Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет6/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЖАЛПЫ КӨПШІЛІК ТІЛ (ағылш. universal language, орыс. 
всеобщий язык) – қараңыз әмбебап тіл. 
ЖАЛПЫ  СЕМАНТИКА  –  тілдің  ойға,  сол  арқылы  адамға 
тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған американдық философия мен 
әлеуметтанудағы мектеп немесе ағым. ХХ ғ. 30-жж. А.Кожибский 
негізін  қалаған  (1938  ж.  «Жалпы  семантика  институты»).  Кейін 
халықаралық Ж.с. қоғамы құрылады (Чикаго). Ж.с. эклектикалық 
түрде  (әр  түрлі  бір-біріне  қайшы  көзқарастарды  араластыру) 
философия, психология, әлеуметтану және лингвистика идеяларын 
бірге қарастырады. Тіл мен қоғамның пайда болуы туралы және 

57
тіл  мен  ойдың  байланысы  туралы  идеялистік  көзқарастарға 
арқа  сүйеп,  Ж.с.-ны  қолдаушылар  адамның  жаны  мен  тәнінің 
сырқат  болуын,  әлеуметтік  қиыншылықтардың  себептерін  тіл 
құрылымымен байланыстырады. Олардың айтуынша, адамдар сөз 
мағынасын әр түрлі түсінеді, дүние жүзіндегі тілдер адамдарға әр 
түрлі әсер етеді-мыс. Сондықтан да «дұрыс» жаңа тіл жасау керек 
болады. Ж.с. идеясы Сепир-Уорф болжамына ұқсас келеді. 
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ – қар.: Тіл білімі.
ЖАҢАТІЛ (орыс. 
новоя́з, ағыл. newspeak
) – Джордж Оруэлл 
романындағы  (1984)  ойдан  шығарылған  тіл.  Романда  Ж.  деп 
партиялық  идеология  мен  партиялық-бюрократтық  лексикалық 
оралымдармен бүлінген, сөздер о бастағы мағынасынан айырылып, 
қандай  да  бір  қарама-қарсы  мағынаны  білдіретін  («Соғыс  –  бұл 
бибітшілік»)  тоталитарлық  қоғамның  тілін  айтады.  Романда  Ж. 
«сөздік қоры жыл сайын қысқаратын дүниедегі жалғыз тіл» ретінде 
сипатталады.  Оруэллдің  Ж.  сөздік  қоры  мен  грамматикалық 
ережелері  маңызды  түрде  қысқартылу  мен  жеңілдетуге  түскен 
ағылшын  тілінің  негізінде  пайда  болған.  Романдағы  Ж.  – 
тоталитарлық  партия  («Ангсоц»)  режиміне  қызмет  ететін  және 
оппозициялық образ жасауға мүмкіндік бермейтін немесе тілден 
«еркіндік», «төңкеріс» және т.б. түсініктерді сипаттайтын сөздер 
мен тұжырымдарды алып тастау жолымен жасалған тіл. Ағылшын 
тілі  Ж.  «көнетіл»  деп  аталады.  Романда  «көнетіл»  2050  жылға 
қарай Ж. ығыстырумен толықтай қолданыстан шығады.
ЖАРГОН  (фр.  Jargon,  орыс.  жаргон,  ағылш.  Jargon)  – 
жалпыхалықтық  тіл  сөздерін  көпшілігінде  жасанды  тұрғыда 
беретін,  ортақ  мүддеге  біріккен  қандайда  бір  жеке  әлеуметтік 
топтарға  қатысты  сөйлеу  (қар.:  Арго,  Сленг,  Патуа,  Диалект, 
Микроәлеуметтік бірлік, Микросоциолингвистика). 
ЖАРГОНИЗМ (орыс. жаргонизм, ағылш. sland word) – қандай 
да  бір  жаргондарға  жататын  сөз  немесе  сөз  тіркесі.  Мыс.,  орыс 
тіліндегі блатной, мокрушник, пере (притон) сөздері – қылмыстық 
әлем жаргондары; қазақ тіліндегі майлау, (пара беру), бармақ басу, 
көз қысу, сабан астынан жіберу, ізін білдірмеу т.б.жоргонизмдер. 

58
ЖАРНАМА ТІЛІ – мазмұн берілетін сөздік құрал. Көптеген 
стилистикалық бояулар мен екпіндерді пайдалана отырып, ойды 
толып жатқан тәсілдермен беруге болады.
ЖАСАНДЫ ТІЛ (орыс. искусственный язык, ағылш. artificial 
language)  –  белгілі  білім  саласындағы  формализация  үшін 
(ғылымның символдық тілі), ақпаратты іздестіруде мәтінді өңдеу 
мен қысқарту үшін (автоматты тәжімалау, аудару), адамның ЭЕМ-
ге команда беруі үшін (бағдарлама тілдері), халықаралық қатынас 
үшін  (халықаралық  Ж.т.  Көмекші  тіл)  жасанды  табиғи  тілдің 
аналогі. Халықаралық Ж.т. Е.А. Бокарев мынадай түрлерге бөлінеді: 
1) априорлық тілдер, сөздік құрамы түсініктер классификациясы 
негізінде  жасанды  құрылған  сөздерден  тұрады.  (ро,  глобако, 
унилингва). Бұл тілдердің ешқайсысы таралмаған, 2) кең танымал 
ұлттық тілдерден, олардың ішінде, әдетте Basic English, танымал 
латынды (Дж. Пеано) атауға болады. 3) табиғи тілдерге өте жақын 
келетін натуралистік типтегі тілдер деп аталатын Ж.т. жобасы 500 
шамасында  деп  есептеледі  (қар.:  Интерлингвистика,  Апиорлық 
тілдер, Апостериорлық тілдер).
ЖАСАНДЫ ТІЛДІК НОРМА  тіл тұтынушыларының басым 
көпшілігінің  тілдік  интуициясы  қабылдамайтын  және  арнайы 
үйренуді  қажет  ететін  норма.  Француз  тілінде  көптеген  етістік 
формалары (айталық, Passé simple) сөйлеу тілінде мүлдем кездес-
пейді, олармен балалар тек мектепте танысады.
ЖЕКЕ  АДАМНЫҢ  ТІЛДІК  ҚҰҚЫҒЫ  (орыс.  языковые 
права  личности)  –  тілдік  шектеудің  болмауы,  яғни  ана  тілі 
қоғамдағы  көпшіліктің  тілі  болмаса  да  жеке  адамның  құқығы 
мен бостандығына шек қоймау дегенді білдіреді. Оның сүйенетін 
негізгі  құқықтық  құжаты  әлемнің  барлық  өркениетті  елдерінде 
сақталатын Адам құқығының баршаға ортақ декларациясы (1948) 
болып табылады. Әртүрлі қатынас жағдаяттында ана тілін қолдану 
мүмкіндігі  ол  өзі  мүшесі  болып  табылатын  этностың  мәртебе-
сіне  тәуелді  болады.  Экономикалық  иммигранттарға  қарағанда 
түпкілікті халық өкілдері ана тілін әлеуметтік маңызды салаларда 
қолдануға көбірек мүмкіндікке ие. 

59
Қара: Тілдің құқықтың мәртебесі, Тілдік заңнама, Халықтың 
тілдік құқығы
ЖЕНЕВА  МЕКТЕБІ  (орыс.  Женевская  школа,  ағылш. 
Geneva  schol)  –  Ф.де  Соссюрдің  «Жалпы  лингвистика  курсы» 
идеясына тікелей сүйенген және Женева университетінің ғылыми 
дәстүрінде дамитын (Ш.Балли, А.Сеше С.О.Карцевский, А.Фрей, 
Г.Гедель Р.Энглер, Р.Амакер, Л.Прието) тіл біліміндегі әлеуметтік 
лингвистикалық  бағыттағы  мектептерінің  бірі.  Ж.м.  басты 
назарындағылар- түркі тілдер материалдарымен шешілетін жалпы 
тіл  білімі  проблемалары,  тіл  құбылысындағы,  сөйлеудегі,  тілдің 
ойлаумен  байланысы,  семасиология,  семантика  және  синтаксис 
мәселелеріндегі жеке адамдық және әлеуметтік қатынастар. 1941 
жылдан бастап Женева лингвистикалық қоғамы жалпы тіл білімі, 
әлеуметтік лингвистика, био- және библиографиялық материалдар 
бойынша  мақалалар  жариялайтын  «Chiere  F-де  Saussure»  (Ф-де 
Соссюр дәптері) атты жыл сайын басылым шығып тұрады. 
ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ (орыс. местный язык) – заң актілері арқылы 
әрқашан  қолдау  таба  бермейтін  тілдің  ерекше  мәртебесі.  Көбіне 
бұлар  этникалық  топтар  шегінде  ғана  шектеулі  қолданылатын 
жазуы жоқ немесе жазуы бар тілдер. Ж.т. бастауыш білім беруде, 
жергілікті радио, теледидар, газеттер мен журналдарда қолданылуы 
мүмкін.  Қазақстандағы  Ж.т.  қатарына  ұйғыр,  корей  т.б.  тілдерді 
жатқызуға болады. Алайда олар Ж.т. ретінде ресми көрсетілмеген. 
ЖЕСТ ТІЛІ (ым тілі) – кинетикалық (жестикулят-мимикалық) 
негізінде  жасалған  коммуникативті  жүйе.  Глотогнез  процесінде 
дыбыстық  тілдер  функциясын  Ж.т.  атқарып  отырған  деген  пікір 
бар. Ж.т.-саңырау адамдардың негізгі қатынас құралы. Солтүстік 
және  Оңтүстік  Америкада,  Австралия  мен  Океанияда,  Үндістан 
мен  Кавказда,  Жерорта  теңізінде  құлағы  естімейтін  адамдардың 
Ж.т. болғаны белгілі. Олардың ішінде Австралия және Солтүстік 
Америка  аборигендердің  Ж.т.  кейіннен  мәлім  болған.  Бір 
жылға  дейін  тіл  қатпау  дәстүрі  бар  тайпаларда  (жасөспірімдер 
инициоциясы,  әйелдердің  аза  тұтуы)  Ж.т.  қолданған.  Аң  аулау 
кезінде, қашықтан хабар алу үшін Ж.т. қолданылған. 

60
ЖОҒАЛЫП  БАРА  ЖАТҚАН  ТІЛДЕР  (орыс.  исчезающий 
язык, ағылш. moribund language) – бұл да өлмелі тіл, тірі және өлі 
тілдер арасындағы тіл. Ж.б.т.- бұл сөйлеушілері балаларына оны 
үйретпейтін тіл. Ж.б.т. әдетте бір-екі ұрпақтан соң жоғалады. М. 
Краустың  пікірінше  (1992)  жүз  жылдан  соң  тілдердің  90%  жер 
бетінен не мүлдем жоғалады, не жоғалу сатысында тұрады. Тілдер 
адамзат тарихи барысында жоғалып отырған (шумер, аккад, ескі 
словян  т.б.  өлі  тілдер);  1490  жыл  мен  1990  жылдар  аралығында 
тілдердің жоғалу жалғасуда (двирбол, айн, убых, алютор, арчин, 
керек  т.б.).  Тілдердің  жоғалуы  қазіргі  кезде  өте  қарқынды 
жүруде,  бұған  ғаламдастыру,  индустрияландыру,  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  барлық  жерде  кең  тарауы  біршама 
мәртебелі тілге ауысу т.б. себеп болуда. Лингвистердің маңызды 
міндеттеріне Ж.б.т. құжатты түрде тіркеу, олардың грамматикасын, 
фонетикасын, сөздік қорын сипаттау болып табылады (қар.: Тілдің 
қайта  жаңғыруы,  Тіл  мәртебелілігі,  Минориторлы  тіл,  Тіл  өлімі, 
Тіл ауыстыру). 
ЖҰМЫС  ТІЛІ  (орыс.  рабочий  язык)  –  түрлі  халықаралық 
шарттармен  тілге  берілетін  ерекше  тіл  мәртебесі.  1945  ж.  БҰҰ-
ның  құрылуымен  бірге  ағылшын,  испан,  қытай,  орыс,  француз 
тілдері ресми тілдер болып жарияланды. Мұндай мәртебені араб 
тілі 1973 ж. алды. Бұл тілдер осымен бірге Әлемдік тілдер деген 
мәртебе  де  алды.  Европадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық 
ұйымының жұмыс тілдеріне ағылшын, испан, итальян, неміс, орыс 
және  француз  тілдері  жатады.  Түрлі  халақаралық  Саммидтер, 
конференциялар, съездер, семинарлар шегінде Ж.т. туралы әр түрлі 
шешімдер қабылданады, кейде мұндай шешімдер дипломатиялық 
шарттар мен келісіледі (қар.: Мемлекеттік тіл, Ресми тіл, Жергілікті 
тіл, Конституциялық тіл, Титулдық ұлт тілі.). 

61
И
ИВРИТ  (орыс.  иврит)  –  афразиялық  (семит)  тілдердің  бірі, 
Израиль  ұлттық  ресми  тілі.  И.-өлі  тілдің  қайта  жаңғыруының 
жарқын  мысалы.  И.-  Ветхий  Заветтің  көпшілік  бөлігі  жазылған, 
ұзақ  ғасырлар  бойы  күнделікті  қатынаста  емес,  культтық  тіл 
ретінде  қолданылған  тіл.  1948  ж.  бастап,  Израил  мемлекетінің 
құрылуынан кейін И. мектепте балаларға оқыта бастады. Қазіргі 
күнде И. 3 миллионнан  астам адам сөйлейді, олардың көпшілігі 
И. өзінің ана тілім деп есептейді (қар.: Тілдің қайта жаңғыруы, Тіл 
саясаты, Жоғалушы тіл).
ИДЕНТИФИКАЦИЯ  (орыс.  идентификация,  ағылш.  identifi-
cation) – 1. Әлеуметтану, психологияда-жеке адамның өзге адам-
мен,  топпен,  бейнемен  эмоционалдық  және  басқа  да  әсер  алу 
процесі. Терминді З.Фрейд енгізген. Психоаналитикалық әдебиет-
терде  И.  үлгі  ретінде  әдетте  баланың  ата-аналарымен  сөйлесуін 
және  сол  және  басқа  адамдарымен  қарым-қатынасын  бейнеледі. 
2.  Әлеуметтану  және  әлеуметтік-психологиялық  әдебиеттерде 
И.термині өте кең түрде, бір жағынан имитациялық, әсер ету елік-
теушілікті  танытса,  екінші  жағынан  (әсіресе  тұлғаны  зерттеуде) 
– объектімен эмоциялық бірлесуді белгілеуде қолданылады. Әлеу-
меттік лингвистикада И. – бұл белгілі бір этноспен, ұлтпен, тілмен 
жеке адамның өзара әсер алысуы (қар.: Этнос, Ұлт, Ана тілі).
ИДИОГРАММА (грек. idea-идея, образ, түсінік және gramma-
әріп,  сызық,  жазу)  –  бүтін  сөзді  немесе  түбірді  белгілейтін 
жазу  белгісі.  «И».  терминімен  қатар  «логограмма»  термині  де 
қолданылады.  И.  идиографиялық  жазу  жүйесінде  қолданылады. 
Олар сурет арқылы нақтылы заттардың, әрекеттердің түсініктерін 
белгілейді.  Мыс.,  суреттегі  көзден  аққан  жас-майя  жзазуында 
қайғыны білдіреді. т.б. 
ИДИОГРАФИЯЛЫҚ  ЖАЗУ  (логографиялық  жазу)  –  пикто-
графиялық  жазудан  кейін  пайда  болған  жазу  түрі.  И.ж.  –  дың 
таңбалары  идиограмма  деп  аталады.  И.ж.-дағы  графикалық 
таңбалар  цифрлар  тәрізді,  олар  сөздің  дыбысталуын  емес, 

62
мағынасын  ғана  білдіреді.  Сондықтан  қытай  тілінде  омонимдер 
әр  түрлі  иероглифтер  арқылы  белгіленеді,  бірақ  олардың 
дыбысталуы мен морфологиялық құрлысы біркелкі болады. И.ж.-
да әрбір таңба (элемент) кез-келген сөзді белгілейді, бірақ ол басқа 
таңбаның  мағыналық  шеңберінде  қолданыла  алмайды.  Мыс., 
«аяқ» бейнеленген таңбаның мағынасы мынадай: жүру, тұру, әкелу 
т.с.с. бірақ ол «аяқ», «табан» деген ұғымды бермейді, өйткені олар 
басқа  таңбалармен  белгіленеді.  Таза  идиографияның  хабарлық 
мүмкіншілігі шектеулі болады. 
ИДИОМ  (грек.  idioma  -  өзіндік  ерекшеліктерімен  сөйлесу)  – 
кез келген тілдік құрылым, оның ішінде Тіл, Диалект, Говр, Әдеби 
тіл. 
ИДИОЛЕКТ  (грек.  idios  –  өзіндік  белгіге  ие,  ерекше  + 
(dia)  lektos-idiolect)  орыс.  идиолект,  ағылш.  Idiolect)  –  кәсіби, 
әлеуметтік,  аумақтық,  психофизикалық,  этникалық,  эстетикалық 
т.б.  ерекшеліктері  жиынтығымен  сипатталатын  нақтылы  жеке 
адамның  сөйлесуі.  (салыс.  Диалект).  Кейбір  ғалымдар  әсіресе 
жасграмматистер  И.  онтологиялық  маңызын  ұлғайтып  көрсетіп, 
тілді И. суммасы ретінде тұжырымдайды. Мұндай көзқарас тілдің 
жеке  адамға  тәуелсіз  объективті  әлеуметтік  өмір  сүруін  жоққа 
шығарады (қар.. Социолект).
ИДО  (орыс.  идо)  –  1907  ж.  Францияда  жасалған,  көмекші 
халықаралық жасанды тілдердің бірі. И. жасаушылар арасында О. 
Есперсен болған (қар.: Интерлингвистика, Апостериорлық тілдер, 
Көмекші тіл). 
ИЕРОГЛИФ (грек. hieros – киелі және glyphe - қашалған ою) 
– қайсыбір объектінің (адам, жануар, зат) суреті тәрізді графема. 
Көбінесе  сөзді-буынды  жазу  жүйесінде  кездеседі  (мыс.,  египет, 
қытай жазулары). 
ИЗОГЛОССА  (грек.  isios-бірыңғай,  сондай  +  qlossa  –  тіл, 
орыс.  изоглосса,  ағылш.  isoglottic  line)  –  географиялық  картада 
тілдік  құбылыстың  (фонетикалық,  лексикалық,  семантикалық) 
таралу  аумағы  (қара:  Ареал)  белгілейтін  сызық  (қар.:  Диалект, 
Диалектологиялық, Ареалдық лингвистика).

63
ИНВЕКТИВА  (лат.  invectivus-ұрысу  сөзі,  орыс.  инвектива) 
–  нормаланбаған  сөз,  баспаға  түспеген  сөз,  дөрекі  сөз,  ұрсу 
сөзі,  обсцендік  (тыйым)  лексика,  боқтау  сөз;  біреудің  намысына 
тие  сөйлеу.  И.  кең  түрдегі  мағынасы  –  жаргондардан,  агро, 
диалектілерден алынған бейәдеби сөз, сөз тіркестері және әдеби 
сөз не сөз тіркесі. И. тар мағынасы – нақтылы жағдаятта белгілі 
біреуге  қатысты  моральдық  нормаға  қарсы  көбіне  адамды 
кемсіту, намысына тию мақсатында қолданылатын бейәдеби сөз, 
сөз  тіркесі;  адамның  оның  жүріс-тұрысына  немесе  бейнесіне 
жағымсыз  баға  беру;  әңгімелесушіге  өзінің  тоталитарлық  тиым 
салу  реакциясының  бар  екендігін  көрсету;  сөйлеудің  біршама 
эмоционалды болуына ұмтылу (қар.: Табу, Эвфемизм, Дисфилизм, 
Вульгаризм, Әдеби тіл).
ИНТЕРВЬЮ  (ағылш.  Interview  –  әңгіме,  орыс.  интерьвю) 
–  зерттеушінің  алдына  қойған  мақсаты  мен  міндетіне  сәйкес 
зерттеуші (интервью алушы) мен Респондент арасындағы тікелей 
әлеуметтік-психологиялық өзара қарым-қатынаста қолданылатын 
сауал  жүргізудің  негізгі  бір  түрі.  Ол  зерттеу  пәнін  нақтылау 
және  Анкета  бойынша  сұрақтар  мен  жауаптарды  құрастыру 
үшін  жаппай  анкеталық  сауал  жүргізуге  дайындық  кезеңінде, 
кейде  статистикалық  мәліметтерді  толықтыруда  қолданылады. 
Респондент болып сарапшылар, яки белгілі бір қызмет саласындағы 
мамандар  (сарапшылық  И.  деп  аталатын)  қатысуы  мүмкін.  И. 
сауалнама жүргізуден айырмашылығы мұнда сұрақшаны (бланкті) 
толтырады,  интервью  жүргізуші  мен  респонденттің  қатынас 
құралы  және  мәліметті  тіркеу  әр  алуан  (телефон,  магнитофон, 
теледидар т.б.) болады.
ИНТЕРНЕТ-ЛИНГВИСТИКА – лингвистиканың бір бөлімі. 
Интернет-кеңістіктің және басқа да ақпаратты, айталық мәтіндік 
хабарламаны  берудің  «жаңа»  құралдарының  белсенді  түрде 
дамуының әсерінен пайда болған ғылымның бұл бөлімі тілді қол-
дану  мен  пайдаланудың  жаңа  формаларын  зерттеумен  айналы-
сады.  Дамып  жатқан  интернет  тілін  зерттеу  онлайн-кеңістіктің 
одан  әрі  дамуын  қамтамасыз  етеді  және  ол  лингвисттерге  ғана 

64
емес,  сондай-ақ  оны  қолданушыларға  да  жәрдемдеседі.  И-л.  4 
түрлі  тұрғыдан  зерттеуге  болады:  әлеуметтік  лингвистикалық, 
білім  берушілік,  стилистикалық  және  тәжірибелік.  Онлайн-
кеңістіктің  дамуымен  бұл  ғылымның  жаңа  саласы  пайда  болды, 
мысалы,  корпустық  лингвистика.  Интернет-пайдаланушылар 
санының өсуімен И-л. болашақтағы дамуының мәселесі түбегейлі 
шешілген. 
ИНТЕНЦИЯ (лат. intencio – ұмтылу, құлшыну, орыс. интенция) 
– сөйлеушінің қандай да бір коммуникативтік-маңызды мағынаны 
білдірудегі бейімділігі, қажеттілігі, мақсаты: сананы қандай да бір 
құбылысқа, затқа бағыттау (қар.: Сөйлеу актісі, Сөйлеу актісінің 
теориясы. Сөйлеу қызметі).
ИНТЕРВЬЮ  ЖҮРГІЗУШІ  (орыс.  интервьюер,  ағылш. 
interviewer) – респондентпен тікелей қарым-қатынас жағдайында 
алғашқы әлеуметтік лингвистикалық мәлімет жинауды жүргізуші 
адам.  И.ж.  мынадай  талаптарға  жауап  беруі  керек:  интервью 
тақырыбын  кең  мәнде  түсіну;  өмір  мәнінің  ерекшеліктерін; 
респонденттің  стереотипі  мен  ойлау  ерекшелігін  білуі;  сұрақ 
мазмұнын анық білуі; білімпаздығы; сөйлеу және тыңдау шеберлігі; 
шыдамдылығы, ұстамдылығы, сөзшеңдігі т.б. болуы керек (қар.: 
Интервью, Сауалнама, Әлеуметтік лингвистика әдістері). 
ИНТЕРЛИНГВИСТИКА  (лат.  inter  –  аралық,  ара,  lingua  – 
тіл, орыс. интерлингвистика, ағылш. Interguistics) – халықаралық 
қатынастағы  жасанды  тілдерді,  математикалық  және  ақпараттық 
тілдерді  зерттейтін  және  құрылымымен  айналысатын  лингвис-
тикалық пән. Сондай-ақ тіларалық қарым-қатынас құралы болып 
табылатын халықаралық тілдерді зерттейтін білімінің бір саласы. 
Негізгі назар аударатын мәселесі – халықаралық жасанды тілдің 
қолданысы, жасалу процесі. Сонымен қатар көптілділік, тілдердің 
бір-біріне  тигізетін  әсері,  ықпалы  интернационал  терминдердің 
пайда  болуы  да  зерттеледі.  И.-нің  зерттеу  нысаны  мен  ішкі 
құрылымы оның ұзақ дамуында анықталады. И. Р.Декарттың, кейін 
Г.Лейбництің  лингважобалық  теориясы  негізінде  қалыптасты. 
Негізгі  бағыты  1879  ж.  айқындалды,  ең  бірінші  халықаралық 

65
жасанды  тіл  Волапюк  пайда  болып,  бірінші  рет  қарым-қатынас 
құралы ретінде қолданылды. 1887 ж. Эсперанто пайда болды. И. 
проблемалары Халықаралық лингвистикалық Конгрестерде (1931, 
1948) көтерілді. Жоспарлы тілді (эсперанто) жақтаушы ғалымдар 
–  О.Есперсин,  Э.Сепир,  А.Майе,  Ш.Балди,  А.Фрей  т.б.  (қар.: 
Халықаралық тіл, Көмекші тіл).
ИНТЕРЛИНГВА  (орыс.  интерлингва,  ағылш.  interlingua)  – 
грамматикалық құрылысы латындық негізде жасалған, сөздік қоры 
барлық  европалық  тілдердің  түбірлерінен  алынған  халықаралық 
көмекші тіл. (салыс. волянок, эсперанто, идо). И. 1903 ж. Джузеп-
по Пеано ұсынған болатын (қар.: Интерлингвистика, Жасанды тіл, 
Априорлық тіл, Апостериорлық тілдер, Халықаралық тіл, Көмекші 
тіл). 
ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗМ  (орыс.  интернационализм,  ағылш. 
internationalism) – ұлтшылдыққа қарама-қарсы барлық халықтар-
дың ымыраластығы мен қауымдастығы, теңдіктің идеялық – саяси 
принциптері.
ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗМДЕР  (орыс.  интернационализмы 
ағылш. international wolds) – шығу тегі бойынша ұқсас, форамсы 
мен  мазмұны  бойынша  сәйкес  келетін,  халықаралық  аренада 
кемінде үш тіл бір мезгілде қызметте болатын бірнеше тілдердің 
жалпы  этимологиялық  қорына  жататындығымен  сипатталатын 
сөздер мен терминдер. Әдетте И.- ғылым, мәдениет, өнер, саясат 
салаларындағы  терминдер  (қар.:  Интернационалды  лексика, 
Пуризм, Сөз ауысу).
ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ЛЕКСИКА (лат. inter - ара, аралық 
– natio – халық; орыс. интернациональная лексика; ағылш. inter-
national  vocabulary)  –  көптреген  тілдерге  (оның  ішінде  туыс 
емес тілдерге де) тән, шығу тегі бір және бір мағынадағы интер-
национализмдер, сөздер, мыс. қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдердегі 
филология, форум республика, цивилизация т.б. И.л. жатады (қар.: 
Сөз ауысу, Варваризм).
ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ (лат. interior - ішкі) – сырқы әрекеттердің 
ішкі  әрекетке  айналуы;  ішкі  интеллектуалдық  құрылымдардың 

66
сыртқы  әлеуметтік  әрекет  құрылымдарын  меңгерту  нәтижесінде 
қалыптасады. И. тілдің онтогенезіндегі адамның тілдік қабілетін 
қалыптастырады. 
ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат. inter – ара, аралық – ferens (ferentis) 
–  (несуший,  переносящий)  орыс.  интерференция)  –  билингвтің 
бір  тілінің  екінші  тілге  саналылықсыз  әсер  ету  процесі,  сондай-
ақ  сол  әсердің  нәтижесі.  И.  бағыты  көбінесе  басым  тіл  жақтан 
жүзеге  асады.  И.  тілдің  түрлі  деңгейлерінде  әр  түрлі  көрінеді, 
мыс.,  фонетика-фонологиядағы  Акцент  ретінде,  фонеманы 
айырмау,  редукция  қасиетінің  ауысуы  т.б.  морфологиядағы  екі 
тілдің грамматикалық қасиеттерінің генерализациясы т.б. И. жеке 
адамдық және бұқаралық болуы мүмкін. Бұқаралық И. тұрақталып, 
билингвтің  тілдік  құзіретіне,  сосын  монолингвтерге  әсер  етуі 
мүмкін (қар.: Субстрат, Суперстарт, Адстарт, Қатені талдау).
ИНФОРМАНТ (лат. intermatio – хабарлама; орыс. информант) 
-  экспрементке  қосылған,  Анкета,  Интервью  т.б.  сұрақтарына 
жауап  беруші  ретіндегі  хабар  әкелетін  сынақталушы  адам.  И. 
жиынтығы, яғни кімнің тілдік ерекшеліктері нақтылы әлеуметтік 
лингвистикалық  зерттеудің  объектісі  болып  табылатын  мұндай 
көп  информанттар  информанттардың  бас  жиынтығын  құрайды 
(қар.: Репрезентитивтік, Рсепондент, Әлеуметтік лингвистикалық 
мәліметтер дұрыстығы).
ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ  ТІЛ  (орыс.  информационный  язык) 
–  ақпараттық  ізденушілік  жүйеде  қолданылатын  жасанды  тіл; 
И.т. құжат мазмұнын бірыңғай (однозначно) жазуға көмектеседі, 
ақпаратты іздейді, автоматтандыру үшін мәтінді өңдеу мен қысқарту 
үшін  машиналық  аудармада  т.б.  қолданылады.  И.т.  мынадай 
белгілер  тән:  көпмағыналық,  омонимдер,  синонимдер  жоқ.  И.т. 
ақпараттық-ізденушілік  тіл  (жазу,  жинақтау,  жүйелендіру,  талдау 
және мәлімет беру үшін қолданылады, мыс., кітапханалық істерде 
қолданылатын әмбебаптық ондық классификация (универсальная 
десятичная  классификация  (УДК))  және  ақпараттық-логикалық 
тіл (формалды-логикалық байланыстар мен үлгілерді қолданумен 
берілетін  білім  үшін  пайдаланылады,  мыс.,  В.В.Мартыновтың 

67
әмбебап  семантикалық  коды)  деп  бөлінеді.  И.т.  типологиялық 
классификация жасалады. 
ИНФОРМАНТТАРДЫҢ  НЕГІЗГІ  ТҰТАСТЫҒЫ  (орыс. 
генеральная сосвокупность информантов) – тілдік ерекшеліктері 
тұрғысынан әлеуметтік лингвистикалық нысанасы ретінде қызмет 
ететін  информанттар.  И.н.т.  әр  түрлі  көлемде,  яғни  жекелеген 
халықтардан  бастап  микроәлеуметтік  бірлікке  дейін  болуы 
мүмкін,  сондықтан  И.н.т.  әлеуметтік  лингвистикалық  зерттеу 
информанттардың таңдалған жиынтығы есебінен сипаттау жүзеге 
асырылады  (қар.:  Әлеуметтік  лингвистикалық  мәліметтердің 
дұрыстығы, Әлеуметтік лингвистика әдістері).

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал