Түп тарихы соңғы он-он бес жыл көлеміндегі оқиғаларды қамти



жүктеу 0.58 Mb.

бет1/6
Дата17.01.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Түп  тарихы  соңғы  он-он  бес 

жыл көлеміндегі оқиғаларды қамти-

тын, ал, қазір сырын ішке бүгіп, қыл-

мыстық қудалау органдарының мұра-

ғаттарында шаң басып жатқан кейбір 

істердің дерегімен танысып көрсеңіз, 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

деп атауы өзгертілген орган мен кеден 

қызметкерлері арасындағы қырғи-

қабақ қақтығыс бір толастамапты. 

Біреу пара үстінде қолға түссе, екіншісі 

күдікті есебінде жауапқа тартылады. 

Әйтеуір, қаржы полициясы мен кеден 

қызметкерлері арасындағы шайқас 

саябырсыған емес. Өткен жылғы сәуір 

айының 8-жұлдызы күні «пара алды» 

де ген күдікпен кеден қызметкері Таукен 

Бопауды ұстауға келген Алматы облы-

сы бойынша Сыбайлас жемқорлық-

қа қарсы іс-қимыл департаментінің 

же дел тобы мен Қорғас ауылының 

маңайына  орналасқан  «Қорғас» 

шекара маңы ынтымақтастығы ха-

лықаралық орталығы акционерлік 

қоғамы  қызметкерлері  арасында 

болған жаға жыртыстың соңы Шың ғыс 

Алғайдар, Әділжан Әлімхан, Қуан дық 

Мұхамеджанов және Әлішер Төле-

бекұлы тәрізді өрімдей төрт жігіттің 

жазаға тартылуымен аяқталды. Олар-

ға тергеу органымен Қылмыстық ко-

декстің 380-бабы (Билік өкіліне қа-

тысты  күш  қолдану),  293-баптың 

1-бөлігінің 1-тармағы (Бұзақылық), 

407-баппен (Сот төрелігін жүзеге асы-

руға кедергі жасау) сияқты айыптар 

тағылып, Ш.Алғайдар мен Ә.Әлімхан 

және  Қ,Мұхамеджанов  жасаған 

қылмыстарын мойындап, әрекеттеріне 

шын жүректен өкінетіндіктерін біл-

діргеннен кейін олардың әрқайсысы 

2 жыл мерзімге бас бостандығынан 

айырылып, кейін 63-баптың талабын 

қолдану арқылы шартты түрдегі жазаға 

тартылып, кінәлілерге 2 жыл мерзімге 

пробациялық бақылау тағайындалған. 

Тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл департаментінің жедел то-

бымен жағаласқан топтың арасында 

болмағандығын айтып, айыбын мой-

нына алмаған Әлішер Төлебекұлына 

ғана Панфилов аудандық сотының 

судьясы Д.Құйқабаева оның ақтығын 

растайтын дәлелдеріне қарамастан, 

3 жыл 6 ай белгілеп, пробациялық 

бақылау тағайындау түріндегі жаза 

кескен. Егер Әлішер Төлебекұлына 

қатысты шығарылған үкімнің заңды-

лығына  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 та- 

 мыздағы «Сот үкімі туралы» №19 

нор мативтік қаулысының 2-бөлігіндегі 

«Заң талаптары сақтала отырып жи-

налған және тікелей сот отырысын-

да толық, жан-жақты және объек-

тивті  тексеріліп  талданған,  тиісті 

баға берілген дәлелдемелерге не-

гізделген, тұжырымдары дәлелденген 

үкім негізді болып табылады» де-

ген қағидасы тұрғысынан қарасақ, 

судьяның  Әлішер  Төлебекұлына 

қатысты шығарған үкімінде тергеу 

органы таққан түп қазығы бос, нақ-

тылықтан гөрі болжамға негіз дел ген 

айыптаудың ырқымен кеткендігі көрініп 

тұрады.


Мәселе

(Соңы 3-бетте)

(Соңы 3-бетте)

(Соңы 5-бетте)

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Ойталқы


АҢДАТПА

8-бет

4-бет

№28 (2806) 11 наурыз 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 3-бетте)

Баспасөз — 2016

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


СУДЬЯ-МЕДИАТОРЛАРҒА

СЕНІМ ЖОҒАРЫ

ТАРПАҢ МІНЕЗДІ 

ТАРЛАН


Жанайқай

«ЖАМАН АУРУ» 

ЖАЛМАП БАРАДЫ

Қазақ онкология және радиология 

институтының мәліметі бойынша

бүгінгі таңда елімізде 156 мыңнан 

астам адамға қатерлі ісік диагнозы 

қойылған. Сондай-ақ, күніне 

100-ге тарта адамнан аталмыш 

дерт анықталады. Өткен жылы 

36 мың адам қатерлі дерттің 

тырнағына іліксе, 17 мыңға 

жуық науқас «жаман аурудан» көз 

жұмған.  Олардың 42 пайызы – 

еңбекке жарамды жастағылар. Ал, 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау 

Ұйымының есебінше, әлемде жыл 

сайын 15 миллионға тарта адам 

қатерлі ісік дертіне шалдығып,  

8 миллиондай адам аталмыш 

дерттен көз жұмады екен. 

АРАНДАТУ ЖОЛЫМЕН ТАҒЫЛҒАН АЙЫП



бұл тергеудің кемшілігі ме, жоқ әлде қазыдан кеткен қателік пе?

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН 

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДАН ҰТАРЫМЫЗ  БАР МА?



Ж

аратылыстану (химия, физика, биология, информатика) пәндерін 

мектепте ағылшын тілінде оқыту көзделуде. Жалпы, осы рефор­

маның бізге берері бар ма? Сауал жауабын іздеп көрген едік.

Құлбек ЕРГӨБЕК, 

филология ғылымының докторы

әдебиет зерттеушісі:

– Білім және ғылым министрлігінің мәлімдемелерін 

естіп-біліп отырмыз. Сондай жаңа бастамалар, 

аталған салада болатын өзгерістер айтылуда. 

Алайда, олар халықтың көкейіне қонады деуге 

болмайды. Мәселен, осы министрліктің реформа 

ауанына түскеніне қаншама жылдар болды. 

Әкім ЫСҚАҚ, 

экс-депутат, ақын:

– Заман талабына сай көп тілді білген жақсы. 

Уақыттың өзі де соны талап етіп отыр. Тек 

ағылшын тілін ғана емес, өзге тілдерді де 

меңгеру артықтық етпейді.  Бірақ, мемлекеттік 

тұрғыдағы, ұлт, халық мүддесіне қатысты істе 

біржақты көзқарас, пікірлерге бой алдырмауға 

тиіспіз.


МАТЕМАТИК ҚАТЕЛЕСІП ОТЫР МА, 

МИНИСТР МЕ?!



Қоғам жақсы хабардар, еліміздің білім беру жүйесі құтаймай-ақ қойды. Са-

ланы басқарған министрлердің де көптің көңілінен шыққаны некен-саяқ. Атал-

мыш ведомствоға басшының тұрақтауы да қиынға айналды. Тіпті, сала басына 

келген министрлер саны нан жаңылар күйге жеттік. Әрқайсысы реформасын ала 

келіп, орынтағынан көптің ренішін арқалап кетеді. Алдыңғыларын айтпағанда, 

кешегі  Бақытжан  Жұмағұлов  жүйені  жұдырықтай  жұмылдырды  немесе  Аслан 

Сәрінжіповтің асығы алшысынан түсті дей алмаймыз. 

Министр болып тағайындалғанына бір ай енді 

толған  Ерлан  Сағадиевтің  қадамы,  тіпті,  сәтсіз 

басталғандай. Жұмыстың бел ортасына жеткенде 

бастаған ісі дұрыс нәтиже бермей сын естісе бір 

сәрі. Бастамай жатып бастамасы қоғамнан қолдау 

таппады.  Керісінше,  қарсылыққа  ұшырады.  Ол 

қандай  бастама  екенінен  ел  хабардар.  Сонда  да 

айтайық, жаңа министр мектептердегі білім беруді 

үш тілде жүргізбек. Яғни, химия, физика, биология, 

информатика, математика секілді жаратылыстану 

пәндерін тек қана ағылшын тілінде оқытпақ. Ал, 

дүниежүзі тарихы орыс тілінде болса, қазақ тілінің 

еншісіне әдебиет пен қазақ тілі пәндері тимек. 

Басы ашық дүние – жаңа орынтаққа келе сала 

жалпақ жұртқа жаманатты көрінген Ерлан Сағадиев 

мұны көктен алған жоқ. Оның негізі 1 наурызда Ел-

басы қол қойған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 

аясында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын 

қабылдау туралы Жарлықта жатыр. 

ЕЛБАСЫ 


ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Ақтөбе өңіріне жұмыс 

сапары  барысында  облыс  орталығындағы 

физика-математика бағытындағы зияткер-

лік мектепке барды. Елбасы мектептің оқу 

сы ныптарын, спорт залын, шығармашылық 

және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін  

ара лады  және  оқушылармен  әңгімелесіп, 

оларға табыс тіледі. Мектепте 202 педагог 

маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 

8 тәрбиеші және 17 шетелдік қызметкер оқу-

тәрбие жұмыстарын жүргізеді.



Ақорданың баспасөз қызметі

ПАРКИНГТЕР ТҰРҒЫН ҮЙ 

ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ

 ҮЛЕСКЕ КІРМЕЙДІ

Парламент Сенатының жалпы отырысында  

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тура-

лы» заң жобасын талқылау барысында депу-

таттарға  Ұлттық  экономика  вице-министрі 

Ма рат Құсайынов: «Паркинг мәселесі бұрын 

да көтерілген. Ондағы мәселе мынаған саяды: 

қол даныстағы заңға сәйкес, үлестік қатысу тек 

тұрғын үйлерге ғана қатысты. Яғни, онда не гізі-

нен тұрғын жайлар қамтылып отыр. Ал, паркинг 

пен  көлік  тұрағының  орындарына  келсек, 

оның дербес аумақта шартты шекарасы бар. 

Сондықтан да, паркингті «тұрғын үйдегі немесе 

тұрғын үй ғимаратындағы үлес» сана тына 

жатқызуға болмайды», – деп жауап берді.



К.ӘКІМБЕК 

РҰҚСАТ ҚАҒАЗДАРЫ АЗАЯДЫ

Кеше  Сенаттың  жалпы  отырысында 

«Қазақ стан Республикасының кейбір заң на-

ма лық  актілеріне  рұқсат  беру  құжаттарын 

қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңай-

лату  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

то лықтырулар  енгізу  туралы»  заң  жобасы 

ма құлданды. Жоба Мемлекет басшысының 

рұқ сат  беру  құжаттарын  50  пайызға  дейін 

қысқарту туралы тапсырмасын жүзеге асыруға 

бағытталады.  Құжаттың  мақсаты  елімізде 

кәсіп керлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар 

жасау, бизнеске әкімшілік қысымды азайту 

және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу 

тиімділігін арттыру болып табылады. Соған 

сәйкес, заң жобасымен жеті кодекс пен 30 

заңға қайталанатын және басы артық рұқсат 

беру құжаттарын жоюға, рұқсаттарды хабардар 

ету тәртібіне ауыстыруға және рұқсат беру 

рәсімдерін оңайлатуға бағытталған өзгерістер 

мен толықтырулар енгізіледі.



Т.СМАҒҰЛ

2

№28 (2806) 

11 наурыз 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰҚЫҚ

Байқау


Медиация 

Шара


Қазақстан Республи касы­

ның  Жоғарғы  Соты  мен 

Судьялар одағы өз жұмысын 

үздік ұйымдастырған аудан­

дық және оған теңес тірілген 

соттардың арасын дағы кон­

курстың  қорытын дысын 

жариялады.

Осымен екінші жыл ұйым­

дастырылып отырған байқау сот 

кеңселерінің сот төрелігін жүзеге 

асыру талаптарына сәйкестігі, 

сот жұмысын жоспарлау және 

талдау жұмысының деңгейі, сот 

процестерін ұйымдастыру, сот 

төрелігін жүзеге асыру сапасы, 

ақпараттық технологияларды 

енгізу, ұжымдағы микроклимат 

және  сот  қызметкерлерінің 

әре кеттеріне  шағымдардың 

болмауы сынды критерийлер 

бойынша  бағаланып,  жарыс 

нәтижесіне сай бас жүлде Астана 

қаласы Алматы аудандық сотына 

бұйырды.  Өткен  жылы  бұл 

Кеңейтілген  кеңесті  об­

лыс тық  соттың  төрағасы 

ашып, қазіргі кезде еліміздің 

сот  жүйесі  үшін  ақпарат­

тық ашықтық пен айқындық 

мәселесі басым бағыттардың 

бірі екендігін айрықша атап 

өтті. «Облыс соттарында бір­

неше жылдан бері БАҚ­пен 

өзара  іс­қимыл  жөніндегі 

үйлестіруші­судьялар  мен 

баспасөз қызметтері жүйелі 

түрде  жұмыс  істеп  келеді. 

Олар  бүгінгі  күнге  дейін 

ауқымды жұмыстар атқарды. 

Алайда, аталған бағыт үнемі 

Азаматтар арасындағы әртүрлі жағдай­

лардан туындайтын дау­дамайларды сотқа 

жеткізбей,  өзара  келісім  жасау  арқылы 

бейбіт жолмен шешудің әлемдік тәжірибеде 

қалыптасқан жолдары көп.  Сондықтан да,  

Мемлекет басшысы мұндай озық тәжірибені  

еліміздегі сот жүйесіне жеделдетіп енгізуді 

судьялардың VІ съезінде атап көрсеткен 

болатын. Расында да, соңғы жылдары аза­

маттық даулардың сотта көп қаралуына бай­

ланысты судьялардың да жүктемесі артып 

кеткен еді. Заңдарымызға енгізілген медиация 

мен партисипативтік жүйе сот жүйесіндегі 

сол өзекті проблеманы шешуге оң ықпалын 

тигізіп отыр. Жаңадан қолданыс қа еніп, бұл 

күндері іргесін кеңіте түскен «Медиация 

туралы» заңның да түпкі мақсаты – дауласқан 

тараптарды жарастырып, бейбіт келісімге 

шақыру.  Қазір медиация жүйесі  күнделікті 

өмірімізге дендеп ене бастады. Өткен жылдан 

бастап  қолданысқа  енген  Азаматтық  іс 

жүргізу кодексінің жаңа редакциясында да 

тараптардың арасын дағы келіспеушілікті 

өзара келісімге келу арқылы шешудің көп­

теген тиімді жолдары қарастырылған. 

Таяуда  Алматы  қаласындағы  Алатау 

аудандық  сотында  жеке  кәсіпкер  мен 

азаматтың арасындағы қарыз мәселесіне 

қатысты дау қаралды. Алайда, сот отырысы 

барысында тараптар медиация тәртібімен 

келісімге келгенін мәлімдеп, оны бекітуді 

істі қараушы судьядан сұрады. Борышкер  

қарыз түрінде алған ақшасының 80 мыңын 

келісімге қол қойғанша, қалған қаражатты  

үш ай ішінде төлеуді міндетіне алды. Жеке 

кәсіпкер  талап  арыз  беруден  өз  еркімен 

бас  тартты.  Әрі  қарай  тараптарға  өзара 

келісімге келудің жауапкершілігі мен істің 

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278­бабында 

қарастырылған тәртіппен өндірістен қысқар­

тылатындығы түсіндірілді.

Ж.ӘБДІРАХМАНОВА,

Алатау аудандық сотының судьясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

АХАТ 

ОРГАНЫНА — 



95 ЖЫЛ

Биыл АХАТ қызметінің жемісті 

еңбек етіп келе жатқанына – 95 жыл. 

Әр азаматтың дүниеге келуі мен 

өмірінің соңына дейінгі маңызды 

жағдайлардың барлығы (туу, неке 

қию, неке бұзу, тегін, атын, әкесінің 

атын өзгерту, қайтыс болу және 

т.б.) АХАТ бөлімі арқылы өтеді. 

Бұл құрылым 1921 жылы 5 наурыз 

күні  халық  комиссарларының 

кеңесімен Ішкі істер министрлігінің 

жаны нан ұйымдастырылған еді. 

Содан бері азаматтық хал актілерін 

тіркеу бөлімі халыққа қалтқысыз 

қызмет етіп, өмірінің бір бөлшегіне 

айналып келеді.

Саланың 95 жылдық мерейтойы 

қарсаңында Ақтөбе облысының 

АХАТ қызметкерлері ардагерлер 

мен жас мамандардың кездесу кешін 

ұйымдастырды.  Аталған  кеште 

ардагерлер өз тәжірибелерімен, 

көрген­білгендерімен  бөлісіп, 

өздері  тер  төккен  саланың  гүл­

денуіне тілекші екендіктерін жет­

кізді. Шара соңында ардагерлер 

алғысхат тармен марапатталды.   



Ақтөбе облысы Әділет 

департаментінің

баспасөз қызметі

2016 жылы судьялыққа 

кандидаттардың 

тағылымдамадан өтуі үшін 

бос орындарды бөлу туралы 

хабарлама

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

2016 жылы судьялыққа кандидаттардың тағылымда­

мадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлайды:

Астана қаласы бойынша – 8 орын;

Алматы қаласы бойынша – 11 орын;

Ақмола облысы бойынша – 4 орын;

Ақтөбе облысы бойынша – 5 орын; 

Алматы облысы бойынша – 7 орын;

Атырау облысы бойынша – 4 орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 10 орын;

Жамбыл облысы бойынша – 3 орын;

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 5 орын;

Қарағанды облысы бойынша – 9 орын;

Қостанай облысы бойынша – 6 орын;

Қызылорда облысы бойынша – 4 орын;

Маңғыстау облысы бойынша – 3 орын;

Павлодар облысы бойынша – 6 орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 орын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 8 орын;

Әскери сот бойынша – 3 орын.

 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының 

мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық 

заңының 29­бабының 1­4 тармағында көрсетілген талаптарға 

сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.

Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұра­

тын жері бойынша тіркелген облыс, Астана және Алматы 

қала лары аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. 

Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос 

орындар болмаған жағдайда, кандидат бос орын болған кезде 

тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен басқа 

облыстық сотқа жүгінуге құқылы.

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар хабарлан­

дыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде облыстық 

соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы 

өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

2) өмірбаян;

3) диплом мен оның қосымшасының көшірмелері;

4) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың 

көшірмесі;

5) соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтік мінездеме;

6) судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын 

аурулардың жоқтығын растайтын медициналық куәландырудан 

өткені туралы құжат.

Өтінішке оның кәсіби білімінің деңгейін сипаттайтын 

құжаттарды да (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгені, 

арнайы курстарды аяқтағаны туралы тиісті құжаттардың 

көшірмелері) қоса тіркеуге болады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған 

немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі 

мен күні болуы тиіс.

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, 

қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық 

анықтамалар берілген немесе жасалған күнінен бастап бір 

жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті 

мәліметтерді қамтуға тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін облыстық және оларға теңес­

тірілген соттарға жүгінулеріңіз сұралады.

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

БАС ЖҮЛДЕ 

АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНА БҰЙЫРДЫ

жүлде Семей қалалық сотының 

еншісінде болған еді.

Салтанатты марапаттау рәсі­

мінде Қазақстан Судьялар одағы 

орталық  кеңесінің  хат шысы 

Сансызбек Райымбаев Алматы 

аудандық  сотының  ұжы мын 

құттықтай  отырып,  әділ  сот 

төрелігінің  атқарылуы  –  бұл 

адамдардың конституциялық 

құқықтарының қорғалуы, құқық­

тық  мемлекеттің  өркениет ті 

қалыптасуына  ықпал  ететін 

ахуал екенін атап өтті.

– 2016 жылдың қаңтарында 

республикалық комиссия рес­

пуб лика  бойынша  Алматы 

аудан дық  сотын  бас  жүлдеге 

лайық  деп  тапты.  Ғалымжан 

Насирдинов төрағалық ететін 

соттың бұл жетістігі ұжым ара­

сында ауызбіршілік пен тату­

лықтың барлығын, әріптес тер дің 

біліктілігін әрі сот ма ман дары­

ның белсенділігін көр сетеді, – 

деді Сансызбек Райымбаев.

– Астана қалалық сотының 

төрағасы  Т.Бәрпібаев  сот 

жүйесін одан әрі жетілдіруді 

назарда ұстап, аудандық сот­

тар алдына сот төрелігін уақ­

тылы, заң талаптарына сәйкес 

әділетті жүзеге асыру ды тап­

сырған болатын. Осы тап сыр­

малардың  кезең­кезеңі мен 

жоспарлы орындалуы бүгін гі 

жетістігіміздің  нәтижесі  деп 

білеміз, – деген сот төрағасы 

Ғалымжан Насирдинов жоғары 

жетістікке жеткізген ұжымына 

алғысын жеткізді.

Астана қалалық сотының 

баспасөз қызметі

Кеңес


БАҚ-пен БАЙЛАНЫС 

БАСТЫ НАЗАРДА

Дерек пен дәйек

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы 

Н.Шәріпов аудандық және оған теңестірілген соттардың 

бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) өзара 

іс­қимыл жөніндегі үйлестіруші­судьялары және БАҚ­қа 

жауапты мамандардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді. 

Қазақстанда жемқорлыққа 

қатысты атқарылған 

жұмыстар аз емес. Әсіресе, 

заңдық саладағы еңбегіміз 

жемісті. Биылғы жылы 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс­қимыл туралы жаңа заң 

қолданысқа енгізілді. 

Бұл  –  бұған  дейін  кеселге 

қатысты түйткілдерді шешуге 

ықпал етіп келген 1998 жыл­

ғы  «Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  тура лы»  заңның 

жетілдірілген  нұсқасы.  Жаңа 

заңның  аты  ғана  өзгермеген, 

онда,  сонымен  қатар,  заман 

ағымына  сай  сыбайластық 

дертінің  алдын  алуға  ерекше 

екпін  берілген.  Бұл  заңның 

негізгі мақсаты азаматтардың 

құқықтары мен бостандықтарын 

қорғауға, сыбайлас жемқорлық 

көрiнiстерiнен  туындайтын 

қауiп­қатерден Қазақстан Рес­

публикасының  ұлттық  қауiп­

сiздiгiн  қамтамасыз  етуге, 

сыбай лас  жемқорлыққа  бай­

ланыс ты құқық бұзушы лық тың 

алдын  алу,  анықтау,  олар дың 

жолын  кесу  және  ашу,  олар­

дың  зардаптарын  жою  және 

кiнәлiлердi жауапқа тарту арқы­

лы мемлекеттiк органдардың, 

мемле кеттiк мiндеттердi атқара­

тын лауазымды және басқа да 

адамдардың  тиiмдi  қызметiн 

қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі кезде жаңа заңнама­

ның жаңалықтарын таныстыру 

бойынша  жұмыстар  кешенді 

түрде қолға алынуда. Алматы 

қаласы  бойынша  Құқықтық 

статистика және арнайы есепке 

алу  басқармасында  жемқор­

лық қа қатысты қылмыстардың 

саны жіктеліп, кеселдің себебі, 

салдары  саралануда.  Мұн­

дай сараптама алдағы уақытта 

жемқорлықтың орын алмауына 

ықпал етеді. 

Е.АБАЖЕЙ,



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал