Тұрсынбек СҰлтанбеков,



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/6
Дата09.04.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ЕРТЕҢ  ЕЛІМІЗДЕ  ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  ЖЫЛЫ  САЛТАНАТТЫ  ТҮРДЕ  БАСТАЛАДЫ

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ,

«Ақ жол».

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдығына орай еліміздің барлық 

жоғары оқу орындары, колледждер 

мен мектептерде толеранттылық 

сабағы оқытылады. Біздің облысымыз 

бойынша осындай мақсаттағы алғашқы 

дәріс М.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университетінде «Қазақстан 

қоғамының бірігуіндегі Қазақстан халқы 

Ассамблеясының орны» тақырыбымен 

өтті. 


Оқу орнына қарасты М.Үркімбаев 

атындағы «Жастар сарайында» өткен 

дәріске студенттерден бөлек, оқытушы-

п р о ф е с с о р л ы қ   қ ұ р а м ,     ө ң і р д е г і 

этномәдени орталықтардың жетекшілері 

мен белсенді мүшелері шақырылды. 

Басқосуды университет ректоры, 

«Әулиеата» қазақ мәдени орталығының 

төрағасы Махметғали Сарыбеков ашып, 

жүргізді. 

– Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл 

еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы. 

Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 

70, Конституция мен Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  20 жылдықтарына 

орай іс-шаралар жоспары бекітілген. 

Соған сәйкес, 2-5 ақпан аралығында 

еліміздің жоғары оқу орындарында 

Ассамблея мүшелерімен, этномәдени 

бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер, 

толеранттылық,  ұлтаралық татулық 

ж ә н е   к о н ф е с с и я а р а л ы қ   к е л і с і м 

идеяларын жастардың санасына сіңіру 

мақсатында сабақтар өтуде. Бүгінгі 

басқосудың да мән-маңызы осы, – дей 

келе Махметғали Нұрғалиұлы Қазақстан 

халқы Ассамблеясының қоғам өміріндегі 

алар орны мен атқарар рөліне кеңінен 

тоқталды. 

Келесі кезекте сөз алған облыстық 

Қ а з а қ с т а н   х а л қ ы   Ас с а м б л е я с ы 

хатшылығының басшысы Лариса 

Лысова татулықтың талбесігіне айналған 

құрылымның ерекшеліктері, оның 

жиырма жыл ішінде бағындырған 

белестері, алдағы айқын мақсаттар 

туралы әңгімеледі.  Ол сөзінің соңында 

барша қатысушыларды мерекелі жылмен 

құттықтап, университет ректоры 

М.Сарыбековке Қазақстан халқы 

Ассамблеясының куәлігін салтанатты 

түрде табыс етті. 

Мұнан соң  облыстық Қазақстан 

х а л қ ы   Ас с а м б л е я с ы   ж а н ы н д а ғ ы 

ғылыми сараптамалық топ жетекшісінің 

орынбасары, философия ғылымдарының 

кандидаты П.Мамедова, ТарМУ-дың аға 

оқытушысы Р.Баярисов тақырыптық 

дәрістер оқыды. Дәріс соңынан сұрақ-

жауапқа кезек берілді. 

Толеранттылық дәрісін университет 

ректоры М.Сарыбеков қорытындылады.



Жеңістің 70 жылдық мерекесіне 

орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 

тыл еңбеккерлеріне жалпы сомасы 5,6 

миллиард теңгеден асатын бір реттік 

материалдық көмек төленеді. Бұл туралы 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігінің баспасөз қызметі 

хабарлады.

Атап айтсақ, биыл Ұлы Отан соғысына 

қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне 

және олармен теңестірілген адамдарға, тыл 

еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысындағы 

Жеңіске үлес қосқан Қазақстанның басқа 

да азаматтарына республикалық бюджетте 

5 миллиард 690 миллион 183 мың теңге 

қарастырылған. Ардагерлердің Астана мен 

Мәскеу қалаларында өтетін мерейтойлық 

шараларға баруы үшін бюджеттен тағы 61,8 

миллион теңге бөлінеді. 

«Бір реттік материалдық көмек келесі рет 

бойынша қарастырылған: Ұлы Отан соғысына 

қатысқандар мен мүгедектерге – 100 мың 

теңге; Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен 

мүгедектерге теңестірілген, Жеңіске үлес 

қосқан азаматтарға – 70 мың теңге; Ұлы 

Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскери 

қызметкерлердің жұбайларына, ата-

аналарына, Ленинград қоршауында болған 

тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік 

соғыс жылдары фашистер мен олардың 

одақтастары құрған концлагерьлерде, 

геттолар мен өзге де мәжбүрлеп ұстау 

орындарында кәмелет жасына дейін 

тұтқында болғандарға – 30 мың 

теңге; тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан 

соғысының қайтыс болған мүгедектерінің 

жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы 

Ж е ң і с к е   қ о с қ а н   ү л е с і   ү ш і н   о л а р ғ а 

теңестірілген тұлғаларға – 25 мың теңге» 

делінген министрліктің хабарламасында. 

 

* * *

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай 

бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына 

қатысқандар мен мүгедектердің саны – 5 

037. Жеңіске қосқан үлесі үшін Ұлы Отан 

соғысына қатысқандар мен мүгедектерге 

теңестірілген тұлғалардың саны – 1 434. 

Соғыс кезінде қайтыс болған және із-түссіз 

жоғалып кеткен сарбаздар жесірлерінің 

саны – 195.

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған 

мүгедектері мен оларға теңестірілген 

мүгедектер әйелдерінің, сондай-ақ, 

соғысқа қатысқандардың, партизандар 

мен астыртын жұмыс істегендердің

«Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен 

және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны 

төсбелгісімен марапатталғандардың, 

жалпы ауру, еңбек жарақаты нәтижесінде 

мүгедек боп танылғандардың, Ұлы Отан 

соғысы жылдары тылдағы жанкешті еңбегі 

және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы 

КСРО ордендері мен медальдарымен 

марапатталғандардың және Ұлы Отан 

соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес 

еңбек еткендердің саны – 9870 адам болды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Жамбыл 

облыстық

қоғамдық-

саяси газет

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.



ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

 

ak-jol-taraz@rambler.ru                           www. akjolgazet.kz 

№14 (18048), Бейсенбі, 5 ақпан, 2015  жыл

АРДАГЕРЛЕРДІ 

АРДАҚТАЙЫҚ

Ұ

Л



Ы

 Ж

Е



ҢІ

С

К



Е

 –

 70



 

ЖЫ

Л



ЕЛІМІЗДЕ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ 

БАРЛЫҒЫ 5,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ 

Ирина КИМ,

ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАН-

ТАРАЗ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ 

РЕДАКТОР-ҮЙЛЕСТІРУШІСІ.

дейтін елденбіз

Жыр-шашу


Бірлігі асқан қазақ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ.

ТАЛАЙ-ТАЛАЙ СОҚПАҚ ЖОЛДЫ КӨРГЕНБІЗ,

ҚИЫНДЫҚТЫҢ БӘРІН БІРГЕ ЖЕҢГЕНБІЗ.

БІЗ МАСЫЛҒА АЙНАЛМАСТАН ТЕР ТӨГІП,

БІЗ ҒАСЫРҒА БІРЛІК ҮШІН КЕЛГЕНБІЗ!

ӘРБІР ІСТІҢ БОЛСЫН ЫЛҒИ БАСЫ ҚҰТ,

БІЗ ЖҮРЕЙІК, ЖАҚСЫЛЫҚҚА АСЫҒЫП.

БӘРІМІЗГЕ ПАНА БОЛҒАН ОТАННЫҢ,

ЖҮРЕЙІКШІ ТЕК МЕРЕЙІН АСЫРЫП!

ХАЛЫҚПЫЗ ҒОЙ, БАСШЫ САЛҒАН ЖОЛДЫ ҰҚҚАН,

КЕЗІМІЗ ЖОҚ ОРТА ТҰСТА ШАЛДЫҚҚАН.

ӘР КЕЗЕҢДЕ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛДЫҚ,

ОРТА АЗИЯ БАРЫСЫМЫЗ СОНДЫҚТАН.

БОРЫШЫМЫЗ ЕЛ АЛДЫНДА ӨТЕЛІП,

БІР МҮДДЕМЕН БАР МАҚСАТҚА ЖЕТЕЛІК.

ЖҮРЕЙІКШІ ТАТУ-ТӘТТІ КҮН КЕШІП,

ЖҮРЕЙІКШІ ДОСТЫҚ ТУЫН КӨТЕРІП!

БІРЛІГІ АСҚАН ҚАЗАҚ ДЕЙТІН ЕЛДЕНБІЗ,

КЕЛЕР КҮННІҢ СӘУЛЕСІНЕ СЕНГЕНБІЗ.

ҰЛТ-ҰЛЫСҚА БӨЛІНБЕСТЕН БІР СӘТКЕ,

ҚИЫНДЫҚТЫҢ БӘРІН БІРГЕ ЖЕҢГЕНБІЗ!

БАҒЫТ  АЙҚЫН,  БЕРІК  ӘРКЕЗ  ІРГЕМІЗ,  ДОСТЫҚ  ТУЫН   КӨТЕРЕМІЗ  БІРГЕ  БІЗ! 

Досы көптің 

    жаны семіреді,

Асы көптің

    тәні семіреді.

Халық мақалы.

ҚОЙ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ  ТӨРТ БІРДЕЙ ДҮБІРЛІ ТОЙДЫ ҚАТАР АТАП ӨТПЕК.  НАҚТЫЛАЙ 

АЙТҚАНДА, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550, ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70, АТА ЗАҢЫМЫЗ БЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 

АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  20 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ МЕРЕКЕЛЕНЕТІН БОЛАДЫ. МҰНЫҢ БӘРІ ДЕ 

ЕЛДІҢ БЕРЕКЕЛІ БІРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ. МІНЕ, СОНДЫҚТАН ДА БОЛАР, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ БЕН ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАП, БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 

АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ. ЕРТЕҢ, ДӘЛІРЕК АЙТҚАНДА, 6 АҚПАН КҮНІ ЕЛІМІЗ 

БОЙЫНША БІР МЕЗГІЛДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛЫП, 

ДОСТЫҚ ТУЫ КӨККЕ КӨТЕРІЛЕДІ. БІЗ ОСЫНАУ ДУМАНДЫ МЕРЕКЕНІҢ АЛДЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН 

ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЛАРИСА ЛЫСОВАМЕН  СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ БҮГІНДЕ ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ 

БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП ОТЫРҒАНДЫҒЫ АЙҚЫН. ҚАЗІРГІ 

ТАҢДА АССАМБЛЕЯ – ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ 

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛҒА АЙНАЛЫП, ЕЛІМІЗДЕ БІР 

ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА БЕЙБІТ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН БАРЛЫҚ ЭТНОСТАРДЫҢ ӨЗАРА ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ 

ҚАТЫНАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ РӨЛГЕ ИЕ БІРДЕН-БІР ҰЙЫМ. МЕМЛЕКЕТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ 

ТҰРАҚТЫЛЫҚ БОЛМАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДА ЖЕТІСТІК БОЛМАЙДЫ ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ 

ТАРИХ ӘЛДЕҚАШАН ДӘЛЕЛДЕП БЕРГЕН.  ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫНДА БҰЛ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ 

ҚОҒАМДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІКТІ, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУШЫ ҚҰРАЛҒА АЙНАЛҒАНЫН УАҚЫТТЫҢ 

ӨЗІ КӨРСЕТІП ОТЫР. 

(ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).

Махметғали САРЫБЕКОВ,

М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ПЕДАГОГИКА 

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, «ӘУЛИЕАТА» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ.

БЕЙБІТШІЛІКТІ

ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛМІЗ

(ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).

ТАТУЛЫҚ ДӘРІСІ

БАРЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАДЫ

МЕНІҢ ЕЛІМ –  МӘҢГІЛІК ЕЛ

АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТЫ ҰРАНЫ ОСЫ

БІ

З

 



– 

Қ

АЗ



А

ҚСТА


Н

Д

ЫҚ



ТАРМЫЗ

!

КӨП ҰЛТТЫ  ЕЛ БОЛУЫМЫЗ 



– БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ, 

МАҚТАНЫШЫМЫЗ.

Нұрсұлтан 

НАЗАРБАЕВ.



(Соңы. Басы 1-бетте).

Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ 

мақсатқа жұмылдыру болып табылады. Оның  міршеңдігінің 

ең басты ерекшелігі – ол этностық топтардың қызметін 

бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана емес, 

сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін 

бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни 

ерекшеліктеріне қарамастан, құқығы мен бостандығын сақтаушы 

толыққанды саяси институтқа айналғандығы.

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы   т к е н   ж ы л ғ ы   Қ а з а қ с т а н   х а л қ ы 

Ассамблеясының XXI сессиясында Қазақстан Мәңгілік Ел атану 

үшін мемлекетте бейбітшілік пен келісім бекем болуын басты 

назарға ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, 

руханият және келісім мәдениеті» деп аталған ол сессияда рухани 

келісімнің айрықша жеті жоғары мәдени қағидатын айтып  тті. 

Онда діни тұрақтылық, ортақ жауапкершілік, мемлекеттік тілді 

зге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық толеранттылық пен 

ішкі тұтастық, барлық ұлттың  мір сүру сапасын арттыру, әр ұлт 

пен ұлыстың мәдениеті мен  нерін дамыту және этномәдени 

бірлестіктердің жұмысына серпін беру қағидаттарына кеңінен 

тоқталды. 

Қазіргі таңда Қазақстанда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар 

тату-тәтті  мір сүріп жатыр. Жамбыл  ңірінде 26 облыстық 

және 47 аудандық этномәдени құрылымдар бар. М.Х.Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында құрылған 

« улиеата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі – сондай 

құрылымдардың бірі. Қазақстандағы этносаралық қатынастардың 

әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы, ең алдымен, қазақ 

ұлтының еншісінде екендігі айқын. Осы тұрғыда ұлтымыздың 

тілін, ұлттық мәдениетін, құндылығын, ерекшелігін сақтау,  зге ұлт 

кілдеріне дәріптеу мақсатын ұстанған « улиеата» қазақ мәдени 

орталығының р лі зор.

Мәдени орталық к не Тараз жеріндегі қазақ халқын ортақ 

мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты 

сақтау мен дамуына айтулы үлес қосып отыр. Бүгінгі күнге дейін 

бірнеше баспалдақтан к теріліп, бірталай белестерді бағындырған 

мәдени орталық  з қызметін облыстағы, республикадағы  ұлттық 

орталықтармен тығыз қарым-қатынаста жүргізуде. 

Белсенді қызметтің 18 жылы ішінде атқарылған іс-шаралар мен 

қол жеткізген жетістіктер ұшан-теңіз.  зге ұлт  кілдеріне ұлттық 

құндылықтарымызды таныту, ұлтаралық қатынасты нығайтып, 

ынтымағымыз бен бірлігімізді арттырып, егеменді еліміздің 

мәртебесін к теру, ел болашағы жастарға халқымыздың тілін, ділін, 

ежелден келе жатқан салт-дәстүрін, ұлттық  нерін насихаттап 

үйрету, бойына сіңіруге, дамытуға септігін тигізу орталықтың басты 

мақсатына айналған.

М ә д е н и   о р т а л ы қ   қ а з а қ   х а л қ ы н ы ң   ф о л ь к л о р л ы қ 

этнографияларымен таныстыру және  мірдің барлық саласындағы 

демократиялық  згерістерге белсенді қатысуға ықпал жасауда. 

Қазақ жастарының рухани жетілуі, білім-тәрбие алуы, бос уақытын 

тиімді  ткізу саласында кешенді бағдарламалар жасалып, іске 

асырылуда.

Салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту мен насихаттау бағытында 

тәрбиелік, яғни қазақстандық және ұлттық отансүйгіштікті 

қалыптастыру, ұлтаралық қатынастарды, ұлтаралық татулық пен 

келісімді нығайту, Тараз жерін мекен еткен ұлт  кілдері арасында 

достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік 

саясатты жүзеге асыру ж нінде ұсыныстар дайындалып, жүзеге 

асырылуда.

« улиеата» қазақ мәдени орталығы мемлекеттік және қоғамдық 

ұйымдармен бірлесе отырып, ұлттық тілдің сақталуы мен жетілуінің 

басқа да проблемаларын шешіп, жастардың ерікті, дербес ұлттық 

сахналық және әр саладағы  нерлерімен шұғылдануы үшін к мек 

к рсетуде. Бүгінгі күні университетіміздің жастары осы орталықтың 

белсенді мүшелері ретінде ауқымды жұмыстар атқарып жүр. 

 Мәдени орталық пен ТарМУ ұжымы және студенттерден 

құрылған жастар қанатының қатысуымен алғаш студент жастар 

театры құрылды. Театр «Халықтық» атаққа  ие болып, тұңғыш рет 

режиссер Д.Еркебаевтың «Азапқа толы қыз ғұмыры», «Үміт» атты 

к ркем фильмдерінің тұсаукесері  тіп, облыс жұртшылығының 

к зайымы болды. Сондай-ақ, қазақтың біртуар батыры, жазушы 

Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы аясында 

А.Шойбековтің « мір к ші» атты спектаклін сахналады.

Орталық сонымен қатар, мәдениет және  нер саласында ұлттық 

кәсіби кадрларын даярлауға жағдай туғызуда. Шығармашыл 

жастарымыздың  нер саласында кәсіби білім алып шығуына к мек 

к рсетуде. Ассамблея жанында аналар кеңесі де жұмыс істейді. 

Жуырда оның белсенді мүшелері, этномәдени бірлестіктердің 

кілдері республикалық Аналар Кеңесінің I Форумына қатысып 

қайтты. Олар татулық пен ынтымақ, бейбітшілік, руханият және 

келісім мәдениеті барлық халықты ізгі жолдарға біріктіретіндігіне 

к здерін жеткізді. Форумнан алған әсерлері де ерекше,  йткені XXI 

ғасырдың ең басты заңы татулық екендігі белгілі, ал, бұл ж нінде 

аналардың ұрпақтарына берері к п. 

Бүгінде Тараз  ңірінде ұлттық мәдениетімізді, тілімізді, салт-

дәстүріміздің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған деуге 

болады. « улиеата» қазақ мәдени орталығы басқа да мәдени 

орталықтардың к шбасшысы ретінде облыс, қала к лемінде 

к птеген мәдени іс-шаралардың  ткізілуінің бастамашысы болып 

отыр. Қайырымдылық мақсатымен қазақ мәдени орталығы жалғыз 

тұратын қарттарға, жетім балаларға, мүгедектерге басқа да панасыз 

жандарға моральдық және материалдық к мек к рсету акцияларын 

ткізуді дәстүрге айналдырған. 

Атап айтқанда, Семей қаласының «Айша бибі» атты қазақ 

мәдени орталығы тәжірибе алмасу мақсатында арнайы іссапармен 

облысымызға келіп, ұлттық қол нер шеберлерінің бірлескен 

к рмесі мен концерттік бағдарламасы Тараз жұртшылығына 

ұсынылды. Сонымен қатар, шекаралас ынтымақтастық фестивалі 

аясында «Достықта шекара жоқ» атты к ршілес қырғыз елінен 

келген мәдениет және  нер саласының белгілі  кілдерімен 

д ңгелек үстел  ткізсе, келесі кезекте біздің орталықтың  кілдері 

Талас облысына 70 жыл толуына, Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш 

ашылу салтанатына және қырғыз халқының зиялы қауымдарымен 

кездесіп, үлкен іс-шараның куәсі болып қайтты.

Заманның талабына сай « улиеата» қазақ мәдени орталығының 

материалдық-техникалық базасы да жақсара түсуде. Осы орайда 

демеушілердің к мегімен Тараз мемлекеттік университетінің бас 

ғимаратынан орталыққа арналған арнайы кабинет қарастырылып, 

жабдықталуда. Сондықтан, университеттің базасында « улиеата» 

қазақ мәдени орталығы студент жастар арасында танымдық 

шығармашылық әдістемелік кабинетін ашып, үстіміздегі жылы 

Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдығының құрметіне 

ткізілетін облыстық, қалалық мәдени іс-шаралар сол жерде 

ұйымдастырылмақшы. 

Үстіміздегі жылы да  ауқымды «Наурыз – достық думаны» атты 

театрландырылған мерекелік іс-шара, «Ұлы достық аясында» 

тақырыбында патриоттық әндер фестивалі, «Тәуелсіздік 

– ұлтымыздың ұйытқысы» атты театрландырылған тарихи 

композиция, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік 

елдің ұлы тарихы» атты  қалалық мектепаралық фестиваль, Қазақ 

хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығына орай «Қазақ халқының үздік дәстүрлері 

арқылы жастарды тәрбиелеу» атты семинар-тренинг  ткізу 

жоспарланған.

Қазіргі уақытта әрбір үйге, әрбір отбасына қазақстандық 

келісім мәдениеті мен бейбітшіліктің негізгі қағидаттарын жеткізу 

те маңызды. Бұл шара кімнен болсын белсенділікті талап етеді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы «Қазақстан-2050: 

Бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген айшықты тақырыппен  ткені 

мәлім. Бұған Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Т рағасы 

Н.Назарбаев: «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ мүдделер. 

Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз 

бірге жүріп  ткен қиындықтар мен жеңістер!» – деп түсініктеме 

беріп, қоғамға терең ой салды. «Қазақты қасиетті қара шаңыраққа 

баласақ, еліміздегі барша этностар сол шаңыраққа шаншылған 

уықтар», – деп, этносаралық келісім мен достық қатынастың 

қаншалықты маңызды екенін атап  тті. Міне, осылай татулықты 

тірлігіміздің тірегіне айналдырып, к пұлтты мемлекетіміздің 

тұтастығы мен ел бірлігі барлық табыстарымыздың негізі болып 

отыр.


Елбасы атап  ткендей, Мәңгілік Ел атану, бақытты да бақуатты 

тұрмыс кешу, келешектің керуеніне ілесіп,  бейбітшілік пен 

татулықты насихаттаған к ркем ойдың жетегінде  мір сүру – 

егемендіктің айқын к рінісі. Міне, осы бағытта « улиеата» қазақ 

мәдени орталығы қанатын кеңге жайып, бірлік бар жерде тірліктің 

болатынын дәлелдей бермек. 

Нұрсұлтан 

НАЗАРБАЕВ.

БІЗДІ БІРІКТІРЕТІН ЖЕКЕ БАСТЫҢ 

ҚАМЫ ЕМЕС, БІЗДІ ЕЛ ТУРАЛЫ БИІК 

ҰҒЫМДАР, ОРТАҚ МҮДДЕЛЕР ҒАНА 

БІРІКТІРЕ АЛАДЫ.



(Соңы. Басы 1-бетте).

– Лариса Анатольевна, Елбасының тікелей 

бастамасымен  мірге келген  Қазақстан халқы 

Ассамблеясының құрылғанына да 20 жыл 

толыпты. «Уақыт – зымыран» деген осы. 

ңгімеміздің әлқиссасын достық дәнекеріне 

айналған құрылымның тарихынан бастасақ...

– Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан  бішұлы Назарбаев қай кезде 

б о л м а с ы н   э т н о с а р а л ы қ   т а т у л ы қ   п е н 

конфессияаралық келісім мәселесіне айрықша 

назар аударып келеді. Президент  ткен жылдың 

соңындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

атты Қазақстан халқына Жолдауында да татулық 

пен тұрақтылықтың ғана табысқа бастайтынын 

қадап айтты.  «Алда үлкен де жауапты жұмыстар 

тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан  ту 

үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық 

қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға 

тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! 

Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. 

Этносаралық келісім – ол  міршеңдік оттегі. Біз 

дем алған кезде оны байқамаймыз, ол  здігінен 

болады – біз тек  мір сүреміз. Бірлігіміз бен 

этносаралық келісімді біздің  зіміз сақтауға 

тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан 

келіп жасамайды», – деді Елбасы. Қараңызшы, 

қандай тағылым жатыр. 

Алғаш егемендікке қол жеткізген уақытта 

күрмеуі қиын күрделі кезең күтіп тұрды. 

Экономикалық қиындықтарды қалай еңсереміз? 

Қайтсек алға қарай дамимыз? Осындай сан сұрақ 

сананы сілкілеген тұста Мемлекет басшысы 

білімі мен біліктілігінің арқасында тура жолды 

нұсқады. Ол берекелі бірлік пен жарасымды 

тірлік жолы еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы 

осылайша үлкен к регенділіктің нәтижесінде 

мірге келді. Жалпы, Елбасы Қазақстан 

халқы Ассамблеясын құру идеясын ең алғаш 

рет тәуелсіздіктің алғашқы жылына арналған 

Қазақстан халқының бірінші форумында 

жариялады. Мемлекет басшысы жанындағы 

консультативті-кеңесші орган араға бірер 

жыл салып, яғни 1995 жылдың 1 наурызында  

құрылды. Аталмыш бастама мәдениетаралық 

диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін 

қалап, этносаралық қатынастарды дамыту 

мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік 

жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт 

ретінде бағаланды. 



–  

з і н і ң   ж и ы р м а   ж ы л д ы қ   т а р и х ы н д а  

Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай елеулі 

згерістерді басынан кешірді? 

– Жиырма деген ат жалын тартып мінген 

азаматтың жасы емес пе? Осы жылдар ішінде 

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы 

нығайып, қоғамды ұйыстырудағы 

әлеуеті толысты. Ол еліміздегі 

халық дипломатиясының маңызды 

күретамырына айналды. 2007 

жылы Ассамблея конституциялық 

орган мәртебесіне ие болып, 

оның конституциялық кепілді 

парламенттік  кілдігі – Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мәжілісіне 

9 депутат сайлау құқығы қамтамасыз 

е т і л д і .   А л   2 0 0 8   ж ы л ы   2 0   қ а з а н д а ғ ы 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы 

Ассамблеяның құрылымы мен қызметінің, 

оның елдің қоғамдық саяси жүйесінде алатын 

орны мен р лін заңнамалық негізде айшықтады.  

С о н ы м е н   қ а т а р ,   Ас с а м б л е я н ы ң   н е г і з г і 

стратегиялық құжаттары- «Қазақстанның ел 

бірлігі доктринасы» мен «Қазақстан халқы 

Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму 

тұжырымдамасы» қабылданды. Бір с збен 

айтқанда, Ассамблея жиырма жыл ішінде 

қоғамдық келісімнің бірегей институты ретінде 

қалыптасып, әлем елдеріне үлгі- неге бола 

білді. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал