Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет2/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

АНДРОЦЕНТРИЗМ  (грек  тілінің  aner  –  «ер»,  kentrikos–
«орталықта» деген сөзі) – әйел рөлімен салыстырғанда ер адамның 
биологиялық немесе әлеуметтік рөлін әсіре үлкейту тенденциясы. 
А.  –  жалпыадамилық  субьектілікті  жалғыз  ер  адам  нормасымен 
біріктірілетін,  оны  әмбебап  обьектілік  ретінде  көрсететін,  ал 
өзге субьектілерді, әсіресе әйелді нормадан ауытқыған, маргинал 
сияқты  жеке  субьекті  деп  танытатын  мәдени  дәстүр.  Сондықтан 
А.  –  бұл  дүниеге  жай  ғана  ер  адамның  көзқарасы  ғана  емес,  ер 
адамның нормативтік дүниетанымы мен өмір сүру үлгісін біртұтас 

14
әмбебап әлеуметтік норма және өмір үлгісі ретінде беру. А. терминін 
мәдениеттің  әлеуметтік  әлемін  гендерлік  және  феминистік 
тұрғыдан сынайтын ғалымдар жиі қолданады. А. таралуында тіл 
ерекше  рөл  атқарады,  басқаша  айтқанда,  әлемнің  тілдік  бейнесі 
ер  адам  көзқарасымен  танылады.  Феминистік  лингвистика  А. 
мынадай белгілерін көрсетеді: 1) «адам» және «ер» ұғымдарының 
мәнділігі  (көптеген  тілдерде  олар  бір  сөзбен  беріледі);  2)  тілдік 
норма бейтарап емес гендерлік сипатта, өйткені ер адамның тілдік 
нормасы тіл нормасы ретінде қолданылуы әйелдерді әлемнің тілдік 
бейнесіне жат деп шеттетуге әкеледі; 3) тілді ер адам және әйел 
адам  нормасы  деп  бөлу  шынайы  әлеуметтік  гендерлік  теңдікке 
негізделген, ол тілді қолдану арқылы бекітіліп, бейнеленеді.
АНКЕТА  (сауалнама)  (орыс.  анкета)  –  сауалнамалық 
қағаз,  сұрақша,  сауал  жүргізудің  негізгі  құралы;  құрылымдық 
ұйымдастырылған  сұрақтар  жиынтығы,  олардың  әрқайсысы 
зерттеушінің  бағдарламалық  және  процедуралық  міндеттеріне 
байланысты  болады.  А.  кіріспе  бөлімнен  (жүргізілетін  сауалдың 
мақсаты  мен  міндеттері  түсіндірілген;  ұйымдастырушысы 
көрсетілген:  Рсспондентке  қаратпа  айтылады),  негізгі  бөлімнен 
(зертеудің мақсаты мен міндетінен туындайтын анкета сұрақтары) 
және  паспорттаудан  (респонденттің  объективті  әлеуметтік-
демографиялық  және  басқа  да  мінездемелері)  тұрады.  А.-
әлеуметтік  лингвистиканың  түрлі  проблемаларын  сұрау  жүргізу, 
сондай-ақ  сауалнама  арқылы  зерттеудегі  таптырмас  құрал  (қар: 
Әлеуметтік  лингвистика  әдістері,  Әлеуметтік-лингвистикалық 
мәліметтердің дұрыстығы, Информант).
АНКЕТАЛЫҚ САУАЛ (орыс. анкетный вопрос) – бұл да сауал 
жүргізу. 
АНКЕТА СҰРАҒЫ (орыс. вопрос анкеты) – зерттеп, отырған 
құбылыстың  белгілері  туралы  ақпарат  алуға  есептелген  анкета 
шегіндегі  сұрақ.  Зерттеудің  мақсатына  байланысты  бағдарла-
малық-тақырыптық  анкета  сұрағы  (зерттеліп  отырған  құбылыс 
жөнінде тұжырымдар жасасу бойынша мазмұнды, нәтижелі) және 
процедуралық анкета сұрақтары (сауал жүргізу процедурасының 

15
белсенділігін  арттыруға  көмектесетін  функционалды)  деп  бөлі-
неді.  Пәндік  мазмұны  бойынша  фактілер  туралы,  білім  туралы, 
адамдардың өзін-өзі ұстауындағы ауысу түрлері, тілдің мәртебелі-
лігі  туралы  анкета  сұрақтары  болып  бөлінеді.  Респонденттің 
жекелік  қатыстылығына  байланысты  тура  (респонденттің  жеке 
бағытын көрсететін) және жанама (респондент топ, ұжым бағыты 
атынан  айтады)  анкета  сұрақтары  болып  бөлінеді.  А.с.  жабық 
(құпия) (алдын ала дайындалған), альтернативті жауаптар анкетада 
беріліп, олар барлық мүмкін болатын жауаптарды таңдайды және 
ашық  (респондент  жауабын  өзі  дайындайды)  болуы  мүмкін. 
Сұрақ-фильтрлер (сүзбе), бақылаушы және бағыттаушы, сондай-
ақ  қызметтік-психологиялық  анкета  сұрақтары  бір  тақырыптан 
екіншісіне өту үшін қолданылады. А.с. кемшілігі ондағы жауаптар 
психологиялық айырмасын көрсетуі мүмкін. (информанттар бөлігі 
өз  сөйлеуін  жеңіл  бақылай  алады  да,  олар  қалай  сөйлесе,  солай 
жауап  береді).  Сондықтан  А.с.  белгіленген  тәртіпте  бірінен  соң 
бірі келіп, «қиысып» отыруы үшін бақылаушы білікті маман болуы 
керек (қар: Интервью, Сауалнама, Бақылаушы). 
АНТИКАЛЫҚ ТІЛ БІЛІМІ ДӘСТҮРІ (грек. латын дәстүрі, 
Жерорта теңіздік дәстүр) – грек-латын мәдени ареалына б.з.д. VII ғ. 
– б.э. VI ғ. қалыптасып өмір сүрген тіл сипаттау және зерттеу дәстүрі. 
А.т.б.д. көне грек философиясымен қатар пайда болды. Антикалық 
ойшылдар  тілдің  табиғаты  (зат  пен  есімнің  байланысы,  тілдің 
пайда  болуы)  мен  жазу  таңбаларын  зерттеумен  (грамматикалық 
өнер)  қатар  айналысқан.  Бұл  екі  саланың  дамуы  тіл  білімінің 
қалаптасуы  мен  дамуына  (Индия,  Қытай)  әсері  болған.  Б.э.д.  V 
ғ.  тіл  мәселесімен  Гераклит,  Парменид,  Эмпедокл,  Демокрит, 
Протогор, Горгий, Продик айналысқан. Платонға дейін грек тілінің 
лексикалық  құрамы,  дыбыстық  және  грамматикалық  құбылысы 
жайында  білімнің  белгілі  жүйесі  қалыптасқан  болатын.  Платон 
өз  еңбектерінде  («Кратил»,  «Тетет»,  «Софист»)  тіл  мәселелерін 
қарастырған.  Бірақ  А.т.  б.д.  шынайы  негізін  қалаушысы,  оның 
құрылымы мен негізгі бағыттарын қалыптастырған- Аристотель. 
Ол  «Категория»,  «Поэтика»,  «Аналитика  І  және  ІІ»,  «Топика», 

16
«Реторика»  деген  тракттарында  тіл  зерттеу  барысындағы  логи-
калық  және  грамматикалық  принциптерді  айқындайды.  Бұл 
принциптер  келешекте  аналитикалық  және  еуропалық  ғылымда 
дамуын табады. А.т.б.д. эллинизм дәуірінің (б.э.д. ІІІ-І ғғ.) фило-
софтар  жалғастырған.  Тіл  проблемалары  стоиктердің  назарында 
болды.  Александрия  мектебін  А.т.б.д.  дамуының  шыңы  деуге 
болады.  Көне  Римде  б.э.д.  ІІ  ғ.  ортасына  дейін  тіл  білімі  жазба 
мәдениеттің  негіздерін  игерумен  шектеліп  келеді.  Кейін  грек 
тілін,  гректердің  әдебиетін,  поэтикасы  мен  риторикасын  зерттеу 
басталды. Осы кезеңде гректің белгілі филолог-ғалымдары Римде 
жұмыс істеген. Көне Рим филологиясының өкілдері: Варрон, Марк 
Тулий, Цицерон, Гай Юлий Цезарь т.б. Көне грек дүниетанымының 
негізгі  философиялық  проблемасына  қатысты  –  «заттың», 
«сөздің», «ойдың» өзара қатынасын қарастыру барысында А.т.б.д. 
пайда  болды.  Антикалық  грамматикалық  дәстүр  тілді  сөз  табы 
және грамматикалық категория сипатында зерттеген. Антикалық 
грамматиккалық дәстүр еворпалық және шығыстық тіл білімінің 
негізі болып саналады. 
АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ  ЛИНГВИСТИКА  (грек.  аnthropos 
–  адам  Logia  –  ілім  +  фр.  linguistique  /  лат.  Lingua  –  тіл,  орыс. 
антропологическая  лингвистика,  ағылш.  –  anthropological 
linguistiecs)  –  1.  Жазуы  жоқ  тілдері  зерттейтін  тіл  білімінің  бір 
саласы. 2. Антропологиялық принциптің (тіл – бұл адамның бір 
бөлігі) методологиялық негіз ретінде ұсынылған зерттеудің және 
тілдік  құбылысты  «тіл-адам»  бірлігінде  қарастырудың  шартты 
атауы.  Мыс:  тілді  меңгеруді,  білуді  және  қолдануды  қамтамасыз 
ететін  мидың  күрделі  инфрақұрылымына  талдау  негізінде  тілдік 
бейімділікті;  тіл  тұтынушының  және  лингвистиканың  өзінің 
апеляциясы  мен  интуициясын  зерттеу  (интроспекция);  дүниені 
тану  формасы  ретінде  тілдің  танымдық  қызметін  зерттеу;  тілдің 
адам мен қоғамға өзара қатыстылығын зерттеу; тілдің халықтың 
рухани  мәдениетіне,  халықтың  діліне  (менталитетіне);  халық 
шығармашылығына т.б. байланыстылығын зерттеу; тілге адамилық 
белгі беру, нәтижесінде тіл – жүйе, тіл – механизм, тіл – қабілет 

17
т.б. бейнелер жасалады; адамды тілі арқылы зерттеу және т.б. (қар: 
Тіл қызметі. Сепир-Уорф гипотезасы, Неогумбольдтік, Әлеуметтік 
лингвистика, Этнолингвистика т.б.).
АНЫҚТАМА  –  белгілі  бір  объектіні  айырып  көрсетуге, 
ғылымға жаңадан енгізілген сөз атауы мағынасын тұжырымдауға 
немесе  бұрыннан  бар  сөз  атауы  мағынасын  дәлелдей  түсуге 
мүмкіндік беретін қисындық тәсіл. 
АПАРТЕЙД  (африкалық  apartheid  –  бөлек  өмір  сүру,  орыс. 
апартейд) -нәсілдік шектеу (дискриминация) мен Сегрегацияның 
барынша соңғы формасы; қандай да бір тұрғындар тобын аумақтық 
бөлектеуге (резервациялау) дейін саяси, әлеуметтік-экономикалық, 
тілдік,  азаматтық  және  басқа  да  құқықтарынан  айыру  немесе 
маңызды түрде шектеу. А.-ке геноцидтің кейбір актілері жатады. 
Қазіргі  халықаралық  құқық  А.-ті  азаматқа  қарсы  қылмыс  деп 
есептейді. 
1973 ж. БҰҰ-да А.-ы болдырмау және ол үшін жазалау туралы 
Халықаралық конвенция қабылданды (қар: Лингвоцид, Африканс).
АПОСТЕРИОРИДТЫ ТІЛДЕР (лат. aposteriori ізімен жүруші, 
орыс. апостериорные языки) - латын. грек, герман, роман, словян 
және басқа тілдерден алынған интернационалдық лексика негізінде 
табиғи  тілдер  үлгісі  бойынша  жасалған  халықаралық  жасанды 
тілдер.  А.т.  тобы  тілдерден  лексикалық  және  грамматикалық 
элементтерді ала отырып, өзіндік (жекелік) құрылым тәртібі мен 
заңдарына бағындырылады. А.т. априорлы тілдерге қарама-қарсы 
қойылады  (қар:  Эсперанто,  Окциденталь,  Интерлингва,  Идо, 
Интерлингвистика).
АРАБ ТІЛ БІЛІМІ ДӘСТҮРІ - VII-XIV ғғ. Араб халифатындағы 
мәдени ареалда қалыптасқан тіл зерттеу дәстүрі. Классикалық араб 
тілінде  жазылған  тракттарды  зерттеу  барысында  пайда  болған. 
А.т.б.д.  практикалық  бағытымен  ерекшеленеді.  Араб  тайпалары 
біртұтас  мемлекет  құру  кезеңінде  ортақ  тілдің  қажеттілігі 
туындады.  Ондай  тіл  Араб  жартыаралын  мекендеген  тайпалар 
үшін  «койне»  тілі  болды.  Екіншіден,  Құран  тілінің  тазалығын 
сақтау үшін тілдің жалпы маңызы аса зор болатын. А.т.б.д. Басра, 

18
Куф, Бағдат, Андалуз, Мысыр мен Сирия жерлерінде қалыптасады. 
Араб хатында сөздің өзгеруіне байланысты қосымша графикалық 
белгілерді  Абуль-Асуад  ад-Дуали  VIІ  ғ.  енгізген.  Ұқсас  араб 
графемаларын ажырату үшін Насыр ибн Асым мен Яхья ибн Ямар 
диакритикалық белгілер жүйесін жасады. А.т.б.д. мәселелері мен 
методикасының  қалыптасуына  аль-Халел  ибн  Ахмедтің  еңбегі 
зор болған. Ол «Аруда» теориясының негізін қалады. Аль-Халел 
фонетикалық  құбылыстарды  талдауда  3  аспектіге  мән  берген: 
дыбыстардың басты сипаттамасына, грамматикалық құрылымдар 
жасалу  кезінде  дыбыстардың  орнына,  дыбыстардың  өзгеруіне. 
Ғалым қысқа дауысты фонемаларды ажырату үшін белгі жүйесіне 
өзгертулер  енгізген.  Араб  тілінің  Куф  мектебінің  өкілдері-Абу 
Жаббар  Мохамед  ар-Руаси  ең  алғашқы  «Куфия»  грамматикасын 
жасаған. А.т.б.д. тілдің негізгі грамматикалық талдау аспектілері 
мынадай болған: «ан-нахв»-есім мен етістіктің өзгеруі; «ас-сарф»- 
сөзжасам  мен  фонетикалық  өзгерістер;  «махаридж  аль-хуруф»- 
дыбыстардың артикуляциясы мен орны. Х ғ. бірінші жартысында 
Бағдат  мектебінде  А.т.б.д.  үшінші  бағыты  пайда  болды,  ол  Ибн 
Джинни  еңбектеріндегі  лесикологиялық  мәселелерді  (сөз  бен 
мағынаның байланысын, сөзжасамды) қамтиды. 
АРАБ  ТІЛІ  –  семит  тілдерінің  бірі.  Ирак,  Серия,  Ливан, 
Израиль,  Иордан,  Кувейт,  Сауд  Аравиясы,  БАЭ,  Йемен,  Египет, 
Судан,  Ливия,  Тунис,  Алжир,  Мальта,  Морокко,  Мавритания, 
Батыс Сахара, Сомали, Джибути, Чад, Ауғанстан, Иран, Түркия, 
Кипр, Өзбекстан т.б. елдерде тараған. Сөйлеушілер саны 192 млн. 
адамға  жуық.  Барлық  араб  елдерінің  ресми  тілі,  олардан  басқа 
Сомали, және Джибути Республикаларының ресми тілі. БҰҰ-ның 
ресми, жұмыс тілі. 
АРАЛЫҚ-ТІЛ  (дәнекер-тіл;  орыс.  язык-посредник):  1. 
Халықаралық  қатынас  тілі.  Мыс.,  аралық-тілдерге  БҰҰ-ның 
жұмыс тілдері мәртебесіне ие ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, 
француз  тілдері  жатады.  2.  «Ортақ»  тілі  болмаған  жағдаятта 
қарым-қатынас  тілі  ретінде  қолданылатын  кез  келген  тіл.  А-т. 
ретінде табиғи тілдер де, сондай-ақ жасанды тілдер де қолданылуы 

19
мүмкін.  Тілдік  контакті  жағдайында  бір  тілдің  немесе  әртүрлі 
тілдердің базасында пайде болған қосалқы тілдер (койне, пиджин) 
А-т. ерекше түрлері болып табылады. 3. Қоланбалы лингвистикада 
А-т. бір тілден екінші тілге «А тілі – аралық-тіл – В тілі» үлгісі 
бойынша  аударма  жасауды  қамтамасыз  ететін  екі  және  одан  да 
көп тілдерден үйлесімді құрастырылған логикалық жүйе ретінде 
ұғынылады.
Қара: Әлемдік тіл, Ұлтаралық қатынас тілі
АРАМЕЙ ТІЛДЕРІ – семит тілдерінің бір тобы. И.Дъяконов 
бұл тілдерді солтүстік-орталық топқа жатқызады. А.т.-гі ең көне 
жазулар: Дамаск, Хам, Арпад, Шамаль, Ассирия жазулары (б.э.д. 
ІХ-VIIІ ғғ., классикалық немесе «империялық» Ахминид кеңсесі 
қолданған арамей тілі (б.э.д. - VІ-ІV ғғ.). Кейін А.т.: батыс набатей 
тілі (б.э.д.І ғ.- б.э.д.ІІ ғ.); пальмира тілі (б.э.д.І ғ.-б.э.д.ІІІ ғ.); иудей-
палестин  тілі,  самаритян  тілі  және  шығыс  (сирия,  шығыс  сирия 
диалкетісі) топтарына бөлінген. VІІІ ғ. бастап сирия тілін араб тілі 
ығыстыра бастайды. 
АРГО (фр. argot сөзі, орыс. арго, ағылш. Sland) – лексикасының 
шарттылығымен,  жасандылығымен,  құпиялылығымен  сипат-
талатын  сөйлеудің  әлеуметтік  немесе  кәсіби  түрі;  социолектің 
түрі. А. дұрысында бірыңғай жабық (деклассировтік) әлеуметтік 
топтарға  немесе  қауымдастыққа  қатысты.  Мыс.,  қайыршылар, 
ұрылар, кезбелер, хиппилер, саудагерлер, бандиттік топтар Агросы 
т.б.
АРЕАЛ  (лат.  area  –  алаң,  кеңістік,  орыс.  ареал,  ағылш. Area 
–  белгілі  бір  фактінің  немесе  тілдік  фактілер  жиынтығының 
таралған  облысы; белгілі  бір  тіл  таралған  аймақ  (қар:  Ареалдық 
лингвистика, Изоглосса).
АРЕАЛДЫҚ ЛИНГВИСТИКА – ( лат. area – алаң, кеңістік, 
фр.  Linguistique  /лат.  Linguа  –  тіл,  орыс.  ареальная  лингвистика, 
ағылш.  areal  linguistics)  –  тілдік  құбыстардың  аумақтық 
таралуын  зерттеу,  изоглостарды  тіркеу  және  түсіндіру  үшін 
итальяндық  неолингвистиканың,  лингвистикалық  географияның 
диалектологияның, тілдік қатынас теорияларының идеялары мен 

20
әдістерін талдайтын, тілдердің, диалектілердің, тілдік одақтардың 
өзара  әрекетінің  ареалдарын  анықтайтын  және  тілдік  аралық, 
диалектіаралық  қарым-қатынастарды  сипаттайтын  тіл  білімінің 
саласы А. терминін Дж. Бартоли (1925 ж.) және Дж. Видосси.(1943 
ж.) енгізген. 
АРМЯН  ЖАЗУЫ  –  406  жылы  Месроп  Маштоц  жасаған 
жазу.  А.  ж.-ың  пайда  болуы  301  жылы  армяндар  христиан  дінін 
қабылдауымен байланысты. А. ж. – фонетикалық жазу. Алғашқы 
алфавитінде 36 әріп болған. А. ж.-ның шығу тегі толық анықтал-
маған,  арамей  және  грек  жазуларының  әсері  туралы  болжамдар 
айтылып жүр.
АССОЦИАТИВТІК ЭКСПЕРИМЕНТ (лат. associare - қосылу 
+ experimentum үлгі, тәжірибе, орыс. ассоциативный эксперимент, 
ағылш.  association  experiment)  -  сөздің  ассоциативтік  мағынасын 
анықтау,  тіл  тұтынушының  ассоциативті-вербальдық  жүйесін 
және  ассоциативтік  тезауруста  берілген  сөз-стимулдерге  тікелей 
сөйлеу реакциясы арқылы сипаттау әдісі. Мыс., А.А.Леонтьевтің 
редакторлығымен шыққан «Словарь ассоциативных норм русского 
языка» – М., 1977; Ассоциативный тезаурус современного руского 
языка Т.1-2- М., 1994-1996; Ю.Н.Караулов Активная грамматика и 
ассоциативно-вербальная сеть. - М., 1999. 
АССОЦИАТИВТЕНГЕН  ТІЛ  (лат.  associare,  орыс,  ассоци-
ированный язык) – заңдылық актілермен анықталған ерекше саяси-
құқықтық (заңдылық) мәртебеге ие тіл; Үндістан А.т. мәртебесіне 
ағылшын тілі 1965 ж. ткейін алды (қар.: Тіл мәртебесі, Мемлекеттік 
тіл, Ресми тіл, Жергілікті тіл, Конституциялық тіл, Титульдық тіл, 
Жұмыс тілі).
АТЛАС (диалектологиялық) – белгілі бір аумақта тілдік ерекше-
ліктердің  өріс  алуын  көрсететін  диалектологиялық  карталардың 
жиынтығы.  А.  жасау  әр  тілдегі  диалектологияның  дамуына 
аса  қажетті  құрал.  Қазақ  тіліндегі  диалектологиялық  атласты 
Т.Айдаров жасады. 
АУДИРОВАНИЕ (лат.audire – есту) – сөйлеу әрекетінің рецеп-
тивтік түрі; ауызша хабардың мәнін ұғу, А. тілдік форманы айта 

21
білу  мен  айтылған  ойдың  мазмұнын  түсінуден  тұрады.  Тыңдау-
шының  қандай  да  бір  сөйлеуді  ұғынудағы  қиындықты  анықтай-
тын  жағдайларға  сөйлеу  әрекетінің  бір-ақ  рет  айтылуы  мен  өте 
жылдамдығы,  таныс  емес  адамның  сөйлеуін  түсінбеушіліктегі 
қиыншылық, дауыс пен сөйлеудің жекелік ерекшеліктері жатады.
АУСТРАЗИЯ  ТІЛДЕРІ  (австроазиат  тілдері)  –  Оңтүстік 
Шығыс  Азия  мен  Оңтүстік  Азияда,  Үнді  мұхит  аралдарының 
тұрғындары  қолданатын  тілдер.  А.т.  8  тілдік  топқа  бөлінеді: 
семанг-сакай;  вьетнам-мыонг;  мон-кхмер;  палаунг-ва;  никобар; 
кхаси; мунда және нагали.
АФАЗИЯ (грек. aphasia) – адам миына зақым келу салдарынан 
пайда болатын сөйлеу қабілетінің бұзылуы. 
АФРАЗИЯЛЫҚ  ТІЛДЕР  (афроазиат  тілдері;  семит-хамит 
тілдері)  –  Африканың  солтүстігі,  Батыс  Азия,  Мальта  аралы 
тұрғындарының  тілі.  Сөйлеушілер  саны  250  млн.  адамға  жуық. 
А.т.  тарихы  б.э.д.  8-9  мың  жыл  бұрын  басталса  керек.  Ғылыми 
әдебиеттерде А.т. пайда болған жер – Алдыңғы Азия не Африка 
деп болжамдалып жүр. А.т. 5 (не 6) негізгі тармаққа бөлінеді: семит 
тілдері;  көне  египет  тілдері;  бербер-ливия  тілдері;  чад  тілдері; 
кушит тілдері және омот тілдері.
АФРИКААНС  (орыс.  африкаанс)  –  ХVІІ  ғ.  Голландиядан 
Оңтүстік  Африкаға  келген  қоныс  аударушылар  тілі  негізінде 
тараған креоль-тілдердің (кейбір мәліметтер бойынша пиджин тілі) 
бірі және нидерланд, неміс, ағылшын, француз диалектілері мен 
түпкілікті  халық  тілдерінің  (готентот,  банту,  бушмен)  араласқан 
тілі, теңізшілер мен құлдардың малай-португал креоль тілі. Қазіргі 
уақытта А. Оңтүстік Африка Республикасының аралас халқының 
басым бөлігі және ақ түстілерінің жартысына жуығы сөйлейді. 

22
Ә
ӘДЕБИ  ТІЛ  (орыс.  Литературный  язык,  ағылш.  Standard 
(Literary) Language) – көптеген әлеуметтік салаларындағы (ғылым, 
мәдениет,  дипломатия,  заңгерлік,  іскерлік  қатынас,  білім  беру, 
күнделікті  қатынас  және  т.б.)  қарым-қатынас  үшін  біршама 
қолайлы, өңделген, нормаланған, стандартты тіл. Көркем әдебиет 
тілімен  салыстырғанда  (өйткені  онда  кодификацияланбаған 
тілдің  өмір  сүру  формаларының-ауызекі  сөйлеу  тілі,  жаргондар, 
диалектілер т.б. кез келген элементті қолданылуы мүмкін) әдеби 
тіл  қатаң  түрде  кодификацияланған  (қар.:  Кодификацияланған 
тіл), нормаланған (қар.: Тіл нормасы, Тілдің нормалануы) жалпы 
көпшілікке таныс, міндетті, көпқызметті, әлеуметтік құштарлыққа 
ие.  Ә.т.-ді  мәдениеттің  негізгі  маңызды  компоненті  ретінде 
меңгеруге құштарлық бар (қар.: Тіл құштарлығы, Диалект). 
ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІ  түркі тілдеріне жатады. Әзербайжан, 
Грузия, Армения, Иран, Ирак, Түркия елдерінде тараған. Ә.т.-де 47 
диалект бар: а) шығыс (құба, бақы, шемаха, мұңан, және ленқоран 
говорлары);  ә)  батыс  (қазақ,  қарабақ,  гяндж  диалектілері,  айрұм 
говоры); б) солтүстік (нұха диалекті және закатал-қах говоры); в)
оңтүстік (нахичеван, ордабад, тебріз диалектілері, ереван говоры). 
ӘЙЕЛ  ТІЛІ  (орыс.  женский  язык,  ағылш.  woman  language) - 
әйелдердің әлеуметтік, діни, танымдық шектеулер мен тиымдарды 
сақтай  отырып,  сондай-ақ  өзара  немесе  еркектермен  қарым-
қатынаста қолданылатын тіл. Ә.т. әдетте өте консервативті, әйелдер 
сөздік қорында эмоционалды-бағалауыштық сөздер (әсіресе көбіне 
кішірейту-аялау) және эвфемизмдер өте көп. Мыс., жапон тіліндегі 
еркектер  мен  әйелдер  сөйлеуінде  есімдіктер,  эмоционалды-
экспрессивті  частициялар  мен  сыпайылық  формалары  бойынша 
лексикалық айырмашылықтар бар; қазақ тілінде әйелдер көбірек 
қолданатын  одағайлар,  сондай-ақ  әйелдерге  тән  паралингвис-
тикалық  құралдар  бар;  яка  индейцтеріндегі  еркек  сөзі  тек 
еркектер  арасында,  ал  әйелдер  сөзі  тек  әйелдер  арасында  ғана 

23
болады  (Э.Сепир).  90-ж  бастап  жаңа  бағыт  гендерлік  зерттеулер 
қалыптасып,  дамуда,  жеке  адамдардың  қандай  жыныс  түріне 
жататындығына  байланысты  тілдік  қатынастарында  көрінетін 
мәдени,  әлеуметтік,  сондай-ақ  өзге  де  факторлар  талдануда, 
еркектік  және  әйелдік  қасиеттер  туралы  стереотиптік  түсініктер 
алынуда  (қар.:  Табу,  Эвфемизм,  Гендер,  Гендерлект,  Гендерлік 
лингвистика, Сексизм).
ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ – жер шарында өмір сүретін (бұрын да өмір 
сүрген)  халықтардың  тілдері.  Неміс  ғалымдарының  мәліметі 
бойынша – (1989) дүние жүзіндегі халықтар 5661 тілде сөйлейді.
ӘЛЕМДІК ТІЛДЕР (орыс. Мировой язык, ағылш. International 
language) – Бірікккен ұлттар ұйымында ресми тіл және жұмыс тілі 
мәртебесіне  ие  тілдер:  ағылшын,  араб,  испан,  қытай,  орыс  және 
француз.
Ә.т.  мәтебесіне  ие  болуымен  қатар  оның  коммуникативтік 
деңгейінің  көлемі  ерекше  жоғары  болады:  бұлш  тіл  ұлттық  тіл 
шекарасынан асып, мемлекетаралық, этносаралық тіл деңгейіндегі 
Ә.т. мәртебеге ие болумен қатар оның коммуникативтік деңгейінің 
көлемі  ерекше  жоғары  болады:  бұл  тіл  ұлттық  тіл  шекарасынан 
асып,  мемлекетаралық,  этносаралық  тіл  деңгейіндегі  Ә.т. 
«Клубына» енеді. 
ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АТЛАСЫ – әлемде бірінші рет 
бүкіл жер шарынының этностық бейнесін толық берген кеңестік 
картографияның  іргелі  өнімі.  Атласты  КСРО  ҒА  Н.Н.Миклухо-
Маклай  атындағы  этнография  институты  және  Геодезия  мен 
картография  бас  басқармасы  құрастырған.  Картаның  авторлары 
Б.В.Андрианов, М.Я.Берзина, С.И.Брук, Я.Р.Винников, В.И.Козлов, 
П.И.Пучков, Г.Ф.Дебец және т.б.. Жауапты редакторы - С.И.Брук 
пен В.С.Апенченко. Атлас - іріформатты, 81 карта мен 17 кеспе-
картадан тұрады. Картада халықтың этникалық құрамы берілген 
(1600 халық белгіленген, оның ішінде 910-ның әрқайсысы ерекше 
бояумен көрсетілген, ал қалғандары тек аңыз түрінде белгіленген).
ӘЛЕМНІҢ  ТІЛДІК  БЕЙНЕСІ  –  әлемді  тану  мен  меңгеру 
үдерісінде тіл тұтынушысына әсер ететін тілде бекітілген сыртқы 

24
дүниенің  саралануы  мен  категориялану  ерекшеліктері.  Ана 
тілінің  әлемді  таудағы  әсерін  кезінде  В.фон  Гумбольдт  айтқан 
болатын, әрбір адамның әлем туралы түсінігі оның тілінде алдын 
ала берілген деп санаған ол: «Әрбір тіл өзін жаратқан халықтың 
айналасын, шеңберін сипаттайды, одан адамның шығуы тек оның 
өзге тілдің шеңберіне енгенінде ғана мүмкін болады», - дейді. Бұл 
идея  одан  әрі  Э.Сепира,  Б.Л.Уорфа,  Э.Бенвенист  т.б.  ғалымдар 
еңбектерінде өз дамуын тапты. Қазіргі уақытта әлемнің ғылыми 
бейнесін кез келген тілде шамамен бірдей көрсету және әрбір жеке 
бір  тілде  өзіндік  ерекшелігімен  бейнеленетін  «әлемнің  аңғырт 
бейнесін» межелеп айыру қабылданған. Әлемнің тілдік бейнесінің 
өте жарқын ерекшелігіне этнос өмірінде ерекше маңызды орынды 
алатын шындықты белгілеу кезінде көрініс беретін айтуға болады, 
мыс.,  эскимос  тілінде  қардың  (қардың  қалпы  мен  реңдік  түсіне 
қатысты) көптеген атаулық түрлері бар.
Қара: Сепир-Уроф болжамы

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал