Толығымен қолдаймын. Мәселен, тарихқа үңілсек, патша үкіметінің кезінде гимназист мұғалім



жүктеу 0.68 Mb.

бет4/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

дың арасында өндіріспен 

ай н алысатындардың  қатары 

некен-саяқ.

Жоғарыда аталған нысандардың бар 

болғаны 629-ы ғана (2,3 пайыз) өндірістік 

салаға қатысты. Өзгелері көлік және бай-

ланыс, сауда, қоғамдық тамақтану, қонақ-

үй, сауна секілді қызметтерді ұсынады. 

Басқаша айтқанда, қаладағы кәсіпкерлік 

нысандардың басым бөлігі отандық тауар 

өндірумен емес, қызмет көрсету, алып-

сату шаруаларымен айналысады. Әрине, 

мұның да бюджетке қосар үлесі бар, 

дегенмен өзімізде өндірілетін тауарларға 

деген көзқарасты өзгертпей, тұрақты 

экономиканы қалыптастыру қиын. 

– Үкімет тарапынан жасалып жатқан 

барлық мүмкіндікті жіберіп алмауымыз 

қажет. Біздің локомотивіміз – шағын және 

орта кәсіпкерлік. Оларға өндірістік саланы 

дамыту жағынан қолдау көрсетіп, ішкі 

кірістерімізді арттыратын кез келді, – дейді 

қала әкімінің орынбасары Гауһар Көпеева 

ханым. 


Әкім орынбасарының өзі мойындап 

отырғандай, өндірістік саланы дамыта 

алмаудың салдары тауар бағаларын да 

тұрақтандыра алмауға себеп болуда. Өткен 

жылғы көрсеткішпен салыстырғанда қала 

бойынша орташа жалақы 11,2 пайызға 

өскенімен, оның басым бөлігін инфляция 

жұтып отыр. Нақтырақ айтқанда, тауарлар 

мен қызмет көрсету құны 6,1 пайызға 

көтерілген. Таратып айтсақ, азық-түлік 

бағалары – 7,2, ақылы қызметтер – 5,4, 

ал азық-түлік емес тауарлар құны 7,2 

пайызға қымбаттаған. Азық-түліктің ішінде 

күнделікті тұтынатын сары май, тұз, шикі 

сүт, ұн мен қанттың бағасы өскен. 

Шадияр МОЛДАБЕК, 

Оңтүстік Қазақстан облысы

бойын ша Салық кодексінің 58-ба бы мен 

бекітілген тәртіппен салық төлейді;

5) Жеке кәсіпкерлер өзінің кәсіпкерлік 

қыз метінде пайдаланатын салық салы на тын 

нысандары бойынша;



САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ

ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

Салық салынатын нысандар бойынша 

жеке тұлғаларға салық белгілеу салық мер-

зімінің 1 тамызынан кешіктірілмей, са лық 

салы натын нысанның орналасқан ме ке ні 

бойын 


ша (салық төлеушінің мекен 

жайы 


қай да екеніне қарамастан) салық базасына 

сай келетін салық мөлшерлемесін қолдану 

тәсі лімен  белгіленеді. 

Егер салық нысаны салық төленетін 

кезеңде салық төлеушінің меншік құқы ғын-

да он екі айдан аз уақыт болса, салық мөл-

ше 

рін он екіге бөлу (Салық кодексінің 



1-бөлі мінің 409-бабы) және оны жекемен-

шік құ қығындағы ай санына көбейту ар қылы 

есептеледі. 

Жеке тұлғалардың ортақ меншігіндегі са-

лық нысаны осы мүліктегі олардың үле сіне 

қа рай  белгіленеді. 

Салық салынатын бірнеше нысан бір ға-

на салық төлеушіге тиесілі болса, онда са лық 

әр нысанға жеке-жеке салынады. 

Салық нысанының жойылуы, күйреуі, 

ор  нына жаңа нысан салу мақсатымен құ ла-

тылуы жағдайында салықты қайта есеп теу 

өкі летті органдар осы жөнінде растайын құ-

жат тар болған кезде салық көлемі қайта 

есептеледі. 

Салық төлемі бюджетке есепті салық 

мер  зімі кезеңінің 1 қазанынан кешік тіріл меуі 

тиіс. 


Нысанды нақты пайдалану кезеңінде 

салық төлеуші төлейтін салық көлемі мен шік 

құқығын басқаға ауыстырған жағдайда 

бюд жетке мемлекеттік тіркеуге дейін немесе 

сол сәтінде төленеді. Бұл жағдайда бас тапқы 

салық төлеушіге ағымдағы жыл дың 1 қаң-

та рынан меншік құқығын өткізген мер зімге 

дейінгі салық мөлшерін төлейді. Одан кейінгі 

салық  төлеушіге  меншік  құ қы ғы  ие лі гіне 

өткен айдың басынан бастап са лық ор ганы 

тарапынан салық мөлшері көр сетіледі. 

Салықтың жылдық мөлшері өзара келі-

сім бойынша мемлекеттік тіркеу кезінде екі 

жақ тың біреуі тарапынан төленеді. 

Мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы 

тір кеуді қоспағанда) жылжымайтын мүлікке 

меншік құқығы және онымен келісім бойын-

ша салық нысанының құны мем ле кет тік өкі-

лет ті органмен анықталмаса, алдыңғы са лық 

мер зімі кезінде төленген сомаға қарай бел-

гі ленеді. 

К.М.МАҚАШЕВ, 

Медеу ауданы бойынша Салық 

басқармасы ның жеке тұлғаларды 

қабылдау және ақ паратты өңдеу 

орталығының бас салық инспекторы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлемдік желімен электрон-

дық байланысты күшейте түсті. Бүгінде қазақ стан дық тар 

айлық жалақы, зейнетақы, шәкіртақы алуда элек трон дық 

терминалдардың жұмысын пайдаланады. Мұның өзі күн де-

лікті уақытты үнемдеудегі қалыпты құбылысқа айналды. 

Мұн  дай жаңа технологиялар теміржол көлігінде де қол да ныс-

қа батыл енгізіле бастады.

Шымкентте жаңа зауыттар салынады



Шымкентте «шетелдіктер жаңа зауыт салғалы жатыр» 

дегенді естідім. Сол туралы толық мағлұмат алуға бола ма?

Сәруар ҚАЙРАТ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Parigi Equity Partners халық ара-

лық инвестициялық қоры (ита-

лия лық) Шымкентте жаңа зауыт-

тар салатын болады. Бұл туралы 

ке 


лісімшарт Оңтүстік Қазақстан 

об лысы әкімдігімен жасалып та 

қой ған. 

«Бұл – қаттау материалдарын, 

тұр мыстық техника мен электр о-

ни каны жасап шығаратын, сон-

дай-ақ косметикалық және кір 

жуушы заттарды өндіретін зауыт-

тар мен мал соятын цех. Олар 

Шым 


кенттің бұрынғы фосфор 

зауытының территориясына са лы-

на тын болады. Қазір бұл жерді 

та залап,  инфра құрылымдарды 

қа лыпқа келтіріп жатырмыз. Қат-

таушы материалдарды шығаратын 

зауыт бойынша инвестициялық 

ке лісімшарттар жасалып та қойып-

ты. Инвесторлар 30 қыркүйектен 

бастап құрылысқа кіріседі деп кү-

тіліп отыр. Олар алдын ала бел гі-

лен 


ген жобада көрсетілгендей, 

жаңа зауыттарды төрт-бес айдың 

ішінде тік тұрғызуы керек», – 

дейді ОҚО әкімшілігінің Кәсіп кер-

лік және өнеркәсіп басқармасының 

бастығы Нұржан Әлтаев. 

Сондай-ақ аталған қор бұл 

ай мақта «Шымкент қаласының 

көлік-логистикалық орталығы құ-

рылысы» ірі индустриялық жо ба-

сын жүзеге асыруға өз қы зы ғу-

шылығын танытып отырған 

кө рінеді.

Таяуда ғана Ақтау қаласының 15 

және 17-ық шамаудандарында «Оа-

зис», Green Park жаңа тұр ғын үй ке ше-

ні қолданысқа берілді. Сіздің сауа-

лыңызға қатысты сол кездегі 

Маң   ғыстау об лысы әкімдігінің та рат-

қан мына ақпаратын бе ре аламыз:

«Жыл басында 770 үлескердің ақ-

шасы тар тыл ған, құрылысы аяғына 

дейін жеткізілмеген 12 тұрғын үй ке-

шені есепке алынды. Үлескерлер на-

ры ғындағы мәселені шешу үшін об-

лыс әкім 

шілігі мен құрылысшы 

мер  дігер  ком па ния лар дың  арасында 

өза ра іс-әрекет ету келісімшарты жа-

сал ған  болатын.  Бұл  келі сім шарт тың 

бас ты мақсаты – үлес керлердің қа ты-

суындағы  нысан дардың  құ ры лы сын 

бітіру. Онда керек болса, оған об лыс 

бюджетінен қаржы да тарту қарас ты-



Мен ақша салған бірінші нарықтағы тұрғын үй құрылысы аяғына 

дейін жеткізілмеді. Әкімшіліктер бұл мәселенің шешілетіндігін 

айтып, үнемі құрғақ сөзбен шығарып салады. Қашан, қайткенде 

ақшасын төлеген пәтеріме қол жеткіземін?

Айғаным ЖЫЛҚАЙДАРОВА, ақтаулық үлескер

рылған. Биыл қол данысқа берілген 

«Оазис», Green Park және «Таң шол-

пан» сынды үш түрғын үй ке шенінің 

жал пы ауданы 64 мың шар шы метр-

ді құрайды. Жалпы пәтер саны – 555. 

Мұндағы пәтерге қа тысты 257 үлес-

кердің  құ қы ғы  қа расты ры ла ды».

Ақтауда биылғы жылдың соңына 

дейін «Бағыс» көп қабатты тұрғын 

үйін пайдалануға беру жоспарда бар. 

Ал күрмеуі қиын «Заветная меч та» 

тұрғын үй кешенінің құрылысы со дан 

кейін барып қолға алынады. Мұн дай 

жағдайда 2011 жылы 193 үлес кердің 

мәселесі шешіліп қалуы тиіс.

Ақтау үлескерлерінің мәселесі жоспар бойынша шешіледі

Б

АҒА



Қызылжарда

газ арзандады

Табиғи монополияларды рет-

теу жөніндегі агенттіктің Сол түс-

тік Қазақстан облысы бойынша 

департаменті  сұйы тыл ған  газды 

бөлшектеп жүзеге асыру бойын-

ша көрсетілетін қызметтің қазіргі 

бағасы 5 теңгеге дейін арзан-

дай ды деп хабарлады.

Горгаз-сервис ЖШС-ның сұйытылған 

газды бөлшектеп жүзеге асыру бойынша 

көрсетілетін қызметінің қазіргі бағасына 

сараптама жүргізудің нәтижесінде 2010 

жылғы тамыздың 1-інен бастап қазіргі 

бағаны қосымша құн салығынсыз есеп те-

ген де 1 текше метр үшін 292,952 теңгеге 

дейін (немесе қосымша құн салығымен 

бір ге 1 текше метр үшін – 328,107 теңге) 

тө мендетті. Баға бұрын 333,21 теңге бо-

ла тын, яғни бірден 5,103 теңгеге ар зан да-

ды делінген ведомствоның баспасөз баян-

да масында.



Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, Қызылжар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№143 (369) 21.08.2010 жыл, сенбі                   



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ӨРКЕНИЕТ

 

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қос дастан – қомақты үлес

Өнерің болса – ортаға сал!

МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚҚА ҰСЫНЫЛҒАН ШЫҒАРМА

Б

АЙҚА


У

Шәмші жүлдесі кімге бұйырды?



Газеттеріңіздің өткен сандарында Шымкентте Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған 

ән байқауы өтетіндігі туралы жазған болатынсыздар. Бірақ онда жүлдегерлердің аты-

жөндері берілмеген. Білейін дегеніміз, байқауда кімдердің бағы жанды екен?

Әсем АЛҒАЗЫҚЫЗЫ, Талдықорған қаласы

Шымкент қаласында өткізілген Шәмші Қал-

дая қовтың 80 жылдық мерейтойына орайлас-

тырылған «Менің Қазақстаным» облыстық ән 

байқауының қорытындысы бойынша түркістан-

дық әнші Нұржан Жүсіпбеков гран-при жүлдесін 

алды. Оған бір миллион теңге көлемінде сыйақы 

беріл ді.

Сондай-ақ ол алдағы қыркүйек айында Ас та-

на да өтетін Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қа-

зақ станым» республикалық байқауына қатысуға 

жолдама алды.

Байқаудың бірінші орынға тиесілі жүлдесін 

шымкенттік Мәдина Исламова иеленіп, 750 мың 

теңге сыйақы алды. Екінші орынды «Өркен» ан-

сам блі мен шымкенттік Айжан Жолымбетова 

бөлісті. Олардың әрқайсысы 500 мың теңгеге ие 

болды. Үшінші орынды Сайрам ауданынан Жан-

ғали Әбішев, Шымкенттен Назерке Маябасо ва 

мен Қазығұрт ауданынан Нұрбек Қожатов иелен-

ді. Оларға 250 мың теңгеден сыйақы беріл ді. 

Ұйым дастырушылардың айтуынша, бұл шара 

ал дағы жылдары да заңды жалғасын таппақ. Бұл 

өз кезегінде Шәмші әнімен қанаттанған жаңа 

есім  дерді танып-білуге мол мүмкіндіктер береді.

Мәдениет форумына мықтылар келмек



Жақында Астанада Бүкіләлемдік мәдениет форумы өтеді деп естіп 

едім. Осы жөнінде нақты ақпарат берсеңіздер.

Ғазиза НҰРБАТЫРҚЫЗЫ, Ақтөбе қаласы

Үстіміздегі жылдың алдағы қазан 

айында Астанада өтеді деп жоспарланып 

отырған «Бүкіләлемдік рухани мәдениет 

форумы» деп аталатын жиынға 70-тен 

астам елден 500-ге жуық делегат келіп 

қатыспақ. Қазір еліміздің Мәдениет 

министрлігі өзге де ведомстволармен 

бірлесіп, осынау алқалы жиынға да-

йын дық жүргізуде. Осы аптаның сәр-

сенбі күнінен бері елордамызда «Өткен 

ұлы тұлғалар бізбен бірге» атты үлкен 

көрме ашылып, қала тұрғындары мен 

қонақтары үшін қызмет ете бастады. 

Бұл шара аталған ауқымды жиын қар-

саңында ұйымдастырылып отыр. Көрме 

барысында алдағы форумға қатысушы 

әрбір мемлекет өз ұлтының ұлы тұлға-

ларын насихаттап, төл мәдениеттерімен 

кеңірек таныстыратын болады. 

Бұл форумның басты идеясы адам 

өркениетінің дамуындағы негізгі басым-

дық – руханилық екендігін жеткізу. Осы 

арқылы рухани құндылықтар адам 

өркениетінің дамуындағы барлық құн-

ды лық тардан  жоғары  тұратындығын 

жария етіп, адамзат арасындағы бейбіт-

Бірнеше күндерге созылатын бұл бай-

қау өзінің жан-жақтылығымен, репертуар-

ларға бай екендігімен ерекшеленеді. 

Бұған үлкен құрамдағы хореографиялық 

ұжымдар мен классикалық, халықтық, 

заманауи және спорттық би түрлерін мең-

гер ген жекелеген шеберлер мен жезтаңдай 

әншілер де шақырылады. Фестивальда 

бишілермен қоса аспаптық, эстрадалық 

музыканы әуелететін жекелеген орындау-

шылар мен ірі оркестрлер, шағын топтар 

да өнер көрсетеді. Сондай-ақ вокал, дуэт 

орындаушылармен қатар халықтық және 

академиялық хор ұжымдары мен эстрада 

әншілері де би қимылдарын әдемі әнмен 

әрлеуге көмектеспек. Сән театрлары мен 

ШАР


А

Фестиваль барысында кино мен эстра-

да жұлдыздары, саясаткерлер мен танымал 

тұлғалар «Битлз» репертуарынан 30-дан 

астам ән орындайды. Экологиялық одақ 

өкілдерінің айтуынша, Джон Леннон мен 

оның зайыбы, эколог, суретші Йоко Оно 

эко ло гияның жанашырлары болған. Сон-

дықтан «табиғаттықтар» еліміздегі эколо-

гиялық жағдайы төмен жерлердегі про-

бле 

маға көпшілік назарын фестиваль 



ар қы лы аудартуды ұйғарып отыр. Сондай-

ақ олар «белгілі топтың әндерін тыңдап 

өскен аға буын, кейінгі жастардың санасы-

на музыка құдіретін терең сіңіре білсе 

екен», – дейді. Осы дәстүрді алдағы уақыт-

та да жалғастыруды көздеп отырған атал-

мыш одақ фестивальді халықаралық дең-

гейге шығаруға және жыл сайын өткізуге 

күш салмақ. 

«Битлз» тобы 1969 жылы көрермендер 

алдында соңғы рет концерт берген. Осы-

дан екі жыл бұрын Алматыдағы Көктөбеде 

«Битлз» тобы мүшелерінің құрметіне олар-

дың мүсіндері орнатылған болатын.

– Бір жағынан, Джон Леннон дүние-

жүзілік көлемдегі үлкен қоғам қайраткері 

болған. Соғысқа қарсылық, табиғатты қо р-

 ғау сияқты мәселелерді көтерген. Сондық-

тан біз де Леннонның істерін қол 

дап, 


осындай концерт өткізейік деп ұйғар дық, 

– дейді «Табиғат» экологиялық ода ғының 

жетекшісі Мэлс Елеусізов. 

Сәруар САҒЫМ

Таяу күндерде Алматыда 

британдық әйгілі «Битлз» 

тобының 50 жылдығы мен топ 

жетекшісі Джон Леннонның 70 

жылдық мерейтойына арналған 

фестиваль өтеді. Қайырымдылық 

фестивалін ұйымдастырушы – 

«Табиғат» экологиялық одағы. 

«Битлз» әндері 

әуелемек

ДАБЫЛ!


Суреттермен бірге мүсіндер де осындай 

күйде жатыр. Заң талаптарына сәйкес 

мұражай жәдігерлерін жертөледе сақтауға 

тыйым салынған. Себебі онда талапқа сай 

бірқалыпты температураны, жарықты ұс-

тап тұру мүмкін емес. Соның салдарынан 

ылғалдану мүмкіндігі де жоғары болады. 

Алайда мұражай директоры Қасымбек 

Бейсенов мұндай қадамға басқа амалдың 

жоқтығынан барып отырғанын жасырмай-

ды. Көмек сұрап, әкімдіктің есігін тоздыр-

ғанымен, әзірге өлкенің тарихына жана-

шыр лықпен қарайтын басшы болмай тұр 

екен. Олар мұражай қаланың қақ орта-

сында орналасқандықтан, ол жерге қосым-

ша құрылыс жүргізу мүмкіндігі жоқтығын 

алға тартады. Ал мұражай басшылығы 

мәселенің түйінін тарқатуға болатынын 

айтады. Қалайша? Қосымша құрылысты 

мұражай жанынан емес, шатырынан тағы 

бір қабат қосып берсе болғаны. Бұл қабат-

қа сақтауға қойылатын жәдігерлердің 

салмағы аса ауыр емес дейді. 

Жертөледе жатқан суреттердің «тағды-

ры» дәл осылай жалғаса берсе, көп ұзамай 

қайта қалпына келтіруге мүмкін болмай-

тындай жарамсыз күйге ұшырау қаупі бар. 

Мамандардың айтуынша, бұл суреттердің 

құны шамамен 10 миллион теңгені құрай-

ды екен. Ал оның тарихи-мәдени құндылы-

ғын теңгемен есептеуге келмейді. Өйткені 

көптеген суреттер өткен тарихымыздың 

тірі куәгері іспеттес. 

Оңтүстікте тарихи жәдігерлерді кәсіби 

түрде қалпына келтіруші маман тапшылығы 

сезіледі. Өйткені бұл мамандыққа деген 

қолдаудың төмендігінен, соған байланысты 

азаматтардың да қызығушылығының құл-

ды рауынан жергілікті оқу орындарында да 

өнертану факультеттері жабылған. 

– Осы қиындыққа байланысты мұражай 

жәдігерлерінен көрме дайындау үшін мұн-

дағы қызметкерлерге қайта қалпына келті-

ру шеберлігін оқып-үйренуге тура келеді. 

Әрине, картиналарды шаң-тозаңнан таза р-

тып, маймен өңдегенімен, суреттің сапа сын 

сақтауға бұл әдістер жеткіліксіз, – дейді 

өнер танушы  Наталья  Чернявская.   

Иә, шетелде тарихи жәдігерлерге деген 

құрмет те, қолдау да ерекше. Тіпті тарихи 

жә ді герлердің бүлінуіне жол берген адам 

заң алдында жауап береді. Ал бізде ше? Жә-

дігерлер біреу емес, жүздеп жоғалып жатса 

да, қыңқ дейтін ешкім жоқ. Бәлкім, заңды 

қатайту керек шығар? Жаны ашы мас тың 

қасында басың ауырмасын деген осы да?

  Шадияр МОЛДАБЕК, 

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облы сы -

ның тарихи-өлкетану мұража-

йын да 1940-1970 жылдар 

аралы ғында жинақталған 300-

ден астам суреттер жертөледе 

сақталғандықтан, шіруге айнал-

ған. Неге десеңіз, онда сақтау 

талаптары өз деңгейінде емес. 

Тарихи суреттер 

шіріп жатыр

Би өнерінің нағыз 

шеберлерін үлкен 

сыннан өткізіп, жаңа 

әндер мен сән үлгілері нің 

тұсауын кесіп, әуен мен 

қимылды бір арнада 

тоғыстыратын әлемге 

әйгілі GRAN FIESTA деп 

аталатын фестиваль-

байқауы келер жылдың 

басында 8-15 қаңтар 

аралығында Испания 

жеріндегі Коста Браве 

жағалауында өткізілмек. 

Бұл байқауды негізгі 

ұйымдастырушысы 

испандық «Фиестало-

ния» қозғалысы болып 

табылады. 

көркем гимнастика ұжымдарынан да 

өнерпаздар шақырылмақ.

Ең алғаш GRAN FIESTA фестиваль-бай-

қауы осыдан бес жыл бұрын өзінің тұсауын 

кескен еді. Оның тұңғыш Гран-при жеңім-

пазы Италияның Верона қаласынан келген 

«Бақыт мектебі» би ұжымы болды. Бұдан 

соң 2007 жылы байқаудың бас жүлдесі 

венгриялық дуэтке бұйырды. 2008 жылы 

қазылар алқасының шешімімен бірнеше 

дауыста ән айтуды меңгерген Грузия елінен 

келген «Эрта» хор ұжымы үздік деп таныл-

ған. Осы жылы Оңтүстік Уральск универси-

тетінің Халықаралық факультеті жанынан 

құралған «Эхо» сән театры мен дизайн-

студиясы да (жетекшісі – Светлана Соло-

вье ва) байқауға қатысып, лауреат атанды. 

Бұл ұжым «Ерекше жанр» номинациясы 

бойынша өнер көрсетіп, көрермен наза-

ры на ХХ ғасыр басындағы орыс әйелдері-

нің киім үлгілерін ұсынған. Қатал қазылар-

дың оң көзқарасына ие болған өнер 

ұжым дарының бірі Ресейдің Курск қаласы-

нан келген «Эксклюзив» эстрадалық-джаз 

ансамблі бірінші дәрежелі лауреат атанса, 

«Созвездие»,  «Казачки»  вокалдық  ан сам б л ь-

дері байқау дипломанттары болды. Курс-

клік дарындарды бастап келген Ресей Фе-

де 


рациясының еңбегі сіңген мәдениет 

қыз меткері Марина Сацук «алдағы бай-

Кешегі жалаң қылышы желкеңнен 

кетпеген кеңес заманында елдің өлеңге 

өрекпіген көңілін ешкім баса алмады. 

Алпысыншы жылдары бұл үрдіс өзінің 

шарықтау шегіне жетіп, жақсы сөз жазған 

қаламгердің қолын ешкім қақпай, ақын-

жазушылардың айы оңынан туды. Кеңестік 

кезеңді жырлап, социализмді мүлде күйт-

теп кеткен қаламгерлердің өз обалы өзіне, 

мәселе, сол қызыл империяның қызыл 

шоғына күйіп жүріп, ұлтын ұлықтаған 

таланттар аз ба еді? Олардың көбі, әрине, 

отыз жетінші жылдары опат болып, атылып 

кетті. Ал аман қалғандарының арасынан 

уақыт Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақа-

таев, Жұмекен Нәжімеденов, Кеңшілік 

Мырзабеков сынды ұлы ақындарды алып 

шықты. 


Иә, сол кезеңде тұщы етіңе ащы таяқ 

тигендей, анда-санда болса да сілкіп ала-

тын солақай сын қылаң беріп қалғанымен, 

нағыз ақындарға деген ел құрметі ерекше 

еді. Ол кезде «сын шын болсын, шын сын 

болсын» деп Әуезов айтқан әулие сөздің 

киесі кете қоймаған болатын. Ал, қазір, 

арнайы тапсырыспен жазылатын, сені 

нысанаға алса, не құлатып, не сұлатып ты-

на тын көпшіл емес, кекшіл сындар көбейіп 

кетті. Әйтпесе арзымайтын арыз-дауларға 

кезек беріп уақыт алғанша, жүрегінің оты, 

сөзінің уыты бар ақындардың ара-жігін 

айырып алатын кез келген жоқ па? 

Қазақ жырының белгілі жүйрігі Несіп-

бек Айтұлы Астанаға келгелі көсіле шапты. 



Бұрын сөз қадірін білген қазаққа 

ақынның кім екенін тәптіштеп айтып жату 

артық болар еді. Ол кезде ел ақынның 

өзінен бұрын сөзін таныған. Ұнағанын 

ұғып алып, бағалай білген. Басқаны 

былай қоя тұрып, Абайды айтсақ та 

жеткілікті. Абайдың кітаптары көзі 

тірісінде жарық көрген жоқ. Әйтсе де жұрт 

оның өлеңдерін қолжазбадан көшіріп, 

қолдан-қолға жүгірткен жоқ па? Ал ақын 

Әсет Найманбайұлы болса, «Ақында 

менен сорлы жан бар ма екен, бір сөзі 

баспа орнына берілмеген» деп зар 

қақпады ма? Содан кейін қанша қырғын, 

қанша сүргін болса да, небір зұлмат 

замандардың зауалына ұшырамай нағыз 

ақындардың өлеңдері аман қалды, әлі 

күнге ел жүрегінде, халық жадында 

сақталып келеді. 

Бұрынғы қысқа да нұсқа өлеңдердің құша-

ғынан сытылып шығып, ауқымды поэма-

ларға, ірі дастандарға құлаш ұрды. Ел, жер, 

батырлар туралы жазған поэма-дастан да-

ры бірінен кейін бірі кітап болып шығып, 

оқырмандар игілігіне айналды. Баспалар 

да таршылық жасаған жоқ. Тіпті поэмалар-

ды сарабдал басатын бас газетіміз «Егемен 

Қазақстанның» өзі Несіпбек поэмаларын 

жарқырата басып жатты. Бұл жақсы дүние-

ге баспаның да, басқаның да есігі ашық 

екенін байқататын жағымды құбылыс. 

Осы лардың ішінде көпшілік қауымға кең 

тараған «Бәйтерек» поэмасының орны 

ерекше. Астананы жырламаған ақын кем-

де-кем. Бәріміз де жырладық. Бірақ Несен-

нің (мен Несіпбекті еркелетіп осылай атай-

мын. С.Т.) бағыты да, ағысы да басқалардан 

бөлекше болды. Себебі бұл поэмаға ақын 

жаңа қырынан келіп, елдіктің елордасына 

айналған Астананы асқан шабытпен жыр-

лады. Еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Шы-

ғар ма жеке кітап болып басылып, Астана-

дағы студент-жастарға кеңінен таратылды. 

Президенттік мәдениет орталығында поэ-

ма ның желісі бойынша жасалған қойы-

лым ға Елбасының өзі қатысты. Бұл да – 

ақын абыройы. 

Биылғы жылы айтулы ақын Несіпбек 

Айтұлының «Ерлікке ескерткіш» атты кіта-

бы Мемлекеттік сыйлықтың сарабына ұсы-

нылып отыр. Осы орайда, кейінгі кезде 

сана мызға кеулеп кіріп бара жатқан бір 

қасаң саясатқа байланысты бірер сөз 

айтқым келеді. Әп-әдемі сыйлықты «анау 

алды, мынау алмады» деп саудаға салып, 

сыпсың сөзді көбейтіп жіберетіндігімізден 

болып отыр. Бұның Мемлекеттік сыйлық 

екені белгілі. Мемлекет дәрежесінде бекі-

тіл ген сарапшылары бар. Олар абыройлы, 

беделді, білгір, білімпаз адамдардан жа-

сақ талған, кімнің кім екенін былайғы жұрт-

тан гөрі жақсы біледі. Әрине, асыра сілтеп, 

кем кетіп қалатын тұстардың болуы – таби-

ғи заңдылық. Ондай өкініштің орны келесі 

кезеңдерде ескерілетінін де есте ұстауымыз 

керек. «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» 

дегендей, нағыз қаламгер қай күні болса 

да жарқырап бір шығары хақ. 

Менің мақсатым – Мемлекеттік сый-

лық қа ұсынылған Н.Айтұлының ауқымды 

шығармасына өз пікір-пайымымды айту. 

Ақынды ақын таныған ақ тілектің үдесінен 

шығу. 

«Ерлікке ескерткіш» кітабына оның «Ту» 



және «Ақмола шайқасы» деп аталатын қос 

поэмасы енгізіліпті. Ашып қалғанда алдың-

нан «Ту» жарқ ете қалады. Оқи жөнеле сің:

Шаңқай түс, тамылжыған шілде айын да,

Естіген оқиға еді Ту жайында.

Қаз-қатар қона қалған қалың ауыл,

Биік тау алқымында – су бойында.

Көкейде кішкентайдан қалған сурет,

Жүретін сәуле шашып жылда ойымда.

Салған беттен жараулы аттай жүйтки 

жөнелетін жыр жолдарын бір қайырып, 

тү йіп тастаған шығар-ақ деп, демің біткен-

ше бір тоқтасаң, жоқ-ә келесі шумақтары 

жаңағы ұйқасыммен жымдасып, одан са-

йын үдеп барады. Тоқтап, тағаттауға мұр-

сат бермей, жыр легі сені екінші шу мақ қа 

еріксіз жетелей түседі:

Алданған жас баладай күнде ойынға,

Заманның кім кетпеген ыңғайында?

Санасаң шаш-етектен шеккен бейнет,

Не пайда салынғанмен құр уайымға?

Ер жігіт өле-өлгенше тыным таппас,

Тұрғанда ел парызы қыл мойында.

Бірінен кейін бірі лықсып, толқып тасы-

ған жыр толқыны толас табар емес. Ұзаққа 

сілтеп барып, бір қайтатын жері болар деп, 

сен де сол толқынның ағысымен алысқа 

кеткеніңді бір-ақ байқайсың. Кісіні жалық-

тырмайтын, жабықтырмайтын, оның есе-

сі не ынталандырып, ынтықтыра түсетін 

жырлар. Топ бәйгеде өзіңнің «осы озар-

ау» деген тұлпарыңды тап басып танып, 

дода біткенше соның тілегін тілеп, қыл үс-

тін де тұрғандай күй кешесің. Поэманы 

оқып бітіп, бетін бір жапқанда, жаңағы 

күт кен тұлпарыңның тұйғындай озып шы-

ғып, көңілің діттеген жеріне жеткендей ра-

хат құшағында қаласың. Бағанағы қым-қу-

ыт тірлік, ұлан-асыр оқиғалар көз ал д ың нан 

қайта тізбектеліп өтеді. Енді сен оған сергек 

сезіммен емес, салқын сабырмен қарайсың. 

Салиқалы ойға иек артасың, тарих тағылы-

мына тәнті боласың.

Абылай заманынан бермен қарай тіз-

бек тартқан атақты Ақтамберді, дүр Дәу-

летбай, көкжал Барақ, би Боранбай, ер 

Жәнібек, Шыңқожа, Баймұраттармен қоса, 

байтақ даланы дүр сілкіндірген ұрыс-

шайқастың ішінде өзің жүргендей сезінесің. 

Бір сәт көз алдыңа Мағжанның «Батыр 

Бая ны» елес береді. Шығыс шырайы, Жеті-

су бедері, Тарбағатай тауларының тарғыл 

тастарына дейін көзіңе анық шалынады. 

Сурет керек пе:

Шығыстан таң оянды алтын иек,

Кірпігін нұрға малған, тауға сүйеп.

Алыстан әрең көзге шалынады,

Зайсан көл тостағандай күміс жиек.

Күніне көшкен бұлтпен мың арбасқан,

Алтай тұр ар жағында мұнар басқан.

Шүйіліп қыран төнсе төбесінен,

Шуылдап шыңдарынан ұлар қашқан.

Сұлу табиғаттың сүйкімді суреттері көз 

алдыңда керіліп тұра қалады. Поэмада 

қым-қуыт оқиғаларды қисындастыра келіп, 

қазақтың Қазымбеттей батырының қаза-

сы на әкеп тіресе де, құдіретті тудың құла-

май аман қалғандығы Абылай мен оның 

айналасындағы – Қабанбай, Бөгенбай 

батырлардың рухымен ұштасып жатқан-

ды ғын айқын сезінесің. Сол құламаған ұлы 

Тудың бүгінгі таңда Тәуелсіздік тұғырында 

желбіреп тұрғанына ақынмен бірге «Тәу-

бе!» дейсің. Нағыз Тәуелсіздік жыршысына 

айналған ақын замандасыңа сүйсінесің.

Ал бүгінгі елорда орнындағы кешегі 

Қа раө ткел қақтығысын арқау еткен ақын-

ның «Ақмола шайқасы» поэмасының 

ауқы мы тіпті бөлек. Ту туралы оқиға Абы-

лай заманын айшықтаса, «Ақмола шай-

қасы» тікелей Кенесары мен оның төңіре-

гіндегі батырлар ерлігін толғайды. Тағы да 

ұлы сарынға түсіп алып үдере тартқан ағыс 

арнасын барған сайын кеңейтіп, тулап 

аққан толқынымен тербелесің.

Қазақ даласының қай жерінде Кене-

сары әскерінің қаны төгілмеген. Патшалық 

Ресейдің бұғауынан былқ ете алмай, бұйы-

ғы жатқан марғау елді құр айғай емес, ат 

тұяғының дүбірімен оятпаса, селт етпейтінін 

сезген Кенесары алғашқы ең ірі шайқасын 

Ақмоладан бастаған. Қазақ жерінің қақ 

ортасына бекініс салып, құрсанып отырған 

патша әскерін ойсыратып жеңу оңай емес 

еді.

Ақын Кенесарының Ақмолаға жасаған 



ақтық шайқасын барынша шебер, көркем 

кестелей білген. Дастанда Алыпқара бей-

несі айқын көрініс табады. Алыпқараның 

өзінен де, сөзінен де батырлық пен 

батылдық бірден байқалады.

...Келе алмай бір түйінге отырғанда,

Үн шықты Алыпқара батырдан да:

– Кетеміз Ақмоланы қалай шаппай,

Күніміз төмен болып қатыннан да?!

Төндіріп басымызға қорлық күнді,

Талайға Қоңырқұлжа зорлық қылды.

Қорықсаңдар, өзім жалғыз ат қоям! – деп,

Орнынан«Абылайлап!» қарғып тұрды.

Міне, осыдан-ақ қазақ батырының ша лт 

мінезі мен қалт қимылы аңғарылып тұрған 

жоқ па? Н.Айтұлының бұл дастанында 

тарих та бұрыннан белгілі Кенесары, Нау-

рыз бай, Тайжан, Сейтен, Басықара батыр-

лардың арасынан айқындалып Алыпқара 

бейнесі сомдалып шығады. Алыпқара 

сын ды шынайы тұлға, шын бейне – дастан-

ның тың жетістігі. Осындай ірі тұлғалар 

дас 

танның ажарын ашып, шоқтығын 



биіктете түскен. Дастан ойқы-шойқы бұра-

лаңы жоқ, кедір-бұдырсыз кемел желіс, 

кең тыныспен жазылған. Былай қарағанда 

бір ырғақ, бір сарын оқушыны жалықтырып 

жібере ме деп қауіптенгеніңмен, ішіне 

қалың кіріп алғаннан кейін бас алмай оқып 

шыққаныңды білмей қаласың. Бұл өлең 

құдіреті – ақын құпиясы болса керек. Себе-

бі Несіпбек жасынан қордаланып қалған 

фольклорлық қазынаның қайнарынан қа-

нып ішіп, ұлттық жыр үрдісін мықтап ұстан-

ған ақын.

Ақынның екі поэманың басын біріктір-

ген «Ерлікке ескерткіш» кітабы Мемлекеттік 

сыйлыққа әбден лайық деп білемін.

Қос дастанның қазақ әдебиетіне қосқан 

қомақты үлес екендігінде дау жоқ.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал