Тұрсынбек Кәкішев С. Ерубаевтың әдеби мұрасы С. Ерубаев «өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай»



жүктеу 146.66 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі146.66 Kb.

Тұрсынбек Кәкішев 

С. Ерубаевтың әдеби мұрасы 

С. Ерубаев «өмір дегенде өксігін баса 

алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай»

өткен зор талант иесі еді. Творчестволық 



сапарының тым  қысқа болғандығына  қа-

рамастан, ол артына біраз  ә д е б и мұра 

қалдырды. Біз бұл мақалада С. Ерубаев-

тың осы творчестволық мұрасы жайында 

сөз етпекпіз. 

Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік  Қа-

зақстан облысы, Түркстан ауданында ту-

ған. Әкесінен жастай айрылған ол Отан 

тәрбиесінде ержетті. С. Ерубаев Ленин-

градтың мемлекеттік университетінің фило-

логия факультетінде оқып, оны 1933 жылы 

бітіріп шықты. Оның «Орыс неоромантиз-

мі және  қазақтың  ұлттық әдебиеті» деген 

тақырыптағы диплом жұмысы жоғары ба-

ғаланды. 

Саттар Ерубаев әдебиетке 30 жылдар-

дан бастап араласты.  Ж а с талант  қазақ 

совет әдебиетінде өзінің өткір тілді паро-

дияларымен, жаңа сезімді лирикаларымен, 

терең де өрісті ойлы балладаларымен, ас-

қақтаған  ұшқыр  қыялды новеллаларымен, 

уытты сатирасымен, нәзік сезімге толы 

очерктерімен, еңбек  қуанышына бөленген 

бақытты жастарды суреттеген романымен 

ж а р қ етті. 

Саттардың жарық көрген шығармала-

рының ең алғашқыларының бірі—1931 

жылы «Жаршы» журналының 1-номерінде 

жарияланған «П. П.» деген сатиралық за-

рисовкасы. Саттар творчестволық жолында 

аға ақын-жазушыларға еліктеу кезеңін ат-

тап өтті, бірден тыңнан бастады деуден 



біз аулақпыз. Оның кейбір өлеңдері түр 

жағынан да, тіпті мазмұн жағынан да шә-

кірттік кезеңнің белгісін айқын көрсетеді. 

Мұны оның өзі де жасырмайды. Ол  қазақ 

ақындарымен 

қатар «өзімнің азғантай 

өлеңдерімде Мих. Светловқа және Ленин-

градтық ақын А. Прокофьевке еліктедім 

және еліктеудемін»

2

,— деп жазды. 



Алайда С. Ерубаев жанрлық сонылық-

ты саналы түрде табуға тырысты. Ол өзі-

нің пародиясының  қаншалықты жетістігі 

мен кемшілігінің барын айқын көре де, 

1

 Мақала баяндауларында Саттардың 



шығармаларынан алынған үзінділер мен 

сөздер тырнақшаға алынып отырылады. 

2

 «Ленинская смена», 30 май, 1934 ж. 



сезе де білді. «Өзімнің пародияларым ту-

ралы» деген мақаласында: «Әдетте мені 

пародист деп атайды. Расында да, менің 

мұндай атаққа ие болуыма әлі ертерек, 

бірақта мен  қазақ әдебиетінде пародия 

жанрын бірінші жаза бастадым»

1

,—дей 


келіп, Әуезовке, Мүсреповке, Тоқмағамбе-

тов пен Абдықадыровқа және басқаларға 

пародиялар мен эмиграммалар жазғанын 

айтады. 


«Өмірге сүйген жардай ғашық болған» 

Саттар жаңа сезімге — «интернационалдық 

сезімге» бойы мен ойы бірдей теңдесе 

алатын сүлу поэзияның, жан тебірентер-

лік лириканың өкілі болуды көздеді. Сон-

дықтан да ол ақындық талантын, жалын-

даған жастық жігерін  Қазақстандағы зор 

өзгерістер мен  ұлы істерді жырлауға ар-

нады. 

Өлке! 


Жыйырма жылдың бойында 

Өсіп ем-ау  қойныңда. 

Бірақ кетіп оқуға 

Жырлар жырлап бермеп ем 

Өзгерістер жайында! — 

деп жас талант өзінің өлкесіне борыштар 

екенін ашық айтты. 

Сонда ақынның жырламақ өзгерісі, айт-

пақ жаңалығы не еді? Суреттемек кейіп-

кері не еді? 

Ол — жаңа өмірдің  ұлы бақыты еді, ба-

қыт  құшағындағы жастар еді. 

Саттардың шығармаларының 

қайсысын 

алып оқысаңыз да, бақыт,  қуаныш сезі-

мінсіз жазылғанын көрмейсіз. Өйткені 

«Біздің өміріміздің өзі  қуаныш. Біздің 

істеген еңбегіміз де  қуаныш. Бұл  қуаныш-

күлкі жүрмеген жер жоқ... Біздің елде 

бірінші рет  қуаныш көптің игілігіне»

2

 ай-


налды. Осы бақыт пен  қуанышты ол жаңа 

дүниенің алып  қарқын, зор екпінмен орна-

уынан, творчестволық еңбектен туатынды-

ғын өзінің нәзік жанымен сезіп, көңліне 

тоқый білді. Жазушылық шеберлігі әлі де 

ұшталып жетілмегеніне 

қарамастан жү-

ректен шыққан жылы сезімді өзі  құрдас-

тары түсінетін тілмен айтып бере алды. 

1

 Бұл да сонда. 



2

 «Социалистік 

Қазақстан», 18 июнь, 

1934 ж. 


115 

Саттар шын мәнісінде ақын еді. Бірақ 

кейбір жолдастар Саттар творчествосының 

бұл саласына жете назар аудармай келе-

ді. Бұған оның шығармаларының түгел 

жыйналып басылмауы да әсер етсе керек. 

Салдыр-салақ  қараудың салдарынан Сат-

тардың «Лениншіл жаста» жарияланған 

«Тракторшы комсомолдың жыры» «Асқар 

қайта кұрылыс дәуірінде» деген 3. Шаш-

кинмен бірлесіп жазған бес подвалдық сын 

мақаласы, «Ақын жыры», «Колхоз база-

рында», «Достық жыры» атты өлендері, 

«Күрестің түйісінде» деген очеркі, «Жал-

қаулар», «Сембіліктен 

қашқан бәтеңке 

көрдіңдер ме?», «Қалмақанның колхозға 

жетуі», «Бір ақынға», «Ғабитке» деген па-

родиялары мен зарисовкалары, бәйгеге ар-

нап жазған «Комбайн туралы жыр» атты 

поэмасы, Сурковтан аударған «Біз  қатар-

дасы», Маяковскийден аударған «1-майы», 

«Жаңбыр» атты лирикасы, «Төрт  қыз», 

«Фашизм және соғыс» атты публицистика-

лық мақалалары, «Ленинская смена» га-

зетінде басылған «Өмір келбеті» және 

«Октябрьмен бірге ауылға жаңа өмір кел-

ді» деген әңгіме-очерктері, «Қарағанды 

пролетариаты» газетінде жарияланған 

«Өмір туралы рапорт», «Үш шахтер тура-

лы» балладалар, «Адасқан бөтелке» атты 

нақты өмірден алынып жазылған екі көрі-

ністі, бір актылы пьесасы, «Көмір жыры-

нан» деген өлеңі, «Егор Бутенко» деген 

зарисовкасы, «Жолдағы жолсыздықтар» 

және «Тышқан ауылындағы оқыйға» атты 

сатиралық әнгімелері, «Құрғақ сөзге мәз, 

нақтылы ісі аз», «Қазақ тілін жек көретін 

шахтком» деген фельетоны «Көктем тура-

лы» лирикасы, «Социалды  Қазақстан» га-

зетінде басылған «Көркем өнер туралы ха-

ты» және орысшадан аударған аударма-

лары жыйналып, басы кұралмай келеді. 

Саттардың өлеңдері тақрып нақтылығы-

мен ерекшеленеді. Социалистік  ұлы  құры-

лыстың алып  қарқыны өленде ыстық тем-

пераменттің, шұрайлы ойдың, екпінді ыр-

ғақ пен парасатты айқындықтың болуын 

талап ететінін ақын жақсы түсінді. 

Оның өлеңдері көбінесе сюжетке  құры-

лады. Жастардың махаббат 

қуанышын, 

табиғат көріністерін ақын әсіресе шабыт-

тана жырлайды. Мысалы, «Көктем тура-

лы» атты лирикалық өлеңінде Саттар өмі-

ріміздің шадыман күйін табиғаттың тамаша 

сұлулығымен астастыра отырып суреттей-

ді. С. Ерубаевтың бұл шығармасы өзінің 

кестелі тілімен, шұрайлы ойымен оқушы-

ға ерекше эстетикалық әсер етеді. 

Саттарға ақындық паспорт әперген шы-

ғарма — баллада. Баллада біздің әдебиеті-

мізге С. Ерубаев арқылы кірді. Баллада— 

сюжетті лиро-эпикалық шағын көлемді 

шығарма. «Өмір туралы рапорт», «Мәңгілік 

өмір туралы жыр», «Күзгі фрагмент», «Ме-

руерт алқа», «Үш шахтер туралы баллада» 

және басқа да көптеген балладалары ар-

қылы Саттар отызыншы жылдардағы по-

эзиямызға өз үлесін  қосты. 

Саттар балладаларының екпін-ырғағы 

басқа өлеңдеріндегіден мүлдем өзгеше. 

Мұнда ол ой тереңдігіне, пікір парасат-

тылығына  ұмтылады және осыған лайық 

көркемдік өрнек-нақыштар табады. Сат-

тардың бір балладасының лирикалық ге-

ройы өз жайын былайша баяндайды: 

Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем 

Анау, әне жәшіктегі кігаптарды оқып пе 

ең? 

Ол кітаптар — Маркс, Ленин, Сталиннің 



еңбегі, 

Ол еңбектер мәңгі жасау, өлмеушілік 

өрнегі. 

Сол еңбекті өлмейтұғын, өшпейтұғын, 

ағатай, 

Мен ауылға алып келе жатыр едім 

шаршамай. 

Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде 

сұлатты, 

Бірақ жауға мен бермедім өлмейтүғын 

кітапты. 

Соны мықтап  ұстап жатыр менің  қолым 

кесілген, 

Өлсем дағы, өлмеушілік шығар емес 

есімнен. 

Мен өлермін алтын күннің шығуына 

қарамай, 

Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай! 

Саттар балладаларының бәрі осы стиль-

де жазылған. Егер ескі дәстүр бойынша 

жазылған балладалардың әрбір шумағы-

ның соңғы жолдары әдетте  қаталанып оты-

ратын болса, Саттар бұл  қайталауды түгел 

жол түрінде емес, жеке сөз түрінде  қол-

данады. Мұны ол идеясын, айтайын деген 

негізгі пікірінің айқын жеткізу үшін әдейі 

осылай еткен. 

* * * 


Қ аза қ совет әдебиеті тарихында проза-

ның шағын түрлері — көркем әңгіме мен 

новелла, очерк ерекше орын алады. 20— 

30-жылдардағы социалистік  ұлы  құрылыс-

тың алып  қарқыны өмірде болып жатқан 

орасан зор жаңалықтардың ізін суытпай 

бейнелеуді талап етті. Осы шақта жазу-

шыларымыз әңгіме-очерктерді мейлінше 

көп жазды. 

С. Ерубаев «Менің  құрдастарымды» жа-

зардан бұрын өзінің  қаламын прозаның 

шағын түрлерінде біраз  ұштап алды. Ол 

очерктерінде шындықтың мәнді  құбылыста-

рын іріктеп алып, адамның мінез-құлқын 

танытатын детальдарды шебер таба білді. 

Саттардың орыс тілінде жазған «Өмір 

келбеті», «Октябрьмен бірге ауылға, жаңа 

өмір келді», «Лениншіл жаста» басылған 

«Кешегі езілген жарлы — бүгін ауқатты, 

мәдениетті колхозшы» және «Төрт  қыз» 

деген очерктері өзінің көркем пейзажда-

рымен, ойлы да оюлы тілімен, нақтылы 

шындықтың әсерлі суретін көрсетуімен 

ерекшеленеді. Яғный автор өмір  құбылы-

сын шынайы 

қилнында көрсете білген. 

Контраст негізінде жазылғандыктан бұл 

очерктер оқушыларды ескі өмірден жирен-

діріп, социалистік жаңа өмірді тез  қалып-

тастыруға, орнықтыруға үндейді. «Өмір 

келбетіндегі» Өмірзақ, «Октябрьмен бірге 

ауылға жаңа өмір келдідегі» азаптан, бай-

дың тепкісінен  құтылып, колхозға енген, 

еркін еңбекті тіршілігінің арқауы еткен 

Демеқұл және басқа да кейіпкерлер тар-

тымды суреттелген. 

С. Ерубаевтың  қаламынан уытты, өткір 

сатиралық шығармалар да туды. Оның 



«Жолдағы жолсыздықтар», «Тышқан ау-

лындағы оқыйға», «Адасқан бөтелке» атты 

шығармалары сатиралық сарында жазыл-

ған. Ол сатиралық шығармаларына мате-

риалдарды шындықтан алды, сөйтіп өмірі-

мізде әлі де болса кездесетін  ұнамсыз  құ-

былыстарды түйреді. Мысалы, «Адасқан 

бөтелке» деген сатиралық пьесада  Қара-

ғандыдағы 9 шахтада нан карточкаларын 

таратушы болған Скаченконың 

қулық-

сұмдығы әшкереленеді. «Қарағанды проле-



тариаты» газетінің редакциясы осы пьеса 

жөнінде «Бұл оқыйға — 9 шахтада болған 

оқыйға.  Ж а з у ш ы тек оқыйғаны көркемдік 

жағынан пьеса  қалпына келтіргені болма-

са, кейбір жерін көркемдеп, әдебиет заңы-

на бағындырғаны болмаса, бұл шын оқый-

ға. Скаченкоға әлі шара  қолданылған жоқ. 

Бөтелке әлі Елизаровтың алдында тұр.  З а ң 

орындары тез ескерсін. Мұнымен  қатар біз 

жұмысшы театрына спектакль етіп  қойып 

беруді  ұсынамыз. Бұ да болса жұмысшы 

жабдықтау мәселесіндегі 

қылмыстармен 

күресу болады»

1

,— деген хабар басқан. 



Саттардың көркем әңгімелері мен новел-

лаларында психологиялық сыйпаттаулар 

жиі  ұшырасады. Соның нәтижесінде олар 

тартымды, эстетикалық әсерге бай болып 

келеді. Оның «Бақыт» деген әңгімесі дәл 

осындай.  Б ұ л әңгіме тіл шұрайлығымен 

ғана емес, философиялық сазымен де, өр-

шіл романтикасымен де оқушыны баурап 

алады. Әңгіменің геройы — бақыт. Бақыт 

деген не? — деген сұрақ авторды терең 

ойға батырады. «Талай бақытпен бетпе-

бет кездескен»,  қазір өзі бақыттың  құша-

ғында жүрген  ж а с талант әуелгі кезде ша-

руасы кем,  қолы  қысқа семьядағы Барлы-

байдың нанды аңсап, зар  қаққанын, ар-

тынан әкесі  Ж а қ с ы б а й д ы ң келгенінен соң 

қарнын тойдырып алып, 

қуанғанын көр-

генде: «Мен бақыт деген нан ба екен деу-

ші едім» деген 

қортынды жасаса , кейін 

жаңа өмірге жеткенде бақыттың мәні де, 

мазмұны да басқаша екендігін түсінеді: 

бақыт дегеніміз  ұлы еңбек, «бақыт өмір-

мен  қатар келмейді екен, бақыт дегенімнің 

өзі біздің өмір  е к е н ! » — д е г е н ой түйеді 

ол. 

Саттар публицистикаға толы новелланы 



қазақ әдебиетінің 

қ алыптас қ а н жанрын а 

айналдыруға бар күшін жұмсады. Рас но-

велла — кәдімгі көркем әңгіме. Бірақ оны 

Саттар дәстүрлі шеңберде  қалдырмады. 

Орыс тілінде 1935 жылы  ж а з ы л ғ а н 

«Мәңгілік өмір»

2

 деген новелласында  ж а с 



талант өлімді — өмірге,  қайғыны —  қуа-

нышқа жеңдіріп, мәңгілік өмірдің, өлмеу-

шіліктің сырын ашады. Бұл новелла өзінің 

сюжеттік желісі жағынан «Мәңгілік өмір 

туралы жыр» деген балладамен сабақтасып 

жатады. Екі шығармада да Отанды сүю, 

адал еңбек ету идеясы бейнеленген. 

С. Ерубаев прозаның шағын түрлерімен 

ғана шектеліп  қалған жоқ. Өзінің твор-

честволық мүмкіндіктері мол екендігін ол 

1

 

Қ арағанд ы пролетариаты» 1934 ж., 



17 август. 

2

  Қ аза қ ста н совет  ж а з у ш ы л а р ы одағы-



ның архивы, опись № 1, дело № 19, связ-

ка № 3, 505—514-беттер. 

роман жанрында әсіресе айқын танытты. 

«Менің 


қ ұ р д а с т а р ы м » — о с ы н ы ң айғағы. 

Өмір шындығы — көркем әдебиеттің не-

гізі.  Ж а з у ш ы өз дәуірінің шындығына на-

зар аудармай, онда болған елеулі оқый-

ғаларды суреттемей отыра алмайды. Өйт-

кені,  ә д е б и е т — ө м і р шындығының көрінісі 

ғана емес, жаршысы да.  Ж ы й ы р м а с ы н ш ы 

жылдардың алғашқы жартысында  қ а з а қ 

совет әдебиетінде ауыл өміріне Октябрь 

ала келген  ж а ң а л ы қ т а р мен өзгерістер кө-

бірек суреттелді. Ал коллекивтендіру ке-

зінде және одан кейін ақын-жазушылары-

мыз колхоз тақрыбына баса назар аударды. 

М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсрепов, Ж. 

Тілепбергенов сыяқты  ж а з уш ы ла р ды ң шы-

ғармаларынан мұны анық көреміз. 

Ал өндіріс тақрыбына жазушыларымыз 

сәл кейінірек ден  қойды. Сөйтсе де, бұл 

тақрыпқа арналған кейбір шығармалар 

жыйырмасыншы  ж ы л д а р д ы ң аяқ кезінде-ақ 

бой көрсете бастады. Мысалы, Бекен Елжа-

совтың «Жаңа жол бойында» атты көлем-

ді әңгімесі. Бұл әңгімеде Түркстан-Сибирь 

темір жолының  құрылысында еңбек еткен 

адамдардың өмірі баяндалады. 

Өндіріс такрыбы бұдан кейінгі жылдар-

да, яғный 

Қ аза қ станд а ірі өнеркәсіп 

орындары салынған шақта молырақ  қам-

тылды.  Қарағанды туралы шығармалар бұ-

ған анық мысал болып табылады. Ә. Әбі-

шевтың «Завал» деген әңгімелер жыйна-

ғы, С. Ерубаевтын «Менің  құрдастарым», 

Ғ. Мұстафинның «Өмір не өлім» романда-

ры және басқа да көптеген әңгіме-очерктер 

жазылды. Осы шығармалардың ішінде С. 

Ерубаев романының алатын орны ерекше. 

Таңғажайып ерлік іске толы советтік 

өмір реалист-жазушыға шабыт береді. 

Шығармаға  қажетті жетекші идея, кейіп-

керлердің шынайы характерлері мен типтік 

жағдайларының сырын ашуға керекті тар-

тыстар,  ұтымды детальдар өмірден алына-

ды. Көркем шығармада шынайы көріністер-

сіз, характерсіз, тартымды штрихтарсыз 

адам образын жасауға болмайтындығын 

түсінген Саттар өз романында өнеркәсіп 

саласы  Қарағандыны — кейіпкер тұлғасын 

шындайтын еңбек ордасы, жаңа өмірді ор-

нықтыруда адамдардың кездескен  қыйын-

шылықтарды жеңуінің, үздіксіз өрлеп та-

бысқа жетуінің айбынды майданы, адам 

характерін  қалыптастыратын өндіріс мекте-

бі ретінде алған. Роман кейіпкерлерінің іс-

әрекеттері, характері сонда өрбиді. 

Саттардың бүкіл творчествосы, оның 

ішінде «Менің  құрдастарым» романы жө-

нінде С. Мұқановтың: «Саттар Ерубаевта 

нағыз социалистік жазушының ынта-жігері, 

поэтикалық ерекшелігі бар еді. Сондықтан 

да ол нақтылы өмір материалдарына көр-

кемдік жыйнақтау жасау арқылы бірден-

бір дұрыс жолмен жүрді»

1

— деген пікірі 



мейлінше дәл және әділетті айтылған. 

«Менің  құрдастарым» — социалистік ре-

ализм әдісімен жазылған шығарма. Онда 

өмір шындығы бірсыпыра кең камтылған. 

Роман С. Ерубаевтың өмір шындығын көр-

кемдік шындыққа  ұластыруға, есте 

қалар-

1

 «Литературный критик» журналы, екін-



ші кітап, февраль, 1940-ж. 160-бет. 

117 


лық образдар жасауға  қабілеті барлығын 

көрсетті. Бірақ М. Сарсекеев «Менің  құр-

достарымның» екінші басылуына арналған 

рецензиясында («Лениншіл жас» газеті, 

7 июнь, 1953 ж.) осы ақиқатты теріске шы-

ғармақ болып: «Рахмет те, басқалар да 

өлі толық көркем образ емес»,— деп жа-

зыпты. Мұндай нигилистік пікірдің негізсіз-

дігін дәлелдеп жатудың, әрине, ешбір  қа-

жеті  ж о қ болса керек. 

Романның композициялық ерекшелігі 

жайында бірер сөз. Өйткені, негізгі образ-

дардың жасалу, характерлердің  қалыптасу 

процестері сюжеттің өрбуімен  қатар, шы-

ғарма композициясының шебер  құралуына 

да байланысты. Сондай-ақ ауыз толтырып 

айтарлық мазмұн, идея жоқ жерде компо-

зициялық 

құрылыстың сонылығында да 

ешбір мән болмақ емес. 

«Роман туралы әңгіме» шын мәнінде 

шығарманың барлық тарауына, барлық бө-

ліміне ортақ идеяны өршіл романтикалық 

сарында баяндаған, автор сөзімен айтқан-

да, «романның увертюрасы», лейтмотиві 

болып шыққан. Саттар өзінің романында 

көркемдікпен суреттеген идеяларды осы 

«романның увертюрасында»  ұтымды аңдата 

алған. 

Романның  қалған бөлімдері контрастпен 



жазылған. Сырттай 

қарағанда «Менің 

құрдастарым» (романға баратын 1 жол), 

«Менің ағаларым (романға баратын II 

жол)», «Роман былай басталды I», «Роман 

былай басталды II» деген такрыптарда 

ешбір мән жоқ сыяқты болып көрінеді. 

Шындығында бұлай емес. Мұнда шебер-

лікпен  қатар, уақыт пен көркемдік бояула-

рын  ұтуға, контраст суреттеулер арқылы 

жасамақ образдардың тұлғасын айқын, 

жанды етіп көрсетуге  ұмтылушылық бар. 

Осы мақсат негізінен орындалған да. 

Бұл айтылғандар — романның бірден 

көзге түсетін композициялық ерекшелігі. 

С. Ерубаев сюжет босаңдығына  қарсы бол-

ған. Оның шығармасының композициясы-

на алып  қарқынды советтік өмірдің темпе-

раменті әсер еткен. Содан болуы керек, 

Саттардың романында оқыйғалардың өрбуі, 

тартыстардың өткірленуі  ұзақ баяндаулар-

сыз, күрделі пейзаждарсыз берілген. Эпи-

зодтардың шұғыл алмасуы оқыйғаның ло-

гикалық байланысын үзбей,  құбылта түсу-

ге, лирикалық шегіністерді мол  қолдануға, 

сөйтіп оқушының ынтасын арттыра түсуге 

мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде 

«Менің  құрдастарым» темпераменті күшті, 

эстетикалық әсері мол шығарма болып 

шыққан. 


Романда  Қарағандының өткендегісі мен 

бүгінгісі нақтылы суреттеліп, нанымдылық-

пен баяндалады. Бүгінгі «қыялдан да күш-

ті шындыкты» орнықтырып, дамытып жат-

қан жаста р мен байырғы шахтерлер шы-

найы  қалпында, типтік жағдайларда әсер-

лі бейнеленген. Автордың орнықтырмақ 

болған озық идеалы Рахмет пен Лиза об-

раздары арқылы берілген. Рахмет пен Ли-

за —  қалыптасқан характері, типтік сыйпа-

ты бар образдар. 

Р а х м е т — с о в е т мектебінде тәрбиеленіп, 

еңбек майданында  қалыптасқан  қазақтың 

советтік интеллигенциясынын өкілі. Автор 

өзінің бас кейіпкерлерін өмірдің талай 

соқпағынан, белестерінен өткізеді. 

Рахмет патриархалдық тіршілік жайла-

ған Долбы жазығында, «ешуақытта Бетхо-

веннің атын, Рембрандтың атағын есітпе-

ген... ешуақытта Гомер аты аталмаған, бұл 

даланың үстін басып Беранже өлеңін бі-

летін адам ешуақытта жүрмеген», мәдениет 

дегеннен жұрдай, экономикалық мешеулік 

пен  қанаушылықтың ордасы болған Дол-

бының жазығында туып, тұщы етіне 

Долбы байдың ащы таяғы тиіп өскен  қой-

шы екендігі бір лирикалық шегіністе көр-

сетілсе, енді бір жерде оның Октябрь ре-

волюциясынан кейін «Батыс Европаның 

ешқандай халқы көрмеген жаңа өмір, мә-

дениет  құрыла» бастаған өлкеде ер жетіп, 

азаматтық борышын адал ақтай бастағаны 

баяндалады. 

Автор Рахмет образы арқылы  қазақтың 

советтік интеллигенциясының туу,  қалып-

тасу жолын дұрыс көрсете алған. Романда 

оның  қойшылықтан инженерлікке дейінгі 

ұ за қ сонарлы өмірі нанымдылықпен сурет-

телген. Балалар үйіндегі Рахметтің өз ор-

тасына  қарай ойлайтын ойы, істейтін ісі 

сәбилік сатыда болса, студент Рахметтің 

өмірге көзқарасы, мақсат нысанасы толық-

қан, бірақ та логикалық дәйектілікке ие 

болмаған. Институт әрбір жаска елдің адал 

ұлы болуы үшін кажетті сана, білім берге-

німен, оның характерін толық  қалыптасты-

ра алмайды, ол процесс нақтылы еңбек 

үстінде, практикалық өмірде шынығады, 

орнығады. Міне сондықтан да автор инже-

нер. Рахметті  Қарағандының алып  қарқын-

ды өміріне араластырып, тартысқа түсіреді, 

ескімен күресіп, жаңаны орнықтыруға бар 

күшін жұмсатады, алғыр  қыялымен келе-

шекке көз жібертеді, сөйтіп оның харак-

терін айқындайды. 

Рахмет — талғамы күшті, өмірдің барлық 

саласынан жеткілікті хабары бар, мәдениет 

шыңына көтерілуге талаптанған, оның едә-

уір биігіне көтеріле де алған өршіл жас. 

Рахметтің өз айналасындағылардан шоқ-

тығы биік болуы, оларға үлгі болатын жа-

ғымды образ дәрежесінде суреттелуі заң-

ды да нанымды. 

Рахмет комбинат-шахтаның жобасын жа-

сап, бүкіл  құрылыс ісін өз  қолына алған, 

техниканы жетік білетін инженер  қалпын-

да бір жақты баяндалмай, өрісі кең, эсте-

тикалық талғауы мол совет интеллигенті 

ретінде суреттелгендіктен оның образы 

әсерлі де жанды болып шыққан. Рахмет-

тің Лизаға деген сүйіспеншілігі де әсерлі 

суреттелген. Сонымен бірге бұл ретте ав-

тордың ара тұра натуралистік суреттерге 

беріліп кеткенін де атап айтпасқа болмай-

ды. 

Р а х м е т — ж а ң а ш ы л адам. Оның новатор-



лығы өндіріс саласында комбинат-шахта-

ның жобасын жасау, оның  құрылысына кі-

рісу арқылы көрінсе, күнделікті тіршілік-

те айналасындағы жастарды мәдениетті, 

әдепті болуға, саналылықтың биік деңгейіне 

көтерілуге үндеуінен, оған өзінің үлгі бо-

луынан көрінеді. Бұл ретте Лиза да едәуір 

роль атқарады. Клубтар жоқ кезінде Рах-

меттің жастарды жыйнап, өз үйінде дема-

лыс кешін өткізуін автор болашақ көркем-



өнер үйірмелерінің алғашқы түрі ретінде, 

құрылыс жағдайына байланысты шынайы 

көрсеткен. Романда жеке бас мәдениетін 

көтеру, тұрмысты жақсарту мәселелері 

бірден шешіле  қоймай, нанымды шешімін 

тапқан. 


Саттар өз романының бас геройы — 

Рахметті өмір шындығына сай суреттеудің 

арқасында жағымды образ ете алды. Бұл 

образ күні бүгінге дейін өзінің жастық жі-

герімен, өршіл талабымен, рухани талға-

мының молдығымен, 

қыйындықты жеңу 

үшін күреске түсуден тартынбайтын өжет-

тігімен, саналылығымен, мәдениеттілігімен 

жастарға эстетикалық әсер етіп, өнеге бо-

лып келеді. 

Романдағы Лиза образының жасалуы 

бұдан басқаша. Мұнда геройдың өмір та-

рихын баяндау жоқ. Оның Рахметпен  қа-

рым-қатынасы барынша толық суреттелген. 

Лиза — нағыз орыс  қызының өкілі. Оның 

өзіндік характері шеберлікпен ашылған. 

Автор Лизаны тек көрер көзге көрікті, 

сүйікті  ж а р ретінде суреттеп, пәрменді іс-

әрекеттен кенже  қылса, онда ол шынайы 

образ дәрежесіне көтеріле алмай, Дәмелі 

сыяқты оқыйға өрбітуге керекті бір эпи-

зодтық кейіпкер ғана болып  қалар еді. 

Алайда Саттар Лизаны барынша толық 

көрсеткен, оның өмірін жан-жақты сурет-

теген. Автор трактовкасында инженер Лиза 

студент Лизадан әлдеқайда пәрменді де 

пайымды. Ол ғашықтықтын отына күйіп 

жүрген күйрек жан емес. Оның бойында 

еңбекке деген  құштарлық, жалын атқан 

жігер бар. 

Автор Рахмет пен Лизаның образдарын 

жан-жақты көрсету арқылы халықтар дос-

тығы идеясын да дұрыс бейнеледі. 

Халықтар достығы тек Лиза мен Рахмет-

тің  қарым-қатнастары арқылы ғана сурет-

теліп  қоймаған. Романдағы оқыйғалардың 

бәрі де достық идеясына толы.  Қазақ пен 

орыс халықтарының достығы ескі заманда-

ғы азабы мол еңбек үстінде туып, совет-

тік өмір тұсында  қалыптасқанын талантты 

автор өте шебер көрсеткен. Мысалы рево-

люцияға дейін 

Қарағанды шахтасында 

өмір азабын тек бөліскен орыс,  қазақ жұ-

мысшыларының достығы Күләнда жайына 

байланысты оқыйға арқылы тартымды да 

нанымды берілсе,  қазіргі социалистік  құры-

лыс тұсындағы халықтар достығы жаңа 

өмірді  құрып, бақытты болашақтың ірге 

тасын  қалап жатқан миллиондаған еңбек-

шілердің творчестволық еңбегі арқылы 

шыныққан, орныққан достық ретінде шебер 

суреттелген. 

Романда советтік мораль мәселесі әсерлі 

баяндалған. Шығарма кейіпкерлерінің ара-

сындағы  қарым-катнастарда нағыз совет 

адамдарына тән  қасиет-қылық бар. Ықлас-

тың Рахметке деген  қатынасынан бұл әсі-

ресе анық көрінеді. «...Ықластың махабба-

тын, ең  қымбатты Дәмелісін, баласын  ұр-

лаған Рахметті» жаулар пышақтап кеткен. 

Оған жедел дәрігерлік көмек, операция 

керек. Кек алатын кезең дөп келді. Ақылға 

ерік бермеген ыза мен кек Ықласқа: «Ме-

нің де  қолымнан келетін ештеңе жоқ,— 

дегізеді, бірақ терең ойға батырды. Ақыры 

ол райдан  қайтады. «Бір суық сезім сумаң-

дап Ықластың жүрегін су еткізді... Мен, 

мен... коммунист кісіні өлтіремін бе?!» 

Осылайша терең адамгершілік сезіміне бе-

рілген Ықлас Рахметті ажал  құшағынан 

алып  қалады. Демек, санада  қалған ескі, 

индивидуалистік мораль жаңаның алдында 

тізе бүгеді. 

С. Ерубев социалистік жарыстың мәнін 

жете  ұқты. Сондықтан да ол жалаң үгіт-

пен, даурықпалы белсенділікпен еңбек өнім-

ділігін арттыруға болмайтындығын, әрбір 

еңбекшінің материалдық ынталылығын кү-

шейткенде ғана еңбектің табысты да же-

місті болып, даңққа, атаққа жеткізетінін 

көркем суреттей алған. Романды оқығанда 

еңбекке селқос  қарайтын жалқауларды мі-

неу, олардың кейбіреулерін екпінді жұмыс-

шылар  қатарына  қосу тенденциясын айқын 

аңғарып отырамыз.  Ж а л қ а у Ермектің бас-

сейн озаттары  қатарына  қосылу процесі 

нанымдылықпен суреттелген, яғни автор 

еңбек өнімділігін жұмысшыны материалдық 

жағынан ынталандырғанда ғана арттыруға 

болатынын көркем түрде бейнелей алған. 

Аяғын жай басып, тісін шұқып келе 

жатқан жалқау Ермек дүкенге кіріп, са-

тылып жатқан бархытты көріп,  қуанып 

кетеді. Ақшасын алып: 

«— Маған төрт метр өлшеңіз... 

— Әкел билетіңді! 

— Неғылған билет? 

— Екпінділік билетіңді! 

Ермек сұп-сұр болып кетті. Тұрған же-

рінде сілейіп  қалды, ақшасын тастап жі-

берді.  Қайтып алды, онан соң жалынышты 

түрде: 


—  Ж а л ғ ы з  қызым бар еді, өміріндегі 

арманы  қызыл бархыт еді, шырағым, жа-

сың  ұзақ болғыр, бір нәрсе етші,—деді. 

Сатушы  қарайтын да емес, өз жұмысы-

мен болып жүр. 

— Болмайды, тек екпінділерге ғана бе-

ріледі! 

Ермек салбырап далаға шықты. Есіктің 

алдында  қапаланып біраз тұрды. Сонан соң 

бір нәрсе ойына түскендей тұра жүгірді». 

Сөйтіп, жазушы кейіпкерлерінің іс-әре-

кеттеріндегі өзгерістердің себебін солардың 

характерлерінің шындығынан, олардың 

арман-тілектерінен іздейді. 

Өмір шындығын мол камтыған және оны 

көркем бейнелеген «Менің  құрдастарым» 

романы  қазақ совет әдебиеті тарихында 

өзінің сыбағалы орнын алды. Бұл оның 

қозғаған тақрыбының маңыздылығына ға-

на емес, оның көркемдік касиетіне де бай-

ланысты. Көркем шығарманың жаны — 

сөз. Орнықтырылмақ идеал, көрсетілмек 

кейіпкер, айтылмақ сырлы ой, өмірдің шы-

найы  қалпы оюлы сөз өрнегімен берілме-

ген жағдайда көркем шығарма жоқ. 

30 жылдардың екінші жартысында көр-

кем очерк-әңгімеден повесть-романдарға, 

үлкен полотналық шығармаларға бет бұр-

ған  қазақ совет прозасында шеберлік мәсе-

лесі алға ең басты проблемалардың бірі 

ретінде  қойылды. Бұлай болмаған жағ-

дайда, социалистік реализм әдісін игеруге 

бет алған, тіпті оның принциптеріне сай 

келетін шығарманың тууы мүмкін емес еді. 

Социалистік реализмді принцип жағынан 

қабылдау мен практикада жүзеге асыру 

119 


арасында үлкен айырмашылық бар екенді-

гі түсінікті. С. Ерубаевтың романы  қ а з а қ 

совет прозасының социалистік реализм әді-

сін игеру жолындағы елеулі табыстарының 

бірінен саналады. Саттардың  ж а з у ш ы л ы қ 

беті, өзіндік стилі «Менің  құрдастарымда» 

айқын  қалыптасты. Бұған дейінгі шығар-

малары оның творчестволық бетін айқын-

дауға  қажет дайындық есепті болды. 

Кейбір сыншылар С. Ерубаевтың стилі 

кинодраматургияға тән дегенді айтады. Бұл 

ж а ң с а қ пікір.  Ж а з у ш ы стилінің ішкі сы-

рына үңілмей, сырттай 

қ арағанд а ғана 

осылай болып көрінуі мүмкін. Ал оның ро-

манында оқыйғалардың жедел өзгеруі, тем-

пераментті болуы дәуір рухынан туған. 

«Өмірдің жүрегінен  ұстай білген»  ж а с та-

лант өзінің шығармасын солғын сюжетке, 

ұзақ-сонар баяндауларғ а  құра алмады . С. 

Ерубевтың темпераментті стилі осылайша 

туып  қалыптасты. Осындай стильдік ерек-

шеліктерді ол романның бүкіл өн бойына 

сақтай алған. 

С. Ерубаевтың ойлы да оюлы сөз өрнегі 

әрбір суретке айқындылық беріп, сюжет 

тұтастығын, образдың эстетикалық әсерлі-

лігін күшейте түскен.  Қысқа да тартымды, 

өткір сөйлем  құру, аз сөзбен көп мағна 

беру, сөзді сұрыптап пайдалану, кейіпкер 

ойын двл аңғартатын  ұтымды диалогтар, 

к а з а қ тілінің  құрылысы жатсынбай  қабыл-

даған орыс сөйлемінің обороттары романда 

жиі кездесіп отырады. Талантты автор те-

ңеулері пайымды, эпитеттері дәл, филосо-

фиялық ойға толы сөз тізбектерін  қолдану-

ға ерекше назар аударған. Мысалы, «Керіл-

ген кең дала есепке алына бастады. Ой-

мышталып  қартаға түсірілді», «Өзінің езуі 

екі 


қ ұ лағына н кетпейді», «Көздер мөп-

мөлдір, көк аспаннан ойып алғандай», 

«Мен өмірге жерік адаммын», «Музыка 

дыбыстарының желілерін жерге сызған-

дай, шыр айналып билеп кетті» деген 

сыяқты көркем сөз тізбектері шығармада 

өте көп. 

Ж а з у ш ы  қысқа, оралымды штрихтар ар-

қылы көріністер жасауғ а шебер. «Машина 

гүрілдеді, бұрылды, жолға түсті, зырыл-

дап ала жөнелді»,— деген сөйлем әрі іс-

әрекетті толық  қамтыған, әрі әсерлі көрі-

ніс жасаған. Осындай тәсілмен ол әдемі 

портреттер де береді. 

«Менің  құрдастарым» романы кемшілік-

тен  құлан-таза деуге болмайды.  Ж а ң а өмір 

орнатушыларға кедергі болып,  қарсы тұра-

тын күштер романда дәйектілікпен сурет-

телмеген, яғни 

ұ намсы з кейіпкерлердің 

образдары солғын шыққан. Романда кері-

тартпа күштің өкілі ретінде Сәду, Кулева-

кин т. б. әңгіме етіледі. Октябрь рево-

люциясына дейінгі  Қ а р а ғ а н д ы шахтасын-

дағы орыс пен  қазақ жұмысшыларынын 

арасында араздық отын тұтатпақ бол-

ған, ал Совет өкіметі тұсында коопера-

цияның мүлкін т а ла н - т а р а ж ғ а салған Сә-

дудің іс-әрекеттері шығармадағы негізгі 

тартыс желісіне сіңіспей тұр. Романдағы 

ұзақ-сонарлы конфликтінің мәнді ар қ ау ы 

болуға тиіс Рахмет пен Кулевакин арасын-

дағы тартыс та өрбімей  қалған. Мүмкін, 

бұлардың себебі романның толық аяқтал-

мағандығына да байланысты шығар. 

Романда оғаш тұрған кейбір эпизодтар 

да, оқыйға дамуында өзіне лайықты орын 

таба алмай тұрған Сейтен, Сағадат, Зей-

нолла сыяқты басы артық кейіпкерлер де, 

жасанды схемалар мен натуралистік көрі-

ністер де бар. Алайда, бұл кемшіліктер 

жастық жалынға, өршіл рухка толы, өмірді 

шынайы  қалпында бейнелеген, сөйтіп әде-

биетімізге күрделі шығарма болып  қосыл-

ған «Менің 

құрдастарымның» көркемдік 

құнын, эстетикалық әсерлілігін әлсірете 

алмайды. 

Саттар Ерубаев сын майданына да ара-

ласып, өткір ой, тартымды да  құнарлы 

пікір айта білді.  Ж а с жазушылардың шы-

ғармалары сынауға жарамайды, сынның 

салмағын көтере алмайды, әзірше сынау-

ды  қоя тұрайық деген сыяқты жалған  қам-

қ оршыларғ а ол  қ арс ы шықты. С. Еруба -

ев әдебиетке  қойылатын талап бірегей еке-

нін  ж а қ с ы түсінді. 

«Асқар  қайта  құру дәуірінде» деген үл-

кен сын (3. Шашкин екеуі  ж а з ғ а н ) мақа-

лада социалистік  құрылыстың  ұлы жоспа-

рын көркем сөзбен халыққа жеткізу, бей-

нелеу мәселесі әдебиеттің негізгі пробле-

масы ретінде  қойылған. С. Ерубаев өзінің 

сын мақалаларында әдебиеттің барлық 

жанрларын тұтастай өркендетуге үндеді. 

С. Ерубаев шығармаларын оқып отыр-

ғанда оның  қыялының  ұшқырлығы, ойының 

тереңдігі, білімінің молдығы анық байқа-

лады. Ол өмір суретінің шын кейпін көре 

білетін, оған әдебиеттік жыйнақтау бере 

алатын және бұрын жазылған, я  ж а з ы л с а 

да бір желі, бір ізбен жазылған нәрселер-

ден бойын аулақ салып, жаңадан, соныдан 

бастап, әрбір шынайы талантта болатын 

қасиеттің үлгісімен жазатын , өзінше баян-

дай алатын  ж а з у ш ы еді».1 

Саттар Ерубаев туу,  қалыптасу дәуірінен 

өтіп, профессионалдық дәрежеге көтеріл-

ген, өрісі кең  қазақ совет әдебиетінің та-

лантты өкілдерінің бірі болды. Отызыншы 

жылдардағы әдебиетімізде оның өзіндік 

сыбағалы орны бар. 

1

 «Лениншіл жас»,



 4 июль, 1939 ж. 

Әдебиет және искусство. - 1957. -№2. - 115-120 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал