Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет7/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

ИРАН  ТІЛДЕРІ  –  үндіевропа  тілдері  тобының  үндіиран 
тармағына жататын тілдер тобы. Иранда, Ауғанстанда және Ирак, 
Түркия, Пакистан, Индия, Тәжікстан т.б. бірқатар елдерде таралған, 
85  млн.  адам  сөйлейді.  Тарихи-генетикалық  классификация 
бойынша И.т. батыстық және шығыстық болып екі негізгі топқа 
бөлінеді.  Олар  іштей  оңтүстік  және  солтүстік  тілдер  болып 
бөлінеді.  Солтүстік-батыс  И.т.:  өлі  мидия,  парфян;  жаңа  –  курт, 
талыш, белудж, гильян, мазендаран; қазіргі тілге – парсы, тәжік, 
дари,  хазара,  кумзари  т.б.  жатады.  Солтүстік  шығыс  тілдерге: 
өлі – скиф, алан, соғды, хорезм; қазіргі – осетин, ягноб; оңтүстік 
бөлігіне: өлі бактрия тілі; қазіргі – ауған, памер тілдері т.б. жатады. 
ИСПАН  ТІЛІ  -  роман  тілдерінің  бірі  (ибер-роман  тобы). 
Испания, Латын Америкасындағы 19 елде ресми тіл. Филлипин, 
Африкада тараған тіл. Сөйлеушілер саны – 331 млн. асады. БҰҰ-
ның ресми және жұмыс тілі. ХVғ. аяғына дейін «Кастилия» тілі 
деп  аталып  келді.  И.т.  Пиреней  жарты  аралында  б.э.д.  ІІІ-ІІ  ғғ. 
Римдік  отарлаушылар  әкелген  латын  тілінен  тараған.  И.т.-нің 
диалектілері: арогон, леон, астурия (Бабле) катилия, андалуз, И.т.-
нің дыбыстық құрамы 5 дауыстыдан құралған: а, о, е, и, і. Ең көне 
жазу ескерткіштері ХІІ ғ. жатады. 
ИТАЛЬЯН  ТІЛІ  –  роман  тілдерінің  бірі  (итальян-роман 
тобы),  И.т.  –  Италияда,  Ватиканда,  Сан-Марино,  Шведцария 
конфедерациясында 
(неміс, 
француз, 
швейцар-ретроман 

68
тілдерімен  бірге  )  ресми  тіл.  АҚШ,  ФРГ,  Аргентина,  Франция, 
Бельгия, Эфиопия, Сомали, Ливия, Мальта елдерінде қолданылады. 
Сөйлеушілер саны 65 млн-ға жуық. И.т.-нің диалектілері: солтүстік, 
орталық және оңтүстік. И.т. латын тіліне өте жақын тұрады. 
К
КАЛЬКА  (фр.  Calque-копия,  бейнелеу;  орыс.  калька;  ағылш. 
Calque)  –  шетелдік  сөз  немесе  тіркестерді  тікелей  сөзбе-сөз 
аударудан пайда болған сөз, сөз тіркестері (қар.: Сөз ауысу).
КА́НДЗИ – жапон жазуында хирагани, катакни, араб сандары 
және  ромадзимен  (латын  әліпбиі)  қатар  пайдаланылатын  қытай 
иероглифтері.  Жапонның  «кандзи»  термині  «Хань  (династия) 
әрпі» дегенді сөзбе-сөз береді.
КАНЦЕЛЯРИ́ЗМ  (кеңсе  тілі)  –  ресми  ісқағаздары  стилінің 
іскерлік  (кеңселік)  құжаттарында  тұрақты  шаблон  ретінде 
қолданылатын  сөз,  сөз  тіркесі,  грамматикалық  формалар  мен 
құрылымдар.  К.  іскери  қағаздарға  өте  қажет,  өйткені  іскерлік 
басқару  жұмыстарында  қайталанбалы  жағдаяттар  жиі  болады, 
ол  ресми-іскерлік  ақпаратты  тұрақты  түрде  беруді  талап  етеді. 
К.  ерекше  стилистикалық  мақсаттарсыз  ресми-іскери  стилден 
тысқары қолдану әдеби норманы бұзу болып табылады.
КАНЦЕЛЯРИ́Т – ресми материалдардағы, газеттегі, радио мен 
телеарналардағы кеңселік тілдің күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне, 
одан әдеби тілге, тіпті бала тіліне де еніп кетуі, ресми сөйлеудің 
кеңселік-бюрократтық  стилі.  Ол  мәдениетке  зарарын  тигізетін, 
тілдің  бүлінуіне  әкелетін  қауіп  ретінде  бағаланады.  Терминді 
К.И.Чуковский (1966) енгізген.
КАФАРЕ́ВУСА  (гректің  «таза»  деген  мағынадағы  сөзі)  –
Грецияда  ХІХ  және  ХХ  ғасырларда  мемлекеттік  негізгі  тілі, 
қоғамдық өмір мен әдебиеттің тілі ретіндегі грек тілінің өмір сүру 
формаларының консервативті түрі. 

69
КӘСІБИ СӨЗ – белгілі бір кәсіпке, қызмет түріне байланысты 
шаруашылық  саласындағы  ерекшеліктерді  білдіретін  жалпы 
лексиканың  бір  бөліміндегі  сөздер.  К.с.  мамандық  саласындағы 
атауды  білдіреді.  Мыс.,  К.с.  егіншілікпен  байланысты,  балық, 
мақта, аңшылық, су т.б. шаруашылығына байланысты айтылады. 
К.с.  диалектілік  ерекшеліктерден  ажыратылады.  Егер  жергілікті 
диалект бір жерді мекендеген халықтың үлкен-кішісіне түгелдей 
түсінікті болса, К.с. тек сол мамандық иелеріне ғана түсінікті.
КВАНТИТАТИВТІ  ТАЛДАУ  (лат.  qantitas;  орыс.  квантатив-
ный  анализ;  ағылш.  qantitative  analysis)  –  сандық  талдау,  әлеу-
меттік  лингвистикалық  мәліметтер  бланкісін  жинастырудың 
біршама дұрыс жолдарының бірі, К.т. әлеуметтік лингвистикалық 
зерттеудің  барлық  кезеңдерінде  қолданылады  (қар.:  Әлеуметтік 
лингвистикалық  мәліметтер  дұрыстығы,  Әлеуметтік  лингвис-
тикалық зерттеу бағдарламасы).
КИТУБА  (орыс.  китуба)  –  креоль  тілдердің  бірі.  Ол  өзінің 
дамуында  мынадай  кезеңдерден  өткен:  Киконго  (тайпалық 
тілдермен  қатар  сауда  тілі,  сондай-ақ  үлкен  кеңістіктерде 
миссионерлік  қызмет  құралы  ретінде  тайпа  аралық  қатынас 
құралы)  киконго  (қалаға  қоныс  аударған  түрлі  тайпа  өкілдері 
қолданған  сөздік  қоры  мен  грамматикасының  маңызды  бөлігі 
біршама кеңейген жеке дара ана тілі). К. Бельгиялық Кинго мен 
Француздық  экваторлы  Африкада  жан-жақты  таралған  және 
қатынас салаларында (білім беруде, өндірісте, бұқаралық ақпарат 
құралдарында т.б.) қолданылатын тіл. 
КИРИЛЛИЦА  –  славяндардың  ең  көне  әліппесі.  Көне  К. 
жасалуы ІХ-Х ғғ. болған, оның әріптік құрамы көне болғар тілінен 
алынған  делінеді.  К.-нің  негізі  грек  (Византия)  алфавитінен 
көшірілген.  К.  әріптері  сандық  мағынаны  да  берген.  Ең  алғаш 
К.  жазуымен  жазылған  ескерткіштер  белгісіз.  К.  Русь  еліне 
Х-ХІ  ғғ.  христиан  дінімен  бірге  келгені  белгілі.  Ең  көне  жазба 
ескерткіштері  Х-ХІ  ғғ.  жатады  (көне  болғар,  серб,  босниялық 
кітаптар). К. негізінде қазіргі болғар, орыс, украин, беларус, Орта 
Азия елдерінің алфавиті жасалған. 

70
КЛИШЕ (фр. сliché) – қар: Штамп.
КОД АУЫСТЫРУ (орыс. переключение кодов/кодовое пере-
ключение)  –  қатынас  жасаушылардың  (сөйлеушілердің)  қарым-
қатынас акт кезінде бір тілден (тіл вариантынан) екінші тілге (тіл 
вариантына) бір рет немесе бірнеше дүркін ауысуы. К. а. жағдаятқа, 
тақырыпқа, қарым-қатынас иелеріне, әлеуметтік (кәсіби) рөлдеріне 
(бағынышты  –  бастық,  дәрігер  –  емделуші,  оқытушы  –  студент, 
сатушы  –  сатып  алушы  т.б.)  және  т.б.  факторларға  байланысты 
болады. К. а. барысында тілдердің араласуы – бір тілде қолдануда 
екінші  тілдің  элементтерін  (сөз,  фраза,  одан  да  ірі  бірліктер) 
пайдалану байқалады.
Қара: Интерференция, Диглоссия, Қостілділік 
КОЙНЕ (грек. Koine dialektos – жалпы тіл; орыс. Койне; ағылш. 
contaet vertnacular) – 1. Өзге диалектілерді қолданудан ығыстырған 
аттика  диалектісінің  базасында  Көне  Грецияда  (б.э.д.  IV–III  ғғ.) 
пайда  болған.  2.  Қазіргі  лингвистикада  К.  –  бір  немесе  бірнеше 
диалектілер  (интердиалект)  базасында  қалыптасқан  және  елдің 
әр  алуан  диалектіде  сөйлейтін  халқының  топтары  арасындағы 
диалекті аралық қатынас құралы қызметін атқаратын тіл. 
КОКНИ (ағылш. Cockney – мүмкін, cock cөзінен қораз; орыс. 
кокни) – лондондық қарапайым тіл, ағылшын тілінің британдық 
варианттарының (Лондоннның шығыс ауданы) бірі, диалектісі.
КОММУНИКАНТ  (лат.  communicare-қатынас  жасау;  орыс. 
коммуникант;  ағылш.  Communicant)  –  қарым-қатынас  актісінің 
қатысушысы, вербальдық қатынас (сөйлеуші – тыңдаушы, жазушы 
– оқушы, жолдаушы – қабылдаушы, адесант – адесат, продуцент – 
реципиент). 
КОММУНИКАТИВТІ ОРТА (орыс. коммуникативная среда) 
–  тұрақты  және  әрдайым  ішкі  коммуникативтік  байланыстары-
мен  белгілі  бір  аумақтық  ерекшеліктермен  сипатталатын  тарихи 
қалыптасқан этноәлеуметтік тілдік бірлік (В.А.Виногродов, А.И. 
Коваль, В.Я. Пархомовский). К.о. интенсивті ішкі коммуникативтік 
байланысы  дәрежесі  бойынша  «Тілдік  ұғым»  (А.Д.Швейдер), 
«Тілдік бірлестік» (Дж. Гампери) ұғымымен сәйкес келеді, алайда 

71
олардан  басымдылық  сапасындағы  бөлектенген  комммуникатив-
тік белгісімен ерекшеленеді. Бір К.о. аумағы мемлекеттің аумағына 
жетпейді,  одан  кем.  Оның  шекарасы  бір  тілдің  таралу  аумағына 
сәйкес келмейді. К.о. этнотілдік ареал ретінде диалектілер (олар 
бір тіл ішінде Изоглосс тобы бойынша бөлінеді) де, тілдік одақтар 
(олар  екі  немесе  бірнеше  араласқан  тілдер  құрылымындағы 
жағымды қасиеттер негізінде бөлінеді) аумағымен сәйкес келмейді 
(қар.: Әлеуметтік лингвистикалық зона).
КОММУНИКАТИВТІК  АКТ  (орыс.  коммуникативный  акт; 
ағылш. communication act) – белгілі бір коммуникативтік жағдаят 
шегіндегі  қарым-қатынастың  бірнеше  рет  жүзеге  асуы  (қар.: 
Коммуникативтік орта).
КОММУНИКАЦИЯ  (лат.  communicatiо  пы  ету,  байланыстыру,  сөйлесу;  орыс.  коммуникация;  ағылш. 
Comunication)  –  бұл  да  қарым-қатынас;  адамзат  қоғамындағы 
ақпараттарды  беру  және  қабылдау.  К.  қоғамда  адамдардың 
араласу, ойларымен, идеяларымен, деректерімен бөлісуі т.б. Еңбек 
ету мен танымдық процесс барысында адамдар арасында болатын 
қатынастардың  ерекше  бір  түрі.  Жануарлар  К.-на  қарағанда 
адамдардың К.-сы тілге негізделген К. коммуникативті актілерден 
(К.  бірлігі)  құралады,  ал  К.-ны  жасаушылар  коммуниакттар 
деп  аталады.  К.-ның  бастапқы  және  соңғы  кезеңдері  ұлт  тілінің 
құралдары арқылы жасалып, ішкі сөйлеу механизміне, оның тереңде 
жатқан құрлымдарына тәуелді болады. Ұлттық тіл ерекшеліктері 
жалпы адамзатқа тән мағына жасау жүйесіне бағынышты болады. 
Коммуникаттар  арасында  сөздік  (вербалды)  емес  бөліктер  де 
(мысалы,  ым,  қимыл,  мимика  т.б.)  қолданыс  табады.  Қалай 
болғанда  да,  К.  экстралингвистикалық  факторлар  (жағдайдың 
нақтылығы, ұлттық-мәдени дәстүр) негізінде жасалады. Сонымен 
бірге,  К.  екініші  семантикалық  жүйе  құралдары  арқылы  (ғылым 
тілі,  музыка  ноталары,  ойын  ережелері,  морзе  әліппесі,  ЭВМ 
бағдарламалары)  немесе  понтомима,  жест  жүйесі  арқылы  да 
жүзеге асуы мүмкін. К. ұғымы информация (хабар) теориясында, 
«жасанды  интелект»  мәселесінде  де  адам  және  компьютер 

72
жүйесінде  де  пайдаланылады.  Бұлар  К.-ны  «араласу»  синонимі 
ретінде  түсінеді  (қар.:  Коммуникативтік  жағдаят,  Коммуникативі 
акт, Коммуникативті орта, Коммуникат).
КОМПОНЕНТТІК  ТАЛДАУ  ӘДІСІ    тіл  бірліктерінің 
мағыналық жақтарын зерттеу әдісі. Оның мақсаты – мағынаның ең 
кіші семантикалық бөшектерін бөліп қарастыру. К.т.ә. алғашында 
әр түрлі тілдердің лексикалық қорын зерттеп, туыстығын анықтау 
үшін  қолданылған  (ХХ  ғ.  50-жж.).  Гипотезаға  сәйкес  тілдегі  әр 
бірліктің мағынасы семантикалық компоненттен (семадан) тұрады 
және тілдің сөздік құрамын шағын семаньикалық белгілер арқылы 
анықтауға болады. 
К.т.ә.  парадигматикалық  көзқарастармен,  әсіресе  өріс  (поле) 
теориясымен тығыз байланысты. Бұл әдіс Р.О.Якобсон, Л.Ельмелев 
т.б  идеяларымен  ұштасып  жатыр.  К.т.ә.  негізінде  семантикалық 
өрісті өзара парадигматикалық байланыста болатын сөздер қатары 
ретінде  қарастыруға  болады.  Лексикалық  мағынаның  компо-
нентті  (бөлік)  құрылысы  нақтылықтың,  абстракциялық  дәреже-
сіне тәуелді болады. К.т.ә.-ін синтакматикада қолдануда сөйлеудегі 
сөз  қызметінің  бірқатар  заңдылықтары  айқындалады;  Мыс.: 
сұрыптауды  шектеу  ережесі  (ДЖ.  Кац,  ДЖ.  Фодор),  лексикалық 
мағыналардың  қосылу  ережесі  (Ю.Д.Апресян),  семантикалық 
келісу  ережесі  (В.Г.Гак).  ХХ  ғ.  70-80  жж.  К.т.ә.  грамматикада, 
негізінен  морфологияда  қолданыла  бастады  (Е.Гулыга, 
Е.Шендельс).
КОМПАРАТИВИСТИКА (лат. Comparativus – салыстырмалы) 
– қар: Салыстырмалы тарихи тіл білімі. 
КОНВЕРГЕНЦИЯ  (лат.  convergo  –  жақындасу,  қосылу)  – 
лингвистикалық болмыстардың жақындасуы немесе сай келуі. К. 
ұғымының екі қыры белгілі: глоттогониялық және құрылымдық-
диахрондық. Глоттогониялық К. бірнеше туыс не бөтен тілдерге 
ортақ құрылымдық қасиеттердің пайда болуы. Оның пайда болу 
себебі – ұзақ мерзімді қатынас жасаудан немесе тілдердің ортақ 
субстрат (негіз) болуында. К. тіл жүйесінің бір саласын не бүкіл 
тілді қамтуы мүмкін. К. болатын аймақты конвергенттік аймақ деп 

73
атайды.  Конвергентті  аймақ  негізінде  тілдік  одақтар  құрылады. 
Глоттогониялық К. ұғымы бір тіл ішіндегі диалектілердің жақын-
дасуын  да  білдіреді,  ондай  жақындасу  нәтижесінде  койне  пайда 
болуы  мүмкін,  құрылымдық-диахрондық  К.  кейбір  варианттық 
өзгешеліктің жойылуына байланысты (мыс., бірнеше тұлғалардың 
бірігуі)  тіл  жүесіндегі  әр  түрліліктің  азаюына  әкеліп  соғатын 
тарихи процесс. Бұл тұрғыда К. ұғымының диахрондық фонология 
теориясын Е.Д.Поливанов (1928), Р.О.Якобсан (1930) жасаған. 
КОНВЕРСАЦИОНДЫ  ТАЛДАУ  (орыс.  конверсационный 
анализ) – бұл табиғи жағдаятта жүріп жатқан сөйлеуді нақтылай 
талдау.  Бұл  адамдардың  өзара  қатынасындағы  және  сол  қатынас 
арқылы  тіл  табысу  нәтижелерін  сөйлеудің  негізгі  құрылысынан 
табуға байланысты жүргізілетін талдау. Мұнда қ
андай да бір кез 
келген  сөйлеу  емес,  тап  сол  әлеуметтік  қарым-қатынаста  өткен 
сөйлесімдер зерттеледі.
 Сондықтан да К. т. өзара қарым-қатынас 
аясында  осындай  сөйлесімдерді  ұйымдастырумен  байланысты 
болады.  Осындай  зерттеу  жүргізуде  табиғи  түрдегі  сөйлесімдер 
жазылып алынады және қарым-қатынастың реттілігін талдау үшін 
олардың транскрипциялары жасалады.
КОННОТА́ЦИЯ – (арғы тегі латынның «connotatio» деген сөзі, 
«con» –бірге және «noto»  белгілеймін деген мағынаны білдіреді) 
– мағына (коннотат) мен атау немесе атаулар кешені арасындағы 
қатынасты білдіретін логика-философиялық термин. Сөйлеушінің 
тілдік санасындағы сол не басқа сөзді қажетті мағынада қолдануды 
тудыратын  тұрақты  ассоциация.  Мысалы,  «есек»  сөзінің  тура 
мағынасы  сөйлеушіге  «топастық»  және  «бірбеткей»  деген 
ассоциацияны тудырады. 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ТІЛ  (орыс.  конституционный  язык) 
–  елдің  конституциясында  көрсетілген  ерекше  тіл  мәртебесі. 
1965 ж. дейін ағылшын тілі Индия К.т. мәртебесін иеленді, кейін 
ассоцировтік  тіл  мәртебесін  алды  (қар.:  Мемлекеттік  тіл,  Ресми 
тіл, Жергілікті тіл, Титулдық ұлт тілі, Жұмыс тілі).
КОНТАКТІЛІ ТІЛДЕР – этносаралық қарым-қатынасты қам-
тамасыз  ететін  өзге  тәсілдер  болмаған  жағдайда  пайда  болған 

74
көмекші тілдер (аймақтық аралық-тіл, билингвизм). Тұрақтылық 
деңгейінің, атқаратын қызмет аясының, тұтынушыларының бары 
не жоқтығына байланысты К.т. бірнеше түрге бөлінеді. Аралас тіл 
– жеңілдетілген тұрақсыз грамматикасы, минималді сөздік құрамы 
(бірнеше  жүздеген  сөз)  бар,  қарапайым  қарым-қатынастың  бір 
типті қызметін ғана атқаратын барынша қарапайым тіл. Мұндай 
тіл  әр  уақытта  өзінен-өзі  ұйымдастырылмаған  түрде,  яғни  өте 
қысқа  мерзімде  үйренген  шет  тілінде  нашар  сөйлеуге  ұмтылу 
нәтижесінде  және  оған  қарама-қарсы  ана  тілінде  «жеңілдетіп» 
сөйлеу  нәтижесінде  пайда  болады.  Сондықтан  оның  лексикасы 
мен  грамматикасының  көп  бөлігін  бір  тілдің  қасаңданған  негізі 
құраса, фонетикасы сөйлеушінің ана тіліне жақындайды. Аралас 
тіл  кейде  пиджиндену  алдындағы  тіл  деп  те  аталады.  Даму 
процесі  барысында  аралас  тіл  біршама  көлемді  сөздік  қор  мен 
тұрақты құрылымға ие болып, пиджин тілге айналады, одан ары 
нативизация (креолизация) сатысынан өте келе, бұл тіл үйренген 
тілден ана тіліне айналып, өзіндік тұтынушысы бар креоль тілге 
ұласады. 
Қара: Контакт тілі, Тілдің креоленуі, Пиджин, Креол
КОНТИНУУМ  –  тілдегі  шексіз  градациядағы  континуумды 
анықтау  үшін  функционалдық  әлеуметтік  лингвистикада  қолда-
нылатын М.А.К.Хэллидей ұсынған термин.
Қара:Тілдік континуум, Диалектілік континуум
КОНТРАСТИВТІ ЛИНГВИСТИКА (салғастырмалы лингвис-
тика) – ХХ ғ. 50-жж. бастап дамып келе жатқан жалпы тіл білімінің 
зерттеу  бағдары.  К.л.-ның  мақсаты  –  екі  тілдің  ұқсастығы  мен 
айырмашылығын  салыстыра  отырып  зерттеу.  Көбінесе,  ана  тілі 
мен бөтен тіл салыстырыла зерттеледі. К.л. өз бастауын 1975 ж. 
Р.Ладо еңбектерінен алады. Сонымен қатар, А.Потебня, Ф.Корш, 
Е.Борогодицкий;  И.Бодуэн  де  Куртенэ,  Л.Щерба  еңбектерін  де 
қосуға болады. 
КОНТАМИНАЦИЯ (лат. contaminatio – араласу) – семантика-
лық, қызметтік, құрылымдық жақындық негізінде екі тіл бірлігінің 
элеметтерінің сөйлеу кезіндегі араласуы. К. нәтижесінде осындай 

75
элементтердің (бөліктердің) «араласуы» пайда болады, мыс., орыс. 
«играет  значение»  –  «играет  роль»,  «имеет  значеие».  Мұндай 
құбылыс,  әдетте,  ауызекі  сөйлеуде  кездесіп,  әдеби  нормалардан 
ауытқу  деп  есептеледі.  Сонымен  қатар,  К.  негізінде  жаңа  тіл 
бірліктері  де  (сөздер)  пайда  болады.  К.-ға  ұқсас  интерференция 
құбылысында  ана  тілі  бірліктерінің  лексика-семантикалық 
дистрибуциясы басқа тілдің бірліктеріне де жұмсалады. 
КОНТЕНТ-ТАЛДАУ (ағыл. content analysis – content – мазмұн, 
мән + analysis – талдау, кеңейтіп, түсіндіру) – мәтіндердің және басқа 
да  хабар  берушілердің  арнайы  сипаттарын  көрсету  және  бағалау 
әдісі. 
КОНТИНГЕНТ  –  (лат.  contingens  (contingentis)  –  бірыңғай 
әлеуметтік сипаттағы адамдар жиынтығы. 
КОРЕЙ  ТІЛІ  (чосонмаль,  чосоно)  –  ҚХДР-да,  Хангуго-Оң-
түстік Кореяда қолданылатын тіл, оның генетикалық тамырлары 
әлі  анықталмаған.  Кореяда,  Қытайда,  Жапонияда,  АҚШ-та, 
ТМД елдерінде тараған, сөйлеушілер саны 60 млн. адамға жуық. 
Алты  диалектісі  бар:  солтүстік-шығыстық,  солтүстік-батыстық, 
орталық оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және Чеджудо аралының 
диалектісі.  Диалектілік  ерекшеліктері  негізінен  фонетикасы  мен 
лексикасында  К.т.  генетикалық  туыстығы  туралы  теорияларда, 
мыс.,  алтай  гипотезасы  бойынша  фонетикасына,  құрлысына 
және этимология деректеріне сүйеніп К.т.-ін (жапон тілімен қоса) 
тұңғус-манжур  тармағына  жатқызады.  К.т.-номинативті  қатары 
бар жалғамалы тіл. 
КОРЕЙ ҮНДЕУІ (орыс. корейсие обращения) – корей тілінде 
сөйлеушінің  және  тыңдаушының  мәртебесі  мен  жыныстық 
белгісіне  қатысты  қолданылатын  формалар  туралы  халыққа 
арнайы жолданған үндеуі.
КОНТАКТІЛІ  БИЛИНГВИЗМ  (орыс.  контактный  билин-
гвизм)  –  екі  тілдік  бірлестіктің  ұзақ  уақыт  бойында  тікелей 
қатынаста болуы арқылы екінші тілді меңгеруі. ТМД халқына тән 
билингвизмнің түрі. К. б. негізі ұлттық-орыс және билингвизмнің 
өзге түрлері болып табылады.
Қара: Билингвизм, Қостілділік

76
КӨНЕ ЕВРЕЙ ТІЛІ – семит тілдерінің бірі. Інжіл кітабында 
сақталған  (б.э.д.  ХІІ–ІІІ  ғғ.).  Ертеде  хааней  тілі  немесе  тайпа 
атымен  (иудей)  аталған.  Кейіннен  мишнайт  еврей  тілі  делінген. 
К.е.т. – де бай діни, философиялық, ғылыми және көркем әдебиет 
жазылған. К.е.т.-нің қазіргі «мұрагері» иврит тілі, жеке тіл ретінде 
қарастырылады,  өйткені  К.е.т.  күшті  өзгеріске  ұшыраған.  К.е.т. 
лексикасында  арамей,  египет,  аккад,  иран,  грек,  үнді  тілдерінен 
кірген сөздер кездеседі. 
КӨНЕ  ЕГИПЕТ  ТІЛІ  (египет  тілі)  –  афроазиялық  тілдердің 
жеке тармағы. V ғ. бастап өлі тіл. Қазіргі Египет (Мысыр) жерінде 
тараған, кейін ол жерде абар тілінің египет диалектісі жайлаған. 
КӨНЕ  ТҮРКІ  ТІЛІ  –  түркі  халықтарының  тілі.  Түркі  сына 
жазулары (V-ХІ ғғ.) руналық ескерткіштерде көптеп кездеседі. Ең 
көп  жазулар  Орхон  өзені  (орхон  жазуы),  Енесай  өзені  бойында 
(енесай жазуы) табылған. К.т.т. –нің ең көне жазуы 1970 ж. Есік 
қорғанында  табылған  «Алтын  адам»  қазбасында  кездеседі  (б.э.д 
ІV–V ғғ.). Орхон жазулары 1893 ж. В.Томсен мен В.Радлов алғаш 
рет  оқыған  (қар.  Көне  түркі  сына  жазуы).  Әдеби  тіл  ретінде 
қалыптасқан. Ұлы түркі империясының ресми тілі болған. К.т.т.–
не  жатықтық  тән.  Бұл  тілде  диалектілік  ерекшеліктер  жоқтың 
қасы. ІХ ғ. Тұрпан (Шығ.Түркістан) жеріне көшіп келгеннен кейін 
ұйғырлар өз әдеби тілін жасаған, оның негізі руналық койне арқылы 
жасалған.  Руникалық  алфавиттен  басқа  олар  соғды,  манихей, 
брахми  әріптерін  де  қолданған.  Көне  ұйғыр  жазуын  басқа  түркі 
халықтары  да  жақсы  білген,  өйткені  бұл  тіл  түркі  халықтарына 
ортақ  түбірден  тараған.  Х–ХІІ  ғғ.  Қараханид  мұсылман  елінде 
әдеби  тілі  қалыптасады,  оны  қарахан-ұйғыр  тілі  деп  те  атаған. 
Шынында, ортағасырлық авторлар бұл тілді, «бограхан» бурахан 
тілі  (Жүсіп  Баласағұни),  хақан  тілі  (Махмуд  Қашқари),  қашқар 
тілі (Ахмед Йугнаки) деп атаған. Сырдың төменгі ағысында ХІІІ–
ХІV  ғғ.,  Алтын  Орда  елінде  қыпшақ  әдеби  тілі  болды.  Әдеби-
ғылыми тілде (ХІ–ХІІ ғғ.) оғыз, қыпшақ тайпаларының араласуы 
нәтижесінде, осы тілдің негізінде жаңа сөзжасамдар дүниеге келді. 
Мұнда  ұйғыр  тілінің  үлесі  онша  көп  болмаса  да,  ұйғыр  жазуы 

77
деп  көп  еңбектерде  айтылып  жүр.  Түркі  әдеби  тілдеріндегі  орта 
ғасырлық ең маңызды кезең – шығыстық және ғылыми әдебиетте 
шағатай әдеби тілінің пайда болуы (қар. Шағатай тілі). 
КӨНЕРГЕН  СӨЗДЕР  –  күнделікті  қолданыста  жоқ,  бірақ 
пассив  сөз  қорында  сақталған,  жалпыға  бірдей  түсінікті  сөздер. 
Жалпы  алғанда  К.с.  тілдегі  көнерген  лексика  жүйесін  құрайды. 
Ескіру дәрежесіне байланысты К.с. мынадай топтарға бөлінеді: а) 
бүгінде мағынасы түсініксіз сөздер; ә) мағынасы түсінікті, бірақ 
стилистикалық  мақсатта  ғана  қолданылатын  сөздер.  Архаизация 
(көнеру)  себептеріне  байланысты  К.с.  екі  топқа  бөлінеді: 
историзмдер  және  архаиздер.  Историзмдердің  синонимдері 
болмайды.  Архаизмдер  белгілейтін  ұғымдар  бар  болса  да,  олар 
белгілі тарихи себептерден қолданылмайды. 
КӨНЕ ОРЫС ТІЛІ – шығыс славяндарға ортақ тіл. VІІ–VІІІ 
ғғ. қалыптасып, ХІV–ХV ғғ. үш бөлек тілге-орыс, украин, беларус 
– бөлініп кеткен. Грамматикалық құрылысы флективті. Род кате-
гроиясымен ерекшеленеді. 
КӨНЕ ПАРСЫ ТІЛІ – иран тілдерінің оңтүстік-батыс тобына 
жататын өлі тіл. К.п.т. – нің жалғасы – парсы, тәжік, дари тілдері. 
Алғашында Ирандағы Фрас провинциясында тараған. Парсылық 
Ахеменид әулетінің ана тілі болған. К.п.т. тілдік құрамы флективті, 
синтетикалық түрге жатады. Ең көне жазулар – Дарий І патшаның 
(б.э.д. 521-486 жж.) жазуы. Оларды Г.Ф.Гротефенд 1802 ж. оқыған. 
КӨНЕ  ҮНДІ  ТІЛІ  –  Үндістан  түбегін  мекендеген  ежелгі 
арийлердің  тілі  (б.з.д.  2000ж.).  К.ү.т.  үндіевропалық  ежелгі  тіл, 
көне иран (Авеста мен көне парсы) тілдеріне жақын. Үндістандағы- 
дравид,  мунда  тілдеріне  де  ұқсас.  К.ү.т.  екі  топқа  бөлінеді:  веда 
және санскрит (терістік-батыс және терістік-орталық) тілдері.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал