Толқынды Днепрдің жағасында Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран



жүктеу 33.82 Kb.

Дата28.02.2017
өлшемі33.82 Kb.

Толқынды Днепрдің

жағасында

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран

Кейінгі ұрпақ-жеткіншектерге

қасиетті топырағымызға кіндік

қаны тамған Кеңес Одағының Ба-

тырлары жайында әңгімелеп оты-

ру - біз секілді үлкендерге парыз.

Сондықтан да:

Кешегі


 ОТТЫ СОҒЫС

шайқасында,

Өмір менен өлімнің

айқасында.

Бір өзінен 23 Батыр шығып,

Келеді Қарағанды көш

басында.

Солардан кешегі өткен

Мартбек аға,

Үлкенге үлгі, кішіге болған

пана.

Қастерлеп Қарағанды мақтан



етер,

Өзінің Батыр ұлын шыққан

дара,- деп Ораз Нұрғалиев жыр-

лағандай, Қарқаралыдан шыққан

үш батырымыздың бірі - Март-

бек Мамыраев жайынан бір үзік

әңгіме шертелік.

Мартбек Мамыраев 1908 жы-

лы 7 наурызда Қарқаралы ауда-

нындағы 1-Май ауылында шаруа

отбасында дүниеге келген. Ауыл-

дың күншығыс беткейінің оңтүс-

тік-шығыс сілемін ала Мамырай

қорасы, Мартбек шілігі дейтін

көненің көзіндей жер атаулары

бар, әлі де солай аталады. Қыс-

тау, жайлаулары ұрымтал орнала-

сқан. Алпысыншы жылдан (1965)

«Қарағанды- Қарағайлы» бағыты-

на қатысатын қазіргі темір жол сол

аталған қыстау-жайлауларды ор-

тасынан қаққа бөліп жатыр.

Ұмыта жаздасаң сен

борышынды,

Арала атамекен қонысыңды.

Елсіз жұрт, ескі мола еске

салар,

Халқыңа адалдықпен болысу-



ды,-деген екен ақын Сағынғали

Сейітов. Осынау бір ғана шумақ-

та сары алтындай салмақты ой

жатқаны ақиқат. Мартбек Мамы-

раев еңбек жолын 1924 жылы он

алты жасында бастапты. Кейіннен

Қарағандыда жұмыс істеген.

1931-1934 жылдар аралығында

шахтада забойшы, 1934-38 жыл-

дары электрослесарь-механик,

1938-40 жылдары Корней Осипо-

вич Горбачев атындағы №8,9

шахталарда электрослесарь және

монтер, кейіннен шахта кәсіподақ

комитетінің председателі болып

қызмет етеді. 1940-42 жылдары

«Кировкөмір» тресі №3 бис шахта-

сында партия жұмысын ұйымдас-

тырушы қызметін атқарады. 1942

жылғы мамырда болашақ батыры-

мыз майданға шақырылып, сол

уақыттан бастап 1944 жылдың

қыркүйөгіне дейін үшінші гварди-

ялық дивизияның 12-полкінде

қатардағы жауынгер болып Ұлы

Отан соғысына қатысты. 1943 жылы

29 қыркүйекте Мартбек Днепр

өзенінен өту кезінде пулемет оғымен

ротаны қорғай отырып, алдыңғы-

лардың бірі болып 700-800 метрлік

ені бар толқынды Днепр өзенін

кешіп өтеді. Осы шайқаста 12-ат-

қыштар дивизиясы 32-атқыштар

полкінің пулемет расчетының ко-

мандирі, гвардия сержанты Мамы-

раев Мартбек асқан ерлік көрсетеді.

Ерлігі мен жауынгерлік табанды-

лығы үшін ол Совет Одағының Ба-

тыры атағына ие болып, Батырдың

Алтын жұлдызын 1944 жылдың 15

қаңтарында өр кеудесіне тағады.

Жерлесіміз, Батырымыз Март-

бек ағаның көзі тірісінде туған

ауылында түрлі кездесулерінде ба-

тырдың өз аузынан айтқандарын

еш өзгерюсіз ойылгы ортаға салу-

ды жөн көрдік:

-Мен бірінші Белбрус майданы-

ның 61-ші армия, 2 корпус, 12-ші

дивизиясының 32-ші гвардиялық

атқыштар полкінде пулемет расчет-

ының командирі болып қызмет

еттім. Рота командирі Григорий

Гаркунь деген азамат еді. Ол бізге

32-ші полктің, оның ішінде біздің

ротаның өзеннен бірінші болып

өтуге тапсырма алғанын хабарла-

ды. «Алдымен өтемін» деушілердің

ішінде мен де болдым. 1943 жылғы

қыркүйек айының 29-на қараған

түн. Салқын, қар аралас жаңбыр

бүркіп тұр. Алдымызда түн тұнжы-

рауындағы толқындар, айдынды

Днепр. Біздің тұстағы өзеннің ені

700-800 метр. Біз қолдан жасалған

салға отырдық. Қасымда көздеуші

көмекшім - Владимир Гусаров және

расчеттың басқа да жауынгерлері.

Ескегіміз - сапер күрегі. Осы бір

шақырымға толмайтын аралықты

біз екі жарым-үш сағатта жүзіп өттік

қой. Миномет оқтары ысылдап,

жан-жағымызды тіміскілеп түсіп

жатты, Бірақ ажалдан тайсалғаны-

мыз жоқ. «Қырық жыл қырғын бол-

са да, ажалың жетпей өлмейсің»,-

деп тегін айтылмаған ғой. Жағаға

шығысымен байқағаным: пуле-

меттің замогы дымқылданған екен,

тездетіп спиртпен сүртіп, құрғатып

жіберіп, қолма-қол пулеметті құра

салып, оқпанын жау жаққа қаратып

қойып біз де аңыраттық, Екі-үш

гранатты дұшпанның бекінісіне

сілтедік, ара қашықтық таяу бола-

тын, арттағыларға ракета атып, белгі

бердік. Іле-шала полктің бас бөлім-

шелері де жетіп, біздің бастаған

шабуылымызды қолдап, демеп

әкетті. Көмекшім Владимир опат

болды, расчеттағы жауынгерлердің

көбі оққа ұшты. Дұшпанды алдыңғы

бекіністен тұтқиыл шабуылмен қуып

шығып, екінші позицияға жеттік.

Осы жерде пулеметімнің замогын

оқ жұлып әкетті. Жан дәрмен

бірінші позицияға оралып келіп,

фашистердің өз қаруын (өлген

немістің) өздеріне жұмсадым.

Осы аласапыранда взвод

командирі Волков оққа ұшты да,

взводты басқару маған тапсы-

рылды. Сол күні дұшпанның үш

атакасына қарсы шығып, үшеуін

де тойтарып, табанымыз тиіп

тұрған жерді бекініске айналдыр-

дық»,- деп сол қиын күндер

естелігін Батыр аға ортаға салды,

Ұлы Отан соғысынан кейін

Мартбек Мамыраев Қарағандыда

партия, кеңес және шаруашылық

қызметтерінде болды. 1985 жылы

зайнеткерлік демалысқа шықты.

Қарағанды қаласының Құрметті

азаматы Мартбек Мамыраев 1989

жылғы 20 қарашада 82-ге қара-

ған шағында қайтыс болды.

Аяулы аға Мартбек Мамыра-

евтың майдандағы және еңбектегі

ұлағатты ісі Ленин орденімен қоса

Совет Одағы Батырының алтын

жұлдызымен, «Құрмет белгісі»

ордені, бірінші дәрежелі Отан со-

ғысы орденімен, көптеген медапь-

дармөн, Қазақ ССР Жоғарғы Со-

ветінің бес грамотасымен аталып

өтті. Қазақ ССР Жоғарғы Советі-

нің үш бірдей шақырылуында де-

путат болып сайланды.

Халық депуаттары Қарағанды

облыстық және қалалық Совет-

теріне әлденеше рет депутат бол-

ды. Батыр ағаның даңқты жолы

ұрпаққа өнеге.



Хамит ҚОЙБАҒАРОВ.

Ақжол аулы,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

СУРЕТТЕ: Совет Одағының Ба-

тыры

 Мартбек Мамыраев.

АТАМ БАР


МЕНІҢ

АРДАҚТЫ


Атам бар менің ардақты,

Соғыстарда сұрапыл.

Суықтарда қақаған,

Ыстықтарда аптаған,

Елін жаудан сақтаған.

Қарсы шыққан қайыспай,

Қалың жауға қаптаған.

Минометпен атқылап,

Дұшпандарын таптаған.

Ешбір адам ешқашан,

Бойынан мін таппаған.

Кеудесінде жарқылдап,

Орден, медаль қаптаған.

90-нан жасы асса да

Қартайдым деп жатпаған.

Бар білгенін үйретіп

Тұлпардай бізді баптаған.

Осы атамнан үйреніп,

Ақын болып айтысып,

Жыр менен қисса

жаттағам.

Өзіңдей атам барына

Мен әрдайым мақтанам!

Дидар ҚАМИЕВ,

республикалык,

жыршы-жыраулар

байқауының

дипломанты.

2004 жыл.

ШЕТ ауданы.



Бетті әзірлегендер

Е.Лұқпан, Ғ.Смағұлов.

Орталық Қазақстан.-2006.-7 қаңтар.-9 б.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал