Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет2/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік 
техникасын ұйымдастыру бойынша жалпы талаптар 
  
30.  Қолданыстағы  электр  қондырғыларындағы  жұмыстар  осы  Қағидалардың 
2-
қосымшасында
 келтірілген нысаны мен оны толтыру нұсқауы кӛрсетілген наряд бойынша 
және осы Қағидаларда кӛзделген жағдайларда ӛкім бойынша жүргізіледі. 
31.  Тұтынушылардың  электр  қондырғыларын  пайдалану  кезінде  қауіпсіздік 
техникасын ұйымдастыру болып мыналар табылады: 
1) жұмыс жүргізуге наряд немесе ӛкім беру; 
2)  олардың  тізбесіне  сәйкес  ағымдағы  пайдалану  тәртібімен  орындалатын 
жұмыстарды ұйымдастыру
3) жұмыс орнына кіруге рұқсат беру; 
4) жұмыс орнына жіберу; 
5) жұмысты орындау кезіндегі бақылау; 
6) басқа жұмыс орнына ауыстыру; 
7) жұмыстағы үзілістерді, жұмыстың аяқталуын ресімдеу. 
32. Мыналар жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты болып табылады: 
1)  ағымдағы  пайдалану  тәртібімен  орындалатын  жұмыстардың  тізбесін  бекітетін, 
наряд, ӛкім беретін тұлға
2) жұмыстарға жауапты басшы; 
3) жұмыс орнына жіберуге рұқсат беруші тұлға; 
4) жұмыс орнына жіберуші; 
5) жұмыс жүргізуші; 
6) бақылаушы; 
7) бригада мүшесі. 
33.  Наряд,  ӛкім  беруші  жұмыс  орындарын  дайындау  шараларын  қабылдайды  және 
нарядта кӛрсетілген қауіпсіздік шараларының жеткіліктілігіне, дұрыстығына, бригаданың 
сапалық  және  сандық  құрамына  және  жауапты  тұлғаларды  тағайындауға,  сондай-ақ 
нарядта  кӛрсетілген  қызметкерлердің  электр  қауіпсіздігі  бойынша  топтар  орындайтын 
жұмыстарға сәйкестігіне жауап береді. 
34.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  наряд,  ӛкім  беру  құқығы 
әкімшілік-техникалық персонал арасынан электр қауіпсіздігі бойынша V топқа, ал кернеуі 
1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топқа  жататын 
жұмыскерлерге беріледі. 
Наряд  беру  құқығы  бар  қызметкерлер  болмаған  жағдайда,  апаттарды  болдырмау 
немесе  олардың  зардаптарын  жою  жұмыстары  кезінде  аталған  электр  қондырғысының 
жедел  персоналы  арасынан  IV  топқа  жататын  жұмыскерлердің  наряд  пен  ӛкім  беруіне 
рұқсат етіледі.  Жедел персоналға наряд беру  құқығын беру ұйым басшысының жазбаша 
нұсқауымен ресімделеді. 
35. Жауапты басшы тӛмендегі жұмыстардың орындалуы кезінде тағайындалады: 
1) механизмдер мен жүк кӛтергіш машиналар пайдаланылғанда; 

2)  осы  Қағидалардың 
42-тармағында
  кӛзделген  жағдайларды  қоспағанда,  электр 
жабдығын ажырату кезінде
3) электр жалғауларының схемасы күрделі электр қондырғыларында; 
4) электр қозғалтқыштары және ТҚ-ның қосылымдарында; 
5) тума кернеуде; 
6)  ӘЖ,  КЖ,  кәбілдік  байланыс  желісі  (одан  әрі  -  КБЖ),  оның  ішінде  жұмыс 
кернеуіндегі ӘЖ; 
7) адамды жерден оқшаулау арқылы ток ӛткізгіш бӛліктерден кернеуді алмастан; 
8)  электр  жабдықтарын  сынау  бойынша,  оның  ішінде  электр  қондырғыларынан  тыс 
жерде  (жұмыс  істемейтін  электр  қондырғыларында,  қоймаларда,  кәсіпорын  аумағында, 
далада); 
9)  жерасты  коммуникациялары  орналасқан  аймақтарда,  кӛліктің  қарқынды  жүру 
аймақтарында; 
10) диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жабдығында (діңгектік ӛту 
құрылғысы, КБЖ сынау, қызмет кӛрсетпейтін күшейткіш пункт аппаратурасымен (бұдан 
әрі  -  ҚККП)  жұмыс  істеу  кезінде,  қосылым  сүзгілерінде  байланыс  конденсаторының 
жерге тұйықтау пышағын қоспай жұмыс істеген кезде). 
Басқа  жұмыстар  кезінде  жауапты  басшыны  тағайындау  қажеттілігін  наряд  беруші 
анықтайды. 
Жұмыстардың жауапты басшысы кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларындағы 
жұмыс кезінде тағайындалады. 
Жұмыстарға  жауапты  басшы  нарядта  кӛрсетілген  барлық  қауіпсіздік  шараларының 
орындалуына  және  олардың  жеткіліктілігіне,  қабылданған  қосымша  қауіпсіздік 
шараларына,  бригаданың  мақсатты  нұсқаулықтарының  оның  ішінде  жұмысқа  рұқсат 
беруші  мен  жұмыс  жүргізушімен  орындалатын  нұсқаулардың  толықтығы  мен  сапасына, 
электр  қауіпсіздігі  және  басқа  да  ӛндірістік  факторлардан  жұмыс  жасаушылардың 
қауіпсіздігіне жауапты болады. Жауапты басшылар мынадай: 
кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша V тобы 
бар;  
кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында электр қауіпсіздігі бойынша IV тобы 
бар мамандарды тағайындайды. 
36.  Жұмыс  орнына  жіберуге  рұқсат  беруші  кезекшіге  және  жедел  жӛндеу 
персоналына  ажырату  мен  жерге  тұйықтау  кӛлемі  бойынша  тапсырманың  дұрыс 
берілуіне,  сол  персоналға  ажырату  мен  жерге  тұйықтау  бойынша  алдын  ала  орындалған 
операциялардың  кӛлемі  туралы  хабарланған  мәліметтердің  дұрыстығына,  жұмысқа 
жіберілген бригадалардың жұмыс орны мен уақытын үйлестіруге, сонымен қатар, аталған 
электр  қондырғысында  жұмыс  істеуге  жіберілген  барлық  бригадалар  жұмысты  толық 
аяқтаған соң электр қондырғысының іске қосылуына жауап береді. 
Жұмыс  орнына  жіберуге  рұқсат  беруді  электр  қондырғысын  жедел  басқарушы 
кезекші персонал жүзеге асырады. 
37. Жұмысқа рұқсат беруші: 
1)  нарядта,  ӛкімде  кӛрсетілген  жұмыс  орнын  әзірлеу  бойынша  техникалық  іс-
шаралардың дұрыс және дәл орындалуына, техникалық 
іс-шаралардың жұмыстың сипаты мен орнына сәйкестігіне; 
2) жұмысқа дұрыс рұқсат берілуіне; 
3)  бригада  мүшелеріне  ӛткізілген  нұсқаулықтың  толықтығы  мен  сапасына  жауапты 
болады. 
Жұмысқа  рұқсат  беруші  жедел  персонал  арасынан  тағайындалады.  Кернеуі  1000  В 
жоғары  электр  қондырғыларында  жұмысқа  жіберуші  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV 
топқа, ал кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларда - III топқа ие болуы керек. 
38. Жұмыс жүргізуші: 

1)  жұмыс  орнының  наряд  нұсқауларына  сәйкестігіне,  жұмыстардың  орындалу 
шарттары бойынша қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге
2) бригада мүшелерімен ӛткізілген нұсқаулардың айқындығы мен толықтығына; 
3) қорғаныс құралдарының, құрал-саймандардың, мүлік пен құрылғылардың болуына, 
жарамдылығына және дұрыс қолданылуына; 
4) 
жұмыс 
орнында 
қоршаулардың, 
плакаттардың, 
жетектерді 
жабатын 
құрылғылардың сақталуына; 
5)  жұмыстардың  қауіпсіз  жүргізілуіне,  ӛзінің  және  бригада  мүшелерінің  осы 
Қағидаларды сақтауына; 
6) бригада мүшелеріне тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыруға жауап береді. 
Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  наряд  бойынша  орындалатын 
жұмыстарды  жүргізуші  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топқа,  ал  кернеуі  1000  В  дейінгі 
электр қондырғыларында - ІІІ топты болуы тиіс. 
Зиянды  газдар  пайда  болуы  мүмкін  жерасты  құрылыстарындағы  жұмыстар  үшін, 
кернеулі және кернеуі 1000 В дейінгі ӘЖ сымдарды тарту, ауыстыру бойынша, тіректерге 
ілінген  кернеуі  1000  В  жоғары  ӘЖ  жұмыстар  үшін  жұмыс  жүргізушінің  электр 
қауіпсіздігі бойынша тобы IV болуы тиіс. 
Ӛкім бойынша орындалатын жұмыс жүргізушінің осы Қағидалардың 
193-тармағында
 
кӛрсетілген  жұмыстардан  басқа  кернеуі  1000  В  дейінгі  және  одан  жоғары  электр 
қондырғыларында жұмыстарды орындау үшін электр қауіпсіздігі бойынша III тобы болуы 
жеткілікті. 
39.  Бақылаушы  электр  қондырғыларында  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуге  құқығы  жоқ 
жұмыскерлер бригадасын қадағалауды жүзеге асырады. 
Бақылаушы: 
1) әзірленген жұмыс орнының нарядта қарастырылған нұсқауларға сәйкестігіне; 
2)  жұмыс  орнында  орнатылған  жерге  тұйықтау  құрылғыларының,  қоршаулардың, 
қауіпсіздік  плакаттары  мен  белгілерінің,  жетектерді  жабатын  құрылғылардың  болуына 
және сақталуына; 
3)  бригада  мүшелерінің  электр  қондырғысының  электр  тогынан  зақымдануына 
қатысты және басқа да ӛндірістік факторлардан қауіпсіз болуына жауапты болады. 
Құрамына  кіретін  бригаданы  басқаратын  және  жұмыс  орнында  үнемі  болатын 
жұмыскер  жұмыс  технологиясына  байланысты  қауіпсіздікке  жауапты  болып  саналады. 
Оның аты-жӛні нарядтың «Жекелеген нұсқаулар» деген жолында кӛрсетіледі. 
40. Бригаданың әрбір мүшесі: 
1) Осы Қағидалар талаптарының, жұмысқа рұқсат берілген кезде және жұмыс кезінде 
алынған нұсқама ӛкімдердің орындалуына; 
2) тиісті ұйымдардың еңбекті қорғау жӛніндегі нұсқауларды орындауына
3)  жеке  қорғаныс  құралдарының,  құрал-саймандар  мен  арнайы  киімнің  болуына, 
олардың жарамдылығына және дұрыс қолданылуына жауапты. 
41. Жұмыскерлерге мына құқықтар: 
1) наряд, ӛкім беруші; 
2) рұқсат беруші; 
3) жұмысқа жауапты басшы; 
4)  жұмыс  жүргізушісі  (бақылаушысы),  сондай-ақ  жеке  тексеру  құқығын  беру  ұйым 
басшысының жазбаша нұсқауымен ресімделеді. 
42.  Жұмысты  қауіпсіз  жүргізуге  жауапты  тұлғалардың  міндеттерін  қоса  атқару 
шектелмейді  және  жұмыс  жүргізуші  мен  рұқсат  берушінің  міндеттерін  қоса  атқарудан 
басқа  наряд  берушімен  анықталады,  ӛйткені  тӛмендегі  жағдайлардан  басқа  рұқсат 
берілмейді: 
1) жедел жӛндеу жұмыскерлері ішінен жұмыс жүргізуші - жұмысқа рұқсат беруші; 

2)  ӘЖ-дегі  жӛндеу  персоналының  ішінен  жұмыс  жүргізуші  -  жұмыс  орнын  әзірлеу 
үшін  кернеудің  жоқтығын  тексеру  және  жұмыс  орнында  тасымалды  жерге  тұйықтау 
құрылғысын орнату талап етіледі. 
43.  Жұмыс  жүргізуші  мен  жұмысқа  рұқсат  берушінің  міндеттерін  қатар  орындаған 
кезде,  оларға  жұмысты  қауіпсіз  жүргізуге  жауапты  басқа  адамдардың  міндеттерін  қоса 
орындауға рұқсат берілмейді. 
44. Жұмысты ӛз бетінше орындауға, сондай-ақ нарядпен немесе ӛкіммен белгіленген 
жұмыс орындарын және тапсырыс кӛлемін кеңейтуге рұқсат берілмейді. 
45. Басқа наряд жұмыс істеп жатқан аймақта кез келген жұмысты орындау жұмысқа 
бұрын  жіберілген  бригаданың  жұмыс  басшысымен  немесе  жұмыс  жүргізушімен  (егер 
басшы тағайындалмаса) келісіледі. 
47.  Келісім  келесі  бригадаларға  рұқсат  берерден  бұрын  нарядтардың  жиегінде  ӛзара 
ресімдей  отырып,  осы  Қағидаларға 
2-қосымшаның  2-кестесінің
  жанындағы  «Келісілді» 
деген жазумен және келісуші адамның қолымен жүргізіледі. 
  
  
4. Наряд бойынша жұмыстар Наряд бойынша жұмыстарды ұйымдастыру 
  
48. Наряд екі данада жазылады, оның бірі жауапты жұмыс басшысына (жүргізушісіне) 
арналады,  екіншісі  -  жұмысқа  рұқсат  берушіге  немесе  егер  аталған  учаскеде  кезекші 
персонал болмаса наряд берген жергілікті кезекші персоналға арналады. 
49.  Жұмыс  жүргізу  нарядтарын  телефон,  радио  арқылы  беруге  рұқсат  етіледі.  Бұл 
ретте наряд үш данада: наряд берушіге, жауапты жұмыс басшысына (жүргізушіге), рұқсат 
берушіге жазылады. 
Бұл  жағдайда  наряд  беруші  бір  данасын  жазады,  ал  мәтінді  телефон  немесе 
радиограмма  түрінде  қабылдаушы  тұлға  нарядтың  екі  данасын  толтырады  және  кері 
тексеруден кейін наряд берушінің қолы қойылатын жерге оның тегін, аты-жӛнін кӛрсетіп, 
жазудың дұрыстығын растап, ӛз қолын қояды. 
Жұмыс  басшысының  (жүргізушінің)  және  жұмысқа  рұқсат  берушінің  міндеттерін 
қатар атқарған жағдайда, наряд екі данада жазылады. 
50.  Қолданыстағы  электр  қондырғыларында  наряд  бойынша  тӛмендегі  санаттағы 
жұмыстар орындалады: 
1)  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларындағы  кернеуді  (тума  және  тума  кернеусіз); 
ТҚ-ның жинақтаушы шиналарында және 1000 В дейінгі тарату қалқандарында, сонымен 
қатар, олардың жинақтаушы шиналарға кернеу берілетін қосылымдарындағы кернеуді алу 
арқылы; 
2)  30-тараудың  30.2-бӛліміне  сәйкес  электр  ӛлшеуіш  тістеуіктермен  және 
штангалармен  орындалатын  жұмыстарды  қоспағанда,  электр  қорғаныс  құралдарын 
қолдана  отырып  кернеуді  түсірмей,  сонымен  қатар,  ағымдағы  пайдалану  тәртібімен 
кезекші  және  жедел  жӛндеу  персоналы  орындайтын  жұмыстар.  Электр  қорғаныс 
құралдарын  қолданып,  кернеуді  түсірмей,  ағымдағы  пайдалану  тәртібімен  кезекші  және 
жедел  жӛндеу  персоналы  орындайтын  жұмыстардың  тізбесі  жергілікті  жағдайға 
негізделіп әзірленеді және кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді
3) ток ӛткізуші бӛліктер әлеуетінде кернеуді түсірмей орындайтын жұмыстар. 
Сонымен қатар, наряд бойынша кернеуді түсіруді қажет етпейтін, осы Қағидалардың 
тиісті бӛлімдерінде кӛрсетілген жекелеген жұмыстар орындалады. 
51.  Электр  қондырғыларында  орындалатын  жұмыстарға  берілген  ӛтінімде  жұмыс 
санаты кӛрсетіледі.  Жұмыс орындарын  әзірлеу  бойынша нақты шаралар тізбесі  ӛтінімде 
келтірілмейді. 
52.  Нарядты  осы  Қағидалардың 
55-57-тармақтарында
  айтылған  жағдайларды 
қоспағанда, бір қосылымның бір немесе бірнеше жұмыс орнына беруге рұқсат етіледі. 

Бір  жауапты  жұмыс  басшысына,  рұқсат  берушіге,  жұмыс  ӛндірушіге  (бақылаушыға) 
кезекті рұқсат беру және сол бойынша жұмыс істеуге берілетін нарядтар санын, нарядтың 
қолданылу мерзімін наряд беруші анықтайды. Нарядты ұзартуға рұқсат берілмейді. 
53.  Толық  аяқталған  жұмыстар  бойынша  нарядтар  электр  станциялары  мен  ҚС-да 
қызмет кӛрсетуші персоналмен жасалған жұмыстар кезінде наряд берушіде немесе ҚС-да 
қызмет кӛрсетуші персоналынсыз және ӘЖ-де жедел шығу бригадасының диспетчерінде 
30 тәулік бойы сақталады. 
Егер  наряд  бойынша  жұмыстарды  орындау  кезінде  авария  немесе  жазатайым  оқиға 
орын  алған  болса,  мұндай  нарядтар  тексеру  материалдарымен  бірге  ұйымның 
мұрағатында сақталады. 
54.  Нарядтар  және  ӛкімдер  бойынша  жұмыстардың  тәртібі  мен  есепке  алу  осы 
Қағидаларға 
3-қосымшада
 келтірілген. 
  
  
Бір  наряд  бойынша  бірнеше  жұмыс  орындарында,  қосылымдарда,  қосалқы 
станцияларда жүргізілетін жұмыстар 
  
55. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында барлық ток ӛткізуші бӛліктерден, 
оның  ішінде  электр  жеткізудің  ӘЖ  мен  КЖ  шықпаларынан  кернеу  алынды  және  кӛрші 
электр  қондырғыларына  (1000  В  дейінгі  құрастырмалар  мен  қалқандарда  кернеуді 
қалдыруға  болады)  кіру  мүмкін  емес  кезде,  барлық  қосылымдарда  бір  уақытта  жұмыс 
істеу  үшін  бір  наряд  беруге  рұқсат  етіледі.  Бұл  ретте  жұмыстың  орындалуына  жауапты 
адам тағайындау қажет емес. 
Кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  барлық  ток  ӛткізуші  бӛліктерден 
кернеу  толық  алған  кезде,  ТҚ-ның  жинақты  шиналарында,  тарату  қалқандарында, 
құрастырмаларда,  сонымен  қатар  бұл  құрылғылардың  барлық  қосылымдарында  бір 
мезгілде жұмыс орындауға бір-бірден наряд беруге рұқсат етіледі. 
56.  Шиналары  дара  жүйелі  және  секцияларының  саны  әрқилы  6-110  ТҚ  секциясын 
түгелдей  жӛндеуге  шығарған  кезде,  шиналарда  және  осы  секцияның  барлық 
қосылымдарында жұмыс істеу үшін бір наряд беруге рұқсат етіледі. Осы секция шегінде 
бригадаларды әртүрлі жұмыс орындарына бӛліп орналастыруға рұқсат етіледі. 
57.  Агрегаттарды  (илемдік  орны,  электр  пеші)  және  жекелеген  технологиялық 
құрылғыларды  (ұсақтау  жүйелері,  тасымалдаушылар)  жӛндеуге  шығарған  кезде,  осы 
агрегаттардың  (құрылғылардың)  электр  қозғалтқыштарын  қоректендіретін  ТҚ-ның 
барлық қосылымдарында жұмыс орындауға бір наряд беруге рұқсат етіледі. 
Бір  наряд  беруге  бір  кернеудің  электр  қозғалтқыштарындағы  және  бір  ТҚ-ның 
қосылымдарындағы жұмыс үшін ғана рұқсат беріледі. 
58.  Бір  электр  қондырғысы  қосылымдарының  әртүрлі  жұмыс  орындарында  бір 
мезгілде  немесе  кезекпен  жұмыс  орындау  үшін  бір  наряд  беруге  тӛмендегі  жағдайларда 
рұқсат етіледі: 
1)  күштік  және  бақылау  кәбілдерін  салу  және  қайта  салу,  электр  қондырғыларын 
сынақтан  ӛткізу,  қорғаныс,  ӛлшеу,  бұғаттау,  автоматика,  телемеханика,  байланыс 
құрылғыларын тексеру кезінде; 
2) бір қосылымның коммутация аппараттарын жӛндеу кезінде, оның ішінде, олардың 
жетектері басқа үй-жайда орналасқан жағдайда; 
3)  үңгіжолда,  коллекторда,  құдықта,  орда,  қазаншұңқырда  жеке  кәбілді  жӛндеу 
кезінде; 
4)  екі  қазаншұңқырда  немесе  ТҚ  және  жұмыс  орындарының  орналасуы  жұмыс 
жүргізушіге  бригаданы  бақылауға  мүмкіндік  беретін  қатар  орналасқан  қазаншұңқырда 
кәбілдерді  (екіден  артық  емес)  жӛндеу  кезінде.  Бұл  ретте  бригада  мүшелерін  әртүрлі 
жұмыс орындарына бӛлек-бӛлек орналастыруға рұқсат етіледі. Бір жұмыс орнынан басқа 
орынға ауыстыруды нарядта ресімдеу қажет емес. 

59.  Бір  типті  жұмыстарды  бірнеше  қосалқы  станцияларда  немесе  бір  қосалқы 
станцияның  бірнеше  қосылымдарында  кезекпен  жүргізу  үшін  бір  наряд  беруге  рұқсат 
етіледі. Мұндай жұмыстарға: 
1) оқшаулағыштарды тазарту; қысқыштарды қыса түсу; 
2) сынамаларды алу және майды толтырып құю
3)  трансформатор  орамаларын  ауыстырып  қосу,  реле  қорғанысы,  автоматика 
құрылғыларын, ӛлшеу құралдарын тексеру; 
4) ӛзге энергия кӛзінен жоғары кернеумен сынау; 
5)  оқшаулағыштарды  ӛлшегіш  штангамен  тексеру;  КЖ-нің  бүлінген  жерлерін  іздеп 
табу. Мұндай нарядтың қолданылу мерзімі - 1 тәулік. 
Әр қосалқы станцияға және әр қосылымға рұқсат беру осы Қағидаларға 
2-қосымшада
 
кӛрсетілген нарядтың тиісті бағанында ресімделеді. 
Әр  қосалқы  станцияны  жұмысқа  қосуға  онда  наряд  бойынша  жұмыс  толық 
аяқталғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. 
60. Осы Қағидалардың 
55, 56

58-тармақтары
 бойынша жұмыс жүргізу кезінде, барлық 
жұмыс  орындары  наряд  бойынша  жұмыс  орындауға  рұқсат  беруге  дайын  болуға  тиіс. 
Наряд  бойынша  орындалып  жатқан  жұмыс  толық  аяқталғанға  дейін,  электр 
қозғалтқыштарын сынап кӛруге рұқсат берілмейді. 
61.  Бригада  мүшелерін  әртүрлі  жұмыс  орындарына  бӛліп  орналастырған  жағдайда, 
электр  қондырғыларын  жіберуге  III  топты  жұмыс  жүргізушіден  бӛлек  болуына  рұқсат 
етіледі. 
Жұмыс  жүргізушіден  бӛлек  болуға  тура  келетін  бригада  мүшелерін  жұмысты 
жүргізуші  жұмыс  орындарына  ертіп  келуге  және  жұмысты  орындау  кезінде  сақталуы 
қажет еңбек қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқау береді. 
  
  
ӘЖ, КЖ мен диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары учаскелеріндегі 
тарату құрылғыларында наряд бойынша орындалатын жұмыстар 
  
62.  ТҚ  аумағында  орналасқан  ӘЖ  учаскелеріндегі  жұмыс  ӘЖ-де  қызмет  кӛрсететін 
жедел  жұмыс  персоналы  беретін  нарядтар  бойынша  жүргізіледі.  Шеткі  тіректе  жұмыс 
істеу  кезінде  жергілікті  персонал  жедел  бригадаға  нұсқау  береді,  оны  сол  тірекке  алып 
келеді.  Жергілікті  жедел  персоналы  жоқ  электр  қондырғыларында  желі  бригадасының 
жұмыс жүргізушісіне ТҚ-ның кілтін алуға және тірекке ӛз бетінше баруға рұқсат беріледі. 
АТҚ  порталдарында,  ЖТҚ  ғимаратында,  сыртта  орналасқан  жиынтық  тарату 
құрылғысының  (бұдан  әрі  -  СоЖТҚ)  шатырындағы  жұмыс  кезінде,  нарядтағы  тиісті 
ресімдерді  орындай  отырып,  желі  бригадасына  рұқсат  беруді  жедел  персонал  арасынан 
ТҚ-да қызмет ететін адам орындайды. 
Желі  бригадасымен  жұмыс  жүргізуші  ТҚ-нан  ӛз  бетімен  шығуға,  ал  бригаданың 
жекелеген  мүшелері  осы  Қағидалардың 
111-тармағында
  кӛзделген  тәртіппен  шығуға 
рұқсат етіледі. 
63.  ТҚ  орналасқан  КЖ  шеткі  муфталары  мен  бітеулеріндегі  жұмыстар  ТҚ  қызмет 
ететін  персонал  беретін  нарядтар  бойынша  орындалады.  ТҚ  мен  КЖ  әртүрлі  ұйымдарға 
тиісті  болған  жағдайда,  онда  мұндай  жұмыстар  осы  Қағидаларда  жазылған  талаптарға 
сәйкес жүргізіледі. 
Барлық  жағдайларда  КЖ  жұмыстарға  рұқсаттаманы  ТҚ  қызмет  ететін  персонал 
жүзеге асырады. 
ТҚ  аумағынан  және  кәбіл  құрылыстарында  ӛтетін  КЖ  жұмыстар  КЖ  қызмет  ететін 
жұмыскер  беретін  нарядтар  бойынша  орындалады.  Рұқсаттаманы  КЖ-де  қызмет  ететін 
персонал ТҚ қызмет ететін жедел персоналдың рұқсатын алғаннан кейін жүзеге асырады. 
64.  ТҚ  орналасқан  байланыс  құрылғыларындағы  жұмыстар  диспетчерлік  және 
технологиялық  басқару  құралдары  персоналы  беретін  нарядтар  бойынша  жүргізіледі. 

Мұндай  нарядтарды  ТҚ  қызмет  ететін  персоналдың  беруіне  рұқсат  етіледі.  Байланыс 
конденсаторындағы  және  жоғары  жиілікті  бӛгегіштердегі  жұмыстар  мұндай  нарядтарға 
кірмейді, ондай жұмыстар ТҚ қызмет ететін персонал рәсімдеген нарядтар бойынша ғана 
жүргізіледі. 
Жұмыс  орындарын  әзірлеуді  және  диспетчерлік  және  технологиялық  басқару 
құралдары  құрылғыларындағы  жұмыстарға  рұқсат  беруді  ТҚ  қызмет  ететін  персонал 
орындайды. 
  
  
Көп  тізбекті,  қиылыстардағы,  ӘЖ-нің  әртүрлі  учаскелерінде  наряд  бойынша 
орындалатын жұмыстар 
  
65. Әрбір ӘЖ, кӛп тізбекті ӘЖ және әрбір тізбекке жеке наряд беріледі. Бірнеше ӘЖ 
(тізбектерге) бір наряд беруге тӛмендегідей жағдайларда рұқсат етіледі: 
1) барлық тізбектерден кернеу түсірілген жұмыстарды немесе кернеудегі кӛп тізбекті 
әуе желісінің бір тізбегінен де кернеу түсірілмей жұмыстарды орындау кезінде
2) ӘЖ олардың қиылысқан желілеріндегі жұмыстар кезінде; 
3) кернеуі 1000 В дейінгі әуе желілеріндегі кезекпен орындалатын жұмыстар кезінде, 
егер  олардан  қоректенетін  трансформатор  пункті  немесе  жиынтықты  трансформатор 
пункттері ажыратылған болса
4) бірнеше әуе желілерінің ток ӛткізбейтін бӛліктеріндегі ажыратуды қажет етпейтін 
бір типті жұмыстар кезінде. 
66. Нарядта жӛнделуші ӘЖ тума кернеуде тұрған-тұрмағаны, жӛнделіп жатқан желіні 
қиып  ӛтетін  қандай  ӘЖ  ажырату  және  жерге  тұйықтау  (осы  Қағидалардың  15-тарауына 
сәйкес  жерге  тұйықтау  қондырғысы  арқылы)  талап  етілетіні  кӛрсетіледі.  Осындай 
жӛнделіп  жатқан  немесе  жақын  жерден  ӛтетін  ӘЖ  қатысты,  жұмысқа  рұқсат  бергенге 
дейін орындалатын осындай нұсқау нарядқа  енгізіледі.  Жұмыс толық аяқталғанға дейін, 
олардан жерге тұйықтау құрылғысын алуға рұқсат берілмейді. 
67.  ӘЖ  басқа  ұйымдарға  тиісті  болған  жағдайда,  оларды  ажыратуды  ӘЖ  иесінің 
жауапты ӛкілі растайды. 
68.  Фазалық  жӛндеу  кезінде  ғана  алмастырудың  (транспозиция)  бір адым  учаскесіне 
жұмыстар үшін наряд беруге рұқсат етіледі. 
Ажыратылған  ӘЖ,  ұзындығы  2  км  аспайтын  учаскеде  (ұзындығы  үлкен  қарнақты 
(анкерлі)  аралық  шегіндегі  сымдарды  (арқансымдарды)  монтаждау  және  бӛлшектеу 
жұмыстарын  қоспағанда),  бригаданы  бӛлек-бӛлек  орналастыруға  рұқсат  етіледі.  Бұл 
жағдайда бір бригаданың жұмыс учаскесінің ұзындығын наряд беруші анықтайды. 
Кернеудегі берілген ток ӛткізуші бӛліктерде орындалатын жұмыстар кезінде, бригада 
бір тіректе (бір аралық ӛтпелі жерде) немесе екі жалғас тіректе болуға тиіс. 
69.  Бір  наряд  бойынша  әр  басқа  учаскелерде,  ӘЖ  тіректерде  бригаданы  бір  жұмыс 
орнынан басқа жерге ауыстыру нарядта ресімделеді. 
  
  
5. Жұмысты өкім бойынша ұйымдастыру 
  
70.  Ӛкім  бойынша  жұмыстар  1000  В  кернеу  астындағы  ток  ӛткізуші  бӛліктерден 
алыста орындалады. Жұмыстар, сондай-ақ, 1000 В дейінгі электр қондырғыларында (осы 
Қағидалардың 
50-тармағында
  кӛрсетілген  жұмыстардан  басқа)  немесе  жұмыс  істемей 
тұрған электр қондырғыларында орындалады. 
Ӛкім  бір  реттік  болады,  оны  қолдану  мерзімі  жұмысты  орындаушылардың  жұмыс 
күнінің ұзақтығымен анықталады. Жұмысты жалғастыру қажет болған  жағдайда, жұмыс 
жағдайы немесе бригада құрамы ӛзгерген кезде жаңа ӛкім қайтадан беріледі. 

Жұмыс  күні  ішінде  жұмыста  үзілістер  болса,  жұмысқа  қайтадан  баруға  рұқсатты 
жұмыс жүргізуші жүзеге асырады. 
71. Жергілікті жедел персоналы жоқ электр қондырғыларында, жұмыс орнына баруға 
рұқсат беру талап етілмейтін жағдайларда, ӛкім тікелей жұмысты орындаушыға беріледі. 
72.  Жұмыстар  ӛкім  беруші  қызметкердің  ұйғаруымен,  наряд  бойынша  орындалуы 
ӛкімде кӛзделген жұмысты жүргізуге рұқсат етіледі. 
73.  Жұмысқа  ӛкім  бойынша  рұқсат  беру  «Нарядтар  мен  ӛкімдер  бойынша 
жұмыстарды  есепке  алу  журналында»  осы  Қағидалардың  3-қосымшасына  сәйкес 
ресімделеді. 
74. Ӛкім бойынша жұмыс істеу кезінде, олардың кернеуде болуына немесе болмауына 
қарамастан жетектердегі және коммутациялық аппараттардың агрегаттық шкафтарындағы 
жұмыстарды  қоса  алғанда,  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтағы  жұмыс  жүргізушіге 
жеке  ӛзі  екінші  реттік  тізбектерді,  ӛлшеу  құралдарын,  релелік,  қорғаныс,  автоматика, 
телемеханика  және  байланыс  құрылғыларын  монтаждау,  жӛндеу  және  пайдалану 
жұмыстарын орындауға, егер бұл тізбектер мен құрылғылар 1000 В жоғары ток ӛткізгіш 
бӛліктері  жоқ  немесе  толық  қоршалған  үй-жайда  немесе  қоршау  талап  етілмейтін 
биіктікте орналасқан жағдайда рұқсат етіледі. 
75.  Жедел  персонал  арасынан  жұмысты  орындаушы  аға  жұмыскер  немесе  кернеуі 
1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  жұмыс  істеушілерге  бақылауды  жүзеге 
асырушының  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топта  болуы,  ал  кернеуі  1000  В  дейінгі 
электр  қондырғыларында  жұмыс  істейтіндер  III  топта  болулары  керек.  Кернеуі  1000  В 
дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларында жұмыс істейтін бригада мүшелерінің 
III тобы бар. 
Жұмыстың  алдында  ӛкім  беруші  айқындаған  жұмыс  орнын  дайындау  бойынша 
барлық техникалық іс-шаралар орындалады. 
76.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  ӛкім  бойынша  тӛмендегі 
жұмыстарды: 
1) кәбілі ажыратылған және ұштары қысқа тұйықталған және жерге қосылған электр 
қозғалтқышта; 
2) шықпаларынан шиналар мен кәбілдер ажыратылған генераторда; 
3)  ЖТҚ-ның  тартып  шығару  арбаларының  бӛліктерінің  перделі  құлыппен  жабылған 
итермелі арбаларды ТҚ-да орындауға рұқсат етіледі. 
77.  Ӛкім  бойынша  кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында,  ТҚ-ның 
жинақтаушы  шиналарындағы  және  жинақтаушы  шиналарға  кернеу  берілуі  мүмкін 
қосылымдардағы жұмыстардан басқа, ӘЖ жүк кӛтергіш механизмдерді пайдаланып, оның 
ішінде,  осы  Қағидалардың 
431,  432-тармақтарында
  қарастырылған  шарттар  бойынша, 
сыртқы жарық жүйелерінде қызмет кӛрсету жұмыстарын орындауға рұқсат етіледі. 
78.  Үй-жайда  орналасқан,  кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында,  электр 
тогының адамды жарақаттауы мүмкін аса қауіпті жағдайлардан басқа электр қауіпсіздігі 
бойынша  III  тобы  және  жұмыс  жүргізуші  болу  құқығы  бар  жұмыскерге  жеке  жұмыс 
істеуге рұқсат етіледі. 
79.  Оларға  кернеу  келіп  тұрғанына  немесе  келіп  тұрмағанына  қарамастан  жетектегі 
және  коммутация  аппараттарының  агрегатты  шкафтарындағы  жұмыстарды  қоса  алғанда 
екінші  реттік  тізбектерді,  релелік  қорғаныс,  электроавтоматика,  телемеханика,  байланыс 
құрылғыларын  құрастырып  жинау,  жӛндеу  және  пайдалану  кезінде,  жұмыс  жүргізушіге 
жедел  персоналдың  рұқсатымен  жоғарыда  кӛрсетілген  құрылғыларды  ажыратуға  және 
қосуға, сондай-ақ, қорғаныс және электр автоматика құрылғыларының ажыратқыштарын 
ажыратып және қосып сынап кӛруге рұқсат етіледі. 
80.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  электр  қауіпсіздігі  III  топтағы 
жұмыскерге ӛкім жарлық бойынша тӛмендегі жұмыстарды: 
1)  АТҚ  аумағын  абаттандыру,  шӛбін  шабу,  жолдар  мен  ӛтпе  жолдарды  қардан 
тазалау; 

2)  ТҚ  камераларынан  тыс  2,5  м  аспайтын  биіктікте  орналасқан  сымды  радио  және 
телефон байланысы жарық беру ӛткізгіш құрылғылары мен арматураларын жӛндеу және 
қызмет кӛрсету; 
3)  жабдықтардың  қаптамаларындағы  және  ТҚ  камераларынан  тыс  қоршаулардағы 
жазуларды жаңарту; 
4) ауа тазартатын сүзгілерді тексеру және олардағы сорбенттерді ауыстыру
5)  трансформаторлардың,  генераторлардың  және  істен  шыққан  басқа  жабдықтардың 
кебуін бақылау; 
6) май тазартқыш және басқа да кӛмекші аппаратураларда майды тазарту және кептіру 
кезінде қызмет кӛрсету; 
7)  электр  қозғалтқыштарда  және  желдеткіштер  мен  трансформаторлар  мен 
компрессорлардың май сорғыларының механикалық бӛлшектеріндегі жұмыстарды
8) осы Қағидаларда қарастырылған басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етіледі. 
81. Кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары ток ӛткізгіш бӛліктері қоршалған ЖТҚ-
ның  және  электр  жабдығы  бар  үй-жайлардың  дәліздерін  жеке  жинастыру  жұмыстарын 
ӛкім бойынша электр қауіпсіздігі бойынша II топтағы жұмыскердің орындауына болады. 
АТҚ-дағы  жинастыру  жұмыстарын  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IІI  топтағы  бір 
жұмыскердің орындауына рұқсат етіледі. 
Кернеуі 1000 В дейінгі тарату қалқандары бӛлек орнатылған үй-жайларда жинастыру 
жұмысын электр қауіпсіздігі бойынша I топтағы жұмыскердің орындауына рұқсат етіледі. 
82.  Ӛкім  бойынша  ӘЖ  кернеу  түсіруді  қажет  етпейтін  ток  ӛткізбейтін  бӛліктерде 
жұмыстарды орындауға болады, оның ішінде: 
1) жер деңгейінен жұмыс істеушінің аяғына дейін есептеумен 3 м дейін биіктікте
2) тіректің конструкциялық бӛлшектерін бӛлшектемей; 
3) тіректің тіреуіштерін 0,5 м дейінгі тереңдіктен қазып алуға; 
4) кесіліп жатқан ағаштардың сымдарға құлауын болдырмайтын шаралар қолдануды 
талап  етпейтін  немесе  бұтақтар  мен  қураған  ағаштарды  шабу  адамдардың,  құрылғылар 
мен  механизмдердің  сымдарға  дейін  қауіпті  жақындыққа  келуіне,  бұтақтар  мен  қураған 
ағаштардың құлап кету мүмкіндігіне байланысы жоқ ӘЖ тазалау жұмыстарын орындауға 
болады. 
83.  Электр  қауіпсіздігі  бойынша  II  топтағы  жұмыскерге  ӛкім  бойынша  тӛмендегі 
жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі: 
1)  тәуліктің  жарық  мезгілінде,  қолайлы  ауа  райы  жағдайында  ӘЖ  тексеру,  оның 
ішінде,  тіректердің  жай-күйіне  баға  беру,  тіректердің  ағаштан  істелген  бӛліктерінің 
шіріген-шірімегенін тексеру; 
2) тіректердегі тұрақты белгілерді қалпына келтіру
3) габариттерді бұрыш ӛлшегіш құралдармен ӛлшеу; 
4) тіректердің айналасындағы алаңды ӛртке қарсы мақсатпен тазарту; 
5) тіректердегі құрсауларды сырлау; 
6)  шамдарды  ауыстыру  мен  2,5  м  аспайтын  биіктікте  ТҚ-дан  тыс  орналасқан 
шамшырақтарды тазарту; 
7)  ток  ӛткізгіш  бӛліктері  қоршалған,  кернеуі  1000  В  жоғары  электр 
қондырғыларындағы,  сондай-ақ  үй-жайларды,  басқару  және  релелік  қалқандарды  үй-
жайларын жинастыру. 
84.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  ӛкім  бойынша  жедел  және 
жедел-жӛндеу персоналы ӛзі немесе оның бақылауымен жӛндеу жұмыскері, жұмыс орнын 
әзірлеу  уақытын  есепке  алмай,  ұзақтығы  1  сағаттан  аспайтын  шұғыл  жұмыстарды 
жүргізеді. 
Орындалуына 1 сағаттан артық уақыт немесе бақылауды жүзеге асырушы жұмыскерді 
қоса  алғанда,  үштен  артық  жұмыскер  қажет  ететін  шұғыл  жұмыстар  наряд  бойынша 
жүргізіледі. 
Шұғыл жұмыстарға мыналар жатады: 

1)  кәбілді,  сымдарды,  шиналарды  электр  қозғалтқышынан  немесе  басқа  жабдықтан 
ажырату  немесе  қосу;  ТҚ  реле  қорғанысы,  автоматика,  телемеханика  және  байланыс 
құрылғылары  мен  тізбектеріндегі,  оның  ішінде  жоғары  жиілікті  қорғаныс  пен  байланыс 
сүзгілеріндегі жұмыстар
2)  0,4  кВ  ӘЖ,  сонымен  қатар,  барлық  кернеудегі  КЖ  ажырату  немесе  қосу;  КЖ 
тізбектерін  фазалау,  тексеру,  трансформатор  тармақтарын  ауыстырып  қосу,  жеке-дара 
оқшаулатқыштар  мен  май  ӛлшегіш  шыныларды  сүртіп  тазалау,  сынақтарды  таңдау, 
майды  толтырып  құю,  майды  тазарту  және  кептіру  үшін  аппаратураны  қосу  және 
ажырату,  ашық  ауадағы  ажыратқыштардың  манометрлерін  ауыстыру,  ток  ӛткізгіш 
бӛліктердің  қыздырылуы  мен  дірілдеуін  тексеру,  электр  ӛлшегіш  қысқыштармен  ӛлшеу, 
ӘЖ сымдарынан, шиналарынан бӛгде заттарды алып тастау, электр сымдарынан құлаған 
ағаштар мен қураған бұтақтарды түсіру; 
3)  электр  қондырғыларының,  диспетчерлік  және  БАЖ  бен  технологиялық  басқару 
құралдарының каналдар мен құрылғылардың, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың 
бұзу  қаупін  тудыратын  немесе  осындай  бұзушылықтарға  әкеліп  соқтыратын  қалыпты 
жұмыс бұзылу қаупі бар ақауларды жою бойынша шұғыл жұмыстар. 
85.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларын,  сонымен  қатар,  кернеуіне 
қатыссыз  ӘЖ  күрделі  жӛндеуден  ӛткізу  жұмыстары  технологиялық  карталар  немесе 
жұмыс ӛндірісінің жобасы (бұдан әрі - ЖӚЖ) бойынша орындалады. 
ЖӚЖ  сондай-ақ  сымдарда  (арқансымдарда),  кернеу  беріліп  тұрған  сымдар  мен 
арқансымдардан  жоғары  орналасқан  және  соларға  жататын  оқшаулатқыштар  мен 
арматуралардағы жұмыстарды жүргізу үшін орындалады. 
Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларындағы  ток  ӛткізгіш  бӛліктердегі 
жұмыстар  да  кернеуі  түсірілместен  ЖӚЖ  немесе  технологиялық  карталар  бойынша 
орындалады. 
  
  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал