Тұлғалардың ғұмырбаянына деген



жүктеу 42.48 Kb.

Дата08.06.2017
өлшемі42.48 Kb.

 

 



шілде 2016 ж. 

 

Президент және политех 



 

Ел  тарихында  елеулі  із  қалдырған  ұлы 

тұлғалардың 

ғұмырбаянына 

деген 

қызығушылықтың  күн  өткен  сайын  арта 

түсетіні  заңды  құбылыс.  Ал  төрткүл  дүние 

таныған  Тұңғыш  Президентімізге  қатысты 

қандай  да  бір  деректің  құндылығын 

уақытпен  үндесе  отырып  сезіну  және  оны 

көздің  қарашығындай  сақтау  –  кемеңгер 

тұлғаға  деген  сый-құрметтің  биік  шыңы 

болса керек-ті. 

Шынтуайтына  келгенде,  Елбасы  өмірге  дәл  осы  қалпында  келе  қалған 

жоқ.  Ол  да  бала  болды,  түбіт  мұрты  тебіндеген  бозбала  шағында  күн  түбіне 

жортқан  бабалардай  арман  қуып  алыстарға  сапар  шекті.  Оқысам,  білсем 

деген құлшынысты қанат қылып, Алатаудан Арқаға жеткенінде ат тұмсығын 

алғаш  тіреген  шаңырақтың  бірі  Қарметкомбинат  болса,  екіншісі  Қарағанды 

политехникалық институты еді ғой. Иә, «Өткен күнде белгі жоқ», тағдыр сол 

кездері  техникалық  саланың  талай  тарланын  түлеткен  «Политехта»  оқуды 

болашақ Президенттің де пешенесіне жазған екен. 

 

Қайрат ӘБІЛДИНОВ 

 

Кеңес  заманында  атағы  жер  жарған  институтта  оқудың  өзі  екінің  бірінің 



еншісіне бұйырмаған бақ еді. Аталған оқу орнына 2012 жылы арнайы соққанында 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметті қонақтар кітабына «Мен осы оқу ор-

нында – бүкіл Қазақстан үшін инженер кадрларының ұстаханасында оқығанымды 

мақтан етемін», деп жазып қалдырғаны да жоғарыдағы сөзімізді қуаттай түседі. 

Бүгінгі  күнде  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті  болып  атауы 

өзгерген  «Политех»  Тұңғыш  Президентіміздің  өз  қабырғасында  оқып,  білім 

алғанын  орынды  мақтан  етеді.  Және  де  университеттің  еліміздің  басқа  оқу 

орындарына  бұйырмаған  мұндай  бақты  барынша  қастерлеп,  ұтымды  пайдалануға 

деген ұмтылысы адамды еріксіз тәнті етеді. Қазіргі таңда білім ордасына бас сұға 

қалсаңыз,  Елбасының  бұл  жерде  білім  алғанын  еске  салатын  дүниелер  қарсы 

алдыңыздан  менмұндалап  шығады.  Көзінде  –  от,  бойын  жастықтың  жалыны  мен 

жігері  билеген  оғыланның  осында  оқығанын  ойлағаныңызда  сүйсініс  пен 

мақтаныштың  толқымалы  күйіне  түсетініңіз  рас.  Қайраткер  тұлғаның  ізі  қалған 

білім  ордасындағы  аудиториялардың  аурасымен  тыныстаудың  өзі  адамды  әдемі 

әсерге бөлейтіні тағы бар. 

Иә,  тарихтан  суыртпақтап  сыр  тартатын  болсақ,  сол  кездегі  жалындаған  жас 

Нұрсұлтан   Назарбаев  1962-65  жылдары  осы  оқу  орнының  студенті  болды. 

Өндірістен  қол  үзбей  жүріп  білім  алған  болашақ  Президент  Қарағанды 



политехникалық  институтының  МЧМ-62-2  тобында 

үш  жыл  оқып,  содан  кейін  барып  Теміртау 

қаласында 

Қарағанды 

металлургиялық 

комбинатының жанынан жаңадан ашылған «Жоғары 

техникалық  оқу  орнына» (Завод-ВТУЗ)  ауысқаны 

белгілі. 

Негізінде,  мұражайдың  өмірге  келуіне  себепкер 

болған  Елбасының  серіктесі,  мемлекет  қайраткері 

Төлеутай Сүлейменов еді. 2014 жылдың 13 маусымы 

күні  ҚарМТУ-да  өткен  «Жаңа  қазақстандық 

патриотизмді  тәрбиелеудің  көкейкесті  мәселелері» 

атты ғылыми-практикалық конференция аясында осы 

жоғары  оқу  орнының  Құрметті  профессоры 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған бұл мұражай 

салтанатты  түрде  ашылған  болатын.  Мұражайға  деп  кезінде  болашақ  Президент 

электротехниканың  негіздері  туралы  лекция  тыңдаған,  аумағы  41  шаршы  метр 

болатын №114 дәрісхана таңдап алынған-ды… 

ҚарМТУ-дің  мақтанышына  айналған  бұл 

мұражайдың  төрінде  Елбасы  өмірінің 

студенттік кезеңіне қатысты құжаттардың мол 

қоры  сақталған.  Мысалы,  негізгі  қабырға-

тақтадан  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еңбек 

кітапшасының  көшірмесін  көруге  болады. 

Онда  болашақ  Президенттің  еңбек  жолын 

банктің 

қарапайым 

күзетшісі 

болып 


бастағаны  туралы  мәлімет,  одан  кейін 

Днепродзержинск  техникалық  училищесін 

үздік бітіріп, Қарағанды тау-кен институтына 

(

ҚарМТУ-дің  алғашқы  атауы  – Қ.Ә.)  жолдамамен  оқуға  жіберілгені  туралы 



деректеме  жазылған.  Әсіресе,  талапты  жас  Нұрсұлтанның  политехникалық 

институттың  сол  кездегі  ректоры  Әбілқас  Сағыновтың  атына  өз  қолымен  жазған 

өтініші  еріксіз  назар  аудартады. «1958 жылдан  домна  пешінің  горновойы  болып 

жұмыс істегелі мен бұл мамандықты жақсы танып-білдім. Енді терең техникалық 

білім  алсам  деп  едім»,  –  деп  жазған  екен  талаптың  тұлпарын  мінген  болашақ 

Президент. 

Сонымен  қатар,  мұражайда  оқуға  түсушінің  жеке  карточкасы,  өз  қолымен 

жазған  өмірбаяны,  студент  Нұрсұлтан  Назарбаевты  бірінші  курсқа  қабылдау 

туралы  бұйрықтың  көшірмесі,  сынақ  кітапшасы,  Зауыт-ВТУЗ-дың  5-курсына 

ауыстыру  туралы  жазған  өтініші  сақталған.  Сондай-ақ,  Мемлекет  басшысының 

студент  кезіндегі  және  домна  пешінің  жанындағы  фотосуреттері  де  келушілердің 

көзайымына  айналған.  Президентпен  бірге  оқыған  А.  Смолькиннің  естелігі  де 

мұражай бұрышынан өзінің лайықты орнын тауыпты. 

Жалпы,  Елбасына  арналған  университет  мұражайы  бірнеше  экспозициялық 

бөлімнен  тұрады.  Мысалы, «Атамекен»  экспозициясында  келушілер  Тұңғыш 

Президенттің  жас  кезімен  таныса  алады.  Бұл  жердегі  жәдігерлер  –  фотосуреттер 

мен  мұрағаттық  құжаттар  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  кіші  отаны,  отбасы,  балалық 

шағы, мектептегі кезі туралы сыр шертеді. 



«

Еңбек  жолының  басталуы»  деген  бөлім  Мемлекет  басшысының  еңбек 

майданы  мен  саяси  мансаптағы  алғашқы  қадамдарын  жан-жақты  қамтиды. 

Болашақ Президенттің Теміртау қаласындағы металлургиялық зауытта еңбек еткен 

кезеңі мен Днепродзержинскідегі техникалық училищеде оқыған жылдары туралы 

мол мағлұмат ұқыптылықпен жинастырылған. Ал «ҚарПТИ-дегі оқыған жылдар» 

экспозициясы тұтастай болашақ Президенттің студенттік кезеңіне арналыпты. 

Бұдан  бөлек,  мұражайда  фотосуреттер  мен  мұрағаттық  құжаттарды 

электрондық  түрде  көруге  мүмкіндік  беретін  сенсорлық  экранмен  жабдықталған 

екі мультимедиялық үстел бар. Сонымен қатар, құрамына Нұрсұлтан Назарбаевтың 

қаламынан  туған  және  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  туралы  жазылған 

туындылар  енген  кітап  галереясы  да  көз  тартып,  келушілердің  назарын  өзіне 

аударады. 

Университет  мұражайының  меңгерушісі  Дәмеш  Жасарованың  айтуынша, 

мұнда  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  студенттік  өмірінен  сыр  шертетін  180-нен  астам 

мұрағаттық  құжаттар  мен  фотосуреттер  бар  екен.  Біле-білген  адамға  бұл  тарихи 

құндылығы зор бай қазына. 

Университет  үшін  Елбасына  қатысты  дүниенің  бәрі  қастерлі.  Білім 

ордасындағы  Тұңғыш  Президент  атындағы  «Нанометаллургиялық  процестер» 

зертханасы да осы сөзімізге дәлел. Мұндағы мақтан етер жәдігердің бірі – студент 

Назарбаев  1964  жылы  металдар  мен  қорытпалардың  микроқұрылымын  зерттеген 

микроскоп.  Білетіндердің  айтуынша,  ол  әлі  күнге  дейін  жұмыс  істеуге  жарамды 

екен. 

Бұл күнде Елбасы техникалық білімнің нәріне сусындаған оқу орнының келбеті 



танымастай  өзгерген.  Ең  алдымен,  білім  ордасы  елімізде  ғана  емес,  алыс-жақын 

шетелдерде  көзге  түсіп,  ауызға  іліне  бастады.  Мысалы,  Еуропаның  ғылыми-

өнеркәсіптік  палатасы  «Жоғары  оқу  орындарының  Еуропалық  стандарт 

рейтингісін»  жариялағанда,  оның  тізіміне  енген  қазақстандық  23  жоғары  оқу 

орнының  ішінен  бес  білім  ордасы  жоғары  бағаға  ие  болған  еді.  Ал  үздік  деп 

танылған  сол  бестіктің  құрамындағы  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  уни-

верситеті  жүлделі  үшінші  орынға  табанды  нық  тіреді.  Бұл,  әрине,  бүгінгі  білім 

саласының менеджментін мықты меңгерген ордалы оқу орнына берілген лайықты 

баға! 

Сонымен  қатар,  елімізде  дуалды  оқыту  жүйесін  алғашқы  болып  қолға  алған 



ҚарМТУ  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  бойынша  кадр  даяр-

лайтын  қазақстандық  ең  үздік  10  жоғары  оқу  орнының  қатарына  енген.  Ерекше 

атап өтерлігі, университет басшылығы Елбасының тікелей тапсырмасымен дүниеге 

келетін маңызды бағдарламалар мен серпінді жобаларға дереу үн қосып отырады. 

Соның  бір  мысалы  ретінде  қазірдің  өзінде  ҚарМТУ-де  «Серпін-2050» 

бағдарламасы бойынша еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген 321 сту-

денттің білім алып жатқанын айтуға болады. 

2008 


жылдан бері ҚарМТУ-дің ректоры болып келе жатқан Арстан Мәуленұлы 

Ғазалиев  сынды  білікті  басшының  бастамасымен  білім  ордасы  негізінде 

Қазақстанда  тұңғыш  рет  корпоративті  университет  құрылып,  оның  құрамына 

Орталық  Қазақстанның  аса  ірі  өнеркәсіп  орындары  кірген.  Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Президенті  атындағы  оқытудың  электронды 

технологиялар  орталығы,  заманауи  компьютерлермен  жабдықталған  100  орынды 

электронды  оқу  залы,  толықтай  жетілдірілген  мұражай,  Ш.  Құдайбердіұлы 

атындағы  «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы, «100 нақты  қадам» Ұлт Жоспары 



негізінде, осы оқу орнын отыз жылдан астам уақыт басқарған, Социалистік Еңбек 

Ері,  академик  Әбілқас  Сағынов  атындағы  «ҚарМТУ  инновациялары»  көрмесі 

сияқты  жаңа  құрылымдық  бөлімшелердің  ашылып,  жемісті  жұмыс  істеп 

жатқандығы  да  университеттің  заман  талабына  сай  өсу-өркендеу  үстінде  екенін 

аңғартса керек. 

Университеттің  тағы  бір  жағымды  жаңалығы  –  білім  ордасының 

инфрақұрылымын  дамыту  барысында  президенттік  «Студенттердің  тұрғын  үйі» 

бағдарламасы бойынша «Армандастар Ордасы» деп аталатын Қазақстандағы ең ірі 

студенттер үйі жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. Қазір мұнда 800-ден астам 

студент тұрып жатыр. 

Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  инженерлік  танымын 

қалыптастырған бұрынғы политех, бүгінгі техникалық университет кемел біліммен 

қаруланып,  өркениет  көшіне  ілескен  іргелі  оқу  орны.  Бүгінгі  күнде  оның  қа-

бырғасында  он  мыңға  тарта  студент  білім  алады.  Әлбетте,  олардың  шетінен 

президент  болмасы  анық.  Дегенмен,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  мұрат  тұтқан 

мемлекетіміздің кәсіби маманы, көшелі азаматы болу – Тұңғыш Президент түлеп 

ұшқан  ұяның  тәлімін  көріп,  білімін  алған  алғадай  жастарымыздың  алдындағы 

асқаралы міндет екендігі сөзсіз. 



Document Outline

  • /




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал