӛмен түсірілген, түбіне 0,25 м жетпейтін шланг кӛмегімен желдеткіш немесе компрессор 
пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. 
Желдету  үшін  сығылған  газы  бар  баллондарды  қолдануға  рұқсат  берілмейді.  Егер 
табиғи немесе мәжбүрлі желдету зиянды заттардың толық жойылуын қамтамасыз етпесе, 

тыныс  органдарын  оқшаулайтын  құралдарды,  оның  ішінде  ӛңешті  противогазды 
қолданған кезде ғана жер асты құрылысына түсуге рұқсат беріледі. 
336.  Жер  асты  құрылыстарында  газдануды  тексеріп  алмай  жұмысқа  кірісуге  рұқсат 
берілмейді.  Тексеру  жұмысын  аспаптарды  пайдалануға  үйретілген  қызметкерлер 
жүргізеді. Мұндай қызметкерлердің тізімі ұйым бойынша нұсқаулықпен бекітіледі. 
Газдың жоқтығын ашық оттың кӛмегімен тексеруге рұқсат берілмейді. 
337.  Ағынды-тарту  желдеткішімен  жабдықталған  коллекторларда,  үңгіржолдарда 
ағынды-тарту  желдеткіші  жергілікті  талаптарға  сәйкес  белгіленетін  мерзімдерде  іске 
қосылуға тиіс. Бұл жағдайда газ жоқтығын тексермеуге рұқсат етіледі. 
338. Коллекторлар мен үңгіржолдарда екі люк немесе екі есік, жұмыскерлер солардың 
арасында  болуы  үшін,  ашық  тұруға  тиіс.  Ашық  люктің  жанында  ескерту  беретін  белгі 
қойылуы  немесе  қоршау  жасалынуы  керек.  Жұмыс  басталғанға  дейін  бригада  мүшелері 
кездейсоқ  жағдайларда  жер  асты  құрылыстарынан  кӛшіру  жоспарымен  таныстырылуға 
тиіс. 
339. Құдықтарды ашу кезінде ұшқын пайда болдырмайтын сайманды қолдану қажет, 
сонымен қатар люктің қақпағы оның мойын ернеуіне ұрылуын болдырмау керек. 
Құдықтың  ашық  люгінің  қасына  ескерту  беретін  белгі  қойылуы  немесе  қоршау 
жасалынуы керек. 
340. Құдықтың ішінде болуға және жұмыс істеуге III топтағы бір жұмыскерге рұқсат 
етіледі,  ол  сақтандырғыш  арқаны  бар  сақтандыру  белдігін  қолдануға  тиіс.  Сақтандыру 
белдігінің  жон  арқадан  айқасатын,  иыққа  ілінетін  қайысы,  айқасқан  жерінде  арқанды 
бекітетін  шеңбері  болуға  тиіс.  Арқанның  екінші  ұшын  сақтандырушы  қызметкерлердің 
біреуі ұстауға тиіс. 
341.  Коллекторда,  үңгіржолдарда,  кәбілдік  жартылай  қабаттарда  және  ӛзге 
құрылыстарда отқа қатысты жұмыстарды жүргізген кезде, жұмыс жүргізу тәртібі жұмыс 
істеп тұрған кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) жауапты адамымен келісілуге тиіс. 
Отқа қатысты жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттама берілуге тиіс. 
342. Отқа қатысты жұмыстарды орындау кезінде отқа тӛзімді материалдан істелінген, 
жалынның  ӛршуін  тежейтін  қалқаншалар  қолданылуға  және  ӛрт  болдырмау  шаралары 
қабылдануға тиіс. 
Құдықтағы жұмыстар кезінде олардың ішінде дәнекерлеу шамдарын жағуға, пропан-
бутан  газы  бар  баллондарды  орнатуға,  муфтаға  құйылатын  қоспалар  мен  дәнекерді 
қыздыруға рұқсат берілмейді. 
343.  Кәбіл  салынған  коллекторларда,  үңгіржолдарда,  кәбілдік  жартылай  қабаттарда 
және  басқа  үй-жайларда  пропан-бутанды  пайдаланатын  жұмыста  үй-жайлардағы 
баллондардың жалпы сыйымдылығы 5 литрден аспауы керек. 
Жұмыс аяқталғаннан кейін газы бар баллон әкетіліп, ал үй-жай желдетілуге тиіс. 
344.  Кәбілді  күйдіру  кезінде  құдықтың  ішінде  болуға  рұқсат  берілмейді,  ал 
үңгіржолдарда  және  коллекторларда  екі  ашық  есіктің  арасындағы  жерде  болуға  рұқсат 
етіледі. Кәбілдерді күйдіріп жатқанда оларда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 
Күйдіріп болған соң, ӛрт шығып кетпеуі үшін кәбілдерді тексеру қажет. 
345. Жұмысқа рұқсаттама берудің және үңгіржолдарда ӛрттен қорғау құрылғыларын 
тексерудің  алдында,  автоматты  іске  қосу  қашықтан  басқаруға  кӛшірілуге  және:  «Токқа 
қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді. 
346.  Құдықтарда,  коллекторларда,  үңгіржолдарда  шылым  шегуге,  сондай-ақ  ашық 
люктерден  5  метрден  кем  аралықта  сіріңке  жағуға,  ашық  от  пайдалануға  рұқсат 
берілмейді. 
347.  Құдықтарда,  коллекторларда,  үңгіржолдарда  ұзақ  уақыт  жұмыс  істегенде, 
олардың ішінде болу уақытын жұмыс орындау шарттарына байланысты наряд-рұқсаттама 
беруші белгілеуге тиіс. 

348.  Газ  пайда  болғанда  құдықтарда,  коллекторларда  және  үңгіржолдарда  жұмыстар 
тоқтатылып,  газдану  кӛзін  анықтағанша  және  оны  жойғанша  жұмыскерлер  қауіпті 
аймақтан шығарылуға тиіс. 
Газды ығыстырып шығару үшін мәжбүрлі желдету қолданылуға тиіс. 
3  49.  Құдықтардағы  және  үңгіржолдардағы  жұмыс  орындарын  жарықтандыру  үшін 
кернеуі  12  В  шырақтар  немесе  жарылыстан  қорғалып  жасалған  аккумуляторлы 
қолшамдар  қолданылуға  тиіс.  Шырақтардың  12  В  трансформаторлары  құдықтан  немесе 
үңгіжолдан тыс орналасуға тиіс. 
  
  
28. Әуе электр жеткізу желілері Тіректерде және тіректермен жұмыс істеу 
  
350.  Тіректердің  элементтерін  ауыстыру,  тіректерді  және  ӘЖ  сымдарын  бӛлшектеу 
технологиялық карта немесе жұмыс жүргізу жобасы бойынша орындалуға тиіс. 
351. Тірекке кӛтерілуге және онда жұмыс істеуге оның жеткілікті орнықтылығы мен 
беріктігін, әсіресе табанының мықтылығын тексергеннен кейін рұқсат беріледі. 
352.  Ағаш  тіректердің  беріктігі  0,5  метрдей  тереңдікте  қазып,  ағаштың  шірігендігін 
ӛлшеу  арқылы  тексеріледі.  Темір  бетон  тіректердің  және  жалғамалардың  беріктігін 
анықтау  үшін  құйматаста  жол  берілмейтін  сызаттардың  болмауын,  тіректің 
айналасындағы  топырақтың  отырып  кетуін  және  қабынып  кӛтерілуін,  тіректің 
(жалғаманың)  құйматасының  ақауларын  топырақты  0,5  метрдей  қазып,  тексеріп  алу 
керек. 
353. Металл тіректерде іргетас ақауларының жоқтығы, қарнақты бұрандардың барлық 
қисықтары  мен  гайкаларының  түгел  екендігі,  сымдарды  жерге  қосатын  тартпалардың 
жай-күйі тексерілуге тиіс. 
354.  Беріктігі  күмән  туғызатын  (жеткіліксіз  тереңдетілуі,  топырақтың  қабынып 
кӛтерілуі, ағаштың шіруі, құйматастағы сызаттар) тіректі бекіту қажеттілігі мен тәсілдерін 
сол жерде жұмыс жүргізушімен немесе жұмыстарға жауапты басшымен анықталады. 
Тартпалардың  кӛмегімен  тіректерді  бекіту  бойынша  жұмыстар  тірекке  кӛтерілусіз 
орындалады, яғни телескопиялық мұнарадан немесе қасында тірек орнатылған адамдарды 
кӛтеру  үшін  басқа  механизмнен  немесе  ол  үшін  аспасы  үшін  тірек  бойымен  кӛтерілуді 
қажет етпейтін арнайы бекітілетін құрылғылар қолданылады. 
Тірек бойымен кӛтерілу оны бекіткеннен кейін ғана рұқсат беріледі. 
Сымдардың  және  арқансымдардың  біржақты  тежеуге  есептелмеген  және  уақытша 
осындай тежеуге түсетін тіректер құлаудан сақтау үшін алдын ала бекітіледі. 
Тіректерді  бекіткенге  дейін  сымдардың  тұтастығын  бұзуға  және  тіректерден 
байламдарын шешуге рұқсат етілмейді. 
355.  Тірекке  кӛтеруге  биіктіктегі  жұмыстарға  рұқсат  алған  және  тӛмендегі  энергия 
қауіпсіздігі топтарына жататын бригада мүшелеріне: 
III - тіректің басына дейінгі жұмыстардың барлық түрлерінде; 
II  -  тіректің  басына  дейнгі  жұмыстарда  ӘЖ  ажыратып  орындай,  ал  ажыратылмаған 
ӘЖ  тӛменгі  сылымдарына  дейін  2  м  аралық  қалатын  деңгейден  биік  емес  жерде 
орындауға  рұқсат  етіледі.  Тіректі  сырлау  жұмыстары  бұған  жатпайды.  (Осы 
Қағидалардың 
366-тармағы
). 
Биілікте  жұмыстардың  жекелеген  түрлерін  мұндай  жұмыстарды  орындау  үшін  осы 
Қағидаларда белгіленген топтарға жататын кемінде екі жұмыскер орындайды. 
356.  Ағаш  және  темірбетон  тіректерге  кӛтерілгенде  сақтандыру  белдігінің  жүк  асып 
қоятын арқанды тіреудің сырт жағынан кіргізіледі. 
Оқшаулықтары  істікті  бұрыштағы  тіректерге  ішкі  бұрыш  жағынан  кӛтерілуге  және 
онда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. 
Тіректе  жұмыс  істегенде  сақтандырғыш  белдікті  пайдалану  және  оларды  қолдану 
кезінде екі тармаққа (лаздармен) сүйену талап етіледі. 

Тіректің тіреуінде жұмыс істегенде кернеу келіп тұрған жақын сымдарды кӛзден таса 
тіндей кетпейтіндей болып орналасу талап етіледі. 
Тіректің  бӛлшектерін  ауыстыру  кезінде  олардын  жылжып  немесе  құлап  кету 
мүмкіндігіне жол берілмейді. 
357.  П  және  АП  тәріздес  тіректердің  жеке  және  қосарлы  сүйемелерін  ауыстыру 
кезінде  тіректің  екі  тіреуін  бірден  қазып  шығаруға  рұқсат  берілмейді.  Сүйемелерді 
ауыстыруды  тіректің  бір  аяғынан  басталады;  ондағы  сүйемелерді  ауыстырғаннан  кейін, 
құрсауды  бекітіп,  топырақты  таптап  нығыздаған  соң,  екінші  аяқта  сүйемелерді 
ауыстыруға кіріседі. Қосарланған сүйемелерді кезекпен ауыстыру талап етіледі. 
358.  Сүйемелерді  шығару  немесе  түсіру  кезінде  қазаншұңқырдың  ішінде  болуға 
рұқсат берілмейді. 
359.  Тіректерді  құлату  және  орнату  тәсілдерін,  қажеттілігін  оның  ауытқып  кетуін 
болдырмау  үшін  оларды  бекіту  тәсілдерін  жұмыстың  жауапты  басшысы,  ал  ол 
тағайындалмаса - наряд беруші айқындайды. 
Ілмектері  бар  тартқыштарды  пайдаланған  жағдайда  соңғылары  сақтандырғыш 
құлыптармен жабдықталады. 
Тартқыштар  мен  арқансымдар  тік  тұрғызылған  тіректен  оны  топыраққа  немесе 
іргетасқа бекіткеннен кейін ғана алынады. 
360. Оқшаулағыш аспаларда (оқшаулағыш тізбелімінде) жұмыс істеу кезінде тізбекті 
және кӛп тізбекті (екі немесе одан да кӛп оқшаулағыш тізбелімінде) сүйемелдеуші және 
созылмалы кӛп тізбекті аспалар бойынша орын ауыстыруға рұқсат етіледі. 
Бір  тізбекті  созылмалы  оқшаулағыш  аспада  арнайы  құрал-саймандарды  қолданып 
немесе  аспаның  үстіне  жатып,  дененің  тепе-теңдік  қалпын  реттеу  үшін  қалқаға  аяғын 
тіреп, жұмыс істеуге жол беріледі. 
361.  Сүйемелдеуші  оқшаулағыш  аспада  жұмыс  кезінде  сақтандырғыш  белдіктің  жүк 
артқыш  арқаны  қалқаға  бекітіледі.  Жүк  артқыш  арқанның  ұзындығы  жеткіліксіз  болса, 
белдікке  байланған  екі  сақтандырғыш  арқанды  пайдаланылады.  Бір  арқан  траверске 
байланады, ал алдын ала траверстің сыртынан айналдырылған арқансымды, қажет болған 
жағдайда, бригаданың сақтандырушы мүшесі алып береді. 
362.  Созылмалы  оқшаулағыш  аспада  жұмыс  кезінде  сақтандыру  белдігінің  жүк 
артқыш арқаны траверске немесе сол мақсатқа арналған құрал-сайманға бекітіледі. 
363. Сүйемелдеуші  және созылмалы кӛп тізбекті  оқшаулағыш аспаларда сақтандыру 
белдігінің  жүк  артқыш  арқанын  оқшаулағыштың  жұмыс  жүргізілмейтін  бір  тізбелімінде 
бекітуге  жол  беріледі.  Бұл  жүк  артқыш  арқанды  жұмыс  жүргізіліп  жатқан  тізбелімге 
бекітуге рұқсат берілмейді. 
Оқшаулағыш  аспаның  босап  кетуіне  әкелуі  мүмкін  ақаулар  табылған  жағдайда, 
жұмыс тоқтатылады. 
364.  Траверстерді  сымдарды,  арқандарды  кӛтеріп  шығарғанда  (немесе  тӛмен 
түсіргенде), сондай-ақ оларды созған кезде, осы траверстердің немесе тіреулердің астында 
болуға рұқсат берілмейді. 
365.  Жүкті  кӛтеру  схемасын  тандау  және  кӛтергіш  блоктарды  орналастыру  тіректің 
ақауын тудыратын әрекеттерді болдырмайтын есеппен жасалуға тиіс. 
366. Тіректің ұшына дейін кӛтеріліп, оны сырлауды электр қауіпсіздігі бойынша II топ 
қызметкері  осы  Қағидалардың 
355-тармағының
  талаптарын  сақтай  отырып,  орындауға 
рұқсат  беріледі.  Сырлау  кезіңде  сырдың  оқшаулағыштарға  және  сымдарға  тӛгілуін 
болдырмау шаралары қабылдануы тиіс (мысалы, табандық қойылады). 
367. Тізбектері кӛлденең орналасқан кӛп тізбекті ӘЖ кернеуді бір тізбектен ажыратып 
жұмыс  істеуге  тек  сол  тізбек  жағынан  рұқсат  етіледі.  Кернеудегі  тізбектерді 
сүйемелдейтін траверстердің учаскелеріне ӛтуге рұқсат берілмейді. 
368.  Бір  тізбегі  екінші  тізбектің  үстінде  орналасқан  кӛп  тізбекті  ӘЖ  ажыратылған 
тізбегінде  жұмыс  істеуге,  егер  бұл  тізбек  кернеу  келіп  тұрған  тізбектерден  тӛмен  ілінсе 

рұқсат  етіледі.  Тірекке  тек  ажыратылған  тізбек  жағынан  кӛтерілуге  рұқсат  етіледі. 
Ажыратылған тізбектің сымдарын ауыстыруға және реттеуге рұқсат берілмейді. 
369.  ӘЖ  қимасы  240  мм
2
  -ден  кем  емес  сымдар  және  қимасы  70  мм
2
  кем  емес 
арқандар  бойымен  сымдар  мен  арқансымдардың  діріл  немесе  тотығудан  пайда  болған 
ақаулары  жоқ  болған  жағдайда,  қызметкерлердің  орын  ауыстыруына  рұқсат  етіледі. 
Жарықшақталған  сымдар  мен  арқандар  бойымен  орын  ауыстырғанда,  сақтаңдырғыш 
белдіктің  жүк  артқыш  арқанын  соларға,  ал  арнайы  арбаны  пайдаланған  кезде  арбаға 
бекітіледі. 
  
  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал