ТҰЛҒаның ойлауын дамытатын негізгі факторларды теориялық талдау наубаева Х. Т. пед.ғыл докторы



жүктеу 51.24 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі51.24 Kb.

http://www.enu.kz

 

 



ТҰЛҒАНЫҢ ОЙЛАУЫН  ДАМЫТАТЫН  НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРДЫ    

ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ 

 

Наубаева Х.Т.   пед.ғыл. докторы 

 Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің   профессоры

педагогика және психология факультетінің деканы 

http://www.enu.kz

 

 

 Қазіргі  еліміздің  өркениетті  нарыққа  бет  алған  кезеңіндегі  туындаған  экономикалық, 



әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салауатты өмір сүру 

ережелерінің  бұзылуына  өз  әсерін  тигізуде.  Мұндай  жағдайда  тұлғаның  қалыпты  өмірін 

қамтамасыз  етуге  ықпал  жасайтын  қарым-қатынас.    Әрбір  адам  өзіндік  тәрбие,  өзіндік  бағалау, 

өзіндік түсіну арқылы өзін-өзі танып, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. 

Соңғы  жылдарда  адамның  жан  дүниесімен  сырласып,  оның  психологиясын  зерттеуде 

психологтар  мен  социолог  мамандар,  ұстаздар  мен  басқару  қызметіндегі  жетекшілерге  жете  зер 

салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, 

олардың  өзара  тілдесе  білулерінің  құпия  сыры  және  оның  кілті  неде?  деген  мәселенің  шешімін 

табу қазіргі өмір талабы. 

Тұлғаның қалыптасуында  негізгі  факторлардың  бірі  –  ол  қарым-қатынас. Қарым-қатынас 

адамды  толық  түсінуге,  оның  рухани-адамгершілік  қасиеттерін,  дамуын,  жетілуін  және 

индивидуалды-психологиялық  ерекшеліктерін  білуге  мүмкіндік  туғызады.  Тарихи  –  қоғамдағы 

обьективті  талаптар  және  қоғамның  дамуындағы  әлеуметтік  заңдар  тұлғаның  қалыптасуын 

анықтайды.  

А.Н.Леонтьевтің,  Л.А.Венгердің,  П.Я.Гальпериннің,  В.В.Давыдовтың,  А.В.Запорожецтің, 

Н.Ф.Талызинаның,  Д.Б.Элькониннің  және  қазақстандық  психологтар  Ә.Алдамұратовтың, 

С.М.Жақыповтың, 

В.К.Шабельниковтың, 

С.Қ.Бердібаеваның, 

М.О.Резванцеваның, 

О.С.Саңғылбаевтың жұмыстары әр түрлі психологиялық функцияларды қалыптастыру процесінің 

заңдылықтарын  және  басқада  оқытудағы  іс-әрекет  тәсілдерін  дамытудың  жолдарын  анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Оқыту  интеллектуалды  дамудың  төменгі  сатысынан  жоғарғы  сатысына  өтуді 

ғана қамтамасыз етпейді. Ол солардың құрылымына негіз болады. Жаңа құрылымдар сырттан жай 

ғана  әкелінбейді,  ол  бұрынғы  жасалған  үлгілер  негізінде  оқыту  процесінде  жасалады.  Бұл 

процесте  сыртқы  стимуляция  оқушылардың  ішкі  белсенділігі  арқылы  әрекет  етеді.  Жаңа 

құрылымдардың  қалыптасуы  балалар  әрекетінің  интериоризациясы  мен  экстериоризациясының 

өзара  байланысымен  сипатталады.  Жаңа  тапсырма  мен  байланысты  әрбір  жаңа  әрекет,  сыртқы 

әрекет  бұрын  қалыптастырылған  ішкі  әрекеттерге  сүйенеді.  Жеке  адамның  сыртқы  және  ішкі 

әрекеті берілген іс-әрекетке ортақ процесті құрайды, сондықтан В.С.Библер былай деп тоқталды: 

мұнда  “дейін”  және  “кейін”  деген  ұғымдар  жоқ.    Жеке  адам  ортақ  іс-әрекетті  сезіне  отырып, 

саналы түрде көздеген мақсатына бағыттайды.  Жоспарлау ойлау функциясы сияқты іс-әрекеттің 

тиімді формасы болады. 

Л.С.Рубинштейн  өзінің  шығармашылық  жолының  барлық  кезеңдерінде  субъекті  мен 

объектінің  арасындағы  психикалық  қатынас  іс-әрекет  ретінде  жүзеге  асады.  Ол  «Психология 

негіздері»  монографиясында  «тұтастық»  принципін  сана  мен  іс-әрекет  бірлігінің  жүйелі  түрде 



http://www.enu.kz

 

 



ашып көрсете келе, адам өмірінің барлық кезеңдерінде өзіндік психика туындап қана қоймайды, 

сонымен қатар іс-әрекет барысында қалыптасады. 

Бастауыш  мектеп  жасындағы  баланың  психикалық  дамуына  оқыту  іс-әрекетінің  әсері  әр 

түрлі. Ол оқытушының оқушыға білім беруінің негізіне байланысты. В.О.Ключевский былай деген 

“мұғалімге тіл өзінің ойын жеткізу үшін ғана берілмеген, ол басқаның ойын ояту үшін” беріледі.  

Мұғалімнің оқушылармен күнделікті жасалатын қатынастарының бәрі де сөз арқылы іске асады. 

Сондықтан  сөздерді  үйлестіріп  айта  білуге  байланысты,  балаға  айтылатын  сөздің  өтімді  келуі 

олардың  танымдық  іс-әрекетіне  әсері  өте  зор.  Мұғалімнің  оқушылармен  қатынас  жасаудағы 

қолданылатын  сөздері  неше  түрлі  болып  келгенімен,  балаға  әсер  етуі  жағынан  алып  қарағанда, 

оларды  негізінен  екіге  бөлуге  болады.  Біріншіден,  сөйлесудегі  сөздердің  көбі  ақыл,  кеңес  беру 

жөнінде  айтылады.  Ақыл  айтып,  кеңес  берудің  өзі  оқушының  істеген  ісін  қостамай,  қателігін 

мойындату  үшін,  керісінше,  оның  ісі  ұнамды  болған  жағдайда,  осы  баланың  өзіне  сездіру  үшін 

қолданылады.  Екіншіден,  кейде  балаға  осы  сияқты  сөздер  жетпегенде,  оған  қатты  талап  қойып, 

қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданылады. Оқыту жағдайында жалпы мақсат 

ретінде  оқытушы  мен  оқушының  арасында  танымдық  мақсат  орын  алады,  ол  көп  мақсаттардың 

ішінде  оқытушы  мен  оқушының  қажеттілігі  мен  қызығушылығына  жауап  бере  отырып,  оқыту 

процесінде  біріккен-диалогтық  танымдық  іс-әрекет  негізінде  жүзеге  асады.  Әр  оқушының 

танымдық  іс-әрекеті  түрліше  болғандықтан,  оқытушының  сөздерінің  бәрі  бір  дауыс  ырғағымен 

айтылмай, тиісті жерінде үйлестіріле қолданып отырса ғана нәтиже бермек. 

Оқыту  процесінде  балалардың  даму  мәселесі  педагогика  мен  психологияның  жалпы 

мәселесі  болып  табылады.  Бұл  мәселенің  педагогикалық  аспектісі  оқытудың  тәрбиеленуші 

сипаты,  оның  ақыл-ой  дамуының  қозғалысына  әсері.  Ал  психологиялық  аспектісі  –  балалардың 

ақыл-ой  дамуының  ішкі  заңдылықтарын  ашады.  Оқытуды  психологиялық  мәселе  ретінде 

А.Н.Леонтьев  зерттеді.  Ол  оқыту  процесінде  меңгерілген  білімдерді  практикалық  тәжірибемен 

біріктіру қалыптасушы адамның санасын ғана емес іс-әрекетін де жетілдіреді, дамытады. Осындай 

күрделі қарама-қайшылықты процесте ақыл-ой дамуында мәнді өзгерістер өтеді. 

Бастауыш  мектеп  оқушысының  даму  деңгейін  анықтау  күрделі  және  перспективалық 

жұмыс, ол үшін оқытудың дамытушылық жағын бағалау және бақылап отыру қажет. Оқушының 

ойлауының  дамуын  анықтау  деңгейі  осы  бақылаудың  бір  түрі  болып  табылады.  Кеңестік 

психологияда  ойлау  іс-әрекет  әдістемесі  балаларда,  негізінен,  мектептік  оқыту  барысында 

қалыптасады. 

В.В.Давыдов  осыған  байланысты:  «Қоғам  дамуындағы  тарихи  дәуірге  байланысты  әрбір 

жеке адам тәрбие мен оқыту меншігіне ойлау тәсілі мен өзінің іс-әрекет формасын алады», - деп 

жазады/1,15 бет/ .  

А.З.Зак өзінің ғылыми еңбегінде бастауыш мектеп оқушыларының теориялық ойлауының 

дамуына тоқталған. Ол ойлаудың логикалық және психологиялық жағын қарастыра келе, мынадай 

қатарға  бөлді:  бірінші,  теориялық  ойлау  танылатын  объект  туралы  ұғым  қалыптастыруға 

бағытталады, ішкі, қажетті байланыстарда көрінеді. Эмпирикалық ойлау, керісінше, дайын, белгілі 

танымдық объект, сезімдік қабылдау мен сыртқы байланыстарға тән. Екінші, теориялық ойлауды 

пайдалана келе адамның танымдық объектісін талдау және біріктіруді бейнелеуде олардың мәнді 

байланысын пайдаланады./2,11 бет/ 

Қазіргі  кездегі  оқытудың  белсенділік  әдістемесін  біз  ертедегі  грек  ғалымдарынан  іздеп 

көрейік.  Платон  өзінің  ұстазы  деп  санаған  Сократ  оқыту  әдістемесін  қолданды,  кейіннен 

сократтық әдістеме деп аталды. Мұның негізгі барысы диалогтық басқару болды, тыңдаушылары 



http://www.enu.kz

 

 



арасында дискуссиялар өтіп, өздерінің мәселелерін шешумен қоса, әңгіменің туындау барысында, 

сонымен қатар, білім де алды. 

С.М.Жақыпов:  «Қазіргі  оқытудың  белсенділік  әдістемесінің  негізінде  топтық  дискуссия 

жатыр.  Оның  негізгі  белгілері  мәселенің  болуы  (шындықтағы,  өндірістік,  танымдық)  және  оның 

шешімі топпен бірлескен түрде орындалады», – деп тоқталды. Негізінде, бірінші  (ерте грек) және 

екінші  жағдайда    да  жоғары  деңгейдегі  бірлескен  танымдық  дамуда  оқыту  формасы  мен 

оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  мазмұнын  ұйымдастыру  біріккен-диалогтық  болады. 

“Біріккен-диалогтық”  терминін  қолданғанда,  әрекеттің  біріккен  мінездемесі  ретінде  сызып 

көрсетуге  болады,  тек  қана  оқушылардың  арасында  емес,  оқытушылармен  қатынаста  оқу-

танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастырудың  нақты  жағдайында  қалыптасады.  Біріккен-диалогтық 

танымдық іс-әрекет жаңа психологиялық білім беру болып табылады. /3,113 бет/ 

О.К.Тихомиров 

өзінің 

«Ойлау 


психологиясы» 

еңбегінде 

біріккен 

іс-әрекет 

классификациясын  екі  түрлі  мағынада  қарастырады.  «Біріншіден,  біріккен  ұғымын  оған 

қатысушылардың  «оқушы  мен  оқытушы»  іс-әрекет  өнімділігінің  жалпы  құрылымы,  ортақ 

туындаған ниет, мақсат, мән және қорытынды өнімділік ретінде қарастыруға болады. Екіншіден, 

біріккен творчестволық іс-әрекетті “бірлескен” ұғым ретінде түсініп, қалай толықтырылады, осы 

жағына тоқталу қажет» деп атап өтеді. /4,72 бет/ 

 Осындай  біріккен-диалогтық  іс-әрекет  бастауыш  мектепте  балалардың  негізгі  іс-әрекеті 

болып табылатын оқыту процесінде толығымен жүзеге аса бастайды. Бастауыш мектеп оқушысы 

ойлауының  күрделенуі  оқыту  процесіне  байланысты  болғандықтан,  олардың  ақыл-ой  сапасы 

құрылымдарға  ие  бола  отырып  өзіндік  жеке  тұлғада  көрінеді.  Бұл  сапалар  көптеген  белгілер 

арқылы  анықталады;  мәнді  мәселені  шешуде,  жаңа  білімді  меңгеру  мен  талдап  қорытудың 

жылдамдығы,  жеңілдігі  мен  кеңдігі  темпіне  байланысты.  Оқытудың  жетістігі  осы  сапаларға 

байланысты да, оған қабілеттілік оқытудың компонентері болып табылады. Оқытудың барысына 

және оқушының жас ерекшелігіне бұл сапалар әсер етіп, білім берудің деңгейі мен заңдылықтары 

ұсынылады. 

З.И.Калмыкова: “Оқытудың негізінде біз жеке адамның өзіндік интеллектуалдық жүйесінің 

қозғалысының,  күрделілігінің,  ақыл-ойдың  сапалы  құрылымын,  осыған  байланысты  оқыту 

процесінің  өнімділігін  анықтаймыз”,  -  деп  атап  өтеді.5,13-  бетФилософия  энциклопедиясында 

“интеллект”  деген  сөзге «бұл  термин  оймен  бір  мағынада  қолданылады»  деп  анықтама  беріледі. 

М.М.Мұқанов:  “Бұл  анықтама  біздерді  қанағаттандырмайды”  дей  отырып,  кеңес  психологы 

Б.Г.Ананьевтің  соңғы  жылдары  жазған  еңбектерінде  интеллектіні  ой  қабілетіне  тән  нәрсе  деп 

санаған пікірін қолдайды. Бұл пікірді басшылыққа ала отырып, біз ақылды не «интеллектіні» ой 

процесінің жемісі  екенін  дәлелдейміз.  Адам баласының ойы бірқатар ғылымның-философияның, 

психологияның,  жоғары  нерв  қызметі  физологиясының,  математикалық,  логикалық, 

кибернетиканың зерттеу пәні болып табылады. “Тіл  – ойдың тікелей әрекеті” деген К.Маркстың 

пікірі баршаға мәлім. 

Ойлану деп мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлану – дамушы құбылыс және 

ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның 

жемісі  ұғымдар  мен  сөйлемдер  де  бір  емес.  Мәселенің  шешілуі  адам  басында  реттелініп 

отырылады.  Сондықтан  ойлау  туралы  зерттеулер,  олардың  процесс  күйін  емес,  ойлау  қалайша 

жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. 

Сондықтан  А.В.Брушлинский  бұған:  “Зерттеуші  ойлауды  процесс  ретінде  оқиды,  ал 

зерттеуші үшін ол іс-әрекет ретінде қолданылады”, - деп тоқталған. Ойлау процесінің жүзеге асу 



http://www.enu.kz

 

 



шартына  адамның  бұрынғы  тәжірбиесі  мен  бағыты  және  ойлануға  итермелейтін  мотивтері 

жатады/6,81 бет/. 

Қазақтың  көрнекті  психологы  М.М.Мұқанов:  “Тіл  -  көлік,  ой  -  жолаушы,  әркімнің  басы 

станция. Әркімнің ойы тіл көлігіне мініп, бір кісінің басынан екінші кісінің басына көшіп жүреді”, 

-  деді./7,81  бет/  Сондықтан  ойлауды  оның  логикалық  және  психологиялық  жақтарының  бірлігі 

ретінде қарастырып отырамыз. Біріншіден, ойлау таным объектісі туралы түсінік қалыптастыруға 

бағытталады және ішке қажетті байланыстар мен оның мәнінде көрінеді. Екіншіден, ойлауды бала 

таным  объектісінің  көмегімен  талдау  және  біріктіру  негізінде  оның  мәнді  байланыстарын 

қолданады.  Үшіншіден,  ойлау  негізінде  бала  танымдық  объектінің  мәнді  қатынасын  талдау  мен 

біріктіру нәтижелерінің бағалануын бақылайды. 

Сонымен  қорыта  айтқанда,  қарым-қатынас  процесі  барысында,  яғни  адамның  басқа 

адамдармен  өзара-әрекеттің  арнайы  формасында,  түсініктермен,  идеялармен,  қызығушылықтар, 

нұсқаулармен  және  т.б  алмасу  жүзеге  асады.  Қарым-қатынаста  нақты  индивид  басқа  адамдар 

жасаған,  «рухани  байлық  қорын»  игереді,  осыған  орай  оның  жекелік  тәжірибесінің  шектелуі 

жойылады;  сонымен  қатар  қарым-қатынас  арқылы  ол  осы  «қорға»  өз  жасағандарын  енгізеді. 

Осымен  тұлға  өмірінде  қарым-қатынас  маңызды  орын  алатынын  көруге  болады.  Бұдан  баланың 

танымдық дамуының тікелей қарым-қатынасқа тәуелділігі байқалады. 

 

 



       Әдебиет 

1.Давыдов  В.В.,  Срободчиков  В.И.,  Цукерман  Г.А.  Младший  школьник  как  субъект 

учебной деятельности // Вопросы психологии, 1992, №3. С. 14-17. 

2.Зак З.А. Развитие теоретического мышления у младших школьников: Автореф. дисс. док. 

психол. н. – М.:  1989, 33 с. 

3.Джакупов  С.М.  Психологическая  структура  процесса  обучения.  -  Алматы:  Қазақ 

университеті,  2004, 312 с. 

4.Тихомиров О.К. Психология мышления. – М.: Изд-во МГУ,  1984, 189 с. 

5.Калмыкова  З.И.  Продуктивное  мышление  как  основа  обучаемости.  -  М.:  Педагогика, 

1984, 200 с. 

Брушлинский А.В. Мышление как процесс и проблема деятельности // Вопросы 

психологии, 1982, №2. С. 28-31. 

6. Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. – Алматы: Қазақ универ-ситеті, 1959, 120 б. 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал