Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі қолжетімді баспанамен қамту міндетін орындап отыр ма?



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/6
Дата07.03.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Б

АҚЫЛА



У

Көктөбенің етегіндегі Сахариев көшесінің тұрғын-

дары ұзақ жылдан бері қауіппен күн кешіп келеді. 

Жауын-шашын мол түссе, бірте-бірте топырақ отырып, 

сырғи бастайды. Былтыр қараша айында осы маңдағы 

баспаналарды лай көшкінінің басып қалу қаупі 

туындаған еді. Көктемгі табиғи процестер биыл да бұл 

аудандағы үйлерге қаупін төндірді. Алматы қалалық 

төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің 

хабарлауынша, аумақты визуалды бақылауға алған-

нан кейін №93 үйдің тұрғындары уақытша басқа жер-

ге көшірілді. Селден қорғау, коммуналдық шаруа шы-

лық, төтенше жағдайлар, гидрология, жолаушылар 

көлігі мен автомобиль жолдары салаларының маман-

дары қауіпті аумақты мұқият тексеріп, осы маңдағы 

жолдар топырағының отырғанын, жырықтар пайда 

болғанын анықтады. Инженерлік-геологиялық зерттеу 

жүргізіліп, таудың сырғудың аз-ақ алдында тұрған 

бөлігін нығайту үшін наурыз айында құрылыс бастал-

ды. «Отау құрылыс» компаниясы жоталарды нығайтып, 

жаңа жолдар мен арық жүйелерін салып жатыр. Құры-

лыс мамыр айының алғашқы жартысында аяқталуы 

тиіс. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары: 

«Қалалық қызметтер Көктөбенің батыс бөктерін 

тұрақты бақылауға алды. Қазір бұл учаске Сахариев 

көшесіндегі тұрғындардың өміріне қауіп төндірмейді», 

– деп хабарлайды.

Болатбек МҰХТАРОВ

Көктөбеден 

енді қауіп жоқ

ОЙ-КӨКПАР



Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі қолжетімді баспанамен қамту міндетін орындап отыр ма?

Алматы


+25 +30

о

+7+10



о

+20+25


о

+2 +5


о

Астана


АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

дедім-ай, ау!

ИƏ

ЖОҚ

– Шындығында, бұл – өте 

күрделі сауал. Қолжетімді бас-

пананың  бүгінгі күннің ең өзекті 

мәселесіне айналып отырғаны 

рас.  Ал тұрғын үй құ рылысы 

жинақ жүйесі елімізде қолға 

алынғалы біраз жылдың жүзі 

болды. Осы жинақтау жү йе сінің 

арқасында көп отбасы өз 

баспанасына қол жет кізгенін де 

білеміз.  Сон дық тан бұл жү йе ні 

өзіне жүктелген міндетті орын-

дамай отыр деп үзілді-ке сілді 

айтуға болмайды.  Осы тұр ғын 

үй құрылысы жинақ жү йесінде 

жұмыс істеп отырған банк тің өз 

қызметін елімізде қа был данған 

заңға сүйеніп жүргі 

зетінін де 

айтуымыз керек. 

–  Жалпы, еліміздегі тұрғын 

үй құрылысы жинақ жүйесінде 

көптеген түйткілдің бар екенін 

айтқан жөн. Қолданыстағы заң-

ға сәйкес, салымшының банкте 

жинақтайтын  қаржысының ең 

төменгі мөлшері келісілген со-

ма ның 50 пайызынан кем бол-

мауы қажет. Бірақ, шынын айту 

керек, көп адамның тапқан-

таян 


ғаны келісілген соманы 

жи нақ тауға  ешқандай  мүмкін-

дік бермейді. Кейбір жағдайда 

тиісті соманы мерзімінен бұрын 

жинап қойса да, келісімшартта 

көрсетілген шарттар мен мі н-

дет тердің орындалу мерзімін 

кү туге мәжбүр болады. 

Алаш 

телевизиясының 



ардақтысы – 60 жаста

«Астана арландары» 

қазаққа қажет пе?

«Шындық детекторы» 

– шынайылығымен 

ерекшеленген 

шығарма

-бетте

-бетте

-бетте

4

5



7

ДАТ!

Ұлт руханияты мен 

мәдениеті, игілігі үшін 

еңбектенген адам 

өмірден шаршамайды

147,90

195,75

23,46

13090,72

1240,73

1642,30

5,05

1,32

1576,27

119,45

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

(журналистің «БАҚ беттерінен 

жоғалып кетуіңіздің себебі неде» 

деген сұрағына жауабы) 

– Қазір мүмкіндік көбейді. Менің 

типажыма сәйкес сұраныс азайған 

шығар... Қазір билік те, оппозиция да 

мені жақсы көрмейді. Мен қыз 

емеспін ғой, елдің бәрі жақсы 

көретін.

(www.halyksozi.kz сайтынан)

Астана уақытымен сағат 18.00 бойынша

Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, 

экономика ғылымының докторы:

Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, 

Мәжіліс депутаты: 

-бетте

3

Елімізде 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік «Тұрғын үй 



құрылысы» бағдарламасы жүзеге аса бастағаны белгілі. Ол бойынша, 

тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны нарықтағы бағадан төмен. 

Мәселен, бағдарламаға сәйкес, таза әрленген пәтердің 1 шаршы метрі 

Алматыда – 142 500 теңге, Астана, Ақтау, Атырау  және Өскеменде 

– 112 000 теңге, өзге облыстарда 90 000 теңге деп белгіленген. 

Ерекшелігі: әлеуметтік топқа  (бюджет мекемесі қызметкері, жас 

отбасы деген сияқты) қарай шектеу жоқ, яғни жаңа пәтерге 

тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіне қатысқысы келетіндердің 

бәрі қол жеткізе алады.  Былай қарағанда, бұл жүйеге қатысу 

шарты соншалықты күрделі емес әрі ипотекаға қарағанда 

қолжетімді екенін мойындау керек. Әйтсе де мүлтіксіз деуге 

де келмейді. Күні кеше депутат Тұрсынбек Өмірзақов осы 

жүйені қатты сынға алды. Шынында да, тұрғын үй 

құрылысы жинақ жүйесі қолжетімді баспанамен қамту 

міндетін орындап отыр ма? 

бетте

6

Көктөбенің батыс бөктерінде лай көшкінінен 



қорғайтын құрылыс жүріп жатыр. Былтыр қараша 

айында таудың шығыс айналма жолынан жоғары 

тұсында топырақ сырғып, тұрғын үйлерге қауіп 

төндірген болатын.

№72 (754) 

27 сәуір, жұма

2012 жыл


Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ:

Қариялар қала кезіп, құжат жинап жүр 

Талап бойынша, қариялар соғыс 

жылдарында еңбек еткенін мұрағат 

құжаттары арқылы немесе екі 

куәгердің  растауы арқылы дәлел-

деу  і тиіс және ол куәгерлердің жасы 

тыл ардагерлігінен үміткер аза-

маттың жасынан біршама үлкен 

болуы керек. Жас мөлшері шамалас 

адам 


дар куәгер бола алмайды. 

Мұны БАҚ өкілдеріне берген мә-

ліметінде жауапты мекеме қыз-

меткерлері де жоққа шығармай 

отыр.

Гүлсара АЛТЫНБЕКОВА, Алматы 

қалалық бақылау және әлеуметтік 

қорғау департаменті директорының 

орынбасары: 

 – Куәгер болатын адамдар тыл 

ардагерінің соғыс кезде  жұмыс 

істегенін растауы  қажет. Растаушы 

куәгердің жасы арда гер дің жасынан 

шамалы үлкендеу болуы тиіс және 

ол бұрыннан тыл ардагері ретінде 

осындай жәрдемақы алып жүрген 

азамат болуы керек. Бүгінгі таңда 

бізде жәрдемақы алуға үміткер 23 

мыңнан астам азамат  бар. Көп жағ-

дайда олар өзінен жас адамдарды 

не 

месе өзімен жасты адамдарды 

куә гер ретінде әкеледі. Ол болмайды. 

Егер ардагерлікке үміткермен куәгер 

бір сыныпта оқыса, ол да болмай-

ды.  

Иә, заңның аты – заң, талаптың 

аты – талап. Әйтсе де соғыс кезінде 

еңбек еткен 10 жастағы баланың 

бүгінде 80-ге келіп қалғанын ескерер 

болсақ, олардың өзінен жас мөлшері 

үл кендеу куәгер табуы екіталай еке-

ні, айтпаса да, түсінікті. Оған қоса 

80-дегі қарияға қала кезіп, құжат 

жинау да оңай емес екені тағы рас.  

Бүгінгі таңда тыл ардагерлеріне 

тиесілі жәрдемақы мөлшері 3200 

теңгені құрайды екен. Әрине, бұл 

көп ақша емес. Тіпті баз біреулер 

үшін шақа да болар. Бірақ бұл – ар-

дагерлер үшін бірталай ақша. 

МӘСЕЛЕ

Жалғасы 3-бетте 

Балалық шағын соғыс 

жалмап, ұрыс жылдарында 

тылда жұмыс істеген 

азаматтардың еңбегін 

ескерген ел Үкіметі оларды 

соғыс ардагерлерімен 

теңестіріп, ай сайынғы 

жәрдемақы тағайындап, әр 

жылы Жеңіс күні сый-сияпат 

беріп келеді. Алайда сол сый-

сияпат пен жәрдемақыға 

баз бір қариялар қол 

жеткізе алмай отыр. Өйткені 

оларға соғыс жылдарында 

тылда еңбек еткенін растау 

қиынның қиыны болып тұр. 

Б

АЙЛАНЫС



Осы ретте газетіміз «Оқырман сауалына жауап 

іздейміз» атты жаңа айдар ашпақ. Бұл айдарда қо-

ғамдық өмірдің сан алуан саласындағы сауалдарға 

жа уап табуға болады. Айталық, сіз көлікті техникалық 

байқаудан өткізгелі жүріп, өзіңізге түсініксіз сұрақ-

тарға жолықтыңыз немесе азаматтық хал актілері 

жағ дайларын тіркеуде қиындықтарға кезіктіңіз делік. 

Мамандардан тиісті жауаптың бәрін толық ала ал-

мадыңыз. Демек, сіздің «Алаш айнасына» хабар-

ласып, ақпараттық көмек сұрауға мүмкіндігіңіз бар. 

Сонымен бірге әлеуметтік сала, төтенше жағдай

спорт пен мәдениет, шоу-бизнес мәселелері, қоғам-

дағы түрлі оқиғаларға қатысты пікір-көзқарастардың 

дұрыс-бұрыстығы немесе тылсым құбылыстар 

туралы да сұрауыңызға болады.

Оқырман сауалына 

жауап іздейміз

«Алаш айнасы» газеті – жарық көрген сәтінен 

бастап өз оқырмандарымен тығыз байланыста. 

Жас пен жасамысты, қараша мен бақуаттыны 

толғандырған кез келген сауалға басылым 

қызметкерлері жауап табуға әзір. Бүгінгі өмірде сіз 

кезіккен барлық түйткілді білуге біз де мүдделіміз. 

Жауап таппаған сауалыңызды бізге жолдаңыз.

Редакцияның байланыс теле фоны:

 

8 (727) 3 88 80 60,



  

электронды пошта мыз:  

info@alashainasy.kz.

Идеалың кім, қазақ баласы?

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

Гүлжан КӨШЕРОВА

Балалар адам өлтіретін болды. 

Тіпті өз мұғалімін сабап кететін дәре-

же ге жетті. Төбелесу «модадан» шы-

ғып қалды. Оның өзі де әншейін 

айна лайын екен ғой. Атысу, шабысу... 

Ақыр заман балаларының қа рекеті 

осы болып тұр. Қазақ бала тәр-

биелеуден қалып барады. Дұры сы, 

қалай тәрбиелеуді білмейді. Ба-

лалар үшін білімді болу басты мақ сат 

емес. Олар ақшаға бәрін сатып алу-

ға болады деп сенеді. 

Білім ошақтарына нарық ережесі 

мықтап табан тіреді. Әлеуметтік тең-

сіздік таразының екі табағына оқушы 

мен мұғалімді отырғызып қойды. 

Кей 


бір байшыкештің баласы мұ-

ғалімге пысқырып та қарамайды. 

Реті келсе, сабап та кетеді. Шектен 

шы ғып бара жатқандарды баяғыдай 

тәртіпке шақырып, ұрып алу қай-

да-а?! Қол көтермек түгіл, мұғалімдер 

қат ты сөйлеуге қорқады. Егер ондай 

жағ дай орын алса, баланың әке-ше-

шесі, ағасы келіп, мұғалімді сабап 

ке туі ғажап емес. Алматы мектепте-

рінің бірінде осындай жағдай орын 

алғаны әмбеге аян. Ескерту жасай-

мын деп, мұғалім сабақ үстінде оқу-

шы ның анасы мен ағаларының соқ-

қысына жығылған еді. 

Әншейінде адам жіберіп шақырт-

саң да, жиналысқа келмейтін  ата-

аналар баласының құқығын қорғауға 

шебер-ақ. Ал мұғалімнің құқын кім 

қор ғап жатыр? Жиналыс демекші

айы на-жылына бір болатын жина-

лысқа ата-аналардың аттап басқысы 

жоқ. Тәртіп бұзған тентегінің тәрбие-

сін түзегеннен гөрі, оларға әмиян 

аман дығы  қымбат. 

Тіпті мектептердің өзі екіге бөлін-

ді емес пе?! Кедейдің және байдың 

ба лалары оқитын мектеп болып! Бай 

ба ла сы батырақ баласын менсінбей-

ді. Осындай әлеуметтік теңсіздік 

жас өспірімдерді  ашындырады.  Мек-

тепке машинамен келіп-кететін, 

ойын залдарынан шықпайтын, қал-

тасы қаржыға толы баланы көргенде 

тұр мысы төмен отбасыдан шыққан 

бала қалай ашынбасын?! Қалай жа-

сы масын?! Ашынудың, жасудың со-

ңы қылмысқа итермелейтіні анық. 

Одан бөлек «компьютер-оқытушы-

ның» да еңбегі орасан зор.



Бір кездері «мектепте 

балалар жағаласып 

қалыпты» десе, төбеден жай 

түскендей болатын. Бүгінде 

жанжалдасып, төбелесу 

былай қалып, суық қару 

қолданып, бірін-бірі өлтіріп 

жатқанының куәсі болып 

жүрміз. Бір кездері «мұғалім 

келе жатыр» десе, оқушылар 

тым-тырыс бола қалатын. 

Бүгінде оқушылар мұғалім-

нен ығу былай тұрсын, 

ұстазымен сөз жарыстырып, 

жағасына жармасып, тіпті 

сабап кететін жағдайға 

жеттік. Мұғалім мәртебелі 

мамандық болудан қалды. 

Жалғасы 3-бетте 

Қалдар БЕК

№72 (754) 

27.04.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Ғаламдық жылынудың салдарын кімдер 

алғаш сезінеді?

Әлем елдеріндегі интернет кеңістігіне қатысты 

цензура әртүрлі деңгейде шығар. Дегенмен барынша 

еркіндік берген елге кімдерді жатқызуға болады?

Қасымжан, Жамбыл облысы

Адам құқын қорғау мәсе-

ле сін зерттеумен айналыса-

тын ха лықаралық «Фридом 

хаус» ұйы мы ғаламтор еркін-

дігіне мол мүмкіндік берген 

және оған барынша бұғалық 

салғаны бар – барлығы 37 

ел дің тізімін жа риялады. Құ-

қық қорғау ұйы мы ғалам-

тор ды пайдаланушылар ер-

кіндігі жөнінен ең бірінші 

орынға Эстония лайық деп 

тапты. Оның ізін АҚШ пен 

Германия өкшелеп келеді. Ал 

Иордания, Ресей, Таиланд, 

Венесуэла мен Зимбабведе 

ғаламтор  ер кін дігінің  ахуалы 

қиындап барады. «Фридом 

хаус» Куба, Мьян ма (Бирма) 

және Иранда ға ламтордың 

еркіндігінің халі мүш кіл деп 

санайды. 

Жаңа ғасырдың басынан бері ғаламдық жылыну мәселесі әлемдік проблемалардың 

біріне айналды. Оның салдарын қай елдер, қай аймақтар алғаш сезінеді?

Гүлнәр, Қызылорда

СЕНАТ


ҰБТ-ның биылғы жаңалығы сынға тағы ілікті

қойып сынайтын болғанбыз? Айтпақшы, 

депутаттың дерегіне сенсек, биыл ел бо-

йынша 570-ке тарта колледжден 100 

мыңдай түлек қанат қағатын көрінеді. 

Кәсіптік ортаның білімін тауысқандардың 

басым бөлігі жоғары оқу орындарында 

білімін ұштап, бірден жоға ры санатты ма-

ман болуға ұмтылатыны анық. Сондықтан 

сенатор колледж түлекте 

рі 

нің алдына 



жөнсіз кедергі тартылғанын айтып, кәсіби 

білім алған маманға қайта дан орта білім 

негізінде жасалған кешенді тест тапсырту-

ды бұрыс деп санайтынын жет кізді. «Өр-

кениетті елдерде мұндай тәжі рибе жоқтың 

қасы. Егер біз колледж тү лектерін жоғары 

оқу орындарына кешенді тест тапсырту 

арқылы қабылдау жү йесін енгізетін болсақ, 

онда әуелі колледж түлектеріне өз маман-

дықтары негізінде тест сұрақтарын дайын-

дап алайық. Сосын ке шенді тест өткізуді 

келесі оқу жылынан бастау жөнінде ұсыныс 

енгізуге болады емес пе?! Жоғары оқу 

орындары алдағы қабылдау қарса ңын да 

тұр. Сондықтан бұ лайша асығыс тыққа 

бар майық және негізсіз тәжірибе жаса-

майық», – дейді Мұрат Бақ тиярұлы. Де-

путаттың бұл бастамасын бірқатар 

әріптестері де қол дады. 

«А-СТУДИОҒА» АТАҚ КЕРЕК...

«Бұл күндері ТМД шеңберінде өзінің 

25 жылдық мерейтойын атап жатыр біздің 

жерлестеріміз – «А-студио». Ширек ғасыр 

бойы талантты жерлестеріміз әлемді өз-

дерінің туындыларымен таңғалдырып ке-

леді. Біздің байтағымызда қайталанбас 

та ланттар туатынын бұл топ дәлелдеді. 

Алайда әлемге атағы жайылғандар өз 

елінде бұдан жұрдай», – дейді мәдениет 

және ақпарат министріне үшбу тілегін 

жолдаған сенатор Ғани Қасымов. Сөйтіп, 

сенатор «А-студио» әлі күнге атақтан құр 

алақан келе жатқанына қынжылыс білдір-

ді. Салыстырмалы түрде ағылшын хан-

шайы мының «Битлз» тобының жігіттеріне 

«сэр» атағын бергенін, солайша елінің ата-

ғын шығарғандарды өз жұрты қашанда 

ұмытпайтынын естіртті. «Бізде ше? Өнерге 

еңбегі сіңген қайраткер атағын кімге бер-

мей жатырмыз, осы?! 30 жыл бойы шетел-

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы салған 

жер ден Білім және ғылым министрлігін 

асы ғыстыққа салынды деп айыптайды. 

Оның да негізі жоқ емес. «Білім және 

ғылым министрлігі кәсіптік орта оқу орын-

дарының бітірушілері жоғары оқу орында-

рына түсу үшін орта мектеп бағдарламасы 

негізінде тест тапсыруы керек деген шешім 

қабылдады. Біздіңше, бұл тым асығыс қа-

былданған шешім болған сияқты. Өйткені, 

орта мектеп пен кәсіптік білім беретін оқу 

орындарының мемлекеттік оқыту стандарт-

тары мен бағдарламаларында үлкен айыр-

машылықтар бар», – дейді Мұрат Бақтияр-

ұлы. Сөйтсек, өткен апта бойы ел аралап, 

сай лаушылармен сырласып қайтқан се-

натордың кездесулерін дәл осы мәселе 

кесе-көлденеңдей беріпті. Әсіресе жастар-

мен жүздесулерде колледж түлектері мен 

олардың ата-аналары тарапынан кешенді 

тестілеуге байланысты үлкен аландаушы-

лықтар айтылған. Колледжді тамамдайтын 

дүйім жұртты дүрліктірген бұл мәселеге 

депутаттың өзі де салмақты қараған сыңай-

лы. «Орта мектептің толық бағдарламасы 

бойынша 10-11 сыныпта, яғни екі оқу жы-

лында оқитын пән сабақтарын 9-сыныптан 

кейін оқуға түскен колледж оқушылары 

қысқартылған түрде бір жыл ішінде ғана 

оқиды. Мәселен, жоғары оқу орнына түсу 

үшін кешенді тестілеу бойынша міндетті 

түрде тапсыруға тиісті математика пәні – 

колледждерде – 66,7 пайыз, тарих пәні 

38,2 пайыз ғана қамтылады. Сонда дей-

мін-ау, ЖОО-ға түскісі келетін колледж 

бітірушілер кәсіптік орта оқу орындарында 

өтпеген, оқымаған, түсіндірілмеген пән 

тақырып тары бойынша тест сұрақтарына 

қалай жауап береді?!» – дейді Білім және 

ғылым ми нистрлігінің мұндай «былығына» 

аң-таң болған сенатор Мұрат Бақтиярұлы. 

Расында, екі жыл бойы белгілі бір бағытта 

ғана білім алған бітірушіден білмейтінін 

сұрау орынсыз. Оның үстіне мектеп пен 

колледж бітірушіні қай заманнан бірге 

де жүріп, бүкіл әлемді мойындатқан топқа, 

оның негізін қалаушылардың ешқайсысына 

да атақ бермедік. Бұл қалай? Тіпті олар 

жоқ секілді, олар Қазақстаннан емес тәріз-

ді», – дейді Ғани Есенкелдіұлы. 

ТАҒЫ ДА ҚОСТІЛДІЛІК ҚАСІРЕТІ...

Қазақстанның қолданыстағы заңнама-

сы на сәйкес, нормативті-құқықтық актілер 

мерзімді басылымда мемлекеттік тілде жә-

не орыс тілінде жариялануға міндеттеледі 

екен. Осының өзі өңірлерде, әсіресе кілең 

қазақы орта болып қалыптасқан, орыс 

тіліндегі ресми басылымнан ада аймақ-

тарда үлкен қайшылықтар тудырған. «Мә-

се лен, Атырау облысындағы жеті ауданда 

бірде-бір орыс тіліндегі ресми басылым 

жоқ. Соған қарамастан, ауылдық округтер 

облыс әкімі мен мәслихат шешімдері мін-

детті түрде екі тілде де жариялануы керек 

деген тәртіпке бағынуға мәжбүр болып, 

зор қайшылық туындап отыр. Ал екі тілде 

жарияланбаған шешімдер мемлекеттік 

тіркеуден де өткізілмей, үлкен олқылық 

орын алуда», – дейді сенатор Сәрсенбай 

Еңсегенов. 

Айта кетерлігі, кешегі Сенат отырысын-

да депутаттар дәл осындай құқықтық нор-

малардағы олқылықтарды, кемшіліктер 

мен қайшылықтарды жоюды қарастыратын 

заңды қабылдаған еді. Заң жобасын тал-

қылау барысында сенатор Сәрсенбай Ең-

се геновтің қостілділікті жоюға қатысты ұсы-

нысы Әділет министрлігі тарапынан қолдау 

таппапты. Конституция талаптарын басшы-

лыққа алған көрінеді. Бұған сенатор да 

қын жылыс білдірді. «Тіл туралы» заңға 

сәй кес, мемлекеттік органдардың актілері 

мем лекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, 

қажет болған жағдайда мүмкіндігінше бас-

қа тілдерге аударылуы мүмкін деген норма 

бар. Бақсақ, басқа нормалар осы норманы 

орындатпайтын тәрізді. Сон дықтан да се-

натор Сәрсенбай Еңсегенов әлгі нормалар-

дағы қайшылықтарға қатыс ты Конституция-

лық Кеңеске сұрау салу туралы ұсынысын 

да жеткізді. «Мәселе – тек Атырау облы-

сында ғана емес, Маңғыстау, Қызылорда, 

Оңтүстік Қазақстан облыстарында да орын 

алып отырған олқылық», – дейді депутат. 

Осындай ұсынысқа Сенат спикері Қайрат 

Мәми де «селт ете қалды». Бұған дейін де 

мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді бір-

тіндеп шешуге ынталылы ғын танытқан 

төра ға Қайрат Мәми: «Аппарат, көмекте сі-

ңіздер! Тиісті министрлікпен бірге шешімін 

іздейік. Конституциялық Кеңеске жүгінуге 

де болатын тәрізді», – деді.



Астана

Интернеті барынша бұғауланған ел – Иран

САЯСИ БЮРО

Бұл тақырыпты Британияның Maplecroft зерт-

теу институты қолға алған болатын. Олардың 

құрастырып шыққан рейтингісін Бүкіләлемдік 

денсаулық сақтау ұйымы, апаттар мен климат 

өзгерісін бақылаушы халықаралық ұйым да 

құптайды. Мұнда, негізінен, елдердің теңіз 

деңгейінен қан ша лықты биік және алыс жатқаны, 

жылдық жоғарғы және төменгі температурасы, 

хал қының саны және азық-түлік қоры ескерілді. 

Сол бойынша, климаттың өзге руінен жер бетінде 

ең алдымен Джибути, Мысыр, Пәкістан, Куба, 

Ирак, АҚШ, Канада, Ка тар сынды жалпы саны 30 

шақты ел зар дап шегеді. Бұл тізімде Қазақстан 

71-орында тұр. Зерттеу аясы жалпы саны 123 ел-

ді қам тыған болатын. Ал керісінше, кли мат тың 

өзгеруін кешеуілдетіп сезінетін ел дер дің қата-

рында ең алғашқы болып Қыр ғызстан, Армения, 

Македония, Тәжік стан және Словакия елдері ата-

лады. Жалпы ал ғанда, Орталық Азия – климаттық 

өз герісті кеш сезінетін аймақтың қатарын да.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал