Тынымбай нұрмағамбетов



жүктеу 279.17 Kb.

Дата28.02.2017
өлшемі279.17 Kb.

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАМБЕТОВ 

 

 

 



АТА ҚОНЫС

 

 

 

       



Sauap.org 

Аймүйіз бошалап кетіпті... 

Мұқа қарт оны әуелі ауыл маңынан іздестірді. Сай-сала, жықпыл-жыра 

кӛзден  таса  қалмады.  Жоқ.  Білдей  совхоз  директорының  әкесі  сиыр  қарап, 

жер  кезіп  жүргенде  кӛрші-қолаңдары  да  қол  қусырып  үйлерінде  отыра 

алмады. Бірі қырға, бірі ойға шапқылап іздестірген болды. Екі күн ӛтті. Үш 

күн ӛтті. Жоқ... 

Аймүйіздің бошалап  кететін  әдеті үй  ішіне  әуелден белгілі.  Сондықтан 

оны  желіні  біліне  бастасымен-ақ  үй  маңына  арқандап,  байлап  ұстайтын. 

Биыл да солай еткен. Шӛбі мен суын үзбей Мұқаның сиырды есік алдындағы 

ашық  қораға  баққанына  екі  жеті  болып  еді.  Аяқ  астынан  жас  әйелінің 

тасталқан  болып  ашуланғаны.  «Құдай-ау,  осыны  қыстай баққанымыз  аздай-

ақ, жаз ортасында бұл не сұмдық? Басына жастық, астына тӛсек боп. Үйдің 

маңайы  кісі  жүргісіз  қоқыс,  сасық.  Әйда,  босат...  Бошаламаса,  неге  қаңғып 

кетпейді». 

Жай  ашуланып  қана  қойған  жоқ,  шапылдап  ұрсып  жүріп,  сиырды 

босатып, арқанын жиып алды. Мұқа шал ерісе әйеліне «Бәтір-ау, мұның не?» 

деп, бір-екі ауыз сӛз де айта алмады. Бар болғаны қайта-қайта сақалын сипай 

берді.  Сонан  соң  қолына  шыбық  алып  сиырын  таңертең  табын  беттеген 

жаққа қарай айдап салды. Содан қайтып Аймүйіз қораға оралған жоқ. 

Аймүйіздің тӛрт жыл бұрын осылай бошалап кеткені бар. Онда да оңды-

солды  шапқылап,  ақыры  Шашубан  деген  кӛршісі  ат  сабылтып  жүріп 

Шырағданның арғы бетіндегі ескі жұрттан жаңа туған бұзауымен тауып әкеп 

берген. Аймүйіздің сол қылығын естігендер: «Ойпырым-ай, мына жануардың 

жершіл,  итжандылығын-ай!  Тіпті  күндік  жерге  кеткені  несі»—  деп 

таңырқасқан. 

Мұқа шал бұл жолы да Аймүйізді сол ескі жұртқа тартқан болар деп,— 

жорамалдады. 

Тӛртінші  күн  дегенде  шал  торы  жорғасына  ер  салды.  Әуелгіде  ерке 

әйелінің  «деректірдің  әкесі  сандалып  сиыр  қарап  жүр  екен-»  деген  жақсы 

атақ  дейсің  бе?  Мына,  маңайдағылардың  біреуін  жібермейсің  бе?»  дегеніне 

де малданып, «тағы да Шашубайды жібергенім жӛн бе екен»—деп, бір ойлап 

тұрды да, онысынан қайта айнып, ӛзі жинала бастады. Он жылдан бері ат ізін 

салмаған  сонау  қияндағы  ата  қонысы  Талтоғанды  бір  кӛріп  қайтуға  кӛңілі 

соқты ма, қалай... 

Мұқа шалдың жастық шағы осы Талтоғанда ӛткен. Әкесі Құрақ марқұм 

«алты  атамыз  түгел  осында  ғұмыр  кешкен  екен,  біздің  де  сүйегіміз  осында 

қалар. Сендерді бір құдайымның ӛзі білсін» деуші еді. Сонда Мұқа отырып 

«бұл жерді тастап қайда баруымыз мүмкін. Осы кісі не біліп, не сезеді»— деп 

ойлаумен болатын. 

Әкесі  дүние  салды.  Онан  кейін  де  қанша  уақыт  ӛтті.  Бұрқ-сарқ  етіп 

соғыс  басталды.  Мұқа  да  кӛппен  бірге  майданға  аттанды.  Сонда  ол  «әкем 

марқұм осыны айтқан екен-ау. Енді мына алапат майданнан қайта оралу жоқ 

шығар»—деп 

ойлады. 


Жоқ, 

оралды. 


Тіпті 

аман-сау 

келді. 


Sauap.org 

    Үш баласы ер жетті. Үшеуін де оқытты. Балаларының бағы жанып, бірінен 

соң  бірінің  қызметі  ӛсіп  жатты.  Тіпті  екі  баласы  совхоз  директоры  болған 

кезде  шалдың  есі  шығып  кетті.  «Астапыралла-а,  мыналар  кәйтеді-әй.  Мен 

осыларға үшеуің бірдей директор бол деп пе екем, Ал ендеше... Әй, бұлардан 

әлі талай бәле шығар»... 

Шал оңашада сақалын тарамдап отырып, ӛз-ӛзінен күлетін. Мақтанышы 

кеудесіне сыймайды. Араға үш-тӛрт жыл салып, үлкен ұлы Ержігіт аудандық 

атқару  комитетінің  председательдігіне  кӛтерілгенде  шал  таң-тамаша  болды. 

«Мә-саған-н... Мына неме қайда барады-әй... Бұл мына қарқынымен енді бір 

бес  жылда  қайда  отырады  деші...  Қой,  мен  барып,  осымен  біраз  тоқта 

шырағым демесем болмас. Тіл — сұқ та жаман. Бұл бала бір күні қалпақтай 

түсер»—  деп  кемпірімен  ақылдасқан  болды.  Әрине  бергі  жақтарымен  ғана 

айтады. Іштері жек кӛрмейді. 

Бірақ  Мұқа  шал  бір  күні  Талтоғаннан  кӛшуіміз  мүмкін-ау  дегенді 

ойлаған  емес.  Тіпті  жұрт  жаңа  совхозға  кеттік  деп  үдере кӛшкенде де  тырп 

еткен жоқ-ты. 

Бәлкім  солай  отыра  да  берер  ме  еді,  кім  білсін,  ойда  жоқта  кемпірі 

Дәнекер  ауруға  шалдықты.  Тӛсек  тартып  кӛп  те  жатқан  жоқ,  бас-аяғы  екі 

жетіде дүние салды. Сонан соң барып Мұқадан билік кетті. Ортаншы баласы 

Белжігіт  қолына  кӛшіріп  алатын  болды.  Шалдың  кӛнбеске  шарасы  жоқ. 

Дәнекердің  жылын  беріп  болған  соң  «Дәрет  су  жылытып  беретін  бір  ақ 

жаулықты тауып берейік, әрі шешеміздің орнында, үйге ие болып отырсын» 

деп, балалары әйел қарастырды. Шал қарсы болмады. Сӛйтіп жүріп олар осы 

күнгі жас әйелі Торғынды тауыпты. «Несін айтасың балалары шетінен дӛкей. 

Қолыңды жылы суға малисың да отырасың. Би де ӛзің, хан да ӛзің» деген соң 

Торғын  да  оңай  кӛніпті.  Бірақ  «мені  алысымен  орталыққа  кӛшетін  болсын. 

Тау-тасты  аралап  жүре  алмаймын,  даңғыраған  ақ  үйде,  қалың  кӛптің 

ортасында  отырамын»—  деп  кӛрмей  білмей  жатып-ақ  сәлем  айтыпты.  Шал 

айтқанына  кӛнді.  Кӛндіріп  қана  қойған  жоқ,  омырауынан  әтір  иісі 

бұрқыраған  жас  келіншек  алпысқа  иек  артқан  ақ  самай  шалды  ай-шайға 

қаратпай үйіріп әкетті. 

Торғынды алысымен Мұқа кӛп ұзамай Талтоғаннан кӛшіп кетті. 

Содан бері он жыл ӛтіпті. Әуелгіде «бауыр басқан ата мекенді қия алмай 

қайта-қайта  барып  тұрармын  деп  ойлайтын.  Солайына  солай  да  сияқты  еді. 

Бірақ  жаңа  ортаға,  ӛзін  қоршаған  у-дуға,  қошамет,  құрметке  де  үйреністі. 

Кӛңіл тоқтығы кӛп нәрсені ұмыттырады екен. 

...Мұқа шал ата қонысқа қайтып соға алмады. 

Торы жорға жолды ӛндіріп тастады. Қызуын мол жайып, жазғы күн де 

арқан бойы кӛтеріліп қалған. 

Шал  жолға  таңертең  костюмінің  сыртынан  барқыт  шапанын  киген. 

Ыссылай  бастады.  Бірақ  шешінген  жоқ.  Шырағданнан  асарда  жанға  жайлы 

салқын  самал  соғып,  Мұқаның  бойы  сергіп  қалды.  Торы  жорға  да  сол 

қарқынынан  таяр  емес.  «Таудың  етегіне  түсе  бере  бұлақ  басына  ат 


Sauap.org 

шалдырып,  демалып,  ары  қарай  жүріп  кетсем,  бесін  ауа  Талтоғанға  жетіп 

қалармын»  деп  ойлады  шал.  Қазір  ол  бетте  елдің  жоқ  екенін  Мұқа  жақсы 

біледі.  Жалғыз  сиыр  фермасы  бар  еді.  Оны  да  ӛткен  жылы  кӛшіріп  әкетті. 

Бұл жайды осы фермаға қожалық ететіп ұлы Белжігіттің аузынан шал анық 

естіген. Әрине жаз жайлап жүрген бірлі-жарым үй болған күнде де, шалдың 

ат басын бұрар ойы жоқ. Ӛйткені жас әйелі жолға жетерлік етіп тамақтарын 

кӛнелеу қара сумкаға салып берген. «Кездескен үйге ассалаумағалайком деп, 

бас  сұға  берме.  Тамақтарынан  ұшынып  қалып  жүрерсің»  деп  дайындағаны 

тағы бар. 

Мұқаның  ойы  Аймүйізді  тауып  ала  сала  суыт  қайту.  Тап  қазіргі  ойы, 

зәуіде, Аймүйіз алдынан шыға қалса, ескі жұртқа соқпай-ақ қайтып кетуге де 

бар.  Расында  ол  жан-жағына  қарағыштап,  жүрген  жолын  шолып  та  келеді. 

Әлдебір  нәрселер  қарауытқанға,  жолдан  шығып  жақындап  барып  қараса, 

жайылып  жүрген  бір үйір  жылқы  екен.  Қайта  бұрылып келіп жолына  түсті. 

Әзірге тіпті сиыр атаулы кӛзге түсер емес. 

Мұқа ӛзі ойлағандай бесін ауа Талтоғанның шетіне құлады. 

Алдымен қарауытып бау ағаштары мен ескі тамдардың тұлғалары, сонан 

соң  ауыл  іргесінен  бұраңдап  ағып  жататын  жіңішке  ӛзен  кӛрінді.  Ауылдың 

түстігіндегі  жусанды  беткей...  Осы  кӛріністер  шалдың  кӛзіне  ыстық 

ұшырады.  Сондықтан  болар  ол  қалжырап,  жүрісі  бәсеңдей  бастаған  атын 

тебіне берді... 

«О тәңірі бәрі де орнында тұр» деп күбірледі. Мұқа іштей, ескі жұрттан 

кӛзін  алмай  келе  жатып.  Торы  жорға  жіңішке  ӛзенді  кешіп  ӛтті.  Ӛзен 

тайыздап қалыпты. Аттың толарсағынан ғана келді. Бірақ ағып жатыр. «Ағып 

жатыр» деп күбірледі шал сағыныш пен қуаныш аралас үнмен. 

Ескі  тамдардың  ара-арасымен  жүріп  келеді.  Есік,  терезелерінің  орны 

опырайып мүжіліп құлай бастаған қабырғалар. Мал, отын қоралардың орны. 

Кӛпшілігінің  бұтақтары  қурап,  сына  бастаған  бау  ағаштары.  Ӛзге  тіршілік 

белгісі  білінбейді.  Осының  бәрі  де  тіпті  бӛгде  кісіге  сұп-суық  болып 

кӛрінердей.  Осы  жерде  бұрын  ауыл  болмаған сияқты.  Бірақ  болған!  Ақиқат 

болған-н... Сол ауыл, сол тіршілік. 

Әне,  анау,  ӛзгесінің  бәрі  құлап  бір  қабырғасы  ғана  қалған  марқұм 

Жетпісбай  етікшінің  тамы.  Екі  бӛлмелі  тамның  түкпір  бӛлмесінде,  ұзын 

темір  пештің  жанында  марқұм  үнемі  тық-тық  еткізіп  етік  шегелеп  немесе 

былғары пішіп отырушы еді. Бұл ауылда Жетпісбай тіккен етікті кимей ӛскен 

жан жоқ. Ауыл арасындағы мына жолдарда Жетпісбай тіккен етіктің айқыш-

ұйқыш  іздері  жататын.  Мынау  Бидайгүл  кемпірдің  отын  қорасының  орны. 

Жұдырықтай  болып  алып,  екі  аяқтының  пысығы  еді.  Шаршау  дегеніңізді 

білмейтін.  Осы  қорасын  отынға  елден  бұрын  толтырып  алатын.  Жұрт  «осы 

кемпірдің  ӛкпесі  жоқ  шығар»  деуші  еді.  Ӛлерінде  де  ол  созылып  ауырған 

жоқ.  Күз  бойы  әдетінше  тырбаңдап  отын  жиюмен  болды.  Мына  қора 

жусанға, ӛзен бойының кебу ағаштарына толып кетті. Жұрт «Япыр-ау, мына 

кемпірдің  не  білгені  бар.  Мына  отын  бір  үйді  емес,  бір  ауылды  қыстан 


Sauap.org 

шығарар»  дейтін.  Бидайгүл  жұрт  сӛзіне  елең  етпеді,  домаланып  жүріп 

қорасын  отынға  толтырып  болған  күні  аяқ  астынан  ауырып  қалды.  Тӛсек 

тартып  бір  жеті  ғана  жатты  да  дүние  салды.  Бұл  жұрт  дегенді  қойсайшы. 

Ӛңшең  кӛріп  кел  ме,  әлде  дуалы  ауыз  балгер  ме?  Не  дерсің  бұларды.  Сол 

қыста ауыл түгел Бидайгүл жиған отынды жағып шықты. Бидайгүлдің отыны 

кӛктем  шығып,  жер  дегдігенше,  жер  дүние  күннің  мол  шуағына 

малшынғанша бәріне жетіп жатты. 

Мұқа  тағы  бір  бұзылған  тамның  жанына  келді.  Небәрі  екі  бӛлмелі 

бастауыш мектеп үйінің қабырғалары... Ержігіт, Белжігіт, Сайранбектер осы 

қабырғалардың  ортасында  оқып  ер  жетті.  Азамат  болды.  Олар  күнде 

таңертең  Жетпісбай  тігіп  берген  бір-бір  етікті  тепкілеп  киіп,  сумкаларын 

асып  алып,  осы  қабырғаларға  қарай  жӛнелетін.  Осы  қабырғаларға  жетуге 

асығатын.  Олардың  кӛңілді  дауыстары  мына  шағын  екі  бӛлмеге  сыймай 

далаға, маңайға түгел естіліп жатушы еді. 

Енді, міне, шалдың алдында мелшиген қабырғалар ғана тұр. 

Мұқа  ӛз  тамының  жанына  да  келді.  Әзірге  тамның  бір  қабырғасы  ғана 

құлапты. Оның есесіне барлық қабырғалардың сылағы түсіп, жіктері ырсиып, 

ажырай бастаған жалаңаш кесектер мүжіліп те бітіпті. Ендігі жауған екі-үш 

тӛгін жауыннан кейін қалған қабырғалардың да гүрс-гүрс құлайтынына шүбә 

жоқ.  Шал  дәл  есігінің  алдына  келіп  атынан  түсті.  Атын  шылбырынан 

жетектеген  күйі  тамын  бір  айналып  шықты.  Ол  осы  үйде  туды.  Осы  үйде 

ӛсті.  Тіпті  осында  қартайды  да.  Жұрт  бұл  тамды  әуелде  Шілдебектің  тамы 

дейтін. Кейіннен Мұқанікі дейтін болды. Енді Ержігіт пен Белжігіттің немесе 

кенжесі  Сайранбектің  тамы  аталынуы  тиіс  еді.  Олай  болмады.  Иесіз  ескі 

жұрт  қана  болып  қалды.  Шалдың  кӛңілі  босай  бастады.  Арбиған  етсіз  кәрі 

саусақтарымен мүжілген босағаны сипай бастады. 

Мұқа  кӛп  бӛгелген  жоқ.  Негізгі  шаруасы  Аймүйізді  табу  екенін  есіне 

алып,  атына  қайта  мінуге  ыңғайланды.  Кӛптен  бері  атпен  ұзақ  жол  жүріп 

кӛрмегендіктен  болар  тұла  бойы  дел-сал.  Үзеңгіге  де  аяғын  әзер  салды. 

Жусанды беткейге шыққанда шалдың кӛңілі сергіп қалды. Бала кезінде талай 

ойнаған,  жігіт  кезінде  сан  рет  кӛкпар  тартқан  жерлерін  жазбай  танып,  жан-

жағына сүйсіне қарады. Мұрнына кӛк жусанның ашқылтым иісі келді. Биыл 

жусан  да  бітік  шыққан  екен.  Кӛктемде  бұл  маңайда  тӛгін  жауын  болғанын 

шал  кӛзімен  де,  кӛкірегімен  де  сезіп  тұр.  «Жер  ӛзгермейді  екен  ғой».  Шал 

күрсініп  қойды.  «Тіпті  сол  күйі  жатыр.  Жер  де,  жусан  да...  Бәрі  де 

бұрынғыша»... 

Сиыры  табылса,  осы  бетімен  кештетіп  болса  да  қайтып  кетпек  болған 

шал  әбден  болдырғандықтан  жорғасы  божырай  бастаған  атын  анда-санда 

тебініп қойып, жан-жағына жіті қарап келе жатты. Жоқ. Тіпті жан-жануардан 

ештеңе  кӛзге  түсер  емес.  Бұл  жай  шалдың  маңдайын  тырыстырайын  деді. 

«Бәрі  де қаңырап бос қалған екен» деді ашулы күбірлеп. «Бос қалмаса неге 

ештеңе кӛрінбейді. Әлде менің кӛзім кӛрмей келе ме? 



Sauap.org 

Шал жоталарды кезіп ұзақ жүрді. Ӛзі де шаршады, аты да болдырды. Ол 

енді  атының  басын  қайтадан  ескі  жұртқа  бұрды.  Бір  түнеп  шығуға  амалсыз 

мойынсынды. 

Үйінің жанына келіп аттан түсті. Атын талдың бұтағына байлады да, бір 

қолына қамшысын,  бір қолына  ішіп-жейтін  заттары  салынған  қара  сумканы 

ұстап,  бұзылған  ошақтың  жанындағы  тақырға  келіп  жайғасты.  Жерге 

шапанын  шешіп  тӛсеуге  оқталып  тұрды  да,  сумкасынан  газет  алып  жайып, 

соның  үстіне  отырды.  «Әзірге  аттың  белі  суи  тұрсын,  жатарда  ерін  алған 

кезде тоқымын астыма тӛсермін» деп ойлады. Сумкада біраз нәрсе бар екен. 

Жылқының  сүр  еті,  бӛтелкеге  құйылған  айран,  нан,  жуа.  Шал  іштей 

кӛңілдене  күліп  қойды.  «Құдай-ау,  мынаның  бәрі  маған  бір  күн  емес,  бір 

жетінің  азығы  ғой».  Майлы  етті  нанға  қоса  қарбыта  жеп,  айраннан  сімірді. 

Қарны ашып та қалған екен, кӛптен бері сүйсіне тамақ жегені болды. 

Қалған  тағамдарын  жиыстырып,  қара  сумкаға  қайта  салды.  Орнынан 

тұрып  кӛк  жиекке  кӛз  салып  еді,  күн  батып  барады  екен.  Тамды  айналып, 

ӛзен жақ беттегі бауға қарай жүрді. Күні бойғы жүрісті ауырсынып қалыпты. 

Екі аяғын әзер қозғап, ілбіп басып келеді. 

Шеңгелмен  қоршалған  кең  қораның  іші  бір  кезде  самсаған  ӛрік 

ағаштары болатын. Бірақ күтімсіздіктен, бұл арада Мұқанның ӛзі бар кезде-

ақ  кӛбі  салмай,  қурап  қалған  еді.  Шал  «ендігі  ол  бау  түгелімен  жойылып, 

оталып  тынған  шығар»  деп  ойлайтын.  Ӛйткені  ұзынқұлақтан  «Сіздің  бауда 

бәленше  деген  сиыршы  немесе  түгенше  деген  қойшы  жайлап  отыр  екен» 

деген сӛздерді жиі еститін де «солар бауды отын етіп-ақ бітірген болар деп 

жорамалдайтын. 

Бірақ бау соншалық құрып кетпепті. Отынға қурағандарын ғана кесіпті. 

Шал бауды асықпай жүріп аралады. Кӛңіліне, кӛзіне таныс әрбір түп ӛрікке 

асықпай  назар  салды.  Мына  бір  талды  Дәнекер  мен  екеуі  алғаш  үйленген 

жылы  отырғызып  еді.  Жап-жас  солқылдақ  шыбық  болатын.  Мұқа  ӛзен 

бойынан кесіп әкелді де, Дәнекермен екеуі кетпенмен жерді шұқып жіберіп 

жас  шыбықты  отырғызды.  Оншақты  күнге  дейін  шыбықта  тіршілік  белгісі 

білінбеді.  Дәнекер  «сен  отырғызған  шыбық  қайдан  жайқалып  кетсін»,  деп 

сылқ-сылқ күледі. Онда Дәнекер кісі бетіне тіктеп те қарай алмайтын ұялшақ 

келіншек.  Мұқаның  ӛзімен  де  енді-енді  үйренісе  бастаған  кезі.  Сӛйтіп 

жүргенде  шыбыққа  жан  кіріп,  әр  жерінен  бүршіктер  кӛріне  бастады.  Тіпті 

күзге  дейін  оқтай  болып,  кісі  бойы  ӛсіп  те  кетті.  Енді  міне  сол  шыбық 

қартайыпты. Діңінің жуандығы бір құшақ дерлік. Баз бір бұтақтары қурап та 

қалған. 

Енді  бір  ӛрік  ағашының  түбіне  келгенде  Мұқа  тағы  да  аялдап  қалды. 

Кенже  ұлы  Сайранбек  туардан  бір  жыл  бұрын  егілген  еді. 

       Сол жылы жазда Ақүйіктің бауынан қоржынның екі басын толтыра ӛрік 

әкеліп  бүкіл  ауылды  тойғызғаны  бар.  Дәнекер  де  ӛрікке  құмар-ақ  еді.  Әлде 

ӛрікке жерік болды ма-ау, немене. Әйтеуір ӛзіне деп алып қалған ӛрікті кӛпке 

дейін жеп жүрді де, бір күні Мұқаға орамалға түйілген бір уыс тәшекті берді. 


Sauap.org 

«Мұндай дәмді ӛрікті бұрын соңды жеген емен. Дәнегі де тұщы екен. Қораға 

егейікші»  деді.  Сол  жылы  күзде  Мұқа  қораның  ортасын  кетпенмен  шұқып 

бес-алты тәшекті тастай салған. Кӛктемде солардың біреуі ғана қылтиып ӛсіп 

шығыпты. Дәнекер бекерге мақтамаған екен. Ӛрігі расында да дәмді болды. 

Оның үстіне  салғыштығын  айтсаңшы. Жыл  құрғатпай  салатын.  Тіпті  ӛздері 

осы жерден кӛшіп кеткенше ӛрігін жеп жүрді. 

«Осы қазір де салмас па екен» деген оймен Мұқа ағаш басына қарап еді, 

алакеугіммен  жӛнді  ештеңе  кӛріне  қоймады.  Сонан  соң  жақындап  келіп, 

ағаштың  бір  бұтағынан  ұстап  ақырын  ғана  сілкіп  еді,  бытырлап  бірдеңелер 

жерге түсіп жатты. 

О,  жарықтық,  әлі  де  салады  екен-ау».  Мұқа  түртінектеп  жүріп  жерге 

түскен 


ӛріктерді 

тере 


бастады. 

Қос 


уыстайын 

теріп 


алды. 

        Белін буып жүрген үлкен орамалын жерге жайып жіберіп, әлгі ӛріктерін 

түйіп алды. 

Бұл кезде тӛңіректе қою қараңғылық орнап алған. Шал енді кері қайтып, 

әуелгі  жайғасқан  ошақ  жанындағы  тақырға  келіп,  ӛрік  түйілген  орамалын 

сумкасының жанына қойды. 

Торы жорғаның ерін, жүгенін сыпырып, ӛзен бойына арқандап келді де, 

тоқымды астына тӛсеп, ерді басына жастап, шапанын жамылып қисая кетті. 

Шал  «әбден  қалжырадым  ғой,  бірден  ұйықтап  кетермін»  деп  ойлады.  Бірақ 

ұйқысы келмеді. 

Кӛзі жұмылар емес. Жым-жырт тыныштық пен қою қараңғылық шалдың 

кӛңіліне  үрей  әкелгендей.  Сәлден  соң  Мұқа  орнынан  қайта  тұрды.  Ескі 

ошаққа  от  жағуды  ойлады.  Қалталарын  сипалап  кӛріп  еді,  костюмінің  оң 

қалтасынан  оттық  шықты.  Ошақ  маңынан  кепкен  бұтақтар  да  табылды.  От 

жақты.  Лапылдап  жанған  отпен  тӛңірек  жап-жарық  болып  кетті.  Шалдың 

кӛңілі әлгі бір елегзуден арылайын деді. Кебу отынның лаулаған жалынынан 

кӛз алмай отырып, ол тағы да ӛткен күндерін есіне алды. 

...Осы  ошаққа  Дәнекер  қанша  жыл  от  жақты.  Ӛмір-ай,  ӛтіп  кеткен  соң 

кӛрген  түстей  болып  қала  береді  екен-дағы.  Жаз  кезінде  осы  ошаққа  сүт 

пісіріп, сүт суығанша күтемін деп кейде осылай отырып, қалғып та кететін. 

Ондайда Мұқа «тӛсегіңді де ошақтың басына салып алсаң болады ғой» 

деп әзілдеуші еді. 

Кейде екеуі қатар, дәл осылай от жалынынан кӛз алмай отырып  ӛткен-

кеткенді  айтып  әңгіме  тиегін  ағытушы  еді-ау...  Бірақ  онда  қазіргідей  жым-

жырт күй әсте болмаушы еді. Сиырлардың мӛңірегені, қорадағы қойлардың 

пысқырғаны.  Әр  тұстан  иттердің  үргені,  ана  үй,  мына  үй  жақтан  естілетін 

кӛршілердің дабыры. Әйтеуір тіршілікке тән сол бір дыбыстар жаныңда серік 

боп отыратын. Қосыла сырласатын... 

Сайранбек оқу бітіріп келген жылы кемпірімен екеуі осындай бір кеште 

ошақты  қамаласып  кеп  отырып,  балаларын  әңгіме  етісті.  Ержігіті  мен 

Белжігіті екі жерде совхоз директоры боп дүрілдеп тұрған кез. Тек Мұқа мен 

Дәнекер ғана емес. Оларды бүкіл ауыл әңгіме етісетін. 



Sauap.org 

Мұқа отырып: «Бала тумапсың, ӛңшең деректір туыпсың ғой. Сайранбек 

те  кӛп  ұзамайтын  шығар.  Деректір  болар»  деп  әзілдеді.  Дәнекер  әуелі 

кеңкілдеп  кӛңілдене  күліп  алды.  Сонан  соң  «Бәрінде  деректір  болсын  деп 

тудық та. Ӛңшең деректір тудың деп ешкім абақтыға жаппас» деді. 

Екеуі қосыла күлді. Араға екі жыл салып, Сайранбек мектеп директоры 

болып  кетті.  Сонда  Мұқаң  мен  Дәнекер  ӛздерінің  сол  бір  әзіл-күлкілерін 

естеріне алып тағы да күліскен. 

Енді міне соның бәрін ойлап Мұқаның жалғыз ӛзі отыр. Дәнекер қазір де 

жанында  болса,  соның  бәрін  де  қайта  еске  алар  еді.  Күлісер  еді.  Сырласар 

еді... Бірақ Дәнекер осыдан екі шақырым жердегі молада, атасы мен енесінің 

жанында  жатыр.  «Уа,  дүние-ай»—  деп  Мұқа  күрсініп  қойды.  «Ескі  жұртқа 

келмегенімде  ғой,  осының  бәрі  еске  түспес  еді.  Тіршіліктің  күйбеңімен  у-

дуымен  ілесіп  жүре  берер  едік.  Бұған  да  тәуба.  Келдік.  Еске  алдық.  Ертең 

аруақтардың басына соғып дұға оқып қайтсам сауап болар еді». 

Ошақтағы  оттар  ӛше  бастады.  Бірте-бірте  әлсірей  бастаған  оттың 

жалынына 

қарап 

отырып 


Мұқа 

да 


қалғып 

кетті. 


Қысқа  таң  тез  атты.  Ол  ұйқысынан  оянғанда  күн  шығып,  тӛңірек  ай-жай 

болып  қалған  екен.  Апыл-ғұпыл  киініп  жинала  бастады.  Ӛрік  түйілген 

орамалын  беліне  бос  байлай  салды.  Атын  әкеліп  ерттеді.  Ӛзен  суына  қолы, 

бетін  асығыс  жуып  келді  де,  кешеден  қалған  бӛтелкедегі  айранды  түрегеп 

тұрып сіміріп, босаған бӛтелкені лақтырып тастап, атына мініп жүріп кетті. 

Бұл  жолы  ӛзен  бойлай  жүрді.  Тұла  бойы  дел-сал.  Тақымы  алдырмай 

қалыпты. Ӛзі шаршаса да аты тыңайып қалған екен. Бірден тайпалып ӛзінің 

кәдуілгі жайлы жорғасына салды. «Сәскеге дейін сиырды тауып алсам жарар 

еді-ау» деп ойлады шал. «Сонда кешке дейін ауылға жетіп те қалар едім. Ал, 

табылмаса қайттім? Қарасан келгірді жер жұтып кеткен шығар». 

Кешеден бергі іштегі булыққан ашу мен ыза енді сыртқа тебе бастады. 

      Ӛзен  бойы  да  шал  кӛңіліне  жұтаң  кӛрінді.  Бұрынырақта  екі  жағасына 

тұтаса  ӛскен  ағаш,  құрақтан  кӛз  тұнушы  еді.  Енді  жамбастай  ӛскен  иір-иір 

бұтақтар  әр  жерден  бір  ұшырасады.  Кӛгерісінің  де  сәні  шамалы.  «Ел 

болмаған соң ӛзен бойы да азып біткен екен» деп ойлады шал кӛңілі толмай. 

Бәрінен  бұрын  Мұқаның  ойынан  Аймүйіз  кетер  емес.  Қарайғанның 

бәріне  кӛңіл  аударады.  Қайсыбіріне  ат  басын  бұрып  та  барады.  Жоқ.  Тіпті 

әзірге  тӛрт  аяғымен  жайылып  жүрген  мал  баласын  кӛре  алмады.  Ӛзен 

бойынан ұзап, жоталарға шығып та, алақанымен маңдайын қалқалап әрі-бері 

қарады кеп... Жоқ... 

Қуыстан  шыға  келетіндей  кӛрініп  «Аймүйіз,  ау-аһу,  ау-аһу»  деп 

айқайлап та кӛрді. Бәрібір жоқ. Тау-тасқа жаңғырығып ӛз дауысы ӛзіне қайта 

естіледі. 

Күн  сәске  болды.  Бүгін  тым  ыстық  болатын  түрі  бар.  Әлден-ақ  жер 

дүниені  балбыратып,  ерітіп  барады.  Шал  қатты  түтігіп  ашулана  бастады. 

«Мұндай  да  қаңғыбас  мал  болады  екен-ау.  Ау,  осынша  жерге  сандалып 

келгенде алтын бұзау туа ма екен? Сірә, алтын бұзау туатын шығар, қарасан 


Sauap.org 

келгір.  Осыдан  кӛзіме  бір  түссінші.  Кӛрсетермін  оған  бошалап  кеткеннің 

қандай болатынын». 

Әрі-беріден соң шал «сол сиырдың осында келуіне күмәнім бар. Ол сірә 

ауыл маңында жүрген шығар. Ӛзіміз қара басып таба алмаған болармыз» деп 

те  ойлады.  Тіпті  осы  ойына ӛзі  едәуір иланып  «Балықты бауға  дейін  барып 

қайтайын, онда да болмаса қайтып кетермін» деген ниетке ойысты. 

Күн түске тырмысты. Мұқа ыссылап, қарадай абыржып та келеді. Кенет 

ӛзен  бойына  ӛскен  бір  топ  сәмінің  арасынан  әлдененің  басы  қылт  ете 

қалғандай болды. Мұқа атының сауырын қамшылап жеделдете жүрді. Бұзау 

екен. Басын кегжите қарап біраз тұрды да үрке бұрылып, әлжуаз аяқтарымен 

маймаңдай  басып,  қалың  сәмінің  арасына  кіріп  кетті.  Ар  жағында  маң-маң 

жайылып  Аймүйіз  жүр.  «Асықпауын  кӛрдің  бе?»—  деді  Мұқа  шытынай 

күбірлеп.  «Осында  тӛркіндеп  келген  сияқты.  Жә,  мен  сенімен  тілдесіп 

кӛрейін енді». 

Таяп  келгенше  бұған  Аймүйіз  назар  салмады.  Бұрынғыша  маң-маң 

жайылып жүре берді. Жанына келе беріп, «А, қарасан» деп, иесі қамшысын 

кӛтере айқайлаған кезде барып, басын жерден жұла кӛтеріп Мұқаға қарады. 

Мұқа  әні-мініге  қаратпай  сиырды  қамшысымен  екі-үш  рет  салып  ӛтті. 

Қамшының іздері білеудей-білеудей болып сиырдың қыр арқасында қалып та 

қойды. Сиыр мӛңки жӛнелді. 

Мұқа  онысымен  де  қоймады,  қуып  жүріп  сабады.  Соңдарынан 

маймаңдай басып жас бұзау еріп келеді. 

Түтеген ашуы басылған кезде барып Мұқа бұрылып соңына қарады. Жас 

бұзау біраз жер қалып кетіпті. Әлжуаз денесін қисаңдатып жортқан болады. 

Онымен жүрісі  ӛнетін  емес.  Оған  шалдың кӛз  тоқтатып  зер салғаны да  осы 

еді.  Бұзау  әлі  тым  жас  екен.  Буынын  енді-енді  тіге  бастағандай.  Туғанына 

бүгін  екінші  күн  бе  екен?  Әлде  үшінші?  Бұзаудың  мына  жүрісіне  қараса 

ауылға  бір  күн  емес,  үш  күнде  әзер  жетер.  Бұл  жай  Мұқаңның  тағы  да 

зығырданын  қайнатты.  Не  істерін  білмей,  әрі-сәрі  ойменен  біразға  дейін 

бұзаудың соңынан күш-күштеп айдаған болды. 

Митың  жүрістен  құтылудың  енді  бір-ақ  жолы  бар  еді,  ол  бұзауды 

алдына  ӛңгеріп  алу.  Сонда  Аймүйіз  ӛз-ӛзінен  еріп  отырады. 

       Ӛзен  бойынан  ұзап  шыққан  соң  Мұқа  атынан  түсіп,  бұзауды  ұстамақ 

болып  еді.  Адам  кӛрмеген  жануар  Мұқадан  қисалаңдап  бір  қашты  дейсің. 

Тіпті  ұстатар  емес.  Қайта  ашуға  мінген  шал  шапанының  етегіне  сүрінердей 

далбалақтай  қуып  келе  жатып,  қолындағы  қамшымен  бір  ұрғанда  бұзау 

омақаса құлап еді, Аймүйіз анадайдан мӛңіреп келіп, кирелеңдеп қайта тұра 

бастаған  бұзауының  үстіне  түсті.  Жалап  жатыр.  Бұзау  дір-дір  етіп  енесінің 

бауырына тығылды. «Қарай гӛр ӛздерінің бауырмалын, түге» Мұқа бұзауды 

енесінің бауырынан жұлып ала, атына қарай жақындай беріп еді, ойда жоқта 

торы жорға сыр берсін. Тулап, бұзауды маңына да жолатпай қойды. 

«Енді  қайттім...»  Шалдың  жүзі  ӛрттей  түтігіп  кетті.  Қалай  болғанда  да 

енді  тек  қана  сиырды  айдай  беру  болды.  Мұқа  атына  қайта  мінді.  Жас 


10 

Sauap.org 

бұзауын  ертіп  Аймүйіз  алдына  түсті.  Жол  ӛнетін  емес.  Оның  үстіне  ыстық 

күн  шекеден  ӛтіп барады.  Таңертеңгі  бір  сімірім  айраннан  кейін  нәр  татқан 

жоқ.  Қара  сумкада  аузы  тығындаулы  екінші  бӛтелкесі  тағы  болатын.  Соны 

алу  үшін  ерінің  басына  қарап  еді.  Сумкасы  жоқ.  «Құданың  құдіреті!»  Шал 

сасқанынан  ерінің  басына  бір,  жүріп  келе  жатқан  жолына  бір  қарай  берді. 

Беліне байланған ӛрік түйілген орамалын іздеп, саусақтарымен сипалап еді. 

Онысы  аман  екен.  Ішіп-жем  тамағынан  айрылуы  шалды  қатты  күйзелтіп 

кетті.  Атының  басын  іркіп,  бір  ауық  жол  үстінде  үнсіз  тұрды.  Шамасы  топ 

сәмінің маңында қалған болды. Қайта бұрылуға біраз жер ұзап кетті. Ал жүре 

берейін десе нәр татпаған күйі ауылына жету тіпті мүмкін емес. Әрі-сәрі ой 

шалды да тіпті жүдетіп тастады. Ақыры тәуекелге бел буып неде болса алға 

жылжи  бергенді  жӛн  кӛрді  де,  ӛзінен  ұзап  бара  жатқан  бұзаулы  сиырының 

соңынан ерді. 

Жас  бұзау  қалжырай  бастады.  Аяқтары  шалынысып  бұларға  ере  алар 

емес.  Мұқа  қамшымен  түрткілеп  қаттырақ  жүргізген  болады.  Онысы  да 

ұзаққа созылмайды. Бұзау ақыры біржола жүрістен қалды. Бір кезде сымдай 

аяқтары 

маймиып 


жол 

жиегіне 


құлай 

кетті. 


       Мұқа  қарадай  шаршады.  Атынан  түскен  күйі  жол  жиегінде  ӛкпесі 

сырылдап жатқан жас бұзауға ұзақ қарады. Аймүйіз бұзауының үстіне түсіп 

ӛлетін  түрі  бар.  Емірене  ыңырсып,  бас  салып  жалап  жатыр.  Бұзаудың 

денесінде оның тілі тимеген жер жоқ шығар... 

Сәлден соң жас бұзау қалқиып қайтадан тұрды. Енесін еміп әлденгендей 

болды.  Мұқа  енді  атынан  қыл  арқанды  шешіп  алды  да  бұзаудың  мойнына 

байламақ  болды.  Шаршап  тұр  десе  де  бұзау  мойнына  Мұқаның  кәрі 

саусақтары  тигенде  қатты  тулады.  Тіпті  бір-екі  рет  қолынан  шығып  барып, 

шал  оны  қайта  ұстады.  Мойнына  тым  дӛрекі  арқан  байланған  жас  бұзау 

енесіне еріп, қайта жүре бастады. 

Түс ауа күн тіпті алаулап кетті. Шалды шӛл қысты. Жетер жерде бұлақ 

та  жоқ.  Тамағы  кеберсіп,  тӛбесінен  күн  шақырайған  шалдың  халі  тым-ақ 

аянышты еді. 

Мұқа  үшін  ең  қиыны  бұзаудың  жүріске  жарамағандығы  болды.  Бұзау 

сәлден сон-ақ тағы да аяқтары майысып, кирелеңдей бастаған. Шал енді оны 

аямады.  Тіпті  жүре  алмай  қалған  кезінде  сүйрей  жӛнелді.  Ӛзін  қысқан  шӛл 

мен аштық оны тым қатыгез етіп жібергендей. Ол «мына бұзау ӛліп қалады 

екен-ау?» деп қорыққан жоқ. Тіпті ойлағысы да келмеді. Жусан басып кеткен 

жалғыз  аяқ  кӛне  жолдың  үстінде  жас  бұзаудың  денесі  сырылдай  сүйретіліп 

келе жатты. 

Бұл  кӛрініске  шал  шыдаса  да  Аймүйіз  шыдамады.  Ӛкіре  мӛңіреп  кеп 

бұзауының  асты-үстіне  түсті.  Мұқа  тағы  амалсыз  аялдады.  Дәл  қазір  жол 

езуінде басын кӛтере алмай жатқан жас бұзаудың ғана емес, Мұқаның да халі 

мүшкіл-тін.  Шӛл  шыдатпай  бара  жатқан  шал  алақанымен  маңдайын 

қалқалап,  жан-жағына  қарай  бастады.  Ақ  сағымнан  кӛзіне  жӛнді  ештеңе 

кӛрінер  емес.  Дегенмен  Мұқа  туып  ӛскен  ӛңірін  жақсы  болжады.  Ана  бір 



11 

Sauap.org 

қырқаның  астында  ӛткен  жылға  дейін  сүт  фермасы  болған.  Әрине  ел  бола 

қоймас.  Бәрі  де  кӛшіп  кеткен  болар.  Бірақ  сол  жерде  бұлақ  бар.  Мына 

қалпында мұп-мұздай судан бір жұтудың ӛзі шал үшін арман еді. 

Бұзауын қамшысымен түрткілей айдап, шал қырқаға қарай бет түзеді. 

Қырқаның тӛбесіне шыққанда сүт фермасының орны кӛрінді. Ұзын сиыр 

қора, цемент астаулар...  

Жеті-сегіз  там.  Баз  бірлерінің  есік-терезесі,  шатыры  алынып  үңірейіп 

қалған.  «Ел  қалмаған  екен.  Бәрі  де  кӛшіп  кеткен  болды»  деп  ойлады  шал 

жүдеу күйде. Бірақ ойда жоқта ескі астаудың кӛлеңкесінен бұларға қарай ит 

үріп шыға келді. Ит деген аты ғана. Қасқыр дерсің... Келе жатқан екпінінен, 

арсылдаған  дауысынан  Мұқа  қарадай  шошынды.  Сӛйткенше  шеткі  оқшау 

тамның  есігі  ашылып,  іштен  ақ  жаулықты  кемпір  шықты.  Айқайлап  итін 

шақырды.  «Үй  бар  екен.  Я,  шарапаты  мол,  құдай  тағала»  деп,  шал  іштей 

балаша қуанды. Ол енді бұзауы мен сиырына да қараған жоқ. Атының басын 

бұрып,  шеткі  тамға  қарай  жүрді.  Жақындай  бере  әлгі  кемпірді 

шырамытқандай  болды.  «Сағыммен  қателесіп  тұрған  жоқпын  ба»  деп  кӛзін 

уқалап-уқалап  қайта  қарады.  «Сол...  Бәтір-ау,  мынау  Шынаркүл  ғой. 

Ӛзіміздін Шынаркүл... Бұл әлі осында екен-ау». Таңдану мен қуаныш аралас 

күйде 

Мұқа 


қалт-құлт 

етіп 


атынан 

түсіп 


жатты. 

    Шынаркүл бұған ұзақ қарады. Танымаған болар. Бұл атын қазыққа байлап 

болғанша селт еткен жоқ. Мұқа үйге жақындай бергенде барып шырамытты 

білем,  кӛйлегінің  кең  етегіне  сүрініп  құлардай  адымдап  қарсы  жүрді. 

Қуаныш оты жылтыраған шүңірек кӛздерін Мұқадан тайдырар емес. 

—  Осы  сен  Мұқамысың?  Құдайым-ау,  ӛңім  бе,  түсім  бе?  Шынаркүл 

шалдың қолынан ұстай алды. 

— Амансың ба, Шынаркүл?—деді Мұқа шаршау күйде, ақырын ғана. 

Мұқаның сӛзіне Шынаркүл мән де берген жоқ. 

—  Ақыры  келдің  бе?  Мені  есіңе  алдың  ба,  әйтеуір...  Бәрі  де  ұмытқан 

шығар деп жүр едім. Құдайға шүкір... Мың хата шүкір! Мені іздеп сен келдің. 

Екеуі  үйге  кірді.  Мұқа  тӛрге  шықты.  Сәл  қашық  отырса  айрылып, 

адасып  қалатындай  Шынаркүл  де  Мұқадан  тӛмен  дәл  жанына  отырды. 

Мұқа осыдан тӛрт-бес жыл бұрын Шынаркүлдің жалғыз баласының тракторы 

аударылып,  содан  қайтыс  болғанын  естіген.  Енді  Шынаркүлге  жүзін  бұра 

отырып кӛңіл айтты. 

—  Қайыпбегіңнен  айрылып  қапсың,  Шынаркүл.  Қайырлы қаза болсын. 

Қайғыңа ортақпыз. 

Шынаркүл ұзақ қарады. Жанары суланып отыр. 

—  Мұқа-ау,  Қайыпбегімді  айтып  отырсың  ғой,  шамасы.  Одан  басқа  не 

айтайын  деп  едің...  Байқап  отырмын.  Мен  сорлап  қалдым  ғой  Мұқа-ау. 

Айрылып қалдым... 

Шалдың қолынан қатты қыса ұстаған күйі Шынаркүл еңіреп қоя берді. 

Есітіп отырғам жоқ сӛзіңді. Екі құлағым тас болып бітеліп қалған. Менің 

ең  соңғы  естіген  сӛзім  «Қайыпбегің  енді  жоқ»  деген  сӛз.  Бұл  дүние  маған 


12 

Sauap.org 

одан ӛзге ештеңе есіттірмей қойды. Тіл қатпайды. Жым-жырт. Жоқ-қ. Менің 

ӛзім  естімей  қойдым.  Бұл  дүниенің  у-дуын  одан  әрі  тыңдағым  келмеді.  Не 

деп  тыңдаймын.  Неме  керек  ол  у-ду?  Бәрібір  ол  у-дудың  ішінде 

Қайыпбегімнің  үні  жоқ  қой.  Күлкісі  жоқ  қой.  Аяғының  тықыры  да 

естілмейді. Мені саңырау қылған құдайға мың да бір рақмет. 

Кӛкірегі шерге толып-ақ қалған екен. Шынаркүл армансыз-ақ аңырады. 

 

*** 


Шынаркүлдің  күйеуі  Қаулен  Мұқамен  екеуі  түйдей  құрдас  еді.  Бала 

кезден  тату  ӛскен  достар  болатын.  Екеуі  де  қатар  үйленді.  Қатар  балалы 

болды. Тіршілік сыйлаған бақыттың бал дәмін қатар сорып келе жатқан-ды. 

Кенет соғыс деген пәле басталды. Соғысқа да екеуі қатар аттанып, әуелде бір 

майданда 

болып 


еді. 

Кейінірек 

бӛлініп 

кетті. 


      Соғыс  бітерден  бір  жыл  бұрын  Мұқа  иығынан  жараланып  елге  қайтты. 

Жаз  ортасы  болатын.  Аудан  орталығынан  поездан  түсе  сала,  кӛлік  күтіп 

жатуға  шыдай  алмай  ауылына  жаяу  тартып  кетті.  Жондағы  бидайға  орақ 

түсіп  жатыр  дегенді  естіген  соң,  жолай  сонда  соқты.  Сӛйтсе  Дәнекер  мен 

Шынаркүл  орақта  жүр  екен.  Екеуі  жарыса  жүгіріп,  алдынан  шықты. 

Дәнекердің  қуанышында  шек  жоқ.  Күйеуінің  мойнынан  тас  қып  құшақтап 

алған.  Жіберер  емес.  Шынаркүл  сақ-сақ  күліп  тұрып  «әй,  біз  де 

құшақтайықшы,  тұршы  былай»  десе  де  болар  емес.  Ӛлердей  сағынып 

калыпты.  Сол  жолы  да  Шынаркүл  Мұқаның  кеудесіне  басын  сүйеп  «Біздің 

Қауленді  қайда  тастап  кеттің?  Кімге  тастап  кеттің,  Мұқа-ау»  деп  егіліп  еді. 

Ӛзі ғана емес, бүкіл жұртты жылатқан. Ол Қауленді сарыла күтті. Соғыс бітіп 

майданға  кеткендер  оралған  соң  да  Шынаркүл  үмітін  үзген  жоқ.  Есіктің 

тықырынан  да,  иттің  бейуақытта  үрген  дауысынан  да  үміт  етті.  Хат 

тасушының жолын тосты. Жоқ. Қаулен келмей қалды. Тіпті хабарсыз кетті. 

Соғыстан  кейінгі  жылдары  да  Талтоғанда  бірге  отырды.  Шынаркүл 

кӛпшіл, ақжарқын еді. Оны бүкіл ауыл сыйлайтын. Әсіресе Дәнекермен екеуі 

сырлас, тату болды. Үйде де, түзде де кӛбіне тізіліп бірге жүретұғын. Біріне-

бірі кӛмектесе салатын, біріне-бірі әзілдей қоятын. Бірінде жоғы екіншісінде 

болатын. 

Бейнет-қорлығы да жұрттан ерек еді. Шынаркүл колхоздың жұмысын да 

әкесінің жұмысынан бетер атқаратын. Үнемі екпінді болып жүруші еді. 

Сӛйтіп  жүріп  Қауленнен  қалған  жалғыз  ұлы  Қайыпбекті  ӛсірді.  Ел 

қатарына  қосты.  Дәнекер  ӛлетіннен  біраз  бұрын  Қайыпбек  осы  сүт 

фермасына  тракторшы  болып  орналасты  да,  бұлар  біржола  кӛшіп  кетті. 

Сонан  соң  Мұқа  Шынаркүлді  Дәнекердің  ӛлімінде  ғана  кӛрді.  Қатар  ӛскен 

қимас замандасын жоқтап кӛз жасын кӛл еткендердің бірі осы Шынаркүл еді. 

Қайғы-қасіретті ӛзгелерден кӛп кӛргендіктен бе, әлде табиғат солай жаратқан 

ба,  әйтеуір  Шынаркүлдің  дауысы  ӛте  зарлы  болатын.  Кӛзіне  жас  алмайтын 

мұз жүректердің ӛзін ебіл-дебіл етіп жіберуші еді. 


13 

Sauap.org 

Мұқа  Талтоғаннан  кӛшкеннен  кейін  Шынаркүлді  кӛрген  жоқ.  Кӛрмек 

түгілі  ол  туралы  кӛп  естімейтін  де  еді.  Ӛйткені  ендігі  жерде  бұлар 

араласатын жандардың тобы ӛзгеріп кетті. Ӛңшең тӛрт құбыласы сай, кӛңілі 

жай  жандармен  дәмдес  болды.  Ӛткеннің  бәрі  ұмытыла  бастады.  Мұқа 

ұмытайын деген жоқ-ау. Ӛзгелер ұмыттырып жіберді. 

Енді міне араға он екі жыл салып, Шынаркүлмен қайта ұшырасып отыр. 

  

*** 


        

Шынаркүл  ұзақ  жылады.  Жылай  отырып,  кӛңіліндегі  қапасын  түгел 

айтты.  Қалдырған  жоқ.  Мұқа  басу  айтып  жұбатқан  болды.  Жұбата  отырып 

ӛзі де кӛзіне жас алды. 

Сәлден  соң  Шынаркүл  жаулығының  ұшымен  кӛзін  сүртіп,  орнынан 

тұрды.  Әуелі  құман  мен  шылапшын  әкеліп,  Мұқаның  қолына  су  құйып 

қолына сүлгі ұстатты. Дастарқан жайды. 

Енді  Мұқа  шешіне  бастады.  Басындағы  бӛркін  алып  іргеге  қойды. 

Шапанын  да  шешпек  болып,  беліндегі  орамалын  ала  бергенде  арасына 

түйілген ӛріктер сау етіп кӛрпешенің үстіне тӛгілгені. Біразы езіліп қалыпты. 

«Кӛрпешені  бүлдірдім-ау»,—  деп  Мұқа  ӛріктерді  жинай  бергенде  жанына 

Шынаркүл жетіп келді. 

Құдайым-ау,  мынау  сіздің  үйдің  бауының  ӛрігі  емес  пе?  Алда, 

жарықтық-ай...  Әлі  салып  тұр  екен-ау,  ә?..  О,  садағаң  кетейін  дән...  жеміс... 

Табиғаттың  ризығы  сен  ӛлмейді  екенсің  ғой.  Құдайым-ау,  әлі  азбапты. 

Әрқайсысы  баланың  жұдырығындай...  Сап-сары.  Сары  алтын  дерсің. 

    Шынаркүл ӛріктің біреуін аузына салды. 

— Дәмі де сол күйі. Бал татиды. Мұқа-ау, жеп кӛрдің бе ӛзің? Бірақ сен 

тойғаныңша жеп қайтқан шығарсың. Әй, құмарыңнан бір шықтың-ау... 

Шынаркүл  ӛрікті  қуана,  тоймас  құмарлықпен  шайнады.  Жүзі  жайнап, 

қайғы  орнап  алған  кӛздері  де  бір  сәт  нұрланып  кеткендей  болды. 

        Мұқа  да  бір  ӛрікті  алып,  дастарқанның  шетіне  сүртіп  жатыр  еді, 

Шынаркүл: 

—  Ӛрікті  сүрткені  несі.  Ӛрікте  кір  болмайды.  Баяғыда  біз  Дәнекер 

екеуміз үнемі осылай, дәмі кетіп қалады деп жумай жейтінбіз,— деді. 

Мұқа ӛрікті аузына салып еді. Анау айтқан дәмі байқалған жоқ. Аузы су 

татып кеткендей болды. Бірақ Шынаркүлге сыр берген жоқ. 

— Дәмді екен,— дей салды. 

—  Баяғыда  келіншек  күніміз  есіңде  ме  Мұқа.  Дәнекер  екеуміз  талдың 

кӛлеңкесінде  күні  бойы  тапжылмастан  тәшек  шағып  отырушы  едік  қой. 

Сонда  Қаулен  екеуің  бізге  «сендерді  тәшек  шағып  отырсын  деп  алғанымыз 

жоқ»—деп ұрсатынсыңдар. Бірақ сол ұрысқандарың бізге айналғаннан бетер 

болушы еді. Біз ашуланудың орнына сықылықтап күлетінбіз. Шіркін-ай, сол 

кезде қандай бақытты едік біз... Кӛңілді жүретінбіз. Уайым-қайғы дегеннің не 



14 

Sauap.org 

екенін білмеуші едік. Бұл ӛмір солай ӛзгермейтін шаттық, шадыман күлкі деп 

қана ойладық-ау. Алда, заман-ай... 

Шынаркүл шын кӛңілімен елжірей сӛйлеп отыр. Аузына салған ӛрігін де 

бірден  жұта  салмай  «дәмін  таңдайыма  сіңіріп  қалайын»  деген  кісіше  ұзақ 

талғап  барып,  ақыры  тамсана,  талмап  жұтты.  Жұтты  да  тағы  бір  ӛрікті 

аузына салып жатып: 

—  Мұқа-ау,  қалғанын  түйіп  ал.  Балаларыңа  апарып  бер.  Түгел  ауыз 

тисін. Келіншек алғаныңды естігенмін. 

Құтты  болсын!  Одан  да  бала  сүйіп  отырған  кӛрінесің.  Ия,  түйін  алып, 

апарып бер, ата қоныстарының ӛрігі ғой,— деді.  

Ӛзі ішкі бӛлмесіне кіріп, басқа ұсталмаған ақ мата әкеліп берді. Қалған 

ӛрік кӛп те емес болатын. Сондықтан шалдың кӛңілінде «Мұны ауылға несін 

апарамын»  деген  ой  да  болды.  Бірақ  Шынаркүлдің  мынадай  ықыласынан 

кейін олай деу мүмкін емес еді. 

Шынаркүл берген ақ матаға Мұқа қалған ӛрікті түйіп алып, шапанының 

қалтасына салып қойды. 

Сәлден  соң  шай  келді.  Әбден  шӛл  қысқан  Мұқа  шайды  терлеп-тепшіп 

ұзақ ішті. Дастарқанға қойылған сиыр майы мен жұмсақ таба наннан да біраз 

жеді.  Шӛлі  қанып,  ішіне  де  ел  қонған  соң  кӛңілі  серги  бастады. 

Шынаркүлден  оны-мұны  сұрап  әңгіме  ұзартқысы  келді  де,  естімейтіндігін 

ойлап қана үнсіз отырды. 

Оның есесіне әңгімені Шынаркүлдің ӛзі айтты. 

Жалғыз үй қалдым, Мұқа-ау. Ӛткен жылы сенің Белжігітің бүкіл ауылды 

кӛшіріп  әкетті.  Мына  жақта  екі  қырдың  астында  кӛрші  совхоздың  учаскесі 

бар. Егін егеді. Сонда барып тұрам. Қант-шайды да сонан әкелемін. 

Мұқа бас изеп мақұлдаған болды. 

Қайыпбектің жылын берген соң келін тӛркініне кетіп қалған. Қайтейін, 

тоқта  деуге  шара  болмады  ғой  менде.  Қайыпбектен  бала  кӛтермеді. 

Кӛтергенде  осы  босағада  қалып  та  қояр  ма  еді  кім  білсін.  Маңдайыма 

жазылғаны осы шығар. Не дейін? Жылап-сықтап қала бердім. Тастап кеттің 

екен  деп қарғағаным  жоқ.  Ақ батамды  бердім.  «Алғаш аттаған босағаң ғой, 

құлыным,  ұмытпай  жүр»  дедім.  Ол  да  жылап  қоштасты.  Қайтсін.  Ол  да 

кетейін  деп  кетті  ме,  бұл  босағада  ол  қызығатын  ештеңе  қалмады  ғой. 

Барсын. Бетінен жарылқасын. Құдай ендігі жолын оңғарсын. 

Ол кеседегі шайын бір ұрттап қойып, әңгімесін жалғай түсті. 

—  Сӛйтіп  бір  ауылды  күзетіп  Алыпсоқ  екеуміз  ғана  қалдық. 

Алыпсоғымды әлгінде кӛрдің ғой. Ит емес ол. Мені тастап қаңғырып кетсе не 

дер  едім?  Не  деуші  едім,  аңырап  қала  берер  едім  де...  Бақытсыз  басым  не 

кӛрмей  жүр.  Кӛнер  едім  де  бәріне...  Жоқ.  Ол  тастап  кетпес.  Құдай  біледі, 

тастап  кетпейді.  Мен  ӛлген  күні  қырқаның  басына  шығып  алып,  ұлып 

отыратын шығар. Кӛрерсіңдер ол сӛйтеді. Кӛңілім сезеді... 

Мұқа  дастарқанның  шетін  бір  бүктеп,  бір  жазып  отырып  Шынаркүлді 

үнсіз тыңдады. 


15 

Sauap.org 

Шай  ішіліп  болған  соң,  Мұқа  тысқа  шықты.  Күн  еңкейіп  қалған  екен. 

Аптап басылып, салқын түсе бастапты. 

«Бүгін  демалып,  ертең  ертемен  шығып  кетесің  ғой.  Кӛлеңкеге  тӛсек 

салып  қоямын,  тынық»  деді  Шынаркүл  босаған  самаурынды  кӛтеріп  бара 

жатып. 

Мұқа  келіскен рай танытты.  Аймүйіз де  бұзауымен үй жанындағы ескі 



қораның кӛлеңкесінде тұр екен. Бұзауы солпылдатып еміп жатыр. Енесі ӛзіне 

оңаша тиіп рахаттанып-ақ қалыпты. Жанына келген Мұқаны да елеген жоқ. 

Емшектен  бас  алар  емес.  Аймүйіз  ғана  бұрылып,  Мұқаға  қарап  алды. 

Анадайдан сӛйлеп, сәлден соң Шынаркүл де келді. 

Жарықтық баяғы Ақсиырдың тұқымы ғой. Қандай сүтті еді, шіркін. Бір 

сауғанда, 

Дәнекер 

шелекті 


үйге 

шілпілдетіп 

әкелетін. 

      Шынаркүл 

Аймүйіздің 

сауырынан, 

арқасынан 

сипады. 


      Дәнекер Аймүйізді сауа алды ма ӛзі? Айтпақшы біз Дәнекердің қырқына 

барғанымызда  бұл  бірінші  бұзауын  туып  тұр  еді  ғой.  Алда,  жануар-ай... 

Емшегіңе Дәнекер қол тигізіп те үлгіре алмады-ау. Аймүйізім де Ақсиырдан 

кем болмайды, қайта одан да сүтті болар деуші еді. 

Шынаркүлдің  алақаны  терісіне  жұп-жұмсақ  тиген  болар,  Аймүйіз 

бұрылып, оған ұзақ қарады. Тырп етіп қозғалған жоқ. Бір кезде Шынаркүлдің 

кӛзі бұзауға түсті. 

— Ой, тәлтиген әукешім. Қарай гӛр ӛзін бас алар емес. Мынау қайтеді-

әй,  енесінің  емшегін  жұлып  жей  ме?—деп,  оған  қол  тигізе  беріп  еді,  бұзау 

басын 


жұлып 

алып, 


асаулық 

кӛрсете 


кейін 

шегініп 


кетті. 

    Мұқа-ау, мына бұзаудың мойыны қиылып кете жаздапты ғой. Құдайым-ау, 

жаңа  туған  бұзауға  да  кісі  осынша  зәбір  кӛрсетер  ме?  Мойнына  қыл  арқан 

салғаның не? Алда жануарым-ай. Бейкүнә-тентегім-ай. Енді қайттім? Ойбай-

ау, ӛлтіре жаздапсың ғой. Енді болмаса ӛліпті ғой. 

Шынаркүлдің  жан  дауысы  шығып,  саңырауға  сӛйлегендей  шаңқылдап 

жүр.  Қой,  мен  бұған  ноқта  тігіп  берейін.  Ата  қонысынан  ноқта  тағып 

қайтсын.  Мұқаның  мына  ісіне  наразылық  білдіре,  күйіп-пісе  сӛйлей  жүріп, 

Шынаркүл үйге қарай кетті. 

Мұқа  атын  жайлады.  Бой  сергітіп  олай-бұлай  жүрген  болды.     

Үйге келді де есік алдындағы талдың кӛлеңкесіне салып қойған кӛрпешенін 

үстіне  жантайды.  Екі  күнге  созылған  жүріс  қалжыратып-ақ  тастаған  екен, 

жастыққа 

басы 


тиісімен-ақ 

кӛзі 


ілінді. 

      Шал кӛлеңке әбден ұзарған кезде барып оянды. Кәдәуілгі әдетімен кешке 

қарай таудың ауасы салқындап, терістіктен самал тұрыпты. Мұқа жастықтан 

басын кӛтерді. Едәуір тыңайып қалыпты. Шынаркүлдің де тамағы әзір болып 

қалған екен. 

Қол жуып, екеуі асқа отырды. Ортаға қойылған үлкен табақ бір кісі емес, 

бірнеше кісіге арналғандай. Етті кӛл-кӛсір етіп салыпты. 

—  Мал  союым  керек  еді,  Мұқа.  Аз  ғана  тұяқты  әлгінде  айтқан  кӛрші 

ауылдың  малына  қосып  жіберіп  едім. Қапелімде  аяғым  жетпей  отыр.  Саған 


16 

Sauap.org 

соймағанда кімге соямын. Мен үшін ӛзіңнен артық қонақ жоқ. Құдайым-ау, 

айлап,  жылдап  тостым  емес  пе  жолыңды...  Күдерімді  үзген  емеспін. 

Жақсылық, жаманшылықты бір кӛрген замандас қой, неғыпты, мен ӛлгенше 

бір  соғар деп  жүр  едім. Құдайға  шүкір,  ақыры  соқтың.  Мұқа  тамақ  ал.  Жас 

кездеріңде  Қаулен  екеуіңе  бір  табақ  ет  жұқ  та  болмаушы  еді  ғой.  Сендер 

тоймай  қалсаңдар  біз  Дәнекер  екеуміз  іштей  жүдеп  қалушы  едік.  Әрине 

тапшылыққа, жоқшылыққа налитынбыз. Құдайға шүкір, қазір ит басына іркіт 

тӛгілген заман ғой. Ал, Мұқа... Сол жас кезіңдегідей жеші бір... Сӛйтші. Мен 

Қауленімді  есіме  алайын.  Ӛзіңмен  қатар  отыр,  табақтас  болып  отыр  деп 

есептейін. 

       Расында  Мұқа  ашығып-ақ  қалған  еді.  Сондықтан  етті  ӛзінше  қарбытып 

жеген  болды.  Бәрібір,  жетпіске  келген  шалдың  тамақ  алғаны  қайсыбір 

мардушы еді. Тауыспақ түгілі екеуі жабылып табақты орталай да алған жоқ. 

Еттен  кейін  екеуі  отырып  шай  ішті.  Сонан  соң  Шынаркүл  есік 

алдындағы сӛреге Мұқаға тӛсек салып берді. 

Тӛңірек  қою  қараңғылық  құшағында  мүлгіп  тұр.  Тӛсекке  жатқаны 

болмаса, Мұқа ұйықтамады. Кешегі үрейдің жұрнағы да жоқ. 

Аспанның шыңырау түбін тесіп шыққан жұлдыздар да, шырылдап ұшып 

ұяларына  келіп  қонақтаған  құстар  да,  қараңғылықтан  кӛлбеңдеп  тұлғалары 

қарауытқан иесіз тамдар да, бәрі де Мұқа үшін бүгін кӛңілге медеу, ес тұтар 

жанды бейнелерге айналып кеткендей. 

Шынаркүл  үйге  бір  кіріп,  бір  шығып  тыным  таппай  жүр.  Су  әкелді. 

Ыдыс-аяғын жуып болып, үй маңына су септі, сыпырды. Бәрі де баяғы жас 

кезіндегі  әдеттері.  Кӛз  түсер  жерге  қыл  жуытпайтын.  Қашанда  мұнтаздай 

боп, жүрген жерін де таза ұстаушы еді. 

Бір кезде Шынаркүл Мұқа жатқан сӛренің шетіне келіп отырды. 

— Ұйықтап қалдың ба, Мұқа? 

Мұқа әлі ояу жатқанын білдіріп, бір қозғалып қойды. 

Туған  жердің  ауасы  жаныңа  ем-дәрідей  болған  шығар?  Рахаттанып 

жатқан  боларсың?  Сендер  жақта  күн  ыстықтау  болады  ғой.  Шыбын-шіркей 

де кӛп дейді. 

Шынаркүлдің айтып отырғаны рас. Күндізгі шыбынын былай қойғанда 

кешкісін 

ыңылдап 


шыға 

келетін 


масасын 

айтсаңшы. 

       Мұқа үнсіз іштей тынып қалды. Талай жыл бірге отасқан қосағымен ата-

анасының басына барып, құран оқуды ойлауын ойлады-ау, бірақ бара алмай 

кетті.  Сонысына  ӛзі  қазір  қатты  қысылды.  Әйтеуір  қою  қараңғылық  болып, 

ұяттан  қып-қызыл  болып  жерге  қараған  жүзін  Шынаркүлге  кӛрсеткен  жоқ. 

Құдай  да  кейде  қараспайтын  жерде  қарасады-ау...  Шынаркүлдің 

саңыраулығы  да  Мұқаның  пайдасына  шешілді.  Шалдың  жауап  беруін 

күтпей-ақ ол сӛзін қайта бастап кетті. 

Ӛткен  жылы  кӛктемде  біреулер:  несін  айтасың,  деректір келетін  бопты 

деді.  Белжігітің  осы  совхозға  деректір  екенін  білемін  ғой.  Құдайлығымды 

айтайын,  жүрегім  жарылардай  қатты  қуандым.  Қайыпбек  пен  екеуі  түйдей 



17 

Sauap.org 

құрдас  еді  ғой.  «Айналайын,  Қайыпбектің  орнына  келейін  деген  екен. 

Қайтсін, асыр сап ойнап-күліп ӛскен бір жылдың тӛлдері ғой» деп ойладым. 

Соятын  мал  алдырдым.  Бала  кезінде  біздің  Қайыпбекпен  екеуі  отқа  кӛмген 

күлшеге  кӛп  таласушы  еді.  Соны  есіне  салайыншы  деп  Белжігітке  арнап 

күлше де пісіріп қойдым. 

Бір  кезде  бір  топ  адам  «деректір  келді,  кеп  қалды»  деп  үйдің  тұсынан 

топырласып ӛтті. Мен де сыртқа шығып, мойнымды созып қарап едім, сиыр 

қораның жанында мәшинесінен түсіп жатыр екен. Таныдым. Балаларыңның 

бәрі  де  ӛзіңе  тартқан  кеуделі,  бойшаң  болып  ӛсті  ғой.  Жазбай  таныдым. 

Мәшинесінен түсе сап біздің үйге қарай жүргендей болды. Мен асығыс үйге 

кіріп  кеттім.  Дәнекер  Белжігітін  Белжан  деуші  еді.  Белжанды  ӛз  үйімнің 

босағасынан  күтейін;  тел  ӛсіп  еді,  тебісіп  ӛсіп  еді,  омырауына 

Қайыпбекжанымның иісі сіңді ме екен, иіскейін, кеудеме армансыз басайын 

дедім.  Күттім.  Әрі  күттім,  бері  күттім.  Жоқ.  Келмеген  соң  тысқа  қайта 

шықтым. Шықсам әлгіндегі топырлап ӛткендер қайтып барады екен.  

Дауыстап «Белжан қайда?» деп едім, біреуі «Белжаны кім? Директор ма, 

ол  кетіп  қалды»  дегені.  Кеудеме  мұз  қатқандай  болды.  Үйге  қайтып  әзер 

кірдім.  Мұнан  ӛткен  азап,  қорлық  болмайды  екен,  Мұқа.  Ал  кеп  жыла... 

Мұқа-ау, мен бейбақ қалайша жыламаймын енді, ӛзің айтшы... 

Сӛйтсем  ол  маған  кӛңіл  айтуға  емес,  ферманы  кӛшіруге,  сӛйтіп  мына 

мені жалғыз тастап кетуге келген екен. 

Мұқа  мұндай  қысылмас.  Сасқанынан  кӛрпесін  бір  иығына  жамылып 

түрегеп  отырды.  Шынаркүл  ішіндегі  бар  қапасын  ақтарып  жатқанда 

кӛңіліндегі  кӛк  мұзын  ел-сел  етіп  ерітіп  жатқанда  шалқайып  жатуын  ерсі 

кӛрді. 

—  Осында  алғаш  кӛшіп  келген  жылдары  ӛздеріңді  қатты  ӛгейсіп  іздеп 



жүрдім.  Ел  іші  емес  пе,  бірте-бірте  үйреністік.  Қайыпбегім  келіншек  алды. 

Әліміздің  жеткенінше  той  жасадық.  Ел-жұрт  ойнап-күліп,  жақсы  тілектерін 

айтты.  Енді  ойлап  қарасам:  жалпақ  жалғандағы  кӛрген  оймақтай  бақытым 

сол  бір  күндер  екен.  Ол  да  бір  аз  ғана  дәурен  бопты.  Мен  жүрегім 

жарылардай  қуанып  жүрдім.  Бірақ  іштей  шүкіршілік  еткенмін.  Бұл  құдайға 

тойымсыздығымнан жазған жерім жоқ... 

Қайыпбегімнен  айрылып,  қабырғам  қайысқан  шақта  неге  екенін 

білмеймін ӛздеріңді қайта іздедім. Іштей Дәнекерді ойладым. Сені ойладым. 

Бұл Мұқа неге келмей жатыр деп алаңдаумен болдым. Япырмай, есітпеді ме 

екен?  Неге  есітпейді?  Бұл  жұрттың  бәрі  менің  қайғымды  әңгіме  етпейтін, 

кӛрдік-білдік  демейтін  қаскӛй,  қатыгез  болып  кеткенде  де,  аңыраған 

дауысым арылдап соққан желмен ілесіп жетпеді ме? Сәуірдің ақ жауыны боп 

менің кӛз жасым терезеңнің әйнегін қақпады ма? Жеткенде шығар-ау... 

Қаққан да шығар-ау... 

Сонда қалайша селт етпедің сен? Неге келе салмадың, Мұқа... Неге? Бір 

күндік  жер  ғой.  Құдайым-ау,  тіпті  балаңның  мәшинесімен  сүт  пісірім  ғана 



18 

Sauap.org 

уақыт емес пе? Мен бейбақты бір жұбатып кете салсаң ғой. Жарайды, менің 

қайғымды да былай қояйық. Жұмыр басты бір пенде ӛлді, кетті... 

Осы біз бір-бірімізді қалайша ұмытып кеттік? Неге ғана ӛзгердік? Баяғы 

елжіреген  жүрегіміз  қайда?  Бір-бірімізсіз  тұра  алмайтын  кӛңіліміз  қайда? 

Мұқа-ау, біз оларды қайда кӛміп кеттік? Қалай ғана жоғалтып алдық? 

Мұқа  үнсіз  отыр.  Отырғаны  құрысын,  жердің  оймақтай  тесігі  болса 

кіріп-ақ 

кетер 


еді. 

Сол 


тесікті 

таба 


алмай 

шерменде. 

Шынаркүлдің аз ғана үнсіздігі Мұқа үшін жылға созылғандай. Ол неде болса 

Шынаркүлдің  келесі  сӛзін  тезірек  бастауын  тағатсыз  күтіп  отырды. 

       Дәнекер  болса  келер  ме  еді,  келмес  пе  еді?  Құдай  біледі  келер  еді.  Мені 

бүйтіп зарықтырмай аңырап әлдеқашан жетер еді-ау. Жоқ. Ол арамыздан тек 

кетпеген  екен,  Мұқа.  Біздің  бәрімізге  ортақ  киелі  қасиетті  ӛзімен  бірге  ала 

кетіпті.  Бұрынғылар  осындай  бір  жандар  болады  деуші  еді  ғой.  Солардың 

бірі Дәнекер шығар. Ақиқат сол. Соңы да сол Дәнекер болмаса қайтсін... 

Шынаркүл  тағы  да  үнсіз  қалды.  «Армансыз  аңырады-ау»  деп  ойлады 

Мұқа іштей. «Аңырады-ау... Кӛз жасыңда жүзіңнен қырық тарау жол салып 

сел болып ақты-ау... Қайда кетіп жатыр соның бәрі? Кӛл болатындай болды 

ғой. Соның бәрі мына сәкінің үстінен құлай ағып қара жерге сіңіп жатыр ма? 

Жұтып  жатыр  ма?  Сӛйтіп  жатса  қара  жер  де  сенің  кӛз  жасыңа  жерік  екен, 

Шынаркүл»... 

Мұқаның 


кӛзінен 

де 


жас 

моншақтай 

тӛгілді. 

Жарайды, енді дем ал. Таңертең ерте тұрасың ғой,— деді Шынаркүл Мұқаға 

бұрылып. Оны-мұны айтып басыңды қатырдым білем. Сен болған соң айтып 

отырмын.  Әйтеуір  кеудемдегі  тұтасқан  шер  мен  арманды  біреуге  айтуым 

керек қой. Құдайға шүкір, айтып тындым. Енді ұйықтай ғой, Мұқа. 

Мұқа  амалсыз  қисайды.  Қазір  мына  дүние  жап-жарық  болса 

Шынаркүлдің бетіне тура қарай алмас халде еді. Түн болғанына шүкіршілік 

етті. 


Шынаркүл  еңкейіп  кеп  кӛрпесін  дұрыстап  жауып,  жан-жағын  қымтап 

жатқанда кӛңілі босап, елжіреп кетті. Кӛз алдына ӛзінің Дәнекері елестеді. 

 

*** 


  

     Мұқа торғайлардың шырылынан оянды. Таң атып қалған екен. Шынаркүл 

әлдеқашан-ақ тұрған секілді. Шай қайнап қалыпты. Асыға киініп, жуынды. 

Шынаркүл сәкінің үстіне дастарқанын жайып, самауыр әкелді. 

—  Аймүйізді  саудым.  Уызын  ішіп  кӛр,—  деп,  Шынаркүл  табақ  толық 

уызды ортаға қойды. 

Уыз сұйылып қалған екен. Сонысына қарап шал «Аймүйіздің туғанына 

бүгін  үшінші  күн  екен»  деп  ойлады.  Бірақ  тіл  үйірердей  дәмді.  Мұқа  біраз 

ішкен  соң  табақтағы  уызды  Шынаркүлге  қарай  ысырып  қойды. 

       Жүруге  жиналды.  Шынаркүл  үйден  шапанын,  қамшысын,  ақ  шүберекке 

түйілген 

кешегі 


ӛрігін 

алып 


шықты. 

19 

Sauap.org 

Екеуі  қатар  жүріп,  қора  жаққа  қарай  беттеді.  Мұқа  атына  ер  салды. 

Шынаркүл тіккен ноқтасын бұзауға кигізбек болып, оны ұстау үшін ұмтылып 

еді,  бұзау  енесінің  бауырына  тығылды.  Бірақ  одан  әрі  қашқақтаған  жоқ. 

Шынаркүл  ноқтасын  кигізіп  жатқанда  денесі  дір-дір  етіп,  танадай  кӛздерін 

Шынаркүлден айырмады. 

Мұқа  атына  мінді.  Аймүйіз  маң-маң  басып  алға  түсті.  Ұзап  шыққанша 

Шынаркүл  бұзауды  ӛзі  жетелеп  жүрді.  Ауыл  сыртындағы  қырқаның  үстіне 

шыққан соң барып бұзауды қоя берді. Ол Мұқамен қол алысып қоштасты. 

Есен  бол,  Мұқа.  Қайта  айналып  келесің  бе,  келмейсің  бе?  Есен  бол... 

Мені сұрағандар болса Шынаркүл жалғыз отыр екен деме. Ата қонысты қия 

алмай жүр екен де. Солай де, Мұқа. 

Шынаркүл  бұл  жолы  қайсарлық  танытты.  Жылаған  жоқ.  Дауысы  ғана 

дірілдеп, толқып шықты. 

«Қош бол, Шынаркүл» деді Мұқа да дауысы қалтырап. Одан ӛзге тағы 

бірдеңелер айтуға батылы да жетпегендей. 

Мұқа атын тебініп жүріп кетті. Біраз ұзаған соң барып, бұрылып қарап 

еді.  Қыр  басында  Шынаркүл  әлі  тұр  екен.  Бұлардан  кӛз  алар  емес.  Туған 

жердің қоңыр самалымен ақ жаулығы желбірейді. 

Кешегідей  ауылға  пәлен  уақытта  жетемін  деп  Мұқа  мӛлшерлеген  жоқ. 

Тіпті,  сол  ауылға  жетуге  асықпайтын  секілді.  Екі-үш  қадам  алда  Аймүйіз 

кетіп  барады.  Ноқтасының  бауын  сүйреткен  жас  бұзау  бұл  жолы  енесінен 

қалысар емес. 

Олар да асықпайды... 

Мұқа  алдағы  күндерін  емес,  ӛткенді  ойлап  келеді.  Есіне  жастық  шағы 

түсті. Кешегі ӛзі болған ескі жұрты Талтоған... Сосын Шынаркүл. 

«Күзге  қарай  Талтоғанға  бір  соғып  ӛріктерді  суарып  қайтсам»  деп 

ойлады шал. «Жеміс қой. Кӛгеріп тұра берсін. Елсіз мекеннің ендігі тіршілігі 

ғой.  Ӛлмесін.  Шынаркүлді  де  балаларыма  айтып  қысқа  қарай  кӛшіріп 

алмасам болмас. Қалайда кӛшіремін... Мен үшін ендігі парыз осы болар...» 

Мұқа  сәскеде  Шырағданның  етегіндегі  кешегі  ӛзі  соғып  ӛткен  бұлаққа 

құлады. Осы жерде атынан түсті. Бұлақтан ӛзі де, малдары да су ішті. Шал 

тіпті  асыққан  жоқ.  Атының  жүгенін  сыпырып  бұлақ  маңындағы  құраққа 

жіберді. Жас бұзау енесінің шабына бас қойды. Ол екеуіне кешегі кӛрсеткен 

зәбірі  есіне  түскенде  шал  ӛз-ӛзінен  қысылды.  Әсіресе  бұзауды  шылбырмен 

сүйреткені есіне түскенде, оны тіпті аяп кетті. «Құдай-ау, қалайша батылым 

жетті.  Неткен  мейірімсіз  едім.  Осы  болмаса  ғой  бұл  ӛңірге  соқпауым  да 

мүмкін еді. Иә, біржола ұмытар ма едім. Осы ғой мені жетелеп келген... 

Ой, сотқар тентек»... 

 Шал  орнынан  емпеңдей  түрегеліп  енесін  еміп  болып,  күнге  қарап 

керіліп тұрған жас бұзаудың арқасынан сипамақ болды. Бұзау енесіне қарай 

бұрылды.  Бірақ  қашқан  жоқ.  Шалдың  арбиған  саусақтары  денесіне  тигенде 

басын кекжитіп тұра қалды. Кӛзінде шошынудың белгісі жоқ. Таңырқау мен 

менменсу ғана бар. 


20 

Sauap.org 

«Мұның  ӛркӛкірегін  қарай  гӛр,  әй.  Ой,  тентек.  Ӛзінен  басқа  мақұлық 

жоқтай». Шал бұзаудың мойнынан, ноқталығынан сипады. 

Жас 

бұзау 


құлағын 

қайшылап 

едірейіп 

тұр. 


      Таудан  асарда  Мұқа  атына  мінген  жоқ.  Бір  қолымен  атының  шылбырын, 

бір  қолымен  бұзаудың  ноқта  жібінен  ұстай  жүрді.  Қияға  енді  тырмыса 

бергенде  күн  кӛзін  бұлт  басты.  Шал  бұған  қуанып  қалды.  «Күн  ыстықта 

таудың 


басына 

шығу 


қандай 

қиын 


болар 

еді. 


        Әсіресе,  мына  жас  бұзауды  айтсайшы.  Ӛкпесінен  не  қалмақшы.  Бұл  да 

құдайдың қарасқаны шығар...» 

Расында да ӛрге қарай жүру жас бұзауға оңайға соқпады. Сәлден соң-ақ 

қисалаңдап жүрістен қалды. Бұзауына алаңдаймын деп Аймүйіздің де жүрісі 

ӛнбей  қойды.  Сондықтан  Мұқа  аздап  демалып  алуды  жӛн  кӛрді.  Бұл  жүріс 

шалдың ӛзіне де оңайға соғар емес. Кӛптен жаяу жүрісті кӛрмегендіктен тұла 

бойы тершіп, ентігіп келе жатқан. Шапанын шешіп атының үстіне салды да, 

ӛзі жол жиегіндегі тас үстіне отырып біраз демін алды. 

Сәлден  соң орнынан  тұрды.  Бұзау  да біраз  әлденген  сияқты.  Сӛйтсе де 

ол  енесінің бауырынан  шығар емес.  Аймүйіз  де  ұзын  тілімен жалап-жұқтап 

жатыр.  Енесінің  мейіріміне  елтігендей  жас  бұзау  басын  тӛмен  салып 

қимылсыз тұр. «Неткен балажан, қызғаншақ еді» деп ойлады Мұқа сиырдан 

кӛз алмай отырып. 

Бұлар  тағы  да  ілгері  жылжыды.  Тау  басына  шығу  оңайға  соққан  жоқ. 

Митыңдап ұзақ жүрді. Қайта-қайта демалумен болды. Ӛзінің ӛкпесі сарылдап 

жүріп, Мұқа әлсіреген қолдарымен жас бұзауды әлсін-әлсін демеп те қояды. 

Аспанды  басқан  бұлт  бірте-бірте  қоюлана  түсті.  Сәлден  соң  жауын 

тамшылай  бастады.  Шал  енді  «нӛсер  жауын  болып  кетпесе  етті.  Жақын 

жерде паналайтын да ештеңе жоқ» деп уайым жеді. Бірақ шалдың тілегі бола 

қоймады.  Сәлден  соң-ақ  жауын  сатырлап  құйып  берді.  Жауын  болғанда 

қандай... Сап-салқын. Әр тамшысы денеңе дүрс-дүрс тиеді. Жас бұзау бүрісіп 

енесінің бауырына тығыла түсті. 

Сӛйтсе  дағы  бұлар  алға  жылжумен  болды.  Әрі-беріден  соң  шал  атын 

ӛзінше  жіберіп  тек  қана  жас  бұзаумен  болып  кетті.  Бір  қолымен  ноқта 

жібінен  ұстап,  бір  қолымен  демеп  ӛрге  қарай  тырмысып-ақ  келеді.  Жол 

бойымен  тӛмен  қарай  аққан  жауын  суы  да  жүрісті  ауырлатты.  Бір  рет 

бұзаудың  аяғы  тайып  кетіп,  омақаса  құлап  түскені.  Оны  ұстаймын  деп 

Мұқаның 


ӛзі 

де 


жауынның 

лай 


суына 

бір 


аунап 

тұрды. 


     Ӛстіп жүріп бұлар тау басына да таянды. Жауын тіпті үдеп кетті. Кәдімгі 

ағыл-тегіл  нӛсер...  Шелектеп  құйып  жатқандай.  Жас  бұзау  тіпті  бүрісіп 

барады.  Аймүйізді  де  аяп  кетті.  «Кеше  ғана  босанды  ғой.  Ауырып  қалмаса 

етті» деп ойлады. Ал жас бұзауды тіпті ӛліп қалмағай еді деп қорықты. 

Жалма-жан ерінде келе жатқан шапанын алып Аймүйіздің үстіне жапты. 

Сонан соң бұзаудың жанына келді. «Сен әлі кішкентайсың. Тентексің. Міне 

саған  осы  да  жетіп  жатыр»  деп,  шал  сӛйлей  жүріп  костюмін  шешіп  алып, 

бұзаудың үстіне жапты. Костюмнің екі жеңі салақтап жерге тиіп келе жатыр. 



21 

Sauap.org 

Мұқаның  ӛзі  жауын  суына  әбден  малшынды.  Қалтырап жаурай  да  бастады. 

Осы  сәтте  оның  есіне  Торғын  түсті.  Ол  Мұқаның  мына  ісін  кӛрсе  ғой,  екі 

аяғын  бір  етікке  тығар  еді.  Костюмді  үстінен  сыпырып  алып  бәлкім  жас 

бұзауды ӛлгенше ұрар еді. 

Тау  басына  шыққан  соң  Мұқа  бұзауын,  атын  жетелеп,  биік  жартастың 

ығына келіп тұрды. Жауын әлі құйып тұр. Тӛңіректен ештеңе кӛрінер емес. 

Шал  мынандай  жауында  жол  жүріп  те  береке  таппасын  жақсы  білді.  Неде 

болса  ол  жауынның  толастауын  күтті.  Әбден  қалжыраған  жанның  олай 

етпеске де мұршасы жоқ-тын. 

Ақыры  жауын  да  басылды.  Күннің  кӛзі  шығып,  тӛңірек  ай-жай  болды. 

Сол  жауынның  белгісі  болып  әр  жерде  кӛлкіген  су  мен  шӛп  басында 

жылтылдап шық қана қалыпты. Мұқа сиырға жапқан шапаны мен бұзаудың 

үстіндегі  костюмін  алып  тастың  бетіне  жайып  қойды.  Ӛзі  кӛйлегін  шешіп 

алып, сығып, қайта киді. 

Күн  кӛзі  шығысымен-ақ  шалдың  денесі  жылына  бастады.  Бұзаудың  да 

бойы  сергігендей.  Сілкініп,  жусан  басын  шалған  енесіне  еріп  олай-бұлай 

жүре бастады. 

Шал  әлгінде  митыңдап,  ӛздері  жүріп  келген  қиядағы  жолға  кӛз  салды. 

Тӛмен  қарай  құлдырап  аққан  жауын  суларымен  жарқырап  кӛрінеді. 

       Дәл  осы  жолмен  осыдан  он  жыл  бұрын  кӛшкені  есіне  түсті.  Онда 

Мұқаның кӛңілі ересен қуанышта еді. Жанында жаңа қосылған жас келіншегі 

басына құндыз бӛрік киіп, жеңіл машинаның кабинасында отырған. Екі жүк, 

екі жеңіл машинамен кӛшіп дәл осы Шырағданнан асып еді-ау. 

Ӛзгелер  сонда  Мұқаға  қызыға  қарады.  Тамсана  әңгіме  етісті.  Мұндай 

бақытты  кӛш  одан  бұрын  болмаған  да  еді.  Сонда  Мұқа  шал  жеңіл 

машинасының терезесінен жан-жағына таңдана қарап отырып «Жұртта есік-

терезелерім  қалып  кетіпті-ау.  Жарайды,  біреуді  жіберіп  алдырармын»  деп 

ойлаған. 

Енді  ойлап  қараса  сол  жолы  ескі  жұртта  есік-терезесі  ғана  қалмапты. 

Есік-терезе  деген  не,  тәйірі...  Жоқ.  Қалған  дүниеде  есеп  жоқ  екен...  Не 

қалдырғанын ӛзі де сезбепті. Сезсе бұл шал жоғын іздеп содан бері бұл жаққа 

мың сан рет соқпас па еді... Мұқа ата қоныста не қалдырғанын кешелі-бүгін 

ғана білді... 

Шалдың  кӛңілі  толқып  кетті.  Қия  жолдан  әрі  қарай  Талтоғанға, 

Шынаркүл  отырған  қойнауға  кӛз  салып  еді,  бұлдырап  кӛрінбеді.  Әлде 

олардың  кӛрінгісі  келмеді  ме  екен?  Баяғыда  кӛрінуші  еді  ғой.  Дәл  осы 

Шырағданның  үстінен  Талтоғанды,  қарайған  әрбір  үйді,  бұраңдап  аққан 

ӛзенді,  ӛз  үйінің  кӛк  жасыл  бауын,  бәрі-бәрін  де  кӛруші  еді  ғой. 

Шалдың  кӛзіне  жас  іркілді.  Ол  ӛмірінде  дәл  осылай  торыққан  емес. 

Торығамын деп ойлаған да жоқ-ты. 

Шалдың ойын Аймүйіздің мӛңіреген дауысы бӛліп кетті. Оның дауысы 

Мұқаға  тым  мұңлы  күйде  естілді.  Ӛзі, мүйізі  күнмен жарқырап  ескі  жұртқа 

қарап тұр екен. 


22 

Sauap.org 

— Мӛңіре... Аймүйіз мӛңіре... Немене, сен де ӛткенді, кеудеңе жамаған 

күнәңді ойлап тұрсың ба? Жоқ. Сенің күнәң жоқ, Аймүйіз. Сен тазасың. Сен 

бұл  жұртты  еш  уақытта  да  ұмытқан  жоқсың.  Тағы  да  бір  тӛліңді  сен  ӛзің 

ӛскен жерден аяқтандырып қайттың... 

Аймүйіз тағы да мӛңіреді. 

Шал аяқтарын сүйрете басып сиырдың жанына барды. 

— Жетер енді. Немене, қимай тұрсың ба? Аман болсаң келерсің тағы да. 

Мен  тірі  жүргенде  келіп  қал.  Келе  бер.  Жарайды.  Кӛңілімді  босатпашы, 

Аймүйіз. 

Құйқа 


тамырымды 

шымырлатпашы. 

Мұқа сиырдың самайынан, арқасынан сипап тұрып оның кӛзінен жас кӛрді. 

Бәлкім  ол  әлгінде  ғана  басылған  жауынның  тамшылары  шығар.  Шал 

«Аймүйіз жылап тұр екен» деп ойлады. 

Сиыр үшінші рет тіпті ұзақ мӛңіреді. 

— Доғар енді. 

Шал қамшы ұстаған оң қолын қалай кӛтергенін де аңдамай қалды. Бірақ 

ұрған 

жоқ. 


Қамшы 

ұстаған 


қолын 

кілт 


қайта 

түсірді. 

       Қолым  сынсын,  Аймүйіз.  Сені  ұрмақ  болдым-ау.  Қолымды  шынымен-ақ 

кӛтердім-ау.  Таңертең  ғана  уызыңды  іштім.  Алпыс  екі  тамырыңды  иіп, 

қуалап  шығар  нәріңмен  сен  бізді  он  жыл  асырап  келесің.  Он  жыл.  Ал  мен 

сені  ұрмақпын!  Біздер  қандай  опасызбыз.  Аймүйіз  кешіре  гӛр...  Бізді 

құдайтағала  дүниедегі  ең  мықты,  сонымен  бірге  ең  осал  мақұлық  етіп 

жаратыпты. 

Қолым  сынсын  деймін-ау.  Кім  сындырады  менің  қолымды.  Ӛңшең 

деректірдің  әкесінің  қолын  сындырып  бұл  жұрт  ӛле  алмай  жүр  ме.  Кӛрге 

түскенде  саған  кӛтерген  оң  қолым  алдымен  шірісін,  Аймүйіз.  Жетер  енді... 

Сен де тым қатал екенсің. Үшінші рет несіне мӛңіредің? Неге? Кісіні аясаң 

етті... 

Шал жас бұзауға қарады. Ол да алғаш жамбасы жерге тиген ӛңірден кӛз 

алар емес. 

—  Немене,  сен  де  қарап  тұрсың  ба?  Бәлкім  келер  жолыңды  барлап 

тұрған  шығарсың?  Таба  алмаспын  деп  қиналма.  Табарсың.  Желінің  жер 

сызып,  тау  мен  тасты  жаңғырта  мӛңіреп,  сен  де  Шырағданнан  асып  барып 

сол  ӛңірге  бұзауларсың.  Бұзауыңды  ертіп  алып,  ӛзен  бойлап,  ескі  жұртты 

кезіп  жүрерсің.  Бірақ  артыңнан  ат  сабылтып  сені  іздеп  барар  жан  болар  ма 

екен? Жас бұзауыңның басына ноқта кигізіп жіберер жан қалар ма екен? Әй, 

қайдам... Сенің қасіретің сол болар, бұзауыңды ертіп, жер кезіп әрі жүрерсің, 

бері  жүрерсің  сонан  соң  тағы  да  тау-тасты  күңіренте  мӛңіреп  желінің  жер 

сызып кері қайтарсың. Сонда осы бір күніңді кӛзіңе жас парлап тұрып есіңе 

аларсың-ау. 

Шалдың бетін жас жуып кетті. 

 

*** 


 

23 

Sauap.org 

     Мұқа үйіне сол күні кешкісін жетті. Жас әйелі кӛршілерімен бірге үй 

сыртынан  күтіп  алды.  Әншейінде  мезгілімен  қырынып,  мұнтаздай  киініп, 

қарттығын  жасыра,  бойын  да  тік  ұстап  жүретін  Мұқаны  бұл  жолы  кісі 

танығысыз еді. Шалы жақындай бере-ақ Торғын жанында тұрғандарға сӛйлей 

бастады. 

—  Құдай-ау  мына  шал  ӛлуге  айналыпты  ғой.  Қараңдаршы. 

Әншейінде қауқылдасып үй маңынан шықпайтындар сиыр қарауға келгенде 

жым болды. Бұғып-бұғып жатып алды. 

Бір-екі кӛрші Мұқаны ат үстінен демеп түсіріп алмақ болып, таяй беріп 

еді,  шал  «ӛзім-ақ»  деген  ишарат  білдірді.  Әбден  қалжыраған  денесі  былқ-

сылқ  етіп  аттан  ӛзі  түсті.  Белі  бүгілген.  Бетіндегі  әжімдері  де  кӛбейіп, 

тереңдеп кеткен. Ол жетпіске келген шалға бүгін ғана ұқсап кеткен еді. Бір 

қолында  атының  шылбыры,  бір  қолында  жас бұзаудың  ноқта  жібі,  жаңадан 

сырланған үлкен жасыл қақпадан аулаға ӛзі кірді. 

—  Айттым  ғой,  бармай-ақ  қой  деп.  Осы  сиыр  бұзауымен  қоса  қаңғып 

кеткенде  иттің  кӛңілі  қалар  ма  еді.  Ӛзіңді іздемеген  адам жоқ.  Үлкен  балаң 

екі  рет,  кіші  балаң  үш  рет  келіп  кетті.  Іздетіп  жеңіл  машина  жіберген. 

Кездескен жоқ па? 

— Жоқ. 

Ӛзгелерге сенбегендей шал атын ӛзі байлап, сиыр мен бұзауды ауланың 



тӛр  жағына  қарай  ӛткізіп  салды.  Асфальт  жолға  тұяғы  тық-тық  тиген  жас 

бұзау осы жолы екі күн жолдас болған ӛз иесіне бӛгде ортаны жатырқағандай 

жаутаңдай қарады. 

Шал үйге кірді. 

— Кӛрші ауданнан бір сыйлы кісі үлкен баламен қоса бізді де қонаққа 

шақырған  екен.  Ӛзің  болмаған  соң  кейінге  қалдырдық,  —  деді  Торғын 

шалдың осы кешігуін жаратпаған пішінде. 

Мұқа  үн-түнсіз  бірден  түкпір  бӛлмеге  ӛтіп  кетті.  Шешіне  бастады. 

Костюмін шешіп Торғынға ұстата бергенде, ол ыршып түсті. 

—  Ойбай-ау,  мына  костюм  не  болған?  Су  ма,  балшық  па?  Немене? 

Мұның құны сол бұзаулы сиырыңның құнына пара-пар екенін білесің бе? Екі 

жүз сомға алдырғанмын. Екі жүз сом... 

Шал оған жауап қатқан жоқ. Кенет ойына әлдене түскендей әлгінде ғана 

шешкен  шапанының  қалталарын  қарай  бастады.  Оң  жақ  қалтасынан 

Шынаркүл ақ матаға түйіп берген ӛрік шықты. Біразы езіліп, сыртына шығып 

кетіпті. 

— Әлгі балалар қайда жүр?—деді шал Торғынға жадау үнмен. 

—  Немене,  балаларың  таудың  жабайы  ӛрігіне  қарап  отыр  ма  еді?  Ӛрік 

керек  пе  саған?  Анда  екі  жәшігі  тұр.  Кеше  үлкен  бала  әкеп  тастаған. 

        Торғын  шал  ұсынған  түюлі  матаны  қағып  жібергенде  түйін  шешіліп 

кетіп, ӛріктер шашылып қалды. 

Торғын  аяғын  долдана  басып,  сыртқа  беттеді.  Қарап  кетпеді,  әлгі 

шашылған ӛріктің біразын езіп кетті. Мұқа аман қалған үш ӛрікті әр жерден 


24 

Sauap.org 

теріп  алды.  Жанында  тұрған  кресло,  орындықтарға  бас  ұрмай  еденге  молда 

соқынып 


отыра 

беріп, 


әлгі 

ӛріктің 


біреуін 

аузына 


салды. 

      Бұл жолы жуып та, сүртіп те жеген жоқ. Тіпті олай ету ойына да келмеді. 

«Рас, шаң дәмі бар екен» деп ойлады шал ӛрікті ұзақ шайнап отырып. «Бірақ 

менің  кеудемдегі  кірден  әлдеқайда  таза  ғой.  Шаң  деймін-ау,  қайдағы  шаң. 

Желмен ұшып келіп қонған туған жердің топырағы емес пе? Ол топырақты 

ем дәрідей түйіп әкеп, мына мен күніге бір жалап тұрсам кім сӛкет дер еді. 

Дәмі  қандай  десеңші...  Япырмай,  қалайша  аңдамағанмын.  Айтпақшы 

мен  таңдайымның  дәм  айырудан  қалғанын  неге  ойламағанмын.  Алда 

пендешілік-ай.  Кінәні  ӛзімнен  іздемеппін-ау.  Болмаса  мына  ӛріктің  дәмі 

бұрынғыша, бәз-баяғыша ғой. 

Кеше су татып тұр деп ойладым-ау... Рас, су дәмі де бар. Су татыса ше... 

Ӛзіміздің Талтоғанның суының дәмі емес пе? Сол судың бір шәйнегін әкеп, 

ем дәрідей етіп, күніне бір ұрттап тұрсам кім сӛкет дер еді». 

Шал  ӛріктің  екіншісін  аузына  салды.  Тап  бір  қолынан  біреу  жұлып 

әкететіндей асығыс салды да, сүйсіне жей бастады. 

Үшіншісі алақанында қалды. Ата қоныстан ілесіп келген сары алтындай 

сары ӛрік... 

Мұқа оны жеуге де қимады. 



 

 

 



Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал