Тұрсекеңдер шертетін, Сәкен жайлы әңгіме



жүктеу 42.26 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі42.26 Kb.

Тұрсекеңдер шертетін, 

Сәкен жайлы әңгіме. 

Жұрт еріксіз елтетін. 

Қалды есімде мәңгіге. 

- Мәскеу бардым қай 

жылы, 

Іздеп Галя аруды. 

Жазушы бұл әйгілі, 

Серебрякова кәдімгі. 

Досы болған қазақтың, 

Сәкеннің де досы еді. 

Жолын кешіп азаптың, 

Босанғаны осы еді. 

Келгенімде үйіне, 

Жайлап маған қараған. 

Дімкес тартқан күйі де, 

Қабылдауға жараған. 

-Қазақпын де арнайы, 

Келген қазақ елінен. 

Мынау менің жағдайым, 

Жұртқа қалай көрінем. 

Сондықтан да үйдемін, 

Сыртқа да аз шығамын. 

Сәкеніңді білемін, 

Кімсің өзің, шырағым? 

Бүкіл қазақ даласын, 

Көшіріп сен келгендей. 

Болдым Сәкен данасын, 

Бүгін қайта көргендей. 

Қазақтың кең даласын. 

Араладым жиырма жыл. 

Түрмеде жан жарасын, 

Ушықтырып қиналдым. 

Кескін, көркің келеді, 

Аумайсың ғой Сәкеннен. 

Әңгімеңді өр енді, 

Нең бар айтар, әкелген. 

-Сәкен жайлы тың дерек. 

Жиып жүрген ғалыммын. 

Сіз айтатын сыр бөлек, 

Тыңдауға мен дайынмын. 

-А, солайма, ендеше. 

Тыңда Сәкен інісі. 

Түрмеде адам өлмесе, 

Алға басар бір ісі. 

Қанша уақыт батпандай, 

Ауырлықты көтердім. 

Сырды кетсем ақтармай, 

Өкінішпен өтермін. 

• •• 


- Мәскеуде өтті 

қазақтың, 

Он күндігі — жыр-әні. 

Күләш — бұлбұл ғажап үн, 

Құлағымда тұр әлі. 

Көрген соң «Қыз Жібекті», 

Сәкенді уйге шақырдым. 

Қабыл алып тілекті, 

— Барам, — деді ақырын. 

Сәбит бірге қасында, 

Келді үйге нұр шашып. 

Жас баланың басындай, 

Алмасы бар бір жәшік. 

Көрген кезде алманы, 

Көршілер бас шайқады, 

Таң-тамаша қалғаны, 

Жылы лебіз айтады. 

Қалжыңдайды тағы да, 

Құрбы-құрдас жақыным. 

— Сепкенсің бе бағыңа, 

Француздың әтірін! 

Саяжайда Сәкенмен, 

Алғаш, соңғы таныстық. 

Көрмеді ол да бөтен мен 

Кетерде қол алыстық... 

Тұла бойы нұр, жалын, 

Толықтырған бір-бірін. 

Кетер кезде сыйладым, 

Қобдишасын үндінің. 

Көрдім алғаш асылды, 

Соңғы және көргенім. 

Кейінгі кез басылды, 

Су сепкендей өр көңіл. 

Қалды бір сәт түйіліп, 

Бұлт басқандай кеудені. 

Күші бойға жиылып, 

Сонсоң қатқыл сөйледі. 

-Құдая, тәубе, жалбарын, 

Сену керек тәңірге! 

Түнек болса жан-жағың, 

Тәркі етесің бәрін де. 

Мен Сәкенді жиырма жыл, 

Қарғауменнен келдім тек, 

Кеттім қаңғып қиырға бір, 

Жан азабын көрдім көп. 

Бұған Сәкен кінәлі, 

Кездескен күн қаралы. 

Маған артып кінәні, 

Үйіп-төккен жаланы. 

— Сәкен қандай жақының? 

Тергеушілер төнеді. 

— Шындықты айт, 

ақылдым, 

Сырды ашқаның жөн еді. 

Өктем шығар қаһарлы үн, 

Жан түршігіп қалады. 

— Шпионы Жапонның, 

Сәкен тыңшы адамы. 

Алдауратып өзіңді, 

Түсірген ол торына. 

Айт, ақиқат сөзіңді, 

Жаз, қалам ап қолыңа! 

Өкініштен өтерсің, 

Айтпасаң бар сырыңды. 

Сен тыңшысы екенсің, 

Жапондардың бұрынғы. 

Ақиқатты осылай, 

Сәкен жазып қалдырған. 

Қалсаң бұған қосылмай, 

Түрме шығар алдыңнан! 

— Мен ештеңе білмеймін, 

Шпион да болмадым!— 

Сәкенді іштей тілдеймін. 

Түсірген сол торға бұл. 

— Таса ғой жұрт көзінен, 

Саяжайда сырластың. 

Кездескенің өзімен, 

Бұл қамы емес бір бастың! 

Дейді маған тесіле, 

Тергеуші жан алатын. 

Сәкенді сап есіме, 

Жаласы әзір жабатын. 

Туыс санап өзіңді, 

Аяр сені жан қайда. 

Тауыстым да төзімді, 

Кете бардым айдауға. 

Жиырма жылым қаралы, 

Сәкенді мен қарғадым. 

Жарымжанмын жаралы, 

Тұмшаланды арманым! 

Содан, содан бір күні, 

Саясатта жел тұрды. 

Қаралы күн түндігі, 

Сәл ашылып желпінді. 

Жаздым хатта 

бүкпестен, 

Өзіммен не болғанын. 

Шығармастан түк те 

естен, 

Жоғарыға жолдадым. 

Жиырма жыл қаңғырдым, 

Жала тырнақ батырды. 

Содан мені Жамбылдың, 

Обкомына шақырды. 

Әлі есімде хатшысы, 

Шолақ Артығалиев, 

Көрмей мені жат кісі, 

— Жолдас, — деп сәл 

жымиып, 

— Тұтқыны боп даланың, 

Жаны ауырған жаладан. 

Серебрякова Галяның, 

Келесі ісі қаралар, — 

Деді жылы сезіммен, 

Таныс жандай өзіммен. 

Жас ытқыды көзімнен, 

«Жолдас» деген сөзінен. 

— Сәкен куә болды деп, 

Айыптаған Галяны. 

Дүрліктірмей елді көп, 

Ақиқатты жаямын. 

«Жұмыларда жанарым, 

Қайталаймын тағы да. 

Мен жазушы Галяның, 

Дақ салмаймын арына!» 

Деген сөзі Сәкеннің. 

Ескерілмей қалыпты. 

Құжат бірге әкелді, 

Сендіруге халықты. 

Теңселіп сең соққандай, 

Есеңгіреп қалыппын. 

Жатыр бір сәт 

тоқталмай, 

Құттықтауы халықтың. 

Бұл қолынан келеді, 

Батыр, өжет адамның. 

Сәкен ағаң ер еді, 

Қыраны ғой даланың! 

Осыны айтып тоқтады, 

Жанарынан нұр ұшты. 

Оқиғаны соттағы, 

Дәл айтуға тырысты. 

Қалды шаршап, ентігіп, 

Сәл тыныстап алғаны. 

Содан кейін желпініп, 

Әңгімені жалғады. 

••• 


— Сот деген бұл — қыл 

көпір, 

Аман өту қиын-ақ. 

Біздер оған жын-топыр, 

Басыңды алар қиып ап. 

Соңғы сөз сот алдында, 

Тазаруы арыңның. 

Ақталмайсың, ал 

мұнда, 

Куйер жері жаныңның. 

Лапылдаған отына, 

Қақталасың тозақтың. 

Соңғы сөзін сотында, 

Сәкені айтты қазақтың. 

«Таусылып тұр амалым, 

Жұртты неге алдаймын. 

Орыс қызы Галяның, 

Арына дақ салмаймын. 

Ол жазушы нәзік жан, 

Жапа шекті қанша жыл. 

Шығармасын жазылған, 

Білгені жөн баршаның. 

Илеп құжат жасанды, 

Қол қойғызды зорлықпен. 

Қапаланам қашанғы, 

Өлген артық ерлікпен. 

Галяға жан жетер ме, 

Ол — шуақты арай күн. 

Бұл дүниеден өтерде, 

Адалдықты қалаймын. 

Жұмыларда жанарым, 

Қайталаймын тағы да. 

Мен жазушы Галяның, 

Дақ салмаймын арына!» 

Айттым қанша лағынет, 

Қанша төктім көз жасын. 

Кешіре гөр жамағат, 

Жаның неге тозбасын! 

Тозды жаным, қиналам, 

Жүйке де тым жұқарды. 

Қазынамды жинаған. 

Қызыл-жауыз-жұт алды. 

Бірақ бәрін жоймады, 

Жаны таза ақталды. 

Түртпектеуін қоймады, 

Халық жауы-жат жанды. 

Ей —інісі Сәкеннің, 

Жүрегіңе жазып ал. 

Мен бір қызы жат елдің, 

Бұл сыр таппас қазынаң. 

Жат дейтінім біздерді, 

Біріктірді сөзбенен. 

Жойып өткен іздерді, 

Жетті арманға көздеген. 

Революция жолында, 

Қыршын кетті қанша 

адам. 

Аззаттық ап қолына, 

Сәкенің де шаршаған. 

Жазсам Маркс жайлы мен, 

Сәкен қызыл сұңқарды. 

Өмірі өтті қайғымен, 

Тек қаралы ән шырқалды. 

Қайтсем өмір сүремін, 

Тұрды естіліп қаралы үн. 

Мұқалмады жігерім, 

Көрдім тағдыр таланын. 

Қайта өмірге әкелдің, 

Қанша ғұмыр, жетер күн. 

Рухына Сәкеннің, 

Табынумен өтермін. 

• • • 


Басыңды идің құдайдай, 

Қызылдарға дақ салмай. 

Болды бәрі құр айқай, 

Қалды сенім ақталмай. 

Шектің жапа, азапты, 

Жарық күнің тұтылды. 

Көрдің қорлық, мазақты. 

Қуғыннан кім құтылды? 

Құтылсаң да жол тауып, 

Вагонынан азаптың. 

Қызыл жасап қорқаулық, 

Қамады ұлын қазақтың. 

Қамап қана қоймады, 

Қиды өлімге ақыры. 

Ал, сенімін жоймады, 

Революция батыры! 

Ақталды сол сенімі, 

Тәуелсіз ел шет қандай! 

Сәкенімдей ер ұлы, 

Бірге келе жатқандай! 

Орталық Қазақстан. - 2004. - 7 қазан (№196-197). - 11 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал