Торғай өлкесі: тарих пен уақыт



жүктеу 186.24 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі186.24 Kb.

Торғай өлкесі: тарих пен уақыт  

  

Осыған дейінгі ғылымда, Қазақстан мен Оңтүстік Оралға адамдар мұз 

ерігеннен  кейін  неолит  кезінде,  яғни  б.з.д.  8  мың  жылдан  кейін  ғана  келген 

деген  ұғым  мықты  орныққан  болатын.

 

Ал  шындығында  нақ  осы  өңірде, 



ғалымдар,  Торғай  өлкесінің  солтүстік  батысындағы  Оңтүстік  Оралдағы 

ежелгі  заман  ескерткіші,  палеолиттен  темір  дәуіріне  дейінгі  кезеңді  түгел 

қамтитын көпқабатты Мысовая тұрағындағы артефактілер бойынша, – ежелгі 

адамдар  бұл  тұрақта  б.з.д.  біреулері  –  800  мың,  келесілері  –  400-120  мың, 

енді  біреулері  –  200-120мың,  тағы  біреулері  –  70  мыңыншы  жылдары  өмір 

сүре  бастаған  деп  есептейді.  Бұлардан  шығатын  қорытынды  –  Тұранның 

Торғай  төрткүл  өлкесіндегі  Қарабалықты  көлінің  мүйісіндегі,  орысша  – 

«мысовая»  аталатын,  ежелгі  адамдардың  тұрағы,  кем  дегенде  ортаңғы 

палеолиттен  бастау  алатын,  дүние  жүзіндегі  ең  ежелгі,  көп  қабатты: 

палеолитік, 

мезолиттік, 

неолиттік, 

энеолиттік 

ескерткіштер 

бар, 

эволюциялық  сабақтастық  үзілмеген,  бірден  бір  ескерткіш,  яғни  онда  ең  аз 



дегенде  б.з.д.  70  мыңыншы  жылдан  бастап,  4  мыңыншы  жылға  дейін 

адамдар үзіліссіз өмір сүріп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып сабақтас ұдайы 

тұрған.  Ол  аз  болса  Атбасар  мәдениетіндегілер  палеолит,  мезолит, 

неолитте,  яғни  б.з.д.  40  мың  жылдан  5  мың  жылға  дейін  түрған.  Ол  аз 

болса,  б.з.д.:  Капова  үңгірінде  –  18  мыңыншы;  Игнатьев  және  Серпиев 

үңгірлерінде  –  14  мыңыншы;  Янгель  мәдениетінде  –  12  мыңыншы; 

Прибельскіде  –  9  мыңыншы;  Маханджарда  –  7  мыңыншы;  Тасбулатов, 

Ботай  –  Терсек  мәдениеттерінде  –  6  мыңыншы;  Ақеділ  мәдениетінде  –  5 

мыңыншы  жылдардан  бастап  тұрғандарын  ғылыми  зерттеулер,  мәдени 

ескерткіштер  анықтағалы  кем  дегенде  30-40  жылдан  асты.  Палеолитік, 

мезолиттік,  неолиттік  бұндай  бай  және  көп  мәдени  ескерткіштері  бар 

өлке дүние жүзінде еш жерде жоқ, Торғай төрткүл өлкесімен бұл жөнінде 

Африка, Таяу және Орта Шығыс, Қосөзен – ешқайсысы салыстыруға да 

жарамайды, оларда бұндай ескерткіштер болса бірді-екілі, әйтпесе тіпті 

жоқ.  Ал  басқа  Еуропа,  Қытай,  Америка,  т.б.  туралы  сөз  қозғап  та  керегі 

жоқ. Бірақ та бұларды көретін көз жоқ, еститін құлақ жоқ: ресми басылым, 

оқулықтарда еш өзгеріс жоқ. 

Немесе қалыптасқан тарих бойынша:  

–  «Орал  –  Қазақстан  аймағына  б.з.д.  3  мыныншы  жылға  дейін  не  мал 



шаруашылығы,  не  жермен  айналысу  бұл  аймақ  адамдарының  өмірінде 

болған жоқ, олар керамиканың не екенін білген жоқ»;  

– «дөңгелекті, арбаны, әскери доңғалақты арбаларды Таяу Шығыстықтар 

ойлап тапты» деп келген.  



Ал шын мәнінде қалай болып еді, тағы да аздап еске алалық:  

–  мезолитте  –  Оңтүстік  Орал-Қазақстан  (Торғай)  –  Торғай  төрткүл 

өлкесінде жергілікті, дүние жүзінде басқа еш жерде жоқ яшма белдеулерінің 

арқасында микролиттік пластинкалық индустрияның дамыған уақыты, соның 

арқасында  Торғайлық  прототүріктер  өз  замандастарынан  әп  дегеннен  даму 

жағынан суырылып алға шықты;  



–  Янгель  мәдениетінде,  микролит  пен  қол  орақ,  астық  сақтайтын  ұра, 

кетпен-шоттың  табылуы,  ғалымдардың  ойынша,  ежелгі  Тұранда,  Торғай 

төрткүл  өлкесінде  –  Оңтүстік  Оралдың  шығыс  беткейінде  сол  кездің  өзінде 

мезолитте  (б.з.д.  12-9мың  жыл)  егіншіліктің  туғанын  білдіреді,  бұл 

дегеніңіз  осыған  дейін  егіншіліктің  алғашқы  отаны  деп  жүрген  –  Чатал  – 



Гуюктен  3  мың  жыл  бұрын,  Тұран  –  Торғайда  прототүріктер  егін  егуді 

бастап, кейін оны басқаларға үйретіп, таратқанын көрсетеді; 

–  Прибельск  мәдениетінің  (б.з.д.  9-6  мың  жыл)  Оңтүстік  Орал 

сыртындағы  Давлеканово,  Муллино  тұрақтарында  қолға  үйретілген  қой, 

ешкі,  сиыр,  жылқы,  яғни  үй  малдарының  барлық  түрлерінің,  әсіресе 

жылқының  көп  сүйектері,  жергілікті  сүйіртүпті  керамиканың  әртүрлі 

өрнекпен  салынған  тұрлері  табылған,  олардың  уақыты  б.з.д.  VII-VI  мың 

жылға келеді. Бұлар Тұрандық – Торғайлық прототүріктердің әлемде бірінші 

болып  малдың  төрт  түлігін  де  қолға  үйреткенін  көрсетеді.  Бұл  кезде  Таяу 



шығыста тек ешкі мен қой ғана қолға үйретілген болатын, ал жылқы болса 

Месопотамия  мен  Египетте  –  Тұран-Торғайдан  кейін  3  мың  жылдан  соң 

ғана пайда болды; 

Өндіргіш шаруашылықты Қазақстанға қола дәуірінде үндіеуропалықтар 

әкелді  деген  де  бос  сөз,  Тұран-Торғайда  өндіргіш  шаруашылық  мезолиттің 

аяғында-ақ,  үндіеуропалықтардан  2-3  мың  жыл  бұрын  жергілікті  Атбасар, 

Янгель, Прибельск мәдениеттерінде пайда болған;  

Б.з.д. 10-8 мың жылдықтарда мезолит  заманында-ақ, прототүріктер, 

тағы  аттарды  қолға  үйреткен,  кейіннен  қырды  мекендеген  адамдардың 

атты  салт  мінуге  пайдалануы  атты  жауынгердің  пайда  болуын,  жеке 

аудандардың  мәдени-шаруашылық  томаға-тұйықтығы  бұзылып,  көрші 

және алыс тайпалармен, халықтармен экономикалық және мәдени байланыс 



жасалуын  қамтамасыз  етті,  бұл  оларға  басқа  өңірлердегі  халықтарға 

қарағанда  көп  артықшылықтар  берді,  соның  арқасында  далалықтар  сол 



уақыттан  бастап,  біздің  заманның  XIV-XV  ғасырына  дейін  «әлемнің 

патшасы» болды; 

 Неолит  (б.з.д.  7-6  мың  жыл)  заманында  прототүріктер  адамзат 



тарихында  тұңғыш  рет  доңғалақ  ойлап  тауып,  арба  жасаған.  Ерте  және 

орта  қола  дәуірінде  –  нұра  және  петров  мәдениеттерінде  металды 

пайдаланып  жасалған  әскери  қос  доңғалақты  арбалар  табылды.  Египеттік 

барлық папирустар мен сазбалшықты табличкаларда, ироглиф жазбаларында 

және  шумерлердің  сына  жазбаларында  египеттіктерді  жауынгерлік 

доңғалақты арбаларға далалықтардың үйреткенін бір ауыздан растайды, яғни 

шумерлер  әубаста  өз  елінде  доңғалақты,  арбаны,  соқаны,  мыс  пен  қоладан 

құюды,  металдарды  бір-біріне  дәнекерлеуді  ойлап  тауып,  жаңа  жерлерге 

келгенде одан әрі қолданды. 

Археологиялық  қазбалар  шумерлер  мен  египеттіктердің  жазбаша 

деректерін  расқа  шығарып  отыр:  әскери  қос  доңғалақты  арбалар  Торғай 

бұғазының солтүстік шығыс жағалауындағы Есіл өзенінің бойындағы Кеңес, 

Бірлік  және  батыс  жағасындағы  Тобыл  өзені  бойындағы  Сынтастыдағы 

қорымдардан  табылған.  Сынтастыдағы  қорымда  жауынгер  өзінің  әскери  екі 


доңғалақты арбасында жатқан күйінше жерленген. Жоғарыда, ағаш тақтаның 

үстінде  тағы  бір  ер  адам  –  жауынгердің  әскери  құралдарын  алып  жүруші, 

немесе  құлы  болуы  мүмкін;  ал  олардың  үстінде  ит,  екі  ат  және  басқа 

жануарлар жатыр. Аттар алдыңғы аяқтары алға қарай майысқан, бастары мен 

мойындары алға қарай созылған, кәдімгі шауып келе жатқан секілді қалыпта 

күн  батысқа  қаратып  жерленген.  Яғни  бұдан  5000  жыл  бұрын  шумерлер  өз 



отанында  Тұран-Торғай  бойында  атақты  жауынгер  адамдарын  осындай 

ғұрыппен жерлеген, бұл ғұрып одан кейін 3500 жылдан соңғы түріктерде де 

қолданылған  (Берель  қорымы).  Бұның  бәрі:  шумерлер  металл  қорыту,  одан 

қару  жарақ,  саймандар  жасау,  әдет-ғұрыптарды  Торғай даласында өз  елінде 

біліп, өзімен бірге жаңа отандарына Қос өзен бойына ала келгенін көрсетеді. 

Ежелгі  адамдар  металл  қорытуды  білу  үшін  оған  керекті  металл  мен  оған 

қажет температура жасайтын ағаш жер бетінде жатуға тиісті, оның екеуі де 

Торғай  даласында,  бұғаздың  батысы  мен  шығысы  өн  бойында  жеткілікті 

түрде болды. Б.з.д. 4 мың жылдықтың ортасында Қос өзен аймағында болған 

тез экономикалық өрлеуді археологтар бұл жерге жаңа қынулы, даму деңгейі 

жоғары  халықтың  келуімен  түсіндіреді.  Карлтон  Кун  өзінің  «The  Historу  of 

Man»  еңбегінде,  шумерлерге  Месопотамияға  келгенге  дейін  алтын  және 

күміс секілді металлдар белгілі болды, олар мысты қорытудың құпияларын 

білді деп көрсеткен. 

 Бұл 


жаңалықтардың 

адамзат 


өркениетіндегі: 

егіншіліктің, 

малшылықтың,  металлургияның  дамуындағы  орны  өте  жоғары  болды, 

мәдени  байланыстар  орнатуға,  жаңалықтарды  тездетіп  таратуға,  жалпы 



тарихи прогреске күшті септігін тигізді. 

Бұрын неолит мәдениеті Таяу Шығыста тез дамыды, онда  егіншілік пен 



мал  шаруашылығы  басқа  елдерден  бұрын  пайда  болды  деп  келгеннің  қате 

екендігін  жоғарыда  таныстық,  соңғы  деректер  бойынша  бұл  мәдениеттерді 

онда  (Солтүстік  Ирактағы  Джармо,  Оңтүстік  Түркиядағы  Чатал  –  Хуюк) 

апарған  біздің  Тұрандағы  Торғайдан  тараған  түрік  тектес  ежелгі  дүниелік 

бабаларымыз екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. 

Немесе,  осыған  дейін:  «Таяу  Шығыста  (Оңтүстік  Иранда,  Түркияда, 

Месопотамияда) мыстан және кейінірек қоладан жасалған бұйымдар б.з.д. 4 

мыңжылдықта,  Еуропада  б.з.д.  3-2  мыңжылдықта  пайда  болды,  б.з.д.  3 

мыңжылдықтың  ақырында  2  мыңжылдықтың  басында  Қазақстан  жерін 

мекендеген тайпалар қоладан еңбек құралдарын, қару-жарақ жасады», – деп 

есептеп  келді.

 

Ал  шындығында  Шортанды  типіне  жататын  мәдениет 

ескерткіштері  арқылы,  Торғай  төрткүл  өлкесінің  Оңтүстік  Орал  аймағында 

металлургиялық  өндірістің  алғашқы  кезеңі  басталады,  ғалымдар  оның 

уақытын  б.з.д.  4800-4600  жылдар  деп  анықтаған.  Терсек  мәдениетіндегі 

(неолит – б.з.д. 9-7мың жылдар, энеолит  – б.з.д. 6-5 мың жылдар) құралдар 

тастан,  сүйектен,  керамикадан,  аздап  мыстан  жасалған.  Соңғы  деректер 

бойынша,  алғашқы  қола  бұйымдары  Қазақстанда  б.з.д.  4  мыңжылдықтың 



басында (Нұра мәдениеті) және ортасында (Петров мәд.), Таяу Шығыста 

(Зеравшандағы – Саразм мәд.) б.з.д. 3100-2280 жылдары, Еуропада одан да 

кейін б.з.д. 3-2 мыңыншы жылдары ғана пайда болған. 

Алғашқы және орта қола дәуірінің өзінде-ақ прототүріктер метеориттік 

және  Оңтүстік  Оралдың  бай  жер  бетінде  жатқан  кендік  темірлерін 

пайдалануға машықтана бастаған.  

Көріп  отырғанымыздай,  ежелгі  Торғай  төрткүл  өлкесінің  адамдары  өте 

бақытты  болған,  өйткені  оларға  негізгі  керектінің  бәрін  (өткір  тас,  мыс, 

қалайы, мырыш, көмір, темір, күміс, алтын, төрт түлік мал, арғымақ ат, т.б.) 



Жер-Ананың  өзі олардың аяғының астына,  көбісін  жер бетінде,  алдын  ала 

дайындап  қойған болатын.  Әрине, біздің бабаларымыз оларды  ала  да білді, 

пайдалана  да  білді,  солардың  арқасында  өз  замандастарынан  әлдеқайда 

бұрын, осы өлкеде, өздері, сонау палеолиттен бастаған бүкіл даму жолында 

адамзат  өркениетінің  алдыңғы  қатарлы  тамаша  нағыз  адамға  сай 

үлгілерін  өмірге  келтірді.  Біз  бұлармен,  бабаларымыздың  осы  Торғай 

төрткүл  өлкесінде  сол  дәуірлерде  қалдырған  мәдени  ескерткіштері  арқылы 

жақсы таныс болдық.  

Енді  осы  мәдениеттің  әлемге  осы  өлкеден  қашан,  қалай  таралғанын 

айғақтаудың  бірнеше  жолдары  бар.  Жазбаша  деректер  туғанға  дейінгі 

кезеңде  өткен,  адам  өміріндегі  болған  процестерді  ғалымдар,  негізінен 

археологиялық  мәдени  ескерткіштерді  зерттеу  арқылы  анықтайды: 

уақытын,  жылжу  жолын,  бағытын,  әрқайсысындағы  даму  процестері 

ерекшеліктерін  (үзіліссіздік,  сабақтастық,  жергіліктілік),  көлемін, 

маңыздылығын  –  бәрін  ескеріп  барып  ғылыми  шешім  қабылданады.  Ал 

жазбаша  деректерпайда  болған  уақыттан  (б.з.д.  1  мың  жылдықтан: 

Геродот,  Страбон,  Ежелгі  персі  жазбалары,  Авеста,  т.б.)  бастап,  сол 

тарихи  дерек  көздерін  және  де  археологиялық  материалдар  негізінде 

зерттеледі.  Біз  әңгіме  жасап  отырған  Торғай  төрткүл  өлкесіне 

байланысты  бұндай  зерттеулерөте  жеткілікті,  бірақ  олардың  бүгінге 

дейінгі  атаулары  әртүрлі,  бірақ  бәрі  де  осы  Торғай  төрткүл  өлкесін 

зерттеген. 

Торғай  төрткүл  өлкесі  деген  ұғым  –  археология,  геология,  биология, 

антропология  ғылымдарында  күнделікті  қолданылатын  терминдер:  «Орал  – 

Қазақстан  регионы»,  «Орал  –  Қазақстан  аймағы»  сөзтіркестерімен  бірдей, 

өйткені  бәрінің  де  мағынасы  сол  бір  аймақ  –  бір  регион:  батысы  –  Орал-

Мұғалжар,  шығысы  –  Сарыарқаға  дейінгі,  солтүстігі  –  Батыс  Сібір 

ойпатының оңтүстігі, оңтүстігі – Арал теңізі мен Арал сырты құмы, Борсық 

құм,  Қарақұммен  шектелетін  алқапта  жер  жаралғанда  Тұран  плитасының 

солтүстігінде  бірге  жаратылған  Торғай  ойпаты,  Торғай  қолаты,Торғай 



теңізі,  Торғай  бұғазы,  Торғай  үстірті  –  бәрінің  басын  қосқады.  Ғалымдар 

осы аймақты жалпылама:  

– бірде Орал-Қазақстан (Торғай) регионы дейді

– бірде Оңтүстік Ора- Солтүстік Қазақстан дейді

– бірде Торғай даласы дейді

– бірде Торғай бұғазы дейді

– бірде Торғай төрткүл өлкесі дейді.  

Бірақ  та  қалай  атаса  да  бәрібір,  осы  өлке  туралы  сөз  болатынын  қай-

қайсысы  да  жақсы  біледі.  Дүние  жүзіне  ежелгі  өркениетті  таратқан 


адамдар  нақ  осы  жерде  дүниеге  келген,  өнген,  өскен.  Өмір  үшін  күрес 

жолында  адамгершілікке  тән  мәдениеттерді  өмірге  келтірген,  дамытқан. 

Адамзаттың  ғылымға  белгілі  даму  сатыларында  осы  жергілікті  – 

автохтонды  мәдениеттердің  сабақтастығын  үзбестен  жалғастырып 

жоғары дәрежеге көтеріп, оны палеолиттен бастап, мезгіл-мезгіл дүниенің 

төрт  бұрышына  таратып  отырған  адамзат  өркениеті,  адамзат 

цивилизациясының алтын бесігі болған.  

Енді осы айтылғандарды дәлелдейтін ғалымдар айтып отырған нақтылы 



деректерге  көшелік.  Адамның  дүнияға  келгеннен  соңғы,  оның  қоршаған 

ортада жанын сақтап тірі қалуы үшін ғылыми тұрғыдан қарағанда ең басты 



үш  зат  үлкен  маңызды  роль  атқарған,  олар:  тас,  қалайы  және  темір

соған  қарап  бұлардың  өткен  өмір  сатылары  да  осылай  үш  кезеңге  бөлініп, 

солардың аттарымен  аталады.  Табиғаттың кереметтігі  сол  –  Торғай  төрткүл 

өлкесінде  осылардың  үшеуінінің  де  адамның  пайда  болған  сәтінен  бастап 

оларға өз өмірінде пайдалануға ең қажетті, пайдалы түрлері жер бетінде 

(аяқтарының  астында)  молынан  болды.  Бұл  өңірдің  адамдары  солардың 

арқасында басқа өңірдегі өздері секілді туыстастарынан:  

– өмірдегі апаттардан қорғаныстық қабылеттілігі жағынан

– өздеріне қажеттіліктерді қолға түсіру, табу, қамтамасыз ету жағынан; 

– неғұрлым жетілдірілген құрал-саймандарға ие болу жағынан

– аман-сау қалып тезірек өсіп, өніп, көбею жағынан; 

–  жаңа  жерлерге  басқалармен  салыстырғанда  ертерек  емін  еркін  қанат 

жайып таралу жағынан көп ілгері суырылып, алға шықты

Былайша айтқанда, бұл аймақ адамдары, өздері өмірге келгенге дейінгі: 

жердің  жаралып  эволюциялық  даму  тарихында,  табиғат  ана  дайындаған 



база  –  ортаның  арқасында,  басқа  жерлердегі  туысқандарына  қарағанда, 

осындай артықшылықтарға, мүмкіншіліктерге ие болды. 

Шындығында  да  адамның  алғашқы  пайда  болған  тас  дәуірінде  Торғай 

өңірі  адамдарын  алғы  орынға  шығаруға  себепші  болған,  ғалымдардың 

пікірінше  кішкене  ғана  тас  –  яшманың  орны  үлкен  болғанға  ұқсайды. 

Яшма  дүние  жүзінде  тек  қана  Орал-Қазақстан  (Торғай)  өңірінің  Оңтүстік 



Орал шығысындағы «яшма белдеуінде» және Есіл өзенінің Атбасарға жақын 

жағаларында ғана кездеседі. Атақты яшма белдеуі Торғай бұғазының Батыс 

Сібір  ойпатымен  қосылатын  тұсы  –  Миасс  қаласынан  басталып,  бұғаздың 

солтүстік жағалауын жағалай отырып, «қалалар елін», ондағы өзімізге белгілі 

яшмаға  бай  Қарабалықты  көлі  арқылы  оңтүстікке  қарай  Торғай  төрткүл 

өлкесіне 500 км-ге дейін кіріп, созылып жатыр. Ал Торғай бұғазының шығыс 

жақ  жағалауында,  Есіл  өзенінің  бойында,  осы  яшма  тастарының  мол  қоры 

белдеулене созылып,10 мың кв. метр жерді алып жатыр.  

Яшмадан  жасаған  әр  түрлі  геометриялық  формада  (төртбұрышты, 

трапеция,  үшбұрышты,  ромб,  т.б)  жасалған  микролиттер  палеолиттік 

адамдар  құралдарында  ерекше  орын  алған.  Ең  күшті  қасиеті  –  олардан 

жасалған  құралдар  өте  өткірлігімен  ерекшеленеді,  мамандардың 

бағалауынша  микролиттер  қазіргі  хирургияда  пайдаланылып  жүрген 

ланцеттерден 100 есе өткір болған. Алғашқы адамдар бұл микролиттерді өз 


бетінше де, кейінірек сүйектен не ағаштан жасалған қанжар, т.б.құралдардың 

жүзіне  әдейі  арнап  дайындаған  ойыстарға  орнату  арқылы  әр  мақсаттағы 

құралдарды дайындауға кеңінен пайдаланған

Сонымен  қатар  яшма  тастары  түрлі  түсті:  көгілдір,  қошқыл-қоңыр 

аралас  және  ашық  жасыл  қызылмен  немесе  қошқыл  түспен  шағылысқан 

түрлері  көп  тараған,  оларды  ертедегіадамдар  ұнатып  әртүрлі  мақсатқа 

пайдаланғанын  біз  өткен  тарауда  айтқан  болатынбыз.  Яшмадан  жасаған 

заттар  Г.Н.Матюшиннің  айтуынша  солтүстік  мұзды  мұхиттың  жағаларына, 

Орта Азия шөлдеріне, Сібір мен Еділ ормандарына, мүмкін сонау алыстағы 

Месопотамияға да тараған. 

Ал қола дәуірінде ең басты роль атқарған мыс, қалайы, мырыш болса; 

темір  дәуірінде  темір  болса,  олардың  кен  орындары,  олардың  таза  түрлерін 

өндіріп алу үшін қажетті арнайы саз балшық түрлері, көмір, т.б. отын түрлері 

Торғай  төрткүл  өлкесінің  батысында,  шығысында,  өн  бойында  аяқ  астында 

жер бетінде молынан жатты. Кезінде осы далада табылған  салмағы 6400 кг 

таза  мыс  тастың,  салмағы  52  пұттық  (832  кг)  бір  бөлігін  Қарқаралы 

даласынан Россия патшасы Александр II ге жеткізген, ондағы таза мыс 99,89 

%, темір 0,11% болған. Сондықтан да біздің ежелгі замандағы бабаларымыз, 

оларды  басқа  жерлердегі  адам  текті  туыстарынан  бұрынырақ  тауып,  қыр  – 

сырына ертерек жетіп, танып, пайдалана білуді игерді. Солардың арқасында 

осы жерді әуел бастан мекендеген прототүріктер, басқалардан ертерек Орал-

Қазақстан  (Торғай)  аймағында  жердегі  адамзаттың  ежелгі  мәдениетінің 

алтын бесігін тербетті, оны дүнияның төрт бұрышына таратты. 

Бұл мәселе туралы әркім әр жерде өз пікірлерін айтып жүр, бірақ оның 

барлық  жақтарын  ескеріп,  нақты  фактілерді  терең  жанды  жақты  зерттеп, 

ғылыми дәлелді  пікір  қорытындылар  жасаған  қазақтың  тамаша  ғалым  қызы 

Нарымбаева  Амангелді  Қасым  қызы.  Осы  кісінің  соңғы  кезде  шыққан  екі 

кітабы  қолыма  тиіп,  мен  айналысып  жүрген  мәселелер  туралы  болғасын 

толық танысып, зерделеп шықтым. Біріншісі 2007 жылы шыққан «Аркаим – 

очаг  мировой  цивилизации,  созданный  прототюрками»,  476  бет,  екіншісі 

2009 жылы жарық көрген «Тұран – колыбель древних цивилизаций», 688 бет. 

Әрине,  бұнда  қамтылған  мәселе  өте  көлемді,  мен  осының  ішінде  өз 

тақырыбыма  Торғай  төрткүл  өлкесіне  байланыстыларын  ғана  шағындап, 

Амангелді  Қасымқызының  жасаған  қорытындыларына  тоқтаумен  ғана 

шектелдім. Жалпы, әрбір түріктектес халықтардың ұл- қыздары, оның ішінде 

қазақ  халқының  өз  отанының  ата-баба  тарихының  осы  уақытқа  дейін  қалай 

тасада  қалғанын,  оны  қалай  бұрмалағанын,  шындығында  қалай  болғанын, 

оның  дүние  жүзі  тарихындағы  орны  шындығында  қандай  болғанын  білгісі 

келетін  ұрпақтары  үшін  бұл  еңбек  –  таптырмайтын  асыл  қазына,  өмірде 

қолдануға қажет өте өткір, мықты құрал, сондықтан онымен оқушылар өздері 

танысса,толығырақ мәлімет алып, көп пайда табар еді. 

Осы өңірді мекендеген адамдардың тас, қола темір дәуіріндегі жасаған 



мәдениеттерімен танысқанда көзге түсетін ең басты ерекшелік, оған тән 

қасиеттер:  

– палеолиттен бастап бүкіл эволюциялық даму процесіндегі бір ізділігі, 

жергіліктілігі – автохондылығы, өте бай, толыққанды дамуы

– ондағы дәуірлер мен мәдениеттер арасындағы тығыз генетикалық 

байланыстың барлығы

–  эволюциялық  дамудағы  сабақтастықтың үнемі  үзіліссіз  сақталып 



отыруы.  

Бұларды  біз  осыған  дейінгі  зерттеулерімізден  анық  көрдік,  бұлар 

ғылыми анықталған, дәлелденген фактілер. 

Қазіргі  ғалымдардың  дені,  кейінгі  кезде  белгілі  бола  бастаған  жаңа 

деректер негізінде, Тұранды, оның солтүстігінде орналаскан Торғай төрткүл 

өлкесін  мекендеген  прототүріктер  ежелгі  өркениет  –  цивилизацияны 



жасап,  бесігін  тербетіп,  оны  осы  өңірден  батысқа,  шығысқа,  оңтүстікке 

таратып,  өз  іздерін  қалдырған  деген  қорытындыға  келіп  отыр,  ендігі  сөз 

осы  тақырып  туралы  болады,  яғни  олардың  жер  ананың  бетіндегі  басқа 



аймақтардағы мәдениеттерде қалдырған іздерімен танысамыз.  

Палеолит  дәуірі.

 

Ғалымдар,  біреулері  бұдан  45000  жылдай  бұрын 

Беринг  бұғазы  арқылы  Америка  асқан  қауымдар  арасында  ілкі  түркілік 

этникалық топтың өмір сүргені анықталған. Б.з.д. XXXV-II мыңжылдықтар 



арасында тек түркі тайпаларының ғана солтүстік жартышардың 65-70 

градусында  болғаны  дәлелденген.  Ертедегі  түркілерден  басқа  ешқандай 

тайпалардың сол түбектерде немесе солтүстік жартышардың сол градусында 

тұрғаны  туралы  әзірге  жоғарыдағы  эпостардан  басқа  ешқандай  ғылыми 

деректер  жоқ.  А.Рустің  деректерінде  олар  Алеут  аралдары  және  Беринг 



бұғазы  арқылы  Солтүстік  Америкаға  әр  түрлі  қарқынмен  өткен. 

В.Штайн  «Дүниежүзілік  цивилизацияның  хронологиясында»  бұл  көштің 



б.з.д.  XV-IX  мыңжылдықтар  арасында  жүргенін  жазады.  Қалай  болғанда 

да,  Американы  бірінші  ашып,  қоныстанушы  Оңтүстік  Орал-Солтүстік 

Қазақстан  (Торғай)  –  Торғай  төрткүл  өлкесінен  шыққан  палеолиттік 

прототүріктер деуге негіз бар. 

Дж.  Джосселин,  О.  Рериг,  Б.  Феррарио,  Г.  Дюмезель,  А.  Каримуллин 

және басқа ғалымдар соңғы үш жарым ғасырдағы еңбектерінің нәтижесінде 

америкадағы  сиу-коха,  кечуа  сияқты  үнділердің  негізгі  тайпаларының 

тілдері  Орал-Алтай  тілдерінің  тобына,  оның  ішінде  түркі  тіліне 

жататынын  дәлелдеді.  Бұл  тілдерге  үнділердің  ацтек,  майя,  инк,  дакота 

және т.б. тілдері жатады. Кечуа тілі инк империясының тілі болғаны белгілі. 



Түркі  тілі  мен  америка  үнділері  тілдерінің  фонетикасы  мен  лексикасы, 

морфологиясы  мен  суффикстерінің  типі  өте  ұқсас,  яғни  шығу  тегі  бір. 

Бұл  тілдерде  айтылуы  мен  мағынасы  екі  жаққа  да  бірдей  ортақ  үш  жүзден 

астам  сөз  бары  анықталды.  Мысалы,  америка  үнділері  мен  осман 

түріктеріндегі  «bahan»  және  «Bas  bahan»  деген  сөздердің  айтылуы  мен 

мағыналары  бірдей.  Олар  «басшы»  және  «Бас  басшы»  яғни  «Хан»,  немесе 

көне түркілердегі (ғұндардағы)  «Аспанның Ұлы перзенті» дегенді білдіреді. 



Түркілер мен үнділердің дене бітімі, сырт пішіндерінде де басқаларда жоқ 

ұқсастықтар бар. 

Ғалымдар,  америка  үнділері  «Ұлы  Азиядан»  келді;  Америкадағы 

ацтек,  майя  және  инк  цивилизациялары  тілдерінде  сөйлеген  халықтар 

мен  түркі  тілдерінің  шығу  тегі  бір;  бұл  тайпалар  түркі  халықтарына 

жатады,  немесе  ол  цивилизациялар  түркі  өркениетінің  құрамдас  бір 

бөлігі болып саналады деген қорытындылар жасаған. 

Бұл  өлкедегі  ерте  палеолит  дәуірінен  бізге  ең  алғаш  белгілі  болған 

мәдени  ескерткіш  –  дүние  жүзіндегі  ең  сирек  кездесетін,  жоғарғы 

палеолиттен бастап, энеолитті қоса қамтитын көпқабатты «Мысовая» тұрағы. 

Бұндай  мәдени  ескерткіш  бүкіл  Таяу  және  Орта  Шығыста  болған  емес.  Ол 

Торғай  төрткүл  өлкесінің  солтүстік  батысындағы  Оңтүстік  Оралдың  шығыс 

беткейіндегі  Қарабалықты  көліндегі  атақты  яшма  белдеуі  мен  яшма 

квартциттің ортасында орналасқан. Осы өңірде одан басқа Капова, Игнатьев, 

Серпиев, 

Смеловская, 

Заповедная 

үңгірлері, 

Торғай 

бұғазының 



шығысындағы сол кезге жататын Атбасар тұрағы белгілі. Сол кездің өзінде – 

ақ  осы  өңірді  мекендеген  біздің  бабаларымыз  –  прототүріктер,  осы  ежелгі 

ескерткіштерді  жасау  арқылы  адамзаттың  өркендеу  сатысында  басқа 

замандастарынан  алға  шығып,  жоғарғы  палеолиттен  бастап  өз  мәдениетін 

жан жаққа: батысқа, шығысқа, оңтүстікке алғаш рет таратып, ол жерлерде де 

өз іздерін қалдырған. 

Оның  ішінде  батыста  :  Францияның  оңтүстігіндегі  –  Ла-Мадлен 

тұрағында,  Фон  де  Гом  және  Ласко  үңгірлерінде;  Испанияның 

солтүстігіндегі  –  Альтамирде;  Кіші  Азияның  оңтүстігі  –  шығыс  Жерорта 

теңізіндегі  Қара  Иінде,  Окузлу  Иінде  және  Белдиби  жартасы  шатыры 

астында  –  қалдырған  үңгірлік  бейнелеу  өнерлері  суреттері,  әйел 

құдайлардың  мүсіндері  –  осы  өңірлерге  жоғарғы  палеолитте  Торғай 

бұғазының  солтүстік  батысындағы  Оңтүстік  Орал  шығысынан  келген 

протүріктерден қалған іздер. Ғылмдар бұл суреттер кімнен кімге барды деп 

таласуда.  Аманкелді  Қасымовнаның  пікірінше  бұл  суреттерді  Орал  – 

Казақстан  –  Торғайдан  келген  ежелгі  адамдар  салған.  Өйткені  одан  басқа 

ондай  суреттер  шығыс  Жерорта  теңіздік  ауданда  –  Кіші  Азиянынң 

оңтүстігіндегі Қара иін, Окузлу иін мен Бельдиби үңгірлерінде де, Оңтүстік 

Оралдағы  үңгірлердегідей,  –  аңдар  мен  адамдар  бейнеленген;  Орал-

Атбасардағыдай  –  геометриялық  фигуралар  бар  малта  тастар  табылған. 

Солардың  бірінде,  жоғарғы  палеолиттік  мәнермен  салынған  әйелдің 

схемалық  фигурасы  секілді  кескін  бейнеленген.  Окузлу  иінде  Оралдағыдай 

бұқаның жартастағы сүреті бейнеленген. Ғалымның пікірінше, ежелгі Торғай 

төрткүл өлкесі тұрғындары  Еуропаға Каспийдің шығысы, одан әрі оңтүстігі 

арқылы барған. 

Кейбір  ғалымдар  (Г.Н.  Матющин)  бұл  жоғарғы  палеолиттік 

материалдық  мәдениет  (үнгірлік  бейнелеу  өнері,  әйел  құдайлардың  – 

мүсіндері)  оңтүстік  Оралға  Франция  мен  Испаниядан  келген  деп  есептейді. 

Бірақ нақты деректер оған сәкеспейді:  

–  біріншіден,  тек  қана  бұрынғы  ССРО  аймағында  жоғарғы  палеолит 

тұрақтары  (800  ден  астам)  басқа  барлық  бүкіл  дүние  жүзінде  табылған  сол 

мезгілдік  тұрақтардан  көп  екендігінің  өзі  –  бұл  мәденет  кайдан  шыққанын 


айғақтайды, былайша айқанда алғашқы адамдар осы аймақта көп өсіп, өніп, 

жан жаққа осы өнірден тараған;  

– екіншіден, сол кезде Торғай төрткүл өлкесінің Оңтүстік Орал өңірі – 

өз  алдында  үңгірлік  бейнелеу  өнері  мен  қасиетті  орындар  орталығы 

болғанын ғалымдар бір ауыздан растап отыр; 

–  үшіншіден,  Торғай  төрткүл  өлкесінің  Оңтүстік  Орал  шығысын  – 

адамдар – палеолиттің (б.з.д. 40-12 мың жыл) өзінде тұрақты қоныстанған;  

–  төртіншіден,  Батыс  Еуропалық  жоғары  палеолиттік  және  кешкі 

палеолиттік  – Эгей теңізі аймағындағы Қара Ин, Окузлу  Ин және Бельдиби 

үнгірлік  мәдениеттері  –  эволюциялық  келесі  сатыға  көтеріліп  өспеген



өйткені  оларда  кешкі  палеолиттік  мәдениетті  тудыратын  жергілікті 

жағдай қалай болмаса, оны әрі дамытатын да жағдай болған жоқ, ол тек 

уақытша  сырттан  –  Оңтүстік  Оралдан  келген  прототүріктер  қалдырған 

мәдениеттің іздері еді. (1, 114).  

Торғай  төрткүл  өлкесіндегі  Оңтүстік  Оралдан  батысқа  Еуропаға  дейін 

таратқан  проттүріктердің  паолеолит  дәуіріндегі  келесі  іздері,  Дондағы 

Костенко  1  және  Гагарино  тұрақтарынан  табылса,  шығысқа  қарай 

барған іздері – Батыс Сібірдегі атышулы Мальта және Бурето тұрақтарынан 

табылған.  Ғалымдар,  осы  материалдар  (Мальта,  Бурето)  негізінде  Батыс 

Сібірге  европейдіктердің  –  Торғай  төрткүл  өлкесінің  Оңтүстік  Орал 

өңірінен  жоғарғы  палеолиттен  бастап  келіп,  сонда  тұрып,  өсіп-өнгендігін, 

сондықтан  бұл  өңірді  мекендеген  ғұндар  мен  түріктерді  монголидтар  деу 

қате екендігін, анықтаған (1,114).  

Жалпы  ежелгі  Тұранда,  Торғай  төрткүл  өлкесінде  осы  жоғарғы 

мәдениетті  жасаушылар  негізінен  далалық  өңірді  мекендеген  ру,  тайпалар 

болды, олар далалық қорғандық мәдениетті жасады. Осы мәдениетті олар 

Еуропаның  орманды  өңірлерін  айналып  өтіп,  Жерорта  теңізі  аймағына, 

Таяу  және  Орта  шығысқа,  Орта  Азияға,  Кавказ  бойына  және  Инда 

ойпатына  таратты.  Сондықтан  да  Батыс  Еуропаның  орманды 

аудандары  өздерінің  одан  әрі  дамуында  Еуразияның  басқа  аудандарына 

қарағанда,  оның  ішінде  Шығыс  Еуропадан  да,  көп  кейін  қалды  деп 

есептейді ғалымдар. 

Археологиялық  деректер  бойынша  ежелгі  түріктектестер  жоғарғы 

палеолиттен  бастап  күллі  Еуразия  континентіне  тарап,  қоныстана  бастаған. 

Бұндай  экономикалық  қопарылыстың  бұл  өңірде  болуының  басты  себебін 

ғалымдар  Торғай  төрткүл  өлкесіндегі,  аты  әйгілі  Оралдың  яшмалық 

белдеуінің, Қазақстандық яшмокварциттің болуымен түсіндіреді. 

Торғай 

төрткүл 


өлкесінің 

батысындағы 

Орал, 

Мұғалжарда, 



шығысындағы  Ұлытау,  Көкшетауда  бұдан  1,9  млрд  жыл  бұрын,  рифей 

жыныстарында яшма-кварциттер пайда болған. Одан кейінгі жердің 800-680 

млн  жыл  бұрынғы  Байқал  тектоникалық  циклінде  және  443-413  млн  жыл 

бұрынғы  Каледон  тектоникалық  циклінде,  ежелгі  Торғай  (Шаған)  теңізі 

аймағында  Шыңғыс-Көкшетау-Ұлытау  доғасы  мен  Орал-Мұғалжарда  таулы 

құрлықтар  пайда болып,  соңынан  жоғарғы  девон  кезінде олардың  бұзылып, 



мүжілген  уақытында,  докембрийлік  жыныстармен  бірге  яшма  –  кварциттер 

жер бетіне шығып қалған.  

Сондықтан  да  осы  жерде,  жоғары  дәрежеде  дамыған  жапсырмалы 

пластинкалық  микролиттік  құралдардың  іскерлігі  жасалды,  алғаш  рет 

садақ  пен  оның  оғы  дүнияға  келді.  Зерттеушілердің  дерегі  бойынша, 

пластинкалық техника ескі палеолиттік тас өңдеу техникасынан 60 есе 

өнімді болған. 

Тас  дәуірінде  ең  ұнамды  түстер  –  қызыл-қошқылмен  шағылысқан 



көгілдір,  немесе  қызыл  не  қоңыр  түспен  аралас  жасыл  түстер  болған. 

Бұндай  түсті  яшма  тастары  Қарабалықты  көлінде  көп  болған,  олар  осы 

жерден әр түрлі заттар түрінде жарық дүниенің түпкір түпкіріне таратылған.  

 

Қазіргі  кезде  ежелгі  өркениеттің  отаны  деп  жүрген  Таяу  және  Орта 



Шығыста, ғалымдар ерте палеолитте өркениеттің дамуында үзіліс болып, 

кейін  кетіп  және  халық  санының  кемуі  болғанын  көрсетеді,  яғни  онда  ол 

үшін  тиісті  жағдай  болмаған.  Тек  шамамен  жоғарғы  палеолитке  жататын 

б.з.д.  12  мың  жылдар  шамасындағы  бірнеше  мәдениет  орындары  табылған. 

Біраз  ғалым  мамандар  бұл  мәдениет  иелері  автохондары  жергілікті  халық 



емес,  сырттан  келгендер  деп  есептейді,  өйткені  олардың  құралдары 

негізінен  бұл  жерде  болмайтын  микролиттерден  болған,  ал  оларды 



жасайтын  тас  –  яшма,  тек  қана  онтүстік  Орал-солтүстік  Қазақстан  – 

Торғай даласында ғана белгілі.  

Жалпы  бұндай  микролиттер  Орал-Солтүстік  Қазақстан  аймағы,  яғни 

Торғай бұғазы ауданынан жоғарғы палеолитте бүкіл Еуразияға, оңтүстікке 

Каспийдің  шығысы,  оңтүстігі  арқылы  Иранға,  Ираққа,  Жақын  және  Таяу 

Шығысқа тарағанын кәзір ғалымдар дәлелдеп отыр. Бұндай тас құралдардың 

негізгі  табылып  дайындалған  орындары  Торғай  бұғазының  солтүстігінен 



оңтүстігіне  дейін  Есіл,  Тобыл,  Үй,  Орал  тауының  шығыс  беткейіндегі 

Жайық  өзені  саласында,  Торғай  бұғазының  орталық,  оңтүстік  арнасы 

бойында орналасқан, содан барлық жаққа тараған (1,93). Бүған қарап, Торғай 

төрткүл  өлкесінде  ежелгі  мәдениет  жоғарғы  палеолиттен,  шамамен 

б.з.д. 12 мың жылға дейін бастау алған деуге болады. Сонымен қатар осы 

уақыттағы  мәдени  орындардағы  табылған  артефактілер  негізінде 

ғалымдар,  Орал-Қазақстан  (Торғай)  сол  кездегі  адамдарының  құралдарды 

дайындайтын  шикізатының  (яшма),  оны  дайындау  технологиясының 

(геометриялық  микролиттер),  салттарының  (бүктетіліп,  үйде  пол 

астына  жерлеу)  бірдей  екенін,  және  де  олардың  өздерінің  бір-біріне 

антропологиялық  ұқсастығын  анықтаған.  Соның  негізінде  бұлардың  сол 

кезде  Орал-Қазақстан  (Торғай)  аймағынан  таралып,  жаңа  қоныстарда  одан 

әрі  өмір  сүріп,  өздерінің  отанындағы  білген  өркениетін  жаңа  жерлерде  әрі 

қарай қолданып, дамытқан деген тұжырымға келген. 

Сонымен, 

жоғарғы 

палеолитте 

басталған 

экономикалық 

қопарылыс  ешқайда  да  емес,  ежелгі  Тұранда,  ондағы  Орал-Қазақстан 

(Торғай) аймағында болды, нақ сонда өндіргіш шаруашылық та бастауын 

алды


Мезолит  дәуірі.  Мезолит  дәуірінде  садақ  пен  жебенің  өмірге  келуін 

ғалымдар геометриялық микролиттер пайда болуымен байланыстырады, ал 

Торғайдың  оңтүстік  Орал,  Есіл  өзені  бойлары  оларға  бай  екендігін  білеміз. 

Енді  садақ  пен  жебенің  ең  сапалы  түрлері  де  осы  тастастарға  байланысты 

болды, ал ондай садақ пен жебесі бар адамдар, басқалардан бұрын жабайы 

аңдарды қолға үйретіп, қолда ұстауға қолдары жеті деп есептейді (1,115). 

 Мезолит  дәуірінде  Торғай  төрткүл  өңірінде  Оңтүстік  Орал  шығысы 

мен  Тобыл  бойы  мәдениеттерінің  бір-біріне  ұқсас  бірлестігі 

қалыптасқанына  ғалымдар  көңіл  бөлген.  Өйткені,  осы  уақытта  Орал-

Қазақстан  (Торғай)  аймағында  этнотілдік  бірлестік  қалыптаса  бастады 

деп есептейді ғалымдар, себебі, әрісін қойғанда, жоғарғы палеолитпен бастап 

бұл өңірде тек жергілікті тұран халқы ғана тұрды, содан бастап олар батыс, 

оңтүстік  және  шығыс  бағыттарға  мезгіл-мезгіл  қоныс  аударып,  өз 

мәдениеттерін таратты. 

 Мезолитте  пышақ  секілді  пластиналар  тастан  жасалған  барлық 

саймандарды  ығыстырып  шығарды.  Бұндай  пластиналар  Торғайдың 

Оңтүстік  Орал  шығысындағы  мезолиттік  Янгелька  тұрағында  –  7000, 

Мысоваяда – 5411, Шортандыда – 4238, Мұратта 4 мыңнан артық табылған. 

Әрине 


далалықтар 

бұндай 


өте 

бағалы 


құралдарды 

өздерінің 



шеберханаларында  (мастерской)  тек  өздері  пайдалану  үшін  ғана  емес, 

сатуға, айырбастауға да осынша көп мөлшерде дайындады. Орал-Қазақстан 

(Торғай) өңірінің адамдары бұндай құралдармен, әр түсті тастармен, олардан 

жасалған тағымдармен күллі басқа өңір тұрғындарын жабдықтады. 

 Мезолитте  Янгелька  тұрағында  микролиттермен  жабдықталған  қол 



орақ  және  астық  сақтайтын  қамбаның  табылуы,  Зюрааткуль  көлі 

жанындағы Каменный мысь тұрағында, б.з.д. 9-6 мың жылдар шамасындағы 

тастан  қаланған  бір  баспанадан  кетпеннің  табылуы,  Орал  –  Қазақстан 

(Торғай)  аймағында  жергілікті  адамдар  мезолиттен  бастап  жер  өңдеу  – 



егіншілікпен айналыса  бастағанын,  яғни  Таяу  Шығыстағы  Чатал-Гуюктен 

4 мың жыл бұрын бұл кәсіпті игергенін көрсетеді. 

 Ғалымдар  Орал-Қазақстан (Торғай),  Каспий  жағалауы, Орта және  Таяу 

Шығыстағы  адамдардың  құралдарды  жасаған  шикізатын  (тас  түрлері),  оны 

дайындау технолониясын, адамдардың дәстүрлерін (жерлеудегі) және қоныс 

орындарын  салыстыру  арқылы  Орал-Қазақстан  (Торғай)  аймағындағы 

түріктектестердің  ежелгі  замандағы  арғы  аталары  (прототүріктер),  тас 

дәуірінің мезолит кезеңінде (б.з.д. 12-9 мың жылдары) – Каспий теңізінің 



шығыс  жағалауы  арқылы  (Джебел,  Белт,  Хоту,  Джейтун)  Орта  және 

Таяу Шығыстағы (Карым Шахир, Зарзы, Шанидар, Дирекли, Ябруд, Зави-

Чеми)  жаңа  қоныстарға  келіп,  өздерінің  ежелгі  шыққан  отанында 

үйренген,  білетін  мәдениеттерін  жол-жөнекей  болған  (Каспийдің  шығыс 

жағасы),  келген  (Орта  және  Таяу  Шығыс)  жерлерінде  таратқан  деген 

қорытындаға келеді. 

Бұлар  Торғай  төрткүл  өлкесінде  мезолиттік  Атбасар,  Янгель, 

Прибелтск  мәдениеттерін  жасаушы  прототүріктерден  бөлінген  қоныс 

аударушылар деп есептейді. 


 Мезолиттің 

аяғында 


Орал-Қазақстан 

(Торғай) 

аймағының 

прототүріктерінің  алғашқы  лектерінің  бірі,  Каспий  теңізінің  шығыс 



жағалауы  арқылы,  Үнді  ойпатына,  Белуджистанға  (Пакистан)  барған. 

Ондағы Мергар тұрағынан біздің микролиттер табылған. Үйлердің құрлысын 

салуы,  адамдарды  жерлеудегі  дәстүрлері,  –  барлығы,  –  Чатал  Гуюк  пен 

Джармадағы  секілді  Торғай  бойынан  келген  мәдениет  екендігін  көрсеткен. 

Пәкістандағы  Мергар  тұрағын  зерттеген  француз  архитекторлары  онда 

табылған құралдардың Арал маңы адамдарымен келген, сол елдің мәдениеті 

екенін куәландырған.  

Тұран  Торғай  өңірінің  мәдениеті  екендігін  микролиттерден  басқа 

Торғай  өлкесіне  тән  саздан  жасалған  адамдардың  фигуралары,  ғалымдар 

жазу  белгілері  деп  есептен  жүрген  күйдірілген  саздан  жасалған 

«шпулькалар»,  әлі  сыры  ашылмаған  өтектер  (утюжки)  және  т.б.,  заттар  да 

айғақтайды;  оларды  сол  кезде  осы  өңірден  жан  –  жаққа  қоныс  аударған 

прототүріктер  таратқан.  Кейбіреулер  оларды  Таяу  Шығыстан  Оңтүстік 

Оралға әкелген деп есептейді, бұл қыйсыны келмейтін зат, үйіткені:  

–  біз  өткен  тарауда  танысқанымыздай,  әйел  фигуралары  палеолиттік 

Мальта,  Бурет  тұрақтарында,  Капова  және  Игнатьев  үңгірлерінде  көптеп 

табылған;  

–  бірінші  миколиттерді  берген  Оңтүстік  Орал  яшмасы  –  палеолиттік 

Игнатьев  үңгіріндегі  күллі  құрал  жасайтын  шикізаттардың  50  пайызынан 

асқан,  ал  мезолиттік  Шикеевка  тұрағында  –  барлық  пластина  мен  құралдар 

тегіс  яшмадан  жасалған.  Ежелгіде  барлық  жерде  жасыл  тастарды  тектен-

текке «яшма» деп атамаған: парсылар – «яшм», ауғандар – «яшаб», гректер – 

«яспис», арабтар – «уязм». 

Таяу және орта шығыста жоғарғы палеолиттік мәдениеттің жоқ болуы 

да ол кезде Орал-Қазақстан (Торғай) аймағы тұрғындарының бұнда әлі келіп 

үлгірмегендігін  көрсетеді,  олар  тек  Кіші  Азияда  ғана  палеолиттің  алғында 

көрінді,  ал  мезолит-неолит  дәуірінде  олардың  барлығын  тегісінен  толық 

игерді(1,127). 

Неолит және энеолит дәуірлері.  

Неолит дәуірінде, б.з.д. 8 мың жылдары Таяу Шығыста – Иерихонда, 

бір  мәдениеттің  алғашқы  бөлігі  (фаза  «А»)  пайда  болып,  белгісіз  себептен 

тоқтап  үзіледі.  Келесі  бөлігін  (фаза  «Б»)  б.з.д.  7  мыңыншы  жылдары 

солтүстіктен келген басқа біреулер басқа дәстүрлер негізінде жасайды. Осы 

мәдениетті  зерттеуші  ғалымдардың  пікірі  бойынша  бұл  мәдениеттің  бөлек-

бөлек  үзінділерін  жасаушылардың  екі  тобы  да  солтүстіктен  Орал-Қазақстан 

(Торғай)  бойынан  шыққан  прототүріктік  аталарымыз:  бірінші  тобы 



Атбасар,  Прибельск  мәдениетін  жасаушылар  да,  екіншісі  Маханджар 

мәдениетін  жасаушылар;  олар  жол-жөнекей  Каспий  шығысында,  оңтүстік 

Түрікменияда мал шаруашылығымен қоса енді егіншілік кәсіпті де таратқан. 

Бірақта,  белгісіз  себептермен  олар  да  Иерихоннан  кетеді.  Арада  4  мың 

жылдай  уақыт  өткесін,  тек  б.з.д.  3200  жылы  ғана  Иерихонға  қайтадан 

жан бітеді. 



 Түрікменстандағы  Жейтун  мәдениеті  б.з.д.  6  мыңыншы  жылдары 

неолитте,  Атбасар  мәдениеті  Тельман  I  ескерткішінен  келген.  Б.з.д.  



мыңыншы  жылдары  жейтун  мәдениетін  Анау  мәдениеті  ауыстырады,  бірақ 

олардың арасында генетикалық байланыс жоқ, ондай байланыс одан кейінгі 

Намазга  1  мәдениетімен  де  жоқ.  Бұнда  да,  Таяу  шығыстағы  секілді, 

жергілікті  эволюциялиқ  даму  сабақтастығы  жоқ,  бұндағы  мәдениеттердің 

ауысуы  сырттан  Тұранның  Торғай  өлкесінен  келгендердің  өздерімен  бірге 

әкелген мәдениеттерімен ауысудың нәтижесі. 

Осы  неолит  дәуіріндегі  Орал-Қазақстан  (Торғай)  аймағында  Атбасар 

мәдениетін жасаушылардың Иерихон «А» дан кейінгі бір мың жыл өткеннен 

кейінгі  6020,  5850  жылдарғы  хирокития  мәдениетін  жасаған  ізі  Жерорта 

теңізіндегі Кипрде қалған, онда да өз еліндегідей дөңгелек, төбесі күмбезді, 

қабырғасы  тік  бөренелі  үйлер  тұрғызған,қайтқан  адамдары  бүктетіліп 

жерленген, әйелдер статуэткаларын жасаған, жапсыра керамиканы дамытып, 

оларды геометриялық әшекейлермен көркемдеген.  

Соңғы  ғылыми  деректер  бойынша  неолит  дәуіріне  жататын  Жақын 

және  Орта  Шығыстағы  Хаджиляр  (б.з.д.  8-7  мың  жылы),  Чайеню  -Тепеси 

(б.з.д. 7250-6750 ж.), Джармо (б.з.д. 7 мың жыл), Хассун (б.з.д. 7-6 мың жыл) 

және  Чатал-Гуюк  (б.з.д.  6500-5400  жылдар)  мәдениттерінің  ещқайысында, 

және бірімен бірінің арасында, ешқандай генетикалық байланыс, сабақтастық 

деген жоқ. Кенеттен басталып, кенеттен әрі кеткенде 1 мың жыл шамасында 

жоқ  болып  кетеді.  Өйткені  оларды  жасаушылар  жергілікті  автохтонды 

тұрғындар  емес,  сырттан,  арасын  үзіп-үзіп  Орал-Қазақстан  (Торғай) 

аймағынан келушілер. 

Яғни күні бүгінге дейін, адамзаттың тас дәуіріндегі ежелгі мәдениетін 

жасаушылар Таяу және Орта Шығыс, Қос өзен бойы деушілердің:  

– ол жерде бұндай мәдениеттің негізі жоқтығын;  

– онда жергілікті генетикалық сабақтастықтың жоқтығын;  

– ол мәдениетті жасаушылар сырттан – солтүстіктен келушілер екендігін 

біліп  атағандарымен,  оның  анық  адресін  ғылыми  түрде  аяғына  дейін 

зерттелмегедігін,  ескермей,  ғылыми  негізсіз  жасаған  қате  қоытындылары 

екендігін, – қазіргі дүние жүзі ғалымдарының дені мойындап отыр.  

 Кейбір топтың ғалымдары өндіргіш шаруашылықтар Қазақстанға Таяу 



Шығыстан  Кавказ  арқылы  келді  деп  тонның  терісін  сыртына  айналдарын 

көрсетеді. Өндіргіш шаруашылықтың пайда болуын ғалымдар негізінен адам 

өмірінде  егіншілік  мәдениетінің  пайда  болуымен,  оған  қоса  малды  қолға 

үйретіп,  одан  өнім,  өсім-төл  ала  бастаумен,  керамиканың  пайда  болуымен, 

тұрғын,  тұрмыстық  құрлыстармен  айналыса  бастаумен  және  т.б. 

байланыстырады.  



Біріншіден, егіншілік кәсіп Торғай төрткүл аймағында сонау мезолитте 

янгель  мәдениетінде  туғаны  белгілі,  онда  микролит  пен  қол  орақ,  астық 

сақтайтын ұра, кетпен – шот табылған болатын, соған қарап, ғалымдар ежелгі 

Тұранда,  Торғай  төрткүл  өлкесіндегі  Оңтүстік  Оралдың  шығыс  беткейінде, 

сол кездің өзінде (мезолитте) егіншілік туған деген қорытындыға келген.  


Екіншіден,  ежелгі  Тұранда,  Торғай  төрткүл  өлкесінің  Оңтүстік  Орал 

сыртындағы  Давлеканово,  Муллино  тұрақтаында  (Прибельск  мәдениеті  – 

б.з.д.  8-6  мың  жыл)  қолға  үйретілген  қой,  ешкі,  сиыр,  жылқы,  яғни  үй 

малдарының  барлық  түрлерінің,  әсіресе  жылқының,  көп  сүйектері 

табылғанын,  жергілікті  сүйіртүпті  керамиканың  әртүрлі  өрнекпен  салынған 

тұрлері  табылғанын,  олардың  уақыты  б.з.д.  VII-VI  мың  жылға  келетінін, 

білеміз.  

Үшіншіден,  Орталық  Кавказдағы  мәдени  ескерткіштердегі  (Шомутепе, 

Шулаверисгора,  Имирисгора,  Тойретепе  және  басқалары)  қоныс  орындары, 

құрылыстар  –  Атбасар  және  Ботайлықтар  секілді,  –  арасына  лай  салған  саз 

балшықтан жасалған, кесектен және құйма балшықтан тұрғызылған. Барлық 

құрылыстар  дөңгелек  немесе  сопақ  формасында.  Тұрғын  үйлік  құрлыстары 

бір бөлмелі дөңгелек сопақша келіп, биіктігі 2,5 метрден кем емес, кеңдігі 7 

ден  17  шаршы  метрге  дейін  болған.  Әрбір  үйде  саздан  жасалған  жұмыртқа 

тәрізді  тамақ  пісіретін  пештері  болған.  Едендері  саз-топырақтан  соғылған. 

Кіре  беріс  есік  қабырғадан  еденнен  жоғарырақ  шағын  ойық-тесік  түрінде 

қалдырылған.  Үйге  жарық  түсіп,  түтін  шығу  үшін  күмбезді  төбеде  тесік 

жасалған.  Кейсібір  үйлер  коридор  арқылы  жалғастырылған.  Бір  сөзбен 

айтқанда бұл құрылыстардың ежелгі Тұрандың Торғай төрткүл өлкесіндегі 

Атбасарлық  және  Ботайлық  мәдениет  құрылыстарынан  ешқандай 

айырмашылығы  жоқ.  яғни  үй  және  шаруашылық  құрлыстарын  салу 

үлгілерін Торғай бойынан Каспий теңізі шығысы арқылы Орталық Кавказға 

келген  прототүріктер  өздерімен  әкелгендігін  көрсетеді.  Бұл  деректердің 

барлығы 


өндіргіш 

шаруашылықты 

Қазақстанға 

қола 

дәуірінде 



үндіеуропалықтар  әкелді  дегенді  теріске  шығарады,  ол  одан  2-3  мың  жыл 

бұрын  Орал-Қазақстан  аймағында  Атбасар,  Янгель,  Прибельск 

мәдениеттерінде пайда болып, дамыған

Ғалымдардың 

дерегі 

бойынша 


оңтүстік 

Кавказда 

өндіргіш 

шаруашылық б.з.д. 6 мың жылдықтың аяғына қарай, кейінгі неолитте пайда 

болған, бірақ оның басы қашан, қалай пайда болғандығы жөнінде ешқандай 

дерек  жоқ  деп  есептейді,  алайда  шындығында  ондай  мәлімет  –  деректер 

баршылық,  олармен  жоғарыда  таныстық.Сонымен  қатар  археологтар 

орталық  Кавказдағы  мәдени  ескерткіштер,  хронологиялық  деректер 

бойынша, оңтүстік Кавказ ескерткіштерінен бұрын, оның алдында болғанын 

дәлелдеп отыр.  

 Яғни, соңғы жаңалықтар, өндіргіш шаруашылықтың кейінгі неолитте 

–  солтүстіктен-оңтүстікке:  Торғай  төрткүл  өлкесінен  –  Каспийдің  шығыс 

жағалауы  арқылы  –  Орталық  Кавказдағы  Шомутепе,  Шулаверисгора, 

Имирисгора, Тойретепе және т.б., одан Оңтүстік Кавказға, Таяу және Орта 

Шығысқа – Хаджиляр, Чайеню-Тепеси, Джармо, Хассун, Чатал-Гуюк қоныс 

орындарына,  Солтүстік  батыс  Иранға,  Сирияға,  Қос  өзен  бойындағы  – 

Солтүстік Убейдке, т.б. өтіп, тарағанын көрсетеді.  

Энеолитте,  күллі  Таяу  және  Орта  Шығысқа,  оның  ішінде  Қосөзен 

бойына  да  бір  –  ғана  мәдениет  тараған  –  ол  Ботай  –  Терсек  мәдениеті. 

Кейбіреулер бұл мәдениет Убейд мәдениеті дейді – ол қате, өйткені Қосөзен 


бойында  Убейд  мәдениетінен  ерте  жоғарғы  палеолиттік  те,  мезолиттік  те, 

неолиттік те бірде-бір мәдениет болмаған, ал Убейдтік мәдениеттің өзі – сол 

Ботай – Терсек мәдениетінің тарауының туындысы, әкелуші – прототүріктер, 

онда басқа негіз жоқ. 

Бұлардан  басқа,  бұрын  Куро-Арак  мәдениеті  Дағыстан,  Чечен-

Ингушетия,  Солтүстік  Осетин,  Шығыс  Анатолия  және  Закавказьеге  тарады 

деген көзқарас болатын, бірақ сонғы зерттеулер – бұл мәдениеттің энеолитке 

жатпайтындығы,  өйткені  ондағы  артефактілерде  таза  жезден  жасалмай, 

мыс пен пен мышьяктың қоспасынан, яғни жасанды қоспадан жасалғандығы 

анықталып, олар қазір ерте қола дәуіріне жатқызылған. 

Қорыта  айтқанда  ежелгі  шығыс  мәдениеттерінің  бәріне  тән  қасиет 



олардың  бәрінің  дамуында  үнемі  үзіліс  бар,  генетикалық  байланыс  жоқ 

және  дамуларында  ауыспалық  сабақтастық  жоқ.  Барлық  мәдениеттерін 

оларға  белгісіз  солтүстіктен  келушілер  жасайды,  олар  қалай  белгісіз  пайда 

болса,  солай  белгісіз  жоқ  болып  кетеді  де,  олар  жасаған  мәдениет  те  өмір 

сүруін  тоқтатады.  Бұл  кезде  Жақын  және  Орта  Шығыста  қолға  тек  ешкі 



мен  қой  ғана  үйретілген,  кейінірек  шошқа  пайда  болған.  Осындай  жағдай 

Оңтүстік  Түрікменияда,  Жерорта  теңізі  аймағында  да,  Қосөзен  бойында  да 

сақталған:  оларда  жалпы  жоғарғы  палеолиттің  де,  мезолитінің  де 

мәдениеттері  болған  емес,  ал  неолиттік,  энеолиттік  және  қола  мәдениеттері 

тұтқыйылдан  дамыған  күйінде  пайда  болады,  және  бірін-бірі  ауыстыратын 

мәдениеттер  арасында  ешқандай  не  генетикалық  байланыс,  не  айырбас  – 

сабақтастық  жоқ.  Кипрде  де,  Закавказьеде  де,  Таяу  және  Орта  Шығыста  да 

дамыған  түрдегі  мәдениеттердің  кенеттен  пайда  болуы  бұл  өңірлерге  Орал-

Қазақстан (Торғай) аймағынан протатүріктердің мезгіл-мезгіл басып кіруімен 

және  олардың  жаңа  жерде  өздерінің  жоғары  мәдениетін  енгізуімен 



байланысты деп түйіндейді ғалымдар.  

Энеолит пен ерте қолада Нұра мәдениеті б.з.д. 4 мың жылдың басында 

оңтүстікке Палестинаға да барған.  

 

 

Кеңесбек Мәулетұлы, зерттеуші 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал