«Трансфузиология (клиникалық, өндірістік)»



жүктеу 0.52 Mb.

бет1/5
Дата04.06.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5

 

ЖОБА 



 

 

 

   



 «Трансфузиология  (клиникалық, өндірістік)»  кәсіби стандарты 

 

 



 

1.

 



Жалпы ережелер 

 

1.

 



«Трансфузиология  (клиникалық,  өндірістік)»  кәсіби  стандарты: 

- өзінің  кәсіптік  қызметін  таңдауды жүзеге асыратын талапкерлерге; 

-  одан  әрі  кәсіптік  даму  бағдары  ретінде  «Трансфузиология  (клиникалық, 

өндірістік)»  мамандығы бойынша денсаулық  сақтау  жүйесінің  қызметкерлеріне; 

-  білім  беру  бағдарламаларын  жетілдіруге  арналған  бағдар  ретінде  медициналық 

білім  беру саласының қызметкерлеріне; 

- денсаулық сақтау  ұйымдарының кадрлық қызметтеріне; 

-  қан  қызметінің,  денсаулық  сақтау ұйымдарының және ҚР Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік  даму министрлігінің  адами ресурстарды басқаруды  жетілдіруге; 

-  жекелеген  ұйымдардағы  сияқты  жалпы  салада  ұтымды  кадрлық  саясатты  жүзеге 

асыруға  және адами ресурстарды дамытуды жоспарлауға  арналған. 

2. Осы кәсіби  стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар қолданылады: 

-  біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  функцияларын  сапалы  орындауға 

дайындық дәрежесі; 

-  біліктілік  деңгейі  –  қиындық  параметрлері,  еңбек  іс-қимылының  стандартты 

еместігімен,  жауапкершілікпен  және  дербестікпен  сараланатын  қызметкердің  даярлығы 

мен құзырет деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  танылған  біліктілік 

деңгейлерінің  құрылымдық сипаты; 

ұлттық  біліктілік  жүйесі  (ҰБЖ)  –  еңбек  нарығы  тарапынан  мамандықтар 

біліктілігіне  қойылатын  сұраныстар  мен  ұсыныстарды  құқықтық  және  институционалдық 

реттеу тетіктерінің  жиынтығы; 

салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  –  салада  танылған  біліктілік  деңгейлерінің 

құрылымдық сипаты; 

кәсіби  топ  –  жалпы  ықпалдастырылған  негізі  бар  (ұқсас  немесе  жақын  мақсаттар, 

объектілер,  технологиялар,  оның  ішінде  еңбек  құралы)  және  оларды  орындауға  арналған 

еңбек  функциялары  мен  құзыретінің  ұқсас  жиынтығын  болжайтын  кәсіптік  кіші  топтар 

жиынтығы; 

кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынымен қалыптастырылған және 

өздерінің  құзыретін  орындауға қажетті   кәсіптердің  жиынтығы;  

кәсіби  стандарт  (КС)  –  кәсіптік  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік  деңгейіне, 

құзыретке,  мазмұнына,  сапасына  және  еңбек  жағдайына  қойылатын  талаптарды 

айқындайтын стандарт; 

кәсіп  –  арнайы  даярлық  нәтижесінде  алынған  және  білім  беру  туралы  тиісті 

құжаттармен  расталатын  белгілік  бір  білімді,  білікті  және  практикалық  дағдыны  талап 

ететін адамның еңбек қызметінің  негізгі  түрі; 

еңбек  функциясы  –  еңбек  процесінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін  шешуге 

бағытталған іс-қимылдардың өзара байланысының жинағы; 

білім  –  еңбек  функцияларын  орындау  кезінде  белгілі  бір  міндеттерді  шешуге 

мүмкіндік  беретін  тексерілген  ақпарат жиынтығын игеру



 

аурулардың  халықаралық  жіктемесі  10-қайта қарау 



(АХЖ-10) 

– 

бұл 



Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымдарына  мүше  елдердегі  халықтың  денсаулығын 

зерделеу  кезіндегі  10-қайта  қараудың  негізгі  нормативтік  құжаты  болып  табылатын 

медициналық  ғылымды  дамытудың  заманауи  кезеңін  бейнелейтін  аурулар  мен 

патологиялық жағдайлар тобының жүйесі; 

дағды  –  бірнеше  қайтара  қайталау  жолымен  автоматтандыруға дейін жеткізілген іс-

қимыл; 


нормативтік  құқықтық  акт  –  референдумда  қабылданған  не  уәкiлеттi  орган  немесе 

мемлекеттiң  лауазымды  адамы  қабылдаған,  құқықтық  нормаларды  белгiлейтiн,  олардың 

қолданылуын  өзгертетiн,  тоқтататын  немесе  тоқтата  тұратын  белгiленген  нысандағы 

жазбаша  ресми  құжат,  сондай-ақ  жазбаша  ресми  құжатпен  бірдей  және  электрондық 

цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған  электрондық-цифрлық нысандағы құжат; 

іскерлік  –  алынған  білімнің  жиынтығымен  қамтамасыз  етілетін  және  жаттығулар 

арқылы қалыптастырылған іс-қимылдарды орындаудың игерілген  тәсілі; 

бейінді  маман  –  белгілі  бір  мамандық  бойынша  сертификаты  бар  жоғары 

медициналық білімді  медицина қызметкері; 

денсаулық  -  аурулар  мен  дене  кемістіктерінің  болмауы  ғана  емес,  тұтастай  тәни, 

рухани (психикалық)  және әлеуметтік  салауаттылық жағдайы; 

денсаулық  сақтау  ұйымы  –  денсаулық  сақтау  саласында  қызметті  жүзеге асыратын 

заңды тұлға; 

инновациялық  медициналық  технологиялар  -  медицина  (биомедицина)  саласына, 

фармацияға 

және 


денсаулық 

сақтау 


саласындағы 

ақпараттандыруға 

енгізілуі 

экономикалық  тұрғыдан  тиімді  және  (немесе)  әлеуметтік  мәні  бар  болып  табылатын 

ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің  әдістері  мен құралдарының жиынтығы;  

медицина  қызметкерлері  –  кәсіптік  медициналық  білімі  бар  және  медициналық 

қызметті  жүзеге асыратын жеке тұлғалар; 

медициналық  көмек  –  халықтың  денсаулығын  сақтауға  және  қалпына  келтіруге 

бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің  дәрілік  көмекті  қамтитын жиынтығы; 

медициналық  көмектің  сапасы  -  көрсетілетін  медициналық  көмектің  уәкілетті 

орган  бекіткен  және  медициналық  ғылым  мен  технологияның  қазіргі  заманғы  даму 

деңгейі  негізінде  белгіленген  стандарттарға сәйкестік  деңгейі;   

денсаулық  сақтау  саласындағы  медициналық  сараптама  (денсаулық  сақтау 

саласындағы  сараптама)  -  денсаулық  сақтау  қызметінің  әртүрлі  аяларындағы 

құралдардың,  әдістердің,  технологиялардың,  көрсетілетін  қызметтердің  деңгейі  мен 

сапасын  анықтауға  бағытталған  ұйымдастырушылық,  талдамалық  және  практикалық  іс-

шаралардың жиынтығы; 

денсаулық 

сақтау 

саласындағы 



стандарт 

(стандарт) 

медициналық, 



фармацевтикалық  қызмет,  медициналық  және  фармацевтикалық  білім  беру  саласындағы 

қағидаларды,  жалпы  қағидаттар  мен  сипаттамаларды  белгілейтін  нормативтік  құқықтық 

акт; 

медициналық  қызмет  –  жоғары  немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке 



тұлғалардың,  сондай-ақ  заңды  тұлғалардың  азаматтардың  денсаулығын  сақтауға 

бағытталған кәсіптік  қызметі; 

медициналық  қызметтер  көрсету  -  денсаулық  сақтау  субъектілерінің  нақты  адамға 

қатысты профилактикалық,  диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;  

медициналық  ұйым  –    негізгі  қызметі  медициналық  көмек  көрсету  болып 

табылатын денсаулық сақтау  ұйымы; 

пациент –  медициналық қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке тұлға; 

диагностика  –  аурудың  болуы  немесе  болмауы  фактісін  белгілеуге  бағытталған 

медициналық қызметтердің  жиынтығы; 

динамикалық  байқау  -  халық  денсаулығының  жай-күйін  жүйелі  түрде  байқау, 

сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті  медициналық көмек көрсету;   


 

донор  –  донорлық  қан,  оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде 



шәует,  жыныс  жасушалары,  аналық  жасуша)  алу  жүргізілетін,  сондай-ақ  реципиентке 

транспланттау  үшін  тіндерді  және  (немесе)  ағзаларды  (ағзалардың  бөліктерін)  алу 

жүргізілетін  адам, адамның мәйіті,  жануар;  

емдеу  -  ауруды  жоюға,  оның  бетін  қайтаруға  және  (немесе)  барысын  жеңілдетуге, 

сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;   

консилиум  -  кемінде  үш  дәрігердің  қатысуымен  диагноз  қою,  емдеу  тактикасын 

айқындау және ауруды  болжау мақсатында адамды зерттеу;   

инвазиялық  әдістер  -  адам  организмнің  ішкі  ортасына  ену  жолымен  жүзеге 

асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;   

клиникаға  дейінгі  (клиникалық  емес)  зерттеу  -  адамның денсаулығына ерекше әсер 

етуін  және  (немесе)  қауіпсіздігін  зерделеу  мақсатында  сыналатын  затты  немесе 

физикалық  әсерді,  аурулар  профилактикасының,  оларды  диагностикалау  мен  емдеудің 

құралдарын,  әдістері  мен  технологияларын  зерделеу  жөніндегі  химиялық,  физикалық, 

биологиялық,  микробиологиялық,  фармакологиялық,  токсикологиялық  және  басқа  да 

эксперименттік  ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;  

клиникалық  зерттеу  -  субъект  ретінде  адамды  қатыстыра  отырып,  аурулардың 

профилактикасы,  оларды  диагностикалау  мен  емдеу  құралдарының,  әдістері  мен 

технологияларының  қауіпсіздігі  мен  тиімділігін  анықтау  немесе  растау  үшін  жүргізілетін 

зерттеу;   

профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын 

алуға  және  орын  алған  асқынуларды,  ағзалар  мен  тіндердің  бүлінулерін  бақылауға 

бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;   

медициналық  оңалту  -  науқастар  мен  мүгедектер  организмінің  бұзылған  және 

(немесе)  жоғалтқан  функцияларын  сақтауға,  ішінара  немесе  толық  қалпына  келтіруге 

бағытталған медициналық қызметтер көрсету  кешені;   

алмастырушы  бүйрек  терапиясы  –  бүйрек  жетіспеушілігіне  және  басқа  себептерге 

байланысты  адам  денесінде  жиналған  уытты  заттар  мен  артық  сұйықтықты  жою 

мақсатында қолданылатын әдістер жиынтығы; 

трансплантация  –  организмінің  басқа  жеріне  немесе  басқа  организимге  тіндерді 

және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін)  ауыстырып салу, бітіп  кетуі; 

реципиент  -  донорлық  қан  немесе  одан  бөлінген  компоненттер  және  (немесе) 

препараттар  құйылатын,  еркектің  немесе  әйелдің  донорлық  материалы  (шәует  немесе 

аналық  жасуша)  енгізілетін  не  донордан  алынған  тіндерді  және  (немесе)  ағзаны  (ағзаның 

бөліктерін)  транспланттау жасалатын пациент;  

тәуелсіз  сарапшы  -  денсаулық  сақтау  субъектілерінің  қызметіне тәуелсіз  сараптама 

жүргізу  үшін  белгіленген  тәртіппен аккредиттелген  жеке тұлға;   

Осы кәсіптік  стандартта мынадай қысқартулар  қолданылады: 

БА–Басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  қызметкерлер  лауазымдарының 

біліктілік  анықтамалығы; 

БАҚ–Бұқаралық  ақпарат құралы 

 

2.

 



Кәсіби стандарт паспорты 

 

3.



 

Кәсіби стандарттың атауы:  Трансфузиология. 

4.

 

Кәсіби  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  «Трансфузиология»  кәсіптік  кіші  тобын 



қызметкерлерінің  біліміне,  іскерлігін,  дағдыларына  және  құзыреттеріне  қойылатын  

талаптарға  сәйкес  келетін  еңбек  функцияларының,  оларды  іске  асыру  бойынша 

міндеттердің  жүйелі  және құрылымдық сипаты. 

5.

 



Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  донорды  және  оның 

компоненттерін  дайындау және қайта өңдеу нысандарында  халыққа   трансфузиологиялық  

көмек  және    оларды  емдеу  мақсаттарында  қолдану;    трансфузиологиядағы  (клиникалық, 


 

өндірістік)  медициналық  қызметтердің   көлемі мен сапасын сараптау; мамандарды даярлау 



трансфузиология  саласындағы    және  зерттеулер.  Мамандар  біліктілігі  деңгейінің  өсуімен 

әрбір  келесі  деңгей  алдыңғы  деңгейдің  функцияларының  орындалуын  және  оларды  жаңа 

құзыреттерге  сәйкес кеңейтуді  көздейді. 

6.

 



Негізгі  топ: дәрігерлік  қызмет.  

Кәсіби топ: дәрігерлер. 

 

3.Кәсіптер карточкалары 



Кәсіптер тізбесі: 

трансфузиолог  дәрігер  –  СБН  бойынша  біліктілік  деңгейі  – 7.1.В, 7.2.В, 7.3.В, 7.3.А, 

7.4.В, 7.4.А; 

«Трансфузиология»  мамандығы  бойынша  сарапшы  дәрігер  –  СБН  бойынша 

біліктілік  деңгейі  –7.3.В, 7.3.А, 7.4.В, 7.4.А, 8; 

«Трансфузиология»  мамандығының  оқытушы  –  СБН  бойынша  деңгейі  –  7.2.В, 

7.3.В, 7.3.А, 7.4.В, 7.4.А, 8; 

трансфузиология  (клиникалық,  өндірістік)  саласындағы  ғылыми  қызметкер  –  СБН 

бойынша біліктілік  деңгейі –7.2.В, 7.3.В, 7.3.А, 7.4.В, 7.4.А, 8. 

 

Кәсіптер карточкалары  осы Кәсіби стандартқа қосымшада  келтірілген. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Трансфузиология  (клиникалық, 

өндірістік)»



 

кәсіби  стандартына  

қосымша 

 

 «Трансфузиолог  дәрігер (клиникалық, өндірістік)»  кәсіби карточкасы 



 

 

Кәсіп коды   



2221 

Кәсібі   

 Трансфузиолог  дәрігер  (клиникалық, өндірістік) 

СБН бойынша 

біліктілік  деңгейі 

7.1.В. 


БА бойынша 

біліктілік  деңгейі. 



- 

Кәсіптік  білім 

деңгейі 

ҚР медициналық ЖОО-ны 2009 жылға дейін аяқтаған кезде: 

1.

 

 «Емдеу  ісі»  немесе  «Педиатрия»  мамандығы  бойынша 



жоғары медициналық білім. 

2.

 



Клиникалық мамандықтар бойынша интернатура. 

3.

 



 «Трансфузиология  (клиникалық,  өндірістік)»

 

мамандығы



 

бойынша қайта даярлықтан өту. 

ҚР медициналық ЖОО-ны 2009 жылдан кейін  және 2013 жылға 

дейін қоса алғанда аяқтаған  кезде: 

1. «Жалпы медицина» арнайы жоғары білім. 

2. Клиникалық мамандықтар бойынша интернатура. 

3.  «Трансфузиология  (клиникалық,  өндірістік)»

 

  мамандығы 

бойынша    қайта  даярлаудан  өту    немесе  «Трансфузиология 

(клиникалық, өндірістік)»



 

 мамандығы бойынша  резидентура

ҚР медициналық ЖОО-ны 2013 жылдан кейін  аяқтаған кезде: 



1.«Жалпы медицина» арнайы жоғары білім. 

2. Клиникалық мамандықтар бойынша интернатура. 

3.  «Трансфузиология  (клиникалық,  өндірістік)»

 

  мамандығы 

бойынша  резидентура

.

 



Практика  5  жылдан  астам  болмаған  кезде  «Трансфузиология 

(клиникалық, 

өндірістік)»

 

мамандығы 

бойынша 

қайта 


даярлықтан өту. 

Мамандық бойынша тәжірибе  талап етілмейді. 

Еңбек функциялары 

1)

 



Аллоген  донорды  және  оның  компоненттерін  дайындау, 

қайта өңдеу, сақтау  және іске  асыру. 

2)

 

Аутодонорды  және  оның  компоненттерін  дайындау,  қайта 



өңдеу, сақтау  және іске  асыру.  

3)

 



Ауто-  немесе  қанның  аллоген  компоненттерінің  есебінен 

гемостаза  факторларын  түзеуді  және/немесе  қанның  жасушалық 

компоненттерінің  тапшылығын  толықтыруды  талап  ететін  

жағдайлар кезінде  пациенттерді емдеу үшін донорды және оның 

компоненттері мен препараттарды клиникалық қолдану. 

4)

 



Пациентті  және  оның  өкілдерін  трансфузияның  оң  және 

теріс  салдарлары  және  аллоген  донорды  және  оның 

компоненттерін  қолданудың  мүмкін  альтернативті  туралы  

хабардар  ету. 

1 еңбек функциясы 

 

Аллоген донор қанын 



және оның 

компоненттерін 

дайындау, қайта өңдеу, 

сақтау және іске 

асыру.

 

Іскерлігі  мен дағдылары:  

1.

 



Аллоген    донорды  және  оның  компоненттерін  қабылдау, 

есепке алу және медициналық зерттеп-қарау өткізе  білу  іскерлігі. 

2.

 

Аллоген  донорды  және  оның  компоненттерінің  түрлері  мен 



көлемін   анықтай білу  іскерлігі.    

3.

 



Аллоген  донорға  және  оның  компоненттеріне  қарсы 

көрсетілімдерді  анықтай білу  іскерлігі. 

4.

 

Аллоген  донорға  және  оның  компоненттеріне  абсолюттік 



қарсы  көрсетілімдері  бар  аллоген  донорлар  мен  оның 

компоненттерінің  және  тұлғалардың  тіркелімін  құра    және 

жүргізе  білу  іскерлігі.   


 

5.



 

Стационарлық  және  көшпелі  жағдайларда  аллоген  донор 

қанын және оның компоненттерін дайындай білу іскерлігі.   

6.

 



Донорлардың 

аллоген 


компоненттерін 

 

шығаруды 



ұйымдастыра білу  іскерлігі.   

7.

 



Аллоген  донор  қанының  және  оның  компоненттерінің 

инфекциялық  және  иммунологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету  технологияларын қолдана білу  іскерлігі.     

8.

 



Қанның  аллоген  компоненттерінің  қорын,  соның  ішінде 

сирек және әмбебап топтардың қорын жасай білу іскерлігі.   

9.

 

Қанның  аллоген  компоненттерін  және  қан  препараттарын  



шығару  кезінде  сапаны бақылауды ұйымдастыра білу  іскерлігі. 

10.


 

Аллоген  донор  қанын  және  оның  компоненттерін, 

препараттарын  сақтау,  тасымалдауды  ұйымдастыра  білу 

іскерлігі.   

11.

 

Клиникалық  трансфузиология  мәселелері  бойынша    қан 



өнімдерінің  тұтынушыларына  әдістемелік  және  практикалық 

көмек  көрсете білу  іскерлігі.   

12.

 

Трансфузиялық  терапия жүргізу  кезінде: 



-

 

қан тобы және адамның резус тиістілігі; 



-

 

 тұрақты емес антиэритроцитарлы антидене скринингі; 



-

 

реципиент  пен  донор  қанының  жеке  үйлесімділігіне  сынау  алу 



иммуногематологиялық  зерттеу  жүргізе  білу  іскерлігі.    

13.


 

Иммуногематологиялық  зерттеу  жүргізу  кезінде  сұйық 

моноклоналды  реагенттер  мен  стандартты  эритроциттерді 

пайдалана білу  іскерлігі.   

14.

 

Иммуногематологиялық  зерттеу  жүргізу  кезінде  колоналды 



агглютинация технологияларын пайдалана білу  іскерлігі. 

15.


 

Аллоимунизациясымен  реципиентке    жеке  таңдау  немесе 

арнайы құрамында эритроциті бар трансфузиялық ортаны таңдау  

жүргізе  білу  іскерлігі. 

16.

 

Инфекцияны  уақтылы  анықтай  білу  және  анықталған 



инфекциялық  аурулар  (шұғыл  хабарландыру)  туралы    бейінді 

маманға  немесе  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  органға  

ақпаратты ұсына білу   іскерлігі. 

Білімі: 

1.

 



Қанның,  эритроциттердің,  лейкоциттердің,  HLA    жүйесінің, 

антигендердің  физиологиясы  -    (лейкоцитарлы)  гистологиялық 

үйлесімділіктің  антигендердің бас кешені. 

2.

 



Қан  ұю,  гемостаза,  тыныс  алу  және  қан  айналым  жүйесінің 

анатомиясы мен физиологиясы.  

3.

 

Су-тұз  балансының,  қышқылдың  негізгі  жай-күйі  және 



оттегінің  түсу балансының физиологиясы. 

4.

 



Иммуногематология,  АВО  жүйесінің,  Резус  жүйесінің, 

адамның басқа да  топтық жүйесінің  негіздері.   

5.

 

Адам қанының тобын  диагностикалаудың заманауи әдістері. 



6.

 

Трансфузиядан 



кейінгі 

иммунологиялық 

конфликтінің  

туындауының патофизиологиялық  тетіктері. 

7.

 

Донор  қанында    гемотрансмиссивті  маркелерінің  заманауи 



диагностикасы. 

8.

 



Қан және оның компоненттерінің донациясы процесінде және 

одан кейін туындайтын асқынулар. 

9.

 

Донор қанын  дайындау кезіндегі  сыртқы ортаның жағдайы. 



 

10.



 

Донор  қанын,  консервіленген  ерітінділерді    жинауға 

арналған жүйелердің сипаттамасы. 

11.


 

Донор қанының компоненттерін алу принциптері. 

12.

 

Инфекциялық  аурулардың,  ауруханаішілк  инфекцияның 



клиникалық белгілері.. 

13.


 

Инфекциялық  ауруларды  және  ауруханаішілік  инфекцияны 

анықтау,  шұғыл  хабарландыруды  беру  кезінде    НҚА 

талаптарына сәйкес әрекеттер алгоритмі. 

14.

 

Қан компоненттерінің сипаттамасы. 



15.

 

Донор қаны компоненттерін алу және дайындау әдістері  . 



16.

 

 Донор 



қанының 

және 


оның 

компоненттерінің  

иммунологиялық  және  инфекциялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету үшін   қан компоненттерін арнайы өңдеу әдістері. 

17.

 

Қан  жасушаларын  криоконсервілеу  әдістері  (эритроциттер, 



тромбоциттер) . 

18.


 

Донор  қанының  компоненттерін  өндіру  кезінде    сапаны 

басқарудың  қолданбалы тәсілдері. 

19.


 

Қан қызметі  саласындағы  денсаулық  сақтаудағы  НҚА. 

20.

 

Қан  доноры  мен  оның  компоненттерін  ұйымдастыру 



принциптері.  

2 еңбек функциясы 

Ауто- немесе қанның 

аллоген 


компоненттерінің 

есебінен гемостаза 

факторларын  түзеуді 

және/немесе қанның 

жасушалық 

компоненттерінің 

тапшылығын 

толықтыруды талап 

ететін  жағдайлар 

кезінде   

пациенттерді емдеу 

үшін  донорды және 

оның компоненттері 

мен препараттарды 

клиникалық қолдану. 

Іскерлігі  мен дағдылары: 

1.

 



Трансфузиялық 

терапия 


тактикасын 

анықтау 


үшін 

клиникалық және зертханалық деректерді   бағалай білу  іскерлігі.    

2.

 

Ауто  донорлық  қанды  және  оның  компоненттерін  операция 



алдында дайындауды жүргізе  білу  іскерлігі.     

3.

 



Аутоқанның  интраоперациялық  дайындалуын  жүргізе  білу, 

соның  ішінде  автоматтандырылған  жүйені  қолдана  отырып 

реинфузия  жүргізе  білу  іскерлігі. 

4.

 



Клиникалық  трансфузиология  мәселелері  бойынша  қан 

өнімдерінің  тұтынушыларын  әдістемелік  және  практикалық 

көмек  көрсете білу  іскерлігі.   

5.

 



Трансфузиялық  терапия жүргізу  кезінде: 

-

 



қан тобы және адамның резус тиістілігі; 

-

 



тұрақты емес антиэритроцитарлы антидене скринингі; 

-

 



реципиент  пен  донор  қанының  жеке  үйлесімділігіне 

сынау алу иммуногематологиялық  зерттеу жүргізе  білу  іскерлігі.    

6.

 

Иммуногематологиялық  зерттеу  жүргізу  кезінде  сұйық 



моноклоналды  реагенттер  мен  стандартты  эритроциттерді 

пайдалана білу  іскерлігі.   

7.

 

Иммуногематологиялық  зерттеу  жүргізу  кезінде  колоналды 



агглютинация технологияларын пайдалана білу  іскерлігі. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал