Түйін сөздің түсінігі



жүктеу 88.89 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі88.89 Kb.

         

                         Түйін сөздің  түсінігі 

    Адамгершілік-  рухани  тәрбие  беру  іс-  әрекеті  Қазақстанның  Білім  беру  жүйесінде 

өткен  ғасырдың  басында  –ақ  көрініс  тапқаны  белгілі.Ол  дәуірде  оқу-ағарту    ісінің  

басында  ұлттық  ғұлама  ғалымдар,ағартушы  педагогтар,тәрбиелеу  қазақ  ілімінің 

нәрімен  сусындаған,социалистік  немесе  таптық  педагогикамен  уланбаған,қазақ 

педагогикасының    дамытып  орнықтырған  ұлылар  тұрды.Алаш  арыстарының 

арқасында  Қазақ  педагогикасының    шоқтығы    биіктеп,өресі  өсіп,айбыны  асқақтаған 

заман  болды.  Социалистік  педагогиканың  салтанат  құрған  шағынан  бастап,қазақ 

педагогикасының 

үні 


бәсеңдеп,иесінен 

ажыраған 

ырыстай 

,бастаулары 

бітеулеңіп,көздері көмескілене бастады.Мол байлық,байтақ ырыс ортайып,толығымен 

суалып  кетпесе  де,күңгіртене  бастады.  Таптық  пен  жымысқы  саясатқа  малшынған 

социалистік педагогиканың  «алтын заңына» негізделген адамгершілікке тәрбиелеу ісі 

жалғасып жатты.Тәрбие деген Тәңір адам санасына әсер етіп,оның ұлттық ой-арманы 

мен  көкірек  көзіне  қозғау  салатын  заңдылығына  сай,өткен  ғасырдың  ортасында 

адамгершіліктің  асыл  рухы  қанша  қағажу  көргенімен  тектілігінің  арқасында  тесіп 

шықты,намысы  оны  басылып,төменшіктеуге  жібермеді.Оған  басты  демеуші 

болып,айдарлана  көрінуіне  қазақ  өнері  мен  әдебиеті  ерекше  әсер  етті.Осы  шақта 

мектепте  оқытылған  барлық  пәндер  мазмұнына  барынша  сіңіріліп,сыныптан  тыс 

жұмыстарда  оңды  жалғасын  тапты.Тәуелсіздікке  талпыну,ұмтылу    күрескерлік  қазақ 

дәстүрін жаңа биікке көтергендігінің бір белгісіндей тәлім-тәрбиелік үрдісте жаңа ой-

сана,жаңа  ұлттық  тәрбие  кең  тыныс  ала  бастады.Халықтық,отбасылық  педагогикасы 

деген төменшіктенген атымен келсе де,этнопедагика деген басқаның атын жамылған 

педагогикалық  ғылым  саласы  айқындала  алды.Мұның  бәрі  адамгершілік  –рухани 

тәрбие  беруді  жаңа  белеске  шығарып,Қазақ  педагогикасы  өз  атына,өз  орнына  ие 

боларлық  дәрежеге  жетеқабыл  пәрменге  ие  болды.Соның  нәтижесінде,  әдеп,әдеп-

тану,инабат,ар-ождан,этика-эстетика  бағытында  нешелеген  оқулықтар  мен  тағы-

лымдық  тәрбиелік  тұрғысындағы  зерттеулер  жазылды.Адамтану  бағытындағы 

көптеген  бағдармалар  пайда  болды.ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегі  қазақ  педагогикасы  

айтарлықтай,  мақтанарлықтай  секіріс  жасады.Қазақ  педагогикасында  сілкініс  пен 

серпіліс ашық айқындалған шақ еді ғой!  

 

            Осының  бәрі,ақырын-ақырын  «Өзін-өзі  тану»  пәніне  орын  берді. 



Себебі,

ол,мыналаларды  жар  салып  айтып,жаңалығын  жаһанға  жариялай  келді. 

(

Мәтіндер-«Өзін –өзі  тану» пәнінің әдістемелік нұсқаулары мен  бағдармалдарынан алынды)

 «Өзін-


өзі  тану»  пәні  –  өзге  пәндерден  ерекше.  Ол   дәстүрлі  пәндер  сияқты  қоршаған  орта 

туралы пән емес, адамның өзі және оның ішкі жан-дүниесі туралы пән.Балалардың 

қазіргі өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен адами қабілетінің 

ашыла  түсуіне  көмектесудің  МӘНІ  бүгінгі  қоғамдық-әлеуметтік  жағдай  мен  әлемнің 

жаңғырып дамуына орай тіпті арта түсуде.Өзін-өзі тану баланы өз қадірін өзі білуге, 

өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани 

өмірде және өмірдің алуан түрлі жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын жасауына, өз 

бетінше  шешім  қабылдай  алуына  және  өз  сөзі  мен  әрекеттері  үшін  жауапкершілікті 

сезіне білуге тәрбиелейді  

        Баланың  осы  пән  арқылы  адамгершілік  сезімдері,  эмоциялары,  өзара  қарым-

қатынастары  туралы  түсініктері  кеңейеді.  Олар  үлкендермен  және  кұрбыластарымен 

қарым-  қатынас  жасау  мәдениетіне  қол  жеткізеді,  адамгершілік  құндылықтар 

мен  адами  қасиеттердің  мәнін  түсінеді.  Олардың  Отанға,  отбасына,   жақын  

                                                                      1 



адамдарына,  қоршаған  табиғатқа  деген  сүйіспеншіліктері  артады.  Оқушы  алдында 

тұрған міндеттердің шешімін табуға, жағдаяттарды тез арада шеше білуге, нақты бір 

мәселе  бойынша  өзіндік  көзқарасын  білдіруге,  өз  пікірін  еркін,  ашық  айтуға, 

кездескен  жағдайларды  адамгершілік  нормаларына  сәйкес  шешуге,  бағалауға  көңіл-  

күйлерінің  кең  аумағын  қамтиды.  Эмоционалдык  біліктілік  өз  сезімдерін  танып  

білуіне,  өз  әрекеттерін  түсіндіре  алуына,  өзгелердің  әрекеттері  мен  көңіл  күйлерін 

бағамдай  білуіне  көмектеседі.Бұл  пән  мектептегі  барлық  тәрбие  жұмысының 

алтын арқауы бола алады. 

 

      Жас  жеткіншектердің  рухани  дамуын  жетілдіріп,  олардың  ізгілікке  жетелеуде 

«Өзін-өзі  тану»  пәні  маңызды  рөл  атқарады.  «Өзін-өзі  тану»  пәні  арқылы  берілетін 

рухани  адамгершілік  білім  негіздері  адамдар  арасындағы  жарасымды  қарым-

қатынасқа  сай  бақытты  өмір  сүруді  қалайтын,қоршаған  табиғи  ортаны  сақтауға 

мүдделі,  өмірде  кездесетін  әр  түрлі  жағдаяттарда  өзіндік  көзқарастары  мен 

дүниетанымы  қалыптасқан  болашақ  ұрпақтың  жеке  тұлғалаық  қабілеттерін 

жетілдіруге  қызмет  етеді.  Мектеп  жасында  тұлға  бойында  жалпы  мәдениеттің 

негізі  қаланады,  өзін-өзі  тануға  ынтасы  артып,  өз  мүмкіншіліктерін  түсіне 

бастайды.Балалардың  қоршаған  әлеуметтік-мәдени  және  табиғи  ортамен  үйлесімді 

байланысын,  этикалык,  эстетикалық  және  экологиялық  мәдениетін,  адамдарға, 

өзіне  және  қоршаған  ортаға  жағымды  қарым-қатынас  жасау  дағдылары  мен 



тәжірибесін  калыптастырады.Балаларды  адамгершілік  нормаларымен,  қарым-

қатынас  жасау  амалдарымен,  кұралдарымен  жэне  әдістерімен  таныстырады. 

Балалардың  адам,  өмір,  бақыт,  махаббат,  ар-ұждан,  парыз,  арман,  отбасы,  ұлттық 

салт-дәстүр,  ұлттық  руханият,  отан,  табиғат,  достық,  еңбек  құндылықтары  мен 

мейірімділік,  сыйластық,  сүйіспеншілік,  адалдық,  азаматтық,  патриоттық,  бауыр-

малдық,  еңбексүйгіштік-адами  қасиеттері  туралы  түсініктерін  кеңейтеді  Осы 

мәселелерді шешу мақсатын көздей отырып, республикамыздың білім беру жүйесіне 

жеке  «Өзін-өзі  тану»  пәні  болып  енді.  Соған  орай   білім  стандарты,  бағдарлама, 

оқулық,  мұғалімдерге  әдістемелік  құрал,  оқушыларға  жұмыс  дәптерлері  жасалып 

ұсынылды. Барлық мектептерде қазір қолданылып отыр.Өзін-өзі тану пәнін оқытатын 

ұтаздық  мамандықтың  санаты  сайланып,беретін  тәрбие  мен  білімнің  бағдармалары 

мен  айла-тәсілдері  сыналып,педагогикалық-психологиялық,аксиологиялық  негіздерін 

жасауға  талпыныс  туып,белгілі  дәрежеде  шешілді  деп  мақұлданып,ұстаздар  мен 

оқытушылар  қолданып  та  жүр.  Дәлірек  айтқанда;«Өзін-өзі  тану»  рухани-

адамгершілік  білім  беру  Бағдарламасының  психологиялық-педагогикалық 

негіздері,«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  Бағдарламасының 

аксиологиялық негіздері   « жасалып  та»   үлгерді.Солардан ой түйетін болсақ;бұл 

пән  философиялық  ақсиологияға  табан  тіреген,өзін-өзі  тәрбиелеу  педагогикасына 

сүйенген,оқушы,студет  жастардың  адами  рухани  дамуын  қанағаттандыратын,

 

рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беретін ерекше амал тәсілмен оқытылатын пән 

болып  шығады.Рухани  даму  дегеніміз-өзінің  өмірдегі  орнын,  атқаратын  міндетін, 

қазіргі  және  болашақ  ұрпақ  алдындағы  жауапкершілігін,  дүниенің  күрделі 

құрылымын  түсіну  және  өзін-өзі  үздіксіз,  бірқалыпты  жетілдіру.Рухани-

адамгершілік-адамдарға  деген  ізгі  ниеттілік,  құрмет,  жанашырлық  пен  сенім, 

кеңпейілділік,  басқалардың  мүддесі  үшін  жан  аямаушылық  сияқты  жеке  қасиеттерді 

қамтиды.  (Осыдан  артық    сенің  іздегенің  не?-дейтін  шығарсыз!)Сабақты 

ұйымдастыру  түрінде  де  жаңалық  бар. «Өзін  -  өзі  тану»  сабақтарының  өзіндік 

ерекшелігін  байқататын  «Шаттық  шеңбері»,  «Өзіммен  -өзім»,  «Әңгімелесейік», 

«Сергіту  сәті»,  «Сахналау»,  «Ойын  -  Жаттығу»,  «Жүректен  –  жүрекке»  шеңбері 

балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. 

 

   Аксиология (грек, axios-құңды, logos-ілім)-құндылықтардың табиғаты,олардың әлеу-



меттік   орны  және  құндылық  әлемінің  құрылымы  туралы  философиялық  ілім. 

                                                                   2  



Құндылықтар өмірге, еңбекке,  шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден 

 тұрады.  Құндылықтар  қоғам  үшін  ең  маңызды  деген  әдет-ғұрыптар  мен   нормалар 

 қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани 

әлемді  құндылықтар  арқылы  бағалайды.Құндылықтар-қасиеттер.Қасиетсіз  адам 

жануарға  айналып  кетеді.Олар  бізге   бала  кезден,ана  сүтімен  бірге,  ана  тілі  арқылы,  

мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін 

игеру нәтижесінде орнығады.Құндылықтар туралы  мәселені ең алғаш Сократ көтеріп, 

«Өзгені  тану  үшін  алдымен  өзіңді-өзің  таны»  деген  болатын.  Ал  құндылықтарды 

зерттеп,  оны  ғылымға  енгізген  Т.И.Петракова.  Ол  құндылықтарды  жүйелеп   түрге 

бөлді:Табиғи  құндылықтар –  бұл  адамның  табиғи  күші  мен  жан-дүниесінің 

қабілетілігі  құндылықтары:  яғни  ақыл-ой,  сезім,  күш-жігер  (ақылдың  айқындығы, 

ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы). 



Жүре пайда болған құндылықтар –бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік 

тұрғыдан  дамуы  барысында  меңгерген  құндылықтар  (әдептілік,  сыпайылық, 

сыйластық,  жанашырлық,  кеңпейілділік,  ақкөңілділік,  сабырлылық  және  т.б.) 

 Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар –ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай 

ортамен,  қоғаммен  шектелмейтін,  бүкіл  адамзат  үшін  маңызы  зор  құндылықтар. 

Жалпыадамзаттық

.

  құндылықтарға:ақиқат,  дұрыс  әрекет,  ішкі  тыныштық,  қиянат 



жасамау,  сүйіспеншілік  жатады.

Кез  келген  құндылықтарды  олардың  типіне  және 

деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені 

оларға  әлеуметтік  және  мәдени  мәндер  енеді.

  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар 

(-адам  өмірі,  бостандық,  адам  бақыты,  қарым-қатынас,ұрпақ  жалғастыру,еңбек 

ету,табыс,ынтымақтастық,белсенділік,  тәуелсіздік,  еркіндік  т.б.).Рухани    адамгер-

шілік  имани  құндылықтар  (Мәдениет,саясат,  әдебиет,Отан,Ана,Жер,дін,діл,ар-

ождан,парыз,ерік  жігер,  күш,  махаббат,  қайырымдылық,  мейірімділік  т.б.)Жоғары 



сапа  деңгейіндегі  құндылықтар(-адам  конвенциясы,  демократия,  азаматтық 

қоғам,мәдениет  т.б.)Жалпыәлемдік  құндылықтар-түрлі  халықтың,  түрлі  діннің,  түрлі 

дәуірдің рухани мақсатгарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Сол себепті де 

ол  жалпыадамзатгық  деп  аталады,  өйткені  олар  біртіндеп  жинақталды  және 

 XX ғасырдың  соңында  Халықаралық  топ  алғаш  рет  дүниежүзілік  тарихта  адамның 

құқықтары  туралы  халықаралық  негізге  алынатын  қүжаттар  жасады  (“Адам 

құқықтарының  жалпыға  бірдей-Декларациясы”,“Баланың  құқықтары  туралы 

конвенция» және т. б.), оларда тәрбиенің методологиясы мен теориясы, оның жаңар-

тылған  мақсат,  мүдделері  қарастырылған.Сондай-ақ,

  құндылықтар  үлкенді,  кішілі, 

абсолютті  және  салыстырмалы,  материалдық  және  рухани  т.б.  түрлерге 

бөлінеді.Алайда  оған  қарамастан  мазмұны  жағынан  құндылықтарды  шартты  түрде 

мына  реттілікпен  жіктеуге  болады.  Виталдық  құндылықтарға:  тәндік,  денелілік; 

әлеуметтік  құндылықтар:  саяси  құндылықтар:  сөз  еркіндігі,  азаматтық,  бейбітшілік; 

моральдық  құндылықтар:  жақсылық,  игілік,  махаббат,  борыш,  намыс,  шыншылдық, 

адал  ниеттілік,  парасаттылық,  берілгенділік,  өзара  көмектесу,  әділеттілік,  үлкенге 

ізеттілік  және  балаларға  әлеуметтік  ілтипаттылық;  діни  құндылықтар:  құдай,  сенім, 

құтқарылу,  рахат,  рәсім,  мешіт;  қоғамды  қадірлеу:  еңбекқорлық,  патриотизм,  қол 

жеткізе  білу  кабілеттілігі,  қоғам  өміріне  белсенді  қатынасу,  жоғары  локальдық 

(мемлекеттің  интернациональдылық)  бағытталуы;  эстетикалық  құндылықтар: 

әсемдік (немесе  эстетикалық  сиықсыздық), идеал,  стиль,  үйлесімдік,  дәстүрге 

бағыну,  жаңалық,  ерекше  мәдениет,  сырттан  енгізілген  модаға  еліктеу  және  т.б. 

Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына 

еніп  дамып  отырды.Себебі  рухани-адамгершілік  құндылық  адамның  өзіне,  қоршаған 



әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін 

бейнелейтін  құрлымдық  элемент.  Рухани  құндылықтың  сапасы  жан  дүниесінің 



дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. 

                                                         3 

 көптеген  сапалары  арқылы  өлшенетін  болса,  адамгершілік  құндылық  адамның  

адами  қасиеті,  бір-біріне  деген  қайырымдылық  көрсетуі,  мейірімділік  сезімі,  іс-

әрекеттегі  адалдығы,  әділдігі,  өмір  сүру  салтындағы  туыстық,  достық  қарым-

қатынасымен  бірігу  идеясымен  ерекшеленеді.  Ал  құндылықтық  қатынас  әрқашан  да  

субъектінің  бойында  белгілі  бір  эмоцияларды  –қуану,  сүйсіну,  таңдану,  табыну  т.б.  

қамтып  дүниетаным  ықпалымен  қалыптасып  келген.Біз,мұнда:  «Өзін-өзі  тану»  пәні 

арқылы  рухани  адамгершілік  білім  және  тәрбие  бергіміз  келсе  рухани  адамгершілік 

құндылықтардың  құрамдас  бөліктерінің  ішкі  байланыс  сабақтастығын  ескере 

отырып,еш  нәтиже  бермеген,жұмасына  жалғыз  сағатпен  үйретілетін  дінтану, 

құқықтану,өзін-өзі тану,әдептану,валелогия қатарлы пәндерді кіріктіріп,ықпалдастыру 

нәтижесінде  әулеттен-академияға  дейін  оқытатын,бірізді,кешенді  пән  жасауды 

ұсынған  себебімізді  түсіндіру  ниетпен  аксиологияға  қысқа  шолу  жасадық.Мұның 

екінші  жағы  тағы  бар.Адамгершілік-рухани  білім  беретін  жеке  пәннің  оқытылуы, 

басқа пәндердің біркездегі қалыптасқан адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру 

мүмкіндігі мен жетістігіне кейінгі кезде салқынын тигізген еді.Алайда соңғы жылдары 

осы бағытта ұстаздар қауымы дұрыс пікір айтып,жер-жерде  семинарлар мен кеңестер 

өтіп,ашық сабақтар өткізіле бастады.Музықа,бейнелеу өнері,әдебиет қатарлы көптеген 

пәндерде  қолданылып,керектеніліп  келген:  ән,әңгіме,мақал-мәтел,қанатты  сөздер 

т.б.мәтіндер,өзін-өзі  тану  пәнінің  мазмұнына кіріп,тәрбиелік  айқын әлеуеті  өзгерген-

діктен,олар қабаттасуды қаламады. Фараби бабамыздың өзі математика мен геометр-

ияны  рухани  тәрбие  берудің  басты  құралдарына  санаған  еді  ғой!Ашығын  айтқанда, 

«Өзін-өзі тану» пәні өзінің мұраттары мен міндеттерін жеке дара атқара алмайтынын 

түсінді.Осы  тұрғыдан,жоғарыда  аталған  пәндер  өзара  кіріктірілсе,алғаш  айғайлап 

келген  мақсат  мұраттарын  «Өзін-өзі  тану»пәні  орындай  алатын  болады.Ұлттық  

құндылықтардың  ерекшеліктері  де  ескерілуі  тиіс.Сақ,  ғұн  мәдениетінде  көшпенді 

халықтың  әдет  ғұрпы  қалыптасса,  жалпы  түркі  дәуірінде  көшпенді  жартылай 

отырықшы  халықтың  мәдениеті,  Рессей  мәдениетіне  бодандық,  қазақ  хандығында 

рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп 

тану  т.с.смәдениеттің  негізгі  кезеңдері  өзгеріске  ұшырап  келер  ұрпаққа  жеткізіліп 

отырған.  Қазақтар  ерте  заманнан  бастап,  Отанын  сүю,  қорғай  білу  соған  рух  жинап 

тұтастықты  қамту  ел  бірлігін  ұстау  сияқты  рухани  адамгершілік  мәдени  құндылық-

тарды  сақтаған.  Қазақ  халқының  бүгінге  дейін  жетіп  отырған  негізгі  рухани  мәдени 

құндылықтарына:  1)  Атамекен,  атакәсіп,  атамұра;  2)  Кісілік  қасиеттеріне:  дінге 

табыну,  шаруашылық,  өнеркәсіп  өнеріндегі,  ішкі  жан  дүниесіндегі  қол  жеткен 

табыстарын  құндылық  деп  санаған.  3)  Отбасын  сақтау;  ата  баба  тарихы,  шежірені 

білу,  жеті  атаны  сақтау  қазақтың  отбасын  сүттей  ұйытуға,  әрі  қарай  ата  бабасының 

салып  кеткен  ізімен  жүретін  рухта  тәрбиелеу;  4)  Сөзінде  тұру,  уәжде  тұру,  халықты 

жұмылдыратын  өтімді  сөз  айту  ұлт  үшін  маңызды  құндылықтарға  жатқан.Осылар 

құндылық туралы оқытатын пәнге қалдай проекциаланды деген сұрақ қойылуы тиіс. 

Жауабы: жоқ та емес,тоқ та емес. 

 

      Өзін-өзі тану-көпжақты, белгілі уақыт аралығын қамтитын күрделі процесс. Ол әр 



түлі  сезіну  түрлерімен  сабақтаса  жүреді.  Өзін-өзі  танудың  бірінші  деңгейінде  бұл 

процесс өзін-өзі өзге адамдармен салыстырудың алуан түрлері арқылы жүзеге асады. 

Бұл  өзін-өзі  танудың  бірінші  сатысы.  Оның  екінші  деңгейінде  тұлға  өзінің 

жетістіктерімен  салыстырады.  Өзін-өзі  және  өз  іс-әрекеттерін  өз  тарапынан  және 

өзгелер көзқарасы тарапынан саралай келе бұл сала өз бітімі туралы, өз “Мені” туралы 

түсінікті  қалыптастырады.  Осы  әлеуметтік  “айна”  арқылы    жастар  өз  бойындағы 

рухани-  адамгершілік  құндылықтарын  арттырып,  өзін-өзі  адами  тұрғыдан  таниды.

 

 Адам  өзін-өзі  тану  және  өзін-өзі  тәрбиелеуді  қалыптастыру  өзінің  жеке  даму 



жолында  пайдалану  үшін  мыналарды  білуі  қажет:  1)  Осы  үрдісті  басқару 

принциптерін;  2) Оның негізгі  салаларын; 3)  Өзін-өзі  тану мен өзін-өзі  тәрбиелеудің  

                                                        4 


әдістері  мен  тәсілдерін.  Өзін-өзі  түсіну  мөлшері,  өзін-өзі  тану  сипаты  көптеген 

факторларға байланысты, тәуелді. Өзін-өзі тану үрдісіне адамның өзінің ішкі әлеміне 

қаншалықты  деңгейде  үңілуі,  оған  деген  қажеттілігінің  мөлшері,  тұлғаның 

рефлексияға  деген  қажеттілігінің  мөлшері  –  бәрі  де  әсер  етеді.Жастардың  өзін-өзі 

тануының  басты  тәсілдері  мыналар:  өзін-  өзі  қадағалау,  педагогикалық  өзін-өзі 

сараптау,  педагогикалық  рефлексия,  өзін-өзі  сынау  және  өзін-өзі  бағыттау.  Өзін- 

өзі қадағалау – тұлғаның өзіне, өз іс-әрекеті мен қарым – қатынастарына сырт көзбен 

қарай білу қабілеті. Өзінің ішкі күйі қалпына қайта-қайта назар аудара отырып, тұлға 

әртүрлі  жағдайларда  /ситуация/  өзін  қалай  ұстайтындығын  жете  түсінеді.  Өзін-өзі 

қадағалау  тұлғаға  өзі  туралы  өзге  адамдар  көріп-біле  бермейтін  құнды  мағлұмат 

береді.  Ол  өзінің  дамыған  және  әлсіз  жақтарын  тереңірек  білуге  көмектеседі. 



Рефлексия арқасында тұлғаның өзін-өзі түсінуінің пайдалы әсері аз элементтерін өзге 

элементтермен ауыстыруға деген, өзі мен өз мінез-құлқын өзгертуге деген қажеттілік 

ұғынылады.  Тұлғаның  өзіне  деген  көзқарасы  қаншалықты  сыни  тұрғыдан  болса, 

оның өзін-өзі тану деңгейі де соншалықты жоғары. Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы 

бір  әдісі-өзін-өзі  бақылау.  Адамгершілігі  биік,  жан-жақты  жетілген  адам  тұлғасы 

өзіне  деген  жоғары  талаптарымен,  оның  ішкі  өзін-өзі  бақылауымен  ерекшеленеді. 

Тұлғаның  өзін-өзі  бақылай,  бағалай,  түзей  және  өзін-өзі  ұстай  алуы  –  биік 

мәдениет  пен  жетік  парасатылықтың  көрсеткіші,  өзін-өзі  бақылаудың  көмегімен 

нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі  

әркез сарапталып отырады. Тұтастай алғанда тұлғаның өзін-өзі тануы-жастардың өзін-

өзі  тәрбиелеуінің,  өз  білімін  жетілдіру  мен  өз  тұлғасының  өсіп-жетілуінің  қажетті 

шарты.Өзге  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсетін  әрбір  адам  өзін-өзі  тануын 

тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүрек-

тілік  қажет,  өз  рефлексиясының  нәтижелері  қандай  болса да, оларды  әділ  түрде 

қабылдауға  мүмкіндік  берерлік  белгілі  мөлшердегі  объективтілік  қажет.  Декарттың 

дәлелдеуіне  сүйенсек,  өзін-өзі  танудан  өткен  жемісті  жұмыс  жоқ,  бірақ  бұл  үшін 

көрегендік  пен  ержүректік  қажет.“Өзін-  өзі  адам  ретінде  зерттеп-білмеген  адам  өзге 

адамдарды да терең зерттей алмақ емес”.Тәрбие мақсатының педагогикалық процесс 

пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отыратыны баршамызға мәлім. Қоғам мүшелер-

інің  бәріне  ортақ,  бірегей  мінез-құлық,  қасиет  болмайды.Адамдар  тұлға  ретінде 

өзіндік  жеке  ерекшеліктерімен  дүниеге  келмейді.Әрбір  адамның  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптастырылып,  тәрбиеленуі  оның  өзіндік  іс-әрекеттеріне  де  тікелей  байланысты. 

Ол  үшін  әрбір  адам  өзін-өзі  үнемі  жетілдіріп,  тәрбиелеп  отыруы  керек.  Тұлғаның 

өзін-өзі  тәрбиелеуінде  «мен»  ұғымының  мәні  зор.  Тәрбие  барысында  адамдарды 

бірдей,  инкубаторлық  тұрғыдан  тәрбиелеу  дұрыс  еместігі  сыналалған  шындық.  

Жеткіншектер  мен  жастардың  өзін-өзі  тәрбелеу  жолдарымен  қатар  оның  негізгі 

қағидалары  да  толық  айқындалған.Тіптен  тұрақты  ережелер  де  бар.Сондықтан 

осыларды  жас  жеткіншектер  мен  жастардың  жас  ерекшелігіне  сай  игерту  «Өзін-өзу 

тану»  нәнінің,курсының,  «ғылымының»  басты  мақсат-мұраты  болуға  тиісМұның 

бүгінгі  жағдайы  барлығымызға  айқын(Осы  тақырыпқа  қатысты  4  мақала,6 



баяндама  газет,журналдар  мен  сайттарда,порталдарда  жарияланып,  портал  мен 

сайт  статикасы  бойынша:  24    оқырман  пікір  білдірдіп,  3  мыңнан  астам  оқырман 

оны оқып танысқан екен). 

 

      Адамтану қазақ ілімінде кісілік келбеттің негізі алғашқы мүшелде орнығып,екінші 



мүшелде 

анағұрлым 

қалыптасып,қалған 

ғұмырында 

дамып,жетілуге 

тиіс. 


Әсіресе,биязы  әдеп  пен  жібек  мінез  баланың    осы  шағында  дұрыс  орнығып 

машықтану  дағдысы  игерілмесе  онан  арғы  өсу  дамуында  үлкен  қыңырлық 

кезігіп,орашолақтық орын алады.Кәзіргі жағдайда,баланың аталған кезеңінде; әулетте, 

балабақшада,бастауыш сыныптарда балаға жібек мінез.бияз әдеп игерту әрекеті осал 

жүрілуде.Өзін-өзі  тану  пәні  де,осы  тұрғыдан  мақсатты  дәреже  де  ықпал  ете  алмай 

келеді.Айталық,балабақшада баланы мектепке дайындау мақсатында, оқыту-үйрету ісі  



жақсы жолға қойылғанымен оларға биязы әдеп,жібек  мінез жұғыстыру  және табиғи 

бейімі мен асыл құндылығын сәулелендіріп,,олардың жан сарайына,жүрек көзіне  нұр 

берер  тәрбиеміз  осал-ақ.Кәзіргі  кезде,баланың  тәндік  қуаты  мен  дене  бітімін  осы 

жаста  толық  саралаумен  қатар,олардың  бейім  икемділігін,ақыл-ой  тереңдігіне  дейін 

анықтай алатын дәрежеге жеткен елдер көп-ақ.  

 

        «Өзін  өзі  тану»  пәнінің  оқытылып  үйретілу  әдісіндегі  және  сабақ  құрылымдағы 



ерекшеліктердің  ішінде  сергіту  сәтіндегі  көңілкүйге  байсалдылық  беру,зейінді 

шоғырландыру,жайлы  тыныштық  орнату  әрекеті  тым  нәтижелі  болмай  келеді.Бұл 

туралы  айтылған  сын  пікірлер  де  бар.Мен  мұнда,сабаққа  мұндай  элементті  қолдану 

жайлы  қазақ  адамтану  ілімі  негізінде  бір  ауыз  пікір  айтқым  келеді.  «Арпаның  ас 

болмайды  қу  сабаны,Адамның  аңырғаны  -жусағаны...  немесе  Өлең  айтқым  келмейді 

ерінгенде,бойым  байсал  тартады  керілген-де»-дегенді  естіген  боларсыз.Қазақ  көңіл 

күйін  орнықтырып,байсалдылыққа  келу  үшін:аңырған,телмірген,  таңданған,  шомған, 

денесінің  құрыс-тырысын  жазып,  керілген,созылған  т.б.Дәлірек  айтқанда  ана-

мынамен  «бас  қатырмай»  бір  сәт  тыныштыққа  кенелген.Осыны  пайдаланудың 

артықтығы  жоқ  еді.Алайда,үнемі,барлық  сыныпта,  өзгертпей  керектену  балалар 

арасында  оны  сықаққа  айналдыру  қылығы  байқалады.  Біреулері  оны  у  шөп  жеген 

малдың  қимылына  баласа,енді  біреулері  масаңдану  деп  санаған.Ал,бағалау  туралы 

айтсақ;  осы  шақта  (есептелінді/есептелмеді)  деген  сөздер  керектелініп  жүр.Оның 

орнына  алғашқы  мүшел  жасындағыларға:  «айбат»  деп,  одан  ересектерге 

«абзал» 

немесе «асыл» деген бағалауларды керектену орынды болмақ. 

 

     


 

 

 



 

  Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы) 30 маусым 2017 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал