Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



жүктеу 5.14 Kb.

бет11/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Радио және радиорелелі желілер 
  

542.  Радио  аппараттарымен  жарлық  бойынша  жұмыс  істеуге  рұқсат  етіледі.  III 
топтағы  бір  жұмыскерге  25  В  дейінгі  кернеуден  қоректенетін  аппараттардағы 
жұмыстардан  басқа,  қандай  да  бір  жӛндеу  жұмыстарын  орындау  құқынсыз,  радио 
аппараттарымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 
543.  Электр-магниттік ӛрістерде  диапазондағы  жиілігі  60 кГц  -  300  ГГц  жұмыстарда 
қолданыстағы заңдардың талаптары орындалуға тиіс. 
544. Жоғары жиіліктегі аппараттар толқынын қалыпқа келтіру және сынақтан ӛткізу 
кезінде  электр  тогынан  және  жоғары  электр-магниттік  сәулелерден  зақымданудан 
қорғайтын құралдарды пайдалану қажет. 
545.  Ақауларды  жою,  схемаларда  ӛзгерістер  жасау,  антенналық-фидерлік 
құрылғыларды  бӛлшектеу  және  құрастыру  жұмыстарын  олардан  кернеуді  түсіргеннен 
кейін орындау қажет. Тӛмендегілерге: 
1)  электр-магниттік  сәулеленудің  бар  екендігін  қолға  немесе  дененің  басқа  жеріне 
жылулық әсерін беруіне қарай анықтауға; 
2)  энергия  ағыны  рұқсат  етілген  шамадан  жоғары  сәулелену  аймағында  қорғаныс 
құралдарынсыз болуға; 
3) электр-магниттік сәулелену кӛзін экрандауды бұзуға; 
4)  жұмыс  күйіндегі  ашық  антенналық-фидерлік  құрылғының  алдында  тұруға  рұқсат 
берілмейді. 
546.  Мұнаралар  мен  діңгектердегі  сыртқы  антенналық-фидерлік  құрылғыларды 
монтаждау  және  қызмет  кӛрсету  жұмыстарын  IV  және  III  топтағы  жұмыскерлерден 
тұратын  бригада  орындауға  тиіс.  Жұмыс  басталмас  бұрын  жоғары  жиілік  аппараттарын 
ажырату керек. 
Антенналық-діңгекті  құрылыстарда  жұмыс  жүргізгенде,  тӛмендегі  талаптар 
орындалуға тиіс: 
1)  антеннаға,  діңгекке  шығатын  жұмыскерлердің  биіктіктегі  жұмыстарды  орындауға 
рұқсаттамасы болуға тиіс
2)  жұмыстың  алдында  діңгектің  сигнал  беру  және  антенналарды  қыздыру  жарығы 
сӛндірілуге және: «Токқа қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді; 
3)  діңгектердің  электрлі  сигнал  беру  жарығының  шамдарын  ауыстырған  кезде  осы 
Қағидалардың 
429

430-тармақтарының
 талаптары сақталынуға тиіс. 
  
  
ӘЖ  және  найзағайдан  қорғайтын  арқансымдар  бойынша  жоғары  жиілікті 
байланыс 
  
547.  Кернеуі  1000  В  жоғары  ТҚ  және  ӘЖ  орналастырылған  жоғары  жиілікті 
құрылғылардың жабдықтарына қызмет кӛрсету, реттеу және жӛндеу жұмыстарын кемінде 
екі адам (оның біреуі IV топқа жататын) орындауға тиіс. 
Жоғары  жиілікті  бӛгегіштердің  токтан  ажыратылған  сүйретпелеріне  кернеу  келіп 
тұруы мүмкін екенін есте ұстау қажет. 
548.  Жұмыс  істеп  тұрған  аппараттардың  қалқандарының  панельдерін  (блоктарын) 
ашып,  қорғаныс  құралдарын  пайдаланып,  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы  бір 
жұмыскерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі. 
Жұмыс басталмас бұрын жалғағыш желіде кернеу жоқтығын тексеріп алу қажет. 25 В 
жоғары кернеу беріліп тұрғанда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 
549.  Схемаларға  ӛзгерістер  енгізу,  жоғары  жиілікті  сайманды  бӛлшектеу  мен 
құрастыру және олардағы ақауларды жою жұмыстарын орындауға ӘЖ ӛңдеу және жалғау 
элементтерінен кернеуді түсіргеннен кейін ғана рұқсат беріледі. 
550.  Жерге  қосқыш  ӛткізгіштерді  қорғағыш  құрылғыларынан,  аппараттардан  және 
ӘЖ  қосылған  жоғары  жиілікті  жабдықтың  ӛзге  элементтерінен  байланыс 
конденсаторының тӛменгі қоршауламаларын жерге қоспай ажыратуға рұқсат берілмейді. 

551.  Байланыс  конденсаторлары  мен  қосылым  сүзгілерінің  арасындағы  тізбекте 
аспаптарды 
қосуға 
және 
ажыратуға 
байланыс 
конденсаторының 
тӛменгі 
қоршауламаларын  жерге  тұйықтағыш  пышақтың  кӛмегімен  жерге  тұйықтаған  жағдайда 
рұқсат  етіледі.  Ӛлшеу  барысында  аспаптарды  бірнеше  рет  жалғағанда  байланыс 
конденсаторының тӛменгі қоршауламалары жерге қосылуы тиіс. 
1 сағаттан аспайтын ӛлшеу жұмыстарын нұсқау бойынша электр қауіпсіздігі бойынша 
IV  топтағы  қызметкердің,  IV  топтағы  қызметкердің  бақылауымен  жедел  персоналдың 
ішінен  III  топ  жұмыскерінің  орындауына  болады.  Мұндай  ӛлшеулер  қосылым  сүзгісінің 
ішінде  ғана  байланыс  конденсаторының  тӛменгі  қоршауламасының  жерге  тұйықтағыш 
пышағы ажыратылғанда жүргізілуге тиіс. Бұл кезде аспаптардың жерге тұйықталуы керек. 
Ӛлшеулерді электрден қорғау құралдарын (диэлектрлік резеңке етіктер мен қолғаптар
оқшаулағыш саптары бар саймандар) қолданып жүргізу керек. 
Ұзақтығы 1 сағаттан асатын ӛлшеулер наряд бойынша жүргізілуге тиіс. 
  
  
Уақытша жоғары жиілікті байланыс 
  
552.  Тасымалды  жоғары  жиілікті  байланыс  посттарын  монтаждау  және  бӛлшектеу 
жұмыстарын құрамында кемінде екі жұмыскер бар, электр қауіпсіздігі біреуі IV топтағы, 
ал екіншісі III топтағы бригада орындауға тиіс. 
553.  Антенна  тіректерде  кернеуі  154  кВ  және  220  кВ  ӘЖ  үшін  тӛменгі  сымдардың 
орналасу деңгейінен 3 м кем болмайтын аралықта бекітілуге тиіс. Антеннаның  салбырау 
жебесі ӘЖ сымының салбырау жебесінен үлкендеу болуға тиіс. 
554.  Антеннаны  ілу  алдында  оның  орауышының  посты  тірекке  1-1,5  м  биіктікте 
бекітілуге және жерге тұйықтауға тиіс. 
Кіретін  антеннаның  ұшы  постының  ішіндегі  дроссель  арқылы  және  дроссельмен 
қатарлас қосылған жерге тұйықтағыш пышақ арқылы жерге тұйықталуға тиіс. 
Дрюссельге қатарлас 1 кВ кернеуге разрядтағыш жалғануға тиіс. 
Антеннаны жұлқып тартпай, абайлап созу қажет. 
555. Антеннаны жоғары кӛтеру және тӛмен түсіру кезінде жолдан шеткері аралықтың 
ортасында  тұрған  бір  жұмыскер  антеннаның  кернеу  келіп  тұрған  ӘЖ  сымдарына  осы 
Қағидалардың 
553-тармағында
 
кӛрсетілген 
қашықтықтан 
кем 
қашықтықта 
жақындаспауын қадағалап тұруға тиіс. 
556.  Антеннаны  тӛмен  түсірудің  алдында  жерге  тұйықтағыш  пышақтың  немесе 
тасымалды жерге тұйықтау құралдарының кӛмегімен жерге тұйықтау керек. 
  
  
Диспетчерлік және технологиялық басқарудың аппараттық құралдары 
  
557.  Аппараттық  үй-жайларда  орналастырылған  құрылғыларда  жұмыс  істеу,  оларды 
қосу  және  ажырату,  сондай-ақ  телефон  байланысы,  радиотрансляция  және  т.б. 
аппараттарын  жӛндеу  жұмыстарын  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы  бір 
жұмыскердің орындауына болады. 
558.  Қашықтан  қоректендірудің  енгізгіш  және  енгізгіш-сынақ  тіреулерінің,  кернеуді 
автоматты ретке келтіру тіреулерінің, ток таратқыш тіреулердің алдында еденнің үстінде 
резеңке диэлектрлік кілемше немесе оқшаулағыш табандықтар болуға тиіс. 
559.  Қашықтықтан  қоректендіру  кернеуі  келтірілетін  жабдықтың  қаптауында 
кернеудің бар екендігі туралы ескертпе белгілер салынуға тиіс. 
560.  Іздегіштердің  түйіспелерін  (түйіспе  ӛрістерін)  және  релені  жуу  одан  кернеуді 
түсіргеннен кейін орындалуға тиіс. 
561.  Енгізу  сынақ  тіреуіне  қосылған  байланыс  желісіне  немесе  кростың  қорғаныс 
жолақтарына  25  В  жоғары  бӛгде  кернеу  түскен  жағдайда  (электр  жеткізу  желілерінен, 

қашықтықтан  басқару  аппараттарынан),  кезекші  персоналға  қорғағыш  құралдарын 
пайдаланып, ондай желіні ажыратуға және жерге тұйықтауға тиіс. 25 В жоғары кернеудің 
бар  екендігі  туралы  нысанның  жедел  персоналға,  ал  ол  жоқ  болғанда  -  жоғары  тұрған 
жедел  персоналға  хабарлауға  тиіс.  Разрядтағыштарды  немесе  сақтандырғыштарды 
ауыстыру бӛгде кернеу жоқ болғанда ғана рұқсат етіледі. 
562.  Электр  жеткізу  желілерінің  және  айнымалы  токпен  электрлендірілген 
теміржолдардың  ықпалына  ұшыраған  байланыс  желілерінің  аппараттарында  жұмыс 
жүргізгенде,  желілік  құрылғылардағы  ауыстыру  жұмыстарын  диэлектрлік  қолғаптарды 
(немесе  оқшаулағыш  сабы  бар  тістеуіктерді  пайдаланып)  және  қорғағыш  кӛзілдіріктерін 
киіп, резеңке диэлектрлік кілемшелердің үстінде тұрып орындау қажет. 
563.  Автоматты  телефон  станциясындағы  (бұдан  әрі  -  АТС)  коммутаторлар  мен 
қызмет  кӛрсету  үстелдеріндегі  телефон  байланысы  қызметкерлерінің  жұмыс  орындары 
акустикалық  күштерден  шектегіштер  арқылы  қорғалуға  тиіс.  Күн  күркірегенде  ондағы 
қызметкерлер  микротелефон  жинағының  орнына  микротелефон  тұтқасын  пайдалануға 
тиіс. 
  
  
32. Жылу автоматикасы, жылу-техникалық өлшеу және қорғау қондырғыларының 
электрлік бөлігі 
  
564.  Жылу  автоматикасының,  жылу-техникалық  ӛлшеу,  қорғау  және  автоматты 
басқару  жүйесінің  (бұдан  әрі  -  АБЖ)  техникалық  құралдарының  электрлік  бӛліктерінде 
қызмет  ету  тӛменде  баяндалған  электр  қауіпсіздігі  шаралары  сақталына  отырып 
орындалуға тиіс. 
565.  ЖАӚ  құрылғыларының  пульттарында,  тарату  қалқандарында  және 
құрастырмаларында  коммутация  аппараттарымен  операцияларды,  егер  мұндай 
операциялар  осы  Қағидалардың 
2-қосымшасына
  сәйкес  рұқсат  нарядтың  «Ерекше 
нүсқаулар»  деген  жолындағы  жазумен,  ал  жұмыстарды  нұсқау  бойынша  орындағанда  - 
нұсқау  тіркеу  кезінде  расталған  болса,  III  топтың  жедел  персоналы  немесе  IV  топтың 
жұмыс жүргізушісінің орындауына болады. 
566.  ЖАӚ  құрылғыларындағы  жұмыстарға  рұқсаттама  берудің  алдында 
технологиялық  жабдықтың  учаскесін  дайындау  жұмысын  цехтың,  технологиялық 
жабдықты басқаратын учаскенің жедел персоналы жүргізуге тиіс. 
567.  Жӛндеу  ЖАӚ  құрылғыларының  жекелеген  элементтерінің  және  схемасының 
учаскелерін  немесе  тораптарын  кернеу  беріліп  тұрғанда  сынақтан  ӛткізу  және  тексеру, 
байқау  үшін  қосып  кӛру  технологиялық  цехтың,  учаскенің  ауысым  бастығының 
рұқсатымен тӛмендегі шарттар сақталғанда: 
1) жұмыс тоқтатылғанда; 
2) бригада сыналып жатқан жабдықтан шеткері шығарылғанда; 
3) қорғаныстық жерге қосу құралдары, қоршаулар және плакаттар алынып тасталған 
жағдайларда орындалады. 
Аралас  учаскелерде  бұл  учаскелер  токтан  ажыратылған,  сыналатын  жабдықтан 
қоршалған  және  жұмысшылардың  қауіпсіздігі  қамтамасыз  етілген  жағдайда  жұмысты 
жалғастыра беруге болады. 
568.  Сынақ  барысында  электр  жабдығын  бірнеше  рет  токқа  қосуға  және  ажыратуға 
байланысты  жұмыстарды  нарядта  үзілістерді  жазбай,  бірақ  қауіпсіздік  бойынша  қажетті 
техникалық шараларды орындап жүргізуге рұқсат етіледі. 
569.  Жылу  автоматикасы,  жылу-техникалық  ӛлшеу  және  қорғаныс  құрылғылары, 
АБЖ қашықтықтан басқару бойынша технологиялық схеманы немесе жабдықтың жұмыс 
тәртібін ӛзгертуді талап етпейтін жұмыстарын жарлық бойынша орындауға рұқсат етіледі. 
Нұсқау  бойынша  III  топтағы  жұмыскердің  жеке  ӛзінің  тӛмендегі  жұмыстарды 
орындауына болады: 

1) аспаптардың тіркелетін бӛліктерін ретке келтіру; 
2) манометрлерді (электр түйіспеден басқа) дифманометрлерді, термобуларды, кедергі 
термометрлерін ауыстыру; 
3)  басқарудың  блоктық  және  жылу  қалқандарындағы  жылу-техникалық  бақылау 
аспаптарының ақауларын жою; 
4)  температуралық  ӛзгерістер  нүктелерінің  ауыстырып  қосқыштарының  алдын  алу 
шараларын жүргізу; 
5)  автоматты  басқару  жүйесінің  АБЖ  есептеу  техникасы  техникалық  құралдары 
кешенін жӛндеу; 
6)  автореттегіштердің  электронды  блоктары  (бүлендері)  баптау  параметрлерін  ретке 
келтіру және тексеру; 
7) қысқыштардың қораптарын тығыздау; 
8)  стендтердің,  таратқыштардың,  атқарғыш  механизмдердің,  қалқан  бӛліктерінің 
(панельдерін) жазуларын, таңбаларын жасау
9) қалқан бӛліктерін тығыз ауамен үрлеу. 
570.  Жұмыс  істеп  тұрған  жабдықта  орналасқан  АБЖ  қашықтықтан  басқару  және 
әртүрлі  цехтарда,  учаскелерде  орналасқан  құрастырмалардағы  барлық  жұмыстар  жұмыс 
жүргізілгелі жатқан учаске бастығының рұқсатымен орындалады. 
571.  АБЖ  құрылғыларындағы  жұмыстарға  рұқсат  беруші  технологиялық  цехтың, 
учаскенің жедел жұмыс атқаратын жұмыскері саналады. Цехта, учаскеде жергілікті жедел 
жұмыс  атқаратын  жұмыскер  жоқ  болған  жағдайда,  IV  топтағы  жұмыс  жүргізуші  рұқсат 
беруші  бола  алады.  Жұмыс  жүргізушінің  рұқсаттама  беру,  жұмыс  орнын  дайындау 
барысында  қауіпсіздік  шараларын  белгілеу  құқығы  осы  Қағидалардың  2-қосымшасында 
кӛрсетілген нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жазу жолында жазылуға тиіс. 
  
  
33. Тасымалды электр аспаптары және шамдары, қолмен басқарылатын электр 
машиналары, бөлгіш трансформаторлар 
  
572. I класты тасымалды электр аспаптарымен және қолмен басқарылатын электр қол 
машиналарымен  қауіптілігі  жоғары  үй-жайларда  жұмыс  істеуге  электр  қауіпсіздігі 
бойынша II топтағы жұмыскерге рұқсат етіледі. 
Кӛмекші  жабдықты  (трансформаторларды,  жиілікті  түрлендіргіштерді,  қорғаныс-
ажыратқыш құрылғыларын) электр желісіне қосу жұмысын III топтағы осы электр желісін 
пайдаланатын электротехникалық қызметкер орындауға тиіс. 
573.  Тасымалды  электр  аспаптары  мен  электр  машиналарының  класы  үй-жайдың 
санатына  және  осы  Қағидалардың 
8-қосымшасының
  1-кестесінде  келтірілген  талаптарға 
сай,  кей  жағдайларда  электрден  қорғау  құралдарын  пайдаланып  жұмыстарды  жүргізу 
шарттарына сәйкес болуға тиіс. 
574.  Қауіптілігі  жоғары  және  қауіптілігі  айрықша  жоғары  үй-жайларда  тасымалды 
шамдардың кернеуі 50 В аспауы керек. 
575.  Айрықша  қолайсыз  жағдайларда  (айырғыштардың  құдықтарында,  ЖТҚ 
бӛліктерінде,  қазандық  барабандарында,  металдан  істелінген  сұйық  зат  сақтағыштарда) 
жұмыс жүргізгенде, тасымалды шамдардың кернеуі 12 В аспауға тиіс. 
576. Қолмен басқарылатын электр машиналарымен, тасымалды электр аспаптарымен 
және шамдармен жұмыс істеудің алдында тӛмендегі шараларды орындау қажет: 
1) паспорты бойынша машинаның немесе аспаптың класын анықтау; 
2) бӛлшектердің жинақтылығын және бекітпелерінің беріктігін тексеру; 
3)  сырттай  қарап  кәбілдің  (баудың),  оның  қорғағыш  түтікшесі  мен  штепсельді 
ажыратқышының  жарамдылығына,  щетка  ұстағыштар  корпусының  оқшаулағыш 
бӛлшектерінің  тұтқасы  мен  қақпақтарының  қорғағыш  қаптамасының  бүтіндігіне  кӛз 
жеткізу; 

4) ажыратқыш жұмысының айқындығын тексеру
5) қорғаныстың ажырату құрылғысын (ҚАҚ) тестілеу (қажет болғанда); 
6) электр аспабының немесе машинасының жұмысын бос жүріс арқылы тексеру; 
7)  I  кластық  машинаның  жерге  тұйықтау  тізбегінің  жарамдылығын  (машинаның 
корпусын - штепсельді ажыратқыштың жерге қосу түйіспесін) тексеру. 
577.  Электр  аспаптарын,  қолмен  басқарылатын  электр  машиналарын,  тасымалды 
шамдарды  пайдаланған  кезде,  олардың  сымдары  және  кәбілдер,  мүмкіндігінше,  ілініп 
қойылуға тиіс. 
Сымдар  мен  кәбілдердің  ыстық,  ылғалды  және  майланған  жазық  бетпен  тікелей 
жанасуына жол берілмейді. 
Электр  аспабының  кәбілі  кездейсоқ  механикалық  бүлінуден  және  ыстық,  ылғалды 
және майланған жазық бетпен тікелей жанасудан қорғалуға тиіс. 
Кәбілді қатты тартып созуға, ширатып бұрауға және майыстыруға, үстіне жүк қоюға, 
сондай-ақ,  оның  арқансымдармен,  кәбілдермен,  газбен  дәнекерлеу  ӛңештерімен 
қиылысуына жол берілмейді. 
Қандай  да  бір  ақаулар  табылған  жағдайда,  қолмен  басқарылатын  электр 
машиналарымен, тасымалды электр аспабымен және шамдармен жүргізіліп жатқан жұмыс 
сол мезетте тоқтатылуға тиіс. 
578.  Қолға  берілетін  және  жұмыста  пайдаланылатын  қолмен  басқарылатын  электр 
машиналары,  тасымалды  электр  аспаптары  және  шырақтар,  кӛмекші  жабдықтар 
мемлекеттік стандарттың, техникалық шарттардың электр жабдықтары бұйымдары және 
электр  қондырғыларының  аппараттары  үшін  белгілеген  мерзімдерде  және  кӛлемде 
тексеруден және сынақтан ӛтуге тиіс. 
Қолмен  басқарылатын  электр  машиналарын,  тасымалды  электр  аспаптарын  және 
шырақтарды,  кӛмекші  жабдықтарды  жарамды  жай-күйінде  сақтап  тұру,  мезгіл-мезгіл 
сынақтардан  және  тексеруден  ӛткізіп  отыру  үшін  ұйымның  басшысының  нұсқауымен 
электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жауапты жұмыскер тағайындалуға тиіс. 
579.  Кернеу  жоғалып  кеткенде  немесе  жұмыста  үзіліс  болғанда  электр  аспабы  және 
қолмен басқарылатын электр машиналары токтан ажыратылуға тиіс. 
580. Электр аспабын және қолмен басқарылатын электр машиналарын пайдаланатын 
жұмыскерлерге: 
1) қолмен басқарылатын электр машиналарын және электр аспабын аз уақытқа болса 
да басқа жұмыскерлерге беруге;  
2)  қолмен  басқарылатын  электр  машиналарын  және  электр  аспабын  бӛлшектеуге, 
қандай да бір жӛндеу жұмыстарын жүргізуге; 
3)  қолмен  басқарылатын  электр  машиналарының  және  электр  аспабының  сымынан 
ұстап  тұруға,  айналып  жатқан  бӛліктерге  жанасуға  немесе  аспап  немесе  машина  толық 
токтағанға дейін жоңқалар мен үгінділерді жинап сыпыруға
4)  жұмыс  бӛлігін  аспаптың,  машинаның  патронына  (іші  қуыс  түтік)  салуға  немесе 
одан  шығаруға,  сондай-ақ  аспапты  желіден  штепсель  ажыратқыш  арқылы  ажыратпай 
тұрып, оны ретке келтіруге
5)  сүйеп  қоятын  басқыштарда  тұрып,  биіктіктегі  жұмыстарды  орындау  үшін  мықты 
ағаштар немесе тӛсеме тақтай қойылуға тиіс; 
6)  қазандардың,  металл  су  сақтағыштардың  және  т.б.  барабандарының  ішіне 
тасымалды трансформатор мен түрлендіргіш жиіліктерді енгізуге рұқсат берілмейді. 
581. Бӛлгіш трансформаторды пайдаланғанда тӛмендегілерді басшылыққа алу керек: 
1)  бӛлгіш  трансформатордан  бір  электр  қабылдағышты  ғана  қоректендіруге  рұқсат 
етіледі; 
2)  қоректендіруші  электр  желісінің  бейтараптылығының  режиміне  байланысты 
трансформатордың  корпусы  жерге  қосуы  және  нӛлге  жеткізілуге  тиіс.  Бұл  жағдайда 
бӛлгіш  трансформаторға  жалғанған  электр  қабылдағышты  жерге  тұйықтау  талап 
етілмейді. 

  
  
34. Электр қондырғыларында автомобильдерді, жүк көтергіш машиналарды, 
механизмдер мен басқыштарды пайдаланып жұмыс істеу 
  
582.  Қолданыстағы  электр  қондырғыларында  жүк  кӛтергіш  машиналарды, 
механизмдерді қолданатын жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі. 
583.  Жұмыс  істеп  тұрған  электр  қондырғыларында  және  ӘЖ  күзет  аймағында 
жүргізушілердің,  кран  жүргізушілерінің,  машина  жүргізушілерінің,  матаушылардың 
электр тоғының қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы II-ден тӛмен болмауға тиіс. 
584. Автомобильдердің, жүк кӛтергіш машиналар мен механизмдердің ашық ТҚ-ның 
аумағында  және  ӘЖ  күзет  аймағындағы  қозғалысы,  сондай-ақ  машиналар  мен 
механизмдердің  орнатылуы  мен  жұмыс  істеуі  жедел  персоналдың,  наряд  берген 
жұмысшының,  жауапты  басшының  немесе  -  кернеуі  1000  В  дейінгі  электр 
қондырғыларында  -  электр  тоғының  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топтағы  жұмыс 
жүргізушінің, ал құрылыс-құрастыру жұмыстарын ӘЖ күзет аймағында орындаған кезде - 
электр  тогының  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы  жауапты  басшының  немесе  жұмыс 
жүргізушінің бақылауымен жүзеге асырылуға тиіс. 
585.  Ашық  ТҚ-нан  және  ӘЖ-нің  астынан  ӛткенде  жүк  кӛтергіш  машиналар  мен 
механизмдердің кӛтергіш және жылжымалы бӛліктері кӛлік жағдайында болуға тиіс. 
Жұмыс  орны  шегінде  жүк  кӛтергіш  машиналардың  кӛтергіш  және  жылжымалы 
бӛліктеріндегі  жұмыс  органдарының  кӛтерілген,  бірақ  жылжытылмаған  күйінде  жүксіз 
және  адамдарсыз  тегіс  жердің  бетімен  орын  ауыстырып  қозғалуына  рұқсат  етіледі,  бұл 
жағдайда  осылай  орын  ауыстырып  қозғалуға  зауыт  нұсқаулығында  рұқсат  етілуі  және 
токтан  ажыратылмаған  шиналардың  және  ӘЖ  сымдарының  астынан  ӛту  талап  етілмеуі 
керек. 
Ашық  ТҚ  қозғалыс  жылдамдығы  жергілікті  шарттармен  белгіленеді,  бірақ  сағатына 
10 шақырымнан аспауға тиіс. 
ӘЖ-ің астынан автомобильдер, жүк кӛтергіш машиналар мен механизмдер сымдар аз 
салбырап тұрған (тіректерге жақын) жерден ӛтуге тиіс. 
586. Жүк кӛтергіш машина мен механизмді жұмыс орындарына жұмыстарға жауапты 
басшы  немесе  жұмыс  жүргізуші  рұқсат  берушімен  бірлесе  отырып  қойған  жағдайда, 
телескопия  мұнарасының  жебесінің,  себетінің  орын  ауыстыруға  қажетті  секторы  немесе 
биіктігі  осы  Қағидаларға 
10-қосымшасының
  1  кестесіне  сәйкес  рұқсат  етілген 
қашықтықта айқындалуға тиіс. 
Бұл  сектор  немесе  кӛтерілу  биіктігі  жұмыс  басталғанға  дейін  жалаушалар  ілінген 
сырықтармен, ал түнгі уақытта оттармен шектелуге тиіс. 
587.  Машина  залдары  мен  цехтардың  тӛбесіне  орналастырылған  жарықтандыру 
аспаптарына кӛпірлі кранның арбасында тұрып, кемінде екі жұмыскер қызмет кӛрсетеді, 
оның электр қуіпсіздігі бойынша электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы біреуі жұмысты 
орындайды. Екінші жұмыскер жұмыс істеп жатқан жұмысшыға жақын жерде тұрып, оның 
қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауына бақылау жасауға тиіс. 
Кӛпірлі  кранның  арбасына  уақытша  тӛсеме  тақтайлар  мен  басқыштарды  орнатуға 
рұқсат  берілмейді.  Тікелей  арба  тӛсенішінің  үстінде  немесе  осы  тӛсеніштің  үстіне 
орнатылған орнықты тӛсеме тақтайда тұрып жұмыс істеу қажет. 
Жұмыскерді  кӛпірлі  кранның  арбасына  шығарудың  алдында  тройлерлік  сымдардан 
кернеу түсірілуге тиіс. Жұмыс кезінде сақтандырғыш белдікті пайдалану керек. 
Кран  жүргізуші  кӛпірді  немесе  кранның  арбасын  жұмыс  жүргізушінің  бұйрығымен 
ғана  қозғалтуға  тиіс.  Кӛпірлі  кранның  қозғалысы  кезінде  жұмыскерлер  кабинада  немесе 
арбада орналасуға тиіс. Бұл кезде арбаның қозғалуына рұқсат берілмейді. 
588.  Жүк  кӛтергіш  механизмдердің  35  кВ  дейінгі  кернеу  беріліп  тұрған  ӘЖ 
сымдарының тікелей астына қойылуына және сонда жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді. 

Жүк  кӛтергіш  машинаны  (механизмді)  шығарылатын  тіректерге  орнату  және  оның 
жұмыс  бӛлігін  кӛлік  жағдайынан  жұмыс  жағдайына  ауыстыру  жұмыстарын  оны 
басқаратын  жүргізуші  орындауға  тиіс.  Бұл  жұмыс  үшін  басқа  жұмыскерлерді  тартуға 
рұқсат берілмейді. 
Автомобильдердің,  жүк  кӛтергіш  машиналар  мен  механизмдердің  ӛтуі,  орналасуы 
немесе  жұмыс  істеуі  кезінде  олардың  кӛтергіш  және  жылжымалы  бӛліктерінен,  жүк 
артқыш арқандардан, жүктерді іліп алатын саймандардан, жүктерден кернеу келіп тұрған 
ток ӛткізгіш панельдерге дейінгі аралық осы Қағидаларға 
10-қосымшасының
 1 кестесінде 
кӛрсетілген қашықтықтан кем болмауға тиіс. 
589. Телескопия мұнараларының және су кӛтергіштердің жылжымалы және кӛтергіш 
бӛліктері  жұмыс  істеу  жағдайында  әр  кез  жұмыс  басталар  алдында  тексерілуге  тиіс,  ал 
телескопия мұнараларының, одан ӛзге, кӛтергіш бӛлігі тік орнатылуға және сол қалпында 
сақталынуға  тиіс.  Жебелі  крандардың бұрғыш  және кӛтергіш  құрылғыларының  жұмысы 
тексерілуге тиіс. 
590.  Бұрыштық  тіректердегі  оқшаулағыштарды,  сымдарды  ауыстыруға  немесе 
арматураны жӛндеуге байланысты жұмыстарды орындау кезінде, сымдардан пайда болған 
бұрыштың  ішіне  телескопия  мұнарасын  (гидравликалық  кӛтергішті)  орнатуға  рұқсат 
берілмейді. 
591. Жүктер немесе олардан бос жүк кӛтеретін арқансымдар мен арқандардың рұқсат 
етілмеген  қашықтықта  кернеу  келіп  тұрған  ток  ӛткізгіш  бӛліктерге  жақындауына  себеп 
болатын  жел  кӛтерілген  кезде,  жүк  кӛтергіш  машиналардың  жұмыс  істеуіне  рұқсат 
берілмейді. 
592. Автомобильдердің, жүк кӛтергіш машиналар мен механизмдердің жүргізушілері, 
сондай-ақ  матаушылар  ашық  ТҚ-на  және  ток  жүріп  тұрған  ӘЖ-де  жұмыс  істеуге 
рұқсаттама  алғанда,  осы  қондырғыларға  ӛту  немесе  жұмыс  істеу  тәртібі  жӛнінде 
нұсқаулықтан ӛтуге тиіс. 
Ӛзге  ұйымдардың  осындай  жұмыскерлеріне  рұқсаттама  беру  уәкілетті  органның 
ӛнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарына сәйкес жүргізіледі. 
593.  АТҚ  және  кернеу  түсірілместен  ӘЖ-нің  күзет  аймағында  жүргізілетін  барлық 
жұмыстар кезінде жүк кӛтергіш машиналар мен механизмдер жерге қосылуға тиіс. Жерге 
қосқыш  сымдардың  қимасы  осы  электр  қондырғысы  үшін  қабылданған  қимадан  кем 
болмауға  тиіс.  Шынжыр  табан  жүк  кӛтергіш  машиналарды  тікелей  жерге  орнатқанда, 
оларды жерге қосу талап етілмейді. 
594. Жүк кӛтергіш машиналардың және механизмдердің жұмысы кезінде адамдардың 
кӛтерілетін  жүктің,  телескопия  мұнарасының  (су  кӛтергіштің)  себеті  астында,  сонымен 
қатар  тартылып  жатқан  сымдарға  (арқансымдарға)  тарту  арқансымдары  мен 
тартқыштарға,  таяныштарға,  бекіткіштерге  және  жұмыс  істеп  тұрған  механизмдерге 
тікелей жақын (5 метрден жақын) жерде болуға рұқсат берілмейді. 
595. Телескопия мұнарасында (гидравликалық кӛтергіште) тұрып жұмыс жүргізгенде, 
себеттің  (бесіктің)  ішіндегі  бригада  мүшесі  мен  жүргізуші  арасында  бір-бірін  кӛріп 
тұратын  байланыс  орнатылуға  тиіс.  Мұндай  байланыс  болмаған  кезде,  мұнараның 
қасында  жүргізушіге  себетті  (бесікті)  кӛтеру  немесе  түсіру  туралы  бұйрық  беретін 
бригада мүшесі тұруға тиіс. 
Телескопия  мұнарасында  (гидравликалық  кӛтергіште)  тұрып  жұмыс  жүргізгенде, 
сақтандырғыш белдіктің жүк артқыш арқанынан ұстап, себеттің (бесіктің) табанына түсу 
қажет.  Себеттен  (бесіктен)  тірекке  ауысу  немесе  жабдықты  ауыстыру  жұмыс 
жүргізушінің рұқсатымен ғана орындалады. 
596.  Егер  ток  ӛткізгіш  бӛліктермен  жанасу  немесе  электр  разрядының  пайда  болуы 
нәтижесінде  механизмге  немесе  жүк  кӛтергіш  машинаға  кернеу  беріліп  кетсе,  кернеу 
түсірілгенше  жақын  тұрған  адамдардың  оларға  жанасуына,  сондай-ақ  олардан  жерге 
түсуге рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда жүргізуші пайда болған түйіспені тезірек үзу 
және  механизмнің  қозғалмалы  бӛлігін  ток  ӛткізгіш  бӛліктерден  осы  Қағидалардың 
10-

қосымшасының
  1-кестесінде  кӛрсетілген  аралықтан  кем  емес  аралықта  алыстату 
шараларын  қабылдауға,  айналадағы  адамдарға  механизмге  кернеу  келіп  тұрғаны  және 
оған жақындауға, ал жанасуға мүлдем болмайтыны туралы ескертуге тиіс. 
597. Кернеу беріліп тұрған ток ӛткізгіш бӛліктерге жанасу салдарынан жүк кӛтергіш 
машина тұтанып, жана бастаған жағдайда, жүргізуші  оған қолын тигізбей, сол бойда екі 
аяғымен  жерге  тік  қарғып  түсуге  және  бір  аяғымен  секіре  аттап  немесе  табанының 
ұзындығынан аспайтын қысқа адымдармен аяғын сүйрете басып, 8 метрдей жерге алыстап 
кетуге тиіс. 
598. ТҚ тасымалды металл заттарды қолдануға рұқсат берілмейді. 
599.  Ұзын  металл  заттарды  (түтіктерді,  арматураларды,  оның  ішінде  басқыштарды) 
ішке кіргізуді жүргізушінің, электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы жедел персоналдың 
үздіксіз бақылауымен екі адам орындауға тиіс. 
Кернеуі  330  В  және  одан  жоғары  электр  қондырғыларында  тасымалданушы  ұзын 
металл  заттардан  әсерден  пайда  болған  әлеуетті  түсіру  үшін  оларға  жерге  дейін  жететін 
металл тізбек жалғануға тиіс. 
600. Тегіс бетке тұрғызылатын ағаш сатылардың  
аяқтарының  табаны  резеңкемен  қапталуға  тиіс,  ал  жерге  тұрғызылатын  сатылар 
сирақтарының табандарына үшкір металл ұштама орнатылуы керек. Сатылардың жоғарғы 
бастарын мықты негізге тіреу қажет. Сатыны сымға тіреу қажет болғанда, оның жоғарғы 
бӛліктеріне ілмек орнатылуға тиіс. 
Сатыны  пайдаланатын  жұмыстарды  екі  жұмыскер  орындауға,  оның  біреуі  тӛменде 
тұруға тиіс. 
  
  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал