Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет5/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Электр және магнит өрістерінің әсер ету аймағындағы жұмыстар 
  
180. АТҚ және кернеуі 330 кВ және одан жоғары ӘЖ адам ағзасына теріс әсер етуге 
қабілетті  және  жерге  тұйықталған  немесе  жерден  оқшауланған  электр  ӛткізгіш 
нысандарға жанасу кезінде электр разрядтарының пайда болуын тудыратын биологиялық 
белсенді электр ӛрісінен қорғау қамтамасыз етіледі. 
181. Барлық кернеудегі электр қондырғыларында жұмысшыларды адам ағзасына теріс 
әсер ететін биологиялық белсенді магнит ӛрісінен қорғау қамтамасыз етіледі. 
182. Кернеулігі рұқсат етілген мәннен жоғары магнит ӛрісі биологиялық белсенді деп 
саналады. 
183.  Магнит  ӛрісінің  рұқсат  етілген  кернеулігі  (К)  және  индукциясы  (В)  жалпы 
(барлық  денеге)  және  жергілікті  (аяқ-қол)  әсерінің  шарттары  үшін,  адамның  магнит 
ӛрісінде  болу  ұзақтығына  байланысты,  осы  Қағидаларға  10-қосымшасының  6  кестесіне 
сәйкес айқындалады. 
184. Магнит ӛрісінің әртүрлі кернеулігі (индукциясы) аймағында персоналдың болуы 
қажет  жағдайларда,  бұл  аймақтарда  жұмыс  жүргізудің  жалпы  уақыты,  кернеулігі 
(индукциясы) аса жоғары аймақтар үшін мейлінше рұқсат етілген уақыттан аспайды. 
Магнит  ӛрісінде  болуға  рұқсат  етілген  уақытты  бір  рет  тұтастай  немесе  жұмыс  күні 
ішінде  бӛліп-бӛліп  пайдалануға  болады.  Еңбек  ету  және  демалу  режимі  ӛзгерген  кезде 
(мысалы,  ауысымды  жұмыс  кезінде)  магнит  ӛрісінің  мейлінше  рұқсат  етілген  деңгейі 
белгіленген 8 сағаттық жұмыс күнінен аспайды. 
Магнит ӛрісінің деңгейін бақылау: 
1)  пайдалануға  жаңа  электр  қондырғыларын  алған  және  қолданылып  жүрген  электр 
қондырғыларын кеңейту; 
2) персоналдың электр қондырғыларына жақын маңда тұрақты немесе уақытша болуы 
үшін үй-жайларды жабдықтаған; 
3) жұмыс орындарын аттестациялау кезінде жүргізіледі. 
185.  Магнит  ӛрісінің  деңгейі  жұмыс  істеу  барысында  персонал  болуы  мүмкін 
аймақтарда  түгелдей,  жұмыс  орнына  баратын  жолдарда  және  жабдықты  тексеру  кезінде 
де анықталады. 

Магнит  ӛрісінің  кернеулігін  (индукциясын)  ӛлшеу  жұмыс  орны  алаңының  еденінен, 
жердің бетінен, үй-жайлардың еденінен, ӛтпе кӛпірлердің және тӛсемдерінің бетінен 0,5; 
1,5  және  1,8  м  биіктікте,  ал  жұмыс  орнының  үстінде  магнит  ӛрісінің  кӛзі  табылған 
жағдайда, қосымша жұмыс орны алаңының едені деңгейінде жүргізіледі. 
186.  Магнит  ӛрісінің  индукциясын  (кернеулігін)  ӛлшеу  электр  қондырғысының 
жұмыстық  тоғы  барынша  берілген  кезде  немесе  ӛлшенген  мәндер  барынша  берілетін 
жұмыстық токқа (I mах), - ӛлшенген мәндерді I mах/І қатысына кӛбейту жолымен, - қайта 
есептеледі; мұнда I - ӛлшеу кезіндегі магнит ӛрісі кӛзіндегі ток. 
187.  Магнит  ӛрісінің кернеулігі  (индукциясы)  персонал  ұдайы  бойы  болатын,  электр 
қондырғыларының ток ӛткізгіш бӛліктерінен 20 м кем аралықта орналасқан, оның ішінде 
олардан қабырға арқылы бӛлектенген ӛндірістік тұрақ-жайларда ӛлшенеді. 
188.  Магнит  ӛрісі  әсерінен  қорғау  шаралары  ретінде  орнықты  немесе  тасымалды 
магнит  экрандары  қолданылуға  тиіс.  Персоналдың  жұмыс  орындары  мен  қозғалыс 
бағытын  магнит  ӛрісінің  кӛздерінен  осы  Қағидалардың 
183-тармағының
  талаптарын 
орындау қамтамасыз етілген аралықта орналасады. 
189. Магнит ӛрісінің мейлінше рұқсат етілген деңгейінен асатын, пайдалану шарттары 
бойынша  персоналдың  сонда  болуы  талап  етілмейтін  электр  қондырғыларының 
аймақтары қоршалады және ескерту жазуларымен немесе плакаттармен белгіленеді. 
190.  Магнит  ӛрісінің  әсер  етуі  аймағында  жұмыс  істеу  кезінде  қосымша  қауіпсіздік 
шаралары  осы  Қағидаларға 
2-қосымшада
  кӛрсетілген  нарядтың  «Жеке  нұсқаулар»  деген 
жолында кӛрсетіледі. 
  
  
Генераторлар және қосарлы компенсаторлар 
  
191.  Ӛрісті  сӛндіру  автоматты  құрылғысы  бар  (бұдан  әрі  -  ӚСА)  айналмалы 
қыздырылмаған  генератор  кернеу  берілген  (білік  айналдыру  құрылғымен  айналатын 
жағдайлардан басқа) ретінде қарастырылады. 
192. Генераторды сынау барысында оның схемасы немесе блок схемасы учаскелерінде 
оларды жерге қосқаннан кейін, генератордың жұмыстық жиілікте айналуы генератордың 
қызуы  басылған  және  ӚСА-ның  құрылғысы  токтан  ажыратылған  кезінде  қорғаныс 
құралдарын  пайдаланып,  арнайы  қысқа  тұйықтағыштарды  орнатуға  және  алып  тастауға 
рұқсат етіледі. 
193.  Тоқтатылған  блоктық  генератор  схемасында  жұмыс  жүргізген  кезде,  блоктың 
кӛтеруші  трансформаторы  тӛменгі  кернеу  жағынан  жерге  қосылған  болса,  тармақталған 
жеке  қажеттілік  трансформаторы  тӛменгі  кернеу  жағынан  жерге  қосылған  және  кернеу 
трансформаторы  арқылы  кернеу  беру  мүмкіндігі  жоқ  болса,  блоктық  генератордың 
шықпаларын жерге қосу талап етілмейді. 
194. Қыздырылмаған айналмалы генератордың ӚСА құрылғысы токтан ажыратылған 
статорының  тізбектерінде  қалдық  кернеу  мәнін  ӛлшеуге,  фазалардың  кезектесу  тәртібін 
және т.б. анықтауға рұқсат етіледі. 
Бұл жұмыстарды электр зертханалардың, жӛндеу ұйымдарының персоналы, электрден 
қорғау  құралдарын  қолданып,  наряд  немесе  нұсқау  бойынша  жедел  персоналдың 
бақылауымен орындайды. 
195.  Біліктегі  кернеуді  және  жұмыс  істеп  тұрған  генератор  роторының  оқшаулау 
кедергісін  ӛлшеу  жұмыстарын  орындауға  нұсқау  бойынша  IV  және  III  топтағы  екі 
жұмыскерге рұқсат етіледі. 
196.  Ротордың  түйістіру  сақиналарын  қайрау  және  тегістеу,  істен  шыққан  генератор 
қоздырғышының коллекторын тегістеу жұмыстарын жарлық бойынша электр техникалық 
емес  персонал  ішінен  бір  жұмыскер  жеке  ӛзі  орындай  алады.  Электр  техникалық  емес 
персоналға электр қауіпсіздігі бойынша 1 топты беру осы Қағидалардың 6-қосымшасында 
келтірілген журналында нысан бойынша жазылады. 

197.  Жұмыс  істеп  тұрған  генератордағы  шӛткелік  аппаратта  қызмет  етуге  нұсқау 
бойынша III топтағы персоналға мынадай сақтандыру шараларын орындай отырып рұқсат 
етіледі: 
1) бет пен кӛзді қорғау құралдарын пайдаланып, қорғаушы каска, түймеленген арнайы 
киім  киіп,  киімді  машинаның  айналып  тұрған  бӛліктерінің  іліп  кетуінен  сақтай  отырып, 
жұмыс істеу керек; 
2) диэлектрлік кебістерді, кілемшелерді пайдалану қажет
3)  екі  полюстің  ток  ӛткізгіш  бӛліктерін  немесе  ток  ӛткізгіш  бӛліктер  мен  жерге 
қосылған бӛліктерді қолмен бір мезетте ұстамау. 
Айналып  тұрған  генератордағы,  қосарлы  конденсатордағы  ротор  сақиналарын 
тегістеуді  оқшауланған  материалдардан  істелген  қалыптардың  кӛмегімен  орындауға 
рұқсат етіледі. 
  
  
Электр козғалтқыштары 
  
198.  Егер  электр  қозғалтқышындағы  немесе  оның  кӛмегімен  қозғалысқа  келетін 
механизмдегі  жұмыс  ток  ӛткізгіш  айналмалы  бӛліктерге  жанасуға  байланысты  болса, 
электр  қозғалтқышы  осы  Қағидаларда  кӛрсетілген,  оның  қателікпен  қосылуын 
болдырмайтын,  техникалық  іс-шараларды  орындау  арқылы  токтан  ажыратылады.  Бұл 
жағдайда екі жылдамдықты электр қозғалтқышының статор орамаларын қоректендіретін 
екі тізбегі де ажыратылып және бӛлшектенуге тиіс. 
Электр 
қозғалтқышындағы 
немесе 
оның 
кӛмегімен 
қозғалысқа 
келетін 
механизмдердің  ток  ӛткізгіш  айналмалы  бӛліктеріне  жанасуға  байланысты  емес 
жұмыстарды жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқышында орындауға болады. 
Жұмыс  істеп  тұрған  электр  қозғалтқышы  мен  механизмнің  айналмалы  бӛліктерінің 
қоршауын алып тастауға рұқсат берілмейді. 
199.  Электр  қозғалтқышында  жұмыс  істегенде,  жерге  тұйықтау  құралын,  электр 
қозғалтқышын  ТҚ-ның  секциясымен,  қалқанмен,  құрастырмамен  жалғайтын  КЖ  кез 
келген учаскесінде орнатуға рұқсат етіледі. 
Егер  электр  қозғалтқышындағы  жұмыстар  ұзақ  мерзімге  жоспарланса,  жүргізіліп 
жатпаса  немесе  бірнеше  күнге  тоқтап  қалса,  онда  одан  ажыратылған  КЖ  электр 
қозғалтқышы жағынан да жерге тұйықталады. 
Кәбіл талсымдарының қимасы кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жерге 
тұйықтау  құралдарын  қолдануға  мүмкіндік  бермеген  жағдайда,  КЖ  қимасы  кәбіл 
талсымының қимасынан кем емес қимасы бар мыс ӛткізгіш арқылы жерге қосуға немесе 
кәбіл  талсымын  ӛзара  жалғауға  және  оларды  оқшаулауға  рұқсат  етіледі.  Бұлайша  жерге 
тұйықтау  немесе  кәбіл  талсымдарын  жалғау  жедел  жұмыс  құжаттамасында  тасымалды 
жерге тұйықтаумен қатар бірдей есепке алынады. 
200.  Оларға  жалғанған  механизмдер  (түтін  сорғыш,  желдеткіштер,  сорғыштар) 
есебінен айналуға қабілетті электр қозғалтқыштарындағы жұмыстарға баруға рұқсаттама 
беру алдында бітегіш арматураның (ысырмалардың, вектильдер мен шиберлер) тұтқалары 
құлыппен  жабылады.  Электр  қозғалтқыштарының  роторларын  тежеу  немесе 
жалғастыратын муфталарды тізбектен ажырату бойынша шаралар қабылданады. 
Бітегіш  арматурамен  қажетті  операциялар  жедел  жұмыстар  журналына  жазыла 
отырып, технологиялық цехтың, учаскенің ауысым бастығымен келісіледі. 
201.  Бітегіш  арматураның  аппараттарды  бағыттайтын  электр  жетектері  қолмен, 
қашықтан және автоматты басқару схемаларынан кернеу түсіруді талап етіледі. 
Ысырмалардың,  шиберлердің,  шұралардың  тұтқаларыңда:  «Ашпа!  Адамдар  жұмыс 
істеп  жатыр»  деген,  ал  бітеуіш  арматураның  электр  жетектерінің  кілттері  мен  басқару 
батырмаларында: «Қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді. 

202.  Жұмыс  істелінетін  электр  қозғалтқышына  жақын  орналастырылған  бір  типтес 
немесе кӛлемі жағынан шамалас электр қозғалтқыштарында, олардың жұмыс істеп немесе 
тоқтап тұрғанына қарамастан: «Тоқта! Кернеу» деген плакат ілінеді. 
203. 
Жӛндеуге 
шығарылған 
агрегаттардың, 
технологиялық 
желілердің, 
қондырғылардың  бір  кернеулі  электр  қозғалтқыштарында  бір  нарядпен  жүргізілетін 
жұмыстарды  осы  Қағидалардың 
57-тармағында
  кӛзделген  шарттарға  сәйкес  орындауға 
рұқсат етіледі. Алдын ала дайындалған жұмыс орындарына баруға рұқсаттама беруді бір 
мезгілде  орындауға  рұқсат  етіледі,  бір  жұмыс  орнынан  екіншісіне  ауыстыруды  ресімдеу 
талап  етілмейді.  Бұл  ретте  нарядта  атап  кӛрсетілген  электр  қозғалтқыштарының  кез 
келгенін  басқа  электр  қозғалтқыштарындағы  жұмыс  толық  аяқталғанға  дейін  сынап 
кӛруге немесе қосуға рұқсат берілмейді. 
204.  Айналып  тұрған  электр  қозғалтқыштарындағы  ток  ӛткізгіш  және  айналмалы 
ӛткізгіштерге  жанасусыз  орындалатын  жұмыстарды  нұсқау  бойынша  жүргізуге  жол 
беріледі. 
Жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқышының щеткалық аппаратында қызмет кӛрсету 
үшін  нұсқау  бойынша  осы  мақсат  үшін  оқытылған  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III 
топтағы жұмыскерге мынадай сақтандыру шараларын сақтай отырып, жұмыс істеуге жол 
беріледі: 
1)  бет  пен  кӛзді  қорғау  құралдарын  пайдаланып,  түймеленген  арнайы  киім  киіп, 
киімді  электр  қозғалтқышының  айналып  тұрған  бӛліктерінің  іліп  кетуінен  сақтана 
отырып, жұмыс істеуге
2) электр ӛзкізбейтін кебістерді, кілемшелерді пайдалануға
3)  екі  полюстің  ток  ӛткізгіш  бӛліктерін  немесе  ток  ӛткізгіш  бӛліктер  мен  жерге 
қосылған бӛліктерді қолмен бір мезетте ұстауға. 
Айналып  тұрған  электр  қозғалтқышындағы  ротор  сақиналарын  тегістеуді 
оқшауланған  материалдардан  жасалған  қалыптардың  кӛмегімен  ғана  орындауға  рұқсат 
етіледі. 
205.  Тиісті  ұйымдардың  еңбек  қорғау  бойынша  нұсқаулықтарында  жұмыс  орнын 
дайындауға  және  пайдаланылатын  электр  машиналарының  түрін,  әсіресе  қосуды  реттеу 
құрылғыларын,  тетіктердің  ерекшеліктерін,  технологиялық  схемаларды  және  есепке 
алатын  электр  қозғалтқыштарында  жұмыстарды  қауіпсіз  жүргізуді  ұйымдастыруға 
қойылатын талаптар егжей-тегжей баяндалады. 
206. Жетектері қолмен басқарылатын қосу аппараттарының электр қозғалтқыштарын 
электр ӛткізбейтін қолғаптармен қосу және ажырату талап етіледі. 
207.  Ысырмалардың,  атқару  механизмдерінің  электр  жетектерін,  оларды  шибермен, 
ысырмамен  және  басқа  құрылғылармен  жалғау  кезінде  сынақ  жұмыстарын  сол  электр 
жетектері  орнатылған  технологиялық  цехтың  ауысым  бастығы  рұқсат  берген  бригада 
орындайды. 
Рұқсат  берілген  кезде  жазу  технологиялық  цехтың  жедел  жұмыстар  журналында,  ал 
рұқсат  қолға  тиген  бойда  -  сынақ  жүргізетін  цехтың  (учаскенің)  жедел  жұмыс 
журналында жазылады. 
208. Органдар мен бітегіш арматураны ретке келтіретін атқару тетігімен жалғанбаған 
электр  жетектерінің  электр  схемаларын  жӛндеу  және  ретке  келтіру  жұмыстарын  нұсқау 
бойынша  жүргізуге  жол  береді.  Нұсқау  берген  жұмыскер  бұл  туралы  кейіннен  жедел 
жұмыс журналын жаза отырып, оларды сынақтан ӛткізуге рұқсат етеді. 
209.  Электр  қозғалтқышын  сынақтан  ӛткізу  үшін  ондағы  жұмыс  толық  аяқталғанға 
дейін токқа қосу тәртібі мынадай: 
1)  жұмыстар  наряд  бойынша  орындалған  кезде,  жұмыс  жүргізуші  нарядтың  осы 
Қағидаларға 
2-қосымшада
  келтірілген  нарядтың  3-кестесінде  жұмыстың  аяқталғаны 
туралы ресімдейді және нарядты тапсырады; 
2)  жұмыстарды  нұсқау  бойынша  орындаған  кезде  жұмыстар  токтатылады  және 
бригада шеттетіледі; 

3)  сынақ  жүргізгеннен  кейін  осы  Қағидаларға 
2-қосымшада
  келтірілген  нарядтың  3-
кестесінде ол туралы жазылып, жұмысқа рұқсаттама қайтадан беріледі. 
Жұмыстар нұсқау бойынша орындалған кезде қайта рұқсат беру үшін нұсқау жаңадан 
беріледі. 
  
  
17. Электролизді қондырғылар 
  
210.  Осы  бӛлім  тұздарды  еріту,  су  ерітінділері  электролизінің  ӛндірістік 
қондырғыларында,  түрлендіргіш  қосалқы  станцияларының  шиналарында  түзетілген  ток 
кернеуі  бар  гальвандық  жабын  қондырғыларында  немесе  1000  В  дейінгі  электролиздер 
(ванналар) серияларында, оларда жедел ток ауыстыру, жӛндеу, құрастырып жинау, ретке 
келтіру  жұмыстары  мен  сынақтарын  орындайтын,  ұйымдастыратын  электртехникалық 
және электртехнологиялық персоналға арналады. 
211.  Электролизді  қондырғыларды  пайдаланған  кезде  қызмет  етуші  персонал  электр 
қондырғыларында  қызмет  ету  кезінде  осы  Қағидалардың  негізгі  талаптарын,  осы 
тараудың тиісті тармақтарымен ӛзгертілмеген шамада, басшылыққа алады. 
212.  Электролиздерде  тікелей  қызмет  ететін  электр  технологиялық  персоналдың 
электр  қаупсіздігі  бойынша  II  топтан  тӛмен  болмауы  талап  етіледі.  Электролизді 
қондырғылардағы  жұмыстарды  тікелей  ұйымдастыратын  инженерлік-техникалық 
жұмыскерлердің  біліктілік  тобы  бағынышты  жұмыскерлердің  біліктілік  тобынан  тӛмен 
болмайды, яғни электр қауіпсіздігі бойынша III топтан кем болмайды. 
213.  Түзетілген  токтың  шина  ӛткізгіштерін  жӛндеу,  шунттау,  электролиздер 
сериясынан, электролиздік ванналар және олардың бұғаттаудан шығару, электролиздердің 
(ванналардың)  оқшауламасын  тазалау,  кернеуді  түсіру  және  шиналарды  жерге  қосу 
жұмыстарынан  кейін  жүргізіледі.  Үрдістің  үздіксіздік  шарттары  бойынша  және  қалдық 
кернеу әлі бар кезде жұмыстарды кернеуді түсіріп жүргізу мүмкін болмаса, ал электрден 
қорғау үшін негізгі және қосымша қорғаныс құралдарын қажетті кӛлемде пайдалану және 
электр  тоғынан  жарақаттану  мүмкіндігін  болдырмау  шараларын  сақтаған  жағдайда, 
аталған жұмыстарды кернеу беріліп тұрғанда орындауға рұқсат етіледі. 
Кернеу  беріліп  тұрғанда  аталған  жұмыстар  наряд-рұқсаттама  бойынша  жүргізіледі. 
Жұмыс жүргізушінің электр қауіпсіздік тобы IV топтан кем болмауы тиіс. 
214.  Электролиз  серияларынан  ток  жүктемесін  түсірудің  барлық  мерзімі  ішінде 
электролиз  залдарында  және  түрлендіргіш  қосалқы  станциялардағы  барлық  жұмыстар 
жүктеме сериялары кезіндегі жұмыстарға қатысты сақтандыру шараларын сақтай отырып 
жүргізіледі. 
215.  Электролиз  қондырғыларында,  сондай-ақ  су  ерітінділері  электролиздерінде 
қызмет  кӛрсететін  персонал  электрден  қорғау  құралдарын  (диэлектрлік  қолғаптар  мен 
диэлектрлік етіктерді) қолданады, - оларды қолдану еңбек қорғау жӛніндегі нұсқаулықтар 
арқылы реттеледі. 
216.  Электролиз  залдары  мен  жертӛлелерінде  кернеуі  12  В  аспайтын  тасымалды 
электр  шамдарын  пайдалануға  рұқсат  етіледі.  Шамдар  тұрақты  орнатылған  12  В  желі 
розеткасынан қоректенеді. 
217.  Электролиз  ванналарының  (электролизерлер)  параллель  қатарларында  жұмыс 
жүргізген  кезде  персоналға  бір-бірлеріне  немесе  қызмет  етілетін  жол  бойындағы 
персоналға  аспаптарды,  құрал-саймандарды  және  кез  келген  басқа  заттарды  беруге, 
сондай-ақ кӛпірлі кран немесе тельфер ілмектерінің арқансым аспасына жанасуға рұқсат 
берілмейді. 
218.  Құрастыру  және  жӛндеу  жұмыстарына  ағаштарды,  тӛсеме  тақтайларды  және 
тасымалды  сатыларды  пайдаланған  кезде  жұмыс  істеп  жатқандардың  электр  тоғынан 
жарақаттануын болдырмайтын, қауіпсіздік шаралары кӛзделеді. 

219.  Электролиз  қондырғыларында  немесе  оларға  жақын  маңда  кернеу  түсірілмей 
немесе  электр  қозғағыш  күштің  қалдығы  бар  кезде  электр  техникалық  емес  персонал 
жүргізген  жұмыстар,  электр  қауіпсіздігі  бойынша  тобы  III  топтан  тӛмен  емес  электр 
техникалық персоналдың бақылауымен орындалады. 
220.  Электролиз  корпусын  «жер»  әлеуетінің  басып  қалуын  болдырмау  үшін  металл 
қорғанысы  немесе  армировкасы  бар  қысылған  ауаны  немесе  суды  келтіру  үшін 
пайдалануға тыйым салынады. 
221.  Электролиз  залдарында  дәнекерлеп  пісіру  осы  электролиз  ӛндірісінің  (балқыту 
немесе  су  ерітінделері  электролизі)  ӛзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  әзірленген 
және кәсіпорын басшылығы бекіткен нұсқаулықтар сәйкес жүргізіледі. 
222. Әрбір дәнекерлеп пісіру агрегатынан оның қуат күшіне қарамастан бір мезгілде 
бір  ғана  дәнекерлеушіге  жұмыс  істеуге  рұқсат  етіледі.  Корпустарды  жерге  қосуға  және 
дәнекерлеу  трансформаторының  екінші  реттік  орамаларын  шығаруға  рұқсат  берілмейді. 
Дәнекерлеп  пісіру  трансформаторы  оқшаулағыш  табанға  орнатылады  және  диэлектрлік 
материалдардан істелінген қаптамамен жабылады. 
Тік  және  кері  дәнекерлегіш  сымдар  ретінде  оқшауламасы  жарамды  иілмелі  ӛңешті 
кәбіл қолданылады. 
Дәнекерлегіш  сымдардың  жалғанатын  немесе  оларды  оқшаулайтын  қабықтардың 
бүлінген  жерлеріндегі  оқшауламаның  сапасы  зауытта  жасалынатын  ӛңешті  кәбілдер 
оқшаулағыштарының сапасынан тӛмен болмайтындай орындауды талап етіледі. 
Дәнекерлегіш  сымдардың  жарамдылығын  аспаппен  тексеру  мерзімді  жергілікті 
нұсқаулыққа  сәйкес,  ал  сырттай  тексеру  -  дәнекерлеу  жұмыстарының  басталар  алдында 
жүргізіледі. 
Кәбілдердің оқшауламасы жарамсыз болса, дәнекерлеп пісіру жұмыстарын жүргізуге 
тыйым салынады. 
223.  Дәнекерлеп  пісіру  жұмыстарын  жабық  металл  ыдыстарда,  құдықтарда,  пеш 
кӛмейінде,  газ  жолдарында  және  ылғалдылығы  жоғары  жерлерде  жүргізуге  арналған 
электр  дәнекерлегіш  агрегаттар  бос  жүріс  кернеуін  автоматты  ажырату  құралдарымен 
жабдықталады немесе оның мӛлшері 0,5 сек. уақыт ішінде 12 В дейін тӛмендетілуі тиіс. 
224.  Жергілікті  нұсқаулыққа  сәйкес  жүзеге  асыралатын  электролиз  корпусындағы 
оқшауламаның жағдайда жүйелік бақылау орнатылады. 
Электролиз  қондырғыларын  тексеру,  ауысымда  кемінде  1  реттен  кем  емес,  кезекші 
технологиялық персоналмен жүргізіледі. Тексеру кезінде: 
1) ток ӛткізгіш заттардың немесе тұз кристалдарының жерге тұйықталмағанына; 
2)  оқшаулағыштың,  оқшаулағыш  бӛлшектердің,  оқшаулағыш  тігістердің  бүтіндігіне 
және оларда ток ӛткізгіш ластардың жоқтығына; 
3)  серияның  екі  шетіндегі  жерге  қатысты  әлеуеттерінің  біркелкі  таратылмауына  кӛз 
жеткізу қажет. 
Оқшауламаның табылған ақауларын тез арада жою қажет. 
225.  Машинисттің  кӛпірлі  кранның  кабинасынан  түсетін  авариялық  баспалдағы 
оқшаулағыш  материалдардан  немесе  бір  мезгілде  екі  оқшаулағыш  үзіктерді  адам 
денесімен  жабуға  келмейтіндей,  оның  екіден  кем  емес  оқшаулағыш  салғысымен 
орнатылады. 
226.  Персоналдың  металдарды,  ұнтақтарды  сұрыптау  немесе  қорытпаны  құю 
жұмыстары жүргізілетін электролиздер аймағындағы тұздарды еріту электролизі залының 
жертӛлесінде болуына тыйым салынады. 
227.  Электролиздерді  кептіру  және  қыздыру  (электролиздерді  айнымалы  токпен 
қоректендіру)  трансформаторлары  міндетті  түрде  қоршалады,  ал  трансформатордағы 
барлық  ауыстырып  қосылуды  электротехникалық  персоналмен  ажыратылған  кернеумен 
орындайды. 
228.  Су  жеткізетін  ӛңештерді,  сондай-ақ  дәнекерлеу  кәбілдерін  электролиздердің, 
ұсақтағыштың үстіңгі жағына орналастыруға тыйым салынады. 

229.  Электролиздер  ұсақтағыштардың  түйіспелерін  бақылау  және  созу,  сондай-ақ, 
оқшауламаны  тазалауға  бригада  құрамы  екі  адамнан  тұратын  арнайы  үйретілген 
электртехнологиялық персонал орындауға тиіс. 
Тұздарды еріту электролизі залының жертӛлесінде жұмыстар жүргізген кезде, бригада 
мүшелерінің  ӛздерімен  бірге  газдан  қорғайтын  аспаптардың  (противогаз)  және 
аккумуляторлық қол шамдарының болуы талап етіледі. 
  
  
18. Коммутациялық аппараттар 
  
230.  Коммутациялық  аппараттағы  жұмысқа  рұқсаттама  осы  Қағидаларда  кӛзделген 
және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, коммутациялық аппараттың қателікпен іске 
қосылып кетуіне тосқауыл болатын іс-шараларды қоса алғанда, техникалық іс-шараларды 
орындағаннан кейін беріледі. 
231.  Жұмыс  күйіндегі  қысымда  тұрған  ашық  ауадағы  ажыратқышқа  кӛтерілуге 
келтіру  жұмыстарын  жүргізгеннен кейін немесе  сынақтар  кезінде  рұқсат  етіледі.  Токтан 
ажыратылған  ашық  ауадағы  жұмыс  күйіндегі  қысымда  тұрған  ажыратқышқа  ауа 
толтырылған бӛлектегішпен кӛтерілуге барлық жағдайда рұқсат берілмейді. 
232.  Сынақ  жүргізу  немесе  ретке  келтіру  үшін  ауадағы  ажыратқышқа  кӛтерілмес 
бұрын: 
1) басқару тізбектерін ажырату; 
2)  жергілікті  басқару  батырмаларын  немесе  іске  қосқыш  клапандарды  арнайы 
бітеуіштерді  орнату  жолымен  немесе  шкафтарды  жауып,  ажыратқыштың  қасына, 
ажыратқышпен  жұмыс  істеуге  (жедел  ток  берілгеннен  кейін)  жұмыс  жүргізушінің 
нұсқауы  бойынша  белгілі  бір  жұмыскерге  рұқсат  беретін  бригаданың  нұсқау  алған 
мүшесін  қою  қажет.  Жұмыскерлердің  қысымда  тұрған  ауадағы  ажыратқыштың  болған 
кезде басқару шкафтарындағы және тарату шкафтарындағы барлық жұмыстарда тоқтату 
қажет.  Жұмыс  істеп  тұрған  қосалқы  станциялардың  кернеуі  220  кВ  және  одан  жоғары 
ажыратқыштың шықпалары әсерден пайда болған кернеуді түсіру үшін жерге қосылады. 
233.  Ауа  жинағыштардың  ішінде  адамдардың  болуымен  байланысты  жұмыстарға 
рұқсат берудің алдында: 
1)  ауа  берілуі  мүмкін  барлық  ауа  ӛткізгіштердің  ысырмаларын  жабу,  олардың 
жетектерін (тұтқаларын) құлпы бар шынжырға байлау және ысырмалардың жетектеріне: 
«Ашпа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттарды ілу; 
2)  дренажды  вентильді,  тығынды  немесе  ысырманы  ашық  қалдырып,  артық  қысым 
астындағы ауаны ауа жинағыштардан шығару
3) ауа жинағыштардан ауа ӛткізгіштерді ажыратып, оларға бітегіштер орнату қажет. 
234.  Ажыратқыштар  мен  ауа  жинағыштардағы  манометрлердің  нӛлдік  кӛрсетулері 
қысылған ауа қысымының жоқтығына нақты дәлел болып табылмайды. 
Ауа  жинағыштардың  люктері  мен  газдардың  қақпақтарындағы  бұрандалар  мен 
сомындарды  бұрап  шығарар  алдыңда  жұмыс  жүргізуші  қысылған  ауаның  шын  мәнінде 
жоқтығын  анықтау  мақсатында  тӛмен  түсіргіш  ысырмалардың,  тығындардың  немесе 
клапандардың ашық күйде тұрғандарына кӛз жеткізуі тиіс. 
Түсіргіш  ысырмаларды,  тығындарды  (клапандар)  жабуға  люктердің  қақпақтарын 
бекітетін  барлық  бұрандалар  мен  сомындар  бұрап  кіргізілгеннен  кейін  ғана  рұқсат 
беріледі. 
235.  Байқап  керу,  ретке  келтіру  және  сынау  кезінде  әуе  ажыратқыштарды  токтан 
ажырату  және  қосу  уақытында  жұмыскерлердің  ажыратқыштарға  жақын  тұруына  жол 
берілмейді. 
Ажыратқыштармен  операцияларды  орындауға  бұйрықты  жұмыс  жүргізуші  бригада 
мүшелері ажыратқыштан қауіпсіз жерге немесе панаға шеттетілгеннен кейін беріледі. 

236.  Коммутациялық  аппаратты,  оны  ретке  келтіру  және  реттеу  кезінде  сынау 
мақсатында  қосу  және  ажырату  үшін  нарядты  тапсырмай,  жедел  ток  тізбектеріне, 
жетектің ток беретін тізбектеріне уақытша кернеу беруге сондай-ақ ажыратқыштарға ауа 
жіберуге рұқсат етіледі. 
Жедел  токтың  алынған  сақтандырғыштарын  орнатуда,  ажыратылған  автоматтарды 
қосуды және ауа жіберу үшін ысырмаларды ашуды, сондай-ақ сынақ жүргізу уақытында 
қауіпсіздік плакаттарын алып тастауда жедел персонал жүзеге асырады. 
Коммутациялық  аппаратты  сынау  бойынша  операцияны  орындауға  осы  Қағидаларға 
3-қосымшада  келтірілген  нарядтың  «Жеке  нұсқаулар»  жолындағы  жазбамен  расталған, 
нарядты берушінің рұқсаты болған кезде жұмыс жүргізушіге немесе жұмыс жүргізушінің 
талабы бойынша жедел персоналға рұқсат беріледі. 
Сынақтан  кейін  коммутациялық  аппаратта  жұмыс  жалғастыру  қажет  болса,  жедел 
персонал  бригаданың  жұмысқа  баруына  рұқсаттама  беруші  талап  ететін  техникалық  іс-
шараларды орындайды. 
Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларда жұмыс орнын дайындау үшін 
және коммутациялық аппаратты сынақтан ӛткізгеннен кейін жұмыс жүргізушіге қайтадан 
рұқсат беру талап етілмейді. 
  
  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал