Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет6/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

19. Жинақтық тарату құрылғылары 
  
237. Арба жабдығында немесе ЖТҚ шкафының бір кесігінде жұмыс кезінде жабдығы 
бар  арбаны  жӛндеу  қалпына  домалатып  шығару  қажет,  ток  ӛткізгіш  бӛліктері  кернеуде 
қалған кесіктің пердесін құлыпқа жауып, қауіпсіздік «Тоқта! Кернеу» плакаты ілу қажет; 
арбада немесе жұмыс  орындалатын кесікте  «Осы жерде жұмыс істе»  деген плакатты ілу 
қажет. 
238.  ЖТҚ-дан  тыс  жұмыстарда,  оған  қосылып  тұрған  қондырғыларда  немесе  кері 
кететін  ӘЖ  және  КЖ-де  ажыратқышы  бар  арбаны  шкафтан  жӛндеу  қалпына  домалатып 
шығару қажет; пердені немесе есіктерді құлыпқа жауып, оларға «Қоспа! Адамдар жұмыс 
істеп жатыр» немесе «Қоспа! Желіде жұмыс жүріп жатыр» деген плакаттар ілу қажет. Бұл 
ретте арбаны орнату рұқсат етіледі: 
1)  ажыратқышы  бар  арба  мен  жерге  қосқыш  пышақтар  арасында  бұғаттау  болған 
кезде осы пышақтарды қосқаннан кейін қадағалау қалпына; 
2) ЖТҚ-ның шкафтарында жерге қосқыш пышақтар немесе мұндай бұғаттау болмаған 
кезде оны құлыпқа жабу шартымен қадағалау және жӛндеудің аралық қалпына. 
Аралық  қалыптағы  арбаны  қосылымда  жерге  қосу  құралдарының  бар  немесе 
жоқтығына қарамастан орнатуға жол береді. 
Жылжып кететін ӘЖ-де жұмыс істеуінде, ЖТҚ шкафына жерге қосу құралын орнату 
кезінде осы Қағидалардың 
156-тармағында
 кӛзделген талаптарды ескеру қажет. 
239.  Ток  беретін  сақтандырғышта  ЖТҚ-ның  итеріп  жылжытылған  арбаларындағы 
операцияларды кернеу беріліп тұрғанда бірақ жүктемесіз орындалуға рұқсат етіледі. 
240. Ажыратқышы бар арбаны сынақтан ӛткізу және басқару мен қорғау тізбектерінде 
жұмыс істеу үшін бақылау қалыптарында орнатуға, ЖТҚ-дан тыс, жылжып кететін ӘЖ-де 
және  КЖ-де  немесе  оларға  қосылған  жабдықта,  электр  қозғалтқыштарымен  жалғанған 
механизмдерді  қосқанда,  жұмыстар  жүргізілмеген  немесе  ЖТҚ  шкафында  жерге 
тұйықтау жұмысы орындалған жағдайда рұқсат етіледі. 
241.  Вакуумды  ажыратқыштармен  жабдықталған  ТҚ-да  амплитудалық  шегінің  мәні 
20  кВ  астам  болатын  кернеу  жоғары  доға  сӛндіргіш  камераларды  сынау,  пайда  болатын 
рентген  сәулелерінен  персоналды  қорғау  үшін  арнайы  экранды  пайдаланып  орындау 
қажет. 
  
  

20. Діңгекті (бағаналы) ТҚС және ЖТҚС 
  
242.  Діңгекті  және  бағаналы  ТҚС  және  ЖТҚС  жабдығында  кернеуі  1000  В  жоғары 
қоректендіруші  желілерді  токтан  ажыратпай  жұмыс  кезінде,  алаңда  түрегеп  тұрып 
орындауға  болатын  тексеру  және  жӛндеу  жұмыстарына,  кернеуде  тұрған  ток  ӛткізгіш 
бӛліктерге  дейін  осы  Қағидаларға 
10-қосымшаның  1-кестесінде
  кӛрсетілген  аралықтық 
сақтаған  жағдайда,  -  рұқсат  етіледі.  Егер  бұл  аралық  рұқсат  етілгеннен  кем  болса,  онда 
жұмыс кернеуі 1000 В жоғары ток ӛткізгіш бӛліктерді ажыратқан және жерге қосқан кезде 
жүргізіледі. 
243.  Киоск  үлгісіндегі  діңгекті  ТҚС  және  ЖТҚС  жұмыстарға  рұқсаттама  -  желіде 
кернеудің  бар  немесе  жоқтығына  қарамастан,  алдымен  кернеулігі  1000  В  дейінгі 
коммутациялық  аппараттарды,  содан  кейін  кернеуі  1000  В  жоғары  желілік 
ажыратқыштарды  айырғаннан  және  қосалқы  станцияның  ток  ӛткізгіш  бӛліктеріне  жерге 
қосу  құралдары  салынған  бойда  береді.  Егер  кернеуді  380/220  В  жағынан  беру  мүмкін 
болса,  онда  бұл  кернеудің  желілері  қарама-қарсы  қоректендіру  жағынан  ажыратады, 
олардың  қателікпен  немесе  ӛздігінен  қосылып  кетуіне  қарсы  шаралар  қабылдануға,  ал 
қосалқы  станцияларда  осы  желілерге,  коммутация  аппараттарына  дейін  жерге  қосу 
құралы салынады. 
244. Діңгекті трасформаторлық қосалқы станцияларда, ауыстырып қосу пункттерінде 
және қоршаулары жоқ басқа құрылғыларда айырғыштардың, жүктеме ажыратқыштардың 
жетектері,  кернеуі  1000  В  жоғары  шкафтар  және  кернеуі  1000  В  дейінгі  қалқандар 
құлыппен жабылады. 
Орнықты  сатылар  қызмет  кӛрсету  алаңында  ажыратқыштармен  бұғатталады  және 
құлыппен жабылады. 
  
  
21. Ток беретін трансформаторлар, майлы шунттағыш және доға сөндіргіш 
реакторлар 
  
245.  Тұтынушылардың  жұмыс  істеп  тұрған  электр  қондырғыларындағы 
трансформаторларда  жұмыс  жүргізу  кезінде  жұмыс  жүргізу  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ететін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар орындалады. 
246.  Трансформатор  багына  кӛтеріп  шығаруға  байланысты  трасформатордағы  және 
металл  конструкцияларда  орналастырылған  құрғақ  реакторлардағы  жұмыстар  биіктікте 
орындалатын  жұмыстарға  (жер  бетінен  1  м  және  одан  артық  биіктіктегі  жұмыстар) 
жатады.  Бұл  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  жұмыс  істеушілердің  биіктіктен  құлап  кетуін 
болдырмау шаралары қабылданады. 
247.  Трансформатор  бактарының  ішінде  жұмыс  істеу  үшін  арнайы  дайыңдықтан 
ӛткен,  жұмысшылар  мен  мұндай  жұмыстарды  жүргізу  технологиясымен  таныс 
мамандарға рұқсат беріледі. 
Бак  ішіндегі  жұмыстарды  қорғағыш  қасқаны,  қолғаптар  мен  резеңке  етіктер  киіп 
орындайды. 
248. Трансформатор багы ішіндегі жұмыс кезінде жарықты қамтамасыз ету кернеуі 12 
В  аспайтын,  қорғаныс  торы  бар,  зауыттан  шыққан  тасымалды  шамдар  немесе 
аккумуляторлы  қолшамдар  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте  тасымалды  шамның 
бӛлгіш трансформаторы бактан тыс орнатылады. 
249.  Трансформатор  майын  қайта  ӛңдеу,  оны  құрғату,  тазалау,  газсыздандыру 
бойынша жұмыстарды қорғағыш киімдер мен аяқ киім киіп орындалады. 
250.  Майсыз  тасымалданатын  және  азотпен  толтырылған  трансформатор  багына 
адамдар кірмес бұрын, азотты шығару шараларын қабылдау қажет. 
Азотты шығару мыналар: 

1)  трансформатор  багына  тӛменгі  ысырма  арқылы  азот  толық  ығыстырылып 
шыққанға дейін май құю (май бұл ретте нормаға сәйкес болады); 
2)  трансформатор  багын  13  кПа  (100  мм  рт.  ст.),  одан  кейін  құрғатылған  ауа  немесе 
құрғақ селикагель толтырылған ауа құрғатқыш арқылы ӛткізілетін ауаны жіберу жолымен 
жүргізіледі. Селикагель салмағы 5 кг кем болмауы тиіс. Бұл тәсіл кӛлік жағдайында терең 
вакуумдауға шыдайтын бак үшін қолданылады; 
3)  бакты  құрғақ  таза  ауа  үрлеп  желдету  немесе  ашық  тұрған  жоғарғы  және  тӛменгі 
люктерді  ӛздігінен  желдетілуі  жолымен  шығарады.  Бұл  ретте  трансформатор 
оқшауламасының дымқылдануын болдырмау үшін трансформаторға қолданылып жүрген 
басты техникалық материалдар бойынша саңылау жасау шарттары орындалады. 
251. Трансформатор багы ішінде жұмыс жүргізіп жатқан адамдарға  үздіксіз бақылау 
орнату қажет. 
Трансформатор  ішіндегі  адамдардың  жай-күйі  мен  әрекеттерін  бақылау  үшін,  аз 
дегенде бір жұмыскер тағайындалады, ол кіретін люк қасында болады, ұдайы жұмыс істеп 
жатқандармен  байланыс  жасап  тұруға  міндетті.  Трансформатор  ішінде  жұмыс  істеу 
кезінде жұмыскер аспа баулы сақтандырғыш белбеуі бар арқанмен және қажет болғанда, 
ӛңешті газтұтқышпен қамтамасыз етіледі. 
252. Бакқа құрғатылған ауа жіберіп, трансформаторға саңылау жасау кезінде мынадай 
талаптарды орындау қажет: 
1) бак ішіндегі жұмыстарды қоршаған ортаның температурасына сәйкес киімдер киіп 
орындау; 
2)  адамдардың  бак  ішінде  тәулік  бойынша  4  сағаттан,  ал  айына  20  сағаттан  артық 
уақыт болуына рұқсат бермеу
3)  қысым  түсіп  тұрған  қондырғыларда  жұмыс  істеуге  рұқсат  беретін  куәлігі  жоқ 
адамдарға компрессормен жұмыс істеуге рұқсат бермеу; 
4) цеолиттерді кептіргенде ауа шығатын жерлерді қоршау, себебі оның температурасы 
300
о
С асып кетуі мүмкін. 
253. Су буларын тор кӛмегімен қатыру жұмыстарында мынадай сақтандыру шаралары 
сақталуы қажет: 
1)  кӛмірқышқыл  газының  тордан  еркін  шығуын  қамтамасыз  ету.  Жабық  үй-жайда 
жұмыс  жүргізгенде,  кӛмірқышқыл  газы  мен  ацетон  буын  шығару  үшін  торды  сорғыш 
желдеткішпен жабдықтау; 
2)  отқа  қауіпті  жұмыстарды  жүргізбеу  және  торға  жақын  маңда  ашық  отты 
пайдаланбау; 
3) ацетонды ӛрттен қауіпсіз, трансформатордан аулақ жерде сақтау; 
4)  құрғақ  мұзбен  (қатты  қос  қышқылды  кӛміртегі)  жұмыс  істегенде,  кӛзілдірік  және 
қолғап кию керек. Құрғақ мұзды үлкен емес, 5 кг кӛлеміндегі кесектермен толтыру. 
254.  Құрастыру  жұмыстарын  жүргізгенде,  ӛрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге 
айрықша кӛңіл болу қажет. 
Ӛртке  қарсы  іс-шараларды  әзірлеу  барысында  трансформаторлардың  ӛртке  қауіпті 
жабдық  екенін  басшылыққа  алу  қажет,  ӛйткені  трансформатор  майы  және 
трансформаторлардың май сіңген оқшауламасы жаңғыш материал болып табылады және 
ӛртке  қауіпті  жұмыстар  жүргізу  (дәнекерлеу,  қыздыру,  кептіру)  кезінде  тұтанып  кетуі 
мүмкін. 
255.  Трансформаторларды  құрастыру  және  жӛндеу  кезінде  мынадай  сақтандыру 
шараларын орындау қажет: 
1)  құрастыру  алаңын  жеткілікті  мӛлшерде  ӛрт  сӛндіру  құралдарымен  және  сенімді 
телефон байланысымен жабдықтау; 
2) ӛрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындау; 
3)  отқа  қауіпті  жұмыстарды  жүргізген  барлық  уақытта  ӛрт  қауіпсіздігіне  тұрақты 
түрде бақылау ұйымдастыру; 

4)  трансформатор  багында  дәнекерлеу  жұмыстарын,  май  буларының  тұтанып  кетуін 
болдырмау  үшін,  дәнекерленетін  жерден  200-250  мм  биік  деңгейге  дейін  май  кұйғаннан 
кейін орындау. 
256.  Трансформаторды  маймен  толтыру  (немесе  майды  ағызу)  кезінде  ораманың 
шықпаларын  және  бакты  (трансформаторда  электростатикалық  зарядтардың  пайда 
болуын болдырмау жол бермеу үшін) жерге тұйықтау қажет. 
257. Трансформаторлардың биік орналасқан (3 м және жоғары) элементтерін тексеру 
және  техникалық  қызмет  кӛрсету  сүйегіштері  және  үстіңгі  жағында  алаңдары  бар 
орнықты сатыларға шығып орындалады. 
  
  
22. Токтың өлшегіш трансформаторлары 
  
258. Құрастыру және дәнекерлеу жұмыстарында ток трансформаторларының бірінші 
реттік орама тізбектерінде шиналарды ток ӛткізгіш ретінде пайдалануға тыйым салынады. 
259. Екінші реттік тізбектердің, электр ӛлшегіш аспаптардың, релелік қорғаныс және 
электр 
автоматты 
монтаждау 
аяқталғаннан 
кейін 
біткенге 
дейін 
ток 
трансформаторларының екінші реттік орамалары қысқа тұйықталады. 
260.  Екінші  реттік  орамалардың  қарама-қарсылығын  тексеру  кезінде  қарама-
қарсылықты  кӛрсететін  аспап  ток  трансформаторларының  бірінші  реттік  орамасына 
импульс бергенге дейін екінші реттік қысқыштарға жалғанады. 
  
  
23. Электр қазандар 
  
261. Токқа қосылған электр қазандардың құбырларында қорғаныстық жерге тұйықтау 
құралын бұзатын жұмыстарды орындауға тыйым салынады. 
262. Құбырларды ажыратуға байланысты жұмыстарды орындау алдында (ысырманы, 
құбыр  учаскесін  ауыстыру)  электр  дәнекерлегіштің  кӛмегімен  құбырдың  ажыратылатын 
бӛліктерін  сенімді  жалғап  алу  керек.  Үзілген  жерлерді  байпаспен  айнала  қоршағанда 
мұндай қосылым талап етілмейді. 
263.  Оқшауланған  корпусты  электр  қазанның  қаптамасы  құлыппен  жабылады. 
Қаптаманы ашуға қазаннан кернеу түсірілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі. 
264.  Жұмыстық  қысым  0.07  мПа  жоғары  электр  бу  қазандары  және  су  жылыту 
температурасы  115
о
С  жоғары  су  жылытқыш  қазандар  қолданыстағы  «Электродтық 
қазандар  мен  электр  қазандықтарының  құрылысы  және  қауіпсіз  пайдалану 
қағидаларының» талаптарына сәйкес пайдаланылады. 
  
  
24. Электрлі газ тазалағыш қондырғылар 
  
265.  Электр-техникалық  газ  тазалағыш  қондырғыларды  пайдалану  кезінде  персонал 
осы  Қағидалардың  электр  қондырғыларында  қызмет  ету  үшін  қауіпсіздіктің  негізгі 
талаптарын  бұл  тараудың  тиісті  тармақтарымен  ӛзгертілмеген  шамада  басшылыққа 
алады. 
266.  Электр  газ  тазалағыш  қондырғыны  пайдаланатын  әрбір  ӛндірістік  бӛлімшеде 
(цехта)  жұмыс  берушінің  инженерлік-техникалық  жұмыскерлер  ішінен  электрлік  газ 
тазалағыш  қондырғыны  пайдалануға  жауапты  электр  қауіпсіздігі  бойынша  V  кем  емес 
тұлға тағайындалады. 
267. Электр газ тазалағыш қондырғыға қызмет кӛрсетуді электр қаупсіздігі бойынша 
III  және  IV  тобы  бар  электр  техникалық  (электр  технологиялық)  персонал  жүзеге 
асырады. 

268.  Электрсүзгілердегі,  жоғарылатқыш-түзеткіш  электр  агрегаттардағы,  электр 
сүзгілердің  секцияларын  қоректендіру  кәбілдеріндегі  электр  сүзгілердің  ішіндегі  тағы 
басқа да жұмыстар жауапты басшы тағайындалуымен, наряд бойынша орындалады. 
Электр  сүзгінің  және  газ  жүретін  жолдардың  ішіндегі  жұмыстары  кезінде  бригада 
құрамы үш адамнан құралады. 
269.  Ӛндірістік  қажеттілік  жағдайында  нұсқау  бойынша  үй-жайлардағы 
жоғарылатқыш-түзеткіш  агрегаттарда  жедел  (жедел  жӛндеу)  персоналға  немесе  оның 
бақылауымен  басқа  электртехникалық  (электр  технологиялық)  персоналға,  ұзақтығы  1 
сағатқа дейінгі жоспардан тыс жұмыстарды, осы Қағидалардың 4-тарауының талаптарына 
сәйкес, жүргізуге рұқсат етіледі. 
270.  Электр  газ  тазалағыш  қондырғыларда,  тізбесін  кәсіпорындағы  электр 
қондырғыларына  жауапты  адам  айқындалатын  және  жұмыс  беруші  бекітетін,  ерекше 
қауіпті  шарттарда  жұмыстар  жүргізген  кезде,  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  тобы  бар 
электр  техникалық  (электр  технологиялық)  персоналға  бақылаушының  тағайындауымен 
наряд беріледі. 
271.  Оқшаулағыш  қораптардың,  шеткі  кәбілдік  муфталар  қораптарының  люктері, 
алдын  ала,  тәжденуші  электродтар  ӛрісін  қосымша  жерге  қоспай  тұрып,  люктердің 
ашылуына жол бермейтін бұғаттаушы жерге қосу құрылғыларымен жабдықталады. 
Бұл люктер арнайы кілттердің немесе құрал-саймандардың кӛмегімен ашылды. 
272.  Люктер  мен  жоғарылатқыш-түзеткіш  агрегаттардың  электрлік  үй-жайларының 
кілттері  жедел  персоналдың  есебінде  болуға  және  тексеру  және  жұмыс  жүргізу  үшін 
қызмет кӛрсетуші персоналға қолхатпен берілуге тиіс. 
Кілттердің күнделікті берілуі және қайтарылуы жедел жұмыс журналында жазылады. 
273.  Газ  тазалағыш  қондырғылардың  секциясында,  барлық  қоректендіруші  электр 
агрегаттары  және  қалған  секциялардың  кәбілдері  токтан  ажыратуды  және  жерге 
тұйықтауды талап етеді. 
274. Бұғаттайтын жерге қосу құрылғылардың, жоғарылатқыш-түзеткіш агрегаттардың 
жоғары  вольтты  шықпаларының  жерге  қосқыш  пышақтарының  бар  екендігіне 
қарамастан,  электр  сүзгідегі  жұмыс  кезінде  тасымалды  жерге  қосу  құралдарын  орнату 
міндетті болып табылады. 
275.  Электр  сүзгіні  ажыратқаннан  кейін,  одан  және  қоректендіруші  кәбілдердін, 
электр агрегаттарын жерге қосу арқылы статистикалық заряд алынады. 
276.  Электр  сүзгіледің  және  газ  жүретін  жолдардың  ішінде  жұмыс  жүргізген,  12  В 
жоғары  емес  кернеудегі  тасымалды  электр  шырақтарын  пайдалануға  рұқсат  беріледі, 
ондай кезде тӛмендеткіш трансформатор электр сүзгі корпусының сыртында орналасады. 
277.  Электр  газ  тазалағыш  қондырғыларды  пайдаланған,  кезде  оқшаулағыш 
қораптардың  люктерінің,  кәбіл  муфталары  қораптарының  ашық  немесе  жабылмаған 
блоктаушы жерге қосқыш құрылғылардың ақаулы немесе істен  шыққан жағдайларында, 
электр  агрегаттары  ұяшықтарының  есіктері,  сондай-ақ  электр  сүзгі  корпустарының 
люктері  жабылмаған  кезде,  жоғарылатқыш-түзеткіш  агрегаттарды,  түзетілген  ток 
желілерін және электр сүзгілерді токқа қосуға рұқсат берілмейді. 
278.  Электр  сүзгілерді  іске  қосу-ретке  келтіру  жұмыстарын  жүргізу  немесе  оларды 
күрделі жӛндеуден ӛткізу кезінде тәждеуші электродтардың ауадағы жұмысына бақылау 
жасауға,  электр  сүзгі  корпусының  ашық  люгі  арқылы  люкке  бӛгде  заттардың  түсуіне 
тосқауыл  болатын  және  бақылау  жасаушы  адамның  кернеу  келіп  тұрған  бӛліктерге 
қауіпті  қашықтықта  жақындауын  болдырмайтын  шаралар  қабылданған  жағдайда  рұқсат 
етіледі. 
279.  Электр  сүзгі  корпусының  ішіндегі  жұмыстарға  электр  сүзгіні  газдан  барлық 
жағынан  тығыз  және  жарамды  шиберлермен  немесе  бітеуіштермен  ажыратқан  және 
корпусты  газ  қалдықтарынан  толық  тазарғанға  дейін  желдеткен,  электр  сүзгіге  қатысты 
тарту-үрлеу және сорғы агрегаттарын токтан ажыратқан және олардың қателіктен немесе 
ӛздігінен қосылып кетуіне қарсы шаралар қабылданған жағдайларда рұқсат етіледі. 

Электр  сүзгі  арқылы  улы  газдар  немесе  қауіпті  жарылғыш  қоспалар  ӛтіп  кеткен 
жағдайда, аталған газдар мен қоспалардың жоқтығына талдау жасалуға тиіс. 
280.  Электр  сүзгілерге  қызмет  кӛрсететін  персонал  арнайы  киіммен  және  тыныс 
органдарын қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі. 
281.  Электр  сүзгінің  ішінде  және  газ  жүретін  жолдарда  дәнекерлеу  жұмыстарын 
жүргізген кезде, электрлі дәнекерлеу агрегаттары бос жүріс кернеуін ажырататын немесе 
оны  0.5  с.  уақыт  ішінде  12  В  мӛлшеріне  дейін  тӛмендететін  құрылғылармен 
жабдықталады. 
  
  
25. Аккумуляторлы батареялар 
  
282. Аккумуляторлар үй-жайы тіреуіш құрылғымен (құлыппен) жабдықталады. 
283.  Осы  Қағидалардың 
291-тармағында
  кӛрсетілген  жұмыстарды  қоспағанда 
аккумуляторлар үй-жайында шылым шегуге, оған от алып кіруге, ұшқын шығаруы мүмкін 
электр  қыздырғыш  аспаптармен,  аппараттармен  және  құрал-жабдықтарымен  кіруге 
рұқсат берілмейді. 
284.  Ағынды-тарту  желдеткіші  бар  аккумулятор  үй-жайларда  желдеткіш  заряд  беру 
алдында  іске  қосылады  және  газ  шығарылып  болған  соң,  заряд  берілгеннен  кейін  1,5 
сағаттан ерте емес уақытта ажыратылады. 
285. Әрбір аккумулятор үй-жайында: 
1)  электролит  қоспасын  дайындау  және  оны  ыдыстарға  толтырып  құю  үшін  шүмегі 
бар сыйымдылығы 1,5-2 л шыны немесе фарфор (полиэтилен) саптыаяқ немесе құмыра
2)  қышқылды  батареялар  үшін  бейтараптандыратын  2,5  пайызды  ас  содасының 
ерітіңдісі және сілтілік батареялар үшін бор қышқылының немесе сірке эссенциясының 10 
пайызды ерітіндісі (сегіз бӛлік суға бір бӛлік сірке су); 
3) қол жуатын су; 
сүлгі болуы тиіс. 
286.  Электролит,  тазартылған  су  және  бейтараптандырушы  ерітінділер  құйылған 
барлық ыдыстарда тиісті жазулар (атаулар) болуы керек. 
287.  Қышқыл  арнайы  ыдыста  (шыны  бӛтелкелер,  пластмассадан  істелінген 
канистрлар)  сақталады,  оған  қышқылдың  атауы  жазылған  биркалар  ілінеді.  Қышқыл 
құйылған ыдыс пен бос ыдыс жеке үй-жайда, аккумулятор батареясының қасында тұруға 
тиіс. Шыны ыдыстарды себеттерге немесе ағаш торларға салып, еденге қою керек. 
288. Қышқылмен, сілтімен және қорғасынмен істелінетін барлық жұмыстарды арнайы 
оқытылған қызметкерлер орындайды. 
289.  Қышқылдар  мен  сілтілер  құйылған  шыны  бӛтелкелерді  екі  жұмыскер 
тасымалдауға тиіс. Бӛтелке себетпен бірге тұтқасы бар арнайы ағаш жәшіктерге салынып 
немесе  ортасында  тесігі  мен  торы  бар  арнайы  зембілде  тасымалданады,  оның  ішіне 
бӛтелке себетпен бірге 2/3 биіктікте кіреді. 
290. Электролитті әзірлеу мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі: 
1)  қышқылмен  және  сілтімен  жұмыс  істегенде  костюм  (қалың  жүн  матадан  немесе 
мақта  матадан  тігілген  және  қышқылға  тӛзімді  сіңдірмесі  бар  костюмді  қышқылмен 
жұмыс  кезінде,  ал  мақта  матадан  тігілген  костюмді  сілтімен  жұмыс  істегенде),  резеңке 
етік  (шалбардың  балақтары  етіктің  қонышына  салынады)  немесе  кебіс,  резеңке 
алжапқыш,  қорғаныс  кӛзілдіріктерін  және  резеңке  қолғаптарды  кию  керек;  қатты  сілті 
кесектерін, оларды алдын ала қарап қапшыққа уатады; 
2) қышқылды асықпай (ерітінді қарқынды қызып кетпеуі үшін), саптыаяқтан фарфор 
ыдысқа немесе ыстыққа тӛзімді, ішінде тазартылған суы бар басқа ыдысқа сыздықтатып 
құю керек. Бұл кезде электролитті әйнектің ұзынша кесіндісімен немесе түтікпен немесе 
пластмассадан  істелінген  қышқылға  тӛзімді  араластырғышпен  ӛне  бойы  араластырып 
отыру қажет. 

3)  электролитті  қышқылға  су  құйып  отырып  әзірлеуге  болмайды.  Дайын  болған 
электролитке суды үстемелеп құюға рұқсат етіледі. 
4) еденге тӛгілген қышқылдың үстіне жоңқа сеуіп, мұқият араластырып, содан кейін 
тазарту жүргізу керек. 
291.  Пластиналарды,  ошиновкаларды  немесе  жылыту  құбырларын  дәнекерлеу 
жұмыстарын аккумуляторлық үй-жайда жүргізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі: 
1) заряд беру аяқталғаннан кейін 2 сағат ӛткен соң пісіруге және дәнекерлеуге; 
2)  тұрақты  заряд  беріп  тұру  тәсілімен  жұмыс  істейтін  батареяларды  жұмыс 
басталардан 2 сағат бұрын разряд режиміне кӛшіргенде; 
3) жұмыс басталғанға дейін үй-жай 1 сағат ішінде желдетілуге тиіс; 
4) пісіруге және дәнекерлеу кезінде үй-жай үздіксіз желдетілуге тиіс; 
5) пісіру орны қалған батареялардан қалқан арқылы қоршалуы қажет
6) қорғасыннан және оның қосындыларынан уланып қалмау үшін арнайы сақтандыру 
шаралары  қабылдануы  тиіс  және  аккумулятор  батареяларын  пайдалану  және  жӛндеу 
бойынша нұсқауларға сәйкес жұмыс күнінің тәртібі белгіленуге тиіс. 
Жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі. 
292. Аккумулятор батареясында жұмыс жүргізілгенде, жұмыскерлерді электр тогынан 
жарақаттанудан сақтандыру үшін мынадай шарттарды орындау қажет: 
1)  жалғағыш  жолақтарды  егеу-арамен  кесу,  ұстатқышты  (перемычка)  орнату, 
элементті  кедергімен  шунттау  жұмыстарын  қорғаныс  кӛзілдірігін  және  алжапқыш  киіп, 
жүктеменің ажыратылған кезінде жүргізу; 
2) пластиналарды кесу, элементтердің кернеуін ӛлшеу, электролиттің меншікті үлесін 
ӛлшеу жұмыстарын резеңке қолғаптар, етік немесе кебіс киіп орындау; 
3)  пластиналарды  құлақтары  мен  ұштарын  жалаңаш  қолмен  сипап  қарау  керек,  ол 
кезде екінші қолға ӛне бойы резеңке қолғап киіп тұру
4)  ошиновкадағы  жұмыс  кезінде,  әсіресе  шықпаларға  жақын  жерде  екі  қолға  да 
резеңке қолғаптар кию керек, құрал-сайманның оқшауланған сабы болуға тиіс. Жұмысты 
кӛзілдірік киіп істеу керек. Сатының үстінде жұмыс екеулеп жүргізіледі. 
293.  Аккумулятор  батареяларын  және  зарядтың  құрылғыларына  қызмет  кӛрсетуді 
электр қауіпсіздік бойынша III тобы бар арнайы оқытылған персонал орындайды. 
  
  
26. Конденсаторлық құрылғылар 
  
294.  Жұмыс  жүргізу  кезінде  конденсаторды  қоректендіру  кӛзінен  ажыратқаннан 
кейін,  конденсаторларға  немесе  олардың  ток  ӛткізгіш  бӛліктеріне  жанаспас  бұрын, 
шиналарға  жалғанған  немесе  жекелеген  конденсаторларға  орнатылған  разрядтағыш 
құрылғылардың бар екендігіне қарамастан, конденсаторлар разрядталады. 
295. Конденсаторларды разрядтау - қалдық кернеуді нӛлге дейін жеткізу оқшаулағыш 
штангаға бекітілген жерге қосу ӛткізгіші бар металл шиналар арқылы шықпаларды қысқа 
тұйықтау және корпусқа тұйықтау жолымен орындалады. 
296.  Егер  конденсатордың  шықпалары  электр  сызбанұсқаларға  қосылмаған,  бірақ 
электр  ӛрісінің  (әсерден  пайда  болған  кернеудің)  әсер  ету  аймағында  болса,  онда  олар 
қысқартылуға тиіс. 
297.  Реактивті  қуатының  жеке  ӛтемі  бар,  желіден  ажыратылған  асинхронды  электр 
қозғалтқыш орамаларының клеммаларына конденсаторлар разрядталғанға дейін жанасуға 
рұқсат берілмейді. 
298. Трихлордифенил (бұдан әрі - ТХД) сіңген, тесілген жерлері бар конденсаторларға 
жалаңаш  қолмен  жанасуға  рұқсат  берілмейді.  Терінің  ТХД  тиген  жерін  сабынды  сумен 
жуу керек, ал кӛзге тисе - бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен (бір шай қасық ас содасын 
бір стақан суға қосып) немесе қос кӛмір қышқылды натрий ерітіндісімен кӛзді жуу керек. 
  

  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал