ТҰран баспасы Алматы 2010



жүктеу 4.8 Kb.

бет8/19
Дата15.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
жамап,  жартымызды  бүтіндей  білсек,  Алла  алдындағы  аманатымыздың 
орындалары  хақ.  Сол  үшін  де  жақсылығымызды  асырып,  жамандығымызды 
жасырады деп алдыңызға әдейі келіп отырмыз, – деп сөз бастады.  
Ма  Буфаң  қалталы  жаралған  отты  жанарын  Елісханға  сығырайта  қадады. 
Осыдан  бұрын  да  ол  жайлы  жақсы  білетін  еді.  Тіпті  бұлардың  бет-жүзін 
көрмей-ақ  Шың  Шысай  жіберген  жеделхатты  да  тапсырып  алғаны  бар.  Онда 
мынадай  жолдар  бар  еді:  «Құмыл-Баркөл  өңірін  шулатып,  ата-бабасынан 
қарақшылықты  кәсіп  еткен  Елісхан деген  сұмпайы  елді  бұзып, Гансу-Чиңхай 
жаққа  кетіп  барады.  Бір  елге  сыймаған  адамның  екінші  елге  сыятынына 
сенбеймін. Бір адамға опасыздық жасаған адам екінші адамға опалы болмайды. 
Біріміз  Шынжаңды,  біріміз  Чиңхай-Гансуды  қолымызда  ұстағанымызбен, 
бағынышты еліміз біреу, Жаң Кайшы мырзаның құзырында қызмет етеміз. Сол 
үшін де үкімет әскерін қырып салып, өзге өлкеге қашып кеткен бұзақыларды 
тезірек жазалап, келген іздерімен қайтаруыңызды сұраймын». 
Шың  Шысайдың  хаты  осылай  жазылғанмен,  Ма  Буфаң  оған  қуанбаса, 
ренжіген жоқ.  
Баяғыда  Кеңес  Одағының  қарулы  күштерін  көмекке  шақырып  алып,  Ма 
Жұңиың бастаған дүңген армиясын қынадай қырған Шың Шысайдың есіміне 
өздерінің  жетідегі  баласынан  жетпістегі  қариясына  дейін  әбден  қанық 
болатын.  Енді  бір  жағынан  айбат,  сес  көрсеткендей  етіп  жазған  хатының 

астарында бейшаралық пен қорқыныш жатқанын сезді. «Шоқ, бәлем, өзіңе де 
сол керек еді, қайта қаныңды судай шашпаған екен» деп ойлаған. 
Атағы бүкіл елді шарпып, есімі ерте қанық болған Елісханға Ма Буфаң ұзақ 
оймен қарап отырып осы хатты есіне алды. «Жап-жас жігіт екен ғой. Жүзінен 
де  ондай  бір  қанқұйлылықтың  нышаны  аңғарылмайды.  Әлде  қазақ  деген  бұл 
халықтың  беті  жылмағай  болғанымен,  арамдығы  астарында  көмулі  жата  ма? 
Көздері  құтырған  қасқырдыкіндей  қып-қызыл  болып,  қанға  толып  тұр  екен. 
Бүгін  бізге  тұмсығын  тығып  кіріп  алып,  ертең  қанымызды  ішкісі  келіп 
жүрмесе болды ғой», – деп ойлады. Жанарын жыпылықтата, қысқа кірпіктерін 
қағып-қағып алып: 
–  Елісхан  батырдың  атына  әбден  қанықпын.  Шың  Шысай  деген  зұлым 
қытай,  ол  мұсылман  халықтарына  жақсылық  істеп  көрген  жоқ,  –  деді.  Осы 
орайда Елісхан да өз көзқарасын білдіріп қалғысы келді: 
–  Мәселе  оның  кәпірлігінде  емес,  жауыздығында.  Кәпірдің  ішінде  де 
мұсылманға  бергісіз  кәпір  бар.  Мұсылманның  ішінде  де  кәпірге  алғысыз 
мұсылман бар, – деп аз кідірді. 
Бұл сөз Ма  Буфаңның ішін қыж еткізді: «мына неменің тілі удай екен, өзі 
қытайшаны  қалай  жатық  сөйлейді,  ә?!»  деп  ойлады.  Елісхан  сөзін  ары 
жалғады: 
–  Біз  сізді  мұсылман  деп  қана  емес,  Алла  деген  адал  жүрекпен  әділетті 
жақтаушы  деп  іздеп  келіп  отырмыз.  Мүмкін  болса  қосынымызды  сайлап, 
жасақ  топтап  жаумен  қайта  соғысуымызға  көмек  көрсетсеңіз  екен.  Тозып 
кеткен  халқымызды  қанатыңыздың  астына  алып,  қайырымдылық  жасасаңыз 
екен. 
Ма  Буфаң  бұл  ұсынысты  жек  көрмесе  де,  мұсылмандығына  бола  бұған 
бірден  жасақ  сайлап  беруді  қаламайды.  Күндердің  бірінде  жаралы 
жыртқыштай  артына  қарай  қайырыла  тап  берсе,  не  болмақ.  Сондықтан 
шыжымдап қана аралық тастап, алыстатпай да, жақындатпай да ұстағанымыз 
жөн деп ойлады. 
–  Әрине,  –  деді  Ма  Буфаң  қоңырқай  жүзіне  күлкі  шақырып,  –  орынды 
талап,  бірақ  Елісхан  мырза,  білесіз  бе?  Армияңыз  болу  үшін  кем  дегенде 
әскери  жаттығудан  өткен  үш-төрт  жүз  сайлауыт  жауынгеріңіз  болу  керек. 
Қазірше жасақ саныңыз толмайды.  
Айтарын айтса да, Елісханның қызыл шырайлы өңіне, өзіне тесіле қадалған 
отты  жанарына  қаймыға  қарап,  «бұларды  бірден  құр  қол  қайтарсам  өзіме 
сенімі кетер» деп түйді. 
–  Елісхан  мырза,  ең  жақсысы,  көшіп  келе  жатқан  еліңіздің  бас-аяғын 
түгендеңіз. Сізді осы елге басшылыққа тағайындайын, – деп тоқтады. 
Ол енді «мансапқа қалай қарайсың» дегендей Елісханның жүзінен қуаныш 
сәтін күтті. Алайда, Елісхан қуанған жоқ, ауыр күрсінді. Тұңғиығы терең ойлы 
жанарын  айналасындағы  ағайындарына  аударды.  Отырған  орнынан 
қозғалақтап кеткен Күркебай: 
–  Ойбай-ау,  Елісхан,  мырза  ұлыққа  рахметіңізді  айтыңыз.  Сіз  ел 
басқарсаңыз,  халықтың  қамы  деп  жұмыс  істейсіз.  Қазақтардың  ғана  емес, 

мұсылман  дүниесіне  қормал  болған  Ма  төраға  аман  болса  көзіміздің 
ашылатынына шүбә жоқ, – деп қолын қусырып, иіле берді.  
Ма  Буфаң  енді  аңғарды.  Елісхан  бәріне  сабырмен  қарайды.  Оған  мансап-
мәртебе,  атақтың  әсер  ете  қоюы  екіталай.  Ал  қасындағылар  қалақтай  мансап 
десе  қалбақ  қағып  ұшады.  Биліктің  бір  пұшпағын  ұстатсаң  болды,  өзіңе  құл 
болуға,  басқаны  құл  көруге  дайын  тұрады  екен.  Ол  болмашы  езу  тартты. 
Мұнысы  қарсысындағы  қазақтардың  осалдығын  бірден  байқаған  құпия 
қуанышы еді. Сол жымиысын бұларға мейірімді күлкі ретінде көрсеткісі келіп:  
–  Жалғыз  Елісхан  мырза  ғана  емес,  бұл  кісінің  қол  астында  жұмыс 
атқаратын кісілерді де мансаптан құралақан қоймаспыз, – деп қормалсыды.  
Енді қалай болар екен деп отырғандарға жағалата қараған оған  Елісханнан 
басқасының жүздері жылына қалғандай көрінді. 
Ма  Буфаң  келгендерге  арнайы  қонақасы  бұйыртқан  екен.  Елісхандар 
дастарқанға  енді  отыра  бергенде,  қайдан  келгені  белгісіз,  Құмыл  аймағының 
бұрынғы уәлиі Жолбарысбек кірді. 
Әсілінде,  Ма  Жұңиың  заманынан  тартып  дүңгендермен  әмпей-жәмпей 
болған  Жолбарысбек  бір  мезет  Құмылды  өз  уысында  ұстаған  еді. 
Жолбарысбектің  Құмыл  өңіріндегі  бет-беделінің  күн  сайын  артып,  күшейе 
түсуінен  қатты  алаңдаған  Шың  Шысай  оны  өз  құшағына  тарту  мақсатында 
Бұрһан  Шаһиди,  Яри  қари  сияқты  лауазымды  тұлғаларды  сый-сияпатпен 
жіберіп,  оған  Құмылдың  әкімдігі  мен  әскери  істерін  басқаруды  қатарынан 
тапсырған  болатын.  Дегенмен  де,  мұның  астарында  Шың  Шысайдың  оны 
уақытша  алдарқата тұру  саясаты  жатқан  еді.  Кейін  келе Шың Шысай  Құмыл 
шекарасын  бекемдеу  желеуімен  екі  полк  әскер  жіберіп,  Жолбарысбекті 
тізгіндеуге  кіріседі.  Тіпті  орайы  келсе,  оның  көзін  құртуды  да  қарастыра 
бастайды. 
Мұны  сезген  Жолбарысбек  дүңгендермен  болған  ескі  тамырлығын  медеу 
көріп Құмылды тастай салып Чиңхайға қарай қашты. Ма Буфаңмен дос болып, 
оның  таныстыруымен  Нанжиң  үкіметін  паналап,  Жаң  Кайшы  мырзаның 
назарына ілікті. Бұл кезде Жаң Кайшы мырза Шынжаң жағдайына, әсіресе, күн 
сайын  күшейіп  бара  жатқан  Шың  Шысайдың  дара  билігіне  алаңдай  бастаған 
еді.  Сондықтан  да  үлкен  жағынан  мемлекеттің  ішкі  тыныштығын  сақтағысы 
келгенімен,  екінші  жағынан,  Шың  Шысайға  қарсы  топтардан  өзіне  қолғанат 
боларлық ықпалды адамдарға да зәру болатын. Сол үшін де ол Жолбарысбекті 
бірден  гоминдаң  әскери  істер  комитетінің  ақылшы  генералдарының  бірі  етіп 
тағайындады. Оны Шынжаңдағы тұрғылықты халықтың көпшілігін құрайтын 
ұйғыр ұлтының белді өкілі ретінде қарап, қалайда қажетіме жарайды деп сенді.  
Әрі  жаңа  қызметке  отырғыза  салып  Шынжаңдағы  ұйғырлар  мен 
қазақтардың  ушыққан  мәселелеріне  барлау  жүргізіп,  олардың  нақтылы 
жағдайын  иелеп  қайту  тапсырмасымен  Гансу  өлкесіне  жұмсады.  Бұл 
ұсынысты  қуана  қабылдаған  Жолбарысбектің  де  көкейінде  күшіктеп  жатқан 
талай  ойлары  бар  еді.  Мүбәда  Шың  Шысайды  Шынжаң  билігінен  кетіріп, 
мұсылман  халықтары  ырықты  орынға  шығар  болса,  өлке  тізгінін  ұстауға 
жарамды  бірден-бір  адам  өзіммін  деп  ойлайтын.  Осы  тұрғыдан  Шың 

Шысайдың биліктен кетуіне тілектес болып қана қалмастан өзінің ұйғырларын 
ғана емес, дүңген мен қазақты да қолыма қондырсам деген ішкі есебі де  жоқ 
емес.  
Гансудың  Жючуанына  келген  Жолбарысбекті  Ма  Буфаңның  өтініші 
бойынша,  қосын  бастығы  Ма  Букаң  арнайы шақыра барғанда,  ол  өтініштерін 
екі етпей, тізгін ұшында жетті. Дастарқан үстінде де емін-еркін көсіле сөйледі: 
–  Мен  мұсылман  қарулы  күштерінің  қауқарын  білейін  деп  келіп  едім. 
Аллаға шүкір, Ма Буфаң мырзаның қуатты қосынын көріп марқайып отырмын. 
Оған, міне, Елісхан батыр бастаған қазақ бауырларымыз қосылып жатыр екен. 
Мынау  батыстарыңызда  Шығыс  Түркістанның  ежелгі  астанасы  Қашқарды 
орталық  еткен  қалың  ұйғыр  халқы  жатыр.  Демек,  дүңген,  қазақ,  ұйғыр  –  үш 
ұлтты  тірек  еткен  мұсылман  түркілерінің  қосынын  құрып,  бізді  құлдықта 
ұстағысы келген Шың Шысай секілді зұлымдармен алысуға күш-қайратымыз 
әбден  жетеді  деген  сөз.  Шың  Шысай  сыртқа  күпиіп  көрінгенімен  іс  жүзінде, 
шірік томарға айналды. Түбін қазып, бір тепсең-ақ құлап қалады. Көріністе ел 
иесі  сипатымен  айбарлы  көрінгенімен  өзгенің  жерін  отарлап  отырғандықтан 
ондайлар  тамырсыз  қаңбақ  сияқты.  Шынжаң  деген  атаудың  өзі  оларша  жаңа 
өлке деген сөз ғой. Жердің ежелгі иесі түркі мұсылмандары болғандықтан, өз 
жерімізге  өзіміз  иелік  етуіміз  ата-бабамыздың  арман-мұратын  орындағандық 
болмай  ма.  Біз  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарғанда  ғана  кәпірлерді 
жеңе  аламыз.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ең  әуелі  мұсылман  бауырластарын 
бауырына  тартып,  мейір-шапағат  көрсетіп  отырған  Ма  Буфаң  мырзаға  көп 
рахмет.  Сіз  мұсылман  інілеріңізді  сыйласаңыз,  Алла  сізді  сыйласын.  Бәріміз 
бір  Алланың  құлымыз,  бір  Пайғамбардың  үмбетіміз.  Егер  Ма  Буфаң  мырза 
атты  әскерлер  қосынын  топтап  кәпірлерге  қарсы  соғыс  ашатын  болса,  бүкіл 
мұсылман халқы қолдайды. Гансу, Чиңхай, Шынжаң – үш өлкені иелеп алу оп-
оңай  болар  еді.  Күндердің  күнінде  Дихуаға  жорыққа  шығатын  болсақ,  бүкіл 
елді  бастап,  кеудемді  оққа  ұстауға  мен  де  дайынмын.  Алда-жалда  Шынжаң 
билігінің  бір  шетіне  ілініп  жатсам,  Шың  Шысайдан  тепершік  көріп, 
босқындық күй кешіп жүрген қазақ бауырларымды ең алдымен өз мекендеріне 
орналастырып,  алаңсыз  өмір  сүруіне  жағдай  жасар  едім.  Сол  үшін  де  істеген 
ісімізге  Алла  сәтін  берсін.  Бәріміз  бір  мұсылман  үшін,  дін  Ислам  үшін 
күресейік! 
Асқа отырған халайық күбірлесе толқып кетті. Бірталайы: «иншАллаһ» деп 
шүкіршілік  білдірсе,  енді  бір  тобы  «Аллаһуакпар»  деп  зікір  салып  күңіренді. 
Тағы  бірнешеуі  «әмин»  деп  бет  сипасып  жатыр.  Ма  Буфаң  болса 
Жолбарысбектің Елісхандардың үстіне үлгеріп келгеніне ерекше қуанды. 
Топты  адам  аттанарда  сыртқа  шығып,  арнайы  суретке  түсіп  естелік 
қалдырды.  
Бұл 1938 жылдың 22 желтоқсаны еді.  
Осы өлкеге бірінен кейін бірі келіп жатқан қалың елге бұл хабар тез тарады. 
Әр төбенің басында тұмақтары шошаңдап сирек көзге түсетін осы бір көшпелі 
қауымның ауызша агентіне сөз берсең, оған ешбір техниканың күші жетпейді. 
Жаңадан  көшіп  келіп,  жұртын  күреп,  керегесін  жайып  үлгермеген  ел 

адамдарын  оңашалаған  Күркебай  Елісхан  жайындағы  әңгімені  әрлендіре 
жеткізіп: 
– Сіздер білесіздер ме, жоқ па, білмеймін. Елісхан Ма Буфаңға көп алтын-
күміс, қымбат бағалы аң терілерін тарту етіп, үлкен мансапқа ие болды. Оның 
ойы  тасбикеге  ғана  билік  жүргізу  емес,  осы  келе  жатқан  қазақтың  бәрін  қол 
астыма  жинап  бер  деп  жатыр,  –  дегенді  сыбырлап  үлгерді.  Өсек  десе  өрттей 
қаулата жөнелетін әлгі агенттің жел ауыз ақпаршысының бірі: 
–  Елісханның  бізді  мұнда  алдап-арбап  көшіріп  әкелгендегі  ойы  сол  болса 
жетіскен  екенбіз.  Керек  десеңдер  сол  Елісханға  тасбикенің  өзі  толық 
бағынайын деп  тұрған  жоқ.  Алдымен ана  Адубай ағасын айтқанына көндіріп 
алсын. Кімнің кім екенін әлі көрерміз, – деп үзеңгілерін шіреністі. 
Ендігі жерде бәрі де жапырыла келіп Ма Буфаңға сәлем беріп жатты. Абай 
Баркөлге  алғаш  келгенде  оған  қалай  бас  ұрғандықтарын,  кейін  одан  құтыла 
алмай  жанын  аузына  тістеп  қашқанын  ұмытып  қалған  бұл  топ  сонысын 
қайталады.  Ақтарылмаған  теңдер  мен  ашылмаған  сандық-кебежелердің 
түбіндегі барын қойындарына жасырып, Ма Буфаңнан мансап дәметті. 
Біреуіне  «үкірдай»,  біреуіне  «тәйжі»  деген  мансап  берсең  болды,  екі  етегі 
далақтап еліне қарай шаба жөнеледі. Сол аты бар, заты жоқ қуыршақ биліктің 
құдіретімен  өз  қарамағындағы  қандастарынан  азын-аулақ  мал  жинап  алады. 
Сосын төрінің алдына шалқая жантайып: 
– Шың Шысай бермегенді Ма Буфаңнан көрдік. Қанша дегенмен мұсылман 
ғой, – деп шіренеді. 
Алыстан арып-аршып, қансоқта болып әзер жеткен көш осылайша әркім өзі 
қолайлы деген жерін таңдап қонып жатыр. Қазірше олардың басын қосу қиын 
сияқты. Баркөлде жүргенде тентектер қанша шашау шықса да астаудай таудың 
қойны-қонышынан  ұзап  кете  алмайтын.  Мұнда  келіп  өздерін  еркін  сезіне 
бастаған  елдің  бір-біріне  бағынатын  түрі  жоқ.  Жергілікті  халықпен  де 
санасқысы  келмейді.  Қай  жер  иен,  түңкелі  көрінсе,  керегесін  сонда  апарып 
жаяды.  Алды  Чиңхайдың  ортан  беліне  дейін  жетсе,  арты  Гансудың  ұлтанды 
бөлігін басып жатыр. 
Осыларды ойлаған Елісхан мұңнан арыла алмаған жүдеу кескінін даланың 
самалына  тосып  аз  тұрды  да,  үйіне  қайта  кірді.  Бірі  құман  ұстап,  бірі  төр 
алдына  аю  терісін  жайып,  құрақ  ұшқан  қос  жұбайы  бұның  көңілін  таппаққа 
бәйек болып жүр. 
 
* * *  
Қазақтардың бір жерге жиналмай, тұс-тұсқа бытырай жөнелгеніне көріністе 
күйінгендей көрінген Ма Буфаң іштей қатты қуанды. Әсіресе  Елісханның ана 
жолы «жасақ топтап берсеңіз» деген сөзі ішін түйнеп жүретін еді. «Ол жасақты 
топтап алып Шың Шысаймен соғысты дейік, оны жеңсе Ма Буфаңға не пайда 
бар.  Қайта  көршілес  өлкені  тыныштандыру  үшін  Жаң  Кайшы  мырза  бәрібір 
өзін  жұмсауы  әбден  мүмкін.  Мүбәда  жеңіліп  қалса  ше.  Жеңіліп  қалса  қайта 
келіп  мұның  қолтығына  тығылады.  Жай  ғана  тығыла  салмайды.  Мұсылман 
бола  тұра маған  көмек  көрсетпедің,  сол  себепті  жеңіліп  қалдым  деп ызалана, 

долдана  келеді.  Тіпті  жауығады.  Сөйтіп,  өзі  жасақтап  берген  қосын  өзіне 
қастық сайлайды». 
Қазақтардың  бытырай  қоныстануын  олардың  күшінің  әлсірегені деп білді. 
Ендігі  мәселе  олардың  астындағы  атын,  қолындағы  қаруын  алу  екенін  де  тез 
аңғарды. Ма Буфаң аттандырған шабармандар ең әуелі тұс-тұсқа шауып, елдің 
санақ тізімін алды. Қай жерде қанша түтін отыр, олар кімдер, кімде қанша мал, 
қанша жан бар, қаншасында қару бар – осының бәрін қағазға түсірді. 
Дәл осы кезде бір-біріне жау болып келген Гоминдаң аталатын қара қытай 
мен  компартия  туын  көтерген  қызыл  қытайлар  ымыраға  келіп,  Жапонға 
бірлікте  қарсы  тұру  науқанын  көтерген  еді.  Бұл  үндеу  Ма  Буфаңның 
қазақтардың  қол-аяғын  қырқуына  жақсы  орай  жаратты.  «Қазір  Жапон 
басқыншыларына  қарсы  соғыс  кезеңі,  әскери  ат  төтенше  қажет,  сондықтан 
үкімет  қазақ  аттарын  жоғары  бағада  сатып  алады»  деген  желеумен  қазақ 
ауылдарының мініс аттарын қидай сыпырды. 
Ол  елдің  қолындағы  атын  алу  арқылы  бір  оқпен  екі  қоян  атты.  Атап 
айтқанда,  «Шынжаңдағы  мұсылман  халықтарды  азғырып,  көп  жұртты  өзіне 
көшіріп  алды»  деген  жаладан  аулақ  болу  үшін  өзінен  жоғары  ұлықтарға 
«қашқын  қазақтарды  жазалау  үшін  атын  сыпырып  алып,  олардың  бұлап-
талауының,  жалғасты  дүрбелең  тудыруының  алдын  алдым»  деген  мәлімет 
берді.  Осы  арқылы,  бір  жағынан,  Жаң  Кайшы  тобындағыларға  жақса,  екінші 
жағынан, қазақтарды: «Сендерден алынған аттардың басым көпшілігі Жапонға 
қарсы  соғысқа  көмекке  жіберілсе,  бір  бөлімі  мұсылман  қарулы  күштерін 
топтап  кәпірлерден  қорғануымыз  үшін  пайдаланылады»  деп  алдаусыратты. 
Анығында,  осы  аттар  арқылы  өз  жасағын  барынша  бекемдеп,  ішкі-сыртқы 
жаулардан сақтануға сақадай сай тұрды. 
Ма  Буфаң  қазақтарды  одан  ары  тізгіндеп  ұстау  үшін  көштің  қомақты 
бөлігін өзі белгілеген аймақтарға доғарып, Сайдамның батыс бөлігінде жарым 
аудандық билік жүйесіндегі «Ұйырхын қазақтарды басқару мекемесін» құрып, 
оған  Ма  Чиянлу  деген  дүңгенді  бастық  етіп  тағайындады.  Ол  Тәйжінұр, 
Хылогу, Зұңжа, Балұң өңіріндегі қазақтарға билік жүргізді. Сайдамның шығыс 
бөлігінде  «Сака  қазақтарды  басқару  мекемесін»  құрып,  оған  Ма  Жұңшияу 
деген дүңгенді  жауаптандырды.  Әр  екі  өңірдегі  қазақтар өз  жерінде  ғана  мал 
бағып, өзі бағынышты орынға ғана алман-салық тапсыратын болды. 
Бірінші  қол  билікті  ұстаған  дүңген  атқа  мінерлері  Күркебай  секілділерді 
орынбасарлыққа  алды.  Әрі  алман-салық  жинауға  қазақтардың  өзін  жұмсап 
отырды. Жарым аудан есебіндегі осы екі басқару мекемесінен жинап алынған 
бір мың бір жүз сәйгүлікке разы болмаған атқа мінерлер алман-салық үшін деп 
елдің  қолында  бар  ілікке  жарайтын  нәрселерінің  бәріне  көз  сатып,  оларды 
қанқақсататын болды. 
Шың  Шысайдың  апанынан  қашып  келіп,  Ма  Буфаңның  қақпанына  түскен 
қазақтар  бір  мезет  есін  жия  алмай  есеңгіреп  қалды.  Дала  тағыларының 
әдетімен  бастабында  бірін-бірі  жатырқай,  жаулықпен  үрпиіскен  көршілес 
моңғол,  таңғыттармен  де  тіл  табысып,  бір-біріне  жанашырлық  білдіре  бастап 
еді,  онысы  да  ұзаққа  бармады.  Қол  астындағы  ұлттар  мен  ұлыстардың  бір 

ауыздылығынан  өлердей  қорқатын  баянсыз  биліктің  басындағылар  қара 
бастарының қамы үшін халықты ойыншық қылғысы келді. 
Ма Буфаң қазақ жағына келіп: 
–  Бұл  араның  негізгі  иесі  –  кәпірлер  емес,  мұсылмандар.  Сондықтан 
олардың  алдарында  мүсәпірсіп,  мүләйімсімеңдер.  Кәпірлердің  алдында 
мүсәпірсіп  тұрсаңдар  Алла  да  сендерді  жек  көреді.  Бәріміз  бір  Алланың 
құлымыз,  бір  ғана  Мұхаммед  пайғамбардың  үмбетіміз.  Біз  Аллаға  ғана  бас 
иеміз. Мынау байтақ мұсылман даласының жемісі сендерге ғана тән! – деді. 
Ал моңғолдар мен таңғыттарға барып: 
–  Осы  жерде  ата-бабаларыңның  басы  жатыр.  Кіндік  кесіп,  кір  жуған 
атамекендеріңде отырып кімнен қорқасыңдар. Қазақтар қанша мықтымыз деп 
шіренгенімен,  бәрібір  қашып  келген  босқын  ел.  Ал  біз  бәріміз  бір  бұлақтың 
суын  ішіп, бір  таудың  бауырында,  төсекте басымыз,  төскейде  малымыз  бірге 
болған  етене  бауырлармыз.  Өз  жерлеріңді,  өрістеріңді  қорғауға  өздерің 
жауапты  болыңдар.  Біз  бәріне  араласа  бермейміз.  Ал  мүдделеріңді  қорғау 
негізінде  олардың  малын  қусаңдар,  адамын  таяққа  жықсаңдар,  сендердің 
жақтарыңда болатынымыз естеріңде болсын! – дегенді құлақтарына құйды.  
Сөйтіп,  күндіз  күлкі,  түнде  ұйқыдан  айырылып,  бірін-бірі  аңдитын  қанды 
барымта басталды. 
Бұл  аз  болғандай,  сонау  артта  қалған  алыс  аймақтардан,  Алтай  мен 
Баркөлден сұмдық хабарлар келе бастады. 
– Шың Шысай өткен жылы Алтайдан Төлеуғазы, Шабдан, Сәлім, Қамбар, 
Найманғазы деген ерлерді ұстаған екен. 
–  Қамбар  мен  Шабдан  арғы  беттің  қаратайы  Әбдікәрім  болыстың  ұлдары 
емес  пе!  Шың  залым  алтынның  сынығы  мен  асылдың  қиықтарын  да  құртып 
жатыр десеңші... 
– Ол былтырғы ұстағандары ғой. Биыл да арт-артынан ұстап жатыр дейді. 
Мәңкейден жігіт өтуші ме еді. Баяғыда Алтай аймақтық уәли мекемесінің бас 
хатшысы  болып  тұрған  кезінде  Баркөлге  келіп,  тасбикенің  асын  шып-
шырғасын  шығармай  басқарып  берді  емес  пе.  Алтай  аймағының  дутыңы 
Шәріпхан  Шың  Шысайдың  пәрменін  жеткізесің  деп  арнайы  жіберсе  де 
сабазың  сыр  білдірмеді  ғой.  Арғы  атасы  Көкен  Алтайдағы  қасиетті  төрт 
орынның бірі еді. Шың Шысай олардың да түбіне жеткен екен ғой. 
–  Жалғыз  ғана  Мәмидің  Мәңкейі  емес,  Қалел  Бітімшіұлы  бастаған  талай 
адамды ұстаған көрінеді. 
– Шың Шысай жақында ғана «моңғол, қазақ, қырғыз құрылтайын» ашамыз 
деген  желеумен  Шынжаңның  жер-жерінен  үш  ұлттың  сорпа  бетіне 
шығарларынан  үш  жүзге  жақын  адамды  шақырып  алыпты.  Қазірше  бірде-
біреуі қайтпаған көрінеді. 
– Шың зұлым Дихуаға барғандарды қашан қайтарушы еді. Баркөлден ұстап 
кеткен он сегіз адамнан да ешкім қайтқан жоқ, бәрінің түбіне жетті. 
–  Құрылтайға  шақырылғандардың  ішінде  Шәріпхан,  Әлен,  Бұхат,  Мұқаш 
бар  дейді.  Баяғыда  Елісхан  Шәріпханға:  «Шың  Шысай  жауызға  сенбеңдер. 
Қазір  алақандай  мансаппен  шырғаға  тартып  отырғанымен  ертең  қолыңдағы 

қаруыңды  алып,  бағындырып  алған  соң  өздеріңе  ауыз  салады.  Тұқымыңды 
тұздай құртады» деп еді. Айтқаны дәл келген екен ғой. 
– Пәленің бәрін Елісханға жауып, бастарың ауырып, балтырларың сыздаса 
соны  сөгуші  едіңдер.  Құмалақтарың  құйрықтарыңа  батқан  соң  тәубеге  келе 
қалыпсыңдар ғой. Көшпей қалған болсаңдар Шың Шысай ендігі талайыңның-
ақ  түбіңе  жететін  еді.  Талайыңның  басың  оның  қанжығасында  кетер  еді. 
Шіркін,  Елісхан  соның  бәрін  күні  бұрын  білген  екен  ғой.  Қайран  елі  үшін 
жаралған сол ердің қадірін білмедік-ау. 
–  Оның  рас.  Білмедік,  білгіміз  де  келмеді.  Қолдағы  алтынымызды  аялай 
алмадық.  Мұнда  келгеннен  кейін  де  басымызды  біріктірмекші  болып  көп 
жүгіріп еді. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей, жан-жаққа тартып 
бағынбадық  қой.  Өзіміз  де  оңбаймыз.  Соның  алғашқы  сыбағасын  татып,  Ма 
Буфаңға мазақ бола бастаған бейшара халіміз мынау. 
–  Біз  таудың  бергі  бетін  көрсек,  ол  арғы  бетін  де  көре  алатын  сұңғыла 
жаралған  жан  ғой.  Оның  айтқанының  келмегені  бар  ма.  Алла  берген  бір 
қасиеті  бар  шығар.  Мынау  алмағайып  заманда  бағы  жанбай  жүргені  болмаса 
ана  мен-менсіген  боқмұрын  Шың  Шысай  мен  мына  жаман  дүңгеннен  он  есе 
артық. Қазақтың көсемі етіп ел басқартса бәлем, шып-шырғасын шығармас еді. 
Осыны  айтқан  қазақтар енді-енді  есін жиямыз ба дегенде әуелі  астындағы 
атын, онан соң қолындағы құралын алған Ма Буфаң тағы бір сұмдықты ойлап 
тауып,  олардың  балаларына  ауыз  салды.  Қазақтың  сегіз  жастан  жоғарғы  ер 
баласын оқыту деген атпен Шиниңге жинады. Ма Жыңго деген жасақ бастығы 
отыз шерігін ертіп алып үй-үйді тіміскіледі. 
– Үш түтінге бір бала міндет. Қайдан тапсаңдар одан табыңдар. Балалардың 
кішкентайлары оқу оқиды. Ересектері әскери өнер үйренеді. Бұл біз үшін емес, 
өздерің үшін керек, – деп жар салды. Кейбір бала бергісі келмеген бай ауылдар 
кедейлердің  баласын  малға  айырбастап  алып,  өз  баласының  орнына  жіберіп 
жатты. 
Бір  жолы  Қамет  деген  жігіттің  жеті  жастағы  баласын  сүйрелей  жөнелді. 
Әйелі бала көтере алмай жүріп, мойнына бұршақ салып отырып Алладан тілеп 
алған жалғыз ұлы еді. 
– Баламыз жетіде ғана. Тым құрыса, сегізге толған жоқ. 
–  Үкіметтің  жарлығы  солай.  Жетісі  не,  сегізі  не,  екеуінің  ара  парқы 
небәрібір ғана жас. Биыл жетіде болса, келесі жылы сегізге шығады. 
–  Оқытамыз  деп  алып  кеткен  алдыңғы  балаларды  жырғатып  жатқандарың 
белгілі.  Қабырғасы  қайыспаған  шикіөкпелерді  жұмысқа  салып  отырсыңдар. 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал