Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет4/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тыйым салатын плакаттарды ілу 
  
136.  Жұмыс  орнына  кернеу  берілуін  болдырмау  үшін  қолмен  басқарылатын 
коммутациялық  аппараттардың  (ажыратқыштардың,  құрама  ажыратқыштардың, 
бӛлектегіштердің,  айырғыштардың,  рубильниктердің,  автоматтардың)  жетектерінде 
(жетектерінің  тұтқаларында):  «Токқа  қоспа!  Адамдар  жұмыс  істеп  жатыр»  деген 
плакаттар ілінеді. 
Плакаттар  бір  полюсті  айырғыштарда  әр  полюстің  жетектеріне,  ал  жедел  штангамен 
басқарылатын  айырғыштарда  -  қоршауларға  ілінеді.  Айырғыштардың  пневматикалық 
жетектеріне  ауа  кіргізбейтін  ысырмаларда:  «Ашуға  болмайды!  Адамдар  жұмыс  істеп 
жатыр» деген плакаттар ілінеді. 
Коммутациялық  аппараттары  жоқ,  кернеуі  1000  В  дейінгі  қосылымдарда:  «Токқа 
қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат түсірілген сақтандырғыштарда ілінеді. 
ЖТҚ-да осы Қағидалардың 
239-тармағына
 сәйкес ілінеді. 
Плакаттар  қашықтан  және  жергілікті  басқару  кілттері  мен  батырмаларда,  сондай-ақ 
автоматтарда  немесе  басқару  тізбектері  және  коммутациялық  аппарат  жетектерін 
қоректендіретін ток беру тізбектерінің алынған сақтандырғыштарының орнына ілінеді. 
137.  ӘЖ  немесе  КЖ  жұмыстар  үшін  токтан  ажыратылған  айырғыштар  мен  құрама 
ажыратқыштардың жетектерінде, жұмыс істеп жатқан бригадалардың санына қарамастан: 
«Токқа  қоспа!  Желіде  жұмыс  жүріп  жатыр»  деген  плакат  ілінеді.  Бұл  плакат  желіде 
жұмыс  істеп  жатқан  бригадалардың  есебін  жүргізетін  жедел  персоналдың  кӛрсетуі 
бойынша ілінеді және алынып тасталады. 
  
  
Электр қондырғыда кернеудің жоқ екенін тексеру 
  
138. Кернеудің жоқтығын кернеу кӛрсеткіш арқылы тексеру қажет, қолдану алдында 
оның  жарамдығын  осы  мақсатқа  арналған  арнайы  аспаптардың  кӛмегімен  немесе  оны 
әдейі кернеу берілген ток ӛткізгіш бӛліктерге жақындату арқылы тексеріп алу қажет. 
Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  кернеу  кӛрсеткішті  диэлектрлік 
қолғаптарды киіп пайдалану қажет. 
Кернеуі  35  кВ  және  одан  жоғары  электр  қондырғыларында  кернеудің  жоқтығын 
тексеру  үшін  оқшаулағыш  штанганы  ток  ӛткізгіш  бӛліктерге  бірнеше  рет  жанастыру 
пайдалануға болады. Ұшқынның шашырамауы және шытырламауы кернеудің жоқтығын 
білдіреді. 
139.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларындағы  ТҚ-да  кернеу  жоқтығын 
тексеру үшін жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы жұмыскерге, 
кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында - III топтағы жұмыскерге рұқсат етіледі. 
ӘЖ-де кернеу тексеруді екі жұмысшы: кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ электр қауіпсіздігі 
бойынша  IV  және  III  топтағы  жұмыскер,  кернеуі  1000  В  дейінгі  ЭЖ-де  III  топтағы 
жұмыскер орындайды. 

140. Кернеудің арнайы кӛрсеткіші болмаған кезде схеманы салыстыра дәлдеу арқылы 
тексеруді  жұмысын  АТҚ,  ЖТҚ  және  сыртқа  орнатылған  жинақты  трансформатордың 
қосалқы  станциясында  (бұдан  әрі  -  ТҚС),  сондай-ақ  ӘЖ-де  тұманды,  жаңбырлы,  қарлы 
ауа райы кезінде рұқсат етіледі. 
Схеманы  салыстырып  дәлелдеу  арқылы  тексеру  кезінде  ӘЖ  мен  КЖ  кірмелерінде 
кернеудің жоқтығын желіні жедел басқарып отырған кезекші растайды. 
ӘЖ салыстырып дәлелдеу арқылы тексеру желілердің бағыты мен сыртқы белгілерін, 
сондай-ақ  желілердің  диспетчерлік  атауларына  сәйкес  келетін  тіректердегі  белгілерді 
тексеруді білдіреді 
141.  Кернеуі  6-20  кВ  ӘЖ-де  ағаш  немесе  темірбетон  тіректерінде,  сондай-ақ, 
телескопиялық  мұнараларда  жүргізілетін  сыйымдылық  тоғының  ағып  ӛту  қағидатында 
жұмыс  істейтін  кӛрсеткішпен  импульстік  токты  есептемегенде  кезінде  кернеудің 
жоқтығын  тексеру,  кӛрсеткіштің  талап  етілетін  сезгіштігін  қамтамасыз  етіледі.  Ол  үшін 
кӛрсеткіштің жұмыс істеп тұрған бӛлігі жерге тұйықталады. 
142.  ӘЖ-де  сымдар  әртүрлі  деңгейде  тартылған  кезде,  кернеудің  жоқтығын 
кӛрсеткішпен  немесе  штангамен  тексеру  қажет  және  жерге  тұйықтау  құралын  орнату 
тӛменнен жоғары қарай, тӛменгі сымнан бастап жүргізіледі. Сымдар кӛлденең тартылса, 
кернеудің болмауын тексеру жақын орналасқан сымнан басталады. 
143. Кернеуі 1000 В дейінгі жерге қосылған бейтарапты электр қондырғыларында екі 
полюсті  кӛрсеткіш  қолданылған  кезде  фазалардың  аралығында  да,  әрбір  фаза  мен 
жабдықтың жерге тұйықталған корпусы немесе қорғаушы ӛткізгіш аралығында кернеудің 
жоқтығын  тексеру  қажет.  Ол  үшін  алдын  ала  тексерілген  вольтметр  қолданылады. 
Бақылау шамдарын пайдалануға тыйым салынады. 
144.  Аппараттың  ажыратылғандығы  туралы  сигнал  беретін  бұғаттауыш  құрылғылар, 
тұрақты  түрде  іске  қосылған  вольтметрлер  және  т.б.  кернеу  жоқтығын  растайтын 
қосымша  құралдар  ғана  болып  табылады  және  олардың  кӛрсетулері  негізінде  кернеу 
жоқтығы туралы қорытынды жасауға тыйым салынады. 
  
  
Жерге тұйықтауды орнату 
  
145.  Ток  ӛткізгіш  бӛліктерге  жерге  тұйықтау  кернеуі  жоқтығын  толық  тексергеннен 
кейін орнату қажет. 
146.  Тасымалды  жерге  тұйықтау  құралы  алдымен  жерге  тұйықтау  құрылғысына 
жалғанады, одан кейін кернеу жоқтығына тексеріліп, ток ӛткізгіш бӛліктерге орнатылады. 
ӘЖ сымдар әртүрлі деңгейде тартылған кезде, жерге тұйықтау тӛменгі сымнан бастап 
орнатылады. 
Тасымалды  жерге  тұйықтау  конструкцияның  жерге  тұйықтау  шинасына  және  ток 
ӛткізгіш бӛліктерге бояудан тазартылған орындарға жалғанады. 
Тасымалды  жерге  тұйықтау  құралы  кері  (кезекпен)  алынады:  алдымен  оны  ток 
ӛткізгіш бӛліктерден алып, одан кейін жерге тұйықтау құрылғыдан ажырату қажет. 
147.  Тасымалды  жерге  тұйықтау  құралын  орнату  және  алу  кернеуі  1000  В  жоғары 
электр  қондырғыларында  диэлектрлік  қолғаптарды  киіп,  оқшаулағыш  штанганы 
пайдалану  арқылы  жүргізіледі.  Тасымалды  жерге  тұйықтау  құралдарының  қысқыштары 
оқшаулағыш штангамен немесе тікелей диэлектрлік қолғаптармен жерге тұйықталады. 
148.  Осы  Қағидалардың 
200-тармағында
  кӛрсетілген  жағдайлардан  басқа,  жерге 
тұйықтау үшін сол мақсаттарға арналмаған сымдарды пайдалануға тыйым салынады. 
  
  
Тарату құрылғыларында жерге тұйықтау құралдарын орнату 
  

149.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  жұмыс  жүргізу  үшін  токтан 
ажыратылған учаскенің кернеу берілетін барлық фазаларының (полюстердің) ток ӛткізгіш 
бӛліктері  жұмыс  үшін  токтан  ажыратылған  жинақты  шиналарда  бір  жерге  тұйықтау 
құралын орнату жеткілікті жинақты шиналарды қоспағанда, жерге тұйықталады. 
Ажыратылған  желілі  айырғышта  жұмыс  жүргізу  кезінде  айырғышта  жерге 
тұйықтаушы  пышақтардың  бар  екендігіне  қарамастан,  ӘЖ  жағынан  тӛмен  түсіретін 
сымдарда айырғыш арқылы әртүрлі әрекеттер жасау кезінде бұзылмайтын қосымша жерге 
тұйықтау құралы орнатылады. 
150.  Жерге  тұйықталған  ток  ӛткізуші  бӛліктер  кернеудегі  ток  ӛткізуші  бӛліктерден 
кӛзге кӛрінетін үзік арқылы бӛлектенеді. 
Осы  Қағидалардың 
130-тармағында
  кӛзделген  жағдайларда  кӛзге  кӛрінетін  үзіктің 
болмауына рұқсат етіледі. 
Орнатылған  жерге  тұйықтау  құралы  тікелей  жұмыс  жүргізіліп  жатқан  ток  ӛткізгіш 
бӛліктерден,  токтан  ажыратылған  ажыратқыш,  айырғыш,  бӛліктегіш  немесе  жүктемені 
ажыратқыш,  алынған  сақтандырғыш,  бӛлшектелген  шиналар  немесе  сымдар  арқылы 
бӛлектеуге рұқсат етіледі. 
Тікелей  жұмыс  орнында  ток  ӛткізгіш  бӛліктерге,  осы  бӛліктер  жеткізілген  кернеуде 
(әлеуетте) тұрған жағдайда, жерге тұйықтау құралы қосымша орнатылады. 
151.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  ТҚ-ның,  қалқандардың, 
құрастырмалардың  құрама  шиналарында  жұмыс  жүргізу  кезінде  шиналардан  кернеу 
түсіріледі  және  шиналар  (оқшауланған  сымнан  жасалған  шиналардан  басқа)  жерге 
тұйықталады. Осы ТҚ-ның қосылымдарын,  қалқандарды, құрастырмаларды және оларға 
жалғанған  жабдықтың  жерге  тұйықтау  қажеттілігін  және  мүмкіндігін  наряд,  нұсқау 
беруші айқындайды. 
152. Орындалатын жұмыстардың (оқшауламаның кедергісін ӛлшеу) сипаты бойынша 
талап  етілетін  болса,  жұмыс  орнын  дайындау  кезінде  орнатылған  жерге  тұйықтауды 
уақытша алып тастауға рұқсат етіледі. 
Жерге тұйықтау құралдарын уақытша алып тастау және қайтадан орнату жұмыстарын 
жедел персонал немесе наряд берушінің тапсырмасымен жұмысты ӛндіруші орындайды. 
Жерге тұйықтау құралын уақытша алып тастауға, сондай-ақ жұмыс жүргізушінің осы 
операцияларды  орындауына  берілетін  рұқсат  осы  Қағидаларда 
2-қосымшаның
  нарядтың 
«Жеке  нұсқаулар»  деген  жолына  енгізіліп,  жерге  тұйықтау  құралын  қайда  және  қандай 
мақсатпен алып тастау туралы жазылады. 
153.  Құрылысы  күрделі,  яғни  оған  жерге  тұйықтау  құралын  орнату  қауіпті  немесе 
мүмкін  емес  электр  қондырғыларында  (мысалы,  кейбір  тарату  жәшіктерінде,  ішкі 
(сыртқы)  ЖТҚ-ның  жекелеген  түрлерінде,  фазалары  тік  орналасқан  құрастырмаларда), 
айырғыш пышақтарына диэлектрлік қақпақтарды, диэлектрлік жапсырмаларды орнатуды 
немесе  сымдарды,  кәбілдерді  және  шиналарды  токтан  ажыратуды  қамтитын,  жұмыстың 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жӛніндегі  қосымша  іс-шаралар  әзірленеді.  Мұндай  электр 
қондырғылардың тізбесін жұмыс беруші бекітеді және персоналдың назарына жеткізеді. 
154.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  жерге  тұйықтау  құралдарын 
орнату және алып тастау бойынша операцияларды орындауға жедел персонал санынан III 
топтағы бір жұмысшыға рұқсат берілді. 
155.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  тасымалды  жерге  тұйықтау 
құралдарын  екі  жұмыскер  орнатады:  біреуі  -  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтағы 
(жедел  жұмыс  персонал  санынан),  екіншісі  -  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы 
жұмыскер;  III  топтағы  жұмыскер  жӛндеу  персоналы  санынан,  ал  басқа  ұйымдардың 
қосылымдарын  жерге  тұйықтау  кезінде  -  осы  ұйымдар  персоналы  арасынан  бӛлінген 
жұмыскер  орындай  алады.  Қашықтағы  қосалқы  станцияларда  әкімшілік-техникалық 
немесе  жедел  персоналдың  рұқсаты  бойынша  негізгі  схемадағы  жерге  тұйықтау 
құралдарын  орнату  кезінде,  басқа  ұйымдардың  персоналы  ішінен  электр  қауіпсіздігі 
бойынша  III  топтың  екінші  жұмыскеріне  жұмыс  істеуге  рұқсат  етіледі;  жедел  персонал 

санынан электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы бір жұмыскердің тұйықтау пышақтарын 
іске қосуына болады. 
Жедел  персонал  ішінен  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы  жұмыскер  жеке  ӛзі 
жерге  қосқыш  пышақтарды  токтан  ажырату  және  тасымалды  жерге  тұйықтау  құралын 
алып тастауға рұқсат етіледі. 
  
  
ӘЖ-де жерге тұйықтау құралын орнату 
  
156.  Барлық  ТҚ  және  желі  токтан  ажыратылған  секцияланушы  коммутациялық 
аппараттарда кернеуі 1000 В жоғары ӘЖ жерге қосылады. 
Мыналарға рұқсат етіледі: 
1)  егер  ӘЖ  екі  жағынан  жерге  қосылған  болса,  ал  осы  қосалқы  станцияларда  жерге 
тұйықтау  құралдары  токтан  ажыратылған  желі  айырғыштарының  сыртында  орнатылған 
болса,  онда  кернеуі  35  кВ  және  одан  жоғары  тарамды  ӘЖ  осы  тарамдарға  жалғанған 
қосалқы станцияларда жерге қоспау керек; 
2) кернеуі 6-20 ӘЖ бір ғана ТҚ немесе бір секцияланушы аппаратта немесе ТҚ немесе 
секцияланушы аппаратқа жақын тіректе жерге тұйықтау қажет. Бұл кернеудің қалған ТҚ-
да  және  ӘЖ  токтан  ажыратылған  секцияланушы  аппараттарында,  ӘЖ  жұмыс  орны  мен 
осы  ТҚ  немесе  секцияланушы  аппараттар  арасыңда  жерге  тұйықтау  құралдары 
орнатылған  жағдайда,  оны  жерге  тұйықтауға  рұқсат  етіледі.  ӘЖ-де  кӛрсетілген  жерге 
тұйықтау құралдары жерге тұйықтау құрылғылары бар тіректерде орнатылады. 
Кернеуі  1000  В  дейінгі  ӘЖ-де  жерге  тұйықтау  құралын  тек  жұмыс  орнында  ғана 
орнату жеткілікті. 
157.  Осы  Қағидалардың 
156-тармағында
  кӛрсетілген  жерге  тұйықтау  жұмыстарына 
қосымша,  әрбір  бригаданың  жұмыс  орнында  барлық  фазалардың  сымдары,  ал  қажет 
болған жағдайда, найзағайдан қорғайтын арқансымдар да жерге тұйықталады. 
158.  Қарнақтық  аралықта  монтаждау  кезінде,  сондай-ақ  ӘЖ-нің  құрастырылған 
учаскесінің қарнақтық тіректерінде тұзақтарды жалғағаннан кейін, сымдар (арқансымдар) 
бастапқы  қарнақты  тіректе  және  шеткі  аралық  тіректердің  (шеткі  қарнақтық  тіректің 
алдында) бірінде жерге тұйықталады. 
159. Монтаждалған қарнақтық аралықтың шеткі қарнақтық тірегінде, сондай-ақ ӘЖ-
нің құрастырылған учаскесіндегі қарнақтық тіректе, найзағай разрядтарының әлеуеті ӘЖ-
нің дайын учаскесінің сымдарынан (арқансымдардан) және басқа да асқын кернеулердің 
сымдарынан  (арқансымдардан)  келесі,  монтаждалып  жатқан  учаскеге  ауысып  кетуін 
болдырмау үшін сымдарды (арқансымдарды) жерге тұйықтауға рұқсат берілмейді. 
160.  Бір  тізбекті  ӘЖ  жерге  тұйықтау  құралдарын  жұмыс  орындарында  жұмыс 
жүргізіліп  жатқан  тіректе  немесе  кӛршілес  тіректе  орнату  қажет.  Жерге  тұйықтау 
құралдарын  бригада  жұмыс  істеп  жатқан  ӘЖ  учаскесінің  екі  жағынан  жерге  тұйықтау 
құралдарының арақашықтығы 2 км астам қашықтық шарттарында орнатуға болады. 
161.  Тіректен  оқшауланған  найзағайдан  қорғайтын  арқансымда  немесе  тірек 
конструкциясында  жұмыс  жүргізу  кезінде,  егер  бұл  арқансымға  1  м  кем  қашықтықта 
жақындау қажет болса, арқансым жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау құралы арқансым 
оқшауланған аралықта немесе жұмыс жүргізіліп жатқан аралықта орнатылады. 
Жерден  оқшауланған  найзағайдан  қорғайтын  арқансымнан  жерге  тұйықтаушы 
тӛмендеткіш баспалдақты ажырату немесе жалғау жұмысы алдын ала арқансымды жерге 
қосып алғаннан кейін жүргізіледі. 
Егер  осы  арқансымда  қатқан  мұзды  еріту  кӛзделсе,  жұмыстың  алдында  арқансым 
токтан ажыратылуға және оған кернеу берілуі мүмкін жақтардан жерге тұйықталады. 
162. Тасымалды жерге тұйықтау құралдары металл тіректерде олардың элементтеріне, 
жерге тұйықтаушы тӛмендеткіш баспалдақтары бар темір-бетонды және ағаш тіректерде - 
сол  баспалдақтарға,  олардың  бүтіндігі  тексерілгеннен  кейін  жалғанады.  Жерге 

тұйықтаушы  тӛмендеткіш  баспалдақтары  жоқ  темір-бетонды  тіректерде  жерге  тұйықтау 
құралдарын  траверстерге  (қолдан  жасалған  қорғаныс)  және  жерге  тұйықтау 
құрылғысымен түйісетін тіректің металл элементтеріне жалғанады. 
Кернеуі  1000  В  дейінгі  жерге  қосылған  бейтарапты  электр  қондырғыларында  нӛлдік 
сымның  жерге  қайтадан  қосылуы  орын  алған  жағдайда,  тасымалды  жерге  тұйықтау 
құралы осы нӛлдік сымға жалғанады. 
Тасымалды  жерге  тұйықтау  құралдарын  жерге  тұйықтаушы  ӛткізгіштерге  немесе 
конструкцияларға жалғайтын орындар бояудан тазартылады. 
Жұмыс  орнындағы  тасымалды  жерге  тұйықтау  құралын  0,5  м  кем  емес  тереңдікте 
топыраққа  тік  енгізілген  жерге  қосқышқа  жалғауға  жол  беріледі.  Жерге  тұйықтау 
құралдарын кездейсоқ топырақ үйінділерінің үстіне орнатуға тыйым салынады. 
163.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  ӘЖ  тіректерден  немесе  телескопиялық  мұнарадан 
оқшаулағыш буынсыз жұмыс жүргізгенде, жерге тұйықтау құралы жӛнделіп жатқан желі 
сымдарына және сол тіректерге асылған барлық сымдарға, оның ішінде радиотрансляция 
және телемеханика желілерінің оқшауланбаған сымдарына орнатылады. 
164.  Жӛндеу  үшін  токтан  ажыратылған  ӘЖ  тасымалды  жерге  тұйықтау  құралдарын 
орнату, одан кейін алып тастау және тіректердегі жерге қосқыш пышақтарды токқа қосу 
жұмыстарын  жедел  персонал  ішінен:  біреуі  -  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтағы 
(кернеу  1000  В  жоғары  ӘЖ)  немесе  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы  жұмыскер 
орындайды.  Жӛндеу  персоналы  ішінен  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы  екінші 
жұмыскерді пайдалануға рұқсат етіледі. 
Жедел персонал ішінен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бір жұмыскерге жерге 
тұйықтаушы пышақтарды токтан ажыратуға рұқсат етіледі. 
ӘЖ  жұмыс  орындарында  тасымалды  жерге  тұйықтау  құралдарын  электр  қауіпсіздігі 
бойынша III топтағы бригада мүшесімен бірге жұмыс жүргізуші орнатуға рұқсат етіледі. 
Сол  тасымалды  жерге  тұйықтау  құралдарын  алып  тастауды  жұмыс  жүргізушінің 
нұсқауымен бригаданың электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы екі жұмыскер жүргізеді. 
ӘЖ-де  кернеу  жоқтығын  тексеру,  жерге  тұйықтау  құралдарын  орнату  немесе  алу 
кезінде екі жұмыскердің біреуі жерде тұрады және екіншісі бақылауды жүзеге асырады. 
165.  Басқа  ӘЖ-мен  қиылысу  аралығында,  кӛптізбекті  ӘЖ  токтан  ажыратылған  бір 
тізбегінде  әсерден  пайда  болған  кернеудегі  ӘЖ-де  жүргізілген  фазалық  жӛндеу 
жұмыстарында  жерге  тұйықтау  құралдарын  ӘЖ-де  орнатуға  қойылатын  талаптар  осы 
Қағидалардың 28-тарауында келтірілген. 
  
  
Жұмыс орнын қоршау, плакаттарды ілу 
  
166.  Электр  қондырғыларында  ажыратқыштардың,  бӛлектегіштердің  және  жүктеме 
ажыратқыштарының  жетектерінде,  сондай-ақ  коммутациялық  аппараттарды  қашықтан 
басқару  кілттері  мен  батырмаларында:  «Жерге  тұйықталған»  деген  плакаттар  ілінеді; 
оларда  қателікпен  іске  қосылған  кезде  электр  қондырғылардың  жерге  тұйықталған 
учаскесіне кернеу беріліп кетуі мүмкін. 
167. Кернеу келіп тұрған ток ӛткізгіш бӛліктерді уақытша қоршау үшін оқшаулағыш 
материалдардан жасалған қалқандар, кермелер, экрандар қолданылады. 
Уақытша  қоршауларды  кернеуді  түсірмей  орнатқан  кезде  олардан  ток  ӛткізгіш 
бӛліктерге  дейінгі  аралық  осы  Қағидаларға 
10-қосымшасының  1  кестесінде
  кӛрсетілген 
қашықтықтан  кем  болмауы  тиіс.  Кернеуі  6-10  кВ  электр  қондырғыларында  бұл 
қашықтықты 0,35 м дейін азайтуға рұқсат етіледі. 
Уақытша  қоршауларда:  «Тоқта!  Кернеу»  деген  жазулар  жазылады  немесе  тиісті 
плакаттар ілінеді. 
168.  20  кВ  дейінгі  электр  қондырғыларда  ток  ӛткізгіш  бӛліктерді  қалқандармен 
қоршауға болмаса, токтан ажыратылған және кернеу келіп тұрған ток ӛткізгіш бӛліктердің 

арасында (мысалы, токтан ажыратылған айырғыш түйіспелерінің арасында) оқшаулағыш 
жапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жапсырмалардың кернеу келіп тұрған ток 
ӛткізгіш бӛліктерге жанасуына жол беріледі. 
Оқшаулағыш  жапсырмаларды  электр  қаупсіздігі  бойынша  IV  және  III  топтағы  екі 
жұмыскер орындайды және алып тастайды. Жапсырмалармен орындалатын операциялар 
кезіңде диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағыш штанганы (қысқыштарды) пайдаланылады. 
169.  Жұмыс  орнымен  шектесетін  камералардың,  шкафтар  мен  панельдердің 
қоршауларында: «Тоқта! Кернеу» деген плакаттар ілінеді. 
170. АТҚ-дан жерден орындалатын және іргетастар мен жекелеген конструкцияларда 
жұмыстар кезінде жұмыс орны арқанмен, жуан жіппен немесе кенеп және синтетикалық 
талшықтардан істелінген баулармен (кӛлік және жаяу жүргінші ӛтетін жол қалдырылып) 
қоршалуға  және  қоршауларға:  «Тоқта!  Кернеу»  деген  плакаттар,  қоршалған  кеңістіктің 
ішкі жағына қаратылып, ілінеді. 
Арқанды  ілу  үшін  бос  орын  аймағына  енгізілмеген  конструкцияларды,  олар 
қоршалған кеңістіктен тыс қалатын болса, пайдалануға рұқсат беріледі. 
АТҚ-дан  желілік  ажыратқыштардан  басқа  барлық  кернеу  түсірілген  уақытта  желілік 
ажыратқыштар:  «Тоқта!  Кернеу»  деген  плакаттар  (қоршалған  кеңістіктің  ішкі  бетіне 
қаратылып) ілінген арқандармен қоршалады. 
АТҚ екінші реттік тізбектерде нұсқау бойынша жұмыс жүргізу кезінде жұмыс орнын 
қоршау талап етілмейді. 
171. АТҚ-да жұмыс орнынан онымен шектесетін кернеу келіп тұрған  учаскеге ӛтуге 
болатын  конструкциялар  учаскесінде  кӛзге  жақсы  кӛрінетін:  «Тоқта!  Кернеу»  деген 
жазулары  бар  плакаттар  орнатылады.  Бұл  плакаттарды  жӛндеу  персоналы  ішінен  III 
топтағы жұмыскердің жұмысқа рұқсат етушінің басшылығымен орнатуына рұқсат береді. 
Бойымен  жоғары  кӛтерілуге  рұқсат  етілген  конструкциялармен  шектесетін 
конструкциялардың  тӛменгі  жағында:  «Жоғары  шықпа!  Ӛлтіреді»  деп  жазылған  плакат 
ілінеді. 
Жұмыс  жүргізу  үшін  олар  арқылы  кӛтерілуге  рұқсат  етілген  орнықты  сатылар  мен 
конструкцияларда: «Жоғарыға осы жерден шық!» деп жазылған плакат ілінеді. 
Әзірленген  жұмыс  орындарындағы  электр  қондырғыларында:  «Осы  жерде  жұмыс 
істе» деген жазуы бар плакат ілінеді. 
172. Жұмыс орнын әзірлеу кезінде рұқсат беруші орнатқан  «Ерекше нұсқаулар» осы 
Қағидалардың 
2-қосымшасында
 
кӛрсетілген 
нарядтың 
бағанында 
ескертілген 
жағдайлардан  басқа,  плакаттарды,  қоршауларды  жұмыс  толық  аяқталғанға  дейін  алып 
тастауға немесе орнын ауыстырып қоюға рұқсат берілмейді. 
  
  
16. Жекелеген жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары 
  
173. Электр қондырғыларында еңкейген күйде, егер тіктеліп тұрған кезде ток ӛткізгіш 
бӛліктерге  дейінгі  аралық  осы  Қағидаларға 
10-қосымшасының  1  кестесінде
  кӛрсетілген 
аралықтан  кем  болса,  жұмыс  істеуге  рұқсат  берілмейді.  Электр  қондырғыларының 
қоршалмаған  ток  ӛткізгіш  бӛліктерінің  жанында  жұмыс  істеген  уақытта,  ол  бӛліктердің 
жұмыскердің артында немесе екі бүйірі жағында болуына рұқсат берілмейді. 
174. Кернеу келіп тұрған жабдықтың оқшаулағыш элементтеріне электрден қорғайтын 
құралдарды қолданбай жанасуға рұқсат берілмейді. 
175.  Электрден  қорғаудың  негізгі  құралдарын  пайдаланып  жұмыс  істеген  уақытта 
қызметкердің  ток  ӛткізгіш  бӛліктерге  осы  құралдардың  оқшаулағыш  бӛлігінің 
ұзындығымен айқындалатын аралықта жақындауына рұқсат етіледі. 
176.  Электр  қондырғыларында  кернеу  жоғалып  кеткеннен  кейін,  оның  ешқандай 
ескертусіз қайтадан берілу мүмкіндігі туралы персоналды хабарландыру қажет. 

177.  Жарық  жоқ  орындарда  жұмыс  істеуге  рұқсат  берілмейді.  Жұмыс  учаскелерінің, 
жұмыс  орындарының,  кӛлік  ӛтетін  және  оларға  жақын  жерлердің  жарықтығы  біркелкі, 
жарық беру құралдары жұмыскерлерге қарықтыру әрекетінсіз орындалады. 
178.  Найзағай  жақындаған  кезде  ӘЖ-де,  әуе  байланыс  желісінде  (бұдан  әрі  -  ӘБЖ), 
АТҚ-да  ӘЖ-ге  тікелей  қосылған  ЖТҚ-ның  кірмелері  мен  коммутациялық 
аппараттарында, ӘБЖ-нің учаскелеріне қосылған КЖ-де, сондай-ақ ӘЖ-нің кірмелерінде, 
байланыс  тораптарының  үй-жайларында  және  антенна-діңгек  құрылыстарында  барлық 
жұмыстар тоқтатылады. 
179. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында кернеу берілген жұмыс кезінде 
мыналар қажет: 
1) жұмыс орнына жақын орналасқан, кернеу берілген, кездейсоқ жанасып кету мүмкін 
басқа ток ӛткізгіш бӛліктерді қоршау; 
2)  диэлектрлік  кебіс  киіп  немесе  аяқтың  астына  қойылатын  оқшаулағыш  заттың 
немесе диэлектрлік резеңке кілемшенің үстінде тұрып жұмыс істеу
3) оқшаулағыш тұтқасы бар аспапты (бұрауыштардың, одан ӛзге, сабы оқшауланады) 
қолдану, диэлектрлік қолғаптарды пайдалану. 
Кернеу  берілген  жұмыс  кезінде  қысқа  немесе  түрілген  жеңдері  бар  киіммен  жұмыс 
істеуге,  сондай-ақ  пышақты,  егеулерді,  металл  сызғыштарды  пайдалануға  рұқсат 
берілмейді. 
  
  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал