Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі



жүктеу 491.98 Kb.

бет1/5
Дата14.09.2017
өлшемі491.98 Kb.
  1   2   3   4   5

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта)

бейінді оқытуды ұйымдастыру әдістемесі

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

Тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта)  бейінді оқытуды ұйымдастыру

әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013. – 51 б.

Әдістемелік құралда тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта)  бейінді

оқытуды


ұйымдастырудың

ерекшеліктері,

сессия

және


сессияаралық

кезеңдерде  оқу-тәрбие  процесін

ұйымдастырудың

әдістемелік  жолдары

ұсынылған. Еңбек тірек  мектеп (ресурстық орталық)  қызметін ұйымдастыруда

және жетілдіруде көмекші құрал болып табылады.

Бұл әдістемелік құрал тірек  мектеп (ресурстық орталық) басшыларына,

педагогтеріне, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы зерттеушілерге арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



3

Алғысөз

Бүгінде ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек

мектептер  (ресурстық орталықтар)  ашу – бұл үлгідегі мектептердің білім

сапасын арттыру мәселелерінің шешімі болып отыр.

Қазақстан Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011–2015 жылдарға

арналған  іс-шаралар  жоспарының

78-тармағына  сәйкес

өңірлерде

тірек


мектептердің  (ресурстық орталықтардың) жұмыс  істеуін қамтамасыз  ету

жоспарланған [1].

Қазіргі таңда  203  магниттік  шағын  жинақты  мектепті  жалпы  білім  беру

кеңістігінде  біріктіретін  59  ресурстық орталық шағын  жинақты  мектептің

проблемаларын 

шешуді 


және 

оқушылардың

сапалы 

білім 


алуына

қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

12  жылдық білім  беруге көшу  жағдайында  тірек  мектеп  (ресурстық

орталық) қызметін  жетілдіру ауыл

мектептерінде  бейінді оқытуды  жүзеге

асыруға  жағдай жасайды.

Жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде  бейінді  оқытуды  жүзеге  асыру – білім

алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына

мүмкіндік  беретін  түйінді құзыреттіліктерді  игеруін қамтамасыз  ету  және

даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Тірек  мектебінде  бейінді  оқыту  2006-2007  оқу  жылынан  бастап қолға

алынса,  магниттік  ШЖМ  базасының деңгейіне  байланысты  зертханалар

филиалдарын ұйымдастыру арқылы 2008 жылдан бастап жүйелі түрде енгізіле

бастады. Бейінді оқытуда білім беру үдерісінің мазмұны жүйелі-әрекеттік және

тұлғаға  бағдарланған

тәсілдер


әдіснамасына  негізделіп,  жеке  оқытуды,

өздігінен білім алуды, сол сияқты білім алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі

жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Бейінді оқытуды  дамыту  тұжырымдамасында: «бейінді оқыту – кәсіптік

білім  беру  бағдарламаларын  игеруге  дайындау,  олардың кәсіптік  бейімі үшін

жағдай  жасау,  оқушылардың бейімділігі  мен қызығушылығын,  танымдық

қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын

ұйымдастыру  түрі,  жоғары  сынып  оқушыларының оқуын  даралау  мен  саралап

жіктеудің педагогикалық жүйесі», - делінген [2].

Тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта) бейінді  оқыту жоғары  сынып

оқушыларының  қызығушылығына,  бейіміне  және қабілетіне қарай  сараланған

білім беру негізінде ұйымдастырылады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастырудың

мақсаты – оқушының кәсіби  бағдары  мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз  ету,

оқушылардың саналы  кәсіби  таңдауын  жүзеге  асыруға қажетті  ресурстарын

құру мүмкіндіктерін туғызу.

Бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді жүзеге

асырады:


­ жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;

4

­ білім 


мазмұнын 

саралауға 

және

әр 


оқушының

өзіндік


білім

траекториясын құруға жағдай жасау;

­ жалпы  орта  және  кәсіби  білім  арасындағы  сабақтастықты,  бағдарлы

сынып  оқушыларын  жоғары  оқу  орнында  білімін  жалғастыруға  дайындауды

қамтамасыз ету;

­ оқушының белгілі  сала  бойынша қабілетін ұштау,  оның бойында

келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау.

12  жылдық білім  беруге  көшу  жағдайында  тірек  мектептердің  (ресурстық

орталықтардың)  қызметін  жетілдіру  және  ондағы бейінді  оқыту жүйесін

ұйымдастыру мен дамытудың өзектілігі:

- мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

- қосымша білім беру;

- болашақ мамандығына сәйкес білім алу бағытын таңдау;

- шетелдік  тәжірибедегі  жоғарғы  сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру

тенденциялары;

- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы.

Бейінді оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:

- білім  алушыларды әлеуметтендіруде  педагогикалық жағдайды  кеңейту,

алдағы  уақытта  еңбек  нарығының  әрі қарай даму  жағдайында  оларды  саналы

таңдау жасауға дайындау;

- негізгі орта  білім  алу  жолдарын  анықтауда  негізгі  мектеп  түлектеріне

әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

-

үздіксіз


білім  беру  жүйесінің

барлық


деңгейлерінде  оқытуды

ұйымдастыру тәсілдерін үйлестіру.

Бейінді  оқыту оқушылардың  өздігінен  іздену  және таным әрекеттері

үлесінің айтарлықтай ұлғаюымен  де  ерекшеленеді,  яғни  оқыту  бағытын

таңдағанда  саралаудың ішкі  және  сыртқы  түрлерін  есепке  алу  тиімді  болады.

Оқушының болашақ жоғары  оқу  орнына  түсуіне  және  жоғары  кәсіптік  білім

алуына  септігін  тигізетін  білім  алу  бағытын  таңдау  туралы  саналы  шешім

қабылдау қабілетін қалыптастыру бейіналды даярлаудың негізгі  міндетіне

жатады.  Яғни,  бейіналды  даярлық арқылы оқушылар өмірлік  маңызды

таңдауды да дұрыс жасай алады.



1

Ресурстық

орталықтардағы

бейінді  оқытудың  әдіс-тәсілдерін

жүйелеудің мақсат-міндеттері

12  жылдық білім  беруге  көшу  жағдайында  ауыл  мектептерінде  білім

алушылардың

сапалы 


білім 

алуын


қамтамасыз 

етудің


ең

тиімді


механизмдерінің бірі тірек мектебі (ресурстық орталық) болып табылады.

Тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) негізгі мақсаты – ресурстық және

магниттік  мектептерде  оқу-тәрбие  жұмыстарын  интеграциялау  негізінде

бірыңғай білім беру кеңістігін құру. Міндеттері:

- оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай кестесін жасау;

- ресурстық орталық мектептерінің бірыңғай режимі;

- кіріктірілген, бейінделген пәндер мен курстар жүргізу;

- базалық және қосымша  білім  беруді  жүзеге  асыруды  оқу-әдістемелік

кешендермен

қамтамасыз  ету  (аудиовизуалдық  құралдар,  дидактикалық

материалдар, компьютерлер, бағдарламалар, үлгі қағаздар);

- біріктіру негізінде бірыңғай әдістемелік кеңістік құру.

Тірек  мектебінде  (ресурстық орталықта) бейінді  оқыту білім  беру  сапасын

көтерудің,

мемлекеттің,  қоғамның,

тұлғаның  өзекті  және  келешектегі

қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден-бір құралы ретінде қарастырылады.

Бейінді оқытудың мақсаты: бейінді оқытуға көшу жағдайында ресурстарды

(қорларды) тиімді басқаруды негіздеу.

Міндеттері:

- мектеп  бітірушілерді бейінді  оқытуға  және  кәсіби өз-өзін айқындауына

септігін тигізетін білім беру ұйымдарының желілік байланыс құруына қолайлы

жағдай туғызу жолдарын анықтау;

- ресурстық орталықтардағы  білім  беру  процесінде  бейінді  оқыту  (даралап

оқыту, 

білім 


мазмұны 

мен


әдістемесінің

оқушылардың

танымдық

қызығушылықтары мен қабілеттіліктеріне  және  білім  алу қажеттіліктеріне

сәйкестігі)  міндеттерін  шешуге  бағыттап

құрудың  ғылыми-әдістемелік

негіздері;

- оқушылардың  қызығушылығы  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,

олардың кәсіби өзін-өзі айқындауына  және  сапалы  білім  алуына  жағдай

туғызатын бейіндік оқытудың оңтайлы үлгісін ұсыну.

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) бейінді  оқытуды ұйымдастыруды

басқаруда төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алады:

1. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру

стандарты 

жалпы 

орта 


білім 

берудің


жаратылыстану-математикалық,

қоғамдық-гуманитарлық бейінді оқыту бағыттарын анықтайды.

2. Білім беру  мазмұны  оқу  бағдарламалары  мен  оқу әдебиеттерінің

вариативтілігін,  кіріктірілген  оқу  курстарын  енгізуді,  мектептің бейінді  оқыту

бағыттарын, оқушының курстар құрамын таңдау мүмкіндіктері қарастырады.

3. Бейінді оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізумен

анықталған.  Оқу  бағдарламалары  тек қана  оқылатын  материалды ғана

қамтымай, жоғары сынып оқушыларының қызмет түрлерін көрсетеді: зерттеу,



6

пікірталас, құрастыру, жобалау және т.б.

Шағын  жинақты  мектептерде бейінді  оқытуды  жүзеге  асыруда  көптеген

қиындықтар кездеседі. Атап айтқанда:

- сыныптағы  оқушылар  санының аздығы,  жоғары  мектепте  параллель

сыныптардың болмауы;

- көптеген  ресурстық орталықтардың аудан  орталығынан,  бастауыш,  орта,

жоғары  білім  беру  мекемелерінен  алыс  орналасуына  байланысты  бұл

мекемелердің

мамандарын  кәсіптік  сыныптарда  сабақ

беру  жұмысына

тартудың қиындық туғызуы;

- материалдық-техникалық

базаның


ескіруі, 

көптеген 

мектептерде

компьютерлік сыныптардың болмауы;

- бейінді оқытудың оқу-әдістемелік жағынан нашар қамтамасыз етілуі;

-

бейінді  оқыту



бағдарламаларын  жүзеге  асыруда  педагогикалық

кадрлардың даярлығы жеткілікті дәрежеде болмауы;

- педагогтердің оқытудың дәстүрлі  емес  жолдарын қолдануы,  сонымен

бірге  жаңа  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды,  компьютерлерді,

Интернетті пайдалану қажеттіліктерінің қалыптаспауы;

- тірек 


мектептегі

(ресурстық

орталықтағы)

бейінді 


оқытудың

қаржылануын белгілеуші нормативтік құжаттардың жасалмауы.

Бейінді  оқыту жаратылыстану-математика  және қоғамдық-гуманитарлық

бағытта  жүзеге  асырылады. Жаратылыстану-математика  бағыты  бойынша

химия,  биология,  география,  физика,  информатика,  технология  пәндері,

графика  және  жобалау  оқытылады.



Қоғамдық-гуманитарлық

бағытта

оқушылар әдебиет, әлемдік көркем мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық

негіздері, риториканы оқиды [3].

10-11-сыныптардағы бейінді  оқытудың  қалыптасқан  мақсаттары  және

ұйымдастыру құрылымы ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейінді

оқытудың негізгі ұйымдастыру  түрлеріне мектепішілік және желілік бейінді

оқыту жатқызылады.

Соңғы 3  жылда бейінді  оқытудың мектепішілік ұйымдастыру  түрінде

жалпы  білім  беретін  оқу  орны  оқушылардың білім  алу қажеттілігіне,  кадрлық

және 


оқу-әдістемелік

күш-қуатына

байланысты

бейінді 


оқытудың

ұйымдастырылатын бағыттарын өздері  анықтай  отырып,  тірек  мектебінде

бейінді оқытуды желілік ұйымдастыру түрі оқу орындарын қатыстыру есебінен

іске  асырылады.  Яғни,  ресурстық орталықта  тірек  және  магниттік  мектептер

бейінді  оқытуды оқу-әдістемелік,  кадрлық және  материалдық  қорларын

біріктіре  отырып, қашықтықтан  оқыту арқылы  және    білім  кеңістігіне  тиісті

бірыңғай жоспармен жүзеге асырады.

10-11-сыныптарда бейінді оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру

үшін мектептің жоғарғы  сатысында  оқыту  мазмұнын  таңдауға 9-сынып

оқушыларын  даярлау  мақсатында  педагогикалық-психологиялық жұмысты

ұйымдастыру қарастырылады. Тірек мектебі (ресурстық орталық) базасындағы

бейіналды дайындық төмендегідей шараларды қамтиды:

- мамандық таңдауда оқушыларға кеңес беру;


7

- жергілікті  жердегі  мамандықтар туралы  ақпарат  беру  (кәсіптік  мектеп,

колледж, ЖОО), яғни дайындық жүріп жатқан мамандықтар бойынша;

- оқушылардың алғашқы қалаған  мамандықтары  мен қызығушылықтары

бойынша  психологиялық диагностика,  сонымен

қатар  тұлға  типіне  де

диагностика;

- «Мамандықтар әлемінде» атты іскерлік ойын ұйымдастыру;

- әртүрлі оқу пәндерін оқып үйренудегі оқушы үлгерімінің мониторингі;

- оқушылардың қалауы бойынша жеке кеңестер беру.

9-сынып  оқушыларының  10-сыныпта  бағдарлы  оқуды  саналы түрде

таңдауы үшін 9-сынып оқушыларының «үйренгім келеді»,  «қолымнан келеді»,

«қажет»  деген  сұрақтарға жауап  алу мақсатында педагогикалық  ұжым

тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуі қажет.

Осыған байланысты ресурстық орталық шеңберінде әрі қарай оқу бағдарын

таңдауды  анықтау үшін 8-9-сыныптар  оқушыларына  сауалнама  жүргізілуі

қажет. Аталған  жұмыс  жоғары  сыныпта  білім  алушылардың бейіндік  оқуын

ұйымдастыру үшін қажет.  Сауалнаманың  қорытындысы нәтижесінде білім

алушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес келетін білім сұранысы

қалыптасады.

Сауалнама  алудың

мақсаты


8-9-сыныптар

оқушыларының

кәсіби


қызығушылықтары мен қарым-қабілеттерін меңгеру  және  бейінді  оқытуды

таңдауға дайындығын анықтау. Міндеттері:

- белгілі бір бағдарлы оқытуға бейімін анықтау;

- болашақ мамандығын  таңдауға әсер  ететін  мотивтер  мен  факторларды

айқындау;

- оқушының бейінді оқытуды таңдау процесіне ата-аналарды тарту;

- алынған нәтижелер негізінде ұсыныстар әзірлеу.

Бейіналды  даярлықта  білім  беру  жетістіктерінің жиынтығын  көрсететін

негізгі құжат  портфолио  болып  табылады.  Онда  оқушылардың атқарған

жұмыстарының сапасын, бейіндік оқуға бағыттығын, оқу және шығармашылық

әрі қызығушылық белсенділігінің қарқыны жөнінде мәліметтер беріледі.

Бейіналды 

даярлық

педагогикалық 



ұжымның

психологиялық-

педагогикалық,

ақпараттық

және

ұйымдастырушылық қызметінің



жүйесі

ретінде ұсынылады.  Онда  оқушының болашақ кәсіптік қызметін  жетістікпен

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығын

дамыту, өмірлік, әлеуметтік құндылықтар  туралы ұғымдарды  меңгеру –

бейіналды  даярлықтың міндеттері  болып  табылады. Бейіналды  даярлықтың

құрылымы педагогикалық-психологиялық  қызметтің бірқатар  бағыттарын

(насихаттау,  диагностика,  кеңес  беру,  т.б.) қамтиды. РО  8-9-сыныптарында

осындай жұмыстар арқылы оқушылардың қарым-қабілеті,  икемділігі, т.б.

қасиеттері

айқындалып,  10-сыныпқа  келгенде

оқушылар

қалыптасқан

стереотиптерге қарамастан  (ата-ана,  таныстарының ықпалы  сияқты), қазіргі

заман  талаптарына  сай  (радиотехника,  дизайн,  стандарттау,  т.б.)  мамандықтар

таңдай бастады.


8

Білім  беруді  дамытудың мемлекеттік  бағдарламасында  отандық және

әлемдік тәжірибеге  сүйене  отырып,  білім  берудің уақыт  талабына  сай

мақсаттары  мен  міндеттерін  орындау  12  жылдық мектеп  жағдайында  жүзеге

асырылатыны  көрсетілген.  12  жылдық жалпы  орта  білім  беруден  күтілетін

нәтижелері  белгіленген  мақсатқа  сәйкес мектеп  түлегінің негізгі құзыреттілігі

төмендегідей анықталады.

Тұлғалық  өзін-өзі дамыту құзыреттілігі отбасылық, еңбек,  экономикалық

және  саяси-қоғамдық қатынастар саласындағы  белсенді  азаматтық-қоғамдық

қызмет білімі  мен  тәжірибесінің болуын  білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-

қоғамдық жағдайларға  талдау  жасай  білуді,  түрлі өмірлік  жағдайларда  (өзінің

мүмкіндігін  нақты  перспективалық жоспарлаумен  салыстыра  білу  және

қызметін, өзіндік қадір-қасиетін сезімімен ұйымдастыра  білу, өзінің  өмірі  мен

ісіне  жауапты қарау)  жеке  және қоғам  пайдасына  сәйкес  шешім қабылдауды

және  ықпал  етуді қарастырады.  Бүгінгі  күні еліміздің көптеген  мектептері

экономикалық білімнің негіздерін үйрете отырып,  нарықтық экономика

кезеңінде  оқушыларға өте қажет  экономикалық білім  беру  жұмысына баса

назар аударуда. Нарықтық экономиканың заңдарын, әдісін білетін халқы бар ел

ешқашан  көштен қалмайтындығын  тарих  дәлелдеген.  Олай  болса,  бүгінгі

мектеп қабырғасындағы оқушы ертеңгі өндірістің әр саласында жұмыс істейтін

қызметкер

екенін  ескеріп,  оларға  экономикалық

білім  беруді  мектеп

қабырғасынан бастаған жөн. Сонда олар экономикалық реформалардан өздерін

қауіпсіз сезініп,  білікті  және  рационалды  түрде  ойлау қабілеті  күшейеді.

Мысалы,

Қарағанды  облысы, 



Ақтоғай 

ауданы,


«Альянс» 

ресурстық

орталығында ұйымдастырылған  «Іскер»  мектеп  компаниясы қолданбалы

экономика  бағдарламасының

практикалық

бөлімін  жүргізуде.  Мектеп

компаниясының жұмысына қатысу  арқылы  оқушылар  бизнес әліппесімен

танысады. Олар бизнесті ұйымдастыру, басқару, өнім өндіру, сату, пайда табу,

оны  бөлу, қаржы  есептерін  жасау,  аудиторлық тексеру  жүргізу  сияқты

жұмыстарды өздері  жүргізіп,  оқу  жылының аяғында қорытындысын  жасайды.

Маркетингтік  жұмыстармен  айналысады.  Мектеп  компаниясы  оқушылардың

экономикалық білімдерін шыңдайтын іскер лаборатория болып табылады.

Бейіналды  және  бейінді  оқыту  курстарын

толықтыратын  мектеп

компаниясының кәсіпкерлік  негізін  оқытуға  арналған  бағдарлама  8-10-

сыныптар оқушыларын қамтиды. Компания қызметі  4  негізгі  басқыштан

тұрады:

­ бірінші қадам - ұйымдастырушылық. Басқарушы команда таңдау (резюме



жазу  арқылы), нарықты  зерттейді, өнім  түрін  анықтайды  (ақша  ресурстарын

табу (акция сату);

­ екінші қадам – қызмет  жоспарын  жасау. Компания  бюджетін  жасау

(маркетингтік  жұмыстарды ұйымдастыру  (өндіріс  жоспарын құру), жалпы

жиналыста Бизнес-жоспар бекіту;

­ үшінші қадам – операцияларды  жүргізу. Өнімді өндіру  мен  сату (қаржы

құжаттарын жүргізу) жұмысқа талдау жасау.


9

­ төртінші қадам – қызметті аяқтау. (өнімді өндіру  мен  сатуды  аяқтау)

баланс құру және компанияны тарату) жылдық есеп беру.

Сондай-ақ тірек  мектептің (ресурстық орталықтың) оқыту  бейіндері

мынадай пәндік және кәсіптік бағытталған:

- гуманитарлық 

(филологиялық,

тарихи,


әлеуметтік-педагогикалық,

шығармашылық, шығармашылық-эстетикалық);

- ғылыми-жаратылыстану 

(географиялық,

биологиялық,

химиялық,

дәрігерлік);

- физикалық-математикалық;

- техникалық-технологиялық 

(ауылшаруашылық,

компьютерлік

технологиялар, қызмет көрсетушілік, техникалық, сәндік-қолданбалы);

- әлеуметтік-экономикалық (экономикалық, әлеуметтік, құқықтық);

- дене тәрбиесі-сауықтыру (валеологиялық, дене тәрбиесі-спорттық);

- әскери (құқық қорғаушылық).

Тірек мектепте (ресурстық орталықта) бейінді оқытуды ұйымдастыру:

­ бейінді  оқытуды қамтамасыз  ететін  және  оқылуға  міндетті  пәндерді

мектеп анықтайды;

­ ауылшаруашылық  өндірісіне  деген  белгілі  бір қызығушылықтары  жоқ

оқушылар үшін өтеу қызметін  оқушылардың  өз қызығушылықтары  бойынша

таңдауына  болатын  элективті  курстар  атқара  алады.  Мәселен,  ландшафтылық

дизайн, гүл өсіру, агротуризм, жерді игеру, азық-түліктерді сақтау  мен өндіру,

аграрлық секторды  сақтандыру,  т.б.  Мектептегі  ландшафтылық дизайн  немесе

гүл өсіру  бейіні  бойынша  оқушының көркемдік-эстетикалық мәдениетін

қалыптастырады, 

шығармашылық 

қабілеттерін 

дамытады, 

еңбекке

тәрбиеленеді, эстетикалық биік талғамдарын арттырады, өнер мен шындықтың



әдемілігін сүйсіне қабылдауға  тырысады,  халқының мәдениетін  одан әрі

дамытуға үлес қосады;

­ әрбір бейін құрылымында  мақсатты  түрде  «жалпы  білім  берушілік»,

«талапкерлік», «кәсіби бағдар беру» бейіндерін айқындайды.

Түрлі жастық сыныптар технологиясы негізінде тірек мектептің (ресурстық

орталықтың) жоғары сыныптарындағы бейінді оқыту.

Модель түрлі мектеп типтері мен жағдайларға икемдеу мүмкіншілігін және

түрлі нұсқаларды қамтиді.

1. Ұйымдастыру аспектісі:  жалпы  білім  алуды  меңгеру  оқу  курстары

сыныптар  арқылы  жүреді  (бір  жастық сыныптар ұжымында).  Бейіндік  және

элективтік  курстар  9,  10,  11-сынып  оқушыларынан  тұратын  аралас  уақытша

түрлі  жастық  ұжымдарда өтеді.  Сабақ кестесі  бойынша  бейіндік  және

элективтік  сабақтар  барлық сыныптар үшін  бір  уақытта қойылады және әр

оқушы өзі  таңдаған  түрлі  жастық бейіндік  топқа қатысады.  Модельдер

оқушыларға  төменгідей  мүмкіндіктер  туғызады:  түрлі әлеуметтік  рөлдер  мен

әлеуметтік жағдайларда  болып,  тұрақты  (жабық) және  уақытша  жүйелердің

кемшіліктерін өзара орнын толтырады. «Мен міндеттімін» және «маған керек»

дегендердің арасындағы тепе-теңдікті сақтайды.



10

2. Уақыттық аспект:  күні бойы  (күнделікті үйреншікті  көппәнділік);

күндер бойы (жалпы білімдік және бейіндік күндер); апта бойы (жалпы білімдік

және бейіндік апталар).

3. Мазмұндық аспект: Білім беру курстарының мазмұны өзгеріссіз қалады.

Бейінді  және  элективті  курстардың  құрылымы  басқаша  болу  керек,  себебі

олар  уақытша  түрлі  жастық  ұжымдарда

өтеді.  Білім  беру  мазмұнын

жоспарлауда  ірі  блоктарға  ауысу  және  бағдарламаның бірнеше  нұсқаларын

жасауға көшу мүмкін болады (І, ІІ, ІІІ бағдарламалар). А оқушы бейіндік және

элективтік  курстарды  1-нұсқадан  оқуына  болады.  Келесі  оқу  жылында  бір

жылға жас Б оқушы және одан жасы үлкен А оқушы 2-нұсқа бойынша оқиды,

ал үшінші жылы А, Б, В оқушылар ІІІ бағдарламаны меңгереді. Бағдарлама кез

келген  бірізділікте  (І-ІІ-ІІІ,  ІІ-ІІІ-І,  ІІІ-І-ІІ)  бейіндік  және  элективтік  курстарды

тең дәрежеде меңгеруді қамтамасыз етуі қажет.

4.  Дәрежелік  аспект.  Бейінді  оқытуды  түрліжастық және  түрлідәрежелік

ұйымдастыру жағдайында  оқулықтағы  білімді  меңгерудің түрлі  сатыларын

әрдайым алмастырып отыру қажет.



Тірек  мектебінде (ресурстық орталықта) бейінді  оқыту – жоғары

сыныптарда бейінді  оқытуды,  бейіндік  және  таңдау  курстары  кіретін, білім

алушылардың өз білім  алу  траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз

етуде  жеткілікті қорлары жоқ тірек  мектептері  мен  білім  беру ұйымдарын

біріктіретін білім беру жүйесі.

Бейінді  оқытатын  тірек  мектебі  (ресурстық орталық)  бейіналды  дайындық

пен бейінді  оқытуды  және  кәсіби  оқу  мекемелерімен әлеуметтік  серіктестікті

іске  асыру үшін, қажетті білім  беру  мүмкіндіктері  бар қала  маңында  немесе

аудан  орталығында  орналасқан,  білім  алушыларды  жеткізуге қолайлы  білім

беру ұйымының базасында құрылады.  Тірек  мектебінің  (ресурстық орталық)

білім  беру  процесі  бірыңғай  оқу  жоспары  негізінде  жүзеге  асырылады.  Бұл

ресурстық орталықтар  мен  бейінді  курстардың оқу  сабақтарынан,  оқу

зертханаларындағы  таңдау  курстарынан,  тірек  мектептерінің шеберханалары

кіретін мектептердегі базалық оқу пәндерінің сабақтарынан тұрады.



Қосымша

білім  беретін  тірек  мектебі  (ресурстық

орталық)

оқушылардың  қызығушылықтары, қабілеттері  мен  танымдық мүмкіндіктеріне

сәйкес  барлық оқушының шығармашылық  қабілеттерін қамтамасыз  ету

мақсатында  жалпы  білім  беретін шағын жинақты  мектептер қатары  мен  тірек

ұйымдарды  біріктіретін қосымша  білім  беру  жүйесі. Қосымша  білім  беретін

тірек 


мектебі 

(ресурстық

орталық)

білім 


алушылардың

жан-жақты

шығармашылық дамуына қажетті білім ресурстары бар қосымша білім беретін

тірек ұйымдары (өнер мектептері, музыка мектебі, спорт мектептері) базасында

құрылады.

Тірек мектебі (ресурстық орталық) білім беру ұйымдарының оқушыларына

бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың оқу бағдарламалары бойынша білім

беру қызметінің барлық типтері  мен  түрлерін ұсынуы;  білім  беру қызметінің

мәселелері  бойынша өз  базасында  мұғалімдер  мен  білім  беру ұйымдарының

басшылары үшін практикаға бағытталған іс-шаралар жүргізуі мүмкін.



11

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) оқушыларының оқу  бейінін  таңдауы –

бейінді  оқыту құрылымының негізі,  сондықтан  оқушыларға үнемі  ізденісте

болып өз  жолын  табуына,  жеке  оқу  маршрутын  анықтауына  көмек  көрсетілуі

басты назарда болуы тиіс.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал