Толығымен қолдаймын. Мәселен, тарихқа үңілсек, патша үкіметінің кезінде гимназист мұғалім



жүктеу 0.68 Mb.

бет5/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ,

ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты

Астана 

Н.АЙТҰЛЫ. «Ерлікке ескерткіш» поэмалар 

жинағы, «Фолиант» баспасы, 2008 жыл

қау ларда жұлдызымыз жанады» деп сенім 

білдіруде.

Осынау өнер байқауының 2009 жылғы 

бас жүлдесі ресейлік «Вокал академия-

сына» табыс етілді. Испания астанасы Бар-

селонаны бағындырған ансамбль жетек-

шісі Елена Рязанцева, солистер – өнер 

факу льтеттерінің студенттері Оксана Рома-

ненко, Галина Рябцева, Ульяна Николаенко, 

Алексей Бузовский, Арменак Аветисян 

сынды жас дарындардың есімі Еуропа 

елінде де ауызға іліге бастады. Бұл ұжым-

шілік пен ізгілікті насихаттау. Елорда 

төріне шақырылған құрметті қонақ-

тар дың ішінде әлемге аты әйгілі тұл-

ғалар жетерлік. Атап айтар болсақ, 

Габриэль Гарсия Маркес, Пауло Коэ-

льо, Фри Бет то, Федерико Майор 

Сарагоса,  Ва лен тин  Распутин,  Никита 

Михалков, Леонид Рошаль, Михаил 

Горбачев, Гер хард Шредер, Мохам-

мед әл-Бара деи, Яков Фон Икскюль 

сияқты қайрат керлер, Нобель сый-

лы 

ғының лауреаты Орхан Памук, 



Голливуд актерлері Кери Хироюки 

Тагава, Арманд Ассанте, Ма рк Аллан 

Дакаскос сынды жұлдыздар келеді 

деп күтілуде.

ның биікті бағындыруына Ставрополь 

мемлекеттік университетінің Мәдени 

орталығы директоры Елена Шамсутдинова 

– басты себепкер болған адам. Ал фести-

вальдің биылғы Гран-при жүлдесіне қа за қ -

стандық жас шебер гитарашы Евге ний 

Шей кин лайық деп танылды. Әрине, оған 

гитараның отаны саналатын испания лық 

талғампаз тыңдарманды таңдандыру оңай 

болған жоқ. Әйтсе де Евгений өз өнерімен 

елді елең еткізе білді.

***


Барселона маңында Ларетт де мар деп 

аталатын шағын қала бар. «Фиестало-

ниялықтардың» сүйікті демалыс орнына 

айналған бұл жер аталған өнер фестива-

лінің басты орталығы саналады. Өнерді өз 

өмірінің өзегі санайтын шығармашылық 

иелері осы байқауда бақ сынасып, өнер 

көрсетіп, өзгелермен тәжірибе алмасуды 

зор мәртебе санайды. Байқау өтетін күн-

дердің бағдарламасында концерттік 

қойылымдармен қатар түрлі көрмелер, 

қызықты саяхаттар мен әйгілі жұлдыз-

дармен жүздесулер ұйымдастырылмақ.

Жылдан-жылға қанатын кеңге жайып 

келе жатқан GRAN FIESTA фестиваль-

байқауын ұйымдастырушылар енді келесі 

жылда өтетін байқауға қатысқылары 

келетін өнерпаздарды күтеді. Фестивальға 

қатысу үшін www.fi estalonia.com сайтына 

кіріп, өтініш білдіруге болады. Байқау 

шарттары мен қосымша мәліметтерді де 

осы мекенжайдан ала аласыздар. Өнеріңіз 

болса – ортаға салыңыз!

Әзірлеген Мария ВИШНЕВСКАЯ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№143 (369) 21.08.2010 жыл, сенбі                    



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қара зере майы шаштың түскен 

жеріне жағылады. Сонымен бірге 

тамақтан 15 минут бұрын, таңертең 

және кешке, жарты шай қасық қара 

зере майын 1 ас қасық бал қосылған 

жарты стакан сумен ішу керек. Ал 

мұрынның бітелуін емдеу үшін, қара 

зере майына малынған мақтаны 15-

20 минут мұрынға қояды. Тұмау қат-

ты тигенде мұны қайталайды. «Қара 

зерені» расында да барлық ауру үшін 

қолдануға болады. Тіпті бүгінде АҚШ 

пен Батыстағы мемлекеттердің ға-

лым дары қара зеремен СПИД-ті ем-

деу жолдарын да зерттеп жатқан 

көрінеді.

Бүгінде базарларда «Қара зере» деген май сатылып жатыр. 

Естуімше, оны мұсылмандар сан ғасырлардан бері барлық ауруға 

ем үшін қолданып келеді. Соңғы уақытта шашым жиі түсіп жатқан 

соң және үнемі мұрным бітелетіндіктен, жақында «Қара зерені» 

сатып алдым. Бірақ қалай пайдалану керектігін білмеймін. Оны 

қалай пайдаланады екен? 

Мақсұт ТӨЛЕНДІҰЛЫ, Алматы қаласы  

«Қара зеренің» қасиеті қандай?

ДАТ!

Сағатбек ҚАЛИЕВ, музыкатанушы ғалым: 

– Сағатбек аға, сіз қай арнада 

қызмет істесеңіз де, «Алтыбақан», 

«Ауылдың алты ауызы», «Аманат», 

«Дала-думан», «Сегіз қырлы» 

секілді қазақылық дәстүрдің тұнып 

тұрған үлгісін насихаттайтын 

бағдарла ма лар ды  ұдайы  өзіңізбен 

ала жүретін секілдісіз. Сондықтан біз 

өзіңізбен ұлттық мәдениетіміздің 

жанашыры ретінде әңгіме өрбітсек. 

Неге біздер тәуелсіз ел бола тұра, 

осы елдің төл жұрты – қазақтың 

өзіне ғана тән әні мен жырын өзге 

жұрттың өнерінен төмен қойып, 

өзімізді тыңдамай, оқшау қалдырып 

қойдық? Мысалы, бізде неге әлі 

күнге дәстүрлі әншіні тың дай тын, 

келген қонағыңды алып барып 

мақта на тын, жан дүниеңді рухани 

азықтан дыратын бір мекен жоқ? 

– Бұл – біздің ұлттық өнердің жанашыр-

лары қашаннан көтеріп келе жатқан өте 

өзекті бір мәселе. Тарихқа үңілсек, Кеңес 

Одағы кезінде Ғарифолла Құрманғалиев, 

Мәдениет Ешекеевтер ашқан эстрадалық 

студиялар болды. Оның атауы ғана эстра-

да лық болғаны болмаса, ол жер ұлттық 

музыка мамандарын, дәстүрлі әнші мен 

күйшілерді даярлайтын ортаға айналған 

еді. Одан бұрын консерваторияда да мар-

құм Жәнібек Кәрменовтің, Қайрат Байбо-

сыновтардың ұйытқы болуымен ұлттық ән 

кафедрасы ашылған. Тіпті сол ұлт дегенді 

жоюға ұмтылған кеңестік кезеңнің өзінде 

ұлттық музыкамызды дәріптеуде әлгіндей 

тұлғалар жанкештілік деуге тұрарлық іс 

атқарды. Негізінен, нағыз қазақ музыкасы-

ның ең бір оқшауланған жері – ауыл. Сол 

ауылдарда әрбір ошақтың, әр той-тома-

лақ 

тың төңірегінде қалыптасқан дала 



театры болған. Сіз айтып отырғандай, ұлт-

тық өнерімізбен сусындайтын орын өз 

бастауын содан алуы тиіс. Біздің қоғамда 

өткен ғасырда ұлттық музыканттардың өзі 

екіге бөлінді: бірі – кәсіби маман ретінде 

білім алғандар, екіншісі – еліміздің төрт 

тара пында қазақтың музыкалық дәстүрін 

сақтап отырған азаматтар. Қазақтың 

дәстүрлі музыкасы бар қазаққа ортақ дүние 

болғанымен, оның да өзіндік ішкі ерек-

шелік тері, бірін-бірі қайталамайтын сан 

қыры бар. Мысалы үшін, Батыстың төкпе 

әні, төкпе күйімен Арқаның сал-серілер 

әндерін, шертпе күйлерін салыстыра ал-

май 

сыз. Осылардың қай-қайсысының 



болсын, сақталуы ауылдың үлесінде болды 

да, оны қағаз бетіне түсіріп, оқулыққа ай-

нал дырып, жас өнерпаздарға үйрету, яғни, 

кәсіби деңгейде дамыту қаладағы оқу 

орындарының үлесінде еді. Ал бұл өз кезе-

гінде жалпы мәдени ортада өзінің әсерін 

тигізді.  

– Ұлттық дәстүр, мәдениетімізді 

сақтауда ауыл мен қаланың рөлін 

жіктеп бөліп бердіңіз. Ал ендеше 

бүгінде солардың қайсысы өз рөлін 

тиянақты атқарып, қайсысы сол 

үдеден шыға алмай жүр? 

Ең қызығы, соңғы 10-15 жылдың 

ішін  де «ауыл» деген түсінік қатты өзгеріп 

кетті. Ауыл деген материалдық, география-

лық деңгейден басқа бір информациялық, 

виртуалдық деңгейге ауысты. Ал дұрысы: 

ауыл – сіз, ауыл – мен. Мен ауыл жайлы 

ай туым үшін міндетті түрде туған жеріме 

барып қайтуым керек емес. Ауыл біз үшін 

– тілмен, салт-дәстүрмен, күймен, әнмен, 

қала берді, қазақы дәммен, бауырмен, ту-

ған-туыспен, сондай-ақ эстетикалық-эти-

ка 

лық дүниелермен тығыз байланысты 



ұғым. Сондықтан ауылды ауылға барып 

іздеудің қажеті жоқ, ауыл осы жерде. Ауыл 

– рухани құндылық. Шартты түрде қала-

ның ортасына киіз үйді тігіп тастап, «мен 

– қазақпын» деген күлкілі нәрсе. Сондықтан 

ауылды өзіміздің ішкі дүниемізден іздеуіміз 

керек. Ауылдың иісі сол ауылда туып, жері-

нің жусанын иіскеген кез келген ақын, 

жазу шы, әнші, күйші шығармашылығынан, 

ал жалпы, бар қазақтың бойынан аңқып 

тұруға тиіс. Біз қайтадан басымызға тақия, 

үстімізге шапан кигенмен, ішіміз қазақ 

болмаса, бәрі – бекер. Ауыл деген – ананың 

сүтімен, атаның қанымен берілетін дүние. 

Бірақ біз оны кәдімгідей тұрақтандырып, 

қалыпқа келтіріп отыруымыз шарт. Жаңағы 

айтқандай, ұлттық мәдениетті насихат тай-

тын орта құрылса, ауыл деген – сол. Бірақ 

бүгінде ауылға артта қалғандық, қазіргі 

тілмен айтқанда, «мамбетизм» деп қарап, 

қаламен екеуін екі тентек қошқарды сүзіс-

тіргендей, қарама-қарсы қою деген қорқы-

нышты үрдіс қоғамды жайлап барады. Егер 

біз бүгін айтысты, күй тартысты не сол сияқ-

ты жырды керек емес «кешегінің ныша ны» 

деп ысырып тастар болсақ, сөйтіп жансыз 

өлі дауыстағы фонограммамен айтып, өз 

атын қате жазатын әншілерді біздің ұлттық 

құндылығымыз дер болсақ, әрине, ол 

жерде ауыл жоқ. Ауыл – Тәттімбет пен Құр-

ман ғазының, Абай мен Қаныш Сәтбаевтың 

есімімен, ауыл – алаш ардақтыларының 

аты мен, бүкіл біздің тарихымызбен байла-

ныс ты  нәрсе. 

ХІХ ғасырды қазақ мәдениетінің «алтын 

ғасыры» деп тегін атамаған. Өйткені бүгінгі 

таңға дейін біздің ауыз толтырып айтар-

лықтай кереметтей өнерпаздарымыз осы 

ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың ортасына дейін 

өмір сүрді. Ақан сері, Біржан сал, Жаяу 

Мұса, Құрманғазы, Тәттімбет т.б. Бәрі де 

– әлгі біз айтып отырған қазақтың төрт 

тарап тағы дәстүрлі мәдениетінің өкілдері. 

Солар дың соңғы тұяғы – кешегі Нұрғиса 

ағамыз еді, Тілендиев, күні кеше арамыздан 

кеткен Қаршыға ағамыз да тегін адам 

болған жоқ. Қазір сол көп дүниелер нотаға, 

таспаға түс 

ті, біздің бағымызға қарай, 

ауыл дарда сол әндерді айтып, қағазға, 

таспаға түсіруге кө мек тескен ақсақал дары-

мыз болды. Консерваторияның да осы 

орайда еңбегі көп, себебі ол оқу орны 

ашылған кезде Ахмет Жұбанов ауылдан 

қаншама азамат тарды шақыртып алып, 

дәстүрлі музыка мектебін қалыптастырды. 

Енді осы тұста айта кетерлігі: қоғаммен 

қатар мәдени мәйегіміз де өзгеріп келеді. 

Бұл ретте мем ле кеттік деңгейде дәстүрлі 

музыкамызды сақтап қалу емес, соны ары 

қарай дамытуы 

мыз керек. Оны қалай 

дамыту керектігінің де канондары: қалай 

оқыту керек, біздің дәстүрлі музыка мектеп-

терінің басында кімдер тұрды, олардың 

аузынан жазып алынған таспалар, одан 

оқып-үйренген өнерпаздарымыз да бар. 

Бірақ бүгін солар дың барлығы жан-жақта 

жамырап жүр. Сондықтан айтарым, дәл 

қазір ең бірінші біз үшін идеологиялық 

астары бар мәселе – біздің ұлттық музы-

канттарымыздың беделін көтеру керек. 

Және де бұл жерде мен олардың тек қана 

адами көзқарастағы емес, кәсіби музыкант 

ретіндегі беделі жайында айтып тұрмын. 

Себебі олардың мойнында халқымыздың 

санғасырлық мұрасын келешек ұрпаққа 

жеткізу аманаты тұр. Алла оларға дауысты, 

дәстүрдің ны шан дарын да сол үшін берген. 

Бірақ біздің қоғамда қазіргі таңда, өкінішке 

қарай, олардың беделі төмен. 

– Бұл ненің әсерінен? 

– Мұның бірден-бір себебі мынада 

секіл ді: біз қоғамда ұлттық музыканттар 

ғана біздің дәстүрімізді ұстап тұр деп 

ойлаймыз. Абай да осы орайда құлағы жоқ 

күйшінің тұл екендігін айтып кеткен. Яғни, 

тыңдарманы жоқ күйші ешкім емес. Ең 

бірінші құндылық ол – орта, ел, халық. Тек  

тыңдарманы бар музыканттың ғана беделі 

көтеріледі. Өйткені оның қоғамға қажеттілігі 

бар. Біздегі басты проблема, сіз бен біз 

бүгін талқылап отырған дәстүрлі өнерпаз-

дардың өнерлерін халыққа ұсы нып, тың-

дар ман қалыптастыратын, дәстүрлі мәде-

ниетімізді насихаттайтын орталық жоқ. 

Мәселен, менің не сіздің, яғни, же келе ген 

азаматтардың тойына шақыруымен дәстүр-

лі әнші өспейді. Айталық, Қайрат Байбо-

сынов ағамыз өз қаржысымен ары кеткенде 

жылына бір-ақ рет концерт өткізе алуы 

мүмкін. Менің, мысалы, ай сайын ол кісінің 

не болмаса сол секілді дәстүрлі әншінің 

өнерін тамаша лағым келетін шығар, ондай 

кезде мен қайда барамын? Не болмаса, 

басқа елдерден қонақтар келіп, қазақтың 

дәстүрлі музыка сынан концерт көргісі келді 

делік, (ондай жағдайлар өте жиі ұшыра-

сады), сондай кезде ол қонақтарды қайда 

апара рыңды білмей, дал боласың. Тіпті әр 

қазақ тың баяғы өткен жезтаңдай әншілері-

міз Ғари фол ла Құрманғалиевті, Манарбек 

Ержа нов ты, Жүсіпбек Елебековті не Жәні-

бек Кәрменовті тыңдағысы келуі заңды 

ғой. Ал бірақ қайда барып тыңдайды? 

Мейлі оны театр дейік, не продюсерлік ор-

та лық, бол маса, концерттік орталық дейік, 

атауында тұрған ештеңе жоқ. Ондай орын 

ашылса, 1,5 млн халқы бар Алматыда со-

ған баратын 150 көрермен табылмай ма? 

Табылады, тек қана баратын жері жоқ. Ал 

бұл – өте өзекті мәселе. 

– Сіздіңше, бұл мәселені қалай 

шешуге болады? 

– Мемлекеттік деңгейде қаралуы керек, 

бұл – бір. Екіншіден, тек басшылықтың 

үлесіндегі дүние деп қарамай, бұл жерде 

ақпарат құралдары, әсіресе, телеарналар 

араласуы керек. Сондай-ақ орта қалыптас-

тыру керек. Мәселен, қазір Астана салынып, 

күн сайын көркейіп келеді. Неге сол елорда-

мызға қазақтың рухани дүниесін насихат-

тайтын бір орталық салмасқа? Оған неге 

Құрманғазы не Тәттімбет, болмаса сол 

сияқты Арқа мектебінің ірі өкілі, сал-сері-

лердің бірінің атын қоймасқа? Егер осы 

нәрсе жүзеге асар болса, еліміздің төрт 

бұрышында жүрген өнерпаздарымыз сол 

жерге жиналар еді. Бұл – бергі жағындағы 

әңгіме. Екінші мәселе, егер біз бүгінгі таңда 

бұл мәселені өзекті деп есептемейтін бол-

сақ, қазір көріп жүргеніміздей, американ-

дық экспансияға ұрынамыз да, көп дүние-

лерден айырылып қаламыз. Өйткені ұлттық 

музыканың әуенінде, айтылу ырғағында 

қазақ ұлтының коды жатыр деуге болады. 

Тілдің өзіндік ырғағы бар. Бүгінгі таңда 

бізде урбанизацияға ұшыраған күнделікті 

қарым-қатынастық тіл бар, сонымен қатар 

қазақтың өзінің ұлттық нақышы бар, 

ырғағы сақталған тіл бар. Ол – тіл ән мен 

күйдің әуезімен бірге дамып келе жатқан 

дүние. Егер біз содан ажырап кететін бол-

сақ, ол әуенге жету өте қиын болады. Қаны-

мыздан арылса бітті, біз ұлттық кодымызды 

жоғалтамыз да шығамыз. «Нағыз қазақ 

қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген 

– өте тауып айтылған, астары сондай 

тереңде жатқан дана сөз. Қара домбыраның 

үні – қазақтың көкірегінен шыққан үн. 

Қайта-қайта айтып, қазақтың санасына 

сіңі ріп отыратын құндылықтар ол – жер 

байлығы, мемлекеттік тұрақтылығымен 

қатар осы ұлттық мұра. «Ел экономикасы 

көтерілсін, сосын бәрі орнына келеді» де-

ген қате ұғым. Неге? Себебі уақыт күтпейді. 

Айталық, Рысбай Ғабдиев кетіп қалды, 

Сағым Жалмышев, Нұрғиса Тілендиев

Ақселеу Сейдімбеков сынды ұлттық мәде-

ниет  ті бір жұдырығында ұстап тұрған тұл-

ғалар о дүниелік болып кетті. Күні кеше 

ғана қазақтың қара домбырасының құдіре-

тін әлемге танытқан ұлы музыканттардың 

соңғы тұяғы Қаршыға Ахмедияров өмірден 

озды. Уақыт күтпейді деп отырғаным – сол. 

Ең басты біздің түсінуіміз керек нәрсе, бұл 

– аманат! Біз дүниежүзілік өркениетке 

қазақ боп кірмесек, басқадай біздің еш 

керегіміз жоқ. 

Біз қазақ десек, ұлттық музыка, дәстүр, 

сал-серілікті айтамыз, неге, себебі ол – көз-

ге көрініп тұрған нәрселер. Алайда оның 

көзге көрінбейтін де астары бар ғой. Мыса-

лы үшін, музыка саласында жүрмей-ақ, 

математика, тау-кен саласында да ұлт тық 

рухы мықты, керемет дәстүршіл тұл ғалар 

болды ғой. Мәселен, Қаныш Сәтбаев аға-

мыз секілді т.б. Арғы жағында «қазақ пын» 

деп қайнап жатқан дүние болмаса, ол қай 

салада болмасын, жетістікке жетуі өте қиын. 

– Сал-серілік деп қалдық қой, 

осы бір феномен тұлғалардан біз 

қалай көз жазып қалдық? 

– Олар ешқайда жоғалған жоқ, бүгін де 

бар. Бірақ біз ойлағандай, ХІХ ғасырдағы 

кейіп те емес, кәдімгі өзіміз секілді осы 

заманғы адам кейпінде. Сал-сері деген 

домбыра ұстап, шаршы топта ән салатын 

ғана адам емес, ол – өзгеше бір тип. Керек 

десеңіз, ол – жан дүниенің байлығы, ол – 

мінез, ол – ақын, ақындық поэзиясының 

ішіндегі махаббат лирикасы деуге болады. 

Мысалы, кез келген сал-серілеріміздің 

әндерінің ішінде біздің кереметтей деген 

әжелеріміздің аты жүр. Айталық, Балуан 

Шолақтың Ғалиясы, Ақан серінің Мақпалы, 

Біржан салдың «Ләйлімі» т.б. Сондықтан 

мен айтар едім, сал-серілік дегеніміз ол – 

жан дүниенің күйі. Мүмкін сал-серілік қа-

зір де бір кәсіпкердің бойында жүрген шы-

ғар, сол сияқты қарапайым ауыл   тұр ғы ны  ның 

бойында... Әйтеуір ол қасиет қазақтың бо-

йы нан жоғалған жоқ. Бірақ қазіргі қоғамда 

сал-серілік музыкалық салада әншілік, 

күйшілік секілді өзінің жанрлық сипатынан 

айырылып барады деуге болады. Мәселен, 

біздің қазіргі дәстүрлі әншілеріміз тек қана 

ән айтады, ал оның арғы жағында жатқан 

жан дүниенің байлығы, сол әнді зерттеу, ән 

қай жерде, қашан, қалай шықты және ол 

қай жерде қалай айтылады, мысалы үшін, 

«Мақпал кім?», «Ғалия кім?» деген негізгі 

дүние қалып қойды. Ең өкініштісі де – 

сол.  


– Иә, сөзіңіз аузыңызда, осы ретте 

ән алыбы марқұм Жәнібек Кәрме нов-

тің алдымен ән тарихын әңгіме леп, 

сосын барып әнді айтатыны бүгін гіге 

үлгі болуға әбден лайық емес пе?... 

– Бүгінде сал-серілердің соңғы тұяғы 

Қайрат ағаның өзі де: «Біз Жәнібек екеуміз 

егіз қозыдай қатар жүруші едік, сахнаға да 

қатар шығатынбыз», – деп айтады. Бірақ 

Жәкең Қайрат аға секілді сахнаға жиі 

шықпайтын. Себебі біздің қоғамдағы Қай-

раттың рөлі ол ғасырлардан сақталып келе 

жатқан әндерді жатқа біліп, қоғамға наси-

хаттау болды да, Жәкең әннің астарына үңі-

ліп, зерттеп, оның тарихын жинақтап, елге 

таратуды өз мойнына алды. Қарап тұрсақ, 

екеуі де өз функциясын толығымен орын-

дады.  


– Қазақ музыкасын сіздіңше әлемге 

қалай тез танытуға болады? Бренд 

ретінде қалыптастыру керек пе? 

– Мен бұл сұраққа сәл әрегіректен 

келсем, себебі әуелі бізді құртып бара жат-

қан жайттарға тоқталсам. Ұлттық музыканы 

құртқан нәрсе соңғы 30 жыл ішінде біздің 

оған фольклор деп қарағанымыз. «Фольк-

лор» деген ол – кешегі өтіп кеткен күннің 

қалдығы, музей дүниесі деген сөз. Қазақ-

тың музыкасы фольклор емес, ол – 

классикалық музыка! Ал қазір біз классика 

деп жүрген опера мен балет – батыстық 

өркениеттің туындылары. Оның да біздің 

мәдениетімізде өз орны болуы керек 

шығар, бірақ біздің төл өнеріміз одан жо-

ға ры тұруы керек. Сал-серілердің, күйші, 

жыршылардың мәдениеті ол – классикалық 

мәдениет! Оның мұрасы сақталған, теория-

сы бар, ол 19 ғасырда әбден пісіп-жетіліп, 

керемет деңгейге көтерілді де, ендігіде оны 

әрі қарай дамыту – біздің мойнымыздағы 

аманат. Осы орайда ол мемлекеттік деңгей-

дегі қолдауды, қаржылық қолдауды талап 

етеді. Олай болса, біз сол өзіміздің төл мә-

де ниетімізді насихаттайтын орталар ашуға 

тиіспіз. Біз төл мәдениетімізді, өзіміздің ұлт 

ретіндегі жеке кодымызды жоғалтып ал-

мауы мыз керек. Ал міндетті түрде оны 

«үтіктеп», қызылды-жасылды киіндіріп, 

әшекей тағып, сосын оның мән-мазмұнын 

түсінбейтін шетелдік азаматтарға көрсету 

үшін брендке айналдырудың, меніңше, аса 

қажеті жоқ. Таяуда бір шетелден қонақ 

келіп: «Қазақтың дәстүрлі әнін тыңдағым 

келеді, қайда барсам болады?» – деді. Он-

дай жер жоқ қой, сондықтан өзім ұйым-

дастыруға тура келді. Мен секілді күй кешіп 

жүргендер қаншама?!. Ал соның орнына 

біз: «Осындай жерде, мынадай бір орын 

бар, билеті – міне, бара ғой», – деп неге 

айт пай мыз? Қай шетелдің тұрғыны Қазақ-

станға келіп Қайратты, не болмаса Абду л-

хамит 


ті іздейді? Біз өзіміздің дәстүрлі 

өнерпаздарымыздың концертін сонау 

Түркиядан, не болмаса Ресейден т.б шетел-

дерден арнайы ұшып келіп, тамашалап 

кететін жағдайға жеткізуіміз керек. Ол 

ертегі емес, ол бір арман да емес, ол – таза 

технология. Біз тек соған мән беруіміз 

керек. Өнерпаздар халыққа емес, халық 

өнерпазды тамашалауға арнайы баруы 

керек. Қайдағы бренд, егерде біз күйшіні 

«итпен іздеп» таба алмай жүрсек? Өнерпаз 

тым болмаса, «шенеуніктен» бір саты жо-

ғары тұрмаса, біздің мәдениет дамымайды. 

Өйткені шенеунік біздің мәдениетімізді 

дамыта алмайды, оны дамытатын өнерпаз-

дар мен зиялы қауым.  Біздің зерттеушілер 

мен зиялылар арасында мынадай бір: 

«Если бы Курмангазы имел такое же обра-

зо вание как Бетховен, возможно это было 

бы гениальным», – деген жағымсыз сөз 

қалып қалған. Ал мен керісінше: «Егер Бет-

ховен Құрманғазы баба мыз секілді дарын-

ды болса, тоғыз симфониямен шек тел мей, 

кемінде жиырма дүние жазар ма еді?», – 

деймін. Әйтсе де мұндай құр салыстыру, 

есептеу секілді судың бетін дегі дүниелермен 

алданып жүре бермей, бізге жүйелі, жыл 

сайын сатылап жететін бағдарлама қажет, 

науқан емес! 

– Егер осы бүгінгідей қарқынмен 

кете берер болсақ, онда аз ғана 

уақыттан кейін-ақ өз дәстүрін керек 

етпей де қоятын ұрпақ қалыптасады 

деп қорықпайсыз ба? 

– Мен одан қорықпаймын, бірақ әр 

ұрпақтың өз мойнына артқан аманаты бар 

ғой, оны кешегі өткен бабаларымыз шешіп 

кетпейді, не болмаса біздің балаларымыз 

шеше алмайды, ол – біздің мойнымыздағы, 

бүгін шешілуге тиіс мәселе. Қазір біз өзіміз-

ге дейінгі сақталып келген сол асыл қазы-

наны тек қызықтап қана қоймай, оны да-

мы тып, жетілдіріп балаларымызға беріп 

кетуіміз керек, міне – аманат деген осы! 

Сон дықтан мен дәстүр-салт, ұлттық мәде-

ние тіміз жоғалып кетеді деп қорықпаймын, 

тек бір кездері тартылған Арал секілді жыл 

өткен сайын арнасы тарыла ма деп қорқам. 

Біз саны аз халықпыз, сондықтан әр өнер-

паз біз үшін аса бағалы, құнды болуға тиіс. 

Мәселен, Ақселеу ағамыз қайтыс бол ғанда 

бізге оның көзі тірісінде түскен бейнелерін 

тауып алу қиын болды. Сол бір Жәнібектің 

кезіндегі бағдарламалары ғана қалған. 

Неге біз онымен ғана шектелдік, неге күнде 

жазып алмадық? Ал Ресейде бір тұлға 

өмірден кетсе, ертесіне ол жайлы фильм 

көр сетіледі. Онда бала кезінен қайтқанға 

дейінгі бейнесі түгел жүреді. Біздің солай 

етуімізге кім кедергі болды? Сон дықтан дәл 

қазір қазақ телеарналары мұрағатқа жұмыс 

істеуі керек. Ойланатын кез жетті. Өйткені 

ән-күй ғана емес, соны орындайтын адам 

да тарихи құндылық ретінде сақталуы ке-

рек. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал