Түсінік хат 8 сынып (72 сағат) 8-сынып бойынша биология пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар мыналарды негізге алып құрылған


Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбында «Биология» оқу пәнін оқудың мақсаты



жүктеу 81.42 Kb.
бет2/10
Дата08.11.2022
өлшемі81.42 Kb.
#23523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8 сын типтік

Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбында «Биология» оқу пәнін оқудың мақсаты


Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 8-сыныпта – оқу жылында 72 сағат; аптасына -2 сағат.
"Биология" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттарын қамтитын кіші бөлімдерден тұрады. Әр бөлімде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушылармен жұмысты жүйелі түрде жоспарлауға, сондай-ақ олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді
Оқу бағдарламаның мазмұнында сан белгілері берілген. Мысалы: 8.2.1.4: «8» – сынып, «2.1» – бөліммен тарау, «4» – оқу мақсаты.

жүктеу 81.42 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет