ТҰран өркениеті – Қазақ Өркениетінің негізі



жүктеу 154.32 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі154.32 Kb.

ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ –

 

ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ

 

 



Б.Ш.

 

Батырхан 



PhD докторы,

 

 



Абай атындағы ҚазҰПУ

 

 



"Жердi ұстап тұрған үш тiрек бар, олар –Тұран, Иран жəне Ұрым (Рим)" 

(Көне дəуiрден қалған сөз)

 

 



Əлем тарихына көз жүгіртсек,

 

ұзын сонар  уақыт шексіздігінде адам тұрмақ бүтін  елдер мен  кезінде 



əлемді  аузына  қаратқан  алып  империялардың  тарих  бетінен  жоғалып  кеткенін  байқаймыз.

 

Дүние 



жүзіндегі  елдердің  қай-қайсысының  тарихына  үңілсеңіз,

 

олар  басқыншылардың  жеміне  айналмас 



бұрын  өз  ішінен  рухани  құлдырауға  ұшырап,

 

біртіндеп  тарих  қойнауына  сіңіп  кеткен.



 

Ғылым  мен 

білімнің  ұшар  шыңына  көтеріліп,

 

дамудың  кемеліне  жеткен  бұл  мемлекеттерді  тарихтан  мүлдем 



сызып  тастауға  болмайды.

 

Егер  олай  етер  болсақ,



 

бізде  соның  кебін  киеріміз  хақ.

 

Өткенін  ұмыту 



айықпас  кеселдің  вирусын  жұқтырғанмен  бірдей.

 

Асқынып  кетсе  емі  табылмай  тағдырдың  басқа 



салғанына мойынсұнбастан басқа шара жоқ.

 

Бүгінде  ақыл мен білім иелік құрған заманда отаршыл 



мемлекеттер  осы  кеселді  өзге  мемлекеттерге  қару  етіп  пайдалануда.

 

Кеңестер  кезіндегі  саяз 



тарихымыз  осының  куəсі  емес  пе?

 

Қазақстан  тарихының  жұқа  оқулығы  КПСС-тің  етжеңді  том-том 



тарихының жанында жəутеңдеп тұратын.

 

Сол  кезде Қазақстан  деген ел  Орта  Азия кіндігін  аяқасты 



жарып  шықты  ма  деп  ойлап  қаласыз.

 

Осы  жұқа  тарихта  қазақты  ғылым,



 

білімі  дамымаған,

 

жазу-


сызуы  жоқ  кең  даласын  кезіп  көше  берген  көшпенділер  деп  оқытты.

 

Бұл  менсінбеушілікті  келешек 



ұрпақ  бойына  сіңіруге  тырысты.

 

Осылайша  қазақ  елін  тілі  мен  дінінен  айырып,



 

ата-тегінен  қол 

үздіруге  жанталасты.

 

Алайда,



 

ата-тектен  қол  үзу  рухани  құлдырауға  алып  келетінін  алып  империя 

сезіне  алмады.

 

Міне,



 

осының  салдарынан  ыдырап  тынды.

 

Тарихтың  осы  көрінісі  сан  мəрте 



қайталанса да адамзат одан сабақ алар түрі жоқ.

 

Бүгінгідей өркениет қанат жайған кезде тамырымыз 



тарихын  тереңге  жіберген  сайын  ойымыз  бен  өміріміз  тереңдей  түседі.

 

Сол  үшін  де  алыстай 



жаздаған өткенімізге сəл де болса мейіріммен қарағанымыз жөн.

 

 



Тарихта мəдениет пен өркениеттің үрдісін Қытайдан,

 

Үндістаннан,



 

Мысырдан бастау алып,

 

Батыста 


дамыды деген ұғым бар.

 

Ал сонда бізде өркениет болмаған ба деген заңды сауал туады.



 

Өркениет 

болу үшін –

 

экономика,



 

ғылым саласымен қатар мəдениет,

 

өнер,


 

жазу-


 

сызу...


 

болуы шарт.

 

Ал,


 

бізде 


осының бірі болған жоқ  па?

 

Кезіндегі тас  емес  алтын сарайда өмір сүрген бабаларымыз жəне  оған 



куə  археолгиялық  қазбалар  кезінде  табылған  қалалар  .

 

Тіпті  кейбір  қалаларда  су  құбырлары 



жүргізілген деген деректер бар.

 

Отырарда болған ірі кітапхана,



 

Ұлы Жібек жолы,

 

ХІІ ғасырдың екінші 



жартысы мен ХІІІ ғасырдың басында Мұхаммед Текешұлының теңгелері,

 

Əл-Фараби,



 

Иасауи сынды 

ғұламалар  осылардың  бəрі  біздің  өркениетіміздің  жоғары  сатысын  айғақтайды.

 

Сонымен  қатар,



 

үні 


сонау  көне  заманнан  естілетін,

 

Ұлы  даланың  мəдениетінің  жоғары  болғанын  дəлелдейтін  Орхон-



 

Енесей жазбаларының адамзат үшін құндылығы бір төбе.

 

Қазақстанның əр жерінде табылған тасқа 



қашап жазылған жазбалар бабаларымыздың төл жазуынан хабар берсе керек.

 

Тіпті Шыңғыс ханның 



өзіне  жазу  үйреткен  Тата-тұнға  елінің  қайғысы  мен  ерлігін  тасқа  жыр  қылып  жазып  өлмес  мұра 

қалтырған  Тоныкөктің  ұрпағы  еді.

 

Егер  бұл  дала  өркениет  дамуынан  кеш  қалған  болса  осы 



айғақтарды қайда қоямыз?

 

 



1960  жылы  Жетісу  жеріндегі  «Алтын  қорғаннан»  табылған  сақ  жауынгері,  1970  жылы  Есіктен  табылған 

«Алтын адам», 1999 жылы Атырау облысынан табылған «болат қылышты Алтын адам», 1998 жылы Шығыс 

Қазақстаннан  қазып  алынған  патша  ғибадатханасында  жерленген  13

 

ат  əбзелімен...



 

Тізе  берсек  тізіле 

беретін  археологиялық  қазбалардың  əрқайсысы  тұнып  тұрған  тарих,

 

оларды  пайдалану  арқылы  өлі 



тыныштықта  жатқан  өткенімізді  тірілтіп  ғана  қоймай,

 

өзгелерге  дəлелдей  алмай  жатқан  тарихымызды 



айшықтап беруге мүмкіндік туар еді.

 

Əлем таныған Атилланы,



 

Мысыр пирамидаларынан кем түспейтін Іле 

өркениеті  аталып  кеткен  Есік  қорғандарын,

 

бес  мың  жылдық  өткені  бар  Тұран  империясы  неге  тарихта 



тұншығып жатыр.

 

Осы тарихи шындықты əлем сахнасына алып шыққан абзал.



 

Тамыры тереңде жатса да,

 

тарихқа тың тақырып болып қосылған Тұранды тірілтіп,



 

оған деген өз жақындығымызды қалай дəлелдей 

алмақпыз.

 

Бірі –



 

түркілердің тұрағы дегеннен шықты десе,

 

енді бірі –



 

оған күмəн келтіреді.

 

Қалай десекте,



 

тарих  жылжыған  сайын  Тұран  елесі  көмескіленіп,

 

ақиқат  алыстай  береді.



 

Тек  бір  шындық,

 

əлем 


тарихшылары мен зерттеушулері Тұранның тарихта болғанын,

 

оның орналасу территориясы қазіргі Орта 



Азия кіндігі екендігін іштей түйсінеді,

 

мойындайды.



 

Өйткені,


 

олар оны жоққа шығару арқылы бүкіл адамзат 

тарихына  балта  шабылатынын  біледі.

 

Тұран  атауы  өткені  тереңнен  бастау  алатын  халықтардың 



тарихымен астасып жатыр.

 

Егер оны



 

өшірсе,


 

өзі де бірге кетеді.

 

 

 



 

 

101



 

Тұранды адамзат тарихы мұрағатынан сілкіп алып,

 

нақты деректермен шегелеп өркениетіміздің 



түпқазығы  екенін  мойындату  керек. «Тұран»

 

сөзінің  шығу  тегі  түркілердің  тұрағы  деген  мағына 



береді.

 

Ал  «Авестада»



 

сақ,


 

тұр  тайпалары  мекендеген  өлке  «Тұран»

 

деп  аталған.



 

Иран 


ғалымдарының  көпшілігінің  көзқарасынша,

 

Тұран  деген  «Тұр»  -



 

Феридунның  ұлы,  «ан»  -

 

парсының  көптік  көптік  жалғауы.



 

Тұран  жөнінде  əр  ел  өзінің  ұпайына  тартып  өзінше 

пайымдайды.

 

Қалай десек те,



 

осының бəрінің логикалық түйіні оның тарихта болғанына саяды.

 

Ол  миф  емес.



 

Егер  миф  болса,

 

əлем  елдерінің  тарихында  Тұран  атауы  қайдан  жүрер  еді?



 

Сондай-ақ,

 

елімізде  бұрыннан  келе  жатқан  Қазақстандағы  Тұран  ойпаты,



 

Тұран  шөлі  деген 

географиялық атаулар шығуы түп-төркінінде осындай негіз жатса керек.

 

 



Тұран  жөніндегі  нақты  деректерді  Ұлы  даланың  өзі  дəлелдеп  береді.

 

Бұрын  табылған,



 

қазірде  табылып 

жатқан құнды археологиялық қазбалар тарихшылар мен зерттеушілердің дайын азығы десе де болғандай.

 

Əттең,



 

киелі далада үн жоқ,

 

əйтпесе бəрін айтар еді.



 

Ақын-жырауларымыз  жырлап кеткен,

 

бабаларымыз 



тасқа  жазып  кеткен  қайран  тарихқа  ұрпақтары  тіл  бітіре  алмай  келеді.

 

Осыдан  30-50



 

жыл  бұрынғы 

Ə.Марғұланның  Қарағанды  мен  Жезқазған  өңiрiне  жасаған  экспедициясы  кезінде  табылған  “Бегазы-

Дəндiбай” мəдениетi кезіндегі алып ғимараттарды iс жүзiнде Тұран патшасы Афрасиабтың (Франграсйан) 

жетi  бағаналы  сарайының  прототипi  болуы  мүмкін.  «Алыптың  немесе  мықтының  үйi»  секілді 

ғимараттардың  төбесiн  тiреп  тұрған  бағаналар  (подпорки),

 

шынында  да,



 

Франграсйанның  жер  асты 

сарайының  төбесiн  тiреген  жетi

 

бағанасы  секілді.



 

Мiне,


 

осыны  негізге  ала  отырып  Тұранның  орналасу 

ортасын  зерттеуге,

 

оны  жоқтың  арасынан  суырып  алуға  мүмкіндік  туар  еді.



 

Осы  табылған  қазбалар 

ғасырлар  бойы  сары  даланың  астында  үнсіз  жатты.

 

Бүгін  көзі  ашыла  бастаған  ұрпағына  өздерінің 



өркениеттің  ұлы  үрдісін  қалағанын  көрсету  үшін  ояна  бастағандай.

 

Олар  біздің  алтын  тамырымызды 



осылай айғақтамаса болмайтынын сезгендіктен,

 

ұрпақтарына рух беру үшін жер бетіне шығып жатқандай 



əсер  береді.  1987

 

жылы  табылған  Арқайым  ескерткіштері  Тұран  елінің  əлемдік  өркениеттің  ұштығы 



болғандығын дəлелдейді.

 

Ежелгі Тұранда адамзат алғаш рет метал мен метал өндіру,



 

қола,


 

темір,


 

болат 


өндірісін  меңгерді.

 

Экономикасы  да  қарқынды  дамыды.



 

Үй  жануарларын  асырау,

 

метал  өндірісінің 



құпиясын  меңгеру,

 

керамиканы  пайдалану,



 

дөңгелекті  қару-жарақ  құралдары,

 

көрнекті  сəулет  өнері,



 

қала 


салушылық  секілді  сан  саланы  меңгерген  дамудың  жоғары  сатысына  жеткен  мемлекет  болды.

 

Осы



 

ғажайып елдің тұрғындары еш жерден ауып келген келімсектер емес,

 

осы Ұлы даламен жан-тəні тұтасып 



кеткен көк тəңірлі түркілер екені дəлелденген.

 

Түркияның философы əрі социологы Зия Гекалп (1876-1924



 

ж.)


 

Тұран жөнінде: «Түрктертердің отаны –

 

Түркия емес,



 

Түркістан емес ол –

 

ұлы да мəңгілік өлмес Тұран 



мемлекеті» -

 

деген екен.



 

 

Сары  дала  төсінде  сары  алтынды  сарайда  мекендеген  мықты  империяларлардың  бірі  болған 



Тұран елі шығысында –

 

Қытайға,



 

батысында –

 

Румға жəне Мысыр мен Үндіге ықпал еткен алып 



династия.

 

Тұран өркениеті өз заманының озық үлгісі  болды.



 

Оның өндіріс пен өркендеуде  биік 

шыңға жетуі жан-жағындағы мемлекеттерге қауіп төндіріп тұрды.

 

Сол кезеңде мұндай дəрежеге 



кез-келген мемлекет жете бермеді.

 

 



Орналасқан  территориясы,

 

жоғары  деңгейдегі  дамуы,



 

өзге  елдер  əдебиетіне  əсері  Тұранның 

алып ел ғана емес,

 

өз заманының алдыңғы қатарлы өркениет үлгісі екендігін көрсетеді.



 

 

Тұран туралы əдебиетте қандай деректер бар?



 

Тұран туралы тарихқа қарағанда,

 

əдебиетте деректер көп 



кездеседі.

 

Оның  ең  көрнектісі  Иранның  ұлы  ақыны  Фирдоусидің  «Шахнамасы».



 

Ол  өзінің  жаһанға  əйгілі 

«Шахнамасында»  Иранды  əлемге  таныта  отырып,  Тұран  жөнінде  де  құнды  деректер  келтіреді.  Дастан 

желісі бойынша билеуші Феридун өз иелігін үшке бөлiп үш баласына үлестiредi.

 

Кiшiсi


 

Ираджға Иранды,

 

үлкен  ұлы  Тұрға  Қытай  мен  Тұранды,



 

ортаншысына  Румды  береді.

 

Екi


 

ағасы  Иран  жерiн  Ирадждан 

қызғанып,

 

оны  өлтiредi.



 

Осы  сюжет  Iнжiлде  бар  (Каин  мен  Авель,

 

Жүсiп  жəне  оның  ағалары).



 

Ирадж 


өлгеннен  кейiн  Иран  мен  Тұран  арасында  көп  ғасырға  созылған  айқас  туады.

 

Осы  тұста  елін  қорғаушы 



Рүстем  батыр  өмірге  келеді.

 

Осыдан  соң  екі  ел  арасында  бітпес  шайқастар  туындап  отырады.



 

Жеті  жүз 

жылға жуық өмір сүрген Рүстем осы жылдар арасындағы иран батырларының жиынтығы еді.

 

Ал жырдағы 



Тұран  патшасы  Афрасиаб  біздіңше  –

 

Алып  Ер  Тоңға.



 

Жоғары  да  айтып  өткеніміздей,

 

ол  ажалдан 



құтылудың  жолын  іздеп,

 

жер  астынан  мықты  сарай  салдырып,



 

ішіне  өз  күнін,

 

өз  айын,



 

өз  жұлдыздарын 

орнатады.

 

Сөйтіп  ғаламның  көшірмесін,



 

кішкентай  моделін  қолдан  жасайды.  «Жерұйық»

 

бейнесін  іздеу 



отқа  табынушы  зороастристердің  қасиетті  кітабы  «Авестада»

 

осылай  жазылады.



 

Кейінірек  мифтердің 

негізінде  Фирдоуси  «Шахнаманы»

 

құрастырғанда  Тұран  патшасы  Франграсйанды  «Афрасиаб» деп  алып, 



жоғарыдағы  айтылған  трагедияны  қайталап  жырлайды.  Қазақ  аңызындағы  Қорқыт  бабамыз  да,

 

Франграсйан  да,



 

Афрасиаб  та  (Алып  Ер  Тоңға)

 

өлімнен  қашады,



 

бірақ  құтыла  алмайды.

 

Осы  айтылған 



идеялардан шығатын қорытынды біреу,

 

ол «құтылатын»



 

немесе «тығылатын»

 

жер іздеген Франграсйан да,



 

Афрасиаб та,

 

Қорқыт та емес,



 

олардың атын ту еткен көшпелі халықтар

 

 

 



102

 


болатын.

 

Тұран  көсемі Афросиаб  жөнінде  «Шахнамада»



 

Афрасиабтың аты  естілгенде тау мен 

тас  балқиды  деп  жазады.  «Шахнамада»

 

Тұран  өлкесі  Арал  маңынан  бастау  алады  деп,



 

Тұранның


 

қалалары ретінде Саманган,

 

Испиджаб (қазіргі Сайрам қаласы),



 

Таразды айтады.

 

 

Тұран  патшасы  Афрасиаб  жөнінде  деректерді  басқа  да  көптеген  туындылардан  кезіктіруге 



болады.

 

Х ғасырда өмір сүрген аты шығысқа ғана  емес,



 

күллі əлемге  аян Жүсіп Баласағұнның 

əйгілі шығармасы «Құтты білігінде» Тұран жайлы құнды деректер бар.

 

 



Ирандықтар  «Шахнама»

 

деп  қараған.



 

Тұрандықтар  «Құтты  білім»

 

санаған-деген  жолдардан  (30сөз. 



42-бет.)

 

тамыр  алатын  ұлы  туындының  өн  бойында  Рүстем,



 

Заххақ,


 

Фаридун  (Афридун)

 

секілді 


«Шахнама»

 

кейіпкерлерінің есімдерін  айтады.



 

Жүсіп Баласағұнның бұл кітабы даналыққа  ғана толы 

емес,

 

тұнып жатқан тарих керуені. «Құтты біліктің»



 

мына бір жыр жолдарына үңіліп көріңізші:

 

 

Түркі бектерінің ішінде атын 



асырған,

 

Алып Тоңға Ер еді,



 

құты 


тасыған.

 

Білімі-даңқы ұлы көптің 



сарасы,

 

Білімді,



 

ойлы əрі халық 

ағасы Зерек,

 

дана көңілі сара,



 

сері 


еді,

 

Жұтты жалған елге тұтқа ер еді!



 

Тəжіктер оны Афрасиаб деп атаған 

Ердерге ол көп ізгілік жасаған.

 

 



Ақын өз шығармасында Афрасиабтың –

 

Тоңға Ер деп аталғанын айтып,



 

бір


 

жұмбақтың шетін қылтитады.

 

Демек,  «Шахнамада»



 

Афросиаб  аталған  Тұран  батырының  өмірде  болғанын  жəне  ақынның  оның 

характеристикалық  тұлғасын  сомдағанына  қарағанда,

 

оның  елі  үшін  еңіреген  ер  екенін  көруге  болады.



 

Тоңға Ердің «Шахнамада»

 

сөз етілгендігі туралы келесі 282 -бейітте былай дейді:



 

 

Тəжіктер де хатқа мұны түсірген,



 

Кітапта жоқ болса кімдер түсінген!?

 

 

Біз  қараңғы  санаған  бабаларымыз  бізден  гөрі  сауаттырақ  секілді.



 

Өйткені,


 

олар  сонау  тарих 

қойнауында  қалған  Тұраннан  хабардар.  1663-1763

 

жылдар  арасында  өмір  сүрген  Қожаберген 



ақын Толыбайсыншыұлы “Ата тек”

 

дастанында да біздің түп-төркінімізді Тұраннан тарқатады:



 

 

Аннас тархан бабамыз,



 

Ер Алаштың бұтағы.

 

Бiздiң қазақ бабамыз,



 

Сол Аннастың ұрпағы.

 

Алаштан əрi



 

Өгiз бар,

 

Өгiзден əрi



 

Тұран бар.

 

Кiм десеңдер тегiмiз,



 

Арғы атамыз осылар.

 

 

Əдебиет əлеміне сүңгіген сайын алдыңнан Тұран атауы кезігеді де тұрады.



 

Бұған қарап отырып,

 

Тұран адамдар санасындағы ертегі немесе аңыздардағы ғажайып қала немесе əдемі түс емес 



бұл  өмірдің  бұлтартпас  шындығы  деп  қарауымыз  қажет.

 

Археологиялық  жəдігерлер,



 

əдеби 


туындылар айғақтайтын бұл ақиқатты адамзат баласының мойындамасына шарасы жоқ.

 

 



Тағы

 

да  сол  Фирдоусидің  «Шахнамасына»



 

оралайық.

 

Өйткені,


 

шындықтың  бір  ұшы  осы  ұлы  туындымен 

астасып  жатыр.

 

Ол  Иран  -



 

Тұран  оқиғаларын  желеу  ете  отырып,

 

өзінің  ирандық  болғаны  үшін,



 

өз  еліне 

бүйрегін  бұра  жазғандығын  айтады.

 

Əйтседе,



 

мынау  жарық  дүниеде  Тұрандай  өркениеттің  болғандығын 

əлемге айтып кеткен Фирдоусиге қарызбыз десе де болғандай.

 

Мұнда тағы бір құпияның астарын сөгуге 



тура  келеді.

 

Əлемді  дүрілдетіп  тұрған  Тұран  өркениеті  сағымға  айналды,



 

ал  Иран  сол  күйі  қаймағы 

бұзылмастан  қалып  қойды.

 

Неге?



 

Бұл  сауалдың  басты  кілті  Иранның  əлі  күнге  ата-

 

тегі  мен  салт 



дəстүрінен  қол  үзбегендігінде  болар.

 

Оны  біреулер  заман  көшінен  кенжелеп  қалған,



 

ескі  жолмен  келеді 

деп  қорсынады.

 

Ал  олар  керісінше  өткенін  мақтан  тұтады.



 

Сан  ғасырлар,

 

сан  заман  өзгерсе  де,



 

мемлекеттігін сақтап келе жатуының сыры да осы болар.

 

Тамыры  тереңге кеткен алып ағашты тарихтың 



сан  дауылы  құлата  алмаған.

 

Тіпті  азулы  Америка  да  Ираннан  Ислам  төңкерісі  кезінде  бар  затын  тастай 



қашты емес пе.

 

Бұл өркениетті сақтап қалу үшін имандылықтың



 

қаншалықты маңызы зор екенін көрсетеді.

 

Сондай-ақ,



 

Тұран жөнінде деректерді əрі қарай іздестірсек,

 

сонау көне заман қойнауына



 

 

 



103

 


тереңдей ене түсесіз.

 

Кейде шындықтан гөрі өтірікті дəлелдеу оңай секілді.



 

Деректері мен айғақтары тарих 

атты терең мұхиттың түбінде тұнып жатқан Тұран шындығын алып шығу жеңіл жүк емес.

 

“Авесталық” иран 



абызына сенсек,  Тұрандық көшпенділер өз өркениеті үшін жанталасты, бірақ олардың бұл əрекеттерінен 

ештеңе  шыққан  жоқ.

 

Тұран  опат  болды.



 

Шынында  да  солай  болды  ма?

 

Тұран  опат  болғанымен,



 

оның 


генетикалық  қордасы  жойылған  жоқ.

 

Жаугершілік  заманда  аяқ-қолы  шабылған  тұрандық  соңғы  тұяғын 



“Көкбөрі”

 

құтқарды.



 

Қаншық  қасқыр  “Көкбөрі”

 

тұран  генетикалық  қордасын  əлгі  баладан  алып  Алтайға 



əкетті.

 

Алтайдағы “үңгірде”



 

немесе “Жаңа Қангхада”

 

одан туған он ұл көне генетикалық кодтың негізінде 



“жаңа  тұрандықтар  жұртын”  –

 

түріктерді  (“түрік”



 

сөзі  “түрлік”,  “тұраннан  шыққан”

 

дегенді  білдіреді,



 

мұндағы “ік”

 

көнетүрктік жұрнақ не жалғау ғана)



 

қалыптастырды.

 

 

Ал,



 

қазақ  ауыз  əдебиетіндегі  «Алпамыс  батыр»,  «Көрұғлы»

 

секілді  жырларда  «Шахнамада»



 

кездесетін  батырлар  есімдері,

 

жер-су  аттары  бар.



 

Күллі  қазаққа  мəлім  «Ер  Төстік»,  «Құла 

мерген»

 

сюжеттері тарихи элементтерге бай.



 

Белгілі ғалым Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының 

тарихы»

 

кітабында  (122-123-бет)  былай  дейді:  «  ...Құламерген  Қарабек,  Асылбек  деген 



батырлармен  бірлесіп  Иран  –  Тұран  соғысына  қатысады.»  -

 

деп  жазады  Яғни,



 

бұл  екі  ел 

арасындағы  байланыстың  болғанын  көрсетеді.

 

«Көрұғлыда»  Иран-Тұран  соғыстары  жөнінде 



материалдар бар. Осы айғақтар Тұранның аңыз емес, шынайылығын көрсетсе керек.

 

 



Иранның  Шираз  қаласы  маңындағы  ежелгі  тарихи  мекен  Тахте-Жəмшидте  (Персеполис)

 

болғанымызда 



жол  сілтеуші  ескі  қаланың  қабырғаларында  салынған  бейнелерді  таныстырып  жатты.  «Мынау  –

 

африкалық елші,



 

мынау –


 

мысырлықтар...

 

ал мынау қай елдікі екені белгісіз.



 

Əйтеуір,


 

Орта Азиядан келген 

елшінің суреті.

 

Олар өте алып империя болған деседі.



 

Иран оларды жылы қабылдап,

 

пікірлерімен санасып 



отырған.»

 

Анықтап  қарасам,



 

құдды  «Алтын  адам»

 

секілді  киінген  сақ  жауынгерінің  суреті.



 

Басында  үшкір 

дулығасы,

 

үстінде  сауыты  бар.



 

Бұл  кезінде  Ұлы  даланы  тұлпарының  тұяғымен  дүрілдетіп  өткен  ата-

бабамыздың  мəңгілік  бейнесі.

 

Əр  елдің  тарихында  жылт  етіп  көрінген  алып  Тұран  өркениетін  жинақтап,



 

оның  тарих  белесіндегі  өз  деңгейіне  көтеруіміз  қажет  деп  ойлаймын.

 

Сан  ғасырлық  тарихы  бар  Тұран 



өркениеті салмақты зерттеулерді қажет етеді.

 

Біз жақтан тиянақты зерттеле қоймаса да,



 

өзге елдерде бұл 

мəселе  терең  талданып  келеді.

 

Иранның  əйгілі  ғалымы,



 

Иран  мен  Тұран  тарихының  білгірі  Фаридун 

Джунайдидің пікірінше,

 

Тұран жөнінде сөз қозғау –



 

Қазақстан туралы айтумен бірдей.

 

Бұған дəлелді шумер 



жазбалары,

 

археологиялық  қазбалар,



 

тіпті  Фирдоусидің  «Шахнамасынан»  табуға  болады.  Тұран 

тарихының  көзі  ежелгі  Иран  тарихы,  соның  ішінде  авеста  мен  пехлевий  мəтіндерінде  жатыр.  «Нағыз 

тұрандықтар сіздер –

 

қазақтар екендіктеріңізді ұмытпағандарыңыз жөн.



 

Соны мақтан тұту қажет.

 

Мен қазақ 



топырағын  алғаш  аттағанда,

 

Афрасиаб  қандай  керемет  елді  басқарған  деген  сезімде  болдым»  –



 

дейді 


аталмыш Иран ғаламы.

 

 



Тұран  жөнінде  қалам  тербеу  тек  бір  ғана  зертеушінің  ісі  емес.

 

Оған  тарихшылар,



 

аудармашылар,

 

əдебиетшілер,



 

археологтар  үлес  қосу  қажет.

 

Сөйтіп,


 

бұл  мəселені  жабыла 

жүріп  көтеріп,

 

əбден  пісіріп  алу  заман  талабы.



 

Сондай-ақ,

 

өзге  елдердің  білгірлерінде  осы 



тақырып төңірегіне топтастып,

 

олардың пікірлерімен санасып,



 

тарихына үңілген де артықшылық 

етпейді.

 

Тұранды  шығыс  өркениетінің  озық  үлгісі  ретінде  көрсете  отырып,



 

батысқа  өзімізді,

 

өткенімізді  таныстыра  білсек  деген  ойдамын.



 

Бұл  Елбасының  ұйытқы  болуымен  жүзеге  асып 

жатқан «Мəдени мұра»

 

бағдарламасына қосқан зор үлес болар еді.



 

 

Ал,



 

Тұранды  мифологияға  айналдырып  жібергісі  келгендер  жоғарыда  айтып  өткендей,

 

ұлттың 


өзін-өзі  тануына  жол  бермейтін  отаршылдардың  ғылыми  əдісі.

 

Тарихы  бертіннен  бұдан  2800



 

жыл  бұрынғы  кезеңнен  Ежелгі  Грециядан  басталатын  Европа  үшін  өзінен  терең  тарих  жоқ 

секілді  жəне  де  дүниежүзіне  солай  көрсеткісі  келеді.

 

Егер  оларда  дəл  біздікіндей  əр  тасында 



күбірлеген  тарих  жатса,

 

алтын  қорғандар  мен  сарайларда  тұрған  алтын  адамдар  табылса,



 

күрек тиген жерден алтын мен күміс төгілсе қандай күйге түсетіні бір Аллаға ғана аян.

 

 

Əйгілі  данышпан  Нострадомус  өз  жазбаларында  біздің  ғасырымызда  жаңа  мықты  өркениетті  ел  бас 



көтеретінін,

 

ол  басқа  жерде  емес,



 

Азияда  болатынын  айтып  кеткен екен.

 

Осы сəуегейліктен соң  жаныңа 



үміт оты ұшқындайды.

 

Үміт деген өз-өзін төменшіктетіп,



 

қорсынып жүрген осы буынға аса қажет-ақ.

 

 

Жүрегі ұлтым деп соққан əр азамат Тұран өркениетін санасына сіңіру арқылы өз мемлекетінің болашағын 



көз

 

алдына  елестету  керек.



 

Ата-тегінен  қол  үзіп,

 

тілін,


 

дінін  ұмытып  болдым-толдым  деп  астамшылыққа 

бой  ұрып,

 

ақыры  сағымға  айналған  мемлекеттер  қаншама.



 

Алла  содан  сақтасын.

 

Тұранды  тану  арқылы 



біріншіден,

 

тегімізді  білеміз,



 

екіншіден,

 

ұлттық  рухымызды  оятамыз,



 

үшіншіден,

 

жаһандануға  жұтылып 



кетпесімізге  сеп  болады.

 

Тоныкөктің  жазбаларында  «Бектердің,



 

халқының  ымырасыздығына,

 

табғаш 


халқының тепкісіне,

 

арбауына көнгендігінен,



 

інілі-


 

ағалы жауласқандығынан,

 

 

 



104

 


бекті –

 

халқының дауласқандығынан түркі халқы елдігін жойды,» -



 

деп жазады.

 

Ұрпағына мəңгілік сабақ болсын 



деп  тасқа  қашап  жазып  кетті.

 

Ұлы  даланың  тас  кітаптарындағы  жазбаларды  киіз  кітапқа  түсіруде  біздің 



ғалымдарымыз өлшеусіз тер төгу керек.

 

Тарих өшпейді,



 

керісінше болашаққа із салып кетеді.

 

 

Əдебиеттер:



 

 

Назарбаев Н.



 

Ə.

 



Тарих толқынында. –Алматы:

 

Атамұра, -1998.



 

 

Омаров Е.С.



 

Краткая история казахской цивилизации –

 

Алматы:


 

Арда, 2005

 

 

Фирдоуси «Шахнама»,



 

С.Хамидян,

 

Тегеран, 2000



 

 

Ж.



 

Баласағұн «Құтты білік»,

 

Алматы, 1986



 

 

Бурханов К.Н.,



 

Султанов Б.Г.,

 

Аяган Б.Г.



 

Современная политическая история Казахстана (1985-2006

 

гг.).


 

 

–Алматы, Издательский центр Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. 2006.



 

 

Қойгелдиев М.



 

Алаш қозғалысы. -Алматы:

 

Санат, 1995. –368



 

б.;


 

 

Ұлттық саяси элита.



 

Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ-ХХ ғғ.)

 

Зерттеулер. –



 

Алматы.


 

Жалын, 2004. -400

 

б.

 



 

Қоңыратбаев Ə.

 

Қазақ фолклорының тарихы,



 

Алматы, 1991.

 

 

Келімбетов.Н.



 

Ежелгі дəуір əдебиеті,

 

Алматы, 1994.



 

 

Ауанасова А.



 

Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. –

 

Алматы:


 

Қазақ университеті, 2001. – 260

 

с.;


 

Махат Д.


 

Қазақ зиялыларының қасіреті. –

 

Алматы: “Сөздік-



 

 

Словарь”, -2001.



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал