Тірек-қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейіжаңа қимыл қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық-функциялық негізі


Жасөсімдердің дене сымблатын қалыптастыру



жүктеу 30.24 Kb.
бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі30.24 Kb.
#23517
1   2
Қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету
12 дарис, Семинар анатомия, Волейбол
Жасөсімдердің дене сымблатын қалыптастыру
Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіз ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан(өсіресе бозбалалық шақта),негізінен,сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл-қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді.Жасөспірімдер жоғарғы қозғыштығымен,өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдың ретсіздігімен(ебедейсіздігімен)ерекшеленеді.Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау-түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды.Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап отыруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн.Күрделі,қиын жаттығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл-қозғалыстарға ынта-жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлыққа әкеледі.Дәл осы жаста жаттығуларды орындау арқылы физикалық Жан-жақты даму,проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.
Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары ,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын,өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды.Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығуларымен өзін-өздері жүктейді.Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетанизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.


Әдебиеттер:
1. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3. К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.
жүктеу 30.24 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет