ТҰран баспасы Алматы 2010



жүктеу 4.8 Kb.

бет14/19
Дата15.09.2017
өлшемі4.8 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
 
 

келгенде  Шынжаң  өлкелік  үкіметтің  жоралығына  тағайындалған.  Қайын 
жұрты  да  осал  емес,  қаракөктің  ұрқы  Жәйірдің  Мамырбек  төресі.  Ханымы 
Қадуан да билік сырмағының бір шетіне жанасалап жүретін адуын адам.  
Ал Түркістанның әкесі Алтай төңкерісін бастаушылардың бел ортасындағы 
Ноғайбай  Аушыұлы  болса,  ағасы  көтеріліс  көсемдерінің  бірі  Ырысхан 
Ноғайбайұлы  болатын.  Әкесі  өткен  жазда  жау  оғынан  мерт  болса,  ағасы 
қастандықпен у беріп өлтірілген. Ру жағын қуғанда «бұқа қарағаны бір үйлік» 
деп мәтелдейтін керейдің ұлтанды бөлігін ұстайтын Жәнтекей атаның баласы. 
Сөйтіп,  бұл  келгендер  бір  жағынан  қарағанда  ел  адамдары,  енді  бір  жағынан 
Алтай төңкерісінің тоқтағанына тірі куәгерлер.  
Өткен  жылы  «құрылтайға»  шақырылғандардың  ішінде  Шың  Шысайдың 
зұлымдығына  қарсы  шығып,  оның  айтқанына  көніп,  айдағанына  жүргісі 
келмеген  Шәріпхан  төре  бұл  күндері  «мырзақамақ»  атымен  Дихуаның  тас 
түрмесінде  жатыр.  Ел  төресін  кепілдікке  алған  Шың  зұлым  қазақты  қазаққа 
айтақтап,  Алтайдағы  көтерілісті  тізгіндеуде  мақсатыма  жеттім  деп  біліп,  бұл 
жолы да елдің басты адамдарын әдейі жұмсаған еді. 
Олар Дихуадан ұшаққа отырып Чаршанның әскери әуежайына қонып, одан 
Чақылық  арқылы  Шынжаңға  шекаралас  Гәс,  Темірлік  өңірінде  отырған 
Тұңғышбай, Ғабдел, Сабырбай, Салақиттан, Құсайын ауылдарына келіп жетті.  
Бұл 1940 жылдың қараша айы болатын. 
Осы кезде ел ішінде әртүрлі алып-қашпа әңгімелер тарап жатты. 
– Алтайда Есімхан, Ырысхан, Оспан бастаған қазақ қолы Шың Шысайдың 
әскерін қойша қырыпты. Ол малғұн өзінің қолына көзір ретінде ұстап отырған 
елбасыларына  қайын  атасын  қосып  Алтайға  жіберіп,  жалынып-жалпайып 
жүріп  соғысты  әзер  тоқтатқан  екен.  Қазақ  батырлары:  «түрмедегілер 
босатылсын.  Қазақтар  өз  жеріне  өздері  иелік  етсін.  Қытайлар  кетсін.  Алман-
салық  жеңілдетілсін,  соғысқандардан  жауапкершілік  қузастырылмайтын 
болсын»  деп  айбар  көрсетіпті.  Әншейінде  болса  бәрін  «қырам-жоям»  деп 
байбалам салатын Шың Шысай залым, құйрығын бұтына қысып, бәріне мақұл 
болыпты.  Көтерілісті  тоқтатуға  еңбек  сіңіргендерді  ұсақ  мансаппен  алдап, 
«ауған  елді  де  қайтарып  аламын,  олардың  бірде-біріне  тиіспеймін»  деген 
көрінеді. 
– Қап, әттеген-ай! Кәпірлер қашан шындығын айтушы еді. Олар жыланның 
аяғын  көрген  аяр  қауым  ғой.  Бетіңе  күліп  тұрып  артынан өз  білгенін  істейді. 
Ешқашан аямайды. Шың Шысайдың өтірік уағдасына сенетін бала болдыңдар 
ма.  Ол  сонау  отыз  екі,  отыз  үшінші  жылдардан  бері  халықты  қаншама  рет 
алдады.  «Шың  Шысай  тұрғанда  қазаққа  жақсылық  жоқ»  деп  Елісхан  бекер 
айтты  дейсің  бе.  Ол  залымның  көзі  жоғалмайынша  бәрімізге  күн  жоқ.  Амал 
қанша  соғысты  бекер-ақ  тоқтатқан  екен.  «Құс  жаңылып  торға  түседі»  деген 
осы шығар. Әттең сұмырайлар... 
–  Жақында  ғана  Мұқай,  Зәки  бастаған  отыз  шақты  үй  Шынжаңның 
Шақылығына кіріп Шың Шысай оларға шалың
11
 берген екен. Дәлелхан, Әлен, 
Түркістандар бізді көшіріп аламыз деп келіпті. 
                                                 
11
  шалың – тұрмыстық көмек 

–  Бүгін  бәріне  мақұлбай  болып  отырған  қытекең  ертең-ақ  бірден-бірден 
қылғып жұта салмаса болды ғой. Кеше ғана Дәлелханшылап Шың Шысайдың 
үгітін  айтып  келген  Шәріпхан  қайда?  Шың  Шысай  оған  қазы-қарта  беріп 
қонақасыдан шығармай отыр деймісің. Тас зынданның түбінде көзі жылтырап 
отырған шығар. «Өлетін бала – бейітке қарай жүгіреді» деп Дәлелхан да ақыл 
айтқыш  бола  қалған  екен.  Бізді  көшірем  дегенше,  Қылаң  атасының  басын 
жоқтап алмай ма! Қытай екені шын болса, ертең-ақ бұның да екі аяғын көктен 
келтірер. 
– Бұларда не жазық бар дейсің. Айтқандыкін ақыл, әміршінікін мақұл көріп 
келіп  отырған  жоқ  па.  Онсыз  да  Алтай  мен  Баркөлдегі  ел  басқарған 
жемқорлардың  елден  алатын  алман-салығының  орны  толмай,  қарыны  ашып 
қалған шығар. Шың Шысайды қаншама жауыз десек те адам ғой. Қазақтардың 
оның жынын қағып алғаны шын болса, жүрегі шайлыққан болар. Енді тиіспеуі 
де  мүмкін.  Елісханға  жете  алмай,  Ма  Буфаңнан  кете  алмай,  қанды  қасапқа 
ұсталғанша кәпір де болса Шың Шысайға тартқанымыз жөн сияқты. Өлсек те 
туған жердің топырағын жамылып өлеміз ғой. 
 Екі  жақтың  адамдары  бір-бірімен  іштей  арбасса  да  құшақтай  көрісіп, 
сағынысқандарын білдіріп жатты. Ақсарбас қой, көкқасқа тай сойылып, өткен-
кеткен  әңгіменің  тамыры  қопарылды.  Әленнің  жасы  үлкен  болса  да  көп 
шешіліп сөйлемейді екен. Әңгіменің көбін Дәлелхан шертіп отырды: 
–  «Құс  ұшпас,  құлан  жортпас»  дегендей,  мына  құмды  қара  адырларға 
қарағанда  Алтай  мен  Баркөл  жер  жәннаты  ғой.  «Адасқанның  айыбы  жоқ, 
қайтып  үйірін  тапқан  соң»  деуші  еді  үлкендер.  Туған  жерден  артық  не  бар. 
Кіндік  кесіп,  кір  жуған  атамекендеріңіз  Шынжаңға  қайта  көшкендеріңіз  жөн 
болар  еді.  «Жарылғанды  жау  жейді,  бөлінгенді  бөрі  жейді»,  елден  кетіп, 
жерден  кеткендегі  жұмақтарыңыз  осы  ма?  –  деп,  сөз  салмағын  үлкендерге 
бұрды. 
Бұл сөз тіркіс шалдардың біріне жақпай қалса керек. Төтесінен кетті: 
–  Е,  қарағым,  айтқаның  жөн  ғой.  Ауған  елдің бәрі  жұмақ  іздеп  кетсе  атаң 
Ақтай  Алтайдан  ауғанда  Қобдадан  жұмақ  табам деп  кетті  ме.  Егер  Қобдадан 
жұмақ тапса, сенің Алтайға айналып нең бар еді. Әділсіз патшаның әңгір таяғы 
арқамызға батқан соң, қара қазан сары баланың тілеуі үшін тентіреп жүргеміз 
жоқ па. Тойып секіріп жүргеміз жоқ, тоңып секіріп жүрміз. Жердің жұмағын 
емес,  елдің  тыныштығын  іздеп  жүрміз.  Құмның  арасына  тығылып,  құланның 
етімен  жан  сақтап  отырған  түріміз  мынау.  Аталы  ауылдың  баласы  болып 
тұрып,  жауыңның  алдына  барып  бас  ұр  дегеніңе  біз  қалай  көнеміз!  –  деп 
тоқтады.  Дәлелхан  да  бұл  сөзге  бірден  жығылғысы  келмесе  де,  үрке  қарап 
отырған елді, одан ары «үркітіп алмайын» дегендей жұмсақтай сөйледі. 
– Үлкен тау боранымен күшті, үлкен ұлық орамымен күшті. Алланыкі әмір 
болғанда,  патшаныкі  уәжіп  деген.  Патшамыз  қытай  болған  соң  билігіне 
бойұсынбай  амалымыз  жоқ.  Біз  де  солардың  айтқанын  орындаушымыз, 
мақсатымыз  елге  –  елді,  жағаға  –  жеңді  қосып,  елдестіру  болмақ.  Егер  олар 
зұлымдық ойлап отырса, ол жағы бір Аллаға аян. Ал бізде бөтен ниет жоқ. Не 
                                                                                                                                                                
 

көрсек  те  өз  жерімізде  отырып  бірге  көрейік  дегенім  ғой.  Рұқсат  болса  жол 
бойы  сіздерге  арнап  жазып  ала  келген  бір  өлеңімді  оқып  берейін,  –  осыны 
айтқан Дәлелханның ақсары өңіне күлкі үйіріліп, отырғандарға жымия қарады. 
– Оқи ғой, оқы, қане, – деп елеңдесті кәрілер жағы. 
Дәлелхан атжақты басын кекжите, сом тұлғасын шалқайтып, қоңыр үнмен 
күмбірлей жөнелді: 
Көкшетау, мұнарланған көлің қайда, 
Құлпырған масатыдай жерің қайда. 
Сай-сала көрікті жер малға толған, 
Баласы он екі абақ елің қайда? 
 
Тігілген алты қанат ордаң қайда
Мәйегі арылмаған қордаң қайда. 
Дос-жарлар бір-бірінен қалап алар, 
Шаң шыққан табанынан жорғаң қайда? 
 
Ел қайда, мекен қайда, туыс қайда, 
Бақ қайда, байлық қайда, ырыс қайда? 
Айырылып осы айтқанның барлығынан, 
Жүргеннің шалғай жерде несі пайда?... 
Отырғандардың  бәрі  үнсіз  тұнжырап  қалды.  Көкорай  шалғыны  белден 
келетін, арқырап аққан асау өзен, қалың қарағайлы қаптал, жұпар иісі аңқыған 
жасыл жайлау  – бәр-бәрі көз алдына келіп, кеңсіріктері ашыды. Кіндік кесіп, 
кір  жуған  атамекенге  деген  ыстық  сағынышы  қоздап,  жанарларынан  мөлдір 
тамшылар домалады. 
– Шіркін, Алтай... 
– Шіркін, Баркөл... қасиетті далам-ай, – деген күрсіністі күбірлер талайдың 
қабырғасын сөкті. 
Бұл  күйзелісті  ысырып  тастағысы  келгендей  Тұңғышбай  бір  жөткірініп 
алып сөйлеп кетті. Үнінде аздап жарықшақ бар. 
–  Қарағым,  айтқаның  жөн  ғой.  Сендер  де  үкіметтің  пәрменімен  келіп 
отырсыңдар. Кінә сендерде емес, Шың зұлымға сенім жоқ. Ол талайдың түбіне 
жетті. Әлі талайдың түбіне жетеді. Бізді алдап-сулап бір апарып алса, көзімізге 
көк шыбын үймелете салу оған түк емес. Біз түгілі, қарақтарым, өз бастарыңа 
абай  болыңдар!  Дәм-бұйрық  қайдан  болса  топырақ  сонан.  Оның  бәрі  жалғыз 
Жаратушының  қолында.  Онсыз  ешкім  ешқандай  болжау  айта  алмайды. 
Үкіметтің  саясаты  –  түпсіз  қара  судың  жылымы  сияқты.  Беті  білінбей 
жарқырап жатады да, жалғыз-ақ күнде шүңетіне тартып жоқ қылады. Қазірге 
дейін  осы  үкімет  үшін  жүгіріп  ұшпаққа  шыққан  ешкімді  көрмедік.  Естеріңде 
болсын,  оларға  қанша  адалдық  көрсетсеңдер  де,  сенбейді.  Сендердің 
орындарыңда  жүгіріп  жүрген  Баймолла  қайда,  Шәріпхан  қайда?  Бүкіл  бір 
тайпа елді ғана емес, алты Алашты аузына қаратқан Ақыт қажы мен Қарағұл 
залың  қайда.  Бәрі  де  тас  зынданның  түбінде  жатыр.  Ендігі,  жайын  балықтың 
жемі  болған  шығар.  Әрбіреуі  бір-бір  елдің  маңдайына  біткен  жұлдыздар  еді 

ғой.  Мезгілінен  ерте  сөніп  жатыр.  Қалғандарыңа  қайыр-береке,  тірлік  берсін. 
Жаман болсақ та аман болайық, сендер де аман болыңдар. Ақ ниеттеріңе Алла 
разы болсын. Кері көшпеді деп ренжімеңдер! 
Отырғандардың бәрі де Тұңғышбайдың сөзін қостады. 
–  Қайтейік,  туған  ел,  өскен  жерді  тастап  кету  бізге  оңай  болды  дейсіңдер 
ме. Қабырғамыздың бір қанаты сөгіліп сонда қалып қойған сияқты. Амалымыз 
жоқ,  нар  тәуекел,  шешінген  судан  тайынбайды.  Тағдырдың  басқа  салғанына 
көнеміз де. Туада пешенемізге жазылғаны осы болса, қайда қашып құтыламыз, 
– десті. 
Әсілінде, Дәлелхандар ел кері көшпесе де ел бастаған Салахиттан, Құсайын, 
Сабырбай, Тұңғышбай төрт адамның Шың Шысаймен бет екі көрісіп қайтуын 
өтінген еді. Осыған орай ендігі жауапты Құсайын айтты: 
–  Дәкей,  өзің  жөн  білетін  атаның  баласысың.  Дәл  қазір  біз  барамыз 
дегенімізбен  елдің  көшіп-қонар  қауқары  жоқ.  Қарға  да  болса  халықпыз,  жер 
көгеріп, мал қоңданған соң тағы да ойласармыз. Бәріміздің де бағып отырған 
азын-аулақ  малымыз  бар.  Онсыз  да  ұры-қары  көп,  саптыаяққа  ас  құйып, 
сабынан қарауыл қарап отырмыз. Бізге еріп жүре қоймады деп өкпелемеңіздер, 
ұлығыңа дұрыстап түсіндірерсің. Келмеді дегенше келесі жылы келетін болды 
десең,  ұзын  арқан,  кең  тұсау  тағы  көрмейміз  бе.  Осы  отырған  ақсақалдар 
ақылдаса келе өзіміз бармасақ та төрт ауылға өкіл – төрт адамды тағайындап 
отырмыз. Сендерді құр қайтарғанымыз Құдайдан да ұят шығар. Әубәкір, Көки, 
Оқбай, Төре төртеуі өздеріңмен ілесіп барып, Шың Шысаймен бет екі сөйлесіп 
қайтсын.  Мынау  –  біздің  сіздерге  азырақ  сый-сыяпатымыз,  –  осыны  айтқан 
Құсайын жамбы, тайтұяқ  түйілген бір топ торғынмен бірге қасқыр, ілбіс, аю, 
түлкі  терілерін  қонақтардың  алдына  тастады.  Олардың  «алмаймыз»  дегеніне 
қарамай қоржындарына нығарлап, теңдеріне қосты. 
–  Отырған  жеріміздің  ой-қырына  дейін  әбден  біліп  алды.  Қытайдың 
әскеріне  жол  бастап  келіп,  жалғыз-ақ  күнде  басып  қалып  жүрмесін.  Кәпір 
болмаса  да  солардың  сойылын  соғып,  қазанынан  қаспақ  жегендер  ғой.  Сұғы 
қайтсын, адам түгілі үйге кірген жыланға да ақ тамызып шығаратын халықпыз, 
– деп күбірлесті әлдекімдер. 
Рақи  молданың батасынан  кейін орындарынан  тұрған  топ  бірін-бірі қимай 
құшақтап, көздерінен ыстық жасын төгісті. «Енді көре аламыз ба, жоқ па» деп 
кемсеңдеді ақсақалдар жағы. 
 
* * *  
Алтыншөкенің  басы  үш  аша  болып  келеді  де,  оңтүстікке  бет  алған  сайын 
салмалана құлаған Күнлұн тауының теріскей биіктеріне жалғасады. Одан ары 
қарай  аспанмен  бой  таласқан  таңғыт  тауының  қарлы  шоқылары  жатыр.  Сол 
шоқылардан  бастау  алып,  батыстан  шығысқа  қарай  жөңкіле  аққан  асау 
Чаңжияң дариясы айдаһардай ирелеңдеп қытай аумағын қақ жарған күйі тұп-
тура  Тынық  мұхитқа  барып  құяды.  Сол  Чаңжияңның  басын  қиып  өткен 
Елісхан  көші  Таңғыт  тауының  мұз  құрсанған  қарлы  шоқыларынан  асып 
түскенде  ағыны  қатты,  күркірей  ағып  жатқан  үлкен  өзенге  келіп  тірелді. 

Суының  лай  араласқан  қызыл  сары  түсіне  қарап  бұрыннан  атаса  керек, 
үлкендер  оны  бірден  «Қызыл  өзен»  екен  десті.  Бұл  өзен  Чаңжияңға  кері 
бағытта  шығыстан батысқа  қарай  жөңкіліп  жатыр.  Жергілікті  тұрғындар  оны 
Заказаңбо  өзені  деп  атайды  екен.  Өзенді  өлке  көрінсе  тас  тандыры  жіби 
қалатын  қазақтар  осы  араға  жете  жығылып,  қара  тұяқтары  әзер  қимылдап, 
қостарын  қалқайта  бастады.  Елісхан  елдің  бас-аяғын  түгендеп,  мынаны 
ұқтырды: 
–  Біздің  жігіттер  қай  жерде  болмасын  жергілікті  халықтардың  малына  көз 
қызартып,  содан  талай  дау,  талай  қырғын  туылған.  Сондықтан  Тибет 
үстіртінде  сарлық бағып,  жан  сақтап отырған  Таңғыттарға  тиісуге  болмайды. 
Олар  да  өзіміз  сияқты  халық.  Біздің  қойымыз  қалай  болса,  олардың  қойы  –
бағып отырған сарлықтары. Олармен жауласқанның орнына достасып, мүмкін 
болса  өз  малымызға  сарлықтарын  ауыстырып,  соны  көлік  етсек  жөн  болады. 
Олардың  малы  ауасы  сирек  үстіртке  үйренген.  Біздің  мал  ұзақ  тұрса  жұтап 
қалуы мүмкін. 
Ауылдың  үлкендері  Елісханның  сөзін  қостап,  Бөкенің  осы  өңірге  алғаш 
келген кезіндегі бір әңгімесін айтып берді. 
–  Баяғыда  Бөке  ауылы  осы  өзеннің  оңтүстік  жағасына  келіп  түсіпті. 
Олардың  маңындағы  таңғыттардың  бірі  арғы  жағаға  көшкенде  бір  бала 
жігіттің  аты  жығылып  суға  аға  жөнеліпті.  Таңғыттар  ұлар-шу  болады.  Суға 
аққан  жігітке  қарап  тұрған  Ақып  деген  азамат  байлаулы  атына  жайдақ  міне 
салып,  өзенді  құлдай  шауып,  жігіттің  тұсына  келгенде  суға  секіреді.  Жігітті 
ұстап бергі жағаға алып шығады. Бөкенің үйіне әкеліп, киімін құрғатып, тамақ 
беріп,  атпен  қайта  ары  өткізіп  тастайды.  Осыдан  кейін  Таңғыттар  Бөке 
ауылына  жиырма  қодас  айдап  әкеліп  беріпті.  Сөйтсе,  әлгі  жігіт  атақты 
байларының  бірінің  ұлы  екен.  Міне,  қарақтарым,  жаман  ұлт  болмайды. 
Кәпірдің  ішінде  мұсылманнан  артығы  бар,  мұсылманның  ішінде  кәпірге 
татымайтын  талайы  бар.  Мәселе  халықта  емес,  жақсы  да,  жаман  да  –  сол 
халықтың ішіндегі аз ғана адамдар. 
Елісхан өздерінің келгенін хабарлап, осы өңірдің орталығы саналатын Андо 
ауданына  барды.  Аудан  әкімшілігі  олардың  бағыт-бағдары  шетке  өту  екенін 
білгеннен кейін: 
–  Біз  бұл  туралы  жоғарғы  ұлықтардан  рұқсат  сұраймыз.  Ласа  ұлықтары 
рұқсат  берсе,  сонда  ғана  жолға  шыға  аласыздар.  Қазірше  құрал-
жарақтарыңызды  тапсырып,  осы  ауданға  жақын  жерге  орналасып,  жауап 
күтіңіздер,  –  деді.  Жандарына  кісі  қосып  беріп,  елдің  қолындағы  қаруды 
тапсыруды қадағалады. 
Елісхан жанындағы жігіттердің бірнешеуін «келе жатқан қонақтарды күтуге 
дайындала  беріңдер»  деген  атпен  ауылға  қарай  шаптырды.  Шын  мәнінде, 
ауылбасыларына:  «Негізгі  қаруларын  бермей  тығып  тастасын.  Ескі-құсқы, 
сынған, қарауылы дұрыс емес, артық құралдарды ғана тапсырсын» деген хабар 
айтып жіберген еді. 
«Құрал жинау» деген пәледен запы болған ауыл адамдары тағы да дүрліге 
бастады. 

–  Шынжаңда  Шың  Шысай  құрал  тапсырыңдар  дегенде  де  аяғы  жақсы 
болмаған  еді.  Ма  Буфаң,  Хан  Жиңбаулар  құралымызды  жинағанда  да  қанды 
қырғынға ұшырағанбыз. Енді Таңғыттардың құрал жинаймыз дегені де сондай 
пәлеге ұрындырып жүрмесін! 
–  Онсыз  да  көп  адамымыз  ыстан  қырылып,  қан  жылап  отырғанда  қазалы 
ауылдарға  таңғыттар  келіп  қоқиласа  тағы  да  елдің  берекесін  алады  деші. 
Бекер-ақ тозған екенбіз. 
Ел ішінде тұс-тұсқа тартушылар көбейіп, ала жаңқадай алауыздықтар пайда 
бола бастаған тұста бірнеше жігіттің кері қашқаны мәлім болды. Бір жағынан, 
Таңғыттардан  үрейленіп  қашса,  екінші  жағынан,  ауыл  арасында  бозбалалық 
құрып  жүретін  жігіттердің  арттағы  елде  қалып  қойған  қалыңдықтары  болса 
керек.  Шақабай  руынан  Манзал,  молқы  руынан  Тоқтаған  деген  екі  жігіт, 
Шаймардан  деген  жас  жігітті  ілестіре  кетіпті.  Олардың  кеткенінен  бұрын 
ауылдағылардың  атын  мініп,  бір  құралды  жымқырып  кеткені  қиын  болды. 
Санаулы  ғана  аттар  қалып,  ел  түйемен  әзер  жетіп  отырғанда  екі  ересек  жігіт 
Шаймарданға: 
– Ағаңның мылтығын ұрлап алып шық. Таңғыттардан жылқы қуып келеміз, 
– деп ұзаққа шығарып алыпты да, сол беті оралмапты. 
Жұрт  осылай  дескенмен  Шаймарданның  өз  қасіреті  өзіне  аян.  Оның 
көкірегінде  көмулі  жатқан  шоқты  ешкім  білмейтін. Жүрек  түкпіріне  сақтаған 
сағынышы, басқаларға айтқысы келмейтін жан дерті бар болатын. 
Бозбалалық  дәурен  кімде  болмайды.  Аз  күн  болса  да  Алтыншөке  бойына 
алғаш рет келгенде, көрші ауылдардың бірінен Жәмиға атты қызды көріп еді. 
Көздері қарақаттай мөлдіреген, бидай өңді, биязы қызды бір көргеннен жақсы 
көріп  қалған  болатын.  Қыздардың  бұлақ  бойына  суға  баратын  жолын 
торуылдап жүріп, айлы жаздың кешінде тілдесудің орайын тапқан. 
Бірақ  қу  қыз  мұны  маңына  жолататын  емес.  Жанындағы  кішкене  сіңілісін 
де ұзаққа жібермеді. 
– Жұрттың бәрі жауға шауып жатқанда ауыл үйді айнала торуылдап жүрген 
қарақшылар  ма  десем,  жас  батырлар  екен  ғой,  қандай  бұйымтаймен 
жүрсіңдер? – деп сыңғырлай күлді. 
– Адамзат ежелден егіз жаралған ғой. Құс екеш құс та өз жұбын іздейді,  – 
дейді бұл аузына басқа сөз түспей. 
–  Жаныңа  жігіт  ертіп,  екеу  болып  жүргенің  сол  екен  ғой,  –  қыз 
монтанылықпен түк білмегендей сыңай танытады. 
– Жәмиға, сені жақсы көремін, көрген сайын көре бергім келеді. 
Қыз  жанындағы  сіңілісіне  қарап,  оның  шаштарын  шұқылай  өріп  тұрып, 
жеңіл күрсінді. 
– Саған шындықты айтайын ба? 
– Иә, айта ғой. 
– Менің бесікте атастырған адамым бар болатын, – қыз бір дем үнсіз қалды. 
Көздері жасаурап кірпіктерінің ұшы майысып төмен қарады, – Ма Буфаң елден 
бала  жиғанда  соның  ішінде  кетіп  оралмады.  Дүңгендердің  қолында  ауыр 
еңбекпен жүріп, қаза болыпты. 

Айтарға болмаса Шаймардан не айтарын білмей  бірталай тосылып барып: 
–  Иманы  жолдас  болсын,  тағдырдың  ісі  ғой.  Ал  менің  сені  жақсы  көруім 
құрғақ айта салған сөз емес, жүрегімнің әмірі, – деді ішіндегі жалынын бірден 
ақтарып.  
Жәмиғаның  жанарынан  қос  тамшы  жас  сырғанап  барады.  Миығына 
жеткізбей,  қолының  сыртымен  сүртіп  алды.  Сыбырға  жақын  шыққан  биязы 
үнінде болмашы діріл бар. 
–  Сыртыңнан  жақсы  білемін.  Күнде  құбылып  тұрған  заман  мынау.  Оның 
бәрін тағдыр біледі. 
Осыны  айтқан  қыз  бір  қолымен  шелегін  көтеріп,  бір  қолымен  сіңілісін 
жетелеп,  ұзай  берді.  Ауыл  жақтан  қыз  шешесінің  оның  атын  атап  шақырған 
айқайы естілді. 
Содан  бері  қарай  Жәмиғаның  бейнесі  Шаймарданның  есінен  шықпай-ақ 
қойды.  Тағы  бір  кезігіп,  жауабын  алайын  дегенге  тарғалаң  күндер  мұрша 
бермеді. Күнде соғыс, атыс-шабыс, қырғын. Байтал түгіл, бас қайғы болды. Ел 
Тибет  үстіртіне  шығып,  енді-енді  ес  жия  бастағанда  Жәмиғаны  іздеді. 
Таппады. Үрке көшкенде үйлерімен арттағы ауылдардың ішінде қалыпты. 
Шаймарданның  Манзал  мен  Тоқтағанның  сөзіне  бірден  келісуінің  де 
осындай мәні бар болатын. 
Олардың қашып кеткенін естіген Елісхан Шәмшиді шақырып алып: 
– Жігіттердің кеткені жаман болды. Албырттықпен арттан келе жатқан жау 
болса соларға ұрынып қалады. Не өлтіреді, өлтірмесе де бізден тіл алады. Ал 
елге  аман  жетті  деген  күннің  өзінде  Таңғыттардың  құралымызды  жиып 
алғанын  айтып,  арттағы  көшті  үркітеді.  Соңынан  қуып,  жолдан  қайырып 
келіңдер, – деп, балдызы Кәрмен екеуін соңдарынан аттандырды. 
Неше  күн  сандалған  олар  қашқындарды  қуып  жете  алмай,  суық  хабармен 
елге оралды. Арттан көшіп келе жатқан елдің шетіне таядық-ау дегенде, бұлар 
дүңген армиясына жол бастап жүрген моңғол шолғыншыларына ұсталып қала 
жаздап,  екі  жақ  қатты  атысыпты.  Шәмши  қуғыншыларды  қадай  атып,  ең 
соңында жаралы қалған моңғолды қолға түсіріпті. «Шыныңды айтсаң, тірі қоя 
береміз» деген соң әлгі моңғол өзі куә болған қырғындарды баяндап беріпті. 
Оның  айтуынша,  Хан  Жиңбаудың  өлгенін  естіген  дүңген  әміршілері 
жасақтарын  шұғыл  жинап  алып:  «оқ-дәрі,  қару-жарақ,  бар  керектеріңді 
сақадай-сай  етіп  дайындаңдар.  Сакаға  барып  жиналамыз.  Онда  бізді  Ма 
Буфаңның  мұздай  қаруланған  қалың  қолы  тосып  отыр,  соларға  қосылып 
жорыққа аттанамыз. Басқа емес, қарақшы қазақтарды қырамыз» депті. 
Сол  бұйрық  бойынша  батысты  бетке  алып,  күндіз-түні  суыт  жүріпті.  Бір 
жұмада  Саканың  батысындағы  Тиежин  өңіріне  келіп  Ма  Буфаң  қосынымен 
қауышыпты.  Дүңген  армиясының  құрамына  кірген  моңғол  жасақтары  да  көп 
санды  ұстайды  екен.  Бір  күні  моңғолдарды  айырым  жинап  алған  дүңген 
әскербасы: «Моңғол бауырластар, қазақтар өз қолдарына түскен моңғолдарды 
ежелден  аяп  көрген  жоқ.  Қанішер  халық,  бірақ  тарих  ылғи  олар  жақта  бола 
бермейді.  Осы  ретте  сендерге  кек  алу  орайы  туып  отыр.  Бұл  өздеріңнің  ғана 
емес, талай қазақтың қанжығасында кеткен ата-бабаларыңның кегі, ешқандай 

аянып  қалмаңдар.  Аямай  қырыңдар.  Біз  сендердің  кектеріңді  алып 
берушілерміз.  Бұл  жолы  оларды  құтқару  −  Құдайларының  да  қолынан 
келмейді.  Қазақтарды  қырып  болып,  соғыс  аяқтаған  соң  қалағандарыңша 
олжалы  боласыңдар.  Қазақтардың  мыңғырған  малы,  сұлу  қыз-қатыны 
сендердікі болады» депті. 
Сөйтіп,  бәріне  қару  үлестіріп  беріп,  топан  судай  домалаған  қалың  қосын 
батысты бетке алып, қазақ көшінің соңынан түсіпті. 
Килігу  аталатын  моңғол  ауылынан  өткен  соң,  күндіз  тау  сағалап, 
бұқпантайлап,  ұйқыны  қандырып  алып,  түн  жамыла  жорыққа  аттанып, 
сақтықпен жылжыпты. Қарауылға ілініп, қара көрсетіп алмау үшін от жағып, 
тамақ пісіріп жеуге тиым салған екен. 
Әскерлерге көрсету үшін әдейі әкелген бе, жолдары солай ма, Хан Жиңбау 
қырылған жерді басып өтіпті. Үйме-жүйме бырысқан шатыр, көгеріп қаңсыған 
қан,  құжынаған  шыбын,  жемтіктері  сасыған  қалың  өлікті  көріп,  жандары 
түршігіпті.  Бұйрық  бойынша  Хан  Жиңбау  бастаған  қалың  өлікті  сонда 
жерлеген екен. 
Тағы бірнеше күн суыт жүрістен соң, бір күні ымырт жабыла бастықтары: 
«Бүгін  түн  ортасы  ауа  қазақтар  тұрған  жерге  жетіп  барамыз.  Ерекше  сақтық 
керек.  Қадамды  артық  басуға  болмайды.  Барлық  адам  қолбасшылардың 
бұйрығымен  жүру  керек.  Қазақ  деген  халықтың  −  құралайды  көзден  ататын 
мерген,  әрі  қорқуды  білмейтін,  жүрек  жұтқан  халық  екенін  бізден  жақсы 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал